Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі

0

Тақырыбы: Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның көрсеткіштері…………………………..5

1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау……………………….9

1.3 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы……………………………………………………………………………………………………..12

2 «Баян Сұлу» АҚ- ӨНІМ САПАСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.2 Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметін  талдау

2.3 кәсіпорынның маркетингтік жүйесі өнім сапасының саясатына әсер етуін талдау………………………………………………..18

2.1 Қазақстандағы кондитер нарығының қазіргі кездегі  жағдайын талдау………………………………………………………………………21

3 ҚАЗАҚСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ НЕМЕСЕ ТЕТІКТЕРІ

3.1 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы……………………………………………………………………………………………………..23

3.2 Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы…………………………………………………………………………………25

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ……………………………………………….31

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясн жоюмен, өнімнің тұтыну қасиетіне  қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты болып табылады.

Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.[8]

Қазақстан үшін  бәсекеге қабілетті өнім өндірудің басты нәтижесі ішкі нарықпен жалпы ішкі өнім көресткіштерін арттыру, экспортты ұлғайту мен валюталық  түсімдерді көбейту; бюджетке салық түсімдерін қалыптастыру; халықты еңбекпен қамту; саяси-әлеуметтік тұрақтылық болуы тиіс.

Бүгінгі күні басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсендігін  көтеруге, өнім сапасын арттыруға, өндіріске жаңа жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз щығын щығарып, сапалы әрі мол өнім өнідіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс.

Айта кеткен жөн, бүгінгі күнде еліміздің көптеген компаниялары өз операцияларын елімізден тыс жерлерде жүргізеді, бұл Қазақстанда трансұлттық компаниялар  тобы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан,  Қазақстан тауар өндірушілер арасында да бәсекелестік пен өндірілген өнім сапасын жақсартуға арналған тиімді шаралардың жүзеге асырылуы жөн.

Өнімге, өнім сапасына, бағасы мен бәсекелестігіне кеткен шығындар мен тиімділігіне, өндірістің барлық құрылымдары мен материалдық-техникалық базасына тынғылықты талдау жасалыну арқылы, кәсіпорын экономикасының негізін түсінуге болады.

Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның өнім сапасының ұйымдастыруының теориялық және әдістемелік негізде «Баян Сұлу» АҚ-ның  мысаланда оның қызметі мен өнім сапасына талдау жасау.

Өзімнің курстық жұмысымда ҚР-да өнім сапасы, оның бәсекеге қабілеттілігі қаншалықты жоғары, я төмен екенін, өнім сапасын басқару жүйесі, сертификаттау, мемлекеттік деңгейде реттеу, ҚР-ның БСҰ-ға кіруі, отандық өнімнің қаншалықты бәсекеге қабілетті деген сияқты актуалды сұрақтарды қарастырдым.

Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген:

Бірінші тарауда өнім сапасының экономикалық мәні, оның маңыздылығы, бәсекеге қабілеттілігін, «өнім сапасы» ұғымы мемлекеттік стандарттармен анықталуы, оның жүзеге асуы, жалпы оның қажеттілігі қаншалықты екенін талқыладым.

Екінші тарауда кәсіпорынның техника экономикалық көрсеткіштерін есептеу, оған анализ жасау, кәсіпорынға қысқаша сипаттама беру, өнім сапасын талдау және бағалау.

Үшінші тарауда Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, отандық өнімнің сапасы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы ретінде қарастыру.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспа сөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері, интернет беттеріндегі ақпараттар қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның көрсеткіштері

 

Өнім сапасы дегеніміз өнімнің атқаратын міндетімен сәйкес қажеттілік анықтамасын қанағаттандыруға жарамдылығын қамтамасыз ететін өнім қасиеттерінің жиынтығы түсіндіріледі.

Нарықтық қатынастарға өтудің қазіргі кезеңдегі жағдайларында кәсіпорынға өзінің тауарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету өте маңызды. Бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы теориясы, Майкл Портердің кітаптарынан бастау алады. Майкл Портер бәсекелік артықшылықтың үш түрін бөліп көрсетті: шығындар бойынша артықшылық, саралау және бір нәрсеге бейімделу.

Шығындар бойынша артықшылық – бұл фирманың бәсекелестерге қарағанда аз шығындала отырып, тауар өндеу, өндіру және өткізу қабілеті. Басқа сөзбен айтқанда, бұл артықшылыққа жету үшін кәсіпорын аз шығындармен және өте аз мерзім ішінде тауар өңдеу, өндіру және өткізуді ұйымдастыру қажет.

Саралау деп сападағы артықшылықты, соның ішінде, өнімнің ерекшелігін, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетудегі артықшылықты айтамыз, осы арқылы тауар тез сатылады, ал кәсіпорынның өнімі бәсекелестеріне қарағанда жоғары бағаланады.

Бір нәрсеге бейімделу фирманың күш-қуаттарының тұтынушылардың қандай да бір тобына немесе арнайы бір географиялық нарыққа бағытталуы болып табылады.

Өнім сапасының бәсекеге қабілеттілік стратегиясы фирманың бәсекелік артықшалық түрлерінің бірін таңдауы негізінде құрылады: не тұтынушыларды өзінің өнімдерінің басқа өндірушілердің ұқсас өнімдеріне қарағанда салыстырмалы арзандығымен қызықтыра отырып, шығындардың артықшылығын көрсетумен; не тұтынушылардың тауардың жоғары сапасына қызығушылығын тудыру арқылы бейімделуді таңдау. Бәсекеге қабілеттілік стратегиясын таңдау көптеген бірқатар факторларға тәуелді болады, оларлдың ең маңыздыларына мыналар жатады: кәсіпорынның экономикалық потенциалы, оның тауар нарығындағы қаржылық жағдайы, тұтыну нарығындағы фирманың беделі және фирмалық белгінің атақтылығы.

Кез-келген өнімнің тұтыну қасиеттері сапа көрсеткіштерінде көрініс табады.

Сапа көрсеткіштері бірлік, кешендік, интегралдық сапа көрсеткіштері болып бөлінеді.

Бірлік көрсеткіштер өнімнің жекелеген пайдалы қасиеттерін сипаттайды. Жиынтықта олар өнім сапасының техникалық-экономиклық деңгейін анықтайды. Сапаның кешендік көрсеткіштері қасиеттер тобын анықтайды. Интегралдық көрсеткіш – бұл өнімнің пайдалы қасиеттері мен осы қасиеттерді қамтамасыз етуге кеткен жиынтық шығындарды саластыру.

Жеке көрсеткіштер үлкенекі топқа бөлінеді: сыныптау (классификация) және бағалау.

Сыныптау көрсеткіштері өнімнің сыныптау жүйесінде белгілі бір топқа жататының сипаттайды және өнімнің қызметін, пайдаланылу аймағын және  пайдалану шартын анықтайды. Сонымен, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері жүйелендірілген, кодтық белгілері бар, мысалы, жалпы ресейлік өнімдер сыныптаушысы. Жалпы ресейлік өнімдер сыныптау өнім топтарын қалыптастыру үшін қолданылады және өнім сапасын бағалауға қатыспайды.

Жеке көрсеткіштер 11 топқа бөлінеді (1-ші сурет):

 

 

 

  1. Белгілеу көрсеткіштері өнімнің өзіне арналған қызметін орындаудағы (құрал-жабдықтардың өнімділігі, электр двигательдерінің қуаты, автомобильдің жүк көтеруі және т.б.) басты қасиеттерін сипаттайды және оның қолданылу аймағын анықтайды.
  2. Сенімділік көрсеткіші 4 бірлік көрсеткіштерімен сипатталады: бұйымның тоқтаусыздығы, сақталушылығы, жөндеуге жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі. өнімнің ерекшелігіне, оны пайдалану шарттарына байланысты сенімділік көрсеткіші не барлық төрт бірлік көрсеткіштерімен, не олардың бірімен сипатталады.
  3. Технологиялық көрсеткіштер. Технологиялық бұйым конструкциясының берілген өндіру көлеміндегі үйлесімді өндірістік, технологиялық шарттармен сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. өндірудің берілген көлемінде пайдалану талаптарын қанағаттандыратын және ең аз өндірістік шығындарды қамтамасыз ететін конструкция технологиялық деп есептеледі. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
    • ресурс тұтыну, яғни, өнім өндірісіне кеткен материал, отын, энергия, еңбек шығындары;
    • ресурс сыйымдылық — өнімнің материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы.
  4. Стандарттау мен үйлестіру көрсеткіштері өнім бөлшектері атауларының жалпы санындағы стандарттық, үйлестірілген және өзіндік бөлшектері атауларының қолданылу дәрежесімен анықталады. Өнім конструкциясын стандарттау және үйлестіру деңгейлерін көтеру оның әртараптандырылуымен, яғни, шығарылатын өнім номенклатурасының әртүрлілігімен үйлестіре отырып, оның стандартталған бөліктерінің жаппай өндірісін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
  5. Эргономикалық көрсеткіштер өнім мен адамның өзара әрекетін, оның адам машина жүйесіне бейімделу дәрежесін көрсетеді. өнімді пайдалану кезінде пайда болатын жұмысшының гегиеналық, астрометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттері кешенін сипаттайды.
  6. Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы түрінің ақпараттық айқындылығын, жинақтың тұтастығын, дизайнын сипаттайды.
  7. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнім конструкциясындағы техникалық шешімдердің жаңару дәрежесін, оның патентік қорғалуын және патенттік айқындығын сипаттайды және бәсекеге қабілеттіліктің елеулі белгісі болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтауда өнімде жаңа техникалық шешімдердің, сонымен қатар елде және шетелдерде өнімді кедергісіз сатуға мүмкіндік беретін патенттермен қорғалған шешімдердің болуы есепке алынады.
  8. Тасымалдаушылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділік дәрежесін көрсетеді.
  9. Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде пайда болатын зиянды әсер ету деңгейлерін сипаттайды, мысалы, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қоспалардың болуы, өнімді сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе тұтыну кезінде зиянды бөлшектерді тастау, газдар мен сәулелер тарату ықтималдылығы.
  10. Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезіңдегі, оны монтаждау, қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау және тұтыну кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін сипаттайды.
  11. Экономикалық көрсеткіштер сапаның жеке көрсеткіштері жүйесінде ерекше орынға ие. Олардың көмегімен өнімді өңдеу, өндіру және пайдалануға кеткен еңбек шығындары белгіленеді және оның тұтынудың экономикалық әсері есептеледі. Оларға мыналар жатады: бға, өзіндік құн, өнім рентабельділігі және өнімнің негізгі қызметінің абсолютті түрде де, көрсеткіш бірлігі түрінде де пайдалану шығындары.

Сапаның жалпы қорытынды көрсеткіштері, кәсіпорын шығаратын өнімнің жалпы сапасын сипаттайды. Олар-сатудың жалпы көлеміндегі бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнімнің көлемі мен үлес салмағы, жоғары сапалы өнім өткізуден кәсіпорынның алған пайдасы, өнімнің сорты, таңбасы. Сонымен қатар сапа көрсеткіштері абсолютті,салыстырмалы, заттық немесе құндық өлшемдерде бейнеленуі мүмкін.

Сапа деңгейі – салыстырмалы сипаттама. Талданылатын өнімнің сапа көрсеткіштерін үлгі-өнімнің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру арқылы есептеледі. Үлгі ретінде стандарттар, техникалық шарт, болашақ жаңа бейнедегі үлгі, шетелдңк ұқсас өнім алынады.

Сапаны қалыптастыруға кеткен шығындарға байланысты сапа деңгейі төмендегідей болып бөлінеді:

  • өнімнің абсолюттік сапа деңгейі, өнімнің өндірісі толып жатқан экономикадан тыс ұғымдармен, соның ішінде, елдің қорғаныс қабілеттілігін,оның әлемдік нарықтағы беделін қамтамасыз ету шарттарымен, ғарыштық техниканың дамуымен т.б. ықпаламен жүргізілуі мүмкін;
  • қауіпсіз сапа деңгейі, мұндай өнімді пайдалану қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі;
  • сапаның экономикалық оптимальды деңгейі, яғни өнім өндірісі мен тұтынуға өте аз шығындар жұмсай отырып, қажеттілікті ең жоғары деңгейде қанағаттандыру. Интегралдық көрсеткіш негізінде анықталады. Азаматтық өнімнің көптеген түрлері үшін сапның дәл осы оңтайлы деңгейі қолайлы.

Өнім сапасы көрсеткіштерінің барлық жүйесі кәсіпорынды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмінде кеңінен пайдалынылады. Көбіне шығарылатын өнім сапасын талдауда, өңдеуге жаңа өнім енгізгенде, болжамдау кезінде, сапаны болашақ және ағымдық жоспарлауда қолданылады.

Өнімнің қайта өңделетін түрлері бойынша үлгімен салыстырғандағы бірлік және кешендік сапа көрсеткіштері кәсіпорынның техникалық деңгейі мен сапа картасында, стратегиялық жоспарда, сонымен қатар, кәсіпорынның техникалық дамуының болашақтағы, ағымдық жоспарында көрсетіледі. Сериялық өндірісте игерілген өнім сапасының фактылық деңгейі стандарттар мен техникалық шарттар талаптарымен салыстырылады, соңында, ол тұтыну сферасында есепке алынады, мұнда кәсіпорынның  маркетингтік қызметтері тұтынушылардың сапа көрсеткіштеріне қоятын талаптары мен сұраныстары туралы мәліметтер жинайды. Бұл мәліметтер сапаны қалыптастырудың барлық сатыларында сапа көрсеткіштеріне басқарушылық ықпалдар жасау кезінде негізге алынады.

Мысалы, бизнес-жоспардың  “Тауарлар мен қызметтер түрлері” бөлімінде барлық өнім сапа деңгейіне байланысты топқа бөлінеді:

Жоғары сапалы өнім өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ұқсас бәсекелес тауарлардан артық болады. Көптеген жағдайларда бұл негізінен жаңа өнім болып табылады. Мұндай тауарлардың өндірушісі өз пайдасын өнімге өте жоғары баға белгілеу есебінен де, нарықтығы өзінің үлесін арттыру есебінен де елеулі түрде көбейтуі мүмкін.

Бәсекеге қабілетті өнім негізінен сапаның жоғары деңгейіне сәйкес келеді, бірақ осы нарықтағы ұқсас тауарлар арасында орташа сапа деңгейін иеленуі де мүмкін. Соңғы жағдайда тауардың бәсекеге қабілеттілігіне жарнама және сатуды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар есебінен қол жеткізіледі және ол, негізінде, баға құруға, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, жарнамаға, өткізу арналарын таңдауға және т.б. тәуелді болады.

Сапа деңгейі төмен өнімдердің тұтастай алғанда көптеген бәсекелестер өніміне қарағанда бірнеше нашар тұтыну қасиеттері болады. Бұл жағдайда фирманың нарықтық бағыты тұрақты болып қалуы үшін өндіруші мұндай тауарларға бағаны төмендету стратегияларын қолдануына болады.

Сапа деңгейі өте төмен өнімдер әдетте бәсекеге қабілетсіз, не тұтынушысын ешқашан таппайды, не тек өте төмен бағада ғана сатылуы мүмкін. Бұл жағдайда өндірушіге не мұндай өнімнің сапасын көтеру, не нарықта жаңа өнімдерге ауыса отырып, оны өндірістен алып тастау керек.

 

1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау

 

Мелекеттік стандарттқа сай, өнім сапасын басқару – бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдау.

Өнім сапасын басқару жүйесі эволюциясының ХХ ғасырда бірнеше кезендері болды.

І кезеңде ХХ ғасырдың басында Ф.У. Тейлор сапаның жоғарғы және төменгі шектері, рұқсат етілген аймақ түсініктерін қамтитын жүйені ұсынды, сапа жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметін, ақаулы және жарамсыз өнімдер шығаратындар үшін айыппұлдар жүйесін орнатты.

ІІ кезеңде (20-50− ші жылдары) сапаны бақылаудың статистикалық әдістері дами бастады.

ІІІ кезеңде (50-80 жылдары) шетелдерде де, біздің елімізде де алғаш рет фирма ішілік жүйелер пайда болды. Бұл жүйелерде сапаны қамтамасыз ету әдістерін жалпы менеджемент негіздерімен үйлестіру басталды.

Россияда Саратовтың ақаусыз өнім өндіру (АӨӨ) жүйесі, Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, Горьковтің ССАӨР жүйелері сияқты жүйелер кеңінен танымал болды және кәсіпорындарда қолданыла бастады. АӨӨ жүйесінің мәні – әрбір жұмыс орнында технологиялық процесс талаптарын қатан сақтау және өнімдерін техникалық бақылау бөлімі алғаш талап еткен кезден бастап беру болып табылады. Басқару объектісі тек өндірістік саты мен жеке орындаушының еңбек сапасы болып табылады.

Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, ААӨ жүйесі сияқты, ең алдымен, тікелей орындаушылардың жоғары еңбек сапасына бағытталады, бірақ басқару объектісі өнімнің өміршендік циклының кез келген сатысы бола алады.

Горьковтің ССАӨР (сапа, сенімділік, алғашқы өнім ресурсы) жүйесінде негізгі басқару объектісі өндірісті жобалау және технологиялық дайындау сатылары болады, мұнда құрастыру және технологиялық құжаттардың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек, ал жаңа өнімнің тәжірбиелік үлгісі ресурстарды сынақтан өткізу негізінде сенімді және ұзақ мерзімді кепілдендірілген деңгейде болады.

Өнімнің өміршендік цикллінің барлық сатысын қамтитын ең кешенді жүйе ӨСБКЖ (өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі) болып табылады, ол 70−жылдардың ортасында Жоғарғы ғылыми-зерттеу институтының стандарттауынан құралған. Бұл жүйе ұйымдастырылған жобалау объектісі болып табылады. Оның негізін кәсіпорындар стаедарттар құрайды.

80 жылдары (IV кезең) өнім сапасын басқару өнімнің өміршендік циклінің барлық сатысында бүкіл өндірісті басқару деп қарастыратын жүйелер пайда болды. Мұндай жүйелерге TQM (total quality management-сапаны жалпы басқару) жүйесі жатады, бұл жүйе 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына негізделген жүйе.

TQM сапаның үнемі жақсаруына, өндірістік шығындардың азаюына және өнімді дәл уақытында жеткізіп беруге бағытталған кешенді жүйе болып табылады. Жүйенің негізі мына принциптер болып табылады:

  • өнімнің ақауының болмауы;
  • өндірістік емес шығындардың болмауы;
  • түтынушыларға өнімді дәл уақытында жеткізіп беру.

TQM негізі – сапаның жақсаруының шегі жоқ.

1987 жылы АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) техникалық комитеті 9000 сериялы  бес халықаралық стандарттарына ы дайындады және бекітті, бұл стандарттарыда өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесі, оның ішінде, өнімді өңдеу, өндіру, өнімді сынақтан өткізу мен бақылауларын ұйымдастыру, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптары белгіленген. ИСО 9000 халықаралық стандарттары сапа жүйелері бойынша келесідей бес атаудан тұрады:

1.ИСО 9000. Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету стандарттары. Таңдау және қолдану жөніндегі басқару нұсқаулары.

  1. ИСО 9001. Сапа жүйесі. Жобалау ненмесе өңдеу, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
  2. ИСО 9002. Сапа жүйесі. Өндірісте және монтаждауда сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
  3. ИСО 9003. Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынақ өткізуде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
  4. ИСО 9004. Сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері. Басқару нұсқаулары.

Бұл стандарттардың артықшылығы төмендегілерге бағытталғандығында болып табылады:

  • жүйелік тәсілдің сапасын басқаруға қолданылуына;
  • сапаның тұтынушыға бейімделуіне;
  • өнімнің өміршендік циклінің барлық сатылары бойынша өнім сапасына қойылатын талаптарды тәртіпке келтіруге;
  • барлық негізгі қызметтері бойынша сапаны басқаруға;
  • өнім сапасына қойылатын нақты талаптарды құжат түрінде дайындауға;

Халықаралық стандарттардың дамушы сипатын, сонымен қатар олардың халықаралық нарыққа шығу кезіндегі реттеуші рөлін ескере отырып, ИСО 9001, 9002, 9003 стандарттары Ресейде тікелей пайдалану үшін қабылданды. Мемлекеттік стандарт оларға сәйкес мемлекеттік стандарттар бекітті.

Кәсіпорынға енгізілетін сапа жүйесі сапа саласында оның нақты қызметінің ерекшеліктерін есепке алу арқылы белгілі бір мақсатқа жету үшін белгілі бір саясат жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылыды.

Сапа саласындағы саясат ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады және мыналарды қарастырады:

  • кәсіпорынның экономикалық жағдайын қарастыру;
  • өнім өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаулап алу;
  • алдынғы қатарлы фирмалар деңгейінен артық болатын өнімнің техникалық деңгейіне қол жеткізу;
  • белгілі бір салалардағы немесе белгілі бір аймақтардағы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бейімделу;
  • жаңа қағидаларға сай жүзеге асырылатын функционалдық мүмкіндіктерді, өнімді игеру;
  • өнім сапасының ең маңызды көрсеткіштерін жетілдіру;
  • өндірілетін өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;
  • өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;
  • қызмет көрсетуді дамыту.

ИСО стандарттарына сәйкес өнімнің өміршендік циклы 11 кезеңнен (сапа негіздерінен) тұрады:

  1. Маркетинг, нарықты іздеу мен зерттеу
  2. Техникалық талаптарды жобалау және өндеу, өнімді өндеу.
  3. Материалдық-техникалық жабдықтау.
  4. Өндірістік процесстерді өндеуге дайындық.
  5. Өндіріс.
  6. Бақылау, сынақ жүргізу және зерттеу.
  7. Орау және сақтау.
  8. Өнімді өткізу және бөлу.
  9. Монтаж және пайдалану.
  10. Техникалық көмек және қызмет көрсету.
  • Сынақтан өткізгеннен кейінгі пайцдалану.

Сапаны басқару жүйесіне әрбір кезең бойынша кәсіпорын стандарттары түрінде дайындалған, өнім сапасының талаптарын реттейтін құжаттар кешені кіреді.

ИСО 9000 стандарттары сапаны басқару жүйесіне спа саласындағы саясаттан басқа, мынадай ішінара жүйелер кіреді:

  • сапаны қамтамасыз ету өнімнің өміршендік циклінің әрбіркезеңінің орындалуы үшін қажетті жағдайларды құрайтын және оның сапасына қойылатын барлық талаптардың қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін жоспарланған және жүйеленген түрде жүргізілетін іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
  • Сапаны басқаруға жоспарлау, реттеу, есепке алу, бақылау, өнім сапасын талдау сияқты басқару функциялары негізінде басқарушешімдерін қабылдау жатады.
  • Сапаны көтеру — өнім сапасын жақсарту бойынша үздіксіз жүргізілетін іс-шаралар(1-сурет)

Сапаны басқару жүйесінің өңделген құжаттарында ИСО 9000 стандарттарының талаптары, кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, сонымен қатар, тұтынушылардың арнайы талаптары көрсетіледі.

Сапаны басқару жүйесі сертификат алу, яғни аттестациядан өтеді. Кәсіпорынның сапа жүйесінде сертификатының болуы түрлі жобаларға қатысу үшін оның тендірге жібеорілу шарттарының бірі болып табылады.

Сапаны басқару жүйесі   ИСО 9000 базасында, егер ол TQM типіндегі сапаны басқару жүйесімен біріктірілсе өте тиімді болады.

2000 жылы сапаны басқару саласындағы тәжірбиені жинақтап қортындылаған халықаралық стандарттың жаңа версиясы жасалынды. Мұның алдындағы версияға (ИСО:1994) енгізілген негізгі өзгерістер ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:

— стандарттардың жалпы саның қысқарту;

— тұтынушылады қанағаттандыруға бағыттау;

— стандарттарды үздіксіз жетілдіру;

— құжаттардың ең қисынды құрылымы;

— ұйымды басқарудың процестік тәсілі.

2000жылы желтоқсанда Ресей Федерациясы Мемлекеттік стандартты халықаралық стандарттың жаңа ұйғарымын бекітті: ИСО;2000:9000:2000 сериялы ИСО стандарттарында қарастырылған әдістемеге сәйкес, прцесс – бұл нәтижесі сандық көріністе болатын белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекет. Процесстік тәсілді жүзеге асыру үшін кез келген ұйым өзінің іс-әрекетінде  төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:

а) сапаны басқару жүйесініңбарлық элементтері бойынша шектеулі ресурстарды бөлуді қарастыратын элементтік тәсілден айырмашылығы-фирма іс-қызметіне жоғары дәрежелі нәтиже алып келетін қатаң анықталған процесстерде ресурстардың шоғырлануы;

б) «кіру-шығу», яғни, сапа басқару жүйесі шегінде қызымет ететін баолық прцесстердің «ресурстар-нәтижелер» арақатынасын тұрақты бағалау.

Осыған орай, процесстік тәсілді пайдалану арқасында кез-келген сапаны басқару жүнкцияларды (жоспарлау, үйлестіру, реттеу,бақылау,есепке алу,сапаны талдау) басқарудан нәтижені басқаруға қайта бейімделуі қажет, бұлардың жиынтығы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің және өнімнің сапасын басқару жүйесінің тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етуі керек.

ИСО 9000:1994 сапаны басқару жүйесінде кәсіпорындарға бөлініп берілген сертификаттардың әлі белгілі бір уақытқа дейін күші жойылмайды. Болашақта олар ИСО жаңа ұйғарымымен қайта қаралуы қажет.

Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қамтамасыз етілуі сапаны басқару жүйесін басқарудың Ұымдық құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Ол кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленіді және басқару қызметкерлері сияқты, сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарлату қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін бөлу болып табылады (2-сурет сапаны басқару қызмет-ң құрылымы).

Өнім сапасын басқару жүйесінің басты мақсаттары:

  • сапа жөніндегі барлық бөлімшелер қызметтерінің үйлестірілуі;
  • өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын басқару және қамтамасыз ету әдістерін өңдеу;
  • сапаны басқару бойынша оқу бағдарламаларын дайындау;
  • кәсіпорының сапа жөніндегі қызметінің нәтижелерін талдау;
  • сапа жүйесін және оны жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруды кезендік тексеру.

Ол  сонымен қатар, көптеген кәсіпорында жеткілікті дами қоймаған бірқатар қызметтер  атқарады. Мұндай қызметтерге төмендегілерді жатқызуға болады:

  • кәсіпорынның нарықтағы өніміне сұраныс пен қажеттіліктерді зерттеу және болжамдау;
  • өнімнің өміршендік циклының түрлі сатыларындағы сапа туралы қажетті мәліметтерді жүйелендіру және жинау;
  • сапаны кешендік техникалық-экономикалық талдау, оны қамтамасыз ету шығындары және сапа жүйесі мен өнімнің сертификациясы жөніндегі мәліметтерін дайындау, сапаны басқару жүйесі мен өнімнің  сапасын жоғарлатудағы экономикалық тиімділікті бағалау.

Сапаны басқару бөлімі осы қызметтің орталық бөлігі болып табылады. Ол сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды жасауды үйлестіреді, өнімнің жобалау конструкторлық зерттеуінен бастап, өнімді өткізу сатысындағы сапасын бақылауға дейін, сапаны басқару жөніндегі барлық қызметтердің орындалуын бақылайды.

Сапаны басқару бөлімі кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтеріне өнімнің жаңа сапасына және негізгі пішініне тұтынушылардың сұраныстары мен талаптары туралы мәліметтерді беру үшін сапа жөнінде ақпараттарды жинақтап қорытындылайды және талдау жасайды. Сапаны басқару бөлімінің маңызды қызметі — өнімнің өміршеңдік циклының барлық кезеңдерінде оның сапасын қамтамасыз ету шығындарын оңтайландыру және талдау, сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау болып табылады. Сертификаттау бөлімі шығарылатын өнімдерді, сапаны басқару жүйесінің өзін сертификаттау үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Техникалық бақылау бөлімі кәсіпорын директорына тікелей бағынышты бола отырып, қызметіне қарай сапа жөніндегі директордың орынбасарына бағынады.

Сертификаттау — өнімнің қойылған талапларға сай келетінін дәлелдейтін іс-әрекет.

Сертификаттау келесідей мақсаттарға жетуге бағытталған:

— біртұтас тауар нарығында кәсіпорынның және ұйымның іс-қызметіне, сондай-ақ, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық

-қа және халықаралық саудаға қатысуға жағдай жасау;

— тұтынушылардың өнімге жетік талдау жасауына көмектесу;

— өнімнің бәсекеге қаблеттілігін жоғарлатуға және оны экспорттауға көмектесу;

— тұтынушыларды арам ниетті өндірушілерден қорғау;

— өнімнің адам өміріне, денсаулығына, мүлікке қоршаған ортаға қауіпсіздігіне бақылау жасау;

— өндіруші ұсынған өнім сапасының көрсеткіштерін дәлелдеп бекіту.

Сертификаттаудың зерттелген ережелері мен шарттары – халықаралық стандарттау ұйымының, халықаралық электротехникалық комиссиясының және ИСО 9000 халықаралық стандарттарының басшылығымен жасалған заңдық күші бар  халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес құрылған.

Сертификаттаудың негізінде мынадай принциптер бар:

  1. Сертификаттау критерийлерін таңдау. Критерий дегеніміз – шығарылған өнімнің ұлттық стандартқа сай келуі;
  2. Сертификаттаудың 10 жұйесі ішінен біреуін таңдау;
  3. өнім өндірісінің технологиялық процесінің тұрақтылығы, сапа басқару жүйесін пайдалану, оны бағалау және іс-әрекеттерін бақылау;
  4. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу мен сынақ өткізу нәтижесінің объективтілігі мен тәуелсіздігі. Сертификаттау оң нәтиже берген жағдайда, өнімге таңба, сертификат белгісі, сәйкестілік сертификаты түрінде дәлелдеме куәліктері беріледі.

Өнім сапасының жүйелерін сертификаттау 9000 сериалы ИСО стандарттарының нормативтік үлгісіне негізделеді.

ГОСТ Р 40. 003-96 сәйкес сапа жүйесін сертификаттауда үш этап бөлініп көрсетіледі:

  1. Сапа жүйесін алдын-ала бағалау;
  2. Сапа жүйесін ең соңғы тексеру және бағалау;
  3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау.

Егер кәсіпорында сапаны басқару жүйесі зерттеліп, әрекет еткен болса, онда оның деңгейін халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сай деңгейге дейін жеткізу мәселесі бой көтереді. Жұмыс істеп тұрған жүйені талап етілген деңгейге дейін жеткізу процедурасы мынадай кезеңдер бойынша жүргізілуі керек:

  1. Жұмыс істеп тұрған сапаны басқару жүйесін және оның жекелеген ішінара жүйелерін 9000 сериалы ИСО халықаралық стандарт талаптарына сай келуі жағынан алып талдау.
  2. Өнімнің өміршендік циклының барлық сатыларында өнім сапасы бойынша заідық күші бар нормативтік-техникалық құжаттарды талдау.
  3. сапа саласындағы сапа саясатты зерттеу және бекіту.
  4. өнім сапасын қамтамасыз ету, басқару және жақсарту бойынша жаңа әдістемелік құжаттарлды дайындау.
  5. 9000:2000 сериалы ИСО стандарттары талаптарына сәйкес құжаттарын сараптау.
  6. сараптау нәтижелері бойынша сапаны басқару жүйесінің құжаттарын қайта дайындау.
  7. Сертификаттау органдарында 5 және 6 сертификаттау жүйелері бойынша сапа жүйелерін сертификаттау.

 

1.3 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы мен тиімділігі

 

Өнім сапасын көтеру, яғни оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру деген сөз. Ондай болса, бір көрсеткіштің жоғарлауы, екінші көрсеткіштің жоғарлауына алып келеді. Бұдан экономикалық тиімділік пайда болады. өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы өндіруші мен тұтынушының екі жақты тиімділігінде анықталады. Өндірушіде – бұл нарықты жеңіп алу, келісімшарт бағалары мен өнім рентабельділігін арттыру, ал тұтынушыда — өнімді өндіруде материалдық-техникалық және еібек ресурстарын ұнемдеу болып табылады.

Еркін нарық жағдайында өндірушіге де, тұтынушыға да өндіріс тиімділігін көтеру, құнын төмендетумен қатар, сапаны көтеру шешуші фактор болып табылады.

Біріншіден, өнім сапасын көтеру пайдалы әсер бірлігіне  материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тұтынушыға ағымдық шығындардың мұндай үнемделуі жаңа техниканың жақсартылған көрсеткіштерін береді:

Э‏ mм-m,e  = Рсб  (ΔКоа  * ΔКса * ΔКфуа – 1)*Жжт,

Мұндағы:  Э‏ mм-m,e  — материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеу; ΔКоа  , ΔКса және ΔКфуа — жаңа техниканың өнімділікті, сенімділікті, табиғи өміршендігі арттыру коэффиценттері; Рсб — базалық техниканың ресурс сыйымдылығы; Жжт -жасалған келісімшарттар мен маркетингтік зерттеулер мәліметтері бойынша техниканың жоспарланған сату көлемі.

Өнімнің сапасын көтеру өндірушіге баға мен оның рентабельділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға құндық фактор есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы оның сату көлемін арттыру есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді

өқ(т) ):

Э өқ(т) = Штшн *(К жтө — 1),

 

Мұндағы: Штшн— негізгі кезендегі тұтынушыдағы өнімнің құнының шартты-тұрақты шығындары;К жтө— жаңа техника өнімділігін арттыру есебінен нарықтық қажеттілік шегінде өнім шығаруды көбейту.

Үшіншіден, жаңа техника сапасын көтеру тұтынушыға техникалық  қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды саластырмалы түрде қысқартуға мүмкіндік береді (Этқж(т)):

 

Этқж(т) = Штқжн * (Көа— 1)*Жкп

 

Мұндағы:Штқжн— машиналар мен құрал-жабдықтар паркінің жөндеу күрделілігі  бірлігі есебіндегі негізгі кезенде техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге кеткен шығындар; Жкп— машиналар мен құрал-жабдықтар паркінің жөндеу күрделілігі  бірлігінің жиынтық саны.

Төртіншіден, өнім сапасын көтеру тұтынушыға өндірісті ұлғайтуға кеткен капитал салымын үнемдеуге мүмкіндік береді (Экст):

 

Экст =ΔӨ*Ққт* Кс

 

Мұндағы: ΔӨ- заттық түрдегі жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұтынушының өндіруі мен өткізуін арттыру;Ққт— тұтынушының негізгі өндірістік қорларының активті бөлігін қор қайтарымдылығы;Кс— тұтынушыдағы капитал салымы.

Сонда, бәсекеге қабілетті өнім сапасын көтеру нәтижесіндегі тұтынушыдағы экономикалық әсердің жиынтық мөлшері мына түрде көрінеді (Эфк(т)):

 

Эфк(т) = (Эмр(т)ткж(т)өқ(т)) – Рефн(т)* (ΔSнқ(т)— Экс(т)),

 

Мұндағы: ΔSнқ(т)– негізгі кезендегі негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі (Рефн) кезінде тұтынушыдағы негізгі өндірістік қорлар құнының өсуі.

Бір қарағанда бір жолғы және ағымдық шығындардың артуына алып келетін жаңа техника сапасын жасап шығаруды арттырудан түскен барлық табыстарды тұтынушу алатын жағдай төтенше, әдеттегіден тыс әсер тудырады.

Бірақ, тіпті нарықтық экономикалық жағдайында өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру өндіруші үшін экономикалық жағынан тиімді.

Жаңа техниканы өндіруші, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнімге өте жоғары баға беру есебінен қосымша пайда алады (ΔП(ө)):

 

ΔП(ө)=[(Бқ-шжт — Өқжт) – (Бқ-шет— Өқет)]* Жжт

 

Мұндағы: Бқ-шжт және Бқ-шет— жаңа және ескі техникалалардың келісімшарты нарықтық бағасы; Өқжт және Өқет— жаңа және ескі техникалаларды шығарудың өзіндік құны.

Екіншіден, өнім сапасын көтеру өнімге тұтынушылардың кінәрат-талабы және ол бойынша ықпал шараларды төмендетуге тура келеді.

Сонда, өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруден алынатын экономикалық әсер мөлшерін мына түрде анықтауға болады (Эфк(ө)):

Эфк(ө)(ө) + ΔПсанк – Реф(ө) * Кс(ө)

Мұндағы: Псанк — жарамсыз өнімнің құны мен ақауларын жоюға кеткен шығындар; Реф(ө) — өндірушідегі негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі; К с(ө)  — өндірушідегі капитал салымы.

Бір-бірімен байланысты салалардағы әсерді (Эфкс) есептеу арқылы өндіруші мен тұтынушудағы жиынтық экономикалық әсер халық шаруашылық әсерін (Эф(хш)) құрайды:

 

Эф(хш)  = Эфк(ө) + Эфк(ө)  +Эфк(с)

 

2 КӘСІПОРЫНДА ӨНІМ САПАСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1 «Баян Сұлу» АҚ-ның өндірістік шаруашылық қызметін  талдау

«Баян сұлу» акционерлік қоғамы — 1974 жылы Қостанай кондитерлік фабрикасы деген атпен құрылған. Алғашқы өнім шығару қуаты жылына 24560 тоннаны құрады. Акционерлік қоғамның және оның атқарушы органының орналасқан жері (заңды мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, 458006, Қостанай қ, Бородина к-сі, 198.

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы ( әрі қарай «Акционерлік қоғам», «Қоғам» деп аталады) құрылтайшылардың келісімінің негізінде құрылған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының Қазақстан Республикасының басқада заң актілерінің және осы жарғының негізінде әрекет етеді.

Кәсіпорынның алғашқы директоры  негізгі мамандығы инженер механик — Танашев Неғмет Бұқпан ұлы болды. Оның басқаруындағы жылдарда кәсіпорының барлық цехтары өндіріске қосылды. Бұл үшін көптеген жұмыстар атқарылды, оның ішінде: жоғары білікті және квалификацияланған жұмысшылар дайындау қажет болды. Ол үшін жұмысшыларды институттарға, техникумдарға, ПТУ- ға жіберілді және алты ай көлемінде өз профессиялары бойынша стажировкаға Алматы, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына жіберіліп отырылды.

Бірінші кезекте кәсіпорында карамельдік цех іске қосылды. Оның қуаты жылына 2260 тонна болатын карамельдер өңдіріске шығарылды («Фруктово-ягодный букет», «Студенческая», «Солнечная»).

1975 жылы наурызда өңдіріске бисквиттік цех қосылды. Осы жылы шілде айында өңдіріске какао өнімдерін өңдіру және кәмпиттік, шоколадтық цехтар іске қосылды. Осы цехтар әйнекейлі және әйнекейсіз кәмпиттер, шоколад және шоколад ассортименті өңдірілді.

1977 жылы Танашев Н.Б мырза өнімдердің жаңа түрін өндіруге байланысты жиналыс өткізді.

1975-1980 ж.ж — өндіріске үлкен көлемде карамельдердің, мармеладтардың, вафельдердің және иристің жоғаржы сортын үлкен көлемде және аса қатты қуаты өндірісін қосқан кезеңі болды.

1981 жылы тамыз айында Қостанай кондитерлік фабриканың директоры, 1946 жылы туылған Киселев Анатолий Прокофьевич болды. Оның жұмысқа келуімен фабриканың жұмысы 3(үш) сменға көшті және өндіру қуаты жылына 30 мың тонна әр-түрлі өнімдер өндіруге көшті. Осы жылдары кәсіпорындар арасында әр-түрлі сайыстар өткізіліп отырылды. Мысалы, 1980 жылы Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай фабрикалар арасында үлкен сайыс өткізілді. Ұтқан фабриканың сайысқа қатысқан жұмысшыларына үлкен көлемде сыйақы беріліп және мақтау қағаздармен марапатталды.

1993 жылы қыркүйекте Қостанай кондитерлік фабрика — «Баян Сұлу» АҚ мәртебесін алды. Ал 1995 жылы сәуір айында «Баян Сұлу» АҚ-ның директоры 1957 жылы туылған, негізгі мамандығы инженер-механик – Богер Евгений Александрович тағайындалды.

1996 жылы кәсіпорын басқаруына уақыт жетістіктеріне сай жаңа технологиялар енгізілді. Соның ішінде 1996-1997 жылдары кәсіпорын меншігіне өнімдерінді қораптауға арналған «EDALE E250S» және «EDALE E510i»(Ұлыбритания) технологиясы енгізілді. Осыған қоса энергетикалық кризиске байланысты кәсіпорын өндірісін үздіксіз жұмыс істеу үшін өзіне жаңа дизельдік электрогенератор сатып алды.

1998-1999 жылдары «Баян Сұлу» АҚ өндіріске карамельді өндіру және оны қораптауға арналған машинаны сатып алды(Италия).

2000 жылы – кәсіпорында пеш іске қосылды. Оның буу шығару қуаты сағатына 16,5 тоннаға дейін жетті. 2002 жылы кәсіпорынға келетін электр қуатын ВЛ 10кВ күрделі монтаж жұмыстарын өткізді. Оның ұзындығы 3,8 км болды.

Ал 2003 жылы өндіріске шоколатты баллымен және балсыз өндіретін линии қосылды(Түркия).

«Баян Сұлү» АҚ-ның өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына арналған. Өнімдерді өткізу Қазақстанның әр аумағында делдалдық кәсіпкерлік арқылы жүргізіледі. Кәсіпорынның көмегімен 900 адам жұмыс орындармен қамтамассыз етілген. Кәсіпорын өнімдерінің ассортименті 200-ға жуық жетті. «Баян Сұлү» ААҚ  бірнеше рет отандық және халықаралық жәрменкелерге қатысты.

2004 жылы наурыз айында «Баян Сұлү» АҚ  директоры болып, 1950 жылы туылған Трайбер Виталий Андреевич тағайындалды.

Кәсіпорында технопарктың құрал-жабдықтың жаңарту процесі жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ассотиментті кеңейту, сапаны жетілдіру, өнімнің өзіндік құның төмендеуі және өңдіру көлемінің кеңейюмен болып табылады.

«Баян Сұлу» АҚ-ң жарғылық капиталы

  • Акционерлік қоғамның жарияланған Жарғылық капиталы – 1000000050 (бір миллиард елу) теңгені құрайды.
  • Акционерлік қоғамның Жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес Жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен акцияларды шығару және орналастыру арқылы жол беріледі.

Акционерлік қоғамның органдары

1) жоғарғы орган – Акционерлердің Жалпы жиналысы;

2) басқару органы – Директорлар кеңесі;

3) атқарушы орган – алқалы атқарушы орган (Басқарма) немесе атқарушы орган қызметтерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға (Президент);

4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган – Ішкі аудит қызметі.

 

 

 

1-Кесте «Баян Сұлу» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер өлщем бірлігі 2006 2007 ауытқулар
 +- %
1 Өткізілген өнімнен тскен табыс мың. теңге 2550777,0 4039594,0 1488817,0 158,4
2 өткізілген өнімнің өзіндік құны. мың. теңге 1984626,0 3257934,0 1273308,0 164,2
3 Жалпы табыс мың. теңге 566151,0 781660,0 215509,0 138,1
4 Кезең шығындары мың. теңге 289449,0 473363,0 183914,0 163,5
5 негізгі қызметтен түскен табыс мың. теңге 276702,0 308297,0 31595,0 111,4
6 негізгі емес қызметтен түскен табыс мың. теңге 50257,0 9795,0 -40462,0 19,5
7 салық салғанға дейінгі табыс мың. теңге 326958,0 318092,0 -8866,0 97,3
8 Таза табыс мың. теңге 200641,0 199582,0 -1059,0 99,5
9 1 тг-ге шаққандағы шығын  теңге 0,89 0,92 0.03 103,61
10 өнім рентабелділігі % 8,8 5,3 -3,5
11 сату рентабелділігі % 7,9 4,9 -2,9
12 Жұмыскерлер саны адам 432,0 450,0 18,0 104,2
13 Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі мың. теңге 5904,6 8976,9 3072,3 152,0
14 Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры мың. теңге 223065,0 230032,0 6967,0 103,1
15 бір жұмыскердің орт. айлық еңбек ақысы теңге 43029,5 42598,5 -431,0 99,0
16 негізгі қорлардың орташа жылдық құны. мың. теңге 716448,0 1035276,0 318828,0 144,5
17 қор қайтарымдылығы  теңге 3,6 3,9 0,3 109,6
18 қор сыиымдылығы  теңге 0,28 0,26 -0.02 92,9
19 қормен қарулану мың. теңге 1658,4 2300,6 642,2 138,7

 

 

 

1-ші кестеде келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде  1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.  Өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанды 1488817,0 мың тенгеге өсіп тұр, ол 158,4% құрайды. Оның себебі өнім көлемінің өсуі немесе еңбек өнімділігінің өсуі әсер етуі мүмкін. Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1273308,0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 164% құрайды, оның себебі шикі зат пен материалдардың бағасының өсуі, кәсіпорында жаңа технологияларды пайдаланбауы және өндіріс рентабельділігінің өсуі әсер етуі мүмкін. Жалпы табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 215509,0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 138,1% құрайды. Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың өсуі болуы мүмкін.  Кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 183914,0 мың теңгеге өсіп отыр және 163,5% құрайды. Оның  себебі 2005 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың жоғарылауы мүмкін. Негізгі қызметтен түскен табыс 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 31595,0 мың теңгеге өсіп – 111,4% құрайды. Ол негізгі емес қызметтен түскен табыстың төмендеуі және өткізілген өнімнің өзіндік құнның төмендеуі әсер етуі мүмкін.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -40462,0 мың теңгеге кеміп, 19,5% құрайды. Салық салғанға дейінгі табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -8866,0 мың тенгеге төмендеп, 97,3% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін. Таза табыс 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы -1059,0 мың теңгеге төмендеп, 99,5% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.  Бір теңгеден түскен табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 0,03-ге өсіп тұр.

Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады. Қарастырып отырған кәсіпрынның өнім рентабелділігі 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -3,5%-ға төмендеп отыр. Оның себебі жалпы табыстың төмендеуі және өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

Стау рентабельділігі 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -2,9%-ға төмендеп отыр. Оның себебі өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

Жұмыскерлер саны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 18 адамға көбейді, ол 104,2% құрайды. Оның себебі өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі.

Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2005 жылмен 2004 жылды  салыстырғанда 3072,3 мың теңгеге өсті және ол 152% құрайды. Оның  себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.

Жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 6967,0 мың теңгеге өсіп, 103,1% құрайды. Ол өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.

Бір жұмысекрдің орташа айлық еңбек ақысы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -431,0 теңгеге кеміп, 99,0% құрайды.

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 318828,0 мың теңгеге өсіп, 144,5% құрайды. Ол қор қайтарымдылығының өсуімен байланысты. [17]

Негізгі капиталдық пайдалану деңгейі бір жағынан фондтар құрылымын қалыптастыруда кәсіпорының прогресивті технологиялық саясат болса, екінші жағынан өнімді шығару барысында өндірісті ұйымдастыру мен технология. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше көрсеткіштер бар. Олардың  арасындағы ең негізгі көрсеткіштер болып қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы саналады.

Қор қайтарымдылығы дегеніміз – негізгі өндірістік қорлардың бүкіл жиынтығын пайдаланудың қорытындылаушы  көрсеткіші. Олардың өнім шығарумен байланысын көрсетеді.

Қор сыйымдылығы – негізгі өндірістік қорлардың бүкіл жиынтығын пайдаланудың қорытындылаушы көрсеткіші, қор қайтарымының кері шамасы. Кәсіпорын (фирма,ұйым) ақшалай тұлғада өндірген өнімнің (тауардың) бір өлшеміне шаққандағы өндірістік негізгі қорлардың (на олардың белсенді бөлігінің) мөлшерін көрсетеді.[7]

Қор қайтарымдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 0,3 теңгеге өсіп, 109,6% құрайды. Оның себебі технология мен өндірісті ұйымдастыру болып табылады.

Қор қайтарымдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -0,02 теңгеге өсіп, 92,9 құрайды. Оған әсер  еткен 2005 жылы жалпы табыстың төмендеуі және өнім мен сату рентабельділігінің азаюы әсер етуі мүмкін.

Қормен қарулану 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 642,2 мың теңгеге өсіп, 138,7% құрайды. Оған әсер еткен 2005 жылы негізгі қорлардың орташа құнының 13468,0 мың теңгеге артуы мен қызметкерлердің тізімдік санының ұлғаюы болып табылады.

