Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

0

Мазмұны

Кіріспе

1 тарау.

1.1. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін біріктіру шартары.

1.2. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары танымдық сипатын күшейту.

2 тарау. 

2.1. Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

2.2. Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік.

2.3.  Эстетикалық тәрбие туралы білім қалыптастыру.

Қортынды

Кіріспе

Шағын мектептер қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосары мол. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі заманың сұранысын болашақ талаптары мен ұштастыра отырып, ауыл жағдайында жеке адамды қалымтастыруға , дамытуға бағытталған.

Шағын мектепте сабақтан тыс жұмыстардың орны ерекше. Сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны — оқушының теориялық білімін кеңейтіп толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерінің бірігуі қоршаған орта туралы бір-тұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге оқу тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық жеберліктерінің жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Шағын мектептерде оқу мен тәрбиенің біріктірлуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мұражайларда, мәдени мекемелерде мектептен тыс сабақтан ұйымдастыру;

— ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әр түрлі жастагы дарынды балалар топтарын құру;

— таңдауы бойынша, еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша олимпиядалар жүргізу;

— кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кешінде арнаулы сабақтар өткізу;

— біріктірілген және пән аралық оқу сабақтарын жүргізу. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерін біріктіру бырыңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір құралдар тәрбиелік және білімдік міндеттер кешеннін шешуге көмектеседі.

Шағын мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте басда, ақпаратты қамтамассыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни ауылдық мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығулықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс жұмыстарың мазмұнын, мақсат міндеттерін біріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптарджың аздығы, оқу үрдісін икемдеп құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.

Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу тәрбие үрдістерін біріктірудің жүзеге асырудың шарттары:

— Ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыстырылуын (мектеп пен ауылдың мерекелері бірлесіп өткізуі, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;

— Оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру;

— Оқушылардың мектепте демалыс уақытын (шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы, спорттық жарыстар және тағы басқалары жатады); ұйымдастыру;

— Оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;

— Оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға, экономикалық білімдерді ауылдағы өндірістік технологияларға меңгеруге дайындау;

— Оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына негізделетін әр-түрлі жастағы топтардың әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етуге қабілетті үздіктерді анықтау;

— Мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту ауыл оқушыларын қарым-қатынасқа зәрулігін болдырмау.

 

1 тарау.

1.1.1 Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін біріктіру шартары. 

 

Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту – пәндік үйірмелер бірлестіктер қызығуы бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық және танымдық шығармашылық жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таныс іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сабақтан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әр-түрлі сырларын ұғынады.

Абай (Ибрагих) Құнанбаев шығармаларын әдебиет, тіл, тарих, педигогика, тарихы, тағы басқа пәндерді оқытуды пайдалану көптен бері жүзеге асып келе жатыр. Ал мақсатты түрде эстетикалық тәрбие беруде жоғары оқу орындағы сабақ және сабақтан тыс уақыттарда пайдалану мәселесі бұрын зерттелмегені белгілі.

Сондықтан өз зерттеуімізде тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда ақын шығармаларындағы эстетикалық ойларға қатысты Т.Әбжанов, Ә.Қалмырзаев, Х.Сүйіншалиев, Қ.Сыздықов, Қ.Жарықбаев, С.Қолиев, А.Кобесов, К.Құнантаева және тағы басқа белгілі ғалымдар мен кейінгі кезде ақын мұрасын оқу тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін зерттеп жүрген Ү.Халитова еңбектерін негізге алдық.

Сонымен бірге сабақ үстінде ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қазіргі кезде институтымызда енгізіліп жатқан несие жүйесіне бейімдеу мен қатар ағылшын тілі сабағына арналған бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаландық. Осыған орай, бір-екі курстардағы кейбір тақырыптарға қосымшалар ендіруді көздедік. Бұл мақалада біз осы бағдарламаға ендірілген қосымшаға байланысты сабақтан жұмыстардың жоспарын қарастырып отырмыз. Себебі, болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған осы бағдарламада Абай мұрасының эстетикалық тәрбие берудегі маңызы мүлде ескерілмеген.

Бұл ретте мынандай мәселелерді ескеру жұмыстың нәтижелілігіне септігін тигізіп, мақсатқа қол жеткізуге шарт тізбек. 1.Эстетикалық тәрбие туралы элементарлы білім қалыптастыру және одан әсерленуден жинақтаған тәжірибелерді бастау. Онсыз студенттердің эстетикалық мәні бар заттар мен құбылыстарға ынтасы аумайды. Біздің жұмыс әртүрлі сөздердің мәні, көркем сөздегі орны, көркем құбылыстарды сипаттаудағы мүмкіндігі туралы мәліметтер топтастырудан басталды. Бұл кезеңдегі ұстаздың басты міндеті-адамгершілік және көркемдік талаптарына сай құбылыстарды суреттейтін сөздерді жинақтау.

Нақты және белгілі сезімде қалған әсерлердің жинақталған қорынан бастау алған эмоцияның қуаты дерексіз — қисындық мәліметтер жинақтау тәсіліне көшеді. Эстетикалық білім жинақтаудың бұл түрі алған мәліметтің есте сақталып, бекіп қалуына шарт түзеді. Өйткені, сезімге әсер еткен мәлімет ойлау арқылы есте сақтауды нығайта түседі.

Эстетикалық білімнің басқалардан айырмашылығы: ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркем өнер құндылықтары туралы эстетикалық білімінің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және қоғадық ортада толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағыналы болуына алып келеді.

  1. Эстетикалық тәрбие білімі эстетикалық қабылдаудың біліктілігі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рақат алуы секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.
  2. Эстетикалық тәрбие тұлғаның қажеттену және қабілет секілді мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алуымен бірге өмірді, тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық құндылықтар жарататын белсенді жасампаздарына жетелейтіндей етіп баулиды.

Абай шығармалары арқылы ағылшын сабағында эстетикалық тәрбие беруі үшін студенттерге эстетиканың санаттарын философиялық тұрғыда талдау, одан соң ақын шығармаларының эстетикалық сипатын ашып білу шараларын ұйымдастырып, ақын шығармаларының маңызын ашып көрсету керек.

Мұны шешу мақсатында «Абай шығармаларындағы эстетикалық тәрбиеге қатысты пікірлері ұстаздың студентпен жұмысында» тақырыбында арнайы курс бағдарламасын түздік. Ол бағдарламада эстетика ілімінің маңызы, оның санаттары, әр санатының мазмұны мен мәні, оның қоғамдағы алатын орны мен эстетикалық тәрбиедегі маңызы ашып көрсетілді.

Төменде оның кестесі ұсынылып отыр.

Тәрбие  беру Тәрбие берудің Өткізу
жұмыстары мазмұны, жоспарларын
формалары мән түзіп, оларды
әдістері. өткізу
тәсілдерін жазу
және түсіндіру

Ақын шығармаларының эстетикалық тәрбиелік мәнін студенттердің жеке түсінуіне шарт түзу мақсатында реферат жазу жұмысын жүзеге асырдық мұнда студенттердің өзіндік ізденісі ақын өлеңдердің өздігінен оқып, ой елегінен өткізуге мүмкіндік туады. Бұл жұмыстар қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.

Өйткені, студенттер ақын шығармаларының мазмұнын ана тілінде толық меңгерген күнде ғана шетел тіліндегі аудармасын жете түсініп басқа тілдегі сөздер, сөйлемдер, сөз тіркестері, өлең тармақтары мен шумақтарын ұғына алады.

Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.

 

1.2. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары танымдық сипатын күшейту.

 

 

Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дәстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мәнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде азаматтың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық ретінде танылады.

Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті -шығармашыл, дербес ой жүргізе алатынадам қалыптастыру — жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді.

Соңғы кездерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мәнін айқындауда тұлғаның бағдарлы оқу бағыты кең назарға алынуда.Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.

Оқу тәрбие барысында ең алдымен шәкірттерде құндылықты-мәнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы ләзім. Болашақ қоғам мүшесі-тұлға педагогикалық процесс аймағында өз әрекет-қылықтарына қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін  қалыптастырып, әділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс.

Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейілінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген әлеуметтік тәжірибе күйінде төрт элеоденттен құралып, төмендегідей іс-әрекеттерде көрініс береді:

-нәтижелік формасы — білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-әрекет әдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-әрекеттер:

-үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес және практикалық ептіліктер мен дағдылар) формасындағы әрекеттердің белгілі әдістерін іске асыра білу;

-проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешеімдер қабылдау ептіліктері формасындағы — шығармашыл іс-әрекет, қызмет;

-тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға және т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу.

Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты және өзара шарттасқан. Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен әрекет істей, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.

Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Әрқилы әлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біркелкі емес. Ол өмір, өндіріс және ғылыми білімдердің даму деңгейіне сәйкес өзгермелі.

Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар білімнің негізгі мақсаты-оқушыларға ғылымның әрқилы салаларынын мейілінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дәуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады. Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие.

Білім мазмұнының формалардың теориясын қалаушылар оқуды шәкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын және ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі-ақыл. Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін және қабілетін дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм тараптарлары математика және классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пәндерді басшылыққа алды.

Қазіргі дәуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тәрбие міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты-адамның ақыл-ес күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тәрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды.

Білім мазмұнының міндеті қоғамның әлемдік деңгейге сай жалпы және кәсіби мәдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сәйкес әлем бейнесі қалыптастыру; тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған және сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам және азамат тәрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, әрі қарай дамыту.

Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат-аралық, ұлттық, этникалық, діни және әлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жәрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таудау құқығын іске асыруға көмектесу, әрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру.

Білім мазмұны жалпы және кәсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мәдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, әлемге, еңбекке және қоғамдық өмірге болған көзқарасы қалыптасады.

Кәсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-әрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет.

Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті:

-тұлғаның жан-жақты дамуы және оның базалық мәдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету.;

-оқу пәндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми және тұрмыстық маңызға ие болуы;

-әрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы;

-материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сәйкес келуі;

-жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тәжірибені ескеру;

-осы заманғы мектепте бар оқу-әдістемелік және материалдық базаға сәйкес болуы;

Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары-оқу орнында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, олардың меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп қабырғасына оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті , 2) оқушылар қалауы бойынша және 3) мектеп кеңесі бекімімен өтілетін пәндер. Түбір оқу жоспарында әрқилы білім салаларына, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.

Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізігі, ауысымды, сырттай, қашытықтан оқыту жоспарлары да әр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне: 1) нақты пәнді оку жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың біліміне қойылатын талаптарды; 3) әр сыныпта пән бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарларын; 4) пән курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін; 6) қажетті әдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын; 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын қамтиды.

Оқу бағдарламаларының түбілі, оқу-жұмыс және авторлық түрлері ажыралады. Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.

Оқу -жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сәйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерімен жасалады.

Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі әдісі белгілі: концентрлі және тізбекті.

Концентрлі әдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде және оқылады. Бұл әдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп принцпін сақтаудан туындайды.

Тізбекті әдіспен түзілген оқу бағдарламадарында әр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.

Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады.

Оқулық мектептік білім ақпаратының көзі әрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұны айқындайды.

Оқулықтың басты көрінісі-мәтінде. Мәтін келесі біріліктерден құралады:

-негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар және жетекші идеялар және т.б. баяны);

-қосымша (құжаттар, хрестоматиялық және анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мәліметтері және т.б.);

-түсініктеме( кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер және т.б.)

Оқушыларға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары — бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары және с.с.

 

 

2 тарау. 

2.1. Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға

берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

 

Шағын мектептер қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосары мол. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі заманның сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, ауыл жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.

Кіші мектепте сабақтан тыс жұмыстардың орны ерекше. Сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны-оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. Шағын мектептерде оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

-базалық кәсіпорындарында, табиғат аясында, мұражайларында, мәдени мекемелерде мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

-ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әртүрлі жас тағы дарынды балалар топтарын құру;

-таңдауы бойынша, еркін сабақтар,оқу пәндері бойынша олимпиадалар жүргізу;

-кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кезінде арнаулы сабақтар өткізу;

-кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.

Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір құралдар тәрбиелік және білімдік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.

Кіші мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қам тамасыз ету, талдау жоспарлау, ұйымдастыру әрекетіне білікгілікті талап ететеді. Яғни, ауылдық мектеп жағдайында егер мұғалім дер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеру ді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат міндеттері кіріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптардың аздығы, оқу үрдісін икемді құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.

Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттары:

-ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыс тырылуын (мектеп пен ауылдың мерекелерді бірлесіп өткізуі, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету:

-оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру:

оқушылардың мектепте демалыс уақытын ( шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы, спорттық жарыстар және т.б.) ұйымдастыру; -оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;

— оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға, экономикалық білімдерді, ауылдағы өндірістік технологияларды меңгеруге дайындау;

— оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына негізделетін әртүрлі жастағы топтардың әрекетрін ұйымдастыруға ықпал етуге қабілетті үздіктерді анықтау — мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту, ауыл оқу шыларының қарым-қатынасқа зәрулігін болдырмау.

Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту-пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығуы бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады.

Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қортындысы шығады және сабақтан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсрм дүниенің әр түрлі сырларын ұғыныды.

 

2.2. Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік.

 

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінің туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты-тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам-жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық — тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті қарым-қатынас иесі.

Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп қоғамдық -тарихи жағдайларына тәуелді болады.

Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой-пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленген тәрбие іс-әрекеттерінің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселері мен әдістері қаратылады.

Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызы екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Сондыктан да В.И.Ленин тәжірибені жалпы және мәңгілік категория деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуы мен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия, социялогия, этика ілімдері мен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазіргі қайта құру кезеңін де ерекше маңызды.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланыс, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері-теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олар болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет, осыған орай, тәрбиенің мақсаттары; а) жастардың дүниеге ғылыми -матералистік көзқарастарын қалыптастыру, ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру — негізгі шарттарының бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын, ғылым негізінде ашатын көзқарас.

Сонымен, елдіміздің болашағына сай адам — ол теориялық іліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларын да белсенді қызмет етуге қабілетті, сана сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығару ды көздейді.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерді.

2.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен Кейбір адамдармен қарым — қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі Сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық Сөздермен, ережелерімен толықтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие субъектісі болады (белсенділік туралы 1 бөлім де баяндалған).

З. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекетің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, Спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әртүрлі коммоникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез құлқы, іс-әрекеті, білім әдебиет өнер қоршаған орта туралы мол хабарлама пары мен байытып ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынас нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағы мен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттелейді. Қоғамдық нормалардың көзі идеология, қоғамдық нормалардың көзі идеологиядоғамның әлеуметтік-саяси.

Қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.

Осындай идеямен қаруланған халық ағарту қызметкерлерінің жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттері оқушылардың ғылыми-техникалық дамудың қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру, политехникалық білім беру, еңбекке тарбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру барысында жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселлері өскелен өмір талабына сай ұйымастыру және іске асыру жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің, дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан-жақты дамыту бұл тәрбиенің мақсаты.

Тәрбиенің жалпы мақсаттың жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие,эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.

Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан да дайын болуы қажет. Міне, сонда мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.

Тәрбие процесінің мәні және заңдылдықтары. Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.

Тәрбиенің мақсатта бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар:түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көз қарасы мен ынта ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Осы уақытқа дейін оқушының сабақка, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы кебірек назар аударылды.

Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының объективті ішкі жағдайдың (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шеңбері не өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайында жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп алып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.

Сыртқы қарама — қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлес пеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрдастары мен ересектердің қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарының куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы неізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама қайшылық болып табылады.

Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп, адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басшылыққа көтеріледі, яғни жаңа салаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет пен тәртіптің жетілген тәсілдерін меңгереді.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кеңболған сайын, оның рухани жан -дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды.

