Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау

0

Жоспар

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2-3

  1. Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері………………………3

1.1.Инвестициялық портфельдің маңызы мен мәні……………………………………3-6

1.2.Инвестициялық портфельдің жіктелуі мен түрлері…………………………….7-14

1.3.Инвестициялық портфельді қалыптастыру және оның онтайлы тиімділігі……………………………………………………………………………………………..15-21

  1. Кәсіпорының инвестициялық портфелін таладау……………………………..22

2.1.Портфельдік инвестициялау қаржыландырудың көзі ретінде құрылуы………………………………………………………………………………………………22-24

2.2 Кәсіпорының инвестициялық портфелін басқару……………………………..25-32

2.3  Инвестициялық портфель табыстылығын бағалау…………………………..32-35

  1. Инвестициялық портфельдің проблемалары мен оны шешу жолдары……………………………………………………………………………………………..35-40

Қорытынды………………………………………………………………………….41

Пайдаланған әдебинттер тізімі…………………………………………………………..42-43

                                      Кіріспе

Қазiргi кезде инвестициялық стратегияны негiзiнде шет ел инвестициясын тарту бағытында дамыту керек. Оны экономикалық кризистiң алдын-алу мақсатында қолдану керек. Осыған байланысты халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн: толығымен, салалар және аймақтар бойынша қаржыландыру көздерiн ескере отырып, инвестицияны тиiмдi пайдаланудың кiлтi болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жолдауына сай – экономикаға экономикалық өсудi қамтамасыз ету бәрi осы инвестицияға байланысты.

Осы алда тұрған мәселенi қарастыру өте қажеттiлiктi тудырады, ең алдымен оның iшiндегi инвестиция тартудағы мемлекеттiң рөлi. Елiмiздiң Президентi қарастырғандай соңғы 3 жыл экономикадағы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, монетарлық және несиелiк саясатты жүргiзу және бюджет дефицитiн қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан соңғы жылдар нақты экономиканы сауықтыруына, әлеуметтiк саясатты қамтамасыз етуге жiберiлу керек.

Сонымен қатар, ең керектi мәселе болып шетел инвесторларын қорғау табылады. Қазiргi кезде келесiдей экономика секторлары бар: табиғи ресурстарды қарастыру, инфраструктура, ақпарат және коммуникация, бұлардың бәрi елiмiзде негiзгi рөлдi атқарады. Бұл салаларды дамыту экономикаға ғана әсер етiп қоймай, әлеуметтiк жағдайды қалыптастырады. Бұл капитал сыйымды салаларға шетел инвестициясын тартып қана қоймай және оған мемлекеттiк қадағалау керек.

Мiне сондықтан бiздiң экономикамыздың өсуiне көмегiн тигiзетiн қаржыландыру көзi – инвестиция болғандықтан, мен оны курстық жұмыс барысында, сол инвестиция жайлы мәлiметтердiң бәрiн, оның экономикадағы әсерi туралы жайды қарастыруға тырысамын.

Ол өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді. ҚР-дың Президенті Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қоғамды дамытудың негізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсеті.

Сонымен , менің курстық жұмысымның бастапқыда айтылып кеткен инвестициялық  жағдайларға байланысты, қазіргі кездегі компаниялардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық портфельдеріне үлкен мән бердім. Яғни мұнда әр шаруашылық жүргізуші субъектілер тәуекелге бара отырып, түрлі бағалы қағаздар портфелін инвестициялау арқылы максималды ақша түсімін немесе табыс табу болып келеді. Бұл мақсаттқа жету үшін олардың бірнеше кезеңдерден өтуді қамтамасыз етеді.

  1. Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері

1.1 Инвестициялардың маңызы мен мәні

      Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар,лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған (АҚШ, Канада, Ұлыбритания,Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни, біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі, қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе ірі тәуекелге; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялық портфель дегеніміз – бұл кәсіпорынның жетілдірілген инвестициялық стратегияларына сәйкес және орта мерзімі кезеңдегі инвестициялық қызметті жүзеге асыруға арналған нақты және қаржыландырылған инвестициялық объектінің нысаналы жиынтығы болып табылады.

Инвестициялық портфельді қалыптстыру бұл инвестициялау объектісінің нысаналы және мақсатты іріктеу процессі болып табылды.

Инвестициялық портфельдің негізгі меқсаты бұл инвестициялық портфельдің сипаттамаларын қамтмасыз ету есебінен инвестицияның тиімді шарттарын құру болып табылады.

1.2  Инвестициялық портфельдің жіктелуі мен түрлері

Инвестициялық портфель келесідей түрлерге жіктеледі:

  1. Табыс көзіне байланысты келесідей түрлерге бөлінеді:

а) өсу портфелі – бұл курстық бағасы өсіп келе жатқан бағалы қағаз құралады. Өсу портфелінінің мақсаты табыс алумен қатар портфельдің капиталдық құнының өсуі болып табылады. Өсу портфелінің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді:

— жылдам өсу

— орташа өсу портфель болады.

Жылдам өсу портфельді тәуекел жоғары болады. Бірақ үлкен табысқа жетуықтималдылығы бар.

Орташа өсу портфелінде бір бөлігі ірі компанияның ұзақ мерзімді бағалы қағаздан тұрды.

б) Табыс портфелі бұл портфельдің мақсаты процент немесе дивиденд түрінде жоғары табыс алуға негізделген.

Инвестициялау мақсаттарының жетістіктеріне сәйкес келесідей түрлерге жіктеледі:

  1. Балансталған портфельдің мақсаты табыс табумен қатар бағалы қағаздармен жасалынатын барлық операцияларды жетістіктерге жетуді қарастырады. Яғни бұл портфельдің құрылымы жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздан тұрады.
  2. Ақша нарығы портфелі бұл портфельдің негізгі мақсаты капиталды толық сақтап қалу болып табылады.
  3. Құрылымдық жағдайына байланысты инвестициялық портфель келесідей түрлерге бөлінеді:
    • тіркелген портфель
    • ауыспалы портфель

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізінен түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  • 1) Инвестициялардың түрлері;
  • 2) Ақша құралдарын салу объектілері,
  • 3) Инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  • 4) Инвестицияландыру кезеңі;
  • 5) Меншік түрлері;
  • 6) Инвесторлардың қатысу түрлері;
  • 7) Тәуекел дәрежесі;
  • 8) Ұдайы өндіріс түрлері.
  1. Инвестициялардың түрлері бойынша топтайды:
    • Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
    • Жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
    • Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
    • Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
    • Қандай да бір өндірісті (бірақ, патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2.Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:

  • Нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның нагізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға,қосымша материалдық бұйымдарға,дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
  • Материалдық емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
  • Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар;
  1. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөінеді:
  • Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
  • Жанама инвестициялар – бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқалы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
  1. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
  • Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
  • Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
  1. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
  • Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
  • Мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
  1. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
  • Қайта құралып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену ( шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
  • Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
  • Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
  • Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
  1. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
  • Тәуекелді инвестициялар.Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт,салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындаужәне т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
    • Барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
    • Жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
    • Барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
  1. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
  • Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
  • Шарушылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі — өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
  • Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық және жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
  • Техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық- экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет. 1-схема.

