Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

0

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Жоспар:

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3

1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқарудың экономикалық әдістері

1.1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқару…………………………………………….4

1.2 Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер……………………………………………….11

2  Кәсіпорында басқаруды ұйымдастыру процесі және ұйымдық құрылымды

құру

2.1 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастырудың маңызы және басқару құрылымының негізгі типтері……………………………………………………………………17

2.2 Ұйымдық құрылымды құру………………………………………………………………….20

3 Мемлекеттік жекеменшік негізінде стартегиялық инфрақұрылымды дамыту және осы саладағы басқару сапасын көтеру

3.1 Инфрақұрылымды дамыту міндеттері………………………………………………….23

3.2 Тоқыма және тігін өнеркәсібінің даму қарқыны……………………………………26

Қорытынды………………………………………………………………………………………………32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың мақсаты:

Басқарудық экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты — кәсіпорынның коллективі мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық    жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді

Кіріспе

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ыкпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі. Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімдідігінің    алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін,  олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі  басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технолоғиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы  заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті  жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүгінеді:

  1. Сызықтық және функционалдық басқарушылықтың арасында дәл шекараны анықтау;
  2. Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;
  3. Лауазымға берілетін міндеттердің, өкілеттілік пен жауапкершіліктің, арақатынасының сәйкестілігі;
  4. Жұмыс барысын бақылаудың әсер етуі мен үздіксіздігі;
  5. Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғары бейімделу қасиетінің болуы.

 

 

 

1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқарудың

экономикалық әдістері

 

1.1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқару

 

Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде екі адамның бар болуы;
  2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы;
  3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі;

Ұйым – алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.

Ұйым мақсаты жан – жақты болуы мүмкін. Мысалы: белгілі кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау т. б, яғни ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс – әрекеттер орындалады және осы мақсаттардың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып келеді.

Мақсатты орындауда нәтижеге жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі болып жіктеледі.

Ресми ұйымдар дегеніміз – мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы дайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.

Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаган жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие боялады, сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау шаралар жүйесі болады.

Күрделі ұйымдар құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.

Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар сипаттамаға ие болады. Оларға ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділік, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі енгізіледі.

  1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметі — нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдардағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық технологиялық және акдараттық болып жіктелінеді.

Адамдық ресурстардың нәтижелілігі — басқару ісінің сан қилы міндеттерін орындайтын басқарушылар, мамандар, техника-лық қызметкерлердің, кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар бастапқы өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші қызметті орындайды.

Технологиялық ресурстар алдыңғы қатарлы шлымның жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті ақпарат тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.

  1. Сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындагы экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, халықаралық әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады. Басшылық  аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын алуы және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы ұйым стратегиясын ұстануға, өзгерістерді бағалауға, бәсекелестер қызметін бақылауға факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндікті туындайды.

Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады. Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз — басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.

  1. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтар мен бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т. б. бөлімдер құрылады.

Тік еңбек бөлінісі — басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет, осыдан барып қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады.

Ұйым  ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді.

Жоғарғы буын  ұйымның жалпы стратегиясын, бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

Орта буын (деңгей) — жоғарғы буын анықтаған ұйымның өз мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары .

Төменгі деңгейтікелей орындаушылар және де төмені ішінара қызметтерді орындайтын басшы буындар.

  1. Басқарудыд қажеттілігі.

Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орыналғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі. Басқарудың мақсаты — кәсіпорын мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.

Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың, негізгі бағыттары олардың   даму тенденциялары туралы төмендегідей түсініктеме беруге болады;

1 Басқарудың, кәсіптілігін дамыту, яғни теориялық білім мен іскерлікті және тәжірибені ұштастыра білу;

  1. Басқаруды демократияландыру — қызметтік орындалу барысымен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
  2. Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еқбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;
  3. Басқаруды шоғырландыру мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру мен үйлестіру;
  4. Басқаруды орталықтандыру — қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік, басшылықтық бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастың орнықтырылуы;
  5. Басқару шешімдерінің, көп нұсқалылығы — проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша, күттірмеген шығындарға басшылықтық жол бермеуі;
  6. Басқару еқбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моральдық, этикалық, құқықтық нормаларды кеңінен қолдану.

Ұйымдардағы тиімді басқарудың сипатты белгілеріне экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, праволық (құқықтық) және ұйымдастырушылық-техникалық тұрғылар (аспектілер) жатады.

Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процесті басқаруды, көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үйлестіруді қамтиды.

Әлеуметтік-психологиялық  ұйым алдына қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметкерлерін ұймдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтық қызметін белгілейді. Бұған басшы мен бағынышты арасында байланысты реттейтін билік жүйесі, қоғам мәдениеті мен дәстүрін, бағалылықтарын бейнелейтін әлеуметтік функция енеді.

Праволық (құқықтық) турдегі басқарудағы мемлекеттік, саяси, экономикалық институттар құрылымын, олардың жүргізетін | бағытын, анықтаған, заңдылықтарға кіріегеді. Ұйымдардың | құрылуы, келісім жасау, меншік және кәсіпкерлікті мемлекеттік    реттеу (монополияға қарсы күрес, салық саясаты, қаржы саясаты) шаралары басқаруда маңызды орын алады.

Ұйымдастырушылық – техникалық тұрғы өз құрамына орын алған жағдайды дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізеді.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және төмендегідей сипатқа ие болады:

  1. Мақсат — нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни анық орындалу барысын бағалаудың мүмкіндігі;
  2. Мақсат — белгілі мерзіммен шектелуі тиіс, соған орай мақсаттық: ұзақ, орта және қысқа мерзімде болуы;
  3. Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндіктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы;

Қазақстан Республикасында ұйымдардың құрылуы мен  қызмет жасау тәртібі арнаулы заң құжаттарымен бекітілген. Атап айтқанда, 1995 жылғы қантар айында қабылданған «Азаматтық кодексте» ұйымдардың түрлері мен негізгі белгілері заңды тұлға ұғымында берілген.

Ұйымның заңды тұлға болып есептелуіне меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкінің болуы және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажетті шарт болып табылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру болып табылатын коммерциялық ұйым деп аталынып, мұндай заңды тұлғалар «мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооперативтері нысандарында құрылады.

Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым танылып, мұндай заңды тұлға: мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативті қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында ашылуы мүмкін.

Борышқордың (ұйымның) өз несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың (ұйымның) мүлкінен міндеттемелерінің асып кетуі салдарынан салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлей алмайтын тұрақты қабілетсіздігі сот шешімімен банкроттық деп танылып, мұндай заңды тұлға (ұйым) таратылып, қызметі тоқтатылады.

Тек 1995 жылдық өзінде Қазақстанда өнеркәсіп саласында 500-ге тарта кәсіпорын банкрот болып есептелінуде. Осыдан барып өтпелі кезендегі қиын-қыстау тығырықтан шығуды басқаруға жоғарғы талаптар қойылады. Осы тұста кәсіпорынның, ұйымның дағдарыстан шығу саясаты жедел, ағымдағы шаралар мен стратегиялық бағытты көздейді.

Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей бірқатар талаптар қойылады;

— өзіне деген сенімділік және өзін өзі меңгере білу;

— жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;

— бастамаларды іздестіру мен өнертапқыштық;

— қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілік;

— басқару әдіс-тәсілдерін білу мен басшылық қабілеті;

— мақсаттылық пен тұрақты жоспарлау және бақылау;

—  тығырықтан шығу мен тиімді шешім қабылдауға дағдылану | т. б.

Сонымен менеджер басқару саласындағы нақтылы бір  міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.  Басқару әрекетін жүргізу басшылықтың білім деңгейі, басқару  дағдысы мен тәжірибесіне байланысты.

Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық.

Сызба — 1           МЕНЕДЖЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер

Басқару дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бастап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.

Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері   жүйесінің маңызы зор.

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ыкпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.

Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімдідігінің    алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін,  олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі  басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технолоғиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы  заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті  жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, әдістер — басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады?

Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады;

     а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);

ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер);

Басқарудың жалпы әдістері:

—  кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

—министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;

— түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістеріне;

—  белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді

Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.

Іс жүзіне басқару әдістерінің;

—  өзінің мазмнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);

—  мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);

—  қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысына білдіреді);

—  қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.

Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, сонық ішінде:

— экономикалық;

— ұйымдық-әкімшілік;

— әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер мақызды орын алады.

Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну  формалары мен қолданылу шеңбері болады.

Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, онық бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.

Басқару әдіетері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді, сонымен басқару әдісі дегеніміз — объективті заңдардың, талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.

Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.

Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және

белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды.

Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды праволық жағынан регламенттеу   өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.

Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.

Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.

Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа;

а) материалдық себеп әдістеріне;

ә) әлеуметтік себеп әдістеріне;

б) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.

Осы топтардың әрқайсысы

— оңды себепті (ынталандыру)

— теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды. Бұл әдістер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалалынған ықпал   болмайды.   Мәселен,   материалдық  қажеттерді қанаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл  ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады. Материалдық себептер мынадай үш түрде:

—  қоғамдық;

— ұжымдық:

— жеке түрде көрінеді. Материалдық себеитерге:

— материалдық жағынан ынталандыру;

— күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да матетиалдық жазалар қолдану жатады.

Әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор — кең көлемді насихат және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (ма-териалдық көтермелеу) және теріс (жазалау) болуы мүмкін.

Билік ету себебі қызметкерді кез-келгеи жағдайда қимыл жасауға мәжбур ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күштеу тұтқалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға:

а) тура немесе тікелей ықпал етуге;

ә) міндеттер қоюға:

б) ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді

Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тән.

Міндет қою—сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі.

Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиіс. Адамдағы жұмыста бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр.

Басқарудық экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.

Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардық экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.

Басқарудық экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты — кәсіпорынның коллективі мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық    жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді, Олар сонымен қатар барлық экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді. Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:

—  шаруашылық механизмі және оның құрылымы;

— әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару;

— экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;

— мемлекеттік реттеудің әдістері

Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.

Шаруашылық механизмі — шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің менін ашып көрсетеді.

Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқдрас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.

Шаруашылық механизмі, басқаша айтқанда, өндірістік | қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соқ тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін залал шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану тілегі, үшіншісі үшін салық алу мен гүлдену тілегі өлшем болады. Сонымен, біге шаруашылық механизмі ғылым тұрғысынан алғанда нарықтық механизмге ете жақын деуге, ал іс жүзінде оларды бір-бірімен балауға болады.

Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуіне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Кәсіпорында басқаруды ұйымдастыру процесі және ұйымдық құрылымды құру.

2.1 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастырудың маңызы және басқару құрылымының негізгі типтері

 

Жоспардың (бағдарламаның) орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымды құруды басқарудың мақызды функцияларының бірі ұйымдастыру береді. Аталған функцияның мақсаты — басқарушы және басқарылушы жүйелерді, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру. Ұйымдастыру еқбекті мамандандыру мен бөлісуді құрай отырып, адамдар еқбегінің тиімділігін арттырады. Әркім өз міндеті мен жауапкершілігін айқын түсініп, осы мақсатта өзгелермен қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай процесс ретінде ұйымдастыру ұйымдаспаған жүйеден ұйымдасқан жүйеге көшуді білдіреді. Басқару функциясы ретіндегі ұйымдастырылудың объективтілігі адамдар мен материалдық бөліктердің бірігуі кездейсоқ емес, қайта белгілі бір міндетті орындауға және басқару заңдарына бағындырылуына байланысты болады.

Жалпы ұйымдастыру функциясында мынадай біршама дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Басқару жүйесін ұйымдастыру;
  2. Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру;
  3. Басқару субъектісінің ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру.

Ұйымдастырудағы негізгі анықтамалар

Басшының   ең   басты    міндеті    өзіне    бағынышты қызметкерлерінің күш-жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге, және оларды мейлінше жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуіміз қажет.

Өкілеттіліктер — ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш-жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге  бағыттауда берілетін шектеулі мүмкіндік немесе құқық.

Делегирлеу — мақсаттардық орындалуына толық жауап беретін адамға еркіндік пен шешімдерді жузеге асыруды жүктеу.

Жауапкершілік — алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.

Делегирлеу тек қана өкілеттіліктер қабылданған кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершіліктің өзі делегирленуі мкүмкін емес. Өкілеттіліктерді беру процесі екі тұжырымдамаға негізделеді.

Классикалық тұжырымдама бойынша, ұйым арасында өкілеттіліктер жоғарыдан төменгі буынға беріледі және бұл басқару деңгейін анықтайды.

Басқаруды мамандандыру процесінің тереңдеуі басты жүйесін қиындатып, күрделі жүйелердің икемділігін талап етеді.

