Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағын
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1-4
І Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
- Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-20
- Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайы…20-29
ІІ Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.
- Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . 29-44
- Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44-54
- Сабақ жоспарларының үлгілері . . . . . . . . . . . . .54-6
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60-61
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 61-67
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67-70
Кіріспе
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Паламер÷ук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді.
Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған.
Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгіә өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасмау біліктіліктерін қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудағы оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері, педагогкикалық , психологиялық әдебеиттерге шолу жасау, оның мазмұнын аулу;
- Оқушының өмірге, қоғамға ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі оның өз бетінше жұмыс жасау жайлы түсінікті тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын анықтау;
Зерттеудің объектісі; Ана тілі сабақтарында 3 сынып оқушыларының өз бетінше жұмыс жасауға қызығуы.
Зерттеу пәні: 3сынып Ана тілі пәні.
Зерттеу әдістері. ±ылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, анкета, тест,бақылау, баспасөз материалдары.
Димпломдық жұмыс: Кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
- Бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды, оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
- Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздері.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі жетістіктердің қыры мен сырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше көкейкесті мәселе. Қоғамдық дамудың қазыргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. ҚР-ң Білім туралы” заңы қабылданып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі, әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын дамыту– білім алудың негізі болып отыр. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден қаланатыны белгілі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс біліктерін қалыптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру, ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбие ісмін кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өз бетіндік жұмысты барлық пәндер арқылы да біліктерін қалыптастыроуға болады. Білім беру– қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Жалпы білім беру негәізінен, үш мақсатты көздейді. Біріншісі–табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері жатады.
Екінші– оқушыларды сабақтан тыс күндері практикалық іс-әрекетке, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.
Үшінші мақсаты– оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту және жетілдіруде мынадай шарттар бар:
- Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;
- Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен өзіндік мағынасының болуы;
- Оқушылар өз көзқарастары мен сенімдерін практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі ,сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі сапалы орындалуы мүмкін емес. Сол себепті де біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері бала дамуындағы мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз. Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі, бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялылыраның бірі ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның “Бастауыш мектеп, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше көңіл аударарлық мәселе–бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі–балаға орындлалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру. Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған,-өз бетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағағндығын байқаймыз.
Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы екндігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы болып табылатын өз бетіндік жұмыстың ролін көре білгендігін көре аламыз.
Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс–бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.
ӨЗ бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:
- Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;
- Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)
- Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше , тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстың педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасы мен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса,оқушылардың алдында қойылған мақсат да айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі-оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты ережені түсініп, тұжырымдау есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру-оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани күштерін керек етеді.
Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту технологиясы-оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеуі, және оған әсер ететін мативтер және т.б. Дәлірек, айтқанда, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Оқу әрекеті барысында оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау дағдыларын қалыптастыруға болады.
- Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру:
- Оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау әдістемесімен таныстыру.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
- Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
- Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай . жасау;
- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл,сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құþ крек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді па йдалана білугне үйретеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың “ойша” әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы, яғни негізгі оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғаның анықтауына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.
В.В.Давыдов оқушыларды осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып, былай дейді: “Оқушы өз әректетінде барынша көп қадам жасаған сайын, ол түрлі варианттарын салдыстыра алады.”-деді.
Бастауыш мектепте оқушылар жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу құралдары мен мазмұндама, шығарма, әр түрлі бақылаулар өткізу т.б.
Тапсырма орындаудың жекелеп ұйымдастырудың екі түрі бар. Біріншісінде оқушы барша сыныпқа бірдей берілген тапсырманы өз алдына, басқалармен хабарласпай лрындайды. Екіншісінде әр оқушы өзіне тиіс өзіндік жұмыстарын орындайды. Осылай әр баланың дайындығына орай жаттығулар беріп, оның алға ілгерілеуін қамтамасыз етуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындау барысында өте маңызды мәселе–мұғалімнің тапсырманы орындауға бақылауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп, сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың тапсырманы орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып, бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орнықтыруда өткенді қорытындылау мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу – ізденіс әдістерін үйренуде.
Әлбетте, оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың бұл формасын бекіту, қайталау әр түрлі жаттығулар үшін қолданған өте қолайлы, бірақ оның тиімділігі жаңа материалмен байланысты өзіндік жұмыстар орындауда, алдағы болатын сабаққа өз бетінше дайындалғанда орынды жемісін береді.
Мысалы, сабақта өтілетін көркем шығармаға байланысты әр оқушыға немесе оқушылар тобына күні бұрын жеке тапсырмалар беріп қоþға болады. Бүкіл сынып болып шығарманы оқып шығуы шарт.
Осы оқу барысында әр оқушы (өз) сұрағына жауап дайындайды. Мұндай жұмысқа орай есте ұстайтын жәйт: 1) әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеп бағасын алады. 2) Әркім шығарманың өзіне тапсырған бөлігі бойынша талдау жүргізеді де, сабақта өзіне тиісті материалды түсіндіріп береді. Үлгерімі төмен оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар орындау үлгерімімен қоса беріледі. Осылай әр оқушының білім дәрежесін, қабілетін ескере отырып, олардың оқу процесінде, қадам, қадамнан алға ілгерілеуіне тиімді ықпал жасауға болады. Қазіргі мектептерде ұжымдық тұрғыда оқыту жүйесі қалыптасқан. Бағдарлама да соған сай жасалған. ұжымдық жүйеде оқытудың пайдасы мол. Алайда, жеке оқушылардың түрлі психологиялық, физиологиялық т.б. өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттеулер есепке алуды қажет етеді.
Сондықтан, мұғалімнің оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беру қажет. Мұнсыз оқу-тәрбие жұмысы іске аспайды. Сыныпқа арналған ана тілі оқулығында берілген оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап әр – алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Осы оқу процесінде әр оқу процесінде жеке оқушылардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу проблемасы. Аса ауқымды, әрі күрделі процесс. Мұның өзі тек диференциялап оқытуды ғана емес, сонымен қатар, бала тілін таба білуді, оны оқуға қызықтыруды, оқу материалдарынан алынған дидактикалық принциптерін тұтасқан бірлігінде үйретуді қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оларды топқа бөліп, әр қайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Мұндай жағдайларда оқушының ынытымақтастық сезімдер мен ойлау дербестігі дамиды. Осыған орай мына сабақты үлгі ретінде көресетемін.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы етіп тәрбиелеу–әрбір ұстаздың борыùы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға хылықтық педагогиканың нәрлі қайнары мен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қаллыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға қазақ халықыныңы әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын, ұйымдастырудағы жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаңа жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатын сабақ барысында тиімсді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру, мұғалімнің басты міндеті екені белгілі.
Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, орындау тәсілдерін мұғалім өзі айтып, түсіндіреді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қодлдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, онда оқуша өздігінен ізденіп, жатса міндеттерді шешуге тырысады. Мұндай жағдайда оның дербестігі өздігінен істейтін әрекеті артады. Бұдан шығатын әдістемелік қортындыда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен орындайтын дербес жұмыстар соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім мен оқушы арасындағы қызметіне қарай, оқушылардың өзіндік жұмысының негіздерін мынандай көрсетуге болады.
Мұғалімнің басқару функциясы
- Тапсырманы анықтап беру.
А) жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар беру;
- Жұмыс барысында бақылау жүргізу;
- Оқушылар әрекетіне оның жеке амал-тәсілдеріне түзетулер жасау;
- Жұмысты тексеру, оның нәтижесін талдау, бағалау.
1.1 Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу проблемасын қарастырғанда алдымен оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының қандай психологиялық негізі бар, оның шәкірттердің басқа да іс-әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай деген мәселені анықтап алу қажет болады.
Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған.
Мұғалімдер әр оқушының кішкентай кезінен бастап, байқалатын жалпы не арнайы қабілеті болатынын біледі. Сондықтан мұғалімдердің баланың қабілетін тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқыту процесін ұйымдастыруда программалық материалдарды меңгерту, дағдыға үйрету, түсіндіру, жаттықтыру, көрсету, істету оларды қайталау әректтеріне ғана сеніп қоймай, психолгиялық негізге де сүйеніп ұйымдастырудың мәні де зор. Айталық , қабілетті дамытуға негіз болатын фактор–баланың қызығуы дейміз. Ал мұғалім осы қызығудың қайнар көзі неде екенін білуі пайдалы. Мәселен, қызығу сезімге әсер етуден, сол арқылы зейінді аударудан басталады. Сондықтан мұғалім сезімге әсер етудің жолын, тәсілін білуі керек. Ал оқушыларда қызығу пайда бола бастағанда педагогтың екінші мәселені ойластыруына тура келеді. Ол – сол қызығуды жойып алмай, тереңдету, тұрақтандыру, әрекетін ұйымдастыру мәселесі. Бұл – қызықтыра отырып, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын жүргізуін қажет етеді.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын оқыту процесіне ендірудің психологиялық негізі мынадан да байланысты. Психологтар мен дидактиктер ойлауды белсенді ой, дербес ой және твор÷естволық ой деп бөледі. Мысалы, твор÷естволық ой – дербес әрі белсенді болады. Бірақ белсенді ойдың бәрі бірдей твор÷естволық ой бола бермейді.
Оқушының оқудағы белсенділігі дегеніміз оның оқуға қажетті білім, дағды, іскерлік қабілетті меңгеру және оларды өмірде, практикада қолдану жолындағы саналы ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады. Мысалы, мұғалімнің
түсіндіріп тұрған материалын ұғып, түсініп алу үшін, оқушы оған көңіл қойып тыңдауы керек. Ал мұғалімнің айтқандарынан алған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу-сызу сияқты жұмыстар жүргізу тиіс. Ал өтілген материалды сапалы қайталау да, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенді ой мен іс-әректсіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарға, бақылау-бағдарлауға, практикалық тәжірибе жұмыстарына, бір сөзбен айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңіне қажет. Бұл жерде оқушының белсенділігі ұғымы мен өздігінен істейтін жұмыстары дегенді ажыратып алу керек.
Ал шын мәнісінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары олардың белсенділігіне негізделеді. Бірақ кейбір мұғалімдер сияқты белсенділікті оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына жатқызуға болмайды.
Оқушылардың белсенділігі дегеніміз – олардың колективті түрде бірлесе, көмектесе, қатыса отырып, білім алу жолында жасаған іс-әректі деуге болады. Ол өздігінен істейтін жұмысқа да жатпайды. Себебі оқушылардың өзіндік жұмысына олардың толық ой дербестігімен, түгелдей өздігінен істейтін, тындыратын жұмыстары жатады.
Екінші бір басын ашып алатын мәселе – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары мен олардың оқудағы дербестігінің арақатынасы. Оқыту процесіндегі оқушылардың дербестігі ой дамуының негізінде қалыптасады. Сондықтан өздігінен істейтін жұмыстарды оқушылардың ақыл-ой дербестігін қалыптастырудың жолы деуге болады. Оқушылардың ой дербестігінің қалыптасуына психологиялық (оқуға қызығу, әсерлену, анализ-синтездік талдау дағды қабілеттерінің дамуы т.б.) және дидактикалық (проблемалық сұрау, зерттеу әдісі, жаңа материалды өткен материалмен, өмірмен байланыстыру, білімін жоспар, схема, таблица жасау сияқты практикалық істерде пайдалану т.б.) жайлар негіз болады.
Бұдан шығатын қорытынды: 1) Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек. 2) Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары олардың ой-әрект дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайы.
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу.Білім алуда оқушылардың белсенділігін саналылығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден туады. Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті анық белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес оларды өмірде практикада пайдалана біліуге, үйренуге, істейтін саналы әрекеті.
Мысалы мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оиын зейін қойып тыңдауы ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы жазып, сызуы сияқты жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталау, білім алу, дағдыларын үйрену белсенділікті қажет етеді. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау, анкеталар, жүргізу барысында қалыптасады. Оқу процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады.
- Сыртқы белсенділік, Ішкі белсенділік.
Сыртқы көріністері. Олар мыналар белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы. Оқушының ішкі белсенділігіне- оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке тен,маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.
1.Қимыл және сөйлеу;
- Ойын және оқу;
3.Өзін-өзі тәрбиелеу; Осыдан шығатын қорытынды оқушылардың өзіндік өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол-оқушының күрделі әректтерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Оқушы процесі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен, сонымен қатар оқушылардың дербесінің, олардың қызығын өз ықыласымен жасайтын әрекетінде керек етеді. Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков сынды педагог, психологтар оқушылар өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшкліктерін олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын терең түсіну ұшін оның атқаратын функциясы мен міндеттерін атап айтуға болады.
- Оқушылардың дербестік қасиетін арттыру;
- Олардың алған білімінң саналығы мен беріктігін қамтамасыз ету;
- Оқушыларды оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
- Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды сыныптан, мектептен тыс дербес білім әзірлеу;
- Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгірмеушілікті болдырмауға әсер ету.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру – өте күрделі мәселе. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын таныстару үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы – сабақ сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар;
- Жаңа білімді меңгеру;
- Жаңа білімді бекіту;
- Білім мен дағдыларды қайталау, бақылау, және тексеру.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағдыны қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан В.А.Сухомлинский “оқушылар оқуға қажетті білім дағдылар жүйесін меңгеру қажет дейді”. Оқушы міндетті түрде мынадай біліктілер мен дағдыларға ие болу тиіс:
- Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу;
- Ойлай білу;
- Оқушының көргенін, байқағанын, істегенін, ой тұжырымдарын айта білу;
- Оқыған материалдардың мағынасына қарай лотикалық білімдерін айыра білу;
- Өзінге керекті кітапты таба білу;
- Оқу үстінде мәселеге байланысты материлды кітаптан өз бетінше тауып алуы;
- Мәтінді оқи отырып, мұғалімнің берген нұсқауларын орындай білу;
- Оқығаны, көргені, туралы өз бетінше мазмұндама, шығарма жаза білу.
Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда ойдағыдай өз бетінше оқып жұмыс істей алмайтынын В.А.Сухомлинский ескерткен. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына оқу әдістерін байланысты іске асыратын жұмыстардың түрлері жатады: Оқулық пен оқу құралымен және басқада ғылыми анықтама әдебиеттерімен жұмыс істеу, шығармашылық жаттығулар, бақылау, эксперимент т.б.
Оқушылардың дербестігін даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары. Мысалы: жай жаттығу, көшіріп жазу,
мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтардағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта ана тілінен өтілген тақырыпқа ұқсас үйде мәтінді қарастырып оқу, т.б.
Шығармашылық жұмысқа – оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, көрнекі құралдар, конструкциялық жұмыстар жасау т.б. жатады.Әрине бұл екі жұмыс өз ара байланыста болады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарына түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп орындайтын дара және фронтальды формаларыда болады. Осыған орай оның ұйымдастыру формасын жеке және фронтальды деп топтастыруға болады. ±алым–педагог О.А. Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай тапсырады.
