Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері

0
59

Тақырыбы:  Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері

Мазмұны

Кіріспе———————————————————-3-5 б

І Бөлім.  Бухгалтерлік есеп және оның

атқаратын қызметтері

1.1.  Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік———6-7 б

1.2.  Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері–7-8 б

1.3.   Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары–8-18б

Бөлім 2.  Бухгалтерлік есеп мәліметтері және олардың атқаратын қызметі.

2.1.    Бухгалтерлік мәліметтерге жалпы түсінік—–19-21 б

1.3.   Бухгалтерлік мәліметтердің жіктелуі————21-22 б

1.4.   Мәліметтер айналымы——————————-22-29 б

Қорытынды—————————————————-30- б

Пайдаланылған әдебиеттер—————————31-

Кіріспе

Бухалтерлік  есеп  көптеген  жылдар  бойы басқа  ғылымдар  сияқты  дамып,  қоғамның   экономикалық-әлеуметтік  жағдайларына  сай  өзгерістерге  ұшырап  келе жатқан,  сондай- ақ  өмірде  өзінің  ерекшелігімен оқшауланатын   ғылым  болып  табылады.   Белгілі ғалым  Б. Де  Солозано  осы ғылым  туралы   «Бухгалтерлік  есеп барлық  ғылымдар  мен өнердің  ең алдында тұрады,  басқалары онсыз   өмір  сүре  алмаса, бухгалтерлік  есеп  үшін  олардың  ешқайсысы  қажет  емес»  деген болса оның әріптесі Р.А. Фаулки  есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы – деп атаған. Бұхгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бұхгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталыжәне өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығытуралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз – кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның  болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.

Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.

Кәсіпорындағы  бухгалтерлік есеп мынаны талап етеді.

  1. Дәлелділік. (точность)
  2. шыншылдық.

Өз уақытының яғни барлығы өз уақытымен болуы шарт.

Бухгалтерлік  есепті оқуда біз мынандай обьектілерді негізге аламыз.

  1. Негізгі және айналмалы капитал.
  2. Осы капиталдың шыққан көзі
  3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Курстық жұмысты жазудағы мақсат – бухгалтерлік мәліметтердің мәні мен маңызын зерттеу және жүргізілу тәртібін талдау болып табылады.  Бухгалтерлік жүйенің елдің экономиикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан  мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде бухгалтерлік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда бухгалтерлік есепті бақылау мен қадағалау

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, Шаруашылық – қаржылық қызметті және  оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.     Аудиттің пайда болуы ең алдымен кәсіпорынның басқаруымен тікелей айналысатындар (әкімшілік, менеджерлер)  мен оның қызмет етуін қаржыландыратын тұлғалардың (жеке меншік иелері, акционерлер, инвесторлар) мүдделерінің бөлініп кетуімен байланысты. Соңғылары кәсіпорынның басқарушылары мен оған бағынышты бухгалтерлері ұсынған қаржылық ақпараттарға сене алмады да сенгісі келмеді. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы,  әкімшіліктер жағынан алдаудың  едәуір жиі болуы қаржы салымдарының тәуекелінің ұлғаюына әкелді. Акционерлер әкімшілік ұсынған есеп беру кәсіпорынның қаржы жағдайын анық көрсететіндігіне, оларды алдамағандығына сенімді болғысы келеді. Қаржы жөніндегі ақпараттарының дұрыстығын тексеру және қаржылық есеп беруді растау үшін акционерлердің пікірінше сенуге болатын адамдар шақырылды.

1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер, аудиторлардың қызметіне қажеттіліктің артуына әкелді. Бұл кезде аудиторлық тексерудің сапасы мен міндеттілігіне қойылатын талаптар тез арада қатая түсті және бұл сияқты қызметтерге нарықтық сұраныс өсті. Дағдарыстың аяқталысымен дерлік барлық елдер жылдық есеп берулердегі ақпараттар көлеміне және бұл есеп берулердің басылып шығуы мен аудиторлардың қорытындыларына міндетті шарттар енгізе бастады. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті  құрал болып табылады.    Нарықтық  қатынастың   даму  кезеңінде  жалпы  аудитттің   атқаратын   ролі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің өр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырыс берушілер талабына сәйкес олардың қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті, оның құрылымы және ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес анықталады. Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында басқару жұмысының құндылығын, тиімділігін анықтау.  Жалпы     ішкі аудит  жан – жақты   көптеген бақылау   және    тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті.

Сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін,

сенімділігін, оның аудит барысындағы ролін анықтайды. Ондағ

негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау.

Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік – экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің  шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді.

