Бухгалтерлік есептің принциптері
Жоспар
Кіріспе
1-Бөлім. Бухгалтерлік есептің принциптері
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні және тәсілдері
1.2. Бухгалтерлік баланс, оның формасы мен мазмұны.
2-Бөлім Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және сыртқы пайдаланушыларына толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы ғана басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады.
Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндетті шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін емес.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсының бағдарламасы студенттердің бухгалтерлік есеп негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қолдана білуді оқыту мақсатында жасалған.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы-жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің негізін таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты-бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есептің қашан және қалай пайда болғандығы, оның даму тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды көздейді. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық есептің бастамасы болып табылады. Бұл курсты оқыту барысында қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі.
Бұл бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы экономика салаларында маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде бухгалтерлік есептің теориясына қатысты барлық сұрақтар, ал екінші бөлімінде бухгалтерлік есеп объектілерінің кейбір сұрақтары қарастырылады.
1-Бөлім. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады;
- қамтамасыз ету.
- өндірістік.
- өткізу.
Қамтамасыз ету- кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады.
Өндірістік- өнім дайындағанда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есептің объектілеріне болып табылады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
Өткізу- бұл кезде өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсеткен қызметі үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, пайда болу көздері мен мақсаттары бойынша былай жіктеледі:
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу
Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес салдағы құралдар былайша бөлінеді:
Негізгі құралдар-бұлар өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын жоғалтпай, өндіріс барысына бір жылдан астам уақыт қатысады. өндіріс барысында олар бірте бірте тозады, одан кейін күрделі жөндейді немес ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан НҚ құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте тозу (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер-бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы қолдануға немес тауарларды өткізуге арналған, заттай мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, ноу-хау (производственная новая технология, жаңа технологиялық өндірулер) құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендетілуі есептелінеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар- субъектінің басқа субъектілердің жарғылық капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немес процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы- қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады. Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады. Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары деп аталады. (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар).
Дебиторлық борыш- субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді (қысқа мерзімді-1 жылға дейін, ұзақ мерзімді 1 жылдан астам уақыт). Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу.
Осы кестеде көрсетілген мәліметтерде, қаражаттың мынадай бөліктерге бөлінгені көрсетілген:
Меншікті капитал-бұл кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт пайдаланатын (жарғылық капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс).
Жарғылық капитал- құрылтайшылардың шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немес азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал-бұл пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығында жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) –барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қайтарылуға тиісті.
1.1. Бухгалтерлік есеп тәсілі.
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп-әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп тәсілінің мынадай сегіз элементтері бар:
- Құжаттама
- түгендеу
- бағалау
- калькуляция
- шоттар
- қосарлы жазба
- баланс
- есеп беру
Құжаттама –шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Құжат –бұл белгіленген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
Түгендеу— мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты- құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
Бағалау— белгілі бір уақыт ішіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған еңбекке жұмысалған шығындардың іс жүзіндегі бейнелеуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық-материалдық қорларды өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі. Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымды есепте және баланста мынадай бағалармен бейнеленеді:
-негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;
-материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
— дайын өнім- нақты өзіндік құны бойынша;
-әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
Калькуляция- өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
Шоттар- қаржы жағдай, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады-бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
Қосарлы жазба- шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
Баланс- белгілі бір кездегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру әдісі. Бұл-субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
Есеп беру- кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Баланста, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.
2-Бөлім. Бухгалтерлік баланс
2.1. Кәсіпорынның балансы, оның формасы мен мазмұны.
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қоытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс- бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын элементтерінің бірі. Біріншісі «Актив» деп, ал екіншісі –«меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады. Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімде қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты белгілеуі көрсетіледі.
Актив | МКМ |
I. Ұзақ мерзімді активтер
1. материалдық емес активтер 2. негізгі құралдар 3. ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 4. инвестициялар II. ағымдағы активтер 1. тауарлық –материалдық қорлар (материалдар, дайын өнім, туарлар) 2. ақшалай қаражат (касса, есепшот, валюталық шот) 3. дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептесу) 4. қаржылық инвестициялар 5. келешек кезең шығындары |
I. меншікті капитал
1. жарғы капиталы 2. резервтік капитал 3. қосымша төленген капитал 4. қосымша төленбеген капитал 5. төленбеген табыс (жабылмаған шығын) II. ұзақ мерзімдік міндеттемелер 1. ұзақ мерзімді қарыздар 2. ұзақ мерзімді кредиторлық берешек. 3. салықтар III. Ағымдық міндеттемелер 1. қысқа мерзімдік қарыздар 2. бюджетпен есептесулер 3. алынған аванстар 4. жалақы бойынша есептесулер 5. жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер |
МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады. Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал-ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады.
