Кәсіпорын

0
4

МАЗМҰНЫ

Кірісіпе…………………………………………………………………………..3

1-ТАРАУ. Кәсіпорын дегеніміз не. Кәсіпорын белгілері…………………..4

2-ТАРАУ. Кәсіпорындардын формалары………………………………….10

3-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық рөлі…………………………………..13

4-ТАРАУ. Сатып алушылар алдындағы кәсіпкердің жауапкершілігі….19

Қорытынды………..………………………………………………………….27

Қолданылған Әдебиеттер тізімі…………………………………………….28

Кірісіпе

Нарықтық экономиканың субъектілері болып жекеленген меншік иелері саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, иеленуге қүқығы бар. Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі үйымдық-қүқылық формасын қүруға негіз болып табылады.

Кәсіпорын қоғамдық өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады. Тікелей кәсіпорындарда өнім шығарылып, жүмыстар атқарьшады, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы игі қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субъекті болып табылады.

Шағын бизнес – нарықтық экономиканың негізі. Шет елдерде оның дамуы үшін 50-ші жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару оргавдарының мамандандырылган жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйелері қүрыла бастады.

1997 жылы маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3-ші бабында шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне айдай анық анықтама берілген, нақтылап айтқанда, «шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып жүмысшьшарының орташа жыдцық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің қүны жылына орта есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін занды түлға мен занды тұлғаларды қүрамайтын жеке түлғалар болып саналады».

 

 

 

 

1-ТАРАУ.

Кәсіпкерлік дегеніміз не. Кәсіпорыннын белгілері.

 

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынас жағдайында әрбір кәсіпорын:

  1. Нарықтық конъюнктураға сүйене отырып, өз алдына өз жүмысын жоспарлайды және даму перспективаларын белгілейді. Жоспарларының негізін тауар (жүмыс, қызмет) түтынушылармен жасалған келісімдері қүрайды.
  2. Өз өнімдерін (жүмыстары, қызметтерін) және өндірістің қалдықтарын өз бетінше немесе келісім негізінде белгіленген бағшіар мен тарифтер бойынша таратады, ал кейбір жағдайда заңнама бойынша бағаны реттеу немесе белгілеуді мемлекет атқарады.

ҚР Азаматтық кодексінің 385 бабында былай жазылған:

1) Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң актілерінде көзделген жағдайда оған уәкілдік берілген мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, баға қою, ставкалар және т.б.) қолданылады.

2) Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң актілерінде көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң актілерінде белгіленген тәртіп бойыша жол беріледі.

3) Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып, оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шартты жасау кезінде осыған үқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жүмыс немесе қызметтер үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі.

  1. Қаржы ресурстары мынадай көздердің есебінен қүралады: табыстап, амортизациялық аударудан, еңбек үжымының (кәсіпорындардың, үйымдардың және азаматтардың) бағалы қағаздарын, пай және басқа жарналарын сатудан түскен қаражаттан, сондайақ несиелерден және басқа занды түсімдерден.
  2. Несиелік шарттардың және есептесу-қаржы тәртібінің сақталуына ҚР және халықаралық зандарға сәйкес толық жауаптылық көтереді.

1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 119 бабы кәсіпорынға мынадай анықтама береді: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен қүқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп таньшады. Кәсіпорын түтасымен мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның қүрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, қүрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне қүқық, талап ету қүқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге қүқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) және, егер заң қүжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айырықша қүқықтар енеді. Кәсіпорын түтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу — сату, кепілге, арендаға беру және заттық қүқықтарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да мәмлелер объектісі болуы мүмкін».

ҚР Азаматтық кодексінде, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және басқа зандарда:

  • меншіктің көптүрлі формалы жағдайында кәсіпорындарды қүрудың жалпы қүқылық негізі белгіленген;
  • кәсіпорындардың үйымдық-қүқылық формалары, олардың жүмыс ерекшеліктері бекітілген;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің қүқықтары мен жауапкершіліктері айқындалған;

 

 

 

Акционерлік коғаңдарды қаржыландырудын көздері

 

 

1 схема.

 

– кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау, реттеу мен қолдау шаралары белгіленген.

