Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

0
33

Тақырыбы: «Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық  жүйесін тұрғызу»

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУДЫҢ ақпараттық жүйесін ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ…………………………………5

1.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау. Үрдістің экономикалық мәні…………………………………………………………………………………………………………….5

1.2 Ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты…………………………………….8

1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын  талаптар……………………………………………9

1.4 Ақпараттық жүйесінің концептуалды  сызбасы…………………………………….20

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУДЫҢ ақпараттық жүйесін  жобалау……………………………………………………23

2.1 Мәселенің қойылымы………………………………………………………………………….23

2.2 Кіріс ақпараты…………………………………………………………………………………….24

2.3 Шығыс ақпараты…………………………………………………………………………………24

2.4 Программалық қамтамасыз ету…………………………………………………………….24

2.5 Программалық қамтамасыз ету құрылымы…………………………………………..25

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………..28

КІРІСПЕ

Қазіргі даму кезеңінің ерекшелігі қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің  барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы орайда кәсіпорынды басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының кепілдігі қызметін оның қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол ақша қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиімді қолдану арқылы үздіксіз өндіріс және өнімді өткізу процесін қамтамассыздандыратын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қажет.

Қазіргі кезде барлық кәсіпорындар нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты байланысты талдау жұмыстарының ауқымының  кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.

Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және    автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі [8].

АЖ – ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп – ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі  АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді  АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді – бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстан экономикасын дамыған мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде жаңа бағыттарын ендіруду білдіреді.

Ұсынылып отырған курстық жұмысының мақсаты – кәсіпорынның инвестициялық саясатын барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатқа сәйкес ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету, зерттеуде қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ағымдағы ақпараттың тиімділігін  және оның айқындылығын арттыру, талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету және т.б. есептер шешіледі.

Курс жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУДЫҢ ақпараттық жүйесін ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

 

  • Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау.

Үрдістің экономикалық мәні

 

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорынның кеңеюі мен техникалық қайта қамтамассыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектісіне салынатын интелектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында.

Инвестиция – бос ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасы қамтамассыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл мекеменің шаруашылық қызметінде маңызды роль атқарады және өзіне тән заңдылықтармен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашқта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді.

Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлармен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген.

Кәсіпорынның әр түрлі кезендердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіу, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру қоршаған ортаны қорғау және т.б.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқада салаларға тиісті әр түрлі экономикалық құқықтық және басқада факторлардың ықпалында болады.

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттадың моральдік және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құалдардың табыстылығы азаяды,бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.

Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.

Ал табыстылықтың салымның орташа салық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.

Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменнен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесіне айрықшаланатын инновациялармен байланысты.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциялды стратегиялық инвестордыңда ортақ мүдделерінің қиылысу кезінде жүзеге асырылады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық обьектінің стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуымен оны инвестициялық тртымадылығын бағалай алуына байланысты.

Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынандай жағдай қалыптасып отыр:бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық экономикақатарына еніп, іске кедергі келтіруде. «Техникалық-экономикалық дәлелдеме» дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда,оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе биснес-жоспарға теңестіруде.

Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді , жүйелі түрде түсіндіретін,алдына қоятын мақсаттарды  және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін,сыртқы және ішкі жағдайлады обьективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің бизнеске тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдей алатын құжат.

Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияны тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба-бұл белдгілі-бір мақсатқа жетелейтін мекеменің іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Инвестициялық жобаның техникалық талдауына тоқталайық. Техникалық талдаудың міндетіне мыналар жатады:

Жоба мақсаттарының көз қарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

Жергілікті жағдайларды талдау оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

Жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциялды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауда, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандарты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлердің басшылыққа алу керек: 1) технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болуы керек; 2) технология импорттық қондырғылармен шикі заттарға бағытталмауы керек.

Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:

§  Шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологияларыменқамтамасыз ету;

§  Техникалық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;

§  өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;

§  шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек.

Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешенді талдауды және қандай да бір агрегатталған критеридіңнегізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторлары технологияны қолданудың келесі аспектілеріне негізделеді:

§  Сәйкес масштабтарда таңдалған технологияларды бұрығы бойынша қолдану.

§  Шикізатқа қол жеткізушілік

§  Коммуникациялар  мен коммуналдық қызметтер

§  Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне қол жеткізу керек.

§  Ең болмағанда технологияны сатушы өндіріспен серіктесе жүуі.

§  Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі.

§  Жүктемелік фактор және толық өнімділікке сәйкес тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектікі.

§  Экология мен қауіпсіздік.

§  Капиталдық және өндірістік шығындары.

§  Ең үздік техникалық шешімді таңдау үлгісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

 

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс үстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады.

Ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан түрады:  тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

  • ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;
  • ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру; талдауда        қолданылатын        әдістердің        және технологиялардың тиімділігін арттыру;
  • ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
  • талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;
  • қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.

Ақпарат жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты  тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен  толық ақпаратпен қамтамасыз ету үрдістерін жүзеге асыруды автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін «достық интерфейсі» және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты – нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен әкономика -математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі әкономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын қүрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі – бүл жұмысты үтымды жоспарлау мен үйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек. АЖ қүру мақсаты – ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады.

АЖ ендірілгенде  ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады. Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:

  • есеп беруді  жинау,  сақтау,  өңдеу,  іздеу  және  бөлуді  айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;
  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамассыз етуді жаңарту;
  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;
  • алынған дүрыс  ақпаратты  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін қолдану;
  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;
  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен қүрылған жүйе. АЖО қолданушының персоналды әлектронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.

Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі қүрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық қүралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.

 

1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

 

Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен әлементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке әлементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе әлементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы әлементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе — нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын [Бралиева, 46-50бет].

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік – уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары әлементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз – бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру қүжаттары жатады.

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:

  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • үйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.

 

 

Кесте 1

Ақпарат жүйесі құрылымына қойылатын талаптар

 

Есеп кешеніЕсеп атауыКіріс ақпаратШығыс ақпаратҚолдану

шылар

Мекеменің инвестициялық саясатын талдау жүргізуді автоматтандыруІшкі есеп беруСала мамандары
 

 

Ағымдағы ақпаратты жинауСұрауларЗерттеу ақпаратыСала мамандары
 

 

Статистикалық зерттеулер жүргізуҚажеттіліктерЗерттеулер негізінде

есеп беру

Сала мамандары
 

 

Статистикалық ақпаратты талдауҰсынылымдарТалдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштерСала мамандары

 

 

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Басқару кезеңі  ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпараттық жабдықтау экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпараттық жабдықтау төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;
  • Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;
  • Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
  • Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпараттық жабдықтау 2 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2.

Ақпараттық жабдықтау

 

ЭлементтерСипаттамалар
Ақпараттық технологияМәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типіРеляциондық
Кодтау жүйесіФасеттік жүйе
Ақпараттық қорғауАЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

 

Ұйымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл  АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады:

  • Есептеу құжаттары бойынша ақпарат;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар.

Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау, қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің

Іс – әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек:

  • басқаруды ұйымдастыру құрылымы;
  • қызмет етуі бойынша нұсқаулар;
  • операторларға нұсқау;
  • қызметтердің орындалуы мен тәртібі;

Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек:

  • объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға, дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау;
  • нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау;
  • барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау;
  • ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған шектеулерден шықпау;
  • есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге ғана ұсыну.

Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс – әрекеттер көрсетілуі керек.

Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды. Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.

АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.

       АЖ құқықтық жабдықтау – АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік құжаттар жиынтығынан тұрады.

Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін арналған.

 

Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.

Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.

Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.

Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;
  • Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;
  • Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;
  • Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.

Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:

  • есептеу техникасының құралдары;
  • телекоммуникация мен байланыс құралдары;
  • /ЛВС/ жабдықтау құралдары;
  • әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;
  • ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.

Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.

Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • монитор SVGA, тышқан, стандартты 107 пернелер тақтасы;
  • процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс;
  • жедел сақтау 32 MBt және жоғары;
  • винчестер 600 MBt және жоғары;
  • UPS;
  • Дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;
  • Windows 9x және жоғары операционды жүйе;
  • Принтер.

Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет. Техникалық жабдықтау 3  кестеде көрсетілген.

 

Кесте 3.

Техникалық жабдықтау

 

Техникалық құралдар атауыФизикалық модульСипаттамалары
ДЭЕМ Intel Pentium 4Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Батырмалар тақтасы

Тышқан

Intel, 2.4MHz

 

512Mb

120Gb

17 дюймдік

102 батырмалы

2 баспалы

ПринтерПринтерHP LaserJet
Факс – модемФакс – модемSony – 42S
ТелефонТелефонPanasonik

 

Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.

Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:

  • өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,
  • сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.

Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;
  • Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
  • Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;
  • Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.

Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қарапайым блоктарды декомпозициялау;
  • Қолданбалы программалық пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандарттарды іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану;
  • Программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау.

 

 

 

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Программалық қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді.

Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек: МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;

  • МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;
  • қаржы несие функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;
  • МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;
  • шығу мәләметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.

Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:

  • жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;
  • диалогтың икемді болуы;
  • абсолютті түсінікті болуы;
  • қолданудың қарапайымдылығы;
  • үйренуге жеңіл болуы;
  • жұмыс үзілгеннен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;
  • жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;
  • тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.

Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық жабдықтау 4 кестедегі талаптарға сәйкес келуі керек:

 

 

 

Кесте 4.

Программалық жабдықтау

 

ТипАтауыМүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
Операциялық жүйеMicrosoft Windows NT Server 4.0Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
Microsoft Windows NT Workstation 4.0

MS Office XP

Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Microsoft Windows 2000Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
МББЖMicrosoft Access 2003
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚППDelphi 7Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
Paradox 7Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер  базасын жинақтау.
Қорғау
ОЖ пароліЖеліге енуді бақылайды.
МББЖ пароліМБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

 

Ақпаратты қорғау мен программалық  құралдарына қойылатын талаптар

 

Ақпаратты қорғау деп – мәліметтер жүйесінде сақталынатын программа орындалуының басқару мүмкіндігі бар әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.

Жүйе келесілерден қорғалынуы керек:

  • ішкі ақпарат жүйесіне заңсыз кіруден;
  • қауіпті жағдайда ақпараттың бүлінуі;
  • байланыс каналдарынан мәліметтердің өту кезіндегі бүлінуі;
  • операторлардың механикалық қатесі.

 

Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және авторландырылған деректерден алудан қорғау

 

Ақпаратты қорғау дегеніміз – мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.

Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп программалы есептеу жүйелеріндегі ақпаратты ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.

Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:

  • қауіпсіздік – кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;
  • ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);
  • конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін анықтайтын статус;
  • құпиялылық – ақпаратты жабық және қорғалуға жататын деп жариялайтын құқығы;
  • өкілеттілік – қорғалған мәліметтермен сол немесе басқа процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;
  • түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатыстығын тексеру.

Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:

  • вирустарға қарсы программалардың болуы;
  • пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;
  • жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.

Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:

  • парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;
  • Белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
  • Пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
  • Техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
  • Техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
  • Техникалық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
  • Шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
  • Санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
  • әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну).

 

Лингвистикалық, әдістемелік жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Лингвистикалық қамтамасыздандыру – программаны, ақпаратты, техникалық қамтамасыздандыруды қолданушының, АЖ персоналының қатынас тілінің (тіл құралының) жиынтиғы мен ақпараттық жүйеде қолданылатын түсініктер жиыны.

Лингвистикалық қамтамасыздандыру ақпараттың және басқа элементтердің тілдік құралдарынан тұрады.

Лингвистикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:

  • ақпараттық база бірлігінің құрылымын сипаттайтын ақпараттық тілдер;
  • АЖ функциялау мен өңделу үрдісінде қолданылатын анықтамалар мен түсініктер жиыны. АЖ жұмыс орындары мен басқа жұмыс орындарында құжатты дұрыс толтыру үшін бірдей болу керек;
  • мәліметті манипулирлеу мен басқару тілдері;
  • автоматтандыру жүйесін жобалау мен ақпарат жүйесін жобалау тіл құралдары.

Әдістемелік қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.

АЖ әдістемелік қамтамасыздандыру – заң шығарушы, нормативтік актілер, қаржылық талдау, бухгалтерлік есеп, салық салу және білімнің басқа салаларындағы /инструкциялар/ мен аналитикалық ақпаратты өндіруге мүмкіндік беретін инструкциялар жиыны.

 

Эргономикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

 

АЖ эргономикалық қамтамасыздандыру – адам әрекетінің жоғары тиімділігі үшін тиімді шарттарды құру мақсатымен өндірудің әртүрлі деңгейінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.

Басқарма АЖ тиімді функциялау үшін міндетті түрде келесілерді өндіру керек:

  • басқарманың эргономикалық талаптарын қамтитын, осы талаптарды орындаудағы әдістерден тұратын құжаттар пакеті;
  • кадрларды таңдау жүйесі мен жұмысшылардыоқыту деңгейін қамтамасыз ететін техникалық және оқу-әдістемелік құжаттардан құралған әдістер кешені;
  • ақпарат жүйесінде адам әрекетінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер мен әдістемелер кешені.

 

1.4 Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалды сызбасы

Концептуалды сызба ақпараттық жүйенің қызмет етуінің негізгі әдістемелік ізденістерін көрсетеді. Сызбалардың жиынтығы иерархия және сызықты байланысты құрылымды көрсетеді. Ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өңдегенде жүйедегі графикалық интерпретация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өңдеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағымы және т.б.

Негізгі концептуалды жүйенің біртұтастылығының құрылуының ақпараттық жүйе әдістемелері мен аспектілерінің тұтастай және негізгі құрал жабдықтарын анықтайды, сонымен қатар пәндік салада кіретін жүйе астарының қызметін көрсетеді. Кез келген ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұратын жүйе ретінде қарастырылады: жабдықтаушы және атқарушы.

Жүйенің жабдықтаушы бөлімі – өңдеу деңгейі және ақпараттың қозғалысы бойынша графикалық түрдегі ақпараттық және технологиялық байланыстарды көрсетеді.

Ақпараттық жүйесінің концептуалды сызбасы 1 суретте келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖүйеСипаттамасы
ТүріААЖ
ААЖЖелі
ЖеліЛокальды желі
Желі топологиясыСақина
Жалпы жүйе технологиясыҚұжатты
Ақпараттық жабдықтау
Жабдықтаушы бөлім
Функционалдық бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Программалық жабдықтау

Сұраулар

Қажеттіліктер

Кіріс

Техникалық жабдықтау

 

құжаты                              Ұсынылымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өңделуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет.  Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпарат жүйесінің концептуалды сызбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының ақпараттық жүйесін жобалау

2.1 Мәселенің қойылымы

 

Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жобаларды қолдануда,  АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.

АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі. Мұндағы жобалау жабдықтарына-типтік жобалау шешімдері, ҚПП, АЖ-ң типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары, яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.

Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейіне қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс  істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.

Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, тұрғызылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әр қайсысына дайын жобалау шешімін құратыруды шамалайды.

АЖ-ны тұрғызудың жаңа бағытына автоматтандырылған жобалау жатады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану, кейбір АЖ-да обьектіні басқарудың ақпараттық үлгісін құрастырумен сүйемелдеуді ұсынады, сондықтан бұл әдіс үлгілік жобалау деп те атайды. Бұл әдіс АЖ-ны жобалаудың барлық сатыларында қолданылады, және ол негізгі ерекшелігі әдістің өз үлгісінің түрінің болуы,басқару үлгілерінің өңделуі, әр сатыда қолданылуы, жобалау құжаттарының құрастырылуы,еңбек шығынының аздығы, сенімділігінің жоғарғы деңгейлігі болып табылады. Ал кемшілігі программалық жабдықтарының қымбаттылығы.

АЖ-ң түрлері: АЖ-ны тұрғызу мен функционирлеудегі жинақталған тәжірибелер мен басқару обьектілерінің сипатына қарай өзгешелеу.Сондықтан осының барлығы жүйелердің әр турлі топтарының пайда болуына әсер етті.

АЖ төмендегідей болып жіктеледі: басқару обьектісінің сипаты , басқару обьектісініңтүрі, шешімдерді қабылдау кезеңдері мен байланыстың үдетілуі, басқару деңгейі,орталықтану дәрежесі.

Қазіргі уақыттағы АЖ-ң барлық түрлері ақпараттық- анықтама жүйелер секәілді жұмыс істейді, яғни ол нақты обьектіні басқару шешімін қабылдаумен әлсіз байланысқан.

Орталықтану деңгейіне қарай, АЖ-орталықтанған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Сондай-ақ, АЖ-ны 2 негізгі топқа бөлген тиімдірек, олар: кез-келген автоматтандырылған басқарушы жүйелерге кіретін жүйелер және жеке мақсаттық тағайындалу мен қолдану саласын иеденетін жүйелер.

2.2  Кіріс ақпараты

 

Кіріс ақпараттары – ақпараттық жүйенің қызметтері орындалуы үшін пернелерден сигналдар, құжаттар түрінде келетін мәліметтер мен ақпараттар. Кіріс құжаттары өз алдына алынатын файлдар негізінде жедел болып бөлінеді, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық фактілерін, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер, сонымен қатар анықтамалық – мәліметтерді көрсетеді. Өңдеуге жіберілетін ақпарат бақылаудан өтуі керек, сондай-ақ программалық бақылау да қарастырылуы тиіс. Есеп кешенінің кіріс құжаттарына:

  • сұраулар
  • қажеттіліктер
  • ұсынылымдар кіреді

2.3 Шығыс ақпараты

 

Шығыс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметінің орындалуы нәтижесінде алынатын басқару объектісіне немесе басқа да басқару жүйесіне мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпарат болып табылады .

Берілген есептің шығыс құжаттары:

  • зерттеулер негізінде есеп беру;
  • талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер;

 

2.4 Программалық қамтамасыз ету

 

ЭЕМ-ді программалық жабдықтау мәліметтер базасын өңдеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенінен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, есептердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.

Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және программалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:

  • қолданбалы пакеттер және программалар, бұл пайдаланушының жұмысын қажетті түрде орындауды қамтамасыз етеді (мәтіндерді өзгерту, суреттер салу, ақпараттық массивтерді өңдеу және т.б.) – қолданбалы программалық жабдықтау.
  • жүйелік программалар, бұл әр түрлі қосалқы функцияларды орындайды (операциялық жүйелер, драйверлер, программалы қабықтар, операциялық қабықтар және көмекші программалар (утилиты) және өзімен бірге жүйелік программалық жабдықтауды ұсынады.
  • аспаптық жүйелер, яғни жүйелік программа, компьютерге жаңа программа құру үшін жабдықталған.

Қолданбалы программалар персоналды компьютерге өте ыңғайлы құрал ретінде жұмыстарды орындауға, үйренуге және ойнауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программа қарапайым қолданушыға немесе программалаушыға және қандай да бір жерде жұмыс істейтін маманға есептелуі мүмкін. Қолданбалы программалар кең профильде болуы мүмкін, мысалы, қаржылық есептеулерді немесе құжаттарды құрастыруға арналған, бірақ тар мамандандырыл-ған да болуы мүмкін, мысалы, электоркардиограммаларды талдау, электрлік бұйымдарды проектілеу кезінде және т.б. қолданылуы мүмкін.

Қолданбалы программалық жабдықтау есепті шешу процесі кезінде программалы ЭЕМ нәтижелілігін жоғарлату үшін арналған. Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) бағдарлама библиотекасы сияқты іске асырылуы мүмкін, стандартты ішкі программалар арқылы программалық тілдердің кеңейтілуі мүмкін. Басқа жағынан ҚПП интерактивті ортаны қалпына келтіруін іске асыратын пакет болуы мүмкін (диалогтік тәртіп).

Маркетингтегі ақпараттық жүйесінің программалық қамсыздануы келесілерден тұрады:

  • Windows’2000 операционды жүйесі негізінде жалпы жүйелік қамсыздандыру;
  • Жұмыс істеу барысында негізгі операциялардың автоматты түрде орындалуын қамтамасыз ететін программалар модульдерінің жиынтығы, яғни функционалды қамсыздандыру;
  • Қолданушы мен операционды жүйе арасындағы интерфейс пен мәліметтер базасын қамтамасыз ететін Delphi ортасында   программалау;

Delphi  программалау ортасы негізгі программаны жазуға мүмкіндік береді.

 

2.5 Программалық қамтамасыз ету құрылымы

 

Программалық қамтамасыз етудің құрылымы жалпы жүйелік және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз ету  – программалар бірлігінен тұратын кең қолданушылар көлеміне бағытталған есепті ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бірлігі. Операционды жүйе есептеріне жүйенің барлық ресурстарын басқаруға жауап береді. Операционды жүйе дербес компьютерлердің аппарат құралдарының ақпараттық қабықшасының ең төменгі деңгейінен тұрады. Дербес компьютер үлгілерінде, архитектуралары, мүмкіндіктері әр түрлі операциондық жүйе ресурстары қажет. Қолданушыға программалық өңдеу және қолдану үшін ұсынылатын қызметтер әр түрлі болады, яғни операционды жүйе ядросы белгілі қызметтік программалар көмегімен жүзеге асады. Осы программалар көмегімен дискінің бастапқы белгіленуі, диск құрылғыларының параметрлерін орнату, жедел жадыны тестілеу, компьютердің басқа да компоненттерін, ақпараттық баспада жіберу локальды желілермен байланыс орнатуды жүзеге асырады. Осылай операциондық жүйе аппарат құралдарын толықтырып, дербес компьютердің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Windows 2000 Professional операциондық жүйесінің сипаттамасы:

Windows тек қана файлдар мен операция үшін ыңғайлы интерфейспен қамтамасыз етпейді, сонымен қатар Windows ортасында жұмыс істейтін программалар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Программалар мүмкіндіктерін қолдану үшін Windows талаптарына сәйкес жобалануы тиіс, сондықтан оларды Windows программасы немесе Windows қосымшалары деп атайды.

Windows DOS – та өңделген қарапайым программаларды орындайды, бірақ мұндай программалар Windows-тың басымдылықтарын қолданбайды, осыған байланысты баяу жұмыс істейді.

Windows-қа келесі сипаттамалар тән:

  • қолдану мен игеру өте қарапайым;
  • өнімділік өте жоғары;
  • желілік құрылғыларымен жұмыс істейтін әмбебап желілік клиент рөлін атқарады.

Бұл операциондық жүйе ішінде таратылған желілер, электрондық пошта, мультимедиа құралдары бар. Windows 2000 операциондық жүйесі Microsoft фирмасымен Microsoft Office деп аталатын программалар пакетінен құралған, оған келесі программалар кіреді:

  • Microsoft Word мәтіндік редакторы;
  • Microsoft Excel электрондық кесте;
  • Microsoft Power Point презентация редакторы;
  • Microsoft Acces мәліметтер базасын басқару жүйесі;
  • Microsoft Schendule күнделік редакторы.