Осы тұста аталған құрылымдарға жаңа элементтер енгізіледі, олар мыналар:

— жоба бойынша басқару;

— өнім бойынша басқару;

— жаңалықтар енгізу қызметі;

— матрицалық құрылымдар;

Бағдарламалық — мақсаттық әдістемелерінің дамуына байланысты күрделі техникалық жүйелерді тиімді басқаруға бағытталған жобалық құрылым орын алады. Бұл құрылымда ғылыми-өндірістік қызметтің барлық саласындағы бүкіл бөлімшелер тікелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылықтар әкеледі.

Өнімнің мақыздылығы мен дара басшылық оны өндіру мен өткізудегі қатаң бақылауды орнатып, үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Бәсеке жағдайы, технологиямен тұтынушылар талабына тез арада бейімделуге мүмкіндік туындайды.

Жаңалықтар тасқыны көп және үнемі болып жататын ұйымдарды жаңалықтар енгізу қызметі құрылады. Мұнда ағымдағы өндіріс сызықтық және функционалдық қызметтердің қарауына қалады да, бастамаларды жетістіктерді іздестіру барысы арнайы құрылған жаңалықтар енгізу бөліміне беріледі.

Ұйымдастырудағы мақсаттық басқару мен мамандандырылған бөлімшелерді басқарудың тиімді үйлесімін беретін бірден — бір құрал болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ұйымдық құрылымды құру

 

Ұйымдастыру процесі көп жағдайда ұйымның, мақсатына жауап бере алатын, анық ішкі жене сыртқы ортасына ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.

Өзіміз білетіндей, басқарудың ғылым ретінде қальштасуында  орын алған процестік, жүйелік, бихевиоралдық және жағдайлық  көзқарастар құрылым құрған кезде қолданылады және де бір 1 бюрократтық деп аталатын көзқарас еқбек  бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының  бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүрістұрыс ережелерінің болуымен сипатталады.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүгінеді:

  1. Сызықтық және функционалдық басқарушылықтың арасында дәл шекараны анықтау;
  2. Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;
  3. Лауазымға берілетін міндеттердің, өкілеттілік пен жауапкершіліктің, арақатынасының сәйкестілігі;
  4. Жұмыс барысын бақылаудың әсер етуі мен үздіксіздігі;
  5. Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғары бейімделу қасиетінің болуы.

Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы мейлінше алуан түрлі, бірақ кез келген жүйенің негізіне сызықтық және функционалдық қағидалар алынған.

Осының негізінде әртүрлі икемделген құрылымдар пайда болады.

Сызықтық құрылым. Басқарудың сызықтық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір бөлімше (немесе жеке орындаушы) жоғары органдағы басқарманың (басшының) біреуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады.

 

 

Соның нәтижесінде ол өзіне

  • бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады.

      Басқару функцияларының дамуы мен күрделене түсуіне байланысты      линиялық      құрылым      тиімділік      және қарапайымдылығына қарамастан, кемшілікке ие болыр отыр. Бұл проблема мынада; басшы өзіне бағынышты буындардың жұмысы барлық мәселелерін білетін болуға тиіс, ал мұның өзін жүзеге асыру қазіргі уақытта іс жүзінде мүмкін емес.

Басқарудың функционалдық құрылымы ілгері қарай жоғарылаған зор қадам болды. Ол өндіріс ауқымының ұлғаюының, техникалық негізінің күрделілене түсуінің болмай қоймайтын нәтижесі еді.

Фабриканы басқару үшін басшылық қағидасы ретінде бірінші Ф.Тейлор ұсынған функционалдық ұйымдастыру басшылардың мамандандырылуын енгізді. Функционалдық құрылым бойынша басқару саласында негізгі өндірістік бөлімдермен қатар, функционалдық қызмет көрсететін жоспарлау, жабдықтау, қаржы, еңбек ақы, кадрлар т.б. бөлімдер құрылып жұмыс жасайды.

Мақсатты орындайтын бағдарламалық бөлімдер мен олардың бас-шылары орын алады. Мұның өзі бағдарлама басшыларының міндеттерді жүзеге асыруда орындалу мерзімін және мүмкіндіктерді тура бағалап, іздестіру, жаңалықтар енгізу мен еркін әрекет етуіне жағдай жасайды, Сонымен қатар, көлбеу басшылықтың арқасында бөлім басшыларының мамандарды еркін ауыстыруы, тиімді пайдалануы және тиісті жұмыстармен толық қамтамасыз етуі арқылы барлық қызметтерді мұқият ұйымдастыруға жағдай жасалынады.

Әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеу дүние жүзінің дамыған елдерінің барлығында да қолданылады деп айтуымызға болады.