- Психологиялық.
- Психологиялық–дидактикалық.
- Дидактикалық.
- Дидактикалық–әдістемелік.
- Әдістемелік
- ұйымдастыру (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты).
- ұйымдастыру принципі (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты).
Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті, және оның бір ерекшелігі–оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.
Өзіндік жұмыстарда жеке оқу процесін оқытуда қолданудың ерекшеліктері болады. Мысалы: ана тілі пәнін оқытқанда оқушыларды мынандай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы:
- Оқу: түсіндірмелі, мәнерлеп, рольдерге бөліп, жаттау, баяндау, сұрақ жауап, т.б. Бұлар көбінесе ана тілі сабағында жүргізіледі.
- Жоспар: мазмұндама, шығарма жазу, талдау. Бұл жазбаша жүргізіледі. Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмыс етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Сондай–ақ оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың таным, іс–әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдасыруға болады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Бұл туралы Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің шеберлігін ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, өзінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағанасы, оны ұйымдастырудың тәсіл амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады.
Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі: жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы: жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек деді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша айытқанда, бұлар бір мағанадағы ұғымдар емес. Белсенділік– дербестікке қарағанда мағанасы кең ұғым.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы:”Әдеп әліппесі” пәнін оқыту барысында, бастауыш сынып оқушыларына, біз сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысын орындауда әртүрлі тәсіл-амалдарды қолданамыз. Солардың ішінде мәтінді ауызша мазмұндату, еркін мазмұндату.
Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу. Көркемдеп немесе мәтінге жуық мазмұндату. Іріктеп мазмұндату, немесе негізгі ойды ғана айытқызу.
Осы мазмұндатудың жеңіл түрінен бастап, күрделі түрлеріне қарай дағдыландырамыз. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына, олардың өз еркіменжаңа амал– тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады. Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі–өлең құрастыру. Бұл жұмысты екіші сыныптан бастап жүргізе беруге болады. Ең алғаш “ұйқас” деген сөздің мағанасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастырады тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға мына төмендегідей өзіндік жұмыс жүргізуге болады:
- Мұғалім: а-а-а
оқушылар: қызыл алма.
Мұғалім у-у-у
Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғасырады.
- Буындар арқылы:
Мұғалім: -ға-ға-ға
Оқушылар: шықты далаға.
- Бұл жұмысты сурет арқылы жүргізуге болады. Тақтаға ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып, оларға тән іс-қимылдарды ұйқас түрінде жазуға тапсыруға болады. Мысалы: Арыстан /ақырды/
Әтеш /шақырды/
Оқушылардың танымдық белседілігін дамытуға, оқыту барысында еркін шығармалар жазудың пайдасы зор. Осыған орай ”әдепғұрып”, “мақалмәтелдер”, “жұмбақтар”, ”ертегілер”, “рәміздер”, “ырымтайымдар”, “жөн- жоралғылар” сияқты тақырыптарға шығарма жаздыру керек. Бұл оқушылардың өз бетіндік жұмыстарының ең бір маңызды түрі.
Өз бетіндік жұмыс түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық аралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай толыстыра беруге болады.
ІІ БӨЛІМ Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.
- Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары.
Оқыту арқылы тіл дамыту да өз бетінше жұмыстың маңызы зор. Оқыту процесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеп, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда бастауыш мектептердің бағдарламалары аса бай материалдар береді.
Бастауыш сыныптарда ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету саут ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз құрап, оны дауыстап дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардын дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық , дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.
Екінші , үшінші сыныпта оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен,оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай, яғни көркем шығармалар ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн.
Көркемшығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.
Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи беру балаларды жалықтырады. Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс түрін әр сабақ сайын жоспарлап отырған жөн.
Бастауыш сыныптарда оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:
- Бастауыш снып оқушыларыныңоқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға деген ынтасын арттыратындай, бір мәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.
- Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.
- Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру керек. Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:
Өз бетінше дұрыс оқу
Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта бірнеше сөз тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи алатын болады. Бірақ оқу үстінде интонациялық қате жіберу немесе мағынасына сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп кездеседі. Бұның себебі, үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан, тұтас оқуға тырысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да машықтың әлі қалыптаспағандығынан белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.
Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды.
ӨЗ БЕТІНШЕ САНАЛЫ ТҮРДЕ ОҚЫП ТҮСІНУ
Оқушы оқыған материалдардың мазмұнын саналы түрде меңгерген болса, онда соның нәтижесінде оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс-әрекеті жөнінде көзқарасы пайда болды. Оқушы оқиғаны мәтіннің мазмұнын түгел меңгеріп, ондағы негізгі ой тірегін анықтап, оқылған әңгімедегі болған жағдайды, оның себебі мен салдарын суреттелген адамдардың іс-әрекеттерін, оның болу себебін, және қарым-қатынасын анықтай алады. Тұтас мәтіннің жеке бір бөлігіндегі ойды, автордың не айтқалы отырғанын түсіне алады. Сонымен қатар жазбаша тілдің ерекшелігін, тыныс белгілерін, түрлі көркемдігін, сөздердің қолдануын, дауыс ырғағын келтіруін анықтай алатын болады.
Оқылған мәтінді өз бетінше саналы түрде меңгерудің бір жолы балалардың өз өмірінде көрген, білгенін, байқағанын, естігенін, оқығанмен ұштастыра білу.
Кіріспе әңгіменің барысында сабақ мерзімін үнемдеп, мәтін мәселесіне жете көңіл бөлу керек. Оқушының оқылатын мәтінді дұрыс қабылдап, оның мазмұнын саналы түрде меңгерту мақсатына қажетте жұмыс түрінде саяхатта пайдалануға болады. Саяхатқа күні ілгері дайындалу керек ол сонда ғана нәтижелі болады. Ана тілі оқулығында берілген тақырыптарды оқушылардың түсініп оқуына бірден-бір мүмкіндік беретін нәрсе өз бетінше оқуды байланыстыру, өйткені бұл пәндердің арасында үлкен мазмұндық ұқсастық бар. Сонымен бірге, ана тілін Қазақ тілі пәнімен байланыстырып оқудың да пайдасы мол.
Оқушының оқу әдістерін жан-жақты жетілдіріп, қалыптастыру үшін мәтінді өз бетінше бірнеше қайтара оқу негізгі шарт. Осыған сүйене отырып, 3-сыныпта өз бетімен жоспар құрудың тиімді әдістерін меңгертуге болады. Мысалы: 3-сыныпта .Мұстафиннің “Көктемгі егіс атты” әңгімесін өткен кезде, оны бөлімге бөлдіріп, әр бөлімге оқушылардың өздеріне ат қойғызу керек. Ол үшін ең әуелі мәтінді түгел оқып, онда не туралы айтылғаны жөнінде сұрақ-жауап арқылы талданған соң, мұғалім мәтіннің бөлімдерін өзі көрсетеді де, оқушыларға тақырып қоþ керектігін ескертеді. Әрбір бөлімнің тақырыптарын тақтаға жазып қойып, соның ішінде ең дұрысы,бөлім мазмұнына сай келетіні қайсы дегенді талқыға салып, бірнеше бөліп, оларды тақтаға жазады. Оқу сабақтарында мәтіннің білімдік және тәрбиелік мәнін арттыру үшін мұғалімдер оқушыларды жұмысты дұрыс ұйымдастырып, олардың ой өрісін дамытуға іскерлігін арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Оқушыларды оқуға машықтандыру мақсатында үлкен тақырыптар бойынша өтілетін қорытынды сабақтардың мәні зор. Мұғалім әрбір оқу сабағын өткізуге арналған әзірлік кезінде осы жұмыстардың қай түрі оқылғалы отырған мәтіннің мазмұнына, жанрлық түріне лайық қлдануға болады дегенді күн ілгері ойланып алғанда ғана оқушыны саналы түрде түсініп оқуға қалыптастырады.
Өз бетінше мәнерлеп оқу
Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.
Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.
Көркемшығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.
Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады:
І кесте
әл,ал,ол,он,күл.
ел,іл,ет,ес,от.
ІІ кесте
ұйыр, үйір, жиыр, сүйір.
Тас, тос, төс, бас, бос.
ІІІ кесте
үшкір, тұмсық, сұр, шымшық.
Сордан, ұшты құрт шымшық т.б.
Бұл таблица бойынша оқығанда әуелі баяу, сонан соң жылдамырақ оқуды талап ету нәтижелі болады. Оқушылыр мұндай жаттығуларды бар ықыласымен беріле орындайды, әрі мәнерлеп оқуға жаттығады. Нәтижеде тіл дамыту жұмысы іске асып отырады.
Шапшаң оқу
Шапшаң оқуға үйретудегі мақсат – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді, демек шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініпақ тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.
Бастауыш мектеп мұғалімі шапшаң оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырып отырады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса назар аударуға тиіс. Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқылы ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы аса зор. Бастауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз.
Сыныптан тыс оқу
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі.
Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге жетелейді.
Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жымдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады.
Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады.
Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте түсуі ескерілген жөн. Мысалы, табиғатқа ондағы жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің “Тауға біткен жалбыз” кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады.Атап айтқанда “Айқас” әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңи түсетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе “ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады” деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді. Бағдарламалық материалға сай белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немесе ақын туралы балалардың білгісі келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (өмірбаяны, мекен жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалар бар, олардан қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын-ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі – сыныптан тыс жұмыстың тіл дмытумен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала:
- Ата-анасынан не аға-әпкелерінен көмек сұрасын;
- Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін:
а) берілген үзіндіні қайта-қайта оқысын;
ә) мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын;
- сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын
сөздерді, сөз тіркестерін мұғалім алдын-ала түсіндіріп жіберсін.
Міне сонда ғана оқушы дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті қатар дамиды. Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.
Кітаппен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
ә. Көрнекті құралдары, сþжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған “Балдырған” журналы мен “ұлан” газетінің үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керектігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.
Сыныптан тыс оқудың түрлері
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың бірнеше жолдары бар. Атап айтқанда:
- Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап оқуы.
Балаларды өз бетінше оқуға үйрету, жаттықтыру
барысында мұғалім өзі дауыстап, мәнерлеп кітап оқып беріп, дұрыс оқудың үлгісін көрсетеді. Басым көпшілік жағдайда бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, мазмұны қызықты болады. Мұғалімнің әсерлі дауысы оқушыны өзіне баурап алатындай немесе әңгіменің оқиға желісін балалардың көз алдына елестеейтіндей болуы тиіс. Мұғалімнің сыныптан тыс уақытта даустап кітап оқып беруі бастауыш сыныптың барлық сатысында, әсіресе, шағын комплекті мектептерде өте маңызды. Себебі ондай сыныптарда сабақ үстінде оқушыларды дауыстап,мәнерлеп оқытуға үйрету жұмысын ойдағыдай жүргізуге уақыт жетпейді.
- ұйымдасқан түрде кітап оқу.
Бұл жұмысты түрлі жолмен жүргізуге болады:
а) Бірлесіп дауыстап үйде оқу тапсырылады;
ә) Кітапты қай уақытқа дейін қанша бет оқу керектігі белгіленеді;
б) Сынып оқушылары түгел оқып шыққаннан соң, оқылған шығарманы талдау, ол туралы пікір алысу уақыты тағайындалады. Себебі,кейбір оқушылар ұйымдасып оқуға қатысқанмен, ойы басқа жақта отырады. Міне, сондықтан мұғалім жеке оқушылардың кітапта оқиғасын қандай қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін, кітаптың мазмұнына орай сұрақ қоþ арқылы бақылау жасайды.
“Сен нағыз қызық жерін тыңдамапсың, мына жерін қайтадан тағы оқып шықшы” деп тапсырма беру арқылы, оқушы өз кемшілігін өзі түсінетіндей бағыт беріп отыру қажет. Мұнда зеку, жеку еш нәтиже бермейді.
Көрнекті құралдар пайдалану арқылы
өз бетінше тіл дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына ана тілін үйретуде, оны тереңдете меңгертуде және тілін дамытуда көрнекті құралдардың алатын орны ерекше. Себебі көрнекілік ойлауды және балалардың ойлағандары мен бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып жеткізе білуге, одан белгілі-бір логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану аясы өте кең: айнала қоршаған дүниені, яки тірі табиғатты тікелей бақылау, саяхат кезіндегі бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке колекциятүріндегі гербарийлер, жан-жануарлардың, құстардың тұлыбы, млдельдері, макеттері мен пано-рамалар (оқушылардың өздері пайдаланады), кинофильмдер, диафильмдер, мультфильмдер, картиналар, портреттер, оқулықтағы, газет-журналдардағы суреттер т.б.
Кинофильм, диафильм, мультфильм және т.б. көрнекіліктердің өмір тәжірибесі аз, көп нәрселер мен құбылыстар жөнінде түсініктері кемелденбеген төменгі сынып балалары үшін орны бөлек. Мұндай көрнекті құралдар оқушылардың шығармашылдық ойлау қабілетін, білім-танымын дамытуға, тіл-байлығын арттыруға, жаңа білімді тез меңгеруіне зор ықпал жасайды. Міне, сондықтан да көптеген зор ойлы ұстаздарымыз сабақтың көрнекілікпен жүтгізілуіне ерекше мән беруде. Олар балаға таныс емес бес сөз үйретсең, ол оны үйрену үшін ұзақ уақыт босқа қиналатынын, ал сондай жиырма сөзді суретпен байланыстырсақ, оны оп-оңай тез меңгеріп біліп алатынын өз тәжірибелері арқылы дәлелдеп жүр.
Көрнекті құралдарды былайша пайдалануға болады:
Мысалы, оқушыларға теледидардан көрген фильмнен өз бетінше сурет салып келуді тапсыруға болады. Мұндай тапсырманы 2-ші, 3-ші сыныптың оқушылары зор ынтамен орындайды, мұғалімнің көмегімен көрген фильмнің мазмұнын эпизодтарға бөліп, оларға тақырып қояды. Тапсырма орындалып болған соң, ол тексеріліп, сәтті қойылған тақырыптар тақтаға жазылады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді.
Алынған мультфильмдер, диафильмдер өтілетін тақырыпқа дәл сәйкес келетін болуы керек және олардың мәтінді оқу алдында көрсетілгені дұрыс.
Бастауыш сынып оқушыларына диафильм мен мультфильмдерді көрсетудің мәні зор. Бұларды тіл дамыту үшін көрсетілген материалды көрнекті түрде жеке ұғындыру мақсаттарында жиі қолдануға болады. Диафильм мен мультфильмдерді қолданғанда ғана оқушылардың көру есту түйсіктері қатар қатысады. Қорытындысында оқу материалының мазмұнын жақсы түсініп, есінде берік сақтауға септігін тигізеді. “Егін жинауға”, “Мереке алдында”, “Сиқырлы сөз”, “Ақсақ құлын” т.б. диафильмдерімен мультфильмдерді пайдалануға болады. Бұл арада оқушыларға сұраулар қоþ олардың қойылғын сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруін, онда да бір сөзді бірнеше рет қайталамауын қадағалау керек.
- Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін
жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының түрлері көп. Ол оқушының өздігінше істейтін жұмысы, оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету деген сияқты сан құбылтып айтылып та, жазылып та жүр. Мұның бәрін сөз болып отырған жұмыс түрінің мәніне, өзіндік ерекшелігіне мән бермеуден, оны сырттай жалпылама түсінуден туған жағдай деуге болады.
Ал атау, әрине, өзі атағалы отырған нәрсенің мазмұнына, ерекшелігне , анықтамасына сәйкес болу керек. Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары дегенімізарнайы бөлінген уақыт ішнде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуі және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өздігінен істейтін жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой күш- жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. Олай болса, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары, өздіктерінен орындайтын жұмыстары т.б. деп түрліше құбылтып қолдану дұрыс болмайды. Сондықтан анықтамаға сәйкес көбірек келетін бір ғана атауды таңдап алып орнықтыру керек.
Енді қолданылып жүрген балама сөздерді саралап көрейік. Мысалы, “оқушылардың өздері істейтін жұмыс” дегенді алайық. Бұл атаудан жұмыстардың түрлері де, сипаты да, оған оқушылардың қатысы да айқын танылмайды. Ал “өз бетімен істейтін жұмыс” десек, онда бұл жұмыс түріне ешкімнің басшылығынсыз, тапсыруынсыз оқушылардың ойларына келген, кез келген уақыттағы өз еркімен істеген жұмыстарының барлығы жатады екен деген ұғым тууы мүмкін . Бұл, әрине, бір жақты түсінік. Сондай-ақ өздіктерінен орындайтын жұмыстар дегшенді алсақ, онда өздігінен шешуге оқушының алдына міндет қойылатыны және оны шешу үшін оқушы саналы түрде өзінің ақыл-ойын жұмсап, қимыл-әрекет жасайтыны ескерілмей қалуы ықтимал.
Сондықтан оқушыларға өздігінен жұмыс істеу әдісінің анықтамасы мен шартты ескере отырып, оны оқыту процесіндегі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары деп атаған жөн деп білеміз.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары
педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты ұйымдастыру формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады.
Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың
оқыту процесіндегі өздігінен істейтін жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның төрт типін анықтайды. Бұл типтер жоғары кластарда қазақ әдебиеті пәнін оқыту методикасына толық жауап береді. Олар:
Бірінші, үлгі бойынша өздігінен істейтін жұмыстар . Бұл жұмыстар – мазмұны әр-түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырлатын жаттығулар.
Екінші, өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интелектілік жұмыстар.
үшінші, өздігінен істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады. Проблемалық мазмұнды болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
Төртінші, өздігінен істейтін твор÷естволық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өздігінен жұмыс істеудің ең жоғары сатысы болып табылады.
Бұл аталған өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу, твор÷естволық жұмыстар деп топтастыруға болады.
Тіл дамытудағы ойынның ролі
Ойын арқылы да оқушылардың тілін дамытуға болады. Тіл дамытуда ойынның алар орны ерекше. Ойын балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігімен шығармашылдық және имандылық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Мұның бала тәрбиесімен айналысып жүргендердің барлығының естерінде болуы керектігін көптеген ғалым-педагогтар, әдіскер ұстаздар өз еңбектерінде талай рет атап көрсеткен болатын. Бастауыш мұғалімдері оқыту процесінде оқушылардың өз беттерінше орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтырып, әр-түрлі ойындарды пайдалану арқылы тартымды элементтерді енгізудің қаншалықты тиімді екенін біледі. Дегенмен, ойындардың тиімділігі мұғалімнің оларды сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауына, оны пайдаланудың теориясы мен тәжірибесін жетік игеруіне, шеберлік танытуына, қажетті материалдардың жиынтығын күні бұрын дайындап алуына , оқушыларды сабаққа қатыстыруына байланысты екендігі үнемі есте болған абзал.
Дидактикалық ойындардың шартын орындау процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әр түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді. Кейбір ойындарды оқушылардың орындау іс-әрекеті басым болады, себебеі олар мұғалімнің нұсқауын басшылыққа ала отырып әрекет етеді.
Шығармашылдық, сþжетті-рольдік, тұрмыстық, спорттық қимылды сөздік ойындардың ішінен қажеттісін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. Алайда, ойынның қайсысын болмасын, әр оқушының белгілі бір деңгейде қатысуына ерекше көңіл бөлу керек. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай да ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мол жолдары да жан- жақты ойластырылуы қажет. Сонымен бірге, ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де, оларды сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп отыруды да ескеру керек.
Ойынды сабақ процесіне енгізе отырып, мұғалім “ойна, бірақ ойла” деген халқытық қағиданы үнемі есте сақтауға тиіс. Мұндай ойындарда мынадай қасиеттер: мазмұнының тәрбиелік-тианымдық құндылығы; ойын барысының дұрыс түсіндірілуі; таңдалып алынған ойын түрінің оқушыларға үйретері молдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану; балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл-күйлері ескеріледі. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды және олардың қазақы үрдісте қалыптасуына көп әсер етеді. Ойынды негізінен, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ой, адамгершілігін, имандылығын арттыру мақсаттары үшін пайдаланады.
Ойын үстінде қайсыбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Баланың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге, пікірін жатық та анық, дәл бере білуге көмектесуі керек. Ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймай, олардың өзінше белсенді танымдық іс-әрекет формасы да болып табылады. Мысалы, “Кім қандай мамандықты қалайды?” ойынын алайық. Сиқырлы қалтаның ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте суреттер салынады. Тақтаға шығарылған оқушы бірнеше суреттің ішінен өзіне ұнайтын мамандықты бейнеленген суретті таңдап алады.Қалтада ұшқыштың, жүргізушінуң, шахтердің, шопанның, дәрігердің, мұғалімнің, шаштараздың, азпаздың т.б. суреттері бар. Ойынға қатысушы оқушылар “Бұл кім? Не істейді?” – деген сұраққа жауап береді. Ойын жарыс түрінде өткізіледі. Соңында мамандық туралы тақпақтар оқылады.
Ойынның мақсаты: үлкендердің еңбегін құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке баулу. Мамандықтың бәрі жақсы, оқу, білім алу еңбекпен келеді, еңбекті сүй деген ұғымды меңгерту.
Тағы бір ойын түрі “Сөйлем ойла” деп аталады. Бұл ойынға арнаулы орын іздеудің қажеті жоқ. Себебі бұны барлық бастауыш сыныпта өткізуге болады.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, жүйелі, мәнерлі сөйлей білуге дағдыландыру, яғни сөз таңдап, орынды қолдану, ойды дәл жеткізуге жаттықтыру.
Ойын ережесін мұғалім былай түсіндіреді. “Мен бір сөз айтып, қасымдағы балаға доп беремін”. Ол бала мен айтқан сөзді қосып бір сөйлем айтуы керек. Мысалы: “қызыл” деген сын есім оқулықта жиі кездеседі.Сол сөзді айтамын. Ол “Апам қызыл көйлек сатып әкелді”,– дейді де “көйлек” деп допты өз көршісіне береді. Көршісі: – Қызыл көйлек маған ұнады, — дейді де, кез келген бір сөз айтып, допты көршісіне ұсынады. Ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен өткізіледі де, балалар ойын шартын дұрыс түсініп, ойнауға жаттыққан соң ойынды әрі қарай өз беттерімен жүргізеді.
