Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы
Тақырыбы: «Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы»
Кіріспе…………………………………………………………………………………….3
- Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы диагностикасының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және
оның маңыздылығы………………………………………………………..6
1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы..9
2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк
- Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша сипаттамасы……………………………………..13
2.2 АТФ Банктің дағдарыстық жағдайының
диагностикасы………………………………………………………………15
- АТФ Банктің жалпы даму динамикасына баға беру……24
Қорытынды ………………………………………………………………………..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………………28
Кіріспе
Қазіргі таңда математикалық – статистикалық әдістерді экономикада, басқару саласында, банк ісінде пайдалану жаңа ғылыми пәндердің тууына алып келеді. Сондай бір ғылыми пәндердің бірі кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару шешімдерін қабылдауда статистикалық бейнені айқындау теориясын тиімді пайдалану нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы болып келеді.
Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы кәсіпорынның дағдарыстық жағдайға жақындығын, яғни оның бар екендігін және қаншалықты тереңдігін анықтайды. Жалпы экономикалық теория шеңберінде кәсіпорынның ешқайсысын жанданудағы немесе дағдарыстағы деген кластарға жатқызудың нақты анықтамасы жоқ. Кәсіпорын бизнесінің сәтті немесе сәтті еместігін анықтауда, тек кәсіпорын ішіндегі жағдайды анықтауды ғана білу жеткіліксіз, сонымен қатар ішкі экономикалық көрсеткіштерді де салыстыра отыра анықтап отыру қажет. Сонымен бірге дағдарыстық жағдайды дер кезінде анықтап отыру басты мәселелердің бірі болып келеді.
Дағдарыс туралы шешім қабылдағаннан кейін, ең біріншіден сол дағдарысқа алып келген себептерін анықтауға тырысу қажет және оның қаншалықты салмақтылығын бағалауымыз қажет.
Бұл ғылым кәсіпорынның дағдарыстық құбылыстарын тану әдістерін үйренуге көмектеседі.
Менің бұл курстық жұмысымда еліміздің қаржы саласы бойынша талдау жүргізілген. Оның ішінде банк саласы бойынша еліміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы орындардың қатарында екеніні білеміз. Бүгінде заң бойынша 34 банк мекемесі жұмыс атқарып , үш банк көшбасшылардың қатарына жатады. Ал менің зерттеуге алған объектіме даму қарқыны соңғы жылдары өсіп келе жатқан АТФ Банк болып келеді. Соңғы кезде БСҰ-на кіру мәселесі көп көтеріліп, жақын арада кіруге дайындалып жатқанымыз айдан айқын. Сондықтан еліміздің қай саласы болмасын, бәсекеқабілеттілікке төтеп беру қажет. Банктер арасында бүгінде күннен күнге бәсекқабілеттілік артыруда. Бірақ қай банктің болсын ары қарай ешбір қауіпсіз жұмыс атқаруына ешкім кепіл бере алмайды. Сондықтан да диагностика жүрігізіп отыру қажет. Сол арқылы, біз кәсіпорынның жағдайын тұрақтандырып отырамыз.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, осы кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының теориялық негіздеріне тоқтала кетеміз. Сонымен қатар қандай жағдайда кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайды. Оған себепші болған факторлардың кәсіпорынды қалай құлдырауға алып келетіндігі түсіндіріледі. Яғни факторларды дұрыс таңдап алу, диагностиканың факторлар кеңістігінің қалыптасуын қарастырамыз.
Екінші бөлімінде, жалпы банк саласына және зерттеліп отырған банкке қысқаша тоқталып, ,бәсекелестермен салыстыра отырып нарықтағы орнын және бүгінгі даму жетістіктері түсіндіріледі. Сонымен қатар, есептеулер арқылы дағдарыстық жағдайдан қаншалықты алыс немесе жақын жатқандығын анықтамыз және қай топқа жатқызудың есептеулері жүргізіледі.
Үшінші бөлімде, АТФ Банктің жалпы даму динамикасын талдап, оған баға беріледі. Мұнда диагностиканың үздіксіз жүруінің маңыздылығы анықталады.
- Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы
диагностикасының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және
оның маңыздылығы.
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның негізгі мақсаты – бәсекелестікке төтеп беру, өміршілдігін тұрақтандыру. Осыған байланысты кәсіпорынның стратегиясы бәсекелес фирмалар жағдайымен салыстырылып отыруы тиіс. Кәсіпорынның жағдайын бәсекелестермен салыстыру арқылы дағдарысқа қаншалықты жақын тұрғаннын анықтау керек. Ал, егер анықтамаған жағдайда дағдарыс тереңдеп, банкроттыққа айналады. Дағдарыс пенен банкроттық арасындағы аралықты уақытысында тану қажет. Диагностиканың негізгі мақсаты осы аралықты ерте танып, дағдарысқа баға беру. Диагностика жасау нәтижесінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы анықталады және тенденциясы көрсетіледі.
Дағдарыс факторлардың сандық өзгеруіне байланысты болса, онда экономикалық жағдай анықталғандық деп қарастырылады. Осы жағдайда дағдарыстан шығу ықтималдығы жоғары.
Егер дағдарыс сандық өлшемі жоқ кездейсоқтық жағдайларға байланысты болса, онда ол анықталмағандық ортада болады. Бұл жағдайда тәуекелділік шешім қабылданады.
Бүгінде кәсіпорынның жемісті жұмыс атқарып жатқаны, оның өз алдына қойған мақсатына жеткендігінің нәтижесі. Әрбір кәсіпорын үшін ең басты мақсат — өмір сүруге қабілетті, яғни бәсекеқабілетті болуы. Кәсіпорын өз қызметінде құлдырау тенденциясының қаншалықты қауіпті екенін, қолайсыз құбылыстардың жиынтығы кәсіпорынды қашан және қалай әлсірететіндігін , одан кейін кәсіпорын жағдайын дағдарысқа алып келетінін алдын ала анықтап біліп отырумыз қажет. Ал біздің басты мақсатымыз кәсіпорын қызмет ету барысында дағдарысқа алып келетін қолайсыздықты білдіретін белгілі бір көрсеткіштердің жинақталуының бастауын анықтау болып табылады. Дағдарысты тудыратын көрсеткіштер жиыны өте көп. Сондықтан да кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы өте күрделі және көп шаралық мәселе болып саналады.
Жалпы алғанда дағдарыс дегеніміз – көптеген экономикалық белгілеріне сәйкес нақты бір уақыт мерзіміндегі кәсіпорын қызметінің қолайсыз нәтижесін көрсететін экономикалық категория. Экономикалық теория көзқарасы бойынша дағдарыс — кәсіпорынның құрылу моментінен жойылуына дейінгі уақыт аралығында қайталанып тұратын барлық экономика субьектілеріне тән құбылыс.
Негізінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы, ол — кәсіпорын неселік қарыздарын төлеу алмау және өз ресурстары арқылы төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмау нәтижесінде банкроттыққа ұшырау прцессін айтады. Осы жерде кәсіпорынның құлдырау процессін алып қарасақ, дағдарыстың бастау алуы мен банкроттыққа ұшырауы аралығында едәуір уақыт кесіндісі қалыптасады. Яғни, дағдарыстың бар екендігін анықтаған жағдайы мен банкроттықтың басталуының аралығында кәсіпорын өз ресурстары арқылы төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алуға мүмкіндігі бар, тек дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға икемді болу керек. Ал банкротқа ұшырағаннан кейін оны қалыпына келтіру мүмкін болмайды, тек бұл кезде кәсіпорын тек не жабылады не басқа қаржы көздерімен қаржыландырылады. Сондықтан да дағдарыстық жағдайды алдын ала біліп және талдау жүргізіп отыру қажет. Дағдарыс ешқашан да бірден қалыптаса қалмайды, ол жылдар бойы, айлар бойы жинақталуы мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің қолайсыз құбылысына кәсіпорын ішіндегі кез келген мәселелі жағдайларды жатқызамыз. Олар: сыртқы орта факторлары ( макроэкономикалық, салалық, әлеуметтік – саяси және т.б. ), фирмаішілік факторлары ( қаржылық жағдай, өндірістік процесс, маркетинг, кадр ресурстары ) болуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінде қолайсыз өзгерістерді болдыратын белгілер өте көп және әртүрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызамыз : өтімділіктің төмендеуі, табыстылықты және қаржылық тұрақтылықты жоғалту, шығындардың өсуі және т.б. Осы аталғандар қолайсыз жағдайдың туындауына әсер етуі бірдей болып келеді . Өйткені барлық факторлар бір бірімен тығыз байланыста болады , яғни бір фактордың теріс көрсеткішке ие болуы, келесі бір фактордың төмендеуіне алып келеді.
Жалпы алғанда диагностика дегеніміз — кәсіпорынның дағдарыс деңгейін анықтау:
- дағдарыс жағдайында S1
- дағдарыс емес жағдайда S2
Диагностиканың мынадай үш маңызды талаптар қойылады :
- дағдарыс кезеңін уақытылы анықтау
- тану нәтижелерінің дәлдігі
- диагностика үздіксіз жүруі қажет
Сонымен кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы дегеніміз — кәсіпорын дағдарыстық жағдайда немесе дағдарыс жағдайда емес деген екі баламалы шешімнің біреуін қабылдау.
1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы.
Диагностика жағдайында кәсіпорынның экономикасын құрайтын көрсеткіштердің алатын орны ерекше, сол үшін ең алдымен диагностикаға қатысатын кәсіпорынның экономикасына талдау жасалыну керек. Бәсекелес кәсіпорындардың экономикасына ішкі және сыртқы ортаның факторлары әсер етеді. Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайын талдау — бұл кәсіпорынның құрылымында болатын процестерді зерттеу ғана емес, ол ең алдымен фирманың қызмет атқарып жатқан ортасын талдау. Кәсіпорынның басқару шешімдеріне негізінен ішкі орта және сыртқы орта факторлары әсер етеді. Микроорта кәсіпорынға тікелей қатысты күштер яғни, тұтынушыларға қызмет көрсету, жабдықтаушылармен, бәсекелестермен қарым қатынас орнату және т.б. Макроорта фирмаға кең әлеуметтік жобада әсер ететін күштер. Ол көбінесе демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени факторлар болып табылады. Микроорта факторларын кәсіпорынға тікелей әсер ететін факторларға, ал макроорта факторларын жанама әсер ететін факторларға жатқызамыз. Сонымен, кәсіпорынның ішкі ортасы микроорта ретінде, ал нарық макроорта болып табылады. Кеңістікті қалыптастыру кезінде біз кез келген кәсіпорынды ала аламыз. Қалған бәсекелес кәсіпорындар сол салада қызмет атқару керек. Диагностика объектілері біртектес салалық объектілер болғаны дұрыс. Диагностиканың нақтылығын арттыру үшін экономиканы толық сипаттайтын факторлардың жиынын дұрыс таңдау керек. Ішкі ортаның факторлары мынадай төрт блоктан тұрады:
- Өндіріс
- Өнімді өткізу (маркетинг)
- Қаржы
- Кадрлар
Жалпы алғанда, бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының негізгі төрт бөлімшелері болып табылады. Бірақ көрсеткіштерді шектеуге болмайды. Тек олар кәсіпорынды талдау кезінде нақты мәнге ие болуы керек. Кәсіпорынның қызметі жоғарыдағы төрт блоктың көрсеткіштеріне байланысты болып келеді. Сондықтан да, осы блоктарға байданысты көрсеткіштер таңдалады.
Диагностика этаптары:
- Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру
- Бейнені айқындауды зерттеу
III. Шешім қабылдау
- Шешімнің нақтылығын бағалау
- Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру этапында кәсіпорынның мүмкіндігінше барлық көрсеткіштерін жинастырып төрт блокқа бөлу қажет. Әр блокқа корреляциялық таблица жасалады. Таблицаның мәліметтері бойынша өзара тығыз тәуелді факторлардың негізгі біреуін алған жеткілікті. Жалпы блок бойынша өзара тәуелді емес факторлар алғаны дұрыс. Факторлар диагностика жасағанда дәл мәнге ие болатындай етіліп таңдалынып алыну қажет. Диагностиканы әр блокқа жеке жасауға болады немесе әр блоктың негізгі көрсеткіштеріне байланысты жасауға болады. Ал бұл курстық жұмыстағы зерттелетін фирма қаржы секторына жататандықтан және оның қызметі қаржы блогына тікелей байланысты болғандықтан тек қаржы көрсеткіштері алынады.
- Бейнені айқындауды зерттеу этапында басты мақсат – кәсіпорындарды S1 және S2 класстарын тануда зерттелетін обьектілердің мәліметтері болуы қажет:
мұндағы mi – сол зерттелетіндердің жалпы саны болып келеді. Оларды Шешімнің нақтылығын дәл бағалауды зерттеу орташа векторларын таңдау арқылы және ковариациациялық матирасын есептеу арқылы жүргізіледі.
III. Шешім қабылдау этапында кәсіпорынды дағдарыстағы емес немесе дағдарыстағы тобына жататындығы туралы шешім қабылданады. Шешім қабылдау үшін шындыққа жанасу статистикасы қолданылады.
- Шешімнің нақтылығын бағалау этапында 1-ші және 2-ші ретті и айқындауының қатесінің ықтималдылығы есептеледі. бойынша алынған мән — зерттеліп отырған обьектінің S1 немесе S2 кластарының қайсысына жатуының қаншалықты шын екендігін көрсетеді.
2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк)
2.1 Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша сипаттамасы.
Қазақстандық экономиканың бүгінгі дамуында еліміздің қаржы секторы сапалы жаңа даму деңгейіне жетті. Болашақтағы даму жоспарындағы жемісті жұмыс атқаруына бағытталған реформалардың көп бөлігі орындалды. Бүгінгі күні Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдері бойынша алдыңғы даму деңгейінде және де ол білікті халықаралық мамандармен дәледенген. Елімізде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ұлттық Банк еліміздің орталық банкі, яғни бірінші деңгейдегі банк болып табылады, ал қалған банктер екінші деңгейлі банктер жүйесіне жатады. Қазақстанның банк жүйесінде 34 банк жұмыс атқарады, оның 14-і шетелдік банктердің үлесімен құрылған. Екінші деңгейлі банк жүйесінің ішінен үш ірі банк “ТұранӘлемБанкі”, “Казкоммерцбанкі” және “Халық Банкі” жетекші орында, яғни олардың үлесінде бүкіл банк жүйесіндегі активтер жиынтығының 60%-ы болады. Алматы қаласының өзінде 28 банк, 29 банк филиалдары және 229 есептік-кассалық бөлімшелері орналасқан. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншік капиталының көлемі ағымдағы жылдың басынан 86,6 млрд. теңгеге өсіп, 673,8 млрд теңгені құрады. Ал соңғы 2006 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтерінің сомасы 45,7%-ға өсіп, 6578,1 млрд. теңгені, берілген несиелердің көлемі 47,6%-ға өсіп, 3825,5 млрд. теңгені, меншік капиталының көлемі 52,7%-ға өсіп, 896,7 млрд. теңгені құрап отыр.
Банк секторындағы жоғарғы көрсеткіштерге қарамастан, әрдайым оны жетілдіру жолында болу қажет. Соңғы кездері екінші деңгейлі банк мекемелерінен несие беру көлемі өте жоғары деңгейде болуда, яғни банктер жоғары тәуекелділікке барады. Олардың қайтарылуына ешкім кепіл бере алмайды. Және де банктердің сыртқы қарыздарының өсуі байқалуда. Сонымен қатар, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі банк секторына әсері мол болып келеді. Бәсекелестің артуына байланысты және еліміздің банктік пайыз мөлшерлемесінің жоғарлығынан, кейбір банктер өз тұрақтылығын ұстай алмауы мүмкін. Сондықтан да халықаралық қаржы орталықтарымен тең дәрежеде болғымыз келсе, осы мәселелерді шешуіміз қажет. Осыған байланысты болашақта Алматыны қаржы орталығына айналдыру арқылы жетістіктерге жету күтілуде. Өзіміздің ішкі банк жүйесіндегі бәсекелестікті қадағалап отыру маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Жалпы ішкі банк жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады. Сондай бір жаңа әдістің түрі кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы болып келеді. Осы арқылы кәсіпорынның даму деңгейін талдап отырамыз.