Инвестиция классификациясы
Салымдарды

Салу объектісіне

байланысты

Инвестиц-ия

ландыруға қатысу сипаты

Инвести-ция

ландыру кезеңі

Меншік                     түрлері Аймақтық

көрсеткіштері

байланысты

Қаржылық инвестициялар Нақтылы инвестициялар Жанама инвестициялар Тікелей инвестициялар Ұзақ мерзімді инвестицияар Қысқа мерзімді инвестициялар Біріккен инвестициялар Шетелдік инвестициялар Мемлекеттік инвестициялар Жеке меншік инвестициялар Шетелдегі инвестициялар Мемлекет ішіндегі инвестициялар

2-схема.  Инвестицияларды негізгі белгілері бойынша

квалификациялау.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпк, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін — өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші – жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Инвестицияның негізгі түрлері әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іксе асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірбиеде мұндай инвестициялардың түрлері:

  • табиғи активтерге инвестициялар;
  • ақша активтеріне инвестициялар;
  • материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге  — өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету

уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер және т.б.

       Материалдық емес активтерге – фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

  • Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
  • Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты — өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттігін кеңейту.
  • Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
  • Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнң қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
  • Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәкелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген: 3-схема.

Инвестиция түрлері мен тәуекелшілдік

                                        деңгейінің байланысы

          3-түрі             2-түрі          1-түрі          4-түрі
Жаңа өндірістерді салуға инвестициялар Өндірісті  кеңейтуге инвестициялар Тиімділікті арттыруға инвестициялар Мемлекеттік ұйымдардың талаптарын орындауға инвестициялар
  Тәуекелшілдіктің жоғары деңгейі  Тәуекелшілдіктің төменгі деңгейі

1.3. Инвестициялық портфельді қалыптастыру

және оның оңтайлы тиімділігі.

        Инвестициялық портфель – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.

Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты – процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Егер де негізгісі процент алу

       Портфельді қалыптастыру

мақсаты

Процент алу
Өндірістің өсуі
Капиталды  сақтау

                                                      4-схема.

деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі төмен және қауіп- қатері жоғары құнды қағаздардан тұратын портфельге беруге болады, алайда, егер іс сәтті қалыптасса, жоғары проценттер әкелінетін болса және керісінше, егер де инвесторлар үшін ең маңыздысы капиталды сақта және үстелуін қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың немесе мемлекеттің азғантай тәуелдікпен және күні бұрын күтетін орташа немесе аз проценттік төлемдер шығаратын, үлкен өтімділікке ие болатын құнды қағаздар портфеліне қосылады.

Инвестициялық портфельді қалыптастырудың басты мақсаты – не ол, не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымның сенімділігін және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүмкіншілігі барынша бірін-бірі өтеу тәуекелділігі болып табылады.

Құнды қағаздар портфелін жасау үшін ақша қаражатын қандай болса да қаржы активтерінің бір түрін инвестициялау жеткілікті. Алайда, практикада портфельдің мұндай тұрпаты едәуір сирек кездеседі; анағұрлым көбірек дамыған, әртараптандырылған портфель, яғни бірнеше құнды қағаздар түрінен тұратын портфель.

Портфельдің мұндай тұрпаты көпшілігінде өзінің қасиеті арқасында тұрақты болымды нәтижеден тұрады.

Инвестициялық қаржыдан алынған пайданың маңызды мезеті портфельді ойдағыдай басқару. Портфельді басқару әр түрлі құнды қағаздар жиынтығына иелік істеу өнерін түсіндіреді, тек олар өзінің құнын сақтау ғана емес, сонымен бірге қандай болса да тәуелдікке байланысты емес түпкілікті табыс табу.

Қағида бойынша, портфельдерді басқару екі тәсілге бөлінеді – активтік және пассивтік.

       Активтік басқару – инвестициялық портфельден алынған табыс мөлшерінің болжайтындығын сипаттайды.

Пассивтік басқарудың мәні – күні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған және портфельді өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған портфельдерді жасаудан тұрады.

XX ғасырдың  60 жылдың ортасына дейін шет мемлекеттерінде портфелді бақаруда активтік әдісті қолданған. Бұл әдісті қолданған менеджерлер тәуекелге және күтілетін табыстылыққа болжамдарын қарастырған. Егер, бұл болжамдар оңтайлы болса, онда портфель жоғарғы табыстылық әкеледі деген ой қалыптасқан.

Ал Марковиц теориясы қалыптасқанда, яғни оптималды портфельді басқару пассивтік әдіске иемденді. Пассивтік басқаруда нарықтық оптималды портфельді қалыптастыру нарықтық қор атына ие болды. Пассивтік портфельді қалыптастыруда менеджер негізгі нарықтық желі (Capital Market Line,CML) және берілген инвестордың айырмасыздық қисығы қолданады. 5-схема.

ap

CML

О

σp

Инвестордың оптималды портфельді таңдау

Бұл жерде O нүктесі айырмасыздық қисығы мен негізгі нарықтық желінің қиылысуы инвесторға табыстылықпен стандартты ауытқудың оптимальды теңесуін береді. Пассивтік басқаруда потрфельді қалыптастыру ұзақ мерзімге арналған. Егер, клиент тәуелсіз ставканың  және нарықтық порфельдің өзгеруіне байланысты қайта қарастыру жүргізеді.

Нарықтық және активтік портфельді салыстыру кезінде « активтік жайғасым » деген термин қолданылады, бұл терминнің мағынасы берілген қағаздың активтік және оптималды портфельдер арасында үлес салмақтарының айырмашылықтарын қарастырады.

Мысал . Оптималды және активтік портфельдерде 4 бірдей бағалы қағаздар түрлерінің үлес салмақтары берілген. Әрбір бағалы қағаздар үшін активтік жайғасымды анықтаңыз. 1-кесте.

Бағалы қағаз нөмірі,j                              Үлес салмағы  Активтік жайғасым
  Активтік портфель    Пассивтік портфель
         1                   2                        3                4
         1                                    0,20                                           0,30                              — 0,1

2                                    0,25                                           0,25                                 0,0

3                                    0,10                                           0,20                                -0,1

4                                    0,45                                           0,25                               +0,2

Барлығы                             1,00                                           1,00                                 0,0

Шешуідің нақты көрсеткіштері 4 бағанада көрсетілген.

Бұл нәтижеден келесіні айтуға болады, активтік портфельдің эквиваленттері оптималды портфель және бір уақытта бір қағаздардан ( j=4) басқа қағаздарға (j=1және j=3) бәстесу жасау пайдалы. Бірақ, бұл жағымды, жағымсыз бәсекелестер бір-бірін өтеу қажет.

        Бір этапты бағалы қағаздарды таңдау , менеджер барлық жинақтық бағалы қағаздардан  табыстылығы, стандарты ауытқуы және ковариациясына байланысты оптималды портфель қалыптастыру керек.

      Бағалы қағаздар Бағалы қағазды  таңдау  Жалпы бағалы қағаздар

портфелі

6-схема.   Бір этапты қағалы қағаздарды таңдау

                Екі этапты бағалы қағаздарды таңдау.

  1. бірінші этапта – бірінші активті класстан оптималды портфель қалыптастыруды таңдау және басқа класстан активтен құрылған оптималды портфель таңдау.
  2. екінші этапта – бірінші және екінші активтік класстан жалпы бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру.
      Бағалы қағаздар

1-класс

 1-класс бағалы қағазын

таңдау

     1-класс активтер

портфелі

Жалпы бағалы қағаздар

портфелі

      Бағалы қағаздар

2-класс

 2-класс бағалы қағазын

таңдау

     2-класс активтер

портфелі

7-схема. Екі этапты бағалы қағаздарды таңдау

     Бұл бағалы қағаздарды таңдау әдісі « близорукость»  деп атайды, себебі, жалпы портфельді қалыптастырған кезде бірінші және екінші класс бағалы қағаздар арасында ковариация жүргізілмейді немесе қолданбайды. Екінші этапта, инвестордың қаражаттарын бірінші және екінші класстар портфеліне бөлінуі активтер орналастыру болып табылады. Активтерді орналастыру этапында екі портфель арасында оптимальды табыстылықты, стандартты ауытқуларды және ковариацияны болжамдайды. Бұл жалпы портфель құрамын және инвестордың таңдаған портфелінің табыстылығы стандартты ауытқуларға байланысты болатынын анықтайды. Активтер тарапынан бірінші класқа – акция ,ал екінші класқа – облигацияны жатқызуға болады.

     Мысал. Оптималды портфелдерде орналасқан 4 акциялардың үлес салмағы мен 3 облигацияның үлес салмағы берілген. Екінші этапта активтерді орналастыру кезінде инвестор қаражаттарының 70% акция және 30% облигация сатып алуға бағытталған.

Жалпы активтер портфелінің үлес салмағын анықтаңыз.

Шешу нәтижесі 4 және 5 бағаналарда қарастырылған. 

                                                              2-кесте.

Бағалы қағаз нөмірі  Әрбір портфельдің үлес салмағы Жалпы портфельдер үлес салмағы
1-класс 2-класс 1-класс 2-класс
             1         2            3         4          5
             1                      0,30                            0,35                 0,30·0,7=0,210        0,35·0,3=0,105

2                      0,25                            0,40                 0,25·0,7=0,175        0,40·0,3=0,120

3                      0,20                            0,25                 0,20·0,7=0,140        0,25·0,3=0,075

4                      0,25                              —                     0,25·0,7=0,175

      Барлығы                 1,0                             1,0                          0,7                           0,3

Екі этапты бағалы қағаздарды таңдау көп этаптыға ауысу болады, егер , бірнеше топтар (секторлар) енгізсе. Активтік және пассивтік басқаруды кез келген этапта қолдануға болады.

Отандық экономика дамуының ерекшелігі, инвестициялық портфельді әртүрлі екі жағынан жақындатуға мүмкіндік береді:

  • классикалық көзқарас негізінде инвестициялық портфельді қалыптастыру;
  • экономикалық нақты жағдайын еске ала отырып, инвестициялық портфельді қалыптастыру;

Бұл екі көзқарасты салыстыру, олардың қасиеттері мен

айырмашылықтарын көрсеті өте маңызды. Ең әуелі классикалық инвестициялық портфельдің орнын түсіндіре кетелік:

  1. Инвестор белгілі кезең ішінде әбден оңайлы инвестициялы болуы керек және кезең аяғында пайдамен алынады,
  2. Портфельдің құрамының өзгеруі осы кезең ішінде қарастырылмайды.
  3. Портфель әр уақытта дивиденд бола алады.
  4. Құнды қағаздардың портфельге қосылуы екі параметрмен сипатталады – болжамды табыс және стандарттық ауытқу.

Енді портфельдің нақты айырмашылық бет әлпетіне тоқталайық:

  1. Бағым портфельнің, яғни оның табысы оған кіретін

қағаздардың бағым құнының өсуінен құралады.

  1. егер де классикалық портфельде салынған портфель

қайтарымын сенімді уақиғалар деп есептелінсе, онда нақтыда олардың азаюы мүмкін және тәуекелдіктің азаю әдісі ретінде портфель көзқарасының мәнділігі артады.

  1. қаржы құрылымының өзгеруі мүмкін. Сонымен ұзақ мерзімді

жоспарлау  әдісіқолданылады, яғни осындай портфельді басқарудың мақсаты – пайданы күнделікті ауытқудан емес, ол ұзақ мерзімді беталыс негізінде табу.

Оптималды инвестициялық портфельді қалыптастыру.

                                        8-схема.

     Табыс көздері

  Курстық құның

өсуі

Ағымдық төлемдер

  1. Кәсіпорының инвестициялық портфелің таладау.

2.1. Портфельдік инвестициялау қаржыландырудың көзі ретінде құрылуы

Портфелдік инвестициялау дегеніміз-инвесторлардың пайда табу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алуға, яғни бағалы қағаздар портфелін құруға жұмсалған ақша қаражаттары. Бағалы қағаздар портфелі бұл бірнеше, әр-түрлі инвестициялық  қасиеті бар бағалы қағаздардың жиынтығы. Бағалы қағаздар портфелін басқарудың басқа да анықтамалары бар:

  • Бір немесе бірнеше мақсаттарға жету үшін таңдалған қаржы инструментерінің жиынтығы;
  • Жеке немесе заңды тұлғалардың иесінде болған басқарудың жалпы объектісі болатын бағалы қағаздардың жиынтығы;
  • Белгілі бір жолмен құрылған белгілі бір бағалы қағаздар жиынтығы.

Портфельдін негізгі мәні-жиынтық бағалы қағаздардың инвестициялық  сипаттамасын жақсарту аркылы, инвестициялау шартын жақсарту.

Портфельдік инвестициялаудың объектісіне әр-түрлі бағалы қағаздар жатады: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың туынды түрлері, портфельдің бір бөлігі  ақшалай түрде болуы мүмкін. Бағалы қағаздар портфелінің құрамы мен көлемін портфельдің құрылымы деп атайды. Бағалы қағаздар құрылымы- инвестор басқаратын сипаттамалардың жиынтығы бағалы қағаздар портфелінің құрамына кіретін көлемін құрамын өзгерту.

Инвестиция – бұл барлық мүлiк түрлерi (жеке тұтыну тауарларынан басқа), лизинг шартына қол қойған кезден бастап лизингтi қосқанда, сонымен қатар оларға деген құқықты бiлдiретiн инвестордың жарғылық капиталына салған немесе тұрақтандырылған активтерге салған, кәсiпкерлiк мақсатта қолданатын қаржы.

Жоғарыда көрсетiлген анықтамалардан қорытынды жасап мен мынадай анықтама бердiм:

Инвестиция – ол жаңа технологияларды әкелумен және өндiрiстi кеңейту мен жаңартуға байланысты шығындар.

Инвестиция – ол бiздiң экономикадағы жаңа терминдердiң бiрi болып табылады. Орталықтандырылған экономика кезiнде негiзгi қорды жасауда және оларды ремонттауда “жалпы капитал салу” деген термин қолданылған.

Ол деген былай айтқанда нақты инвестиция “капитал салу” деген сөзге келедi. Бұл деген бiздiң күнiмiзде портфельдiк инвестицияға бара бар, ол дегенiмiз қаражатты акцияға, облигацияға және тағы басқа бағалы қағаздарға салу болып табылады.

“Экономист” журналында инвестициялық саясаттың негiзгi бағыттары анықталған. Сол кезде инвестициялық саясаттың келесi негiзгi мiндеттерi белгiленген:

мемлекеттiк емес секторға инвестициялық белсендiлiк тудыратын, арнайы орта тудыру, кәсiпорынды қайта жөндеу мақсатында жеке отандық  және  шетелдiк инвестиция тарту,  сонымен бiрге ең керектi деген өмiрге қажеттi өндiрiс пен әлеуметтiк сферасына капитал салу тиiмдiлiгiн жоғарылату үшiн мемлекеттiк қолдау жасау.

Егер де капитал салуға тереңiрек тоқталсақ, онда  капитал  салуды  2 негiзгi қайнар көзiне бөлуге болады.

  1. Оның бiрiншiсi табыс болып табылады. Табыс  ол  кәсiпорынның таза табысы ретiнде қарауға  болады. Ол  дегенiмiз  сатылған  тауар  мен оның өзiндiк құнының айырмасын көрсетедi. Табыс – кәсiпорынның  салық  төлегеннен  кейiнгi  қалған   таза  табысы   болып табылады. Осы табыстың бiр бөлiгiн капитал ретiнде салымды әлеуметтiк және өндiрушi салаларға жiберуге болады. Мiне, табыстың осы бөлiгi инвестиция болып табылады.
  2. Екiншiсі, iрi қаржыландыру көзi болып амортизациялық аударымдар табылады. Осы аударымдар негiзiнде басқа ақша қаражаттары пайда болады. Оларды өндiрiстi кеңейтуге, жаңа технологиялар енгiзуге жұмсауға болады.

Портфельдiк инвестицияол заңды немесе жеке тұлғаның өз қаражатын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға салу арқылы жүзеге асырылады. Ал өз кезегiнде эмитент ол қаражатты өзiнiң өндiрiсiн кеңейтуге пайдаланады.

Бұлар уақыт аралығына қарай ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болып бөлiнедi.

Инвестицияның мақсатына қарай 3 типке бөлiнуi мүмкiн:

Материалды активке инвестициялау, дәлiрек айтсақ қаражатты 1 жылдан артық қолданылатын ғимараттарға, құралдарға, машиналарға салу.

Қаржылық активтердi инвестициялау, бағалы қағаздарға салу.

Материалды емес активтердi инвестициялау, бұл жерде лицензияларды сатып алу, патенттердi, ғылыми-техникалық жаңалықтар ашу, квалификацияны жоғарылату, қоршаған ортаны қорғау тағы сондай сияқтылар қарастырылады.

Ең негiзгi макроэкономикалық фактор болып экономикадағы қаржы салатын нақты сектордың болмауы табылады. Бұның негiзi болып мемлекеттiң ұзақ басыңқылығының болмауы, саясаттың дұрыс  болмауы табылады.

Инвестициялық портфель-қаржыландырудың ерекше түрінің құрылу қағидалары:

  • Инвестициялық портфельдің құрылу мақсаттарының жасалған және қабылданған инвестициялық саясаттың мақсаттарына сәйкестілігіне жетудің қажетілігінен шығатын инвестициялық саясатты жүзеге асырудың қамтамассыз ету;
  • Кәсіпорының өтімділігін және тұрақтлығын ұстап тұру мақсатында инвестициялық портфельдің көлемі мен құрылымының оны құрайтын көздерінің көлемі мен құрылымына сәйкестігін қамтамассыз ету;
  • Кәсіпорының қаражаттарының және қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін табыстылықтың, тәуекелдің және өтімділіктің қатынасына жету;
  • Инвестициялық портфельді диверсификациялау, оның құрамына әр-түрлі инвестициялық объектілерді соның ішінде салымдардың сенімділігін мен табыстылығын қөтеру және тәуекелді төмендету үшін альтернативті инвестицияларды өсу;
  • Инвестициялық портфельдің басқарылуын қамтамасыз ету, ол инвестициялардың негізгі сипаттамаларын бақылау бойынша инвестордың мүмкіндіктеріне сәйкес инвестициялардың санын шектеуді және күрделілігін білдіреді.

2.1. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару.

Қазақстан Республикасының нарыққа ену процесі кәсіпорындардың атқарымының өзгеруімен жарияланды. Олардың көпшілігі негізінен жекешелендірудің арқасында жаңа статусқа, яғни жеке меншіктің жаңа түрлеріне ие болды, олар: акционерлік, кооперативтік, аралас және т.б. кәсіпорындар.

Сонымен қатар, ҚР-ның экономикасында көптеген мемлекеттік кәсіпорындарда өз жұмыстарын атқаруда. Жоғары да аталған кәсіпорындардың барлық  түрлері жаңа экономикалық жағдайда толық дербестікте жұмыс істеуде. Нарықтық  жағдайда кәсіпорындардың әрекеттері толық өзгеріп, олардың қарым-қатынасы нарықтық экономикаға бейімделген.

Қазіргі кезде, кооперативтік, акционерлік және аралас кәсіпорындардың, мемлекеттік кәсіпорындардың бос ақша қаражаттарын нарықта бағаламасы бар әртүрлі бағалы қағаздар түріне жұмсауға мүмкіншіліктері бар. Сондықтан кәсіпорын басшыларының , әсіресе қаржы менеджерінің мақсаты, құнды қағаздарға қаржы жұмсауды ұтымды басқаруда немесе кәсіпорынның инвестициялық портфелін дұрыс басқаруда. Қаржы менеджерінің білетін нарықта қандай құнды қағаз бағалы екендігін, инвестициялық қоржынның пайдалылығын бағалауында.

Сонымен бірге, ол нарықта қатысушылар туралы ақпаратты болуы керек, мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржалары, брокерлік фирмалардың жұмыс істеу механизмін жақсы болуы тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды қағаз шығарушы кәсіпорын – эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар, қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының даму ағымын бақылап тұрғаны жөн.

Кәсіпорынның инвестициялық портфелін бағалау.

Қаржы менеджментінде тәуекелдік және табыс әлбетте екі өзара әрекеттес элементтер ретінде қаралады.

Мемлекеттік құнды қағаздардың тәуекелділігі өте үлкен емес, өйткені оның табысының ауытқылығы онша көп болмайды. Керісінше, жеке меншік қағаздар мысалы жай акциялар, ең тәуекелдік активке жатады, онан түсетін табыс әртүрлі факторлардың әсерінен барынша ауытпалы болады.

Алынған құнды қағаздардың табысы екі элементтен құралады: құнды қағаздардың құнының өзгеруінен алынатын табыс және дивиденд түрінде түсетін  пайыз (облигацияға) немесе пайда.

Құнды қағаздың бастапқы құнына пайызбен есептелінген табыс – құнды қағаздың табыстылығы немесе табыс мөлшері деп аталады. Мысалы, кәсіпорын басқа заңды тұлғаның акциясын 15,0 мың.тг. сатып алады. Сол кездегі ағымдағы нарықтық баға 16,7 мың.тг, ал дивиденд 1 мың.тг. Бұл жағдайда сатып алған кәсіпорынға аталған қағаздың табыстылығы Д:

Д = [1+(16,7-15,0)]15=18%   жетеді.

Қаржы менеджері өз жұмысында тәуекелділікті есепке алуы керек. Бұл жайда менеджердің басшылыққа алатын негізгі идеясы қажетті табыс және тәуекелдік, бір бағытқа, яғни бір-біріне үйлесімді түрде өзгереді. Осыған байланысты әлбетте бір құнды қағаздың тәуекелдігін және барлық инвестициялық портфельдің тәуекелдігін  көрсетеді.

Бірінші жағдайда болжаланылған тәуекелдік қаралады, сондықтан оның сандық өлшемі бірдей болмайды. Оның көлемі тәуекелдікті есептеу әдістемесіне байланысты өзгерісте болады.

Құнды қағаздардың тәуекелдігі, әлбетте кеңістікте қаралады. Бірақ та ұзақ мерзімге жоспарланған жағдайда, құнды қағаздың табыстылығын болжап айту қиынға түседі, өйтекні табыстың және коэффициент түрлендірмесінің өзгеру деңгейі артады.

Сондықтан,бұл құнды қағазға тәуекелдік уақыт өткен сайын арта түседі. Соныменен, құнды қағаз неғұрлым ұзақ мерзімді болса, солғұрлым тәуекелдік жоғары болады.

Осыған байланысты кәсіпорын және оның қаржы менеджері әртүрлі құнды қағаздардың: акциялардың, жекеменшік және мемлекеттік облигациялардың табыстылығын және тәуекелдігін ажырата білген жөн.

Сонымен бірге, барлық инвестициялық портфель тәуекелдікте болатындығында білген жөн, өйткені құнды қағаздардың бір түрінің тәуекелдігі жеке дара бөлек қаралмайды.

Инвестициялық портфелді тиімді пайдалану үшін кәсіпорынның қаржы менеджері келесі принциптерді пайдалана отырып, инвестициялық портфелді қалыптастыру керек:

  1. Құнды қағаздарға салымның табысы қаражатты активтер типтеріне

дұрыс бөлуге, яғни 94% (ірі компаниялардың акциясы, мемлекеттің қысқа мерзімді қағаздарын) таңдауға байланысты.

  1. Белгілі құнды қағаздарға салым тәуекелдігі – пайданың күткен

мағынадан мүмкінді ауытқуына байланысты.

Пайда өткен кезең бойынша құнды қағаздар пайдасының серпіні туралы стастикалық мәлімет негізінде болжамдалады, ал тәуекелдік-күткен пайданың орташа квадратының ауытқуы ретінде қаралады.

  1. Жалпы табыс және портфель тәуекелдігі оның құрылымының өзгеру

нәтижесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

  1. Инвестициялық портфельді қалыптстыруда қолданылатын барлық

бағалау, мүмкінді сипатта болады. Портфельдің өзін қалыптастыруы келесі факторлар болған жағдайда ғана мүмкін: дамыған құнды қағаздар нарығының белгілі кезеңдегі жұмысы, ол нарық туралы статистикалық мәлімет.

Кәсіпорынның инвестициялық портфелін қалыптастыру келесі үш кезеңге бөлінеді:

  • Оны қалыптастыру мақсатын анықтау;
  • Компанияларды ,кәсіпорынды, банкті, үкіметті, кімнің құнды қағаздарын алу керектігін таңдау;
  • Инвестициялық портфельдің есебі жүргізуші коммерциялық банкті таңдау.

Кәсіпорының қаржы менеджелері инвестициялық портфельді басқарғанда портфель тоериясын қолданады. Бұл тоерия төрт элементтен тұрады: активтерді бағалау, инвестициялық шешім қабылдау, портфельді оптималдау, нәтижелерді бағалау.

Тәуекелдік және табысқа қарай портфель келесі түрлерге бөлінеді:

  • Агрессивті;
  • Нарықтық;
  • Консервативті.

Қазіргі кезде портфель жоғарғы қор нарығында көп таратылуда – көптеген кәсіпорындар бұл әдісті жеке меншік инвесторларды жұмысқа тарту үшін қолданады. Дұрыс шешім қабылдау үшін бұл жерде ақпаратбасты рөлді атқарады. Талдауда аса көңіл бөлетін фактордың бірі өзгерісі. Осы өзгерістерді талдай отырып , қаржы менеджері қай қағазға инвестиция салу керектігіне шешім қабылдайды.

Халықаралық практикада арнайы рейтингтік агенттік нарық айналымындағы бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын талдайды. Біздің елде мұндай практика әлі іске асырылмаған.

Құнды қағаздар портфелін қалыптастыру келесі кезең арқылы жүргізіледі:

  • Оптималды портфель типін таңдау;
  • Қолайлы портфель тәуекелдігі және табыстың үйлестірілуін бағалау;
  • Алғашқы портфель құрамын анықтау;
  • Алдағы уақытта портфельді басқару тәсілін таңдау.

Ойластырған инвестиция объектісінің қаржысын талдау барлық кезеңдегі

инвестициялық процестің бір бөлігі болып есептелінеді.

Дамыған мемлекеттерде қаржы есебін – жариялау (баспада) жалпы қабылданған дұрыс іскерлік байланыс; түрлі анықтамалар арқылы фирмалардың қаржы жағдайы туралы мәліметтерді алуға болады.

Осымен келе мен кәсіпорындағы иинвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекеліне анализ жасай отырып, инвесторға оптималды портфельді таңдау үшін 2 жағдайды қарастырдым:

Бірінші жағдай. Мысал: Егер, бірнеше нарықтық активтер берілсін. Активтер классын А деп белгілейік. Активтерді А көптеген элементтерін ретті түрімен қарастырайық.

А = {а12 …..ап}.

Көптеген барлық жағдайларды  S деп, ал басқа оның жағдайларын s деп белгілейік.

S = {s1,s2 …..sr,…}.

Әрбір жағдайға ықтималдылықты қосайық, оң сан р(s):

Σ P(s)=1.

Бұдан біз бір жағдай үшін бөлек ықтималдылықты анықтайық:

Р(А         ) Σ р(s).

Сонымен, 3 активтерден және 3 конъюктуралық жағдайдан  құралған нарықтық бағалы қағаздарды бөліп алайық :

rn = Rn (s).

4 кесте

Жағдай ,s Ықтималдылық,

p(s)

      Актив табыстылығы

a1,R1,%

     Актив табыстылығы

a2,R2,%

      Актив табыстылығы

a3,R3,%

Орташа,s1            0,4          +10         +20           -5
Жақсы ,s2            1,5          +30         +10          +10
Нашар,s3            0,1           -5          -15          +20

Әрбір актив үшін күтілетін табыстылықты анықтайық:

М(r) =Σ R(s)P(s),

Осыдан:    М(r1) =19,5 %;

М(r2) = 11,5%;

М(r3) = 5%.

Әрбір актив үшін дисперсия табыстылығын анықтайық:

D(r) = M (r — M(r))2.

Осыдан:  D(r1) = 151,25;

D(r2) = 100,25;

D(r3) = 75,00.

Есептелген дисперсия параметрлерінен орташа квадраттық ауытқуды анықтауық:

σ = √D(r).

σ1= 12,298;                   σ2= 10,012;                            σ3= 8,660.

Алынған нәтижелерді кестеге орналастыру ыңғайырақ болады.

                                                      5-кесте

         R1            R2          R3
М(r)        19,5          11,5          5
D(r)      151,25        100,25       75,0
σ      12,298        10,012      8,660

Бұл мысалда, табыстылығы жоғары активтің  тәуекел деңгейі жоғары болып тұр, ал керісінше табыстылығы төмен активтің тәуекелділік деңгейі төмен болып тұрғанын байқаймыз. Бұл жағдайда инвестор бір ғана актив емес , яғни  тәуекелділікті диверсификациялау арқылы, бағалануын төмендету үшін бірнеше активтерден құралған портфельді таңдауды.

Екінші жағдай. Мысал: инвестор нарығындағы активтер шектеулі болсын. Яғни , инвестиция кезеңі басында екі акциясы а2 және а3 бар, олардың бағалары 10 000 дол. Ал инвестордың алғашқы капитал сомасы 20 000 дол. Бұл жағдайда инвесторға үш мүмкіншілік беріледі: соның екеуі – 2 бірдей акцияларды сатып алу (10 000 дол – дан.), ал үшінші мүмкіншілік – екі акция түрлерінен аралас портфель құру болып табылады.

Енді, әрбір варианттарды қарастырып кетейік.

  1. Портфель толығымен а2 активтеріне тұрады.

S1 үшін : R1 (S1) = 2*10 000( 1+0,2) = 24 000 дол. (+20%);

S2 үшін : R2 (S2) = 2*10 000(1+ 0,1) = 22 000 дол.(+10%);

S3 үшін : R3 (S3) = 2*10 000(1-0,15) = 17 000 дол. (-15%).

Берілген портфельдің орташа табыстылық деңгейі :

Е(R) = 0,2*0,4+0,1*0,5+0,15*0,1= 0,145немесе 14,5%.

Дисперсия:

D(R)= (20-14,5)2 0,4 +(10-14,5)2 0,5+( -15-14,5)20,1=109,25.

Орташа квадраттық ауытқу:

σr = 10,4522.

  1. Портфель толығымен а3 активтеріне тұрады.

S1 үшін : R2 (S1) = 2*10 000( 1-0,05) = 19 000 дол. (-5%);

S3 үшін : R2 (S3) = 2*10 000(1+0,2) = 24 000 дол. (+20%).

Е(R) = -0,05*0,4+0,1*0,5+0,2*0,1=0,05 немесе 5%.

Дисперсия:

D(R)= (-5-5)2 0,4+ (10-5)2 0,5 + (20-5)2 0,1=75.

Орташа квадраттық ауытқу:

σr = 8,6603.

  1. Портфель а2 және а3 активтерінен тұрсын:

S1 үшін : R3 (S1) = 10 000( 1+0,2) +10 000(1-0,05) = 21 000 дол. (7,5%);

S2 үшін : R3 (S2) = 10 000(1+ 0,1) +10 000(1+0,1) = 22 000 дол.(+10%);

S3 үшін : R3 (S3) = 10 000(1-0,15) +10 000(1+0,2)= 20 500 дол. (+2,5%).

Е(R) = 7,5*0,4+10*0,5+2,5*0,1=8,25%.

Дисперсия:

D(R)= (7,5-8,25)2 0,4+ (10-8,25)2 0,5 + (2,5-8,25)2 0,1=5,0626.

Орташа квадраттық ауытқу:

σr = 2,2500.

6-кесте

    Портфель варианты        Табыстылық            Тәуекел
   1(а2 активтері)           14,5%.             10,4522
   2 (а2 активтері)             5%              8,6603
   3 (а2 және а3 активтері)           8,25%              2,2500

Яғни, біз үшінші мүмкіншілік арқылы аралас потфельдің табыстылығының

артықшылығын көріп отырмыз. Ал бірінші портфель портфельдің табыстылығы үшінші аралас протфельдің табыстылығына қарағанда 1,76 рет артып тұр, ал тәуекелдік деңгейі бойынша 4,65 рет жоғары көрсеткіш болып тұр. Сонымен инвестор аралас портфельді , яғни теңгерілген немесе балансталынған инвестициялық варианты таңдауы керек.

2.2. Инвестицялық портфельдің табыстылығын бағалау.

     Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы тиімділікті бағалау, өткен жылғы инвестициялық басқарудың сапасы және менеджердің шеберлігіне қорытынды жасауға мүмкіншілік береді.

Портфельді басқарудың тиімділігін бағалау 4 жылда немесе одан көп уақыт аралығында жүргізіледі. Бұл уақыт аралығы бірнеше (айларға, кварталдарға) кезеңдерге бөлінеді және табыстылықты әр кезең сайын анықтайды.

Егер, клиент қарастырылған кезеңдерде портфельге ақша қаражаттарын салмаса, не алмаса, онда бұл кезеңдегі табыстылық мына формуламен анықталады:

ap,t=S – Р / Р,

мұнда,  ap,t – қарастырылған кезеңдегі t портфель құны;

S – кезең соңындағы портфель құны;

Р – кезең басындағы портфель құны.

Портфельге кіретін бағалы қағаздардың ( нарықтық құны) құны  сома бойынша анықталады:

P = Σ PjNj ,

мұнда, Pj – бір бағалы қағаз түрінің j құны ;

Nj – портфельде орналасқан бағалы қағаздар түрлерінің саны;

J – портфельде орналасқан түрлі бағалы қағаздар саны.

      Мысалы: 3 түрлі акциядан құралған портфель берілген.

Портфельдің табыстылығын анықтаңыз.

                                              3-кесте.

     Акция типі

  Акция саны              Акцияның құны, теңге
Кезең басында Кезең соңында
            1                                    120                                  9 000                           9 200

2                                    200                                  8 000                         10 150

3                                    150                                18 000                         20 300

Шешуі: P = 9 000 · 120 + 8 700 · 200 + 18 500 · 150 = 5 595 000 тг.;

S = 9 200 · 120 + 10 150 · 200 + 20 300 · 150 =6 179 000 тг.;

at,p= 6 179 000 – 5 595 000 / 5 595 000 = 0,104 немесе 10,4%

Қарастырылған зерттеу кезеңі аралығында портфельге салынатын немесе алынатын ақшалар , яғни тиімділікті анықтау үшін табыстылықтың ішкі ставкасын және уақытпен өлшенген табыстылық қолданылады. Анализ кезінде зерттелетін кезең t, бірнеше уақыт бөліктеріне L бөлінеді. Уақыт бөліктерінің соңында сома p1 салынады немесе алынады ( минус таңба)  1= 1,2,…, L – бөлік нөмірі.

Табыстылықтың ішкі ставкасы кезеңінде 1 теңдікте тұрады, себебі, кезең басындағы Р портфель құны және барлық салымдардың p1 дисконттық құны, кезең соңындағы портфельдің дисконттық құнына теңеседі:

P+Σpl /(1+qB)l=S/(1+qB)L,

мұнда,  qB – табыстылықтың ішкі ставкасы.

Барлық кезеңдерде бойынша  табыстылықтың ішкі ставкасы мына формула арқылы анықталады:

at,p =(1+qB)L – 1 .

Уақытпен өлшенген табыстылық, зерттелетін кезеңдегі әрбір уақыт бөліктеріндегі табыстылықта болады. Уақыт бөліктеріндегі l табыстылық мына формуламен анықталады:

al=Sl — Pl/ Pl ,

мұнда, al – уақыт бөліктеріндегі табыстылық;

Pl – уақыт бөліктерінің басында портфельге салынған немесе

алынған салымдардан кейінгі портфель құны;

Sl —  уақыт бөліктерінің соңында портфельге салынған немесе

алынған салымдардан кейінгі портфель құны.

Уақытпен өлшенген табыстылық кезең бойынша мына формуламен анықталады:

1 +  at,p = П (1+ al ).

Жыл бойғы портфельдің табыстылығын аналитакалық формуламен анықталады:

1+ і = П (1+ ар,к),

мұнда, к – зерттелетін кезең нөмірі;

К – жыл бойындағы кезеңдер саны.

Портфельді басқарудың сапалығын бағалау үшін ,оның мінездемесін эталонды портфель мінездемесімен салыстыру керек, себебі, портфельді басқарудың тиімділігін бағалау абсолюттік емес, тек қана қатынастық шкалада жүргізілуі керек. Мысалы, жыл бойғы портфельдің табыстылығы 20% құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш екенін ескеру керек, себебі, бұл көрсеткіш жылдық ппайыздық ставкадан асып тұр. Ал егер, ставкадан төмен болса, онда  қанағаттанарсыздық  пайда болады. Эталонды портфель клиенттің мақсатына бағытталуы керек. Егер клиенттің мақсаты  ірі кәсіпорындардың акцияларын инвестициялау арқылы максимальды табыс алу болса, онда эталонды портфельге сәйкес индекс таңдалуы керек, яғни барлық ірі компаниялардың жиынтығына кіретін зерттелетін портфельдің акциясы ескерілуі керек.  Сонымен қатар  зерттелетін және эталонды потфельдер тәуекелдерінің деңгейі бірдей болу керек.

Көптеген тиімді портфельдер минимальды тәуекел нүктесінде емес тиімді шекарада орналасады.

  1. Инвестициялық портфельдің проблемалары мен оны шешу жолдары

     Жалпы пробемалар.

Қазіргі кездегі нарықтарда әлі күнге дейін инестициялық портфельге теріс көзқарастар болу да және осының салдарынан нарық субъектілерінің – бұл  сұраққа қызығушылықтары төмен болып отыр.

       Ең бастысы көптеген қаржылық құралдар туралы статистикалық және тарихи статистикалық базаның жоқтығы, сол себептен қазіргі таңда классикалық әдістемелермен , жоспарлау мен бағалау әдістерін жүргізу қиынға түседі.

Келесі жалпы порблемалардың қатарына – бұл портфельдің менеджментімен айналысатын ішкі  ұйымның  құрылымы. Клиенттермен қарым-қатынас тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, көптеген ірі банктердің меншікті портфельдерінің ағымдық проблемалары шешілі қоймаған. Бұл жерде банктердің ұзақ мерзімді даму жоспарын жасау мүмкін емес.

Бірақ, айта кететін жағдай бүгінгі таңда көптеген банктерде инвестициялық портфель бөлімшелері ашылып және оларды басқару процесі жүргізілуде. Банктердің жеке бөлімшелері нәтижесінде жалпы тұжырымдаманы қарастырмайды, соның салдарынан активтік және пассивтік портфельдерді басқару тиімділігі жоғалады және клиенттердің портфельдеріне әсерән тигізеді.

 Сенімді басқарушымен клиенттердің өзара қарым-қатынас    

                                                           проблемалары.

       Қазіргі таңда басқарушыны таңдау көбінесе, таныстық немесе жеке қарым-қатынасқа негізделіп отыр. Бүгінгі практикада көптеген инвесторлар сенімді басқарушыларды объективті критерийлерге, яғни қаржылық тұрақтылыққа, клиентке деген қарым-қатынасты, персональдың квалификациясына негізделіп таңдамайды, көбіне, таныстыққа негізделіп, нәтижесінде күрделі қақтығыстар алып келеді.

Сонымен қатар, басқарушыны таңдау үшін жеткілікті ақпараттар жетістеуі  қиынға соғады. Бұл жерден көретініміз, қаржылық ұйымдардың орталықтандырылған ақпарат көздерінің, сенімді басқару қызметінің және жалпы банктердің қызметтері туралы ақпараттардың жоқтығы болып отыр.

Егер, банк немесе қаржылық компания беглілі бір қызмет түрлерін декларацияласада, инвестициялық шешім қабылдау үшін, ақпараттардың жетіспеуінен қиынға соғады. Негізгі қолдану бағыттары ретінде келісімнің типтік формаларын және табысты бөлу схемаларына негізделуге болады, бірақ, нарықта бұл келісімнің нормалары әліде аяқтала қойған жоқ. Келісімге отырған келісімдерге «траст» және  «сенімді басқару» деген мазмұндар сәйкес келеді. Сонымен бірге банктер және қаржылық ұйымдар брокерлік операцияларғы қанағаттанады. Брокерлік қызметтегі келісімдер табысты бөлу блоктарын қамтыған. Қазіргі кездегі уақытта  ең негізгі және күрделі проблемалардің бірі болып, яғни басқарушы қызметінің айқындылығы мен клиентке деген жауапкершіліктің төмендігі. Практикада белгілі бір тенденциялардың бар екенін, яғни нақты басқарушының меншікті капиталды және клиенттің капиталын бөлмей, бір уақытта бірнеше портфельдермен және келісім топтары мен төлемдердің портфельдік операцияларын на активтік тип бойынша емес синтетикалық есеп жүргізеді.

Бір қызығы, клиент басқарушыдан жиі қорытынды есептер сұрамайды. Егер толық есепті сұрасада, клиентке басқарушы толық және анықтылық есептің орнына өзінің пайдасын көре отырып статистикалық мәліметтер береді.

Жоспарлау және модельдеу проблемалары.

      Бұл жерде негізінен математикалақ модельдеу процессі мен бағалы қағаздар портфелін басқарумен байланысты үлкен проблемалы блок қарстырылған. Қаржылық активтер портфелі – бұл күрделі қаржылық объект және өзінің теориялық базасы бар. Яғни , жоспарлау кезінде модельдеу және математикалық  аппаратты , көбінесе статистикалық қолдану проблемасы туады да ертеме , кешпе күрделі есептік және зерттеулік есептер қарастырылады. Сонымен қатар, барлық туатын есептерді әмбебаптық шешулер жоқтың қасы, ал нақты спецификалық оқиғалар кезінде модификациялық база моделі қажет. Қазіргі кезде, адекватты математикалық аппараттарға барлық қолайлы схемалар жасала қойған жоқ.

             Инвестициялық оптималды жетістікке жету мақсатының  

                                               проблемасы.     

Белгілі бір деңгейдегі жоспарлау мен талдаудан портфельді қалыптастыруда, әрбір инструмент туралы нақты параметрлер қажет, яғни қаржылық нарық инструменттеріне жеке және жалпы потрфельге ( мынандай толық және нақты анықтамалар болу керек: қаржылық активтер түрлерінің жеке-жеке табыстылықтары мен сенімділігі және осы параметрлерге бағыттала отырып, барлық портфельдің табыстылығы мен сенімділігін анықтау. Сонымен қатар, жақын арадағы перспективаларына динамикалық жоспарлау қажет.

Сонымен бірге, екі көзқарас қалыптасқан:  эвристикалық – бұл әрбір активтер түрлері мен портфель құрылымының анализіне динамикалық жоспарлауға негізделген; ал, статистикалық – әрбір инструменттерге жеке және жалпы портфельдің ықтималдылық табыстылығына негізделген.

Екінші көзқарас, бізге табыстылық пен тәуекелдік туралы жоспарлау мен қалыптастыру проблемасын шешеді, бірақ нақты жоспарлау мен ықтималдылықта статистикалық және макропараметрлер керек. Портфельдің құрылымдық параметрлерін анықтағаннан кейін, портфельдің әртүрлі модельдерін қарастырамыз. Бұл модельдің модификациясы клиенттердің мақсаттарына байланысты портфель мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

Сонымен бірге, портфель толтырылатын және шегерілетін болып келеді, толтырылатын портфельде – жасалған келісім шарт негізінде сырттан портфельге қосымша ақшалардың түсуі, ал шегерімде керісінше портфельден ақша қаражаттарының бір бөлігінің алынуы. Олар сонымен қатар, үздікті және үздіксіз болып бөлінеді. Толтырылған портфель үздіксіздігі – 2 жақты қарастырылған график түрінде ақша түссе.

Портфель өтімділігіне шектеу қоюға болады, егер , шартта көзделмеген жағдайға байланысты клиент өз портфелін таратқысы келсе. Өтімділік деңгейін күндер бойынша анықталады, яғни барлық активтердің ақша қаражаттарына айналдыру мен түсіру мерзімі.

Келесі проблема, оптимизациялық проблемаларды шешумен байланысты. Протфельді қалыптастыру процедурасы кезінде оптимизацияның негізгі критерийлерін анықтау алу қажет. Ережеге сәйкес, табыстылықпен тәуекел тек мақсатты функциялар негізінде, ал  басқа параметрлер шектеу түрі ретінде қолданылады.

Портфельді қалыптастыру кезінде оптимизацияның үш негізгі қалыптастыру шешімдері:

  • Мақсатты функция – табыстылық( басқалары шектеулі);
  • Мақсатты функция – сенімділік ( басқалары шектеулі);
  • «Табыстылық-Сенімдік» қос параметрлі оптимизация зерттеулер нәтижесіне көп өлшемді оптималдың қалыптасуы.

Көптеген жағдайлар, бір критерияны ұлғайту үшін келесі бір критерияның қысқаруына алып келеді. Сонымен бірге, көп өлшемді оптимизация күрделі математикалық аппаратты қолдануды талап етеді, бірақ оптимизациялық есептерді шешуде математикалық әдістерді таңдау проблемасына шешілмеген.

             Портфельді басқарудағы міндетінің қойылу проблемасы .

Келесі базалық моделдерді модификациялаудағы деңгей статистикалық мәселелердің (портфельді қалыптасыру) динамикалыққа ( портфельді басқару) ауысуынан туындайды.

Клинет қарастырылған уақыт аралығында келісімде инвестициялық басымдылықты өзгерте алмайды. Бірақ та, нақты мәселелерге нақтылау жоспары мен оған нақтылы динамизмнің қосылуы болады. Сонымен  қатар, қорытынды есеп айырысу мерзімі анықталмаса, онда біз статистикалық жағдайдан кездей соқ процеспен жұмыс істейміз.

Қорытынды.

Қорыта келе, мен осы курстық жұмысымды жаза келе инвестициялық портфельдің маңыздылығы мен тиімділігін қазіргі Қазақстан Респубикасының  жекешеленген, мемлекеттік кәсіпорындарында, фирмаларда, сонымен қатар, көптеген шағын және орта кәсіпкерлерлік шаруашылықтарда артыруын қалаймын. Бұған себеп, түрлі салаларға инвесторлар капиталын сала отырып ,сонымен қатар тәуекелге бара отырып , табыстылықты ұлғайту болып тұр , яғни бұл біздің экономикамыздың бір бөлігінің ұлғаюы деп санаймын. Инвестициялық портфель менеджменті туралы қазіргі таңда қызықты-қызықты сұрақнамалар  өте көп. Сол себептен, менің ойым портфельдік менеджментінің болашақта қолдануы кең таралады деп ойлаймын, бірақ , қазіргі кезде де бұл саланың алдыға жылжуы керек.

Пайдаланған  әдебиеттер

  • «Инвестиция туралы» Заң, 8 қаңтар 2001жыл.
  • Гибсон Р. «Формирование инвестиционного портфеля; управление финансовыми рисками»; Альпина Бизнес Букс, 2005г. 276 стр.
  • Гидман Л.Дж., Джонк М. Д. «Основы инвестиции»; Дело, 1997г. 992стр.
  • Кузнецов Б.Т. «Финансовый менеджмент» ЮНИТИ; Москва, 2005г. 264 стр.
  • Стоянова Е.С. «Финансовый менеджмент» ,Москва; Преспектива, 1997г.
  • Ковалев А.И.,Привалов В.П. «Анализ финансового состояния предприятия», Москва; Центр экономики и маркетинга, 1997г.
  • Богатин Ю.В.. Швандар В.А. « Оценка эффетивности бизнеса и инвестиций», Учебное пособие, Москва: ЮНИТИ, 1999г.
  • Крутик А.Б., Никольская Е.Г. « Инвестиции и экономический рост предпринимательства», Санкт-Петербург, 2000г.
  • Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?», Москва; Финансы и статистика,1995г.

10)«Финансы и кредиты» № 4-5, 2005г.

11) «РЦБКА» № 5,2005г.

12) «АЛЬПАРИ» №7,2005г.

13) «Банки Казахстана» №12,2002г; №5,2003г.

14) «Экономист» №8,2002г.

15) Глобалды интернет жүйесі www.google.kz

16)Закон РК “Об инвестициях”  2003 1.02.

17)Закон РК “об иностранных инвестициях” 8.I.03 г.

18)Постановление Правительства РК:Об утверждении

Программы Государственных инвестиций  РК на 2000-2002 гг.

19)Закон РК: О государственной поддержке прямых инвестиций

«Экономики и предпринимательство» 2000 №4

20)Гитман Л.Дж.   Джонк М.Д.  Основы инвестирования:

Москва    1997 г.

21)Оспанов М.Т.    Мукамбетов Т.И.  Абрамов С.И.

Инвестирование  Москва  2000 г.

22)Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный

капитал и   инвестиция: Алматы 1997

23)Сейтказиева А.М.  Инвестиционная активность предприятий

РК   Алматы 1999.

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….41