Интеграция ұғымы туралы курстық жұмыс
Аннотация
Бұл курстық жұмыста интеграция ұғымын толық сипаттап, XXI және ХХ ғасырдағы саяси интеграциялық моделі ретіндегі Еуропалық Одақтың дамуы зерттелді.
Курсттық жұмыс 30 беттен, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Еуропа елдеріне жалпы шолу
1.1 Еуропаның саяси картасы мен құрылымы ……………………………8
1.2 Табиғат жағдайлары мен ресурстары, қазіргі экологиялық жағдайы ………………………………………………………………………………..9-10
1.3 Халқы мен еңбек ресурстары, демографиялық проблемалары………………………………………………………………………10-11
1.4 Еуропада қалыптасқан шаруашылықтың түрі …………………….11
2 Еуропадағы интеграция
2.1 Интеграциялық үрдістердің жалпы түсінігі ……………………12-13
2.2 Еуропалық қоғамдастықтың құрылуы және оның қоғамдағы маңызы ……………………………………………………………………………………13
2.3 Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму баспалдақтары……………………………………………………………………..14-17
2.4 Қазақстан және Еуропалық Одақ: саяси және экономикалық қатынастардың қалыптасуы және даму болашағы ………………..17-23
2.5 Қазақстан және Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы …………………………………………………………………………………23-25
Қорытынды………………………………………………………………………………..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………….…………………………………..27
Қосымша ……………………………………………………………………………………28-30
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Еуропалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл — Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы Еуропалық интеграциялық бірлестікке айналды.
Курстық жұмыстың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге болады:
Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын нәтижелерін айтсақ болады.
Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әрер етуде, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Интеграция ұғымын толық сипаттап, XXI және ХХ ғасырдағы саяси интеграциялық моделі ретіндегі Еуропалық Одақтың дамуын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістерді зерттеу;
Еуропалық Одақтың құрылу тарихын және даму баспалдақтарын қарастыру;
Еуропалық интеграция Еуропалық Одақ теориясын қарастыру:
Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының бүгіні мен болашағын сараптау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Д,Митрани, Э.Хааса, Л.Беккера және т.б. ғалымдардың «Еуропалық интеграция» атты кітабы бойынша.
Зерттеудің Еуропалық Одақриялық құндылығы: Еуропадағы интеграция ұғымы туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары толықтырылды. Сонымен қатар XXI ғасырдағы саяси шындық пен саяси қатынастардың мемлекеттен жоғары субъектісі ретіндегі Еуропалық Одақтың рөлі.
Зерттеудің практикалық мәні: Еуропадағы интеграция туралы білім алу үшін қажетті практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Еуропа елдеріне жалпы шолу
1.1 Еуропаның саяси картасы мен құрылымы
Еуропа – Еуразия материгінің батысындағы дүние бөлігі. Оның аралдармен қоса есептегендегі ауданы 10 млн км²-ге жуық. Еуропа менАзияның шекарасы шартты түрде өтеді.
Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, елдер өзара тығыз көпшілік қарым-қатынаста, ал Солтүстік Африка мен Оңтүстік Батыс Азия елдерімен шектесуі арзан шикізат қорын пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Екіншіден, елдердің басым көпшілігі теңіз жағалауында шоғырланған. Үшіншіден, жағалық сызығы өте күшті тілімденген, ол теңіз жолын барынша дамытуға мүмкіндік береді. Жағалық сызығының тілімдену жағынан үлесіне тиеді. Жағалық сызықтың 1 км ұзындығына 245 км² аумақ сәйкес келеді. Әсіресе тілімдену Еуропаның батыс бөлігінде өте жоғары.
Еуропаның саяси құрылымы тарихи кезеңдерде көптеген ірі өзгерістерді бастан өткізді. Қазіргі саяси картасында 40-тан астам ел бар. Олардың басым көпшілігі экономикасы жоғары дәрежеде дамыған жетекші елдер қатарына жатады. Бір ғана аумақтық иелік бар, ол – Ұлыбританияның иелігінде Гибралтар. Шпицберген аралы Норвегияның әкімшілік округі болса, Фарер Дания құрамындағы әкімшілік аумақ болып саналады.
Еуропа елдерінің ¾-і республика, тарихи себептерге байланысты 12 мемлекетте монархиялық құрылым сақталған. Барлық монархиялар (Ватиканнан басқасы) конституциялық монархия, олардың көпшілігінде мемлекет басшысы король (королева); Монако мен Лихтенштейнде князь, Люксембургте герцог болып табылады. Республикалардың басым көпшілігі унитарлы мемлекеттер, ал федерациялық мемлекеттер саны мен құрылымы жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Екніші дүниежүзілік соғыстан кейін тек Австрия мен Швейцария ғана өздерінің бұрынғы шекарасы мен мемлекеттік құрылымын сақтап қалды. Кейінірек федерациялық құрылымға Бельгия мен Испания да көшті. Саяси картадағы ең соңғы өзгерістер 1990 жылыдары болды. Чехословакия бейбіт жолмен екі республикаға бөлінсе, Германия біртұтас ел болды. Югославия Федерациясы ыдырап, оның құрамында Сербия мен Черногория Республикалары пайда болды. Бұрынғы кеңестер Одағының құрамында болған еуропалық мемлекеттер егемендік алып, бөлініп шықты. Аталған мемлекеттер ішінде тек Ресей Федерациясы ғана аумақтық тұтастығын сақтап қалды[1].
1.2 Табиғат жағдайлары, ресурстары және қазіргі экологиялық жағдайы
Еуропаның жер қойнауында түрлі пайдалы қазба кездеседі, ұзақ уақыт бойы оларды өндіру барысында қорлары біршама азайған. Рудалы пайдалы қазбалар Балтық қалқаны ауданында, ал жанғыш тақтатастар ежелгі платформаның қалың шөгінділік жолмен де қалыптасқан пайдалы қазбалар кездеседі.
Тас көмірдің ірі куен орындары Донец, Рур, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Уэльс алаптарында шоғырланған.
Қоңыр көмір Эльба мен Висла аралығындағы Орта Еуропа жазығының шөгінді жыныстары мен Мәскеу маңы алабында кездеседі. Мұнай мен табиғи газ кен орындары Солтүстік теңіз бен Каспий теңізі қайраңдары мен Карпат, Пиреней алды шеткі иіндерінде өндіріледі. Орта Еуропа жазығында калий және тас тұзының ірі кен орны орналасқан, 150 мың км² жерді қамтиды, ондағы тұз қоры млрд. тоннадан асады. Польшаның оңтүстігінен дүниежүзіндегі ірі күкірт кен орны (Тарнобжег) табылған. Темір кен орындары ежелгі фундамент таралған аудандарда (КМА, Кривой Рог, Лотарингия, Карукаваре) және Орал тауларында шоғырланған. Түсті металдар (мыс, кобальт, күміс және т.б.) герциндік құрылымдар таралған Орта Еуропаның аласа тауларында, Пиреней түбегі мен Орал тауларында көптеп кездеседі.
Еуропа арктикалық және субтропиктік климаттық белдеулердің аралығында орналасқан. Жерінің негізгі бөлігі қоңыржай белдеуді алып жатқандықтан және ауа массаларының батыс ағысы басым болғандықтан батыста теңіздік сипат алып, шығысқа қарай қоңыржай континентті климатқа ауысады. Ал Оңтүстік Еуропа жағалауларында жерортатеңіздік климат қалыптасады. Еуропаның қиыр солтүстіктегі аралдарынан басқа бөлігіндегі агроклиматтық ресурстар ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар климаты қолайлы жағажайлар мен әсем табиғатты тау баурайлары туристік-рекреациялық мүмкіншіліктер аясын кеңейтеді.
Еуропа жерінде тұщы судың мол қоры жинақталған. Әсіресе, Фенноскандия елдері сумен өте жақсы қамтамасыз етілген, яғни аймақ бойынша 1 адамға шаққанда 25 мың м³, ал Норвегияда 100 мың м³ артық су қорының үлесіне тән. Еуропа жерінде гидроэнергетикалық ресурстар жеткілікті орналасқан. Скандинавияның батысында батысында гидроэнергетикалық қор 202 млрд кВт/сағ, Альпіде 130 млрд кВт/сағ, Балқан түбегінде 56 млрд кВт/сағ, Пиренейде 30 млрд кВт/сағ-қа жетеді.
Соңғы кездері Еуропаның көптеген бөліктерінде табиғи ортадағы өзгерістер жиі байқалуда. Әсіресе жекеленген аумақтарда – топырақ, су, ауа және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі антропогендік ластану көзге түседі. Ауадағы күкіртті газ бен көмірқышқыл газы, азот тотықтары, судағы өнеркәсіп қалдықтары мен ауыл шаруашылығы қалдықтары, топыраққа есепсіз пайдаланылған тыңайтқыштар мен улы химикаттар оған нақты дәлел. Осындай ластану көздері адам денсаулығына зиянды қышқыл жаңбырлардың жаууына себепші болып отыр. Мысалы, жыл сайын Скандинавияның оңтүстігінде әрбір гектар жерге 10-15 кг, Ұлыбританияда 70 кг-ға дейін, ал Рур алабы маңында 100 кг-нан артық күкірт жинақталады. Қышқыл жаңбырлардың әсерінен Скандинавияның 20 мың көлдің тіршілігі жойылады[2].
1.3 Халқы мен еңбек ресурстары, демографиялық проблемалары
2004 жылғы мәлімет бойынша Еуропада шамамен 730 адам тұрады. Еуропалықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 74 жас. Мың адамға шаққандағы туу көрсеткіші 10 адам болса, өлім-жітім көрсеткіші 11 адамға жетіп отыр. Соңғы уақытта халықтың өсуі баяулауда, өйткені табиғи өсу көрсеткіші өте төмен, кейбір елдерде (Германия, Венгрия, Болгария, Чехия, Латвия) бұл көрсеткіш теріс мәнге ие. Сондықтан халық саны кеміп, оның жас құрамы да өзгеріске түсуде. Мысалы, халықтың жалпы санында егде адамдар үлесі 20-23℅-ға дейін артса, керісінше балалардың үлес салмағы азайып, бар болғаны 16-17℅-ға жетіп отыр. Бұл жағдайлар халықтың сыртқы көші-қонының өзгеріске ұшырауына әсер етеді.
Ұлы Еуропалық Одақ географиялық ашылулар заманнан бері эмиграция ошағы болған Еуропа, қазіргі таңда еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ауданына айналды. Мәліметтерге сүйенсек, Еуропадағы еңбек ететін 14 млн-нан астам шетелдік жұмысшыларының басым көпшілігі мейман жұмысшылар (немісше гастарбайтерлер). Олардың саны, әсіресе экономикалық даму дәрежесі жоғары елдерде өте көп.
Еуропа жерінде 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Еуропа халқының басым көпшілігі үнді-еуропалық тіл семьясына жатады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропада славян тобының халықтары қоныстанған. Оларға орыстар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар, македондықтар, словендер және т.б. жатады.
Солтүстік және Орта Еуропада герман тіл тобына кіретін халықтар (немістер, ағылшындар, голландықтар, шведтер, даниялықтар, норвегтер, исландықтар және т.б.) басым қоныстанған. Қазіргі кезде Британ аралдарын ғана қоныстанған кельт тіл тобына ирландықтар, шотландықтар және уэльстіктер (валлий) жатқызылады. Еуропа мен Оның оңтүстік-батысын роман тіл тобына жататын халықтар (француздар, италиялықтар, испандар, португалдар, каталондар, румындар және т.б.) қоныстанған. Балтық бойындағы латыштар мен литвалықтар осы тіл семьясының балтық тіл тобына жатады. Гректер мен албандар өзіндік тілдік ерекшеліктерімен көзге түседі. Сол сияқты тілдік ерекшелігі нәтижесінде оқшауланған баск, валлон және т.б. халықтар да кездеседі.
Еуропада фин-угор тіл семьясының тобына жататын венгр, фин, эстон, карел, саам, удмурд, коми-пермяк сияқты халықтар Скандинавиядан Балқан түбегіне дейінгі аралықта және шығысқа қарай кең таралған. Түркі тілдес тобына кіретін халықтар (татар, башқұрт, түрік, қазақ, гагауз және т.б.) Еділ бойы мен Орал маңын және Еуропаның оңтүстік-шығысын қоныстанған. Семит тілдер тобына жататын мальталықтар (арабтар мен италиялықтар араласуынан қалыптасқан) және арабтар (Франция) Жерорта теңізі жағалауында қоныстанған.
Еуропада христиан дінінің кең тараған орталығы болып саналады. Мұнда православие, католик және оның тармақтары болып табылатын протестант шіркеулері мен діни ағымдары да кең қанат жайған. Праваславие Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көпшілігі ислам, кейбіреулері иудаизм және будда діндерін ұстанады[3].
1.4 Еуропада қалыптасқан шаруашылықтың түрі
Еуропада шаруашылықтың қалыптасуы мен таралуы дүниежүзінің басқа аймақтарынан үлкен айырмашылық жасайды. Оның өзіне тән басты екі белгісі бар. Біріншіден, Еуропа жерінде игерілмеген бірде-бір бөлік қалған жоқ. Екіншіден, аумағының шағын болуы мен елдердің көршілік жағдайы, шаруашылығының жоғары деңгейде дамуы Еуропада біртұтас экономикалық кеңістіктің түзілуіне негіз болады. Сондықтан да соңғы жылдары Атлантикадан Оралға дейін созылып жатқан біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы пікірлерде айтылып жүр.
Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне көз жіберсек, тарихи уақыт аралығында шаруашылық орталықтарының да, жетекші елдердің де орындарының ауысып отырғанынан байқауға болады. Біздің заманымыздың бас кезінен бастап Еуропа шаруашылығы теңізге жақын елдерде қарқынды дамыса, ХVIII ғасырдан бастап табиғат ресурстары мен еңбек ресурсы жиі шоғырланған аудандарға қарай бет бұрды.
2 Еуропадағы интеграция
2.1 Интеграциялық үрдістердің жалпы түсінігі
Дүниежүзіндегі интеграция – дүниежүзілік шаруашылық пен Еуропалық Одақграфиялық еңбек бөлінісі дүниежүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы он жылдықтарда енді жан-жағынан гөрі, тереңге қарй өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекше етене «кірігіп» кетуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық гЕуропалық Одақграфиялық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғары сатысы – халықаралық экономикалық интеграция пайда болады. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекетаралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.
XXғ. екінші жартысында әлемнің түрлі бөліктерінде интеграциялық топтар күрыла бастайды. Бірлестіктер тек жоғары және орташа дамыған индустриалды шаруашылықтары бар аймақтарда ғана емес (Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясы (НАФТА), Азия-Тынық мұхиттық экономикалык корпорация (АТЭС), Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (АСЕАН), Латинамерикандық интеграциялық ассоциация (ЛАИА)), әлемнің ең артта қалған аймақтарында да (Батыс — Африкан елдерінің экономикалық қоғамдастығы, Даму және үйлестірудің Оңтүстік Африкандық конференциясы (ЮАКРК), Шығыс — африкандық экономикалық бірлестік және т.б.) құрылды. Жалпы алғанда аймақтық интеграция туралы 70-тен астам келісімдер түскен.
ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақтық интеграция дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы басым тенденцияға айналды. Ол барған сайын интеграцияланған экономикалық топтардан құралатын болды. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына осындай төрт топ жатады[4].
1-сызба. Интеграцияның жіктелуі
Осы екі топқа мысал келтіретін болсақ, аймақтық интеграцияға XIX ғасырда Еуропа экономикалық-қоғамдастық немесе қазіргі кездегі Еуропалық Одақ мысал бола алады. Сонымен қатар 80-жылдары құрылған Солтүстік Америкадағы еркін сауда аймағын, Латын Америкасын толығымен қамтитын Латын Америка интеграция ассоциациясын және Азия-Тынық мұхит аймағындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоцияциясы (АСЕАН) интеграциясын жатқызуға болады. Ал, салалық интеграцияға – ОПЕК-ті жатқызуға болады. Ол дүниежүзіне мұнай экспорттайтын елдер. Оған дүниежүзінің 13 елі кіреді.
2.2 Еуропалық қоғамдастықтың құрылуы және оның қоғамдағы маңызы
Еуропалық қоғамдастық – 1957 жылы құрылған бұл қоғамдастық бірітіндеп дүниежүзіндегі аса ірі ортақ рынокқа айналды. Қоғамдастықтың заң шығарушы органы – Еуропа парламенті, Оның штаб-пәтері Францияның Страсбург қаласында орналасқан. Бұл парламент тікелей сайлау жолымен Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа кіретін барлық елдерде сайланады. Қоғамдастықтың өз туы, әнұраны, бірыңғай төлқұжаты, бірыңғай ақша бірлігі (экю), соты, банкі бар. Ал 1993 жылдың басында мемлекеттік ішкі шекараларды жоюдың нәтижесінде Қоғамдастық тауарлары, капиталдары мен көрсететін қызметі, технологиясы мен жұмыс күші еркін өте беретін бірыңғай экономикалық кеңістік болып өзгертілді.
Еуропадағы экономикалық интеграциялық идеясы еуропалық нарықты америкалық өнімдердің «жаулап алуынан» қажеттілігінен туындады. 1951 жылы Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембургтің тас көмір, темір кенін өндіретін және металлургия орталықтарына бақылау бірлестікке енетін елдер Еуропалық экономикалық одақ (Ортақ нарық) пен атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Одақты (Еуроатом) құру туралы Рим келісімі қол қойылды.
1960 жылдардың соңына қарай аталған үш ұйым бірігуінің жаңа ынтымақтастық тобы – Еуропалық қоғамдастық құрылды. Бұл келісім негізінде одаққа енетін елдер арасында кедендік шектеулер жойылып, үшінші топтағы елдерге қатысты ортақ экономикалық саясат жүргізу және қаржы, тауар, жұмыс күшімен алмасу, ауылшаруашығы саласында ортақ саясатты ұстану мен валюталық және саяси одақ құру мақсаты көзделді. 1973 жылы бұл ұйымға Ұлыбритания, Дания және Ирландия, ал 1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания мен Португалия, 1995 жылы Австрия, Швеция және Финляндия енді[5].
2.3. Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму баспалдақтары
Еуропа соңғы бірнеше ғасырлар бойына біртіндеп бүкіл ғаламшарды қамтыған көптеген жаңа идеялық-концептуалдық, әлеуметтік — экономикалық және саяси-құқықтық тенденциялардың бесігі болды. Мұнда ХVІІ-ХVIII ғғ. өнеркәсіп төңкерісі, ал XVIII ғ. экономикалық және саяси демократияның құқықтық құралы мен доктринасы қалыптасты. Әлемнің тап осы бөлігінде XX ғ. Шығыс Еуропа, Сібір, Закавказья және Орталық Азияның көптеген халықтарының өмірін мүлде өзгерткен және өткен ғасырдың көп бөлігі бойына әлемді дірілдеткен «ғылыми коммунизм» идеясы дүниеге келген болатын. XX ғ. ортасынан Еуропа халықаралық интеграция үрдісінің бесігі болды.
Ғасырлар бойына жалғасқан ішкі еуропалық сауда байланыстары мұнда тек халықаралық транспорттық, кейіннен несие — қаржылық инфраструктураны құрып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық қатынас мәдениетін, салт — дәстүр және этикалық нормалар жүйесін де құрды.
1991 жылы бірыңғай экономикалық, валюталық және қаржылық кеңістік – Еуропалық Одақ құру туралы Маастрихт келісіне қол қойылды. 1993 жылы 1 қарашадан бастап Еуропалық экономикалық одақ ресми түрде Еуропалық Одақ (ЕО) деген атаққа ие болды. Осы жылдың 1 қаңтарында Еуропаның сегіз елі (ГФР, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Италия, Испания, Португалия) Шенген келісіміне қол қойды. Оның негізінде осы келісімге қол қойған елдер аумағында шекаралар арқылы еркін өту, білім алу мен жұмыс істеуге бірдей құқық берілуі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне бірыңғай талаптардың қойылуы жүзеге асырылды. 2001 жылдан бастап, бұл келісімге Дания, Финляндия, Швеция, Исландия, Норвегия қосылды.
1999 жылы 1 қаңтарда Еуропалық Одақ кеңістігіндегі елдер арасында өзара есеп айырысу үшін ортақ валюта – еуро айналымға енгізілді. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап еуро қолма-қол есеп айырысу құралы ретінде халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Қазіргі кезде Еуропалық Одақ – дүниежүзіндегі аса ірі қаржы экономикалық орталық.
Қазіргі кезде Еуропалық Одақ құрамына 25 ел кіреді. Олар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония.
Бүгінгі Еуропалық Одақ 378 472 млн. халқы бар 15 мемлекеттің саяси және қаржылық одағы. Біріккен Еуропа — жер шарыңдағы ең сыйымды нарық және ең мықты экономикалық бірлік. 1996 ж. Әлемдік банктің есебі бойынша 1994 ж. ішкі жан басына шаққандағы ішкі өнімі (ӘБ соңғы мәліметті әлі жариялаған жоқ) 7 346 577 млн.доллар, яғни әлемдегі ең үлкен көлемді білдіреді. Ішкі жалпы өнімі бойынша Еуропалық Одақ АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерінен асып түседі.
Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның әлдеқайда дамыған түрі болып табылады. Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында аймақтық интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны ескерген жөн.
ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ЕврАзЭс, ЦАЭС,) қатысуда. Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-үйрену қолданыстық маңызға ие.
Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі бүгінгі таңда әлемнің бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазақстанда әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан кешкен елдердің тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады[6].
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ынтымақтастықты нығайтуға және ғаламдық деңгейдегі мемлекетаралық өзара қарым-қатынасты орнатуға ұмтылған Орта Азия мемлекеттері үшін еуропалық интеграция үрдісінің өткен жолын, осы бағыттағы табыстарымен қатар кемшіліктерінен, өздеріне тән ерекшеліктерінен тәлім — тәрбие алуы, істің табысты болуының кепілдігі. Еуропалық тәжірибе Ортаазиялық кеңістікте, ТМД елдері арасында еуроазиялық экономикалық қоғамдастыққа, тіпті әлемдік деңгейге үйлесуге ұмтылуда өзінің маңыздылығын жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан өзінің гЕуропалық Одақсаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне орай, тар аймақтық мәселелер шеңберінде тұйықталуға құқы жоқ. Қазақстанның болашағы Азия мен Еуропада, Шығыс пен Батыста. Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністік бір — бірінің ерекшеліктерін білу негізіне сүйенеді және онда біздің елдеріміз бен халықтарымыз игілігіне жаратар орасан зор мүмкіншіліктер бар», — деп көрсетті.
Қазақстан үшін Еуропалық Одақпен қатынастарының қажеттілігі мен перспективалылығы Еуропалық Одақ әлемдік саясат, экономика және мәдениеттегі рөлі мен орны ғана емес, еуроазиаттық ел болып табылатын Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесіндегі алып отырған екі жақты жағдайымен анықталады. Еуропалық Одақ географиялық жағдайы (ұлы екі көршінің ортасында орналасуы, әлемдік мұхитқа шыға алмауы), халықтың этникалық құрамы Батыс пен Шығысқа, жақын және алыстағы көршілерге қатар бейімделу қажеттілігін алдыға тартып отыр.
Қазіргі ғаламдану жағдайында этникалық қайта өрлеу мен халықаралық миграция ғаламдану салдарларының бірі болып табылады. Миграция өзінің жаппайлылығы және барлық жердегі динамикасының күрделілігімен ерекше сипатқа ие, сонымен қатар ол көбінесе халықаралық шиеленістер мен қақтығыстарға себепші. Миграция халықаралық өмірдің басты мәселелерінің біріне айналуда. Бұл байланыста оны жеке елдің жергілікті құбылысы ретінде қарастырып қана қоймай, оның әрқайсысы адам ресурстары ғаламдық араласудың органикалық құрамын білдіретіндігін есте тұтқан жөн. Бұл құбылыс ғаламдану жағдайындағы этникалық өзін — өзі анықтау мәселесімен нақты байланыста.
XX ғ. 90-шы жж. басында Еуропа елдерінің көпшілігінде иммигранттық қауымдастықтар қоғам халқының жалпы санының 5 пайыздан 10 пайызға дейінгі көрсеткішін құрады. Еуропалық Одақ елдеріндегі занды иммигранттардың саны 2 млн. жуық болды. Осы сан шеңберінде басқа елдердің адамдары Еуропалық Одақ шамамен 5,5 млн. адамын құрады. Олардың кұқықтық және азаматтық құқықтары келген еліндегі мәртебесімен жақындастырылды. Бұл топтың басқа бөлігі — шамамен 11,5 млн. адам Еуропалық Одақ тыс елдерден келгендер. Олардың 90 пайызға жуығын дамушы елдерден шыққандар екендігі есептелінді. Еуропалық Одақтағы еуропалық елдерден тыс шыққан мигранттардың саны шамамен 10 млн. десек, яғни бұл Еуропалық Одақ халқының жалпы санының 3 пайызға жуығын құрайды. Бұл мәліметтер тек заңды мигранттарға қатысты.
Еуропа елдері әлі де мигранттардың көпшілігі үшін потенциалды қоныс аударудың негізгі орындарының бірі болуда. Еуропалық емес елдерден шыққан иммигранттар қауымдастығы нәсілдік және мәдени жағынан өздерін қабылдаушы елдерден айырықашаланады, бірақ сол ел экономикасы мен қоғамының берік элементіне айналды[7].
Иммигранттар ынтымақтасқан этникалық қауымдастық құрады, көп жағдайда өзара антогонизм мен қақтығыстарға себепші болатын олар мәдениет, тілі, діні бойынша жекеленген.
Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасы Еуропалық Одақтың ішкі нарығының негізін қалайтын төрт бостандықгың бірі. Бұл қағида еңбекті еркін қолдану және қоғамдастықтың кез-келген мүше-елінде Еуропалық Одақтың тұрғындары шаруашылық қызметін еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
2.4 Қазақстан және Еуропалық Одақ: саяси және экономикалық қатынастардың қалыптасуы және даму болашағы
1993 жылғы 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.
1993 жылғы желтоқсанда Брюсселде Еуропалық Одақ жанынан ҚР Өкілдігі ашылды. 2003 жылғы 18 қарашада Еуропалық Одақ жанындағы ҚР Өкілдігінің басшысы, Елші К.Жигалов Еуропалық Одақтың Кеңесінде Италия төрағалығының өкілі, Италия Сыртқы істер министрлігінің сыртқы байланыстар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Р.Антонионға Сенім грамоталарын тапсырды.
2003 жылғы 15 желтоқсанда К.Жигалов мырза Еуропалық Комиссияның Президенті Р.Продиға Сенім грамоталарын тапсырды.
1994 жылғы қарашада Алматыда Еуропалық Комиссияның (ЕК) Өкілдігі ашылды.
2007 жылдың 1 шілдесінен бастап Өкілдіктің бас кеңсесі Астанаға орналасты. Алматыдағы бюро Қырғызстан және Тәжікстан қарым-қатынастары мәселелерімен айналысады, сонымен бірге ЕК әртүрлі өңірлік жобаларын жүзеге асырады.
2005 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Комиссия Өкілдігінің басшысы, Төтенше және Өкілетті Елші А.Х. ван дер Меердің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Еуропалық Одақ пен ҚР арасындағы ресми саяси қарым- қатынас 1992 жылғы 2 наурыздан басталады. Бұл күні Президент Н.Назарбаев Вице–президент Ф.Андрияссен бастаған ЕК делегациясын қабылдады.
1993 жылғы 1-2 ақпанда Мемлекет басшысының Брюссельге ресми сапары болды. ЕК Президенті Ж.Делормен өткен келіссөзінен кейін Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы өкілдіктер алмасу жөніндегі келісімге қол қойылды. 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюсселде ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Еуропалық Одақ Кеңесінің Төрағасы А.Жюппе ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды ( Келісім 1999 жылдың 1 шілде айынан бастап күшіне енді).
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2000 жылдың маусымы мен 2002 жылдың қарашасындағы Брюссель қаласына сапарлары Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі серпін берді. Ол онда Еуропалық Одақтың жалпы сыртқы саясаты және қауіпсіздік саласындағы саясаты мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі-Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысы Х.Соланамен және ЕК басшысы Р.Продимен кездесті. Еуропалық Одақ штаб-пәтерінде ҚР Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы термоядролық синтез мәселесіне қатысты атом энергиясы жөніндегі келісімге қол қойылды.
2006 жылдың 19-20 қазанында ЕК-ның сыртқы байланыстар және Еуропалық көршілестік саясаты жөніндегі комиссары Б.Ферреро-Вальднер Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен, Парламенті Сенатының Төрағасы Н.Абықаевпен, Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевпен кездесті.
2006 жылдың 3-6 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. Қазақстан бұл сапарды ҚР-дың Еуропалық Одақ-пен екіжақты қатынастарының дамуының соңғы жылдарда қол жеткізген белгілі бір кезеңі ретінде қарастырды.
Кездесу шеңберінде Елбасы Еуропалық Одақ-тың жалпы сыртқы саясаты және қауіпсіздік саласындағы саясаты мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі-Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысы Х.Соланамен, ЕК Президенті Ж.М.Дурау Баррозумен, Еуропарламент Төрағасы Х.Боррель Фонтельеспен және ЕК-ның сыртқы байланыстар және көршілестік саясаты жөніндегі комиссары Б.Ферреро-Вальднермен келіссөз жүргізді[8].
2007 жылдың 10 қазанында Орталық Азия бойынша турне шеңберінде Астанаға Еуропалық Одақ-тың жалпы сыртқы саясаты және қауіпсіздік саласындағы саясаты мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі-Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысы Х.Солана келді. Келіссөздер барысында Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы сөз қозғалды.
2007 жылдың 19 қарашасында Астанаға Еуропалық Одақ Одақ үштігі делегациясы құрамы: Ресейдегі Португалия елшісі М.Курту, Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық Одақ арнайы өкілі П.Морель, Қазақстандағы ЕК Өкілдігінің Басшысы А.ван дер Меера, Қазақстандағы Франция Елшісі А.Куанон, Словенияның Ресей Федерациясындағы Елшісі Д.Бавдаж Курет және т.б ресми тұлғалар келді.
Еуропалық одақ Қазақстанмен және Орталық Азиядағы басқа да мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2005 жылдың 28 маусымында Еуропалық Одақ Кеңесі Орталық Азия елдері бойынша Арнайы Өкіл лауазымын құрып, оның басшысы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бұрынғы Бас хатшысы Ян Кубиш тағайындалды.
2006 жылдың 5 қазанында Еуропалық Одақ Кеңесі Орталық Азия бойынша Арнайы өкіл қызметіне Францияның Ресей мен Қытайдағы бұрынғы елшісі Пьер Морелді тағайындады.
1999 жылдан ынтымақтастықтың екіжақты құрылымының мәжілісі тұрақты түрде өткізілуде. Құрылым -Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылып, оның ҚР атқарушы органдарының бірінші басшыларының деңгейіндегі ынтымақтастығы кеңесі (9 мәжіліс), Парламенттік ынтымақтастық комитеті (7 мәжіліс) және аға лауазым иелері/ басшылардың орынбасарларының ынтымақтастығы комитеті (8 мәжіліс) мәжілістері өтетін болды.
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ықпалдастықтың жұмысшы органы болып Серіктестік комитеті есептеледі. Комитеттің жыл сайын өтетін мәжілістерінде екіжақты қатынастардың проблемалары мен келелі мәселелері талқыланады.
2007 жылдың 18 желтоқсанында Брюссельде Серіктестік комитетінің «Қазақстан Республикасы — Еуропалық Одақ» атты 8-ші мәжілісі болып өтті.
2007 жылғы 28 наурызда Астанада Сыртқы істер министрлері деңгейінде « Еуропалық Одақ үштігі— Орталық Азия елдері» атты 4-ші кездесуі болып өтті. Бұл кездесуге үстіміздегі жылдың 22 маусымында «Еуропалық Одақ және Орталық Азия: жаңа серіктестік стратегиясы» атты Еуропалық Одақ Саммитінде қабылданған 2007-2013 жылдарға арналған Орталық Азия үшін Еуропалық Одақ жаңа Стратегиясының жобасы арқау болды (Стратегияның ресми тұсаукесері 2007 жылғы 30 маусымда Берлинде «Еуропалық Одақ үштігі -Орталық Азия елдері» арнайы министрлік мәжілісі барысында болып өтті).
2008 жылғы 9-10 сәуірде Ашғабатта « Еуропалық Одақ үштігі -Орталық Азия елдері» атты сыртқы істер министрлерінің 6-ші кездесуі болды. Оған Сыртқы істер министрі М. Тәжин бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады. 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Еуропалық Одаққа 10 жаңа мүше елдің қосылғаны ескеріле отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссельде келісімді кеңейтілген Еуроодақ шарттарына бейімдейтін ҚР мен Еуропалық Одақ арасында Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім хаттамасына қол қойылды. 2005 жылғы 28 маусымда ҚР Президенті Хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды.
Қазіргі уақытта Келісімнің күшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуропалық Одаққа кірген Болгария мен Румынияға тарататын қосымша Хаттама қол қоюға дайындалуда.
Қазақстан Еуропалық Одақ Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады.
2005 жылы тауар айналымның көлемі 15,3 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 11 млрд. долл., импорт – 4,3 млрд. АҚШ долл. құрады.
2006 жылы (Еуропалық Одақ-25) өзара сауда көлемі 22,79 млрд. долларға жетті (экспорт – 16,53 млрд., импорт – 6,26 млрд. долл.). Еуроодақ елдерінің үлесі ҚР жалпы сыртқы сауда көлемінің 36,8% құрады.
2007 жыл ішінде өзара сауда көлемі 27,5 млрд. долл. жетті (экспорт – 19,5 млрд., импорт – 8 млрд. долл.). Еуроодақ елдерінің үлесі ҚР жалпы сыртқы сауда көлемінің 34,2 % құрады.
Еуропалық Одақ елдерімен 2007 жылы жасалған ҚР жалпы тауар айналымы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Италияға (32,3%), Францияға (17%), Германияға (11%), Нидерландыға (10,2%), Ұлыбританияға (0,7%) тиесілі.
Қазақстандық экспорт көлемінің едәуір үлесін (40,7%) Еуропалық Одақ елдері алады. Еуроодақ елдері арасында негізгі тұтынушылар Италия (Еуропалық Одаққа жалпы экспорт көлемінен 40%), Франция (20,4%), Нидерланды (12,8%), Ұлыбритания (0,6%), Ирландия мен Румыния (0,4%) болып табылады.
Еуропалық Одақ елдеріне жіберілетін қазақстандық экспорт құрылымында мұнай мен мұнай өнімдері, асыл емес металдар, ауыл шаруашылық, химиялық және минералды өнімдер, тоқыма басым.
Импорт құрылымын «инвестициялық импорт» деп жіктелетін тауарлар (машиналар, жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық құралдар, көлік, химия саласы өнімдері) құрайды. Еуропалық Одақ елдерінің үлес салмағы 2002 жылы – 24,7%, 2003 жылы 23% (Еуропалық Одақ-15), 2004 жылы 27,4% (Еуропалық Одақ‑25), 2005 жылы 24,7%, 2006 жылы 26,4%, 2007 жылы – 24,6%. Ірі импорттаушылар – Германия (Еуропалық Одақтан жалпы импорт көлемінің 32%), Италия (14,2%), Франция мен Ұлыбритания (0,9%), Нидерланды және Польша (0,5%).
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық басқа да бірқатар бағдарламалар аясында да жүзеге асырылады: КОПЕРНИКУС, Орталық Азиядағы есірткілер жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы (КАДАП), Орталық Азия елдеріне арналған шекараларды басқару жөніндегі Еуропалық Одақ бастамалары (БОМКА) және т.б..
ТАСИС бағдарламасы бойынша 1993-2006 жылдарда шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау, жекешелендіру мен құрылымдық қайта құру, адам ресурстарына инвестициялау жобаларын жүзеге асыру үшін Қазақстанға 200 млн. еуроға жуық өтеусіз көмек көрсетілді (ҚР барлық техникалық көмектің жартысынан астамы Батыс тарапынан).
Еуропалық Одақтың Қазақстанмен өзара қарым-қатынастары көбіне мұнай-газ секторындағы өзара мүдделермен (Еуропалық Одақ ИНОГЕЙТ мемлекетаралық жобасы), сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орталық Азия өңіріндегі көлік-коммуникациялық қатынас жолдарының стратегиялық маңыздылығымен ( ТРАСЕКА жобасы) айқындалады.
2000 жылғы қазан айының ортасында Еуропалық Одақтың Есірткі мәселелері жөніндегі Өңірлік өкілінің офисі ашылды.
ИНОГЕЙТ (көмір сутегі шикізатын Еуропаға тасымалдаудың қолданыстағы жүйесін әртараптандыру) мемлекетаралық жобасы аясындағы Еуропалық Одақпен өзара әрекеттесудің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор.
ҚР-Еуропалық Одақ қарым-қатынастарында жақын келешекте Еуропалық Одақтың Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін беру мәселесі ерекше орын алмақ.
Еуропалық Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің басты қатысушыларының бірі болып табылады.
Екі жақты сауда және еуропалық нарықта қазақстандық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың басымды бағыты болып отыр.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласында Қазақстанның әлем нарығындағы интеграция үдерісіне тереңінен енуіне және ашық ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталған стратегияны жалғастырып, жүзеге асырып келеді[9].
Ел басшының Египет Араб Республикасында (Шарм аль-Шейх қаласы) өткен Таяу Шығыс бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумына (ДЭФ) қатысуы біздің мемлекет үшін маңызды оқиға болып, көпмиллиардық экономикалық жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстандық делегация ү.ж. 30 қазан-1 қараша кезеңінде Түрік Республикасында (Стамбул қаласы) өткен ДЭФ-ң Еуропа – Орталық Азия атты бірінші самитіне қатысты. Келесі жылы Қазақстан әлемдік бизнес қоғамының назарын қайта өзіне аудартып, ДЭФ-ң Еуразиялық саммитін үшінші рет өткізуге бағытталған.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне жәрдем көрсету жұмысын жалғастыруда. «Үлкен төрттік» мемлекеттерінің 2 мемлекетімен – Канадамен және Австралиямен келіссөздер аяқталып, АҚШ пен Еуропалық Одақ елдерінің Қазақстанмен жалпы жүйелік мәселелер бойынша ұстанымдары жақындатылды. Осы кезеңде, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жолдарының біреуін аймақтық интеграциялық қоғамдамдастықтарға кіру келешегін назарға ала отырып таңдау қажеттілігі аса анық.
Халықарлық қаржы-экономикалық ұйымдармен және даму институттарымен ынтымақтастық жұмыс тәртібінде жүргізіліп, өзара ресми сапарлар жүйе тәртібінде өтіп, нақты бағыт бағдар алды, Республиканың әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкес шетелдік несиелер санының өсуі де байқалады.
Дүниежүзілік туристтік ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші отырысының дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларды БҰҰ-ң экономикалық құрылымдық бөлімдерінің, әсірессе, Индустриалдық даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО), Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) мен Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссияның (ЮНСИТРАЛ) зор тәжірибесі мен мүмкіндіктерін толық қанды пайдалануға шакырамыз.
ЮНИДО-ң аймақтық орталығының ашылуы осындай ынтымақтастықтың жүзеге асырылуының айқын дәлелі.
Қазақстан энергикалық ресурстарды экспорттауда қарқынды дамушы мемлекет ретінде және бүкіләлем қауымдастығының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ісіне бар күшін салып отырған белсенді қатысушысы екендігін танытты. Келесі жылы БҰҰ шеңберіндегі Бүкіләлемдік энергоэкологиялық стратегияны және энерготасымалдау тұрақтылығының Еуразиялық пакті жөніндегі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру мақсатында нақты қадамдар жасалады[10].
Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтағы артып отырған роль, соның ішінде, арта қалған шет мемлекеттердің дамуына жәрдем көрсету ісі осындай іс-шаралар аясындағы ұлттық механизмнің құрастырылуын талап етті. Қазақстанның осы саладағы халықаралық әрекетінің нәтижелігін арттыру мен жүйелік тұрғыда дамыту жұмысы ҚР Сыртқы істер министрлігімен басталған болатын.
Ел басының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан үшін әлем қаржы дағдарысының салдарын жеңу Үкіметтің 2009-2010 жылдарға арналған жұмыстың басты тақырыбы ретінде анықталған. Сол себепті әлемнің қаржы-экономикалық жүйелеріндегі күйзеліс құбылыстарын назарға ала отырып, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы индустриалды-инновациялық дамудағы, мемлекеттің бәсекелестікке қарсы тұру саласындағы ұлттық мақсаттардың жүзеге асырылуына зор үлес косуды, сонымен қатар экономиканы модернизациялау мен өзгеріліп жатқан жағдайлардағы отандық капиталдың шетелдегі мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуді басшылыққа алып өз ісін жалғастыруды.
2.5 Қазақстан және Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
Қазіргі Еуропаның Қазақстан туралы саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік танымы кеңейіп келеді. Әсіресе, еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге ниет еткенінен бастап, бұл үдеріс тіпті жанданды. 56 мемлекеттің басын құраған жаһандық ұйымның елімізге әлемдік деңгейде зор тәжірибе беретіні өз алдына, абыройымызды да аспандатары түсінікті, бұйырса. Дей тұрғанмен, заманға сай, әрнәрсеге де «пайда–зиян» формуласымен қарап үйренген бізге осынау төрағалық кезеңі нендей шарапатын тигізбекші? Қазақастан ЕҚЫҰ-ға, ал ЕҚЫҰ бізге қандай толықтырулар мен өзгертулер әкелмек? Әрине, ол үшін осы беделді халықаралық ұйымның даму тарихына тарихи аспектіде талдау жасап, бүгінгі бағытын танып алған жөн. Мұндай сараптау Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы басты мақсаты мен міндетінің қай бағытта болатынын зерделеуге көмектесері анық. Әрбір құбылыстың түпкі түрткісі болатыны секілді, Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы да – алғашқыда Кеңестер Одағы мен Еуропаның социалистік елдері тарапынан туындаған қатерге қарсы өрістеген болатын. Ол жүйелік тепе-теңдікті, яки аралық балансты ұстап тұрушы бір тетік ретінде іске қосылды. Дәлірек айтқанда, әлемдік саяси-құрылым форматына Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Кеңесі есебінде жол тартқан еді. Құйындай ұйытқыған уақыт рухымен санаса отырып, 1975 жылдың 1-тамызында Финляндия астанасы Хельсинкиде 35 мемлекеттің (бұл жиынға мұхит асып АҚШ пен Канада да келген.) басын қосқан кездесу, Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Кеңесін ресми құжаттандыратын қорытынды актіге қол қоюмен аяқталды. Өз кезегінде осы құжатқа қатысушы – мемлекеттер «қырғи-қабақ» соғыс аяқталғанша жұмыс жасап келді. Бірақ тектоникалық маңызы зор бұл үрдіс толғағының сонау жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жартысынан бастап басталғанын қазір біреу білсе, енді біреулер білмейді. II-дүниежүзілік соғыстан кейін қауіпсіздік мәселесін күнделікті өмірдің өзгермес қағидасына енгізген еуропалықтардың бейбітшілікке бастар жаңаша механизмдерді іздестіре бастағаны белгілі. Тек, Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы жасаған екі саяси блок бұл арманның орындалу уақытын кешеуілдете берген-ді. Дегенмен, тиімдірек һәм арзанырақ қауіпсіздік жүйесін құру күн тәртібінен еш түспеді. Себебі, экономиканың мол бөлігін қарулы күшке жұмылдыру қай мемлекеттің болмасын әлеуетін әлсірететін. Әрине, бұдан шығар жолды Кеңес Одағының ыдырау процесі мен Варшава келісімінің жойылуы өз-өзінен көрсетіп берді. Ұтымды тарихи сәтті құр жібермеген НАТО-ға қарасты 16 мемлекет 1990 жылдың 19-қарашасында Парижде жедел түрде бас қосып «Еуропаның Қарапайым Қарулы Күштер Келісімі» атты құжатты дүниеге әкелді. Келісімнің мәні сол, құжат бойынша әр қатысушы мемлекет бірдей көлемде қарапайым қару және соғыс техникасын ұстау құқығын иемденді. Осыдан кейін ЕҚҚК құзіреті кеңейе бастады. Себебі, белгілі бір деңгейге дейін қару-жарақты қысқарту – қай мемлекет үшін де қуантарлық жайт. Әйтпесе, өзара жүз жылдап соғысатын, екі бірдей дүниежүзілік соғыстың себепкері болған кейбір Еуропа елдерінің есірік қиялына қанат біткен күні жаңа бір соғыс отының тұтанып кетуі ғажап емес қой. Бірақ олар үміт пен күдікті былай ысырып тастап, осы құжат арқылы Батыс әлемінің бірігіп қорғана алатынын, керек болған жағдайда бірлесе шабуылға шығатынын жаһанға жария еткендей болды. Оны біз АҚШ пен Еуропалық Одақ елдерінің 2003 жылдан бастап, Ауғанстан, сәл кейін – Иракка жасаған екінші әскери әрекетінен таныдық. Рас, бұл құжаттың кейбір шарттарына солтүстіктегі алпауыт көршіміздің аса бір сақтықпен қарайтыны бар. Ресей кезінде Қеңес Одағының мөлшерден тыс жасаған мол қару-жарағын қалай да болса саудаға салып, сәтті өткізгенді жөн көреді. Азияның Қытай, Үндістан және Пәкістан сияқты физикалық ресурсы мол елдерін қару-жарақпен қамтамасыз етіп үлгірген бұл ел, ендігі бағытын Латын Америкасы елдеріне бұрып та отыр. Әрине, бұл – басты мақсатқа қауіпсіздік мәселе-сін қойған ЕҚЫҰ-ға ұнай қоймайтын саясат. Міне, осындай мылтықсыз майдан, іштей арбасудың арасынан екі жеп биге шығу кім-кімді де болса таңдандырмай да, ойландырмай қоймайды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы басты міндеттерінің бірі, қазіргі уақытта өзара келісім мен шешімін таппай келе жатқан ЕҚҚК құжатын жалпыға бірдей бейімдеу бағыты және Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесі. Әрине, бұл сауалдардың жауабы мемлекетіміз төрағалықты орталаған кезде шыға бастайды. Бұл ауызбен орақ орып, оңай шеше қоятын жеңіл мәселе емес. Әлбетте, Төрағалық ететін елге ұсыныс-талап легі әлі көбейері түсінікті. Айталық, АҚШ, Ұлыбритания елдері еліміздің демократияландыруды тереңдету бағытында жұмыс жасағанымызды қалайды. Еліміз ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясымен әріптестік негізде жұмыс жасап келеді. Бұл әріптестік Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа сапаға өтуіне септігін тигізе де бермек. Қалай десек те ЕҚЫҰ-ның жүрегінде бекіген мөрі – қауіпсіздік мәселесі болып қала береді. ХХI-ғасырға аяқ басқалы сан-алуан соғыс түрлерінің шыққаны белгілі. Мәселен, қазіргі таңда терроризм, сеператизм қатерінен бөлек, ақпараттық, идЕуропалық Одақлогиялық, мәдени агрессия және діни глобалдық соғыстардың әлем халқына төңдірер қаупі зор. Осы жағдайда, нәзік те кінәмшіл тепе-теңдік пен үйлесім заңдылықтарымен санасуға мәжбүр мемлекетіміздің көп векторлы саясатты ұстану арқылы бейбітшілікке негізделген мемлекеттер ортасын қалыптастыруды ойлауы болашаққа батыл қадам. Осы ретте, бұл бағыттағы ЕҚЫҰ мінберінен әлемнің бірқатар дамыған мемлекеттерін қауіпсіздік саласында ортақ консенсусқа орнықтыру түйіткілдерінің алдағы жұмысымыздың жемісті әрі баянды болуына кепіл болары сөзсіз[11].
Қорытынды
Менің курстық зерттеу жұмысымда «интеграция», «аймақтық интегрция», «салалық интеграция», «Еуропалық қоғамдастық» және «Еуропалық Одақ» деген терминдеріне жеке дара тоқталық, олардың толық анықтамасы ашылып көрсетілді.
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр.
Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.
Қазіргі күнде Европалық Одақтың эволюциясы европалық қоғамдастыққа жаңа мүшелердің кіруімен ауқымы тұрғысынан да, және экономикалық және саяси сфералардағы интегарцияны дамытудың есебінен тереңдеуі тұрғысы бойынша өтуде. Осы көрсетіліп отырған екі үрдістің бір-бірін қаншалықты өзара толықтыратындығы әлі белгісіз. Европалық Одақта аталмыш одақтың ұлғаюын жақтайтын да, және оның қарсыластары да бар. Қарсылық білдірушілер Одақтың одан әрі эволюциясын жақтай отырып, ұлғаю процесі қоғамдастықтағы дәулетті мемлекеттер үшін келеңсіз экономикалық шығындарға және саяси бірігуге тоқырау әкеле отырып, Европалық Одақтың тереңінен дамуын тоқтатуы мүмкін деп санайды. Дегенмен, қауіптерге қарамастан, интеграцияланудың бай тәжірибесін жинақтаған қоғамдастық, өз маңайындағы мемлекеттерге экономикалық гүлдену мен саяси тұрақтылық кеңістігін ұлғайта түсу бағытында да, және де өз алдына экономикалық сипаттағы амбицияға толы міндеттерді, сонымен қатар сыртқы саясат пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді қоя отырып, бүгінгі күндегі интеграциялық мүмкіндікті тереңдете және дамыта түсудегі прогресті жалғастыра беруге бел байлап отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005
2. В.П.Максаковский «География» Алматы 1997
3. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997
4. «География және табиғат» 2006,№6
5. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007
6. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
7. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
8. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
9. Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
10. Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
11. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
12. Бек У. Что такое глобализация? /Пер. с нем. М., 2001.
13. Бонгард–Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. М., 1993.
14. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. М., 2000.
15. Дергачев В.А., Вардомский Л.Б. Регионоведение. М., 2004.
16. Дергачев В.А. Глобальная геоэкономика (трансформация мирового экономического пространства). Одесса, 2003.
17. Дергачев В.А. Геополитика. Киев, 2000.
18. Дергачев В.А. Геоэкономика. Современная геополитика. Киев, 2002.
19. Джеймс П., Мартин Дж. Все возможные миры. История географических идей. М., 1988.
20. Ишаев В.И. Международное экономическое сотрудничество: региональный аспект. Владивосток, 1999.
21. Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геополитика и политическая география. М., 2001.
22. Договор о коллективной безопасности //htpp://www.dkb.gov.ru
23. Совместное заявление государств — участников ОДКБ в связи с созывом Чрезвычайной Конференции государств — участников Договора об обычных вооруженных силах в Европе (ДОВСЕ) //htpp://www.dkb.gov.ru
24. Бордюжа Н. Выступление на 14-м заседании СМИД ОБСЕ в Брюсселе. 4-5.10.2006 г. // htpp://www.dkb.gov.ru
25. Караваев А. ЕврАзЭС и ОДКБ в Центральной Азии: проблемы интеграции региона //http://www.ia-centr.ru/public_details.php?id=506
26. Косикова Л. Несостоявшаяся интеграция, или почему России не удается объединить страны СНГ //Мир перемен. 2004. № 1. С. 113, 114.
27. Перцев Д. Три кита ЕврАзЭС. Сообщество продолжает работать на перспективу // Gazeta.kz от 9.10.2007 г.
28. Противоречивый облик ШОС // htpp://www.dw-world.de
Еуропалық Одақтың дүниежүзілік экономикадағы үлесі
1-диаграмма. Халық саны бойынша (пайыздық үлес дүниежүзі бойынша есептегенде)
1. Еуропалық Одаққа енетін елдердің халқы — 8℅
2. Дүниежүзі елдеріндегі халық — 72℅
2-диаграмма. Ұлттық жиынтық өнім бойынша (пайыздық үлес дүниежүзі бойынша есептегенде)
1. Еуропалық Одаққа енетін елдердегі ұлттық жиынтық өнім — 28℅
2. Дүниежүзі елдеріндегі ұлттық жиынтық өнім — 72℅
3-диаграмма. Өнеркәсіп өндірісі бойынша (пайыздық үлес дүниежүзі бойынша есептегенде)
1. Еуропалық Одаққа енетін елдердегі өнеркәсіп өндірісі — 26℅
2. Дүниежүзі елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі — 74℅
4-диаграмма. Ауылшаруашылық өнімі бойынша (пайыздық үлес дүниежүзі бойынша есептегенде)
1. Еуропалық Одаққа енетін елдердегі ауылшаруашылық өнімі — 24℅
2. Дүниежүзі елдеріндегі ауылшаруашылық өнімі — 76℅
5-диаграмма. Дүниежүзілік сауда айналымы (пайыздық үлес дүниежүзі бойынша есептегенде)
1. Еуропалық Одаққа енетін елдердегі сауда айналымы — 42℅
2. Дүниежүзі елдеріндегі сауда айналымы — 68℅