Ойлау
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау. Ойлау
1.1. Ойлау психологиясы
1.2. Ойлау психологиясының пәні мен әдістері
1.3. Ойлаудың түрлері
1.4 Ойлаудың түрлерін жіктеу
1.5. Ойлау процесін зерттеудегі негізгі
теориялық амалдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І.1. Ойлау психологиясы
Эксперименттік психологияның соңғы фазасы ойлау процесін зерттейтін біздің ғылымның ерекше бағытына сәйкес келеді, ол Германияда және әсіресе Вюрцбургтің психология институтында дамыды.Бұрын ойлау психологиясына жеткілікті көңіл аударылмаған болатын. Алғашқыда эксперименттік бағытқа түйсіктің қомақты саласын реттеу бойынша көп іс атқарылды да, ал елестер мен сезімдер және ойлаудың байқалмайтын құбылыстарына кезек әлі де жетпеді.
Психологтар заттық ойлаудың мазмұнын көрнекіліктің белгілерінсіз ойлаудың қатарында зерттеу үшін жарамды деп тануды дұрыс деп есептемеді, олар сөз елестерге тәуелсіз түсінілуі мүмкін немесе оның мазмұны сана үшін әлсіз көрінсе де, ол талқылауға түсуі мүмкін дегенді жоққа шығарды.
Өзін-өзі бақылауды жүйелі қолдану бізді басқа теорияға әкелді. Бұдан бұрын психологиялық зерттеулерде әсіресе көзге түсетін немесе нормадан ауытқыған құбылыстар жөніндегі сыналушылардың кездейсоқ мәліметтеріне қанағат ете отырып, әрбір тәжірибеден кейін барлық сәйкес күйзелістерді ашып білуге тырыспаған, тек қана бірқатар жиынтық зерттеулерден кейін сыналушының есінде сақталғаны негізінде ең бастыларын сұраған.
Объективті болмысты танудағы біздің таным түйсінулер мен қабылдаудан басталады. Алайда түйсінулер мен қабылдаудан басталғанымен, болмысты тану олармен бітпейді. Түйсінулер мен қабылдаудан олар ойлауға өтеді.
Сезімдік берілгендердің шегінен шыға отырып түйсіну, қабылдау ойлауда берілгендерден шыға отырып, біздің танымның шекарасын кеңейтеді. Тікелей қабылдауда берілмеген жанама ой қорытындысының ашылуына мүмкіндік беретін ойлау арқылы осы танымның кеңеюі жүзеге асады. Ойлаудың арқасында танымның кеңеюі танымның тереңдеуімен байланысты болады.
Ойлау түйсінулер мен қабылдаудың мәліметтерін теңестіреді, салысытырады, ажыратады, қатынастарын ашады. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің тікелей сезімдік деректері мен қатынастарының арасындағы жанамалау арқылы жаңа тікелей абстрактілі емес сенімді деректер ашады; осы өзара байланысыты шындыққа жете отырып және өзара байланысты таба отырып, ойлау олардың мәнін терең таниды. Ойлау болмысты олардың байланыстары мен қатынастарынан, көпжақты жанама қырларынан көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен қатар қасиеттері мен мәнін де бейнелейді.
Объективті шынайылықты рационалды танудың негзгі формасы адам ойы болып табылады.Адамның ойлау заңдылықтарын әр түрлі ғылыми пәндер философиялық пәндерге сүйене отырып зерттейді.
Маркстік-лениндік философияның бір бөлімінде – таным теориясында (гнесеология) ойлау объективті шынайылықты тануда психикалық бейнелеудің жоғарғы формасы ретінде қарастырылады. Ойлаудың танымның тікелей-сезімдік формаларынан – түйсік пен қабылдаудан – айырмашылығы оның негізгі бірлігі – түсініктің анықтамасында ашылады. Біріншіден, түсінікте заттардың нақты қасиеттері емес және тіпті тұтас заттардың өзі де емес, заттардың қорытынды түсінік болып табылатын қандай да бір белгілері, ұқсастықтары бойынша нақты топтары белгіленеді. Екіншіден, бұл белгі тіпті жүйелі тікелей бақылаудан ғана көрініс таппайды, ол адамның практикалық және теориялық құралдарды талап ететін таным объектісімен белсенді қарым-қатынасында көрінуі мүмкін. Үшіншіден, адамның осындай әрекеттестігінде заттармен арадағы қарым-қатынас және, сонымен ұғымның (түсініктің) мазмұны болып табылатын, олардың мәнді қасиеттері ашылады.
Адамның өзінің жеке ойлауын талдауға қызығушылығы ежелден адамның дұрыс ойлауды қалауымен тығыз байланысты болатын. Парапар ойлаудың нормативтік ережелері мен заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы ойлау туралы тарихи алғашқы ғылым болып табылады. Логикада ойлаудың негізгі формалары көрсетіледі: а) түсінік дегеніміз – объектілердің мәнді және ерекше белгілері бойынша топтарға жинақтау; б) осы объектілер туралы белгілі бір көзқарастарды талқылау және оларға кейбір қасиеттерді жатқызу; в) ой қорытындысы (силлогизм) үлкен тұжырым – жалпы пайымдау және кіші тұжырым – сонымен байланысты жеке пайымдау және осы байланысқа негізделген қорытындыға тікелей байланысты.
Адам ойлауының шынайы заңдары әлеуметтануда, биологияда, медицинада және кибернетикада зерттеледі және модельденеді. Әлеуметтану ғылымы қоғамдық көзқарастарды, шынайылықты саналау тәсілдерін және олардың адамның өмірі мен іс-әрекеттеріндегі нақты мәдени-тарихи шарттарымен байланысын сипаттаумен айналысады. Ал биология ғылымы үшін ойлау жоғары дамыған материя қасиеті, адам миының функциясы ретінде, ал ойлау процесін зерттеу – олардың объективті-денелік корреляттарын, сондай-ақ соларға сәйкес морфологиялық және физиологиялық жүйелерді іздеу болып табылады. Кибернетикада ойлау, негізгі механизмдерін түсіндіру оларды ЭЕМ бағдарламаларында модельдеу мүмкіншілігімен байланысты болатын, ақпаратты өңдеу процесі ретінде анықталады.
Ал психология нақты адамның ойлау қабілетін оның шынайы өмірінде және іс-әрекетінде зерттейді. Философиядағы ойлаудың жалпы анықтамасына және оның негізгі сұрағы: сананың болмысқа қатынасының шешіміне сүйене отырып, психология ойлау практикасының формалды-логикалық нормаларға, қоғамдық сананың заңдарына, ойлау процестерінің физиологиялық және басқа денелік механизмдеріне, олардың жасанды интеллект модельдерінде бейнеленуінде толығымен апармайтын нақты түрлерін қарастырады. Сонымен ойлау психологиясының объектісі – интеллектісі оның мотивтерінен, эмоцияларынан, бағдарларынан, жалпы оның жеке-дара дамуынан бөлінбейтін шынайы адам болып табылады.
Ойлау феноменологиясының әртүрлілігі әр қилы психологиялық анықтамаларды талап етеді. Осы феноменологияны тұтастай сипаттауға талпынуда психология ойлау анықтамасын кең мағынасында қолданады: бұл субъектінің қоршаған табиғи және әлеуметтік дүниеде толықтай бағдарлануы үшін қажет белсенді танымдық іс-әрекеті.
Анағұрлым аранайы зерттеу міндеттерін шешуде, жоғары танымдық процестердің нақты психологиялық механизмдерін зерттеуде ойлауды – тар мағынада – тапсырманы шешу процесі ретінде айқындайды.
І.2.Ойлау психологиясының пәні мен әдістері
Ойлауды зерттеу – жалпы психологияның дәстүрлік бөлімдерінің бірі, сондықтан ойлау психологиясының пәнін түсіну біртұтас түсінуге тәуелді болады. Біз психологияның пәнін индивидтердің өмірін жанамалайтын реалдылықтың психикалық бейнеленуінің туындауы, қызмет етуі және құрылуы туралы ғылым ретіндегі диалектикалық-материалистік түсініктен бастаймыз. Маркстік-лениндік философия табиғат пен қоғам заңдарының біршама толық, терең бейнеленуі болып табылады,сондықтан сол философияның әдіснамалық қағидаларына сүйнеген психология да психиканы түпнегіздік ғылыми зерттеу мүмкіндігін алады.
Мына төмендегі жалпы философиялық жағдайлар маркстік психология үшін, оның пәнін түсіну үшін анықтаушы болып табылады.
- Психика материя дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады.
- Психика ерекше жолмен ұйымдасқан материяның қасиеті ретінде қызмет етеді.
- Психика сыртқы әлемнің бейнеленуі (таным) болып табылады және өзі басқа құбылыстар секілді танылады.
- Адамның психикасы қоғамдық-тарихи шарттастырылған.
- Психика субъектінің сыртқы әлеммен практикалық өзара әрекетінің негізінде туындайды және онда белсенді рөл атқарады.
- Психика дамиды, бұл дамудың барысында сандық өзгерістердің сапалыққа ауысуы болады, ішкі қарама-қайшылықтар осы дамудың қозғалтқыш күші, бастауы болып табылады.
Осы жағдайлардың барлығы ойлау психологиясының мәселелерін жасауда да анықтаушы болып табылады. Сонымен бірге философияда ойлау психологиясының мәселелерін жасау үшін арнайы мәнге ие бөлімдер бар. Оларға танымның екі сатысы туралы (сезімдік және рационалды) ілім, олардың сәйкестіктері мен өзара әрекеттестіктері, сондай-ақ теориялық ойлаудың жоғарғы сатысы ретіндегі диалектикалық ойлау туралы ілім жатады.
Жалпы философиялық ережелерге сүйене отырып психология одан бөлек болуы тиіс, өйтпеген жағдайда онда жеке ғылым ретінде оның беделі болмайды. Отандық психологияның даму тарихы, жалпы методологиялық қағидалардан нақты ғылым құруға, оның өз бетінше пәнін бөлуге ауысу өте күрделі және өзінің толық аяқталуынан алыстағы міндетті құрайтындығын көрсетеді. Бұның дәл осындай екендігіне, психология бойынша оқулықтардың алғашқы бөлімдерін қарай отырып көз жеткізуге болады. Психология пәні не психикалық құбылыстардың бөлінуі (үнемі толық емес) жолымен, не нақты ғылымның пәнін ашу құралы ретінде психиканың философиялық сипаттамаларын келтіру жолымен сипатталады. Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да психологиялық міндеттер мен зерттеу саласының өзін бөлетін критерийлер жоқ. Әйгілі кеңес психологы П.Я. Гальперин былай деп көрсетеді: «Психологтың нені жасай алатындығы мен нені зерттеуі тиіс екендігін анық ажырату үшін айқын критерий қажет, ал басқа ғылымдардың жүргізуіне не жатады, психолог қандай тапсырмаларды шешуге тиісті, қайсылары тек психологиялық болып қана көрінеді, бірақ шын мәнісінде ондай емес, және психолог оларды шеше алмайды және шешуге тиісті емес». 1976 жылы ол психологияның пәні туралы мәселе «біздің ғылымымыздың ең мәнді, ең практикалық және тұрақты мәселесі болып табылады», деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда, психологтардың көпшілігі жеке зерттеулермен айналысса да, бұл жағдай өз өзектілігін сақтап отыр.
Ойлау психологиясының пәні екі саланың түйіскен жерінде: психологиялық зерттеудің құзыретіне қатысыты және ойлауды кешендік зерттеудің пәнін құрайтын ауданның қиылысында. Осымен ойлау психологиясының пәнін бөліп шығарудың қиындығы да байланысты: ойлау басқа психологиялық құбылыстардан қатал шекпен бөлінбеген, ал оны зерттеуге психологиялық бағыт басқа ғылымдардың бағыттарымен тығыз сабақтасады. Ойлау психологиясына қатысты саланы қалай да ерекшелеу үшін біз былай жасаймыз. Алдымен, «ойлауды» зерттеген кезде психологтардың немен айналысатынын қарастырамыз. Бұл ақиқат біртекті емес, ойлаудың әр түрлі түрлері бар. Осы түрлерді бейнелеу арқылы ойлау психологиясына алғашқы сипаттаманы беруге де болады. Одан кейін біз, әр түрлі ғылымдарда іске асырылатын, ойлау тұрғысынан қараудағы айырмашылықтарды қалыптастыруға тырысамыз. Соңында ойлауды кешендік зерттеуге қарағанда, психологиялық ойлау пәнін анықтау туралы мәселені қарастырамыз.
І.3. Ойлаудың түрлері
Психология ғылымы өзінің дамуы барысында философиядан бірте-бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт «Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін» деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы-психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік-логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да, тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.Көрнекі-әрекеттік ойлау жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В.Келер, Н.Н.Ладыгина-Котс және т.б. ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде, бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөлектеніп тұрады. Н.Н.Поддьяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды ұсынған. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінумен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипаттамаларының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі — заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, «керемет» сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі-әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі-бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
Көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік,сөздік-логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндігі сенімді көрсетілген. Бейнеленіп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше «жұптық» топтастырулар пайдаланылады.
Мысалы, шешіліп отырған тапсырмалардың типі бойынша және бұдан шығатын құрылымдық және динамикалық ерекшеліктердің типі бойынша теориялық және практикалық ойлауды бөледі. Теориялық ойлау – бұл заңдарды, ережелерді тану. Менделеев кестесінің ашылуы – оның теориялық ойлауының нәтижесі. Практикалық ойлаудың негізгі міндеті – шындықтың физикалық өзгеруін дайындау:мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құрастыру. Практикалық ойлауды кеңестік психолог Б.М.Теплов терең талдап берген. Теориялық ойлау біршама біртіндеп ғылыми шығармашылық психологиясының контексінде зерттелуде. Практикалық ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның уақыттың қатал тапшылығы жағдайларында айқындалатындығы. Сонымен, мысалы, іргелі ғалымдар үшін бір жылдың ақпан немесе наурыз айларында заңның ашылуының принципті мәні жоқ. Күрес біткен соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі мәлім. Практикалық ойлауда болжамдарды тексеруге арналған мүмкіндіктер өте шектеулі. Осының барлығы практикалық ойлауды, теориялық ойлауға қарағанда, біршама күрделендіре түседі. Теориялық ойлауды кейде эмпириялық ойлаумен салыстырады. Бұл жерде мынадай критерий қолданылады: ойлау жұмыс жасайтын жалпылаудың сипаты, бір жағдайда бұл түсінік, ал келесісінде – тұрмыстық, оқиғалық жалпылаулар.
Сонымен қатар интуитивті және талдап (логикалық) ойлаудың арасындағы айырмашылық айқындалады. Әдетте үш белгі қолданылады: уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған немесе ұғынбаған). Талдап ойлау уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның өзінің санасында бейнеленген. Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады. Отандық психологияда бұл ойлауды Я.А.Пономарев, Л.Л.Гурова және т.б. зерттейді.
Психологияда тағы да бір маңызды бөлу бар: реалистік ойлау және аутистикалық ойлау. Біріншісі негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттеледі, ал екіншісі адамның тілектерін іске асырумен байланысты. Кейде «эгоцентрлік ойлау» деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.
Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И.Калмыкова бұл айырмашылықты «субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне» негіздейді. Сондай-ақ еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трансформациялары және ойлауға берілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу.
Психологияда ойлаудың түрі деп аталатын құбылыстардың кең шеңберіне тек жоғары таным процестері ғана кірмейді, сонымен қатар болмысты «адам өмірінің шынайы процесі» ретінде саналы елестететін олардың негізі кіреді. (Карл Маркс). Адам іс-әрекетіне енген бұл түсініктер тек қана танымдық болып табылмайды, интеллектуалдық, аффективтік және мінез-құлық компонентінің бірлігімен анықталады (Л.Леви-Брюль). Шынында да, ойлауды зерттеудегі әр түрлі салаларында – тарихи, жас ерекшклік, клиникалық психология – формалды-логикалық заңдарға жалғастырумен ғана түсіндіру мүмкін емес деректер анықталды. Ойлаудың нақты ежелгі әдісі мен қазіргі ойлауды, ересек адам мен баланың ойлауын және психикалық нормадағы ойлаудың бұзылуын салыстыру, ойлаудың осы түрлері, қоршаған ортаның ұқсамайтын саналы түсініктерімен байланысты болғандықтан,бір-бірінен сапалы түрде ажыратылатынын көрсетті. Б»р-бірінен құрылымына, мазмұнына, орындалу құралы мен жолының әртүрлілігіне байланысты ажыратылатын ойлаудың сапалық жағынан алуан түрі психологияда оның дербес түрлері болып бөлінеді.
Ойлаудың типологиясы. Ойлау типологиясы белгілі бір нақты сипаттамалар бойынша бір-біріне қарама-қарсы жұп ретінде құралады.
Ойлауды түрге бөлудің дәстүрлі бір түрі қолданылатын құралдарға байланысты – көрнекілі және вербалды болып бөлінеді. Ойлау прцесі толық жүруі үшін кейбір адамдарға заттарды көзбен көру қажет, ал кейбіреулкріне оқшау белгілік ұғымдар жеткілікті. Ойлаудың көрнекі және вербалды түрлері, шамасы, «антагонистер» болып табылады: бірінші түрге жататындарға белгілік формада берілген қарапайым тапсырмалар да қиынға соғады, ал екінші топтағыларға көрнекі бейнелерді қолдану ауыр болады.