Қарым-қатынас-таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Педагогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады.

Көрнекті педагогтар Н.К.Крупская, А..С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілік ара-сындағы қарым-қатынас-ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы-әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенің ерекшелігі, оның ұжымдық бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процес. Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы шығармашылық мақсаттықтың шешуші шарттарының бірі болды.

Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік — саяси, Экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді.

Әдеттері принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді.Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.

Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімнің дұрыстығына берік сендірумен қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағалады.

Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың Мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсат пен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттердің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемдікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындалудың шынайы алғы шартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді еңбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекет қоғамның түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келу керек.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімнің рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды. А.СМакаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін Басқаларынан жоғары қояды, -деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетге, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибесі және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінің ұжымшылдық саналары қалыптасады.

Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А.С.Макоренко кезінде «Егер біреу-міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет керсету деп жауап едім»,-деген екен.

Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқушы күш қуатына ерік беретін орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпен байланыссыз болса, онда ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады. А.С.Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек. Оқушы бойындағы орынды -рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.

Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілген тәрбиелік шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан ары қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана аталған принциптер жүзеге асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді-кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушыға койылатын талаптардың ала-құлалығына бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін Мұғалімдердің оқушыларына қоятын талаптарының үйлеспей ала-құла болуы. Тәрбие кеп адамдар қатынасатын ұзақ іс-әрекеті. Сондықтан да олардың жұмыстарыида тізбектестік пен ұласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталып отыруы аса маңызды мәселе. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің сөз бен істің үздіксіздігі негіздігі негізінде құрылуы қажет.

Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала өзінше ерек ше бір бітім. Сондықтан олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен іс-әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарды туғызатын түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады.

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезеңде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез — құлқы ерекшеленеді.

Жас мөлшердің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мен мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері де генде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту,тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7кг өседі. бжастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограм нан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтиды.

Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.

Баланың білім алынудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулациялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.

Білім алу іс-әрекетен оқушы баланың өзіне бақыталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни,ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.

Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті — бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бүған дейін қолымнан келмеді-енді келеді», «бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын»,«бұрын қандай болдым-қазір қандаймын»,міне,бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қортындысына берілген негізгі балалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекеті, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекция сынан қанағатталса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтап кірісті деген сөз.

Бастауыш сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау,білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау балаиың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады. Оқушылар әдетте, ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болу керек. Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы педагог.

  1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтиже-сін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті болуды және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т.б. қажет етеді.
  2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзі нің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекеті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді .

З. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды оқушылар ара сындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларда тәрбиелі ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.

Қорытынды есепке алу және бакылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибелі сәйкестендіре білу деген сөз.

Тәрбие-бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кебір заңдылықтарды атауға болады.

  1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикакалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етті.

Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс — әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие  жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас ерекшелігі.

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.

Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б.

Тәрбие құралдарына іс — әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммукация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата – ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамсыз ету – тәрбие нің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. Адам еңбектің, танымның, қарым – қатынастың субьектісі ретінде іс -әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жаиқан адмның негізгі іс — әрекет түрлері құралдары болып табылады.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ – ден астам түрлері бар. Герцен соның ішінде Т. Е. Конникова, Г. И.  Шукина және А. С. Сластеник жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.

Герцен атындағы Санкт  -Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының  ғалымдары (Т. Е. Конникова, Н. И.  Шукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топ — тәрбиеленушілердің іс — әрекеттеріндегі, қарым – қатынгасындағы, міәнез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге.

Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің,  еңбектің қоғамдық нормасыны қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділі арттыру үшін, кеде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленушіні іс — әрекетінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау  — баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялиады, оның теріс қылықтарын тежейді.

Сонымен, Санкт – Петербург педагогикалық институтының ғалымдары жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген.

Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістерін жіктеу ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің ІІ тобы қарасытырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптьастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікір – талас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық, мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс — әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиеленуші ситуация.

Үшінші топ. Іс — әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістерә: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін — өзі бақылау және тәрбиеде өзіне — өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша т.б.), қоғамдық пайдалы іс — әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдастыруының тапсырмаларын орындау.

Тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адмгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез – құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.

Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс — әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байыййды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.

Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Барлық тәрбие әдістері  бір – бірін толықтырады. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе  үйрету әдісі қолданылады дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс  болмаса жеке адамның сапасын қалыпьастыру әдістетін (әңніме, әңнімелеу, пікірталас, лекция т.б) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңнімелесу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұғымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңнімені қолданған жөн. Осы әдістері бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығаруға дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектемкен жөн.

Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеі; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәдірибесін байытады; жалпы мәдениеттелік, ой — өрісін кеңейтеді.

 

 

2.3.  Эстетикалық тәрбие туралы білім қалыптастыру.

 

Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторлары және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайды болуы қажет. Тұлға жан – жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарты болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс — әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіптік ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары) қоғамдық ұйымдар (партиялар халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми,  ғылыми – насихат, әскери — спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.

Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден – бірн құралына айналды. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш – қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым – қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескереді. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс — әрекетінің формалары мен әдістері, өзін — өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс — әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізгі болды.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.

  1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және обьектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
  2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
  3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
  4. Ұжымның өзін — өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студентер тобы, негізгі ұжым – факультеттен т.б.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс — әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ар – қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн.

  • ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
  • ұжым іс — әрекетінің дамуы;
  • жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;
  • барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізнгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс — әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс -әрекеттерге қатыстыру, ұжымда балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А. С. Макаренко ұжымда нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымда тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін — өзі басқару,а яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл  кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі – коммуникативті,  яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасы қуатттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық  оқушылардың күш – қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең – бұдан былай белсенді, топтық және ұжым (сынып) іс — әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауға қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестіка, бір – біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез – құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдық  пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау жариялылық әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған орай, А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс — әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Жақын перстективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.

Орта перспектива – бұл перспективаға балалар ларегіне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тықырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.

Қашық преспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.

Қоғам адамдарды қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындықққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс — әрекет принциптері, құндылық бағдарлары.

Педагогика ғылым оқушы тәрбиесінің мазмұнынына  енетін  ғылыми дүниетанымды қатынастыру мәселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі, дүниетаным; сенім; адам мұраты.

Білім обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының обьективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналды.

Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы . адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіріде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы,  материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

Сенім терең, тиянақты идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктілік анықтайды, мінез – құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынанеріп отыру.

Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғңары мұрат – мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат ай наладағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік – экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыпытасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.  Олардың әрқайсысы іс — әрекеттеріне  әр түрлі ықпал жасайды.

Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің,  ғылымның негіздерін және мінез – құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс — әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортадаәрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегін, қоғамдық пайдалы іс — әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру — өмірлік тәжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды.

Жоғары сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері  кеңейеді, тереңдейді, диалектикалық ойлдай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинақталған адамгершілік иедяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге  айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық  өмір және іс — әрекетпен салыстыруы керек.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, биология курстарын оқу, мектептің оқу – тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің  даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.

Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқуышлардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және  сенімін нығайтады. Физика астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте – бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде  ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық  ғалымдардың алтын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық – материалистік көз – қарастары қалыптасады,  олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез – құлқының  бағыттылығына, іс — әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.

Тарих курсы қоғамның даму  заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиетке адамдар арасындағы қарым – қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір танымдығымен отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогрестік дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады. Сонымен мектепте оқыту оқушылырдың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.

  1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс — әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарларын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси — әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларға пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қорытындыларын тақырыптарға сәйкес болу және оларды сабақ жоспарларында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс — әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
  2. табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастырады.
  3. алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс — әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.
  4. оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны қоршаған орта, оны қоғамның – саяси белсенділікке, өз бетіндік іс — әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.
  5. мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой — өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.