Windows 2000  аппарат бөлігін қолданған кезде қойылатын талаптар:

  • 486DX және одан жоғары процессор;
  • 6 Мб кем емес жедел жады;
  • сәйкес келетін VGA видеоадаптері;
  • Windows 2000 толығымен орнату үшін қатты дискінің көлемі 70 Мб болуы керек.

Арнайы программалы қамтамасыз ету – нақты ақпараттық жүйені құруда және оның функцияларын жүзеге асыру үшін өңделген программалар бірлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыста қойылған мақсат толығымен жүзеге асырылған, мақсатқа сәйкес мәселелер шешілген.

Экономикалық жүйеде есептер орны анықталған, қамтамасыз етуші бөлімдердің барлық талаптары қарастырылған, есеп кешенінің шешіміне арналған лайықты бағдарламалық қамтамасыз ету бөлінген. Ақпараттық жүйедегі жүзеге асырылатын есептер кешені анықталған: ішкі есеп беру, ағымдағы ақпаратты жинау, зерттеулер жүргізу, ақпаратты талдау. Анықталған есептер бойынша кіріс және шығыс ақпараты толығымен көрсетілген, ақпараттың құрылымдық бірліктері белгіленген.

Инвестиция мәселесіне жолдауда президент көп көңіл бөлген. Ол үшін алдымен ыңғайлы инвестициялық климат жасау керек. Бұл үшін президент жарлығымен тікелей инвестицияларды қолдайтын біздің саясатымызды іске асыру құқығына ие. Қазақстандағы мемлекеттік орган мәртебесі бар инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. 1997 жылы 28 ақпанда тікелей инвестицияларды ынталандыру мақсатында инвестициялар тартуға жеңілдік жасалған. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заң қабылданды. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңға сәйкес инвестицияларды тартудың аса маңызды өндірістері тізіміне: Жоғарғы технологиялық машиналар, жабдықтар мен инструменттер жасау, өнеркәсіптік электроника мен электротехникалық ілімде шығу енгізілді. Ал дүниежүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімді ауыл шаруашылығымен қазып алушы өнеркәсіп үлесінің азайып оның үлесіне өндіріс, әсіресе ғылымға сүйенген жоғарғы қосымша құнға негізделген және қызмет көрсету саласы үлесінің өсуіне бағытталған белгілі бір жүйелігін қажет деп табуда.

Қорыта келер болсақ, осы курстық жұмыс өте маңызды болды. Яғни, біз әрбір кәсіпорынның иинвестициялық саясатын талдау барысында оларға қандай көлемде инвестицияның бөлінгенін және келер жылға болжам жасай алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет тізімі

 

  1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының

өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан

халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.
  2. Закон РК. Об информатизации // Казахстанская правда. – 2003.- 14 мая
  3. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.
  4. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б
  5. Қ.С.Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы/Алматы: Экономика Баспасы, 2002
  6. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова Экономикадағы ақпарат жүйелері/Алматы: Экономика Баспасы, 2001.
  7. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.
  8. Э.М.Бенецкий, Л.А.Морозов. Қосымша программа пакеті қоймасына автоматтандыралған басқару жүйесін ендіру. – М, Статистика.
  9. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.
  10. Смирнова Г.Н. и др. Проектирование экономических информационных систем. М: Финансы и статистика, 2000-352б.
  11. Фаронов В.В. Delphi Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.
  12. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.
  13. Данилов А.В. Корпоративные информационные системы. Москва 2004г.
  • Гринберг А.С., Горбачев Н.Н. Информационные технологий управления. Учебное пособие – Москва.: Юнити – Дана, 2004г.
  1. Моисеева Н. Маркетинговые технологий в обеспечений деловой активности организаций.// Проблемы теории и практики управления – 2002. -№ 6 –с. 91-98.
  2. Сейдахметова Ф.С. Источники и методы сбора маркетинговой информации. Служба маркетинга/сбыта на предприятий. -1997г. № 3 –с. 7-8.

 

 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету