Кәсіпорынның табысы және қаржылық жағдайы

0
23

Тақырыбы: «Кәсіпорынның табысы және қаржылық жағдайы»

Мазмұны

Кіріспе
3
1.Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1.Кәсіпорын табысының экономикалық мәні5
1.2.Табыстың кәсіпорын қызметіндегі

ролі және функциялары

7
1.3.Кәсіпорын табысының қалыптасуы

және орналастырылуы

9
2.Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1.Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау12
2.2.Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері15
2.3.Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі19
3.Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1.Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары24
3.2.Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері27
Қорытынды
29
  
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:

  • кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
  • кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
  • кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.

Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.

Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.

Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.

Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы

 

 

1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні

 

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның  есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыс;
  • өзге де табыстар.

Негізні қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.

Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.

Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.

  1. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
  2. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
  3. Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
  4. Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
  5. Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
  6. Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
  7. Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.

Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.

Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:

  • салықтарды есептеу үшін;
  • кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
  • тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.

Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.

Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.

Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».

Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді:»Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады».

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

 

 

1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі

ролі және функциялары

 

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада табыс – өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін жағдай – табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

Сонымен, кәсіпорынның табысы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

  • акционерлік меншікті арттыру;
  • табысты арттыру;
  • басқарушылық сыйақыларды арттыру;
  • әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты – кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.

Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру – ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.

 

 

1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы

және орналастырылуы

 

Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 1.1-суретте кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.

 

Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.

Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.

Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін, қамтиды.

Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
  • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
  • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.

Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.

Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.

Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.

Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау

 

 

2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

 

.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші – өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

2.1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспанының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

 

2.1-кесте

 

Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының

негізделуін бағалау

 

мың теңге

КөрсеткіштерЕсептік бағасы
1Өткізілмей қалған дайын өнімнің нақты қалдығы8 360
2Тауарлы өнім шығару29 000
3Өткізілген өнімнің жыл соңындағы қалдығы15 940
4Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 + 2 – 3)21 420
5Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс20 850
6Ауытқуы (4 – 5)570

 

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының мөлшерден тыс өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметі көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе, басқа себептерге байланысты сұарнысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай заттық нысандағы өнім өндіруші кәсіпорындарды орын алады. Қызмет көрсетуші және жұмыстар атқарушы кәсіпорындарда қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды.

Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор – өндірістік өзіндік құн, сол себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Кәсіпорын табысының артуы тек өнімнің өзіндің құнына ғана емес, сондай-ақ, өткізілген өнімнің көлеміне, өнім бірлігінің бағасына байланысты болады. Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін құруға болады.

 

2.2-кесте

 

Кәсіпорынның жалпы табысы

 

мың теңге

Көрсеткіштер

Жоспа бойыншаНақты сатылымға жоспар бойыншаНақты
12345
1Өнімді өткізуден түскентабыс20 85019 74523 179
2Өнімнің өндірістік өзіндік құны16 43515 74116 996
3Жалпы табыс (1 – 2)4 4154 0046 183

 

2.2-кестеден байқайтынымыз, жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге артық. Осы ауытқуға жоғарыда аталған факторлардың әсерін келесі тәртіп бойынша анықтауға болады.

  1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

 

(2.1)

 

мұнда – өткізілген өнімнің нақты көлемі; – өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;  – өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғанда өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге (16966 – 15741) төмендетті.

  1. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:

 

(2.2)

 

мұнда  және  – өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағалары.

Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнімді өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179 – 19745) өскен.

  1. Өткізу көлемінің өзгерістерінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын анықтау керек. Табыс көлемі осы факторларға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

 

ТН = ТЖШК,                                    (2.3)

 

мұнда ДН – негізгі қызметтен алынған табыс; ДЖ – жалпы табыс; РК – кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек.

 

 

2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері

 

Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде өндіріске салынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен назарына ие болады.

Барлық өндіріске салынған активтердің тиімділік деңгейі (Да) мына формула бойынша есептеледі:

 

(2.4)

 

Кәсіпорынның жалпы активтерінің табыстылық деңгейін шартты мысал түрінде талдау 2.3-кестеде берілген.

 

2.3-кесте

 

Жалпы активтердің (өндіріске салынған

капиталдың) табыстылық деңгейі

 

мың теңге

КөрсеткіштерӨткен жылЕсепті жылАуытқуы (+,–)
12345
1

Таза табыс

5 0406 538+1 498
2Жалпы активтер (салынған капитал)30 51237 254+6 742
3Жалпы активтердің табыстылығы, %16,5217,55+1,03

 

Кестеден байқағанымыздай, аталған кәсіпорында жалпы активтердің табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып келеді.

Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.

Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).

Екінші көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларғ келесілер жатады:

  • өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  • жалпы активтердің айналымдылығы.

Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде беріледі: жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген өнімнің табыстылығы × активтер айналымдылығы. Шынында да:

(2.5)

 

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы өнімді өткізу табыстылығынан және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

Өндірістік активтерге салынған капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесідей кесте құрамыз.

 

 

2.4-кесте

 

Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар

 

КөрсеткіштерӨткен жылЕсепті жылАуытқу (+,–)соның ішінде коэффи-циенттердің өзгеруінен
Сату табыс-тылығыАктивтердің айналымды-лығы
1234567
1Таза табыс, мың теңге5 0406 538+1 498
2Өткізуден түскен табыс, мың теңге24 39223 179–1 213
3Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге30 51237 254+6 742
4Активтеррдің табыстылық деңгейі (1 / 3)·100, %16,5217,55+1,03+4,74–3,71
5Өткізілген өнімнің табыстылығы (1 / 2), %20,6628,21+7,55
6Активтердің айналымды-лық коэффициенті (2 / 3)0,800,62–0,18

 

Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін аламыз:

 

Та = 20,66 · 0,62 = 12,81%.

 

Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылдағы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:

  • өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі: 17,55 – 1281 = +4,74;
  • жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі: 12,81 – 16,52 = – 3,71.

Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Кәсіпорын табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – өндірістік қорлардың (негізгі құралдардың) табыстылығы болып келеді. Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса, өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады (2.5-кесте).

 

2.5-кесте

 

Өндірістік құралдардың табыстылық деңгейінің

өгеруінеәсер етуші көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер Өткен жылЕсепті жылАуытқуы, (+,-)
12345
1

Таза табыс, мың теңге

5 0406 538+1 498
2Өткізуден алған табыс, мың теңге24 39223 179– 1 213
3Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге49 82655 789+5 963
4Айналым активтерінің орташа жылдық құны, мың теңге15 24414 385–859
5Өндірістік активтердің орташа жылдық құны, мың теңге (3 + 4)65 07070 174+5 104
6Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 / 2)2,04272,4069+0,3642
7Айналым активтерін бекіту коэффициенті (4 / 2)0,62510,6206–0,0045
8Өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 / 2)0,20660,2821+0,0755
9Өндірістік активтердің табыстылығы   (1 / 3)·100%7,759,32–1,57

 

2.5-кестеден байқайтынымыз, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:

  • өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы көрсеткіштің 2,82 пунктке өсуіне алып келеді (10,57 – 7,75), мұндағы 10,57 = 0,2821:(2,0427 – 0,6251) ·100;
  • қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 1,27 пунктке (9,30 – 10,57) төмендеуіне алып келеді, мұндағы 9,30 = 0,2821:(2,4069 +0,6251) ·100;
  • материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың айналымының жылдамдауы, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің 0,02 пунктке (9,32 – 9,30) өсуіне алып келді. Осылайша, факторлар бойынша өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 1,57 пунктті құрайды (+2,82 – 1,27 + 0,02), ол өткен жылдың мәліметтерімен (9,32 – 7,75) салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.

Осылайша, негізгі құралдардың, жалпы активтердің табыстылық деңгейі немесе қызметтің барлық түрлерінің барлық табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

 

 

2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

 

Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Табысты қызмет түріне қарай жекелей құру қызметінен алынған табысқ салық салу ерекшеліктеріне байланысты. Жоспарлау барысында табысқа әсер етуші барлық факторлар ескеріледі және қаржылық шешімдер қабылдаудың нәтижелерінің түрлі нұсқалары қарастырылады.