Шәкірттердің саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс — әрекетіне құлық тәрбиесіне байланысты.

 

Қортынды

Жас ұрпақтың тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке даярлау үшін халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйеніп, мұғалім оқушылардың іскерлігін, дағдасын, құлықтың қасиеттерін қалыптастыруға тырысады: ізгіниеттілік, адалдық, кішіпейілдік, ілтипаттылық, орындағыштық, жауапкершілік т.б.

Құлық тәрбиесінің міндеттері:

  • оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға қалыптастыру;
  • оқушылардың тәртіп және мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру;
  • балалардың сапасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету;
  • отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс — әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру біріншіден, тәрбие процесінің обьективті және субьективті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға – бұл обьективті жағына, ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі – бұл тәртіп пен мінез – құлық тәрбиесінің субьективті жағына байланысты; екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.

Құлық тәрбиесінің мазмұны, оған қойылатын талаптар тәрбие бағдарламасында көрсетілген. Осы бағдарламаға сәйкес мектептің, сынып жетекшілерінің, қоғамдық балалар ұйымдарының іс жоспарында оқу – тәрбие жүұмыстарының мақсаты, мазмұны, формасы анықталады, іс – жүзіне асырылады. Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.

  1. Ақыл – ой тәрбиесі.

Ақыл – ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады.

Ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуының негізі. Ақыл – ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ақыл – ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі.

Ақыл – ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл – ой күштері.

Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері:

  • ойлау іс – әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
  • негізгі ойлау операцияларын меңгеру;
  • зиялылық біліктерді қалыптастыру;
  • дүниетанымды қалыптастыру.

Оқушыға зиялы белсенді іс — әрекетке қажетті ақылдың бірде  бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын қатыстыра отырып қараймыз.

Ақыл – ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл – ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орын

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Айтманбетова Б.Р. «Оқыту процесінде тәрбиелеу» Алматы 1972ж.
  2. Айтманбетова Б.Р. «Жанұяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі мәселелері».
  3. Бейсенбаева, Айтманбетова Б.Р. «Тәрбиенің жалпы әдістері»
  4. Махмудов Н. «Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» 1981 ж. Алматы.
  5. Махмудов Н. «мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» 1999 жыл Алматы.
  6. Мухина В.С. Психология дошкольника  М,  Просвещеие,  1975г.
  7. Нежнова Т.А. Динамика внутренней позиций при переходе от дошкольного к младшему возрасту. //Вестник МГУ серия 14.  Психология.  1988,  №1.
  8. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.  М,  Просвещение,  1968г.
  9. Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6 т.  т4.,  М,  педагогика,  1984г.
  10. Коломинский Я.Л. Учителю о психологии детей шестилетнего возраста.  М,  Просвещение,  1988г.
  11. Климин С.В. Методы психодиагностики как средство повышения эффективности индивидуального подхода в обучении и воспитании школьников.  Под.ред.  Д.И. Фельдштейна,  М,
  12. Столяренко Л.Д. Основы психологии.  Ростов-на-Дону,
  13. Обухова Л.Ф. Возрастная психология.  М,  1996г.
  14. Абрамова Г.С. Возрастная психология.  М,  1997г.
  15. Годфруа Ж. Что такое психология.  М,  1997г.
  16. Кэмпбелл Р. Как на самом деле любить детей.  М,  Знание,
  17. Сатир В. Как строить себя и свою сеьмю.  М,  Педагогика,
  18. Выготский Л.С. Исторический смысл психологического кризиса //Собр. Соч.  в 6т.,  М,    Т.1,  с 291-415.
  19. Жезан А.Н. История психологии.  М,
  20. Эльконин Д.Б. Введение в психологию развития.  М,
  21. Ярошевский М.Г. История психологии.  М,  1985г.
  22. Пузырей А.А. культурно-историческая теория  Л.С.  Выготского и соврменная психология.  М,
  23. Величковский Б.М. современная когнитивная психология.  М,  1982г.