Баланс 5 бөліктен тұрады:
- Ұзақ мерзімді активтер МЕА, НҚ
- ағымдағы активтер (1 жылдан кем)
- меншікті капитал
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан астам)
- Қысқа мерзімді міндеттемелер (1 жылдан кем)
2.2. Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық ресурстары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз. Шаруашылық қызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б нәтижелерін күнделікті білу қажет. Шоттардың көмегімен есептің бір текті обьектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. Әрбір жекелеген шотта есепке алынған обьектінің бастапқы жағдайы, кейіннен оның өзгеруі (шаруашылық операциясы туғызған мен азайту) тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті құлалдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға мүмкіндік береді.
Шоттар баланыспен байланысты. Активтің немесе МКМ-нің әрбір бабына сол атаудағы тиісті шот ашылады.
Бухгалтерлік есептің шоттары баланыстық және операциялық болып бөлінеді.Операциялықтар қаражат айналымының кейбір фазаларына байланысты жекелеген немесе біртекті шаруашылық процестерін есепке алады.
Өзгерістерді (қаражаттың ұлғаюы немесе азаюы) бейнелеп көрсету үшін шот екі бөлікке бөлінеді.
Дебет шот атауы Кредит
Бухгалтерлік есептің барлық шоттары активтік және МКМ(пассивтік)болып бөлінеді.
Айдың басында шоттар алдағы айдың балансы негізінде ашылады. Шот ашу- қалдықты(сальдоны) ай басына жазу деген сөз. Активті шоттарда сальдо дебет бойынша, ал пассивте- кредит бойынша жазылады.
Шоттарда ағымдағы ай ішінде жазылатын сома айналымдық деп аталады. Дебеттік бөлімде жазылатын сома дебеттік айналымдар, ал кредиттегі- кредиттік деп аталады.
Ай соңындағы қалдық былайша есептелінеді:
- активті шоттар Ст =Сб (Д-т)+ Айн (Д-т)-Айн (К-т).
- пассивтік шоттар Ст =Сб (К-т)+ Айн (К-т)-Айн (Д-т)
Активті шоттардағы қалдық – дебеттік, пассивтегілер- кредиттік.
Активті шоттардың ұлғаюы дебет бойынша, ал азаюы- кредит бойынша
Пассивті шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, ал азаюы- дебет бойынша жазылады.
Шоттардағы екі жақты жазба
Шаруашылық операцияларды бейнелеп көрсету тәсілі ретінде екі жақты жазба өндірісте болатын барлық шаруашылық процестерін есептеу үшін қолданылады. Екі жақты жазба ақшалай бағасы бар шаруашылық операциялар бухгалтерлік есебі шотында бейнелеп көрсету тәсілін білдіреді, олар шаруашылық құралдарында, олардың шығу көздерінде және шаруашылық-құқықтық қатынастарда өзара байланысқан өзгерістер туғызады. Шоттар арасындағы байланыс шоттар корреспонденциясы, ал өзара шаруашылық операциялармен байланысқан шоттар – корреспонденттелетін деп аталады.
Шоттарға енгізілерден бұрын операциялар есептік формалар(проводкалар)жасалады, олар жазбалар қандай шотта жүргезілгенін көрсетеді. Дебеттелетін, кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операцияларының сомасын көрсету бухгалтерлік проводка деп аталады, олар құжаттар негізінде жасалады. Корреспонденттелетін шоттарға байланысты күрделі және жай бухгалтерлік проводкалар болады. Бір дебеттелетін және бір кредиттелінетін, керісінше, бірнеше дебеттелетін және бір кредиттелінетін шоттардан тұратын күрделі проводка деп аталады.
Мысалы: жай өткізгіш проводкалар:
Жабдықтаушыға есеп шоттан тауарлық –материалдық қорлармен жабдықтаған соң аванс сомасы аударылады:
1610 «Тауарлық –материалдық қорлармен жабдықталған соң берілген аванстар»шот дебеті
1040 «Ағымдық шоттағы ақша»шот кредиті 63000
күрделі өткізгіш проводкалар:
кәсіпорын кассасынан берілді:
а) іссапарлық шығындарға қолма- қол ақша
1251 «есеп беретін адамдар мен есеп айырысулар» шот дебеті 7000
ә)қызметкерлерге жалақы:
3350 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар »шот дебеті 45000
б) кассадан берілген жиынттық сома:
1010»кассадағы қолма- қол ұлттық валюта» шот кредиті 115000
- бөлім Бухгалтерлік есептің принциптері
2.6.3 Синтетикалық және аналитикалық шоттар
Бухесепте шоттардың екі: синтетикалық және аналитикалық түрлері егжей- тегжей тәптіштелу, жинақталып қорытылу дәрежесі әр түрлі ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қолданылады.
Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі.
Аналитикалық шоттар есептің тиісті обьектілеріне түгел, толық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана ақшалай емес, заттай түрде де жүргізіледі Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады.
Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы соиасына тиісінше тәң болуға тиіс.
Мысалы, «Қызметкерлердің және басқа адамдардың берешегі»333 шоты синтетикалық шот болып табылады, оған қызметкерлердің аты- жөні бойынша аналитикалық шот- Иванов және т.б.
Іс жүзінде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа ішкі шоттар (субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық буын қолданылады, олардың көмегімен осы синтетикалық шот ішіндегі жекелеген обьектілер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.
Шоттарды жіктеу
Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын шоттар оларда есепке алынатын объектілердің экономикалық мәні жағынан, міндеті, құрылымдық ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу, топтастыру талап етіледі, бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарына тән ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.
Шоттарды екі белгісі бойынша былай жіктейді:
- Экономикалық мәні жағынан;
- міндеті мен құрылым жағынан.
Экономикалық мәні жағынан жіктеу дегеніміз— сол немесе басқадай шоттарда не есепке алынатынын анықтауға, нәтижесінде, есеп объектілері туралы жүйелі экономикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Міндеті мен құрылымы жағынан жіктеу- назардағы объекті туралы сондай немесе басқадай экономикалық көрсеткіштерді алу үшін қандай шоттар қолданылуға тиісті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі жіктеу де өзара тығыз байланысты және өзара шарттасылған. Шоттарды құру, оның құрылымы айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын анықтайды. Шоттарды құру тек экономикалық мәні жағынан емес, оның міндетіне де байланысты. Кейбір шоттар материалдық құндылықтарды қозғалысы мен жағдайын көрсету үшін, басқалары-өнім өндіруге жұмсалатын шығынды есептеу үшін, үшіншілері-кірістерді анықтау үшін қолданылады.
Негізгі шоттар шаруашылық құралдарының бар- жоқтығы мен қозғалысын, олардың пайда болу көздерін бақылау үшін қолданылады, өйткені оларға есептелетін обьектілер шаруашылық іс- әрекеттің негізі болып есептеледі. Олар шағын топтарға бөлінеді:
Мүліктік.Материалдық құндылықтардың өсуін, жұмсалғанын және қалдығын бақылауға арналған. Бұл қаражаттың түсуі дебет бойынша, шығуы- кредит бойынша көрсетіледі, шот- активті, қалдық- дебеттік. Аналитикалық шот ақшалай және заттай түрде жүргізіледі.
Ақшалай. Банкте, кассада әртүрлі валютамен сақтаулы ақшалай қаражаттың бар- жоқтығын, түсуін бақылауға арналған. Шоттар активті, дебет түсуді, кредит жұмсалуын көрсетеді, қалдық дебеттік.
Инвестициялар акцияларға, басқа субьектілердің жарғы капиталына салынған инвестициялар, сондай- ақ қаржылық инвестициялар.Шот құрылымы бойынша активті.
Меншікті капитал. Шоттар субьектінің меншікті қаражат көздерінің пайда болуы мен пайдалануын есептеу үшін қолданылады, құрылымы бойынша МКМ- ға (пассивтік ) жатады. Кредит бойынша шығу көздерінің ұлғаюы, дебет бойынша- ол қаражат көздерінің шығуын бейнелейді. Кредиттік сальдо кәсіпорында қорлардың бар- жоғын көрсетеді.
Есеп шоттар кәсіпорынның дебиторларымен және кредиторларымен есептесулерді есепке алу үшін қызмет етеді. Есептесулердің әр түрлі сипаты бұл шоттардың сан алуан құрылуын және олардың көмегімен әртүрлі көрсеткіштер алуға себепші болады.
Реттеуші шоттар. Бұлардың көмегімен ағымдағы есепте шаруашылық құралдарының бағасы түзетіледі. Субьектінің шаруашылық құралдары олардың өндірісі мен сатып алынуына нақтылай жұмсалған шығын негізінде бағаланады. Реттеуші шоттар құралдардың қайсыбір түрін бағалауды дәл анықтайды немесе реттейді. Осы мақсатпен ағымдағы есепке алудағы негізгі шоттардан басқа олармен байланысқан реттеуші шот жүргізіледі. Есепке алынатын обьектінің нақты мөлшерін табу үшін реттелетін шоттың
сомасы негізгі шот сомасынан алынып есептеледі. Негізгі қаражатпен материалдық емес активтер оларды алған немесе іске қосылған сәттен бастап және жұмсалып кетуіне дейін бастапқы бағасы бойынша есептеледі.Жеке шотта дербес олардың сол сәттегі тозу сомасы көрсетіледі. Бастапқы құнды тозу сомасымен салыстырып, яғни тозуды есептегенде, негізгі құралдардың нақты(қалдықты) құнын шығарып аламыз.
Процестер мен нәтижелердің шоттары төменде көрсетілгендей бөлінеді:
жинақтау – бөлу шоттары. Төлем немесе аудару сәтінде тиісті обьектілерге тікелей жатқызылмайтын шығындармен кірістерді жинау үшін қызмет етеді, бұлар- (930) «қосымша шығын»(шаруашылық ұйымдастыру жұмысына арналған),(34)»алдағы кезең шығыны »- активті шоттар және (611)»алдағы кезең кірісі»- пассивтік.
Калькуляциялық шоттар. өнім өндірісімен , орындалған жұмыспен, өнімнің, жұмыс материалдарының өзіндік құнын есепке алу ушін арналған .
Кіріс шоттары – негізгі және негізгі емес іс- әрекеттен түскен кіріс. Пассивтік, кредит бойынша шоттар кіріс есептеуді (алуды) көрсетеді, жыл соңында олар қорытынды кірісті ұлғайту үшін есептен шығарылады.
Транзиттік шоттар ( бір күндік) бір элементті шығындарды есепке алу үшін қолданылады. Ай соңында калькуляциялық шоттар есебіне қосылады. Калькуляциялық шоттар сияқты бұл шоттарда қалдық болмайды, ай соңында 21 бөліктен басқасы жабылады(ай соңында бітпеген өндіріс қалдығы көрсетіледі.)
Шығын шоттары. Құрылымы бойынша активті, дебет бойынша шығын өскенін көрсетеді, жыл соңында барлық шығын жиынттық кірісті азайтуға арналып есептен шығарылады(571)
Қаржы – нәтижелік. «операциялық – нәтижелік шот» (571)- қорытынды кіріс. Дебет бойынша субьектінің шығыны, ал кредит бойынша- кірістер көрсетіледі.кредиттік қалдық кірісті, дебеттік шығынды көрсетеді. Бұл шотта сальдо болмайды, өйткені есепті кезең соңында алынған айырма «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)»561 шотына есептен шығарылады. 561- кәсіпорынның салық салынғаннан кейінгі(корпаративті табыс салығы 30%) өкімінде көрсетілетін таза табыс.
Тысқары шоттар осы кәсіпорынға тиеслі емес жауапты сақтауда немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді. Бұларды кәсіпорынға тиеслі құралмен бірге есептеуге болмайды. Тысқары шоттарға қатысты барлық операциялар екі жақты жазбамен емес, бір жақты, тек дебетпен немесе кредиттен ғана көрсетіледі.
- 3-Бөлім. Шоттардың үлгі жоспары
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары дегеніміз — ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті, экономикалық негізделген шоттардың жүйеленген тізілімі. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі нұсқаулық 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілген.
Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарын шетелдік инвесторлар қатысатын ұйымдардағы және шетелдік ұйымдарға толықтай тиесілі ұйымдарды қоса алғанда, бухгалтерлік есепті екіжақты жүйемен жүргізетін ұйымдар, бірлестіктер және халық шаруашылығының ұйымдары (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) пайдаланады.
Шоттардың Бас жоспарын қолдану жөніндегі нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын қолдануға және шаруашылық қызметтің біртектес фактілерін бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуге бірыңғай қадамды белгілейді.
Шоттардың Бас жоспары бойынша оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп тәуелділігіне, меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлық шаруашылық салаларының, қызмет түрлерінің ұйымдарда (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) ұйымдастырылуы тиіс.
Бухгалтерлік есептің шоттары мынадай бөлімдерден тұрады:
- Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылу тәртібі. Шоттардың типтік жоспарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың негізгі принциптері көрсетілген. Жинақтама шоттарға қысқаша сипаттама беріледі, олардың құрылымы мен мақсаты ашып көрсетілген неғұрлым кең таралған шаруашылық және қаржы операцияларының есебін жүргізу тәртібі келтіріліп, шоттардың бухгалтерлік есептегі басқа шоттармен корреспонденциясы берілген. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын өзгертуге себеп болған, біздегі бухгалтерлік есептің жүйесінің халықаралық стандарттарға көшуіміздің салдары деп түсінуге болады.
- Қосарлы жазба-деп шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісін айтамыз. Біз бұдан бұрын айтқанымыздай әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет (екі жақты жазу әдісімен): бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немес бухгалтерлік жазба деп, ал шоттар корреспонденцияланатын деп аталынады. Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана қатысады. Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен корреспонденцияланатын жазу қарапайым деп аталынады. Мысалы, жеткізушіден 30 000 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік «Шикізат пен материалдар» шотындағы сомалар артады, сондықтан «Шикізат пен материалдар» шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынадай түрге ие болады: «Шикізат пен материалдар» шотының дебеті, «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті- 30 000 теңге. Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен корреспонденцияланатын, бір шоттың кредиті екі немес одан да көп шоттардың дебетімен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазба күрделі жазу деп аталады. Мысалы, 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі өндірістің жұмысшыларына -30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына – 20 000 теңге берілді. Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:
Дт «Негізгі өндіріс» шоты-30 000 теңге.
«Көмекші өндіріс» шоты- 20 000 теңге.
Кт «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты- 50 000 теңге. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі хронологиялық деп аталады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі. Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес (№1 журнал-ордер, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақша» шоты бойынша №1 ведомость, №2 журнал-ордер, «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар» шоты бойынша №2 ведомость). Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер ұйымдарға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдалнылды ма немес жеткізушілерге берешек қалыптастыма ?
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні-ол бір шоттың дебеі бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны, дебеттелетін шот, кредиттелетін шот.
Қосарлы жазудың мәні ұйымдардың балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві). Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең. Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі ұйымдардың мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.
Шоттардың үлгі жоспары- бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құруды белгілейтін және барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерге міндетті болып келетін бухгалтерлік шоттардың жүйелендірілген тізбесі. Оның негізінде шоттарды экономикалық мәні бойынша жіктеу жатыр. Шоттарды белгілі бір топтарға экономикалық жағынан біртектілігі бойынша бөлу оперативті басқару мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін өндіріс барысы туралы көрсеткіштерді алуды қамтамасыз етеді. Шот есеп жоспары субьектінің сан алуан шаруашылық іс- әрекетін жан – жақты, толығымен қамтуға және жүйелендіруге мүмкіндік береді. Біртекті шаруашылық қаражат – құралдарын және операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында біркелкі бейнелеу үшін тек шоттардың үлгі жоспары ғана емес, шоттардың экономикалық мәні мен олардың арасындағы типтік корреспонденцияларды анықтау үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқау да қажет. Шоттар бойынша жазбалардың айқын сызбасы(схемасы) құрылмайынша, бір шаруашылық операциялары әр түрлі көрсетілуі мүмкін. Шот есеп жоспары 8 бөлімнен тұрады. 1- ден 8 бөлімге дейін- қаржылық есеп шоттары, 8- өндірістік есеп шоты. Бөлімдер бөлікке бөлінеді, ал бөліктер шоттарды экономикалық мәні жағынан біртекті топтарға біріктіреді. Шот жоспарымен жұмысты жеңілдету үшін әрбір бөлікке және шоттарына оның атауын ауыстыра алатын нөмері (код) беріледі. Шоттардың үлгі жоспарында аналитикалық шоттар қарастырылмаған. Әрбір субьект есеп саясатында субьект басшысы бекіткен шоттардың жұмыс жоспарында ішкі шоттар (субшоттар ) ашуға құқылы.
3.2.Бухгалтерлік есеп формалары.
- Мемориалдық — ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақталушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу – тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады.Ай біткен соң синтитикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап етеді, өйткені бір жазба әлденше рет қайта –қайта ( мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде)жазылады. Аналитикалық есеп тым көп, әрі синтетикалық есептен бөлек жүргізіледі, шаруашылық іс- әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажетті көрсеткіштерді жинау өте қиын.
- Есептің журнал – ордерлік формасы. Негізгі ерешеліктері:
шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық – позициялау тәсіліммен жүргізілетін және жол –жол сызудың шахматтық формасы бар журнал – ордерлер қолданылады;
бір қатар журнал – ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады.
Жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіреді;
Бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіштер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;
Журнал – ордерлерді және бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.
Есеп регистрлері
Ағымдағы есептік жазбалар жүргізілетін, арнайы түрде жолма –жол сызықтар салынатын парақтар есеп регистерлері деп түсіндіріледі. Бұл есеп жұмыстарының екінші кезеңі. Оларда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы, шығу көздері туралы мәліметтер топтастырылып, жүйеленеді. Есеп регистерлерінің мәліметтері бойынша есептемелер жасалынады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде сыртқы түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі есеп регистерлері қолданылады.бос парақтар (журнал- ордерлер, ведомостер), карточкалар (карточкада сақталады) және кітаптар (кассалық, депозитке салынған жалақы және т.б.) пайдаланылады. Есеп регистерлерінің қайсысын таңдау ұйымының есеп саясатында алдын –ала ескертіледі. Мазмұны мен міндеті жағынан есеп регистерлері мынадай болып бөлінеді:
Синтетикалық есеп
Аналитикалық есеп
Синтетикалық және аналитикалық есепті үйлестіретін есеп регистрлері
Синтетикалық есеп регистрлерін түзеуге есеп кестелерін жолма – жол сызудың шахматтық түрі негіз болып салынған. Мұндайда аналитикалық есеп жүргізілетін регистрлердің құрылымы мен мазмұны аналитикалық есеп обьектілеріне, есеп міндеттеріне, субьектінің шаруашылық іс- әрекетін оперативті бақылау мен басқаруға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Материалдық құндылықтарды қадағалау үшін кәсіпорында заттай және ақшалай көрсетілетін әр түр жөніндегі күн сайынғы түсу мен жұмсалу туралы дәл мәліметтер болу қажет. Жабдықтаушылармен өзара есептесу операциялары бойынша әрбір жекелеген жабдықтаушы немесе одан алынған материалдар партиясының әрбіріне есеп айырысулардың жағдайы жайлы нақты мәліметтер болуы тиіс. Сондықтан тауарлы – материалдық қорлардың аналитикалық есебі регистрлері жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша аналитикалық есеп регистрлерінен айырықшаланады.
Ағымдағы активтерді анықтау мен оларды жіктеу.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес активтер жатады, бұлар-мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Активке айнлағна болашақ экономикалық пайда –субъектінің ақшалай қаражат түсіміне тікелей немесе жанама, болуы ықтимал салым.
Болашақ экономикалық пайда егер актив:
- ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен қосылып немесе жеке қолданылса;
- басқа активтерге айырбасталынса;
- міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылса;
- ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.
«Қаржылық есеп беруді ұсыну» 30 бухгалтерлік есеп стандарттарында активтер былайша жіктеледі:
- Ұзақ мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады:
— материалдық емес активтер (лицензиялық келісімдер, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес актвитер);
— негізгі құралдар (жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдық, көлік құралдары, басқа да негізгі құралдар);
— ұзақ мерзімдік инвестициялар (еншілістерге, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар);
— ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек (алуға арнлағна шоттар, алынған вексельдер, негізгі серіктестіктер мен оның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек, акционерлік қоғам лауащымды тұлғаларының дебиторлық берешегі, басқадай дебиторлық берешек);
-алдағы кезең шығындары.
- Қысқа мерзімдік (ағымдағы). Оларды қолдану мерзімі-бір жылдан кем. Бұлар:
-қайта өңдеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;
-жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны;
-ақшалай қаражат;
-егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;
-есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған шоттар;алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдарының дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық берешек).
Есепте кассалық операцияларды жүргізуі мен көрсетуі тәртібі
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 4 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп»7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма- қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса – бұл қолма-қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған бөлме. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. »
Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болоды. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шықаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізуі тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттерді мен жауапкершіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезенде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады. Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма- қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма- қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма- қол қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) (ф.№ КО-1) (5.1 сызба) ресімдейді.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдеген де, ақпаратты компьютерде өңдеген де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәләндырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассады қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар (сызбада) шығыстық кассалық ордермен (ШКО) № КО -2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискалды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қолмен өңдеуде, ақпаратты компьютерде өңдегенде қолданылады. Бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ШКО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызылмен жасыл түстен басқасымен) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек. ККО және ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО –лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
- құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар –жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
- құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
- құжаттарда аталған тіркемелердің бар –жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир бір жылға ашылатын (№ КО -4 ф.) (сызба) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы (прошнуровано) тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен (печать) мөрленіп, бас бухгалтермен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы екі дана болып жүргізіледі. ККО, ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО, ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес кассылқ операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде бір рет жасалады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына шығындық кассалық ордер жазылады. Егер қолма-қол ақша сомасы кірістік кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.
Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 1010 «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша», 1020 «Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта» шоттары кіретін 1020 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлігінде жүргізіледі.
1010,1020 шоттардағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер (кассалық кітаптың екінші данасының жыртылған парақтары) негіз болып табылады.
Субъектілер заңдар рұқсат еткен жағдайларда шетелдік валютамен кассалық операциялар жасауға рұқсат беріледі. Шетелдік қолма-қол валюта есебі «Шетелдік валюта операциялар есебі» 9 БЕС-ға сәйкес 1020 шотта өтеді. Валютаның әр түрі бойынша атқарылған операциялар шетелдік валютамен көрсетілетін жеке кассалық кітап жүргізу қажеттігін қаперде ұстаған жөн. Шетелдік валютаға қатысты бағамдық айырмалар теңге бағамы төмендеуге байланысты (Д1020 К6250), теңге бағамы өскен (Д7430 К1020) жағдайда көрсетіледі.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесептегі жазбалар операция атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Валюталық қаражат түсуі бойынша операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебет | Кредит |
1. | Банктегі валюта шотынан кассаға түскен қолма-қол шетелдік валюта | 1020 | 1050 |
2. | Өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардан, тапсырыс берушілерден кассаға түскен қолма-қол ақша | 1020 | 1210 |
3. | Есеп берілетін валюталық соманың жұмсалмай кассаға қайтарылуы | 1020 | 1251 |
Валюталық қаражатты жұмсау бойынша операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебет | Кредит |
1. | Есеп берілетін валюталық қаражаттың кассадан берілуі | 1251 | 1020 |
2. | Шетелдік валютамен валюталық шотқа тапсырылған ақшалай қаражат | 1050 | 1020 |
3. | Бағамдық айырма:
А) жағымды Б) жағымсыз |
1020 7430 |
6250 1020 |
Кассадағы ақшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық есептердің корреспонденттелетін шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет кассир есептерінің негізінде № 1 журнал-ордерге (шығыс) және №1 тізімдемеге (кіріс) жазылады.
Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі.
Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 2 маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.
Ағымдық және жинақ шоттары- жеке және заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің) банктік шоттары.
Корреспонденттік шоттар- банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады. Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК-азаматтық кодекс 747 бап) басқада қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
- ҚР-ның заңды тұлғалары-резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
- қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырылған, екі дана мөр бедерлемесі (5.5-сызбасы);
- клиенттің салықтық есепке (СТТН (салық төлеушінің тіркеу номері) -РНН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
- мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшіомесі;
- фирмалар мен өкілдіктер үшін-ҚР –сы заңды тұлға-резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
- жарғының (жекелеген бөлімшелер үшін-Ережелер) нотариалды куәландырылған көшірмесі , не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат.
- банк белгілеген үлгідегі өтініш.
Негізгі құралдар есебі.
- Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар: 1) еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар)
- еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды-еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емесе, солардың өндіріс процесінде атқаратын ролімен анықталады. Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар т.б. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Жалпы айтқанда негізгі құрал дегеніміз-ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада болсын еңбек құралы ретінде қызмет ететін материалдық активтер. Негізгі құралдар есебі 1996 жылғы 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген №6 БЕС-на (Бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
- НҚ-дың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
- НҚ-дың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
- НҚ-ға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды (қазіргі талапқа сай) жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
- Моральды және физмкалық тұрғыдан ескірген НҚ-ды жедел айқындау.
- НҚ-дар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай НҚ-дар былайша бөлінеді:
Өндірістік— бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар т.б. кіреді.
Өндірістік емес- бұл тұтыну мақсатындағы НҚ-дар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, денсаулық сақтау, спорт).
- Негізгі құралдар №6 БЕС-ы қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына сәйкес мынадай топтар бойынша жіктеледі:
- Жер-субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
- Үйлер-еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрғын үй түгендеу объектісі болып саналады.
- Ғимараттар-еңбекке керек жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
- Машиналар мен жабдықтар-әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырмен мүліктік объектік болып табылады. НҚ-дың бұл тобы 5 топтан тұрады:
▪ Күш беретін машиналар мен жабдықтар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әртүрлі электр двигательдері т.б.
▪ Жұмысшы машиналар мен жабдықтар-бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, және химиялық әсер етуге арналған машиналар, және жабдықтар (электрлі моторлар, эксковаторлар, насостар);
▪ Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары-бөл өндіріс процесін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (амперметрлер, микроскоптар, водомерлер, манометрлер).
▪Есептеу техникасы-процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары);
▪ басқа да машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары).
- Табыстау қондырғылары-электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, труба құбыры) қондырғылары.
- Көлік құралдары-адамдарды, жүктерді тасуға арналған (темір жол, автомобиль көлігі, су, әуе жолы, арба көлігі) тасымал құралдары
- Басқа да НҚ-дар:
▪ аспап-қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл, ағаш және т.б. өңдеуге арналған керек жарақтар;
▪ өндіріс мүлкі мен олардың керек-жарақтары-өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар-жұмыс үстелдері, шкафтар;
▪ шаруашылық мүлкі-кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар, кілемдер);
▪ басқа да НҚ-дар- кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары.
- Бітпеген құрылыс- бұлар үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
▪ тоқтатылып қойылады – уақытша қолданылмайды;
▪ қоймада тұрады (қорда)- жөнделген, апат жағдайында қолданыстағы НҚ-дарды ауыстыру үшін қор құрайды;
▪ жалға берілген немесе алынған- басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген НҚ.
Материалдық активтерді НҚ-дар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. №6 «НҚ-дар есебі» БЕС-ры на сәйкес НҚ-дар мыналар бойынша бағаланады:
▪ бастапқы құн немесе өзіндік құнмен- активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
▪ ағымдағы құнмен (әділ бағаның) –мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
▪ жойылу құны-шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
▪ амортизациялық құнмен-жойылу құнын алып тастағандығы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
▪ баланстық құнмен-жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал-активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады. Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар
3.Субъектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып-сату мақсатымен алынған негізгі қорлар тауарлық-материалдық қорлар құрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.
Қорытынды
Бүгінгі таңдағы нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың алуан түрлі қызметпен айналысуы, алуан түрлі меншік формасында болуы, өзара есеп айырысу операцияларының күрделене түсуі бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесінің алдына жаңа талаптар қоюда. Есеп жүргізушілер тарапынан асқан біліктілікті, шеберлікті талап етуде, себебі жіберілген қате бүкіл ұйымның ары қарай қызмет атқаруы қажеттігін жояды. Есеп объектілерінің күрделенуі, жетілдірілуі де мұқияттылықты талап етеді.
Ұйымның капиталы қалай орналастырылған, ағымдағы активтерге қандай мөлшерде қаражат салынған деген сұрақтар өте маңызды, себебі олардың мөлшері, дұрыс сақталуы, тиімді пайдаланылуы ұйымның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Ағымдағы активтер кәсіпорынның өтімділігі ең жоғарғы активтері болып табылады, бұл активтердің қатысуымен көптеген коэффициенттер анықтауға болады, сол коэффициенттер сыртқы кредиторлар мен инвесторлардың осы компания үлесіне қатысты шешім қабылдауына бірден-бір себеп болады.
Ақша қаражаттары өтімділігі ең жоғары қаражаттар ретінде ұйымдардың төлем құралы ретінде, барлық капиталының құнының көрсеткіші ретінде пайдаланылады. Сол себепті ақша қаражаттарының қозғалысын қатаң есепке алу, толықтығын қамтамасыз ету, дұрыс сақталуын ұйымдастыру, өз уақытында есепте көрсетілуі сияқты сұрақтар негізгі мәселелер болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы барысында орын алып отырған түбегейлі өзгерістер еліміздегі бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп беру жүйесін де өзгерістен тыс қалдырмақ емес.
Қазақстан Республикасының экономикасы әрекет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың көпшілігімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы шаруашылықты жүргізу талаптарына сәйкес кәсіпорындардың (ұйымдардың) күрделі экономикалық механизмін басқару – толық және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуші есеп жүйесінің жақсы уйымдастырылуын қажет етеді. Есеп жүйесінің мәліметтері тек кәсіпорынды және оның құрылымдық бөлімшелерін басқару, мемлекеттік қорытынды есеп тапсыру, ағымдағы жоспарлар мен экономикалық болжамдар жасау үшін ғана пайдаланылмайды, сонымен қатар, еліміздің экономикасының даму заңдылықтарын жалпылама түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың басшылығы мен еңбекшілер ұжымдарының басты қызығушылығын шикізаттар мен материалдарды үнемді және орынды жұмсау, өндірістік қалдықтарды азайту, ақауларға жол бермеу, өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру, оның сапасын жақсарту, өзіндік құнын азайту, қоршаған орта заңдылықтарын сақтау сынды мәселелері сипаттайды. Халық шаруашылығы салаларындағы әрбір кәсіпорынның (ұйымның) негізгі мақсаты өз қызметі барысында ең жоғарғы мөлшердегі пайдаға қол жеткізу болып табылыды. Қазіргі шаруашылықты жүргізу жағдайларында қажетті табыс көлемінсіз қызмет атқару мүмкін емес. Табыс көлемі кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік – шаруашылық қызметінің нәтижесіне баға беретін маңызды көрсеткіш.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінің табы түрінде қалыптасуына ықпал етуші шығындар ең алдымен кәсіпорында өндірілген өнімдерінің өзіндік құнын құрайды, болашақ өнімнің материалдық негізі болады және тек олардың өзіндік құнына кіріп, бағасын белгілеуге ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның жалпы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінің қалыптасуына да ықпал ететін басты элементтер болып саналады. Кәсіпкерлерден қазіргі қалыптасқан нарықтық қатынастар әрқашан өндірілетін өнім сапасын жақсартуды, өнімдердің өзара жоғары бәсеке талаптарына жауап беруін талап етеді. Ал өз тарапынан негізгі мақсаты жоғарғы дәрежедегі нәтижеге қол жеткізу үшін мейлінше аз шығын шығару. Міне осындай алғышарттар кәсіпкерлерге тауарлық-материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуын, үнемді де ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Оған қол жеткізудің бір жолы — тауарлық-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін тиімді ұйымдастыру.
Нарықтық-экономикалық қатынастардың дамуы барысында орын алып отырған түбегейлі өзгерістер еліміздегі бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жүйесіне көшуді жүзеге асыру жолында көтеген маңызды міндеттер мен мақсаттар айқындалуда. Бұл үшін ұлттық есеп жүйесінің қалыптастырылуы талап етілуде. Осы мақсатта, ең алдымен, есеп жүйесіндегі реттеуші нормативтік — құқықтық негіздерге өзгерістер енгізілуде.
Қазақстан Республикасының »Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жөніндегі² заңына енгізілген 2005 жылдың өзгерістері мен толықтыруларына сәйкес ұйымдардың қаржылық қорытынды есепті құрастыруы халықаралық қорытынды есеп стандарттары бойынша жүзеге асырылуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- 2002 жылғы 24 маусымдағы №329-II Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы.
- Бухгалтерлік есеп стандарттары (2004 жылға өзгерістермен және толықтырулармен). Алматы, 2004.
- Бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы Минисртлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 бұйрығымен бекітілген.
- Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №441 бұйрығымен бекітілген типтік шоттар жоспарын қолдану әдістемесі.
- Астахов В.П. «Бухгалтерский финансовый учет». Ростов на Дону: Март, 2002.
- Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета». М:,
- Гетьман, Терехова, Шнейдман и др. «Финансовый учет». М:, ФинСтат. 2002.
- Ержанов М.С., Ержанова С «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов». Алматы, Ержанов и К 2003.
- Качалин В.В. «Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP». М:, 2000.
- Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, Экономикс 2003.
- Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. «Қаржылық есеп». Алматы, 2001.
- Кеулімжаев Қ.К. «Шоттар корреспонденциясы». Алматы, БИКО 2000.
- Кирьянова З.В. «Теория бухгалтерского учета». М., 1995.
- Кутер М.И. «Теория и принципы бухгалтерского учета». М., 2000.
- Крятова Л.А., Эргашев Х.Х. «Бухгалтерский учет: основы и теории». М., Маркетинг 1998.
- Кузьминский А.Н. «Теория бухгалтерского учета». Киев, 1990.
- Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2002.
- Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы: Экономика, 2004.
- Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. «Принципы бухгалтерского учета». М., 1998.
- Ниткин В.М., Ниткина Д.А. «Теория бухгалтерского учета». М., Дело и сервис 1999.
- Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж.., Салменова А. «Финансовый учет на предприятии». Алматы, Экономика 2003.
- Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы. 2002.
- Ряжнова О.В. «Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности». М., 2002.
- Укашов Б.Е., Әжібаева З.Н. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1998.
- Салина А.П. Принципы бухгалтерского учета. Алматы, «Экономика» 2003.