Сþжетті ойындар: “Қай ертегі қонақта?” ойыны. Ойын бастауыш сыныптардың “Ана тілі” сабағында жүргізіледі.
Ойын тәртібі: Қатысушы оқушыларға ертегі кейіпкерлеріне жасалған сурет не ойыншықтар үлестіріп беріледі.
Мақсаты: “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен түлкі”, “Балықшы мен балық”, “Аңқау арыстан”, “Қызыл телпек” және т.б. ертегілердің суреттерін балаларға үйлестіріп беріп, қай ертегінің кейіпкері екенін тапқызу, әр кейіпкердің іс-әрекеті жөнінде үзінділер, әңгімелер айтқызу.
Қай оқушы өзіне тиісті кейіпкерді іс-әрекетіне қарай дұрыс сипаттап, жүйелі әңгімелесе,сол оқушы жеңген болып есептеледі.
Тағы бір ойынның түрі – грамматикалық ойындар. Грамматикалық ойындар арқылы бастауыш сыныптардағы “Қазақ тілі” сабағының қайсысына болса да аз-кем өзгеріс енгізуге болады. Осы ойын элементтерін сабақта орынды пайдалану 1-4 сынып оқушыларының материалды терең де жан-жақты игеруіне көп себін тигізеді.
“Қазақ тілі” сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа сабақты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде 2-5 минуттың көлемінде жүргізіледі. Алғашқы кезде ойынды мұғалім өзі өткізеді. Кейін оқушылар ойынға жаттыққан соң ойынды өздері жүргізетін болады. Грамматикалық ойынға қажетті кесте, тілше, суреттерді қол еңбегі, бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың өздеріне жасатқан жөн.
Сөздік жұмыстары арқылы тіл дамыту
Сөздік жұмыс сөйлем құрауға материал береді. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Сөз – тілдің негізгі өлшемі. Сөзбен нақты нәрселер аталады. Адамның сезімі мен мақсаттары беріледі.
Бастауыш сыныптарда “Ана тілі” мен “Қазақ тілі” сабақтарында оқушылар күн сайын дерлік мағынасы таныс емес жаңа сөздерге кездесіп отырады. Мұндай сөздерді түсіндіру мақсатымен сөздік жұмыстары жүргізіледі. Мектептегі сөздік жұмысының ерекшелігі тіл дамытудың тағы басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Оқушылар сөздік лексикалық мағынасын ұғынады. Сөздік жұмысының мәнісі – оқушыларға таныс емес сөздерді арнайы дәптерге жаздырып, ол сөздің жанына түсініктемесін жаздыру. Мысалы:
Бөле – анамның әпкесінің не сіңілісінің баласы.
Автовакзал – автобус тоқтайтын жер.
Жиен – әпкемнің баласы.
Беймәлім – белгісіз т.б.
Сөздік дәптерлерін бұл сөздерді әліпби (альфавит) ретімен жазғызып үйреткен жөн. Әр әріпке дәптердің бір-екі парағын арнап, жаңа сөзді сол әріп тұсына жазып отыру керек.
Балалар жасына қарай әр кезеңде әр-түрлі сөздер біледі. 3-7 жасқа дейін – үш жарым төрт мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген соң оқушылар 7-12 мыңға дейін сөз білетін болады (қараңыз: молдабеков, 1985). Күніне орта есеппен алғанда 5-8 жаңа сөз үйренеді. Бастауыш сыныптың балаларының өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразелогиялық сөз тіркестерін білу арқылы тілі дамиды.
Қазақ тілінде де жазылуы қиын сөздер аз емес. Жазды гүні немесе жаздыгүні деп жазатын оқушылар жиі кездеседі. Міне, осындай сөздердің дұрыс жазылуын сөздік дәптерге тігіп отыру керек. Мысалы: түзу, (дүзу емес), жүзік (дүзік емес), аяз (айаз емес) т.б.
Оқу сабақтарында сөздік жұмыстарына уақыт бөлінбейді, дегенмен ол үшін сабақтың өн бойынан орын бергені мақұл, немесе үйде өз бетінше орындайды. Оқушылардың мәтінді дұрыс қабылдауы үшін, сөздік жзұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалыға, 1-сыныптың “Әліппе”, “Қазақ тілі” оқулықтарында кездесетін автовокзал, перрон, метро, вокзал, эксковатор, фонтан тағы сол сияқты сөздерді түсіндірмесе біраз оқушылар осы сөздері бар мақалаларды, жаттығуларды дұрыс қабылдай алмайды.
Сөздік жұмыста сөз мағынасын түсіндіріп қана қоймай, балаларға сол сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып, байланыстыра сөйлеуді үйрету басты мақсат.
Міне, сондықтан да бастауыш сыныптарда мәтінді кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі.
- Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.
- Шығарманы оқу барысында.
- Оқып болғаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын
ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіруге болады. Ол үшін көбінесе синонимдер арқылы түсіндірлетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, 3-сыныпта “Африкадан хат” әңгімесін оқығанда құрма ағаштары-жеміс ағаштары, лашық-үй, қаршадай-кішкентай, дүмше молда-шала молда; отаршылар-басқыншылар т.с.с Алайда, сөз мағынасын оқу барысында сөзді түсіндіргенде оны байқампаздықпен, үлкен дайындықпен жүргізу керек.
Ал енді оқу барысында мағынасы қиын сөздердің оқушыларға түсіндірілмегені дұрыс, өйткені қандай түсінік болса да шығарманың негізгі оқиға желісі үзіледі. Оқушылар зейіні басқаға ауады. Мұндай сөздердің шығарманы талдау барысында түсіндірілгені мақұл. Мысалы, плантация, азап шеңгелі т.б. сөздер.
Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін сөздерді түсіндірумен ғана бітпей, ол жаңа ұғымдарды жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу жаңа көріністер байқау сияқты жұмыстармен де тығыз байланысты болады. Бұл оқушының ойын, тілін дамытады.
“Ана тілі” хрестоматиясындағы материалдар негізінен оқушылардың өз бетінше оқуына арналады. Ана тілі хрестоматиясында, “Туған елім”, “Қазақстан”, “Туған жер келбеті”, “Күн ортақ”, “Ай ортақ”, “Жақсы ортақ”, “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Еңбек тұрі-береке”, “Театрға саяхат”, Оқпық, ойналайық, деген тарулардан тұратын шығармаларды мұғалім оқулықтағы материалдарды толықтыру мақсатында оқушыларға өз бетінше сабақтан тыс уақытта оқып өз білімдерін толықтырып терең білім алуға бейімделеді. Ана тілі хрестоматиясын оқытуда оқушылар үйде өз бетінше мәтінді, берілген шығармаларды сыныпта өтілген тақырыпты толықтыру мақсатында мұғалімнің нұсқауыменг жетекшілігімен оқып, өз білімін толықтырыпотырады. Негізінен алғанда хрестоматиямен өздігінен жұмыс істеу кіші мектеп жасындағы оқушыларға өте қиын, күрделі болып келеді. Сондықтан хрестоматиямен өз бетінше жұмыс жасауда ата-аналар, ересектер тарапынан көмектер қажет.
2.3 Сабақ жоспарының үлгілері
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов “Ағаш”.
Сабақтың мақсаты:
- Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, арам пиғылдан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу;
- Балаларды бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрістерін дамыта отырып, өзіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
- Тақырап мазмұнын меңгерту.
Сабақ барысы: 1. ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- үй тапсырмасын тексеру
- Ой ашар.
-жаңа сабақ.
- Ой қозғау;
-мәтінді оқу
-өзіндік жұмыс
-сөздік жұмыс
-топпен жұмыс
- Ой толғаныс
-Венн диаграммасы
- жаңа тақырыпқа бір шумақ өлең
- сабақты қорыту
- үй тапсырмасы
- бағалау
Сабақтың барысы: 1. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды ұйымдастырып психологиялық дайындық жүргізу.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ- өлеңін қимылмен айтқызу.
- үй тапсырмасы “Жиырма тиын” әңгімесі бойынша жүргізілетін жұмыстар:
- Оқушыларды үш топқа бөліп, мынадай тапсырмалар беру.
А) Осы әңгімедегі Алтайға мінездеме беру.
ә) “Тіл ағаш”, “ақ көңіл”, “Қайырымды” дегенді қалай түсінесіңдер?
Б) Қайырымдылыққа байланысты сурет салу әңгімені мәнерлеп оқу.
- Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар.
- үнтаспаны қосып, балаларға құстардың даусын естірту.
Құстар туралы өз ойларын айтқызу.
-Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
-Ағаштан ұя және жемсауыт жасаймыз
-Құстар теректердің тағы басқа ағаштардың басына жиналады екен.
- Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі біздің ана тілі сабағында өтілетін сабағымыздың тақырыбы: А.Байтұрсыновтың “Ағаш” атты мысалы.
“Ағаш” мысалының авторы–И.Крылов. Бұл ағаш мысалын қазақшаға аударған, қазақтың дарынды ақыны, көрнекті қайраткері–Ахмет Байтұрсынов.
Мәтінді оқымас бұрын, оқушыларды жалпы ағаш туралы ойларын біліп алу қажет.
-Ағаш туралы не білесіңдер?
-Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік.
- Оқулықтағы Ахмет Байтұрсыновтың “Ағаш” әңгімесін мәнерлеп оқу.
- Ой қозғау.
Оқушылардың кезектесіп оқуы.. Тыңдап отырған оқушылар өздеріне түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерін карандашпен белгілеп отыру.
қызғаншық–іші тар, шағымданды–арызданды, өз қамын ойлап–өзімшіл.
Сөздік жұмыс.
-Топпен жұмыс.
І топ. Әңгіменің мазмұнын талдап, түсіндіру.
ІІ топ “Ағаш” әңгімесінен сахналық көрініс шығару.
ІІІ топ Әңгімеге байланысты сурет салу.
- Ой толғаныс.
|
|
Венн диаграммасы
Сабақты қорыту.
-Жаңа тақырыпқа бір шумақ өлең.
Ағашты босқа кеспе,
Бұзық балаларға ілеспе,
Қайта оны қастерлеп,
Су құй күнде кешке,-шумағын оқушылар өздері ұйқас сөздер арқылы ойланып шығарады.
үй тапсырмасы.
“Ағаш” мысалын ары қарай балаларды өздерінің өз ойларымен жалғасытырып жазып келу.
Мәнерлеп оқу.
Бағалау
Қорытынды.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру–мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен роль атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бар бүкіл іс-қимылоына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді.
Қортынды.
Сонымен, оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру– күрделіде шығармашылық жұмысты қажет етеді. Бұл жастағы оқушылардың тілін дамытуда өзіндік жұмыс барысында мына мәселелерге баса назар аудару керек:
- оқушылар орындаған жаттығулардың мазмұндылығы.
- граматикалық қатесіздігі.
- орфографиялық , пунктуациялық , орфоэпиялық қажетсіздігі.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың декті бір саласы–оқу. Ол оқуға ана тілі сабақтары арқылы баланың өзіндік жұмыстары арқылы қол жеткізеді. Ана тілі пәнінде оқу арқылы оқушы қоршаған ортадан қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Солардан үлгі–өнеге алады, дүниетаным кеңейе түседі. Оқу арқылы бала әлемнен, адамдардан, сан-алуан мінез-құлық , іс-әрекет т.б. қасиеттермен танысады. Ана тілі оқулықтарында берілген идеялық мазмұны жағынан оқушылардың түсінуіне, менгеруіне жол ашады. Мысалы:
- 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді.
- Ана тілі сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады.
Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Өз бетіндік жұмысты дамытуда кітап материалының пайдасы аса зор. Ана тілі сабақтарында өз бетінше жұмыстар мынадай мақсаттарда көздейді:
- Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.
- Оқушы әдеби тіл нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс айтып беретін дәрежеге жету;
- Ана тілі, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберлігінің де өзіндік ерекшелігі бар.
- Тіл дамыту жұмыстары арқылы өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.
- Оқушыларды ана тілін сүþге, нәзік сөз байлығын әсерлі қолдануға тәрбиелеу.
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процес. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
- жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;
- өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу;
- оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
- оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;
- оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.
Қосымша:
Біздер, бастауыш сынып мұғалімдері келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттеріміз тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі–бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоþдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту барысында өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері сабақтарын шығармашылық жұмыстар арқылы да қалыптастыруға болады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні арқылы оқушы сабақта, сабақтан тыс кезде үйде мынадай шығармашылық жұмыстар орындай алады: Мысалы:
І. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінен оқушының өз бетінше жұмыс жасауда шығармашылығын дамыту.
- Сөздік әрбір жұмысынан сөз тудыру жұмысы.
Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты менгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:
Әсем қандай қыз?
Ә–әдемі, әдепті.
С–сұлу, сүйкімді.
Е–еңбекқор, елгезек, епті.
М–мейірімді, мәдениетті. Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға таңсырады. Мысалы: оқушылар “Әсем” деп ат қойып мәтінді құрастырады.
“Әсем”
Әсем әдемі , әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.
Осы жұмыстан кейін оқыушыларға тағы да өз бетінше мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қоþ т.б. жұмыстарды беруге болады.
ІІ. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату. Тақтаға сиырдың суретін іліп, өлең шумағын айту.
Өзі–ала доптай.
Сүті–балдай тәтті
Мүйізі–қарағайдай иілген
Көзі–көмірдей қап-қара
Даусы–пойыздың дауысындай мөңіреген.
Мұндай жұмыс түрлері арқылы оқушылар біріншіден–сын есімді менгереді,
екіншіден– салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы, түсінігі қалыптасады; Сауаттылығы өз бетінше ойлау дәрежесі арта түседі.
ІІІ. Сөзден сөз тудыру жұмысы.
Мүмкіндік денгейінде орындалады. Мысалы: қар, арық ,тарақ, ана, шындық , нан тағы басқа. Оқушы өз бетінше осы сөздерді сауатты жазып үйрене отырып, ойлау қабілеті, байқампаздығы артады.
Іү. Сөйлемдер құрату. Мысалы: Лепті сөйлемдер құра деп өз бетінше тапсырмалар беріледі.
Көктем тақырыбына: Алақай, Көктем келді!
Әттең қар еріп барады!
Көктем ауасы неткен
керемет еді! т.б. енді осы лепті сөйлемді өз бетінше жұмыс орындауда хабарлы сөйлемге айналдыру да жұмысында беруге болады.
Хабарлы сөйлем: Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы тамаша.
Міне осындай қазақ тілі сабақтарында оқушыларға өз бетінше жұмыс орындау біліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты қалыптастыруға болады.
