Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру

0
5

Жоспар

Кіріспе

1 бөлім

Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты

2бөлім

Қаржылық есеп беруді жасау

2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері

2.2 Бухгалтерлік баланс

2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру

2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі

2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Бұл курстық жұмыс «Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру» тақырыбына жазылған. Курстық жұмыста кәсіпорынның Қаржылық есеп беру ХҚЕС №1 стандартына негізделе отырып, бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы, ақша қозғалысы және оған түсініктеме жазбаға ,  меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептеріне сипаттама беріледі.

Кәсіпорын қаржысы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қажы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету  болып табылады.  Қаржылық есеп ақпараттың пайдалығына қатыссыз жыл сайын құрылытын есеп.Қаржылық есеп пайдаланушыларға шынайы айқын мәліметтер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім   Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

 

Қаржылық есеп беру — Бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысанарға топтастырылған көрсекіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Кәсіпорының  есеп беру нысандары жетіліп , есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттарының талаптарына сай келе бастады. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 26.12.1995ж. №2732 ҚР Заңының (өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге)өзінде  « Қазақстан Республикасындағы харжы есептілігінің стандарттары »2-1 бабында  қазақстандық ұйымдардың ХҚЕС- на өту мерзімдері айтылмаған. Бұл бап « Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңына 24.06.2002 жылғы № 329-II Қр Заңының негізінде енгізілген болатын . Осы Заңмен (11.06. 2004ж № 562-II  өзгерістермен және толықтыруларымен бірге) 2-1 бап:

  • Қазақстан респубикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын жекеленген ұйымдар үшін-2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
  • акционерлік қоғамдар үшін – 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;

-өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап;

2006 жылғы  1 қаңтардан бастап «бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңына сәйкес , Қазақстан Республикасы ұйымдарының барлығы дерлік ХҚЕС – қа көшті, енді осыған байланысты  барлық ұйымдар өзінің қаржылық есебін ХҚЕС-қа  сәйкес жүргізеді .

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер мен мердігерлер, сатып алушылар, еңбеккерлер , сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша  қаражаттарының болашақтағы ағындарын  бағалауға , несие беру бойынша шешімдерге және инвеститциялық шешімдерді  қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді .

Есеп беру мәліметтерді кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін , сондай-ақ шаруашылық қызметін жедел басқару үшін сыртқы пайдаланушылыр пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және  ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы)база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету , барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру , бухгалтерлік пен жедел – статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін)  сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады .

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

 

 

 

Қаржылық есеп берудің негізгі принциптері болып:

 

Базистік (әдістамалық) принциптер Сапалық принциптер Талапқою — принциптері
1.Екіжақтылық

2.Ақшалай өлшеу

3.Дербестік немесе мүліктік жекелік

4.Үздіксіздік

5.Өзіндік құн

6.Сақтық пен ықтималдық

7.Материалдық

8.Сату немесе есептеу әдісі

9.Сәйкестік

1. Түсініктілік

2. Орнықтылық

3. Сенімділік

4. Салыстырмалық

 

1.Толықтылық

2. Мәнділік

3.Шындық

4.Нысаннан мәнділіктің артықшылығы

5.Бейтараптылық

6. Сақтық

7. Деркезділік

8.Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасындағы теңдік

9. Сапалы сипаттар арасының теңдігі

10.Анық объективтікпен даярлау

 

Әрбір прнцип қаржылық есептің мақсаты мен мазмұнын терең түсінуге, мұның сапасын сипаттауға, қаржылық есептің пайдалығын анықтауға, қаржылық есеп элементтерін өлшеу мен тану тәртібіне, капитал ұғымы мен мұны тұрақтандыру мәселелерін ашып көрсетуге арналған.

 

                       Сапалық принциптер

Түсініктілік – ақпараттар сапасы. Ақпараттар кәсіпкерлік қызметпен айналысушылар үшін жеткілікті және қолайлы қалыптасуы керек. Егер кәсіпкерлік әрекеттермен айналысушылардың белгілі дәрежеде кәсіби білімі болмса да, қаржылық есепке тән жасалған ақпараттар пайдаланушылар үшін қолайлы және түсінікті болуы шарт.Сондықтан қаржылық есеп өрісіндегі барлық ақпараттар түсінікті жасалып, нақтылы жағдайда қолдану және шешім қабылдау тұрғысында өте анық болуы керек.

 Орнықтылық –ақпараттардың онықтылық принципінің негізін нақтылы әрекеттерді қамтитын ақпараттар құрайды.Орнықты ақпараттар қаржылық шешім қабылдаушылардың алдына қойған мақсатына жетуіне тікелей әсер етеді . Орнықты ақпараттардыңмысалына дивиденттер және еңбек аы төлеуді , құнды қағаздар курсының өзгеруін,сондай – ақ ұйымдардың дер кеінде алған міндеттемелерін жабу жөніндегі мәліметтер жатады. Орнықты ақпараттар өткен уақыттағы , қазіргі алдағы , сондай-ақ өткен оқиғаларды түзету мен бағалау үшін қажет. Орнықты ақпараттарды пайдалану мен талдау нәтижесінде өткен кездердегі орын алған нәтижелерді бекіту немесе түзету , сондай-ақ болжау процестерін шешуге болады.