Менің бұл курстық жұмысымда зерттеуге алынған банк АТФ Банк. 1995 жылдан бері өз қызметін атқарып келе жатқан банк бүгінгі күні қарқынды даму үстінде. Жалпы алғанда АТФБанк екінші деңгейлі банктер, яғни бәсекелестері арасында бестіктің қатарына ілінеді. Және де Қазақстанның жетекші қаржы институттарының бірі ретінде, сонымен қатар шағын және орта бизнес үшін ең мықты банк болып танылған.
2005 жылдың 9 айынының қорытындысы бойынша, банктің жалпы табысы алдағы жылмен салыстырғанда 53,7%-ға өсіп, 2,07 млрд теңгені құраса, биылғы жылдың 9 айының нәтижесі 4,23 млрд теңгені көрсетіп отыр. Активтерінің сомасы 359,1 млрд тенгені құраса, соңғы 2006 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 589,7 млрд теңгеге дейін артқан. Жоғарыдағы көрсеткіштеріне қарап, онымен тоқтамау қажет. Әрдайым банк қызметіне диагностика жүргізіп отыру қажет.
2.2 АТФ Банктің дағдарыстық жағдайының
диагностикасы.
Кәсіпорынның дағарыстық жағдайының диагностикасына банктердің келесі көрсеткіштері (Pi) алынды:
- Активтер
- Меншік капиталы
- Пайда
Мұнда банктердің 2006 жылдың 9 айының мәліметтері келтірілген.
Бәсекелес банктердің арасында зерттеуші банктің бәсекелестік деңгейін анықтау | |||||||||
№ | Көрсеткіштер(Pi) | S1 | S2 | X | |||||
X1(1) | X2(1) | X3(1) | X1(2) | X2(2) | X3(2) | X4(2) | |||
1 | Активтер млрд.тенге | 1444 | 1411,5 | 797,8 | 514,4 | 200,5 | 159,9 | 139,8 | 589,7 |
2 | Меншік капиталы млрд.тг | 125,7 | 127,84 | 81,05 | 34,67 | 15,75 | 17,87 | 21,86 | 50,15 |
3 | Пайда млрд.тг | 28,71 | 20,75 | 15,53 | 5,37 | 2,9 | 0,66 | 1,87 | 4,2 |
S1 – дағдарыс емес жағдайындағы банктер. ( X1(1), X2(1), X3(1) )
m1— S1 тобындағы банктер саны
S2 – дағдарыс жағдайындағы банктер. ( X1(2), X2(2), X3(2), X4(2) )
m2— S2 тобындағы банктер саны
X1(1) — ТұранӘлем Банкі
X2(1) – КазКоммерц Банкі
X3(1) — Халық Банкі
X1(2) — ЦентрКредит Банкі
X2(2) – Каспий Банкі
X3(2) – Нұр Банкі
X4(2) — Темір Банкі
Х – Зертеуге алынған банк АТФ Банкі
1.Бірінші этапта (бейнені айқындауды зерттеу) кестеде берілгендер бойынша а1мен а2 орташа векторларын және М1 мен М2 ковариациалық матрицаларын бағалау есептеледі.
(1) (2)
Х11 = ⅓(1444,0+1411,5+797,8)=1217,77
Х21=⅓ (125,7+127,84+81,05)=111,53
Х31=⅓ (28,71+20,75+15,53)=21,66
(2) формуладан (3) (4)
Х12=1/4(514,4+200,5+159,9+139,8)=253,65
Х22=1/4(34,67+15,75+17,87+21,86)=22,54
Х32=1/4(5,37+2,9+0,66+1,87)=2,7
онда (4) формуласы бойынша
Енді М1 и М2 матрицасын табамыз :
(5) осыдан (6)
i=1,2,3,4; j, l =1,2,3.
