Бюджеттік механизмді ұйдастыру реферат

0

Тақырыбы: Бюджеттік механизмді ұйдастыру

Жоспар

Кіріспе

I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ҚОСАР ҮЛЕСІ

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы

1.2 Бюджетті процесс

II. БЮДЖЕТТІҢ МЕХАНИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ҚОСАР ҮЛЕСІ

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы

Бюджет — мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет — араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
• Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
• Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
• Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетіне мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
• аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

1.2 Бюджеттік процесс

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды.
Бюджеттi жоспарлау принциптерiне келесілерді жатқызамыз:
1) сабақтастық принципi — бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
2) басымдық принципi — бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3) негiздiлiк принципi — бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
• мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
• бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
• бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
• республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
• бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
• мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
• ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерi;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
2.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер:
• салықтық түсiмдер;
• салықтық емес түсiмдер;
• негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
• ресми трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттiк кредит беру:
• бюджеттiк кредиттер;
• бюджеттiк кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
• қаржы активтерiн сатып алу;
• мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
• қарыздар түсiмi;
• қарыздарды өтеу;
• бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, экономикалық тиімді өсу, жоғарғы өмір сүру деңгейін қалыптастыру, өндірісті индустрияландыру ең біріншіден мемлекеттік шығындарымен және соның негізінде жүргізілетін мемлекеттің тікелей бюджеттік қолдау, ынталандыру саясаттары байланысты болады. Осы шараларды жүзеге асыру үшін бюджет ылғи да қызмет етіп отыруы керек, яғни оның жыл сайын кірістермен қамтамасыз етілуі және бюджеттік шығыстардың орынды жоспарлануына байланысты.
Бюджет — мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
6. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
7. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
8. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: — 2003. – 131 бет.
9. З.С. Мұхамбетова «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2003г.
10. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.


Тегтер:бюджет кірістерібюджет кірістерінің түсінігібюджет механизмібюджет тапшылығыбюджет тапшылығы деген небюджет тапшылығы және оның себептерібюджет тапшылығы және оның түрлерібюджет тапшылығын жоюдың әдісібюджет тапшылығын қаржыландырубюджет тапшылығын қаржыландыру әдістерібюджет тапшылығының себептерібюджеттікбюджеттік бақылаубюджеттік жоспарлаубюджеттік жүйебюджеттік жүйені мемлекеттік реттеубюджеттік кодексбюджеттік процессбюджеттік процесті ұйымдастырудың негізібюджеттік қатынастарбюджеттік қатынастарды реттеубюджеттік құрылымбюджеттік құқықбюджеттік құқықтық қатынастаржергілікті бюджет кірістерікрнын бюджеттик кодексимемлекеттік борышмемлекеттік борыш құрылымымемлекеттік борышты басқарумемлекеттік борышты басқару әдістерімемлекеттік борышты басқарудың әдістерімемлекеттік борыштың экономикалық салдарларыреспубликалық бюджет кірістерісыртқы мемлекеттік борышқазақстан республикасының экономикалық реформаларықаржылық есеп берудің мақсаттарықаржылық есептің мақсаттарықр бюджеттік жүйесі