Реттеу — бұл экономиканық өсуіне жағдай жасауға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесі экономикаға мемлекеттің араласуы басқару кадрларының құрылуына, мәліметтер технологиясының дамуына, экономикалық ғалымдардың қолданбалы сипаттама негізінде пайда болуына мүмкіндік туғызды.

Мемлекеттік реттеу негізінен екі әдіспен жүзеге асады. Онық біріншісі — тура жолмен, яғни әкімшілік-әміршілдік, ал екіншісіне — жанама жолмен (салықтар, несиелер, проценттік төлемдер, жеңілдіктер, субсидиялар және т.б.).

Бұрынғы одақ республикаларының өткен жылдарғы тәжірибелерінің зерттеулері негізінде әкімшілік-әміршілік әдісінен мемлекетті реттеу қажетті нәтижеге жету үшін тиімсіз екенін көрсетті, яғни тура әсер етудің жанама әсер ету шараларымен үйлесімділігінің қажет екенін айқындады. Тура және жанама шараларды мемлекет тарапынан реттеп отыру АҚШ, Жапония және басқа дамыған елдердің экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелерін тереңірек зерттегенде көруге болады. Қазіргі жағдайда капиталистік мемлекет амортизациялық есептен шығару мерзімін белгілейді, капиталдың шығарылу көлемін анықтайды, тауар әкелуге сандық шектеулер мен кедендік салық енгізеді, жұмыс күнінің ұзақтығын шектейді, мемлекеттік стандартты белгілейді және т.б. Бұл шараларда мемлекет экономикаға тек қана әкімшілік әдіспен ықпал етеді, ол — өзінің жеке капиталын қоспайды және қазынадан қаражат алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекеттік жекеменшік негізінде стартегиялық инфрақұрылымды дамыту және осы саладағы басқару сапасын көтеру

3.1 Инфрақұрылымды дамыту міндеттері

 

—    біздің   халықаралық   инфрақұрылымдық   рынокқа »      кірігуімізді;

— өңірлердің экономикалық белсенділік орталықтарын дамытуды;

— көліктің алуан түрлері арасындағы технологиялық өзара ықпалдастығын;

— бизнес пен азаматтардың шығынын кеміту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Бұл жоспарды іске асыру үшін біз мемлекеттік холдингтердің мүмкшіліктерін барынша пайдалануға және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде инфрақұрылымдық даму тетігін қалыптастыруға тиіспіз.

Біріншіден, біздің көлік инфрақұрылымын нысаналы түрде қолдап, жаңартып және кеңейтіп отыруымыз керек.  Біз еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалануға тиіспіз,      бұл үшін өзіміздің көлік жүйемізді әлемдік жүйеге кіріктіруіміз керек.

Екіншіден, әуе тасымалы саласын белсенді дамыту керек.

         Біз аэропорттарымыз бен авиация саласын ұлттық экономиканың талаптары мен халықаралық деңгейге сәйкес келтіруіміз қажет. Әуе қызметінің сапасын, қауіпсіздігін арттыру және құнын төмендету үшін жергілікті авиация рыногындағы бәсекелестікті дамыту үшін барлық жағдай жасалуы керек.

Үшіншіден, темір жол тасымалы мен оны басқаруды кезең-кезеңімен нарық негізіне көшіру арқылы еліміздің темір жолдары желісін жаңарту турасында әңгіме қозғаған орынды. Бұл орайда Темір жол көлік-логистикалық орталықтары осындай көлік қызметіне деген бүгінгі және болашақтағы сұраныс ескерілетіндей деңгейде «Құрылып, кеңейтілуге тиіс.

Темір жол саласы қауіпсіздігі, жеткізу мен қызмет көрсету

шапшаңдығы жағынан әлемдік стандарттарға, ал тарифі жөнінен саланың негізгі талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Көлік және коммуникациялар министрлігі «Самұрық» мемлеметтік-холдингімен бірлесіп, қолданыста жүрген Темір жол көлігіндегі тасымалдау ережелерін  қайта қарап, экономикалық дамуымыздың неғұрлым жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа ережелерін әзірлеуі керек.

Төртіншіден, телекоммуникациялар саласында монополиясыздандыру мен еркін бәсекені дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу міндеті алда тұр. Бұл салаға басқа инвесторлардың келуі үшін тарифтерді қайта теңдестіру жұмысын да аяқтайтын кез жетті. Әлемдік желінің біздің мектеттерімізге, кәсіпорындарымыз бен үйлерімізге келуін арттыру үшін интернет-қызметтің құнын төмендетуге жағдай туғызу керек.

Бесіншіден, су көлігі инфрақұрылымын дамытуға да дәл осындай жауапты тұрғыдан келу қажет. Каспий қайраңының қарқынды игерілуі жаңа порттар мен теңіз көлік кемелерін керексінеді. Кеме жасау верфьтерінің жаңа қуаттарын жасақтау мен қолданыстағы теңіз бен өзен порттарын жаңарту бағдарламаларын іске асырған жөн.

Алтыншыдан, автокөлік инфрақұрылымын дамыту. Өткен жылы Автомобиль жолдары саласын 2012 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру қолға алынды. Автожол саласын қаржыландыруға мемлекет тұңғыш рет 10 млрд.-қа жуық АҚІІІ долларын бөліп отыр. Бұл инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жолдағы :.      жарақаттану қатерін азайтады.

Үкімет жарты жылдың ішінде халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды халықаралық стандарттарға сәйкес — келтіруге қажетті стратегия әзірлеуі керек. Сонымен қатар,  көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс.

Сонымен бірге, Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдететін жергілікті маңызы бар жолдары      желісін жедел кеңейтуіміз қажет.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөое, Қостанай облыстары мен Алматы қаласын электр қуатымен қамтамасыз ету аса өзекті мәселе болып тұр.

Біріншіден, көршілес елдердің қуаттарын тарту арқылы өзіміздің энергиясы мол және энергиясы тапшы өңірлеріміздің арасында электр қуатын болу мәселесін теңдестіре шешіп, энергия үнемдейтін технологияларға көшуіміз қажет.

Екіншіден, электр энергетикасы саласын дәйекті түрде жаңарту, қуаттардың тозуы мен жетімсіздігі проблемасын шешу, жаңа өндірістерді дамыту, жұмыс істеп тұрган жабдықтар мен электр энергиясын беретін желілерді  кеңейту мен қайта жаңғырту үшін жағдай туғызу қажет.

Үшіншіден, энергия көздерін әртараптандыру еліміздің бүкіл аумағындағы тұрақты дамуды ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамытуды талап етеді. Сөйтіп, Қазақстанда атом электр стансасы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау қажеттігі туып отыр.

Төртіншіден, Норвегия мен Швецияның үлгісі бойынша энергетикалық одақ шеңберінде іргелес жатқан мемлекеттермен энергетикалық биржа құру мүмкіндігін де қарастыру қажет деп Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы 26 ақпанында Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауында айтқан  болатын.

 

 

 

 

 

 

3.2 Тоқыма және тігін өнеркәсібінің даму қарқыны

 

Негізгі капиталдың экономикалық қауіпсіздігін тозу коэффициенті, жаңару коэффициенті, баланс валютасындағы негізгі құралдардың белсенді бөлігінің үлесі, негізгі капиталдың белсенді бөлігінің үлесі, өндірістік қуаттың қолданылуы көрсетеді.

Еңбек әлуетінің қауіпсіздігін жұмыскерлердің орташа тізімдік санының артуы, кәсіпорындағы орташа еңбек ақы мөлшерінің саладағы орташа айлық жалақысынан артық болуы, еңбек өнімділігінің өсуін сипаттайды. Жоспарланған өндірістік бағдарламаның %-бен есептегендегі орындалуы өндірістік бағдарламаның           қауіпсіздігін           көрсетеді.

Қаржылық коэффиценттердің оңтайлы мөлшерлерде болуы кәсіпорын қаржыларының қауіпсіздігін анықтайды. Өнім сапасының және бәсеке қабілеттілігінің кәрсеткіштерін тұтынушылыр арасында анкеталық сұрау жүргізу,  талдау арқылы анықтауға мүмкіндік туады. Инвестициялар мен инновациялардың қауіпсіздігін,          кәсіпкерлік          белсенділік          көрсеткіштерін экономикалық әдебиеттерде анықталған әдістемемен анықтаймыз. Өтімділік коэффиценті 1,5 шамасында болса, кәсіпорын қаражаттары икемді, 2 шамасында болса қатаң орналасқан деп есептеуге болады. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін осылай бағалау арқылы ғана экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасын толыққанды етіп көрсете аламыз.

Тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикасы дамыған және дамушы елдердің экономикасында алатын орны ерекше. Қазіргі кезде Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының мәліметтеріне сәйкес тоқыма және тігін өнеркәсібі машина жасауды, химия өнеркәсібін, әскери-өнеркәсіптік кешенді басып озып, әлемдік өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы салаларының бірі болып саналады. Себебі, бұл өнеркәсіп ақырғы тұтыну өнімін шығара отырып, бәсекеге қабілетті өнім өндірісі жағдайында тұрақты өткізу нарығына ие болып, өндіріс ресурстарының жоғарғы тиімділігі мен тез айналымдылығын қамтамасыз етеді, елдің экономикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосады.

Әлемдік экономиканың ғаламдануы, тоқыма және тігін өнеркәсібін бәсеке қабітетті қылғанымен қоса, талшық, бояғыш заттар өндіріс географиясының тұтастай өзгеруіне, құрал-жабдықтың, тоқыма материалдары және олардан жасалған бұйымдар географиясының аз, ал тоқыма материалдардан жасалған ұүйымдарды тұтыну географиясының сәл ғана өзгерісіне әкелді. Өндіріс еңбек ақы деңгейі темен және саяси-экономикалық тұрақтылығы жоғары елдерде (Қытай, Индонезия, Түркия, Вьетнам, Бразилия), ал тоқымадан жасалған бұйымдарды тұтыну еңбек ақы деңгейі жоғарғы елдерде басым (АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа).

Тоқыма және тігін өнеркәсібі кейінгі жылдары дамушы елдерде қарқынды дамып келеді. Бұл жағдайға сол елдегі еңбек ақының төмен деңгейі мен арзан шикізат бағасы оң әсер етуде, ал елдердің қалыпты саяси жағдайы осы салаға инвестицияны тарту үшін қолайлы болып тұр.

Экономикасы дамыған елдерге қарағанда дамушы елдердегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің өз кемшіліктері бар. Оларға мыналар жатады: электр энергиясын таратудағы ақаулар, кәсіпорын құрылысының ұзақ уақытқа созылуы, жұмыскерлердің төмен біліктілігі, жоғары технологиялардың шет елдерден әкелінуі. Экономикасы дамыған елдердің тігін және тоқыма өнеркәсібінің даму қарқыны төмендегені анықталды. Дамушы елдерден келетін импорттық тігін және тоқыма өнімдері дамушы елдерде шығарылатын өнімдерден сапасы жағынан кем түспейтін болғандықтан, дамыған елдердің отандық тоқыма және тігін өнімдерін нарықтан ысырып отыр. Дамыған елдерде тігін және тоқыма өнеркәсібін қолдау үшін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып, импорттан келетін тоқыма және тігін өнімдеріне шектеулер, квоталар қойылған. Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ) өзіне мүше елдерге тігін және тоқыма бұйымдары бойынша қосымша даму жолын ашып отыр. Осы халыкаралық ұйымның ережелері Азияның дамушы елдері үшін қосымша нарық көзін ашып берді. Тоқыма және тігін өнеркәсібінің әлемдік даму беталысында жұмыскерлер саны 100-ден артық, бірақ 1000 адамнан аз, икемді технологиямен жабдықталған, тапсырыстарды дәл уақытында орындайтын, шағын және орта кәсіпорындардың санының артуы қызығушылық туғызады. Ресей Федерациясы, Литва сияқты бұрынғы КСРО республикаларының тігін және тоқыма өнеркәсібіндегі дамудың өзіне тән ерекшеліктері байқалады. Балтық жағалауы мемлекеттерінде тігін және тоқыма өнеркәсібінің дамуы қазірдің өзінде оң жолға қойылса, Ресей елінде бұл саланың дамуы әлі де экономикалық қауіпті деңгейде екені анықталды.

Қазақстан Республикасының тоқыма және тігін өнеркәсібіндегі  өнеркәсіп  өндірісі көлемінің  2005 — 2006  жылдары артқаны байқалды. Осы көрсеткіштің 2004 жылғы 39673 млн. теңгеден 2006 жылы 37474 млн. теңгеге дейін төмендеуі саланың дамуын теріс бағалауға негіз болады. Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі сала өнімдерінің үлесі жылдан-жылға кеміп отыр. Тиімділік деңгейі (залалдығы) 2005 жылдан бері артып отырғанымен (2003 жылы=-0,4%; 2004 жылы=-5,3%; 2005 жылы=-2,1%; 2006 жылы=-0,3%), 2006 жылдың қорытындылары бойынша да теріс шаманы құрайды. Негізгі қызметтегі қызметкерлер саны 24-25 мың адам шамасында сақталып қалып отыр. Өнеркәсіптің негізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы қарастырылып отырған жылдары артып отырғанымен, жалпы өнеркәсіптегі жалақы мөлшеріне қарағанда артта қалуда.

Қазақстан Республикасындағы жалпы өнеркәсіптің, тоқыма және тігін өнеркәсібінің, Алматы қаласындағы осы саланың дамуын, тоқыма және тігін бұйымдары бойынша экспорт пен импортты, Алматы қаласындағы тіркелген жеңіл өнеркәсіп көсіпорындарының қызметін бағалай келе біз келесідей тұжырымдарға келдік:

—   Тоқыма және тігін өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда, 2006 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр:

а)   рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша — 16,6%, тоқыма және тігін өнеркәсібі бойынша -2,5%;

ә) жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша

—   27759 теңге, сала бойынша — 9095 теңге, Алматы қаласы бойынша — 15647 теңге;

б)  негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде -41%, салада -51% болса, Алматы қаласы бойынша — 65,4%-ды құрайды. Осы көрсеткіштердің сипаты тоқыма және тігін енеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.

—   Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының 73%-ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл жерде киім тігу ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаратын барлық тіркелген кәсіпорындардың 18%-ы былғарыдан бұйымдар жасауға және ал 9%-ы ғана аяқ киім өндірісіне ғана маманданған (басқаша сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық қауіпті жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көнілге қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттық тауарларды тұтынамыз.

—   Ақырғы өнімнің экспорттык үлесі тоқыма және тігін тауарларының   көлемінде   5,3%-ды,   импорттық   үлесі   —   64.5%- құрайды. Сала бойынша тоқыма шикізатын (мақта талшығы, мақта-матадан иірілген жіп, терілер, былғарылар) экспортқа шығарып, дайын өнімді импорттап, отандық өңдеуші кәсіпорындар нарықта шетелдік бәсекелестерімен баға, тауарлық марка тұрғысынан күреске түсе алмай отыр. Бұл жағдай, тұтынушылардың импортқа тәуелді екенін  және ол жерде тұтынушылық тұрғыдан экономикалық қатер бар екенін көрсетеді.

«Қазақстан Тексти Лайн» ЖШС-гі, «АММК ТК», «Алматы кілем» АҚ-ның экономикалық қауіпсіздігін ұсынған әдістеме арқылы талдау қорытындыларын, жиынтық экономикалық бағасын 1-кестеде шоғырландырдық.

1-кесте. Кәсіпорындардың жиынтық экономикалық қауіпсіздік бағасы

Кәсіпорынның

экономикалық қауіпсіздігін

құраушы көрсеткіштер

«Алматы кілем» АҚ-ы «АММК ТК» АҚ-ы «Қазақстан Тексти Лайн» ӘКФ ЖШС-І
1 Өндіріс әлуеті қауіпсіздігі +
2 Еңбек әлуетінің қауіпсіздігі + + +
3 Шығындарды              басқару қауіпсіздігі + +
4 Өндірістік       бағдарламаның орындалу қауіпсіздігі +
5 Өнім   сапасы   және    бәсеке қабілеттілік қауіпсіздігі + +
6 Инвестициялар                және инновациялар қауіпсіздігі
7 Қаржылық қауіпсіздік +
8 Іскерлік                  белсенділік қауіпсіздігі + +
9 Барлығы + +

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады. Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз — басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.

Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салдарларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.

Бірінші топтың себебі — қазақстандық тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Шетелдік тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсілорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, осы топтағы жеті көрсеткішті анықтадық. Кәсіпорындардың мамандануы. Шетелдің көптеген тоқыма және тігін өнеркәсібінің кәсіпорындары өнім түрлері бойынша әмбебаптылығымен ерекшеленіп, әртүрлі талшықтар мен жіптерден маталар, тоқыма бұйымдарын, маталық емес өнімдер өндіріп, осы арқылы сұраныс пен сән беталысына оңтайлы бейімделе біледі. Біздегі тоқыма өнеркәсібіндегі фабрикалар талшықтар және маталар түрлері бойынша қатаң бөлінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

  1. Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.

Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002

  1. Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
  2. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын  экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
  3. Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
  4. Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
  5. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
  6. Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
  7. Шеденов ­Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
  8. Саясат-№1,2002
  • «Халық кеңесі»-№72,1995