Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату

0
3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1   КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

  • Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық

ағымдарының түсінігі мен экономикалық қатынастардағы алатын орны

  • Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын

басқарудың ұйымдық  құқықтық негіздері

2 “Қазақавтожол” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ

2.1. “Қазақавтожол” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық

қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау

2.2. “Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын

басқару ерекшеліктері және оны ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның қаржылық айналымдарының басқару механизмін жетілдірудің негізгі факторы болып, экономиканы жақсартуға бағытталған қазіргі кездегі өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. Әлеуметтік–экономикалық тұрақсыздық пен нарықтағы инфрақұрылымның үнемі өзгерістер жағдайында қаржылық менеджердің ағымдағы қызметінің негізігі орны қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарды басқару болып табылады. Ұдайы  жетіспеушілік негізінде  қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарын басқару қазіргі кездің кәсіпорын харекетінің бағытын бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті 2007 ж. халыққа арнаоған “Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты” атты Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық жағдайын жоғарлату, халықтың экономикалық тұрғыдан әл-ауқатын жақсарту мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу мақсаты-бұл кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату шаралары негізінде экономикалық талдау жасау.

Осы басты мақсатқа жету үшін келесідей өзекті мәселелерді жүргізу:

  1. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасын беру;
  2. “Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық және ұйымдастыру қызметін көрсету;
  3. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару жұмыстарын жетілдіру жолдарын анықтау;

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні-бұл қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі-бұл “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қарастырылады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында ақпараттық құқықтық актілер, оқулықтар, мерзімді басылымдар, коммерциялық емес харекет етуші субьектінің негізінде статистикалық жинақтар қолданылған.

Кез келген кәсіпорын өзінің харекеті барысында қаржылық ресурстардың қажеттілігін сезіп, заңды және жеке тұлға қарым – қатынастарына қажетті жағдай туғызады. Өндірістік процесі барысында қаржылық және ақшалай ағымдардың үздіксіз қозғалуы бюджет, серіктес алдында міндеттемелерді орындау, кәсіпорындар алдында қарыздардың болмауы, төлем қабілеттілік, қаржылық тұрақтылық, несие төлей алушылық пен рентабельділікті көрсетеді. Қаржылық ағымдар мен қаржылық айналымдарын басқарудың басты себебі – кәсіпорынның қаражаттар айналысын қамтамасыз ету, яғни бұл жұмыс тақырыбын толығымен ашып қарастыру болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың талдауы қаржылық менеджер харекетінің негізгі бағыты болып, ақшалай қаражаттардың қозғалыс уақытындағы қаржылық ағымдардың талдауы, оны болжамдау, ақшалай қаражаттардың оптималды деңгейін анықтау мен ақшалай қаражаттар бюджетін құрастыруды анық көрсету болып табылады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың теоретикалық негіздері аталып, олардың нарықтық экономикадағы рөлі, кәсіпорында қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын ұйымдастыру және  қазіргі кездегі жағдайларында олардың қызмет ету ерекшеліктері сипатталған.

Екінші бөлімде қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару аспектілеріне методологиялық талдау жасау арқылы: кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарына деген сұранысы, кәсіпорында қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару мен қаржыландыру көздерін анықтау және кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару әдістері анық көрсетілген.

Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқаруды жетілдіру жолдарын әзірлеп, қойылған мақсаттар шегінде қаражаттарды басқару механизмін жетілдіру ұсыныстары берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

  • Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының түсінігі мен экономикалық қатынастардағы алатын орны

 

Қаржылық айналымдар кәсіпорын мүлігінің құрамды бөлігінің бірі болып табылады. Олардың пайдалану тиімділігі мен жағдайы кәсіпорын харекеті жетістігінің бірден бір шарты болады. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды.

Инфляция, төлемсіздік пен басқа шекті жағдаяттар кәсіпорынды айналым қаражаттарына деген саясатын амалсыздан өзгертуге, жаңа толықтыру көздерін іздеуге, оларды тиімді пайдалану проблемасын зерттеуге итереді. Кәсіпорынның материалды негізі болып, еңбек қаражаты түріндегі өндірістік қорлар табылады. Еңбек қаражаты түрлі деңгейде мен басқа еңбек құралдары қызмет ету  барысында өзінің құнын өнім өндірісі құнына әр түрлі жағдайда көшіреді. Сондықтан да өндірістік қорлар негізгі және айналымды болып бөлінеді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс ортасына қызмет етіп, бір өндірістік цикл барысындағы бастапқы өндірістік нысанын өзгертіп қана өзінің құнын дайын өнім құнына көшіреді. Айналым қорлар өз айналымында ақшалай, өндірістік және тауарлай нысандарын игереді, яғни кейін олар өндірістік қорлары мен айналыс қорлары болып бөлінеді. /1, 97 б./

Өндірістік айналым қорлары өзімен бірге өндіріс үшін қажетті шикізат запастары, негізгі және қосымша материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша бұйымдар, жанар май, жөндеуге қажетті қосымша бөлшектер, бағалылығы төмен мен тез тозатын  бөлшектер, аяқталмаған өндірісті бейнелейді.  /2, 37 б./

Айналыс қорлары өзімен бірге дайын өнім, ақшалай қаражаттар мен төлем қаражаттарын енгізеді.

Өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары қаражаттардың үздіксіз қозғалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қорлар айналысы шикізат, материалдар, жанар май мен басқа да өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудан басталады және бұл айналыстың бастапқы деңгейі болады. Қорытындысында ақшалай қаражаттар өндірістік запастар формасын иеленеді және айналыс ортасынан өндіріс ортасына көшірілуін көрсетеді. Осы кезде құн шығындалмай, тек қана авансталады, өйткені айналыс біткен кезде ол қайта оралады. Айналыстың екінші деңгейі – өндіріс процесі барысында жүреді, жаңа құнды иеленген жаңа өнімді дайындаған еңбек күші өзінің өндіріс қаражаттарын пайдалануды жүзеге асырады. Авансталған құн өз нысанын қайтадан өндірістіктен тауарлыққа ауыстырады. Айналыстың үшінші деңгейінде өндірістік дайын өнімді (қызмет көрсету, жұмыс) мен ақшалай қаражаттарды алу болып табылады. Осы деңгейде айналым қаражаттары қайтадан өндірістік ортадан айналыс ортасына өтеді. Үзілген тауарлық айналыс жаңартылып, тауарлық нысанындағы құн ақшалай нысанға өтеді. Өнімді дайындау мен сатуға (қызмет көрсету, жұмыстар) кеткен қаражаттар сомасы мен өндірілген (қызмет көрсету, жұмыстар) өнімнен түскен сомасы арасындағы өзгешелігі кәсіпорынның ақшалай жинағын құрайды.

Бір айналымды бітіріп, айналым қаражаттары жаңа деңгейге түседі. Айналым қаржыларының біркелкі қозғалысы өндіріс пен айналыс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұл айналым қаржыларының негізігі өндірістік функциясы болып табылады.

Айналым қаржыларының талдауын жасаған кезде айналым қаржыларының айналыс жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларына көңіл аудару керек. Олар төмендегі 1 суретте көрсетілген.

Айналым қаржылары қаржылық категориялардың ішінде негізгі біреуі болып, өндірістік ортасына, айналыс ортасына, халық шаруашылығының есеп жағдайы мен мемлекеттің қаржылық айналысына әсер етіп, өзінің үшінші функциясын, яғни төлем есептік функциясын іске асырады. /2, 44 б./

Айналым қаржыларының түсінігі өндірістік пен айналыс қорларының айналысын қаражатпен аванстау сияқты, осы категорияның оның толық экономикалық мазмұнын ашпайды. Ол белгілі бір ақшалай қаражаттарын аванстау өндіріс процесі кезінде пайда болатын қосымша өнімнің запас құнына аванстау процесі сияқты жүретінін есепке алмайды. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлар айналымының қорытындысында, айналым қаржыларын авансталған сомасы түскен пайда сомасынан неғұрлым үлкен мөлшерді құрайды. Ал рентабельді емес кәсіпорындарда қорлар айналымының қорытындысында, айналым қаржыларын авансталған сомасы түскен пайда сомасынан шығындар арқасында неғұрлым азаяды.

Сонымен айналым қаржылары өзімен бірге қажетті мөлшердегі өндірістік пен айналыс қорларының айналымын пайдалану мен жоспарлы құрылуын және кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларын даярлау мен уақытылы есеп жүргізуді қамтамасыз ететін авансталатын қаражат нысанын құрайды. Айналым қаржылары өзімен бірге материалды мен ақшалай ресурстарды қосатындықтан, олардың ұйымдастырылуы мен тиімді пайдалануы материалды өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді болады. /2, 43 б./

Айналым қаржыларының ұйымдастырылуы олардың тиімділігін жоғарлату жалпы комлексті проблемаларының негізгісі болады. Айналым қаржыларының ұйымдастырылуы келесілерді қарастырады:

–  айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын анықтау;

–  кәсіпорында айналым қаржыларының сұранысын анықтау;

–  айналым қаржыларының құрылу көздерін анықтау;

–  айналым қаржыларын бақылау мен қозғалысын анықтау;

– айналым қаржыларының тиімділігі мен пайдалану қауіпсіздігінің жауапкершілігі. /3, 56 б./

Айналым қаржыларының құрамына өндірістік қорлар мен айналыс қорларының айналысын құрайтын элементтерінің жиынтығы кіреді.

Айналым қаржыларының элементтері болып: шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жанар май мен  отын, ыдыс пен ыдыс материалдары, жөндеуге арналған бұйымдар, құрал – жабдықтар, шаруашылық  керек жарақ пен басқалар, аяқталмаған өндіріс пен өзіндік дайындалған жартылай фабрикаттар, келешек мерзімнің шығындары, дайын өнім, тиілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар және тағы басқалар.

Жоспарлау, есеп пен талдау тәжірибесінде айналым қаржылары келесідей белгілер бойынша топталады:

  • өндіріс процесі барысында функционалды рөлі бойынша – айналым өндіріс қорлары мен айналым қорлары;
  • бақылау, жоспарлау мен басқару тәжірибесі бойынша – нормаланатын және нормаланбайтын айналым қаржылары;
  • айналым капиталының құрылу көздері бойынша – меншік айналым капиталы мен қарыз айналым капиталы;
  • өтімділігі бойынша (ақшалай қаражатқа өту жылдамдығы бойынша) – абсолютті өтімді қаржылар, тез өтімді айналым қаржылары, баяу өтімді айналым қаржылары;
  • капиталды салымдарының тәуекелділік дәрежесі бойынша – минималды дәрежелі тәуекелділігі бар айналым капиталы, төмен дәрежелі тәуекелдігі бар айналым капиталы, орташа дәрежелі тәуекелдігі бар айналым капиталы, үлкен дәрежелі тәуекелдігі бар айналым капиталы;
  • есеп стандарттары мен кәсіпорынның балансында көрсетілуі бойынша – запастағы айналым қаржылары, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;
  • материалды мүліктік пайдалануы бойынша – еңбек заттары, дайын өнім мен тауарлар, ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттар. /1, 81 б./

Айналым қаражаттар құрылымының негізінде айналым қаражаттар жалпы сома элементтерінің ара қатынасын белгілейді. /2, 49 б./

Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы экономиканың түрлі салалары мен қосалқы сала бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық ретінің  көптеген факторларымен анықталады.

Өндірістік кәсіпорындар үшін сипатты белгісі болып, айналым қаражаттарының негізгі бөлігін дебиторлық қарыз тауарлық материалды құндылықтардың запастары алып жатқандығы табылады. /4, 53 б./

Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидаты нормаландыру болады. Осы қағидатты жүзеге асыру экономикалық тұрғыдан меншік айналым қаражаттарының қажетті шамасын орнату мен солардың көмегімен төлем есептік пен өндірістік функцияларын жүзеге асыруда тиімді жағдай жасауға көмектеседі.    Қазіргі кездің қате тәжірибесі нормаланатын айналым капиталдан бас тарту болып және ол төлем есептік тәртіптің құлдырау себебінің бірі табылады.

Айналым қаржыларын дұрыс ұйымдастырудың негізгі қағидаты оларды тек қажетті мақсатта пайдалану. Бұл қағидаттың бұзылу нәтижесінде айналым қаражаттарының өндірістік айналым аванстаудан шығындарды жабу, шаруашылықсыздан түсетін шығындар, қарыздар бойынша банк пайыздарының жоғары төлемдері, салық төлемдерінің бюджетке төлеу нәтижесінде төлем есептік тәртіптің дағдарысына, дайын өнім мен шикізат үшін жеткізушілерге деген қарыздардың өсіміне, қызметкер мен жұмысшыларға төленетін еңбек ақыға, салық төлемдері бойынша бюджеттік төлемдеріне әкеледі.

Айналым қаражаттарының ұйымдастырудың маңызды қағидаты болып, олардың сақталуы, оңтайлы қолдануы мен айналымды тездету табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастырылуы өзімен бірге сақталуға үздіксіз бақылау мен тексерісті пайдалану тиімділігі мен статистикалық көрсеткіштерінің, жедел және бухгалтерлік есеп негізінде іс жүргізеді. /5, 249 б./

Ал қаржылық ағым дегеніміз – депозиттік (ағымды) шоттар және қолма–қол ақшалар, кәсіпорынмен барлық харекеті нәтижесінен түсетін және келешек харекет шығындарына жұмсалатын ақшалай қаражаттар болып табылады. Сонымен қатар ақшалай қаражаттар есебіне қысқа мерзімді жоғары өтімді бағалы қағаздар, солардың ішінде мемлекеттік қазыналық вексельдер, банктік депозиттік сертификаттар, ашық түрдегі инвестициялық қорлар түсімдері мен артықшылығы бар акциялар алынады. Қаржылық қаражаттар мен өтімді бағалы қағаздар запастары сала мен компанияның басқа салалары бойынша қозғалуға мүмкіндігі бар. /4, 301 б./

Қаржылық ағымның құрылуының басты факторы болып, кәсіпорынның сатып алушыға сатқан өнімнен түсетін төлем табылады. Қаржылық түсімдерінің есепті ағымды көрсеткіштері – түсім мен сатудан түскен пайда болады. Түсім мен сатудан түскен пайда кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасы ретінде өте  маңызды. Бірақ сонда да ол сатудан түсетін қаржылық ағымдары туралы ақпарат жоқ болса, ол толық емес болушы еді.

Қорытындысында ақшаның бар болуы мен болмауы кәсіпорынның даму бағыты мен мүмкіндіктерін, ал ақшалай түсімдердің төлемдерден жоғарлауы қосымша пайда түсіру мақсатында ақшаны аудару болып табылады. Бірақ осында кейбір жағдайларды ескерген жөн, кәсіпорын үшін  оның төлем қабілеттілігін қолдап тұратын өтімді активтер түрінде үнемі белгілі бір сома болуы қажет. /7, 17 б./

Сатудан түскен табыс – сатылған өнімге деген қосылған шығындар мен есепті табыс арасындағы әртүрлілігі болады.

Ақшалай қаражаттардың ағымы бұл көрсеткіштерге тәуелді болады. Ол өзімен бірге кәсіпорынның белгілі бір мерзімге ақшалай қаражаттарды төлеу мен түсім арасындағы әртүрлілікті көрсетеді. Ақшалай қаражаттарды төлеу мен табу өнімді дайындауға кеткен шығындар мен өнімді сатудан түскен пайдамен байланысты емес.

“Кәсіпорынның ақшалай ағымы” түсінігі өте ауқымды, өзінің ішінде шаруашылық харекетке қызмет ететін осындай көптеген ағымдардан тұрады. Ақшалай ағымдарын тиімді бақылау мақсатында белгілі бір жіктелу қажет болады. Осындай ақшалай ағымдарынның жіктелу келесідей топтастыру бойынша жүзеге асырылады:

  1. шаруашылық процеске қызмет ету масштабы бойынша;
  2. шаруашылық харекет түрлері бойынша;
  3. ақшалай қаражаттардың қозғалу бағыты бойынша;
  4. көлемді есептеу әдісі бойынша;
  5. игілік деңгейі бойынша;
  6. уақытты бағалау әдісі бойынша;
  7. қарастырылатын мерзімнің құрылу үздіксіздігі бойынша;
  8. уақыт аралығының біртекті құрылымы бойынша /2, 382 б./. Қарастырылған сыныптама кәсіпорында ақшалай қаражаттар түрлерінің есеп, талдау мен жоспарлауды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ақшалай қаражаттардың қолма – қолды мен қолма – қолсыз кәсіпорынмен алатын және жұмсайтын нысандағы ағымын менеджментте ақшалай ағымдар деп атайды. Бұндай ағымдардың екі түрі кездеседі: оң және теріс.

Оң ағымдар өзімен бірге кәсіпорынның ақша қаражаттарының түсуін көрсетсе, ал теріс ағымдар – кәсіпорынмен ақшаның кетуі мен жұмсалуын анықтайды. Ақшаның кассадан немесе есеп шотқа ішкі тасымалы ақшалай ағымдарға жатпайды. Ақшалай ағымның пайда болуы біріншіден кәсіпорынаралық “шекараны” кесіп өту міндетін орындау болып табылады. Белгілі бір уақыт мерзіміндегі ұлттық ағыс пен ағымның арасындағы ақшалай ағымдарының айырмашылығын таза ақшалай ағым деп атайды. Ол да (ағыс немесе ағым) оң және теріс болуы мүмкін /5, 362 б./.

Жоғарыда айтылып өткендей, кәсіпорынның барлық ақшалай ағымдары негізгі үш топқа бөлінеді: операциялық, инвестициялық және қаржылық харекетінен түсетін ағымдар, өзінің ішінде ағыс пен ағымдар түрінде бөлінетін ағымдар болып табылады.

Операциялық харекетінен түсетін ағымдар өнімді сатудан (қызмет көрсету, жұмыс) түскен табыс, дебиторлық қарызды жабу, сатып алушылардан түсетін аванстардан құралады. Операциялық ағыстар – бұл жеткізуші мен мердігерлердің шоттарын төлеу, еңбек ақыны төлеу, бюджеттік және бюджеттік емес қорларға төлемдер, несие пайыздарын төлеу жатады. Бұл тізім сонымен бірге өзіне кәсіпорынмен жасалатын барлық айналым қаражаттарымен  операцияларды жатқызады.

Инвестициялық харекетінен түсетін ақшалай ағыстар өзімен бірге негізгі қорлардан түсетін төлемдер, жаңа объекттердің құрылысына төлемдер, пайда табу не оларды бақылау мақсатында кәсіпорындар немесе акция пакетін сатып алу, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қарыз беру жатқызады. Сәйкесінше инвестициялық ағымдар негізгі қорларды сату мен аяқталмаған құрылыстан, басқа кәсіпорындардың акция пакетін сатудан, ұзақ мерзімді қарыздың қайтару сомасы, кәсіпорынмен белгілі уақыт мерзіміндегі акция пакетін ұстау үшін алатын дивиденттер сомасы және ұзақ мерзімді қарыздармен пайдаланғаны үшін қарыз алушылардың пайыздары.

Қаржылық ағыстар  – бұл жаңа акциялар мен облигацияларды орналастырудан түскен сома, басқа кәсіпорындарда не банктерден алынған қысқа мерзімді мен ұзақ мерзімді қарыздар, басқа көздерден түскен бүтін қаржыландару болып табылады. Ағыстар өзімен бірге қарыз бен несиелердің қайтарылуын, облигацияларды қайтару, меншік акцияларды сатып алу, дивиденттерді төлеу жатқызады. Бұл бөлім  ішкі қаржыландыру көздерінен, яғни кәсіпорынның негізгі харекетінен тәуелсіз құрылады. Қаржылық операцияларға негізінен кәсіпорынмен алынатын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздар мен банк несиелері (соның ішінде вексель қарыздары) жатады. Бірақ несие үшін төленетін пайыздар (мерзімге байланысты емес) кәсіпорынның операциялық харекетіне жатады.

Кәсіпорының ақшалай ағымдарының барлық түрлерімен топталасуы есеп беру ақпаратының аналитикалық тұрғыдан жоғарлатады. Қаржылық менеджер (немесе несие беруші) кәсіпорынға қандай көздер пайданы үлкен көлемде әкелетінін және қайсылары оларды үлкен көлемде пайдаланатынын көріп білуі тиіс. Қанағатты жұмыс істейтін кәсіпоырнда таза ақшалай ағым нөлге бағытталуы тиіс, яғни есеп мерзімі ішінде түскен ақщалай қаражаттар тиімді түрде инвестицияланып қалуы қажет. Бірақ осы нәтижеге түрлі жолдар әкеледі: негізгі қорларды көбейту мақсатында кәсіпорынмен пайдаланатын қолма – қолды таза ағымды операциялық харекеті әкелуі мүмкін. Бірақ керісінше  жағдай да болуы мүмкін – кәсіпорын негізгі капиталының бір бөлігін  сатқан кезде, өзінің таза ақшалай ағымын операциялық харекетінен жабады. Бұл нұсқа кәсіпорын үшін әсіресе жағымды емес, оның ақшалай қаражаттар негізгі көзі ретінде оның мүлікті сату емес операциялық харекеті болуы тиіс.

Ақшалай қаражаттардың баланстық қалдықта белгілі бір мерзім ішінде ұлғаю не азаю себебі активтер және пассивтер баланс құнының өзгеруінен тәуелді болады. Қайсы бір актив бабының ұлғаю құны (ақшалай қаражаттардан басқа) – ақшалай қаражаттардың азаюын көрсетеді. Және керісінше қарыз және меншік көздерінің қаржыландырылуы ұлғайса, ақшалай қаражаттардың қалдық факторының ұлғаюы болып табылады.

Сәйкесінше, ақшалай қаражаттар қалдығының өзгеруін кәсіпорынның активтер мен пассивтерді қадағалау қаржылық саясаты түрінде қарастыруға болады. Солардың қатарына:

а) айналымнан тыс активтердің әр бір элементі бойынша ұлғаю не азайту қажеттілігі туралы шешім қабылдау;

ә) запастарды бақылау, соның ішінде қажетті запастардың негізгі құнын анықтау, неғұрлым қымбат шикізат пен басқа да материалдық құндылықтарды сатып алу;

б) дебиторлық қарызды бақылау, яғни сатып алушылар мен басқа дебиторлармен есеп шарттарын жүргізу, сенімсіз дебиторлық қарызды көшіру, мерзімі шыққан қарызды қайтаруды ынталандыру;

в) меншік капиталының қажетті мөлшері мен оның қарыз қаржыландыру көздерімен байланысы туралы шешім қабылдау;

г) кәсіпорын үшін тиімді жеткізушілермен есеп міндеттерін қамтамасыз ету;

д) ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді қарыздар мен несиелерді пайдалану қажеттілігі мен ықтималдығын анықтау.

Осы мәселелердің барлығы төлеу қабілеттілігін, кәсіпорынның несие төлеу қабілеттілігін мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ақшалай қаражаттардың қажетті қалдығына және активтер мен пассивтердің құрылысына әкелуі керек. /7, 251 б./

Ақшалай ағымның құрылымын басқа факторлар тобының негізінде бағалау мүмкіндігі бар – ақшалай қаражаттардың түсу көзі мен олардың пайдалану бағыттары бойынша  (1 кесте).

 

1 кесте.

Ақшалай ағымның құрылуы

 

        Ақшалай қаражаттардың түсімі Ақшалай қаражаттардың жұмсалуы
1 Тауар, өнім , қызмет көрсетуден      түскен пайда. Сатып алынған тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетуге төлеу.
2  Мүлікті сатудан түскен пайда. Еңбекті төлеу.
3 Қабылданған аванстар. Бірегей қоғамдық қорға аударымдар.
4 Бюджеттік және басқа бағытты қаржыландыру. Есеп сомалар мен аванстарды төлеу.
5 Өтеусіз қабылдау. Құрылыста бөлшекпен  қатысу.
6 Несиелер мен қарыздар. Машиналар, құрылыстар мен құрылғыларға төлеу.
7 Қаржылық түсімдердің дивиденттері мен пайыздары. Қаржылық аударымдар.
8 Басқа түсімдер. Бағалы қағаздар бойынша пайыздар мен дивиденттерді төлеу.
9 Бюджетпен есептесу.
10 Қарыздар мен несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу.
11 Басқа да қажетті төлемдер мен аударымдар.

 

Ақшалай қаражаттардың түскен мен төленген сомалары арасындағы айырмашылық ақшалай қаражаттар баланстық қалдығын соңғы мерзімге белгілейді.

Кәсіпорынның қаржылық қорытындылар талдау қорытындысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының жалпы бағасымен сәйкес келіп, түсімдердің мөлшерінен емес, кәсіпорынның қарыздарын өтеу қабілеттілігі не активтердің өтімділігімен сәйкестелуі.

Бухгалтерлік баланс пен ақшалай қаражаттардың қозғалу есебі бойынша ақшалай қаражаттардың қалу себебін  және олардан сандық негізгілерін анықтап алуға болады.  Осы сұрақ бойынша қосымша ақпаратты пайда мен шығыс туралы есеп береді.

Пайда мен шығыс туралы есеп – бұл түсім мен шығыстардың алынуымен байланысты құрылымды ақпаратты көрсететін есеп. Шығыстардың құрылымы функционалды немесе ресурстық белгі бойынша құрылу мүмкін.

Баланстық есеп – бұл кәсіпорынның есеп беру мерзімінің соңына қараа активтер мен пассивтер туралы құрылымды ақпаратты көрсететін есеп. Активтердің өтімділігі азаю деңгейімен және пассивтерді міндеттемелер мен меншік капиталға бөліп көрсетеді.

Ақшалай қаражаттардың қозғалу есебі – бұл кәсіпорын харекетімен байланысты ақшалай ағымдары туралы құрылымды ақпараты бар есеп болып табылады. Олар өзімен бірге негізгі, қаржылық және инвестициялық ағымдарға бөлінеді.

Ақшалай қаражаттардың қозғалуы есебінің негізгі міндеті болып, кәсіпорынның есеп мерзіміндегі ақшалай қаражаттардың төленуі мен түсуі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ақпарат келесі сұрақтарға жауап береді:

  • фирма келешекте өсу мақсатында негізгі және айналым активтерді сатып алу үшін қажетті қаражаттарды ала ма;
  • кәсіпорынның қажетті өсуіне қамтамасыз ететін ішкі қаржыландыру көздерінен қосымша қаржыландыру керек пе;
  • жаңа өнім өндіру немесе қарызды өтеу мақсатында қажетті бос ақшалай қаражаттармен фирма иелене ме;
  • кәсіпорын бағалы қағаздар эмисиясын жасаған ба, иә болса, онда бұл қаражаттар қандай мақсатпен пайдаланған /5, 56 б./.

Ақшаның қозғалу есебінің негізгі мақсаты ақшалай ағымның көлемін анықтау емес, ақшалай есеп пен бап арасындағы ақшалай сомасын бастапқы және соңғы мерзімге есептеу сиқты болады. Бұны баланс көмегімен жасауға болады. Ақшаның қозғалыс есебін құру мақсаты негізгі ақшалай ағымның бағыты мен кәсіпорыннан шығу бағыттарын талдау болып табылады.

Компанияның ішкі міндеттер қаржыландыруды бақылау, кәсіпорынның қаржылық ресурстарының инвестициялық харекетінен және оның келешек қажеттіліктері мен келешек қаржылық жағдайын болжамдаудан  құралады.

Ақшалай қаражаттардың қозғалыс есебін құрастыру үшін келесідей ақпарат қажет:

  • кәсіпорынның бастапқы және соңғы мерзімге баланс;
  • мерзім ішінде түсім туралы есеп;
  • активтерді сату, жеткізушілермен есеп пен пайдаланушылардан түскен түсім туралы қосымша ақпарат және тағы басқалар.

Ақшалай қаражаттардың қозғалу есебі – бұл ақшалай қаражаттардың ағымы негізінде қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат жиыны. Ол келешек ақшалай қаражаттардың түсімін болжамдауға көмектеседі, фирманың қысқа мерзімді қарызын төлей алу қабілеттілігн бағалауға және дивиденттерді төлеу, қосымша қаржылық ресурстарды қабылдау қажеттілігін бағалауға көмектеседі. Осы есеп қаржылық жағдайының өзгеруі туралы есебі ретінде немесе арнайы нысан ретінде ақшалай қаражаттардың 3 топқа бөлінуімен байланысты: шаруашылық, инвестициялық және қаржылық орта ретінде болуы мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіші ретінде запастар мен шығындарды құрайтын көздер қаражатының жетіспеушілік пен артықшылық болады. Бұндай артықшылық пен жетіспеушілік запастар мен шығындардың шығу көзі көлемінің айырмашылығы негізінде құрылып, сонымен қатар осы запастар мен шығындардың белгілі бір көздер түрлерімен қанағаттанады.

Кәсіпорынның тиімді жұмысы мен өндірістің барлық факторларын пайдалануы оның қандай көлемде табысты алу харекетімен мінезделеді. Қолданған ресурстар бірлігіне келетін табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорын капиталының инвестициялануы тиімді болады. Осындай жағдайда кәсіпорынның тиімді харекетін негіздейтін көрсеткіш ретінде рентабельділік қарастырылады, бұл авансталған қаражаттардың табыстылығын немесе сатылған өнімнің айналым көлемін көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекелес қабілетін қанағаттандыру үшін бар көңіл қолданған ресурстардың рентабельдігіне аударылады, себебі қызмет ететін капиталдың әр бір теңгесінің табыстылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде табыстылықпен байланысты келесідей басқа да көрсеткіштер: жалпы табыс сомасына қосылатын ұлттық пен таза табысқа қатынасы бар ұлттық өнім нормасы мен таза өнім нормасы қолданылады. Барлық белгілелер табыстар мен шығыстар есебінен алынып отырады. Түскен көрсеткіштер кәсіпорынның рентабельділігін салықтарды төлеуге дейін мен төленгеннен кейін көрсетеді. Рентабельділік бағасын кәсіпорындар харекетін салыстырғанды қолданған тиімді болады.

 

 

  • Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың ұйымдық – құқықтық негіздері

 

Кәсіпорынның қаржылық ағымдары мен қаржылық айналымдарын басқарудағы көптеген ұйымдық – құқықтық негіздер, яғни заңдар қолданылады және солардың харекеті негізінде қызмет етеді.

“Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1998 жылғы қазанның 7-сіндегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорынның харекеті негізделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 8 бөлімнің 85,87,89 баптарына сәйкес қызмет етеді. Яғни 85 бапқа байланысты жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады. 87 бап бойынша:

  1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу қамтамасыз етеді.
  2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
  • аумақта дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
  • коммуналдық меншікті басқару;
  • жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселерді шешу;
  • жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілдіктерді жүзеге асыру;
  1. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен үкіметтің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік – аумақтақ бөлінісінің әкімі басқарады…

… 6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыры, ұйымдастырылуы және  олардың қызмет тәртібі заңмен белгіленеді /9, 4 б./.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 6 бөлімдегі 102,103,104 баптары бойынша мемлекеттік кәсіпорын туралы негізгі ережелер мен оның сыныптамасы бейнеленген.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мемлекеттік кәсіпорындарға:
    • шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген;
    • оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлердің арасында бөлуге болмайды.
  3. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық атауында мүлкін меншіктеуші көрсетілуге тиіс.
  4. Мемлекеттік кәсіпорын үәкілеттік мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
  5. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады.
  6. Мемлекеттік кәсіпорынның құқылық ережесі Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленеді.

103 бап бойынша, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын:

  1. Құрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.

Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.

Осы Кодексте өзге де заң актілерінде көзделген реттерді қоспағанда, мемлекет шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

104 бап негізінде Қазыналық кәсіпорындар:

  1. Жедел басқару құқығымен мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады.
  2. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылады.
  3. Құрылтайшы бекіткен қазыналық кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
  4. Жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығын көрсетілуге тиіс.
  5. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда көрсетілген оның мақсаттарымен және міндеттерімен белгіленеді.
  6. Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды.

Бірақ “Қазақавтожол” РМК 2000 жылға дейін ғана Қазыналық мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан, кейін республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қаланды. Сондықтан осы жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 104 бабы оның қызмету ету херекетіне жауап бермейді /10, 90 б./.

Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген нақты Заң күші бар облыстық жергілікті мемлекеттік басқаруды, басқа да жергілікті атқарушы органдарының қызмет ету харекетінің негіздеуді бейнелейді. 2001 жылдың 23 қантардың №148 жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңы кәсіпорын харекеті  1 бөлімнің 2,3 және 4 баптары бойынша бақыланады. Бұл Қзақстан Республикасының Конституциясына сай жергілікті мемлекеттік басқару жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Заңына қарсы шықпайтын Алматы мен Астана қалалары шекарасына шек қоймай іске асырылады.

3 бабы бойынша, жергілікті мемлекеттік басқаруды экономикалық және қаржылық харекеті негізін:

  1. мемлкеттік бюджет;
  2. заңды коммуналды тұлғаға бекітілген мүлік;
  3. Қазақстан Республикасының заңымен сәйкес басқа да меншік мүлік қоры бейнелейді.

4 бабында маслихаттар (яғни республикалық мемлекеттік кәсіпорындар) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес қызмет етіп, яғни мемлекеттің барлық стандарттарына сай харекетін жүргізіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы, қаржылық және инвестициялық саясатына қарсы шешімдерді қабылдамау, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларға сәйкес шешім қабылдау, Қазақстан Республикасының шекара бойында тауарлар, қызмет көрсету, капитал, қаржылық айналымдарына кедергі болмайтындай етіп қызмет ету /11, 5 б./.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 “Қазақавтожол” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ

 

 

  • “Қазақавтожол” Республикалық Мемелкеттік Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау

 

Қазақстан соңғы онжылдықта халықаралық интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болды. Экономикалық интеграцияның негізгі элементі болып, сервистік қызмет көрсетуі жоғары транзиттік және жолаушы тасуды қамтамасыз ететін, көлік инфрақұрылымның сапалылығы.

Автомобиль жолдары мен жол сервисі саласының сапалылығы алдында, қазіргі кезде автожол саласына жаңа міндеттер қоюда. Бұл проблеманың қөпжақты болғандықтан, автомобиль жолдарын дамыту туралы мемлкеттік саясатын өткізуді қажет етеді.

Осы мақсаттарға жету үшін 2006 – 2012 ж. арналған жол саласын дамыту Бағдарламасы жасалынды. 2010 ж. дейінгі Қазақстан Республикасының Үкіметімен 5.09.2003 ж. № 903  “2003 – 2006 ж.ж.  Қазақстан Республикасының Үкіметімен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жоспары Бағдарламасы туралы”  қаулысына негізделген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспары қабылданды.

Бұл Бағдарлама келешекте автомобиль саласының экономикалық және техникалық реформалау жағынан автокөліктік тасымалдауды дамыту, жалпы қолданыстағы автомобиль жүйесін  халық пен мемлекет сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында бағытталған.

Жүзеге асыру көлемінде автомобиль жолдарының жүк көтергіш учаскелерінің техникалық жақсарту жұмыстарын  мен жарамсыз көпірлерді қайта жөндеуі жоспарланып отыр.

2001 – 2005 ж.ж. автомобиль жолдары саласын дамыту мемлекеттік Бағдарламасына сай  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының  көзделген 16 487 км  ішінен 11346 км мен көзделген 65 көпірдің ішінен 45 көпірді толық және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу, жолдар құрылысын қорытындылау болып табылады.

Автомобиль жолдарын дамыту Бағдарламасына сай оларды пайдалану, ағымдағы жөндеу мен көгаландыру жұмыстары бір көзден шығатын сатып алулар мен автомобиль жолдарын жөндеуді әзірлеу сайыста қатысумен анықталады.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы 3 226 207 423 (үш миллиард екі жүз жиырма алты миллион екі жүз жеті мың төрт жүз жиырма үш) теңгені құрайды. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу мерзіміне қарай жарғылық қор түгелдей құрастырылған.

Кәсіпорын 322 620 742 (үш жүз жиырма екі миллион алты жүз жиырма мың жеті жүз қырық екі) теңге көлемінде резервті капиталын құрайды, бұл тек қана шығындарды, бюджет алдында міндеттемелерді, мемлекеттік несиелерді жабу үшін және Кәсіпорын үшін қажетті қаражаттар керек болған кезде пайдаланылады.

Кәсіпорынның негізгі міндеті:

“Қазақавтожол” РМК мемлекеттің тұрақты да, жоғары тиімді құрылысшы ретінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күту, жөндеу мен көгаландыру жұмыстарын іске асыру болып табылады.

Сондықтан 09.12.1998 ж. № 1266 Қазақстан Республикасының Үкіметімен “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қаланған. Кәсіпорынның негізгі функцияларының ішінде жол саласында бірігей техникалық және нормативтік саясатты жүзеге асыру автомобиль жолдарда жүйені басқару мен оларды жалпы пайдалану, тапсырыс берушінің жөндеу мен құрылыс бойынша барлық функцияларын орындау.

1999 ж. республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қадағалау мақсатында 39 өндірістік жол учаскелері, 1 орман учаскесі мен 91 жол пайдаланушы пункті пайда болған.

12.02.2000 ж. № 227 Қазақстан Республикасының “Жол құрылысының қайта құрылу сұрақтары” қалауымен “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпоырны шаруашылықты жүргізу құқығы негізінде “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорын атағына ие болды. Тапсырыс  берушінің мен мемлекеттік басқару мүшенің функциясы автомобиль жолдарының ұйымдастырушы Комитетіне берілді, яғни “Қазақавтожол” РМК бақылаушы мүшесі болды.

14.10.2000 ж. № 1527 Қазақстан Республикасының Үкіметімен “Жол саласы жайындағы кейбір сұрақтар” қалауымен “Қазақавтожол” РМК жалпы пайдаланудағы жолдарын жөндеу, көгаландыру, күту мен өндірістік жұмыстар бойынша бірегей мердігер болды.

2000 ж. өндірістік жол учаскелері жол пайдалану учаскесі атуына ауыстырылды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қадағалау 2000 ж. қараша айына 18885 км ұзақтығына 59 жол пайдаланушы учаскелері, 1 орман салу учаскесі мен 179 жол пайдаланушы пункті салынған.

23.06.2004 ж. № 692 Қазақстан Республикасының Үкіметімен “Қазақавтожол” РМК шаруашылық жүргізу құқығын қайта Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы Комитетінің “Қазақавтожол” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын базасында жол салу филиалы салынды.

01.07.2005 ж. № 683 Қазақстан Республикасының Үкіметі “Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланушылық автомобиль жолдарының классификация ережелерін қабылдау” қалауымен республикалық маңызы бар жолдар жүйесі 23911 км-ге дейін ұлғайды. 06.01.2006 ж. № 3 Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қатарына “Казталовка-Жанибек-РФ шекарасы мен Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов қаласы автомобиль жолдарын қосу туралы” қалауы мен жоғарыдағы 389 км ұзақтығы бар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының маңызы бар автомобиль жолдарының қызмет ету жүйесіне 23508 км құрайды.

01.01.2006 ж. жағдайына “Қазақавтожол” РМК құрамында 14 облыстық филиалдары мен мобильдік жұмыстары бойынша Ұсынушы бар. Облыстық филиалдар құрамында – 86 жол пайдаланушы учаскелері, 5 орман учаскелері, 2 өндірістік жол учаскелері мен 200 жол пайдаланушы пункті енгізуде. Жол пайдаланушы учаскелері мен жол пайдаланушы пункті өндірістік базала, сапалы жұмысшылар арқасында пайда болған. Орташа шамамен 1 жол пайдаланушы учаскесі 270-320 км қызмет етеді, ал жол пайдаланушы пункті автомобиль жолдарының 30-120 км дейін. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды мен Павлодар облыстарында автомобиль жолдарын көгаландыру жұмыстарының көлемі үлкен болғандықтан орман отырғызу учаскесі бар.

Жол пайдаланушы учаскесі мен пунктімен жүзеге асырылатын облыстық филиалдар өндірістік поцесстің дұрыс жүргізуін қадағалайды:

-қосымша тапсырыс портфелін қалау,

-жол пайдаланушы учаскесіне жұмыс шектеуліктерін жеткізу,

-жасалған жұмыс көлемі мен сапасын бақылау,

-жұмыстың алу-берулерін ұйымдастыру,

-жол пайдаланушы учаскесін материалды ресурстармен қамтамасыз ету.

Түрлі өндірістік пен жедел бақылаушы шешімдерді қабылдау толығымен филиалдарға берілген.

Жол пайдаланушы учаскесі мен пункті тек өндірістік процесте қатысады.

Филиалдарды басқару аппараты мен Ұсынушысымен жұмысшылардың штаттық кестесі 01.01.2006 ж. Бас директорымен қаланып және керек кезінде өзгерістер енгізілуде.

Орталық аппарат жалпы ұйымдастырудың, методикалық, филиалдарға байланысты бақылау функцияларын атқарады. Солардың ішінде:

-нарық талдауы, кәсіпорынның негізгі даму жайттары, стратегиялық жоспарлау;

-филиалдар ресурстарымен байланысты жоболары мен бағдарламаларын қаржылық пен материалдық даму жайттарын негіздеу;

-кәсіпорынның, филиалдар жүйесінің функциялау методикалары мен жалпы қағидаттарының дамуы мен қабылдануы;

-кәсіпорынның бірегей инвестициялық, есеп, техникалық, кадрлық саясаттар қағидаттарының құрылуы, болжамдау жүйесі, тендрлерде қатысу методикалары;

-ішкі аудит, талдау, филиалдар харекетін бақылау;

-шикізат, материал, техниканың орталықтандырылған сатып алынуы;

-жоболарды бақылау мен ұйымдастыру.

Кәсіпорын харекетінің негізгі бағыттарымен мен кәсіпорынның орталық аппаратының құрамында негізгі 3 бақылаушы берілген: жоспарлы-экономикалық, мемлекет сатып алулар, құқықтық, кадрлық пен әкімшілік шаруашылық  жұмыстары, өндірістік-техникалық.. 16.11.2006 ж. Бас директорымен қаланған 2006 жылға штаттық кестесі өзімен бірге 42 адамды қарастырады. 01.12.2006 ж. жағдайында нақты жұмысшылар саны 40 адам, ал екеуі вакантты орындар болды.

Кәсіпорынның мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының ағымдық жөндеу мен көгаландыру, мемлекет тапсырыс пен күту жұмыстарын жүзеге асыру;
  • жасанды құрылғылары, автомобиль жолдарын пайдалану мен орталық жөндеу жұмыстарын жасау;
  • жалпы пайдалануларын автомобиль жолдарында көлік құралдарының үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ету.

