Класс жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі басты қызметі

0
4

Мазмұны

І. Кіріспе:………………………………………………………………………………………….5-6

1   Класс  жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері    мен    жұмыс жүйесі

1.1. Класс жетекші жұмысының  мазмұны және сынып  жетекшінің  қызметі……………………………………………………………………………………………7-9

1.2.  Біздің елімізде класс жетекшісінің оқу – тәрбие                        процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы……………10-13

2  Класс жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты                      қызметі

2.1. Класс жетекшісінің тәрбие жоспары………………………………..14-18

2.2. Класс жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы……………………………………………………………………………………….19-26

2.3. Класс жетекшісінің ата – аналармен атқаратын                  жұмысы………………………………………………………………………………………27–31

ІІІ.Қорытынды………………………………………………………………………………32

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………..33
  2. Қосымшалар…………………………………………………………………………..34-35

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің            оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың  негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына                 қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы,                   тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен                 бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы                    тұлғаны таныту.

Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық                          ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып,                   қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі                         екендігін айқындау.

 

Курстық жұмыстың міндеті.  Курстық жұмыс міндеті                    негізінен, сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін қамтиды.                      Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект – тәрбиелік            және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру.  Бұл   бастапқы міндет.

Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші обеъектісі мен міндеті.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның              қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі                     табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып            жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие                   беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік                 пен дағдыларды меңгеруге көмектесу.

 

Өзектілігі.  Қазақстан Республикасының   “Білім туралы”  Заңы мектеп  оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық                тұрмыс негіздерін қалыптастыруға , азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.

Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі , мектеп оқушыларының   тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып                                  жетекшісіне жүктеледі.Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына     байланысты  сынып жетекшісі қажет                            пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр.Алайда  сынып  жетекшісінің                           оқу – тәрбие  жұмыстарындағы  рөлі  ерекше  екендігі  даусыз.

 

Теориялық мәні.  Сынып жетекшісінің басты назарында –           оқушы – Адам,  оқушы – тұлға , әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды  қорғау, дамыту міндеттері.Тәрбие ісін басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса ,    ол жұмыстың нәтижелі  болуы сөзсіз.

Тәрбие ісінің негізгі мақсатын , міндеттерін  маңызын біліп,                түсіну, өзекті мәселелерін көре білу.Оқушыларды зерттеу арқылы               тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

Оқушылардың дамуын болжауы , оларды  әртүрлі   іс –                 әрекеттерге  араластырып , өзара  жақсы  қарым – қатынастарда                      болуға бағыттауы ,    адамгершілік дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші                     іс – әрекеттерді ұйымдастырып  қана  қоймай , оқушылардың                           жақсы  қасиеттерінің         дамуына  жағдай жасауға тиіс. Міне ,                            бұл жоғарыда қозғалған  мәселелер   курстық  жұмыстың теориялық                 мәнін ашады.

 

Практикалық мәні.  Сынып  жетекшісінің  күнделікті                            атқаратын    қызметі – сабаққа  кешігіп  келген  оқушылармен  жұмыс                және  кейбір  оқушылардың  сабаққа  қатыспай  қалған  себептерін               анықтау , сынып  кабинетінде  кезекшілік ұйымдастыру , оқушылармен             жеке – дара жұмыс. Тағы   сол  сияқты  апта   сайын  өткізілетін ,                       ай  сайын , тоқсан  сайын , жылына бір рет жүргізетін  жұмыстары  бар. Тәрбие  жоспары  арқылы  тәрбиенің  түрлеріне  баулиды.Сонымен  бірге  психологиялық – педагогикалық   диагностиканың түрлі  әдістерін  пайдаланып , оқушылардың  мінез – құлқын , болмысын зерттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Класс жетекшінің оқу-тәрбие процесіндегі  міндеттері мен жұмыс жүйесі

 

1.1 Класс жетекші жұмысының мазмұны және оның қызметі.

Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды          оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.                              Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие  жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне  қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік  қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың                 өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ            әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса,сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін           ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды  әрі  қызықты  ұйымдастыруға  тырысады.

Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра    отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін,         оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың  бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып  отырады.

Класс жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп           оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми                     дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке           деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды                  дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен    тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап              айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,                 эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие  міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Класс жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Класс жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты  зерттеп білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,                 оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға                         ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің                             және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын                          үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың                    бірлігін қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз            қарым-қатынасын қамтамасыз етү.

5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,                отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып               жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.

 

Класс жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа           балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа                   кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген          оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

  1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның              бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның           әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,               баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік            өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне           көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің             басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату.                             Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
  2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай           отыра, ынтымағы  жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер              сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық,                    еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін        қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін – өзін басқаруды дамыту.
  3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания),               жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін       жатқызуға болады.

Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен  өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың                  тұлғалық   және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп,  анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды  көздейді.

Класс жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында,  біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін  пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу  дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін           басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің                 мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және  ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі  ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы         жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі                     назар аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми           тұрғыда алдын ала болжамау,  онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.          Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау             сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз               тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің          өзі де болмаған болар еді.

Класс жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие                       процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның             нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау            барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс – әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі   тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.

Класс жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.

Бүгінде класс жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.

 

 

 

 

1.2  Біздің елімізде класс жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі           міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы.

Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық.Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар         ертерек пайда болды.Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында                 бастапқы кезде ‘‘күтушілер’’/няньки/, кейіннен ”гувернанткалар”             ретінде қызмет етті.Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы                   ”Университеттік мекеме Жарғысына” сәйкес оқушыларды тәрбиелеу                  ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап , олардың тәртібіне жауап              беру міндеті жүктелген.

1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда,                оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу            қажеттігі де баса көрсетілген.

Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу                      ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды  қадағалаушылар да (“надзиратели”) жүктелген.Олардың негізгі                міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау;                       оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін,          мінез – құлықтарын белгілеу үшінкүнделік жүргізу тапсырылады.              Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап          оқуын қадағалауға да міндетті болды.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы  “Гимназиядағы                     сынып тәрбиешісі ”  Жарғысында ресми түрде бекітілді.Соған сәйкес            сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім               берумен де айналысты.

Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады:                сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау;                 мектеп іс – қағаздарын жүргізу;оқушылардың дамуын,таным            қабілеттерін бақылап зерттеу;сол сыныпта сабақ жүргізетін      оқытушылармен  ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеген   көңіл аударылды.

Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті                                   тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана                     шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі               онша жоғары болмады.Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл                           бөлінді. Сондықтан,   сынып тәрбиешілерінің  тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары аз болды.

XIX ғасыр аяғы   XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы          кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп,           оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады.                               Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі   1871  жылғы Жарғыға           сәйкес өзгеріссіз қалды.Олардың маңызды міндеті – оқу                              процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату;                     сабаққа қатысу; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын                 орындату т.с.с.

XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс                   жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша                  сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы үйірмесін            ұйымдастыруға мақсатты түрде  көңіл бөліне басталды.

Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекші                    деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын                 ұйымдастыру мұғалімдардің бәріне бірдей жүктелді.Оларды                                  топ жетекшілері  дап атады.негізгі міндет – коммунистик идеология            аясында оқушылардың  саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу.Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін – өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына                       онша көңіл бөлінбеді.Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың            ата – аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.

1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін – өзі  басқару ұйымына басымдылық берілді.Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.

20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды.Ондағы себеп, балаларды ұйымдастыру жұмыстарына                    қатысты тәжрибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін – өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу – тәрбие                          процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зерттеу, ата – аналарымен жұмыс істеу болды.

1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды:                оқу процесіне  сыныптық сабақ жүйесін  енгізу, оқушылардың                 жеке – дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу             бағдарламалары мен оқулықтарды жасау  т.б.  Осыған байланысты топ жетекшілерінің  де жағдайы өзгерді.

1934  жылы  “Жалпы еңбек мектебінің ”  Жарғысы мен             Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу – тәрбие процесін топтап              оқыту тәртібіне көшіруі , сныптық сабақ жүйесіне өтуге байланысты,                 топ жетекшісі,  класс жетекшісі  деп өзгертіліп, олардың                 тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері   мен мазмұны, формалары мен           әдістері жаңа сипатқа ие болды.Соған сәйкес сынып жетекшісі                       туралы  Ережені  1934 жылы 28 маусым күні  РСФСР  Халық ағарту Комиссариаты бекітті.Осы Ережемен сынып жетекшісінің қызметі                       де бекітілді.

1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды.              Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәтібі белгіленіп,                 олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын                жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді.Бастауыш           сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы                                тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық – саяси тәрбиесіне                     аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс                             істеу, оқушылардың  “Оқушылар ережесін” үйренуі міндеттелді.

Осыдан  1971 жылғы жаңа  “Сынып жетекшісінің ережесіне”        дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің  міндеттеріне айрықша                     өзгеріс болмады.

Соңғы жылдары кейбір мектептерде  “Сынып жетекшісінің”          орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес  “Сынып тәрбиешісі” деген қызмет пайда болуда.  Оның себебі, біріншіден, бүгінгі                      таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды                    өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға                    кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект                 ретінде  бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым              қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын                  өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауға оған  мүмкіндік береді.Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді.Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда.Олардың                           негізінде ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.

             Екіншіден,білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей  т.с.с.  Соның барысында кейбір                классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;

-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;

-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;

-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған                жаңа қызмет).

Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің,             тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда.                    Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша                әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы                 құжатқа  негізделген.

Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен                  өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады.Мұндай               жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік                    өмірде өздерін – өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымына                   өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына                  қолайлы жағдай туғызу.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар                 мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда.            Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ.           Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты  3 қызметті орындайды:                        әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондоғы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.

70-80 жылдардағы мектептің өзгншелігі, тәрбиенің ықпал                  ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны.Бүгінде                  көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары                    басқаша.Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүни дамытуға жағдай               жасау деп түсінеді.Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен              жүйесі өзгереді.Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау             мүмкіншілігі күшейеді.Ол әрбір баланың дене және психикалық                  дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады.Мүндай жағдайда,               бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге,                         онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың                        өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың                 өзін – өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай                 туғызуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым – қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Класс жетекшінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі.

 

2.1 Класс жетекшінің тәрбие жоспары.

Класс жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат.Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және      жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады .     Тәрбие – қиын да күрделі процесс.Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.

Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол  сынып жетекшісі               мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.             Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін  т.б. қасиеттерін байқауға болады.Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі.  Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Класс жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді.

Бүл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды.Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағйн оның өзі мен бірге шешу.Бұл педагогикалық тағылым.Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын – сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді.Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден – бір педагогикалық тәсіл болып табылады.

Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.

Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың               жан – жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма – жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке – дара , үздік – үздік әрекеттер басым болып келеді.Өткенмен – салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма – жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырды.

Тәрбие жоспары – класс жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді қажет етеді.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.    Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін арттырады.

Мектеп тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп.Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик  тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.

Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың                          түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі         түрі болады.

Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі  ыңғайлы формасы деп есептейміз.

 

Тәрбие жоспарының үлгісі

 

1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,         денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс – әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.

 

 

 

Апта аралығын көрсету
Негізгі бөлімдерТәрбиелік шаралардың мазмұныФормасы мен тәсіліМерзімі, уақытыЖауапты адамдарӨтілгені туралы белгі
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру
2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
4.Отбасы және жұртшылықпен жүмыс
5.Жеке оқушымен жұмыс

 

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру:(формасы – сынып сағаты),тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас,           сұрақ – жауап, кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН),еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.

2.Бұл бағытта сыныпқа қстысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы).Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі.Оқушылардың өзін – өзі басқару басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын , олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл – кеңес беру т.с.с. олрға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

3.Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу – тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады  т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі.Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.

4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс:  оқушылардың ата – аналарымен байланыс орнату, ата – аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата – аналар комитетінің жоспарынан: ата – аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді.

5.Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгнріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

 

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар

1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі.Сондықтан, тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте                 болуы қажет.

4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

5.Тәрбие жоспары ықшамд, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.

6.Тәрбие жоспарындағы атқатылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен анықталатын болсын.

7.Тәрбиеліу шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапты және әржақты болуын ескеру керек.

8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын,олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке – дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

 

 

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады ?

 

  1. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім және ғылым министірлігінің оқу – әдістемелік жұрналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психологиялық және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
  2. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді.Мысалы: Мақсат: “Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру”.

Оның міндеттеріне:

1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық – танымдық (интелектуалдық)  әрекеттерін ұйымдастыру.

2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.

3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым – қатынас жасауға ынталандыру.

4.Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.

III.  Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән                                                                                                       үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдағы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысып, пән мұғалімдері және                    ата – аналармен пікір алмасу.

  1. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп, тану.
  2. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
  3. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
  • Жоспарлау.Оқушыларды немесе олаодың белсенділерін жоспарлауға, оны талқылауға тарту.Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Класс жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

 

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім.Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес,сабақтан  тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде балаға ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының                         түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтіктәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін              байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырады.

            Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы     тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен              бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір – біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да     бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қояды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді.Сыныптың тазалығын  ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар “бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін” деген қағиданың маңызын жете түсінеді.

             Бесіншіде, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды.Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда                        ерікті болады.Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы сенімі                    тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.

             Алтыншыдан, сыныптан  тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы.Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.Соған сәйкес қандаә да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады.Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым – қатынаста немқұрайлыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және             қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру.           Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын                  тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен                      ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:

  1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін – өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.Себебі, тәжірибе көрсеткендей “қиын балада” өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан.Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді.Соған орай дұрыс ұйымдастырлған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкінлік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш – қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.
  2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
  3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру.Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыданұйымдастыра алуы қажет.
  4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік – жігерін қалыптастыру.Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез – құлық нормаларын меңгереді.Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
  5. Баланың таным қызығушылығын дамыту.Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс  сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған.Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе,екінші жағдайда,балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше.Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі. Сыныптан тыс тәрбие

жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметін

ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелілік және дамытушылық.

Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметтінәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез – құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін  т.б. үйретеді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке – дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады.

Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, мұғалім “қонаққа барған жағдайда қандай мінез – құлық ережелерін сақтау” қажеттілігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың “мінез – құлық ережесі” туралы ьілімдерді кеңейтуді белгілейді.Бұл тәрбие жұмысының  білімділік қызметін атқарады.Яғни, балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез – құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормаларын сақтауға үйрету; “мінез – құлық нормалары” деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын “мінез – құлық нормаларына” қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттердің түрін белгілейді.

Осы бағыттағыжұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.

Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделеген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі:        ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым – қатынаста,            моральдық бейнесін бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды.Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

  • Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл – ойына әсер етуді көздейді);
  • Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді);
  • Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.
  • Төртіншіден,коммуникативтік біліктілігі мен дағдарысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.).
  • Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

 

Тәрбие жұмысының формасы.Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс.Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан:”тәрбие жұмысның формасы”, ”тәрбие шаралары”, ”тәрбие ісі” т.б.   Соған орай ”Педагогикалық энциклопедия” сөздігінде “форма” ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

  1. заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
  2. белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
  3. бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
  4. бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу;

Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы “тәрбие жұмысын  формасы” және  “тәрбие процесін ұйымдастыру формасы” деген ұғымдарды бейнелейтін секілді.Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық,құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа,оқиғаға,адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым – қатынастары ашық жарияланады.

“Тәрбие жұмысының формасы” оқушылардың нақты тәрбие әрекетін нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізү технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

“Тәрбие шарасы”  топтық (ұжымдық)  әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актсы ретінде қарастырылады.

“Тәрбие ісі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата – аналар, жәй қатысушылар) және тәрбиеленушілердің.

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылықкөзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым – қатынасты      дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б.  Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы  т.с.с.  Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады.Мысалы, “Адамға   музыка не үшін қажет?” – пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді  кім анықтайды?” – тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым” – дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, ептілер” – спорттық                 ойын т.с.с..   Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету.Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауа сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс – әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін есекру талап етіледі.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныпытан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықтап, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.Ондағы материалдық мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.Осы орайда  В. А. Сухомлинский былай дейді: “Балалар әсемдік, ойын, ертегі музыка, сүрет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті ”. Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады.Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады.Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке – дара, топтық, көпшілік формалары) және тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеу ұсынылады.Ол мынындай болады:

1.Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2.Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын – жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен).

3.Сыныптағы саяси хаарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

4.Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.

5.Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына         сай көрмелер өткізу.

6.Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

7.Оқушылармен ток – шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрьие жұмыстарын ұйымдастыру.

8.Спорттық жарыстар өткізу:шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу  т.с.с.

9.Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

10.Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конферециясын өткізіп отыру.

11.Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап – тілектері, қабілеттеріне сай қатысуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер  т.б.

12.Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

13.”Атамекен ” бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

14.Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту.

15.Сынып жиналыстарын өткізу.

16.Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу – өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстырын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

17.Мұражайларға, көрмелерге, демалыс – мәдени орындарға , кино, театр, өндіріс орындарға саяхат жасау.

18.Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

19.Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

20.Мектептен тыс тәрбие мекемелерініңжұмысына қатысу.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады.

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындықтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн.Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық – сауықтыру, еңбек, шығармашылық.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудыру, оқу дағдысын жетілдіру көздейді.Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формада қолданылады.Мысалы,”Не?  Қашан?  Қайда?” – викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.

Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық – ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісін болмау үшін нәтижелі.Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады.Мысалы: әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.

Спорттық – сауықтыру әрекеті.  Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жұмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы мен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет.Спорттық – сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.

Еңбек әрекеті.Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне – өзі қызмет көрсету.Әрекеттің бұл түрі мұғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады.Дегенмен де оның күш – қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының нәтижесіне бағытталады.Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады.Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығынсақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын арқару барыснда атқарылады.

Шығармашылық әрекеті  оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді.Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді.Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік – жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

Адамгершілік сала адамгершілік түсінікті және мінез – құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қатысады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа дәстүрлі емес, яғни бейдәстүрлі түрлері пайда болуда: ”Қызығушылық сабақтары” (оқушылардың қызығушылығына орай тақырыптар таңдалады); ”Не?, Қашан? Қайда?”, ”Өнер мектебі”, ”Өзіңді тану”, ”XXI ғасыр көшбасшысы”, ”Азамат” (Ток шоу), ”Мың бір мақал”, ”Алтын көмбе”, ”Алтын сақа”  т.б.

Әрине, біз бүгінде мектеп тәжірибесінде орын алған тәрбие жұмысының формаларын толық қамтығамыз жоқ.Оны істеу мүмкін емес.Себебі, өмірдің талабына сай мектеп практикасы жаңа – жаңа формаларды тудыруда.Ол мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлескен шығармашылық ізденістері барысында туындап отырады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мектеп мұғалімі тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай ондағы жаңа идеяларды өзі құрастырады.Дегенмен, тәрбие процесінде мектеп мұғалімінің шығармашылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін алгоритим бар.Оның негізіне екі идеяны жатқызуға болады:

1.Әртүрлі  ұйымдастырылған формадағы тәрбие мазмұны ғылым және өнер арқылы байытылады.Олардың негізіне әртүрлі әрекеттер кіреді: танымдық салада – этика, эстетика, мәдениттану,саясаттану ғылымдары саласындағы тарихи, құндылық – бағдарлық білімдер жатады; өнер  саласында  – эстетика, музыка, сұңғатөнері, поэзия, дизайн, мәдениет саласындағы көркемдік білімдер; дене шынықтырусаласында – салауатты өмір салты жайында теориялық және практкалық білімдер; еңбек саласы – халық дәстүрлері, қол өнеріне қатысты білім, іскерлікті жатқызуға долады; еркін қарым – қатынас бойынша – оқушылардың әр тараптағы демалысын ұйымдастыру т.б.

Мұндай жұмыстар тәрбие жұмысының барлық формасын жаңа деңгейге көтеруде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен бірге оқушылар, олардың ата – аналары, мектептен тыс мекемелерінің қызметкерлеріне, қоғам қайраткерлеріне мүмкіндік береді.

2.Мұғалімге тәрбиедегі көзқарасты шығармашылықпен ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер көмектеседі.Солар арқылы әр түрлі әдістер және формаларды құруға болады.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:

1.Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр.Мысалы, егер мектепте оқуға басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспектісі басым болады  т.с.с.

2.Оқушылардың жас, жеке – дара және сынып ерекшелігі.

3.Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі  т.с.с.  Егерде мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды.Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық – сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады.

 

 

2.3  Класс жетекшінің ата – аналармен атқаратын жұмысы.

 

Класс жетекшінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.  В. А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін ” , – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету фактроларын жасайды.Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары,олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда.Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш  –  мұғалім  –  оқушы  –  ата–анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым – қатынысқа ие болуда.Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік – командалық жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына ьару  т.с.с.

Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді.Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр.Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата – аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл – кеңесі ауадай қажет болып отыр.

Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты.Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.Ол мектеппен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты.Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн.Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым – қатынасы мен әрекетінде біріке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күй мен жағдай жасау.Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады.Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді.Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол.Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады.Сол үшін де ата – аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.Ол үшін, отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жанжақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

1.Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым – қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата – ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі – бір мінез – құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету.Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді            ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3.Ата – аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата – аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге  талдау жасап отыру  т.б.  жұмыстарды міндеттейді.

4.Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.Ол үшін ата – аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми – практикалық конференцияларда,          ата – аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.

Ата – аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай                                5 қызметті атқарады.

  1. Ата – аналарды сыныптағы оқу – тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады.Ата – аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады.Мұғалімдер өздері жүргізетінпәндердің ерекшеліктері,мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата – аналарды таныстырады.
  2. Ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдатыру. Сынып жетекшісі бағытта ата – аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда.Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата – аналардың психологиялық – педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады.Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата – аналардың оған деген сұранысы күннен – күнге артуда.

Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет           ата – аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін – өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

3.Ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата – аналар мен балалардың өзара қарым – қатынасын жақсаруды көздейді.

Мектеп тәжірибесінде ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:

-сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар  т.с.с.);

-жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілерімен кездесу, соңғы қоңырау, жаңажыл шыршасы, халықаралық әйелер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу  т.б.);

-балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға,              ата – аналардың ашық есік күніне  т.б.;

-мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

-өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

-балалардың аула клубтарын құруға;

-мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;

-мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

-мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек көрсету т.б.

  1. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата – аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл – кеңес беру
  2. 5. Ата – аналар белсенділерімен жұмыс және ата – аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесу. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата – аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

Кейбір ата – ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата – анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады.Мұндай ата – аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

Сонымен бірге сынып жетекшісві бұл бағытта ата – аналардың жалпы мектеп көлемінлегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен да мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата – аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

Ата – аналармен жеке кездесу. Сынып жетекшілерінің, мұғаліидердің ата – аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардың отбасына бару, ата – аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата – аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез – құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым – қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата – аналарды балалардың үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата – аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата – аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор.Ата – аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты.Мәселен, бала жақсы оқиды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы іске қатысуға ынтасы жоқ.Бұл жөнінде ата – аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет.Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата – аналарда баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.

Міне, осы жағдайларға ата – аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі.Мектепте кездесу үшін ата – аналар күні белгіленеді.Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.

Ата – аналар белсенділерімен жұмыс. Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата – аналармен қарым – қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата – аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп  үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады.Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата – аналарға ықпал жасйды, кейбір, әсіресе, қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата – аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі.Сондықтан, мектеп басшылары, ата – аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер, ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарй дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Жақсылықты көздеген                                       Ашуы да бар қатты

Жамандыққа төзбеген                                        Алайда ол басқадан

Жаныңды әр кез ұғатын                                     Абыройлы ардақты –

Жақын ұстаз өзгеден –                                       Сенің сынып жетекшің.

Сенің сынып жетекшің                                      Өнегелі болсын деп

Ақыл айтса салмақты,                                        Ертеңіне жол сілтеп,

Әрқашанда ойлайды                                           Оған сендік сый басым

Өрден – өрге қонсын деп –                                 Қоштасарда мектеппен

Сенің сынып жетекшің                                      Ата – анадай қимайсың –

Қадірлі адам сыйлайсың,                                   Сенің сынып жетекшің –

 

деп  Т. Рахимов айтқандай сынып жетекші оқушы өміріндегі                     мектептегі            ата – ана орнындағы тұлға.Ол белгілі сыныпта оқушылардың оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы – кеңесшісі    болып саналады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп              оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп                        тәрбиелеуге барынша  ықпал жасау. Сыныпьағы әрбір тұлғаның                      ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиетін,                   еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан – жақты                        жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының                мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа  бағытталуы тиіс.

Қорыта келгенде осы мақсатқа сәйкес тәуелсіз мемлекетіміз              Қазақстан Республикасының дамуы жолында балаларымызды                       тәрбиелі, білімді,ақылды жетілдіруде ата – ана және сынып жетекшісінің қызметі өте үлкен екенін ескергеніміз жөн. Елімізді дамыған                                50  мемлекеттер қатарында көру үшін әрбіріміз аянбай    еңбек етіп, халқымыз үшін қызмет көрсету парызымыз деп есептеймін.

Біз  XXI ғасыр жастарымыз,Қазақстан болашағымыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Болдырев Н. И. Класс жетекшісі. – А.: Мектеп, 1980.
  2. Ақназаров Б. Класс жетекшісі. – А.: Мектеп,
  3. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. /Редакциясын бсқарған И. С. Маренько. Аударған  З. Бейсенбаев/. –А.: Мектеп, 1978.
  4. Класс жетекшісінің жұмысы туралы. – А.: ҚазССР оқу министрлігінің мектептер басқармасы,
  5. Мектептегі тәрбие жұмысы. /Документтер жинағы. В. М. Коротов/. –  А.: Мектеп , 1978.
  6. Ілясова А. Н. Класс жетекшінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. – А., 1991.
  7. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. – А.,
  8. Богославский В. В., т.б. Жалпы психология. – .: Мектеп,
  9. Педагогика және жас ерекшелігі психологиясы. /Ред. Басқарған            А. В. Петровский . – А.,  Мектеп,
  • Ушинский К. Д. “Адам – тәрбие нысанасы”. Таңдамалы шығармалар.(Орыс тілінде, 8т. 283 – бет).
  • Қожахметова К. Ж. Сынып жетекшісі. – А.,2000.
  • Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы.”Қазақстан мектебі”, №10, 1988. 29 – 30 беттер.
  • Карагоз Ю.А. и др. Планирование воспитательное работы в учебной группе. – М.,
  • Егамбердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау.Методикалық ұсыныстар. – А.: Мектеп,
  • Степаненков Н. К. О планировании работы классного руковадителя. – Минск , 1978.
  • Этические беседы с учащимся. /Под ред. И. Ф. Харламова/. – Минск, 1977Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. /Құрастырған: Киркалов В. П., Шпитальник П. Э../. – А.: Мектеп,1998.
  • Нұрмағанбетов С. Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. – А.: Мектеп, 1969.
  • Саңғысбаев Н. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен. – А.: Мектеп, 1972.
  • Жұмабаев Ә. Ата – аналар жауапкершілігі. – А., 1977.
  • Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – А., 1990.
  • Макаренко А.С. Ата – аналар кітабы. – А.,
  • Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – А., 1978.
  • Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника. – М.,
  • Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. – М., 1993.
  • Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. – А., 1976.
  • Омарғазина Б. Өнер тәрбиелейді. – А.,
  • Назаров И. Ф. Уметь быть с детми. – А., 1976.
  • Абдуллина О.А. Педпрактика студентов, – А., 1989.
  • Көпбаев О. Жастар және провалық тәрбие. – А., 1988

 

Қосымшалар

1 – қосымша

 

 

 

 

XXI  ғасыр көшбасшысы

(интеллектуалдық шоу)

 

Мақсаты:  Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.

  1. Қатысушы жақтардың өзін – өзі таныстыруы (Хоббиі. Мұраты. Ұраны).
  2. Конкурс “Бәйге” (1-жауап – 5 бал). Кім бірінші болып дабыл көтерсе, сол бала сұраққа жауап береді.

1 – сұрақ: Әлемдегі ең кішкентай құс (Колибри – 2г.).

2 – сұрақ: Әлемдегі ең үлкен құс (Түйе құс – 90кг.).

3 – сұрақ: Нейтронда қандай заряд бар? (Нейтронда заряд жоқ).

4 – сұрақ: Вакумдағы жарықтың жылдамдығы қандай?       (c=3х10  м/с және с=300 км/с).

5 – сұрақ: Күн жүйесінде қанша планета бар?(9 планета).

6 – сұрақ: Инерция заңын кім ашты? (Г. Галилей).

7 – сұрақ: Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? ( Жылдық сақинасы арқылы).

8 – сұрақ: Менделеев кестесіндегі бірінші элемент (сутегі).

9 – сұрақ: От құдайы? (Прометей).

10 – сұрақ: 3.14 саны нені білдіреді? (Пи).

11 – сұрақ: Дөңгелектің ауданы (S=ПR ).

12 – сұрақ: Су үстінде қай қала орналасқан? (Венеция).

13 – сұрақ: “Соғыс және бейбітшілік кітабының авторы кім?” (Л.Толстой).

14 – сұрақ: Қазақстандағы бірінші академик кім? (Қ. И. Сәтпаев).

15 – сұрақ: Космосқа бірінші сапар шеккен қазақ кім және қай жылы? (Т. Әубакиров, 2 – қазан, 1991жыл).

16 – сұрақ: XX ғасыр адамы кімдер? (А. Бөкейханов, А. Байтұрсйнов, Д. Нұрпейісова, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Б. Момышұлы, Д. Қонаев,                           Н. Назарбаев, О. Сүлейменов, Т. Әубакиров).

II – тур:  Көкпар.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді.

Тапсырма:  Темекі шегудің пайдасы және зияны қандай?

Бірінші топ оның пайдасын, ал екінші топ оның зияны туралы әңгімелейді.

III – тур: “Полиглот”.

Тапсырма: Мақал және мәтелдердің бастапқы бөлігі айтылады, ал ойынға қатысушылар оларды жалғастырып, аяқтайды.Соңғы сөздері неміс (немесе басқа шет тілінде) және орыс тілдеріне аударылады.

  1. Байлық – байлық емес….. (Бірлік байлық. Байлық – Reiktum).
  2. Ойнап сөйлесеңде….. (Ойланып сөйле. Сөйле – Aprich).
  3. Еңбектің наны тәтті….. (Жалқаудың жаны тәтті. Тәтті – Sess).
  4. Еңбектің түбі – береке…..(Көптің түбі – мереке. Мереке – Ein Fesst).
  5. Жақсы сөз….. (Жан азығы. Азық – Essen).
  6. Терпенье и труд все перетрут. (Arbait)
  7. Грамоте учиться, всегда пригодится. (Lernen)
  8. Доброе братство милее богатсва. (Reichtum)
  9. Старый друг лучше новых двух. (Freund)
  10. Не имей сто рублей, а имей сто друзей. (Hunolent)

IVтур: Егер де мен…

Сіздер төтенше жағдайлар комитетінің басшы қызметкерісіз.Сіздердің әрекетіңіз.

Сіздерге 30 секунд мөлшерінде ойлануға уақыт беріледі.

V – тур: Нақтылы сұрақ.

  1. Физика: Атомның құрылымы.

Атомның еркін жылдамдығы немен тең? (g=9.8м/с ).

2.Тарих: Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).   т.с.с.

VI – тур: Тамаша жетілік.

  1. География: Жер атмосферасы қанша қабаттан тұрады? (4 қабаттан).
  2. Биология: Жер бетіндегі өсімдіктердің ортаңғы бөлігі қалай аталады? (Сабақ – стебель).
  3. Тарих: Қазақ жері қай жылдан Ресей құрамына енді? (1731 жылы, Әбілқайыр хан тұсында).

VII – тур: Шешендік сайысы.

Қорытынды бөлімі