 

2.2 «Баян Сұлу» АҚ-ның маркетинг жүйесіндегі өнім сапасының саясаты немесе өнімді тиімді жолдармен жылжыту

 

Осыған орай өнім сапасының мынадай негізгі көрсеткіштері бар:

  • Функционалдық сәйкестік. Бұл өнімнің өзіндік базалық функциясын орындай алу қабілеттілігі.
  • Нормативтік сәйкестік, яғни, өнімнің стандарттары мен нормаларға сәйкес келуі.
  • Өнімнің сенімділігі. Оның берілген мерзімде ақаусыз және сынбай жұмыс істеуі.
  • Сервис — таурдың сатуға дейінгі және сатылғаннан кейінгі қызмет тиімділігі мен жылдамдығы.
  • Өнімнің эстетикалық қасиеттері: дизайны, түрі, түсі, дәмі және т.б.
  • Өнім немесе тауар имиджі.

Өнім сапасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескіруне әкеліп соғады.

Кейбір жағдайда өндірушілер тауарды жасанды түрде ескіртеді. Мысалы, электр лампаларын өндірушілер өз тауарлары тез айналымда болуы үшін олардың сапасын әдейі төмендетуі мүмкін.

Өнім сапасы, көбінесе «өнім өзегіне», яғни оның физикалық және химикалық қасиеттеріне, дайындалған материал құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына, қуаттылығына, өнімділігіне байланысты болады. өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен байланыстырып түсіндіріледі.

Өнімнің сыртқы түрі түтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, түсінің, дизайнының, мөлешері мен буып-түюінің сәтті қисындастыруына байланысты.

Тауар формасының түрі шексіз болуы мүмкін. Оларды куб, пиарамида, шар, төртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар көмегімен қиыстыруға болады. Көзге жайлы және аз іс- қимылмен қамтылатын өнім формасы айтарлықтай тартымды екенін физиологтар растайды.

Түс — өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. әлемде 7,5 млн-ға жуық түс және 2800-ге жуық олардың аталуы белгілі.

Түстер адам психикасына, оның көңіл-күйіне әсер етеді. Кейде олар әлеуметтік символ рөлінде болады. Мысалы, қара түс — өкімет қызметкерлерінің көлігінің түсі. Кейбір түстердің қосындысы (комбинациясы) патенттермен қорғалады. Мысалға, McDonald`s компаниясы сары және қызыл, Coca Cola – қызыл, ал Pepsi компаниясы – көк түсті өздерінің фирмалық стилі ретінде қолданады.

АҚ баянДизайн – нарықта тауарды саралауға қолданатын негізгі мықты құралдардың бірі. Сәтті дизайн бұйым формасы мен тауар функциясының сәйкестігін бейнелейді.

Ассортимент саясаты тұтынушы талабына сай тиімді ассортименті тауар құрылымын, бір уақытта ТӨЦ-тің әр кезеңінде болатын өнімнің жаңғыртып, жетілдіруі мен жаңа тауарды шығару проблемасын топшылайды.
Нарықта бір мезгілде болатын, бірақ жаңашылдық деңгейі бойынша айқындалатын тауар ассортиментінің оңтайландырылуы фирма пайдалылығы мен жұмысының тұрақтылығын кепілдейді.

Кейбір ғалымдар, нарықта бір мезгілде тауардың мынадай топтары болуы керек деп санайды. Олар – негізгі, қолдаушы, стратегиялық және тактикалық тауарлар.

Негізгі – кәсіпорынға негізгі пайда алып келетін және өсу кезеңінде болатын тауарлар. Қолдаушы тауарларға – сатудан түскен түсімді тұрақтандыратын және толысу үстіндегі тауарлар жатады. Стратегиялық тауарлар дегеніміз – кәсіпорынның болашақтағы табысын қамтамасыз етуге икемделген тауарлар. Тактикалық тауарлар әдетте өсу мен толу кезеңінде болатын және негізгі тауарлар топтарының сатуын ыңталандыруға бейімделген тауарлар. Тауарлардың негізгі тобы нарық айналымындағы барлық тауарлардың 73-85 пайызын құрайды.

Кәсіпорынның барлық тауарларының 15-25 пайызы — өсу кезеңінде, 50-60 пайызы жетілу кезеңінде, 30 пайызы – құлдырау, ал 5-10 пайызы енгізу кезеңінде болса, ассортименттік қатынас оңтайлы болып саналады.

 

 

 

Тауар ассортиментінің оңтайлы арақатынасы

 

Кәсіпорынның таурлық саясаты мынадай бағытта құрылуы мүмкін:

  • өндірісті мамандандыру;
  • өндірісті дифференциациялау;
  • өндірісті диверсификациялау;
  • өндірісті интеграциялау.

Өндірісті мамандандыруды қолдануға мынадай факторлар әсер етеді. Ол- өндірісті ұлғайтуға қажетті ресурстардың болмауы, технологиялық процестің ерекшеліктері және тауардың өзіндік артықшылықтары, нақты тауар нарығының терең сегменттелуі.

Өнеркәсіп дифференциация саясатын қолданған мына өз өнімін бәсекелестердің өнімдеріне қарағанда ерекше және өте жақсы сапасы бар өнімдер деп есептейді. өнімді саралауға оның айрықша тұтынушылық қасиеттері, ерекше сапасы, ғылыми-техникалық және технологиялық ерекшеліктері, шикізаттың сапасы, сенімділігі, сатылғаннан кейінгі қызметі және сыртқы түрі жатады. Алайда бұл саясат үлкен шығындарды талап етеді.

өсу мүмкіндігі аз болса немесе бәсекелестер позициясы өте мықты болса, өнеркәсіп дифференциация саясатын қолдану керек.

Диверсификацияның шоғырланған және жетілген түрін бөліп қарастыруға болады.

Шоғырланған  диверсификацияда кәсіпорын өндірісте шығарылатын тауар тізбегінде өнімдердің басқа түрімен толықтырылады.

Жетілген диверсификация стратегиясын қолданған кезде кәсіпорын өзінің коммерциялық және технологиялық жоспарларымен байланыспайтын қызметтің жаңа түрлерін меңгереді. Бұл стратегия күрделі және тәуекелділігі жоғары болғанына қарамастан, сұраныс өзгерген жағдайда кәсіпорынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Мысалы, «Беккер және Кْ» Қазақстан – Герман біріккен кәсіпорыны диверсификация саясатын қолданады. Оның құрамына тәулігіне 10 тонна колбаса мен ет өнімдерін өндіретін колбаса цехі, 1000 бастық шошқа фермасы, 500 кг-ға жуық нан пісіретін шағын наубайхана, сыра өндіретін зауыт және «Пруссия» мейрамханасы кіреді.

Кез — келген өнім нарықта позицияланады. өнімді позициялау келесі баламаларға негізделеді:

  • өнімнің айрықша сапасына;
  • өнімнің тұтынушылар қойған мәселелерді шешуі (арзан баға);
  • бәсекелес маркаға қарағанда ерекшелігі.

Позициялау белгілі бір шарттардың дұрыс орындалуын талап етеді. Итальян профессоры А.Фолио өнімді позициялаудың мынадай маңызды шарттарын бөліп көрсетеді:

  • Бәсекелестер мен олардың өнімдерін білу. Мамандар бәсекелес фирмалардың өнімдері нарықта қалай позицияланғанын, оларды тұтынушылар қалай қабылдайтының анықталуы қажет. Егер нарықты бәсекелестер толығымен жаулап алса, онда осы бәсекелестердің әлсіз жағын табу керек.
  • Тұтынушылар күткен және олардың қажеттіліктеріне сәйкес ойдағыдай өнім. Кеәсіпорын өнімі бәсекелестердің тауарынан ерекшеленуі керек. Мысалы, Toshiba, IBM, Apple компаниялары бір-бірінен ерекшеленетін дербес компьютерлер шығарады. Бұл өнімдердің әрқайсысы тұтынушы санасынан лайықты орнын алған. Яғни, тұтынушы санасында өнім қандай орын алғанын зерттей отырып, оны нарықта тиімді түрде жайғастыруға болады. Бұған өнім сапасы мен маркінің имиджін зерттеу арқылы жетуге болады.
  • Кәсіпорынның өнімді нарықта позициялауын анықтап, оны сенімді дәлелдермен негіздеу. Кәсіпорын өз өнімін негізгі бір немесе бірнеше ерекшеленетін қасиеттері бойынша нарықта жайғастыра алады. Қалған позицияны белгілеген соң, оны мақсатты тұтынушулар санасына жеткізіп, олардың таңдауының дұрыс екендігіне шүбәсіз сендіру. Мысалы, кондитерлік өнім өндіретін Швейцариялық Nestle шоколадтың дәмі өте нәзік, Ресейлік «Щедрая душа» өнімдерінің ассортименті мен жоғары сапасымен есте сақталған.

 

2.3  Қазақстандағы кондитер өнімдерін өнідіретін кәсіпорындардың қазіргі кездегі нарықтағы  жағдайы.

 

«Баян Сұлу» АҚ-мы Республикамыздағы кондитерлік өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынның бірі. Фабрика 1974 жылы желтоқсан айынан бастап қазіргі  күнге дейін өз өнімдерімен тұтынушыларды қуантуда. Кондитерлік өнімдерін өнідруде көшбасшы болып келе жатқан фабрика, үнемі өнімдерін жаңарту үстінде. Нарық талабына сай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы бәсекелестікке төтеп беру қабілетілігіне ие.

Кең ауқымды, жоғары сапалы өнімдер кез-келген тұтынушулардың талаптарын қанағаттандырады.

Қазіргі таңда кәсіпорын кондитерлік өнімдердің 200 астам түрін өндіруде.

Сапасына келетін болсақ, өндірістің әрбір сатысындағы қатаң бақылау өнімнің жоғары сапасына, сақталу мерзімін ұлғайтуға өзіндік әсер етеді.

Кәсіпорынның жоғары кәсіпкерлік репутациясы Ресей, Украина, Белоруссия, Германия, Польша, Нидерланды, Дания, Финляндия, Латвия, Литва, Израиль, Голландия т.б. елдерімен жақсы қарым-қатынаста болуына жағдай жасайды. «Баян Сұлу» АҚ-мы Қазақстан кондитерлер ассоциясының мүшесі болып табылады. «Баян Сұлу» АҚ-ның акциясы «Казахстанская Фондовая  биржа» АҚ ресми түрде В категориясы ретінде тіркелген.

«Баян Сұлу» АҚ-ның ресми дилері ретінде – ЖШС «Интер Фуд Трейд» болып табылды. Аталған серіктестіктің Республикада жақсы ұйымдастырылған филиалдар жүйесі қалыптасқан. Бұл дегеніміз, компанияның жаңадан шыққан өнімдерін нарыққа уақытында жетіуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда отандық өнім тек ішкі нарықта ғана үлкен сұраныста. Алайда отандық өнімдер Германия мен көрші мемлекеттерге (Қырғызтан, Тәджікстан, Ауған, Өзбекстан) шығуда. Келешекте импортқа баж салығын енгізу көзделіп отыр.

Отандық кондитер өнімдерін өндірушілер қиын жағдайда, оның себебі баж салығын баж салығын енгізілуде, бірі мемлекет тарапынан көмек сұраса, екіншілері ешбір өзгерісті қаламауда. Біріншілерідің айтуынша, сыртқы елден келетін өнімдеріге деген отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілеттіліктің  төмен болуында.

2005 жылы 1 қантарынан бастап, жарты жыл бойы кейбір кондитерлік өнімдер түрлеріне кедендік баж салығын енгізілген болатын. «Баян Сұлу», «Қарағанды конфеты», Ақтобелік кондитерлік фабрикасы, Ақтау «Волна» фабрикасы, ЖШС «Алтын-нан» өкімет тарапынан көмек сұрауда. Алайда өкімет тарапынан ешбір көмек көрсетілмей отыр, себебі «Рахат», «Конфеткм-Бараночки» кондитер фабрикалары Украина елінің арзан өнімдерінің бағасы ешбір әсер етпейтінің айтуда. БДС-ға кіру кезінде шет елден келетін тауарға шек қою дұрыс емес екні белгілі.

Отандық өнімді қорғау кезде біз көп ұтамыз, мысалға 2004 жылы кондитерлік өнім көлемі 40℅ -ге өскен. Алайда мемлекет тарапынан алынып тасталған шектеулер украиналық өнімдерді елімізде сатылуынажол ашты. Украина кондитерлік өнімдер отандық өнімге қарағанда 50-60 тн. төмен, ал Украинаның өзінде жоғары. Бұл жерде демпингтің  бар екені айдан анық.

Өнім өнідірісінің көлемі елімізде жоғары болғанымен тұтыну деңгейімен сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта Ресей өзінің отандық өнімдерін, украина өнімдерінен қорғауда. Мысалы, Өзбекстан мен Қырғызстан нарығын импорт жаулап алған. Қырғыз фабрикасы «Татту», Өзбекстан «Лазат» фабрикалары жұмысын тоқтатуда, егер бұл мәселені елімізде қазірден бастап шешпесек, жағдайымыз қиындап кетеді. Украина елінің кондитерлік өндіріс көлемі 2006ж.жарты жылдығымен салыстырғанда 11℅-ға төмендеген. Ол Ресей пошлинаны енгізгенмен байланысты.

Кондитерлер ассоцияциясының беретін ақпараттарына сүйенсек,  қазақстандық кондитерлер бір жылдың ішінде, өнім өндірісін 200 мың тоннаға жеткізгенін баяндайды. 100 мың тоннасы отандық өндірушілерге тиесілі болса, 80 ℅ — Украинаға, 20℅ — Ресей. Азғантай көрсеткішті премиум – класс өнімдері, яғни Швейцария шоколадтары. Қазақстандық кондитерлік өнімдер 4 ірі фабрикамен негізделеді.  Алдаңғы қатарлы «Рахат» фабрикасы иеленуде, жылына  «Рахат» фабрикасы 52 мың тонна өнім өндіруде, екінші орында «Баян Сұлу» — 23 мың тонна, Қарағанды фабрикасы – 11 мың тонна және Ақтөбелік кондитер фабрикасы – 3 мың тонна, жалпы алғанда еліміздің әрбір аумағында кондитер өнімдері жоғары сұраныста. Алайда, «Баян Сұлу» фабрикасы өткізілетін өнім көлемі Павлодар мен Қостанай қалаларында жоғары деңгейде екнін көрсетеді. 2007 жылы сату көлемі 167℅-ға өскен. Статистикалық агенстваның мағұлматтары бойынша кондитерлік өнімдер 2007 жылы 2006 жылмен 2004-шы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 9,8 ℅ печенье, 42℅ шоколадпен, 33,7℅ және 74,0℅ сәкесінше.

Media Marketing Inbox көрсеткіштері бойынша кондитерлік өнімдер 2007 жылы елімізде 87,6 ℅ өсті. 2006 жылы бұл көресткіш 6℅ өскен. Шоколад сату мезгілдік тауар болып табылғандқтан, жылдық суық мезгілінде сату көлемі ұлғайтылса, ыстық күндері төмендейді. Оның үстіне мерекелік кезеңдерде әсер етуде сату көлемі жылдын соңғы айларына – қазан, қараша, желтоқсанда бір жылдық сату көлемінің 50℅ қалыптастырады.

Қазіргі тұтынушы өнім сапасына жоғары талап қояды. Тұтынушылардың талаптарына сай  шоколадтың қара түріне деген сұраныстың жоғары болуында. Екінші кезекте сүт қосылған  шоколад. Үшінші кезекте – ақ шоколад. Қазіргі кезде отандық өнімге деген сұраныс жоғары, себебі өнімнің сапасы нарық талаптарына сай.  Нарықты зерттеу барысында келесідей мәліметтерге қол жеткіздік: жоғары сұраныста отандық  өнімдер —  бірінші орында, екінші орында Alpen Gold өнімімен 43,1℅-бен екінші орында, одан кейін Stollwerek компаниясы, үшінші орында Cadbury компаниясы Wispa өнімімен 31,4℅, ал Marxion, Nestle Classic және Ресей өнімдері – 28,6℅ бен 28,3℅ ие болуда.

2000 жылдан 2003 жылға дейін импортық кондитерлік өнімдер елімізге  7-10 есе болған. Елімізде 2007 ж. 59,2℅ шоколадты Ресей мемлекеті, Украина елі 35℅ енгізді. Сонымен қатар  Польша мен Латвияда өз өнімдерін енгізуде. Экспортқа келетін болсақ, тауар өндірісінің көлемі  шоколад өндірісі төменгі көрсеткіштерді көрсетуде.

 

 

  • Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы

 

Дамудың қазіргі кезеңінде біздің қоғамымыздың алдында орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі позицияларымызды нығайту, ел халқының жоғары өмір сүру деңгейін және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуын қамтамасыз етуге қабілетті тиімді Ұлттық экономика құру міндеттері тұр.

Қазақстанның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа оның толық құқылы мүшесі ретінде кіру кезеңі экономиканың шикізат секторының дамуына бағдар қстанудың аяқталуымен басталады. Оның басталуының өлшемі өнеркәсіптің басқа салаларын дамыту ұшін қажетті ақшалай қаражаттың жеткілікті көлемінің шоғырландырылуы болмақ. Қазақстан бүгінде өнеркәсіпкәсіпорындарын ішкі инвестициялау үшін жеткілікті қаржы-қаражатқа ие екендігі бізге белгілі, мәселе тек қандай саланы таңдау керектігінде және болашақта қандай салаға арқа сүйеуге болатындығында. Атап айтқанда, ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін металлургия кешенің, аграрлық секторды, транзиттік сауда және көлік қызметтерін және т.б. дамыту қажет.

Еліміздің өндірістік әлеуеті ерекшелігі мен құрылымын ескергенде, экономиканы әртараптандырудың өткір қажеттігі пісіп-жетілді. Бірақ бүгінде қай сала бәсекеге қабілетті өнім шығаруға  барынша дайын және еліміздің әлемдік нарыққа секірісін және де, тиісінші онда лайықты орын алуын қамтамасыз ете алады деген сұраққа  жаупты Н.Ә. Назарбаевтыңсөйлеген сөзінен табуға болады, онда ол соңғы жылдары елімізде байқалып отырған жоғары экономикалық өсу қарқыны туралы айтып, назарды әлемдік нарықта Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және соның есебінен еліміздің жаңа шектерге шығуын қамтамасыз ету мақсатымен елдің серпілісті, ғылыми-технологиялық жобаларға көшу қажеттілігіне шоғырландырды.

Экономиканы әртараптандыру, бәсекеге қабілетті өндірістер құру жолымен орнықты экономикалық өсудің барлық көрсеткіштерінің өсуін бекемдеуге, экономиканың дамуында табысқа жетуге болады. Ауыл шаруашылығы, жеңіл және химия өнеркәсіптері осы кезеңдегі басымдықтар болуы тиіс.

Сондай-ақ саланы қолдаудағы мағызды бағыт техникалық қайта жарақтандыруды жеделдету жөніндегі шаралар болмақ. Мемлекеттің қолдауынсыз өнеркәсіпті қайта жарақтандыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай көмекті мынадай екі бағыт бойынша көрсетуге болады: біріншіден, баждан және ҚҚС-тан босату жолымен сатып алынатын техникалық қайта жарақтандыруды несиелеугу мүдделігін туғызу.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда тек қосымша құны онды, технологиялық деңгейі жоғары және энергия мен материалды аз тұтынатын  салаларға ғана басымдық беру қажет.

Қазақстан әзірге саяси тұрғыда егемен республика болып табылады, ал экономикалық жағынан әлі сыртқы инвестициялауға, импортқа тәуелділік  сезіледі. Біз қашан сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдерге ие болмайынша, әлемде лайықты орнымызды жеңіп ала алмаймыз.

БСҰ-ға кіруге үлкен мән беру, зор мүмкіндіктері бар ел ретінде Қазақстан туралы бүкіл әлнмге жария етуге мүмкіндік береді. Жаһандану үдерісінің күшеюі жағдайында Қазақстанның бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруі экономикалық саясаттың басты проблемалардың біріне айналды. БСҰ-ға кіру Қазақстанның өнімдері үшін нақты нарықтардың ашылуына мүмкіндік беріп қана қоймай, республика экономикасында одан анағұрлым терең өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Бүгінде әлемдегі 140-тан астам ел БСҰ-ға мүше болып табылады, таяудағы жылдарда олардын саны ұлғаяды. Бұл дегеніміз іс жүзінде осы заманғы тиімді экономика құрғысы келетін және әлемдік саудада тең құқылы қатысушы болудан үміттенетін кез келген мемлекет БСҰ-ға мүше болуға ұмтылады. Бұл мағынасында Қазақстан да тыс қалмайды.

БСҰ-ға мүше болу отандық өнімдерді сыртқы нарықтарға жылжыту үшін өзіндік бір құрал екендігі айқын, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының бісекеге қабілеттілігін арттырудың механизмі болып табылады. Бірақ Қазақстан Республикасының  БСҰ-ға кіруі Қазақстанға импортқа жол ашатындығын да естен шығаруға болмайды.

Отандық тауар өндірушілер үшін белгілі бір тәуекел қаупі бар, олар сырттан әкелінген ұқсас өнімдермен, мүмкін тіпті анағұрлым жоғары сападағы, бәсекеге шыдай алмай қолайсыз жағдайда қалуы мүмкін. Олай болмауы үшін ҚР БСҰ-ға кіруге жан-жақты әзірленуі, ТМД елдерінің БСҰ-ға өту тәжірбиесі зерттелуі, нақты проблемелар ажыратылуы жіне Қазақстанның алатын пайдасы талдануы тиіс.

Бүгінде Қазақстанның БСҰ-ға кіру үдерісі тура жолға қойылды, басты міндет БСҰ-ға қосылудың мейлінше қолайлы шарттарына, яғни тарифтер мен ішкі нарықтардың ашылуының неғұрлым тиімді арақатынасына қол жеткізу болып табылады.

Қазақстанның БСҰ-ға кіру туралы 1996 жылдың қантарында қтініш берді және ақпан айында байқаушы мәртебесін алды, және де осы сәттен Қазақстан ұшін санау нүктесі басталады.

Жаңа мемлекеттердің БСҰ-ға қосылуы шарттарын талдау қандай да бір кандидат БСҰ-ға неғұрлым кешірек мүше болса, онда оның ішкі нарығы солғұрлым көбірек ашылатының тарих дәлелдеуде.

Соңғы кездері Қазақстанда жүріп жатқан келіссөздер үдерісінің белсенді бола түсуі республика БСҰ-ға кез-келген шарттар жағдайында қосылуға дайын дегенді емес, керісінше БСҰ-ға дер кезінде кіруден барынша көп пайда алу жөніндегі қадамдардың әбден пысықталғандығын білдіреді.

Көптеген жоғары дамыған елдердің БСҰ-ға кіруге бірнеше ондаған жылдар бойы дайындалғанына тарих куә. Қытайға бұл үшін 15 жыл, ЕЭҚ мүшелеріне біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін 35 жыл қажет болды. Сондықтан да біз БСҰ-ға кіруге неғұрлым жақсы әзірленсек, әлемдік экономикада лайықты орын алу мүмкіндігіміз солғұрлым жоғары болады.
Бұл мысалдар аталған ұйымға кіру мәселесін жан-жақты қарастыру қажеттігін көрсетеді, жәнеде бәсекеге қабілетті өнімнің болуының маңызы да аз емес. Сондықтан қазір отандық тауар өонірушілерді қолдау, өндіріс үшін жағдайлар жасау, заңнамаларды жетілдіру маңызды. БСҰ-ға мүше болу белгілі бір экономикалық жағынан тиімді және перспективалы қағидаттар негізінде жүзеге асырылатындығы белгілі. БСҰ-ға кіру Қазақстанға белгілі бір пайда әкелетіндігіне үміттендіреді. Біріншіден, әлемдік тауар нарықтырының өсуі мен тұрақтылығына байланысты қазақстандық жетекші кәсіпорындардың перспективалық мүмкіндіктері артады. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа кіру мүмкіндігіне ие болады және заңдық тұрғыдан қорғалуы күшейеді. өйткені Қазақстан БСҰ мүше беретін барлық сауда артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін БСҰ-ға қатысушы елдердің нарықтарына Уругвай раунды кезінде келісілген баж мөлшері мен міндеттемелер деңгейінде экспортқа шығара алады. Елдің БСҰ-ға кіруі кәсіпорындарға – неғұрлым арзан импорттық құраушы заттар, шикізат пен қызметтер сатып алуына, ал халыққа – арзанырақ таурлар мен қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді, сөйтіп өмір сүру деңгейін көтеруге жәрдемдеседі.

Бірақ БСҰ-ға өткен кезде ең басты қағидатты, Қазақстанда шығарылатын тауарлар халықаралық стандарттарға сай келуін ескеру қажет. Ал бұл жағдай отандық тауарлардың тек сыртқы нарықта ғана емес, ішкі нарықта да бәсекеге қабілетті мәселесін өткір қояды.

Жоғарыда аталып көрсетілгендей, жекелеген сарапшылардың пікірінше Қазақстанның кеден шекараларын ашқан кезде отандық тауар өндірушілер ең көп зардап шегеді, өйткені олар сырттан әкелінген өніммен бәсекеге шыдай алмай, соның салдарынан нарықтағы өз позицияларынан айырылып қалуы мүмкін. БСҰ-ға өткен кезде отандық экономиканың талаптарына және онда болып жатқан тенденцияларға барабар тиімді қорғаныш саясаты әзірленген болуы тиіс.

Кеден шекараларын қорғауды нығайту, кеден кеңістігінің контрабандадан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ импорттың кедендік құнының төмендетілуін барынша жою дұрыс болады. Нарықтарды ырықтандыру келісілген уағдаластықтарға сәйкес бірте-бірте жүзеге асырылуы тиіс, ол елдің жағдайға бейімделуіне қажетті уақыт береді. Ставкалардың белгілі бір азырақ шамада төмендетілуі өтпелі кезенде – Қазақстан БСҰ-ға ресми қабылданғаннан кейінгі 3-7 жыл бойына мүмкін. Бұл кезенді тауар өндірушілер елде кең ауқымда жаңғырту, қайта құру және әлемдік сападағы өнімдер шығаратын өндірістік қорлар құру жөнінде кең ауқымды жұмыстар жүргізуде пайдалануы тиіс.

Бүгінде отандық заңнама нормалардың қайталануы және әртүрлі ұғынылуы проблемаларымен кезігіп жататынын атап көрсету керек. Сондықтан да республиканың алдағы уақытта БСҰ-ға өтетіндігін ескеріп, қазақстандық заңнамада техникалыө реттеу мәселелерін мұқият зерттеу қажет. Басты назарды  БСҰ-ға мүше елдер қосылатын Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімге шоғырландыру керек. Онда тауарларды сатқанда қолданылатын өнімдердің стандарттары жөніндегіхалықаралық ережелер, сондай-ақ осындай стандарттарға сәйкестікті бағалау шаралары қамтылған. Қазақстанның өнімдері БСҰ-да қабылданған стандарттарға сәйкес келуі тиіс, бірақ республика заңнамаларындағы әртүрлі ұғынылатын тұстарға байланысты кейбір проблемелар туындауы мүмкін.

Ұлттық заңнамаларды БСҰ ережелері мен нормаларына сәйкес келтіру Қазақстанның халықаралық құқықтық кеңістікте қосылуына мүмкіндік береді, ол барлық экспортерлар мен импортерлардың тұрақты және болжауға болатын шарттар бойынша қызметжасауын қамтамасыз етеді.

БСҰ-ға кіру елімізге инвестициялардың өсуін қамтамасыз ететінін де естен шығаруға болмайды. Ресей сарапшылары жүргізген еларалық талдау  БСҰ-ға өткен жылы шетелдік инвестициялар орташа алғанда ЖІӨ-ге 1,2% артатындығын, ал келесі жылдары төмендейтіндігін, бірақ сауда ұйымына кіргенге дейінгімен салыстырғанда 0,8% жоғары болып қалатындығын көрсетті. Бұл Қазақстан БСҰ-ға кіре отырып, егер инвестициялар ағының еліміз үшін басыңқы салаларға бағыттайтын болса, айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізетіндігін байқатады.

Қорытындылай келе, егер Ұкімет дұрыс саясат жүргізсе және экспортты арттыру үшін ресурстар тиімді пайдаланылатын болса, Қазақстанның БСҰ-ға кіруден алатын пайдасы анағұрлым жоғары, яғни отандық өндірістің сапасының көтерілуі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

 

  1. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы 2003
  2. Г.Ө. Жолдаспаева «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы 2002
  3. К.Ш Дүйсенбаев, Э.Т Төлегенов, Ж.Г Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» оқу құралы, Алматы 2001
  4. Волков О.И «Экономика предприятия» учебник/ под ред.проф. М: ИНФРА- М 1997
  5. Мокий М.С «Экономика предприятия» учебное пособие/ ИНФРА-М, 2000

6.Оразалы Сәбден «Бәсеклестік экономика» оқу құралы, Алматы: Экономика институты, 2007

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Экономика және қаржы», Алматы, Мектеп 2003
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана 2007 ж. 28ақпан
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 2001 ж.

13.

14.

  1. www. Rambler ru
  2. www. Google kz
  3. www. Kase kz