Жоспарлау объектісі ретінде, бірінші кезекте, өнімді өткізуден алынатын табыс қарастырылады. Табысты есептеудің негізі – сатылатын өнімнің болжамды көлемі болып табылады. Сатылым көлемі анықталғаннан кейін контрагенттермен жасалған келісім-шарттар негізінде өндірісік бағдарлама әзірленеді. Өндірістік бағдарлама өткізілетін өнімнің жоспарлы көлеміне және жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнім қалдықтарының көлеміне байланысты анықталады.

Әрі қарай өндірістік өзіндік құнға қосылатын өндірістік үстеме шығындардың сметасы құрастырылады. Бұл шығындардың сомасы олардың құрамына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді. Айнымалы және тұрақты шығындар жеке қарастырылады.

Жүргізілген есептеулердің нәтижесінде дайын өнімнің жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы дайын өнімнің қалдығын ескере отырып, өткізілетін өнімнің өндірістік өзіндік құны қалыптасады.

Келесі кезеңде әкімшілік және коммерциялық шығындар сметасы құрастырылады. Бұл шығындар өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен, сондай-ақ өнімді нарыққа жеткізумен және өткізумен байланысты.

Осы есептеулердің негізінде өнімді өткізуден алынатын табыстың жоспары қалыптасады. Табысты жоспарлау үшін алдағы негізгі қызметтен, сондай-ақ негізгі емес қызметтен келетін ақша кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер қолданылады.

Жоспарлаудың жоғарыда келтірілген әдістемесі тікелей есептеу әдісі деп аталады. Оның негізінде өнімді өндіруден және өткізуден түсетін табысты ассортименттік есептеу жатады. Жоспарлаудың тағы бір қарапайым нұсқасы жоспар баптары бойынша іріленген есептеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Өнімді өткізуден алынатын табыс өнімнің сатылу бағасы (қосылған құн салығын, акциздерді, кеден салықтарын, шегерімдерді есептемегенде) мен оның толық өзіндік құнының айырмасы ретінде есептеледі. Өнімді өткізуден алынатын табысты есептеу үшін келесі формула қолданылады:

 

Ө = Қб + ШөҚс,                                     (2.6)

 

мұнда Ө – екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген өнімнің сатылым көлемі;  Қб және Қс – сәйкесінше жоспарлы жылдың басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнімнің қалдықтары; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген; Шө– шығарылған өнімнің көлемі; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген.

Сатылған өнімнің көлемі екі бағам бойынша – сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша – есептелгеннен кейін, өнімді өткізуден түсетін табыс (Тө) келесі формула бойынша анықталады:

 

Тө = СөӨқ,                                                (2.7)

 

мұнда Сө – өнімді өткізуден түскен сома; Өқ – өнімнің өзіндік құны.

Табыстың жоспарлы сомасын бағаның және өзіндік құнның белгілі көрсеткіштеріне және дайын өнімнің жоспарлы кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтарына сүйене отырып есептеуге болады. Бұл жағдайда есептеу формуласы келесідей болады:

 

Тө = Тқ + ТжТқ/с,                                          (2.8)

 

мұнда Тқ/б – жоспарлы кезеңнің басындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс; Тж – жоспарлы кезеңде өнімді шығарудан алынатын табыс; Тқ/с – жоспарлы кезеңнің соңындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс.

Коммерциялық кәсіпорындар үшін табысты жоспарлау барысында шығындардың өтелу шегін анықтау маңызды. Шығындардың өтелу шегінен бастап кәсіпорын өнім өндіруден табыс ала бастайды. Бұл үшін залалсыздық нүктесін анықтап алу қажет. Залалсыздық нүктесін табу кәсіпорындарға өнім шығарудан зиян шекпейтін шегін көрсетеді. Жоспарлаулың бұл әдісі шығындарды шартты тұрақты және шартты айнымалы деп бөлу принциптеріне, сондай-ақ маржиналды табысты есептеуге сүйенеді. Өнімді өткізуден алынған сомадан шартты айнымалы шығындар алынып, маржиналды табыс анықталады. Содан кейін маржиналды табыстан шартты тұрақты шығындар алынып, қаржылық нәтиже анықталады. Залалсыздық нүктесі – бұл кәсіпорын ешқандай зиян және ешқандай табыс көрмейтін өндіріс көлемі болып табылады. Залалсыздық нүктесі түсінікті түрде 2.1-суретте бейнеленген.