Кәсіпорын – қоғамдық өндірістің негізгі буыны. Кәсіпорындарда тауарлар мен игі қызметтер өндіріледі, тасымалданады және нақтылы түтынушыларға сатылады. Әрбір өндіруші өз кәсіпорнында жасалған өнімдерді сатуға ғана үмтылып қоймайды, сонымен бірге таза табыс алуға да тырысады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10, 11 баптарының 1-5 тармақтарында Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуының жалпы қүқылық ауқымы айқындалған.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік түңғыш рет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 10 бабының, I тармағында заңмен бекітілген: «Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен занды түлғалардың, тауарларға (жүмысқа, қызметке) сүранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға багытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару қүқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырьлады».

Мыналар кәсіпкерлік қызметтердің субъектілері болуы мүмкін:

  • әрекет қабілеті заңца белгіленген тортіпте шектелмеген Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген окілеттіктер шегінде шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтықтары жоқ адамдар;
  • азаматтар бірлестігі — үжымдық кәсіпкерлер (әріптестер).

Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі арқылы беріледі. Реестр — фирмалардың атаулары, олардың жүмыс бағыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманың жеке капиталы туралы мәлімет және басқадай деректер жазылған есеп жүргізу кітабы.

Кәсіпорынды басқарушы субъекті мен меншік иесі арасындағы қатынас жақтардың өзара міндеттемелерін, мүлікті пайдалану және қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыру қүқығын шектеуді, жақтардың қаржьшық өзара қатынастары мен материалдық жауапкершілігінің тәртібі мен жағдайларын, шартты бүзудың негіздері мен жағдайларын белгілейтін шартпен (келісіммен) реттеледі; кәсіпорын мүлік иесінін, басқарушымен шарт жасасқаннан кейін, шартта, кәсіпорын жарғысында және ҚР заңнамасында көзделген жағдайлардан өзге реттерде, кәсіпорын қызметіне араласуға қүқығы жоқ.

Кәсіпорынның банкіде есеп айырысатын өз есепшоты, мөрі болуы мүмкін, сондай-ақ ол әр текті операциялар жасап, мәмлелер жүргізе алады. Бүл жағдайда ол басқа кәсіпорын немесе мемлекет қаражаттары есебінен де немесе өз бетінше де өмір сүре алады. Осыған байланысты кәсіпорын әртүрлі дербестік алады. Бірінші жағдайда біз жедел шаруашьшық жүргізудегі дербестік туралы, ал екінші жағдайда кәсіпорынға түрақты қаржылық жағдай жасайтын оның экономикалық дербестігі, тиімді қызметі туралы айтып түрмыз. Экономикалық дербестігінің қалыптасу басы болып кәсіпорынның өз алдына шаруашылықты-оперативті единица немесе заңды түлға түріндегі бөлінуі саналады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33 бабында занды түлғаның үғымы былай берілген: «Меншік, шаруашьшық жүргізу немесе жедел басқару қүқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен оз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын үйым занды түлға деп танылады.

Заңды түлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Занды түлғаның өз атауы жазылған морі болады».

Занды түлға болып тіркелу үшін кәсіпорынның төмендегідей белгілері болуы керек:

  1. Үйымдық түтастығы. Бүл, нақтылап айтқанда, қүрылтай қүжаттарында өзінің ішкі қүрылым және басқару тәртібі бекітілген үйымдасқан үжым.
  2. Жекеленген мүлік. Косіпорынның негізгі және айналым қаражаттардан түратын меншік мүліктері болады, ол оз алдына мүлік иеленіп, оны есепке алады, пайдаланады, сатады, жарамсыз деп табады, мүлікке салық төлейді.
  3. Мүліктік жауапкершілік. Занда көрсетілгендей кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
  4. Азаматтық айналымда оз атынан сойлеу. Кәсіпорын, кәдімгі адам секілді таныйтындай, басқа кәсіпорындардан айыра алатындай болуы керек. Сол мақсаттар үшін кәсіпорынға ат (атау) береді, сол атпен ол мүліктік және жеке мүліктік емес қүқыққа ие болады және одан айырады, мівдет алады, сотта, төрелік сотта және аралық сотта талапкердің және жауапкердің рөлін атқарады.

 

 

2-ТАРАУ.

Кәсіпорындардың формалары

 

Кәсіпорын ең алдымен қайбір жеке меншік түрінің басымдылығына қарай – қоғамдық немесе жекеменшік болып екі типке бөлінеді.

Бірінші тип. Мемлекеттік кәсіпорын. Олардың жиынтығы экономиканың цогамдык, секторы болып саналады.

Екінші тип. Серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, аралас кәсіпорындарды, кооперативтерді жеке иелену. Олар экономикалық жекеменшік секторын қүрайды.

Экономиканың жекеменшік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері біреу немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жүмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.

Жауапкершілік шектеулі және шектеусіз болып келеді.

Шектеулі жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді дегенді білдіреді.

Шектеусіз жауапкершілік — кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлікгерімен ортақ жауапкершілікте болады дегенді білдіреді.

Айталық, екі адам ортақ кәсіпорынға 100 млн. теңгеден салды делік. Сонда кәсіпорынның жалпы капиталы 200 млн. теңге қүрайды. Егер кәсіпорын несие берушілер алдыңдағы 300 млн. теңге көлеміндегі міндеттемелері бойынша банкрот болса, онда жауапкершілігі шектеулі әрбір қосиегерлер қарыз міндетте-мелерін 100 млн. теңгеден, яғни өздері қосқан мөлшерде ғана жабады. Ал шектеусіз жауапкершілік жағдайында екі ортақтас 300 млн. теңгелерімен қоштасып қала береді. Егер біреуі 100 млн. теңге ғана төлей алса, онда соры қайнаған кәсіпорынның екінші иегеріне 200 млн. теңге төлеуге тура келеді.

Дербес (отбасылық) жекеменшік кәсіпорын азаматтардың оз меншіктеріне негізделген. Оның иесі болып табыстың бәрін алатын және шаруашылық қызметтің нәтижелеріне орай барша төуекелді көтеретін бір отбасы (бір түлға) саналады.

Артыкшылығы: таза табысты бөлісу жөнінен ыңшың жоқ, салық салу жүйесі оңай, жеңілдіктер болуы мүмкін.

Кемшілігі: бастау капиталының мөлшері болымсыз, банктен несие алу, ауқымды істі бастау қиын.

Толық серіктестік мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашьшық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктеріменен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржьшы жылдың қорытындысы бой­ынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.

Артықшылыгы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жүмьша кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.

Кемшілігі: таза табысты болу кезінде серіктестікке қатысушьшар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.

Коммандитті серіктестік үлестік меншікке негізделген. Коммандитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.

Артыкшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады. Мысалы, зейнеткерлік жастағы немесе кәсіпкерліктің басқа түрлерімен шүғылданып жүрген адамдарды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес (77-84 баптары), сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер қүруға болады.

Ашық және жабық акционерлік қоғамдар.

Ашық акционерлік коғам — бүл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушьшардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы қүралған кәсіпорын. Акцияның иесі болып — мемлекет, кәсіпорын, үйым секілді заңцы түлғалармен бірге жеке азаматтар да бола алады.

Кәсіпорынның міндеттемелері мен шығыны жөнінен акционерлердің (кәсіпорынның қосиегері) қаржылық-экономикалық жауапкершілігі олардың қоғам капиталына салған ақша мөлшерімен шектелінеді.

Акционерлік қоғамның бағыты мен қызметінің өзгешелігі әртүрлі болуы мүмкін, жалпы мақсаты – таза пайдаға кенелу болып табылады.

Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның қүрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.

Кәсіпорындардың басқа да формалары бар. Мысалы, венчурлық (тәуекелшіл) кәсіпорын. Ол экономиканың ғылымды көп қажет ететін салаларында ғылыми зерттеу, инженерлік талдау, маңызды жаңалық жасау және оны өндіріске ендіру жөнінен мамандандырьшған шағын кәсіпорын.

 

3-ТАРАУ.

Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық ролі

 

Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:

  1. айырықша қажеттіліктерді (ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер қызметі, сәлемдемелерді жеткізу қызметін қүру және т.б.) қанағаттандыру мүмкіндігі;
  2. өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі;
  3. жаңа тауарларды, жүмыстардың жаңа тәсілдерін мақүлдау мүмкіндігі.

Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру көлемін үлғайту; халықтың жүмыслен қамтьшуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту.

Алынған статистикалық есепті талдаудың көрсетуіне Кара­ганда 1997 жылғы республикадағы шағын кәсіпорындардың және онда жүмыс істейтін адамдардың саны оншалықты өспеген. 1996 жылдың соңында 21,2 единица болса, 1997 жылдың аяғында – 21,9 болган. Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.

Шагын кәсіпорыңцардың кейбір салаларындағы қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статесеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы үғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар шығынды болып келеді екен (приложение).

Кәсіпорындардың және оларда жүмыс істейтін жүмыскерлер санының түрақгамауы, шағьш бизнестің тиімсіз салалық және аймактық қүрылымдарыньщ қүрылуы және оның қылмысқа баруы, үсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағьш кәсіпкерлік аясында сонғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруга келмейтіндігі, оның үйқы-түйқы қалыптасқаңдығы туралы түжырым жасауга негіз болады. Мәселе, оның жетілген инфрақүрылымының жоқтығы шағьш кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттьщ шектеулілігінде ғана емес, сонымен бірге шағьш кәсіпкерлікті қоддаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық және басқадай артықшылыктың айқыңцалмауы, кәсіпкерлж қүрылымдармен кері баиланыстың болмауы, отіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің жоқтыгыңца больш отыр. Шағын бизнес аймақтық жергілікгі масштабта, үлттық экономиканың айырықша секторы түрінде әлдебір бүтін секілді омір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нактылы кәсіпорьш больт әйгіленген.

Шағын кәсіпкерлікгің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:

  • меншіктік қүқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан — басшының табысқа жетудегі рөлі мен мәнін күшейтеді;
  • кәсіпорын масштабының шектеулілігі және қожайын мен жүмыскерлердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынан — өндіріске түлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;
  • кәсіпорын мүмкіңдігі мен ресурстардьщ шекгеулілігі, бір жатынан, оған тауар түріне (жүмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы рынок жағдайына айтарлықгай ықпал ету мүмкіңдігін тудырады, екінші жағынан — қызметгің түрін тез өзгертуге жағдай жасайды.
  • түтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы, бір жағынан, сатуды кеңейтуді шектейді, екінші жағынан – тұрақты сүранымды қалыптастырады және қызмет көрсету сапасын көтеруге ынталандырады;
  • қаржылық ресурстарға жол ашуды шектеу, бір жағынан, өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы рыноктарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.

Шағын кәсіпкерлік — өміршеңдік деңгейі төмен және тәуе-келшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:

  • өте бимәлімділігімен, белгісіздігімен және стихиялылығымен сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың аумағынан аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бүл – ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмей-тіндігіне байланысты;
  • мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен, қаржылы-несиелі институттармен, үйымдасқан қылмыспен объективті түрде «әлжуаз» позицияда түрады, мүны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік үйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
  • өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді.

Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жүмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым арасындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді.

Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды жалпы қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы сфералары күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсiкерлікті айтарлықтай дағдарысқа үшыратгы. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «сүрғылт» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.

Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп кедці және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей

шектеу, реттеу және бақьшау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің нсгізгі мәселесі — салыстырмалы түрдегі нашар өмір-шендігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен жqнe халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен түрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.

Экономиканың бүл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:

  • ел экономикасының қүрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, мүның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады;
  • бюджетке салық төлеуші болып саналады, мүның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;
  • орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде кадрлар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады;
  • қай жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, рыноктың сол секторында тауарға, жүмысқа және қызметке деген сүранымдарды қанағаттандырады;
  • қай жерде бәсекелі орта түрақты сақталса, және негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;
  • еңбекті қоғамдық бөлуді терендетіп және болымсыз шығынмен нарықтық инфрақүрылымды жасауға мүмкіндік тудырады.

Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:

  • болашақтағы саяси және әлеуметтік түрақтьшықтың кепілшісі секілді, орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі бо­лып саналады;
  • көрсеткен қолдауынан бүгін белгілі бір нәтиже алып және оны болашақта үлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.

Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік мүддесі мынаған саяды:

  • еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жүмысқа тартады және оның экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол үшын береді;
  • халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады.

Жоғарыдағы аталған мүдцелерге байланысты шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан түрады: бірінші — дамуды қолдау, екіншісі — мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді косу.

Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған:

  • шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды қүру;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны қүру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-қүқықтық актілерді қабыдцау;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жүмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
  • шағын кәсіпкерлікті қаржьшай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын қүру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.

Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа барлық аймақта іс жүзінде шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен қүрылымдық бөлімшелер үйымдастырылған.

«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар еңціру туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы» Зандар дайындалып және қабылданды. Ол қүжаттарда фермерлік және шаруалар қожа-лықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкер-ліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.

 

4-ТАРАУ.

Кәсіпкердің сатып алушы алдындагы жауапкершілігі

 

Өмірдің басқа салаларының өкілдері секілді Қазақстандағы іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және түтынушылармен әділ катынас жүргізгісі келеді. Бизнестің этикасы деп аталатын түтынушылар туралы қам табыс туралы қаммен қатар жүруі тиіс. Ерте ме, кеш пе, түтынушы кәсіпорынның өз істеріне

жауапкерсіздігін біліп қалса, онда ол онымен сауда жүргізуден бас тартады.

Нарықтық экономикалық елдерде түтынушьшар қүқығын қорғау заңнамасы жасалынып, ол ойдағыдай қолданылып келеді. Оның өмірге келуі түтынушыларды өнім өндірушілер мен сатушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғау қажеттілігінен туған. Түтынушыларға жеткен тауарлар сапасының нашарлауы жиілеп, оларға берілген сипаттама, көбінесе, жарнамада айтылғандармен сәйкес келмейді. Монополистер мен сатушылар түтынушыларды көбінесе лажсыз алуға мәжбүр етеді.

Түтынушьшардың мүдделері мен қүқықтарын қорғау проблемасы нарықтық экономикалы елдерде кездесетін адам бәсекелестікті болдырмау проблемасының екінші жағы секілді.

Түтынушылардың мүдделері мен қүқықтарын қорғау проблемасы экономикалық дамыған елдерде өткен ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, әмірде үйымдасқан қозғалыстарды тудырды. Белгия мен Қүрама Королдікте түтынушылардың қүқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда — 1953 қүрьщды.

АҚШ-та түтынушылар қозғалысы өткен ғасырдың басында пайда болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі жағдай мен медициналық препараттарды патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туды. Түтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті даудамайдан шықты. Үшінші рет консъюмеризм толқыны 60-шы жьшдары көтерілді.

Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің барлық елдерін қамтып отыр.

Оның себебі, сол кезенде үзақ уакыт пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды және т.б. қолдану елеулі түрде орістеген еді.

Бүл кезенде дамыған капиталистік елдерде түтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда емес, тек кейбір салаларда (несие беру, түрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативті актілері бар болатын.

Түтынушылардың қүқықтарын қорғауға бағытталған жекелеген қүқықтар нормасы, мысалы, азаматтық және әкімшілдік қүқықтар салаларында да бекіген еді. Алайда экономиканы монополизациялау жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты қүралдарының өмірге келуі түтынушылардың бүрыннан бар қүқықтық қорғау қүраддарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықтық экономикасы бар көптеген елдерде түтынушылардың қүқықтарын қорғауға тікелей қатысты арнайы нормативті актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

Оған мыналарды жатқызуға болады: Францияда — сауда мен игі қызметтер көрсету кезіндегі алдау мен жалғандық туралы Заң (1905), «қардан қала түрғызу» принципіндегі сауда туралы Заң (1953), алдамшы жарнамаларды пайдалануды болғызбау туралы Заң (1935); Данияда — тауарларды сатып алу — сату келісімі ту­ралы Заң (1906), тауарларды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), түтынушылармен жасалған келісімдердің әр-қилы түрлері туралы Заң (1978); Үлыбританияда — түтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда практикасы туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде түтынушылардың қүқығын қорғау заңнамасы сау­да мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген түтынушыларды қорғайтын зандар оңцап саналады.

Түтынушыларды қорғаудың төрт негізгі қүқығы туралы Декларацияға АҚШ президент! Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда қол қойған болатын. Олар:

— тауарлардың қауіпсіздігіне күқық;

— ақпараттарға қүқық;

— тауарларды тандауға қүқық;

— өз мүдденді біддіру қүқығы.

Халықаралық түтынушылар одақтарының үйымы (ХТОҮ) бүған тағы төртеуін қосты:

  • негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру қүқығы;
  • зиянның орнын толтыру қүқығы;
  • түтынушылық білімге қүқық;
  • қоршаған ортаның саулығына қүқық.

Түтынушылардың қүқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілікпен соттың қолда бар қүралдарының көмегімен тиісті нормативті көлемділікке қүрылады.

Түтынушылардың қүқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар ретінде Бас Ассамблеясында мақүлданған.

Бас Ассамблеясының күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін БҮҮ-ға мүше мемлекеттер Басшылық принциптерді есепке ала отырып, түтынушылар қүқығын қорғау жөнінен белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне төн экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының қалауларына қарай нақтылықпен бүл салада өздерінің бірінші кезекте түрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

Түтынушьшардың заңцы мүдделері болып мойындалатындар:

  • қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;
  • олардың экономикалық мүдделерін сақтау;
  • жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дүрыс тандауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;
  • түтынушыларды сауаттандыру;
  • арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;
  • түтынушылардың қүқықтары сөз болып, шешім қабыддау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге қүқықтары бар түтынушылар топтары мен үйымдарын қүруға еркіндік.

Қазақстан Республикасында түтынушьшар қүқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Айырықша бөлімімен, «Түтынушьшарды қорғау туралы» Заңымен және т.б. реттелінеді.

1998 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында түтынушылардың қүқықтарын қорғау қоғамдары түтынушылар қүқықтарының жағдайларына 5000 тексеру жүргізген, оның 2816-да әртүрлі заң бүзушьшық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені қүрап, түтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

Біріншісі өте қарапайым саналады. Кейбір фирмалар өздерінің адалдықтары мен туралықтары жөнінен жақсы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар рынокта үзақ уақыт түрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын жүзеге асыра салып, түнге қарай тайып отыру. Соңғы уақытта мүндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі үшырасатын болды.

Түтынушылардың қүқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалаудың тәжірибесі ретінде республиканың халыққа сауда, қоғамдық тамақтандыру, түрмыстық қызмет, көлік, байланыс, коммунальды-түрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

Азаматтардың 19944 ой-тілектері қаралды, олардың бәрі негізді болып шығып, түтынушылар мүддесінің пайдасына шешілді.

Түтынушылар қүқығының бүзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталынып, материалдық зиянның мөлшері 175 млн. теңгені қүрады.

Түтынушьшарға қайтарьшған материальдық зиянның сомасы 162 млн. теңгені қүрап, мемлекеттік бюджет есебіне 152 млн. теңге түсірілді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің аттарына 939 үсыным, нүсқама, ескертпелер жасалды.

Түтынушылар қүқығын қорғау қоғамдары сот органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа тартылып, 145 млн. теңге материалдық залал өтелді.

Рынок, мүмкін, өнімнің пайдалану сапасы жөнінде өзіне пайдалы ақпараттарды жеткілікті білмейді. Түтынушылар сатушьшардың арыздарын салғастыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстаңда ең маңыздылардың бірі. Түтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

Мүндайда түтынушылар өздері тандап түрған тоңазытқыштың басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей ақпараттар оқығысы келетіндігі табиғи нәрсе. Айта өтер болсақ, өндірушілер түтынылган электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның түтыньшу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мүздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш түрган бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталынып болганнан кейін де энергияны түтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің единицасымен бідціруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланьшуының орта бағасын және тағы басқадайларды тілдеріне тиек етеді.

Электр энергиясын түтынуды тестілеудің жалпы жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны жүмсау туралы мәлімдеме жасауға қүлшынғанның өзінде де түтынушылар, ойлап салыстырып көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, мысалы АҚШ тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда да приборлар түтынған энергияны Мемлекеттік таңбалау туралы заң әзірлеп және қабылдап, оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бүл заң барлық негізгі приборлар түтынған электр қуаты туралы хабарлама мен сынақтан өткізу жағдайларының жалпы әдістерін түсіндіреді. Түтынушылар осы

приборлардағы таңбалар негізінде оларды пайдаланудың бір жылғы қүны қанша түратындығын және сол прибор өзімен бәсекелес моделге қарағанда қалай белгіленгендігін айта алады. Мұндай стандарттандырылған ақпарат түтынушының приборды дүрыс тандауын ғана емес, сонымен бірге үзақ мерзімді перспективалы бәсекелестікке ынталандырады. Дайындаушылардың енді бүрынғыдан да тиімді прибор жасауға ынталары артады, себебі жүйе бағасы бәсекелесушімен салыстырғанда жаңа моделдің жақсы болып шығуын қарастырады.

Нарықтық қатынасқа өтуге орай, тіпті, басқа салада, банктің салымына түсетін, қаржы мекемелерінің есеп айырысулары мен пайыздарды жарнамалауда қолданатын формуланы стандарттандыру жағынан түтынушыларды қорғайтын занды ойластыру керек.

Сатып алушы неге мына немесе басқа өнімді тандайды? Мұндай жағдайда ол қандай өлшемді басшьшыққа алады? Қайтіп оны белгілі бір тауар немесе игі қызмет тандауға иілдіруге болады? Мүндай сүрақтар әрбір фирманың коммерциялық қызметінде өзекті рөл ойнайды. Ал барша нарықтық экономиканы түтас алғанда олар дәл сол елде қандай тауар өндіруге болады деген принциптік мәселемен тендеседі. Оларға берілер жауап бәсекелік қабілет деген үғыммен байланысты.

Тауардың бәсекелік қабілеттілігі деген сөз, ол сатып алғалы түрған түтынушының пейілін тауардың өзіне тарта түсерліктей деңгейі. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, бөсеке қабілеттілігі тауардың тамаша сипаттамасына емес, оның сатып алғалы түрған адамын қызықтырарлықтай өзіне тән сүйкімділігіне байланысты. Осыдан келіп түтынушының егемендігі туады: тіпті ол объективтілік көрсетпегеннің өзінде, соңғы сөз онда болады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде фирмалардың өнім тарататын рыноктар үшін, түтынушылар үшін бәсекелестік күрестерінің әртүрлі стратегиялық бағыттары бар.

  • виоленттік стратегия немесе «менмен арыстандардың», «алпауыт пілдердің», «тоңмойын бегемоттардың» деп аталатын стратегиялар өндіріс шығынын азайту жағында болады. Ол сапа жағынан алғанда жап-жақсы, салыстыра қарағанда қымбаттау емес тауарларды жаппай шығаруды үйымдастыру есебінен жасалынады. Виолентті — фирмалар әдетте алып өлшемді болады (жаппай түтынылатын аяқ киім, азық-түлік өнімдері);
  • патиентті стратегия — жоғары сапалы жеке өнімдерді шектеулі ғана шығаруға берілетін бағдар. Мүндай фирмалар өздерінің аса қуатты бәсекелестерін күшпен емес, іскерліктерімен үтады. Мүндай фирмалардың стратегиялары «қу түлкі» атауын алған;
  • коммутанттық стратегия немесе басқаша айтқанда «сүр тышқандар» стратегиясы — көлемі жағынан шағын (жергілікті) рынокты аса икемділікпен қанағаттандыру бағыты. Бүл стратегияны үстанған үсақ фирмаларда, әдетте, тиімді жабдықтар, ғылыми-техникалық жаңалықтар болмайды немесе арнайы салаларда адамдарының айырықша білімдері жетіспейді. Алайда, мүның бәрі олардың көбінесе рынокта алға басуларына ешқандай да кедергі келтірмейді.
  • эксплеренттік стратегия түбегейлі жаңаша басқаруға бағытталған. Бизнестің осынау «түрен тимеген» қауіптілеу түрімен шүғылданушы фирмаларды «алғашқы қарлығаштар» деп жиі атайды.
  • ниш дифференциясы — компаниялардың іске асырылған нишараларының араларын айыру процесі. Өзара қатты айқасқа бармау үшін фирмаларда үдайы бір нишаны иемденуге тырысады. Олардың әрқайсы бәсекелесіне қарағанда аздап болса да басқа тауар шығарады; рынокта өзінің жеке пішінін көрсетеді.

Фирмалардың көпшілігі түтынушылардың сүраныстарын қанағаттандыру – олардың қаржылық табыстарына кілт болып табылатындығын мойындайды. Олар наразылықтан аулақ болу үшін түтынушылардың шағым-арыздарын зерттейді және соған орай шаралар қабылдайды. Өздерін алдады деп ойлаған тұтынушылар (сатып алушылар) түтынушылар қүқығын қорғау жөніндегі қоғамға барып, өздерінің шағымдарын қарауды өтіне алады. Шағымдар сотқа дейін де, сот тәртібімен де ақы-пүлсыз каралады.

 

Қорытынды

 

Бастауыш кәсіпорын – қоғамдық өндірістің негізгі буыны.

Кәсіпорын (фирма) – онім шығарып, таза табыс алу мақсатында жүмыс атқарып, қызмет көрсету үшін құрылған өз алдына шаруашылық етуші субъекті.

Кәсіпкерлік қызмет (кәсіпшілдік) – бүл таза табыс алу мақсатындағы азаматтардың өзіндік ынталы қызметтері және олардың бірлестіктері.

Кәсіпкер – ол түтынушылардың қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыру үшін ресурстарды мейлінше тиімді пайдаланудың жодцарын іздеген адам.

Түтынушы – жеке басының қажеттілігі үшін тауарлар мен игі қызметтерді сатып алатын адам. Уақтылы-уақтылы әр қайсымыз да түтынушы боламыз.

Шағын бизнестің кәсіпкерлері мен иегерлері таза табыс алу жағынан өзгермелі болып келеді.

 

 

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

 

  1. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства» от 19.06.97 г. / Вечерний Алматы, 27 июня 1997 г.
  2. Закон РК «Об индивидуальном предпринимательстве» от 19.06.97 г. / Вечерний Алматы, 9 июля 1997 г.
  3. Закон РК «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» от 22.04.98 г. /Вечерний Алматы, 5 мая 1998 г.
  4. Закон РК «О лицензировании».
  5. Закон РК «Об акционерных обществах» от 10.07.98 г. / Казахстанская правда, 21 июля 1998 г.
  6. Закон РК «О крестьянском (фермерском) хозяйстве» от 10.04.98 г.
  7. Закон РК «О банкротстве» от 21.01.97 г. /Биен, 22 мая 1997 г.
  8. Указ Президента РК «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности» от 27.04.98 г. /Биен, 21 мая 1998г.
  9. Гражданский кодекс. – Алматы, 1995.
  10. Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры.
  11. Балакоев В.З. Общая экономическая теория. Учебное пособие. – Новосибирск, ТОО «ЮКЭА», НПК «Модус», 1996.
  12. Борисов Е.Ф. Основы экономической теории. – М., 1996.
  13. Казаков А.П., Минаева Н.В. Экономика. Учебный курс по основам экономической теории. – М., 1998.
  14. Дайджест экономической теории. – М.: Аналитика-Пресс, 1998.
  15. Прикладная экономика. Пер. с англ. – Алматы: ТОО «Книга», 1997.

 

 

1 Kecme. Шағын кәсіпорындардың 2002 жылғы жұмыстарының ең маңызды көрсеткіштері

 

Саланың аталуы

 

Кәсіп-орыңдар-

дың саны

 

Келісім бойынша және қосымша жұмыс істеуші-лерді қоскандағы жүмысшылар саныӨндіріс, жұмыс, кызмет көлемі, мың теңге

 

Жылдық табыс (шығын)

 

Бюджетке төлеу және баскадайда ақша аудару
Соның ішіндеСоньщ ішінде
Барлығы, мың тенге

 

Бір кә-сіпор-ынға

 

Бір жұ-мыс-керге

 

Барлығы, мьщ тенге

 

Бір кә-сіпор-ынға

 

Бір жұ-мыс-керге

 

Барлыгы21907209119101860381194777488,99,320935547955,6101,1
Өнеркәсіп — барлығы3234568801504116224724176,44,32982373922,652,4
Таукен өнеркәсібі1221968122854-228237-1971,0-115,92938562408,7149,3
Өндеу өнеркәсібі29933870212130289438730146,811,32464915823,663,7
Балық шаруашылығы190305516,316218,5
Электроэнергия,   газ,   су өндіру және бөлу119

 

2422

 

1888565

 

36748

 

308,8

 

15,2

 

223602

 

1873,0

 

92,3

 

Курылыс26513373814097183697223263,020,72636678994,678,2
Сауда, автомобиль  жөн-деу және үйде қолданы-латын бүйымдар10371

 

76993

 

41372452

 

1517597

 

146,3

 

19,7

 

11144382

 

1074,6

 

144,7

 

Қонакүйлер, мейрамха-налар43252761057458-31737-73,5-6,2184417426,935,0
Көлік және байланыс10161702845550372385023,51,410240311007,960,1
Қозғалмайтын   мүліктер операциялары,    жалдау, кәсіпорын шарты2550

 

21969

 

16952482

 

-530968

 

-208,2

 

-24,2

 

1782587

 

699,1

 

81,1

 

Баскадай коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмеггер1481

 

14857

 

8295211

 

-29536

 

-19,9

 

-2,0

 

866574

 

585,1

 

58,3

 

Қызметтің баскадай түрлері17292648939851009-296,655,13128841819,1337,9