Юань империясының әлеуметтік жағдайы

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………..

1. Юань империясының әлеуметтік жағдайы.
1.1 Юань империясының құрылуы ………………………………
1.2 Юань Моңғол империясындағы міндеткерліктер
мен салық салу жүйесі………………………………………….

2. Юань империясының экономикалық жағдайы.
2.1 Империяның экономикалық дамуы……………………….
2.2 Сауда қарым-қатынастары…………………………………….
2.3 Қытайдағы моңғол үстемдігінің құлатылуы…………..

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.
Моңғолдардың ұзақ жылдар бойы жүргізген қантөгіс соғыстары нәтидесінде көршілес Қытайды бірітіндеп жаулап болатын. Шыңғыс хан негізін қалаған Моңғол әулеті, ұлы қағаны Құбылай кезінде (1260-1294 жж.), Юань әулеті атағына ие болды. Тарихшылардың айтуы бойынша бұл кезең, жат жерлік феодал – басқыншылар мен олардың одақтасы Құбылайға қызметке тұрған, Қытайлардың әскери-федалдық бюрократиясының жоғарғы топтарының Қытай халқын езгіге салып, қанау кезеңі болды.
Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің атына байланысты оқиғалар бұрыннан бері Қытай тарихшыларының қызықтыруда. Олардың біразы 1960-шы жылдардың басынан бастап Моңғолдардың өткенін бұрмалау арқылы көрсете бастады. Олар ең алдымен Моңғол халқының өз бетінше ұлттық-мемлекет құру құқығына шек келтіріп, оны жоққа шығарады. Оны Моңғолияның Қытайға қатысы жағынан «тарихи тұрғыда оны шетелдік мемлекет деп есептеуге келмейді». өйткені оның халқы «атам заманынан бері Қытай жерінде тұрып жатыр».
Тарихнамалық шолу.
Бұл мәселе төңірегінде Қытай, Ресей және шетелдік Қытайтанушы ғалымдары жан-жақты зерттеу жүргізген. Дегенмен, әлі күнге дейін құрамы мен идеологиясына қатысты ортақ пікір жоқ десе болады. Біздің бүгінгі бітіру жұмысымыздың мақсаты, сол пікірлерді қарастыра келіп, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Реакциондық гоминьдан идеологиясынан кейін, олар моңғолдарды «Қытайдың аз ұлт өкілдері» ретінде ғана қарастырады. Міне осылайша Шыңғыс хан олар үшін — «Қытайдың аз ғана ұлт» өкілдерінің ханы.
Бұндай дәйексіз пікірдің өзіндік шығу тарихы бар. Ол ертедегі «бір тұтас Қытай ұлты» деген концепция негізінде, ақылға сыйымсыз ұсыныс. Моңолдар мен Қытайлар (ханьдықтар) арасындағы туысқандық болған дейді. Олар ежелден бері бір ғана, жалғыз ұлт бар, олардың негізгі ядросы, жинақтаушысы «ханьдықтар», ал елдегі қалған халықтар олардан таралған бұтақтар делінеді. Бұндай бұрмаулаушылықты сынай отырып, ұлы Қытай жазушы – демократы Лу Синь 30-шы жылдары былай деген болатын:
«20 жасымда мен біздің Шыңғыс хан Еуропаны жаулар алғанда «біздің алтын ғасырларымыз» болды дегенді естідім». Тек қана маған 25 жас толғанда ғана «біздің алтын ғасырларымыз» деген кезде Моңғолдар Қытайды бағындырып, біздің құл болғандығымызды білдім.
Қытай тарихшылары «Шыңғыс хан Қытайдың даңкты саяси және әскери қызметкері», оның ұрпақтары «Қытайды біріктіруді аяқтап. Юань: Мин және Цинь — әулеттерінің 600 жыджан астам уақытқа шекарасын мызғымастығын» — дейді. Кейбір Қытай тарихшылары ешбір негізсіз Юань династиясын Қытайдағы көрптеген әулеттердің бірі ретінде ғана қарастырады. Құбылай олардың айтуынша хань және хонь емес халықтар үшін «бейбітшілік» пен «бірлік» орнатты. Аса зор Юань империясының территориясында, оның құрамында Қытай да бар, бай Гон және басқа Қытай тарихшыларныңы көзқарасы бойынша, Моңғолдардың Қытай жеріндегі жүгенсіздігін тарихи қажеттіліктен деп ақтауға ұмтылғанын көреміз. Тіпті Шыңғыс ханның іс-әрекетін марапаттай отырып, Қытай тарихшыары, оның құрған «бір тұтас көп ұлтты мемлекеті» феодалдық емес құлиеленушілік болды дейді. Бұл олардың тарихи фактілерді білмегендігінен емес, XIII-XIV ғасырдағы Моңғолияның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін төмендетуден туындаса керек.
Кеңес дәуіріндегі отандық тарихшылар мен Моңғол ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеу еңбектерінде бір тұтас дәлелдермен, кейбір Қытай тарихшыларының пікірлерінің дәйексіздігін көрсетті. Соның ішінде олардың Моңғол халқының саяси және экономикалық тәуелсіздігінің әр түрлі кезеңдерін жоққа шығаруының дұрыс еместігін Құбылайдың Қытайдағы билігін идеаландыруын, моңғолдардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жоққа шығарушылықтарын сынады.
Ежелгі заманнан бастап, бамбук планкалары мен жібек маталарына, бал ашатын сүйектерге, қала ыдыстарға, кейін қағазға кәсіби ақылды және кәсіьи төрелер (шенеуніктер) айналасында болып жатқан оқиғаларды өздері көрген-білгендерін қағазға түсіріп отырды. Мемлекетпен құпталатын жазба жұмыстары шежірелері Қытайдың рухани өмірі туралы негізгі құраушы бөлігі болып табылады. Алғашқы және тиғапикалық жалпылама сипатқа ие болған күнделікті тарихы, оқиғаларды қағыз бетіне түсірген отырған.
Әдетте жаңа әулет таққа отырғаннан кейін, алдыңғы әулет тарихын жазып отыру үшін кәсіби тарихшылар коммисиясы құрылатынг еді. Мұндай коммисиялар Қытай тарихында 24 рет кездеседі. Олар алдыңғы әулеттің тарихи оқиғаларын толықтай және дәл жеткізуге, оқырмандарды жазбаны оқыған кезде белгілі бір шешімге келуге тырысты. Оқырмандарға оқытқызудың себебі, олар басқарушы әулеттің лештимдігін дұрыстау үшін. Әрине, жаңа әулеттің басқарғанын жаңа интерпрация және ежелде өткен оқиғалардың дұрыстығын дәлелдеу үшін керек етті. Мұндай жағдайда комиссия мүшелері тарихи мәліметтерді өздеріне тиімді етіп көшіріп жазды. Бірақ тарихты қайта көшіру ежелден сақталып келген конфуциандық этика мен дидактика, насихаттаудың қатаң сақталуымен бағаланды.
Жұмыстың дерек көздері.
Міне осы жоғарыда айтылған пікірлерді саралай келе, біздің диплом жұмысымыздың тақырыбы да, осы пікірлердің қайсысы тарихи шындыққа жанысымды екендігін анықтауға бағытталағн. Іздену жұмысы барысында мынадай дерек көздерін пайдаландым: «Моңғолдың құпия шежіресі», [1] «Юань-Ши», [2] Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы», [3] Әбілғазының «Түркі шежіресі», [4] Ата-Мәлік Жувейнидің «История покорителя мира», [5] Плано Карпини мен Вильгельм Рубруктың «Истрия моноголов и путешествия в Восточные страны», [6, 7] Марко Поло [8] кітаптарын пайдаландым.
Зерттеу еңбектеріне келетін болсақ Долой Чулуунның «Монголия в XIII-XIV вв.» [9] деген еңбегін, К.Д. Осеонның «От Чингизхана до Темирлана», [10] Эренжен Хора-Даванның «Чингизхан как полководец и его наследие», [11] «Татаро-монголы в Азии и Европе», [12] деген жинақты және қазақ тілінде шыққан журналдарда шыққан мақалаларды пайдаландым.
Моңғолдар Қытай халқын жаулап алып, өз басқару принциптерін енгізбек болған мақсаттары жүзеге аспады. Моңғол билеушілерінің мұндай әрекеттері Қытай халқының наразылығын тудырды.
Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмыс жазылу барысында объективті, тарихилық, жүйелік әдістерімен қамтылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында көрнекті кеңестік және шетелдік қытайтанушы тарихшы ғалымдардың еңбектеріне жүгіндік.
Жұмыстың негізгі құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде негізінен моңғол тарихындағы Юань империясының орны мен оны зерттеу проблемалары, дерек көзі мен зерттеу дәрежесі, жоспары баяндалады.
Бірінші тараудың тақырыбы: Шыңғыс хан мен әлемдік дервасының ыдырауы мен моңғолдардың Юань империясының құрылуы. Бұл тарауда Арық Бұға мен Құбылайдың арасындағы хан тағына таласы мен оның нәтижеасінде Моңғол империясындағы ыдырау процесі мен Құбылай негізін салған Юань империсяняң құрылуы туралы сөз болады.
Екінші тарауда: Юань Моңғол империясындағы міндеткерлік пен салық жүйесі деп аталады. Бұл тарауда Қытай территориясындағы Моңғолдардың экономикалық-әлеуметтік өмірі деректер негізінде баяндалады.
Үшінші тарау: Юань империясының құлауы. Тарауда Тогон-Темір кезінде жергілікті халықты аяусыз қанау нәтижесінде ұлт-азаттық күрестердің күшейгендігін, соның нәтидесінде қарудың күшімен тұрған Моңғол билігінің құлауына әкелгендігі айтылады.
Қорытындысында, Юань империясының Моңғол тарихындағы орны мен маңызына тоқталдық.

1. Юань империясының әлеуметтік жағдайы.

Юань империясының құрылуы

XII ғ. Қытай жерінде төрт мемлекет өмір сүрді: солтүстікте — чжуржэн-дердің Цзинь мемлекеті, солтүстік-батыста — тибет-таңғұттардың Батыс Ся мемлекеті және оңтүстікте — қытайлықтардың Оңтүстік Сұң империясы мен Юнаньдағы Наньчжао (Дали) мемлекеті.
Қытай жеріндегі бұндай саяси жағдай бүл елге көшпелі тайпалардың басқыншылық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан болатын. Біртүтас бүтін Қытай енді болмады. Оның үстіне, XIII ғ. басында елдің үстінен моңғол шапқыншылығының қаупі төнген кезде, осы мемлекеттердің әрқайсысы ішкі шиеленістерінен әбден әлсіреген жөне өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалуға барынша дәрменсіз мемлекеттер болған еді.
ХШ ғ. басында, Қытайдың солтүстік шекарасында татар, тайжуыт, керей, найман, меркіт деп аталған, кейін моңғол тайпасының негізін салған көшпелі тайпалар пайда болды. Ал XII ғ. ортасында, олар қазіргі МХР территориясында, Хэйлунцзян өзенінің жоғары жағында және Байкал көлінің айналасындағы далаларда көшіп-қонып жүрген болатын.
Моңғолдардың өмір сүрген табиғи ортасы олардың алғашқы қауымдық кезеңдегі егіншілік, аңшылық және мал бағуды қатар алып жүрген күрделі жүйеден сараланып шығып, енді тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады. Ірі қара жөне ұсақ малдарды, жылқыларды асырауға қажетті су мен шөпке бай жайылым жерлерді іздеумен күнелтіп, қөшпелі моңғол тайпалары Ұлы даланың шексіз-шетсіз аймақтарына көшіп- қонып жүрді. Үй жануарлары моңғолдарды тамақпен асырады. Олардың терісі мен жүндерінен киім-кешек, жүннен үйге қажетті киіз және аяқка киетін жасалып, үй тұрмысындағы бұйымдар өзірленді. Көшпелілердің қолөнершілері жасаған бұйымдар көбінесе үй тұрмысында пайдаланылатын, ал малды өздерінің отырықшы көршілеріндегі көшпелілерге қажетті егіншілік заттарына, астыққа, қалалық қолөнершілердің бұйымдарына айырбастайтын. Көшпелі шаруашылығы, барған сайын, әртүрлі салаларға бөліне бастап, дамыған отырықшы халықпен арадағы сауданың мәні күн сайын артып отырды — қоғамының дамуы, көп жағдайда, Қытаймен арадағы байланысқа байланысты болды. Қытайдан алғаш рет моңғол өміріне темір бұйымдар енді. Шеберлерінің ұсталық тәжірибесін моңғолдар қару-жарақ жасауға пайдаланды. Жайылымдар мен құлдар үшін күресте моңғолдарға қару-жарақ өте қажет еді.
Моңғол қоғамының негізін басы бос, тәуелсіз араттар құрады. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын бүл шаруалар мал бағумен қатар, оның жүнін қырқу, одан киіз үйге қажетті киіз басу мен кілем тоқу дәстүрін де калыптастырды. Олардың шаруашылығында кейде соғыста тұтқынға түскен, содан құлға айналғандардың еңбегі де пайдаланылды.
Моңғолдардың көшпелі қоғамында уақыт өткен сайын, елеулі өзгерістерге өту кезеңі жүріп отырды. Алғашқы кезде рулық қауымның дөстүрі катаң сақталатын еді. Үнемі көшіп-қонып жүретін рулар бір жерге тоқтап коныстанғанда, ру басының киіз үйінің төңірегіне дөңгеленіп, соның айналасына үйлерін шеңбер жасап тігетін болған және бүл күрен деп аталатын. Дәл осы әлеуметтік дәстүр өте сұрапыл да қатал дала жағдайында, көшпелі өмірдің қиындыққа төзімділігін, әрбір ру мүшесінің қауіпсіздігінің сақталуын камтамасыз ететін. XII ғ. аяғынан бастап, мүлік теңсіздігінің өсуіне байланысты моңғолдар қандас туыстық белгілері бойынша жақын, аздаған отбасылардың басын біріктірген айыл болып көшуге дағдылана бастайды. Рудың ыдырауға ұшырауына байланысты, өкімет билігі үшін ұзаққа созылған күрес кезінде алғашқы тайпалық одақтар пайда бола бастайды. Тайпалық одақтардың басында, тайпа ақсүйектерінің — нойондардың мүддесін іске асырушы, мұрагер билеушілер отырды.
Моңғол тайпалық одақтарының ішінде борджигин руынан шыққан Есугей батыр басқарған одақтың аты кеңінен танымал болды. Оның тайпасы казіргі Үлаан — Батордың солтүстігі мен шығыс жағындағы далаларда көшіп жүретін еді. Ол өзінің беделі мен ерлігі арқасында күшті тайпалық одақтың көсемі, яғни қағанына айналады. Есугей батырдың ерлік әрекетін оның баласы Темучин жалғастырады. Әкесінің жауынгерлік мінезіне тартқан Темучин өзіне біртіндеп батыс жақтағы Алтай тауларына дейінгі, Шығысында — Хэйлунцзян езенінің жоғары жағына дейінгі жерлерді басып ала бастайды, сөйтіп моңғолдық жер иеліктерін кеңейтеді. 1203 жылы ол өзінің саяси бәсекелестері Жамуға мен Уаң ханды жеңіп шығады.
1206 жылы нойондардың құрылтайында Темучин бүкіл моңғолдардың билеуші ханы — Шыңғысхан (1155-1227 жж. шамасы) деп жарияланады. Ол өзінің мемлекетін Моңғол мемлекеті деп жариялап, бірден басқыншылық әрекеттерін бастайды. Шыңғысхан өзінің мемлекетті басқару әдістері мен заңдары туралы атақты Ясасын жазады. Онда басқыншылық соғыстар моңғолдардың өмір сүру тәсілі деп көрсетіледі. Шыңғысханның әскерінің барлық күш-қуаты оның көшпелі өмірде әбден шыныққан атты әскерінде болатын.
Моңғолдардың әскери өмір салтын нойондарға қызмет ететін, ру ақсүйектерінің ішінен құралған өскери жасақтар — нөкерлер қалыптастырды. Осы рулық әскери жасақтардан моңғолдардың қарулы күштері құралды, оларды қанды жорықтарда әбден шыңдалған, рулық қандас туыстық қатынаспен бекітілген жетекшілер басқарды. Моңғолдардың әскерінің қатары олардың жаугершілік кезінде қолға түсірген түтқындары есебінен толықтырылып отырды.
Моңғолдардың басқыншылық соғыстары 1209 жылғы Батыс Ся мемлекетіне жасаған шабуылынан басталады. Таңғұттар өздерін Шыңғысханның вассалымыз деп мойындап қана қоймай, моңғолдар жағына өтіп, чжурчжэндердің Цзинь империясын талқандауға қатысады. Шыңғысханның’ жағына оңтүстік Сүң империясы да өтіп, уақытты ұтымды пайдалану мақсатымен, чжуржэндерге жыл сайын төлеп келген алымдарын тоқтатып, оларға қарсы моңғолдармен бірлескен одаққа қосылатынын мәлімдейді. Моңғолдар болса Солтүстік Қытай жеріне билігін орнықтыруды өте жылдам белсенділікпен іске асыра бастайды. 1210 жылы моңғолдар чжурчжэндердің Цзинь мемлекетінің шекарасына өтіп, бұл елге де басқыншылық соғысын бастайды. Моңғолдар чжурчжэндер басып алған бұрынғы Қытай жеріндегі қалалар мен ауылдарды тонап, халықты қырғынға ұшыратып, алға жылжиды. Цзинь әскерлері куатты моңғол әскерінің күшіне төтеп бере алмай, моңғолдардан бітім сұрайды. Шыңғысханның әскері алғашқы кезде қала-бекіністерді алудағы төжірибесінің жоқтығынан біраз қиындыққа тап болып, әскерлері біраз шығынға ұшырағандықтан, 1211 жылы уақытша чжурчжэндердің бұл өтінішін қабыл алып, бітімге келеді. Бірақ бүл жағдай ұзаққа созылмайды, сәл тыныстаудан күш алған моңғол әскері шабуылын қайта бастайды. 1215 жылы моңғолдар Пекинді ұзақ уақыт қоршауға алып, ақыры басып алып, оны қирауға ұшыратады.
Чжурчжэндердің моңғол әскерінен тез арада жеңіліс табуының себебі, XII ғ. аяғы мен XIII ғ. басында Цзинь империясында үлкен езгерістер жүрген еді. Олардың біразы отырықшылық өмірғе көшіп, егіншілікпен айналысқан болатын. Осының нәтижесінде чжурчжэндердің коғамында әлеуметгік жіктеліс жүріп, ол бұл этностың ішіндегі шиеленісті өршітіп, жікке бөлінуді күшейтіп жібереді. Ұйыған тұтастықты жоғалту және әскердің бұрынғы күш-қабілетінен айрылуы чжурчжэндердің моңғолдардан ойсырай жеңілуіне әкеп соққан еді. Сонымен қатар жергілікті қытай халқының біразы чжурчжэндердің әскері қатарында соғысып, қалаларды қорғау, бекіністер салуда көмектессе, екінші бір қытайлық топтар моңғолдар жағына өтіп, оларға чжурчжэндерді жоюға көмек керсетті. Оңтүстік Сұң мемлекеті моңғолдармен келісімге келіп, чжурчжэндерғе қарсы моңғолдармен әскери одаққа бірігеді, сөйтіп, 1224 жылы онтүстік Қытай Цзинь императорына салық төлеуді тоқтатады. 1226 жылға қарай моңғолдар Цзинь империясының біраз жерін басып алады.
Шыңғысханның әскері алға жылжи отырып, Шаньдунді бетке алады. Содан кейін әскердің бір бөлігі Кореяны бетке алып, солтүстік-шығыска жылжиды. Алайда, моңғолдардың негізғі күштері кері қайтып, еліне аттанады да, 1218 жьшы Батысқа жорығын бастайды. 1218 жылы Батыс Ляонын бұрынғы иеліктерін басып алып, моңғолдар Орта Азиядағы Хорезм мемлекетінің шекарасына жақындайды.
Ал моңғолдардың Батыс Ся мемлекетіне шабуылы Шыңғысханнын көз тірі кезінде екінші рет басталып, кері қайтқан болатын, енді 1226 жылы моңғолдар сегіз жыл өткізіп барып, қайта шабуылдайды. Таңғұттарды ойсыра жеңғен Шығысхан ескері, бүл Батыс Ся мемлекетін 1227 жылы біржола жойып, осы жеңісті жорықтан қайтып келе жатып, Шыңғысқан қайтыс болады. Моңғол мемлекетін уақытша оның кіші ұлы Төле билейді.
Моңғолдар Қытайдың солтүстіқ-шығыс жерін басып алу кезінде ірі қиындыққа тап болады. Моңғол әскерлері биік тау асуы Туңғуаннан Хуаңхэ өзенінен өтуге, сөйтіп, Хэнань жеріне жетуге ұзақ уақыт әрекеттенеді. Хэнаньға ақыры моңғол әскерінің тұяғы тигенімен, бұндағы қытай қалалары қатты қарсылық көрсетеді. Қоршауға алынған Қайфын қаласы жанталаса қарсыласады. Қалада ашаршылық орнап, оны қорғаушылар жаппай қырыла бастаса да, қала қарсыласып бақты. Қару-жарақ таусылғанда, кайфывдықтар моңғолдардың әрбір атқан жебесінен терт жебе жасап, онымен өздеріне қарсы оқ жаудырды.
Моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып, 1229 жылы, Шыңғысханның екінші ұлы — Үгедей сайланады. Империяның астанасы ретінде Қарақорым қаласы белгіленді (қазіргі Ұланбаатор қаласының оңтүстік-батыс жағында). Осыдан кейін моңғолдардың атты әскері ұлы қабырғаның оң жағына қарай аттанып, чжурчжэндердің қолында қалған жерлерді басып алуға кірісті. Осы Цзинь мемлекетінің басына ауыр қүн туған кезінде, Үгедей оңтүстік Тұң императорымен чжурчжэндерге қарсы әскери одақ құрады, ол үшін тұңдарға Хэнань жерін беруге уәде етеді. Моңғолдармен одақтасуға бара отырып, қытай үкіметі олардың көмегімен өздерінің ежелгі жауы — Чжурчжэндерді талқандап, олардың басып алған жерлерін қайтарып аламыз деп үміттенді. Алайда бүл үміт ақталмайтын арман еді.
Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтап, 1234 жылы моңғолдар Чжурчжэндердің мемлекетін толық талқандайды. Ел іші қаңырап бос қалды. Чжурчжэндермен соғысты аяқтай салысымен, моңғолдар оңтүстік Сұң
империясына қарсы, олармен жасалған қелісімді бүзып, соғыс жариялайды. Осы уақыттан бастап, қытай халқының моңғолдарға қарсы жүз жылға созылған кескілескен қарсыласу соғысы басталады. 1235 жылы моңғол әскерлері Сұң империясының жеріне басып кіргенде, олар жергілікті тұрғын халықтың жан беріп, жан алған қарсылығына тап болады. Қоршауға алынған қалалар жан аямай қорғанды. Моңғолдар оңтүстік Қытайды бағындыру үшін, оларға қарсы төрт ірі жорық жасады. Моңғол хандарының құрылтайында басқыншылық корықтардың болашақ жоспарлары жасалып, кімнің қайда аттанатыны белгіленеді. 1251 жылы моңғолдар Қытайға Хұбылай бастаған үлкен әскери күштерін аттандырады. Осы жорықтардың бірінде ұлы моңғол хандарының бірі Меңке қатысып, Сычуандағы Нунции қаласын қоршау кезінде, ол қайтыс болады. Сычуандағы жеңістен кейін моңғолдар Гуансидегі Учан қаласынан шығып, Гулянды алған соң, солтүстіққе қарай Чаншаға жақындайды. Янцзының жағалауында шабуыл солтүстіктен оңтүстікке қарай басталады. 1257 жылдан бастап моңғолдар Оңтүстік Сұң империясын жан-жақтан қоршауға алады, әсіресе олардың әскері Дайвьет мемлекетінің шекарасына жақын келіп, Тибет пен Наньчжао мемлекетін бағындырған соң, қауіпті қүшейте түседі. Сөйтіп, Сұң империясы үш жақтан қоршауға алынады. Бірақ оңтүстіқ сұңдық астана Ханчжоуды алу үшін моңғолдар 1279 жылға дейін күресті. Моңғолдардың әскері астанаға жақындағанын білген соң, Сұң үкіметі олармен кеселіссөз жүргізуғе асығады, ақыры 1279 жылы Ханчжоуды соғыссыз береді. Сол жылы астананы алғаннан кейін де, қытай еріктілерінен құралған әскерлері моңғолдарға қарсы азаттық жолындағы күресті тоқтатқан емес. Сұң сарайы елдің қорғанысын қамтамасыз етуғе дәрменсіз болғанымен, халық отанын жан аямай қорғай білді. Басқыншыларға қарсы кескілескен қарсы топ Вэнь Тяньсяң (1236-1282) басқарған армия ұзақ уақыт жалғастырды. Ұзақ уақыт қорғаныстан кейін, 1276 жылы Цзянсиде Вэнь Тян жеңіліске ұшырап, тұтқынға түседі. Хұбылайға қызмет еткеннен гөрі өлуді артық көрген ол, өзін өлім жазасына кескенді калады. Түрмеде отырып жазған оның патриоттық елеңдері халыққа кеңінен танымал болды. Кейбір әскери қолбасшылары сұң флотының кемелерімен аралдарға қарай кетіп, моңғолдарға қарсы күресті теңізде де жалғастырады. 1280 жылы моңғолдармен теңіздегі шайқаста қытай әскерінің қалған бөлігін талқандайды. Осылайша бүкіл Қытай жеріне моңғолдардың үстемдігі орнайды.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысында төмен бүкіл монғол империясы өзінің ыдырауы жағдайына жақындаған болатын. Бұл процесс Мүнке ханның өлімінен (1251-1259) кейін тіпті күшейе түсті. Монғол империясы бөлшектерге ыдырап, ақыр соңында бірнеше мемлекеттерге бөлініп, әр қайсысы өз бетінше өмір сүріп, дами бастады. Империяның ішіндегі саяси тоқырау күшейген кезде, Монғол феодалдары арасында қаған тағы үшін, артықшылықтар мен билік үшін күрестер асқына түсті.
Мүнке-хаған билеген кезінде хаған тағы үшін Үгедей мен Төле руынан шыққан нояндар арасында тартыс болды. Мүнке хаған олардың ішіндегі белсенді ұйымдастырушысы Ширэмұнды өлім жазасына кескен соң, бұл тартыс бәсеңдеген болатын. Бірақ та саяси аренада Төленің ұлдары Арық-Бұға мен Құбылайдың көрінуіне байланысты, Шыңғысханның «алтын ұрық» ішіндегі қаған тағына талас қайта күшейіп, Монғол мемлекетінің негізіне нұқсан келтірерлік оқиғаға айналды.
Мүнке-қаған Оңтүстік Сундерге қарсы жорықта жүргенде, Арық Бұға қара қорымға таяу өз көшпенді тұрағында болатын. Өз отанында қалып ежелгі Монғол жерін қорғауға тиіс еді. Өлер алдында Мүнке хаған өзінің інісі Арық-Бұғаға Қарақорымның айналасындағы ежелгі монғол жайылымдарын иемденуіне берген болатын. Сондықтан да Құбылайға қарағанда Арық-Бұға, Мөнке хағанынан кейінгі хаған тағының заңды мұрагері болды.
Арық-Бұғаны ежелгі Монғол дәстүрі бойынша Хоқан тағына отырғызарда Мүнке-хағанның бәйбішесі Қарақорымда Ұлы Құрылтай (съезд) шақырды. Оған бүкіл хан тұқымдары, хан руынан шыққан нояндар, ықпалды ақсүйектер мен елшілер шақырылатын. Шағатай мен Бату ұлысының ірі нояндары Арық-Бұғаның таққа отыруын қолдады. Деректерге жүгінетін болсақ Арық-Бұға тәжірибелі және қайсар әскер басы болса да, ол Құбылайға қарағанда білімділігі жағынан төмен болды.
Құбылай жаулап алынған Солтүстік Қытай аймағын басқара отырып, бұл елде ұзақ тұрғандықтан, қытайлардың салт-дәстүрін жақсы білді. Жастайынан білімге құмартып, қытай ғалымдарынан тіл үйреніп, олармен қытай тарихи шығармалары туралы әңгімелесіп, мемлекетті қалай басқару керек екендігі туралы ойларын тыңдады. Тарихи еңбектерде Құбылайдың білімділігі әскери істі жетік меңгеретіндігі, Шыңғыс ұрпақтары ішіндегі ақылды, білгірі саналып, Оған Құбылай Сэчен (Құбылай дана) деген ат тағылған. Сол кезде Құбылайдың қызметінде Қытайда атағы шыққан ғалымдар Чжао Би (шыққан тегі дагур монғол болуы мүмкін, Конфуции ілімін түсіндірген), Ван Э, Лю Бинччжун, Хао Цзин және басқа шенеуліктер болды.
