Іле Алатауы

0

                                                  Кіріспе

Іле  Алатау мемлекеттік  ұлттық  табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15  жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы  және биологиялық  әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды.

Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді  және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық .

Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады.  Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар  қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік.

  1. Іле Алатау МҰТП – інің Талғар филлиалының табиғи – климаттық жағдайының қысқаша сипаттамасы

1.1  Талғар филлиалының орналасқан жері мен көлемі 

Талғар филлиалының орман қоры Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының жерлерінде орналасқан. Оның ресми мекені: Алматы облысы, Талғар қаласы, Юный коммунаров көшесі, 1 үй., тел. 3-14-93.

1994 жылда өткен орманды есепке алу мәліметтері бойынша оның қарамағында не бәрі 17326га жер болған. Кейін оған Алматы облысы әкімінің шншімімен Қаскелен, Еңбеншіқазақ және Талғар аудандарына қарасты жерлер мен мемлекеттік жер қорына қосымша 10612га жер бөлінді. Нәтижесінде қазір Талғар филлиалының қарамағында барлығы 27938га жер бар. Олардың 1341га (4,8%) Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, ал барлық қалған бөлігі ( 26597га немесе 95,2%) Талғар ауданының жерін қамтиды. Соңғы орман  есебін алу кезінде филиялдың қорына едәуір өзгерістер енгізіліп, оның көлемі 623га өсті. Бұл өзгерістерге мыналар себеп болды:

А) бақтар категориясынан  81 га ауысты

Б) сирек орман 53 га азайды :

В) екпе ормандардың ауданы 2219 га өсті:

Г) орманы жоқ жерлер ағаш отырғызу арқылы щрман көлемі 105 га көбеиді

Д) орман ішіндегі алаңдардың аумағының кішіреюіне байланысты 165 га қосылды:

Талғар филиялының орман қорығындағы ең көп , үстем ағаш түрлері Шренк шыршасы мен көктерек болып табылады.Филиялда ағаш тұқымдастарының көбі  жас және орта жастағы ағаштардан құралады . Бірақ ағашы жоқ жерлерге (алаңқайларда ) ағаштың өсуі өте жай жүреді. Өйткені оларда шөптері қалың және биік болып өседі .

Филиялда жасыл зона мен ағашты парк орман қорының  4264 га жерін алады. Ағаштары бар орманды жерлер щрман құрамының 58 пайызын алып жатыр.Жабық ланшафтар -22,8% жартылай ашық  ланшафтар 34 ,7% ал ашық алаңыдар -42,5%. Филиялда барлық екпе ормандар отырғызу қабылданған ережелерге сәйкес жоғары санитарлы –гигиеналық  және эстетикалық бағаға сәйкес дәрежеде  жүргізіледі.

1.2.  Талғар филиялының  құрамы  

Іле Алатау МҰТП-інің Талғар Филиялы үш орманшылықа  бөлінеді, Қотырбұлақ ,Көкбастау, және Талғар . Ал орманшылық 27 орман айналымына бөлінген. Қотырбұлақ орманшылығында 11 айналым, Көкбастау және Талғар орманшылығында сегіз сегізден 16 айналым бар

1-кестеде Іле Алатау МҮТП- інің Талғар Филиялының жер көлемі мен басқару құрамы.

Лесничество аты Айналым

саны

Алғашқы оман

орының

көлемі, га

Кейін берілген жерлер Барлығы
Жағайы жемісті белдеу Мемлекеттк жер қоры
1

2

3

Қотырбұлақ

Көкбастау

Талғар

11

8

8

4658

7330

5338

1118

1341

2073

6000 11856

8671

7411

 

Талғар филлиалы 27 17326 4612 6000 27938

 

 

Үш орманшылықтың жер көлемдері бір бірімен шамалас, бірақ Қотырбүлақта жер сәл көбірек (11856га) Жердің көлемі жағынан ең кішісі Талғар орманшылығы онда (7411га) жер бар.

Талғар филиялының жерлерінің ормандылығымен  паидалануы бірнеше топқа бөлуге болады (2-кесте). Олардың ішінде

Қылқан жапырақты ормандар өскенжерлер 11150га Жалпақ жапрақты ағаштар алып жатқан жерлер 10616га.Олардан басқа бұталы жерлер көлемі 4440га,жайылымды жерлер 1326га және шабындық -180га.

Филиял ерекше қорғалатын аймаққа қарайтын болғансоң  оныңжері бірнеше белдеулерге бөлінеді (3-кесте). Олардың ішінде

Қорықтың  белдеу 4452га жерді ал заказдық белдеу 14995га жерді алып жатыр.Осы екі белдеу Талғар филиялының жерлерінің 70%-ына  тараған. Оның қалған жерлері туристік рекреацялық және шектеулі шаруашылықжүргізу мақсатында пайдаланылады.

2-кесте  Талғар Филиялының жерінің ормандылығы, паидалану мақсаты мен бедеріне қараи топқа бөлінуі

Лесничество аты Барлық жерлер

көлемі,га

Оның ішінде
Орманды жерлер Бұталы

жерлер

Жайылым

 

шабындық сулар Жер.тастар Егіндік

 

Басқалары

 

Қылқын

жапырақты

Жалпақ

жапырақты

Қотырбұлақ 11836 3200 3720 1130 56 70 70
Көкбастау 8671 4200 3715 2110 1200 60 40
Талғар 7411 3750 3200 1200 70 50 70
Барлығы 27938 11150 10616 4440 1326 180 180

 

 

3-кесте. Талғар Филиялы жерлерін мақсатты белдеулерге бөліну жағдаиы

Лесничество аты Жер көлемі, га Оның ішінде
Қорықтық белдеу Заказдқ белдеу басқалары
Қотырбұлақ 11836 250 5829 5750
Көкбастау 8671 1846 4752 2773
Талғар 7411 2356 4414 641
27938 4452 14995 8491

1.3 Іле  Алатау МҰТП-нің  Талғар Филиялының табиғи 

                                      климатық    жағдайы

Ормандардың өсу жағдайын аудандастырудың схемаларына сәйкес Талғар филиялының  аумағы жалпақ жапрақты жемісті белдеуге, орталық шыршалы  орманға  және Орталық  Іле ауданына кіреді.Бұл филиялдың аумағы таулы жерде орналасқан, онда таралған өсімдіктер биіктік белдеулеріне байланысты өзгеріп отырады. Өйткені, теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты тәуліктің температуралық режимі, жылдық орташа температура, өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінің ұзақтығы және басқа да климаттық факторлары өзгеріске түседі.

Сондықтан филиалдың орман қоры жер биіктігіне қарай, мынадай климаттық белдіктерге бөлінеді:

А) Теңіз деңгейінен 1300-1000м  биіктіктер аралығында орналасқан шыршалардың қатысуымен біркелкі жылы құрғақтау жемісті жапрақты ормандар.

Б) Теңіз деңгейінен 1600-2000м биіктіктер аралығында орналасқан төменгі шамалы белдеу.

В) Теңіз деңгейінун 2000-2500м  биіктіктер аралығын алып жатқан салыстырмалы салқын дымқыл жағдаида өсетін орман шыршалар белдеуі.

Г)теңіз деңгейінің 2500-2800м биіктікте орналасқан салқын ылғалды жағдайда өсетін шыршалардың биіктегі белдеуі.

Аталған белдеулердің төменгісінде жабайы жемісті ағаштары таулы ормандық қара күлгін және қара түсті топыраққа өседі, көбінесе бұндай топырақтарда шыршалар аралас ормандар түрінде өсіп-өнеді.

Ал, жоғарғы белдуде таулы шабындықты субальпі топырағы кеңінен таралған. Олар ұсақ тасты және кесекті болып келеді.

Аралас ормандар теңіз деңгеінен 2000м биіктікке дейін, ал шыршалар 2800м дейінгі биіктікке дейін өседі.

Шыршалардың табиғи жаңаруы қанағаттанғысыз деп айтуға болады, себебі оларды биік болып өсетін қалың шөптер басып кетіп, өсуге мұрша бермейді. Жоғарыда айтылғандай ормандардың биіктікке тікелей байланысты болуы аумақтық климаттың ауыспалы екенін көрсетеді. “Талғар”  метеостанциясының климатикалық көрсеткіштері осы мекеменің территориясының климатын толығымен сипаттайды. Шыршалы белдіктің жоғарғы зонасы үшін “жоғарғы горельник” метеостанцияның климатикалық көрсеткіштері сәйкес келеді (2254м), шыршалардың ортаңғы белдігіне “Усть-Горельник” (1926м) метеостанцияның көрсеткіштері сәйкес келеді, ал төменгі белдік үшін “Медеу” метеостанциясының көпжылдық. Сондықтан “Медеу” метеостанциясының климаттық көрсеткіштерін төменде келтіріп отырмыз. 

4-кесте. “Медеу” метеостанциясының климаттық көрсеткіштері

Көрсеткіштердің аты Мәні Күні (мерзімі)
1. Ауаның температурасы, С орташа жылдық

Абсолюттік максимумы

Абсолюттік минимумы

6,8

35,0

-25,9

2. Жылдық жауын-шашынның мөлшері, мм 912
3. Өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінің ұзақтығы, күн. 170
4. Көктемнің соңғы аяздары Майдың бірінші жартысында
5. Күздің алғашқы аязы Қыркүйек
6. Өзендердің орташа қату күні
7. Тасқының орташа басталу лүні
8.Қар қалыңдығы,тұрақтануы мен см ерумезгілі 55 Сентябрь

Апрель

9.Топрақтың қату тереңдігі см 50
10.Мезгіл боиынша желдің бағыты ,

Румб

Қыс

Көктем

 

Жаз

Күз

 

 

Оң түстік шығыс

Оң түстік

Шығыс

“__”

“__”

 

11.Мезгіл боиынша желдің орташа жылдамдығы, м/сек

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

 

 

1.8

2.0

2,3

2,0

12.Ауаның салстырмалы ылғалдылығы % 55

 

Жылдың айлары боиынша жауын-шашынның түсуі біркелкі емес. Қыс кезінде ол аз, ал жаз кезінде көп мөлшерде түседі. Бұл әр келкілік өсімдіктердің өсуіне және дамына жағдай жасайды. Көктемде температураның өсуімен өсімдіктің даму кезінде жауын-шашынның мөлшері көбееді. Күзде жауын-шашын аздау түседі. Қар октябрьдің басында жауады, бірақ қар тек бір айдан кейін қалыңдайды.

Тауда жел әр түрлі бағытта және күшті болады, ол жердің жағдайына, көбінесе оның бедеріне байланысты.

Шырша, қарағай, қайың сияқты ағаш тұқымдастврды 1600-2000м биіктіктер арасында төменгі шыршалар біркелкі жерге қолдан отырғызуа тиімді. Тауда бақтарды өсіру үшін оларды 1400м дейін солтүстік экспозицияның беткейінем және оңтүстіктің 1500м дейінгі экспозициялық беткейіне орналастыру дұрыс. Одан биіктеген саын бақтардың жеміс беруі азаяды, жемістер ұсақталады. Себеді жылу жетіспейді, жоғарлаған сайын салқын жиі болады.

 

 

1.4. Талғар филлиалының сулары

Бұл филлиалдың орман қорының жеріндегі негізгі өзенде – Сол Талғар және Оң Талғар. Бұл екеуі де негізінен Талғар өзеніне құяды, Сол Талғардың ұзындығы 25км, ал екіншісінікі 17км. Қалған өзеншелер мен бұлақтардың ені 0,5-3,0м аралығында, олардың ішіндегі үлкендеулері Қотырбұлақ, ұзындығы 4км, Белбұлақ – ұзындығы 4км, Армақай – 3км, Тасты — 5км, әрі Солдат өзеншесі -4км, Микушин өзеншесі – 6км№ Бұл өзендердің бәрі таулы жерде орналасқандықтан үлкен жылдамдықпен (13м/сек дейін) ағады. Апрельдің ортасында көктемгі тасқындар басталады. Барлық өзендер мен өзеншелер ормандағы өсімдіктердің өсіп дамуына көмектеседі, ауыз судың негізі болып табылады, олар бақтарды суғаруға да пайдаланылады. Басқа су көздері бұл мекеме аумағында жоқ. Тұзды және сор жерлер мұнда кездеспейді.

Гидромилиоративті топырақтар суару үшін арық түрінде жүргізілген. Жалпы ағаш бұталы өсімдіктер мен жеміс ағаштар отырғызуға, бақтар өсіруге Талғар филлиалының жері өте қолайлы.

 

 

1.5. Талғар филлиалы жеріндегі жол торабы

Талғар филлиалының орман қорының аумағында асфальтталған жақсы жолдар бар. Ол жол Қотырбұлақ орманшылығында Алма-Тау турбазасына, Белбұлақ бастауына, Солдат орманшылығындағы поселокқа дейін және Маралсай бастауына дейін жетеді. Қалған жолдар кәдімгі қара жолдар және олар 2,6км созылып, орман ішін қамтиды. Қара жолдар көбіне бульдозермен жазық жерлерге өзен бойлап салынады, ал олар жаңбыр жауып кеткен болса олрды жиі-жиі жөндеп отырады. Жолдардың жалпы ұзындығы 70км. 5-ші кестеде осы жолдарға сипаттама берілген.

5-кесте. Талғар филлиалы аумағындағы жолдардың сипаттамасы

Жол категориясы Жол түрі Жол бетінің түрі Орм.шар.

терр.

бойынша ұз-ғы, км

Жұмыс жолының мерзімі Жолдың жағдайы
Орман шаруашылығын жүргізу үшін II

 

III

Асфальт

Қара жол

3

 

67

Құрғақ жыл бойы Қанағатт

қанағатт

 

 

 

1.6     Орман шаруашылығының ауданға маңызы

Талғар ауданын ағашпен қамтамасыз етуде бұл мекеме аз рөл атқарады. Дайындалған ағаштың есебі барлық кесудің түрінен соңғы 2 жылдың ішінде 300 текше метрден асқан жоқ. Өйткені бұл ормандарының мәні мен мағынасы белгілі бір мақсатпен анықталады. Олар алматы және Талғар қалаларының тұрғындары тек табиғи орман паркі ретінде бағалайды, пайдаланады.

Бұл ормандардың өте үлкен эстетикалық және санитарлы-гигиеналық қасиеттері бар. Сондықтан бұл мекеме азаматтардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасайды.

Осы орман қоры аумағында “Алма-Тау” турбазасы орналасқан. Оның сыртында тағы үш оқушылар лагері мен басқа да санаториялар бар.

Орманның суды қорғайтын, тазартатын, тасқынды реттейтін, ауданның алыс бөліктерін сумен қамтамасыз ететін маңызы да ерекше. Оның ең үлкен рөлі, ағашты-бұталы өсімдіктер сел тасқындарын болдырмай, елді мекендерді олардан сақтайды.

Филлиал аумағында жеміс беретін ағаштар көп. Олар жабайы өскен жемістер қатарына кіреді, бірақ күтілген алма сорттары секілді шаруашылыққа көп пайда әкеледі. Онымен қатар орманда жабайы жеміс беретін ағаштар дүниежүзілік деңгейдегі генофонд ретінде анықталып, бағаланып отыр.

Талғар филлиалы аудан бойынша жабайы жануарларды да қорғауға кірісті. Бұл мекеме бойынша мал бағуға да едәуір жерлер бөлген. Мысалы: “Алма-ата” бірлестігіне 3122га, “Қызыл-Гайратқа” 483га, Мичурин атындағы ауылға 583га жер бөлінген.

Талғар филлиалының орман қорында Талғар, алматы қалаларының тұрғындары саңырауқұлақ, жеміс-жидек теруге хақылы. Олар жаңа жылдық шыршалар сатып ала алады және келісім бойынша басқа пайдалы істермен шұғылдана алады.

 

 

1.6 Талғар филлиалында мекендеген аң түрлері

Талғар филлиалының жері, әсіресе таулы белдеулері тағы аңдардың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Бұрынғы ақпараттар бойынша бұл аймақта аю, марал, елік, қабан, теке, қасқыр, шакал қасқыр, түлкі, борсық секілді аң түрлері мекен етеді. Орман құстарының ішінен фазан, …. көп. Соңғы есепке қарағанда (6-кесте) Талғар филлиалы қарасты жерлерде 16 аю, 64 марал, 355 елік, 104 қабан, 8 қасқыр, 73 түлкі және 80 борсық бар.

 

6-кесте. Талғар филлиалында қоректеніп мекендейтін аң түрлері мен саны

 

Аң аты Барлығы Оның ішінде
Қотырбұлақ Көкбастау Талғар
1

2

3

4

5

6

 

7

8

9

Аю

Марал

Елік

Қабан

Қасқыр

Шакал қасқыр

Түлкі

Борсық

Фазан

16

64

355

104

8

3

 

73

80

1610

2

16

60

28

2

 

 

31

34

440

8

37

157

42

4

3

 

20

25

840

6

14

98

34

2

 

 

22

21

330

 

 

 

1.7   Талғар филлиалында өсетін негізгі ағаш түрлері

Талғар филлиалының жері орманда өсетін ағаш түрлеріне де өте қолайлы. Олар көбіне тау белдеулеріне бейімделе өседі. Жергілікті ағаш түрлері сырттан әкеліп жерсіндірілген ағаш түрлерімен араласа да өсе береді. Негізгі орман ағаш түрлеріне шырша, арша, қарағай, емен, үйеңкі, қайың, терек секілді ағаштар жатады. Олардың сыртында жеміс ағаш түрлері де көп. Оларға алманың барлық түрлері мен өрік ағаштары жатады.

Талғар филлиалында барлығы 15 түрлі орман ағаш түрлері және 6 түрлі орман бұталары кездеседі (7-кесте).

 

 

 

 

 

 

 

7-кесте. Талғар филлиалында өсетін ағаш түрлері мен олардың алқабы

 

Ағаш түрлері Көлемі,га Бұта түрлері Көлемі,га
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Қарағай

Шырша

Лиственница

Емен

Ясень

Үйеңкі

Вяз

Қайың

Көктерек

Мырза терек

Тал ағаш

өрік

грек жаңғағы

жабайы алма

екпе алма

181,2

2928,2

24,5

6,4

2,4

0,2

16,1

398,0

1084,2

6,3

5,3

178,6

2,6

835,2

56,8

16

17

18

19

20

 

Арша

Тау талы

өзен талы

итмұрын

тобылғы

905,0

15,5

28,9

513,3

537,4

 

 

Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының жалпы жағдайын қысқаша сипаттай келіп, мынада қорытындыларға келуге болады:

  • Талғар филлиалы таулы және сулы жерде орналасқандықтан оның топырағаның, жер бедерінің, климаттық көрсеткіштерінің, өсімдіктерінің тағы жан-жануарлырының алуан түрлі болуы заңды құбылыс;
  • Бұл филлиалдың жалпы көрсеғткіштері орманды есепке алу мен орман шаруашылығын орналастыру жұмыстарыны бұдан 18 жыл бұрын жүргізілген және оның мезгілі өтіп кетсе де әлі қайта жасалмағандығына байланысты көп ескіріп кеткен. Сондықтан бұл жұмысты қайта жүргізу кезек күтпейтін іс;
  • Осы көрсеткіштердің ескеруіне байланысты Талғар филлиалының жалпы жер көлемі үш лесничествоға ғана бөлінген. Ал олардың әрқайсысындағы жерлердің функционалдық бағыттарына байланысты қалай бөлінетіні толық түрінде еш жерде көрсетілмеген. Тіпті бұл филлиал ерекше ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жататын жер емес, жай қатардағы орман шаруашылығына қарайтын жерлер секілді. Сондықтан Іле Алатау МҰТП-інің ормандарын қайта есепке алу мен орман шаруашылығын қайта құрып, орналастыру кезінде оның әр филлиалы мен әр оған кіретін лесничестволарының жер аумақтарының функционалдық бағыттағы мақсаттары бойынша бөлінуі және олардың көлемдері көрсетілуі қажет.

 

 

  1. Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі бағыттары мен әдістемелері

Дипломдық жұмысты орындау негізгі үш боліктен тұрады. Оның бірінше болігіне жазғы практика өту мезгілінде дипломдық жұмысқа қажетті өндірістік, техникалық және экономикалық көрсеткіштер жинау. Екіншісі – жинақталған көрсеткіштерді орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын аймақтарда жүргізілетін жұмыс бағыттарына қарай жіктеп, олардың көлемдерінің өсіп-өзгеру динамикаларын, жұмыс түрлерінің көбейіп-азаюын, оларды жүргізуге жұмсалатын қаржылардың сомалары мен өзіндік құндарын, қызметкерлердің және жұмыскерлердің санының, олардың жалақыларының деңгейлері мен өзгеру процестерін жан-жақты талдап, жазып шығу.

Үшінші бөлік – талдау қорытындыларынан туындайтын кестелерді, сызбаларды, суреттерді ретке келтіріп, оларды диплом қорғау мақсатында слайдтар мен плакатқа айналдырып, мемлекеттік аттестациялау комиссиясына баяндамаға даярлау.   Олардың саны 6-8 плакат не слайдтан кем болмауы керек.

Осы жұмыстардың дұрыс жүргізілуі таңдалып алынған әдістемелерге байланады. Мысалы, дипломға қажет материалдарды жинау мақсатында біз алты жылдық мерзімді қамтыдық. Бұндай мерзім талғар филлиалында атқарылған жұмыстардың жыл сайынғы өзгерістерін, түрлерінің қалыптылығын немесе айнымалылығын, олардың көлемдерінің, құнының өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың талдауға байланысты бөлімдерінде графикалық әдістемелер, жіктеу, талдау, көрсеткіштердің мәндерін салыстыру, олардың өсуін немесе көбеюін негіздеу, және тағы басқа осы секілді әдістемелер пайдаланылады.

 

 

 

Негізгі бөлім

  1. Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының 2002-2007жж. Аралығындағы қызмет қорытындылырын талдау

 

Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркі әр түрлі мақсаттағы жұмыстар атқарады. Ол орман қоры негізінде құралғандықтан ең алдымен орман шаруашылығына байланысты қызмет жасайды. Мысалы, орман күтіміне байланысты ағаш кесу ісімен айналысады. Оның тазарту, сирету, ішін ара кесу, санитарлық кесу секілді түрлері жүргізіледі. Кейде кесудің басқа түрлерін орындау да болып тұрады. Ондай жағдайлар орманды өрттен қорғау жолақтарын жасаған кезде немесе орманды қайта жаңғырту кездерінде жүргізіледі.

Кесуден басқа екпе ормандар тұрғызуға байланысты қызметтер де жүргізіледі. Оларға тұқым жинау, көме өсіру, ағаш отырғызу, отырғызылған ағаштарды күту, тағы сол сияқты жұмыстар жатады.

Іле Алатау МҰТП-і ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататындықтан бұл мекемеде орман қорғау және аңдарды қорғаудың көп түрлері жүргізіледі.

Талғар филлиалы  Іле Алатау МҰТП-інің ірі бөлімшесі болғандықтан бұл бөлімшеде аталған жұмыстардың көптеген түрлері қатар жүргізіледі. Сондықтан біз осы филлиалдың соңғы жылдарда жүргізген жұмыстарының жылдық есептерінен қажетті деген көрсеткіштерді жинап, оларды өздерінің істелу бағыттарына қарай жіктеп топтастырдық. Қорытындысында жиырмаға жуық әр түрлі кестелер жасалды.
Міне, енді сол кестелерді жұмыс бағытының түріне қарай құра отырып біртіндеп талдау жұмысына кірісеміз.

 

  • Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу нәтижелер

 

Талғар филлиалында 2002-2007жж. аралығында жыл сайын ағаш кесудің бір түрінен  (2004ж.) бес түріне (20052006жж.) дейін жүргізіледі. Оларға санитарлық талдап кесу деп басқа сирету, ішін ара кесу жатады. Олардың сыртында кейде орман ішінде құлаған ағаштиарды жинау да жүргізіледі. Бірақ олардың барлығының да аумақтары өте көп емес (8-кесте). Мысалы, 2002-2004 жылдары барлық күтімдік кесулер 32,5; 23,6 және 20,8га орман аумағында жүргізілген. Кейінгі үш жылда (2005-2007жж.) олардың аумағы 2 есеге дейін көбейген (77,2; 53,5 және 79,5га).

Күтімдік кесулердің ішінде ерекше байқалатын заңдылық жоқ. Кей жылдары олардың сирету түрінің аумағы көбірек болды, ал кей жылдары ішінара кесу басымдау болған. Күтімдік кесі мен санитарлық таңдап кесу арасында да ерекше байланыс жоқ. Кейде олардың алғашқылары басым болса, кейде кейінгілері көбейіп отырады. Бірақ соңғы 2007 жылы санитарлық таңдап кесу 90% -ға дейін өскен болып шықты.

Мәліметтерге қарағанда орман күтіміне байланысты кесулердің аумағының 2002-2004жж. 70-80%-ы қылқан жапырақты ормандарда жүргізілген (9-кесте).

Кейінгі үш жылдар аралығында олардың аумағы едәуір кішірейе түскен. Мысалы, ағаш кесудің жалпы аумағы 2005-2007 жылдары 77,2; 53,5 және 79,1га болса, осы жылдары олардың қылқан жапырақты ормандар ішінде жүргізілген аумақтары 27,3; 20,5 және 13,9га дейін азайған. Басқаша айтқанда, қылқан жапырақты ормандарда жүргізілген кесулер соңғы үш жылда сәйкесті түрде 2,8; 2,6 және 5,7 есе азайған. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені Талғар филлиалы ерекше қорғалатын тбиғи аймақтың бір бөлігі ғой. Онда табиғат байлығын қорғау бірінші орында тұруы тиіс.

Әрине, алғашқы күтімдік кесулердің көлемі олардың аумағына және әр гектардан алынатын ағаш снына байланысты. Сондықтан Талғар филлиалында белгіленген аумақтан кесілген ағаш көлемі де көп емес. (10-11-кестелер).

Соңғы 6 жылда әр жыл сайын 261 текше метрден (2005ж.) 659 метрге (2007ж.) дейін ағаш дайындалған. Бұл 1га орманнан орташа есеппен 10-15метр куб ағаш шығарылды деген сөз.

Бірақ, осы кесілген ағаш көлемінің 30-70%-ы қылқан жапырақты ағаштарға қарасты болып шықты. Оны 12 және 13 кестелердің соңғы жолдарындағы көрсеткіштерді салыстыра талдау арқылы байқауға

Енді Талғар филлиалында дайындалған ағаш көлемдері мен күтімдік кесу жүргізілген орман аумағының сұлбаларын (графиктерін) ызып көрсетейік. (1және 2 сұлба).

 

1 және 2 сұлбалар жоғарыда айтқан жағдайларды тағы да дәлелдеп берді. Мысалы Талғар филлиалында күтімдік кесулердің жалпы аумағының өсу тенденциясы анық көрініп тұр (1және 2 сұлбаны қараңыз). Бірақ бұл өсу тенденциясы қылқн жпырақты ормандар аумағына әсер етпеген. Ол аумақ қайта аз болса да кеми түскен.

Күтімдік кесу ретінде дайындалған ағаш көлемі де осы айтылған өзгерістарге сай келеді. Олардың жалпы көлемі жыл сайын өсіңкірегенмен қылқан жапырақты ағаштарға қатысты бөлгі аздап кеміген (2-сұлбаны қараңыз).

Енді Талғар филлиалында жүргізілген орман отырғызу жұмыстарын талдап көрейік. Олардың біразының көрсеткіштері  12-кестеде келтірілген.

Бұл кестелерде барлығы 11 түрлі жұмыс көлемдері берілген. Олардың бәрі де аз мөлшерде болса да жылдан жылға өсіп отырған. Мысалы, орман отырғызу 6 жылда 4,5 есе, ал екпелерді толықтыру мен екпелерге күтім жасау 3,7 есе өскен. Осындай жағымды өзгерістердің қалған жұмыс түрлеріне де қатынас бар. Питомникте тұқым себу және орманда тұқым жинау істері де алға баса бастаған.

Дегенмен жыл сайынғы көрсеткіштерді талдай отырып, біз олардың толық емес екенін аңғарамыз. Мысалы, екпелерді толықтыру бойынша 2002 жылдық көрсеткіш жоқ, оларды күтуге байланысты 2005 жылғы мағлұмат та жоқ. Жұмыстың басқа түрлерінде де осындай кемістіктер көрініп тұр.

Бұл кемістіктердің екі себебі болуы мүмкін. Біріншісі, олар кей жылдары шын мәнінде жүргізілмеген болуы тиіс. Екінші себебі – сол мәліметтер жылдық есепке қызметкерлердің салғырт қарауына байланысты кіргізілмей қалған.

Талғар филлиалында осындай олқылықтар басқа жұмыс түрлеріне де байқалып отырды. Мысалы, орман қорғау және су-мелеоратитік жұмыстарын алуға болады (13-кесте).

Негізінен бұл жұмыстар көлемі тұрақты түрде орындалып отырады деуге болады. Тке олардың кейбір түрлері тек олардың кейбір түрлері жүйелі жүргізілмейді. Олардың қатарына шымшықтарға ұя жасап ілу, көшеттікті (питомникті) қоршау, өрт қарайтын мұнаралар салу сияқты жұмыстарды жатқызуға болады.

Бірақ кейбір жұмыстар жасайтын жүйелі жүргізілсе де, олар жылдық есеп кітаптарына кірмей қала береді. Мысалы, арықтар жүйесін тазарту, өрттерді тежейтін жолақтар жасау, орман ішіндегі жолдарды жөндеп, көшеттікке көң төгу әр жылда міндетті түрде жүргізіліп отыратын жұмыстар. Бірақ олар 2005 жылдық есеп кітабына мүлде кіргізілмей қалған (14-кестені қараңыз).

 

14-кесте. Талғар филлиалында табиғат қорғау қызметін атқаратын мамандар саны

Қызметкерлер Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1 Төраға 1 1 1 1 1
2 Аға лесничийлер 1 1 1 1 1
3 Лесничийлер 3 3 3 3 3
4 Лесничийдің көмекшілері 4 4 4 3 3
5 Туризм инжинерлері 1 1 1 1 1
6 Орман шебері 5 4 1 1 1
7 Орман қорғау инжинері 1 1 1 1
8 Сақшылар тобы 5
9 Орманшы 27 27 27 27 27
10 Егерь 1
11 барлығы 42 42 39 41 38 38

 

 

 

 

2005 жылға байланысты дәл осындай кемістіктер орман қорғау қызметін атқаратын мамандар санына байланысты  да орын алған (14-кесте). Осы жылдың есеп кітабында тек олардың жалпы саны ғана (41адам) көрсетілген, ал орман қорғау қызметкерлерінің құрамы  еш жерде берілмеген. Оның сыртында сақшылар тобы ( оперативная группа) тек 2007 жылғы есете ғана көрсетілген. Басқа жылдарда олрдың болған болмағаны белгісіз. Ормашылар саны да 2002, 2003 және 2005 жылдар есебінде, ал олардың жылдан жылға тұрақты жұмыс істеп отырғаны барлығымызға аян.

Жалпы орман қорғау қызметкерлерінің саны тұрақты емес. Олар кей жылдары (2004ж.) төмендеп (38 адам), ал кей жылдары (2006ж.) көбейіп (42 адам) отырады. Мұндай тұрақсыздық орман қорғау ісіне зиянды болады. Олардың саны тұрақты болса, әркімнің атқаратын ісі өздеріне де, өзгешелерге де белгілі болады да орман қорғау жұмысында анағұрлым жағдай  нәтижелі жағдай қалыптасады.

Біз Талғар филлиалының орман қорғау қызметіне байланысты оның жабдықтары  мен қондырғыларын да талдап көрдік (15-кесте).

 

15-кесте. Талғар филлиалының орман мен тағы аңдарды қоргауға арналған құрал-абдықтардың саны

Құрал жабдықтар аттары Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1 Кордандар 11 13 14
2 Автомашиналар 4 4 5
3 Тракторлар 1 2
4 Аттар 19 20 19 19
5 Радиобайланыс аппараттары 6 14 14
6 Мылтықтар 19 20
7 Мотоциклдар 1
8 Бинокльдер 27
9 Фотоаппараттар 1
10 Бейнеаппарат 1
11 Аңдарға жем салатын астаулар 25
12 Құстарға жем шашатын астаулар 27
13 Құстарға жем шашатын алаңшалар 27
14 Қустар ұясы 150
15 Сортаң жерлер 27

мен сандары жеткілікті емес.Мысалы ,орманшылар 27 адам ,аттар саны 19-20-дан аспайды . Таулы аимақта жайау орман қорғау қызметін атқару қолдан келмейтін іс. Ал осы жағдайда бір орманшыға бір аттанда жетпейді.

Талғар филиялының Қарамағындағы техникалар  саны да тым аз. Мысалы, 2007 жылғы санақ бойынша барлығы 5 автомашинамен 1 мотоцикл бар. Автомобильдердің екеуі жүк машинасы, ал үшеуі жеңіл машиналар. Алты жылда филлиалда машиналардың саны бір ақ машинаға көбейген. Бұл кестені де біз толық толтыра алмадық. Жақсы мәлімет тек 2007 ж. бойынша ғана берілген.  Оның өзінде филлиалға қарасты мылтықтар мен пистолеттер саны келтірілмеген. Ал 2004 және 2005 жж. есеп кітабынан осы кестедегі 15 көрсеткіштің бірде бірін таба алмай, кесте торларын бос қалдыруға мәжбүр болдық.

Енді осы қолданған қызметтер көлемін бұрынғы Талғар филлиалының деке кәсіпорын болып тұрған кезіндегі көлемдерімен салыстрып көрейік.

Айта кету керек – орман отырғызу Талғарда өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басталған. 1994 жылға дейін оның жерінде 1170га екпе орман мен жеміс бақтары қолдан отырғызылған. Бірақ оның ішінде Шренк шыршасынан отырғызылған ормандар көлемі 107га немесе 9,1% ғана.

1997 ж. дейінгі он жылдықта ( 1985-1994жж.) Талғар орман қорында 545га орман олтырғызылған. Орта есеппен жылына 55га болып шығады. Ал қазіргі олардың жылдық аумағы орташа есептегенде 14,7га ғана.

Талғар филлиалы бұл бағытта әлі өткен көлемге жете алмай отыр. Көшеттік (питомник) аумағы да бұрынғыдан (1га) әлі үш есеге (0,34га) кем. Басқа жұмыстар көлемі бұрынғы көлемдер мөлшерінде жүргізіліп жатыр.

Талғар филлиалында бұрын техникалық база анағұрлым жақсы болған. Қазір автомобильдер 5 болса, бұрын (1994ж.) 14 болған (3 есеге жақын көп), тракторлар казір 2 болса, бұрын 7 болған. Олардың сыртында жол жөндейтін мамандандырылған 2 машина болған. Қазір олардың біреуі де Талғар филлиалында қалмаған.

Филлиалдың кадрларының саны да көбірек болған. Тұрақты жұмыскерлер цехта істеген, олардың саны 29 болған. Уақытша жұмыскерлердің орташа саны 30 адам болған. Олар орман шаруашылығы жұмыстарын атқарған. Сонда жұмыскерлердің жылдық саны 59 болған. Олардың сыртында бюджеттік қызметте (орманшылық саласында) тұрақты түрде 50 адам, ал цехтағы ағаш өңдеу жұмыстарын басқару бойынша 8 адам, барлығы 58 маман жұмыс істеген.

Бұрын барлық қызметкерлер саны Талғар кәсіпорнында 109 адам болса, қазір онда 58 ақ адам (2007ж.) қалған. Басқаша айтқанда жергілікті халықты қызметпен қамту 3 есеге жақын немесе 71 адамға кеміп кеткен.

 

 

 

 

 

 

2.2 Талғар филлиалының ерекше қорғалатын табиғи аймақ ретіндегі мақсаттарын орындау жолындағы қызметін талдау

 

Ерекше қорғалатын аймақтарда өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау қызметі кешенді орындалады. Олардың нақты түрде іске асырылуы қажет кестелерге жыл сайын толтырылып отыруы керек. Бұл кестелердің бекітілген түрі екі бөлімнен тұрады. Олардың біріншісі ғылыми жұмыстарға арналған. Өкінішке орай ол жұмыстар Талғар филлиалында алты жыл бойында жүргізіліп көрмеген. Сондықтан бұл бөлімге қатысты көрсеткіштер жоқ. (16-кесте).

Алты жылдық есеп кітаптарынан талдауды толық қанағаттандыратындай көрсеткіштерді 2006 және 2007 жылдар ғана таба алдық.

 

16-кесте. Талғар филлиалында ерекше қорғалатын аймақ жүргізілетін ғылыми, мәдени-ағарту, оқып үйрету және халықты тыңайту мақсатында істелетін шаралар

Жұмыстар мен шаралар аттары Бірлік өлшемі Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1. Ғылыми жұмыстар
1 Ғылыми тақарыбтар саны
2 Ғылыми қаржыландыру мың

теңге

3 Шығарған мақалалар саны
4 өткізілген конференция, семинарлар
2. Мәдени ағарту және оқыту шаралар
1 Табиғи музейлер саны
2 Музейлерді көрушілер саны
3 Өткізілген көрмелер саны 4
4 Өткізілген сынақтар саны 35 40
5 Өткізілген кездесулер мен кеңкстер саны 50 50
6 Өткізілген семинарлар саны 3 3
7 Мерзімді ақпарат құралдары арқылы хабар тарату

Оның ішінде: газет пен журналдарда телевидениеде радиода

саны 5 9

 

 

 

 

 

9

10

 

 

 

 

 

8

 

1

1

9

 

 

 

 

 

8

 

1

8 Шығарылған буклеттер саны
9 Өткізілген экскурсиялар саны 70/

2000

75/

3000

10 Оның ішінде оқытуға байлансты 30/

700

30/

1200

11 Экскурсияға қатынақан адамдар саны 40/

1500

45/

1800

12 Оқу практикасына келген адамдар саны 10
13 Ормандағы жол бағыттары саны 9 9
14 Орман жол бағыттарының ұзындығы шақырым 31 31
15 Оның ішінде: аттысы саны/шақырым 2/20 3/40
16 Жаяуы 4/11 5/20
17 Автокөлікпен
18 Велосипедпен 1/13 1/13
19 Қосымша бағыт жасалды 1/6 2/26
20 Палаткалы лагерлер 5/2 4/3
21 автотұрақтар 2/2 2/2
22 1/90 1/90
23 Тамақтанатын орын саны/орын 1/20 1/20
24 Бақылау-тексеру орны 2 2
25 Орнатылған аңшылықтар 64 60
26 Халық …түскен қаржы Мың теңге 507,8 2412,6 1700

 

 

Қалған жылдар бойынша бізге қажет көрсеткіштер жүйеті түрде көрсетілмеген. Мысалы, 2002 және 2004 жылдар бойынша екі-екіден ғана көрсеткіштер таптық. Олар бір жылда өткізілген семинарлар саны .. жалпы ақпарат арқылы хабар таратуға ғана байланысты көрсеткіштер. Енді бер көрсеткіштерге көңіл бөлейік. Мәдени-ағарту және оқытып-үйрету шаралары соңғы екі жылда жүйелі түрде Талғарда жүргізіле бастаған. Олардың кейбір түрлері өсе түскені де байқалады. Мысалы, оларға өткізілген экскурсиялар саны мен оған қатынасушылар жатқызуға болады.

Талғар филлиалының осы бағыттағы шаралары жүйелі түрде жүргізілуі және олардың көлемінің азаймауы қуанарлық жағдай. Бұл филлиалдың өсімдіктер мен аңдар әлеміне қорғау жұмыстары аталған мәдени-оқыту шараларымен шектелмейді.  Олардан басқа нақты түрде басқа да пайдалы істер жүргізіледі (17-кесте).

 

17-кесте. Талғар филлиалындағы кейбір пайдалы табиғат қорғау жұмыстарының орындау нәтижелері

Жұмыстар аты Бірлік өлшемі Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1 Жан-жануарлардың зиянкестерін құрту:

— қасқыр мен шакал

— тасталынған иттер

— қарға мен сауысқан

 

 

 

 

 

дана

 

дана

 

дана

 

 

 

 

 

5

 

23

 

 

 

 

 

2

 

27

 

 

 

 

 

7

 

65

 

82

2 Аңға тұз беру:

— көлемі

— сомасы

 

 

тонна

мың теңге

 

 

2,5

 

 

5250

47,2

3 Аң мен құсқа жем:

— көлемі

— сомасы

 

тонна

мың теңге

 

2,0

 

2800

40,0

4 Емен тұқымын жинау:

— көлемі

— сомасы

 

 

тонна

мың теңге

 

1800

12,6

5 Жемдік өсімдіктер отырғызу  

 

 

Осы пайдалы істер қатарына өсімдіктер мен аңдардың зиянкестерімен күрес, аңдарға тұз бен жем дайындау сияқты қызметтер жатады. Олар соңғы 2007 ж. 99,8 мың теңгеге жүргізілген. Бірақ Талғар филлиалындағы осы бағыттағы жұмыстардың кейбірін жүргізу әлі бастала қоймаған. Мысалы, аңдарға арналып орман ішінде әртүрлі өсімдіктер өсірілуі керек. Оларға картоп, топинамбур, жүгері секілді өсімдіктер жатады. Сондықтан, Талғар филлиалында алдағы уақытта осы аталған өсімдіктерді өсіруді қолға алып, оларға қажет қаражаттар алуға тырысу керек. Өйткені картоп та, топинамбур мен жүгері де аңдар мен құстардың жылдың қиын мезгілінде, табиғи жемнің азайған кезінде өте қажет азық болып табылады. Ал тағы аң мен құстардың жемімен азығы көбейсе, олардың саны да көбейтетіні бәрімізге белгілі. Кейде осы жұмыстардың нәтиделері аз болып, табиғат қорғау заңдары мен ережелері бұзылып жатады. Сондықтан енді Талғар филлиалында болған осындай оқиғаларға талдау жасауға кірісейік.

 

 

  • Талғар филиалында табиғат қорғау заңдары мен ережелерін бұзу жағдаиын талдау .

Барлық ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау бірегей заңдар мен оларды іске асыруға арналған ережелермен реттеледі. Осыған қарамай көп жағдайда олардың жиі бұзып тұратыны бар. Мысалы жергілікті тұрғындар рұқсатсыз ағаш кеседі, мал жаяды, шөп шабады. Тіпті рұқсатсыз аң атып, балық ұстайтын жағдайлар да жиі кездеседі (18-кесте).Талғар филиялы бойынша мәліметтерден олардың саны жыл сайын 12-ден (2005ж)  (2007ж) 35-ретке дейін орын алғанын байқауға болады. Басқаша айтқанда заң бұзушылық едәуір өсе түскен.Олардың ішінде орман ішіне мылтықпен кіріп, сақшылардан қауіптеніп, оларын тастай қашуы (10-рет),рұқсатсыз жеміс жинау (5-рет),мал жаю директері бар. Бұрыннан бері орман ішінде заңсыз аң ату етек алған деп айтуғада болады .

Көрсетілген деректер осы заңдар мен ережелерді бұзған тұрғындарға айыпқұл төлеуге мәжбір еткен (19-кестеде)Талғар филиялы бойынша ондай айыпқұл дар алты жыл ішінде 8,4-мың теңгеден (2002ж) 92,9-мың теңге (2007ж)яғни 11-есе өскен .2007-ж тәртіп бұзуға салынған айыпқұлдың дені заңсыз ағаш кесуге , мал жаюға, жеміс жинауға, аң атуға байланысты.

Өкінішке қарай айыптұл төлеудің құрамы тек 2007-ж бойынша ғана жылдық есепте көрсетілген.Қалған бес жылдағы заң бұзушылықтардың түрлеріне байланысты төлемдер жылдық есепте келтірілмеген.Тек олардың жиынтық сомаларынғана әрең іздеп таптық .

 

 

 

 

2.3 Талғар филиялында орманды қосалқы пайдалану жағдайы

 

Орманды қосалқы пайдалануды көбіне жергілікті тұрғындар жүргізеді .Олардың көбі тәртіп сақтап , бекітілген заңдармен ережелер бойынша  Талғар  филиялының бастыларынан рұқсат алып, өздеріне қажет кезінде шөп шабады , мал жаяды орман ішінде омарта орналастырады , бақша салады, тағы сол сияқты пайда көреді .

Бірақ орманды қосалқы пайдалану Талғар филиялында өте көп емес (20-кесте). Мысалы 6-жыл бойында шөп шабуға шабындық беру 1-18 гектар аралығында, мал жаюға 220-538 гектар омарта орындауға 0,6-1,6- гектар ,жабайы жемістермен саңырауқұлақ теруге 10-га ғана жер бөлініп отырған .Ал бөлінген жерлерді пайдалануыда өте көлемді болған.2007-ж мәлметтер бойынша Талғар филиялы жерінде барлығы 173 бас мал жайылған және 247 аралар ұйясы орнатылған. Осы жылы салынған бақша көлемі 0,93 гектардан аспайды , шөп тек 1гектар ғана жерден дайндалған (21-кестеде). Олардан түскен қаржы қотырбұлақ және көк бастау орманшылықтарында көбірек (26,15 және 26,60 мың тенге)болған Оларға қарағанда Талғар орманшылығында аз түскен (11,20мың тенге)Бұл мәліметтер Талғар филиялының аталған үш орманшылығы бойынша 22-кестеде толық көрсетілген . Бұл филиялдың орманды қосалқы пайдаланудан түсірген қаржылай пайдасының біз 4-жылға қатыстысын ғана жинай алдық