 

2.1-суреттегі үш негізгі сызық айнымалы шығындардың, тұрақты шығындардың және өткізуден алатын соманың өндіріс көлемінен тәуелді екенін көрсетеді. Өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі өнімді өткізуден түскен соманың өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын өндіріс көлемін көрсетеді.

Залалсыздық нүктесін анықтағаннан кейін табысты жоспарлау өндірістік левередж әсерінің негізінде құрылады. Өндірістік левередж әсері ешқандай зиян шекпейтіндей дәрежеде өндіріс көлемін азайта алатын қаржылық тұрақтылықты білдіреді. Өндірістік левередж тиімділігінің мағынасы келесідей: өнімді өткізуден түскен соманың кез-келген өзгерісі табыс көлемінің қатты өзгеруіне алып келеді. Бұл заңдылықтың күші шартты тұрақты шығындар мен шартты айнымалы шығындардың өндіріс және сатылым көлемінің өзгеруі салдарынан қаржылық нәтижеге түрлі әсер ететіндігімен байланысты. Өнімнің өзіндік құнында шартты тұрақты шығындар неғұрлым басым болса, өндірістік левередждің әсері де соғұрлым күшті болады. Керісінше, сатылым көлемі артқан сайын шартты тұрақты шығындардың өзіндік құндағы үлесі төмендей береді, сәйкесінше, өндірістік левередждің әсері де төмендей бермек.

 

=                (2.9)

 

Мысал. Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен сома 500 мың теңге, шартты айнымалы шығындар – 250 мың теңге, шартты тұрақты шығындар – 100 мың теңге. Заласыздық нүктесі мен өндірістік левередж әсерін анықтау қажет. Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтерді кестеге енгіземіз (2.6-кесте).

 

 

2.6-кесте

 

Жоспарлауға қажетті бастапқы мәліметтер

 

мың теңге

Көрсеткіштер

СомасыҮлесі, %
1Өткізуден алған табыс500100
2Айнымалы шығындар25050
3Маржиналдық табыс (1 – 2)25050
4Тұрақты шығындар100
5Қаржылық нәтиже (3 – 4)150

 

Маржиналды табыстың өнімді өткізуден түскен сомасына пайызын анықтаймыз:

 

250 : 500 · 100% = 50%.

 

Залалсыздық нүктесі бұл жағдайда тұрақты шығындардың өткізілім көлеміндегі маржиналды табыс үлесіне қатынасы ретінде анықталады:

 

100 : 50% · 100% = 200 мың теңге.

 

Өндірістік левередж әсері маржиналды табыстың табысқа қатынасы ретінде есептеледі. Біздің мысалымызда өндірістік левередждің әсер ету күші мынаған тең болады:

 

250 : 150 = 1,67.

 

Басқаша айтсақ, өткізілім көлемінің кез-келген өзгерісі табыстың 1:1,67 қатынасындағы  өзгерісіне алып келеді. Айталық, кәсіпорын өнімді өткізуден түсетін соманы 10%-ға арттыруға мүмкіндік алды. Онда табыс 16,7%-ға өседі:

 

Өнімді өткізуден алған сома500 · 1,1 = 550 мың теңге
Айнымалы шығындар250 · 1,1 = 275 мың теңге
Маржиналдық табыс550 – 275 = 275 мың теңге
Өнімді сатудан алған табыс275 – 100 = 175 мың теңге
Табыс 25 мың теңгеге, немесе 16,7%-ға өсті.

Өткізілетін өнімнің көлемі кеміген жағдайда өндірістік левередждің әсер ету күші арта түседі, сәйкесінше, табыс мөлшері де айтарлықтай азаяды. Біздің мысалымызда өнімді өткізу көлемін 5%-ға төмендеуі табыстың 8,35%-ға (5·1,67) азаюына алып келеді.