Негізгі мақсаты: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жүйесін көгаландыру, аралық жөндеу мен пайдаланушы ретінде “Қазақавтожол” РМК уәкілетті, тұрақты, жоғары сапалы мемлекеттік мердігер болу.

Өндірістің технологиялық жұмыстары: орталық жөндеудің қызметі – тозудың бөлшекпен алмастырылуы, жабылымдардың тегіс болуы, жер бөлімдерінің  бүлдірулерін түзелуін, жасанды және қорғаныс жерлердің сумен қамтамасыз етілуі. Орталық жөндеудің жұмыс көлемі тізімдер негізінде қаржылық сметалық есептеумен белгілейді. Автомобиль жолдарының орталық жөндеу жұмыстары келесідей:

А) жер мен су бөлімдері бойынша:

  • су кетуші ойыстарының тазартылуы, жаңа ойыстарды қазу, қазылған мен жабылған ойыстарды түзеу, қорғаныс пен жасанды құрылымдарының бүлдірулерін түзеу, жер ойыстарын шөппен жабу;
  • қар бар жерде немесе кеппеген жерге қосымша жер себу, ойысшыл жерлерді тегістеу;
  • сепкіш, кескіш жұмыстарын даярлау мен жолаушы жерлерін жоспарлау;

Б) жол кешектері бойынша:

  • асфальт-бетон салынған жерлеріндегі тозуын қалпына келтіру мен кейбір учаскелерде қайта салу;
  • белгілі бір бетонды жерлерді тегістеу немесе алмастыру;
  • жол бетін жақсарту мақсатында материалды қоспаларын пайдалану;
  • көпір жолдарындағы белгілі бір жерлерінің бетін алмастыру;
  • жол жүру жерлерін цемент, шлакпен, гравиймен салу арқылы жақсарту;
  • қауіпті жерлерде вираждарды орналастыру.

В) жасанды құрылымдарда:

  • 42 м дейін жететін жол серіктері мен көпірлерді толық немесе бөлшек қайта жөндеу жұмыстары, су тасушы құбырғыларға қосу;
  • көпір үстінде қиын емес жөндеу жұмыстарын жасау;
  • көпір элементтерін сырлау жұмыстары.

Г) жол жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру:

  • жолаушы, жаяу жол жерлерін орналастыру мен жөндеу;
  • қорғаныс жерлерін, жол белгілеулерін орналастыру;
  • автомобиль тұрақтарын, демалыс жерлерін қамтамасыз ету.

Аралық жөндеу жұмыстары: аралық жөндеу қызметі – жол жүру жерлерінің пайдалану кезінде пайда болуын орташа бүлдірулерін жөндеу.

Автомобиль жолдарын аралық жөндеу жұмыстары келесідей:

А) жер бөлімдері бойынша:

  • жер, су, резервтерінің бөлшек жөндеу жұмыстары;
  • бөлшек , ойыстарды себу, қазу жұмыстары;
  • белгілі бір учаскелерде ойыстарды жоспарлау.

Б) жол кешектері  бойынша:

  • цементтелген, бетон беттеріндегі ойыстарды себу, жөндеу;
  • барлық тегістеу түрлерде ойыстарды себу;
  • жолдарды кальциймен, дегетпен, битуммен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету;
  • жол жағаларын, құрылыстарды сырлау.

В) жасанды құрылымдар бойынша:

  • құрылымдар элементтерінің кейбір бүлдірулерін жөндеу;
  • тас тегістерін жөндеу;
  • бүлдірілген жерлерді, қосымша қабырғаларды жөндеу.

Г) жол жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру:

  • керекті белгілеулерді орналастыру, кейбір белгілеулерді сырлау, жөндеу, қалпына келтіру;
  • көру ортасын ашу үшін кейбір ағаштарды, бұтақтарды кесу.

Жолдарды пайдалану: жол құрылғылары мен жолдарды лезде қалпына келтіру. Қысқы мерзімде жолдарды пайдалану – қардан қорғау және қарды тазалау, жол құрылғыларын мен жолдарды сақтау жағдайларын туғызу, қысқы уақытта автокөліктерінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.

Қысқы мерзімдік жұмыстарға:

  • қардан қорғау құрылғыларын дайындау;
  • қардан қорғау құрылғыларын жөндеу, орналастыру;
  • тайғанақпен күресу;
  • автобус аялдамаларын, демалыс орындарын қардан және мұздан тазарту.

Жолдарды көгаландырудың мақсаты: қар басылымдардан мен тас басылымдарынан қорғауды қамтамасыз ету, архитекторлы-шаруашылық  негізде ұйымдастырылуы.

“Қазақавтожол” РМК-да өз күшімен істеген жұмыстан кіріс көлемі ұлғаюда. (2001 ж. – 3 млрд тг., 2002 ж. – 3,1 млрд тг., 2003 ж. – 4,2 млрд тг., 2004 ж. – 4,5 млрд тг., 2005 ж. – 4,6 млрд тг.) және әр бір жұмысшыға шаққандағы жұмыс көлемі ұлғаюда (2001 ж. – 872 мың тг.,  2002 ж. – 365 мың тг., 2003 ж. – 1108 мың тг., 2004 ж. – 1226 мың тг., 2005 ж. – 1299 мың тг., 2006 ж. жоспармен – 1300 мың тг.). Осы резервтерінің өндірістік еңбек жағынан ұлғаюы жұмыс көлемі өсу қарқыны жұмысшылар санынан көп болуын көрсетеді, өндірістік процесті оңтайландырудың факторы.

Нақты бәсеке ортасы негізделіп, 2001 ж. бастап жол саласын қаржыландыру ұлғайды. Бірақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын аралық жөндеу, көгаландыру, күтуде, құрылғылары мен механизмдері,өндірістік учаскелерін кадрлармен қамтамасыз ету саласында да  бәсекелестері жоқ..

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары “Қазақавтожол” РМК-ң бүгінгі күніне нарықтың 14,4 % құрайды. Нарықтық кейбір саласында әр түрлі қаржыландырудың ұлғаюынан бәсекенің үлкеюі қарастырылады.

Соңғы жылдары техникалық қамтумен үлкен тәжірибесі бар көптеген құрылыс обьектілерінде ұлттық компаниялар қызмет атқаруда. Ал орта құрылыс обьектілерде ұлттық  компаниялардың шамасы өте зор, бірақ машина мен механизмдермен қамтамасыз ету төмен деңгейде. Автожолдарын пайдалану саласында Кәсіпорын алғы қатарда.

Жол қызметі нарығында ең негізгі фактор болып, қызмет көрсетудің бағасы табылады. “Қазақавтожол” РМК авомобиль жолдарын үлкен масштабта жөндеу жұмыстарын жасау мен дер кезінде техникамен қамтамасыз етуді делелдей алатын кәсіпорын.

Сонымен қатар “Қазақавтожол” РМК компаниясының орындайтын факторларының ішіне қызмет көрсетудің сапасы мен олардың жедел түрде атқарылуы кіреді.

Көптеген жылдар бойы кәсіпорын көптеген халықаралық сайыстар мен жәрмеңкелерде қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары мен теледарға жарнама беру, жарнама буклеттерін даярлаумен айналысады.

Кәсіпорынның харекет күші заңды түрде негізделген және лицензиясы бар. 14.12.2000 ж. Астана қаласының архитектура мен құрылыс Департаментімен № 002287 архитектура, құрылыс пен салу қызмет ортасында айналысумен Мемлекеттік лицензия берілген (2007ж. лицензияның бағасы 130 мың тг құрады). Лицензияланатын жұмыстар тізімі:

  1. құрылыс жұмыстарына арналған жобалар (сметалық құжаттар, құрылысты ұйымдастыру жобалары мен өдіріс жұмыстарының жобалары);
  2. құрылыс жөндеу жұмыстар (жер жұмыстары, қосымша және негізгі құрылғылар құрылысы мен 2,3 деңгейлі жауапкершілік, сыртқы мен ішкі инженерлі жүйе құрылысы, құрылғылар мен конструкцияларды қорғау жұмыстары, жолдарды салу жұмыстары, технологиялық құрылғыларын монтаждау, ғимарат тарды толық жөндеу мен 2,3 деңгейлі жауапкершілік);
  3. құрылыс монтаждау жұмыстарын мен құрылыс материалдар өндірісін, бұйымдар мен конструкциларын, нарық субьетілерінің жұмыстары мен қызметтерін, технологиялық процесс өндірісі мен арнайы лабораториялар арқылы жұмыс кадрлары мен мамандарды бақылау экспертті қызметі.

Кәсіпорын өз күшімен жалпы көлемінен 5,8 млрд тг немесе 92,4 % жасауды жоспарлайды. Мердігер жұмыстарына 470 млн тг бөлініп (жалпы жұмыс көлемінен 7,6 %), орта жөндеуден 50% жоспарлы көлемін құрайды.

2007 ж. 8,4 млрд тг сомасына жұмыс көлемін орындау, 2008 ж. – 9,4 млрд тг, 2007 ж. салыстырғанда бұл 34,5 және 51 % құрайтын болады.

“Қазақавтожол” РМК облыстық филиалдарда материалдар құнын арзандату үшін келесідей меншік өндірісі қаланған:

  1. асфальт, бетон зауыттарында асфальт пен бетон өндірісі;
  2. бөлшек құрылғыларда фракциялық қиыршық тас өндірісі;
  3. тас, қиыршық тас карьерлерде құрылыс тасты, қиыршық тас гравийлік, құм гравийлік құрамаларын және табиғи қиырышық тасты табу;
  4. мұзға қарсы материалды даярлау мақсатында құм мен техникалық тұзды араластыру;
  5. қарды тоқтататын құрылғыларды даярлау;
  6. көпір мен жол серіктерінде қол ұстағыш құрылғыларын даярлау;
  7. жол белгілеулер өндіріс цехта жол белгілеулерін, панно,сигнал бағандарын, километрлік белгілеулерін даярлау.

Жоспарлы жылы өз күшімен асфальт, бетонның 63,8 мың тонна, қара қиыршық тастың 8,6 мың м3, қиыршық тас пен сепкіштің 12,2 мың м3, қиыршық тас гравийлік пен құм гравийлік құраманың 36,7 мың м3, құрылыс тас пен табиғи қиыршық тастың 64,7 мың м3, мұзға қарсы құрамасының 1,6 мың м3, қардан қорғау құрылғыларының 220 данасын, қол ұстағыш құрылғыларының 510 данасын, жол белгілеулерінің 4893 данасын, панно, сигнал бағаналарын, жол белгілеулерін даярлау.

Қосымша көлемдерінен алынған қосымша нормаланбаған шығындар (189,3 млн тг),мемлекет заказдар шығындарын жауып 7,6 млн тг пайда алады.

2006 ж. Қазақстан Республикасының көлік пен коммуникация Министрлігімен қабылданған таза табыстың нориативі 55 % өндірістің дамуына, 5% резервті капиталға, ал әлеуметтік қажеттіліктерге,соның ішінде жұмысшылардың тұрмыс жағдайын қалыптастыру кірмейді.

24.01.2005 ж. Астана қаласының қоғам әлеуметтік қорғау мен еңбек қорғау Департаментімен  № 133 2005-2006 ж. арналған 14 облыстық филиалдар конференциясында жұмыстан шығу немесе зейнеткер болған кезде, ай сайынғы еңбек ақының біркелкі төленуі қабылданған.

Кәсіпорынның жұмысшылар денсаулығын сақтау мақсатында, әр жылда бір рет, айлық еңбек ақы көлемінде  демалыс ақысы төленеді.

“Қазақавтожол” РМК жұмысшыларына бір реттік материалды көмек келесі жағдайларда төленеді: жұмысшының ауырып немесе қажетті ақылы операция жасаған кезде, жұмысшының мерт болған кезде оның жанұясына көмек ретінде, жақын туыстар мерт болған кезде (ата-аналар, күйеу, жұбайы, балалары),қиын материалды жағдай кезінде. Бір реттік материалды көмек көлемі айлық еңбек ақы көлемімен анықталады. Бір реттік материалды көмек көлемі 50 реттік есеп көрсеткішіне дейін ұлғаяды. Сонымен қатар қоғам комитеттері бар жағдайымен көмектеседі. “Қазақавтожол” РМК жұмысшылар зейнеткер болған кезде де бір реттік материалды көмек көрсетеді.

Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының “Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі туралы” мен “Қазақстан Республикасындағы еңбегі туралы” заңдары мен нормативті құқықтық актілерімен реттеледі.

Жұмыс беруші  барлық жұмысшыларын төтенше  жағдайлардан өз қаражат есебінен сақтандыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын кесірінен жұмысшы еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда, оған материалды көмек ретінде емделуді толық төлейді. Әр бір құрылымдық  бөлімнің (филиалдың) техникалық қауіпсіздігін мен еңбек қорғауды қамтамасыз ететін инженерлі қызметі бар. 17.01.2006 ж. “Қазақавтожол” РМК облыстық филиалдардың еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздігін тексеретін орталық аппарттан арнайы жұмысшы бөлінген.

22.05.1995 ж. № 4-7/16/1 “Еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға ақысыз түрде сүт пен басқа өнімдерді бөлу туралы” Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мен еңбек Министрлігі Коллегиясының қаулысымен зиянды ортада жұмыс істейтін жұмысшыларға сүт және басқа қажетті өнімдерді ақысыз түрде беріледі.

Өндірістің зиянды мен қауіпті факторларын,төтенше жағдайларды мен өндірісте денсаулыққа зиян келтіруді төмендету мақсатында, жұмыс беруші жұмысшыларына жұмыс орындарының барлығында қауіпсіз еңбек жағдаларын туғызып, өндірістік травматизмді ескеретін техникалық қауіпсіздіктің жаңа құралдарын енгізеді, инженер өндірісте болған әр бір төтенше жағдайды ескеріп зерттейді де, жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігін жақсарту туралы ақпарат таратады.

Кәсіпорын кесірінен душар жағдайға ұшыраған әр бір  төтенше жағдай, орталық Комитет жұмыс берушілермен талқыланып, қажетті іс-әрекеттер жасалынады. Кәсіпорында облыстық филиалдардан еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздігі жағдайы туралы жылына 2 реттен кем емес арнайы өкілдің есебін тыңдайды және оларды болдырмау шаралары туралы талқылайды.

Жыл сайынғы еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шығындары 1,2 млн тг құрайды.

Қазіргі кезде 100 км жолдарға негізгі қаражаттардың орташа қамтамасыз ету, 15.03.2004 ж. №37 автомобиль жолдары мен инфрақұрылмды салу комплексі Комитетінің қаулысымен “Қазақавтожол” РМК бойынша 51 % құрайды.соның ішінде негізгі қарды тазалау паркісінің тозуы 90 %, ал жоғары қутты тракторлардың-90 % құрайды.

Көпфункционалды техника мен жаңа түскен қарды жедел түрде 2-3 машинамен тазалауға бағытталған саясаттың негізінде де, жоғары көрсетілген техниканың жетіспеушілігі 31 % құрайды. Автомобиль мен механизмдер паркінің физикалық және моральді тозуы 50 % асады, әр жыл сайын кәсіпорын 350 данадан көп жұмысқа жарамды емес немесе істен шыққан  техника мен құрылғыларды тізімнен шығарады. Техникалық парктің тозуы мен қартаюы жұмыстың сапасына өте нашар әсер етеді: техниканы пайдалану мен жөндеуге кететін шығындар ұлғаяды, қажетті сапалы атқару жұмыстарына түсетін сұраныстары көбееді.

Осыларға қарап, 2007 ж. кәсіпорын алдында машиналар мен механизмдер техникалық паркін жаңарту мақсатында: “Secmair” фирмасынан 102 млн тг сомасын құрайтын, өз қаражат есебінен 3 чипсиллерді, 2 битум тасушыны сатып алу. Сонымен қатар 1,2 млн тг сомасына басқа да негізгі құралдар, соның ішінде оргтехниканы сатып алу көзделген.

Автомобиль жолдарының күтуі, жөнделуі  мен салуды қаржылыландырудың ерекше көзі ретінде, республикалық (республикалық және халықаралық маңызы бар жолдар) және жергілікті (жергілікті маңызы бар жолдар) бюджеттерден көрініс табатыны мәлім. Жол техникасының, автомобиль жолдарын салатын мен жөндейтін ұйымдардың  саны, жолдар үстінде жұмыстың көлемімен анықталады.

1994 ж. бастап Қазақстанда жолдар құрылысын қаржыландыру бірнеше есе азайды. Жол бетін мен жасанды құрылғылардың бүкіл немесе орташа жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

1.01.2001 ж. бастап автомобиль жолдарының жергілікті маңызы бар жүйесінен республикалық маңызы бар жолдарына қосылғаннан кейін, жолдар ұзындығы 4623 км ұлғайды.

Автомобиль жолдарының бүлдірусіз ұсталынуы 1993 ж. бастап 83,42 %-дан 2006 ж. 62 %-ға дейін, және сәйкесінше жол жүру жерлері 78,4 %-дан 52,7 %-ға дейін.

2006 ж. күздік қорытындысына сай 7273 км, яғни автомобиль жолдар жүйесінің 30,9 % толық жөндеуді, 4782 км немесе 20,3 % орта жөндеуді, 8134 км не 34,6 % аралық жөндеді керек етеді.

“Қазақавтожол” РМК Жол салу филиалдың негізгі қаражаттар мешігінен бөлінетін, айналымнан тыс активтер бөлігінің басқа жылдармен салыстырғанда төмен көлемде екенін талдау көрсетеді.

Айналымнан тыс активтердің ортдан көп шамасын (59,4%)  жол салу құрылғылары мен машиналар орын алады. Ғимараттар мен құрылығылар шамасының азаюы, ал  машиналар мен бұйымдар шамасының ұлғаю бет бағытын қарастырылады.

Сонымен қатар айналымнан тыс активтер құрамына “Қазақавтожол” РМК негізгі қаражаттар есебімен құрылған 6.12.2004 ж. № 70 меншікті жалға алу келісімі негізінде ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз кіреді.

01.01.2006 ж. қарай негізгі құралдардың алғашқы құны 6993 млн тг құрайды, соның ішінде ғимараттар  3,6 %6 машиналар мен құрылғылар –  59,4 %, шаруашылық инвентарь – 0,9 %, көлік – 36,1 %. Негізгі құралдардың тозуы 38,2 %, бұл шекті деңгейден 1,8 % есе көп.

“Аралық жөндеу, ұстау мен көгаландыруға арналған мемлекеттік  сатып алуларды жасау” келісіміне сәйкес “Қазақавтожол” РМК қолына жыл сайын 23,5 мың км республикалық жүйесі беріледі, соның ішінде  көлік инфрақұрылымын дамыту Комитетінің облыстық филиалдар балансында орналасқан 166 өндіріс комлексі, кәсіпорын меншігінде орналасқан 5 өндірістік база, 3 жалға алынатын база мен коммуналды меншік ретінде пайдалануға жіберілетін 3 база. 177 өндірістік базаның ішінен 10 % қанағаттанарлық жағдайда, 67 % аралық жөндеуді қажет етеді, 23 % мүлдем жарамсыз жағдайда.  Қолда бар өндірістік базалар параметрлерінің  жағдайы қазіргі стандарттарға сай емес,оларды жақсарту темптері жолдардың техникалық жағдай темтерінен әлі артта қалуда. Келе жатқан 2-3 жылда тозып қалған техниканың 560 данасын тізімнен алып тастау жоспарлануда. Сонымен қатар құрылғылардың моральді тозуын да ескерген жөн, бұл тиімділіктің төмендеуіне әкеледі.

Кәсіпорында техниканы жөндеу механизаторлар күші мен жөндеу жұмысшыларын шақыру арқылы жүзеге асады. Аралық жөндеудің негізгі көзі ретінде машиналар мен механизаторлардың бірлік есеп шоттар есебінен амортизация болады.

9 ай ішінде машиналар мен құралдарды аралық жөндеге кеткен шығындар көлемі 161,2 млн тг құрады, соның ішінде қосымша бұйымдар құны 144,7 млн тг,жөндеу жұмысшылар еңбек ақысы 36,4 млн тг, басқа ұйымдардың қызмет көрсетуі үшін 16,5 млн тг құрады. Кәсіпорын харекеті рентабельдігінің ұлғаюы үшін  және есеп саясаты шығындардың төмендеуі үшін, кәсіпорын амортизацияны аудару әдісін енгізеді, бұл ескірген техника болса оның сәйкесінше амортизациялық аударымдары да аз болады және бұйымдардың құны өте қымбат болғандықтан, жөндеуге кеткен қаражаттарды жаба алмайды.

Өндірістік және Комплексті бүтін бағдарламаларын орындау үшін 2007 ж. қарай материалдар қажеттілігі келесідей: асфальт, бетон – 140,6 мың тонна, қиыршық тас – 58,5 мың м3, сепкіш – 19,9 мың м3, минералды порошок – 3,4 мың тонна, битум – 5,6 мың тонна, битум мастикасы – 65 тонна, мазут – 1,6 мың тонна, жол белгілеулері – 2,4 мың дана, сигнал бағаналары – 2,3 мың дана, қол ұстағыш құрылғылары – 0,5 мың п.м., километрлік белгілеулер – 0,4 мың дана, сырлағыш – 228,4 тонна, бензин – 4,1 млн литр, дизельді жанармай – 8,7 мың тонна, құм – 41,3 мың м3, тұз – 4 мың тонна, көмір – 14 мың тонна.

2006 ж. көмірдің негізгі жеткізушісі “ТФК Дельта” ЖШС, “Астана Нур и А” ЖШС, “Фарасат” ЖШС,”Азия мұнай” ЖШС, “Кларус” ЖШС, “Баур иК” ЖШС, “ОазисАзииМай” ЖШС, “Бибо & Company” ЖШС, автогрейдерлік пышақтарды –  “Parnas elektrik” ЖШС, техникалық тұзды – “Гольденберг” ЖШС болып табылады. Төле шарты: алғашқы 30% , қалған соманы келесі 30 күнде төлеу.

2007 ж. көмірдің негізгі жеткізушісі: “ТФК Дельта” ЖШС , тұздың – “ПКК Даму” ЖШС мен “ТД Аралтұз” ЖШС, ”НурОйлТрейд” ЖШС, “Оазис АзииМай” ЖШС, “Баур иК” ЖШС, “Химтраст” ЖШС, “Фарасат” ЖШС, “Окан плюс” ЖШС, “Карамат” ЖШС, “Гелиос” ЖШС, “Костанай нефтебаза” ЖШС болатын болды.

1.12.2006 ж. қарай кәсіпорынның несие портфелі келесі қарыздарды қамтиды:

-“Казинвестбанк” АҚ  70 млн тг  12 %  жылдық мөлшерлеме көлемінде қайтару мерзімі 11.04.07 ж.(айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында) ұзақ мерзімді несие;

-“Казинвестбанк” АҚ  30 млн тг  12 %  жылдық мөлшерлеме көлемінде қайтару мерзімі 2.04.07 ж.(айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында) ұзақ мерзімді несие;

-“Казинвестбанк” АҚ  30 млн тг  12 %  жылдық мөлшерлеме көлемінде қайтару мерзімі 31.12.06 ж.(айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында) қысқа мерзімді несие.

1.10.2005 ж. айналым капиталы 102 млн тг-геұлғайып, 1386 млн тг құрайтыны көрсетілген. Айналым капитал құрамында үлкен шамасын тауарлы материалдық құндылықтар (53,1%) орын алуда, бұл материалдарды қысқы мерзімге дайындау мен олардың өткен жылдармен салыстарғанда бағасы жоғары болғанымен байланысты. Бірақ сонымен қатар дебиторлық қарыздың шамасы 4,2 % төмендеген.

1.01.2006 ж. қарай аяқталмаған өндіріс көлемі 10,7 млн тг құрады, соның ішінде Батыс Қазақстан облысы – 5 млн тг (жобалы қазу жұмыстары), Павлодар облысы бойынша – 3,1 млн тг (бақылау орталығын салу жұмыстары), Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2,6 млн тг (СМД монтаждау жұмыстары) шамасында болды. 2006 ж. бойында Солтүстік Қазақстан облысының СМД бөлшектеуіштерін монтаждау жұмыстары тізімнен шығарылды. Сол уақытта да 2,8 млн тг құрайтын Ақтөбе облысының 2 үй кешенін салу өндірісі аяқталмады. Қазіргі уақытта бұл үйлерді облыстық филиалдар балансына беріліп, оларды тізімнен шығыруды көзделуде.

 

2 кесте.

2003-2006 ж.ж. қаржылық  көрсеткіштердің талдауы

(мың теңге)

Көрсеткіштер Бірлік өлш/р 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж.
Пайда Мың тг 67317 19139 3238 3548
Аралық харекетінің рентабельдігі % 1,0 0,2 -0,3 0,1
Негізгі харекетінің рентабельдігі % 10,2 9,2 9,6 10,7
Меншік құнының деңгейі % 90,8 90,4 90,7 92,8
АХР бөлшегі % 5,9 6,9 8,8 9,3
Орталық аппарат % 1,0 1,0 1,3 1,2
Сыйлық ретінде шығындар % 1,6 0,9 0,3 0,3

 

 

Активтер құрылу көздері меншік капиталдың өсімін мен жарғылық капиталдың ұлғаюы негізінде пайда болатын міндеттемелер көлемінің азаюын көрсетеді.

01.10.2006 ж. қарай міндеттемелер 913 млн тг құрады. Солардың ішінде банк несиелері 70 млн тг. Айналымнан тыс активтердің негізігі  көзі меншік капитал,ал айналым активтерінің – аралық несие берушілер алдында міндеттемелері, қысқа мерзімді банк несиелері мен меншік капиталдың бір бөлігі болады.

2006 ж. 11 ай ішінде пайыздар бойынша төлемдер 12720 мың тг, ал соңғы ай үшін – 1500 мың тг құрады.

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 332 млн тг құрады, бұл 01.10.2005 ж. салыстырғанда 30 млн тг азаюын корсетеді. Дебиторлық қарыз құрылысында қарызды уақытсыз төлеу тенденциясы қарастырылуда, бұл 01.10.2005 ж. қарай 5 млн тг, ал 01.10.2004 ж. 3 млн тг құрайтын болады.

01.10.2006 ж. қарай кәсіпорынның меншік капиталы 5214 млн тг құрайды, 2005 ж. салыстырғанда бұл 915 млн тг ұлғайғанын көрсетеді. Меншік капиталының өзгерісі жарғылық капиталдың ұлғаюы мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Авомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы Комитетінің автомобиль жолдарын жөндеу, күту мен көгаландыру жұмыстарын кәсіпорын балансына берілгеннен кейінгі өзгертулер незінде пайда болған ұлғаю болып табылады.

Негізгі қаржылық көрсеткіштердің сызықты талдауы аралық харекеті рентабельдігінің 0,4 %, ал негізгі харекет рентабельдігінің 1,1 % ұлғайды, яғни бұл 2006 ж. кәсіпорын қаржылық шаруашылық харекетін 2005 ж. салыстырғанда әлдеқайда жақсы өткізгенін көрсетеді.

Кірістер: 2006 ж. ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу, орташа немесе толық жөндеу қосымша жұмыстарының арқасында 97 млн тг, қосымша және нормаланбаған  шығындарды жабатын пайда түсірілді.

5461 млн тг көліменде жасалған жұмыстардан, басқа да пайдалар негізгі харкетінен түсетін 180 млн тг құрайтын тауарлы материалдық құндылықтарды сатудан, жалға беру төлемдерінен, техникалық қызметінен, көлік және тағы басқа қызметтерден пайда түсіру көзделуде.

Табыс салығының 2,3 млн тг шығыстарын ескерген жағдайда, таза табыс 5,3 млн тг құрады. 2007 ж. таза ақша түсімдері 257 млн тг құрады. Сонымен қатар қаражаттардың бір бөлігін кредиторлық қарызды азайтуға бағыттау керек.

2002 ж. таза табыстың сұрыптау нормативі өндірістің дамуына толық бағытталған, 2003 ж. таза табыстың 40 % бюджетке, ал 60 % өндірісті дамытуғу кеткен, 2004-2006 ж.ж. таза табыстың 40 % бюджетке, ал 5 % резервті капиталды құруға және 55 % өндірісті дамытуға бағытталған.

2007 ж. кәсіпорынның жұмысшыларына әлеуметтік көмектесу программасы негізінде, спонсорлық көмек ретінде кәсіпорында қалатын таза табыстың 15 % көлемінде аударымдар жасау болып табылады.

 

 

3 кесте.