Арық-Бұға мен Алаңдар ноян Құбылайдың қытай шенеуліктері мен қолбасшыларының ақыл-кеңесімен хан тағына мұрагерлікті тартып алу үшін астыртын әрекет ұйымдастырып жатқанын біліп, Мүнке-хоғанға бірнеше рет ескертеді: « Құбылайдың құқығы мен артықшылықтарын шектеу керек. Бұл адамға қалай да болмасын хаған тағын иемденуге жол бермеу керек»- дейді. [19; 35]
Арық- Бұғаның хаған тағына отырғандығы жайында хабар жетісімен Құбылай Қойпыңда / кейін Шоңды – Юань императорларының «Жоғары Астанасы»/ 1260 жылдың маусымында тағы бір Ұлы құрылтай шақырып, өзін Монғолдың ұлы ханы деп жариялады. Бұл кезде Құбылай 44 жаста еді. Міне осылайша 1260 жылы Монғол империясы екі Ұлы құрылтай шақырылып, екі астанасы болды. /Қарақорым, Қайпон/. Осы уақыттан бастап ағайынды Арық –Бұға мен Құбылай арасында басталған қақтығыс қарулы қантөгістерге алып келді. Арық-Бұға өзінің ағасына қарсы, әулеттік мұрагерлік заңын бұзғаны үшін соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Бір жағынан төле тұқымынан шыққан Хадон мен басқа нояндар әскері Құбылай жағынан батыл әрекетке көшті, қытай әскерлері де Арық-Бұғаға қарсы соғысқа қатысты. 1260 жылдың күзінде Арық-Бұға мен Алондар қолбашылық еткен әскерлер Кайпонға екі бағытта қозғалады. Кайпоннан Құбылай мен Хадон басқарған әскерлер екі жолмен қарсы шықты. Ходан мен Алондар әскері арасында Гобидің оңтүстік шетінде қатыгез шайқас болды. Алондар әскері талқандалып, өзі өлтірілді. Қарсыластардың басты күштері Арық-Бұға мен Құбылай бастаған әскерлер Монғолияның оңтүстік бөлігінде кездесті. Нәтижесінде Арық-Бұға жеңіліп, шегініп кетті. Құбылай Арық-Бұғаны өкшелей, қуалай отырып Орхон мен Толы өзендері аңғарына дейін жетіп, Қарақорымды бағындырды.
Бұдан кейінгі уақыттарда Арық-Бұға бірнеше рет Құбылайдың әскері орналасқан территорияға шабуылдаған еді, бірақ бәрі де босқа кетті. Соңғы үміті үзілген ол 1264 жылы, әскерінің қолдығымен Құбылайға берілді. Олардың арасындағы ұлы қаған тағы үшін күрес тоқтағанымен, Монғолиядағы хаған тағы үшін талас бәсеңдемеді. Оны бастап, жалғастырған Хайду болды.
Құбылай інісінің өмірін сақтап, оған екі жыл бойы бұрынғы құқықтары мен артықшылықтарын қалдырды, бірақ оны қатты бақылау астында ұстады. Қалған нояндары Арық-Бұғаның жақтастарын ағайындылар арасындағы арыздықты қоздырып, астыртын бүлік шығарды деген айып тағылып басым бөлігі өлім жазасына тартылды.
Құбылай бастапқыда 1260 жылы Монғолияның астанасын Қарақорымнан Қайпынға, одан кейін 1264 жылы Қайпыннан Яницзинге (Пекинге) көшірді.
Құбылай –хаған кезінде 1264-1270 ж чжуржаньдер мемлекетінің астанасы Солтүстік Қытайдағы Яньцзиннің (Пекин) жанынан тағы бір жаңа қала салына бастады. 1271 жылы тыңғылықты тексеруден кейін бұл қала барлық талаптарға сай келеді деп танылып, Юань мемлекетінің жаңа астанасына жарайды делініп оған 1272 жылы Құбылайдың жарлығымен Ханболгасун (Хаған қаласы) немесе Иэкэ нислэн (Ұлы Астана) деген атақ берілді.
Құбылай бастаған монғол феодалдарының астанасы Монғолиядан Қытайға ауыстыруында, белгілі бір ерекше саяси және экономикалық мақсаттарды көздеген болуы керек. Ең алдымен Қытайды жаулап алу, одан кейін Жапонияны, Вьетнам, Үндістан, Индонезияны және басқа Шығыс Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін басып алуды көздеген еді. Мүмкін Монғолдар бүкіл Қытайды жаулап алғаннан кейін, көлемді територияны басқару қиындығынан астанасын ауыстырған шығар. Бірақ бұның нәтижесінде Монғолияның экономикалық және саяси өмірінде кері кетушілік орын алды.
Хаған тағын тартып алып, Арық –Бұғаны жеңгеннен кейін, Құбыла Қытайдың оңтүстік аудандарын жаулауға көшті. Құбылай ықпалды, Қытай үстем топтары өкілдерін өз жағына тарта отырып, елдегі саяси билікті толық қолына алуға ұмтылды.
Ғалымдардың көпшілігі Құбылай-хаған, 1271 жылы, бұрынғы қытай әулеттеріне еліктеп, өз әулетіне Юань деген ат берді дейді.
«Юань»-қытай сөзі орыс тіліне аударғанда «начало, исконный, коренной» білдіреді. Мемлекеттің негізін құрушы Монғолдар болғандықтан, олардың да осы атты беруіне қатысы бар. Сондықтан да монғолдардың «Иджагур-ун-улус» («коренной государство») деген сөзінің қытайшаға аударылуы да ғажап емес.
1269 жылы Құбылай Лю Бинчжун мен Сю Хенге Қытайдың әкімшілік құрылымын жасауды тапсырды. Бір жыл бойы жұмыс істеп олар Қытайды монғолдардың басқаруының жобасын жасады.
Жобаны қарап Құбылай монғол нояндар мен қытай шенеуліктерін жинап алып, талқыға салды. Тек монғолияның өзіне қатысты баптар тыңғылықты қаралып 1271 жылы ғана жүзеге асырылды. Бұдан байқайтынымыз Құбылай мен монғол нояндары түпкілікті монғолияны Қытай үлгісімен басқаруға үрке қарап, қарсы болды. Юань империясын монғол хақаны басқарды. Иерархиялық саты да, одан кейін хатун, одан әрі тақ мұрагері, патша ұлдары, хан туыстары. Министрлер мен шенуліктердің басым бөлігі монғолдар болғандықтан, оларды княздар-хан туыстары деп атады. Империяның ішкі және сыртқы билігі толығымен ханның қолында болды. Хақаннан кейін әкімшілік билікке ие «үш мемлекеттік кеңесшілер», болып кейде жалпы басшылық жасады. Олар қытай деректеріне «саньгун»-«три гун», дәлме-дәл «үш герцок» деп атаған. Олар Үгедей қаған кезінде пайда болған. Құбылай кезінде мемлекеттік кеңесшілердің кейбіреуі сайланбаған, бір ғана кеңесші болған, Темір хаған кезінде қайтадан үшеу болды. Бұл айтылған нәрсе Юань әулетінде қытай басқару жүйесін көшіріп қана қойған жоқ. Оған монғол дәрежелерін де қосып отырған.
Үгедей қаған кезінде Елюй Үуқай ұсынысымен Чжуншу-шен (Ұлы императорлық секретариат) құрылған еді. Ал Юань дәуірінде ол империяның ең жоғары әкімшілік органы болып, басты қызметі «жалпы мемлекеттік істерді шешу» болды. Бұл органға жалпы басшылыққа Чжун-шу-лина – (Ұлы секретариатының бастығы)-жүргізіп, оған тақ мұрагері тағайындалды. Оның құрамына екі министрі (Чен-сян)-оң қол, сол қол (олар кейде екіден де көп болған) және бірнеше кеңесшілері мен көмекшілері болды.
Өкімет құрамына екі басқару органы –оң (ю-сы) және сол (цзо-зы) құрылды. Бірнеше бөлімдерге бөлініп, шенеуліктерді іріктеумен сарай салтанаттары мен дәстүрлерін ұйымдастырумен және мемлекеттік финанспен айналысты, ал екіншісі-император ұландары мен әскери іспен байланысты жұмыстармен, жазалаумен және қоғамдық жұмыспен айналысты. Орталық өкіметтің құрамында алты министрлік болды (дәрежелер, дәстүрлер, әскери, жазалау мен қоғамдық жұмыстар) Чжун-шу-шэн өте ірі мекеме болды.Мысалы: 22 монғол, 60 қытай және 14 мұсылман көшірмешілері жұмыс істеді. Бұдан басқа хақанның жанынан шу-ми-юань (әскери кеңес) «құпия істермен айналысқан», соғыс, бейбітшілік, сыртқы істерді ұйымдастырушы және юй-ши-тай (цензорат), шенеуліктер ісін бақылаушы болды. Тікелей хақан қол астындағы облыстар мен аймақтардан тыс, Қытайдың барлық территориясы он син чжун-шу-шэн дәл мағынада қозғалмалы ұлы император секретариаты немесе провинцияға бөлінген. Провинциялық өкімет басшылығына, министірлігіне және әкімшілік маңызды қызметтерге, ірі қала басшылығына 25 жастан асқан монғолдар тағайындалған. Қытайлар 50 томдық, 100 томдық әкімшілік басшылығына жіберілген
Қытайдағы өз үстемдіктерін нығайту үшін монғол билешілері, Юань әулеті хақанның басшылығымен, монғол әкімшілік аппаратына, монғол билігі үстем болып, олардың көмекшілігіне ұйғырлар, түркілер, парсылар және қытайлықтар тартылды. Монғол үстемдігі Қытайда әкімшіліктің қатал жүйесімен ғана емес, мықты әскери күшке сүйеніп, қарсылықтарды басып отырды.
Құбылай монғол империясының ұлы ханы ретінде ІІ жыл бойы (1260-1271) қытайды жаулауын тоқтатты. Орталығы Қытай болып табылатын Юань империясының құрылуына бірнеше бірнеше рет монғолдардың қарсылығына ұшыраған еді. Бұл күресті Арық-Бұға саясатын қолдаған ықпалды ноян Хайду басқарды. Хайду Үгедей ұрпақтарының ішіндегі ең ақылды, білігірі саналды. Мүңке-хақан кезінде хақанға қарсы бүлык ұйымдастырғаны үшін, астанадан алыс өлке таулы Тарбағатайға аласталған еді. Алысқа жер аударылғандардың ішінен Мүңке Хайдудан қорықты. Қауіпсіздік мақсатымен ол Тарбағатай тауының бір жағында ерекше әскер отрядын дайын ұстады.
Мүңке-хақан өлімінен соң Хайдудың жақтастары, барлық күштерін, хақан тағын Угедей ұрпақтарының өкілдері алуына салды.
1264 жылдың аяғында, Арық-Бұға жеңілген соң, Хайду бірден Хұбылайға қарсы қаруыл күресін бастады. Оның әскерінің басты күштері Еміл өзенінің жағалауында орналасты.
Хұбылай, Хайду шабуылының алдын алу үшін әскерін дайындап, оның бас қолбасшылығына өзінің ұлы Номуханы тағайындады.
Сонымен қатар монғолияның өзіне қатысты істерді басқаратын ханзаданың орнын иемденді. Ол Қарақорымда тұрып, өз бетінше Монғолия аймақтарын «тыныштандыруға», Хайду қарсылығын басуға байланысты кез келген шешімді қабылдауға өкілеттік алды.
Номуха Қарақорымның айналасын күзетугше бақылауға бөлімдер жіберді. Сол уақытта Шағатай ұлыс Алтын Орда нояндарымен одақ құру үшін елшіліктер жіберді. Ол ең алдымен Шағатай ұлысымен келісімге келе алды. Әкесі Құбылай атынан, қытайдан бағалы заттарын сыйға тартып, шабармандар жіберді. Осы келісім бойынша Шағатай болысы өз әскерінен Хайдуға қарсы барлаушы отряд шығаруға келісім берді.
Номуха алтын ордаға да, Шағатай ұлысына сияқты әкесі атынан елшілер жіберді. Алтын Орда ханы Мөңке Темір Хайдун Юань мемлекетіне шабуыл жасаған кезінде Хұбылайға көмек беруге келісім берді. Номуха аз уақыттың ішіндеХайдуға қарсы басқа ұлыстармен одақ құрғанымен, ол тұрақты болмады.
Хайду да қол қусырып отырмады. Ол монғолдың басқа ұлыстарына елшілер жіберіп, Шыңғыс ұрпақтарына өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп, оларды өз жағына тартты.
Елші арқылы монғол нояндарына жіберген хаттарының бірінде Хайду былай деді: «Бізге Шыңғысхан және ата-бабаларымыз хаған тағын мұралану тәртібін қатал сақтауды өсиеттемеп пе еді. Ал қазір, қымбатты нояндар, ағайын, бауырлар ата-баба өсиетінен бас тартып жоққа шығарып түсінбестен хақан тағын опасызға бердіңіздер! Менің өзім хақан тағының заңды мұрагерімін. Құбылай Қытайға сатылып, дәстүрді шетке ысырып, ата-баба өсиетін бұзды. Егер де осындай адамға қол жаулық болып, сүйенетін болсаңыздар бұл әкелеріміз бен аталарымызға жасаған опасыздық болмай ма. Жақсылап ойланып, шешімге келіңіздер !». [2; 2]
Жоғарыда айтылғандардан көрінетіні Номуха мен Хайду жақтастарын тартуда әр түрлі тәсіл қолданғандығы. Момуха өз жақтастарын тартуда, таза Қытай тәсіліне, жүгініп, өз хаттарында Құбылай хақанның атынан бұйрық етіп және оларды сыйлықтармен сатып алуына ұмтылды. Хайду басқа монғол хандарының өзінің заңды мұрагер екендігіне сенуге шақырды. Құбылайды айыптады, оны ата-баба заңдарын бұзушы деді.
Кейінірек Алтын Орда мен Шағатай ұлысы нояндары Құбылаймен жасақан келісімдерінен бас тартып, Хайду жағына шығып кетті. Міне сондықтан Юань империясының Солтүстік бөлігінде, Монғолияның солтүстік батысында Хайдудың күші арта түсті.
1277 жылы Хайдудың үйретуімен хұбылай әскерінің әскер басы Джирке хағанға опасыздық жасап, қарсыластарының Номуха мен Хандуда ұстап алуына жол берді. Ұлы Номуханың тұтқынға түскен хабарын алған Құбылай барлық күшін Ханду мен Мөнке-Темірге қарсы салуға шешім қабылдады.
Оның жағдайы Ляодунды билеуші князь Ноянның опасыздықпен үлкен әскермен Хайду жағына шығып кетумен қиындап кетті. Ноян мен Хайду армиясының қосылуына кедергі жасау үшін, Құбылай үлкен армияның қолбасшысы Аму-Бұқаны, Ноян мен Хайдудың жолын кесіп, тосқауыл қоюға жұмсады. Қолбасшы Баянға Хайдудан Қарақорым мен оның айналасындағы аудандарды қоршауды тапсырып, көмекке Гоммала басшылық еткен армияны жіберді. Корей королі шығыстан өз әскерімен Гоммалаға көмекке келуге тиіс болды. Құбылайдың өзі ұлы армиясымен Ноянға қарсы қозғалды. Құбылай әскері Ляохэ өзені аңғарында ноян әскерін қоршап, екі күнге созылған шайқастан соң, зор шығынмен Ноян әскерін талқандады, оның өзі ұсталып, өлтірілді. Бая мен Гаммоле Хайду армиясын толық талқандай алмады. Олар Хайдудың шабуылын тоқтатып, оның империяға ішкерілеп енуіне жол бермеді. Бұдан кейінгі кезде Хайду қайта-қайта аз күшпен болсын, көп күшпен болсын шабуылдап, өз бағыныштыларын бұрынғыдай басқарумен болды. Құбылайдың көзі тірісінде Хайду шабуылына тиым салу мүмкін болмады.
Хайду күресін басу тек Темір қаған билігі кезінде ғана мүмкін болды. Оны басуда Номуха, Баян, Гаммоле үлкен роль атқарды. Хұбылай әскері мен Хайду арасындағы шайқас, билік үшін таласқан монғол топтарының екі тобы арсындағы күрестің көрінісі болды. Хайду орталығы Қытай болып табылатын Юань империясының құрылуына қарсы шығып, астанасы Пекиннен қайтадан Монғолияға көшіруді талап етті. Сондықтан монғолдардың басым бөлігі оны қолдады. Осы себепті Құбылай мен Олжай Темір оны 40 жыл бойы жеңе алмады.
Құбылайдың басшылығымен монғолдар құрған Юань империясының орнауымен Қытайда 100 жылға созылған феодалдық бытыраңқылық жойылды.
Юань империясының құрылуының жақсы жақтарымен қатар оның Монғолияның тарихы дамуындағы көлеңкелі жақтары болғанын да айтуымыз қажет. Ең алдымен ол Монғолиядағы өндіргіш күштердің дамуына кері әсер етті. Мысалы: монғолдардың басым бөлігі өз отанында қалды. Бірақ олардың біршама бөлігі, өз жайылымдарымен, көш-қон ортасымен ажыратылып, Юань Хагандарының, нояндарының мүддесіне сай Қытайға қоныс аудартылды. Тіпті, эроттардың жолда өлгені, табиғаты таныс емес елдің ауа-райына үйрене алмай қаншамасы қайтыс болғаны да белгілі. Ақыр соңында Монғолия териториясындағы жанұялар саны, мал басы кеміді.
Ерте дәіурден-ақ Монғолияда қолөнер жақсы дамыған, олар теріні өңдеп, жүн түтіп, жылқы қылынан арқан ескен. Темірді балқытып қару-жарақ жасау ертеден белгілі болған. Солтүстік Қытайдағы чжурчендердің Цзинь мемлекетінде темір балқытуды күшейтіп, қару-жарақ шығара бастады. Шыңғысқан монғол руларын біріктіріп монғолдар жасаған қарумен қаруландырды. Бірақта Юань империясы құрылғаннан кейін қолөнерде күрт өзгеріс болғанын байқауға болады. Монғолиядағы шеберханалар жоғала бастады. Шыңғысханның бір орталыққа біріктірілген мемлекетінде енді ыдырау процесі басталғанын, Орталықтың Монғолия территориясынан Қытай территориясына ауысқанын көреміз. Қытай территориясындағы монғолдардың төменгі топтарының жағдайы онша болмағандығын деректер бұлтартпай көрсетеді. Бұл мәселе келесі тарауда баяндалған.

1.2 Юань Моңғол империясындағы міндеткерліктер
мен салық салу жүйесі

Ұзақ уақыт бойы табанды қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Қытай өз тарихында алғаш рет тұтастай жат жерлікгердің билігіне бағынуга мәжбүр болды. Сондай-ақ Қытай, өзімен көрші жатқан елдердің территорияларын түгел қамтыған және Алдыңғы Азия мен Днепр жағалауындағы далаға дейін жайылған, орасан зор Моңғол империясының құрамына кірді.
Моңғол хандары Қытайды толық басып алғаннан кейін, өздері Қытайға қоныс аударып, астананы Қарақорымнан Пекинге көшіреді. Қытайдағы өздері қүрған мемлекетті қытайша атаумен Юань деп атады. Моңғолдар Қытайда билік ету үшін сол елдің сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мемлекеттік институттарын сақтауға, биліктің қытайлық түрін қабылдауға мәжбүр болды. Елдің көптеген жерін моңғолдар конфискеленген жерлер деп жариялап, бірқатар аймақтарда, әсіресе Хэбэйде кең далаларды жайылымдық жер мен аңшылыққа қажетті орманды далаларға айналдырды. Үлкен жер иеліктерін, ауылдар мен қалаларды моңғол билеушілері өздерінің жақын ірі ауқатты топтарына, оларға қызметке келген шетелдіктерге, моңғолдарға қызмет етуге бет бұрған қытайлықтарға, буддистік монастырларға таратып берді. Соғыстан аман қалған қалаларда Хұбылай өз әскери гарнизондарын орналастырды жөне әскери тәртіп жағдайын енгізді, ал моңғол әскер басшылары сол жердің толық қожайындары болып саналды. Арнайы рұқсатсыз ешкім екқін жүріп-түруға, сауда жасауға, немесе жұмыс істеу үшін басқа жаққа баруға құқы болмады. Қолөнершілерді моңғолдарға жұмыс істеуге жұмсап, олардан ауыр салық төлеуін талап етті. Олардың көбісі құлға, тәуелді адамға айналып, кейбірі баска жаққа жаңа қожайынға ауыстырылды. Осы кезде Қытайда болған венециандық атақты саяхатшы Марко Поло өз көзімен көргендерін суреттей келе, қытайлық шаруалар мен қолөнершілердің ауыр жағдайын, қытайлықтардың монғолдарды, олардың әскері мен қарауылдарын иттің етінен де жек көретінін жазады.
Марко Поло Қытайға өзінің әкесі жөне ағасымен бірге сауда жасау мақасатымен аттанған болатын. Бірақ олар Қытайға келгенде моңғолдар билік басына келіп жатқан еді. Марко Поло Хұбылайдың ордасында бірнеше кызметтер аткарады, ханның тапсырмасымен елдің әртүрлі аймақтарында больш, барлық жағдайдың куәсі болады. Өз көзімен көргендерді кітап етіп жазады. Оның орыс тіліне аударылған нұсқасы «Кника Марко Поло» деп аталып, 1955 жылы Москвада жарыққа шықты.
Өте үлкен мөлшерде салық төлейтін жөне ерекше бақылауға алынған қытай саудагерлері тауарларын ел ішінде еркін алып жүре алмайтын және сыртқа да еркін шығара алмайтын еді. Моңғол басқыншылығынан кейін, ортаазиялық, еуропалық жөне басқа саудагерлерге Қиыр Шығысқа еркін жол ашылды. Бірақ қытайлықтардың батысқа сапарлап баруына жол жабық болды.
Моңғол үкіметінің алдында Қытайдағы билікті үстап тұру үшін орасан зор міндеттер күтіп түрды. Моңғолдарға мәдениеті мүлдем жат, ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекетті құрудың бай тәжірибесі қалыптасқан, егіншілік мәдениеті өркендеген отырықшы елді билеу оңайға түспесі айқын еді. Хұбылай мемлекеттік биліктің қытайлық жүйесін қабылдай отырып, Қытайдың бұрынғы билік өкілдерін мемлекеттік қызметтен аластатады. Бірақ, Қытай сияқты мемлекетті ұстап тұруға, оның басқару аппаратында өздері билік етуге моңғолдар қабілетсіз еді. Сондықтан моңғол ханы Қытай мемлеқетінің басқару аппаратына еуропалықтарды, түркі тектестерді, сириялықтарды жөне басқаларды шын ықыласымен шақырады. Ұлты өзбек Ахмед қаржы саласын басқарса, әскери саланы сириялық Насир ад-дин и Масаргия қолына алып, ал италияндық Марко Поло губернатор қызметін атқарды. 5 мыңға жуық христиандар Пекинге қеліп қоныстанды. Қытай тілін жою үшін, Хұбылай Қытайлық жазу үлгісіне өзгеріс енгізбекші болып, иероглифтің орнына төртбұрышты жазуды кіргізуге тырысады. 1281 жылы Хұбылай хан даостық кітаптарды зертеу туралы жарлыққа қол қояды. Ол даостық діни сенімді қудалап, буддизмді үстемдікке ие болатын діни уағызға айналдырмақшы болады. Кескілескен қанды қырғынмен әзер дегенде басып алған Қытай елі, моңғолдарға өте ауыр экономикалық күйреу жағдайында мұраға қалды. Бұрынғы Аспан асты империясы, әсіресе оның солтүстік жағы, көшпелілердің шабуылының қасіретті салдарынан, терең құлдырау кезеңінде өмір сүрді. Бір кездерде гүлдену кезеңін бастан кешірген Қытайдың дамуы, енді мүлдем кері етті. XIII ғ. 30-жылдарында, деректерге сүйенсек, солтүстіктегі халық саны осы ғасыр басындағымен салыстырғанда 10 есе кеміп кеткен. Моңғол шапқыншылығының аяғына қарай, оңтүстіктегі халықтың саны солтүстікпен салыстырғанда төрт жарым есе көп болған. Елдің экономикасы құлдырауға ұшырады. Далалар қаңырап бос қалып, калалардағы адамдар саны да күрт азайып кетті. Құл еңбегі қайтадан еніп, құл сату кеңінен өрістеген, құлдыққа негізделген шаруашылықтар пайда болады. Осындай ауыр жағдайда Юань империясының билеушілеріне бағындырылған қытай этносына қатысты саясаттың бағыт-бағдарын жасау кажет болды.
Алғашқы кездегі қытайлықтардағы мәдени дәстүрлердің жойылып кетуі соншалық, моңғол-шамандықтар өздеріне жат отырықшы өркениет әлемін көшпелі өмірге қажетті мал жайылымына айналдыруға әзір түрды. Бірақ тағдырдың жазуымен, отырықшы мәдениетті сақтауға мәжбүр болып, егіншілік салықты жаппай қырғынға ұшырату ойынан айныды. Шыңғысханның кеңесшісі, шыққан тегі кидан Елүй Чуцай, ал одан кейін Хұбылайдың, көмекшілері жергілікті бағынышты халықты дәстүрлі қалыптасқан қытай басқару әдісімен билеу хан сарайына едәуір пайдалы болмақ деген ақылды Юань әулетінің императорына айтады. Сондай-ақ Елуй Чуцайдың кеңесімен 1237 жылы әкімдерді қызметке тағайындауда дәстүрлі емтихан әдісін енгізуді жолға қоя бастайды. Сонымен басқыншы моңғолдардың өздері Қытайда тұрғын халықтың әртүрлі топтары арасындағы қатынастарды реттеудің барлық белгілі тәсілдерін танып білуге ұмтылады.
Алайда моңғолдардың саяси элитасы Қытайдағы мемлекеттік билікті ұстап тұруды қытайлықтардың өздерінсіз басқара алмайтындығына көз жеткізе бастайды. Биліктен қуылған қытайлық билік өкілдері жиі-жиі моңғолдарға қарсы құпия бүліктер ұйымдастырып отырды. Мысалы, 1262 жылы Шаньдунь Ли дань деген, осыған дейін моңғолдарға қызмет еткен өскери қолбасшы көтеріліс жасайды. 1282 жылы астанада болған көтеріліс кезінде Юань империясының қаржы саласын баскарған өзбек Ахмед өлтіріледі, осыдан кейін шетелдіктердің көбісі елден қаша бастайды. Хұбылай өлген соң, моңғолдар өздеріне көмекке қытайлық әкімдерді қызметке ала бастайды, олардың жағдайын жасап, көптеген жеңілдіктер береді. Юань империясының саяси ауанына елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты екі жетекші ағым қатты ықпал етті: Біріншісі — моңғолдардың Қытай саясаткерлерінің өмірлік маңызды тәжірибесін үйренуге деген талпынысына, олардың әуел бастан-ақ өздеріне жат қытайлықтардың өмір салты мен рухани құндылықтарын жете түсінбеуі, олардың өздеріне көп кедергі келтірген, бағынышты халыққа деген сенімсіздігі болды. Екіншісі — моңғолдардың бар күш-жігері өздерінін қытайлықтардың арасында сіңіп, жоқ болып кетпеуге деген әрекетіне арналып, осы мақсатта Юань әулетінің билеушілерінің саясаты моңғол этносының артықшылық жағдайын қамтамасыз етуді ерекше бағыт етіп алуы еді.
Юань әулеті билігінің зандары бойынша, бағынышты халық этникалық белгілері және діни сенімдеріне қарай төрт топқа белінді.
Бірінші топқа елдегі бүкіл әкімшілік аппарат пен әскери басшылықты иеленген моңғолдар жатты. Моңғолдық билеушілер бүкіл тұрғын халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, олардың тағдырын өздері шешіп отырды. Моңғолдарға жақын екінші топқа «сэму жэнь» — «әр түрлі текті адамдар» дейтіндер, яғни шетелдіқтер жатты. Моңғолдар өздерінің басқыншылығы кезінде әлемнің әртүрлі халықтарымен түрлі байланысқа түскен болатын, бірімен бейбіт жағдайда байланысса, екіншісімен күш қатынас орнатқан болатын. Олар барлық діни сенімдерге асқан шыдамдылық танытып, барлық діндердің бұл елде таралуына кедергі жасамады, сыр келетін барлық ықпалдарға ашық ел болды. Әрбір сырт елден келгенге жағдай жасап, оларға арқа сүйеу арқылы моңғолдар қаптаған ханьдыктарды уыста ұстауға тырысты, және «бөліп ал да билей бер» деген принципті ұстанды. Дәл сол, Юань әулетінің билігі тұсында, Қытайда Орта Азия, Ираннан және Еуропадан келгендерді мемлекеттік қызметке алу әрекеті алды. Бұның жарқын көрінісі, жоғарыда айтып өткендей, Пекин қаласына 5 мың христиандық еуропалықтардың қоныстануы еді. 1294 жылы, хан сарайында өмірінің соңына дейін болған христиандық папаның өкілі, монах Джованни Монте Корвино, 1318-1328 жылдары Қытайда тұрған итальяндық саяхатшы-миссионер Одарико ди Парденоне (1286-1331) және аса танымал саяхатшы, венециандық саудагер Марко Поло (1254-1324 жылдар шамасы) сияқты еуропалықтар Юань империясы тарихының куәгерлері болды. Шетелдіктер моңғолдарға қарағанда бір саты төмен тұрғанымен, олар да қытайлықтармен салыстырғанда өкіметтің ықыласына бөленіп, елеулі артықшылықтарға ие болған және өздерінің жеке соттарын құруға құқылы болған. Үшінші санатқа солтүстік-қытайлықтар жатты және сондай-ақ бұл топқа ассимиляцияланған кидандар, чжурчжэндер мен корейліктер кірді. Ең төменгі, төртінші санаттағы топқа Оңтүстік Қытайдың басы бос тұрғындары (нань жэнь) кірді. Жер кіндігі империясының нағыз тұрғындар әртүрлі қуғын-сүргіндерге ұшырап отырды. Адамдарға түнде кала көшелерінде жүруге, топ болып жиын өткізуге рұқсат етілмеді, шет тілін, әсқери өнерді үйренуге де тиым салынды. Ал ханьдықтардың арасында оларды оңтүстіктер мен солтүстіктіктер деп бөлу арқылы олардың арасына жік салып, басқыншылардың оларды оңайырақ билеуіне қол жеткізбек болды. Қытайлық көпшілікпен тіл табысудың, олармен арадағы қатынасты реттеудің қажеттігін түсінген моңғолдықтар қоғамды дамытудың қытайлық үлгісін негізге алып, олар саяси, әкімшілік және құқықтық билікті бір өзінің қолына жинақтаған император билігінің мәні туралы дәстүрлі көзқарасты қолдауға көшті. Яғни, императордың жеке басының қасиеттілігі, оның билігінің шексіздігі, оның Көк тәңірі берген қасиеттері мен өкілеттілігі туралы ілімді моңғолдар да енді өз императорына тән қасиет деп түсінгісі келді. Мемлекеттік қызметтің бұрынғы қытайлық үлгісіне сәйкес құрылған, арнайы мекемелер тобы 15-ке жетті, олар император сарайы мен астананың қажеттілігін қамтамасыз ететін қызметпен айналысты. Моңғолдардың негізгі өкіметі, сонау суй заманынан бері келе жатқан, императорлық кеңес немесе алты мекемеден тұратын министрлер кабинеті арқылы жүзеге асты. Қытайда көне заманнан бері қолданылып келе жатқан өкімдердің үстінен жүргізілетін бақылау қызметін моңғолдар да өте тиімді пайдаланды. Моңғолдардың қуатының негізгі көзі, әрине, оның әскери күш-қуаты болып қала берді: олар әскери істегі жетекші билікті ұстап түрды (Шумиюань) және басты қару-жарақ мекемесін басқаруды да өз қолдарында қалдырды. Юань империясы Қытайдағы бүкіл билікті бір орталықта ұстап тұра алмады, үкіметтік әкімшіліктің қызметі, жеке әкімшілік бірліктер мен басқа территориялардағы әкімшілік билік қызметі астаналық провинциядан әрі аспады. Юань әулетінің үйінен алыс жерлердегі билікті қамтамасыз ету мақсатымен, алыстағы жергілікті жерлерде басқару орталықтары құрылып, оған астанадан кең билік өкілеттілігі берілген өкілдер жіберіліп отырды. Юань үкіметі жергілікті құрылымдарға билік еткісі келгенімен, бүкіл елге толық әкімшілік-саяси бақылау орнатуға шамасы жетпеді.
Орталық үкіметтің билігінде тек астана — Даду қаласы (қазіргі Пекин қаласы) ғана қарады жөне оған жақын жатқан Юань империясының солтүстік- шығыс аймақтары кірді. Мемлекеттің калған территориялары сегіз провинцияға бөлінді.
Моңғолдық аксүйектердің қытай мәдениетімен біртіңдеп жақындасуының көрінісі ретінде, әкімшілік аппарат пен білім саласының қызметі үшін аса маңызды, емтихан алу қызметінің қайтадан қалпына келтірілуін айтуға болады. Бүл мемлекеттік баскару жүйелерінің барлығында қытайлық қызметті сақтап қана қоймай, хань этносының мәдениеті мен өмір салтының сақталуын да қамтамасыз етті. Монғол хандарының Қытайға билігі тұрақтанып, нығая түсуіне байланысты билік пен әкімшілік аппараттың барлық салаларында емтихан алу жолымен қызметке алу әдісі аздап болса да, қолданылатын.
Алайда екі түрлі мәдениеттің өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас әр уақытта бірқалыпты болды деуге болмайды. Бұл жерде олардың арасындағы бір-бірін түсінбеушіліктің бірнеше себептері болды. Әсіресе, моңғол өкіметінің оңтүстіктегі сұң заманында-ақ білім алып, ғылыми атаққа ие болған қытай кітапқұмарларымен арадағы қатынасы өте күрделі болды. Юань әулетінің билігінің салтанат құруына орай, емтихан әдісі жойылды, ал оңтүстік Сұң империясын моңғолдар жаулап алған дейінгі құрылған бюрократтық машина солтүстік қытайлықтар мен басқа жат жерлік халық өкілдерімен толған еді. Осындай жағдайда, оңтүстіктің кітапқұмарлары, яғни сауатты адамдары тек білім саласында ғана қажет болды.
Юань өкіметі қытайлық ақыл-ой иелерін өз жағына тарту және олардың арасындағы моңғолдарға қарсы пиғылды жою мақсатымен 1291 жылы көпшілікке арналған мектептер мен академияларды (шуюань) ұйымдастыру туралы жарлық шығарады және оларда қызмет ететін қызметкерлерді қызметке алу принципі мен қызметін жоғарылату мәселесі де айқындалып көрсетіледі.
Ең жоғары деңгейдегі оқу орны болып саналатын академиялар өкіметке онша көп бағынышты болмады және олар моңғол әулетінің билігі кезінде өз ұстанымдарын сақтап қалды. Академияда кітаптар жинақталып, сақталды және көп жағдайда оны өздері басып шығаратын еді. Бұл оқу орындары көптеген оңтүстік сұңдық ғалымдардың орын тепкен мемкемесі болды, олар юань сарайына қызмет еткеннен гөрі, өз білімдерін осында іске асырып, өмірде пайдаланғанды жөн көрді.
Моңғол билеушілерінің қытай мәдениетіне барынша жақындай түсу әрекетіне, бір қызығы, моңғолдардың өздері наразылық танытып отырды. Соңғы ұлы хан және Юань әулетінің бірінші императоры – Хұбылайдың билігі кезінде қызметкерлерді қызметке таңдап алу мен олардың білімге деген ынтасына ықпал ететін емтихан жүйесін енгізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Алайда әкімдерді қызметке емтихан алу арқылы таңдап алу туралы жүйені енгізу моңғол ақсүйектері тарапынан қарсылық туғызып, олар жүйе рулық тәртіптерді жоққа шығаратын әрекет деп, оны қабылдағысы келмеді. Бүл әрекеттің қаншалықты күшті болғандығын, 1291 жылы Хұбылайдың кезіндегі жарияланған, қытайлықтарға провинциялық губернаторынан төменгі кез келген қызметке тұруына болады деген жарлықтың енді, оның ізбасарлары тұсында мүлдем жойылуынан көруге болады.
Емтихандық жүйені қалпына келтіру жолындағы кедергілерді жою және моңғол ақсүйектерінің қарсылығын тойтару император Жэнь-цзунның (1312-1320) ғана қолынан келеді, конфуциандық ілімді жақтаушы бола отырып, ол 11313 жылы емтихан туралы жарлық шығарады. 1315 жылдан бастап, емтихан |алу әрбір үш жыл сайын тұрақты түрде жүріп, бұл шара Юань әулетінің билігінің соңына дейін жүргізіліп түрды. Қытайлықтарға қарағанда, моңғолдар мен шетелдіктерге емтихан қабылдаудың басқа бағдарламасы жасалды. Бұл қытайлықтарды кемсітуден емес, қайта моңғолдар мен шетелдіктердің дайындығының төмендігінен жасалған шара болатын. Моңғолдар өздеріне жат мәдени ортаға жөне саяси дәстүрлерге өте қиындықпен дағдыланды деуге болады. Сонымен бірге, бұрынғы дала қөшпелілерінің бірқатары қытайша білім алған сауатты адамдарға айналады және қолпаштауы жеткілікті болуымен де, қытайлық кәнігі кітапқұмарлармен бәсекелесе алатын халге жете бастайды.
Конфуциандық қағидаларды жаттауға негізделген жалпы емтихандардан басқа, қейбір арнайы емтихандар да енгізілді. Медицинаға байланысты емтиханға ерекше көңіл бөлінді. Үнемі жүргізіліп тұратын соғыстар дәрігерлерге деген сұранысты көбейтті және моңғолдар ежелгі қытай медицинасын өз игілігіне қарай пайдалануды көздей бастаған болатын. Мемлекеттік құрылыс пен білім беру саласындағы моңғол билеушілерінің саясатына, соның ішінде, қытайлық емтихан алу жүйесіне қатысты саясатына, бүкіл юаньдық кезеңнің басынан аяғына дейін тоқтамай келген қытайлық жөне моңғолдық екі этностың өмір сүру салтының
айырмашылығына байланысты туындаған, отырықшы егіншілер мен
көшпелілердің мәдениеті арасындағы қарама-қайшылық күрес әсер етіп
отырды. Алғашқы кезде күйреуге ұшыраған қытай мәдениеті біртіндеп қалпына келіп, тіпті оның салатанат құруы байқала бастады. Қытай үлгісіндегі моңғол мектептерінің құрылуы, онда моңғол тіліне аударылған қытайлық классикалық оқулықтармен моңғол жастарының білім алуы үлкен жаңалық еді.
Қытай мәдениетінің маңызды ықпалының көрінісі болған екінші бір мысал — тарихты жазу ісінің қайтадан қолға алынуы еді. Моңғолдар өздерін осыған дейін билік еткен әулеттердің мұрагерлері — заңды билеушілер етіп көрсетпек болып, ресми әулеттер тарихын жазуға көп назар аудара бастайды. Бірнеше жыл дайындықтан кейін, моңғолдардың бастамасымен, бар жоғы үш жылдың ішінде, Ляо әулетінің (906-1125), Цзинь әулетінің (1125-1234) және Сұң әулетінің (960-1279) тарихы құрастырылып, жазылды. Осылайша басқыншылар жергілікті халықтың көңіл-күйін аулап, олардың дәстүрлі мәдениетіне көңіл бөлу арқылы, өз өкіметінің билігін саяси жағынан нығайтуға мүмкіндік алуға үмтылды.
Бұл бағыттағы ең маңызды істің бірі, XII ғ. 60-жылдарының басында-ақ құрылған тарихнамалық мекеме — Гошиюаньда тарихи жазбалар мен құжаттар жинақталып, тарихи еңбектер жазылуы тиіс болды. Хань дәуірінен бастау алатын бұл дәстүр, сөйтіп, қайта қалпына келтірілді. Кейінірек, Гошиюань мекемесі Ханьлинь дейтін конфуциандық академиямен бірігіп, енді ол мекеме жоғарыда айтылған қытайлық тарихты ғана жазып қоймай, моңғол және қытай тілдерінде моңғолдық әулеттің императорларының билік ету кезеңдерінің тарихын құрастыруға кіріседі.
Әулеттер тарихын жазу ісімен шұғылданатын тарихнамалық жұмыс идеологиялық күрестің ауқымына айналды. Пікірталасқа түскен мәселелердің бірі, қытайлық емес әулеттер — Ляо мен Цзиннің тарихын жазудың қаншалықты заңдық құқы бар деген сұраққа тірелді, ал бұл сұрақ, өмір сүріп билік етіп отырған моңғолдық Юань әулетінің де тарихын жазу заңдылығына күмөн келтірген еді. Моңғол ақсүйектері қытайлық мәдениеттің, әсіресе оның білім беру саласындағы ықпалына түсе отырып, жергілікті халықтың сауатты, білімді тобымен ымыраласуға барды, себебі әлсіз моңғол өкіметіне қажетті қызметкерлерге деген сұраныс, осыны талап етті. Онсыз да қытайланған моңғол ақсүйектері мен өкімет қызметкерлері барлық істі қытайлық дәстүрмен жүргізетін еді. Ежелгі мәдениеттің және тамыры тереңде жатқан саяси дәстүрдің өкілі саналған қытайлық этнос, біртіндеп, моңғолдар сырттан енгізген дәстүрлерді ығыстырып, қайтадан жеңіске жете бастайды.
Бағынышты халықты әртүрлі әлеуметгік жікке бөлудің нөтижесінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, ең алдымен, аграрлық саладағы саясаты қалыптасты. Күйреген экономика жағдайын түзеуге ұмтылған моңғолдық билеушілер кол астындағы территорияларды басқаруды реттеуге бет бұрды. Жүйесіз, тонаушылық сипаттағы салықтардың орнына, реттелген салық салу жүйесіне көшті: халық санағы жүргізіліп, провинцияларда салық басқармалары құрылды.
Моңғол ақсүйектері Солтүстік жөне Орталық Қытайдағы жерлерді иемденді. Моңғол билеушілері қаржылық түсімдерді көбінесе, осы жеке меншіктегі жер иелігінен алатын. Жаңа қожайындар моңғол ақсүйектерінің меншігіндегі бүтіндей бір ауылдарды, егістік жерлерді, жер-суларды өздеріне қызмет етуге келген шетелдіктер мен қытайлықтарға жене буддалық монастырларға таратып берді. Ерекше артықшылығы бар білімді топты асырауды қамтамасыз ететін қызметтік жерлер дейтін жүйе қалпына келтірілді.
Юань империясының оңтүстігіндегі көптеген жерлер қытайлық меншік иелерінің қолында қалып, сатуға-сатып алуға және мұраға беруге құкылы болды. Оңтүстіктегі салықтар солтүстіктегіден әлдеқайда ауыр болды-Басқыншылардың саясаты әлсіз қожайындардың күйзеліске ұшырап, жерінен айрылуына, олардың жерлері мен шаруаларын монастырьлар мен ауқаттай байлардың тартып алуы жиілей түсті.
Қытайды моңғолдардың бағындыруы барысында жергілікті халық еріксіздер қатарына қосылды, олардың ауыл шаруашылығы мен үй шаруашылығындағы, шеберханалардағы еңбегі құлдық еңбекпен бірдей болды. Жеке меншік жерлерді арендаға алушы — дяньху мен кэхулардың жағдайы да оңбады, олар жөнсіз салынған салықтан жапа шекті. Олар өз өнімдерінің көп мөлшерін моңғолдық, қытайлық жер қожайындарына, буддалық монастыре беруге тиісті болды. Қолөнершілер де өте ауыр салықпен шырмалды. Олардың өз өнімдерінің жемісті мөлшерінен артық бөлігін беру, әскери гарнизондарда тегін жұмыс істеу көріністері жиі болып тұратын.
Саудагерлер мен олардың ұйымдары да ауыр салықтармен шырмалып, міндеткерліктерді өтеуге тиісті болды. Қытай саудагерлері тауарларын ары-бері тасымалдауы үшін арнайы рұқсат алатын. Моңғол өкіметінің қаржы саясаты халықтың барлық топтарының жағдайын нашарлатты. Қытай қоғамының жоғары билеуші топ өкілдерімен қатынасы да күрт нашарлап кетті. Хұбылайға қызмет еткен қытайлар, оның билігіне риза болмай, көтеріліске шығып отырды. Шетелдіктер қытайлықтардың бұндай бүліктерінен сескеніп, елден ақырындап кете бастады.
Юань әулетінің билеушілері — Хұбылайдың ізбасарлары ақыры қытайлық үстем тап өкілдерімен келісімге баруға мөжбүр болып, ханьцзуларды мекемелердегі қызметке қөптеп ала бастады. Хұбылай оңтүстік қытайлықтармен соғысты жалғастыра отырып, күшін шығысқа қарай бағытай бастады. 1274 жылы, сосын 1281 жылы ол Жапонияны бағындыру үшін әскери-теңіз экспедициясын жасақтайды. Бірақ оның кемелері күшті теңіз дауылдарына шыдамай, жапон аралдарына жете алмайды. Осыдан кейін, Юань императорының назары оңтүстікке ауады. XIII ғ. 50-жылдарында-ақ Хұбылай Дайвьетке жетеді, бірақ олардан қатты тойтарысқа тап болады. 80-жылдары Хұбылай бұл елді бағындыру үшін тағы да әрекет жасайды, алайда ол жерде жанталасқан партизандық соғыс басталады. Моңғолдар оңтүстіктегі порттарды басып алуға аттандырған қытай флоты Қызыл өзеннің айырығында суға батырылады. Моңғол әскер басылары өздерінің әскерінің аман қалған бөлігін солтүстікке алып кетеді. 1289 жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық байланыс қалпына келеді. Пекинде билік еткен Хұбылайдың ізбасарлары, біраз уақыт бойы белсенді сыртқы саясат жүргізуге тырысты. XIII ғ. 90-жылдарында олар Ява аралына әскери-теңіз экспедициясын аттандырады. Империяның әскери күш-қуатының әлсіреуіне орай, Юань императорлары біртіндеп басқыншылық саясаттан бас тартуға мөжбүр болады.
XΙΙΙ ғасырдың екінші жартысы мен XΙV ғасырдың басында Моңғолияда феодалдық міндеткерліктер мен салық салу жүйесі қалыптасты, олар осыған дейін кезеңге қарағанда анағұрлым көп және әртүрлі болды.
Салықтан әкелер пайдасы мен қазынаны қалай байытуға болатыны жөнінде деректер мәліметіне жүгінетін болсақ, Үгедей хан қызметіндегі кеңесші болған Елюй-Цай, Моңғол шонжарларының бағындырған Қытай халқын пайдасыз деп, оларды қырып тастайық дегендерге қарсы, егерде біз олардан салық алатын болсақ көп пайда табамыз деп мынадай мәлімет берген: Олардан жыл сайын салық ретінде 500 мың лян күміс, 80 мың жібек мата, 400 мыңнан аса ши, бидай алуға болады.
Қарапайым (харача) моңғол араттары Қлы ханға, Цзин княздарына ханша мен қағанның күйеу балаларына және жергілікті шонжарларға – түменбасы, мыңбасы, жүзбасына — әртүрлі міндеткерліктер атқарумен қатар көптеген салықтар төлеп тұрады. Қараша араттар барлық жағынан феодалға кіріптар бола отырып (хамджилға, албату), мал есебіне салық (арба, ер-тоқым, жүген, мосы) және мал өнімдерімен (жүн, тері, алуумен кептірілген сүзбе), май мен сүтпен, қымызбен төлемдер төледі. Үгедей хан кезінде енгізілген салық жүйесі бойынша моңғол араттарынан 100 бас малдан біреуі мемлекет пайдасына алынатын. Бірақ бұл салық жүйесі мемлекет тарапынан шығындардың көбеюіне байланысты кейде ұлғайып, кейде азайтылып отырды.1302 жылғы мәлімет бойынша араттардың 130 қойдан бір қойын алатын болса, қой саны 100-ге жетпегендер салықтан босатылған. Бұл мәліметке қарағанда араттардан алынатын салықтың олардың шамасынан байланыстылығы, феодалдық қанаудың күшеюі нәтижесінде олардың мем лекетке төлейтін салыққа шамасы келмей қалатын жағдайларының жиі болатынын байқаймыз. Бұл жағдайда салық түсімін Қытай тұрғындарынан алу нәтижесінде толықтырылып отырды.
Түп деректерде XΙΙΙ ғасырдың екінші жартысы мен XΙV ғасырдың басындағы моңғол тұрғындарынан алынған салықтардың және міндеткерліктердің ауырлығы нақты көрініс тапты. Мысалы, Юань чиновнигі Ма Цзучан былай деп көрсетті:
«Солтүстік жақтан әр жанұядан мал салығын алды. Салық алуды жанұяның түгі «қалмағанша тататтпайды».
«Юань Шиде» (Юань әулетінің тарихы) моңғол әскерінің қажетіне алынатын заттар жөнінде айтылады: «Қалыптасқан заңға сәйкес моңғол жанұясы әскер қажеті үшін ер-тоқым, жүген, киім, қару-жарақ, құрал-сайман әкеп беруге тиіс». [9; 3]
Бір орталықтан жалпы моңғол мемлекеті мен Юань дәуірінің бастапқы кезінде «алба тата» — «міндеткерлік өтеу» деген түсініктің орнына, «хубчи ур хурийа», «жинақ жинау» дейтұғын. Ғасырдың аяғынан бастап «алба» мағынасы жағынан «хубчи урға» жақындады, сонымен қатар «алба хубчи ур» мағыналары сіңісіп қолданылды-яғни «салық» және «міндеткерлік пен салық» Далай Чулуун өзінің еңбегінде «хубчи ур» терминін «азық-түлік салығы»мағынасындағы, ал «алба»-«еңбек міндеткерлігі», «алба хубчи ур» бірігуінің мағынасы «салық» немесе салық пен міндеткерлік» дегенді білдіреді дейді.
Сонымен моңғол тұрғындары азық-түлік салығын төлеп, әр түрлі жұмыспен міндеткерліктер атқарды. Ақшалай салықтың салмағы қазынаға түсетін аздаған қаржыны қамтиды.
Егерде Құбылай қаған кезінде Қоңырат тайпасынан «Ұлы хан дастарханына әкелінетін қой» 2000 (бір жылда) болса, Тәмур қаған кезінде 3000, Гэгэн қаған кезінде 5 мыңға жеткен. Бұл жерде азық-түлік ретінде (салық) берілген сөз болып отыр, ал деректерге жүгінер болсақ, бұдан басқа көптеген тайпалардан да келіп түсетін төлемдерді есепке алсақ, оның ұшан-теңіз екенін байқауға болады.
Азық-түліктен тысқары қараша араттардан ақсүйектерге киіз үй жабдықтау үшін, орасан зор көлемде жүн алынған. Мысалы, Ханбалағасун мен Шандундағы китіз үйлер Вей Юанның айтуынша араттардан жиналған жүннен жасалған.
Азық-түлік салықтары Юань қағандарының таққа отыру салтанатына байланысты өте көп жиналатын. Мысалы: Аюрбарибад қаған өзінің таққа отыру салтанаты, бір аптаға созылған ойын-тоймен атап, әр күніне 40 — жылқы мен 4 мың қой сойған. Буянты қаған кезінде 3 күнге созылатын Будда мейрамына арналып 30 мыңнан аса қой құрбандыққа шалынған.
Мңғол ақсүйектерінің халықтан қалағанын алатыны және оларда қанағат жоқ екені жайында Плано Карпини мынадай мәлімет берген еді: !Қысқаша айтқанда императорда, көсемдерде олардың мүліктерінен не алғысы келсе де, қанша алам десе де ерікті». Олар сияқты адамдарға да иелік етіп, не істеймін десе де қалай жұмсаймын десе де ерікті».
Бұндай жағдай Юань дәуірінде тіпті тереңдей таралды. Сол дәуірдегі моңғол қағандарының қалыптастырған әр түрлі міндеткерліктері, малшы-араттардың қосымша өкімін тартып алу тәжірибесі болып табылады. Араттардың нояндардың малын бағуға алынатын, сүт өнімдерін өндіруге, жаппай қоршап аулайтын аң аулауға шақырылатын, киіз үйлерді, жиқаздарды, жүк саймандарды көшіруге, осындай басқа да еңбекпен өтейтін жұмыстарға жегілетін.
Араттар үшін ауыр міндеттердің бірі қаған мен ноян малджарын бағу. Олар қой-ешкілердің жүнін қырықты, он сабалап тазалады, тері иледі, айран және басқа да міндеткерліктер атқарды.
Егер мал жоғалтса, оның орнын толтыруға міндетті болды.
Араттардың тағы бір ауыр міндеті — әскер қатарында қызмет ету. Оларды басып алған жерлердіңең алыс түкпіріне жіберді. Көптеген жанұялардың туған жерінен жат жерге көптеп көшуі қалыпты жағдай болып есептелді.
Сол кезеңге байланысты әскер қатарын толықтыру жайында «Юань Шиде» былай делінеді: «2-3 ер адамы бар жанұядан әскерге біреуі, 4-5 ер адамы бар жанұядан екеуі, 6-7 ер адамы бар жанұядан алынды». [2; 119]
Қарапайым араттарға ұзақ жорықтар жолға дайындық үшін қосымша шығыннан басқа ешнәрсе әкелген жоқ. Олар туған жерінен алыста, кем-кетік, жоқшылықтан, жау қолынан қаза тапты. Осы кезде моңғол шаруашылығының тірегі болған мал шаруашылығы құлдырап кетті.
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің ауыр салықтардан және міндеткерлік мен табиғат апаттарынан тұралап, нашарлап кеткенін деректер анықтап көрсетеді.
Моңғол әскері қатарына шақырылғандар өздеріне қажетті жабдықтардың бәріне өздері табуға міндетті болды. Олардың тұрмысы өте нашар, кедей жағдайда тұрды. Жер өңдедң, мал өсірді, одан түскен өнімдерді қалаға апарып сатып, түскен ақшаға керек-жарақтарын алды.
Деректерден мынадай мәліметтерді аламыз: «Да-дэнің 3-ші жылы (1303) (Цянь-Ну) … императоры мынаны баяндайды:Шаньдун мен Хэнандағы моңғол әскері таньсу шекарасын қорғауға аттану үшіназапты 10 мың ли жол жүреді. Олар құрал-сайман. Қоржын, жылқы және ер-тоқымды өздері табуға тиіс болғандықтан әрбір аттанар алдында жерін, дүние-мүлкін тіпті әйел-балаларына дейін саудаға салады. Шекарадағылар кейін қайтып оралмай жатып-ақ осы жердегілер алдын-ала сапарға шығуға тиіс. Міне осылай тоқтаусыз болыпкүн өткен сайын олардың жағдайы ауырлап азабы күшеюде».
Осы баяндама бойынша императордың жарлығы шығып, қазынадан ақша бөлінді.
Тағы бір мәліметтерде: «Моңғол жауынгерлері міндетін ат пен жер алу үшін өздерінің әйелдерін сатты». [6;37]
Қытайдың ішкі аудандарында тұратын жауынгерлер қайыршыланып, өздерінің бірінші әйелдері мен балаларын сатты».
«Жауынгерлердің жанұясы таршылықа ұшырауда, соған қарамастан салық салу тоқтатылмаған». Міне, осы деректердегі көрсеткеніндей мәліметтерде «әлемді жаулап алушылар» атанған моңғол жауынгерлерінің қараша араттардың жағдайы сияқты өте ауыр болды.
Юань империясындағы міндеткерліктің тағы бір түрі – бекеттіке міндеткерлік – ол еңбекпен де заттай да өтелінетін және өте ауыр міндеткерлік болды. Империядағы 1496 бекеттік тұрақтардың 119-ы моңғол территориясында орналасқан. Моңғол бекеттерінің басқару орталығы алдымен Қарақорымда орналасса, кейінірек тікелей орталыққа бағындарылған және «Байланыс жолдарының жалпы басқармасы» орналасқан Шандуньға ауыстырылды.
«Юань – дянь – чжен» мәліметі бойынша бекеттердің малы үшін ең жақсы жайылымдар берілуі тиіс. Бекетші жанұяға бір аттан тыс, 15 жанұядан бір өгіз, 13 жанұядан бекетке киіз үй, шатыр, жолаушыларға арналған азық-түлік жеткізіліп тұрылуға тиіс болды.
Моңғол феодалдарын сапар барысында аттарын ауыстыра отырып, бекеттік жанұя есебінен мол азық-түлік қорын алып отырған. ӨҚалыптасқан норма бойынша түменбасы күніне 30 цзин ұн, 3-ден бидай және 30 цзин арақ алды. ». [2; 89]
Қарап отырсақ, бекетшілер басқа мемлекеттік салықтар мен мін.деткерліктерден босаытлған. Ал іс жүзінде олар толып жатқан ауыр төлемдерден ығыры шыққан еді.
Деректердің мәліметі бойынша: «Датуннан Қарақорымға дейін 4000 ли, әр бір жүз ли сайын-бекеттік тұрақтар бар. Осы тұрақтарға жыл сайын 500 арба, 500 бұқа және 2500дан ұнжеткізіледі. Чжан Дэхуэйдің айтуынша: «Ехулин қыратының ар жағына орналасқанбекеттерге моңғол тайпалары жауапты. Әрқайсысының аты қожайынының атымен аталады». [2;24 а.]
Біз айтып отырған кезеңде яғни XΙΙΙ ғасырдың екінші жартысы мен XΙV ғасырдың басындағы моңғол жаулап алушылық соғыстарының толастамауы мен феодалдық езгі мен қанаудың күшейе түсуі нәтижесінде қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі ауырлай түсті.
Мемлекеттік экономикалық және қаржы жағдайының нашарлауы себепті міндеткерліктер мен салық жинау күшейтілгенін деректердің мәліметінен білеміз. Юань әулетінің басқару кезі соңына таман тұрғындардан жиналатын салық көлемі 20 есе көтерілді, мемлекеттік кіріс пен шығыс арасы алшақтап, мемлекеттің шығын кірісінен асып түсті. Моңғолддардың жағдайының ауырлай түсуіне байланысты В.Я. Владимирцов айтады: «қолымызда бар азадған деректерге қарағанда, Юань әулеті кезіндегі Моңғололия мен моңғолдардың жағдайы, әсіресе Шыңғыс хан мен оның бірін-бірі алмастырғвн 3 мұрагерлері кезімен салыстырғанда тым төмендеп кетті».
«Юань-ши» және басқа да деректерде халықтың жағдайының ауырлағаны себепті, наразылықтары күшейіп қанаушыларға қарсы көтерілгендігі жайында мәліметтердің шетжағасын байқауға болады. Халық наразылығынан қорыққан шенеуніктер оны жетілдіру үшін бірнеше шаралар қабылдады.
1330 жылы қаған атына Қара Қорым шенеуніктері жазған баяндамада 4 жыл ішінде солтүстіктен келген босқын араттарға 650 мың қап бидай, 40 мың қағаз ақша, 3 мың балық аулайтын ау және 20 мың ауыл шаруашылық саймандарын таратқандарын айтады. 1314 жылы Буянты қаған моңғол тұрғындарының ауыр жағдайын ескере отырып, оларды 2 жылға салық төлеу мен міндеткерліктен босатқан. Бірақ та, моңғол қағандары осындай жарлықтар шығара отырып, халықтың шын мәнінде жағдайын жағдайын көздеген жоқ, олар халық көтерілісінің туып кету қаупінен қорықты.
Елдің басына түскен ауыртпалықты табиғат апаттары асқындыра түсті. Бұл жайында деректерде мынадай мәліметтер бар:
1308-1309 жылдары «Моңғол араттары қалың қар басып, боран соғу нәтижесінде жұтқа ұшырап, көптеген мал қырылып, аш – жалаңаштар мен қайыршылар қатары көбейді».
1337 жылы «құрғақшылық болып, шөп шықпай қалды». Бұл мәліметтер «Юань ши»-ден алынды.
Осы жағдайларға байланысты жергілікті халықтың салықтан, міндеткерліктен қашып, басқа аудандарға көшкендігі жөнінде мәліметтер бар. Мысалы, Есен – Темірдің жарлығында:
«Егер, араттар өз еркімен босып кетсе, осы ұстап алып, өлім жазасына кесіндер» — деген жол бар.
Сол сияқты тарихи еңбектерде өкіметке бағынбаушылықты білдіретін деректер бар. әсіресе әскери міндеткерліктерден бас тарту фактілері жиі кездеседі. Мысалы: «Моңғолиядағы Юань әулетінің билік құруының соңғы дәуірінде Қытай шаруаларының көтерілісін басу үшін жасақталған әскерге шақырғанда моңғолдар арасында бас тарту болды».
… Көптеген моңғол жанұялары басып алған жерлерден, әсіресе Қытайдан Отандарына орала бастады. Аз уақыттың ішінде тұрғындар саны өсіп, азық – түлік тапшылығы біліне бастады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап кетті. Бұған Моңғол шонжарларының, басқыншыларының бұрыңғыдай басқа тұрғындарын қанау мүмкіндігінен айрылуы да өз кезегінде әсерін тигізеді. Бұрыңғы шексізі байлық пен қанағатсыз сауық-сайранға дағдыланған олар ендігі жерде көшпенді мал шаруашылық өнімдерін қанағат етумен болды. Феодалдарға кіріптар араттардың жағдайы тіпті нашарлап, міндеткерліктер мен салықтардың астында туралап феодалдық езгіге түсті. Сонымен біз моңғолдардың әлемнің жартысын жаулап алғанына қарамастан, олардың өз территориясындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайды XIV ғасырдың басына таман дағдарыс жағдайында екендігін байқадық. Осы дәуірде Моңғолияда феодалдық бытыраңқылық басталған еді. Бұл елдің әлеуметтік дамуында, экономикасында және мәдениетінде көрініс тапты.

2. Юань империясының экономикалық жағдайы

2.1 Империяның экономикалық дамуы

Моңғол феодалдары тарапынан саяси және экономикалық езгіге түскен бағындырылған елдердің жағдайы өте ауыр болды. Бұл Қытайға да қатысты болды. Қанауға ыңғайлы болуы үшін Қытай тұрғындары Юань қағандары тарапынан 4 топқа бөлінді:
1. Моңғолдар
2. Түрлі-түсті көзділер (ұйғырлар, басқа түркілер, парсылар және батыс аймақтағы әртүрлі халықтардың өкілдері)
3. Солтүстік – қытайлар (қадан, чжурчжен, цзинь мемлекетінің бұрыңғы бағыныштылары)
4. Оңтүстік – қытайлар (оңтүстік Суннің бұрыңғы бағыныштылары)
Империя тұрғындарын топқа бөлу, тек қанау үшін ғана емес, олардың арасында «от жағып», араздықтарды қоздыру үшін, «бөліп ал да, билей бер» деген сөзден туындады.
Қытайлықтар маңызды мемлекеттік шараларға қатыстырылмады, маңызды қызметтерге ең алдымен моңғолдар, содан кейін батыс аймақ өкілдері, яғни моңғол тектес халықтар немесе чжурчжендер тағайындалды.
Құбылай дәуірінен бері Моңғол үстем таптары арасындағы ішкі тақ үшін артықшылықтар мен құқықтары үшін күрестерінің нәтижесінде терең тоқырау кезеңіне келіп жеткен еді. Темір – хаған билігі кезінде екі лагерь арасындағы соғыс тоқтағанымен, хаған сарайында әртүрлі топтар арасындағы қиян-кеске кикілжіндер толастамады. Олар қанды сипатқа ие болып, құпиялы өлімдерге жалғасты.
Деректердің көрсетуі бойынша 1310 жылдан бастап, Юань империясының басында тұрған хағандар мен нояндар тым салтанатты өмір сүріп, өлшеусіз қаражатты өз қажеттіліктеріне қанағаттандыру үшін жұмсап, мемлекет істерін аз ойлады, олардың күнделікті той-томалағының шуы император қаласының сыртына дейін естілді делінеді.
Әсіресе Хайсан – хаған билігі (1307-1311 жж.) кезінде шектен тыс шығындар мен оргиалар ұйымдастыруы нәтижесінде мемлекет істерін қатты шайқалтты. Маңызды мемлкеттік қызметтер саудаға түсті. Бейімі бар адамдарды емтихан арқылы анықтау жүргізілмеді. Түп деректерде Хайсан – хаған кезінде бір жылдың ішінде «параның» көмегімен 880 адам маңызды мемлекеттік қызметтерге тағайындалып, олар «арыстан сияқты ақырып тұрды», — делінеді.
Темір – хаған өзінің немересі Хайсанды тақтың мұрагері етіп тағайындап, оған Хуан-той-цзы тиулын – «хаған ұлы — мұрагер», беріп оны Қара Қорымға жіберді. Темір – хағанның аяқ асты өлімінен кейін оның әйелі Бурхан, Хайсанның алыс Қара Қорымға екндігін пайдаланып, құпия тағына отырғызуды ойлады. Аюрбарибад бүлікті білген соң жылдам өз әскерімен Ханбыл Гасунға келіп, Бурхан мен Анонды өлім жазасына кесіп, шақырылған Хайдуды хаған тағына отырғызды.
Хайсан таққа отырған соң кіші інісінің еңбегін бағалап, оны тақ мұрагері етіп тағайындады. Сонымен қатар оның өлімінен кейін өз ұлы Хошилуды таққа отырғызды, сеніп тапсырды. Хаған болып алған соң Аюрбарибад өзінің үлкен баласы Шидеболды тағайындады. Ағайындылардың жақтастары хаған тағы үшін күресте, керекті адамдарды қағаз ақша беріп, өз жақтарына тартып, хаған тағынан үміткерлерді өлтіріп отырды. Ірі шенеуніктер қағанның ешбір рұқсатынсыз қағаз ақшалар шығарып, керекті адамдарға таратып отырды. Бұл Аюрбарибад кезінде 500 мың күміс байламасына тең қағаз ақшаның шығарылуына алып келді. Шидебол хаған тағында үш-ақ жыл отыра алды, оны Гаммалы тұғымынан шыққан Тэгші ноян у беріп өлтірді. Сайдағы барлық билік Тэгші ноянның қолына тиген соң, ол таққа Гаммалының ұлы Есен-Темірді отырғызды. Міне, осылайша моңғол тағын иемдену тәртібі мүлдем бұзылды. Есен – Темір өлгеннен кейін Долаша бастаған моңғол нояндары Шонду тағына Раджоник хағанның баласын қоюға ұмтылды. Бірақ Ханболғасун горнизонның әскери қолбасшысы, үлкен билікке ие Туг – Темірді қоюға ұмтылды. 1328 жылы Даолаша мен Ел – Темір әскері Ханболғасун мен Шанду арасында кездесіп, шайқасты. Даолаша жеңіліп, Раджапика өзінің хағандық киіз мөрін берді. Туг – Темір таққа отырған соң Ел – Темірдің ақылы бойынша үлкен ағасы Хошиданыңәйелін өлтіріп, оның ұлы Тогон – Темірді Кореяға жер аударды. Туг – Темірді бетке ұстап, әл – Темір өзінің көздегеніне жеткен соң, хаған керексіз болып қалды. Біраздан соң Туг – Темірді өлтіріп, оның әйеоін әл – Темір алады.
әл – Темір хаған тағына Туг – Темірдің баласы әл – Тэгусты қойғысы келді, бірақ шешесі оны өлтіреді деп қорқып, келісім бермеді. Жайшылықта хаған тағына отырғандарды жастайынан өлтіріп отырған. әл – Темірдің жақтастары Хошылоның ұлы Тогон – Темірді хағанды қоюға шешім қабылдады, Бірақ ол өте алыста еді. (Кореяда) Нәтижесінде оның 6 жасар інісі Ириджинбол хағандыққа қойылып, бар жоғы 52 күн ғана тұрды. Ириджинбол өлтірілген соң таққа 12 жасар Тогон – Темір отырды. Жас Тогон – Темірдің хандығы кезінде мемлекеттің бар билігі, Сарайдың ірі ақсүйектерінің қолында болды. Деректерге жүгінсек, олардың ішіндегі ең ықпалдысы Баян болды. Ол өз дегенін істеп, көптеген қытайлықтарды қырып жіберген. Мысалы: «Юань шиде» [2; 14] оған бірде бақсы келіп, жорамалдан кейін, «Баян, сен оңтүстік қытайлықтардың қолынан өлесін» деген сәуегейлігінен кейін, баян көптеген оңтүстік қытайлықтарды қырып салды.
Міне, осылайша Юань әулеті басқаруының соңына таман, хаған тағы үшін күреске, хатун (ханша), ханзадалар, дархандар, ірі нояндар белсенді араласты. Хаған қолындағы мемлекеттік билік тартып алынып, ол ойыншық болып қалды. Моңғол феодал – ақсүйектерінің арасындағы дағдарыс, олардың қол жеткізген табыстарының біртіндеп құлдырауымен қатар, күшейе түсіп, Қытайдағы Юань әулетінің билігінің құлауының басты себептерінің бірі болды. Юань әулетінің соңы ханы Тоган – Темір кезінде, Қытай тұрғындарын қанау шегіне жетіп, халықтың жағдайы адам тезгісіз болып кетті. Юань әулеті билігінің соңғы кезінде мемлкетке қарсы қозғалыстар мен көтерілістер күшейе түсті. Сонымен қатар басып алынған немесе бағындырылған елдерде Моңғол үстемдігіне қарсы күрестер өршіді.
Халық көтерілістерінің көбеюіне сай Юань әулетінің елдегі билігі әлсірей бастады. 1340 жылдары солтүстік Қытай провинциясы Хэбэйде, Хань Шоньтун деген шаруа бірнеше жыл бойы, жергілікті халық арасында «Ақ лотос» (Белый Лотос) ілімін уағыздады. Халықты жинап, Тәңірге табынып, иіс шырақтандар жағып, халыққа: «әлемде зор қозғалыс болады. Цзяннонда будда Майтрейя пайда болды. Моңғол билігі құлайды, Қытай әулеті жаңғыртады» — дейді.
Оның достары Лю Футун мен басқалары, Хань сегізінші атада соңғы Сун императорының ұрпағы, ол болашақта Қытайдың императоры болады деген сыбыстарды таратты. Олар сонымен қатар «император Хань қайырымды, бірде – бір адамды жазаламайды. Бірақ татарлар мен Түркістандықтарды түгелімен қырып салады», — дейді. Қытайлар арасында ұлтшылдықты қоздыру моңғолдарға қарсы күресу үшін қажет болды. Хань Шоньтунның ықпалы өте күшті болды. Бірақ 1351 жылы көтерілісшілер арасындағы қарсыластарының уландыруынан өледі.
Хань Шоньтунның баласы Хань Линьэр көтерілісшілерді әкесі өлімінен кейін басқарып, көрші көтерілісшілер отрядының басшысы Лю Футунмен бірікті. Бұл отрядтар бірігуі нәтижесінде қатерлі күшке айналды. Лю Футун, әкесінің атағына сай Хань Линьэрді «император» деп «оны ғажайып адам» деп жариялады. Көтерілісшілердің барлығы бастарына қызыл орамал таққандықтан, бұл қозғалыс тарихқа «Қызыл орамалдар көтерлісі» деген атпен енді.
1337 жылы көтерілісшілер әскері бірнеше бағытта шабуылға шықты және Шаньси провинциясының жарты территорисын, Шаньдун провинциясының толық территориясын иемденді. Лю Футунның өзі Бяньлян қаласын моңғолдардан азат етіп, «мемлекеттік астанасы» деп жариялайды. Халық арасында осы кезде зор беделге «қызыл орамалдылар» әскерінің қолбасшысы Мао Гуй ие болды. Мао Гуй елдің солтүстігінде моңғолдарға қарсы соғысты. Көтерілісшілер әскерінің бір бөлігі империяның астанасы Ханболғасунға жақынлап келді. 1358 жылдың 12-ші ай күні Гуан Сяньщэн басқарған көтерілісшілердің бір тобы солтүстіктен шабуыл жасап, моңғол хағанының Шандудағы жазғы сарайын алып, тұрғындарын қырып, сарайларды талқандады. Бұл жағдайды естіген Тогон – Темір хаған асатанадан қашуға дайындалды.
«Қызыл орамалдылар» көтерілісін басуға жіберілген моңғолдардың басты күшін бастапқыда Чаган – Темір басқарды. Ол есеппен жүретін адам болғандықтан көтерілісшілермен күресте, таза Қытай жасақтарына да сүйену керектігін ойластырды. Міне, сондықтан ол өзінің әскеріне ірі Қытай жер иеленушілерінің құрамаларын қоса бастады. 1355 жылдан бастап, Ли Сыци сияқты ірі помещиктердің «жергілікті әскері» «қызыл орамалдылар» көтерілісін басуға белсене қатысып, моңғол әскеріне көмектесті.
Чаган – Темір басқарған әскері 1359 жылы Бяньлянды алып, Лю Футун мен Хань Линьэрді қашуға мәжбүр етті. 1362 жылы көтерілісшілер әскерінің соңына түскен генерал Чаган – Темір өзінің жарық шатырында уланып өлтірілді. Осыдан соң генералдар Дошы – Батур мен Көке – Темір моңғол әскерінің бас қолбасшысы болып, көтерілісшілерден Шаньдун, Хэнань және Шэньси провинцияларын тартып алды.
«Қызыл орамалдылар» көтерілісінің басшылары арасында бірлік болмады. Көтерілісшілер батыс және шығыс қанатқа бөлінді. Тіпті, батыс қанат басшылары арасында тартыстар басталып, әрқайсысы өзінше ұсақ мемлкеттер құра бастады. Мысалы: Чэнь Юлян «Ұлы Хань мемлкетін» құрды, ал Мин Юйчжэн – «Ұлы Ся мемлекетін» құрып әрқайсысы өздерін «император» деп жариялады.
1363 жылы Лу Футун өлтірілген соң, көтерілісшілер әскері кәдімгідей есеңгіреп қалды. Соған қарамастан «қызыл орамалдылар» көтерілісі Юань әулеті билігіне тиген қатты соққыларының бірі болды.
Бұл көтеріліс Чжу Юаньчжанның басшылығымен қайта жанданып, оңтүстік Қытайдың барлық ауданын қамтиды. Бұл уақытта Моңғолдардың күшті шаруа көтерілісінің басуға күш-қаражаты қалмаған еді.
Чжу Юаньчжанның шығу тегі шаруа, будда моностырында тыңдаушы болатын. Ол «қызыл орамалдыларға» 1352 жыл қосылды. Негізгі базасын Нонкинде орналастырып, ол моңғолдардан оңтүстік Қытай территориясын азат етуге күш жұмсады. Юань империсяняң моңғол әскеріне табысты шабуыл жасай отырып, Чжу Юаньчжан сонымен қатар көтерілістің басқа басшылары бірінен соң, бірін талқандап және Лю Футун мен Хань Линьэр өлтірілгеннен кейін нағыз ықпалды адамға айналды.
Чжу Юаньчжан моңғол басқыншыларымен көтерілісшілердің басшыларынан орталық және оңтүстік Қытайдың территориясын тартып алды.
1367 жылы генерал Сюй Да бастаған Чжу Юаньчжанның басты күші солтүстікте шабуылға шығып, 1368 жылдың тамызында Ханболғасунды қоршап, басып алды.
Есі шыққан Тогон – Темір мен оның гвардиясы, бәйбішесі, (хатун) корейлік Ван Цзе Хуту, ұлдары және айналасындағы қошеметшілері мен Моңғолияға қашып, құтылды. Бұл жайында (Тогон – Темірдің Қытайдан қуылуы) неше түрлі әжуә әңгімелер шыққан еді.
Ортағасырлық Моңғолдардың тарихи дерегінде, Тогон – Темірдің бұл әрекеті былай деп сипатталады: «Қытайлық таубасынан көрінгенде – қарсықтың құйрығы бұтына тығылады».
Міне, осылайша, 1368 жылы Юань әулетінің билігі толық жойылып, Моңғолдардың Қытайдағы үстемдігін ақыры болды.
— Егер де моңғолдардың билігін 1215 жылы Чжундуды (қазіргі Пекин) алуынан бастасақ – олар Қытайды 153 жыл билік құрған болады,
— Егер 1260 жылы солтүстік Қытайды толық басып алуынан бастасақ, 108 жыл:
— Егер 1271 жылы империяның Юань деп аталуынан бастасақ 97 жыл:
— Егер 1279 жылы оңтүстік Сун мемлкеті мен бүкіл Қытай бағындырылғаннан бастасақ 89 жыл болады.
Қытай халқының басқыншыларға қарсы соғысы Юань империясының құлауында басты рөль атқарды. Бұнымен қатар жаулап алынған басқа елдер халықтарының басқыншыларға қарсы жүргізген соғыстарымен байланыстыра айтуыыз керек. Сонымен бірге Қытай халқының табысқа жетуінде, Моңғол халқының өз мемлекетінің орталығын отанына қайтаруға ұмтылысының да маңызы мен орны барын ұмытпауымыз қажет. Ең соңында Юань империясының негізінде экономикалық және мәдени бірлік болмауы, оларда біріктіру және әкімшілік басқару қарудың күшімен жүргізілгені себепті, оның негізі әлсіз болып, құлауының сөзсіз екендігінің дәлелі болды.

2.2 Сауда қарым-қатынастары.

Юань әулеті құлағаннан кейін соның орнына келген Мин императоры Чжун Юаньчжонның Тогон – Темірге, 1380 жылы тамызында жіберген хатында былай дейді:
«Мен шығу тегім жағынан шаруа едім. Ол кезде елде ешқандай алға басу болмады, эте көлемді бас бұзарлықтар, тәртіпсіздіктер мен көтерілістер күшейген еді. Барлық жерде ұры – қары, басбұзарлар пайда болып, шаруалардың жерін тартып алып, халыққа қауіп төндіріп, қиындық туғызды. Осыны көріп отырып мен тыныш отыра алмадым Тіпті, сен, менің қымбатым, оларды тыныштандыра алмадың. Олар Юань әулетінің шенеуніктері болса да, көңілдерінде жаулық ойлары болды. Бірде бір адам елдегі көтерілістермен аласапыранды басуды ойламады. Сондықтан мен өз қолбасшыларымен … сегіз провинцияны және екі өзен аралығын өзіме бағынышты территорияларға қостым …», — дей келіп ол Тогон –Темірдің Қытай территориясына шабуыл жасап отырғанын егер онысын тоқтатпаса, ошағын өшіріп, жерін тартып алып тас – талқан етемін деп қоқан – лоққы жасайды, бұлтартпай бағынуын талап етеді.
Тоган – Темір оның ультиматумын қабылдамады. Мин императоры Хатынды Юань әулетінің ешқашан Қытайдікі емес, моңғолдардікі болғанын мойындайды.
Чжу Юаньчжон Аюширид хағанға да арнайы хат жолдады. 1371 жылы жіберген үшінші хатында:
«Осыған дейін жіберген екі хатыма, қымбаттым, жауап жоқ. Бұл сенің өзімшілдік саясатынан туындаса керек. Менің қымбаттым, сен ойлайтын шығарсың: «Мен күн астындағы елдің қожасымын, олай болса халық та маған бағынышты». Бірақ заң бойынша олай емес ғой. Ежелгі мақалда айтылған: «Өзен ол халық, император – қайық». Өзен көтере де алады, батырып та жібере де алады. Неге сен қымбаттым бұны білмейсің, есіңді жиып, түзу жолға түспейсің? Бүгінгі күні жағдайды байқасақ, сенің батырларын ешқандай ерлік істер атқарған жоқ. Менің әскерім болса күннен күнге күш жинап келе жатқанда, сенікі сол күйінде қалуда. Тәңірінің орнатқан жағдайын, қалайша күшпен тәртіпсіздікпен бұзуға болады?
Менің қымбаттым, арамза дамдардың кеңесіне құлақ түріп, қайғырып, лағнет айтып отыра беруге бола ма? Егерде сен менімен бейбітшілікпен келісімге келсең, көк тәңірінің заңдары мен адамдардың тәртіптеріне сай мінез сақтап бағынсақ, онда саған бағынған тайпалар менің жарлығыма құлақ асар еді, қымбаттым. Онда қауіп қатермен бетпе – бет кездесесің. Мен шөл даланы атақты алты қолбасшым бастаған бүкіл әскерімді енгізуге мәжбүр боламын ! Міне, сол кезде, көзіңнен қанды жас ағып, жалынсаң да, кеш болады !». [14; 77]
Хаттың мазмұнына қарағанда Мин императоры ескі саясатын жүргізе берген. Ол моңғолдарға тіо тигізіп, оларды қорқытып, ультиматум жариялап, егер олар бағынбаған жағдайда, әскери күшпен елін басып алатынын айтады.
Сонымен қатар хат әдейі, соғыс үшін сылтау табу үшін жіберілген. Император қалай да моңғолдарды соғысқа тартуға ұмтылды. Аюширидар Мин императорының арнайы хатына жауап қатпады. Бір жыл өтер — өтпестен 1373 жылы Мин әскерінің үлкен күші 150 мың адаммен, Хангай таулы аймағы аудандарына басып кірді, моңғол әскері оларды талқандады. Моңғолдарды тек әскери күшпен жеңу мүмкін еместігін түсінген, Чжоу Юаньчжан моңғолдар арасына іріткі салып, Моңғолияны моңғолдар қолымен соққылауды ойластырды және моңғол қағанының тағына өз адамын отыртқысы келді. Моңғол тағына өз адамын қою жоспары Майдириболмен байланысты оқиғадан көрінді.
Қытайлар Майдириболды тұтқыннан босатып, Қара Қорымға кері қайтарғанында, Чжу Юаньчжан Аюширидар атына хат жазды. Онда былай делінді:
«Мен оңтүстікті алғанымнан бері 5 жыл өтті, ол жерде сенің қалдырып кеткен жас өспірім ұлың Инчжанды үлкен құрметпен бақтым. Сен туралы ойланып, шөл даланы кезіп, өзінің мұрагерінің жоқтығына налып жүргенің түсіндім. Мен сенің ұлыңды, құрметті күзетпен, арнайы тағайындаған елшілермен жіберіп, сенің Юань әулетінің тұқымдары үзілмей жалғасуын қаладым. Менің, құрметтім міне осы жағдайлар туралы ойланарсың». [2; 17]
Жоғарыдағы айтылғаннан көрінетіні, Мин императоры Майдириболды Қаған етіп, оны өз мақсатына пайдаланбақ болғандығы. Сонымен қатар Майдириболды күзетуші және елшіоер ретінде барғандар арқылы. Моңғолияның жағдайын барлауды көздеді. Қытайлықтардың жасырын ниетінің қарсы шығып, қаған тағына Қытайларға қарсы бағыт ұстаған Тогыс – Темірді отырығзды. Міне, осылайша Қытай мен Моңғолия арасында соғыс кезеңі қайта император Юн–лэ (1403-1424) кезінде тіпті шиеленісе түсті. Император моңғол территориясына бес рет еніп, соғыс үстінде, моңғол территориясында қайтыс болды.
1409 жылы Император Юн–лэ жұмсаған үлкен әскер Моңғолияға енді, бірақ Бунияшияр қаған олардың тас – талқанын шығарды. Соған қарамастан Бунияшир – қаған әскері зор шығындарға ұшырады. 1410 жылы Юн–лэ моңғол территориясына, Бунияширдің есін жиғызбастан, әскерін толықтырып үлгертпей, қайта басып кірді.
Императордың өзі бастаған ірі Қытай әскері Моңғолияға жорық жасады. Бұл Юн–лэдің Моңғолияға жасаған бес жорығының біріншісі еді. Сол тұста моңғол әскерінің күштері, моңғол қағаны мен бірінші министрі Аругтай – ноян екеуінің арасындағы кикілжің нәтижесінде екіге бөлінген еді. Бунияшир – қаған, Аругтайдың Қытай алдында тізе бүгейік дегенін айыптап, өз бағыныштыларын ел тәуелділігі үшін табанды күреске шақырды. Мин сарайында барлаушылар арқылы бұл кикілжіндер белгілі болатын.
1410 жылы Юн–лэ басқарған Қытай әскері Моңғолияның территориясына тереңдеп еніп, Бунияшир – қаған әскерімен Онон өзеңі жағалауында шайқасқа түсті. Бунияшир – қаған жеңіліп, өзінің жеті ержүрек – багатурларымен қаған мөрін алып, Ойрат Моңғолияға қашты. Жеті батырлардың ішінде оның кенже інісі Елбек бар еді. Деректердің айтуы бойынша, Бунияширді Махмуд Ноян өлтірді десе, басқа деректерде өз өлімімен өлді дейді. Жағдайға байланысты қарастырсақ Бунияшир, мүмкін өз өлімімен өліп, Елбек мен Махмудқа ойраттармен бірігіп, Қытайдың Мин империясына қарсы соғысуын өсиет етсе керек.
Махмуд – ноян 1409 жылдан бастап біршама уақыт Қытай мемлекеті Мин жағында болған, сол себепті шығыс және батыс моңғолдар арасындағы қарама-қайшылық шиеленіскен жағдайда болды. Олар моңғол күштерін бөлшектеу үшін әртүрлі айлакерлік әрекеттерге барды.
Қытай барлаушылары шығыс моңғолдары арасында Махмуд – қаған тұқымы емес, ол Бунияшир – қағанды у беріп өлтірді, енді Агруктай мен шайқасады деген сыбыстар таратты.
Моңғолдарға жиі – қайталанып отырған кикілжіндер елдегі саяси жағдайды қиындатты. Моңғолияның бір қаған қоластында болуы Батыс және Шығыс Моңғолиядағы бүкіл елдің қалаған арманына айналды. Халықтын мүддесін сатқан феодалдар арасындағы қақтығыстар Моңғолияның аса зор зиянын тигізді.
1410 жылы Бунияшир қағанның әскерінің басты себебі, Қытай әскери күшінің басым болғандығында ған емес, сонымен қатар Аругтай – ноянның опасыздығы мен ойрат феодалдарының қағанға қарсы күресінде болды.
Қытайлар Махмудты қолдап, оның әскерін Бунияшир – қағанға қарсы пайдалануды көздегенімен, оның бүкіл Моңғолия билеушісіне айналуын қаламады, сондықта оның қаған тағын алуына көмек бермеді.
Махмудтың бүкіл Моңғолияның билеушісі болуын көздеген мақсатына жол бермеу үшін Мин билеушілері Бунияшир – қағанның бірінші министрі Аругтай – қағанмен астыртын келісім жасады.
1414 жылы Махмуд – ноян Аругтай мен шайқасу үшін Керулен өзеніне келгенде, Юн-лэ өз әскерімен Аругтайға көмекке ұмтылды. Бұны естіген Махмуд 30 мыңдық атты әскерімен императорға қарсы аттанып, шайқасуға мәжбүр етті. Мин әскері оқ – дәрімен атылатын қару қолданып, басымдылыққа ие болғанымен екі жақта орасан зор шығынға ұрынды. Осы кезден бастап, Махмуд Мин сарайымен соғысын жалғастырып, бір жағынан Мин сарайымен келісімге келген Аругтаймен күресті. Біраз уақыттан соң Махмуд қайтыс болып, оның ісін ұлы Тоган жалғастырды. Аругтаймен Тоган қантөгіс өзара соғысын удете түсті, Қытайлар оны одан әрі өршітіп, өз саясаттарының қол шоқпарына айналдырды. Феодалдардың бұндай өзара қырқысы Моңғолдардың бірігуіне кедергі жасап, өндіргіш күштерінің өркендеуіне жол бермеді.
Император Юн–лэ 1422 жылы Моңғолияға үшінші рет шабуылдан орасан зор мал мен мүліктерді иеленді. 1423 жылы өз әскерін бастап, Моңғолияға төртінші рет Аругтай – ноян әскерімен одақтасып, ойрат – моңғолдармен шайқасты, бірақ соншалықты маңызды жетістіктерге жете алмады. Келесі жылы Юн–лэ ойрат-моңғолдарға тағы да жорық ұйымдастырғанымен екі жақтың күші тепе – тең түсті. Қытай деректерінде бұл соғыстағы жеңістер Қытайларға танылады. Юн–лэ моңғолдарға қарсы соғысып, оларды «жуасытқан» кезде, ұлы ерлік жасап, моңғол әскері қай жерде кездеспесін оларды тас – талқан етіп, жеңіп отырды делінеді. Шындығында, деректерде моңғол мен қытай феодалдары арасындағы соғыстар басқаша жүргенін көрсетеді. Екі жақты зор шығындарға ұшырап отырған. өзін әскери күші жағынан моңғолдар жаңадан құрылған. Мин империясынан кем түспеген.
Моңғолдарда ол кезде жаяу әскер болмады. әскер тек қана атты әскерден тұрды, сондықтан Қытайлар әскеріне қарағанда басымдыққа ие болды. Моңғол әскері тез қозғалды, соғыс жүргізудің тәсілдерін жетік білді. Соның бірі тәсілі соғыстың қызып жатқан уақытында жалт беріп, естері шыға қашқан сияқты болып, қудалаған жау әскерін ыдыратып, қайта айналып, біртіндеп талқандайтын. Олар өздерінің жағдайы нашарлап бара жатса, соғыстан жалтарып, күшін толықтыруға тырысатын. Міне, осындай оқиғаларды Қытай деректері моңғолдар жеңіліп, қашып кетті деп көрсетеді.
Қытай дәстүрі бойынша әскерді император басқарған, сондықтан оның жеңіліске ұшырағанын жасырып, деректерде жеңіске жетті деп бұрмалап жазған. Міне сондықтан Қытай деректерін пайдаланғанда тыңғылықты зерттеулер жүргізу қажет.
Император Юн–Лэ моңғол қағандарына елшілер арқылы, Қоқан – Лоқыға толы хаттарын жіберді. Мысалы: Бунияшир – қағанның таққа отыруынан кейін Юн–Лэнің жарлығымен жедел Моңғолияға хабарманмен мына хат жіберілді:
«Моңғолдардың күші әлсірегеннен кейін мен естідім, Шунь –Ди (Тогон — Темір) ұрпақтарының ешқайсысы өз өлімімен өлмеген, Аюширидордан бастап, Гун – Темірге дейін бәрі Қаған тағында бірін-бірі ауыстырған. Біздің Тай – цэу (Чжу Юаньчжан) Юань әулеті ұрпақтарына қайрымдылық көрсетіп, өзінің соңынан өртуге ұмтылған. Моңғолдар мен сендерге балаларына қараған әкедей қараймын. Қазіргі кезде Юань ұрпақтары қайтадан қаған тағында отыр. Маған бағынып, менің соңымнан ерсеңдер бақытқа кеңелесіңдер, тірі қаласыңдар ма, шіріп құрисыңдар ма, өздерің шешіңдер ! Бұл туралы жақсылап ойланыңыздар !». [5; 226]
Бірақ Бунияшир – қаған бұл қоқан – лоққыдан қорыққан жоқ, елдік тәуелділігі саясатын тұрақты жүргізіп отырды. Оның кезінде Юн – Лэнің арнаулы елшісі Го Цзи өлтірілді. Ол Мин императорының жақыны болатын.
Буниашир – қағанға Юн – Лэден хат алып келген Го Цзи, Моңғолияның тізе бүгуін талап етіп, қағанға тіл тигізіп, намысын қорлағаны үшін өлтірілді. Содан кейін жоғарыда айтылған Юн–Лэнің бесінші жорығы басталып, бірақ табыссыз аяқталған болатын.
Мин сарайының қорқытылуымен және әскери күшпен Моңғолияда бағындыру саясаты нәтиже бермеді. Қытай моңғолдарға қарсы аярлық, айлакерлік саясатын тоқтатпады.
Ол моңғолдарды бір – біріне айдап салудан, әртүрлі шеншекпендер мен дәрежелерді нояндарға таратудың, федалдарға ақша беріп, өз жақтарына тартудан құпия бақылаудан, саяси өлімдер және басқа акциялар ұйымдастырудан көрінді.
Шындығында, сол дәуірде Мин империясы үшін моңғолдар бұрынғыдай аса қауіпті қарсылас болды. Бұны Қытай деректерінен авторлары да жасырмайды.
Мин сарайы елді моңғолдардан қорғау үшін империяның астанасын Нонкиннен Пекинге көшірді. Бұдан басқа Ұлы Қытай қорғанның бойында тоғыз ірі бекіністі аудандар салынып, «тоғыз жетісік» деп аталды, саны көп күзет бөлімдері орналастырылды.
Жоғарыдан шығатын қорытынды, сол дәуірде Моңғолия әлі де болса, Мин империясының қорыққан күші еді, тәуелді мемлекет болды.
Сонымен Юань әулетінің Қытайдағы билігі құлағанымен, Моңғолияның өзінде нығайып жалғасын тапты.

2.3 Қытайдағы моңғол үстемдігінің құлатылуы

Қытайда 1279-1368 жылдары Юань династиясы деген атпен билік құрған Шыңғысханның әулетінің билігі, XIV ғ. ортасына қарай, елдің ішкі және Сыртқы саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарысы салдарынан құлдырауға ұшырап, қытай халқы моңғолдардың үстемдігін жою жолындағы күресін күшейтеді. Сонымен қатар, табиғат апаттарының салдарынан, өзендердің тасуы, Хуаңхэнің арнасының өзгеруі, алқаптарды су басуы сияқты жағдайлар егістік жерлердің мөлшерін күрт азайтты, шаруалардың түрмысын нашарлатты. Қала базарлары қаңырап, шеберханалар мен дүкендер жабылды. Үкімет қазынадан қағаз ақшаларды шығаруға мөжбүр болады, ал бүл қолөнершілер, сауда компаниялары мен өсімқорлардың банкротқа ұшырауына әкелді.
Елдегі жағдай шектен тыс шиеленісіп кетеді. Юань өкіметі бұқарада бүліктердің шығып кетуінен сескеніп, халықтың қару жарақтарды үйлерінде ұстауына, сақтауға тиым салды. Юань сарайында тіпті қытайлықтар жаппай қырудың жоспары да әзірленіп, Қытайда ең көп тараған бес қытайлық әулетті жоюдың жобасы да жасалды.
XIV ғ. 30-жылдарында шаруалар жаппай қолға қару алып, кетерінде аттана бастайды. Оларды Оңтүстіктің қала халқы жөне әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қолдайды. Моңғол үстемдігіне қарсы халық көтерілістерін, көбінесе шаруалар үйымдастырып, ол 1350-1356 жылдары құлашын кеңге жайып, бүкіл елге тарайды. Қытайдағы көптеген жасырын құпия ұйымдар, моңғол билігін құлату үшін ұзақ уақыт бойы халықты азатгыққа жеткізу жолында күресті. Қала халқы да шаруалар қөтерілісіне қосылып, моңғолдардың әскери гарнизондарын талқандап, қалалардың қақпасын шаруаларға ашып беріп оларға қару-жараққа ие болуға көмектеседі. «Байляньцзяо» немесе «Ақ лотос» деп аталған құпия үйымның белсенді әрекеті нәтижесінде, әскери жасақтар құрылып, олар бастарына қызыл орамал байлап, белсенді қарсыласу соғыстарын жүргізеді. Бүл әскери жасақтарды «қызыл әскерлер» немесе «қызыл орамалдылар» деп те атаған, оларды Лю Футун деген адам басқарды. «Қызьш орамалдылар» күрестерін кеңге жая отырып, Цзинань, Кайфьш, Баодин, Датуң қалаларын моңғолдардан тазартып, астанаға қауіп төндіреді.
Орталық Қытайда үлкен халық көтерілістері Хубэй, Аньхой, Чжэцзян және Цзянси провинцияларына тарайды. Миң Юйчжэнь бастаған Хубэйдегі кетерілісшілер батысқа қарай бет алып, Сычуань провинциясына жетеді. Шаруаның баласы Миң Юйчжэнь Сычуаньды моңғолдардан азат етіп алған соң, өзін император деп жариялайды, шаруалардың мұң-мұқтажын қанағаттандыру мақсатымен ірі жер иелерінің байлығын тартып алып, жерлерін шаруаларға үлестіреді, шаруалардың мойындарындағы қарыздарын жойып, салықтарының мөлшерін 10 есеге азайтады. Басып алынған жерлердің бәрін шаруалар өз қолдарына алады.
Моңғолдар 1356 жылы Солтүстік Қытайдан біраз әскери күштерін оңтүстік жаққа алып келіп, «Ақ лотос» ұйымы басқарған көтерілісшілерге қарсы тойтарыс беру мақсатында шабуылын бастайды. Күшті әскери басымдылықпен моңғол әскерлері шаруалардың қарсылығын аяусыз жаныштап, оларды кері тықсырады. Моңғолдар көтерілісшілерден қайтадан Кайфын қаласын жөне Хуанхэ өзенінің солтүстігі жағындағы біраз қалалардыІ тартып алады. 1361 жылы моңғолдардың үстемдігі Шаньдун, Хэнань, Шэяьс жөне Шаньсиде қалпына келеді. Бірақ Қытайдың оңтүстігі көтерілісшілердің ерлік күресінің нөтижесінде моңғолдардың үстемдігінен біржолата азат болады.
Көтерілісші әскерлердің ішінде, Аньхойлық кедей шаруа отбасын шыққан, Чжу Юаньчжан басқарған әскери жасақ ерекше көзғе түседі. Он жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалған Чжу Юаньчжан будда дінін қабылдап, соңынан монах болады. 1354 жылы ол әскери жасақтар басшылығын қолына алып, Янцзыда әскери флот жасақтайды және моңғол әскеріне қарсы шайқастарда үлкен табыстарға қол жеткізеді. 1354 жылы Юаньчжан Сучжоуды азат етеді және осы қалада ол үлкен қару қоймасына ие болады. Ол енді Ханчжоуды да моңғолдардан тазартады. Екі жыл қызмет еткен соң, Чжу Юаньчжан Орталық Қытайды моңғолдардан толық азат етгі.
Чжу Юаньчжанның күшеюіне «Ақ лотос» ұйымы жетекшілік ететін |«қызыл әскерлер» жасақтарының бұларға келіп қосылуы үлкен себеп болады. Осыдан кейін Чжу Юаньчжанның әскери жасағына басқа да көтерілісші әскерлер келіп қосылып, оның әскери күштері 1368 жылы Янцзы өзені аңғарындағы бүкіл Қытай жерлерін моңғол үстемдігінен тазартады. Моңғолдарға қарсы күресті ұйымдастырып, билікке қол жеткізген Чжу Юаньчжан оңтүстіктегі астана Интянь (Нанкин) қаласында, өзін жаңа Миң ишпериясының императорымын деп жариялайды. Орталық Қытайға нық бекінген Чжу Юаньчжанның әскері моңғолдардың негізгі күштеріне қарсы аттанып, 1368 жылы олар, моңғолдардың әулетіне астана болған солтүстіктегі Даду (Пекинді) қаласын алады. Шыңғыстың мұрагері — «Аспан ұлы» атанған император, өзінің қалған әскерімен және туыстарымен Моңғолияға қашып кетеді. Сөйтіп, моңғолдық Юань әулетінің Қытайдағы билігі қүлатылады.
Қытайдың императорлық билігін қалпына келтіріп, таза қытайлық Миң әулетінің билігі орнайды. Осыдан кейінгі аз ғана уақыт ішінде бүкіл Қытай жері моңғолдардан тазартылып, 1382 жылы Юньнанді, 1387 жылы Ляодунді
Миң империясына қосып алуымен елді біріктіру процесі аяқталады. Миң әулеті билігінің негізін салған Чжу Юаньчжан Тай-цзу деген атпен 1368-1398 жылдары билік құрды. Осылайша, 1368 жылы Қытайдағы моңғол үстемдігі толық жойылды.
Миң империясының билік аппараты ол ресми түрде жарияланбай түрған кезде-ақ, яғни Чжу Юаньчжанның көтерілісші қосынында қалыптаса бастаған болатын. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болғандықтан, көтеріліс көсемдері жаңа қалыптасқан өкіметтік билікте дәстүрлі қытай мемлекеттілігінің құрылымындағы жетекші билік орындарына ие болуға тырысты. Бұл жаңа өкіметтің қандай әлеуметтік топтың мүддесін көздейтін сипатын айқындады. Сонау 1356 жылы-ақ Нанкинде жергілікті Секретариат (син-чжуңшушэң) және Әскери Кеңес (син-шумиюань), сондай-ақ Алты мекеме деп аталған, тек орталық үкіметтІк аппаратта ғана болатын жоғарғы атқарушы ұйым құрылған болатын. Чжу Юаньчжанға бағынған жерлердегі ауыл шаруашылығына бақылау жасау үшін арнайы Басқарма (иңтяньсы) құрылады. Чжу Юаньчжанның ордасында оған бүрын да көп көмек көрсеткен және онымен бірге соғыста бірге болған серіктері мен жақтастары — Ли Шаньчан, Сюй Да, Таң Хэ, Сұң Ляң және басқалар қызмет атқарды.
Миң империясының өмір сүрген алғашқы жылдарында, оның әкімшілік аппараты ҮІІ-ХІІ ғғ. Қытайдың таң-сұң әулеттері билік еткен замандарындағы соның көшірмесіндей болды және сондай-ақ, ол өзіне юань әулетінін кейбір билік үлгілерін де сақтап қалды. Алайда, императорды өкімет билігінен біршама алшақ ұстауға лайықталған осы мемлекеттік құрылым, өзінін жанындағы ең жақын деген адамдарына да сенбейтін және билікті үзақ уакыт бойы бәсекелестерімен күресте жеңіп алған Чжу Юаньчжанға ұнаған жоқ. Сондықтан ол басқару аппаратын түбірімен қайта құру үшін бірқатар өзгертулер жасай бастайды. Ондағы оның негізгі мақсаты — билікті барынша орталыктандыру және мемлекет басшысының жеке билігін күшейту болатын.
Чжу Юаньчжан өзінің қарапайым ортадан шыққан тегіне қарамастан, барынша білімді адам болды, ол қытайлық тарихи және философия дәстүрлерді өте жақсы меңгерген еді. Ол Қытайдың өзіне дейінгі билеушілерінің іс-әрекетімен жақсы таныс болатын, өзі император болған енді ол көп уақытын қоғамдық-саяси және философиялык ақыл-ойдың классикалық ескерткіштерін оқып-үйренуге жұмсады. Ол сол классик туындылардың ішіндегі ең күрделісі — «Даодэ цзинге» түсіндірме жазды. Үлгілі қоғам туралы өзінің түсІнігін ол, әрине, қытайлық дәстүрден іздеді. Ол тәжірибені солардан алды. Оның ой-пікірлері мүлік теңсіздігін туғызатын қанаудан азат қауымға арқа сүйеген, аса қуатты императорлық билікті орнатуға бағытталды. Қытай тарихындағы, мүмкін, ең қуатты билеуші бола отырып, Чжу Юаньчжан осы ойларын жүзеге асыруда табыссыз да болмады. Сондықтан осыған дейінгі барлық қытайлық әулеттердің билікке келген алғашқы кезеңіндегі әрекеттері бұнда да байқалды, бірақ Миң әулетінің негізін салушының әрекеті ерекше сипатқа ие болғандығын айтқан жөн.
Чжу Юаньчжанның басқа бұрынғы билеушілерден өзгеше, өзіндік билігіне тән сипаттың бірі — жанындағыларға деген сенімсіздік болды. Ол ешкімге сенбейтін. Оның ойынша, әкімдердің барлығы жемқорлыққа жақын тұрады және олар халыққа императордың ел үшін, халық игілігі үшін істеп жатқан әрекеттерін жеткізбейді. Сөйтіп, Чжу Юаньчжан Миң империясын қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойды. Ол мемлекеттік қызметкерлердің императорға шексіз багынатындай тәртіпті орнатуды көздеп, 1382 жылы үш сатылы емтихан жүйесін енгізді. Бүл жүйе Қытайда XX ғ. басына дейін сақталып келді. Қытай императорының бұл тәртіп жүйесін, кейіннен, абсолюттік тәртіпке негізделген Еуропа қоғамы өзіне үлгі етіп алған екен.
Чжу Юаньчжан өзін қоршаған әкімдерді өте қатал ұстап, оларды сәл қылмысы үшін қудалап отырған. Оған үнемі барлық жерде императорға қастандық жасалатындай елестейтін. Чжу Юаньчжанның билігі кезіндегі қуғын-сүргін әрекеттен 40 мыңға жуық адам зардап шеккен, олардың көпшілігі бұрын императорға қызмет еткен, оның билік басына келуіне ықпал етіп, көмектескен жолдастары болатын. Ол осы ең жақын адамдардан қатты сескенді. Өз әкімдеріне деген осындай көзкарастың қалыптасуы одан кейінгі Миң императорларының барлығына тән саясат болды.
Чжу Юаньчжан императорлық биліктің нағыз арқа сүйер күші үлестік жері бар шаруаларды біріктірген қауым деп санады. Оның билігі кезінде үлестік жүйе көп өзгеріп, ол қайтадан қүрылды.
Қытайды жат жерлік моңғолдар билеген кезде, елдің экономикасы күйзеліске ұшырап, халықтың тұрмысы құлдырау жағдайында болатын. Егістік жерлердІң қөлемі азайып, шаруа шаруашылықтары барынша күйзеліске ұшырап, қала мен ауылдың да жағдайы қатты нашарлап кеткен еді. Қытайдың дәстүрлі қолөнері де бүл кезде өте баяу дамыды.
Чжу Юаньчжан және оның серіктестері, моңғолдарға карсы соғыс кезінде-ақ, шаруаларды түрлі ауыртпалықтардан құтқарып, салық мөлшерін азайтқанмен, жерді шаруаларға тегін беруден бас тартты. Миң императоры моңғолдар мен оларға қызмет еткен қытай феодалдарының жекеменшік жерлерін енді мемлекеттік жерлер деп жариялады. Елдегі ірі феодалдардың қолына шоғырланған жекеменшік жерлер азайтылды, олардан алынған жерлерді енді, мемлекет өз меншігіне алып, кейбір жерлерді ғана шаруалардың меншігіне берді.
Чжу Юаньчжан император болған соң шаруалардың өзіне, яғни императорға тәуелді болуына көп күш салды. Арнайы мемлекеттік ұйымдар құрып, олар мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлердің бәрін есепке алуды тапсырды. Барлық егістікке жарамды жерлер жөне ондағы халық бұқарасы түгелдей салық жүйесіне тартылды. 1370 жылы осы мақсатты жүзеге асыруға қажетті халық санағы жүргізіледі. Санақ кезінде тұрғын халықтың саны анықталып қоймай, әрбір үйдің мүлік мөлшері де есепке алынды. Мүлік мөлшері мен адам саны толтырылған анкета қағаздар орталық үкіметке жіберіліп, оның көшірмелері жергілікті әкімшіліктер мен үй қожайындарының қолында сақталды. Мүлік мөлшеріне қарай шаруа үйлері салық пен еңбек міндеткерлігіне тартылды. Оның мелшері жердің көлеміне, жеке шаруашылықтағы жүмысшылар мен мүліктің санына қарай белгіленді.
1381 жылы бүл жүйеге салық пен еңбек міндеткерлігін реттеуге бағытталран өзгерістер енгізілді. Осы жүйе Қытай тарихындағы императорльіқ биліктің бүкіл өн бойында, яғни оның өмір сүруінің аяғына дейін сақталып келді. Жаңа жүйеге сәйкес әрбір 10 шаруа үйлері цзяга бірігіп, ал әрбір 10 цзя 1 лиді қүрады.
Бұндай жүйені алғаш енгізген Чжу Юаньчжан емес еді, егер еске түсірсек, бұндай құрылым Сұң заманында да жасала бастаған болатын. Бірақ Миң өулетінің алғашқы императорына лицзя жүйесі жерге салынатын салықты жинау мен мемлекетгік еңбек міндеткерлігін өтеуді реттеуге қолайлы құрал болып қана қойған жоқ, ол билік пен халықты біріктіруге жеткізетін үйлесімді әлеуметтік тәртіптің негізі де болды. Бүл идеялар арнайы құрастырылған «Үлы сақтандыру» деп аталатын еңбекте жазылды. Бүл еңбекте әкімдердің жасайтын көптеген қылмыстары мен жіберетін қателіктері сипатталып, оған байланысты императордың беретін ақылы көрсетілді. Бүл еңбектен Чжу Юаньчжанның қытайлық дәстүрді берік ұстанатыны көрініп, оның «сауатты деспотия» орнатуға ұмтылысы айқын білінді.
Мемлекет басшысының бұйрығымен бүл шығарма әрбір үйде болуы тиіс еді, егер болмаған жағдайда үй иесі заң бойынша жауапқа тартылды. Осылайша, Миң державасында бұл еңбек бағынышты халықты бір адамның, яғни императордың ақыл ойына бағынышты етіп ұстауға қызмет етті. Қарапайым халыққа түсінікті болу үшін, император бүл қағиданы ауызекі тілмен жазды. Шаруалардың иероглифтерді білмеуі де олардың бұл шығарманы білмеуден құтқара алмады, өйткені ауылдағы сауатты ақсақалдар «Ұлы сақтандыруды» дауыстап оқып, оны өздерінің түсініктемелерімен коса, сауатсыз адамдардың баршасына түсіндіріп айтып отырды.
Қауымның нығая түсуіне орай, алғашқы Миң императоры ауыл ақсақалдарының кеңесіне көп үміт артты. Ауыл ақсақалдарының кеңесіне жасы 50-ге жеткен, баршаға мінсіз ақылды да байсалды мінезімен көзге түскендерден таңдап алды. Ақсақалдар жоғары билеушіге барлық жағдайларды баяндап, жергілікті әкімдер мен лицзя басшыларының теріс қылықтары болса, оны дер уақытында хабарлап отыруы тиіс болды.
Жергілікті әкімдердің билігіне қарсы тұра алатын туыстық-кауымдық ұйымдарды нығайтумен қатар, Чжу Юаньчжан еншілес иеліктер (го) құрыла бастады, олар императордың ойынша қалыпты жүйеден езгеше, әкімшілік жүйені қалыптастыруы тиіс болды. Еншілес иеліктер императордың туыстарына, ең алдымен оның ұлдарына таратылып берілді, бұл жер иеліктер империя қүрамындағы автономиялық өкімшілік бірлік те билеуші хаңның меншігіндегі жеке жер иелігі де емес, ол ресми әкімшіліктің үстінен бақылау жасауға мүмкіндік беретін құрал сияқты болды. Негізігі түйіні бойынша бүл императорға қандас туыстарға арқа сүйеген, кез-келген бүліктер мен жікшілдік әрекеттерді түп тамырымен тиып тастауға қабілетті құрал болатын. Осындай, бүкіл империяның шекарасы бойына құрылған еншілес иеліктерге, мемлекеттің шекарасын қорғау жөне ең алдымен, Қытайдың көшпелі көршілері тарапынан болатын сыртқы шабуылдарға тойтарыс беру сияқты маңызды міндеттер жүктелді.
Бірақ, жоғарғы биліктің позициясын нығайтуға тиісті болған еншілес иеліктер өзінің түпкі мақсатты міндетін орындай алмады, олар 1399 жылы Чжу Юаньчжан өлген соң, оның мұрагерлері арасындағы бақталас күрестер мен жікшілдіктің көзіне айналды. Таққа мүрагерлік ету туралы әулеттің негізін қалаушы императордың шығарған заңына сәйкес, тақ бәйбішеден туған үлкен ұлға тиесілі болды, ал ол өзі өлген жағдайда, немересі ие бола алатын еді. Императордың он алты жасар немересі Чжу Юаньчжан өлген соң, 1399 жылы таққа отырғанымен, өкімет билігін бар жоғы үш-ақ жыл үстап түра алды. Императордың бүл немересінің билік етуіне еншілес иеліктері бар оның баска ұлдары жанталаса қарсылық білдіріп, онымен соғысқа кіріседі. 1402 жылы, жылдам өте шыққан азаматтық соғыс кезінде, Солтүстік Қытайда еншілес үлесі бар ағасы Чжу Ди оны өлтіріп, тақты тартып алады. Кейбір деректер бойынша, ол император сарайы өртенген кезде қайтыс болды десе, екінші бір мөліметтер император шашын тақырлап алып тастап, монах киімін киіп ел кезіп кеткен дейді.
Чжу Юаньчжаннан кейін билікке келген Чжу Ди (билік құрғандағы аты Юн Лэ, 1402-1424) шын мөнінде әулеттің негізін салған императордан кейінгі, екінші, мықты император болды. Оның билігі тұсында Миң империясы гүлденген, әрі қуатты мемлекетке айналып, оның халықаралық байланыстары нығайып, әлемге таныла бастайды. Империяның Үндіқытай түбегі мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ықпалы күшейе түседі. Оның іске асырған өте маңызды саяси маңызы бар қадамдарының бірі, солтүстіктегі астана, артта қалған Пекинде қайтадан көркейту жұмысы жүргізіліп, бүл қалада жаңадан сәулетті сарайлар мен діни ғибадатханалар көптеп салына бастайды. 1421 жылы Миң империясының астанасы Нанкиннен ресми түрде Пекинге көшіріледі. Император қала халқының жағдайын жақсарту туралы бірқатар шараларды іске асырады.
Чжу Ди император еншілес иеліктердің орталық өкімет үшін өте қауіпті Іекенін түсіне отырып, оны мемлекеттік жүйенің бір тармағы ретінде жойды. Алайда оны жою бірден жүзеге асырылған жоқ. Чжу Юаньчжанның мұрагерлік туыстары әлі де артықшылық жағдайдағы әлеуметтік топ — мұрагер ақсүйектер іретінде сақталып қалды. Егер оның алғашқы ұрпақтарын асырау тікелей мемлекеттің мойнында болса, енді ХҮІ ғ. ортасынан бастап, еншілес иеліктердің саяси мәнінің біртіндеп жойыла бастауына сәйкес, ықпалды князьдер біртіндеп өздерінің жер иеліктерін кеңейтуге тырысып, сарайға өтініш жасай бастайды. Императорлар да бұл өтініштерді қанағаттандырып, еншілес иеліктердің иелерінің саяси ықпалын ескеріп, оларды ірі жер иелеріне айналдыруға көнді. Осылайша, билік иелерінің туыстарының үнін өшіріп, олардың наразылығын болдырмауға тырысты. Бұл әрекетке барудың тағы бір себебі, императорлық туыстардың көптігінен, оларды асырау қазынаға барған сайын ауыр бола түскен еді. Олардың саны, сол кездегі оқымысты-әкімдер шэньшилермен бірдей болған. Осындай ақсүйектердің иеліктері, яғни, ең алдымен, императордың туыстарының меншіктері, халық көтерілістеріңің негізгі назары түскен объектісіне айналып. оларға деген халық наразыльіғы әулеттің билігінің соңына қарай кең етек алып, ақыры оны құлатып тынған болатын.
Миң империясы тұсында Қытайдың ауыл шаруашылығы мен қосалқы шаруашылықтары, қолөнері қатты өркендеп дамыды. Вьетнамнан тәжірибе алмасу арқылы алынған ирригациялық тәсілдерді пайдалану мен жаңа ауыл шаруашылығы дақылдары — тәтті картон пен арахисті өсіру, ауыл шаруашылығының үлкен дәрежеге көтеріліуіне себеп болды. Бірақ ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды кіргізу үрдісі дами қойған жоқ. Қытайдың диқан шаруалары егісітікті бұрынғы соқамен жыртудың орнына кетпенді пайдалануды тиімді санады. Қытай диқаншылары, осы әдіспен-ақ, барған сайын өсіп отырған бүкіл империя халқын, астыкпен қамтамасыз етіп отырды. Осы империяның билігінің соңына қарай, Қытайда капитализмнің алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Тоқыма енеркәсібі мен темір балқыту шеберханалары сияқты өндіріс орындары көбейіп, ондағы жүмысшылар саны үлғаяды. Ол жерлерде еңбек бөлінісі қолданылып, өндіріс деңгейін өсіруге қол жеткізіледі.
XVI ғ. басында Қытайда жалпы экономикалық және мәдени өрлеу байқалды. Миң әулетінің билігі тұсында қалалар өсіп өркендейді, олар халықтың қалың шоғырланған ортасына, мәдениеті мен қолөнерінің ордасына айналады. Осы кезендегі Қытай қалаларындағы халық саны еуропалық қалалардағы халық санынан артық болып келген. XVI ғасырда Пекиннің түрғын халқы 1 млн-ға жуықтаса, Нанкинде 1 млн-нан астам халық болған.
Миң дәуірінде жібек тоқу, мақта тоқу, бояу жасау өндірісі, қыш жасау өндірісі, фарфор мен қағаз жасау, кітап басу ісі барынша дамып өркендеген. Жаңа қоленер орталықтары ретінде Нанкин, Сучжоу, Ханчжоу қалаларынын даңқы артты. Қытайдағы аса ірі фарфор өндірісінің орталығы Цзиньдэчжэнь қаласының (Цзянси поовинциясы) аты шығып, бұл қалада жасалған қытай фарфорының даңқы Шығыс елдерінде ғана емес, Еуропаға кеңінен мәлім болады [29].
Саудаға қолдау көрсетіп, ішкі жөне сыртқы сауданы жүргізуге қолайлЫ жағдай жасап отырды. Соның нәтижесінде қытай саудагерлері теңіз арқылы да және керуен саудасын да дамыта отырып, сырт елдермен байланысты үлғайтты.
Миң заманы қеме жасау өндірісінің өркендеуімен де белгілі болды. Жүзу қабілеті барынша жетілдірілген қытай кемелері елдің жағалауларынан мыңдаған шақырым алые жерлерге жүзіп бара алатын еді. XV-XVI ғғ. Құрылыс ісінің өркендеген кезеңі болды [30]. Қазіргі Қытай жерінде сақталып қалған көне қалалардың негізі осы Миң дәуірінде салынған болатын. Қалалардағы құрылыс жұмыстары барынша ұлғайып, ірі де сөнді сарайлар, Миң әулетінің императорларының басына орнатылған ғибатханалар салынып, Пекиндегі Император сарайының, Ұлы Қытай қабырғасының құрылысы да одан әрі жалғастырылып, қабырғаның қираған кейбір тұстарына жөндеу жұмыстары жалғастырылады.
Миң дәуіріндегі Қытайдьщ осындай елеулі жетістіктерге жеткеніне қарамастан, қытай тарихының бүл заманында бұрынғы әулеттік циклдің даму бағытын айқындайтын әлеуметтік механизмдер әрекет етті. Шамамен XV ғ. екінші жартысынан бастап, өрлеу кезеңі құлдырау кезеңіне қарай ойысты. Дағдарысты тудырған жағдайлар сол бүрынғыдай еді. Ең басты мәселелердің І5 ірі, жаңа егістік жерлердің игерілуінен озып кеткен халық санының өсуі болды. XVI ғ. аяғына қарай әулеттің билігінің бастапқы кезеңіне қарағандағы жан басына шаққандағы жыртылатын егістік жерлер көлемі екі есеге азайды. Соған қарамастан, өкіметтің мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін және әскери қимылдарды қаржымен қамтамасыз ету үшін, қажетті салық салу талаптары азаймады. Миң әулетінің құлауының қарсаңындағы қаржының тек бір әскери салаға жүмсалатын бөлігі ғана 20 млн. ляң күмісті құрады, ал әулеттің билігінің басындағы бүкіл мемлекеттік қаржы бар-жоғы 2 млн. болатын. Әдеттегідей, XVI ғ. басынан басталған өкіметке қарсы халық көтерілістерінің өршуі мен император сарайындағы саяси күрестің етек алуы дағдарыстың айқын көрінісі болды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Шетел тарихындағы Моғлтану мәселесі ұзақ уақ бойы, осы кезеңді зерртеу барысында Моңғол және Қытай тарихи оқиғаларын шатастырып, Қытай тарихына басымырақ көңіл аударды.
Олардың баз-біреулері Моңғол тарихын жазуға ұмтылғанмен, өкініштісі, олар бар көңілін Моңғол қағандырының, нояндарының өмірі мен қызметіне, олардың жаулап алу жорықтарын сипаттаумен шектелді.
Феодализм тарихын зерттеуші Қытай тарихшылары, моңғолдардың Юань әулетің (династия), Қытай императорлары әулетінің бірі деп және Юань империясының тарихы Қытай тарихы деп, сол кезеңдегі Юань әулеті Моңғол мемлекеті білдірген деген, Қыайдың өз мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылып, Моңғол империясы құрамына кіргенін ескермегенде, тіпті Шыңғыс хан Құбылайға дейінгі Моңғол мемлекеті 65 жылдық тарихы, олардың пікірі бойынша Қытай тарихының бір бөлігі делініп, ашықтан бұрмалаушылыққа ұрынады.
Міне бұндай пікірді Мин және Цинь және басқа дәуірлердегі ҚЫтай ғалымдары ұстанған болатын, солардың ішінде Шао Юаньпин, Цянь Дасинь (1728 — 1804), Вей Юань (1794 — 1856), Кэ Шаоминь (1850 — 1933) және басқаларды айтуға боады.
Жоғарыда айтылған феодалдық тарихшылар ішінен тек Ту Цзи ғана, Юань әулеті тарихына Шыңғыс хан мен оның үш мұрагерлерінің қатысы жоқ, олар Құбылайдың 1260 жылғы Қаған тағын тартып алғанымен 1271 жылғы оның Да Юань (Ұлы Юань) әулеті деп өзгертілуіне дейінгі оқиғалар кірмеуі керек, және Моңғол империясының Батыс ұлысы тарихына да байланысты фактілерді енбеуі керек делінді. Осыған қарамастан ол да Юань дәуірін Қытай тарихына жатқызды.
Біздің жұмысымыздың бірінші тарауында Ұлы Қаған тағы үшін талас мәселесі көтерілді және тағы бақа мәселелер қаралды.
ҚХР құрылғаннан кейін де кейбір Қытай тарихшылары Юань әулеті дәуіріндегі моңғол тарихын бір жақты қарастырып, XIII – XIV ғасырлырдағы моңғол тарихын, Қытай тарихының бір бөлшегі деп көрсетті.
Ел ішіндегі ұлтшылдықтық оянып келе жатқан кезінде КХР – да 1961 жылдан бастап Моңғол билігінің Қытайдағы тигізген зияндарын қайта бағалау, анық пайдал жақтарын көрсету ашықтан айтыла бастады. осы кезде мерзімдік басылымдардаңі Юань империясының негізін салушылардың орны марапатталынып жазылған мақалалар жарияланды.
«Жэньминь жибао» газетінде: «Юань әулетінің билігі кезеңі Қытайды біріктірудің ұлы кезеңі болды … Шыңғыс хан негізіні салған әулет Қытай тарихында жетекші рол атқарды … Шыңғыс хан ұлттық шекараларды талқандап, Хонь мен Тон әулеті кезінен бері болмаған ұлы көп ұлттық мемлекетті қалпына келтірді».
«Құбылай деп жазды «Гуанмин Жибао» газеті — біздің біріккен және көп ұлтты мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосты … Құбылай сонымен қатар Моңғол тарихының дамуында да үлкен орын алады».
1961 жылы Нонкин университетінде, Құбылай тарихи орнын талқылаған ғылыми конференция болды. Құбылайды «Қытай қағандары» ішіндегі ең жаңашыл, жетекші роль деп мадақтау Моңғолдардың басқыншылығын ақтау мен моңғол тарихындағы шындықты бұрмлау болады.
Тарихшылар Арық – Бұға мен Құбылай арасындағы қаған тағына таласуымен Юань империясын құрылуын әртүрлі түсіндіреді, сонымен қатар сол кездегі Моңғол тұрғындарының санын әр қилы көрсетеді.
Каған тағы үшін күрес Үгедей мен Мүнке қаған кезінен басталып Юань империясы кезінде өрши түскен.
Ағайындылар Арық – Бұға мен Құбылай арасындағы жауласушылық — кәдімгі орта ғасырлық тақ үшін күрес болды.
Оның алдыңғы оқиғалардан бір ерекшелігі, моңғол мемлекетінің тағдыры осы күресте шешілетін болды.
Бірақ та менің көзқарасым бойынша Арық – Бұғаның моңғол астанасын Қара Қорымда қалдыруға жасаған әрекеті дұрыс болған, ал Құбылайдың астанасы бөтен елдің территоиясына көшіруі дұрыс болмады.
Юань империясының құрамына Моңғолияның өзінен басқа көптеген Азия елдері, соның ішінде астанасы Қара Қорым болып, Моңғол тәуелсіздігінің ошағы болған Моңғолия, Юань әулеті құрған империя тұсында да Моңғол халқының саяси орталығы болып қала берді.
Юант империясы билігі кезінде Моңғолия тақ мұрагерінің билік етуші мекені болды.
«Юань Ши» мен басқа да Қытай деректерінің мәліметі бойынша Моңғолияның өзінде тұратын моңғолдарың жағдайы, өте ауыр жағдайда болған. Соған қарамастан олар өз қажеттіліктерін өндіріп, қамтмсыз етіп отырған.
Юань империясын құлатқаннан кейін, Қытайдың Мин әуеті Моңғолиямен сауда-қатынастарын тоқтатып, жиі-жиі әскери жорқтар ұйымдастырып отырды.
Бірақ моңғолдар саяси тәуелсіздігін жоғалтпай өздерінің күнделікті эконоикалық қажеттіліктерін қамтамсыз ете алды.
Юань империясының негізі 12602 жылы салынып, 108 жылдан соң, яғни 1368 жылы құлады. Шын мәнінде Моңғолдар империясының ақыр соңі 1388 жыл.
Юань империяс құаған соң 1370 жылы Тогон – Темірдің баласы Аюширидар Қара Қорымға қаған тағына Билигту – қаған титулымен отырды. 110 жылдан соң Қара Қорым Моңғолияның қайтадан саяси орталығына айналды.
Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, XIII – XIV ғасырларағы Моңғол тарихында Юань әулетінің өзіндік орны мен ондағы қаған тағы үшін күрестердің толастаағанда, ақыр соңында бұл күрестер Юань әулетінің құлап, саяси күретердің моңғол территориясына оралғанын көреміз.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Моңғолдың құпия шежіресі» Аударған М. Сұлтанияұлы.
Өлгей 1979.
2. «Юань ши» В книге Мункуев Н.Ц. Китайский источник о
первых монгольских ханах. Москва, 1965.
3. Рашид ад-Дин «Сборник летописей» т-1. Перевод
Л.А. Хетагурова. Москва, 1952.
4. Әбілғазы «Түрік шежіресі» Алматы, 1992.
5. Ала ад-Дин Жувейни «История покорителей вселенной»
Москва, 1997.
6. Плано Карпини «Моңғолдар тарихы» Аударған
А. Сейдімбеков. Алматы, 1992.
7. Вилгельм Рубрук «Шығыс елдеріне саяхат» Аударған
А. Сейдімбеков. Алматы, 1992.
8. Марко Поло кітабы. Алматы, 1990.
9. Чулууны Далой «Монголы в XIII-XIV». Москва, 1983.
10.К.Д. Оссон «От Чингисхана до Темирлана» Алматы, 1996.
11.Эренжен Хоран-Даван «Чингис хан как полководец и его
наследие» Алматы, 1992.
12.Татаро-моголы в Азии и Европе. Сборник статей.
Москва, 1970.
13.Амирхон Р. «Истрия начатая с Чингизидов» Москва, 1995.
14. Жумагулов К.Т. «Проблемы исследования евразийской
истории». – Историческая наука в ХХІ веке // Матриалы
международных Бекмахаровских чтений. – Алматы, 2001. –
С. 120
15.Алдабек Н. «Қытай тарихы» Алматы, 2000.
16.Балжанов П. «Монгольская Летопись Эрденийн эрихэ»
Москва, 1956.
17.Безертдинов Р. «Чингис хан: покрыт клеветой и славой»
Казань, 1993.
18.Бира Ш. «Монгольская историография 13-14 вв.»
Москва, 1978
19.Владимирцов Б.Я. «Общественный строй монголов.
Монгольский кочевой феодализм» Ленинград, 1934
20.Далай Ч. «Монголо-китайские отношения (13-15 вв.)»
Проблемы дальнего Востока №1. 1979.
21.Данияров К. «Моңғолтану және Шыңғыс хан тарихы» Қазақ
тарихы. 1996. №4-5
22.Мункуев Н.Ц. «К вопросу об экономическом положении
Монголии и Китая в 13-14 вв.» Москва, 1965.
23. История Востока. Под. Ред. И.К.узнецова. М., 1988.
24. История стран Азии и Африки. М., 1970.
25. Фань Вэнь-лань. Новая история Кит. М, 1955.
26. Личевецкий Д. У стен недвижного Китая. СПб., 1903.История
Китая. Под ред. М.Меликсетова. М., 1996.
27. Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М., 1970.
28. Гримм Э.Д. Сборник договоров и других документов по
истории международных отношений на Дальнем Востоке. М.,
1927.
29. Хенниг Р. «Неведомые земли» / Пер. Лисовской А.В.,
предисл. и ред. Магидовича И.П. – М.: Изд. иностр.
литературы, 1962. – Т. ІІІ. – 471.
30. Хафизова К.Ш. «Китайская дипломатия в Центральной Азии
(XIV – XIX вв.)», Алматы, 1995 г.