Бухгалтерлік баланс типтері
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі – жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол аштық. ҚР-Елбасшымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.» деген еді. Осы жайттардың барлығын ескере отырып мен өзімнің курсттық жұмысымды бухгалтерлік есебімізді яғни бухгалтерлік теңдіктің дұрыс орындалуына барынша үлесімді қосып, сол тақырыпты кең көлемде ашып бергім келіп тұр.
Бұл тақырыпты мақсаты:
• бухгатерлік баланстың тепе-теңдік принциптің, мұның қалыптасуы мен құрылымын және жекелеген баланс элементтеріне түсінік беру;
• активтер, пассивтер ұғымына түсінік беріп, баланс көрсеткіштерінің типтік өзгерістерге түсетіндігін дәлелдеу;
• бухгалтерлік балансты құрайтын жекелеген элементтерге терминологиялық тұрғыда түсінік беріп, бұлардың экономикалық маңызын ашу.
Баланс – бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтерінің бірі. Біріншісі «Актив» деп, ал екіншісі – «Меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады. Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы , қолданылуы, ал екінші бөлімінде – «Меншікті капитал және міндеттемелер» (МКМ), яғни қаражаттың пайда болуы көздерімен мақсатты белгіеуі көрсетіледі.
Актив МКМ
1.Ұзақ мерзімді активтер
1. Материалдық емес активтер
2. Негізгі құралдар
3. Ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек
4. Инвестициялар
2.Ағымдағы активтер
1. Тауарлық-материалық қорлар (материалдар, дайын өнім, тауарар)
2. Ақшалай қаражаттар (касса, есепшот, валютаық шот)
3. Дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептесу)
4. Қаржылық инвестициялар
5. Келешек кезең шығындары
1.Меншікті капитал
1. Жарғы капитал
2. Резервтік капитал
3. Қосымша төленген капитал
4. Қосымша төленбеген капитал
5. Төленбеген табыс (жабылмаған шыығын)
2.Ұзақ мерзімдік міндеттемелер
1. Ұзақ мерзімді қарыздар
2. Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
3. Салықтар
3.Ағымдық міндеттемелер
1. Қысқа мерзімдік қарыздар
2. Бюджетпен есептесулер
3. Алынған аванстар
4. Жалақы бойынша есептесулер
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер
МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады.
Салытыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көреткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер МКМ (пассивтерінде ) тең болуы тиіс. Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар – жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың қайсібір сәтіне ғана (заңнамаға сәйкес – есепті жылдың 31-желтоқсанында) анықтауға болады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын мынандай теңдеуді пайдаланып, есептеп шығаруға болады:
Активтер =міндеттемелер+меншікті капитал.
Бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесінде бұл теңдеу баланстық теңдеу деп аталады. Оның екі бөлігіде өзара тең болуы тиіс.
1-бөлім. Бухгалтерлік баланс. Оның құрылымы мен мазмұны.
1.1. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері.
Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің теориялық негізін қалайтын әдіснамалардан түрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән принциптерді, баланстың экономикалық қүрылымын, баланстағы тараулар мен баптардың экономикалық мәнін бағалау, осылардың негізінде экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдау болып табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізу бағытында капитал қалыптастыру, мүның функционалды аспектілерін зерттеу үрдісіндегі маңызы өте зор. Екі жақтылық төория бухгалтерлік баланспен тікелей байланыста болады. Баланс жүргізу теориясының негізінде бухгалтерлік есеп жүйесінің әдіснамалык ережелері қалыптасады. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп жүйесінің техникалық жақтары іске асырылады.
Бухгалтерлік есепті арнайы жүйеге келтіру үш аспектіден және қүрамдас сабақтастықтан түрады:
1. Екі жақтылық
2.Бухгалтерлік есеп счеттары
3.Бухгалтерлік баланс
Баланс жүргізу теориясы екі жақтылық принциптен (түрақты түрде екі жақтылықтың сақталуынан), сондай-ақ шаруашылык операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп объектілері деп — әрбір үйымдардағы орын алған фактілер мен операцияларды және атқарылған қызметтерді айтуға болады.
Он тоғызыншы ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэл
Пизани баланстық теорияның негізін салды. Ол «статмография»
үғымын енгізген. Грек тілінде «статмо» — баланс, «графия» — жазып
талдау деген үғым береді.
Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа бөлінген. Мүмкін осылайша бөлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған болар.
Бухгалтерлік баланс — үйымдардың экономикалық өміріндегі капиталдың шеңберлі айналысы процесін зерттеуші әдіс. Өзінің пәндік қасиеті түрғысынан капитал әрқашан да нактылык мақсатта, қүндык маңызда болады. Капталдың негізгі орындаушылық қасиеті бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады. Баланстың пассивіндегі көздер міндеттемелер түрінде мақсаттық сипатта болып, қүқықтық қатынастарды қүрайды. Пассивтік көздер қүқықтық қатынастардың пайда болуы мен себебтерін, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) мүддесін қорғайды.
Несиелендірушілер, акционерлер, қаржы салымшы инвесторлар мақсаты осы үйымның мүліктерін таратып алу емес, ақшаны ақшага айналдырып табыс алу болып табылады. Мүндаймақсаттар мен себептер негізінде ұйымдар мүмкіндігін (активтерін) екі түрге: құқықтық мүліктерге (таза активтер) және мүліктік міндеттемелерге бөліп қараған жөн. Бүдан таза активтер және шартты активтер үғымы туындайды.
Үйымдарды ең әуелгі бастапқы кезеңде үйымдастыру үшін активті қаражаттар қалыптастырудың көздері қарастырылады. Белгілі көлемде қаржы көздері табылмаған жағдайда, үйымдардағы бухгалтерлік баланс инвестицияланған капиталдың шеңберлі айналысын әрбір экономикалық фазаларға қарай бағалап отыруды мақсат түтады.
Инвестицияланған капитал кәсіпкерлік әрекеттің негізін қүрап, осы кәсіпкерліктің (үйымның) қүрылу себептерін және капитал айналысының базисін қалыптастырады.
Егер, біздер екі жақтылық дүниені пәлсафалық категория түрінде қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есепке тән қор көздерін — «базис», ал активті қаражаттарды — «қондырма» деп сипаттауға да болады. Яғни «статмо» үғымын базистік түрақтылық, ал «графия» үғымын қозғалыстағы қондырма деп қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есеп дүниесіндегі екі жақтылық принципті пәлсафалық жағынан ары қарай зерттеу мүмкіндігі зор болар ма еді.
Активтерді қозғалыстағы қондырма категориясына тән деп қараған жағдайда капитал айналысының мақсаты есепті жылы алынған қаржылық қорытындының өсу қарқынымен өлшенеді. Қаржылық қорытындының өсу қарқыны жылдан-жылға көбейген жағдайда капиталды қайта инвестициялау, мүның көлемін арттырып отыру мүмкіндігі туындайды. Осы айтылғандарға байланысты капиталдың шеңберлі айналысы есебін жүргізіп, жинақтауға, талдауға арналған бухгалтерлік баланстың әдіснамалық функциялары (қасиеті) өте зор. Сонымен қатар бухгалтерлік баланстағы жинақталған көрсеткіштер мен ақпараттар негізінде қаржылық қорытынды есеп жасап, капитал қозғалысын бағалау мен талдауға болады.
Бухгалтерлік балансты экономикалық, қаржылық, қүқықтық заңдылығын және капиталдың пайда болуы мен қозғалысын, мүның бір түрден екінші түрге ауысуын, капиталдың өсу қарқынын, капиталдың сандық мағанасының сапалық және қаржылық мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. Сондықтан қандай да болмасын үйымдарда жасалатын балансты капитал рыногын, мүның айналымы мен шеңберлі айналысын, таза пайданың өсу қарқынын, инвестицияның тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жүмыстарының әдіснамасы деп қараған да жөн.
Ал енді, екіжақтылық принцип жөніндегі ұғымды кең көлемде ашып өтсек.
Нарықтық қатынастар мен жеке меншіктік жағдайына кез келген заңды және жеке тұлғалар өзінің бизнесін ашып, белгілі бір мақсаттағы кәсіптік құрылымдар құруына құқылы. Бизнес пен кәсіпкерліктің түпкі мақсаты – халықтың (отандық, шетелдік) сұранысы мен тұтынысына жауап берерлік, базарлы сауда жүйесінде бәсекеге түсерлік сапалы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, жұмыстар орындап, табыс табу болып табылады.
Айталық Асан атты азамат өзінің жылдар бойы жинаған 950,0 мың теңге ақшасын жаңадан ашқан «Асан жҮ» компаниясына салып, бұл компанияны тиісті орындарда заңды түре тіркеуден өткізді. Яғни санның сандығынағы (қалтасындағы) 950,0 мың теңге банктегі Асан ашқан, заңды тұлға болып танылған «Асан жҮ» компаниясының есеп шотына құйылды. Ең бірінші операция басталды деп есептелік. Біздер бұл операцияның негізінде меншікті капиталдың қалыптаса бастагандығын, мұның негізінде Асан, осы кұрылган «Асан жК» компаниясынан акция (кұжат) алатындыгьн және Асанның акционер екендігін түсіндік. «Асан жУ» компаниясыньң банктегі есеп шотына кұйылған 950,0 мың теңге ақша қаражаты — «актив» болып танылады да, берілген акцияның негізіндегі меншікті капитал 950,0 мың теңге міндеттемелер «пассив» болып танылады.
Ендігі жерде «Асан жУ» компаниясы 950,0 мың теңгенің активт1к каражатына ие болып, бұл каражаттың кезі меншікті капитал екендігіне сендік. Осы екі үрдіс әрқашанда тепе-теңдікте болуы керек Нақты ақша — 950,0 мың теңге – меншікті капиталга ягни 950,0 мың теңгеге теңестірілді.Сонымен «Асан жУ» компаниясының қызметіндегі 6ipiнiui операцияға сай eкi жақтылық принцип пайда болып, операцияның маңызы бухгалтерлік есептің eкi счетына жазылды. Ең 6ipiншi операцияның экономикалық маңызына карай «Асан жУ» компаниясы Асанга 950,0 мың теңге карыз болды. Есеп жүргізу ережесіне карай Асанның жеке меншігінде болган ақшаны инвестицияланған капитал деп атаймыз. Немесе активті каражат Асаннан «Асан жУ» компаниясына өтті. «Асан жУ». компаниясы Асанның салған 950,0 мың теңгесін табыс тауып, пайда түсірудің негізінде кайтарып беру міндеттемесін қабылдады. Нолден бастап жаңадан кұрылган «Асан жК» компаниясына Асанның салған ақшасы — меншік иесінің осы компанияга билік жүргізушінің, ягни осы компанияны қаржыландырушының ақшасы болып табылады. Бұл каражаттың дұрыс жене тиімді жұмсалуы, қайда, калай жұмсалуы бакылау мен тексеру үрдісінде болуы кажет. Мұндай жұмыстарды «Асан жУ» компаниясына тағайындалған бухгалтер орындауға тиісті.
Ендігі жерде жоғарыда келтірілген операциялар маңызын түсінсек, онда меншік иесінің, ягни Асанның қаржыландырган сомасын неге инвестицияланған (келтірілген) капитал немесе қабылданған міндеттеме деп айтқанымызға жауап 6epin көрелік.
Біріншіден, меншік иeci өзінің салған (бастапқыда құйған) ақшасын қайтарып алғысы келеді.
Екіншіден, бизнес жүргізудің, оны басқарудың тәртібін акционерлер белгілейді. Акционерлер осы компанияга билік жүрпзіп, тапсырмалар береді, салған ақшасын қайтарып алуды мақсат тұтады.
Сонымен, «Асан ж К» компаниясы 950,0 мың теңгенің активін ала отырып, Асанньң алдында 950,0 мың теңгеге міндеттеме қабылдап, бұл міндеттемені Асанның инвестициялаған капиталы деп атайды. Яғни 950,0 мьң теңге Асан жағынан қарағанда -инвестиция, ал «Асан ж К» компаниясы тұрысынан қарағанда –міндеттеме екендігін түсіндік. Егер ақша тұрғысынан қарағанда Асанның ақшасы акцияға айырбасталып, ақшаның айырбасқа түсетін қасиеті орындалды. Ақшаның иeci ақшаны ез қалауы бойынша санаға сиярлық жолдармен ұтымды жұмсауы керек. Еңбекпен табылған ақша сенімді жерде сақталып, алдағы уақытта өз иесінің мұқтажын өтейді.
Айтылғандарға сүйене отырып, біздер:
Активтер қарапайым екіжақтылық теңеудің сол жағында (сол жаққа), ал меншікті капитал оң жағында (оң жаққа) орналасатындығын түсіндік. Бұл теңдік бухгалтерлік есепке тән болғандықтан, мұның өзін екіжақтылық принциптің бастапқы кезеңдегі қалыптасуы деп атаймыз. Бұдан біздер, активтердің жалпы сомасы әрқашанда меншікті капитал сомасымен тепе-теңдікте болатындығын 6ІЛДІК. Яғни активтер мен меншікті капитал өрісіндегі қозғалыстардың барлық сомасы тепе-теңдік жағдайда сақталуы керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мыңдаган жылдардан 6epi қалыптасқан ережесіне сай активтер мен меншікті капитал сомасының тепе-теңдік — баланс деп аталады. Сондықтан бухгалтерлік баланстың сол жағында керсетілетін 950,0 мың теңге активті ресурстар ретінде танылып, бұл соманың кездері меншікті капитал — 950,0 мың теңгеге тең болатындығын тағы да есте сақтау керек. Баланстық тепе-теңдік әрқашанда сақталып, активтер баланстың сол жағында, ал пассивтер баланстың оң жағында орналасатындығын 6iз екіжақтылық принцип деп атаймыз.
Бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан eкi жақтылық қағидаға сай, кез келген шаруашылық операциялары балансқа жазылатындығын ешқашанда естен шығармау керек.
Шаруашылық операциялары (факттер) деп — ақшаның, тауарлардың, көрсетілген қызметтердің құны жағынан эквиваленттік айырбасқа түсуін айтады. Орындалған операциялар негізінде «ненің қайдан келіп», «қайдан кеткендігін» білеміз. ¥йымдардың экономикалық қызметінде күнделікті орындалған операциялар немесе шаруашылық әрекетке түскен фактілер бухгалтерлік есеп счеттары арқылы тіркеледі. Демек, кез келген шаруашылық операцияларының мазмұны екіжакты жазуды талап етеді.
Сонымен, жоғарыда аты аталған «Асан жК» компаниясы шаруашылық операцияларын жүргізе бастады деп есептелік. Алайда, «Асан жК» компаниясы осы компанияны ары қарай ұлгайту жөніндегі бизнес-жоспарын жасай келіп, бастапқы 950,0 мың теңге каражаттың жеткіліксіз екендігін түсінді. Ендігі жерде, «Асан жК» компаниясы бұл компанияның үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті қаржыландыру кездерін іздей бастайды. Қосымша каржы кезін банктерден несие алу арқылы толтыруға болатындығын Асан (компанияның қожайыны) біледі. Заңды мүмкіндікті пайдалана отырып, Асан өзінің «Асан жК» компаниясына қосымша, 900,0 мың теңге банктен несие алды. Кез келген банк өзінің берген несиесінің үстіне пайыздық үстеме қойып беретіндігі бегілі. «Асан жК» компаниясының шаруашылық жүргізу өрісінде банктен несие алуға байланысты екінші операция орындалды. Банктен алынган 900,0 мың теңге несие бухгалтерлік есептің тиісті счеттарына eкіжактылық принциппен жазылады. Мұның негізінде «Асан жК» компаниясының ақша қаражаты 900,0 мың теңгеге өciп, сонымен 6ipre банк алдындағы міндеттеме сомасы да кебейді. Баланстық мәліметте «Банктер несиесі» деген бап пайда болды. «Банктер несиесі» «Асан жК» компаниясының балансында агымдағы міндеттемелер болып танылады.
Енді «Асан жК» компаниясының күзырында: 950,0 мың теңге капиталга + 900,0 мың теңге міндеттемелер қосылып, «Асан жК» компаниясының активті ақша қаражатының сомасы 1850,0 мың теңгені кұрады. Яғни «Асан жК» компаниясының бухгалтері қанша көлемдегі ақшаның қайдан түскендігін, (кездерін) ‘бұл ақшаның қандай жолдармен тиімді жүмсалатындығын (активтерді) білетін болды. Осы мысалдардан көріп тұрғандай, әрбір шаруашылык операцияларының маңызы сомалары баланстык теңдікке түсіп, үйымдар мен т.б. қүрылымдардағы активтер мен бүлардың көздері әрқашан баланстық теңдікке сай келетіндігін білдік. Яғни, Активтер = Меншікті капитал + Міндеттемелер теңдеуі әркашанда сақталуы керек.
Нарықтық қатынастар өрісінде, кәсіпкерлікті іске асыруда, бизнестік жүйені тиімді жүргізуде, аралық экономикалық қатынастарды дүрыс бағытқа салу мен шешуде екіжаққа да үтымды жасалған шаруашылық операциялары арқылы бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасады.
Кез келген үйымның қалыпты жағдайда өз қызметін іске асыруы үшін белгілі бір көлемде қаражат керек екендігін айттық. Үйымның өнім өндіріп, қызмет көрсетуі үшін, басқаларға жүмыстар орындап беруі үшін белгілі сыртқы түлғалардан алынған қаражаттарын бухгалтерлік есеп тілінде — активтер деп атадық. Егер активтердің белгілі бір бөлігін меншік иесі өз қалтасынан, өзінің жинаған ақшасынан осы үйымға (компанияға) салса, онда мүндай активтер көзін меншікті капитал деп атадық. Меншік иесі тек бір ғана түлға болып танылып, ақша қаражаты, тек меншік иесінің қалтасынан ғана қалыптасқан жағдайда, мына қарапайым теңдеу туындайды: Активтер = Меншікті капитал.
Егер активтердің белгілі бір бөлігі меншік иесі болып танылмаған (меншік иесіне жатпайтын) сыртқы түлғалардан қалыптасса, онда мүндай қаражат көздерін міндеттемелер деп атадық. Яғни осы үйымның басқалардан уақытша алған қарызы активтер сомасын көбейтіп отыратындығын, мүндай қарыздар түбінде қайтарылатындығын міндеттемелер деп таныдық5 Сонымен катар жоғарыда айтылған баланстык теңдеуден активтер (сол жағы) және меншікті капитал мен міндеттемелер (оң жағы) сомасы бірдей болатындығы бухгалтерлік есептегі екі жақтылық принципке тән екендігін білдік.
Яғни активтер үйымның меншігіндегі қаражаттарды көрсетсе, капитал және міндеттемелер кімнің қанша көлемде осы үйымға салған қаражаттарының көздерін көрсетеді. Теңдеудің екі жағындағы сомалар жинағы бірдей болатындығын екіжақтылық принциппен тағы да дәлелдедік.
Ұйымдар өз мақсаты мен қызметін ары қарай жүргізу мен үлғайту үшін көптеген әртүрлі шаруашылық операциялары мен фактілерді іске асырып, бүлардың мазмүнын есепке алуға тиісті. Яғни күнделікті орындалған экономикалық қатынастар мен бизнес-жоспарды, бәсекелестік үрдісті іске асыру түрғысында үйымдардағы активтер, меншікті капитал мен міндеттемелер өрісінде жиі-жиі екі жақтылық өзгерістер болып отырады. Қандайда болмасын өзгерістерге қарамастан әрқашан да активтер сомасы = меншікті капитал + міндеттемелер сомасымен тепе-теңдікте болатындығын естен шығармау керек.
Өз кезегінде активтер: ғимараттардан, жабдықтаушы қүралдардан, тауарлы-материалды қүндылықтардан, тасымалдау қүралдарынан, осы үйымның басқалардан алатын алашақтарынан немесе берешек қарыздардан, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шоттарындағы ақшалардан түрады.
Міндеттемелер: осы үйымның басқаларға төлеуге тиісті ақшаларынан және қарызға алынған тауарлар мен материалдар үшін төленетін ақшаларды қайтарып беру сомаларынан түрады.
Ендігі жердегі әңгімені осы жоғарыда айтылғандарды дәлелдеп, екі жақтылық принципті оқырмандарға ары қарай түсіндіру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі баланстың (екі жақтылык теңдеудің) қалыптасуынан бастағанды жөн көрдік.
Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызмет функциясының бірі — пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі — бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тілне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив жене пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағына, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стаңдартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы — өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл тендікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив — міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан түрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқада кредиторлық борыштары көрсетіледі. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін үлгі ретінде «Ләззат» фирмасының 2007 жылғы 1-қаңтардағы жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық.
«Ләзззат» фирмасының 2007 жылдың 1 қаңтарына
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ
(өлшем бірлігі мын, теңге)
Активтері Сомасы Пассивтері Сомасы
1 2 3 4
Ұзақ мерзімді активтер: Меншікті капитал:
Материалдық емес активтер 2000,0 Жарғылық қор 50000,0
Негізгі құралдар 27000,0 Резервтік қор 5500,0
Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция) 3000,0
Бөлінбеген пайда немесе зиян
3500,0
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш 4500,0
Жиыны 36500,0 Жиыны 59000,0
Ағымдағы активтер: Ұзақ мерзімді міндеттемелер:
Материалдық қор 3500,0 Ұзақ мерзімді несие 9000,0
Дайын өнімдер 7000 Ұзақ мерзімді қарыз 2000,0
Тауарлар 2500,0 Жиыны 11000,0
Аяқталмаған өндіріс 10000,0 Қысқа мерзімді
міндеттемелер
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар 6500,0 Бюджетпен есеп айырысу 2500,0
Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция) 5000,0 Бюджеттен тыс төлем-дермен есеп айырысу 1500,0
Алдағы уақыт шығындары 1000,0 Жабдықтаушылармен есеп айырысу 7000,0
Берілген аванс 1500,0 Жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу 2000,0
Ақша қаражаттары 9500,0
Жиыны 46500,0 Жиыны 13000,0
Барлығы 83000,0 Барлығы 83000,0
1 2 3 4
Осы жоғарыда келтірілген «Ләззат» фирмасының бухгалтерлік балансынан көретініміз — бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген тендіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
83000000,0 = 59000000,0 + 24000000,0
Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың орындары ауысып та келтіріледі.
Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып), оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мүндай түріне мына тендік негізделген:
актив — міндеттеме = меншікті капитал
83000000,0 — 24000000,0 = 59000000,0
Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарьщағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.
Бухгалтерлік баланс деп — ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы үйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жүмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы үйымды қүрып қалыптастырушы жеке түлғаның, үйым иесінің салған ақшасынан түрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы үйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген түлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа түлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «үйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады» деу орнықты үғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір үйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы үйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер қүрамына осы үйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау қүралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымен қатар осы үйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы үйымның меншігінде болады. Бүлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.
Осы жерде үйымдар өзінің активті қаражаттарын толыктырып, бүларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды, бүлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы үйым қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынган ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы үйым басқа да түлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы акционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы үйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы үйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы үйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылған, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарык экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндеттемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс қүрылады. Баланс қүруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болады. Әрбір келесі кезеңге баланс қүруда бүрында бухгалтерлік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) баланстың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратылып жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншік иелері, инвесторлар, негізгі қүралдар, қоюшылар т.с. с. жатады. Бухгалтерлік баланс үйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді. Баланс деп — ұйымдар кызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бүл анықтамада:
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзім;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (үйымдар) деген сияқты элементтер қатысады.
«Баланс» — латын сөзі. Бүл сөз «екі табақты таразы» деген үғымды білдіреді.
Үлгі — баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бүлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бүл үлгіге жазылған жазулар үйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мүның өзі үйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсетісіштеріндегі сомаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге үмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дүрыстығын тексереді. Бүдан баланстың теңцігі — активтер мш пассивтер сомаларының дәлдігі туындайды. Несиелендірушілер үйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Яғни үйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа жазылуы керек.
Сонымен қатар, үйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жүмыс істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі үйымның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық үйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмүнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мацсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы талдауға болады.
Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын көрсеткіштер счеттардағы қалдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде жазылады.
Белілі бір мерзім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, үйымның қаржылык қызметінің жағдайын көрсетеді. Үйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан^пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған үйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы үйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Үйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындыктан үйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бүл үйымның пайдамен жүмыс істегендігін көрсетеді.
Қүнсыздануға (инфляцияға) байланысты үйымның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда — таза пайдаға жатқызылмайды. Мүны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер үйым ақысыз (қүнын төлемей) түбінде қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда кұрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.
Кәсіпорындар (ұйымдар). Үйымдар деп — кез келген шаруашылық қызмет атқарушы қүрылымдарды айтады. Бүлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жүмыс істеу болып табылады.
1.2.Бухгалтерлік баланс түрлері.
Үйымның қүрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания қүрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:
1) кіріспе баланс;
2) аралық баланс;
3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс үйымдар мен фирмалар т.б. заңды түлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар адцындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл тендік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жүмысын және арнайы тапсырмаға байланысты үйым қызметіне толық тексеру жүмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды. Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып ессптеледі.
Жойылуға байланысты баланс. Үйым банкротқа үшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен үйымды жою мақсатьгада баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен түрады. Бірінші кезең осы үйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде үйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады. Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманапов өзінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х.Эргашев өздерінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады және олардың біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың қай-қайсыныңда пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезендері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.
Заңды түлға болып танылған үйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды түлғалар қүрамына енген еншілес үйымдар қүрылған жағдайда, негізгі үйым басшыларының рүқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
Ендігі жерде ұйымдарда жасалынатын қаржы қорытындысын шығарып отыратын бухгалтерлік есеп балансының қалай және қандай принциптерді қолдану арқылы құрылытындығына мысалдар келтіреміз.
Баланстың ең бірінші сатысы.
1-қыркүйек 2006 жылы «Асан жК» ұйымының бастапқыдағы кіріспе бухгалтерлік балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
Банктегі ақша 950,0 Меншікті капитал 950,0
Барлығы 950,0 Барлығы 950,0
Бұдан екі жақтылық принциптің орындалғандығын, тепе теңдіктің сақталғандығын көреміз.
3-қыркүйек 2006 жылы «Асан жК» ұйымы 300,0 мың теңгеге ғимарат сатып алып, тиісті бастапқы құжат жасады да, «Асан жК» ұйымына кіріске алды, сонда:
3-қыркүйек 2006 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
Ғимараттар 300,0 Меншікті капитал 950,0
Банктегі ақша 650,0
Барлығы 950,0 Барлығы 950,0
3-қыркүйек 2006 жылғы екінші операцияның негізінде банктегі ақшаның азайып, жаңа активтің (ғимараттың) пайда болғандығын көруге болады.
6-қыркүйек 2006 жылы «Асан жК» ұйымы «Ақ жол» компаниясынан 50,0 мың теңгенің тауарын уақытша қарызға алып, 30 күн ішінде тауар ақшасын төлеуді өз міндетіне алды сонда:
6-қыркүйек 2006 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
Ғимараттар 300,0 Меншікті капитал 950,0
Тауарлар 50,0 Несиелендірушілер 50,0
Банктегі ақша 650,0
Барлығы 1000,0 Барлығы 1000,0
6-қыркүйек 2006 жылғы үшінші операцияның негізінде тағы да жаңа активтің пайда болып, осы тауарлар үшін «Асан жК» ұйымының алдағы кезеңде төлейтін қарызы несилендірушілер деп аталады.
10-қыркүйек 2006 жылы құны 10,0 мың теңге тұратын тауар «Бек» фирмасына сатылды. Сатылған тауар ақшасы (10,0 мың теңге) кейіннен төленетін болып келісілді, сонда:
10-қыркүйек 2006 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
1 2 3 4
Ғимараттар 300,0 Меншікті капитал 950,0
Тауарлар 40,0 Несиелендірушілер 50,0
1 2 3 4
Берешектер 10,0
Банктегі ақша 650,0
Барлығы 1000,0 Барлығы 1000,0
10-қыркүйек 2006 жылғы төртінші операцияның негізінде тауарлар сомасының азайып, тағы да жаңа активтің (берешектердің) пайда болғандығын көруге болады. Осы ұйымға басқаларың берешек қарыздары берешектер деп аталады.
13-қыркүйек 2006 жылғы «асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
Ғимараттар 300,0 Меншікті капитал 950,0
Тауарлар 40,0 Несиелендірушілер 50,0
Берешектер 10,0
Банктегі ақша 655,0
Барлығы 1000,0 Барлығы 1000,0
13-қыркүйек 2006 жылғы бесінші операцияның негізінде активтердің бір бөлігі-тауарлар сомасының азайып, активтердің екінші бөлігі-банктегі ақшаның көбейгендігін көрсетті.
15-қыркүйек 2006 жылы «Асан жК» ұйымы «Бек» фирмасының несиесінің бір бөлігін 5,0 мың теңгесін банктегі есеп айырысу шотынан төледі, сонда:
15-қыркүйек 2006 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
Ғимараттар 300,0 Меншікті капитал 950,0
Тауарлар 35,0 Несиелендірушілер 45,0
Берешектер 10,0
Банктегі ақша 650,0
Барлығы 995,0 Барлығы 995,0
15-қыркүйек 200 жылғы алтыншы операцияның негізінде банктегі ақшаның азайып, несиелендіушілерден аынған қарыз сомасының азайғандығын көрге болады. Баланстың оң жағы мен сол жағы бідей сомаға азайды.
30-қыркүйек 2006 жылы «Асан жК» ұйымының 10,0 мың теңге берешек болып қалған «Бек» фирмасы 7,0 мың теңген төледі, сонда:
30-қыркүйек 2006 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Меншікті капитал сомасы
Ғимараттар 300,0 Меншікті капитал 950,0
Тауарлар 40,0 Несиелендірушілер 45,0
Берешектер 3,0
Банктегі ақша 657,0
Барлығы 995,0 Барлығы 995,0
Жоғарыда келтірілген алты операцияның мазмұнынан кез-келген бір факті мен операцияның мазмұнынан кез-келген бі факті мен операция екіжақты жазуға түсіп баланстың жекелеген баптарына өзгерістер енгізетіндігін көруге болады.
Тағы да сол сияқты 2006жылғы «Құлас-құрылыс» ұйымының қорытынды бухгалтерлік балансын көрсетейін.
2006жылғы «Құлас-құрылыс» ұйымының қорытынды бухгалтерлік балансы
(мың теңге)
Активтер сомасы Мінеттемелер және меншікті капитал сомасы
Бастапқы ағымдағы салықтық қалдық Соңғы ағымдағы салықтық қалдық Бастапқы ағымдағы салықтық қалдық Соңғы ағымдағы салықтық қалдық
1 2 3 4
1.Ұзақ мерзімді активтер 1. Меншікті капитал
Негізгі құралдар:
Машиналар мен жабдықтар
873798
929015 Жарғылық капитал
250000
250000
Басқа да негізгі құралдар
2395501
3253066 Бөлінбеген кіріс
201662
118366
Тозу жиынтығы 0 487754 Жиынтығы 451662 368366
Қалдық құны
3269299
3694327 2.Ұзақ мерзімді міндеттеме
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция
10000
10000 Ұзақ мерзімді несиелер
500000
0
Жиынтығы 3279299 3704327 Жиынтығы 500000 0
2.Ағымдағы активтер 3.Ағымдағы міндеттеме
ТМҚ:
Материал- дар
1687137
3817396
Кредиторлық берешек
11593255
11569486
Дебиторлық берешек 7683000
5024640
Салықтық міндеттемелер
471700
3196938
Дебиторлық берешек ҚҚС-сыз
7683000
5014750
ҚҚС бойынша
646710
2975477
Дебиторлық берешек ҚҚС-пен
0
9890 Басқада салықтар
-175010
221461
Ақша қаражаты
355189
2588427
Жиынтығы 9737318 11430463 Жиынтығы 12064955 14766424
Барлық жиынтық
13016617
15134790 Барлық жиынтық
13016617
15134790
1 2 3 4
2.Баланстың типтік өзгерістері.Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп.
2.1. Баланстың типтік өзгерістері.
Үйымдардың шаруашылық қызметі өрісінде көптеген операциялар (фактілер) орындалып, әрбір операциялар мазмүны тиісті счеттарға жазылатындығын білдік. Әрбір шаруашылык операцияларының мазмүнын счеттарға жазу кезінде екі жақтылық принципке сай бухгалтерлік баланстың активі мен пассивіндегі сомалар жинағы бірдей болып, тепе-теңдікте болуы ша£т.
Шаруашылық операцияларының мазмүны мен сомасы үйымдардың активті қаражаттары, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалыста болуына тікелей әсер етеді. Яғни баланстың активі мен пассивіне жазылған сомалар баланстың тиісті жекелеген баптарының сомасын өзгертіп отырады. Бір операция баланстың екі бабын өзгертеді. Баланс баптарының өзгеруі активтер ми пассивтер өрісінде ғана болады.
Баланс баптарының өзгеру сипатына қарай нақтылы орын алған шаруашылық операциялары мазмүнын төрт типке бөліп қарау керек.
1-тип кәсіпорын құралдары құрамында өзгерістер туғызады және тек қана баланс активінің баптарын қозғайды. Мысалы, кассаға есепті (ағымдағы) шоттан жалақы мен басқа шығындары төлеу үшін 150000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат түсті.
1010 «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша» шот дебеті
1040 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 150000.
Активтер
Сомасы МКМ Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома 300,0 Кезең басындағы жиынтық сома
300,0
Кассадағы қолма-қол ақша
+150,0
Ағымдық шоттағы ақша -150,0
Кезең соңындағы жиынтық сома 300,0 Кезең соңындағы жиынтық сома
300,0
А+А – ; баланс сомасы өзгермейді; А=МКМ.
2-тип тек қаражат көздері құрамында ғана өзгерістер туғызады. Мысалы, қысқа мерзімді кредит есебінен жабдықтаушының 200 000 теңгелік шоты төленді.
3310 «Төлемге арналған шоттар» шот дебеті
3010 «Банктің қысқа мерзімдік қарызы» шот кредитіАктивтер
Сомасы МКМ Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома 300,0 Кезең басындағы жиынтық сома
300,0
Қысқа мерзімдік қарыз +200,0
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар -200,0
Кезең соңындағы жиынтық сома 300,0 Кезең соңындағы жиынтық сома
300,0
П+П –; баланс сомасы өзгермейді; А=МКМ
3-тип шаруашалық құрамдарын және олардың шығу көздерін теңбе-тең сомаға көбейтеді. Мысалы, жабдықтаушылармен есеп айырысу алынбаған 250 000 теңге сомасына материалдар алынды.
1310 «Шикізат пен материалдар» шот дебеті
3310 «Төлеуге арналған шоттар» шот кредиті
Активтер
Сомасы МКМ Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома
300,0 Кезең басындағы жиынтық сома
300,0
Материалдар +250,0 Жабдықтаушылармн есеп айырысулар +250,0
Кезең соңындағы жиынтық сома 550,0 Кезең соңындағы жиынтық сома
550,0
А+П+; баланс сомасы көбейтіледі; А=МКМ.
4-тип қаражаттың және олардың шығу көздерінің бірдей сомаға азайтылуын сипаттайды. Мысалы, қызметкерлерге кассадан 120 000 теңге жалақы төленеді.
3350 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысу» шот дебеті
1010 « Кассадағы қолма-қол ұлттық валюта» шот кредиті.
Активтер
Сомасы МКМ Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома 300,0
-120,0 Кезең басындағы жиынтық сома
300,0
Қызметкерермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар -120,0
Кезең соңындағы жиынтық сома 180,0 Кезең соңындағы жиынтық сома
180,0
А – П –; баланс сомасы кемиді; А=МКМ.
2.2. Бухгалтерлік баланстың активтік және пассивтік элементтерін тану.
Активтер үш сатыдан: анықтау, тану және бағалаудан түрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен үйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс.келтіретін активтер жатады. Активтер үзақ мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Балансқа түскен активтердің барлық сомасының көлемін -жинақталған активтер деп атайды. Егер барлық жинақталған активтер сомасынан басқадай түлғалардың алашағын шегерген жағдайда, қалған соманы нетто-активтер немесе үйымдардың меншікті капиталы деп атайды.
Активтерді тану деп — активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылык қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.
Активтерді бағалау. Активтер дәстүрлі әдістермен: бастапқы қүнымен (тарихи), сатып алу бағасымен, нақтылы өзіндік қүнымен бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі қүнмен:
1) бастапқы өзіндік қүнымен;
2) қалпына келтіру қүнымен;
3) жоюдағы қүнымен;
4) ағымдағы қүнмен (немесе базарлы қүнға келтіру әдістермен) бағаланады.
Активтер құрамы.Активтер төмендегі түрлерден: материалды қүндылықтардан (ғимараттар, қүрылғылар, жабдықтар, тауарлар, босалқылар, дайын өнімдер); материалды емес активтерден (авторлык күкық — «гудвилл», патенттер, тауар белгілері, жер пайдалану күқығы, акпаратмен қамту т.б.); ақша қаражаттарынан (кассадағы және банктердегі ақшалар, қүнды кағаздар, берешектердің карыздары) қүрылады.
Активтер есебі. Активтердің қүрамының барлығы ақшалай өлшеммен өлшеніп, тиісті счеттар мен баланска жазылады. Активтерге тән базарлы саудадағы баға бухгалтерлік есепке алынбайды. Яғни бастапқыдағы нактылы өзіндік күнымен алынған баға, бүлардың тарихи қүны болып табылады. Тарихи қүнды өзгерте беруге болмайды.
Материалды емес активтер. Бүларға: — «гудвилл», патенттер, авторлық қүқық, тауарлардың белгілері, лицензиялар, «ноу-хау», бағдарламалық өнімдер, жер учаскелерін пайдалану қүқысы, табиғат ресурстарын пайдалану қүқысы, үйымдастыру шығындары, монополиялық үстемдік қүқысы, т.с.с. жатады. Материалды емес активтер келешекте табыс келтіретін, үзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен үстауға жатпайтын экономикалық ресурстар. Бүлардың физикалық үлгісі болмайды. Материалды емес активтер бастапқы кезеңде жасалған келісім шарттағы бағамен немесе арнайы комиссияның қойған бағасымен кіріске алынады. Материалды емес активтерді пайдаланудан түсетін табыс, үйымдар қызметінің жылдан-жылға табысты бола беруіне үлес косады. Бүларды пайдаланудың мерзімі шектеулі, осыған байланысты материалды емес активтер амортизацияланады. Пайдалану мерзімі мен амортизациялық норма деңгейі тиісті заң актілері және келісім-шарт, басқа да реттеуші ережелерге сай шектеледі. «Материалды есем активтер» терминін бухгалтерлер қауымы бухгалтерлік баланстың актив жағындағы ресурстарды топтастыру және активтерді бағалау мен экономикалық маңызын ажыратып отыру үшін қолданады.
Негізгі құралдар . Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін жүмсалған шығындар қүрамына өзінің бастапқы қүнын амортизация түрінде біртіндеп беріп отыратын активтерді — негізгі күралдар деп атаймыз. Бүларға: ғимараттар, қүрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші қүралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік қүралдары, жер учаскелері жатады. Негізгі қүралдарға, бүлардың ең ә>елгі бастапқы күнына және пайдалану мерзіміне қарай, амортизация есептелініп отырады. Есептелінген амортизациялық сома негізгі қүралдардың бастапқы қүны сомасынан біртіндеп шегеріліп отырады. Бастапқы қүннан есептелінген амортизациялық соманы азайтқандығы қалған сома — қалдық қүн (сома) деп аталынады. Негізгі қүралдар классификациялық арнайы топтарға бөлінеді.
Амортизация. Түптің түбінде негізгі қүралдар жарамсыздыққа айналады. Бүларды пайдаланудың мерзімі шектеулі. Негізгі қүралдарды пайдаланудың мерзімі есептелініп, жоспарланады. Пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін негізгі қүралдарға амортизация (тозу жарна) есептелініп, бүл сома жаңадан өндірілген өнімдердің өзіндік қүнына біртіндеп қосылып отырады. Амортизациялық соманың есебі «Негізгі қүралдардың тозуы» счетында жинақталып жүргізіледі. Әрбір жекелеген негізгі қүралдар бойынша жинақталған амортизациялық соманы, бүлардың бастапқы (тарихи) қүнынан шегергендегі қалған қалдықты баланстық қалдық қүн деп атайды. Негізгі қүралдар екі себептен: физикалық және моральдық тозу жағдайынан жарамсыздыққа айналады.
Аяқталмаған құрлыс — үзақ мерзімді активтер қүрамына жататын баптардың бір түрі. Мүнда негізгі қүралдар салуға байланысты күрделі қаржы игеру шығындарының есебі, сондай-ақ жылжымайтын мүліктерге салынған инвестициялар есебі жүргізіледі. Бүларға: қүрлыс толығымен аяқталғанға дейінгі объектілерге жүмсалған шығындар, салынып жатқан қүрлыстарға жүмсалған шығындар, үзақ мерзімде пайдаланылатын негізгі қүралдарды сатып алуға жүмсалған шығындар, көпжылдық көшеттер отырғызу, жас төлдер мен бордақыға қойылған малдарды өсіру мен негізгі табынға көшіру шығындары жатады. Яғни жоғарыда көрсетілген негізгі қүралдарға байланысты объектілерді толығымен пайдалануға беруге дейінгі, сондай-ақ қүрлысының аяқталуы жөніндегі қүжаттар рәсімделмегенге дейінгі жүмсалған шығындар есебі жүргізіледі. Халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде бір компанияның басқа бір компанияны түгелімен сатып алуға жүмсалған шығындарының есебі де осы бапта жүргізіледі.
Инвестициялық қаржы салу. Қолма-қол ақша, немесе ақшаға тән басқа да балама қаражаттарды басқадай сыртқы түлғалардың осы үйымға салуын — инвестиция деп атайды. Инвестициялық қаржы салу үрдісі инвестордың (қаржы салымшының) өз таңдауында болады. Өз қаражатын басқа түлғаларға салу арқылы қаржы салымшы инвестор табыс табуды мақсат түтады. Табыс келтіруге сенімсіздік туғызатын объектілерге (үйымдарға) ақша салуға болмайды. Әйткенмен ақшаның иесі, басқа да қаражаттар иесі өз қаражатына өзі иелік етуі керек. Қалталы түлға өз ақшасын қалай, қайда жүмсаймын десе еркі өзінде.
Инвестиция алушы жақтың түпкі мақсаты — негізгі капитал көлемін үлғайту мен үстап түру және өндірістік үрдісті технологиялық жағынан жетілдіру болып табылады. Ірі корпорациялар басқа да компаниялар мен фирмалар өз қаражаттарын басқа үйымдарға салуды (инвестиция бефуді) акциялар, басқа да қүнды қағаздар алу арқылы орындайды. Яғни басқаларға салынған инвестиция акцияларға айырбасталады. Инвестиция үзақ және қысқа мерзімге алынады. Үзақ мерзімді инвестиция алу бастапқы кезеңдегі өзіндік қүнымен кіріске алынып, бухгалтерлік балансқа жазылады. Қаржы салымшы инвестор алушы жақтың қаржы саясатына зор ықпал етеді.
Берешектердің ұзақ мерзімді қарыздары (Долгосрочная дебиторская задолженность). Үзақ мерзімді берешектер қарызы негізінен бір жылдан артық уақыт ішінде жабылатын қарыздар. Үзақ мерзімді берешек қарыздар клиенттерден алынған вексельдерден, ақша қаражаттарынан, қүнды қағаздардан туындайды. Егер клиент жазба түрде вексель рәсімдеген жағдайда, онда бүлардың қарыздары бойынша міндетті түрде есеп айырысуы немесе төлеуі керек. Мүндай сомалар «Алынған вексельдер» счетында жүргізіледі.
Ағымдағы активтер. Ағымдағы активтер — бір жыл ішінде ақшаға айналуы керек. Мүндай активтердіэкономикалық ресурстар және қаражаттар деп таныған жөн. Ағымдағы активтер бір жыл ішінде сатылуға және жұмсалуға тиісті. Бүларға: тауарлы-материалды босалкылар — берешектердің қарызы, алдағы кезең шығындары, берілген аванстар, қысқа мерзімге салынған қаржылық инвестициялар, ақша қаражаттары жатады.
Босалқылар.Босалқылар ағымдағы активтер түрінде өндірістік үрдіске бір-ақ рет қатысып, өзінің физикалық үлгісін жояды. Ағымдағы қаражат ретінде бүлардың қүны толығымен жаңадан өндірілген өнімнің өзіндік қүнына қосылады. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ресми қүжаттарда «босалқылар» (запасы) термині жиі қолданылады. Біздің түсінігіміз бойынша «босалқылар» термині бір нәрсенің қүрамындағы қосымша немесе қыстырма түрінде танылған, өзінің жеке экономикалық маңызы жоқ сияқты. Сондықтан «босалқылар» терминін «қүндылықтар» терминімен ауыстырған жөн. Бухгалтерлік есеп жүйесіне түсетін барлық фактілердің қүны болатындығын есте сақтау керек.
Тауарлы-материалды құндылықтар. Бүларға: өнімдер өндіруге қажетті материалдар, шикізаттар, тауарлар, отындар және аяқталмаған өндіріс жатады. Тауарлы-материалды қүндылықтар ағымдағы активтердің негізгі бөлігін күрайды. Тауарлы-материалды қүндылықтарды дүрыс бағалау — үлкен мәселе. Бағалау үшін тауарлы-материалды қүндылықтарды түгендеп, қолда барын анықтау керек. Бастапқыда тауарлы-материалды қүндылықтар сатып алу бағасымен бағаланып, бүл баға тауарлы-материалды қүндылықтардың бастапқы қүны болып есепке алынады. Тауарлы-материалды қүндылықтарға тән касиет: бүлардың (шикізаттар және басқалары) қанша көлемі осы жылғы өндіріске жүмсалғандығы, қаншасы келесі жылға қалғандығы жөнінде, толық мәліметтер алып, дүрыс бағалау мүмкіндігі әрқашан да бола бермейді. Бүлардың бухгалтерлік есебін жүргізуші бухгалтерлер көбіне ТМҚ қозғалысы мен қолда барын ортақ өлшемге (сомаға) келтіру арқылы бағалайды. Тауарлы-материалды қүндылықтарды бағалау үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ФИФО, ЛИФО, орташа өлшеу және арнайы ұқсастары әдістері қолданылады.
Мұндағы фифо әдісі – алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі. Ал, лифо әдісі – соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалауы әдісі.
Экономикалық мақсат түрғысынан қарағанда тауарлы-материалды қүндылықтар сату, тауарлар өндіру, тауарларды сатып алып, қайта сату үрдісінде осы үйымның айналым қаражаты түрінде сипатталған. Ұйымдардың қалыпты жағдайда өз шаруашылық қызметін атқару барысында және болашақта табыс келтіруді қамтамасыз етуде тауарлы-материалды қүндылықтардың атқаратын рөлі зор.
Материалдар. Ағымдағы активтер қүрамында есептелінетін, шаруашылық операцияларын жүргізетін және өндірілетін өнімдерге жүмсалатын, көзбен көріп, қолмен үстауға болатын заттарды — материалдар деп атаймыз. Бүларға: қүрлыс материалдары, егістік жерге отырғызылатын, себілетін түқымдар, машиналар мен механизмдерді жөндеуден өткізу материалдары жатады. Тауарлар мен дайын өнімдерге қарағанда, өндірістік технологияға арналған материалдар сатылмайды. Бүлардың есебі өндірілетін өнімдер мен тауарларға жүмсалатын*жалпы шығындардың бір элементі түрінде жүргізіледі.
Берешектер борышы. Жөнелтілген тауарлар, орындалған жүмыстар, көрсетілген қызметтер үшін заңды және жеке түлғалардың осы күнге дейін төлемей отырған ақшаларын берешектердің борышы деп атаймыз. Сонымен қатар, бүларға тапсырыс берушілердің, еншілес, тә>елді үйымдардың, бірлесіп бақыланатын заңды түлғалардың берешек борыштары жатады. Берешектердің мүндай борыштары «Түсуге тиісті қарыздар» счетында жүргізіледі. Берешектер борышы ағымдағы активтер қүрамында саналатындықтан есепті осы жылдың ішінде алынуға тиісті. Осы үйымның есебіне түспейтін болып анықталған қарыз сомалар — үмітсіз карыздар болып танылады.
Алдағы кезең шығындары. Тиімділігі мен пайдалық дәрежесі осы жылы емес, алдағы кезеңдерде аныкталатын ағымдағы активтердің белгілі бір бөлігін — алдағы кезең шығындары деп атаймыз. Бүларға: сактандыру төленген сақтандыру сомалары, жал төлемі, тау-кен өндірісін дайындауға, мерзімдік басылымдарға жазылу жөніндегі шығындар жатады.
Берілген аванстар. Алағы уақыттарда алынатын тауарлы-материалды құндылықтар, ұзақ мерзімді активтер, орындалатын жұмыстар, көрсетілген қызметтер, сондай-ақ тапсырыс алушылардан түсетін мүліктер, бұлардың жеке бөліктері түсетін тауарлар т.б. үшін осы ұйымның басқа да заңды және жеке тұлғаларға аалдын ала төленген ақшаларын – берілген аванстар деп атаймыз.
Қаржылық инвестициялар. Ұйымдардың ұзақ және қысқа мерзімге алған инвестицияларын, сондай-ақ сатылып алынған акциялар мен облигациялардың қолда барын – қаржылық инвестициялар деп атаймыз.
Ақшалар деп – отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, жолдағы, арнаулы есеп шоттарындағы, валюталық шоттағы, есеп айырысу шотындағы, кассадағы ақшаларды айтады. Ақшалар әр түрлі шығындарды жабуға, клиенттермен есеп айырысуға, т.б. мұқтаждық операциялар жүргізуге арналған.
Аяқталмаған өндіріс. Толығымен технологиялық циклдан өтпеген айын өнімдер шығаруға, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көретуге, сонай-ақ ары қарай өңдеуге жаттын, қоймаға жөнелтіле қоймаған өнімерге жұмсалған шығындарды – аяқталмаған өніріс деп атаймыз. Келесі жылға қалдырылған аяқталмаған өндіріс шығындары түгенделіп, нақтылы осы жылы жұмсалған шығынар сомасы бухгалтерік балансқа жазылады.
Күмәнді қарыздар талабының резерві дегеніміз — жалпы және әкімшілік шығындары есебіне жатқызып, түсуге тиісті күмәнді қарыздарды жабу үшін жаалған резервтік сомалар. Күмәнді қарыздар талабының резерві есебінен төлеу мерзімі өтіп кеткен берешектердің қарыздары жабылады.
Пассивгерді тану.Пассивтер үш топтан: меншікті капитал, үзақ мерзімді міндеттемелер және ағымдағы міндеттемелерден түрады. Осы үш топ арқылы үйымдар активтерінің қор көздері қалыптасады. Қандай да болмасын кездерден алынған қаражаттар, мейлі заңды және жеке түлға, банк несиелері, қарызға алынған көздер т.б. болсын, осы үйымның жеке меншігіндегі көздер мағанасында бухгалтерлік есептің балансына (пассивте) жазылады. Қарапайым тілмен айтқанда пассивтегі сомалар осы үйымды несиелендірушілердің алашақтары болып табылады. Яғни несиелендірушілерден алынған көздер түптің түбінде қайтарылады. Сондықтан, активтер және пассивтер екі түрлі категорияға бөлініп, бухгалтерлік есеп балансының әр түрлі тармақтарында жүргізіледі. Осыған орай ешқашанда «пайда сомасының есебінен активтер алынды» деген үғым қолданылмауы керек. Активтер тек қана ақшаның есебінен (ақша төлеу аркылы) қалыптасады. Мысалға, бухгалтерлік балансқа 5 млн теңгеге тең пайда сомасы жазылса, бүл сома осы үйымның кассасымдағы немесе есеп айырысу шотындағы ақша деп саналмауы керек. Үйымдар есебінде аса көп мөлшерде таза пайда сомасы бола түрса да, кейбір жағдайда осы үйымның еңбек ақы төлеуге нақты ақшасының болмай қалатындығын есте сақтаған жөн. Дәл осындай үғым «капитал» өрісінде де танылып, капитал тек қана арнайы көздерден туындайтындығын, өзі ақша емес екендігін есте сақтау керек.
Меншікті капитал — үйымдардың т.б. заңды түлғалардың жарғылық қүжатында көрсетілген көз. Үйымдарды бастапқы кезеңде қүру және бүлардың қызметін бастау жөнінде меншік иелерінің, сондай-ақ басқа да түлғалардың осы үйымға салған көздерін — жарғылық капитал немесе меншікті капитал деп атаймыз. Жарғылық капиталды меншік иелерінің және үлес қосушы қүрылтайшылардың салған қаражаты, негізгі қүралдар, материалды емес активтер, т.б. қүндылықтар түрінде қалыптастыруға болады. Меншікті капитал қалыптастырудың түпкі мақсаты — бизнестік (кәсішерлік) қатынастарға түсу, мүның қызмет бағытын кеңейту мен жүргізу және базарлы сауда мен бәсекеге түсетін тауарлар өндіріп, сүраныс пен түтынысты қанағаттандыру болып табылады. Жарғылық капиталдың шектеулі мөлшері қазакстандық зан актілерімен белгіленеді.
Акционерлік капитал. Серіктестіктердің және бүлардың иелерінің, үлес қосушы қүрылтайшылардың осы үйымның экономикалық үрдісіне пайдалануы үшін үлес қосу (акция) мақсатында салған қаражат көздерін — акционерлік капитал деп атаймыз. Серіктестіктер қызметінің ерекшеліктеріне сай және тиісті заңталаптарына қарай акционерлік капитал өзгеріске түсуі мүмкін. Акционерлік капитал негізгі екі категорияға: 1)төленген капитал; 2) төленбеген капиталға бөлінеді.
Төленген капитал.Төленген капитал деп — осы үйымның басқа да ірі корпорациялардың шығарған акцияларын сатып алып, бүлардың номиналдық қүнынан жоғары бағамен сатуын, сонымен қатар үйымдардың өздері шығарған акцияларын номиналдык курсынан төмен бағамен сатуын аитамыз.
Қосымша төленбеген капитал деп — непзп қүралдарды және салынған инвестицияларды қайта бағалаудағы қосымша сомаларды аитады. Сонымен қатар активтерді кайта бағалаудағы, мысалы, материалды емес активтерді, шетелдік еншілес және тә>елді үйымдардағы, бірлесіп бақыланатын заңды түлғалардағы нетто-инвестициялар бойынша курстық айырымдарды, сондаи-ақ осы үйымдағы мәні жағынан нетто-инвестицялардың белплі бір бөліп болып табылатын айырым сомалар — қосымша төленбеген капитал категориясына жатады.
Қосылған капитал. Ақша төлемей алынған мүліктер құнынан және эмиссиялық табыстың пайда болуынан, сонай-ақ материалды емес активтер мен негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде ағымдағы капитал сомасының көбеюін – қосылған капитал деп атаймыз. Қосылған капиталды ағымдағы шаруашылық операцияларын (қызметке) шығын ретінде жұмсауға болмайды. Капиталдың бұл түрі ұйымдар капиталының көлемін белгілі бір дәрежеде ұстап тұру үшін құрылған.
Меншікті капитал. Осы үйымға акциялар мен дивидентік пайда алу мақсатында қатысушылардың салған инвестицияларын — меншікті капитал деп атаймыз. Үйымдардың меншікті капиталы, жарғылық капиталдан, қосымша және резервтік капиталдан және бөлінбеген таза пайда көздерінен қалыптасып отырады. Сонымен қатар меншікті капитал көзіне меншік иелерінің өздері салған қаражаттары, бөлінбеген таза пайда және үйымдарда жылдар бойы жинақталған меншікті қаражат көздері жатады. Меншік иелерінен (меншікті көздерден) жинақталған (қүралған) қор көздері қатысушы акционерлердің шешіміне қарай әр түрлі мақсаттарды қаржыландыру үшін меншікті капиталға қосылып отыруы мүмкін.
Акциялар. қүрылтайшылар мен үлес қосушылардың компаниялар мен үйымдарға капитал көлемін көбейту мақсатында салған қаражат көздерін растаушы қүжат. Акция иелері (қаржы салушылар) өздері қаражат салған үйымдар қызметін басқаруға тікелей әсер етеді. Акциялар: артықшылығы бар және қарапайым болып екі түрге бөлінеді.
Артықшылығы бар акция иелерінің талабы, бүлардың дивиденд алу қүқысы қарапайым акция иелеріне қарағанда бірінші кезекте қанағаттандырылады. Артықшылығы бар акционерлер талабы осы үйым таратылып кеткен (жойылған) жағдайда бүлардың есебіндегі активтерді сатудан түскен қаражатқа иелік етуге қүқылы және дивиденттік төлемдер алу жағдайы қарапайым акция иелеріне қарағанда бірінші кезекте қанағаттандырылады. ¥йым жойыла қалған жағдайда артықшылығы бар акционерлер талабы кезінде несие беруші банктер (несиелендірушілер) талабын толығымен қанағаттандырғаннан соң қалған активтерді сатудан түскен қаражаттың қалдық сомасына талап қоя алады.
Қарапайым акция иелерінің ешқандай да артықшылығы болмайды. Бүлар тәуекелшілік жағдайда болып, жалпыға бірдей дивиденд алу (үлес) қүқылығында болады. Қарапайым акция иелерінің талабы қалдық принципі бойынша несиелендірушілер мен артықшылығы бар акционерлер тәуекелшілігі қанағаттандырылған соң, қалған сомаға талап қоя алады. Жарғылық капиталға жазылған қарапайым акциялар номиналдық құнмен есепке алынды. Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.
Ашық акционерлік қоғам — өздерінің шығарған кциясын ашық, жеке жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.
Жабық акционерлік қоғам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егер де жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.
Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті көрсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.
Резервтік капитал. «Резерв» термині «сақтық кассасындағы ақша» терминімен пара-пар.
Ұйымдар қызметіндегі мүмкін болатын кейбір күмәнді шыыындарды және шегетін зияндарды жабуға бөлінген қаражат көздерін – резервтік капитал деп атаймыз. Резервтік көздер тек қана белгіленген объектілер бойынша шығындарды жабу үшін жасалынады. Резервтік капитал көздерін алдын-ала көрсетілмеген басқадай мақсаттарға жұмсауға болмайды. Резервтік капитал бухгалтерлік есепке алынған, нақтылы түрде анықталған белгілі бір құндылықтар үшін ақша төемей кеткен берешектердің қарыздарын жабуға, сондай-ақ тиісті объектіге тікелей жазылмай қалған амортизациялық шығындар сомасын жабу мақсатына жұмсалынады.
Резервтік капитал шикізаттар мен материалдар сатып алу, айналымға түсетін босалқылар мен қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы фактімен талап етілген алашақтар қарызын, күмәнді қарыздары және жер учаскелерін жалға алу шығындарын жабу мақсатында қалыптастырылады. Резервтік капитал құру активтердің тиісті баптарынан шегеріледі. Жыл ішіне жұмсалған резервтік капиталдың белгілі бір бөлігі ағымдағы жылдың пайдасына қосылып отырады. Ұйымдар өздерінің тәуекелшілік шешіміне қарай орынсыз шығындарды жабу мақсатында және қажет деп тапқан жағдайда резервтік көздердің бірнеше түрлерін қалыптастыруына болады. Көп көлемде жасалған резервтік капитал сомасы ұйымдар қызметінің жақсы жағдайын көрсетеді. Резервтік көз қалыптастыру (жасау) сомалары есепті жылдың шығындарына жазылып, пайда көлемін төмендетеді.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Бөлінбеген табыс немесе таза пайда компаниялардың капиталын көбейтіп отыру мақсатында болады. Дивиденттер төлеу – каиталдың азаюын көрсетеді. Бөлінбеген табыс немесе пайда деп – дивиденттер төленгеннен соң ұйым меншігінде (иелігінде) қалған соманы атаймыз.
Пайда және зиян – ұйымдар қызметінің экономикалық өсу қарқыныннемесе төмендеуін өлшеу үшін түскен табыстар мен жұмсалған шығындар айырымының көрсеткіші. Экономикалық өсу үйымдар қызметінің басталуынан бастап, нақты ақша түсіруге, мүны көбейтіп отыруға байланысты есепті кезеңдерге тән экономикалық маңызы өте зор.
Міндеттемелер деп — мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке түлғалардан, ірі компаниялардан алынған қарыздарды осы үйымның кіріске алып, түптің түбінде қайтарып беруі жөніндегі алған міндеттемесін айтады. Бүларға: үлттық және шетелдік валюта түрінде банктерден және банктерге жатпайтын түлғалардан (Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес) үзақ және қысқа мерзімге алынған займдар, облигациялар, вексельдер жатады. Алынған міндеттемелердің барлығы да ос^: күнгі ағымдағы бағамен кіріске алынады. Міндеттемелер алу нәтижесінде үйымдардың активті қаражаттары көбейеді. Яғни ол — міндеттеме алушы жақ, міндеттеме беруші жаққа ақша мен мүліктерді қандай сомада қайтаратындығы жөніндегі операциялар. Міндеттемеге алынған негізгі сомаларға қосымша міндеттемелер үшін төленетін пайыздық сомалар қосылады. Мүның нәтижесінде міндеттеме алушы жақтардағы табыс көлемі азайтылады. Міндеттемелер қүрамына үйымдардың несиеге сатып алған тауарлары, қызметтері, сондай-ақ берілген вексельдер бойынша алған қарыз ақшалары, төленбеген еңбек ақы, төленбеген салықтар жөніндегі сомалар да жатады. Егер алынған тауарлар қүны төленбесе, алашақтар қарызы қайтарылмаса, есептелінген еңбек ақы төленбесе, мүндай жағдайларда осы үйымның берешек қарыздары өсіп отырады. Нарықтық қатынастар жағдайында берешек қарыз сомалар осы үйымның қабылдаған міндеттемелерінің орындалмауының нәтижесінде туындап отырады.
Егер үйым төлем өтеушілік қабылетінен айырылып, бапкротқа үшырап жойылған немесе таратылған жағдайда несие берушілердің, несиелендіруші банктердің тәуекелшілік талабы бірінші кезекте канағаттандырылады. Несиелендіруші жақтардың тә>екелшілікке түскендегі талап еткен сомасы, осы үйымның қарыз алғандығы міндетті сомасының көлемінен көп немесе аз болмауы керек. Яғни банктердің осы үйымға берген несиесі жөніндегі қойған талабы осы үйымның активті қаражаттарын сатудан түскен акшаны алу жөнінде бірінші кезекте түрады. Егер қарыз алып, міндеттеме қабылдаған үйым өз қарызын қайтармаған жағдайда, мүндай мәселе заң орындарының шешіміне қарай орындалады. Өз еркімен қаржы салған инвесторлар талабы немесе бүлардың тәуекелшілігі банктер қойған талап орындалғаннан соң, қалған қалдық сома көлемінде ғана болады. Міндеттемел-^р колемінде қойылған талаптардың дәрежесі өте жоғары болады да, басқа қаражаттар көлемінде қойылған талаптар мүмкін болған жағдайда ғана орындалады.
¥зақ мерзімді алашақтар қарызы — осы үйымның алашақтарға 12 айдан артық мерзімде төлейтін берешек қарыздары. Бүган 12 айдан кейін қайтарыла бастайтын берешек қарыздардың, алған несиелердің барлық түрлері жатады. Мүндай берешек қарыздар сомасы бір жылдан келесі жылға көшіріліп отырады.
Төленетін салықтар — салықтардың барлық түрлерін төлеуге тиісті үйымдардың бюджетке аударуға жататын қарыздары. «Төленетін салықтар» терминінің жеке аталуы, төленетін салық түрлерінің көптігіне, сондай-ақ сомалардың үлкен көлемде болатындығы мен бухгалтерлік баланс жасалған кезеңде салық жөніндегі берешек қарыздар сомасының толық анықтала қоймағандығына байланысты.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашағы — осы үйымға еншілес, тә>елді үйымдардың және бірлесіп бақыланатын заңды түлғалардың жөнелткен, жібергең дайын өнімдері,тауарлары, орындалған жүмыстары және көрсеткен кызметтері, сондай-ақ бүлардан алынған материалды емес активтер, негізгі қүралдар, инвестициялар және басқа да активтер үшін берешек қарыздары.
Алынған аванстар — осы үйымның басқаларға жөнелтетін тауарлы-материалды қүндылықтары, орындаған жүмыстары, көрсеткен қызметтері үшін алдын-ала алған ақшалары. Сондай-ақ тапсырыс берушілердің дайын болған өнімдердің жеке бөлшектерінің дайындалғаны үшін аударған қаражаттары да алынған аванстар қүрамында болады.
Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу — қоюшылар мен мердігерлерден алынған тауарлы-материалды қүндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жүмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бүларды тасымалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) осы үйымның берешек қарыздары.
Қорытынды
Мен бұл курстық жұмысты қорытындылай келе, бухгалтерлік баланстың қандай дәрежеде керек екендігін, оның қандай талаптарға сай болу керектігін осы курсттық жұмысты жаза келе, зерттей келе толығымен түсіндім десем болады. Бухгалтерлік баланс деп — ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Мысалы, қандайда бір кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болуы, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады. Яғни «баланс» сөзін латын тілінен қазақшаға аударғанда «таразының теңдігі» деген мағынаны бірдіреді екен. Кәсіпорынның өркендеуі кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің баланстық теңдігіне байланысты болатын болса, онда бізге баланстық теңдікті дұрыс теңестіретін немесе дұрыс шығаратын кәсіби бухгалтер қажет.
Елімізде бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа ауыстыруына байланысты бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша кадрлау мен қайта даярлаудың ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалуы керек екендігін,.Бұл үшін әрбір жоғары және төмен дәрежедегі даярланатын бухгалтерлердің білімін сипаттайтын ресми құжаттар жасалып “Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлық қоғамдық институттың жұмысын жетілдіру керек деп есептеймін.
Сонымен қатар өркениетті елдер тәжірибесін үйрену, бухгалтерлердің халықаралық ұйымына мүше болу, басқа да ұлттық кәсіби ұйымдар мен қарым – қатынаста болып мамандар алмастырып, бухгалтерлік есеп стандарттар жүйесін бірлесіп жасап жетілдіру керек.
Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ұлы ғалымдар айытқандай Махаббат, әуен және бухгалтерлік кеңістікке еніп келеміз, ал бухгалтерлік есеп дегеніміз – бизнес тілі, ал біз бүкіл әлеммен осы тілде сөйлесуге, үйренуге тиіспіз.
Біз бухгалтерлік есепті реформалау, жетілдіру барысында еліміздегі бизнесменнің жұмысын жандандыруға көмектесеміз. Өзімді қызықтырған өзекті бухгалтерлік есеп жай – күйін, болашағын терең түсіну болатын. Сол үшін осы тақырып таңдадым. Осы кездегі жетілдіру жолдары, реформалары, өзге елдердің тәжірибесі. Еліміздің, зайырлы мемлекет болуымыз үшін кемшіліктерімізді жойып, ол шараларға тиімді жағдай жасау керекпіз.
Менің түсінігімде барлық экономикалық жүйенің негізі бухгалтерлік есепке негізделген. Бухгалтерлік есепті жете білген маман кез келген бизнеске анализ жасай алады. Дұрыс есепке құрылған бизнесте еш қашан банкротқа жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы нарыққа қарқынды түрде кіріп бара жатқанда, заман талабына сай жүйелі стандартық есепті меңгерген маман керек. сол маманның бірі болып Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.
Пайдаланған әдебиеттер:1. Әбдіманапов Ә., “Бухгалтерлік есеп теориясы және приниптері”, Алматы 2001 жыл.
2. Ержанов М.С., Ержанова А.М., “Основа Бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов”, Алматы 2003 год.
3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдул мен Т.Ғ. Шмидт О.Н., “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп”,Алматы: Қазақстан – аудит орталығы 2002 жыл
4. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева – “Қаржылық есеп”: оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2001 ж – 330 бет.
5. Төлегенов Е.Т.,. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”, Алматы: Экономика 2001 жыл
6. Бухгалтерлік есеп және аудит №2, 2003 жыл.
7. Бухгалтер бюллетені: қазан 2003, №41.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Депортаменті, “Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынылымдар” – Алматы 2000 жыл.
9. Т.Әбдіхалықов ,«Бухгалтерлік есеп және аудит» Алматы 2000ж
10. Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар. Қазақстан Республикасы – 1997ж.
11. Баймұханова С.Б. , Ә.Ж. Балапанова. «Бухгалтерлж есеп жэне аудит».
12. Әубәкіров Я.Ә. , Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова
Экономикалык теория. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті» 1999.
13. Ержанов М.С, Ержанов С.»Есеп саясаты » Алматы 1997ж.
14. Күлімжаев «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы 2004ж.
15. Салық кодексі 2005ж
16. Бухгалтер бюллетені2005ж Шілде 31
17. Бухгалтер бюллетені2005ж Қараша 48
18. Бухгалтер бюллетені2004ж Қараша 47
19. .Бухгалтер бюллетені2004ж Шілде
20. Бухгалтер бюллетені2005ж Тамыз 17
МКМ – меншікті капитал және міндеттемелер
А – актив
П – пассив
Активтер =міндеттемелер+меншікті капитал
Меншікті капитал=активтер – міндеттемелер
Активтер сомасы = меншікті капитал + міндеттемелер сомасымен
Актив = меншікті капитал
АҚ – акционерлік қоғам
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ТМҚ – тауарлы материалды қорлар
НҚ – негізгі құралдар
МЕА – материалдық емес активтер
Баланс деп — ұйымдар кызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады.
Үлгі — баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бүлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз.
Үйымдар деп — кез келген шаруашылық қызмет атқарушы қүрылымдарды айтады. Бүлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жүмыс істеу болып табылады.
Активтерді тану деп — активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылык қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.
Негізгі құралдар – өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін жүмсалған шығындар қүрамына өзінің бастапқы қүнын амортизация түрінде біртіндеп беріп отыратын активтерді — негізгі күралдар деп атаймыз.
Материалдар – ағымдағы активтер қүрамында есептелінетін, шаруашылық операцияларын жүргізетін және өндірілетін өнімдерге жүмсалатын, көзбен көріп, қолмен үстауға болатын заттарды — материалдар деп атаймыз.
Берешектер борышы – жөнелтілген тауарлар, орындалған жүмыстар, көрсетілген қызметтер үшін заңды және жеке түлғалардың осы күнге дейін төлемей отырған ақшаларын берешектердің борышы деп атаймыз.
Алдағы кезең шығындары – тиімділігі мен пайдалық дәрежесі осы жылы емес, алдағы кезеңдерде аныкталатын ағымдағы активтердің белгілі бір бөлігін — алдағы кезең шығындары деп атаймыз. Бүларға: сактандыру төленген сақтандыру сомалары, жал төлемі, тау-кен өндірісін дайындауға, мерзімдік басылымдарға жазылу жөніндегі шығындар жатады.
Қаржылық инвестициялар – ұйымдардың ұзақ және қысқа мерзімге алған инвестицияларын, сондай-ақ сатылып алынған акциялар мен облигациялардың қолда барын – қаржылық инвестициялар деп атаймыз.
Ақшалар деп – отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, жолдағы, арнаулы есеп шоттарындағы, валюталық шоттағы, есеп айырысу шотындағы, кассадағы ақшаларды айтады.
Аяқталмаған өндіріс – толығымен технологиялық циклдан өтпеген айын өнімдер шығаруға, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көретуге, сонай-ақ ары қарай өңдеуге жаттын, қоймаға жөнелтіле қоймаған өнімерге жұмсалған шығындарды – аяқталмаған өніріс деп атаймыз.
Міндеттемелер деп — мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке түлғалардан, ірі компаниялардан алынған қарыздарды осы үйымның кіріске алып, түптің түбінде қайтарып беруі жөніндегі алған міндеттемесін айтады.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………….3
I – бөлім. Бухгалтерлік баланс. Оның құрылымы мен мазмұны…………………..5
1.1. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері………………….5
1.2. Бухгалтерлік баланс түрлері…………………………………………………………………..15
II – бөлім. Бухгалтерлік баланс типтері. Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп…………………………………21
2.1. Бухгалтерлік баланс типтері…………………………………………………………………21
2.2.Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп…………………………………………………………………………………………………………23
Қорытынды………………………………………………………………………………………..33
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………..34
Қосымшалар………………………………………………………………………………………..35
Анатация
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде бухгалтерлік баланс және оның құрылымымен мазмұнын қарастырсақ, ал екінші бөлімінде бухгалтерлік баланстың типтік өзгерістері, бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп бойынша көрсеттік. Курстық жұмыста бірнеше мысалға толы кестелер мен қосымша слаидтар орын табады. Курстық жұмысым 31 беттен тұрады.