(6) формуласы бойынша шығарамыз :
m111= 1/3[(х111-х11)2+(х121-х11)2+(х131-х11)2] = 1/4[(1444-1217,77)2+
(1411,5-1217,77)2+(797,8-1217,77)2]=1/3[226,232+193,732+(-419,97)2]= 1/3(51180+37531,35+176374,8)=88362,04
m121 = m211 = 1/3[(x111-x11)(x211-x21) + (x121-x11)(x221-x21) + (x131-x11)(x231-x21) ] = 1/3[(1444-1217,77)( 125,7-111,53)+( 1411,5-1217,77)( 127,84-111,53)+
(797,8-1217,77)( 81,05-111,53)]=63,88,7
m131 = m311 = 1/3[(x111-x11)(x311-x31) + (x121-x11)(x321-x31) + (x131-x11)(x331-x31)] =1/3[(1444-1217,77)(28,71-22,66)+(1411,5-1217,77)(20,75-22,66)+
(797,8-217,77)( 15,53-22,66)]= 1331,01
m221= 1/3[(х211-х21)2+(х221-х21)2+(х231-х21)2] = 1/3[(125,7-111,53)2+
(127,84-111,53)2+(81,05-111,53)2] =465,28
m231 = m321 = 1/3[(x211-x21)(x311-x31) + (x221-x21)(x321-x31) + (x231-x21)
(x331-x31)] = 1/3[(125,7-111,53)(28,71-22,66)+(127,84-111,53)(20,75-22,66)+
(81,05-111,53)( 15,53-22,66)]= 90,63
m331= 1/3[(х311-х31)2+(х321-х31)2+(х331-х31)2] = 1/4[(28,71-22,66)2+
(20,75-22,66)2+(15,53-22,66)2] = 29,37
Осы есептеулерден :
m112= 1/4[(х112-х12)2+(х122-х12)2+(х132-х12)2+(х142-х11)2 ] =
1/4[(514,4-253,65)2+(200,5-253,65)2+(159,9-253,65)2+(139,8-253,65)2 ] =23141,6
m122 = m212 = 1/4[(x112-x12)(x212-x22) + (x122-x12)(x222-x22) + (x132-x12)(x232-x22) +
(x142-x12)(x242-x22)] = 1/4[(514,4-253,65)(34,67-22,54)+(200,5-253,65)
(15,75-22,54)+(159,9-253,65)(17,87-22,54)+(139,8-253,65)(21,86-22,54)]= 1009,75
m132 = m312 = 1/4[(x112-x12)(x312-x32) + (x122-x12)(x322-x32) + (x132-x12)(x332-x32) + (x142-x12)(x342-x32)]=1/4[(514,4-253,65)(5,37-2,7)+(200,5-253,65)(2,9-2,7)+
(159,9-253,65)(0,66-2,7)+(139,8-253,65)(1,87-2,7)]= 242,83
m222= 1/4[(х212-х22)2+(х222-х22)2+(х232-х22)2+(х242-х22)2] =
1/4[(34,67-22,54)2+(15,75-22,54)2+(17,87-22,54)2+(21,86-22,54)2] =53,88
m232 = m322 = 1/4[(x212-x22)(x312-x32) + (x222-x22)(x322-x32) + (x232-x22)(x332-x32) +
(x242-x22)(x342-x32)]=1/4[(34,67-22,54)(5,37-2,7)+(15,75-22,54)(2,9-2,7)+
(17,87-22,54)(0,66-2,7)+(21,86-22,54)(1,87-2,7)]= 10,28
m332=1/4[(х312-х32)2+(х322-х32)2+(х332-х32)2+(х342-х32)2]=1/4[(5,37-2,7)2+
(2,9-2,7)2+(0,66-2,7)2+(1,87-2,7)2] =3,71
Онда
Жалпы ковариациялық матрицаны бағалаудың формуласы:
мұнда
=+=
0,2 =
Кері ковариациалық матрицаны бағалаудың формуласы келесі :
осы формулаға жоғарыдағы берілгендерді қоя отырып, нәтижесінде мына мәндерге ие боламыз:
Екінші этапта (шешім қабылдау) келесі формула бойынша шындыққа жанасу логорифимін шығарамыз:
(*)
егер n=1 болса, онда зерттеліп отырған кәсіпорын мынадай түрге ие болады:
(**)
Орташа векторлардың айырмасын есептейік:
= осыдан
Т =
(**) формуласындағы Т М-1 мынаған тең :
ТМ-1= =
Енді екінші көбейтіндіні 2х- шешеміз:
2х — = 2
LnL (**) формуласын шығарып және оны LnC=0 шектеуімен салыстырамыз.