  Сенімділік – мәні жағынан қатесіз жасалған ақпараттар қасиетінің сипатталуы. Арнайы қабылданған  есеп жүргізу жөніндегі ережелер мен  стандарттар талабын сақтай отырып , орытындыланатын қаржылық есеп  дайындау барысында осы ұйымның ызмет атқарушы бухгалтерлері есми қойылған талаптарға сай ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жөніндегі ақпараттарды да аса бір шындық және сенімді жодармен сапалы дайындалуы керек.

Есеп ақпараттарын пайдаланушы жақтар және клиенттер, фирмалар мен ұйымдардың т. б. Заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы  жөніндегі ақпараттарына сенімділік туғызуы керек . Егер қаржылық есеп даярлау барысында мәні жағына маңызды қателер мен ауытқушылықта жіберілмеген  жағдайда ақпараттар сенімді болады. Яғни орын алған операциялар мен оқиғалар жөніндегі ақпараттар теек шындық фактілерді ғана сенімді тұрғыдан көрсетуі керек.

  Салыстыру – есеп атқаратын пайдалаушылардың қабылдайтн шешімі көп ваианттылыққа жәнне бәсекелестікке  байланысты . Бұған мысал ретінде  бәсекеге түсуші жақтар асында өлемі жағынан шектеуі экономикалық ресурстарды инвестициялау жөнінде қабылданатын әр түрлі шешімді айтуға болады. Салыстыру принципі ұқсас екі компания арасындағы нәтижені осы жыл ішіндегі нәтижені өткен жылдардағы нәтижелермен  өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.  Салыстыруға келмейтін нәтижелересеп жүргізудің әр түрлі қосымша әдістерін қолданумен түсіндіріледі. Қаржылық есеп пайдалы және маңызды болу үшін, оның көрсеткіштері әрбір  есепті жылдар бойынша экономикалық және қаржылық трғыда салыстырып отыруы  керек .

Есеп мәліметерін салыстырудың нәтижесінде ұйым қызметінің болашақтағы тиімділігін анықтау, алдағы кезеңдер үшін қаржылық бағыттағы шешімдер қабылдау және несиелендіруші жақтар мен инвесторлардың  банкротқа ұшырап, кедейленіп кетпеуін қамтамасыз етуге жататын шараларды белгілеуге болады. Алайда бұл  үшін басқарудың ережелері мен бухгалтерлік есеп әдістерін бұрмалауға және шектеуге болмайды.

 

                        Талап қою принциптері

Толықтылық. Қаржылық есепті сенімділігін  қамтамасыз ету шін ақпараттар мәнділігімен бұларды алу шығындарының аз жұмсалуын  қадағалай отырып толыық жасалынуы керек. Есепке алынбай қалған ақпараттар қате немесе бұрмалаушылық жолмен тапсырылған есеп және мұндай фактілер орнықтылық жағынан сенімсіз, әрі жетілмеген болып табылады.

Осыған  байланысты талап қо  принципі тұрғысындағы толықтылық принципұйымдардың қабылданған есеп жүргізу әдіснамаларына  байланысты шаруашылық фактілерін топтастыру, құжааттама жүргізуді ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын  жүргізу,  ақпараттарды өңдеу рісіндегі бухгалтерлік есепке тән тиіст әдістерді қолдана отырып, қаржылық есеп құрудың толықтылығы қамтамасыз етіледі.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданға экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Шындық. Қаржылық есеп беру субьектінің ақша қаражатының қозғалысы, опеацияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алақысыз мәлімет ұсынуы тиіс.

Нысан мәнділіктің айырмашылығы. Егер шаруашылық фактілері мен басқа да операциялар шындық бағытпен жасалынса онда экономикалық қатынастар мазмұны тек қана құқықтық тұрғыда ғана емес, экономикалық жағынан да тиімді бағаланады. Бұл принцип есепте көрсетілетін операцияларды тек құқықтық жағынан ғана танып қоймай, мұндай операцияларды экономикалық маңызы және шаруашылық жүргізу ерекшеліктері жағынан да тануға бағытталған принцип болып табылады.

Бейтараптық. Қаржылық есепте берілетін ақпараттар сенімді болуы үшін, ақпараттар  алдын-ала ойланған кері фактілерден бейтараптық  жағдайда болуы керек. Егер ақпараттар бейтараптық жолмен  дербес жасалынса, онда ақпарат пайдаланушы жақтар да сенімді болады. Алдын – ала ойлнып жасалған кері факторлар құрамындағы жағымды факторларды көрсету үшін  ақпараттар объективті тұрғыда зерттеліп, есепке алынатын объектілер қатесіз өлшенуі керек.

Бейтараптық принцип есеп процесі ағынынан   ешқандайда факторлардың крі әсер етпеуін қамтамасыз етуге арналған . Бейтараптық принципті қолдану арқылы айрықша экономикалық жағдай туындату  мақсатында бухгалтерлік есеп счеттарын және басқа да мәліметтерді қалай болса солай қызмет атқарушы бухгалтерлердің өз қалауы бойынша қолдана беруге болмайды.

Сақтық. Қаржылық есеп даярлаушылар қандай дәрежеде болмасын белгісіз және түсініксіз факторларды болдырмау бағытында қызмет атқаруы керек. Түсініксіз факторлар көптеген оқиғалар мен жағдайлардан туындайды.

Сақтық – орын алған белгісіздік жағдай жөніндегі фактілерді бағалау мен анықтау үшін сақтық таныту болыып табылады. Мысалға, активтер мен нақтылы  түсетін пайда соммалары жоғарлап, ал міндеттемелер мен шығындар соммасы төмендеп кетпеуі үшін атқарушы бухгалтерлік аса бір сақтық танытып отыру керек.

Деркезділік. Ақпараттардың пайдаланушыларға қажетті уақытта жеткізілуін айтады. Деркезінде жасалған ақпараттар өткен кездегі мәліметтер мен операциялады бекіту мен түзету үшін қолданылады. Егер  есеп ақпараттары пайдаланушыларға дер кезінде жеткізілмеген жағдайда, онда ақпарат өзінің орнықтылық пен сенімділік принципін жоғалтуы мүмкін. Деркезділік принципі жариаланатын немесе жариаланған қаржылық есептің құрамдық бөлінбейтін қасиетін сипаттауға арналған.

  Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасындағы теңдік принципі. Сапалы ақпараттар даяарланудан түскен пайданың ұтымдылық дәрежесі ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар көлемінен артық болуы керек. Яғни, ұтымдылық пен жұмалған шығындар арасында жағымды  баланс сақталғаны жөн. Егер ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар пайда келтірмейтіндей орынсыз жұмсалса , онда ақпараттар қажетсіз болып танылады. Ақпараттар ұтымды дәрежеде жасалып жақсы қалыптасқан   жағайда сырты және ішк іақпарат пайдаланушы жақтар сенімді  болады.

Сапалы сипаттар арасының өзара теңдігін сақтау принципі.Қаржылық есептің негізгі қызметі мен орындайтын мақсатын іске асыру үшін қаржылық есептің  жекеленген сапалық сипаттары арасында қолайлы дәрежеде жағымды баланстық тиімділік сақталу керек. Әртүрлі  жағдайда орын алған сапалық  сипатқа тән принциптердің қажеттілігі мен іске асырылғандығы атқарушы бухгалтердің іскерлігі мен кәсіби білімділігіне байланысты  іске асырылады.

Объективтік принцип. Қаржылық есеп мүмкіндігіне қарай мейлінше жан-жақты объективті мәліметтерге негізделуі керек . Нарықтық немесе бизнестік қатынастар мен әрекеттер жөніндегі ресми құжаттар жасаушы бухгалтерлер объективтік принциптен ауытқумауы керек. Қаржылық есеп мәліметтері ресми және тексерілген құжаттрға негізделген. Бұл принцип  жекеленген қөзқарастары қолдану  немесе шектеу және шамалау, сондай-ақ өз бетімен зерделеу сияқты ұғымдарды барынша болдырмауға арналған.

Қазіргі нарықтық қатнастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Халықаралық қаржы  есеп стандарты бойынша есеп саясаты

 

Есеп саясаты, ХҚЕС бойынша қаржылық есепберудің негізгі тәсілдері мен жеткізу әдістері. ХҚЕС бойынша есеп саясаты қайта қаралды.

8- « Есеп саясаты , есептік бағалаулардың өзгерістері және қателіктері» IAS есеп саясатындағы таңдау және өзгерту критерийлерін , сондай-ақ есептік бағалаулар мен қателіктердің есептік деректерге ықпалы туралы ақпараттарды ашып көрсету жөгіндегі талаптарды белгілейді.

Есеп саяаты туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талапттр 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS-да белгіленген. 8- IAS қолдану аясы мынадай мәселелерді қамтиды:

-есеп саясатын таңдау немесе оны өзгерту;

-есептік бағалауларды өзгерту;

-алдағы есептік кееңдерде жіберілген қателіктерді түзету.

Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша 3 дәстүрлі блоктан тұрады:

1) жалпы бөлім;

2) ұйымдастыру бөлімі;

3) әдістемелік бөлім.

Жалпы бөлімінде мыналар қарастырылған :

  • ұйым туралы жалпы мәліметтер;
  • қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер тураы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
  • таңдап алынған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің халықаралық қаржы есептілігінің барлық талаптары  мен түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің түсіндірмелеріне жекелей, сондай-ақ жиынтық түрінде сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсету.

«Ұйымдастыру бөлімі» бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін  бөлуге, бухгалтерлік есепті жүргіздің қолданылатын нысандарын , шоттадың жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауа жауапты тұлғаларды анықтайтын елеулі  мәселелерді қамтиды . Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және  жүйелендіруге мүмкіндік беріп,  есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады.

« Әдістемелік бөлім » ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ХҚЕС ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс.

Салық салу және есеп мәселелерін  қозғайтын заңдарды қолданып, бухгалтерлік есеп стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кәсіпкер мен ұйымдар өзінің есеп саясатын қалыптастырады. Есеп саясаты №8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есептің есептемелері мен қателіктері», №1 «Қаржылық есеп беру» стандарттарға негізделеді

Есеп саясаты – бұл алдағы жылға әрекет жасауды ұстанатын жалпы басшылық екенін және ол түсіндірме жазбаларда  ашылуға тиісті әдістемелік сипаттағы мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру керек. Есепті кезең аяқталғаннан кейін қажетті қортындыларды шығарып, есеп саясатын таңдаумен байланысты барлық елеулі аспектілерді ашып көрсету және ұсыну мүмкін болады. Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына көшуді жүзеге асыру үшін  «дәстүрлі» тәсілді қолдану болып табылады , ол құжаттың жана талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы мәртебесін және есеп саясатының құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.

ЖШС «КазЖиһаздың» есеп саясаты

Жалпы бөлім

ЖШС «КазЖиһаздың»есеп саясаты:

-ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы

-ХҚЕС арқылы құрылған.

1.Организациялық-техникалық бөлім

1.1 ЖШС организациялық-құқықтық стаусы

1.1.1. ЖШС «КазЖиһаз» Қарағанды қаласында №15679879987 регистрациялық нөмерімен Әділет министрлігінде 23.11.2004 жылы тіркелеген. Иелік формасы – меншік.

Салық тіркеу нөмірі №302020288072

Есеп шот нөмірі №0013467185«Тұран Әлем» банк Қарағанды қ.

Директор – Ахметов Мади

Бухгалтер – Мадиева Асел

ЖШС мекен жайы: Қазақстан Республикасы , 010000 Қарағанды қаласы, Бейбітшілік даңғылы 9

1.1.3. Басты қызметі:

— құрылыс – монтаж жұмыстыры;

— жиһаз шығару (өндіру)

ЖШС мақсаты- пайда табу, болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша,  қандай көлемде  пайда табуға болатындығын  есептеп шығару.

ЖШС өзінің меншікте балансы, есеп айырысу және валюталық шоты, мөрі бар.

ЖШС орта есеппен штаттық кесте бойынша 50 адам бар.

1.1.4. Басқарушылық функциясындағы қызметкерлер:

— директор;

— өндіріс саласы бойынша директор орынбасары;

Бухгалтерлік есепті  және бухгалтерияны басқаруда – бухгалтер.

 

1.2. Бухгалтерлік организация қызметі

1.2.1. ЖШС жалпы бөліміне:

— қаржылық есеп  ХҚЕС шоттарымен көрсетілген ЖШС кірісі мен шығысы;

— қаржылық есепке базалық көрсеткіштермен қамтамасыз ететін  статистикалық есеп;

— басқарушылық есеп;

1.2.2. Бухгалтерлік есеп тенге мен тиында және компьютерлік 1С бағдарламасында жүргізіледі.

1.3  Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі

  • Бухгалтерлік есеп шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес кәсіпорынның өз бухгалтерлік есеп шоттарын құрастыруы.
  • Бухгалтерлік есеп регистрлары – журнал-ордерлер әдісі жүргізіледі.
  • Бухгалтерлік есептің бақылау жұйесі – есептік жыл ішінде тоқсан сайын материалды жауапты тұлғаларға түгендеу жүргізіледі, материалды жауап есебі 15 күнде бір рет бухгалтерияға тапсырылады.
  • Кәсіпорынның мүліктеріне түгендеу жүргізу мерзімдері мен тәртібі- жыл соңында 15 қарашадан бастап жылдық есеп беру барысында міндетті түрде түгендеу жасалады, аралық түгендеу тоқсан сайын.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүйесі ХҚЕС –ның талаптарымен нұсқауларға сәйкес жасалады.

 

2.Әдістемелік бөлім

2.1.Қаржылық есеп

ЖШС қаржылық есебін құрғанда:

а) МСБУ  (IAS) 1 «Қаржылық есеп ұғымы»

б) МСФО (IFRS) 1 «МСФО алғаш қолдануы»

в) МСФО (IAS) 7 «Ақша қаражат қозғалысы»

Қаржылық есеп ҚР ұлтттық валютасында жүргізіледі.

 

2.1.1. Қаржылық еептің құрылу мерзімі

Есеп формасының атауы Уақыты
Бухгалтерлік баланс Ай сайын
Кіріс және шығыыс есебі Ай сайын
Ақша қаражатының есебі Тоқсан сайын
Капитал өзгерісі Тоқсан сайын
Есеп саясаты, түсіндірме жазба, қосымша кесте Жылдық есепке

 

2 бөлім     Қаржылық есеп беруді жасау

 

Қаржылық есеп беру құрамына кіреді:

  1. Бухгалтерлік баланс (Қосымша №1)
  2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп (Қосымша №2)
  3. Ақша қозғалысы туралы есеп (Қосымша №3)
  4. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп (Қосымша№4)

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметіні нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамамасыз ету болып табылады .

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар ксіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға :

— инвесторлар – жасаған ивестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясының сатудың немесе оған сәйкес активтердің сатып алудың , немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорнның келешектегі күтілетін дивидендтерін төлеу қабылеттігін анықтау үшін қажетті ақпараттарды талап етеді :

 — жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабылетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

 — сатып алушы —  кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындағы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

 — қызметкерлер – кәсіпрынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер-тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;

 — Мемлекеттік органдар — кәсіпрынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясаты жүзеге асырады, сондай-ақ  статистикалық мәліметтерді жинайды;

 — Жұртшылық – жұмыс орын табу мақсатнда қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттард жинауға мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвенстициялық саясатын жасауға, несиелеу  аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі  мен ресурстарын  бағлуға  және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпраттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді .

Кәсіпрынның қаржылық есеп беруіндегі пайдаланушылардың талабы: кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвенсициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады . Жалпы алғанда , пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді .

Есеп берудің мәліметтері Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары (активтер құрылымы) Кәсіпорынның табыс алу қабілеттлігін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық қрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатнасы) Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицины тартудың птенциялдық икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем қабылеттілігінің коэффиценті Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабылеттілігін  бағалау
Рентабельдік  пен іскерлік белсендіігінің коэффиценті Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау
Қаржылық жағдайының өзгеруі Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің  нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын  бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау

 

Қаржылық есеп беру өзара байланысты , өйткнеі ондағы шарашылықтың бір ғана операциясы  әртүрл фактімен көрініс табады.Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шарашылық жүргізуші субъект пайдаланады.

Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын түсінікті  болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс . Қажет болған кезде түсініктеме жазбасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек .

Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны , өлшем бірлгі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кездердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі – мың тенге . жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық кальендерлық жыл саналады ; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күннен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да  кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек) .

 

 

 

2.1 Қаржылық есеп берудің элементтерінің  сипаттамасы

 

Қаржылық есеп беру  мәмленің және басқа да  оқиғаның нәтижесін  классқа топтастырып, экономикаық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады .

 Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық  олжа ретінде көрсетіледі. Ол мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен  активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті ) өндіру үшін, содай-ақ өндірісті басқару және басқа және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ эккономикалы олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа ативтерге айырбасталуы, кәсіпорынның ьміндеттемесін  өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

Активтер физикалық нысаны да бар болуы  мүмкін  (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны бомауыда мүмкін (лицензия, «ноу-хоу», гудвилл және т.б.); сондай-ақ  активтер дебиторлық қарыз  болып келуі мүмкін.

Міндеттемелер – ол өткен мәмілнің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан  қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әректтің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарыз төлеу немесе одан бас тарту, ал  кредитор  қарызданушыдан өз міндеттемесін орынбалыуы талап етуге құқығы бар. Міндеттемесінің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашуы қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді . Міндеттеме  тек актив алынған кезде немесе субъект келісім – шарттық қатынасқа  отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оның төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті  берген кезде жойылуы мүмкін . Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

Меншік капитал —  бұл  субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерліік есепте ол бірнеше топқа бөлінеді :  жарғылық капиталы, төленбеген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шруашылық қызметін  талдаған кезде қажет . Егер д баланс пассивтің құрамында меншік капиталыың үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі —  бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызмеінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы) . Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады .

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активттердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл септік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбейюі . Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъектінің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын  таратып беру – шығс болып танылады.

 Табыстар – бұл субъектінің негізгі және негігі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына : өнімді,  жұмысты, қызметі сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық құдылықтардан, жалға беруден инвестициялық қызметтерден түсетін табысы жатады . Ал нгізгі емес қызметтен түсетін табыстардың  қатарына : негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағымдық айырмадан түскен табыстарры жатады.

 Шығыстар — өнімді өндіруден, жұмысты атқарумен , қызметті көрсетумен бйланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану —  бұл бухглтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау.  Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы үмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттмелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

Бастапқы құн – активтер тааптар келісі бойынша белгілеенген және олардың алынған бағасыша  бойынша  көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

Ағымдағы құн – активтер есеп берудегі ақшалай соммасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол соммада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы  бойынша көрініс таады және тап осы сомада өтелуі палап етіледі;

Сату құны – активтердің өзінің сатылған құны  (ақша қаражатының сомасы ) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған саомасын білдіреді жәнеолардың төленуін талап етеді;

Баланнстық құны —  актив пен міндеттеме баланстық есептеме берілген күндегі бағасы бойынша көрініс табады .

Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Бухгалтерлік баланс

Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс болып саналады .  Оны жасауға дейін есеп регистірдегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады.

Баланс Бас кітапта  көрсетілен шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кзегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.

Ұзақ  және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп  бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.

Баланстағы ағымдағы активер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай – ақ пайдаланатындар үшін өте  қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады. Баланс мәіметтер бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

Кәсіпорында өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары  оның ресурстарынның көлемі мен құрамында демек балансында өзгертеді. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың ықпалымен балансың өзгеруінің 4 типі бар.

I.Өзгеріс тек актив жағында болса, бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді II.Өзгеріс тек пассив жағында болса, бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді

III.Өзгеріс активтада пен пассивтеде болса, бұл жағдайда баланс валютасы бірдей  соммаға  ұлғаяды

  1. Өзгеріс активтада пен пассивтеде болса, бұл жағдайда баланс валютасы бірдей соммаға кемиді
Типтер Актив Пассив Баланс валютасы
I + ;- өзгермейді
II + ;- өзгермейді
III + + ұлғаяды
IV кемиді

 

 

Бухгалтерлік баланс  ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін  немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдаын ескере оотырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: кіріспе баланс; аралық баланс; жойылуға байлансты баланс.

Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмаларт.б. заңды тұлғалардың жарғысы тіркелген соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.

Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты  айға, күнге, тоқсанға қарай жаалынады. Мысалға, капиталдың  шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына тлдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.

Жойылуға байланысты баланс ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында  баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуынна байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.

 

ЖШС «КазЖиһаз» 1 маусымға шаруашылық құралдары.

  1. Материалдық емес активтер – 37600
  2. Материалдық емес активтер тозуы — 23000
  3. Негізгі құрал – 750000
  4. Негізгі құралдың тозуы – 75600
  5. Материалдар – 86105
  6. Тауарлар – 300480
  7. Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі – 17000
  8. Сатыпалушының қысқа мерзімді дебиторлық берешегі — 367300
  9. Басқа да дебиторлық берешек – 4100
  10. Банктік шоттағы ақша қаражаты – 333440
  11. Кассадағы ақша қаражаты – 27160
  12. Банктік шоттағы шетел валютасындағы ақша қаражаты -900015
  13. Есепті жылдың пайдасы – 883200
  14. Төленбеген капитал – 634000

