Кәсіпорынның қаржылық жағдайы «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ

0
2

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші ………………………………………………………………………….

1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түсінігі және оның мәні ………………

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштері мен ақпараттық негіздері ………………………………………………………………

  1. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның 2004-2005 жылдардағы қаржылық жағдайына баға беру……………………………………. …………
  2. 1. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау ……………………………………………………………………………….

2.2. Баланс активтерінің динамикасын және құрамы мен                     құрылымын талдау ………………………………………………………………

2.3. Кәсіпорынның меншікті капиталын талдау. ………………………………

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары …………

3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары ………………………………………………………

Қорытынды ……………………………………………………………………..

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылыгы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылыгы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жагдайын талдау қажет.

 

 

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші

1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түсінігі және оның мәні

 

Жалпы кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіліуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін бірнеше көрсеткіштерді зерттеу қажет. Атап айтқанда, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, кәсіпорынның баланс өтімділігі, кәсіпорынның төлем қабілетттілігін бағалау, кәсіпорынның табыстылығы және қызметінің тиімділігіне баға беру. Енді осы көреткіштердің әр қайсысына жеке тоқталайық және «Тараз-орманы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қаржылық мәліметтері негізінде аталан мекеменің қаржылық жғдайын анықтайық.

«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты  өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы». Сондықтан да қаржылық тұрақтылығы барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен, және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дережеде болу керек. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі даму үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындалғаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуда, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей түрлерге жіктеуге болады:

  • пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
  • нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
  • құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
  • әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәспорынның өінің жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Кәсіпорынның өндірілетен өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығынын маңызды факторларының бірі —  активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомадан ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімның құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштері мен ақпараттық негіздері

 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігінін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері юойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова төлем қабілеттілігі: “кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған”,-деп жазады. “Фирманың қызметін қаржылық талдау” кітабының авторлары даосы көзқарасты ұстайды.

“Төлем қабілеттілігін, — деп жазды олар, — компанианың ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды”.

Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, “Шаруашылық қызметті талдау” оқулығының авторлары “Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. “Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы”. Сөз тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі — бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесінүзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.

Профессор В.В. Кавалев төлем қабілеттілігі деп оның “қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытанда және толығымен жүргізу қабілеттілігін” түсінеді. “Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарыныңжәне олардың эквиваленттерінің болуы”. Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы. “Төлем қабілеттілігі,- деп жазды ол,- бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек”.

Қысқа мерзімді міндеттемелерін жайлы болса да, бұл түсінікті професор А.Д. Шермет басқаша ашып көрсетеді.Ол “кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдереңгізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П Кондраков береді. Оның пікірінше “төлем қабілеттілігі — бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі”. Бұл жағдайда міндеттеме — бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын(қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндетті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімін ің өтуіне байланысты,қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына  жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары “несиелер” 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтермен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздардыөтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал матриалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (брінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

 

  1. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның 2004-2005 жылдардағы

қаржылық жағдайын талдау

  1. 1. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

Өнімнің өзіндік құнының маңызды талдап қорытындылайтын көрсеткіші — жалпы өнімнің шығындары болып табылады. Біріншіден, ол өте жан-жақты (өндірістің кез келген саласында есептелінеді), екіншіден, өзіндік құн мен табыс арасындағы тікелей байланысты көсетеді.

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 жылдағы есеп беру формаларын пайдалана отырып келесі негізгі аналитикалық кестені құрамыз.

2.1. кестеден көрініп тұрғандай, өнімді сатудан түскен табыс 2005 жылы 93714 мың теңгені құрады, ол 2004 жылғы деңгейге қарағанда 18901 мың теңгеге көп. Өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 13670 мың теңгені құраса, 2005 жылы 22591 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылғы деңгейге қарағанда +8921 мың теңге жоғары, есеп беру жылы сатылған өнімнің өзіндік құнының

Кесте 2.1.

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Іс жүзінде Ауытқу

(+;-)

2004 ж 2005 ж
1 Өнімді өткізуден түскен табыс мың тг 74813 93714 +18901
2 Өндірілген өнімнің өзіндік құны мың тг 13670 22591 +8921
3 Жалпы табыс мың тг 61143 71123 +9980
4 Кезең шығындары мың тг 43418 43344 -74
5 Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) мың тг 17725 27779 +10054
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян)  мың тг 2004 1654 -348
7 Табыс (зиян), барлығы  мың тг 19727 29433 +9706
8 Жұмысшылардың орташа тізімдік саны  Адам

 

44 49 +5
9 Жұмысшылардың еңбек ақы қоры мың тг 10560 10584 +24
10 Бір жұмысшының орташа жылдық еңбекақысы  тг

 

240 216 -24
11 Негізгі құралдардың орташа жылдық құны мың тг 29876 37191 +7315
12 Қор қайтарымы  тг. 2,50 2,52 +0,02

 

пайыздық қатынасы 165,3 % құрады. Кезең шығындары 2005 жылы 43344 мың теңгені құрады, ол 2004 жылға қарағанда -74 мың теңге аз. Мұндай жағдай негізгі қызметтен түскен табыстың +10054 мың теңгеге өсуіне алып келді.

Жұмысшылардың орташа тізімдік санының 5 адамға көбеюі еңбек ақы қорының 24,0 мың теңгеге ұлғаюына (10584-10560) алып келді.

Еңбек ақы қорының ұлғаюы бір жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысының өсуіне әсер ете алмады, ол өткен жылға қарағанда 24 мың теңге азайды.

Есеп беру жылы негізгі қорлардың орташа жылдық құны 7315 мың теңге өссе, бұл өсу қарқыны 124,5  % құрады.

2005 жылы қор қайтарымы 2,52 теңге болды, бұл 2004 жылға қарағанда +0,02 тг көп. Бұл негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғанын көрсетеді.

Осылайша, «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ есеп беру жылы табысты болды. Сонымен бірге кәсіпорын қызметінің кері жақтары да бар. Бұл өзіндік құнның өсуі, кезең шығындарының, еңбек ақы қорының өсуі, қор қайтарымының төмендеуі.

Осылайша, «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ есеп беру жылы табысты болды. Сонымен бірге кәсіпорын қызметінің табысты жақтары да бар. Бұл өзіндік құнның өсуі, кезең шығындарының, еңбек ақы қорының өсуі, қор қайтарымының жоғарылуы.

Кесте 2.2

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. сатылған өнім көлемінің негізгі қорларға әсерін бағалау

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Нақты Ауытқу

( +;-)

2004 ж. 2005 ж.
1. Сатылған өнім көлемі мың тг. 74813 93714 +18901
2. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны мың тг 29876 37191 +7315
3. Қор қайтарымы мың тг 2,50 2,52 +0,02
4. Қор сыйымдылығы мың тг 0,40 0,39 -0,01

 

Негізгі құралдардың тиімді пайдалану көрсеткіштері қор қайтарымы және қор сыйымдылығы болып табылады.

2004 жылы қор қайтарым коэффициенті 2,50 теңге болса, 2005 жылы 2,52 теңгеге тең болды, яғни оның +0,02 теңгеге ұлғаюы байқалады (2,52-2,50).

Қор сыйымдылығы коэффициенті есеп беру жылы -0,01 теңгеге төмендеді (0,39-0,40), бұл қор қайтарымының өсуімен дәлелденіп отыр, ал бұл негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың жақсарғанын білдіреді.

Сатылған өнім көлемінің өзгеруіне еңбек факторлары да әсер етеді. № 1-т «Еңбек бойынша есеп беру» формасына сәйкес келесі кестені құрамыз.

Бұл кестеге сәйкес есеп беру жылы персонал саны 5 адамға көбейіп отыр (49-44). Сатылған өнім көлемінің персоналдың орташа санына бөлу арқылы табылатын бір жұмысшыға келетін орташа өнім көлемі есеп беру жылы +212,2 теңгеге өсті (1912,5-1700,3).

Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану көрсеткіштері материал қайтарымы және материал сыйымдылығы болып табылады. Келесі кестені талдайық.

Кесте 2.3.

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. еңбек көрсеткіштерінің сатылған өнім көлеміне әсерін бағалау

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Нақты Ауытқу

( +;-)

2004 ж. 2005 ж.
1. Сатылған өнім көлемі мың тг. 74813 93714 +18901
2. Персоналдардың орташа тізімдік саны адам 44 49 +5
3. Бір жұмысшыға келетін орташа жылдық өндіру Тг. 1700,3 1912,5 +212,2

 

2.4. кесте мәліметтеріне сәйкес материалдық шығындар 2005 жылы +20360 мың теңгеге өсіп, 89947 мың теңгені құрады. Сатылған өнім көлемінің материалдық шығындарға қатынасы арқылы анықталатын материал қайтарымы есеп беру жылы -0,04 теңгеге азайды (1,04-1,08), бұл материал

Кесте 2.4

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. материалдық ресурстардың сатылған өнім көлеміне әсерін бағалау

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Нақты Ауытқу

( +;-)

2004 ж. 2004 ж.
1. Сатылған өнім көлемі мың тг. 74813 93714 +18901
2. Материалдық шығындар мың тг. 69587 89947 +20360
3. Материал қайтарымы  тг. 1,08 1,04 -0,04
4. Материал сыйымдылығы тг. 0,93 0,96 +0,03

 

сыйымдылығының +0,03 теңге өсуінен көрінеді.

Өнімнің өзіндік құнының неғұрлым жан-жақты көрсеткіші өндірілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын көлемі болып саналады. Ол өндірілген өнімнің өзіндік құнының сатылған өнімнен түскен табыс көлеміне қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш өзіндік құнның шын мәніндегі төмендеуін немесе жоғарылауын көрсетпейді, яғни оның көлеміне кәсіпорынға байланыссыз факторлар әсер етеді.

Кесте 2.5

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындарды талдау

 

     Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Нақты Ауытқу

(+;-)

2004 ж. 2005 ж.
1. Сатылған өнім көлемі Мың тг. 74813 93714 +18901
2. Өнімнің өзіндік құны Мың тг. 13670 22591 +8921
3. Сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын тг 0,18 0,24 +0,06

 

2.5. кестеден көрініп тұрғандай, 2005 жылы өнімнің өзіндік құны +8921 мың теңгеге өсті (22591-13670). Бірақ талдауды сатылған өнімнің бір теңгесіне келетін шығын арқылы жасау қажет.

Бұл көрсеткіштің мәні 0,06 теңгеге (0,24-0,18) өсті. Өндірілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығынның өсуі сатылған өнімнің 1 теңгесінен алынатын жалпы табыстың төмендеуіне алып келеді.

 

2.2. Баланс активтерінің динамикасын және құрамы мен                     құрылымын талдау

 

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ң қаржылық тұрақтылығын талдау үшін ең алдымен баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасына талдау жүргізу қажет, сонымен қатар баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасына талдау жүргізу қажет.

Ол көрсеткіштер келесі кестеде көрсетілген. Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның активтері бойынша есепті жылы 17494,3 м.тг болған, яғни -2176,8м.тг-ге азайғанын көруге болады немесе жыл бойындағы өзгерісі 11% -ға төмендегенін көруге болады.

Оның азаю себебі: ағымдағы активтекрдің өткен 2004жылмен салыстырғанда -2363,2м.тг-ге, оның ішінде, дайын өнімнің – 219,3м.тг-ге және ақша қаражаттарының -770,7 м.тг-ге азаюынан болып отыр. Жалпы кәсіпорынға ұзақ мерзімді активтер 2005жылы 5405,2м.тг. құрады, яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда 186,4м.тг-ге көбейген, немесе жыл бойына 3,6 % -ға өскен.

Сондай-ақ кәсіпорындағы дебиторлық қарыздар айтарлықтай сомаға, яғни 1386,3м.тг-ге азайған, немесе 33,7% -ға азайғанын көруге болады. Ал дебиторлық қарыздың азаюы жалпы кәсіпорын үшін жағымсыз көрсеткіш екендігі белгілі.

Ал кәсіпорын бойынша жалпы активтер құнының өзгеруіне келетін болсақ ұзақ мерзімді активтер 4,3% -ға көбейсе, ал ағымдағы активтердің құрылымы -4,3% -ға төмендегенін көреміз. Яғни оның ішінде 0,169%  дайын өнім, дебиторлық қарыздар 5,2%, ақша қаражаттарының құнының өзгеруі 3,4% болған.

Жалпы кәсіпорынның тиімді болуы тек кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің есебінен болған.

Кәсіпорынның активтерінің құрамын толық қарыстыру үшін «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымына келесі кестеде толық тоқталайық.

 

 

 

Кесте 2.6.

 

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау.

 

Көрсеткіштер атауы

2004ж 2005ж Жыл бойындағы өзгеріс (+,-)  

Құрылымының өзгеруі,%

Сомасы,

м.тг

Үлес салмағы% Сомасы,

м.тг

Үлес салмағы% Сомасы,

м.тг

Үлес салмағы%
1 Активтердің құны,

 

Барлығы: 19671,1 100 17494,3 100 -2176,8 -11
Соның ішінде:

1.     Ұзақ мерзімді активтер:

 

 

5218,8

 

26,6

 

5405,2

 

30,9

 

186,4

 

3,6

 

4,3

—        негізгі құралдар

5218,8 26,6 5405,2 30,9 186,4 3,6 4,3
2.     Ағымдағы активтер:

 

14452,3 73,4 12089,1 69,1 -2363,2 -16,4 -4,3
— өндірістік босалқылар

 

7857,9 39,9 7871 44,9 13,1 0,16 5
— дайын өнім

 

884,1 4,49 664,8 3,8 -219,3 -24,8 -0,69
— дебиторлық қарыздар

 

4107,4 20,8 2721,1 15,6 -1386,3 -33,7 -5,2
— ақша қаражаттары

 

1602,9 8,2 832,2 4,8 -770,7 -48 -3,4

 

 

 

 

 

Кесте 2.7.

 

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның 2004-2005жылдардағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

 

Көрсеткіштер атауы 2004ж 2005ж Ауыт

қу (+,-)

Сомасы,

м.тг

Үлес салмағы% Сомасы,

м.тг

Үлес салмағы%
1 Ағымдағы активтер:

Соның ішінде:

-материалдар

— аяқталмаған өндіріс

-дайын өнім

— басқа да ағымдағы активтер

-дебиторлық қарыздар

— ақша қаражаттары

14452,3

 

2482,4

3738,2

884,1

 

1637,3

4107,4

1602,9

100

 

17,2

25,9

6,2

 

11,3

28,4

11

12089,1

 

1691,2

4353,6

664,8

 

1826,2

2721,1

832,2

100

 

13,9

36

5,5

 

15,1

22,5

6,9

-16

 

-32

16

-25

 

12

-33

-48

 

Кесте мәліметтерінен «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның ағымдағы активтерінің 2005жылды өткен жылмен салыстырғанда құрамы мен құрылымының өзгерісін көреміз, яғни ағымдағы активтер есепті жылы 12089,1м.тг болып, яғни жалпы -16%-ға кемігендігін көреміз. әр қайсысына тоқталсақ оның азаюына көп әсер еткен ақша қаражаттарының үлес салмағы 6,9% алған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда -48%-ға азайған және 32%-ға материалдар азайып, есепті жылы 1691,2м.тг-ні құраған. Сонымен қатар дебиторлық қарыздар 33%-ға азайған. Яғни 2721,1м.тг-ні құрады. Осы аталған көрсеткіштер жалпы кәсіпорындағы ағымдағы активтердің жалпы азаюына әкеліп соқтырған. Дегенімен де «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-дағы ағымдағы активтердің ішінде көбейген көрсеткіштер бар, атап айтқанда басқа да ағымдағы активтер 12%-ға көбейген. Кәсіпорында ағымдағы активтерге кері әсер етуіш фактор ретінде аяқталмаған өндіріс көбейген. Яғни есепті жылы 36% үлес салмағын алған, яғни 16%-ға көбейген.

 

Кесте 2.8.

 

2005 ж. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚөтімділік деңгейі бойынша топтастырылған активтері мен өтелу мерзімі бойынша топтастырылған пассивтері

 

 

Рет №

 

Активтер

Сома, мың тг  

Пассивтер

Сома мың тг

 

Төлем артықщылығы (+), жетіспеушілігі (-)
Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы
1 Ең тез өткізілетін ак-тивтер

 

1602,9 832,2 Жедел міндеттемелер 4376,7 3160,4 -2775,8 -2328,2
2 Тез өткізілетін ак-тивтер

 

4107,4 2721,1 Қысқа мерзімді міндеттемелер 450,0 +3657,4 +2721,1
3 Жай өткізілетін ак-тивтер

 

8742 8535,8 Ұзақ мерзімді міндет-темлер 339,2 +8402,8 +8535,8
4 Өтімділігі қиын ак-тивтер

 

5218,8 5405,2  

Тұрақты міндеттемелер

14505,2 14333,9 -9286,4 -8928,7
Барлығы 19671,1 17494,3 Барлығы 19671,1 17494,3

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Кәсіпорынның меншікті капиталын талдау.

 

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымды активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезкңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз құжаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зертеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады.

Кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі – 2176,8 мың теңгеге немесе 88,9 %-ке азайғаны көрініп тұр. Бұл кему 2004 жылы 19671,1 мың теңге болған,  2005 жылы 17494,3 мың теңге болған,  қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,74-ден 0,82-ге дейін немесе 0,08 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының ( тұрақтылығының ) жоғарылағанын дәлелдейді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталындағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады :

Кесте 2.9.

 

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 жылғы жағдайы негізінде кәсіпорынның авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы

 

 

 

Көрсеткіштер

2004 жыл 2005 жыл Жыл бойындағы

өзгеріс

Құры

лымы-

ның

өзгеруі

пункт

(4гр — 2гр.)

Сомасы

мың.тг.

үлес

сал-

мағы

%

Сомасы,

мың тг.

үлес

сал-

мағы

%

Мың тг.

 

%

 

1 Авансталған капитал,

Соның ішінде:

1.1. Меншікті капитал

1.2.Қарыздық капитал

оның ішінде :

ұзақ мерзімді

 

19671,1

 

 

14505,2

 

5165,9

 

100

 

 

73,7

 

26,3

 

17494,3

 

 

14333,9

 

3160,4

 

100

 

 

81,9

 

18,1

 

-2176,8

 

 

-171,3

 

-2005,5

 

88,9

 

 

98,8

 

61,2

 

 

 

+8,2

 

-8,2

2 Тәуелсіздік коэффициенті (1.1жол:1 жол) Х 0,74 Х 0,82 Х Х +0,08
3 Қаржыландыру

коффициент

(1.1.жол: 1.2.жол)

Х 2,81 Х 4,54 Х Х +1,73
4 Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті

(1.2 жол: 1.1 жол

Х 0,36 Х 0,22 Х Х -0,14

 

Кт  = Қк * Ак  немесе  Кт  =  1 —  Ктс .

Мұндағы :    К т — тәуелсіздік коэффициенті ;

Қ к — қатыстырылған капитал ;

А к — авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны) ;

К тс  — тәкелсіздік коэффициенті .

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі 2004 жылы 0,26, ал 2005 жылы 0,18 болды. Бұл көрсеткіш біршама төмендеген, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. 2004 және 2005 жылы тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.

Кесте 2.10.

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ ағымдағы активтерінің

өтімділік көрсеткіштері

 

 

 

Көрсеткіштер

 

2004 жыл

 

2005 жыл

Өзгеріс (+;-) (2гр-1гр)
1. Ағымдағы активтер мың теңге, оның ішінде: 14452,3 12089,1 -2363,2
1.1. Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар 1600,9 832,2 -768,7
1.2. Дебиторлық борыш және басқа да активтер 4107,4 2721,1 -1386,3
1.3. Тауарлы-материалдық қорлар 8744,0 8535,8 -208,2
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер мың теңге, оның ішінде: 5165,9 3160,4 -2005,5
2.1. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар 450,0 -450,0
2.2. Кредиторлық борыш 1037,6 305,3 -732,3
2.3. Басқа да ағымдағы міндеттемелер 3678,3 2855,1 -823,2
3. Өтімділік көрсеткіштері
3.1. Абсолюттік өтімділік коэффи- циенті (1.1қ:2қ) 0,31 0,26 -0,05
3.2. Аралық өтімділік коэффициенті [(1.1қ + 1.2) : 2қ ] 1,11 1,12 +0,01
3.3. Жалпы (ағымдағы) өтімділік ко-эффициенті [(1.1қ+1.2+1.3қ):2қ] 2,80 3,83 +1,03

 

Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан- жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр трүрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткзушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорындынесиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағ.ө) бойынша бағалайды.

Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және т.б. шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек. Есептеулер кестеде келтірілген.

2.4 — кестенің мәліметтері 2005 жылғы өтімділік 2004 жылғыға қарағанда біршама жоғарылағанын көрсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті -0,05 пунктке артса, аралық +0,01 пунктке және ағымдағы -1,03 пунктке жоғарылаған. Егер бірінші көрсеткіш 2004 жылы теорияға сәйкес болмаса, ал екіншісі және үшінші көрсеткіш 2004 және 2005 жылы да теориялық мәніне сәйкес келеді.

 

 

3.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары

 

3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары

 

Банкрот деп танылған кәсіпорындарға бірқатар санкциялар қолданылады:

—  өндірістік қаржы қызметін қайта ұйымдастыру;

  • мүліктерін сатып, жою;
  • кредиторлар мен кәсіпорын меншік иелері арасында келісім;

Қайта ұйымдастыру процедуралары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жолымен белгілі бір ұйымдастыру техникалық шаралар жүргізуді қарастырады.

Талдаудың нәтижелері бойынша бағдарлама жасалуы қажет және банкроттыққа жібермеу және оны «қауіпті аймақтан» шығарудың ішкі және сыртқы резервтерін кешенді пайдалану мақсатымен кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бизнес-жоспары жасалады.

Кәсіпорынның қаржылық дағдарыс жағдайынан шығуының нақты жолдары оның тұрақсыздық себептеріне байланысты. Сондықтан көптеген кәсіпорындар тиімсіз мемлекеттік саясаттың әсерінен күйрейді. Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру жолдарының бірі қаржы жағдайы нашар шаруашылық субъектілердің мемлекеттік қолдау қажеттігі болып табылады. Бірақ мемлекеттік бюджеттің тапшылығы себебінен мұндай көмекті барлық кәсіпорындар  ала алмайды. Акционерлік кәсіпорынның меншіктік айналым капиталы тапшылығын қысқарту мақсатында оны жаңа акциялар мен облигациялар шығару және орналастыру есебінен толықтыруына болады. Бірақ жаңа акцияларды шығару оның бағамының құлдырауына соқтыруы мүмкін және бұл банкроттықтың тағы бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көп жағдайда белгіленген проценттік кірістерімен конвертацияланатын облигациялар шығаруға тырысады және оны кәсіпорынның акцияларына ауыстыру мүмкіндігімен.

Акционерлік кәсіпорындардың банкроттығын болдырмаудың жолдарының бірі акциялар бойынша дивиденттерді төлеуді қысқарту немесе толық бас тарту, акционерлерді қаржылық сауықтыру нақты бағдарламасымен және болашақта жоғары дивиденттер төлеуге сендіру шартымен.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды көзі факторинг болып табылады, яғни дебиторлық қарыздарды талап ету құқықтарын банкке немесе факторингтік компанияға беру, немесе келісім-шарт  — цессия. Бұл бойынша кәсіпорын өзінің талаптарын несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде дебиторларын банкке беру.

Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жаңартудың тиімді әдістерінің бірі лизинг болып табылады. Бұл бойынша жалға алынған мүліктің төлемін толық бір мезгілде талап етпейді және инвестициялаудың бір түрі ретінде қызмет етеді. Лизингтік операциялар бойынша жеделдетілген амортизацияны қолдану жабдықтарды оперативті жаңартуға мүмкіндік береді және өндірісті техникалық қайта жарақтауды жүргізеді.

Несиелерді кәсіпорынға жоғары табыстар алып келетін пайдалы жобаларға тарту тағы да бір  кәсіпорынды қаржылық сауықтыру резервтеріне жатады. Осыған өндірісті диверсификациялау шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша мәжбүрлік жоғалтулар бір бағыттағы басқа бағыттың пайдасымен жабылады.

Меншіктің капиталдың тапшылығын құрылыс мерзімін қысқарту, өндірістік коммерциялық циклды, қорларды жоғары нормативтік қалдығын, аяқталмаған өндірісті және т.б. қысқарту жолымен оның айналымдылығын жеделдету есебінен азайтуға болады.

Тұрғын үй, әлеуметтік, мәдениет, тұрмыс объектілерін ұстау шығындарын оларды жергілікті меншікке беру жолымен қысқарту негізгі қызметке капиталдың келуіне көмектеседі.

Негізгі өндіріс шығындарын қысқарту және тиімділігін жоғарылату мақсатында кейбір жағдайларда негізгі өндіріске қызмет көрсететін қызмет түрлерінің бірқатарынан бас тарту дұрыс және маманданған ұйымдардың қызметін пайдаланған орынды.

Егер кәсіпорын пайда алып, бірақ төлем қабілетсіз болса пайданы пайдалануды талдау қажет.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту резервтерін анықтау кезінде өтім нарықтарын, сұраныс пен ұсынысты зерттеу бойынша маркетингтік талдау жасау және осының негізінде өнім өндірісінің тиімді ассортименті мен өндіріс құрылымын жасау үлкен көмек көрсетуі мүмкін.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі және неғұрлым тиімді бағыттарының бірі өндірістің пайдалылығын ұлғайту бойынша және шығынсыз жұмысқа жету үшін ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Ол үшін кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетін жоғарылату, оның өзіндік құнын төмендету, материалдық, еңбек, және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік емес шығындарды қысқарту қажет.

Әр кәсіпорында жоғалтулардың барлық түрін жүйелі түрде анықтау үшін шығындарды немесе жоғалтуларды белгілі бір топтарға біріктіріп арнайы реестр жасау қажет:

А) брактан (жарамсыз өнім);

Б) өнім бермейтін өндіріс бойынша;

В) өнім сапасының төмендеуінен;

Г) сұраныс болмайтын өнімнен;

Д) пайдалы тапсырыс берушілер, пайдалы өтім нарықтарынан айырылып қалудан;

Е) кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалана алмағандықтан;

Ж) өнімнің бір бірлігіне белгіленген нормадан артық ресурстардың шығындалуы;

З) материалдар мен дайын өнімнің бұзылуы мен жетіспеушілігі;

И) толық тозбаған негізгі құралдарды істен шығарудан;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.  Төлем қабілетсіз кәсіпорындарға қолданылатын процедуралардың түрлері және оларды

қаржылық сауықтыру формалары

 

К) келісім-шарт тәртібін бұзғаны үшін айып санкцияларын төлеуден;

Л) мерзімі өткен дебиторлық қарыздардан;

М) Тиімсіз қаржыландыру көздерін тартудан;

Н) табиғат апаттарынан т.б.

Осы жоғарыдағы шығындар мен жоғалтулардың динамикасын талдау және оларды жою бойынша іс-шаралар өңдеу шаруашылық субъектінің қаржы жағдайын жақсартады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмыс «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ бойынша жазылған, яғни осы кәсіпорынның қызметі және «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша талдау жасалып қаржы жағдайына баға берілген.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент бірден 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның активтері бойынша есепті жылы 17494,3 м.тг болған, яғни -2176,8м.тг-ге азайғанын көруге болады немесе жыл бойындағы өзгерісі 11% -ға төмендегенін көруге болады. Оның азаю себебі: ағымдағы активтекрдің өткен 2004жылмен салыстырғанда -2363,2м.тг-ге, оның ішінде, дайын өнімнің – 219,3м.тг-ге және ақша қаражаттарының -770,7 м.тг-ге азаюынан болып отыр. Жалпы кәсіпорынға ұзақ мерзімді активтер 2005жылы 5405,2м.тг. құрады, яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда 186,4м.тг-ге көбейген, немесе жыл бойына 3,6 % -ға өскен. Сондай-ақ кәсіпорындағы дебиторлық қарыздар айтарлықтай сомаға, яғни 1386,3м.тг-ге азайған, немесе 33,7% -ға азайғанын көруге болады. Ал дебиторлық қарыздың азаюы жалпы кәсіпорын үшін жағымсыз көрсеткіш екендігі белгілі. Ал кәсіпорын бойынша жалпы активтер құнының өзгеруіне келетін болсақ ұзақ мерзімді активтер 4,3% -ға көбейсе, ал ағымдағы активтердің құрылымы -4,3% -ға төмендегенін көреміз. Яғни оның ішінде 0,169%  дайын өнім, дебиторлық қарыздар 5,2%, ақша қаражаттарының құнының өзгеруі 3,4% болған.

Жалпы кәсіпорынның тиімді болуы тек кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің есебінен болған.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды көзі факторинг болып табылады, яғни дебиторлық қарыздарды талап ету құқықтарын банкке немесе факторингтік компанияға беру, немесе келісім-шарт  — цессия. Бұл бойынша кәсіпорын өзінің талаптарын несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде дебиторларын банкке беру.

Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жаңартудың тиімді әдістерінің бірі лизинг болып табылады. Бұл бойынша жалға алынған мүліктің төлемін толық бір мезгілде талап етпейді және инвестициялаудың бір түрі ретінде қызмет етеді. Лизингтік операциялар бойынша жеделдетілген амортизацияны қолдану жабдықтарды оперативті жаңартуға мүмкіндік береді және өндірісті техникалық қайта жарақтауды жүргізеді.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Артеменко В.Г., Беленндир М. В. Финансовый анализ: Учебное пособие – М: Издательство «Дис», 1997 –128 с.
  2. Алборов Р. А. Аудит в организациях промышленности, торговли и АПК. –2 – е изд., перераб. и доп. – М: Издательство «Дело и сервис», 2000 – 432с.
  3. Баканов М. И, Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.2 – е изд. М.: Финансы и статистика, 1987 – 320 с.
  4. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1998 –112 с.
  5. Барнгольц С. Б.,Белобжецкий И. А. Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений. Учебное пособие –М.: 1986 –320с.
  6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
  7. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 1998 –512 с.
  8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (Теория и методология). Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
  9. Демченко В. С., Милета В. И. Системный анализ деятельности предприятия М.: Финансы и статистика, 1991 – 400 с.
  • Ержанов М.С., Ержанова С.М. «Учетная политика на казахстанском предприятии» (практический аспект), Алматы, изд. дом «Бико» 1997 – 52 с.
  • Ермолович Л. П.,Ермолович В. В. «Анализ эффеутивности промышленных предприятий и объединений »(справочное пособие) – Минск: Высшая школа, 1988 – 496 с.
  • Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия.М.: Центр экономики и маркетинга, 1995 – 380 с..