Қазіргі таңда өндірістік левередждің әсер ету әдісі табысты жоспарлауда кеңінен қолданылады. Тұрақты дамып келе жатқан экономика жағдайларында бұл әдіс кәсіпорын табысын ұзақ мерзімге (3 жылдан 5 жылға дейін) жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері

 

 

3.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары

 

Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайларында табыстың өсуі баға факторының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, елімізде инфляция деңгейінің төмендеуі, отандық нарықтың тауарлармен толуы, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің артуы тауар өндірушілердің бағаны өсіру арқылы табыс табу мүмкіндіктеріне тосқауыл бола білді. Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі – өндірістік шығындарды төмендету болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады. Әрине, кәсіпорындар отын-энергетикалық ресурстарды, материал және еңбек шығындарын үнемдеу, амортизациялық аударымдар үлесін азайту, әкімшілік шығындарды қысқарту секілді тәсілдердікеңінен қолданады. Алайда, айта кету керек, өзіндік құнды азайтудың да шегі бар. Өндірістік шығындарды осы шектен төмен азайту тауардың басты қаисиетінің, яғни сапасының, төмендеуіне алып келеді. Осы айтылғандар әкімшілік және коммерциялық шығындарға да байланысты, өйткені оларсыз кәсіпорын қажетті деңгейде қызмет ете алмайды және тауарды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалады.

Бүгінгі нарықтық шаруашылықта кәсіпорындар шығындарды басқару әдістеріне көп көңіл бөлуде. Осындай әдістердің әлемдік және отандық тәжірибеде кеңінен қолданылатыны – басқарушылық есеп. Оның көмегімен кәсіпорын шығындарын бақылау жүзеге асырылады. Әсіресе жауапкершілік орталықтары бойынша есеп әдісі өте тиімді болып келеді. Шығындарды басқарудың бұл нысаны шығындар құрылымын оңтайландыруға, шығындардың жоспардан ауытқуына жылдам бейімделуге және шешімдер қабылдау бойынша міндеттердің бір бөлігін құрылымдық басқарушыларға беруге мүмкіндік береді. Олар жоспарда белгіленген шығындардың мөлшерлеріне жауапкершілік тартады және жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп бюджеттеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Жан-жақты (толық) бюджет – бұл өндірістік және қаржылық жоспарлардың жиынтығы. Жақсы ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджеттер жоспарлау, орындалуын бағалау, бейімделу және коммуникациялар орнату үшін қолданылады. Негізгі бюджет өндірісті, өнімді өткізуді, үлестіруді және қаржыландыруды қамтиды. Мұнда кәсіпорынның болашақ табысы және ақша ағындары қарастырылады. 3.1-суретте негізгі

бюджетті құрудың жалпылама үлгісі берілген.

 

Бюджет барысын әдістемелік қамтамасыз ету кәсіпорынның саясатын, ұйымдық құрылымын, жауапкершілік пен билікті бөлу секілді жағдайларды қажет етеді. Бұлар бюджеттік бағдарламаларды құру үшін қажетті ережелер мен нұсқаулықтардың жиынтығы ретінде қолданылады. Нұсқаулықтарда не істеу керек, қашан және қалай істеу керек деген мәселелер нақты жауабын табуы тиіс.

Табысты арттырудың тағы да бір маңызды факторы – өндірілетін өнімнің ассортименті мен номенклатурасын жаңарту, яғни нарыққа жаңа тауарлар енгізу болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайларында табыс – өндірістік қорларды, сондай-ақ өндірілетін өнімді жаңаландыруды ынталандырушы күші болып табылады. Бұл заңдылық «тауардың өмірлік циклы» концепциясына сай келеді. Баршаға мәлім, кез-келген тауар өзінің өмірлік циклының кезеңдерін бастан кешіреді: тауарды жобалауды, игеруді, өндіріске енгізуді, өндіруді және нарыққа шығаруды. Нәтижесінде нарық осы тауарға әбден толады. Сонда тауар моральдық тұрғыдан ескіреді немесе бәсекелестік күреске жарамай қалады, сондықтан табыстылықтың төмендеуінің салдарынан оның өндірісі қысқартылуы немесе мүлдем тоқтатылуы тиіс.

Кәсіпорында табыс деңгейін сақтап қалу үшін жаңа өнімді жобалаудың және өндіріске енгізудің мерзімдерін анықтап алу маңызды. Өнімді жобалау және игеру кезеңі барысы белгілі бір уақыт шығындарын қажет етеді, осы уақыт ішінде кәсіпорын тек шығындар тартумен сипатталады. Содан кейін өнімді өндіріске енгізгеннен бастап шығындар азая береді және біршама мерзімнен кейін залалсыздық нүктесіне де жетеді. Сатылым көлемі ұлғайған сайын тұрақты шығындар үлесінің азаюы есебінен табыс көлемі де ұлғая береді. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі орнаған жағдайда табыс мөлшері бірқалыпты деңгейге жетеді және белгілі бір мерзім бойында өзгеріссіз болып тұрады. Мұндай жағдай бәсекелестер тарапынан ешқандай қауіп-қатер жоқ болған кезде өте ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Алайда, қазіргі таңдағы еліміздегі бәсекелестіктік дамуы кәсіпорындар үшін мұндай қолайлы жағдайлардың орын алуына ырық бермейді. Сол себепті, бәсекелестер жеткілікті жағдайда кәсіпорындар сатылымның қолайлы шамасын ұстап тұру кәсіпорынның рентабельділігін төмендету арқылы ғана мүмкін бола алады. Демек, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі төмендейді.

Бәсекелстік күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету арқылы сатылым көлемін арттыруға кәсіпорындардың қабілеттері жетпейді, өйткені жұмыс тиімсіз бола бастайды. Табыстылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар бағаны шығындардың төмендеуіне сәйкес төментетулері тиіс немесе нарықта үлкен сұраныстарға ие бола алатын басқа тауарды өндіруге күш салулары қажет. Осы факторды ескере отырып, кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруге табыс көлемінің барынша артқан кезінде кірісулері керек. Бұл ескі тауардың рентабельділігінің төмендеуі басталған мезетте жаңа өнімді шығару залалсыздық нүктесіне жетіп үлгеруіне жағдай жасайды.

Мұндай стратегия кәсіпорындардың қол жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда бұл көрсеткішті барынша арттыруға мүмкіндіктер береді.

 

 

 

 

3.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері

 

Жоғарыда біз кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың бүгінде отандық нарықта қалыптасқан негізгі алғы шарттарын қарастырдық. Ендігі кезекте табыстың экономикалық тәкекелмен байланысы, бұл тәуекелдер кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне қалай әсер ететінін қарастыратын боламыз.

Табыс ақшалай салымдар бойынша тәуекел деңгейімен тығыз байланысты. Кімде-кім өзінің қолындағы капиталымен тәуекелге барғысы келмесе, ол өз қаражаттарын банктік депозиттерге салып, пайыздық мөлшерлемелері инфляция деңгейінен жоғары болатын табыстар алып отырады. Егер барынша көп табыс алғысы келсе, онда өз мойнына үлкен тәуекелдер алуға тура келеді, себебі бұл ірі көлемдегі зиян шегу ықтималдықтарымен байланысты. Мысалға, акциялардың немесе облигациялардың құны түсіп кетуі мүмкін, сатып алынған жылжымайтын немесе өндірістік мүліктің бағасы күрт төмендеп кетуі мүмкін, ал депозит салған банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Бұл өзі құмар ойын тәрізді, өз мойнына алған тәуекел бастапқы салынған капитал өсіп, табыс алып келетіндей ұтысқа әсер ете алмайды.

Кәсіпкерлік тәуекелдің жөні бір бөлек. Бұл, ең алдымен, болашақ жағдайларды бағалауды қажет ететін инвестициялармен байланысты жұмыс. Қаражаттарды ұтымды пайдалану, сонымен қатар энтузиазмдықты, екпінділікті, нарық жағдайларына икемділікті барынша көрсете білу – осылардың бәрі жиналып, қажетті табыс алып келуі және жұмыс барысына оң әсерін тигізуі мүмкін.

Тәуекел деңгейі тұрақты шама болып табылмайды, бәрі шаруашылық әрекеттер барысына байланысты. Кәсіпкер немесе қаржы менеджері – бұлар тәуекел деңгейін төмендетіп, кәсіпорынға қажетті табыс мөлшерін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар.

Іскерлік тәуекелді төмендетудің мейлінше тиімді және қолайлы әдісі – жауапкершілігі шектеулі серіктесіктер немесе акционерлік қоғамдар құру. Бұлардың санатына шағын бизнеспен шұғылданатын кішігірім кәсіпорындарды да жатқызуға болады.

Белгілі бір іске салынған қаражаттар табыс алып келеді – бұл кәсіпкерліктің басты шарты. Алынған табыстың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі, ал қалған бөлігі жарғылық капиталды ұлғайту арқылы кәсіпорынның әрі қарай дамуына жұмсалады. Акционерлер кәсіпорынның иелері болып саналады,  табыс олардың табысын арттырады, ал зиян – табысты кемітеді.