15.Қысқа мерзімді кредиторлық берешек – 634200

  1. Қосылған құн салығы -187000
  2. Әлеуметтк салық – 46200
  3. Мүлік салығы – 12440
  4. Корпаративтік табыс салығы – 54300
  5. Басқа да салықтар – 24380
  6. Зейнетақы аударымы – 40200
  7. Еңбек ақы — 162680
  8. Төлеуге тиісті қысқа мерзімді сыйақы -17260
  9. Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыз — 28740

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2006 жылғы   Бухгалтерлік баланс

 

 

Ұйымның атауы                                                          ЖШС «КазЖиһаз»

Ұйым қызметінің түрі                                                Өндірістік

Ұйымдық- құқықтық түрі                                          Жауапершілігі шектеулі қоғам

Ұйымның заңды мекен – жайы                                 Қазақстан Республикасы, 010000,

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік даңғылы 9

 

мың теңге

Активтер Жол коды Шот Есепті кезең басы Есепті кезең соңы
I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері 010
Кассадағы  ақша қаражаты Д1010 27160 25280
Банктік шоттағы ұлттық валютадағы  ақша қаражаты Д1040 333440 444350
Банктік шоттағы шетел валютасындағы  ақша қаражаты Д1050 900015 900015
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 011
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 012 Д1280 4100 4100
Сатыпалушының қысқа мерзімді дебиторлық берешегі Д1210 367300
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі Д1250 17000
Қорлар 013
Шикізат пен материалдар Д1310 86105 346605
Тауарлар Д1330 300480 315080
Ағымдағы салықтық активтер 014
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер 015
Өзге де қысқа мерзімді активтер 016
Қысқа мерзімді активтердің жиыны 100
II. Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар 020
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 021
Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар 022
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 023
Негізгі құралдар 024 Д2410 750000 750000
Жиналған тозу сомма К2420 75600 75600
Биологиялық активтер 025
Барлау және бағалау активтері 026
Материалдық емес активтер 027 Д2730 37600 37600
Жиналған тозу сомма К2740 23000 23000
Кейінге қалдырылған салықтық активтер 028
Өзге де ұзақ мерзімді активтер 029
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны 200
Теңгерім (100-жол+ 200-жол)
Пассивтер
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер 030
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер 031
Салықтар бойынша міндеттемелер 032 К3190 24380 24380
Қосылған құн салығы К3130 187000 187000
Әлеуметтік салық К3150 46200 46200
Мүлік салығы К3180 12440 12440
Корпаративтік табыс салығы К3110 54300 54300
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер 033 К3220 40200 40200
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 034 К3310,3380,3390+3350 680200+162680 840710+

2000

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері 035
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер 036
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны 300
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер 040
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек 041
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері 042
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 043
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер 044
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны 400
V. Капитал
Шығарылған капитал 050 К5020 634000 634000
Эмиссиялық кіріс 051
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар 052
Резервтер 053
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) 054 К5410 883200 883200
Аздық үлесі 055
Капитал жиыны 500
Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)

 

 

Басшы ––––––––––––––––––––––             ––––––––––––––––––

                      (аты-жөні)                                       (қолы)

 

Бас бухгалтер –––––––––––––––––––       –––––––––––––

                            (аты-жөні)                              (қолы)

 Мөр орны

 

 

 

Айналым ведомосі

Бухгалтерлік шоттардың шифры мен атауы 1 маусым қалдығы Ай  ішіндегі  айналым Ай соңына қалдық
Д К Д К Д К
2730 37600 37600
2740 23000 23000
2410 750000 750000
2420 75600 75600
1310 86105 260500 346605
1330 300480 14600  315080
1210 367300 367300
1250 17000 17000
1280 4100 4100
1010 27160 208800 210680 25280
1040 333440 417300 306390 444350
1050 900015 900015
5020 634000 634000
5410 883200 883200
3110 54300 54300
3130 187000 187000
3150 46200 46200
3190 24380 24380
3180 12440 12440
3220 40200 40200
3310 634200 71250 260500 823450
3380 17260 17260
3390 28740 28740
3350 162680 160680 2000
1030 50000 50000
Айналым 2823200 2823200 1211870 1211870 2823030 2823030

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.  Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі

 

Ақша қаражатының  туралы есеп беру қаржылық есеп-қисаптың міндетті құрамдас бөлігі  болып табылады және ақша қаражаттары мен олардың экиваленттерінің келіп құйылуы мен шығуы. Ақша экиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, вексель және т.б. жатады. Ақша түсімді туралы ақпарат,  біріншіден кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың экиваленттерін табу қабылеті , сондай – ақ ақша түсімдерін пайдалануға кісіпорынның мұқтаждығын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіорынның таза активтеердегі өзгерісті, оныың қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабылетін бағалауға көмектеседі . Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулрді  салыстыруға  мүмкіндік береді.

Ақша қаражаты — субъектінің кассада және банктерде  шоттарында жатқан барлық ақшасы.

Ақша қаражатының қозғалысы – олардың келіп түсуі мен шығуы . Ақша қаражатының  туралы есеп Субъектінің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құраында беріледі.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің негізгі мақсаты:

  • заңды тұлғаның есеп беру кезеңі ішінде ақша қаражатының келіп түскені және шыққаны туралы;
  • заңды тұлғаның есеп беру кезеңіндегі операциялық, инвестициялық жән қаржылық қызметтері туралы ақпарат беру болып табылады.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттры мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не  жанама әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдалануы мүмкін, бұл  әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымды активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерісіне , сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Операциялық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашыады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, ҚДШ (көлік – дайындау шығысарының ) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджеттке тиесі төлемдерін шегереді.

Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттының түсуі мен шығууының нәтижесі: өнімді, жұмысты қызметті  сатқан түсімнен  алынған авантан, пайыздан, дивидедтен және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен  және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілгеен аванстан төленген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен т.б. шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелерінен, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдарен салыстыра отырып қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзетулер жасалынады . Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді тек қана  таза табыс сомасын   өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалыс тікелей әдіс бойынша анықтаған кезде оладың қозғалысы әсер ететін фкторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцилары ашылады.

 

Таза табысты түзету

 

Таза табысты түзететін операциялар Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені  ол ақша қаражаттар шығысын әкелмейді
Ағымдағы активтер сомасының өзгерістері : дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқада ағымдағы активтер т.б. Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егер де керсінше болса онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсететіледі
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері (қысқа мерзімді банк несиелерін  қоспағанда), кредиторлық қарыздар салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер Ағымдағы міндеттемелердің сомса өссе, ақша ағымның сомасыда өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысыда көрсетіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 .4 Инвестициялық және қаржылық қызмет

Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзіді активтердің құрамы мен мөлшерінде өзгеріс туғызған операциялар. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына мысал болады:

1.Ақша қаражаттарының түсуі: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және басқа ұзақ мерзімді активтерді өткізуден; қаржылық инвестицияларды өткізуден; басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу; басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу; басқа да түсулер.

  1. Ақша қаражаттарының шығуы: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және басқа ұзақ мерзімді активтерді алу; қаржылық инвестицияларды алу; басқа заңды тұлғаларға несие беру; басқа төлеулер.

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар кіреді. Инвестицялық қызмет қаржылық – шаруашық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдары және басқа да сатыдың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет – меншікті капитал мен сыртан алынған қаражаттарының құрамы мен мөлшерінде өзгеріс туғызған операциялар. Қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының  қозғалысына келесілер мысал болады:

1.Ақша қаражаттарының түсуі: акция және басқ бағалы қағаздар шығарудан; банк несиесін алу; басқа да түзетулер.

  1. Ақша қаражаттарының шығуы: банк несиесн қайтару; меншікті акцияларды сатып алу; девидендлер төлеу; басқа төлеулер.

Қаржылық ызмет меншік капиталы мен қарыз каптиалының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылды.

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін . Оларға : материалдық емес активтерді және  негізгі құралдары ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлыөқ қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5   Қаржылқ есеп беруге жасалған түсініктеме жазба

Түсініктеме жазба – қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселерді ашу керек.

  1. Есеп бөлігіне қтысты субъектінің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері:

— материалдық емес активтер мен негізгі құралдар – бағалаудың тәсілдері мен амортизацияны есептеу;

— субъектінің инвестициялық саясаты – қаржылық инвестицияны баланстық құнын анықтау және қайта бағаланған  ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның есептен шыққанын, қата бағалаудан алынған табысын шығару; инвестицияны сатқаннан алынатын тбысқа шектеулер қою; қайта бағалаудың кезеңділігін сактау т.б.с.с.

— тауарлық материалдық қорларлар – қорды есепке алуды әдісі және оларды бағалау, сатып алынған алынған тауарларды және дайын өнімді бағалаудың әдісі; —  тапсырыс берушілермен және сатыпалушылармен, әртүрлі дебиторлармен, еншілес, тәуелді және бірлесіп  бақыланатын серіктестермен есеп айырысудың нысаны; күмәнді қарыздар бойынша резервтерді жасау;

— міндеттеме – несиелік саясатын, демелысқа шыққан еңбеккерлердің еңбек ақысы төлеудің  резервін жасау және т.б.

— меншік капиталы – жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, қосымша төленбеген капиталды табысқа жеткізу, есептік жылдағы табысты тарату, девидендтері  төлеу т.б.

— табыс және шығыс, өндірістік есеп – табыс пен шығыс  есебін ұйымдастыру, негізгі және көмекші өндірістегі шығын есебін ұймдастырудың әдістері; аяқталмаған өндірісті бағалау әдітері, өндірістің өзі шығарған шала фабрикаттардың қозғалысының есебі , үстеме шығыстарының таратудың әдістері және т.б.

Егер де есепті  жылда қабылданған есептік саясатта өзгерістер орын алса, онда оларды ашып және олардың негізділігін дәлелдеу керек; ал егер де  олардың сонынан мәнді материалдық және қаржылық өзгерістер туындайтын болса, онда мұндай өзгерістерді есептеу керек.

  1. Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:

— Ұзақ мерзімді активтер бөліміне қатысты:

негізгі құрал – ұзақ мерзімді жалға алынған, меншігіндегілер, уақытша әкелінгендер меен Қазақстанда шығарылғандар; активтерді иелік етудің  шектеулері; міндеттеме бойынша кепілдікке қойылған активтер; амортизацияны есептеу әдісі; сондай-ақ өндірісте қолданылмай тұрған негізгі құралдар және т.б.

материалдық емес активтер түрі, олардың амортизациясын есептеу әдәстері;

инвестиция  — инвестор қожалық ететін шаруашылық серіктестіктер тізімі және олардың қатыстық үлесі, табы үлесі; инвестордың табысына пайыздардың, роялтилердің, деведентердің және қысқа мерзімдік инвестициялардың біршама сомасы енеді; инвестицияны сатқаннан  алынатын табысқа шектеулер қою және т.б.

ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар бойынша және топшыланған өтеу мерзімі бойынша топтастырылады; болашақ кезеннің шығыстары , оларды есептен шығару мерзімі бойынша есепке алынады және т.б.

— Ағымдағы активтердің бөлігінее қатысты тауарлы – материалды қорлардың түрлері бойынша, болашақ кезеңнің шығыстары есептен шығару мерзімі бойынша, ақша қаражаттарының түрлері бойынша, қысқа мерзімді инветициялардың  ағымдағы және баланстың құны бойынша , дебиторлық қарыздардың топшыланған өтеу мерзімі бойынша ашылады.

— Меншік капиталдарының бөлігіне қатысты : есептік жылда жаррғылық капиталына енгізілген өзгерістер туралы ақпараттар. Акционерлік қоғамдардың әрбір акциясының түрлері бойынша келесі мәліметтерді келтіру керек: айналыста жүрген, шығарылған, жарияланған акциялардың соммасы мен сан; ағымдағы акцияның құны;  есептелген девидендтер; сатып меншік акциялары; есепптік кезеңде және келешекте шығару опциондардың жағдайын және сомасын, пайдасын көрсете отрып жарияланған акциялар.

— Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты : несие мен қаражаттарының  қамтамасыз етілуі  және етілмеуі; кейінге қалдырылған салықтар; қарыз қаржаттары мен бан несиелері бойынша пайызық мөлшерлемесі;  қарыз қаражаттарын және банкі ннесиелерін өтеу мерзімі және несиелік келісім шартттардан шығатын түсініктеме бойынша  басқа да талап етілетін мәселелер.

— Қысқа мерзімді міндеттемелерге  қатысты : қысқа мерзімді несиелер сомасы; ұзақ мерзімді несиенің ішіндегі қысқа мерзімге  қатыстысы; салық, салым және басқа да төлем түрлеріне кіретін кредиторлық қарыздардың сомасы; болашақ кезеңде түсетін  табыс түрлері; ұзақ мерззімді міндеттемелердің қайта аржыландыруға жатқызылған бөлігі және т.б.

 

  1. Қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбады мына сұрақтар қамтылуы керек.

— кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар;  сатылған өнімнің өзіндік құнының  өсуіне әсер ететін , факторлар;

— жалпы және әкімшілік шығыстарынның деңгейін өсіретіннемесе төмендететін факторлар;

— төтенше жағдайлардан алынған табыыстар мен шығыстар – есептік кезеңде орын аалған әрбір төтенше жағдайға түсінк беру керек;

— есептік кезеңде орын алған және қаржылық шаруашылық қызыметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларынн баяндау керек.

 

  1. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар баяндалуы керек.

— операциялық қызметтен түсетін ақша қарражатының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын  қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде жанама ма);

— түсетін ақша қаражаттары  мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто-негізінде  ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша  қаражаттарынан  клиенттердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;

— ақша қаражатының қозғалысыбойыншашектеулер және т.б.

Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме жазбада кейбір мәселелер бойынша қайталанып берілетін түсініктемелерге  жол бермеуді адағалау керек.

 

  1. Түсініктеме жазбадакәіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына жалпы баға берілуі керек.

Бухгалтерлік есеп беру нақты  бір кезең уақытындағы қаржылық – шаруашылық қызметінің бір-бірімен байланысқан кешенді көрсеткіштерін көрсетеді. Бух есеп беруідің нысаны  ақпараттылығымен және қисындылығымен өзара байланысқан, ал бұл кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайы туралы ақпараттарды динамикалық тұрғыснан жан-жақты қамтамасыз етеді және қаржылық талдау үшін  толық қанды базасы ретінде қаржылық  есеп берудің пайдалануына өз ептігін тигізеді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдісі  қаржылық есеп беруге берілетін ақпараттың көлеміне және мақсатына тәуелді болып келеді . Егер де талдаудың мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекттің даму мүмкіндігі мен  жағдайы туралы ақпаратты көрнекті әр жай ғана алу болса онда талдаушы экспресс-талдаумен ғана шектеледі . Егер де талдаудың мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектің экономикалық жағдайын тәптіштеп толық түрінде талдау болса, онда қаржылық – шаруашылық қызметінің барлық талау көрсеткіштерін пайдалануы керек .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Курстық жұмыста «Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру» туралы жалпы сипаттама берілді. Қаржылық есептің төрт нысанына қарастырылды. Курстық жұмыстың мақсаты  қаржылық есепке түсініктеме беру және қаржылық есепті қалай жүргізу, ұйымның қандай қызмет атқаратындығы туралы мәліметтер,ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесі  және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат беру болып табылады.

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін атаймыз.Есеп беру процесін жасау  есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы  сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі.
  2. Қазақстан Республикасының Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар №2732 Жарлығы.
  3. «Шаруашылық серіктерстіктер туралы» Заң.
  4. «Акционерлік қоғам туралы» Заң.
  5. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж. 145-148 бет.
  6. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж. 25-36 бет.
  7. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж. 332-352 бет.
  8. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 209-212бет.
  9. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.
  10. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
  11. К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г. С.114-115.
  12. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.
  13. Бухгалтер бюллетені. №3, қаңтар 2006ж.
  14. Бухгалтер бюллетені. №23, маусым 2006ж.
  15. Бухгалтер бюллетені. №39, қыркүйек 2006ж.
  16. Учет и финансы. Л. Продан. Собственный капитал предприятия, его сущность, оценка и связь с финансовой устойчивостью компании. №6, декабрь 2006г.

Қосымшалар

Қосымша №1