Экономиканы мемлекеттік реттеу

0
31

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………….3

I-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ…………………………..4

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі…………………………………4

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ …………………………………………………….7

2.1 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы …………………………………………………….7

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы …………………………………………..15

2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ….22

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………31

КІРІСПЕ

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.

Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.

Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан анрықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.

Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік рететудің рөлі орасан зор болып табылады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Экономиканы мемлекеттік ретету: қағидалары мен үлгілері» деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге байланысты тақырып алдым.

Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады: экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.

I-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.

Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.

Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.

Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоға мадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді.

Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жасауды мемлекеттің басты қызметі деп есептеді.

А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:

1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;

2. Құқықтық қызметтер;

3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;

Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді: экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.

Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету екендігін атап өтті.

Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті.

 

 

 

 

Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:

• Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;

• Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:

• Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;

• Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:

1) Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;

2) Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;

3) Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.

4) Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.

Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:

• Ұлттық қорғаныс;

• Фундаменталды ғылым;

• Космостық зерттеулер;

• Денсаулық сақтау;

• Қала құрылысы, заводтар салу;

• Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;

• Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;

• Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;

• Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;

• Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:

• Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

• Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;

• Бәсекелік ортаны барынша қолдау.

Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:

1) Экономикалық өсім;

2) Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;

3) Бағаның тұрақтылығы;

4) Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.

Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей жіктеуге болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет- 1 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

 

 

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңызды болып табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.

 

 

 

 

 

 

 

 

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы

 

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және нақты қолдану процесі.

Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура және жанама салықтар қолданылады.

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме негізгі қолданыста болады. Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық бөлу және қайта бөлу, бақылау қызметтері жатады.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.

Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш қызметтерi бар:

• Фискалдық;

• Рететушiлiк;

• Бақылаушылық.

Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады.

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1) мемлекет шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың өзара үйлесуі.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.

Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден көре аламыз.

Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

 

 

Кесте 1

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық түсiмдердiң үлес салмағы

 

1998 1999 2000 2001 2002 2003

Мемлекеттiк бюджет кiрiсi (млрд. теңге)

Оның iшiнде салықтық түсiмдер 242,7

 

178,1 279,4

 

204,1 304,1

 

215,6 393,0

 

330,3 587,0

 

524,1 746,9

 

670,0

Салық түсiмердiң мемлекеттiң бюджетiндегi үлесi 73,4 73,0 70,9 84,0 89,3 90,2

 

 

Осыған орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға сәйкес салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі функцияларды атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның мақсаты жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қаржы құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы аталған функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі мемлекеттің салық механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық (ынталандыру, шектеу, ұдайы өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бақылау функциясы табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы ресурстарына деген қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау мақсатында кәсіпорындар мен халықтың қаржы – шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы халықтың түрлі әлеуметтік топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында табыстың бір бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға қарай беру арқылы қоғадық табысты қайта бөлуге бағытталған.

Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінің тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.

Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.

Салық Кодексіндегі 9 салық түрінің екеуі, яғни қосылған құнға салық пен акциздер жанама салық түрлеріне жатады.

Жаңа Салық Кодексi 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:

• корпорациялық табыс салығы;

• жеке табыс салығы;

• қосылған құн салығы;

• акциздер;

• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;

• әлеуметтiк салық;

• жер салығы;

• көлiк құралдары салығы;

• мүлiк салығы.

Мұндағы қосылған құнға салық пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал қалған салықтың жетi түрi тiкелей салық салу болып табылады.

Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.

Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.

Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып белгiленген. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Төлем көзiнен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозитер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi мемлекетке оны төлеу нәтижесiнде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеудi сатып алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм (амортизациясы бар таза өнiм) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығындар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар қамтылуы мүмкiн.

Демек, бұл салықтың ерекшелiгi – оның салық салынатын объектiсi сатудан түскен бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде, соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының 17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: бiрiншiден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен тобынан алынады; екiншiден, төлеушiлер үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық ахуалына, инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет бюджетiнiң кiрiстерiн қалыптастырудың сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз етедi. ҚҚС қазiргi кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң бiрi болып саналады. 2004 жылы мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 23-24%-ды құрады.

Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн тауарларға салынатын салық. Акциздердi өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндiрушiлер төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге де салынуы мүмкiн.

Акциз ставкаларын Үкiмет бекiтедi және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi. ҚР-ның Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң үлесi 2004 жылы 3,5%-ды құрады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:

1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:

• мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;

• бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;

• бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;

• республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;

• бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

• мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

• ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.

2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.

Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап отыр.

Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары анықталады. Олар:

• шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;

• Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;

• Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;

• Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.

Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.

Келесі 2-ші кестеден мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамын ЖІӨ-гі пайызбен көре аламыз. /12/

 

Кесте 2

Мемлекетік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы

 

Атауы 2006 2007 2008

Кірістер 22,3 22,7 23,2

Салықтық түсімдер 21,3 21,5 22

Салықтық емес түсімдер 0,6 0,5 0,5

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,4 0,7 0,7

 

2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:

• Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;

• Білім беруді дамытуға;

• Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге;

• Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;

• Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;

• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;

• Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр. /12/

Орта мерзімді кеезңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі нарттыру болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

• Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;

• Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;

• Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;

• Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;

• Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

• ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;

Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағытары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. /12/

Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз керек.

 

 

 

 

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы

 

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясаты болуында.

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

• рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

• экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – коммерциялық банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.

Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуi;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесi;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;

ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл мақсатты орындауда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

• Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;

• Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;

• Мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде айналыстағы ақша жиынын реттеу;

• Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер беруді тиімді жүргізу;

• Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық банктің шетел валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық бағам мен төлем балансын реттеп отыру;

• Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;

• Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей Орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс. Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етіп отырады.

Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.

Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.

Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

1) мiндеттi резервтеу;

2) резервтеудiң баламалы тәртiбi.

Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.

Қазақстан экономикасындағы ақшаның құнсыздану қарқынының өсуі негізінен ұлттық экономиканың әлі де болса шикізаттық бағытта болуы, яғни шикізаттық ресурстар экспортынан ғана биылғы жылы төлем балансы оң болып отыруы және соңғы 5-6 жылда экономиканың қарқынды өсуі, халықтың табысының көбеюі және олардың тұтыну қабілетінің артуы болып отыр. Ал осы сұранысты қанағаттандыру қабілетін негізінен отандық өнімдердің үлесінің шамалы болуы, шетелдік өнімдер импортының жоғары болуы, отандық өңдеу өнеркәсібі салаларының дамымауы есебінен инфляция деңгейін таргеттеу саясаты тұрақтандырудың өзі қиынға түсіп отыр. Бұған жауап ретінде соңғы 2-3 жылдағы инфляция қарқынының ақырындап өсіп келе жатқандығын айтсақ болады. Егер экономика осы қарқында дами беретін болса, экономиканы реттеу қаржы саласының ғана қолында болып, оның басты негізі өндіріс саласын тиімді дамытпасақ алдағы жылдары инфляциялық толқулардың орын алуы мүмкін.

Осыған байланысты еліміздегі ақша-несие саясатының 2003-2006 жылдарға арналған негізгі міндеті Ұлттық банктің тікелей араласуын, яғни Ұлттық банкті тәуелсіз орган ретінде қаржы рыногындағы монополияға айналдыру арқылы қатаң ақша-несие саясатын жүргізуді қолға алып отыр. Инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін сақтау үшін ақша-несие саясатын жүзеге асырып, ал еліміздің Үкіметі ұлттық экономиканы шикізаттық экономикадан алып шығатын 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда.

Экономиканың тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру және инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде инфляцияны таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляция таргеттеу саясаты арқылы экономика дамуында алдағы жылдарға негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инфляцияның деңгейін жылдар бойынша белгілейді. Бұл саясатты жүзеге асыруды және толық қадағалап отыруды Ұлттық банк өзінің басты міндетіне айналдырады. Инфляцияны таргеттеу принципіне өту кезінде келесі негізгі қызметтер мен шаралар қолданыс табады:

• Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарының дамуына ықпал ету;

• Ұлттық банктің бағалы қағаздар портфелін кеңейту;

• Қаржы нарығының реттеуші құралы болып қайта қаржыландыру пайыз ресми мөлшерлемесін және Ұлттық банктің қысқа ноталарының өтімділігін реттеуші «РЕПО» операцияларын дамыту көзделген;

• Ұлттық ақша бірлігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету арқылы экономикада қызмет етуші тұлғаларға тиімді орта қалыптастыру және алдын ала көрсеткіштер арқылы олардың өз қызметтерін жоспарлауға жағдай жасау.

Қазақстанның экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алып іске асырып отырғандығын көре аламыз. Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, экономикадағы тұрақсыз бағалар болып табылатын ауыл шаруашылығы бағалары, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды қатаң түрде реттеп отыру шаралары болып табылады.

Елімізде 2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде есептеу көрсеткіштерін базалық инфляцияның көрсеткіштері негізінде есептей бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына орай базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі есепке алып отырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жанармайға, жеміс-жидектерге және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді. Өткен 2004 жылғы қорытындылар бойынша осы екі әдісті пайдаланып инфляция деңгейін есептеп, тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 1-ші әдіс бойынша 6,7% және 2-ші әдіс бойынша 5,9% болды. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын байқаймыз.

Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2006-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2005 жылы 4,9%-6,5%-дан, 2006 жылы 4,8%-6,2%-дан және 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек;

Енді еліміздегі ақша-несие саясатында таргеттеудің іске асқан жылдары бойынша келесі 1-ші кестеден еліміздегі ақша жиынын, ондағы қолма-қол ақшалардың өсу шамасын, ақша массасын және инфляцияның жылдық деңгейінің шамаларын және ақша-несие саясатының жүргізілуіндегі олардың іске асу нәтижелерін зерттей аламыз.

 

Кесте-1

2001-2005 жылдардағы ақша-несие саясатының жүргізілу барысы

 

2001 2002 2003 2004 2005 (6 ай)

Ақша базасы, млрд. теңге 175 208.3 316.9 577.8 550.6

Өткен жылмен салыстырғанда ақша базасының өзгерісі, %

29.5

19

52.2

82.4

-4.7

Айналыстағы қолма-қол ақшалар, млрд. теңге 131.2 161.7 238.7 379.3 389.5

Қолма-қол ақшалардың өзгерістері, % 23.3 23.2 47.6 58.9 2.7

Ақша массасы, млрд. теңге 576 765 971.7 1650.1 1833.3

Ақша массасының өзгерісі, % 45.1 32.8 26.8 69.9 11.1

Жылдық инфляция деңгейі, % 6.4 6.6 6.8 6.7 3.5 (6 ай)

 

 

 

1-ші кестеден көретініміздей соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының, ақша массасының өсу қарқыны жоғары болғанымен ақша-несие саясатының тиімді жүргізілуі нәтижесінде инфляцияның жылдық деңгейі 2003 және 2004 жылдары 7% деңгейінде тұрақты қалпын сақтауда. Ал биылғы жылғы 11 айдың деректері бойынша инфляция деңгейі ақша-несие саясатының болжаған және белгіленген шамасынан асып кетіп отыр. Қазір инфляция деңгейі шамамен 8% болып, 2005 жылы 4,9%-6,5% болады деп белгіленген инфляциялық таргеттеу көрсеткішінен асып кетіп отыр.

Өйткені елімізде бұрыннан бері жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 11 айдың ішінде осындай нәтиже берді. Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «қайта қаржыландыру» пайыз қойылымын өсіру арқылы қатаң түрде ретеуді қолға алды.

Ұлттық банк бұл инфляцияның межелеген мөлшерден асып кетуіне байланысты оны реттеуде қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі рет өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2005 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының қайта қаржыландырудың пайыз қойылымын 7%-дан 7,5%-ға өсіру, ал екінші рет пайыз қойылымын өсіру 1 шілдеде 8%-ға өсіру негізінде қолға алынды. /7, 3 бет/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты

 

Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796.

Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады.Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.

Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу.Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.

1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды.Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.

Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет» туралы Заң күшіне енді.

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

Мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.

Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.

 

Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады

 

Мемлекет

 

 

 

Құқықтық- нормативтік жағынан Бюджеттен немесе басқа

қамтамасыз етеді көздерден қаржыландырады

 

Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.

Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:

1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.

2. Қаржылық кепіл беру мен. қаржылық көмек көрсету;

Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешнін қамтиды.

Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47% -н, ал жергілікті коммерциялық банктер100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.

Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшелiктерiне тоқталайық.

Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1990 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.

Ал 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен экономикалық дағдарыс керi бұрылып экономикалық жандану кезенiне өттiк. Осы жылдардағы ЖIӨ көлемiне назар аударсақ тек қана 2003 жылы 1990 жылғы деңгейге жеткен екенбiз. Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр. Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

Елiмiзде стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%)

Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:

1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.

2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.

3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.

4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру

5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.

6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.

7. Отандық инновацияларды шетелге шығару. /10/

 

 

 

 

Сурет-2 – Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң

 

Елiмiзде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институтары бар.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi. / (15), 205 бет /

ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:

• ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.

• Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.

• Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация және Даму банкi.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.

Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.

Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландыруды бастады. Осы орайда Үкімет “ҚР космос саласының 2005-2007 жылдарға дамуы” деген мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде,оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.

Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.

Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.

Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:

• экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;

• әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

• ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

• iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);

• өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;

• кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;

• мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;

• кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;

• ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;

• ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;

• мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

• экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;

• ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;

• Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22 – 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды. /8/

Осы мәселелердi шешу қызметi барысында стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады:

Стратегияның мiндеттерi:

• өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:

• өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;

• кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;

• ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;

• сапаның әлемдiк стандартына көшу;

• дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, экономиканың қандай даму формасы болмасын мемлекеттік реетудің қажетті екендігіне көзіміз жетті. Экономиканы мемлекеттік реттеу әр елде әр деңгейде жүргізілгенімен қазіргі кездегі аралас экономикалық дамуда міндетті түрде экономикалық реттеу жүргізіліп отырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу өз кезегінде экономиканын маңызды және қолдауды қажет ететін салаларын мемлекеттік қолдау арқылы және ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері мен туындап отырған экономикалық мәселелерді реттеуді жүзеге асырады.

Жұмыс барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің екі негізгі әдістемелік нұсқасы бар екендігіне көзіміз жетті. Олар экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері. Мұнда тікелей әдістер көбінесе әкімшілік рететудің сипатын алса, ал жанама әдістер нағыз нарықтық экономиканы реттеудің тиімді құралдарын пайдалануды көрсетеді. Жанама әдістер арқылы нарықтық экономиканың заңдылықтарына қайшы келмей, керісінше олардың маңызды және стратегиялық салаларын ынталандыру мен қолдауды жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдістері Қазақстан Республикасы үшін маңызы жоғары болып табылатындығына көзіміз жетті. Өйткені бүгінгі таңдағы мемлекеттің даму бағдарламалары, стратегиялары, қаржы және өндіріс салаларының даму бағдарламаларының, Ұлттық банктің ақша-несие саясатының, мемлекеттің фискалды-бюджет саясатының барлығы осы экономиканы жанама реттеу әдістері болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.

Сонымен, Ұлттық банк жүзеге асыратын ақша-несие саясаты ұлттық экономиканың дамуының тиімділігін реттейтін басты саясаттардың бірі болып табылады. Бұл саясаттың экономика дамуындағы маңыздылығын Қазақстан Республикасы Қаржы саласының бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша ең дұрыс қалыптасқан және әлемдік талаптарға сай дамып отырған бірегей жүйе болуымен және елдің ақша-несие саясатында 2002 жылдардан бастап негізгі басты мақсат ұлттық валютаның тұрақты деңгейін және оның нығаюын қамтамасыз ету болып отырғандығынан көре аламыз.

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Государственные регулирование рыночной экономики / Под. ред. Петрова Р.П. СПб, 1999г.

2. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж.

3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. – Алматы: 2003ж.

4. Ивашковский С.Н. – Экономика: микро- и макроанализ. Учебно-практическое пособие. – М.: Дело, 1999г.

5. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999 г.

6. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: – 2003ж.

7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)

8. А.Исаева «Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» // Қаржы-Қаражат, 2005, №6

9. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.

10. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.

11. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998 г.

12. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, – 2005 г.

13. Стратегия «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы» – Алматы, 2003 ж

14. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, – 2005 г.

15. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету