Бухгалтерлік есеп циклының негізгі кезеңдері

0

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 

I ТАРАУ.

1.1. Басқарушылық есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі, негізгі кезеңі.

1.2. Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі және есептік циклы.

I ТАРАУ.

2.1. Басқарушылық шешімді және бақылауды негіздеу шығындары туралы ақпарат (болашақ кезеңдегі болжау).

2.2. Шығынды бюджеттеу және бақылау (қазіргі кезеңі).

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

КІРІСПЕ

Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік басқарушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.

Қайта құру жылдарында көптеген фирмалар әр қилы меншік түрлерін тудырды, олардың көбі соңғы он жылда бәсекелестікте төтеп бере алмады.

Нарықтық және экономикалық факторларға қарсы тұра алатын бірқатар аса ірі фирмалар бар. Тек аса ірі компаниялар ғана нарыққа елеулі ықпал ете алады, алайда мүлдай компаниялардың саны аз.

Негізінде бұлар (компаниялар) мұндай мүмкіндігі жоқ аса үлкен де емес. Сондықтан олардың негізгі міндеті — нарық проблемаларымен «сыйысу» болып отыр және ең жоғары деңгейдегі экономикалық пайданы алу үшін нарық факторларын өз пайдаларына айналдыруы көздейді.

Бухгалтерлік есептің кезеңдері әр түрлі сатыда болады және әр кезеңге тән өзінің ерекше белгілері болады.Осы курстық жұмыста көптеген материалдық аспектілер, газет-журналдыр қолданылды.

I ТАРАУ.

1.1. Басқарушылық есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі, негізгі кезеңі.

Бәсекелестер мен нарық жағдайының өзгеруіне қарсы тұра алмаудан жэне басшылықтың жетіспеушілігінен кәсіпорын күйреуге ұшырайды. Басқа суъектімен өзара әрекет тудыру мақсатында кәсіпорынға ықпал ететін менеджмент (басшылық) маңызды рөл ойнайды. Оның міндеті – кәсіпорын жұмысына қолайлы мүмкіндік іздестіру (тудыру), сондай-ақ оны (кәсіпорын жүмысын) тиімді тәсілмен басқару және үйлестіру болып табылады.

Осыған байланысты қаржы қызметі және қаржы менеджменті сияқты аса маңызды да өзекті мәселелерге, сондай-ақ қаржьшық жэне басқарушылық есепке үлкен мән беріледі, өйткені бұл жалпылай және оперативтік басшылық үшін менеджерлердің қажетгіліқтеріне сай келеді. Оның ішінде атқарымдық (функциональды) менеджмент, шығындарды басқару, әлуетті (потенциальный) мүмкіндіктерді дамыту және оны субъектінің пайдаға асыруы, шығын калькуляциясы. қаржылық өндірушілікті қадағалау, басқарушылық шешімді қабылдаудың негізі ретіндегі экономикалық талдау, стратегиялық есеп (әрекет ету нұсқаларын баламалы (альтернатива) таңдау үшін) жэне басқарушылық бақылау мәселелерін қарастыру қажет. Бұлар одан әрі өңдеуді (жетілдіруді) талап ететін негізгі мәселелер тобы болып табылады.

Шаруашылық жүргізу жағдайында субъект басшысының басқарушылық шешімді қабылдауда жауапкершілігі артады. Кәсіпорынды тиімді әрі оперативті басқару үшін қаржылық есеп беруде келтірілген ақпарат жеткіліксіз.

Сатуға жататын өнімді жоспарлау сомасындағы басқарушылық шешімді қабылдауға, баға қалыптастыруға, шектеу факторлары қоса ескерілетін өнім құрылымын анықтауға, бизнес пен күрделі қаржы жұмсалымдарының құрылымын өзгерту.

Басқарушылық есеп басқару процесін есептік процеспен байланыстырады. Сондықтан бухгалтер басшылардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтап, оларға керекті ақпаратты (қандай ақпаратты және қандай көлемде әзірлеу қажет) тез тауып беруі қереқ.

Бұл есеп екі аспектіде — субъектінің ақпараттық жүйесінің бөлігі ретінде және басқарушылық шешімді қабылдау, қызметті жоспарлау, оперативтіқ басқару мен бақылауға қөмектесу, субъект қызметкерлерін межеленген шараларға ынталандыру, жекелеген бөлімшелерді, басқару аппаратын және жекелеген қызметкерлерді қызметпен қамтамасыз етуді (функционирования) бағалау және талдау үшін басшылар мен менеджерлерді ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатындағы қызмет ретінде қарастырылуы керек.

Басқарушылық есеп мына принциптерге сәйкес ұйымдастырьшады: субъекті үздіксіз қызмет етеді; жоспарлауда жэне есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субъект пен құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелерін жэне шығынды бағалау әрі талдау; бастапқы және аралық деректерді жинау, өңдеу жэне тапсыру процесінде оларды жиі пайдаланудағы сабақтастық; субъект ішінде коммуникация жүйесін ұйымдастыру; ақпараттардың жеткіліктігі және талдамалығы; өндірістік және коммерциялық циклды аңғартатын кезеңдігі; шығындар мен нәтижелерді сметалық басқару.

Басқарушылық есептің негізгі мақсаттарының әлдеқайда маңыздысы — жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау.

Жоспарлауға субъект қызметінің негізгі мақсаттары бойынша шешім қабылдау, нәтижелерді болжау және бүл мақсатқа қол жеткізу үшін әр түрлі баламалы әдістерді пайдалану кіреді. Бұған қоса есептік кезеңнін қорытындысын шығару және оны жалпылап (қорытып) талдау жасау. Осыған байланысты бухгалтер-менеджер өндірістік бюджетті (өндірістік бағдарламаны) әзірлеу барысында оперативтік бухгалтерлік есептің, қаржылық талдаудың және қаржылық жоспарлаудың әдістерімен қарулануы керек.

Бақылау талдаушы — бухгалтердің тікелей қатысуымен болады. Есептік кезеңнің соңында ол әрбір жауапты орталықтардың бюджетті орындау туралы есеп беруін жасайды және мөлшерден ауытқуды әрі келешекте қайталанбас үшін оның себебін анықтайды. Бұл есеп берулер белімше бастықтарының қызметін объективті бағалауға мүмкіндік тудырады және компания басшылары мен менеджерлеріне жоспарлы көрсеткіштен нақты көрсеткіштің барлық алшақтығын әрі бұл алшақтаудың себебін хабарлау.

Бүгінгі таңдағы басқарушылық шешім түйсіктік (интуициялық) сипатта қабылданады. Субъекті өзінің өндірістік және ұйымдастырушылық тәжірибесіне жиі жүгінеді.

Шешім қабылдау процесі субъеқтінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады. Бұған бастапқы басқарушылық ақпараттарды іріктеу мен таңдаулы шешім алгоритмі байланысты (тәуелді) болады.

Шешім қабылдау баламалы нұсқалардың салыстырмалы бағасын және субъект шаруашылық қызметінің мақсатында әлдеқайда жогары деңгейде жауап беретін оңтайлысын таңдап алуды ұйғарады. Бұл үшін барлық, оның ішінде алдағы кезеңдегі баламалық нұсқалар бойынша шығындар туралы ақпарат болуы керек. Есепке кәсіпорын жіберіп алған пайда да кіруі мүмкін. Яғни, кәсіпорынға пайдасы тиетін нұсқа назарға ілінбей қалуы мүмкін.

Басқарушылық ақпараттар базасында оперативтік міндеттер (тапсьфмалар) (залалсыздық нүктесінің есебі (расчет точки безубыточности), өнімдер ассортиментін оның құрылымын (өнім түрлерін) жоспарлау, қосымша тапсырмалардан бас тарту немесе алу (тарту), баға белгілеу), сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер (тапсырмалар) (күрделі қаржы жұмсалымы (капиталовложения) туралы, бизнесті қайта құрылымдау (реструктуризация) туралы, өнімнің жаңа түрлерін игерудің мақсатқа лайықтылығы туралы) шешіледі. Басқарушылық есептің әдісі мен тәсілін қолданып, осыған ұқсас мәселелерді шешуде дұрыс ұсыныс (кеңес) табуға болады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы жүргізіледі. Есептің халықаралық жүйесіне көшу қолға алынды, осыған орай қазақстандық кәсіпорындардың тәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті енгізу үшін нормативті құжаттар әзірленді.

Қазіргі уақытта қаржылық және басқарушылық есепті нормативтік реттеудің бес деңгейлік жүйесі пайда болды:

  • заңды деңгей (Азаматтық кодекс, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заң және т.б.);
  • бухгалтерлік есеп стандарттары;
  • стандарттарға әдістемелік ұсыныс;
  • шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты; субъектінің алғашқы (жұмыс) құжаттары.

 

1.2. Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі және есептік циклы.

Ақау көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды мәселелердің бірі әрі ол басқарушылық жоспарлау мен шығынды бақылаудың ең өткір проблемасы болып табылады.

Шоттардың типтік жоспарын енгізумен бірге және 52 «Өндірістегі ақау» шотының ішкі бөлімшесін жоюда көптеген аспеқтілер тұрғысынан қарағанда маңызды болып қалатын бухгалтерліқ есеп шотында оның көріну проблемасы пайда болды. Компанияны басқару үшін әлдеқайда экономиқалық өндірістіқ процесс және осыған сәйкес бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде өндірілетін өнімде ақау жібермеуді бақылау аса қажет. Ақау белгіленген шектен аспауы керек. Ұйым өнімнің сапасын жақсартуға барынша күш салуы керек, бул өз қезегінде жалпы шығындарды азайтып, өнімнің өткізілуін жоғарылатады.

Ақау әдетте өнім өндірісі аяқталғаннан кейін көзге түседі (байқалады), оған да сапалы өнімді жасауға кеткен еңбекпен бірдей еңбек күші шығындалады. Алайда, тиімді еңбек өндірісінде жұмысшы материалдарының сапасыздығынан, аспаптардың тозуынан өндірістің қордалы проблемасын құрайтын ақауы бар өнімдерді шығарады.

Ақауға стандартпен белгіленген сапаға, техникалық жағдайға немесе жобалық шешіммен сәйкес келмейтін, нақты (тікелей) тағайьшдауы бойынша пайдалануға жарамайтын, пайдаланса да оны түзеткеннен кейін ғана жарамды бұйым жатады.

Әлдеқайда экономикалық өндірістік пропестің өнімділігін тудырған соң ұйым басшылығы қалыпты деп аталатып ақау нормасын белгілеу керек, яғни ақау нормасын кондициялық (сапалық) өндірістегі шығынның бір бөлігі ретінде қабылдауға басшылық келісті болуы қажет. Бұл ақау өндірістіқ технологиядан пайда болады әрі оны болдырмау мүмкін емес, өйткені ол есептік кезеңде бақылауға қөнбейді.

Ақау — қондициялық емес, яғни ақау деп танылатын сапасыз өнім бірлігі және мумкін баға бойынша сатылып кетуі де ықтимал. Өңделуі аяқталған бүлым ақау деп бөлек немесе толық танылуы мүмкін. Ақау деп танылған бұймның таза құны бөлінген шығындардың жалпы сомасына (өңдеу сәтіне дейінгі қосу (плюс) істен шығу алу (минус), өткізудің мүмкін құны бойынша шығын) тең.

Ақау — бүл өндірісте лайда болатын өндірілмейтін шығындар. Ол өнімнің шығарылымын кемітіп, оның өзіндік қулын арттырады.

Ақаудан басқа өндірісте ысырап та болуы мүмкін. Мысалы, бастапқы материалдар шығым кезінде (на выходе) өнімнің бір бөлігі болмайды, жоғалады, буланады, құрғаққа ұрынады немесе экономикалық құны жоқ тұнбаға (шөгіндіге) айналады (1).

Қалдық — бұл өнімнің бір бөлігі болып табылмаса да белгілі бір құны бар материалдар. Оларды сатуға немесе қайталап пайдалануга болады (яғни өңдеу өнеркәсібіндегі жаңқалар (жоңқа) мен ағаш тақтайлары; металл өңдеу саласындағы құймалар мен болат балқыту).

Ақау, әдетте оның сапасын тексеру кезінде өнім өндірісі аяқталған кезеңде пайда болады.