Сонымен, есептің нәтижесінде зерттеліп отырған АТФБанктің дағдарыс жағдайынан алыс екенін және жемісті түрде дамып келе жатқан банктердің қатарына жататындығы анықталды.
- Үшінші этапта (диагностиканың айқындығына көз жеткізу, яғни шешімнің нақтылығын бағалау) 1-ші және 2-ші ретті и айқындауының қатесінің ықтималдылығы есептеледі.
= = (***)
алдымен осы формулаға кіретін параметрлерді шығарып алу керек. Олар:
Махаланобистің арақашықтығы d2 (9,7), 1 и 2 мәндері және exp(-Z), Лапластың F(x) интегралы.
d=7,44
= формуласына табылған d, , параметрлерінің және ехр{-Z} и F(X) функцияларының мәндерін қойып, айқындаушы функцияның ығтималдығының бағасын аламыз:
Сонымен есептеулердің нәтижесі бойынша зерттеліп отырған банк нақты кепілденген жемісті жұмыс атқаруда деп қорытындылаймыз.
3.АТФ Банктің жалпы даму динамикасына баға беру
Нарықтық жағдай көрсетіп отырғандай, әр кәсіпорында өз қызметінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін үздіксіз диагностика жүріп отыру қажет. Бір ғана уақыт моментіндегі диагностика тек аз уақыт периодының нәтижесін береді. Ал нақты бір дәл көрсеткішке ие болғымыз келсе, диагностиканы әр уақыт периодына қайталап жасап, жаңа мәліметтермен толыққанды хабарланып отыру қажет. Сондықтан да кәсіпорын қызметінің даму динамикасы туралы мәліметтің қажетті болып келеді. Ал келесі есептеулеріміз осы кәсіпорынның даму динамикасы арқылы оның дағдарыста немесе дағдарыс еместігін талдауға арналған. Оны шешімнің нақтылығының логарифмдік бағалауы арқылы есептейміз. Диагностиканы үздіксіз жүргізудің мәні осыда болып келеді. Кәсіпорынның динамикасын t уақыт функциясы ретінде қарастырамыз. InL(t) функциясы сәйкесінше ол InL(t1), InL(t2), InL(t3)…. мәндері арқылы құралады.
InL(t) функциясы оң және теріс мәндерді қабылдай береді. Тек оны InL(t)=0 шектеуімен түсіндірсе болады. Егер InL(t)<0 болса, онда кәсіпорын сол уақыт аралығында tк дағдарыс жағдайында, егер InL(tк)>=0 болса, онда кәсіпорын тұрақты даму үстінде.
Зерттелетін банк пен барлық бәсекелестердің мәліметтерін бір уақыт мөлшеріне келтіруіміз қажет. Бізде 9 айдың мәліметері болғандықтан 3 кварталға бөлініп алынды.
Бәсеклес банктердің ішінен АТФБанктің даму динамикасы бойынша баға беру
№ | Көрсеткіштер(Pi) | S1 | S2 | |||||
X1(1) | X2(1) | X31 | X12 | X22 | X32 | X42 | ||
1 | Активтер млрд.тенге | 481,33 | 470,5 | 265,93 | 171,47 | 66,83 | 53,3 | 46,6 |
2 | Меншік капиталы млрд.тг | 41,9 | 42,61 | 27,02 | 11,56 | 5,25 | 5,96 | 7,29 |
3 | Пайда млрд.тг | 9,57 | 6,92 | 5,18 | 1,79 | 0,97 | 0,22 | 0,62 |
X | ||
t1 | t2 | t3 |
55,89 | 53,09 | 127,47 |
7,06 | 1,92 | 13,68 |
0,83 | 2,35 | 1,03 |
t1 t2 t3— Х-тің квартал бойынша мәліметтері, сәйкесінше қалған банктердің де мәліметтері орташа шамамен квартал бойынша алынды.Өйткені зерттелетін банк пен барлық бәсекелестердің мәліметтерін бір уақыт мөлшеріне келтіруі қажет. Бізде 9 айдың мәліметері болғандықтан 3 кварталға бөлініп алынды.
1 кв 2006 | 2 кв 2006 | 3 кв 2006 | |
2Хk -(a1+a2), k=1,2,3 | |||
Ln L (tk) | 22,02 | 36,71 | 13,93 |
Есептеулер дәл алдағы бөлімдегідей жүргізіледі. Мен тек қорытындыларын мына кестедеге жаздым. Бізге ең бастысы InL функциясының мәні қажет. Сол арқылы, кәсіпорынның жағдайын анықтаймыз.
Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып айта кететін болсақ, АТФ Банк оң нәтижеге ие болғандықтан, оның қызметі дағдарыс емес жағдайда болып тұр. Тек квартал бойынша оның қызметі бірде жоғары, бірде төмен дәрежеге ие болғаныменен, тұрақты даму үстінде деп айтса болады. Квартал бойынша ауытқуды не олар өз қызметін ұлғайту мақсатында үлкен шаураға ақша қаражаттарын бөлумен, не мезгілге байланысты жылдағыдай төмендеуімен түсіндіруге болады. InL функциясынграфик түрінде көрсететін болсақ:
Қорытынды
Жалпы қорытындалай кетсек, бүгінгі нарық жағдайында әрбір кәсіпорын өз тұрақтылығын сақтау үшін үнемі қызметінің бағытын бақылап отыру қажет. Өздерінің даму барысында қандай деңгейде тұрағандығын, дағдарыс қауіпінің болатындығын алдын ала біліп отыру маңызды ьолып келеді.
Менің жұмысымдағы банк секторын талдау барысында, зерттеуге алынған АТФБанк өзінің тұрақты даму деңгейінде деген қорытындыға келіп отырмын. Сол банк бойынша негізгі көрсеткіштерін ала отырып, салыстыру барысында шындыққа жанасу логорифимі 0-ден жоғары (19,01> 0) болуы нәтижесінде, АТФБанкті дағдарстағы емес банктер қатарына жатқыздық. Диагностиканы тек белгі бір уақыт кесіндісіне жасау нақты бір мағынасы болмағандықтан, диагностиканы үзілісіз жүргізу қажеттілігі туады. Барлық банктердің кварталдық мәліметтерін ала отырп талдағанда да, АТФБанк тұрақты даму бағытын ұстанған. Мұнда да функциясының мәндерін салыстырылады. Ал шешімнің нақтылығын 1-ші және 2-ші ретті и айқындауының қатесінің ықтималдылығы арқылы растатадық, яғни бағасы D=0,9995-ке тең болды.
Мен осындай математикалық әдістермен кәсіпорындардың жағдайын талдау арқылы, экономикалық мағынасына келтіріп отырып көп тәжірибе жинақтадым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Фомин Я. А. Диагностика кризисного состояние предприятие: Учеб. пособие для вузов. М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 349 стр.
- kase.kz сайтынан АТФ банктің қаржылық есептілігі.
- «Риски не снижаются» Нигмет Рамазанов. (анализ банковского системы) Деловая неделя. 3 ноябрь 2006 года.
- Большев Л. М. Таблицы математической статистики. М – Наука 1993
- atfbank.kz