Сонымен, ішкі аудит қызметінің әрекеті ірі кәсіпорындардағы ішкі бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде болуы қажет. Осы жағдайда нәтижелігін бағалау критерийлері толықтық, шығындар мен тиімділік болуы керек.

Бөлім 1. Бухгалтерлік есеп  және оның

атқаратын қызметтері

1.1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік

Көптеген адамдар бухгалтерлік есепті – кәсіби мамандарға ғана түсінікті және солар ғана пайдалана білетін жоғары техникалық мамандық деп ойлайды. Ал шын мәнінде әрбір адам оны күніне пайдаланып жүргенін байқамайды. Бухгалтерлік есеп – шаруашылық қызметтердің қорытынды мәліметі. Мысалы телефон ақысын төлегенде, чек жазып бергенде,табыс салығының декларациясын толтырғанда т.б жағдайларда сіз есеп концепциясын пайдаланасыз және бухгалтерлік мәліметтермен жұмыс жасайсыз.

Бухгалтерлік есепті бизнестің тілі депте атайды. Әрбір менеджер, аналитик немесе инвестор бухгалтерлік есеп жөнінде білуі тиіс егер ол іскерлік әлемінде табысты жұмыс істегісі келсе.

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты – шешім қабылдау үшін аналитиктерді мәліметтермен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз – кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның  болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.

Бухгалтерлік есеп мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.

Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп удерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.

  1. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталынады.
  2. Есеп деректері жіктелініп және оларды бухгалтерлік

есеп шоттарына, бухгалтерлік есеп тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.

  1. Мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
  2. бухгалтерлік есеп удерісінің қорытындылама сатысында ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты – бұл есепті пайдаланушыларға

кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайын және олардың қозғалысы

туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлға  осы кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы болып саналады.

1.2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері

Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.

Бухгалтерлік  есеп  мынандай обьектілерді негізге алады.

  1. Негізгі және айналмалы капитал.
  2. Осы капиталдың шыққан көзі
  3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартында төмендегідей принціптер анықталған;

  1. есептеу
  2. үздіксіз
  3. түсініктілік
  4. мәнділік
  5. маңыздылық
  6. сенімділік
  7. бейтараптық
  8. сақтық
  9. толықтылық
  10. салыстырмалық
  11. дәйектілік

Бухгалтерлік есеп принциптерін мұқият орындау. Бұл постулат қаржылық ақпаратының дұрыстығына тағы басқа шаруашылық мәліметінің ақиқаттығына кепіл болатын бухгалтерлік есеп екенін анықтайды.  Себебі, барлық экономикалық мәліметтер бухгалтерлік есеп арқылы жүйеге келтіріліп, әртүрлі ақпарат мазмұнын құрайды.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынға күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға

болады.

Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып

табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде

жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы

Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі)мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің  барлығын  анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіп орынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп – төлем тізімдемдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.

Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.

Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша журген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс жоспарына сай).

Бастапқы құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде – шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде – корреспонденцияланушышоттың кредитібойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.

Жеке тізімдемелердегіқаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың

сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалар).

Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы – шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады.

1.3.   Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары.

«Кәсїпорындар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорын дегеніміз бұл – пайда алу және қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру  мақсатында жүзеге асырылатын шаруашылық қызметін жүргізу үшїн құрылған.шаруашылық жүргізуші дербес субъект,

Әдетте, мынадай белгілердің жиынтығымен айқындалатын заңды тұлға болып табылады: оқшауланған мүлкі, осы мүліктер бойынша жауапкершілікте болады, банкте есеп айырысу шоты болады, әз атынан

әрекет жасайды. Мүлкінің оқшаулануы кәсіпорынның мүлкі есепке алынған дербес бухгалтерлік балансының болуымен кәрініс табады.

Кәсіпорынның жеке қаражаты, оның табысы, шаруашылық қызметін қаржыландырудың сыртқы кәздерін тарту, осы қызметтің нәтижесінде пайда болған табыстарды бәлу, оларды кәсіпорынды дамыту мақсатында пайдалану ақшаның негізінде жүргізілген кезде кәсїпорынның қаржылық қатынастары туындайды.

Кәсіпорынның қаржылық есебі – кәсіпорынның мүліктік

және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.

Қаржылық есеп өзінің негізі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.

Жасалу уақытына қарай қаржылық есеп ;

  1. ағымдағы
  2. жылдық

Ағымдағы қорытынды қаржылық есеп негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады яғни бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға

Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды қаржылық

есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдық есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, ұйымның қаржылық және мүліктік жағдай туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты- мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды қаржылық есептің өзін ;

  1. алғашқы
  2. жиынтық

әзін-әзі қаржыландыру принципі қамтамасыз етілмейді. Оларға тұрғын үй коммунальдық шаруашылық, жолаушы тасымалдау кәлігі, ауылшаруашылық және басқа кәсїпорындар жатады, бұған бюджеттен бәлінетін қараждат алатындар. Бұл қорғаныс маңызы бар кәсіпорындарға деп екіге бөлеміз.

да сипатты, олардың шаруашылық қызметі кәсіпкерлікке жатпайды және әнімді сатудан алынған қаражат есебінен қаржыландырылады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы лардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес 3 топқа біріктіріледі.

  1. Осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық

тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы , сыйақы алуы үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының екі негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы мен актвтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.

Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық болып саналады.

Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеуі үшін ұйымның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.

Осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады. Инвесторларыды олардың салынған

капиталының табыстылығы  қызықтырып және сонымен қатар

алдағы уақытта осы ұйым үшін абдықтаушы – мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шооатды уақытылы т

төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.

  1. қолайсыз жағдайлардан болатын қатер жайлы ақпараттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларды сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.

Несие берушулерді ұйымға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі және одан түсетін тиесілі

проценті  туралы ақпарат қзықтырады.

Жабдықтаушы – мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақытылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.

  1. кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есебі тек қан бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.

Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы мүліктік немесе қаржылық нәтижесі

көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есептің құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шруашылық ұйымдары өзінің

және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.

Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ;

  1. ішкі
  2. сыртқы

болып бөлінеді.

Ішкі деп аталынатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың  қандай да бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтері жраиялауға тиым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есеп тің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпаратты құралдар беттеріне де жариялайды.

Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады.

  • Бухгалтерлік баланс
  • Қаржы – шаруашылық нәтижелері туралы есеп
  • меншікті капитал қозғалысы туралы есеп
  • ақшалардың қозғалысы туралы есеп
  • түсініктемелік жазба

Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдай туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.

Қаржылық есепке қойылатын негізгі талаптар

Бухгалтерлік есеп принціптеріне сәйкес кез-келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік есебі мынандай негізгі талаптарға жауап беруі керек;

  1. сенімділік
  2. тұтастық
  3. тізбектілік
  4. салыстьрымдылық
  5. есепті кезең
  6. рәсімделу

Сенімділік дегеніміз – бұл қаржылық есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелер.

Тұтастылық дегеніміз- ұйымның қаржылық есебінде осы кәсіпорындағы

орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып көрсетілуі.

Тізбектілік дегеніміз – кәсіпорынның бір есепті кезеңінен екінші кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отырылуы.

Салыстырмалық дегеніміз – қаржылық есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.

Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі болып барлық ұйымдар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі уақыт аралығы саналады.

Егер ол кәсіпорын тіреуден 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кәсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі

жылдан басталады. Бухгалтерлік баланс туралы

Баланс сөзі француз тілінен аударғанда таразы немесе тепе-тең деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарғанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы  актив және пассив деп аталатын екә бөлімді кесте болып табылады.

Бизнес әлемінде жетістікке жетудің көздегендердің әр қайсысы үшін басқару есебінің мақсаты нақтылы өндірістік мақсатқа жетуге жауапты менеджерді тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету. Мәні бұл пәннің мәні басқару есебімен шығындар талдауының кәсіпорындағы негізгі байланыс жүйесі болатындығында жатыр. Жоспарлау (смета құру) бақылау (іс әрекет нәтижесін өлшеу, салыстыру) кәсіпкерлік мекемелер сияқты, бюджеттік мекемелергеде қажет. Кәсіпорынның әр –түрінде қаржы және адам ресурстарын басқару қажет. Ал, басқару есебі осы қажеттілікті қажетті механизіммен қамтамасыз етіп отырады. Басқару есебі қаржылық есепті кеңеитеді де ең алдымен фирманың ішкі оператцияларында қолданылады. Басқарманың пайдалану үшін жинақталған буғалтерлік ақпараттарына бұл субъектіде қызымет атқармайтын сыртқы пайдаланушыға арналған ақпаратқа қарағанда өзге тәртіптер қолданылады.

Басқару есебі кәсіпорын басшысының шешімі бойынша ұйымдастырылады. Ол субьектінің мақсатына байланысты көп түрлі негізде ұйымдастырылуы мүмкін. Басқару есебінің ақпараттары жасырын субьектінің коммертциялық құпиясы болып табылуымен қатар өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны сияқты жекелеген көрсеткіштері қаржылық қорытындылау есебін жасау үшін қолданылады.

Қаржы және басқару есебінің айырмашылықтары.

Негізгі айырмашылық аспектілері.Қаржы есебі.Басқару есебі.
Ақпараты пайдаланушыларСыртқыішкі

 

Салық төлемдерін дайындау бухгалтерлік есептің мамандандырылған арнайы

бөлімі. Салық төлемдері қаржылық мәліметтердің негізгі маңызды көзі.

Кәсіпорынның қызметі мен пайда бөлінуіне мемлекет салық жүйесі арқылы бақылау жасайды. Салық есебі дегеніміз – кәсіпорынның мемлекетке төлейтін міндетті төлемдерінің есебі.Салық есебі төмендегідей принціптерді ұстанады;

  1. Міндеттілік
  2. Анықтылық
  3. Шыншылдық
  4. Бірлік
  5. Дауыстылық

Кәзіргі таңда көптеген заңды тұлғалар жалған мәліметтер беру арқылы салықтөлемдерін төлеуден жалтарады. Арнайы салық декларациялары толтырылады.

Бухгалтерлік есепті бизнестің тілі депте атайды. Әрбір менеджер, аналитик немесе инвестор бухгалтерлік есеп жөнінде білуі тиіс егер ол іскерлік әлемінде табысты жұмыс істегісі келсе.

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты – шешім қабылдау үшін аналитиктерді мәліметтермен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты – бұл есепті пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайын және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлға  осы кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы болып саналады.

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралың Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп прициптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

– бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті                                талаптарына сәйкес жүргізілуі;

– бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық         және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;

– алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

– ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат                                            нысандары;

– актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу                      тәртібі (реті);

– актив пен міндеттемелер бағалау әдістері;

– құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу                                  технологиясы ;

– шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;

– бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептіңмаңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:

– меншік нысаны мен құқықтық – ұйымдастырушылық нысаны                                (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық       акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);

– салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл             шаруашылығы және тағы басқа);

– қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа                    тізімдік саны және тағы басқа;

– салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша      жеңілдіктер немесе салықтөлеуден босату, салық мөлшері және т.б. )

– қаржы – шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның               экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының                              мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты,                    перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);

– ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне                қажетті барлық бағыттары бойынша);

– материалдық базасының болуы (компьютерлік техникамен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық – әдістемелік қамсыздандыру және т.б).

– кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеппен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері – әр айдың соңғы календарлық (күн тізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыру қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және т.с.с.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

– негізгі құралдарына амортизациялық аударым самасын есептеу әдістері.

– материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.

– шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.

– өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

– жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.

– дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.

– аяқталмаған өндірісті анықтау және жобалау жолдары.

– материалдық қорларды бағалау әдістері.

– негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

– курстық айырманы есептеу.

– тағы да басқалар.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептуе, яғни калькуляциялау жүйесі

Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

– нормативтік әдіс (нармативный)

– өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),

– тапсырыстық әдіс (позаказный),

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі

Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

– өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей

(прямые) шығындар;

– тікелей шығындардың жалпы сомасы;

– материалдық шығындардың сомасы;

– сметалық мөлшерлеме;

– өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы

Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:

– нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;

– тікелей шығындар бойынша;

– жұмсалынған шикі заттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралың Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.

Есеп саясатын дайындау

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оның дайындауымен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономакалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп сайсатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алған болса (лауазымды тұлғалар туралы,

ішкі еределер, бұйрықтар мен өкімдер т.б.) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

– Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп

беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

-бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;

– жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады.Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және т.б. бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

Есеп саясатында шаруашылық субъектінің атауы және орналасқан жері, оның негізгі қызметі және жүргізетін операцияларының сипаттамасы, есеп беру мерзімінің соңындағы қызметкерлерінің орташа саны сияқты маңызды мәліметтер де көрсетіледі.

Есеп саясатын жүргізу  кезінде кәсіпорын келесілерді ескеруі тиіс:

– қаржылық есеп беруді дайындау үшін қолданылған бағалаудың негізін

– қаржылық есеп беруді дұрыс түсіну үшін айтарлықтай маңызы болатын есеп саясатының әрбір нақты жағдайын

Кәсіпорын өз қаржылық есеп беруін құрастыру кезінде қолданылатын негізгі жағдайларды пайдаланушыларға түсіндіру үшін, есеп саясатының келесідей жағдайларын ашып көрсету керек:

– табыстың негізгі түрлерін мойындау

– кәсіпорын иемденетін бағалы қағаздарды бағалау

– нәтижесінде активтер мен міндеттемелер бухгалтерлік баланыста танылатын операциялар мен басқа да жағдайлар арасындағы және нәтижесінде шарты міндеттемелер мен талаптар пайда басқа да оқиғалар

арасындағы шектеулер

– берілген қарыздар бойынша үмітсіз қарыздарды тану негізі және оларды есептен шығару тәртібі

– жалпы кәсіпорындардың тәуекелдерін жабуға арналған резервтерді құру бойынша есептемелерді анықтау үшін негіздер және осындай есептемелерді есептеу әдістері

Нақты есеп саясатына қосымша ретінде қаржылық есепті құрастырудың жалпы негізін қалыптастыратын бағалардың негізі де ұсынылуы тиіс.

Есеп саясатын ашу, қолданушылар ға операциялар мен көрсетілетін қызметтерді түсіну үшін көмектеседі және олар сонымен ғана шектеліп қалмай, келесілерді де ашады:

– табысты

– еншілес және тәуелді ұйымдарды қосқандағы, шоғырландыру принціптері

– басқа заңды тұлғалармен бірігу

– материалдық және материалдық емес активтерді мойындау

– құрылыс мердігерлерімен келісім-шарт

– жылжымайтын мүлікке инвестиция

– қаржылық құралдар мен инвестиция

– жал

– зерттеу мен өңдеуге кететін шығындар

– тауарлы материалдық қорлар

– салықтар

– резервтер

– зейнетақымен қамтамасыз етуге кеткен шығындар

– шетел валюталарын қайта бағалау

– т.б

Бөлім 2.  Бухгалтерлік есеп мәліметтері және олардың атқаратын қызметі.

2.1.    Бухгалтерлік мәліметтерге жалпы түсінік

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынға күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік мәліметтер деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да мәліметтер бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы мәліметтер арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Мәлімет кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларының сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік мәлімет – кәсіпорындағы шаруашылық операцияларының орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы мәліметтердің  нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы мәліметтермен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы мәліметте орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Мәлімет көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер (реквизиттер) бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:

– құжаттың аты, нысанының коды;

– құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);

– құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні; – шаруашылық операциялардың мазмұны;

– шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

– шаруашылық опреацияның жүргізілуіне және соған сәйкес

құжаттарды толтыруғажауапты адамдардың аты-жөні;

– жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер (реквизиттер) болу керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.

Мәліметтердің  нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  • ауылшаруашылық өнім мен шикізат;
  • еңбек және еңбекақы;
  • негізгі құралджар мен материалдық емес активтер;
  • материалдар;
  • кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  • капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  • құрылыс машиналар мен механизмдаердің жұмысы;
  • автокөліктегі жұмыс;
  • түгендеу нәтижелері;
  • кассалық операциялар;
  • сауда операциялары.

Мәліметтер дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда мәліметтер операция аяқталған сәтте тоолтырылады. Уақытында толтырылмаған мәлімет кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есеп шотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Мәліметтер сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Мәліметтер анық және дұрыс көрсетілуі керек. Мәліметті толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп мәліметтерге қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша толтырылатын мәліметтер және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын мәліметтер бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды роындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын мәліметтер кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады

Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы (бастапқы) мәліметтерді толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл мәлімет түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп, мәлімет беретін толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктық мәліметтерге түзету енгізуге болмайды.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы мәліметтердің басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты(күні, айы, жылы) көрсетіп, қолдарын қояды.

2.2. Бухгалтерлік мәліметтердің жіктелуі

Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін мәліметтер келесі ерекшеліктері  бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша (назначению), құрастырылған орнына байланысты (месту составления), көрсету тәсілі (способ отражения) және операция мазмұнының көлемі (объему содежания) бойынша.

Мақсаты бойынша мәліметтер үкімдік (распорядительные), атқарушылық (оправдательные, исполнительные), бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления) және құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлінеді.

Үкім мәліметтеріне – шаруашылық операцияларды жүргізу туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенім хат және т.б. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.

Атқарушылық (растайтын) мәліметтер – шаруашылық операцияладың орындалғанын көрсетеді (растайды). Бұл мәліметтерге – тауарлық-матреиалдық қорларды алу үшін толтырылға жүкқұжат (накладнойлар), кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және т.б. жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі опреация жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

Бухгалтерлік толтырылған мәліметтер – ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері

толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және т.б. бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.

Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады. Толтырылатын (құрастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

2.3. Мәліметтер  айналымы

Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі мәліметтермен жұмыс жасайды: нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпаратты-анықтамалық, есеп айырысу ақша мәліметтер және басқа да алғашқы есептік мәліметтер. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы мәліметтер айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда мәліметтер бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа (архивке) өткізу және тағы басқа кезеңдер. Сонымен мәлімет айналымы дегеніміз кәсіпорындағы мәліметтердің қозғалысы, немесе басқаша түрде олардың жасалуынан (құрылуынан), яғни толтырылуынан бастап оларды қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.

Мәлімет айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі.

Мәлімет айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Мәлімет айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудың уақыттылығы қамтамасыз етіледі.

Есеп  беретін тұлғалармен есеп айырысу.

Есеп беретін  сомалар  деп мекеменің  кассасынан  жұмысшыларға  шаруашылық  шығындарға және іс- сапар бойынша шығындарға  берілген  ақшалай  аванстарды  атайды. Іс- сапра  шығындары  жұмысшыларға  Қазақстан  Республикасының  қаржы  Министірлігі  бекіткен мөлшер  бойынша  қайтарылып  беріледі.

Қайтарылып  берілетін  шығындар:

  1. екі жақ соңына жол ақы билеті (проездные билеты в оба конца)
  2. есептік көрсеткіш  көлемінде тәуліктік шығын (бір жылға бюджетпен бекітіледі)
  3. жалданған тұрғын – үй шығындары – ұсынылған квитанциялары бойынша , егер жалданған  тұрғын үй шығындарын куәландыратын  құжаты  болмаса шығының 50% тәуліктік  мөлшерінде  қайтарылады.

Іс –сапрға жіберілген тұлғаға іс- сапар құжаты  беріледі, бухгалтерия кассадан берілетін , іс- сапар шығындарын  есептеулерін жұргізеді.

Есеп  беретін  тұлғалар белгіленген  мерзім  ішінде куәландыратын  құжаттар  негізінде нақты  жұмсалынған  сомма  жайлы есеп беруін  ұсынуға  міндетті.  Іс- сапар  шығындары  жайлы есеп беру  бухгалтерияға  үш күннің  ішінде  табыс  етулері  керек.

Бухгалтер аванстық  есеп берулерді тексереді  және  субъектінің  басшысының бекітуіне  жататын шығыс  етілетін сомманы анықтайды.

Есеп  беретін  сомма қаражаты  кассадан  беріледі.

Есеп беретін  тұлғалармен еспайылысудың  талдамалық  есебі №7 журнал- ордерде әр- бір аванстық  есепберулер  бойынша  жүргізіледі.

333 «Жұмысшылардың  және  басқада  тұлғалардың қарызың шоты

1 «Есеп беретін  тұлғалармен есеп айырысуң

1.01.200- жылға  қалдық:

а) Сидоров С.В.- 28.12.200- ж №7 ж/о 5- беті – 3450 (Дт) 333/1

б) Идрисов И.В.- 24.12.200-ж №7 ж/о 8-беті- 100 (Кт) 333/1

(аванстың артық жұмсалынуы)

р/с№ Мерзімі    Операциялар мазмұныДебетКредит Сомма
1.05.01.200-№1 Аванстық есеп беру. Сидоров И.В.
А) №1 сатып алу актісі бойынша материалдар алынды3000
Б) ҚҚС 15%450
2.12.01.2000-№2 Аванстық есеп беру Оспанов О.В.
А) тоңазытқыш алынды24000
Б) ҚҚС 15%3600
3.18.01.200-№3 Аванстық есеп беру  Идрисов И.В.
А) Белгіленген мөлшер көлемінде өндіріс шығындарына іс- сапар шығындары есептен шығарылды. 

 

7659

Б) ҚҚС 15%757
4.19.01.200-№4 Аванстық есеп беру. Киреев К.Б.
А) Темір алуға есеп беретін солмма пайдаланылды.57200
5.23.01.200-№5 Аванстық есеп беру. Кадыров К.В.
Шаруашылық шығындарға есеп беретін сомма пайдаланылды. 

430

 

Жабдықтаушы мен мердігерлермен есеп айырысу.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу алдын- ала төлем  тәртібі негізінде жүргізіледі, инкассо, аккредетивпен, тауарлы- материалдық  қорларды алуға, жұмыстар мен қызыметтерді орындауға чектермен.

Жабдықтаушы мен мердігерлермен есеп айырысу есебі бір айға ашылған әр-бір салықтық шот- фактура, 671- шоттың  кредиті бойынша №6 журнал- ордерде, төлем талап – тапсырмасында жүргізіледі. 671 шоттың кредиті бойынша жазулар сәйкес келетін шоттар дебетінде шоттар корреспонденциялары көрсетіліп жабдықтаушымен мердігерлермен есеп айырысу бойынша осы журнал- ордерде дебеттік айналымы көрсетіледі.

Ал, төленбеген шоттар бойынша  қалдық есептелініп шығарылады.

671 «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуңшоты

01.01.200- жылға қалдық

А) №8 авто базаға 28.12.200 – жылдан №342 шот – 4500 тг (Кт)

Б) Жабдықтау базасына 29.12.200- жылдан №1850 шот – 8400 тг (Кт)

ЖИЫНЫ:                                                                                 12900 тенге

Қаңтардағы акцептелінген шоттар:

р/с

 

Мерзімі

 

Операциялар мазмұны

 

Дебет

 

Кредит

      Сомма
1.10.01.200-Жабдықтау базасының №12 шот- фактурасы

А) жиһаз фурнитурасына

Б) ҚҚС 15%

 

 

2368000

355200

2.13.01.200-№1мекеменің №42 шот- фактурасы

А) материалдарға

Б) ҚҚС 15%

 

 

420000

63000

3.20.01.200-Металобазаның №820 тауарлық – көліктік накладнойы

А) материалдарға

Б) ҚҚС 15%

 

 

1753600

263040

4.20.01.200-№8 авто базаның №12 тауарлық- көліктік накладнойы

А) материалдарды жеткізіп бергеніне

Б) ҚҚС 15%

 

 

 

26000

3900

 

 

5.

 

 

22.01.200-

1- ҚЖБ. №53 жұмысты орындау актісі.

А) негізгі құралдарға күрделі жөндеу

Б) ҚҚС 15 %

 

 

200000

 

30000

6.23.01.200-Жабдықтау базасының №84 шот- фактурасы

А) бөлшектерге

Б) ҚҚС 15%

 

 

36000

5400

7.24.01.200-№282 шот Шаруашылық коммуналдық басқармасы

– коммуналдық қызыметтер үшін

 

 

6940

8.27.01.200-2-ҚЖБ. №12 жұмысты орындау актісі.

А) негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу

Б) ҚҚС 15%

 

 

 

117000

17550

9.30.01.200-№1 келісім шарт АО «Арайң

А)  негізгі құралдарды жөндеу

Б) ҚҚС 15%

 

30000

4500

10.№ 6 журнал- ордерге үзінді көшірмеге (выписка) сәйкес ссудалық және есеп айырысу шотынан құжаттардың төлемін қойю.

 

.Материалды құндылықтар есебі.

Шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынған шала фабрикаттар және жинақтаушы құралдар, қосалқы бөлшектер, ыдыс және басқадай материалдық ресурстар есепте және есеп беруде өздерінің нақты өзіндік құндарымен көрсетіледі.

Материалды құндылықтардың нақты өзіндік құндры оларды сатып  алу  шығындары мен  анықталады, мыналарды қоса алғанда: жабдықтаушы ұйымға төленілген коммисиондық сый ақылар, тауарлық биржаның  қызымет  құны, кедендік баж, тасымалдау, сақтау және жеткізу  шығындары.

Материалдарды  есептеу  бағасы  бойынша есептеуде (сатып алудың жоспарлы өзіндік  құны, дайындау, орташа сатып алу бағасы және т.б.) олардың өзара айырмашылығы және сатып алулардың  нақты  құны (дайындау) ауытқу  ретінде көрініс  табады және ведомостің 1- бөлімінде «ауытқуды есептеу және материалдарды  кірістеу  бойынша жиынтық  мәліметтерң материалдар  қозғалысын  есептеу  бойынша  есептелінеді.

Темір  жол станциясынан, жабдықтаушы  қоймасынан материалдарды  алу  үшін экспедитор бухгалтериадан сенім хат алады.

Қоймаға  түскен материалдарды  құжаттарда  көрсетілген ассортименті, саны, сапасы бойынша тексеру. Тексеру кіріс ордерінің үзінді

көшірмесімен материалды құндылықтардың келіп  түскен күнінде  жүргізіледі. Қоймадан материалдарды босатудың негізгі бағыты айлық  лимиттік шектеу бойынша оларды өндіріске босату болып  табылады. Басқа субъектіге материалдарды жіберу, материалдарды жіберу накладнойымен  босатылады.

Қоймадағы материалдардың есебін материалдардың қоймалық есеп карточкасында материалдарға жауапты тұлға жүргізеді, карточка әр-бір материалдар түрлеріне немесе олардың номенклатуралық номеріне ашылады.

Бухгалтер қойылған мерзім ішінде карточкалардағы жазулардың дұрыстығын және шығарылған  (есептелінген) қалдықтарын  тексереді, «Бақылауң (қолтаңба және мерзімі) бағанасына тексергендігін куәландыратын қолтаңбасын  қойады.

Материалдарды босатуда лимиттік- заборлық картадан артық  қажет  болған  жағдайда «талап ету карточкасың қолданылады, мұнда олардың  себебі мен артық  шығын жасаған кінәлә тұлға көрсетіледі.

Материалдар  қозғалысы алғашқы құжаттар негізінде  2-бөлімнің 20- бөлімшесінде, материалдар қозғалысының  есебі бойынша ведомосте көрсетіледі. 20- «Материалдарң бөлімшесі  шоттарының әр- біреуі үшін  жеке ведомостар  ашылады.

       Құжаттар
Кассалық кітапШаруашылық операциялардың      есеп кітабыЕңбек төлемдері бойынша қызметкерлер мен есеп айырысу тізімдемесі
Бухгалтерлік баланс және есеп берудің басқа нысандары

Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы

Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі)мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің  барлығын  анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіп орынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп – төлем тізімдемдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.

Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.

Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша журген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс

жоспарына сай).

Бастапқы мәліметтер (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде – шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде – корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.

Жеке тізімдемелердегі қаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы мәліметтермен сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалар).

Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы – шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады.

Аудиторлық бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоцииациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына бухгалтерлік қызметіне бақылаудың тәуеліз нысаны болып табыла отырып,

ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуеліз жеке аудитормен ақы төлеу келісім – шарты негізінде жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымдар және аудиторлық бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы – шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі  мен олардың мәліметінің растығын бекітеді ; іс жүргізу дұрыстығын , құжат айналымының ұйымдастырылуының келісім – шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.

Өз қорытындысында аудиторлық жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсынытар береді.

Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыру үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген мекеме жетекшілерінің нұсқауларын дұрыс орындалғандығына, бухгалтерлік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сақталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамаыз ету, т.б. жатады.

Аудиттің түрлерін зерттеудің  зор әдістемелік маңызы бар. Өйткені аудитті қандай түрлермен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда тигізетін әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:

  1. Субъектілер бойынша – ішкі және сыртқы
  2. Заңдылығы бойынша – міндетті және бастамашылық
  3. Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша толық және ішінара. Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын өзі шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді.        Жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізуге келесідей объектілер міндетті:
  • банктер;
  • несие серіктестігі;
  • банктік операциялардың жеке түрлерін жүргізуші ұйымдар және құнды қағаздар нарығында іс-әрекет ететін ұйымдар;
  • сақтандыру компаниялары, зейнетақы жинақтау қорлары, зейнет активтерін басқару компаниялары, инвестициялық қорлар;
  • табиғи монополияның субъектілері;
  • шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар;
  • ААҚ
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кәсіпкершілігіннің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады. Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудитттің атқаратын ролі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің өр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырыс берушілер талабына сәйкес олардың қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.    Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есептілігінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі.   Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудиторлық фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырыс берушілермен келісім шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштердің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикалық даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

Сыртқы аудиттің объектісі – ол, шаруашылық жүргізуші субъектілері.

Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар – кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иелері. Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік – экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекетке салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгенде, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.

Сыртқы аудит қызметін атқарушылар – жеке аудиторлар және

аудиторлық фирмалар. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің

Қорытынды

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық – әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай – ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ғана ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде.

Соңғы жылдары біздің елде де халықаралық есеп стандарты қолданылып келеді.

Белгіленген заңға сәйкес, дұрыс жасалынған қаржылық ақпараттық мәліметтерді дер кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп отыру кез келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.

Сондықтан бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуы сол кәсіпорынның ішкі ережелері мен басшылықтың дұрыс ұйымдастыра білуінде, заңға сәйкес ережелер мен қағидалардың, принціптердің сақталуында, мәліметтердің неғұрлым шынайылығында.

Бухгалтірлік есеп мәліметтерінің жалған болмауы тиіс.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

Жбдықтаушы – мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақытылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге  асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есебі тек қан бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кеулімжаев Қ. Қ. , Әжібаева З. Н. , Құдайбергенов Н. А.

Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: ЭкономикС,           2003. – 105 бет;

  1. Радостовец В. К. , Радостовец В. В. , Ғабдуллин Т. Ғ. , Шмидт О. И.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы. – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002, – 5-тарау, 111 бет;

  1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Республикасыныңұзақ мерзімдік (2030 жылға дейінгі) даму стратегиясы.- Алматы, 1997.
  2. Әубәкіров Я. Ә. , Нәрібаев К. Н. , Жатқанбаев Е. Б. , ж. б. Экономикалық теория негіздері. –Алматы: ҚазМҰУ, 1998;
  3. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы: ҚазМБА, 1997;
  4. Ойкен В. Основные принципы экономической политики. – Москва: Прогресс, 1995;
  5. Корнаи Я. Путь к свободной экономике. – Москва: Экономика, 1990.
  6. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы,
  7. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық коммиссиясы
  8. Әбдіманапов Ә.Ә Бухгалтерлік есеп теориясы және принціптері Алматы 2001
  9. Ержанов М.С Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов Алматы 2003
  10. Кутер М.И. Бухгалтерский учет М 1997
  11. Ниткин В.М » Теория бухгалтерского учета » М 1999

Укашев Б,Е. Бухгалтерлік есеп теориясы Алматы 1999