Бұл мәселемен пшұғылданатын көптеген авторлар ақау, ысырапқа арналған эквиваленттіқ (баламалы өнім) бірліктің қорытынды есебін елемеуге болады дейді. Бұл бұлай түсіндіріледі: қалыпты ақаудың шығынында — осы әдісте эквиваленттік бірліктердің әлдеқайда жоғары шығындарын қолдану жолымен сапалы өнімдерге автоматты түрде бөлінеді. Алайда мұндай «жылдамдатылған» әдіс нақты нәтижені толық бермейді.

Ақауды қемістік (дефект) сипаттарына қарай мына белгілермен жіктеуге болады:

  • қалыпты — ол тиімді өндіріс процесінде пайда болмайды және іріктелген технологиялық процеске тән болып табылмайды. Мұндай ақауды көптеген жағдайларда бақылауға болады (сапасыз материалдарды пайдаланудағы станоктың сынуы, апат).

 

  • қалыпты емес (сапасыз өнім) — шығындар белгілі болған уақьптағы кезеңде залал ретінде есептен шығарылуы керек және кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке бал ретінде көрініс табуы керек әрі өндірілген өнімнің өзіндік құнында көрінбеуі керек.
  • техникалық бақылау  бөлімі  белгіленген  кемістіктердің  сипатына  қарай  — түзелетін және түзелмейтін болып бөлінеді.

Түзетілетін (ішінара) ақау — бұл оның түзетілуіне қосымша шығын жұмсалғаннан кейін (техникалық жағынан мүмкін және экономикалық мақсатқа лайықты) пайдалануға жарамды өнім. Алайда, мынаны да есте ұстау қажет, ақауды түзету тек мына жағдайда — егер шығындардың өсуінен табыстардың өсуі басым болғанда ғана, оған кірісуге, яғни ақауды түзетуге болады.

Түзетілмейтін ақау (түпкілікті) — бұл түзетілуі мүмкін емес және экономикалық мақсатқа лайықты емес бұйым;

  • ақау көзге   түскен,   яғни   табылған   орны   бойынша   дайындау   барысында кәсіпорында анықталатын ішкі және жинау, монтаж және басқа пайдалану процесінде сатып алушымен анықталатын сыртқы деп бөлінеді.

Өнімді техникалық қабылдау проңесінде анықталған кемістік тізімдемеде немесе ақау актісінде ресімделуі қерек. Түпкілікті ақау өндірістен алыньш, изоляторға тапсырылады. Актіде ақау деп танылған өнімдердің саны, атауы, ақау түрі, оның себептері мен оған кінәлілер, өзіндік құны және кінәліден өндіріп алудың сомасы, ақау деп танылған өнімді қабылдап алғаны туралы қойманың белгілеуі көрсетілуі керек.

Жабдықтаушыдан келіп түсетін сапасыз материалдар, дайындау кезіндегі немесе өткен операцияда өңдеу барысындағы жасырын кемістік, жөндеуге келмейтін жабдықтар мен аспаптар, өндіріс технологиясьшьщ бұзылуы, жобалық және технологиялық құжаттамалардағы дәлсіздіктер (неточность) ақаудың негізгі себептері болуы мүмкін.

Актіде, сондай-ақ, шығын баптары бойынша ақаудың өзіндік құнын калькуляциялауға қажетті мағлұматтар көрсетіледі.

Акт техникалық бақылау қызметкерімен, мастермен немесе цех бастығымен екі данадан жасалады.

Ақаудың себептері мен оған кінәлілер анықталып, кінәліден түсініктеме алынған соң және өндірістік бөлім қорытынды шығарғаннан кейін акт бухгалтерияға тапсырылады.

Белгілеу бойынша мөлшері анықталып, ақаудан болатын ысыраптың және ішінара ақауларды түзетуге кеткен шығындардың есебі жасалуы керек (қосымша шығынға жүмсалған материалдың құны, кемістікті жою, тазалауға байланысты жүргізілетін басқа да қоеымша жұмыстар мен жөндеу, монтаждау үшін есептелетін жүмыстардың еңбекақысы және бұрын өткізілген өнім бойьшша аньщталған кемістіктер кепілдеме берілген мерзім ішінде жөнделуге байланысты шығындар шоты арқылы тапсырыс берушілер және сатып алушылармен зиянның өтелуін қосқандағы үстеме шығындардың бір бөлігі). Актіде, соньмен қатар, сапасыз материалдармен жабдықтағаны үшін жабдыктаушылардың есебінен ұсталатын (егер олар өз кінәсін мойындаса) шығын сомасы, ақауды жіберушілердің зиянды өтеу сомасы, сондай-ақ пайдаланудың мүмкін бағасы бойьшша ақау деп танылған бұйымды бөлшектеу мен жөндеуде кірістелген материалдардың құны көрсетіледі. Ақауды түзету мен зиянды өтеу шығын сомаларының арасындағы айырмашылық ақаудан болатын ысырапты білдіреді әрі шығын баптары мен экономикалық элементтерге сәйкес өнімнің өзіндік құнына қосылады. Актіні ақаудан болатын ысырапты кінәлінің есебінен немесе шаруашылық қызметтің нәтижесінің есебінен есептен шығару туралы шешімді қабылдайтын субъект басшысы беқітеді. Акт ақауды жою туралы бастапқы құжаттарға сәйкес келетін ресімдеудің негізі болады. Ақауды түзетуге төленетін жұмыстың ақысы ақаудың дабылдамалық жүктеліміне (сигнальный наряд на брак) жазылады, ал ақауды түзету үшін пайдаланылатьш материалдарды босатуға, өзгертіп жасауға — дабылдамалық талап етуге жазылады.

 

Түзетілетін ішкі ақаудың өзіндік құны шикізат пен ақаудың түзетуге кететін материал құндарынан, ақауды түзету жұмыстарымен айналысатын жүмысшылардың еңбекақыларынан, осы жүмысшылардың еңбекақы қорынан аударымдардан (яғни еңбекақы қорының аударымдарынан) тұрады. Ал, ақауды түзетуден болатын ысыраптар оның өзіндік құнынан кінәліден ұсталған соманы шегеру арқылы анықталады. Аса үлкен емес номенклатурадағы кәсіпорындарда ақау белгіленген калькуляция баптары бойынша бағаланады (материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбеқақысы, аударым, үстеме шығындар). Егер субъект үлкен бұйым номенклатурасына ие болса, ақау жоспарлы немесе нормативті өзіндік құндарымен бағаланады.

Сыртқы ақаудың өзіндік құны ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан және оны сатып алушыға жөнелту шығыннан, сондай-ақ ақау деп танылған өнімдерді ауыстыру барысындағы көліктік шығындардан немесе ақауды түзету үшін сатьш алушыға берілетін шығындардан тұрады. Өнімді тұтынушылар төлеген айыппүл, өсімақы, тұрақсыздық төлемі ақаудың өзіндіқ құнына қосылмайды, субъект қызметінің нәтижесіне есептен шығарылады,

Ақаудан болатын ысыраптың синтетикалық есебі 93 «Үстеме шығындар» бөлімше шотында, 3 «Ақауды түзету шығындары» қосалқы шотында жүргізіледі. Әрбір айдың аяғында ақаудан болатьш ысырап өндіріс шығындарының есебіне есептен шығарылады және дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Өнім ақауының түрлері бойынша мына шоттардың корреспонденттерін ұсынуға болады.

 

Ел ішінде өнім өндіру барысындағы ішкі ақауды түзету шығындары:

  • Ақауды түзету үшін цехқа материалды босату талабы негізінде Дебет 931/3 «Ақауды түзетуге кететін материалдар»

Кредит 201-208 «Шикізат және материалдар»                               230000

  • Ақауды түзету жүмысымен айналысатын жұмысшының еңбеқақысы есептеледі Дебет 932/3 «Ақауды түзетумен айналысатын жұмысшының еңбекақысы»

Кредит 681 «Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу»                                                                                                              60000

  • Ақауды түзетумен айналысатын жүмысшылардың еңбеқақы қорынан аударылатын сомаға

Дебет   933/3   «Ақауды   түзетумен   айналысатын   жүмысшылардың   еңбекақы   қорынан

«Аударым»

Кредит 635 «Әлеуметтіқ салық»                                              8272

Өндірісте ақаудан баска ары қарай қайта жасауға берілетін немесе тараптарға өткізілуі мүмкін қалдықтар пайда болады.Ч.Т. Хорнгрен мен Дж. Фостердің анықтауы бойынша «қалдық — бұл шығарымда (на выходе) өнімнің бөлігі болып табылмайтын өндіріске кеп түсетін материалдар, алайда оның салыстырмалы түрде аздаған экономикалық құндылығы болады».

Өнім өндіруде қалдықтарға жіберуге болатын материал шығындарының сметалық нормасы пайдаланылады. Материалдың сметалық нормасы былай есептелуі мумкін: дайын өнім бірлігіне кететін нормативті бағасы, дайын өнім бірлігіне кететін калдықтардың нормативі ысырап салмағына көбейтілген өнім бірлігіне кететін қалдыктардың нормативті бағасын азайту.

Әдетте қалдықтарға өлшеуге (таразыға тартылатын, саналатын) келетін металл және ағаш кесінділері, тақтайлары, жаңқалары, үгіндісі, жоңқалары жатады. Қалдықтар сметалық нормаға сәйкес болуы керек, олардың шектен тыс көбеюі өндірістің тиімсіздігін көрсетеді.

 

Ескерілген және өткізілген қалдықтардың құны үстеме шығындарды (оларды кірістемей-ақ) кемітуге қатысты болады.

Мұнда өткізуден түскен соманы бухгалтерлік жазбамен көрсетуге болады. Дебет 441 «Банктегі ағымдық, корресповденттік шоттағы ақша», 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» Кредит 930 «Үстеме шығындар».

Алайда, егер қалдықтар ұзақ уақыт боны өткізілмесе, онда олардың пайдалануының мүмкін бағасы мен сатудың таза құны бойынша тауарлы-материалдық қор құрамында екенін ескеру керек.

Дебет 206 «Басқадай материаддар» қосалқы шот «Өндірістегі қалдықтар» Кредит 900 «Негізгі өндіріс».

Егер қалдықтар өткізуге арналмаса, ол негізгі және қосалқы материал ретінде қайталап қолданылса қоймаға кірістеліп, қажетті жағдайда өндіріске жіберіледі.

Үстеме шығындардың икемді бюджетін жасауда оның құрамына ақаудың таза шығындары мен оның түзетуге жұмсалатын шығын, сондай-ақ қалдықтарға босатылатын шығын кіреді.

Мұнда бұрын аяқталмаған өндіріс ретінде ескерілген ақау бірлігі оның құрамынан шығарылып, өндірістік үстеме шығынға қатысты болады. Ұйымның кезеңдік басшылығы нақты ақаумен өндірілген және қалдықтардан алынған бюджеттік босатуларды салыстырады. Мұндай салыстыру ақау деп танылған бұйымдарды бақылауға және осыған орай ақауды кеміту, өндірістің қалдықтарын азайту жолдарын іздестіру бойынша басқарушылық шешім қабылдауға пайдаланатын жалпылама ақпарат береді.

I ТАРАУ.

2.1. Басқарушылық шешімді және бақылауды негіздеу шығындары туралы ақпарат (болашақ кезеңдегі болжау).

Басқарушылық шешімді қалыптастырудагы ақпараттық қажеттіліктер әр түрлі деңгейдегі бөлімшелер шығындары өзара байланысты жүйемен басқарылғанда ғана қанағаттандырылады. Ұйымның есептік ақпараттық жүйесін құруға әсер ететін негізгі факторларға аса қажетті бастапқы талдамалық деректерді алу, тиісті көздерге бастапқы мәліметтерді тарату, талдамалық (сараптамалық) ақпаратты басқаруға ақпараттық қажеттіліқтерді қанағаттандыруды іске асыру процесінің жүруі жатады.

Басқарушылық шешімді өндіру (жасау) процесі мәселені шешудің бірнеше мүмқін жолдарын (нұсқаларын) салыстыра қарауды және олардың арасынан ең қолайлысын таңдап алуды білдіреді. Аса қажетті ақпараттарды бухгалтер береді.

Бұл процестің мына кезеңдерін бөліп қөрсетуте болады: мәселенің пайда болуы, әрекетке жақын, яғни мәселені шешуге септігі тиетін мүмкін нұсқаларды анықтау, шаруашылық операцияларына баламалардың ықпалын талдау: іске жарамды нұсқаларды іріктеу, нәтижелерді талдау. Шешімді қабылдау моделі (үлгісі) басқарушылық жүйемен бақыланатын және бақыланбайтын факторлардың сандық және символдық мағыналарын, сондай-ақ операциялық шарттар мен шеқтеулерді білдіреді.

Басқарушылық шешімді қабылдауға баламалы нұсқаларды қарастырғанда болжалды шығындар мен табыстар баламалы нұсқалар бойынша айыратын релеванттық талдау қолданылады. Яғни, алдағы басқарушьшық шешімге қатысты, нұсқалар бойынша ерекшеленетін шығындар мен табыстар релеванттық бола алады.

Басқарушылық шешімді қабылдау процесіндегі мұндай тәсілдеме елеулі ақпараттарға ғана назар аудартады, ал, бұл өз кезегінде әлдеқайда жақсы шешімді өндіру процесін оңайлатады әрі тездетеді.

«Шығындар – көлем — пайда» таддауы шығынның, түсімнің, өндіріс көлемінің және пайданың өзара байланысына негізделген әрі жоспарлау мен бақылаудың басқарушылық аспабы болып табылады. Мұндай таддау барлық шығындардың орнын толтыруға, бағалы шешімдерді кабылдауға және басқарушылық міндетті іске асыруға аса қажетті өндіріс көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Шығындарды өзгермелі және тұрақты деп бөлу залалсыздыц нүктесін, яғни ұйым зиян да шекпейтін, пайда да алмайтын аса қажетті өндіріс көлемін есептеуге мүмкіндік береді. Шығындардың мінез-қүлқын бағалау залалсыздық нүктесіне жеткенге дейін өзіне тұрақты шығынды қосатын, ал жеткеннен кейін — салык салынғанға дейін пайданы қосатын маржиналдық табыстың тұжырымдамасымен тікелей байланысты.

 

2.2. Шығынды бюджеттеу және бақылау (қазіргі кезеңі).

Бақылаумен қатар басқару қызметінің маңызды бір саласында жоспарлау жатады. Ол алдағы уақытта орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау процесі болып табылады. Бюджеттік жоспарлау — құрылымдық белімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жеке бюджеттерді әзірлеу процесін білдіретін жоспарлаудың детальданған деңгейі. Бюджет — әдетте жоспарланған кірістер мен шығыстарды көрсетуші белгілі бір кезең уақытына дейін әзірленіп, қабылданған ақшалай түрдегі сандық жоспар. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды орындауын бағалаудың негізі болып табылады.

Жоспар оперативті, әкімшілікті, стратегиялық деп бөлінеді. Мезгілі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және келешекті (жылдан көп) болуы мүмкін. Детальданған бюджеттер ең көп дегенде әлдеқайда қысқа кезеңге белгілеумен бір жьшға жасалады.

Бюджеттік жоспарлаудың сатыларына мыналар кіреді: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; қызметті бағалауда пайдаланатын көрсеткіштерді анықтау; жаңа ахуалға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу; ұсынылған түзетпелерді ескеру арқылы жоспарды түзету.

Бюджет қызметіне мыналар жатады: көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлайды; әр түрлі қызметтерді және жеке бөлімшелерді үйлестіреді; өз мақсаттарына ұзатылатын жауапты орталықтардың басшыларын ынталандырады; жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болады.

Бас бюджет — барлық бөлімшелерге немесе тұтас ұйымның жұмыс жоспарының функцияларына үйлестірілген. Ол екі негізгі бюджеттен тұрады:

  • оперативті (ағымдағы) — мұнда сегментке немесе ұтымның жеке қызметтеріне (кірістер мен   шығыстар   туралы   болжанған   есеп   беру)   жоспарланған   операциялар аударьшады;
  • қаржылық — мұнда ұйғарылған қаржы көздері және оларды жоспарлы кезеңде пайдаланылатын бағыттар (күрделі шығындар бойынша шығын, ақша қаражатының жоспары, жоспар балансы және ақшаның қозғалысы туралы есеп беру) көрініс табады.

Бюджеттің орындалуын бағалау нақты қол жеткен нәтижеден жоспарланған нәтиженің арасындағы алшақтық, яғни жоспардан ауытқуды талдауға негізделеді.

Бас бюджетті жасау процесінің жөнелту нүктесіне (отправной точки) бюджетті сатуға әзірлеу жатады, өйткені түсім нақты нарықта өткізудің негізгі мүмкіндіктерімен, яғни сыртқы факторлармен аныкталады.

Ақшалай қаражат бюджеті — бұл ақша, төлем түсімі мен алдағы кезең уақытына төлеу жоспары. Бұл жоспар жоспарлы кезең аяғында ақшалай қаражат шотындағы болжалды ақырғы сальдоны және жоспар құрылатын бір жылдағы әрбір айдың қаржылық жағдайын көрсетеді. Жоспар екі бөлімнен тұрады: болжалды ақша түсімі мен болжалды төлемдер мен төлеулер, ол жоспарлы кезеңнің соңында ақшалай қаражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді әрі жоспарлы кезен ішіндегі әрбір айдың аяғында ақшалай қаражаттың қалдығын болжайды, қаржы ресурстарының артық немесе кем болатын кезеңдерін анықтайды.

Бақылау құралы ретінде бюджет қызметі жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыруда ашылады. Түзілу мақсатына және қызметінің ұйымдастырылу көрсеткіштерін талдауына карай бюджет мыналарға бөлінеді:

  • статистикалық — ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне байланысты құрылатын, ягни өткізудің бір деңгейіне негізделген жоспар;
  • икемді — белгілі бір (нақты) іскер белсенділіктің диапазоны үшін жасалатын серпінді (динамичный) жоспар (өткізу көлемінің баламалы нұсқаларының негізінде) және өткізу деңгейінің өзгеруіне қарай шығындардың өзгерісін ескереді. Оны жасау үшін шығындарды өзгермелі және тұрақты деп бөлеміз.

Икемді бюджет ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Бүл мақсатта нақты өнім шығарылымын қоса ескеретін өзгермелі шығынға түзету жүргізіледі. Тұрақты шығындар өзгеріссіз қалады, өйткені өндіріс пен өткізудің көлеміне тәуелді емес.

Жоспарлыдан нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды:

  • нақты және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру;
  • жоспарлыдан нақты пайданың ауытқу себебін анықтау;
  • баға бойьшша, ресурс бойынша ауытқу есебі (баға факторы);
  • ресурстарды пайдалану көлемі бойынша ауытқу есебі (сандық фактор). Рентабельділіктіц (пайдалылъщтың) ішкі нормасы — бұл кәсіпорын пайда алмай-ақ инвестициялық және ағымдық шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оны анықтау үшін таза ағымдық құн есебінің формуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарда, инвестицияларда және жабдықты экснлуатациялау (пайдалану) уақыты дисқонттау мөлшерлемесін анықтайды.

Өтелімділік кезеңіне ұйым пайдасы уақыт факторын ескермей инвестициялык шығынның орнын толтыратын уақыт аралығы.

Рентабельдік коэффициенті жарты жылдық жоспарлары пайданың жұмсалған күрделі қаржыға (на вложенный капитал) қатынасын білдіреді. Коэффициент мына схемалар бойынша уақыт факторын ескеру арқылы, сондай-ақ оны елемей еселтелу мүмкін: инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау; уақыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға қаражат жұмсау тәуекелділігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау; таза ағымдық құнның есебі. Бұл көрсеткіштердің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.

 

Өндіріс пен өткізудің әр түрлі факторларына шектеулерді енгізу «шығындар — көлем — пайда» талдау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл өнімнің бір немесе басқа түрлерін өндіретін өндірістің тартымдылығына елеулі ықпал етеді. Мұндай тапсырманы шешу үшін бағдарламалаудың желілік үлгісін пайдалануға болады (модели линейного программирования). Желілік бағдарламалаудың негізгі әдісіне мыналар жатады: сара және қате әдісі (желілік бағдарламалау тұрғысынан қарағанда оңтайлы, оньщ шешімі мүмкін шешімдер саласындағы координатты саралау нәтижесінде табылады) және кестелік (оның оңтайлы шешімі мүмкін шешімдер саласындағы бұрыштық нүктелердің бірінен табылады).’

Қазіргі уақыттағы Қазақстанның экономикасы өндірістің дамуын, нарықты аса қажетті тауарларымен толық қамтамасыз етуді, оның ішінде халықтың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыруды талап етеді.

Баспа ісі — кітап, журнал, газет, бейнелеуші материалдар және басқа да баспалық өнім түрлерін әзірлеумен, шығарумен және таратумен байланысты мәдениет пен өндіріс саласы. Баспа — бұл баспалық өнімдерді әзірлеуді және шығаруды жүзеге асыратын ұйым. Баспа өнім шығару түрлері бойынша айрықшаланады.

Баспадағы бухгалтерлік есептің жүргізілу барысын қарастырғанда тікелей және жанама шығындарга қатысты, сондай-ақ өндірістік өзіндік құнның калькуляциясын және есептеуін жасағанда көптеген мәселелер бой көтереді.

Мына мысалдар арқылы баспадағы есептің тәртібін қарастырайық.

Баспа бекітілген келісімшарттың негізінде «Салық салу туралы» кітапшаны басып шығаруға тапсырыс берушіден материалдар қабылдап алды. Келісімшартқа сәйкес тапсырысты дайындау тапсырыс берушінің қаражат есебінен болады. Жұмыс шаруашылық әдісімен орындалады.

Жұмыстың жоспарлы калькуляциясын жасаймыз:

  • материалдар ‘                                         — 40700 теңге;
  • еңбекақы — 60000 теңге;
  • еңбекакыдан аудару — ІЗЗООтеңге;
  • негізгі құралдың тозуы — 6500 теңге;
  • басқадай (коммуналдык қызмет көрсету) — 17000 теңге; Қорытындысы:                                                                            137700 теңге;
  • рентабельділігі (пайдалылығы) 25% — 34425 теңге; Барлығы:                                                                                     172125 теңге.
  1. Баспа бөлімінде баспаханалық бөлімге тапсырылатын материал дайындалды (терім, беттеу, дизайн, редакциялау, түзету жүргізіліп, мәтін (текст) пленкаға берілді).

Материал өндіріске босатылды. Редакциялауға мәтінді шығару үшін қағаз, картридж пайдаланылды. Материалдар баспаханалық цехқа тапсырылу үшін әзірленді:

901     Негізгі өндірістің «материалдары» шот дебеті

201 «Шикізат және материалдар» шот кредиті                               3200 теңге.

1.2. Баспа бөліміндегі қызметкерлерге еңбекақы есептелді:

902    «Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы» шот дебеті

681 «Еңбекақы бойьшша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті  18000 теңге.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің   15.03.1999  г.  №245   (өзгертулермен) «Жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнасын есептеу, ұстау және аудару тәртібі» қаулысына сәйкес баспа бөліміндегі өндірістік жүмысшылардың Еңбекақы қорындағы (жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығын ұстауға дейін) еңбекақыларынан 10% мөлшеріндегі міндетті аударымды Жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жүзеге асады.

681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот дебеті

686 «Жинақтаушы зейнетакы қоры бойьшша есеп айырыеу» шот кредита   1800 тенге.

 

«Салықтар жэне бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 145-бабына сәйкес төлем көздерінен жеке тұлғадан жеке табыс салығын ұстау жүзеге асырылады. Жеке табыс салығы баспа бөліміндегі қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталды:

681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот дебеті

639 «Жеке табыс салығы» шот кредиті                                     764 теңге.

01.04.1999 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына Еңбекақы қорынан мін­детті 10% аударым табыс салығына салынбайды. Сонымен бірге жеке тұлға «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодекстің 152-бабына сәйкес асырауындағы әрбір отбасы мүшесіне салық жьшының ішінде алынған әр айдың табысынан жұмыс берушіге білдірген өтініші негізіндегі табыс бойынша бір айлық есептік көрсеткіші көлемінде шегерімге (вычет) құқылы.

Баспа  бөлімінің   еңбекақы   қорынан   аударым   жүзеге   аеырылды.   Салық кодексінде белгіленген көлемде әлеуметтік салық есептелді. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 317-бабына сәйкес әлеуметтік салық   жинақтаушы   зейнетақы   қорына   жеке   тұлғалардан   ұйым   ұстайтын   міндетті зейнетақы жарнасын, пайдаланылмаған демалыстың өтемақысын, қызметтен босатуға байланысты   берілетін   жәрдемақыны,   өтемақылық   төлемдер   және   т.б.   қоспағанда еңбекақы қорынан тиісті салықты ұстағанға дейін есептеледі.

903    «Еңбекақыдан аудару» шот дебеті

635 «Әлеуметтіқ салық» шот кредиті                                       3240 теңге.

Өндірістік тәсілмен баспа бөлімінің негізгі құралдар амортизациясы есептелді: 935 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шот дебеті

132 «Тапсырыстық құрылғыдағы (передаточных устройств) машиналар мен жабдықтың тозуы» шот қредиті                                1207 теңге.

 

Бір  мезгілде бір элементті үстеме  шығындар жинау-бөлу шотында қорытындыланып, былай қөрініс табады: 930 «Үстеме шығындар» шот дебеті

935 «Негізгі құралдың тозуы жэне материалдық емес активтердің амортизациясы» шот кредиті                                                      1207 теңге.

Айдың аяғында үстеме шығындар негізгі өндірістің шығынына қосылады.

904    «Үстеме шығындар» шот дебеті

930 «Үстеме шығындар» шот кредиті                                       1207 теңге.

Баспа бөліміндегі өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін негізгі өндірістің шығыны жиналады. 900 «Негізгі өндіріс» шот дебеті

901 «Материалдар», 902 «Өндіріс жұмысшыларының еңбеқақысы», 903 «Еңбек­ақыдан аудару», 904 «Үстеме шығындар» шоттар кредиті                                                                                                              25647 теңге.

Шығынға баспа бөлімі экелген баспахана цехының шығыны қосылады. 900/2 «Негізгі өндіріс» шот дебеті, қосалқы шот «Баспахана цехы»

900/1 «Негізгі өндіріс» шот кредиті, қосалқы шот «Баспа бөлімі»         25647 теңге.

Осы әдіспен амортизацияны есептеуде «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 110-бабына сэйкес белгіленген ең жоғары деңгейдегі нормадан аударымның аспауын есте ұстау қажет. Егер амортизация ең жоғары деңгейдегі шектен асатын болса, онда пайда болған айырмашылық жылдық жиьштық табысты есептеуде салық есебіндегі шегерімге қатысты болмайды.

ҚОРЫТЫНДЫ МАТЕРИАЛДАР:

Материалдар өндіріске жіберілді: -26400 тенге сомасындағы кағаз;

-1500 теңе сомасындағы бону; -6000 теңге сомасындағы катырма (картон); -750 теңге сомасындағы форма; -2750 теңге сомасындағы химиялық реактив; 37400 теңге сомасындагы цорытынды. 901/2 «Материалдар» шот дебеті 201 «Шикізат жэне материалдар» шот кредит!          37400 теңге.

«Салықтар жэне бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 152-бабына сәйкес баспахана цехының жұмысшыларына еңбекақы есептелді.

902/2 «Негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақысы» шот дебеті

681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті   20000 теңге.

Баспахана цехының өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан Жинақтаушы зейнетақы  қорына  Еңбеқақы  қорынан   10%  мөлшеріндегі  міндетті  аударым  жүзеге асырылды (жеке түлғаның жеке табыс салығына дейін).

681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен^есеп айырысу» шот дебеті

686 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу» шот кредиті 2000 теңге.

«Салықтар және бюджетке төленетін басқөа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) Кодекстің 152-бабына сәйқес баспахана цехы қызметқерлерінің еңбекақысынан жеке табыс салығы ұсталды.

681 «Еңбеқақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот дебеті

639 «Жеке табыс салығы» шот қредиті                                    854 теңге.

Баспа бөлімі қызметқерлерінін Еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды. Әлеуметтік салық есептелді.

903/2 «Еңбекақыдан аудару» шот дебеті

635 «Әлеуметтіқ салық» шот кредиті                                       3600 теңге.

Коммуналдық қызмет қөрсетуге төленді.

Ыстық және суық су, электр қуаты тапсырыстарының орындалуына шығын шықты. 936 «Коммуналдық қызмет қөрсету» шот дебеті

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот қредиті                              1800 теңге.

ҚҚС сомасына (15%). 331 «Зиянды өтеуге қосымша құн салығы» шот дебеті

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот қредиті                              270 теңге.

ҚҚС есепке алуға қойылды. 633 «Қосымша құн салығы» шот дебеті

331 «Зиянды өтеуге қосымша құн салығы» шот кредиті        270 теңге.

Өндірістік тәсілмен  баспахана цехының негізгі  құралдар  амортизациясы есептелді.

935/2 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шот дебеті

132 «Тапсырыстық құрылғыдағы машина мен жабдықтың тозуы» шот кредиті 4240 теңге.

Бір мезгілде үстеме шығындар жинау-бөлу шотында қорытындыланады. 930/2 «Үстеме шығындар» шот дебеті

935/2    «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес ақтивтердің амортизациясы» шот қредиті                                4240 теңге.

936/2 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес ақтивтердің амортизациясы» шот қредиті                                 1800 тенге.

Айдың аяғында үстеме шығындар негізгі өндірістін шығынына қосылады. 904 «Үстеме шығындар» шот дебеті

930/2 «Үстеме шығындар» шот қредиті    6040 теңге. Баспа   бөліміндегі   өнімнің   өзіндік   құнын   есептеу   үшін   негізгі   өндірістің шығындары жиналады. 900/2 «Негізгі өндіріс» шот дебеті

901/2  «Материалдар»,  902/2  «Өндірістік жұмысшьшардың  еңбекақысы»,  903/2 «Еңбеқақыдан аудару», 904 «Үстеме шығындар» шоттар қредиті                                                                                                           6704теңге.

Баспа бөлімінің шығыны баспахана бөлімінің шығынына қосылады. 900/2 «Негізгі өндіріс» шот дебеті, қосалқы шот «Баспахана цехы»

900/1 «Негізгі өндіріс» шот кредиті, қосалқы шот «Баспа бөлімі»         25647 теңге.

Баспахана   бөлімінде   тапсырысты   орындау   бітіп,   дайын   өнім   қоймаға тапсырылды. Бұл жұмыс қалыптасқан өндірістіқ өзіндік құнның негізіне қірістеледі:

221 «Дайын өнім» шот дебеті

900/2 «Негізгі өндіріс» шот қредиті                                          92687 теңге.

  1. Әкімшіліқ бөлімі.

Әқімшіліқ аппараты қызметкерлеріне еңбекақы есептелді.

821 «Жалпы жӘне әкімшілік шығындар» шот дебет!

681 «Еңбеқақы бойынша қызметқерлермен есеп айырысу» шот кредиті   22000 теңге.

Әкімшіліқ   аппараты   қызметқерлерінің   еңбеқақысынан   (жеке   тұлғадан әлеуметтік   және  табые   салығын  ұстағанға  дейін)   жинақтаушы  зейнетақы  қорынан еңбекақы қорындағы 10% мөлшеріндегі міндетті аударым жүзеге асырылды.

681 «Еңбеқақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот дебеті

686 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу» шот кредиті   2200 теңге.

«Салықтар және бюджетқе төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодеқстің   152-бабьша сәйкес жеке тұлғаның төлем көзінен табыс салығын ұстау жүзеге асырылды. Әкімшілік аппараты қызметқерлерінің еңбекақысынан табыс салығы ұсталды. 681 «Еңбеқақы бойынша қызметқерлермен есеп айырысу» шот дебеті

639 «Жеке табыс салығы» шот кредиті                                     954 теңге.

Әкімшілік  аппараттың   Еңбеқақы   қорынан   аударым   жүзеге   асырылды. Әлеуметтік салық есептелді. 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті

Алынған шот-фактурасына сәйкес коммуналдық қызмет көрсетуге теленді.

821 «Жалпы және экімшілік шығындар» шот дебеті

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті           15 000 теңге.

ҚҚС сомасына. 331 «Зиянды өтеуге қосымша құн салығы» шот дебеті

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті                               2250 теңге.

ҚҚС есепке алуға қойылды. Дебет 633 «Қосымша құн салығы»

Кредит 331 «Зиянды өтеуге қосымша құн салығы»                 2250 теңге.

«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 110-бабына сәйкес белгіленген нормаға орай негізгі құралдар амортизациясы есептелді

Шот дебеті 821 «Жалпы және әкімшілік шыгындар»

Шот кредиті 132 «Тапсырыстық құрылғыдағы машина мен жабдықтың тозуы» 1548 теңге.

Өндіріетік және әкімшілік шығындарынан қалыптасқан толық өндірістік өзіндік құнды есептейміз:

1) материалдар — 3200+37400=40600 теңге;

2)еңбекакы — 18000+20000+22000=60000 теңге;

  • еңбекақыдан аудару — 3240+3600+3960=10800 теңге;
  • негізгі құралдардың тозуы — 1207+4240+1548=6995 теңге;
  • басқадай (коммуналдық қызмет көрсету) — 1800+15000=16800 теңге; Қорытынды: 125195 теңге.

Нақты қалыптасқан шығын жоспарлы калькуляциялаумен салыстырғанда 1965 теңгеге кем (137700 теңге — 125195 теңге).

Есептеуден көрінгендей, дайын өнім тапсырысты әзірлеуге кететін тікелей шығындарды ғана өзіне қосады, бұл дайын өнімді өткізу бағасын анықтауда үлкен қиындық тудырады. Мұндай мәселені шешу үшін өнімнің нақты қалыптасқан өзіндік құнына жүгіну керек, яғни базиске 135735 теңге сомасын қабылдау қажет.

 

  1. Тапсырыс беруші қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен 50% алдын ала төледі.

441 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шот дебеті

661 «Тауарлы-материалдық қормен жабдыкталуға альшған аванс» шот кредиті 84713 теңге.

  1. 169246 теңгеге, оның ішінде ҚҚС тапсырыс берушіге шот қойылды. 1-ші нұсқа

301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

701 «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстарх шоттар кредиті              145902 теңге.

ҚҚС сомасына. 301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

633 «Қосымша құн салығы» шот кредиті           23344 теңге.

Төлеуге қорытынды: 169426 теңге.

Ақпарат бухгалтерлік есебі еңбекпен табылатын табыстың мойындалатын (көрініс табатын) (доходы признаются (отражаются), когда они заработаны), ал шығын мен залал әкелінетін (а расходы и убытки, когда они понесены) есептеу принцилтеріне негізделеді. яғни, өнімді жөнелтуде (тиеуде) бір мезгілде табыс кірістеледі, ал өзіндік құн шығынға жатады.

Қоймадан жүк жеқелтілді» яғни тиелді (жөнелтілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды).     ,

801 «Әтазілген дайьш өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік кұны» шот дебеіга

221 ;«Дайын өнім» шот кредиті                  92729 теңге.

  1. Тиелген тауар үшін авансты есепке алу жүзеге асьфылды.

661 чСГауарлы-материалдык кормен жабдықталуға алынған аванс» шот дебеті

301 «Алынуға тиісті шоттар»тпот кредиті        84713 теңге.

  1. Есеп айырысу шотына ақша кеп түсті.

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот дебеті

301 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті          84533 теңге.

  1. Есептік кезеңнің соңында барлық табыстар мен шыгындар қорытынды табыстың есебінен есептен шығарылады.

571 «Жиынтық табыс (залал)» шот дебеті

801 «Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, кызмет) өзіндік құны» шот кредиті                     92729 теңге.

571 «Жиынтық табыс (залал)» шот дебеті

821 «Жалпы жэне әкімшілік шығындар» шот кредиті       42706 теңге.

701 «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыс» шот дебеті

571 «Жиынтық табыс (залал)» шот кредиті                       145902 теңге.

  1. Заңды тұлғадан корпоративтік табыс салығы есептелді.

145902 — (42706+92729) =10467            10467х 30% = 3140 теңге

851 «Корпоративтік табыс салығы бойынша есеп айырысу» шот дебеті

631 «Төлеуге корпоративтік ^табыс салығы» шот кредиті      3140 теңге.

571 «Жиынтық табыс (залал)» шот дебеті

851 «Корпоративтік табыс салығы бойынша есеп айырысу» шот кредиті   3140 теңге.

145902 — (92729 — 42706 — 3140) = 7327 теңге 571 «Жиынтық табыс (залал)» шот дебеті

561  «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (орны толтырылмаған залалы)» шот кредиті                                                  7327 теңге.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы
  2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
  3. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
  4. Жуйриков К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2002, №2
  5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002

Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003

  1. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
  2. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
  3. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003
  4. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003