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерге оқу тәрбие жұмысының мазмұны мен сапасын көтеру, жақсарту мәселесі бүгінгі күн талабын туындайды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқыту процесінде өздігінен орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтыратын, тартымды элементтерді енгізудің, әр түрлі ойындарды пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін біледі. Өз бетінше жұмыс оқушының сабаққа белсенділігін пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушылар математика сабағында түрлі ойын үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оқушыны қызықтыра отырып халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып математикалық есептер, сөз жұмбақтар, ойындар, логикалық есептерді құрастыруда өз бетінше жұмыс орындаудың пайдасы тиеді. Мысалы: Бастауыш сыныптарда “Математикалық” үйірмелер жұмыс істейді.
Осындай үйірмелерге қатысқан оқушыларға карто÷ка, яғни үлестірме қағаздары арқылы жазбаша немесе ауызша тапсырмаларды орындату барысында да өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.
Математикалық өлең-есеп.
“Бірге шешу?”
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлаң бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(жауабы: он жеті бас мал).
Математикалық жұмбақ.
“Бұл не?”
а) Өзі үлкен жануар,
үстінде екі тауы бар.
(жауабы: түйе).
ә) Екі ағайынды суға қарай үңілер,
Кездесе алмай бірінен-бірі түңілер.
(жауабы: өзен жағалаулары).
Қалжың есеп.
“Топ үйрек”
Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу.
Біреуін атып түсірсе, нешеуі қалады?
(жауабы: біреуі, қалғандары
ұшып кетеді.).
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп.
- “Фигура құрастыру”
Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
(жауабы: суреттегі).
- “Сүт сату”.
6,5 және 3 литрлік бидан бар
6 литр сүттен 4 литр сүтті қалай
құйып алуға болады.
Жауабы: 6 5 3
- Экскурсияға 7 оқушы шықса, оның әр қайсысы үш баламен таныс болуы мүмкін бе?
1 2 3 4 5 6
2 3 4 1 3 4 1 2 4 2 3 4 6 7 5 7
Жауабы: (жоқ , суреттен қара).
Матеатикалық ойын.
Ойын ережесі: Екі топқа бірдей тапсырма беріліп, әр топтан бір-бір оқушы шығарылып, 2 , 2 , 1 , 1 және 3 сандарын қосу керек. Квадраттың жатық және тік жолдарындағы сандарды көрсетіп, үзік сызықтар бойынша орналастырылғансандардың қосындысы 6 болсын. Қай топ бұрын тапса, сол ұтады.
Жауабы: (суретте).
3 | 1 | 2 |
1 | 2 | 3 |
2 | 3 | 1 |
Әдебиеттер.
- М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж. 247-бет.
- А.А. Лþбинская “Бастауыш мектеп оқушы сының психологиясы жөнінде”. Алматы мектеп 1981. 238-бет.
- А.А. Лþбинская “Бастауыш кластарда оқытудың актуалды проблемалары” Алматы мектеп 1977. 160-бет.
- С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” Алматы жазушы 1980. 412-бет.
- С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 15 том 1979. 377-бет.
- Н. Елікбаева “ұлттық психология” Алматы Қазақ университеті 96-бет.
- С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 13 том Алматы жазушы.
- ±. Мүсірепов “Таңдамалы шығармалары” 4 том Әңгімелер. Алматы жазушы. 1973. 263-391 бет.
- Т.Тәжібаев “Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен педагогикалық ойдың дамуы ”. Алматы мектеп 1958. 24-25 бет.
- Ә. Сыдықов “Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі”. Алматы мектеп 1969. 156 бет.
- Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988. 12-16 бет.
- С. ұзақбаева “Тамыры терең тәрбие” Алматы білім. 1995 269-бет.
- М. Жұмабаев “Шығармалар” 2-3 том Алматы білім 1996. 512-бет
- М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992. 160-бет.
- Қ. Жарықбаев, С. Қалиев “Қазақ тәлім-тәрбиесі” Алматы Санат 1995. 352-бет.
- Қ. Бержанов “Дидиктиканың осы кездегі кейбір актуалды мәселелері”. Қазақ мектебі. 1968. N11. 23-27 бет.
- С. Рахметова “Бастауыш класс оқушысыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері”. Алматы. 1994. 432-бет.
- Ш.Әуелбаев “Қазақ тілі пәнінің мазмұны және оны жоспарлау”. Алматы. Мектеп. 1980. 136-бет.
- М.Мұқанов. “Жас және педагогикалық психология”. Алматы. Каз.П.И. 1982. 248-бет.
- Т.Тәжібаев. “Жалпы психология”. Алматы. Қазақ университеті. 1993. 239-бет.
- В.А.Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы”. Алматы. Мектеп. 1978. 222-бет.
- Амоношвили “Педагогикалық ізденіс”. Алматы. Рауан. 1990. 574-бет.
- И.А.Аллаяров “Оқу белсенділігінің дидактикалық негіздері”. Мектеп. 1988. 48-бет.
- Т.Сабыров. “Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары”. Алматы. Мектеп. 1978. 110-бет.
- Т.Сабыров “Оқыту теориясының негіздері”. Алматы. Республикалық кабинеті. 1993. 59-77-бет.
- Б.Тұрғанбаева “Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту”.
- Л.А.Төкеева–Бектұрғанова “Ана-тілін жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы” Шымкент 2001. 82-85 бет.
- К.Молдабек “Бастауыш мектепте тіл дамыту” Шымкент 1999 166-бет.
- Қ.Аймағанбетова “Бастауыш сыныптарды дүниетануды оқытудың теориялық негізі” Алматы Балауса 2003ж 104-бет
- Х.Т.Наубаева “Оқушыларды гуманистік негізде бағыттау” Бастауыш мектеп N 1-2 1999ж.
- Г.Алпысбаева “Шығармашылық-ізденіс көзі” Бастауыш мектеп N 7 1999 10-бет.
- М.Ізмұқанов “Шыңдалған шеберлік” Бастауыш мектеп N11 1990 16-бет.
- М.Сәтымбекова “Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалану” Бастауыш мектеп N3 1983.
- П.Шілдебаев “Шеберліе жсабақта танылады” Бастауыш мектеп N8 3-бет.
- А.үсенов “Ана тілін құрметтеу-адамгершілік парыз” Қазақ мектебі 1990 N5.
- Б.Құлмағанбетов “Мемлекеттік тілді меңгерту мәселелері” Бастауыш мектеп 1991 N11.
- Т.Сабыров “Оқыту теориясының негіздері” Алматы 1997.
- ұ.Жазықбаев “Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді” Шымкент 2001.
- Қ.Ахметұлы “Білім негізі-рухани уыз тәрбиесі” Алматы 2001.
- Т.Баймолдан “ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ” Алматы 2001.
- Б.Тұрғанбаева “Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту”. Алматы. 1999.
- Ш.А.Амоношвили, С.Н.Лысенко, Волков, Шаталов,Ильин т.б. “Педагогикалық ізденіс” 1989ж Алматы Рауан
- Ж.Сардарова “Оқушының шығармашылық бағытта дамуы” Бастауыш мектеп N7 2001.
- Бастауыш мектеп N4 2000ж.
- Құсайынова, Төлегенов “Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту”, “Өзіндік жұмысының маңызы” 100.
- Н.Мұқанова “Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу” Бастауыш мектеп N8 2001ж.
- Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы 2002ж.
- Қазақстан мектебі N4 2001ж.
- Бастауыш мектеп N6 2002ж.
- Бастауыш мектеп N4 1999ж.