Шығыстар

(%)

Шығыстар бабы 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
1 2 3 4 5
  Өзіндік құн, соның ішінде 100 100 100
1 Тура шығыстар: 83,3 84,8 83,9
  Негізгі өндірістік жұмысшыларының еңбекақысы 15,5 17,4 18,8
  Негізгі материалдар: 45,9 50,5 46,8
              Құрылыс материалдары 23,5 29,3 26,4
              ГСМ 14,9 15,0 14,7
              Бөлшектер 7,5 6,2 5,6
Мердігердің қызметі 8,3 6,6 8,9
Амортизация 9,5 7,3 6,7
Тауарларды сату 3,6 2,7 2,4
Машиналар мен бұйымдардың аралық жөндеу 0,4 0,4 0,4
2 Қосымша шығыстар: 16,7 15,2 16,1
Сызықты жұмысшылардың еңбекақысы 3,6 3,1 3,4
Өндірістің қосымша жұмысшы/ң еңбекақысы 6,3 5,5 6,0
3 кесте жалғасы
1 2 3 4 5
Электр қуаты 0,6 0,4 0,4
Жылу 0,6 0,6 0,6
Коммуналды қызметтер 0,05 0,04 0,04
Байланыс қызметі 0,2 0,2 0,2
Іс-сапар шығындары 0,5 0,4 0,4
Салықтар: 0,8 0,6 0,5
            Жер 0,0 0,0 0,0
            Мүлік 0,2 0,2 0,2
            Көлік 0,2 0,2 0,2
            Қоршаған ортаны қорғау 0,3 0,2 0,2
Басқалар 0,01 0,01 0,01
Басқа шығыстар 0,2 0,2 0,2

 

 

2.2  “Қазақавтожол” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны ұйымдастыру

 

Қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдары кәсіпорынның модельді активтеріне жатады. Оларды тиімді пайдалану мен жағдайы кәсіпорынның жақсы жұмыс істеудің ең негізгі шарты.

Таза айналым капиталы ағымдағы активтердің және міндеттемелердің арасындағы айырма. Ол ағымдағы активтердің ұзақ мерзімдік қаржы көзі мен қандай мөлшерде жабдықталғандығын көрсетеді.

Айналым қаржыларының көлемі өндірістік процестің қажеттіліктерімен ғана анықталмайды, сонымен қатар кездейсоқ факторларды әсер етеді. Осы себеппен айналым капиталын тұрақты, аусымды және өзгермелі деп бөлеміз. Тұрақты айналым капиталы немесе ағымдағы активтер жүйелік бөлігі өндірістік циклдің бойына қатысты түрде тұрақты қажеттіліктерге ие болады.

Ол өндірістік қызметті жүргізуге қажетті ағымдағы активтердің минимумы ретінде анықталуы да мүмкін. Аусымды айналым капиталы ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі қосымша ағымдағы активтерді білдіреді. Ол қосымша сақтандыру қоры ретінде немесе өте қажетті мерзімде керек болатын айналым капиталы. Мысалы, маусымдық тауарларды сату кезінде қосымша өндірістік материалдық қорларға деген қажеттілік туындайды. Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландыру стратегиясы келесі модельдерден құралады:

  1. идеалды модель – идеалдық деген термин латын тілінен ұмтылатын идеал шығындарын бермейді, ол тек қана активтермен олардың көдерінің экономикалық мазмұнының байланысына қарай атайды. Модель бойынша таза айналым капиталы нөльге тең болады. Іс жүзінде бұл модель кездеспейді, өйткені ағымдағы активтер тек қана қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге арналмайды.
  2. агрессивті модель бойынша ұзақ мерзімді пассивтер ағымдағы емес активтердің көзі және ағымдағы активтердің көзі ретінде қызмет етеді. Ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі толығымен қысқа мерзімдік қарыздарымен жабылады. Бұл стратегияның тәуекелдігі жоғары, өйткені ағымдағы активтердің тек қана минимумын ғана табумен шектеледі.
  3. консервативтік модель ағымдағы активтердің ауысымды бөлігі ұзақ мерзімді пассивтермен жабылады. Бұл жағдайда қысқа мерзімді қарыздар жоқ, өтімділікті жоғалту да жоқ.
  4. компромисті модель – өте нақты модель болып саналады, яғни ұзақ мерзімді пассивтер келтірілген баланстық базаның моделі бойынша құру көзделеді.

Қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару – қаржы менеджментінде өте маңызды қызметі болып табылады.

Есепті мерзім ішінде “Қазақавтожол” РМК белгілелері бойынша республикалық маңызы бар жолдар үстінде 2383 жол апаты болған, осында 1045 адам мерт болып 3440 адам жарақаттанған болып шықты, ал осының ішінен жол жағдайына байланысты 72 жол аптының ішінен 30 адам мерт болып, 113 адам жарақаттанған болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3 % көбейіп, ал жол жағдайымен байланысты 25 % төмендегенін көрсетеді.

 

 

4 кесте.

Негізгі өндірістік көрсеткіштер

(мың теңге)

Жұмыс түрі өлшеу бірлігі 2002 ж. нақты 2003 ж. 2002 ж. Салыс-нда %
Бизнес-жоспар нақты %
1 2 3 4 5 6 7
I.  Негізгі құрылыс
Республикалық жүйе Мың тг 6416913 5278614 5346594 101 83
Қайта құру 3248176 1836548 1905185 104 59
Құрылыс 386927 445680 443243 99
Толық жөндеу 93594
Рташа жөндеу 703081 762959 778837 102 111
Пайдалану 1985135 2233427 2219329 99 112
Жергілікті жүйе 486934 346438 775559 224 159
Бағыттар 52549 70062 133
Барлығы 6956395 5625052 6192215 110 89
II. Қосымша өндіріс
1. АБЗ
Асфальтті бетон к/з Тонна 114823 76204 77001 101 67
Асфальтті бетон м/з Тонна 100426 90499 91215 101 91
Суық асфальтті бетон Тонна 193311 19331 100
Қара қиыршық тас М3 16208 20868 30421 146 188
2. Бұзғыш, сепкіш құрылғылар
4 кесте жалғасы
1 2 3 4 5 6 7
5-20фракцияла қиыршық тас М3 4088 4693 115
20-40 фракциялы қиыршық тас М3 15500 18586 120
40-70 фракциялы қиыршық тас М3 30890 32025 32025 100 104
Сепкіш М3 6305 7464 118
3. Тасты қиыршықты карьерлер
ПГС М3 5131 17273 17773 103 346
Табиғи қиыршық тас М3 14000 38803 38803 100 277
ПГМ М3 827 827 100

 

Ең көп жол апатын ұлғайтқан мекендерн Қарағанды облысы 42,5 %, Маңғыстау облысы 42,4 %,  Жамбыл облысы 32,4 %, Алматы 20,6 %, жол жағдайына байланысты Оңтүстік-Қазастан облысы 66,7 %, Қызылорда облысы 66,6 %.

“2001-2003 жылдарға арналған республикалық маңызы бар жолдар үстіндегі қауәпсіз жол жүрүді қамтамасыз ету бағдарламасымен” байланысты, Көлік пен Коммуникация Министрлігінің автомобиль жолдарын инфрақұрылымдық комплексінің Комитетімен 2003 жылға арналған № 54 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үстіндегі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін программасымен бағдарламасымен байланысты жасалатын шаралар жоспары қаланды.

2003 жылға қарай шаралар жоспарында жол үстіндегі белгілеулер мен элементтерді орналастырудан басқа, “кішірейген” жерлерді алып тастау, автопавилиондар мен демалу орындарын жөндеу шаралары көрсетілген.

2003 жылға қарай “Бірегей бағдарлама”  негізінде келесі шаралар тізімін: жол белгілеулерін жөндну не тағу – 17906 дана немесе 124,2%, қорғау құрылғылары – 13745 дана немесе 140%, сигнал бағамдарын орнату – 10269 дана немесе 156,7%, көпір үстіндегі құрылғыларды ауыстыру – 4186 дана немесе 121,6%, автопавилиондарды жөндеу – 296 дана немесе 140,9%, демалу орындарын жөндеу – 19 дана немесе 118,7%, “кішірейген” жерлерін алып тастау – 323 дана немесе 468,1 % орындау жоспарлануда.

 

5 кесте.

Еңбек ақы мен еңбек

(теңге)

Көрсеткіштер өлшеу бірлігі 2002 ж. нақты                 2003 ж. 2002 ж. %
жоспар нақты %
1 2 3 4 5 6 7
Өз күшімен жасалған жұмыс көлемі Тг 3105622 4059469 4241300 104,5 136,6
5 кесте жалғасы
1 2 3 4 5 6 7
Асты өндіріс Тонна
Асфальтті бетон М3 215249 186034 187547 100,8 87,1
Қара қиыршық тас М3 16208 20868 30421 145,8 187,7
Қиыршық тас М3 30890 51613 55304 107,2 179
Сепкіш М3 6305 7464 118,4
ПГС М3 5131 17273 1773 102,9 346,3
Табиғи қиыршық тас М3 14000 38803 38803 100 277,1
ПГМ М3 827 827 100
Еңбек төлеу жалпы қоры Тг 722062 874091 913571 104,5 126,5
Жұмысшыларға Тг 538481 631766 695085 110,0 129,1
Қызметкерлерге Тг 183581 242325 218486 90,2 119,0
Жасалған жұмысқа еңбекке төлеу

қоры, барлығы:

Тг 722062 936203 913571 97,6 126,5
Орташа е/а төлеу қоры, барлығы: Тг 712804 874091 898969 102,8 126,1
Жұмысшылар Тг 523143 631766 684845 108,4 128,7
Қызметкерлер Тг 180661 242325 214124 88,4 128,7
Жыл бойындағы орташа е/а Адам 3589 3900 3828 98,1 106,6
Жұмысшылар Адам 3030 3335 3295 98,8 108,7
Қызметкерлер Адам 559 565 533 94,2 95,3
1 жұмысшығы шаққадағы е/а Тг 16551 18677 19573 104,8 118,3
Жұмысшылар Тг 14635 15786 17320 109,7 118,3
Қызметкерлер Тг 26932 35741 33509 93,8 124,4
1 жұмысшыға шаққандағы шығым Тг 865 1041 1108 106,5 128,1

 

 

“Қазақавтожол” РМК 2003 жылға қарай еңбек ақының қоры 874091 мың теңге, ал жасалған жұмыс көлеміне 936209 мың теңге, нақты пайдаланған  913571 мың теңге, осыдан үнемделген 22632 мың теңге болды.

Жұмысшылардың кету көлемі 2% төмендеп, 2003 жылға 3828 адам құрады.

Айлық орташа еңбек ақы жоспарымен 19573 теңге немесе 104,8 % құраса, онда нақты түрде бұл 18,3 % ұлғайғанын көрсетеді.

Өткен жылғы 1 адамға шаққандағы шығым көлемі 28,1 % ұлғайды және 1103 мың теңгені құрады.

 

6 кесте.

Кәсіпорын балансы

(мың теңге)

01.01.02 01.01.03 01.01.04 01.01.05 01.01.06
Актив Мың тг 289311 2941161 5406749 4781389 5624696
% -86.5 4.0 83.3 -11,6 17,6
Айн.тыс активтер Мың тг 1573595 1619809 4062574 3904191 4594849
% -92,1 2,9 150,8 -3,9 17,7
6 кесте жалғасы
Айн. капиталы Мың тг 1255716 1321352 1344175 877198 1029847
% 25,2 5,2 1,7 -34,7 17,4
Солардың ішінде
ТМҚ Мың тг 350787 510790 733537 582558 745820
Деб. Қарыз Мың тг 779004 759011 591192 257015 260773
Ақша Мың тг 125925 51551 19446 37625 23254
Пассив Мың тг 289311 2941161 5406749 4781389 5624696
% -86,5 4,0 83,8 -11,6 18
Міндеттемелер Мың тг 1700187 1770244 1577001 800352 730218
% 215,0 4,1 -10,9 -49,2 -9
Солардың ішінде
Несиелер Мың тг 761492 687254 537084 138087 140000
Кред. Қарыз Мың тг 938695 1082990 1039917 662265 590218
Меншік акпитал Мың тг 1129124 1170917 3829748 3981037 4894478
% -94,5 3,7 227,1 4,0 22,9

 

01.01.2004 жылғы кәсіпорын балансында келесідей өзгерістер анықталды айналымнан тыс активтер мен жарғылық капиталдың бөлігінде баланс валютасы 83,8 % немесе 246588 мың теңгеге ұлғайды.

Меншік капиталының Жарғылық қордың 2002 жылы 500000 мың теңгеден 3179467 мың теңгеге ұлғайып, Комсомольский ауданының жол пайдалану учаскесін салу мақсатында 5000 мың теңге, Астана қаласының Победы даңғылының 61 “а” әкімшілік ғимараын салу үшін 57597 мың теңге, ал 2003 жылмен салыстырғанда жол құрылыс техниканы, машиналар мен құрылғыларын, автожолдарын күту мен жөндеуге 2577001 мың теңге, қосымша бөлшектерге 39870 мың теңге көлемде ұлғаюын көрсетеді. Сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылық харекеті негізінде меншік капитал таза табыс сомасына қарағанда 67317 мың теңгеге ұлғайып, ал өндірістік харекетіне қолданбайтын және өндірістік комплекстерді уәкілетті орган тарапынан сатылған сомасына азайды.

01.01.2004 ж. мен 01.01.2003 ж. салыстырғанда айналым капиталы 1,7 % немесе 22823 мың теңгеге тауарлы – материалдық запастардың ұлғаю мен дебиторлық қарыздың азаюмен байланысты ұлғайды.

2003 жылғы айналымнан тыс активтер 2002 жылмен салыстырғанда 150,8 % немесе 2442765 мың теңгеге  жол құрылыс техникасын Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрінің № 217-1  4 шілде 2003 жылғы бұйрығымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті жекешелендіру Комитетінің № КГИП-2-1/2760 13 мамыр 2003 жылғы хатымен кәсіпорын балансына беріліп ұлғайды.

01.01.2003 жылғы салыстырғанда кәсіпорынның міндеттерімелері 10,9 % немесе 193243 мың теңгеге азайды. Солардың ішінен 374002 мың теңгені ағымды активтерді қолдану үшін жабу керегі жоқ  ұзақ мерзімді несиелер құрайды. 01.01.2003 жылмен салыстырғанда несиелер бойынша қарыздар 150170 мың теңгеге, кредиторлық қарыз 12349 мың теңгеге азайып, соның кесірінен дебиторлық қарыз бен пайда табу да азайды.

Айналымнан тыс активтердің көзі болып, меншікті капитал мен бактің ұзақ мерзімді несиелері, ал айналым капиталының – ағымды несие беруші алдындағы міндеттемелер табылады.

Активтердің құрылымдық талдауы айналымнан тыс активтер бөлшегінің ұлғаюы мен 2003 жылға қарағанда айналым капитал бөлшегінің азаюын көрсетеді. 2002-2003 жылдарға қарағанда активтер көздерінің құрылуы меншік капиталының бөлшек ұлғаюы мен міндеттемелердің бөлшек азаюы  Азия банкінен 2001 жылы алынған қарыз бен республикалық бюджет тарапынан 2002 жылы алынған қаражаттар арқасында кәсіпорын балансына жол құрылыс техникасының аударылумен байланысты.

Пассивтегі міндеттемелер активтегі айналым капиталын 4,3 % есе көп болғандықтан, кәсіпорынның  қаржылық жағдайын теріс мінездейді. 01.01.2003 ж. қарағанда міндеттемелерді айналым капиталымен жабу коэффиценті 0,03 пунктке көтерілді.

01.01.2004 ж. қарағанда айналымнан тыс активтер құрамында активтердің меншік көлемін машиналар мен жол құрылыс құрылғылары 51,8 % алады. Ғимарат пен құрылғылардың азаю тенденциясы мен машиналар, құрылғылар мен көлік құралдар көлемінің ұдайы ұлғаюын көрсетеді.

Айналымнан тыс активтердің талдауы бойынша негізгі құралдар 2002 ж. салыстырғанда 8,15 % , машиналар мен жабдықтар – 13,91 %, көлік – 19,6 % азайды. Тозудың күрт төмендеуі мен жаңару коэффицентінің күрт жоғарлауы кәсіпорынның Азия даму банкі мен республикалық бюджет есебінен алған қаражаттар арқасында жол құрылыс техникасы мен машиналардың кәсіпорын балансына аударылғанға байланысты болады.

Өткен жылмен салыстырғанда дебиторлық қарыз төмендеу тенденциясын иеленіп, 167,8 млн.теңгеге азайды. Дебиторлық қарыз құрылымында келесілер: уақыты өткен қарыздар көлемі 8,6 млн.теңге, күдікті қарыз бен сенімсіз қарыздар 21 млн.теңге көлемін құрайтын азаюын көрсетеді.

Мерзімі өткен дебиторлық қарызда әлі күнге дейін қазыналық кәсіпорын балансынан берілген қарыз сомасы бейнеленіп, 1996-1998 ж.ж. аралығында мемлекетке қайтарылмаған амортизациялық аударымдар сомасымен құралады. Сонымен қатар солардың ішіне банкроттықпен немесе байланыстың жоқ болу жағдайынан қарыздар сомасы енгізілген, және олар 2004 жылдың 1 кварталында есептен шығарылуы көзделген. Қорытындысында 2003 ж. қарағанда дебиторлық қарыз көлемі 118955 мың.теңге жабылып, 154224 мың.теңге срмасын құрайтын дебиторлық қарыз пайда болды.

2003 ж. қарай міндеттемелердің жалпы сомасы 162,5 млн.теңгеге төмендеп, ссудалық қарызы 119 млн.теңгеге, ал кредиторлық қарыз 12,3 млн.теңгеге төмендеген. Кредиторлық қарыз сомасының 2,7 млн.теңгеге ұлғайғаны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен жөндеу маусымдық жұмыстарымен байланысты жеткізушілер мен жабдықтаушылардың  қаразамен байланысты.

01.01.2004 ж. қарағанда кредиторлық қарыз срмасы 1070641 мың.теңгені, соның ішінен 154224 мың.теңге ағымдағы жылда пайда болған.

2003 ж. 34,4 мың.теңгені құрайтын Жол қорының кредиторлық қарызы толығымен жабылды.

Несиелерге келетін болсақ, келесілер: “Қазақстан Халық Банкі” ААҚ несиесі 5072539 АҚШ доллар сомасына жол құрылыс техникасы алынды, “Қазақстан Наурыз Банкі” ААҚ 400 млн.теңге көлеміндегі қаражатқа “Қазақавтожол” РМК айналым капитал қаражатарын ұлғайту мақсатында алынып, 1.01.2004 ж. Банк алдында бұл міндеттеме толығымен жабылды, “Казкоммерцбанк” ААҚ “БТА-Лизинг” ААҚ қарызын жабу үшін мен “Қазақавтожол” РМК айналым капитал қаражаттарын ұлғайту үшін 231 млн.теңге сомасына несие алынды.

2003 ж. қарағанда “Қазақавтожол” РМК жалпы табысы 6575,2 млн.теңге құрап, соның ішінде негізгі харекетінен 6426,1 млн.теңге, жасаған жұмыстардан түскен пайда 5338,3 млн.теңге, және басқа да харекетінен түскен пайда (тауарлы – материалдық құндылықтарды сату, мүлікті жалға беру, бас мердігердің қызметінен, т.б.) 1087,9 млн.теңгені құрады.

Негізгі емес харекетінен түскен пайда 149 млн.теңге құрады, негізгі харекетінің меншік құны 5967,6 млн.теңге құрады.

Жоспарланған 419,5 млн.теңге ішінен жалпы әкімшілік – шаруашылық шығыстар 385,7 млн.теңгет құрап, солардың ішінен үнемделгені 33,8 млн.теңге.

Жоспарланған 129,3 млн.теңге ішінен пайыздар бойынша 101,2 млн.теңге, 2004 ж. наурыз айының төлеу мерзімін аударылғанға байланысты  28,1 млн.теңгеге азаюына әкелді.

2003 ж. қарай қаржылық қорытындысы: жоспарланған 59,8 млн.теңгеден пайда 67,3 млн.теңгені құрайды.

2004ж. қарай 21.10.04ж. шаруашылық – қаржылық харекетінің жоспары негізінде жұмыс көлемі 5418,9 млн.теңге, соның ішінде 3249,7 млн.теңге құрайтын мемлекеттік тапсырыс жатады.

Солардың ішінде келісім шарттар негізінде 2232,2 млн.теңге құрайтын қосымша жұмыс көлемінде: “Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы” автомобиль жолын салу – 371,8 млн.тг., “Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы” автожолын қайта жөндеу – 383,3 млн.тг., “Ақтөбе – Қарабұтақ – Қостанай облысының шекарасы”  автожолын қайта салу – 23,1 млн.тг., “Самара – Шымкент” автожолын күту – 36,4 млн.тг., “Орал – Атырау” автожолын күту – 4,5 млн.тг., республикалық автожолдарын орташа жөндеу – 652,9 млн.тг., жергілікті жолдарын жөндеу мен күтү – 657 млн.тг., басқа да жұмыстарға – 103,2 млн.тг. қаражат жұмсалуда.

2004 ж. Қарай кәсіпорынмен жасалған жұмыс көлемі 5662 млн.тг құрап, соның ішінде өз күшімен 4740,1 млн.тг. көлемінде болды.

Кәсіпорын қызметін арзандату мақсатында 80 мың тонна асфальтті бетон, 6,6 м3 қара қиыршық тас, 5,4 мын м3 қиыршық тас, 16 мың м3 қиыршық гравийлі сепкіш, 2,4 мың м3 сепкіш, 11,4 мың м3 құм гравийлі қоспа, 49,5 мың м3 табиғи қиыршық тас пен мұзға қарсы қоспалар дайындалған.

“Қазақавтожол” РМК облыстық филиалдар ақпараты бойынша есепті мерзім ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдар бойында 2690 жол апты өткен, солардың ішінде 1206 адам қаза тауып, 4006 адам жарақаттанған. өткен жылмен салыстырғанда бұл 13,9 %  ұлғайғанын көрсетеді. Жол бойындағы жағдайымен 41 жол апатында 16 адам қаза тауып, 74 адам жарақаттанған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39,7 % төмендегенін көрсетеді.

Республикалық жүйесі бойынша жол апты болған ең көп кездесетін Қарағанды облысы – 45,6%, Атырау – 45,5%, Павлодар – 36%, Қызылорда – 30,2%, Қостанай – 29,7%  аудандар болып табылады.

Бұнда да жол апатын ескертетін жол белгілеулері мен жол бойындағы сигналдарды орналастыру туралы түрлі бағдарламалар іске асырылуда.

“Қазақавтожол” РМК шаруашылық – қаржылық харекетінің жоспарымен 2004 ж. Қарай 1170361 мың тг. сома көлемінде еңбекті төлеу жоспарланған, нақты шамамен 1072476 мың тг. қолданып, үнемделгені 97885 мың тг., соның ішінде аппаратқа 19463 мың тг. және қызметкерлерге 748422 мың тг. құрады.

2004 ж. жұмысшылар саны жоспармен 3622 адам ішінен 3591 адам құрады.  Айлық орташа еңбек ақысы бір жұмысшыға шаққанда 24561 теңге, немесе 91,2 % жоспарымен, ал нақтыда 25,5 % ұлғайған. Еңбек ақының төмен деңгейде болуы жұмысшылар қатарында төмен квалификациясы бар адмдарға байланысты болады (күзетшілер, тазартушылар, жол жұмысшылары).

01.01.2005 ж. 01.01.2004 ж. баланстарын салыстыра келе жарғылық қор мен айналымнан тыс активтер бөлімінде көптеген өзгерістер болғанын байқалады, баланс валютасы 11,9 % немесе 622205 мың тг. азайғанын көрсетеді.

Меншік капитал есеп мерзімінің соңына қарай 01.01.2004 жылмен салыстырғанда 151289 мың теңгеге немесе 4,0 %  ұлғайды. Бұл өзгерістер “Қазақавтожол” РМК-дан  Қазақстан Республикасының Үкіметімен №692 23 маусым 2004 ж. қалауымен “Қазахдорстрой” РМК-на 368045 мың теңгені аударумен байланысты болды. Сонымен қатар уәкілетті орган тарапынан есепті мерзім ішінде автожолдарын жөндеу мен күту жұмыстарын орындауға 836940 мың теңге сома көлемінде аударылған.

Осымен бірге № КГИП-3-1/3340 28 маусым 2004 ж. мемлекеттік мүлікті жекешелендіру Комитеті тарапынан хаты негізінде “Қазақавтожол” РМК балансына 01.01.199 ж. Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің автомобиль жолдары Департаменті тарапынан 301721 мың теңге сома көлемін аудару қабылданған. Меншік капиталдың 2004 жылғы республикалық бюджетке таза табыстан  26927 мың теңге сомасын аудару негізінде азайды.

01.01.2005ж. мен  01.01.2004ж. салыстыра келе айналам капиталы 36% немесе 483822 мың теңгеге төмендеген. 280239 мың теңгеге айналым капиталының азаюы жол құрылыс филиалы тарапынан 301721 мың теңге сомасын құрайтын күдкті дебиторлық қарызды есептен шығару мен қайта ұйымдастыру шараларының қорытындысымен келді. Айналым капиталының ұлғаюдың тағы бір себебі “Рено” автомобилть көлігіне қосымша бөлшектер келгендіктен.

01.01.2005 ж. қарай айналымнан тыс активтер жалпы 01.01.2004 ж. салыстырғанда 3,9 % немесе 158383 мың теңгеге азайып,  жол құрылыс филиалынан 760892 мың теңге көлемінде “Қазахдорстрой” РМК негізгі қаражаттың кетуі , 312122 мың теңге көлемінде негізгі қорлардың тозуы, 836653 мың теңге көлемінде уәкілетті орган тарапынан негізгі қорларды сатып алынуы мен 30699 мың теңге көлемінденегізгі қорларды жөндеумен байланысты болды.

01.01.2005 ж. жыл басына салыстырғанда кәсіпорын міндеттемелері  50,3 % немесе 793494 мың теңгеге төмендеген. Солардың ішінде “Қазхдорстрой” РМК 673086 мың теңгеге міндемелердің аудару мен несиелер 374002 мың теңге көлемінде, міндеттемелер бойынша қарыздар мен амортизациялық аударымдар 120408 мың теңгеге азаюын әкелді.

Айналымнан тыс активтердің құрылу көзі меншікті капитал, айналым капиталдың – ағымды несие беруші мен  банктің қысқа мерзімді несиелері болып табылады.

01.01.2004 ж. талдауы бойынша айналымнан тыс активтер құрылымдық тенленциясының өсуі мен айналым капиталының төмендеуі қарастырылған. Активтердің құрылу көздері негізінде меншік капиталының бөлшек ұлғаю мен міндеттемелердің бөлшек азаюы байқалады.

2004 ж. салыстырғанда міндеттемелер пассивте айналым капиталымен активте жабылса, кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсартылуын көрсетеледі. 01.01.2004 ж. айналым капиталын міндеттемелердің жабылу коэффиценті 0,25 пунктке ұлғайды.

Негізігі өндірістік қорлардың талдауы бойынша 01.01.2004 ж. салыстырғанда негізгі қаражаттар тозуы 3,33 %6 ғимараттар мен құрылғылар 13,29 %, машиналар мен жабдықтар 0,35 %,  көлік 0,72 % өскен.

Айналым капитал құрылымында ұдайы көлемін  материалдық – тауарлық запастар 67,7 %, солардың ішінде аяқталмаған өндіріс 51619 мың теңге құрады, 01.01.2004 ж. қарай аяқталмаған өндіріс 73,4 % азайған.

2004 жылының соңына қарай дебиторлық қарыз  725,2 млн.тг. құрады. “Қазахдорстрой” РМК қаржыландырылатын жалға аударумен байланысты 10 жылға берген ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз негізінде 134 млн.тг. қарызды құрады. Жалпы жыл басындағы мен жыл соңындағы қысқа мерзімді дебиторлық қарызды салыстырғанда 49,3 млн.тг. азайып, 240,2 млн.тг. құрады. 2002 мен 2003 ж.ж. дебиторлық қарыздың құрылымымен салыстырғанда, 2004 жылдың есепті мерзімі ішінде мерзімі өткен қарыздардың 390,8 млн.тг. мен 382,2 млн.тг., күдікті қарыздар мен сенімсіз қарыздардың 410,8 млн.тг. мен 389,7 млн.тг. азайғанын көрсетті. Қарыздардың төмендеуінің ең басты қағидаттарының бірі 2004 жылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің  автомобиль жолдарын салу мен инфрақұрылым комплексінің Комитеті мен Қазақстан Республикасының қаржылар Министірлігінің мемлекеттік мүлік Комитетімен 363,9 млн.тг. көлемде сенімсіз дебиторлық қарызды есептен шығарылуымен байланысты.

Дебиторлық қарыздың негізгі бөлшегі кәсіпорынның өндірістік харекетінің келісім шарттарын орындау негізінде ағымдағы қарызға келеді.  Ағымдағы қарыздың құрылымын жасаған жұмыстар үшін қарыздар, жасалған аванстар (“Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы” учаскесінің “Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы” автомобиль жолын қайта жөндеу) мен коммуналды қызметінің қарыздары құрайды.

Мерзімі өткен қарыздар жайлы ескерту хаттары жіберіліп, 3,1 млн.тг. сомасына материалдарды Сотқа және 18,8 млн.тг. сомасына сот үкімдері, 20,6 млн.тг. сомасына қарыз істері Прокуратураның іздеуіне берілген.

Есептік мерзімінің соңына қарай кәсіпорын міндеттемелері 783,5 млн.тг. құрап, бұл 2002 жылдағы 986,5 млн.тг. мен 2003 жылғы 793,5 млн.тг. деңгейінен азюын көрсетеді. Жалпы міндеттемелер құрылымында төмендеу тенденциясы қарастырылуда. 2002 жылмен салыстырғанда ссудалық қарыз 549 млн.тг. мен жыл басына 399 млн.тг. құрады, ал кредиторлық қарыз 400 млн.тг. азайды.

Ссудалық қарыздың азаюы 01.07.2004 ж. “Казкоммерцбанк” ААҚ № 01/20 12.03.2004 ж. міндеттемелерді қайтару несиесі негізінде 386,4 млн.тг. сомасы мен “Казкоммерцбанк” ААҚ тағы екі несиесін төмен пайыздық мөлшерлемесімен валюталықтан теңгелікке көшірумен байланысты болды. Қайта қаржыландырудың несиелік негізгі қарызы “Казкоммерцбанк” ААҚ 19,1 млн.тн. сомасын 23.12.2004 ж. қарай міндеттемелік мерзімге сай төленді.

192,7 млн.тг. ағымдағы міндеттемелері “Казахдорстрой” РМКаударылды.  01.01.2005 ж, қарай кредиторлық қарыздың негізгі қарызы жеткізушілер мен мердігерлердің бөлшегі 67,6 % немесе 353 млн.тг. ағымдағы жылда құраған.

Кәсіпорынмен “Қазақстан Халық Банкі” ААҚ алынған несиесі жол құрылыс техникасын сатып алуға бағытталған және ол 2004 ж. наурыз айында “Казкоммерцбанк” ААҚ қайта қаржыландыру қаражатымен жабылған болатын. Қазақстан Республикасының Үкіметімен № 692 23.06.2004 ж. “Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің автомобиль жолдарын  салу инфрақұрылым комплексі Комитетінің “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығын қайта ұйымдастыру туралы” қалауымен 01.07.2004 ж. “Казкоммерцбанк” ААҚ берген 2,8 млн. АҚШ доллар қаражатын “Казахдорстрой” РМК аударылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігі Қазақстан Республикасының қаржылар Министрлігіне қайтарылып кепілдік заты алынып тасталынды.

“Казкоммерцбанк” ААҚ кәсіпорын: 275 мың АҚШ доллары қаражатын 14 % жылдық мөлшерлемесімен “БТА-Лизинг” ААҚ қарызын қаржыландыру үшін, 2004 ж. наурыз айында бұл пайыздық мөлшерлеме 12 % төмендеп несие теңгеге аударылды. Несие қайтару графигі бойынша 19,1 млн.тг. құрайтын қарыз сомасы 2004 ж. сәуір мен желтоқсан айларында жабылды. Несие бойынша міндеттемелер жабылып кепіл заты алынған.

993288 Ақш доллар  сомасын 13 % жылдық мөлшерлемесімен “Қазақавтожол” РМК айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында алынып, 2004 ж. наурыз айында пайыздық мөлшерлеме 12 % төмендетіліп 138,1 млн.тг. сомасын құрайтын несие теңгеге аударылды. Негізгі қарызды толығымен қайтару 2005 жылы жабылуы қарастырылады.

“Қазақавтожол” РМК 2004 ж. қарай жалпы табыстың 5217,6 млн.тг. жоспарымен 5543,3 млн.тг. алынып, негізгі қызметтен – 5469,8 млн.тг., негізгі емес қызметтен – 73,5 млн.тг. құрады. Жоспарланатын 4766,9 млн.тг. жасалған жұмыстан түскен табыс 4923,6 млн.тг., басқа да харекетінен  – 619,7 млн.тг. құрады. Соның ішінде:

материалдарды сатудан түскен түсім – 422,7 млн.тг.,

көлдік қызметі мен механизмдер бойынша қызметтен түскен түсім – 51,5 млн.тг.,

бас мердігердің қызметінен – 24,1 млн.тг.,

коммуналды қызмет көрсету, байланыс қызметі, қорғау қызметінен – 9,7 млн.тг.,

жалға беруден түскен түсім – 10,6 млн.тг.,

басқа да табыстар – 3,5 млн.тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен қаржылық айналымның мен қаржылық ағымдарының құрылудың басты факторы ретінде кәсіпорынмен сатылған өнімнен түскен түсім болып табылады. Қорытындысында қолма-қол ақшаның болу немесе болмауынан кәсіпорынның дамуы тәуелді болады, төлемдердің үстінен ақшалай түсімдерді қосымша табыс табу мақсатында ұлғайтады. Кәсіпорынның қолма-қол және қолма-қолсыз түрде алынатын және шығындалатын қаражаттардың қозғалысы қаржылық менеджментінде қаржылық ағымдар деп атайды. Бұндай ағымдардың теріс және оң түрлері кездеседі.

Оң ағымдар кәсіпорынға ақшаның түсімін көрсетсе, теріс ағымдар керісінше кәсіпорынмен ақшаны шығындалып кетуді бейнелейді.

Қаржылық айналымдар өзімен бірге ақшалай нысандағы жоспарлы қолданылатын және құрылатын өндірістік қаржылық қорлар мен айналым қорларының қажетті минималды түрде кәсіпорынға қажетті есептулерді уақытында жүргізу өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін құрылады.

Қаржылық айналымдардың үздіксіз қозғалысы өндіріс пен айналыстың кедергісіз жұмысын қамтамасыз етеді. өндірістік – бұл қаржылық айналымдардың басты функциясы болып табылады.

Қаржылық айналымдар қаржылық категорияларының ішінде ең негізгісі бола отырып, өндірістік, айналыс орталарына, халық шаруашылығындағы есептеулердің жағдайына, мемлекеттегі қаржылық айналысына әсер етіп, есептік – төлемдік функциясые атқарады.

Нарықтық экономикаға өтумен байланысты кәсіпорындардың көбінде қаржылық айналымдардың жағдайы нашарланып, соның ішінде: бірігей экономикалық орта бұзылып, өндіріс деңгейінің құлауы мен бағалардың құлауымен сипатталады.

Белгілі мерзім ішінде ақшалай қаражаттар қалдығының азаюы немесе ұлғаю себебі баланстың активтер мен пассивтердің құндардың өзгеруімен байланысты. Активтердің қайсыбір баптарының ұлғаюы (ақшалай қаражаттардан басқа) – ақшалай қаражаттарының төмендеу себебі. Және керісінше, қаржыландырудың меншік немесе қарыз көздерінің ұлғаюы – ақшалай қаражаттарының қалдың көлемінің ұлғаю факторы болып табылады.

Сондықтан ақшалай қаражаттары қалдығының өзгеруі кәсіпорынның активтер мен пассивтердің қаржылық саясатынның қорытындысы ретінде қарастыруға болады.

Компанияның қаржылық бақылаудың ішкі міндеттері негізінде қаржылық ресурстарының кәсіпорын инвестициялық және негізгі харекетін қамтамасыз ету, сонымен бірге оның болашақ қажеттіліктері мен қаржылық жағдайын болжамдауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорының ақшалай ағымдарының барлық түрлерімен топталасуы есеп беру ақпаратының аналитикалық тұрғыдан жоғарлатады. Қаржылық менеджер (немесе несие беруші) кәсіпорынға қандай көздер пайданы үлкен көлемде әкелетінін және қайсылары оларды үлкен көлемде пайдаланатынын көріп білуі тиіс. Қанағатты жұмыс істейтін кәсіпорында таза ақшалай ағым нөлге бағытталуы тиіс, яғни есеп мерзімі ішінде түскен ақщалай қаражаттар тиімді түрде инвестицияланып қалуы қажет. Бірақ осы нәтижеге түрлі жолдар әкеледі: негізгі қорларды көбейту мақсатында кәсіпорынмен пайдаланатын қолма – қолды таза ағымды операциялық харекеті әкелуі мүмкін. Бірақ керісінше  жағдай да болуы мүмкін – кәсіпорын негізгі капиталының бір бөлігін  сатқан кезде, өзінің таза ақшалай ағымын операциялық харекетінен жабады. Бұл нұсқа кәсіпорын үшін әсіресе жағымды емес, оның ақшалай қаражаттар негізгі көзі ретінде оның мүлікті сату емес операциялық харекеті болуы тиіс.

Кәсіпорынның қаржылық қорытындылар талдау қорытындысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының жалпы бағасымен сәйкес келіп, түсімдердің мөлшерінен емес, кәсіпорынның қарыздарын өтеу қабілеттілігі не активтердің өтімділігімен сәйкестелуі.

Кәсіпорынның тиімді жұмысы мен өндірістің барлық факторларын пайдалануы оның қандай көлемде табысты алу харекетімен мінезделеді. Қолданған ресурстар бірлігіне келетін табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорын капиталының инвестициялануы тиімді болады. Осындай жағдайда кәсіпорынның тиімді харекетін негіздейтін көрсеткіш ретінде рентабельділік қарастырылады, бұл авансталған қаражаттардың табыстылығын немесе сатылған өнімнің айналым көлемін көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекелес қабілетін қанағаттандыру үшін бар көңіл қолданған ресурстардың рентабельдігіне аударылады, себебі қызмет ететін капиталдың әр бір теңгесінің табыстылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде табыстылықпен байланысты келесідей басқа да көрсеткіштер: жалпы табыс сомасына қосылатын ұлттық пен таза табысқа қатынасы бар ұлттық өнім нормасы мен таза өнім нормасы қолданылады. Барлық белгілелер табыстар мен шығыстар есебінен алынып отырады. Түскен көрсеткіштер кәсіпорынның рентабельділігін салықтарды төлеуге дейін мен төленгеннен кейін көрсетеді. Рентабельділік бағасын кәсіпорындар харекетін салыстырғанды қолданған тиімді болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы: “Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты”, 2007 ж.
  2. Ефимова О.В. “Финансовый анализ”- М.: Бух. учет, 1996 –208 с.
  3. Моляков Д.С. “Финансы предприятий отраслей народного хозяйства”: Учеб. пособ.- М.: Финансы и статистика, 1996 – 176 с.
  4. “Финансы предприятий”: Учеб.  пособ.  /Под ред. Бородиной – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995 – 208 с.
  5. Бланк И.А. “Финансовый менеджмент”: Учебный курс. – Киев: Ника-Центр, 2004 – 653 с.
  6. Бригхем Ю., Гапенски Л. “Финансовый менеджмент”: полный курс: в 2-х т./ пер. с англ. Под рел. Ковалева В.В. СПб.: “Экономическая школа”, 2001г., т.1 – 497 с., т.2 – 669 с.
  7. Крейнина М.Н. “Финансовый менеджмент”: учебное пособие. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2003 – 400 с.
  8. Рубинштейн Т.Б. “Планирование и расчеты денежных средств фирм и компаний”. – М.: Ось-89, 2001 – 608 с.
  9. “Экономика предприятия”: учебник для вузов./ пер. с нем. под ред. Ф.К.Беа, Э.Дихтла, М.Швайтцера – М.: ИНФРА-М, 2003 – 928 с.
  10. “Қазақстан Республикасының Конституциясы”, 1998 ж. 30 тамыз.
  11. “Қазақстан Республикасының Азматтық Кодексі”, 2007 ж. 12 қаңтар.
  12. “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң, 2001 ж. 23 қаңтар.
  13. “Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы” заң, 1995 ж. 31 тамыз.
  14. Егемен Қазақстан, 2006 ж. 8 ақпан.
  15. Павлова А.Н. “Управление денежных оборотов”, М-1998 ж.
  16. Халық, 2005 ж. 23 маусым, 9 бет.
  17. Мир финансов, 2006 ж., № 2, 11-13 бет.
  18. “Қазақстан Республикасының Акционерлік Қоғамы туралы” заң, 1998 ж.
  19. Крейнина М.Н. “Бухгалтерский баланс как база для принятия решений по управлению активами и пассивами предприятия”. // Финансовый менеджмент. – 2000. №2. С. 110-113.
  20. Купчина Л.А. “Анализ финансовой деятельности с помощью коэффициентов”. // Бухгалтерский учет. 1997. № 2. С. 51-56.
  21. Макарьева В.И. “Отличие бухгалтерской отчетности 2000 года от бухгалтерской отчетности 1999 года”. // Налоговый вестник. – 2000. №.11. С. 94-103.
  22. Матвеева В.М., Шутенко В.В. “Финансовый анализ позволяет предупредить несостоятельность”. // Финансовый менеджмент. – 2000. №2. С.114-120.
  23. Михеев В. “Методические вопросы управления ликвидностью фирмы”. // Проблемы теории и практики управления. 1996. № 2. С. 92-94.
  24. Палий В. “Международные стандарты отчетности – условие прозрачного управления предприятием”. // Проблемы теории и практики управления. 2000. № 3. С. 86-91.
  25. Савушкин М. “Анализ финансового состояния фирмы”. // Маркетинг. 2000. №1. С. 54-56.
  26. Фащевский В.Н. “Об анализе платежеспособности и ликвидности предприятия”. // Бухгалтерский учет. 1997. № 11. С. 27-29.
  27. Ховрат П. “Сбалансированная система показателей как средство управления предприятием”. // Проблемы теории и практики управления. 2000 № 4. С.108-114.
  28. Стоянова “Финансовый менеджмент” – М.1995 г.
  29. Шеремет, Сайфуллин Р.С. “Финансы предприятий” – М. 1997г.