Ойлаудың өзгеше түрлері психологияда танымдық іс-әрекеттің зерттелетін шарттарының кеңеюі көмегімен логикалық «нормаларға» қарсы ашылды. Сонымен, кәдімгі реалистік ойлаудан «аутистік ойлау», яғни ішкі тілектерге логикалық қарама-қайшылық тудыратын адамның мотивтеріне тұтастай бағындырылған, өзін заттармен, жағдайлармен теңестіру, шынайылықтың бұрмалануы пайда болды (Э.Блейлер). Бұл жағдайда аурудың ойлауы оның аффективті сферасының ерекшеліктерімен байланысты. Осындай деректер «эмоцианалдық ойлауда» да көрініс табады (Г.Майер). Танымдық процестерге байланысты ойлаудың интуициялық және аналитикалық топтарын бөліп көрсетуге болады: бірінші тікелей, яғни ашық принцип «анық көрініс» немесе заң ретінде жүрсе, ал екіншісі – оған біртіндеп әкелетін логикалық ой қорытындысы жолымен орындалады.
Ойлау тобын құру үшін адам орындайтын тапсырма сипаттамасы да негіз болады. Сондықтан интеллектінің практикалық және теориялық түрін бөліп көрсетуге болады (Б.М.Теплов). Бір қызығы, бұл жағдайда адамның ойлауы тұтастай қарастырылған болса да, оның алдында тұрған тапсырмасы, оны шешу шарты ойлау жұмысының әр түрлі әдістерін анықтайды. Практикалық тапсырмалардың теориялықтан айырмашылығы: олар өте аз уақыт ішінде шешіледі, үлкен ерік күшін және және т.б. талап ететін алынған мәліметтер бірден қоланылады.
Сондықтан да, ойлаудың сапалық сан алуан түрлері бір-бірін жоққа шығармайды, бір-бірін толықтырады. Біріншіден, ойлау күрделі құрылымы бар және әр түрлі мақсаттар мен тапсырмаларға жауап беретін сапалы көппішінді (полиморфті) психикалық құрылым. Екіншіден, берілген жұптың әрқайсысы ерекше «өздерінің» тапсырмаларына, шарттарына, жағдайларына парапар болса, олар адамның әр қилы іс-әрекетінде бірлесіп, бір-бірін толықтырады.
І.4. Ойлаудың түрлерін жіктеу
Ойлауды функционалдық жіктеу. Практикалық және теориялық интеллектінің, интуициялық және аналитикалық ойлаудың айырмашылықтары олардың функционалдық міндетімен байланысты. Әр түрлі таным тапсырмалары шешім үшін әр түрлі әдістерді, жолдарды, кейде – ойлау жұмысының әр қилы «режімдерін» талап етеді. Ойлаудың функционалдық әр қилы түрлерінің бір-бірімен осылайша ынтымақтастығы тек жалпы адам өмірінде ғана емес, сонымен қатар сол бір тапсырманы шешу процесінде де болуы мүмкін.
Мысалы, ойлауды творчестволық және сыни деп бөледі. Олардың табысты орындалу шарттары бір-біріне қарама-қайшы: жаңа творчестволық ойдың туындауы қандай да болсын сыннан, сыртқы және ішкі тыйымдардан толығымен алшақ болу керек; ал сыни таңдау және осы идеяларды бағалау керісінше, өзіне де, басқаларға да қатаңдықты талап етеді, өз идеяларын шамадан тыс жоғары бағалауға жол бермейді. Дегенмен де, практикалық психологияда осы екі топты қосуға деген талпыныстар болды. Мысалв, ойлау процесін басқару және оның тиімділігін жоғарылату («ми штурмы») әдістемесінде творчестволық және сыни ойлаулар саналы жұмыстың әр түрлі режімдері ретінде бір тапсырманы шешудің әр түрлі кезеңінде қолданылады.
Адамның ортада бағдарлануы жалпы тәсілдерінің бөлінуі де функционалды болуы мүмкін. Абстрактілі және нақты «ойлау бағдарларын» (К.Гольдштейн) осылай бөлу миы зақымдалған науқастардың ойлауын талдауға қажет. Дені сау адамда екі бағдар да болады: егер ортадағы шарттар таныс және үйреншікті болса, онда ол «нақты» әрекет етеді, яғни себебін ойламайды, тіршілік етудің объективті жағдайы өзгерсе түсініп, не істеу керек екендігін ойлағанда адам мінез-құлықтың «абстрактілі» жолына өтеді. Соңғы қабілет ауру адамда жойылады да, қоршаған орта нақты мінез-құлық парапар болу үшін арнайы ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен, абстрактілі ойлау бағдары нақтылықты функционалды қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.
Адам ойлауы оның бүкіл өмірінде бірқалыпты болып қалмайды, оның жас ерекшелік динамикасы бар, сондықтан ойлаудың түрлерін оның даму деңгейлері ретінде қарастыруға болады.
Ойлауды генетикалық жіктеу. Психологияда ойлаудың дамуының үш негізгі деңгейін көрсетуге болады: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық. Бұлардың әрқайсысы екі критериймен анықталады.
Біріншісі нақты форма, яғни жетістікке жету үшін субъектіге танылып отырған объектіні немесе жағдайды көрсету қажет: а) объект өзінің материалды және нақты күйінде; б) суретте, схемада, сызбада көрсетілуі; в) белгілі бір белгілер жүйесінде көрсетілуі. Практикалық, көрнекі және вербалды тапсырмаларды шешу ойлау деңгейінің қай дәрежеде екенін көрсететін ең қарапайым көрсеткіш болып табылады.
Ойлау деңгейін анықтаудың екінші критерийі адамның қоршаған ортаны өзіндік тануы мен елестетуінің негізгі формалары мен әдістеріне сәйкес болып келеді. Олар: а) объектімен практикалық әрекетке түсу арқылы; б)образдық түсінік көмегімен; в) логикалық түсініктер және басқа да белгілік құрылымдар арқылы. Мысалы: қарапайым қимыл дағдысын үйренгеннен кейін, мәселен галстукті түйіндеп байлау, бұл процесті белгілі бір практикалық әрекеттер сызбасында еске түсіру оңай. Ал образдық тұрғыда барлық қажетті операцияларды олардың орындалуынсыз елестету күрделірек. Бұл процедураны көрнекі бейнелер көмегінсіз логикалық сипаттау үшін арнайы тіл, яғни белгілі бір терминдер мен оларды қолдану ережелерін жасауды қажет етеді.
Сонымен көрнекі-әрекеттік ойлау арқылы шынайы объектілер мен олардың арасындағы қатынасты практика жүзінде бақылауға мүмкіндік туады. Практикалық танымдық заттық әрекеттер шынайылықты бейнелеудің кез-келген кештеу формасының негізі болып табылады. Сонымен, ойлаудың көрнекі-бейнелік даму деңгейінде адам объектілердің көрнекі бейнеленулеріне олардың бейнелік ұғымдары арқылы сүйенеді: заттың образы әр текті практикалық операциялар жиынтығын біртұтас картинаға біріктіреді. Келесі деңгейде шынайылық адамның сөздік қалыптастыру мүмкіндігін тудырады және адам логикалық түсініктерді операциялай отырып, олардың мәнді заңдылықтары мен өзара байланыстарын тани алады. Сөздік-логикалық ойлаудың дамуы практикалық әрекеттер мен бейнелік түсініктер әлемін реттейді.
Шынайылық түсінігінің практикалық, бейнелік және ұғымдық формалары ойлауды кез-келген генетикалық жіктеуде әмбебап болып табылады. Бірақ ойлаудың даму деңгейін анықтау осы формалармен мазмұны жағынан әрдайым толығымен сәйкес келе бермейді. Сонымен, әр деңгйде әр түрлі екі жоспарды бөліп көрсетуге болады: а) субъект еркін қолдана алатын, тұтастай өзара қатынасты жүйе ретінде түсінетін ойлау тәсілдері; б) мүмкін болатын тұтастай елестің пайда болуына көмектесетін ойлаудың тәсілдері. Елестің осы көрсетілген формаларына байланысты ендігі кезекте ойлаудың дамуының үш емес, төрт деңгейін көрсетеді, яғни ертерек формалардан (практикалық, бейнелік) белгілі бір жүйе құрып, кешірек формалардың (бейнелік, түсініктік) көмегімен субъект оны меңгереді. Дамудың жоғарғы деңгейі абстрактілі және формалды-логикалық әдістердің пайда болуымен сәйкес келеді, бұлардың жүйесін ойлаудың «таза» формасы деп атайды. Бірақ уақыт өте келе бұл «идеал» интеллектінің дамуының соңғы нүктесі болмайды, әрі қарай ойлаудың дамуы игерілген логикалық нормалардың кеңеюі мен нақтылануына байланысты жүреді.
І.5.Ойлау процесін зерттеудегі теориялық амалдар
Теориялық амал дегеніміз – бір немесе бірнеше принциптердің белгілі бір жеке зерттеу аймағына жүзеге асырылуы. Мазмұнына қарай бұл амал осы принциптерге теңестірілуі мүмкін, бірақ оны өңдеу арнайы түсінік пен аппаратын құруды, сәйкестендіруді, нақтылауды талап етеді.
Ойлау туралы теориялық түсініктерді сипаттау, меңгеру үшін амалдарды талдау қолойлы.
Ойлауды зерттеудің эксперименттік, диагностикалық және қолданбалы түрлері көрсетіледі. Дәл бір тапсырмаларды зерттеу барысында олар бір-бірімен тығыз байланысты болуы мүмкін, бірақ әрқайсысы өзіне тән сипаттамалардың қорытындысымен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда бұл білім тапсырманы қалай шешу процесіндегі психологиялық механизмдерді, екіншіден, адамның тапсырманы шешуге байланысты жеке-дара қабілеттерін анықтай алу, үшіншіден – ойлау процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатымен жаңа әдістемелер құру.
Механистік амал. Механистік амалға зерттелуші жайлы барлық мәліметтер, тіпті күрделі болса да, қарапайым процестердегі құбылыстар мен механизмдердің теориялық мүмкіндіктері принципті болады. Ойлауды зерттеуге байланысты бұл амалға нақты анықтама беруге болады: ол дегеніміз жалпы механизмдерді аудару, яғни психикалық процестерді түсіндіру мен сипаттау. Осыдан, жеке алғанда, ойлаудың ерекшелігі және механистік амал шеңберінде оның арнайы теориясын қалыптастыру қажеттігіне байланысты мәселе туындамауы мүмкін деген шығады.
Осы амалға жататын психологиялық теориялардың дәстүрлі ғылыми-жартылыстану пәндері үлгісінде құрылуы кездейсоқ емес. Зерттеушілерге зерттеліп отырған шынайылықтың бастапқы, алғашқы элементтерін және олардың арасындағы байланысты, олардың үйлесімділік заңдылықтарын анықтау қажет. Механистік амал үш түрлі теориямен көрсетіледі: а) сана психологиясының бір бағыты – ассоцианизм теориясы (немесе құрылымдық); б) мінез-құлықтың классикалық психологиясы (бихевиоризм); в) ойлаудың ақпараттық теориясы (оның алғашқы нұсқаларында). Бұл теорияларда ойлаудың сезімдік елестері, үйрену және ақпаратты қайта өңдеу процестерінің бірлесуі ретінде болады.
Ойлау сезімдік елестердің үйлесімі ретінде. Құрылымдық психологияға сай психикалық тәжірибенің элементі жеке сезімдер болып табылады, яғни сенсорлы-перцептивті және мнемикалық процестерде көрініс тапқан айрықша модальды елестер. Елестің жеке элементтері арасында байланыс пайда болады немесе ұқсастығына, кереғарлығына, уақыт пен кеңістіктегі сәйкестіктеріне байланысты ассоциациялар тууы мүмкін. Ассоциация заңдары психикалық процестерді түсіндіру мен сипаттауда әмбебап тіл болып табылады. Сондықтан ойлау сезімдік елестер ассоциациясы ретінде көрініс тапты. Ассоцианизмде ойлау табиғатын анықтауға байланысты зерттеулер жүргізілмеген, бірақ ол жайлы арнайы түсінік болмаған дегенді білдірмейді. Механистік амал үшін олардың әдеттегі психологиядан немесе дәстүрлі логикадан алынуы заңды болып табылады. Бұл жерде психологтардың негізгі тапсырмасы: ойлаудың логикалық формаларының интнрпретациясын ассоциациялық теория тіліне аудару болып табылады. Сонымен, түсініктің құрылуы елестердің ассоциациясымен түсіндіріледі, ал талқылау түсініктер ассоциациясының нәтижесі, ой тұжырым (силлогизм) талқылаулар ассоциациясы ретінде қарастырылады.
Ойлау үйрену ретінде. Мінез-құлық психологиясы сана психологиясының басқа нұсқаларынан түбегейлі ерекше болғанымен, ойлауды зерттеуі механистік амал шеңберінде жүреді. Талдаудың берілген элементі – қозғалушы реакциясы және оның үйлесім заңдылықтары, жаңа стимулды-реактивті байланыстар құру – шарттану механизмдері интеллектуалды мінез-құлыққа қатысты айрықша емес. Сондықтан «ойлау» — үйрену, яғни интеллектуалды практикалық тапсырманы шешуде ұйымдастырылуы ретінде ерекше орын алады.
Ойлау – ақпаратты өңдеу процесі. Психикалық процестерді сипаттаудың бастапқы элементтері ретінде қазіргі жағдайда, ақпараттық процестер деп аталатын, шартты белгілері бар операциялар тану және т.б. болып табылады. Мұндай операциялардың бірлесуі тапсырма шешудің алгоритмін, сонымен қатар ойлауын да құрайды. Бірінші ақпараттық теорияларда «Өзін-өзі алып жүрудің ең жоғары элементтері – информациялық процестер» (А.Ньюэлл, Г.Саймон) — бұл адамның ойлау қабілетін ЭЕМ-де модельдеу мүмкіндігімен байланысты зерттеудің саналы мақсаты болды. Іс жүзінде адам ойлауы деп болжалған психикалық шынайылыққа ерекше назар аударады.
Психикалық процестерді ақпаратты өңдеу процестерінде талдауды дербес ақпараттық амал деп әділ атайды. Бірақ ойлау психологиясы үшін ақпараттық теория бірден-бір тәсіл емес, оның орнында пайда болған амал нақтырақ когнитивті тәсіл деп аталады.
Механистік амалдың болашақта дамуы. Ойлаудың ерекшелігін анықтауға механистік тәсілде субъектінің белгілі бір келелі мәселелі жағдайларды шешуі, белгілі бір ассоциацияларды таңдау, мінез-құлықтың жауап беру тәсілдері және белгілік ақпараттарды талдау ережелері кіреді. Мұндай тапсырмаларды шешу құралдарын таңдау қабілеттері – ойлауға кіреді.
Сана психологиясында (ассоцианизм мүмкіндіктерін кеңейту) ойлауға «нақты» анықтаманы ең алғаш рет У.Джемс ұсынды. Ойлау — ақыл-ой процесіне қарағанда ассоциативті байланысқан сезімдік елестер ағыны, яғни «субъектінің жаңа берілген тәжірибелерде бағдарлану қабілеті».
Қорытынды
Ойлау, әсіресе ХХ ғасырда, жаратылыстану ғылымдық циклдың шеңберінде де интнесивті зерттелді. Ойлау басқа да психикалық қызметтер сияқты, ми іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Соңғы онжылдықта ойлау, ішінде әр түрлі салалар арсында аса үлкен қызығушылықты туғызған «жасанды интеллект» бар кибернетикада да интенсивті зерттелді және зерттеліп жатыр. Кибернетика адамның ойлауын ақпараттық процесс ретінде қарастырады, электронды-есептеу машиналарының және адам ойлауындағы жұмыстарда бар жалпы нәрселерді тіркейді.
Ойлау психологиясы бойынша, біздің жұмыстарымыздағы бірін-бірі дәлелдейтін, ойлардың таңғаларлық бірлігі біздің әрекеттеріміздің нәтижелерінің тамаша көрінісі болды.
Кіріспе
Біз өмірге келіп, қоршаған ортада өмір сүріп отырғандықтан, ойлау біздің өмірімізде үлкен, тіпті орасан зор рөл атқарады десек те болады. Ойлаусыз ешқандай іс-әрекет жүйелі түрде, саналы түрде жүзеге аспайды. Ойлау – біздің өмір сүруіміздің басты құбылыстарының бірі.
Менің курстық жұмысым «Ойлау» тақырыбының бірқатар мәселелерін қарастырған. Ол бір тараудан тұрады. Бір тарауда бес түрлі мәселе қаралады.
Бірінші – ойлау психологиясына сипаттама берілсе, екінші – оның пәні мен әдістері туралы айтылған. Үшінші – ойлаудың түрлері, төртінші – ойлаудың түрлерінің жіктелуі туралы, соңында – ойлау прцесін зерттеудің теориялық амалы туралы қарастырылған.
Міндеті: а) Тақырыпқа байланысты материалдар
жинау;
б) Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау.
Мақсаты: Ойлауға психологиялық талдау жасау