Акцианерлер, өз қаражаттарын өндірісті дамытуға сала отырып, барынша үлкен табыстар алуға ұмтылады, яғни ірі тәуекелдерге баруға бел байлайды. Егер кәсіпорынның қызметі сәтті жүріп кетсе, акционерлер де үлкен олжаға ие болады. Ал егер керісінше жағдай бола қалса, онда кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары өздеріне тиесілі игіліктерді түгелдей өндіріп алады, ал акционерлер құр қол қалады, немесе солардан қалған қаражаттарға ие болады. Әрине, тәкекел қауібін біле тұрып, инвестор мұндай қадамға келешекте табыс табу мақсатында барады.

Әдетте, ешқандай кәсіпорын меншікті қаражаттарымен шектеліп қана қоймайды. Көптеген кәсіпорындар өз капиталын ұзақ мерзімді қарыз қаражаттар тарту арқылы ұлғайтады және осы үшін ұзақ мерзім бойына пайыздар төлеп отырады. Қарыз капиталды тиімді бағамен тарта білу кәсіпорынның табыстылығына әсер етеді.

Несие беруші, әдетте, үлкен пайыздық табыстарды талап етпейді, ол үшін қарызға берілген қаражаттардың сенімділігі маңыздырақ болып келеді. Дәл осы әрекеттер нәтижесінде, яғни тартылған қаражаттар бойынша пайыздарды уақытында төлей алмау немесе негізгі қарызды өтей алмау кәсіпорынның банкротқа ұшырауына негіз болады. Сәйкесінше, мұндай қатынастар барысында тек несие алушы ғана емес, несие беруші тұлға да үлкен тәуекелге барады. Сол себепті көптеген несие беруші тұлғалар өзінің қаражаттары нақты активтермен кепілдендірілуін талап етеді.

Кәсіпорын қалыптасқаннан кейін оның иелері «көлеңкеде қалып қояды» десе де болады. Әрі қарай кәсіпорынның капиталы, негізінен алғанда, қарыз қаражаттардың есебінен ұлғайып отырады. Бұл қаражаттар табыс табу үшін қолданылатын кәсіпорынның негізгі және айналым активтеріне инвестицияланады. Қарыздар бойынша кәсіпорын пайыздар төлеп отырады: төленетін пайыздардың сомасы кәсіпорынның қарыз капиталының «құнын» анықтайды.

Қарыз қаражаттардың және меншікті капиталдың құны кәсіпорынға қаражаттар салушылар салып отырған тұлғалардың табысының өлшемі болып табылады. Олардың мойныны түсетін тәуекелдер ауыртпалығын өлшеу әлдеқайда қиын. Дегенмен де, тәуекелдің ең шегіне жеткен деңгейінде де, яғни кәсіпорын толық сәтсіздікке ұшырағанда да, тәуекел мөлшерін инвестицияланған капиалдың мөлшерімен шектеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның  есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті.

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады.

Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада табыс – өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін жағдай – табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.

Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады.

кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларғ келесілер жатады:

  • өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  • жалпы активтердің айналымдылығы.

Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі – өндірістік шығындарды төмендету болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады.

Бәсекелстік күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету арқылы сатылым көлемін арттыруға кәсіпорындардың қабілеттері жетпейді, өйткені жұмыс тиімсіз бола бастайды. Табыстылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар бағаны шығындардың төмендеуіне сәйкес төментетулері тиіс немесе нарықта үлкен сұраныстарға ие бола алатын басқа тауарды өндіруге күш салулары қажет. Осы факторды ескере отырып, кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруге табыс көлемінің барынша артқан кезінде кірісулері керек. Бұл ескі тауардың рентабельділігінің төмендеуі басталған мезетте жаңа өнімді шығару залалсыздық нүктесіне жетіп үлгеруіне жағдай жасайды.

Мұндай стратегия кәсіпорындардың қол жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда бұл көрсеткішті барынша арттыруға мүмкіндіктер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы

 

  1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998

 

  1. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001

 

  1. Жуйриков К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2002, №2

 

  1. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002

Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003

 

  1. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003

 

  1. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002

 

  1. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003

 

  1. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003

 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету