Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу

0

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы «Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу» деп аталады. Бітіру жұмысы 55 беттен құралады. Бітіру жұмысы екі тараудан және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады. әр тарау жеке – жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.

Бірінші тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджетті жоспарлаудың және атқарудың құқықтық негіздері, реттеу туралы баяндалады. Екінші тарауда, мемлекеттік бюджеттік бақылаудың түсінігі және түрлері, іс жүзіне асыратын органдардың құзыреті жөнінде баяндалады.

Сондай-ақ, бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.

Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де Заңдарына сүйене отырып жазылған.

Сонымен қатар, бітіру жұмысын жазуға ғылыми әдебиеттер және Қазақстан Республикасы бюджеттік бақылауды құқықтық реттеуге қатысты шығарылған қаулылар, ережелер және бағдарламалар қолданылды.

Бітіру жұмысында көп кездесетін сөздер: бюджет, қаржы, орган, мемлекет, бақылау, құқық, экономика, құзыреті, жоспарлау, және т.б.

Жоспар

Кіріспе……………………………………………………………3-5

І.Тарау. Бюджетті жоспарлаудың және атқарудың құқықтық негіздері

І. 1. Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері…………………..5-19

І.2. Бюджеттің атқарылуы  құқықтық реттеу………………………….19-38

ІІ. Тарау.Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың түсінігі  және түрлері

ІІ. 1. Бюджеттік бақылаудың түсінігі, қағидалары және іс – жүзіне  асырудың құқықтық  негіздері………………………………………………39-40

ІІ.2. Бюджеттік бақылаудың түрлері……………………………………..40-47

ІІ.3. Бюджеттік бақылауды іс–жүзіне асыратын органдардың құзыреті……………………………………………………………………………….48-52

Қорытынды………………………………………………………………………….53-54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………….54-56

Кіріспе

Бюджеттік бақылауды хұқпен реттеу дегеніміз, бюджеттерді қаыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік қаржыларды пайдалану процестерінің заңды түрде, және мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеретін мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар реттейді.

Түсінігіне келсек, бюджеттік кірістерді және шығыстарды  хұқпен реттеу дегеніміз, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін бюджеттік хұқтың бір бөлімі болып табылады.

Әдетте, мемлекеттік бюджеттің кірісін құрайтын ең басты түсім көздері салықтар, алымдар, салық емес басқа кірістер сондай-ақ міндетті түрдегі басқа да төлемдер болып табылады. Бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы мемлекеттің фискалдық саясатының жүзеге асырылу бағытына байланысты болады.

Мемлекеттік бюджеттік бақылау бюджеттік бақылау – тексерулерді жүзеге асыруға хақы бар уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджет органдарының жүйесі мен құзыреттерін, бюджет бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-ақ бюджеттік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындатын бюджеттік құқықтың нормаларының жиынтығы болып табылады.

Бюджеттік бақылау мемлекеттің бюджет қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және бюджеттік бақылау бюджет органдарымен мен басқа да тиісті уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ қаржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде бюджеттік бақылау кең мағынада айтылады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.

Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллирд доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді.[1]

Осы бюджеттік бақылау аясында мемлекеттің материалдық мүддесі айрықша, айқын көрінісін табады. Өйткені, мемлекет әрқашанда бюджеттік қатынастардың бір жағында тұратын қатысушы, сондай-ақ қоғамның саяси жүйесінің субьектісі ретінде бақылай отырып тексеріп, тексере отырып қадағалап, салықтардың және басқа да төлемдердің бюджетке уақытылы жиналуын және олардың толық мөлшерде тиісті бюджеттердің кірістеріне түсуін қамтамасыз етіп, өзінің және қоғамның ақша қаражаттарына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл жерде айта кететін тағы бір қызық жәйт, мемлекет қандай да болмасын бюджеттік құқықтық қатынастардағы тараптардың бірі – тұрақты субьектісі болып саналғанымен, егер салық және басқа да бюдетке төленетін төлемдерді төлеуші және бюджеттен бөлінетін ақша қаражаттарын пайдаланатын тұлғалар мен бюджет органының арасында белгілі бір дау-дамай туындаған жағдайда оны әділ шешуге тырысатын ара би болып табылады.

І. Тарау. Бюджетті жоспарлаудың және атқарудың құқықтық негіздері.

І.1. Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері.

Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік  процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджет процесі – бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, жөніндегі бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырлыған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Егер Қазақстан Республикасы бектікен халықаралық шартты заңдардан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылыста болады және барлық жеке заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ержелерін қоспағанда, ағымды қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

В.И. Белинский бюджеттік қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор бюджеттік қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылыған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Бюджеттік қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құныдылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер бюджеттік қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және қорларын жатқызады.

Бюджеттік қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты обьектісі ақша қорлары болып табылады.

Ал бюджеттік қаржылардың пайдаланылуы негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі обьективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А-Т-А) ұдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизмінің белгілі бір элементтерін құрайды. Бюджеттік қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай – бюджеттік  қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.

Бұл жерден байқайтынымыз, бюджеттік қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.

Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның обьектісі болып табылмайды. Бюджеттік қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде бюджеттік қаржылардың өзіне тән функциясы – бөлу және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылыдру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.

Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.

Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу және пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекше аясын көрсетеді. Алайда бюджеттік қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.

Сондықтан бюджеттік  қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды  Белинский В.И.

Ресейлік ғалым Горбунов О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал  “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылады дейді.

Мемлекеттік бюджеттік қаржыларды өзінің материалдық  мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру, қайта бөлу. Сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.

Горбунов О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге ұрып тұрған кемшілік бюджеттік қаржылар экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда бюджеттік қаржылар тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.

Бюджеттік қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлетін экономикалық құрал болып табылады.

Мемлекетті реттеудің ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен реттеу болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттеу және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды бөліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.

Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.

Ресейлік ғалым О.Н.Горбунов бюджет жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:

а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;

ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде бюджеттік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.

Ал бюджеттік институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттік бюджет жүйесін құрады. Бюджет жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының ерекшеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:

  1. федералдық, федерация субьектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
  2. бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
  3. бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
  4. шаруашылық субьектілер мен салалардың қаржысы;
  5. мүлікті және жеке басты сақтандыру;
  6. мемлекеттік және банктік кредит;

Бюджет жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша бюджет жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомствалар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.

Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық  банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.

Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Бюджеттік қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататыныдығын және оларды экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Бюджеттік қаржыларды экономикалық категория қатарына бөліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.

Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Сондықтан бюджеттік қатынастар өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде базистік қатынастарға жатады.

Қазақстандық экономист – ғалым  Мельников В.Д. бюджеттік қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну.

Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.

Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

1) бірлік принципі- Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету; 2) толықтық принципі – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу; 3) реалистік принципі – бекітілген бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік – экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі; 4) тарнспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу; 5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы; 6) тиімділік және нәтижелілік принципі – бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету; 7) басмыдық принципі – бюджеттік процесті республиканың немсе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру; 8) жауапкершілік принципі – бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту; 9) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық  деңгейлерінің Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрғыдан бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікті әлеуметтік – экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу функциясын жүзеге аысратын атқарушы орган;

Бюджетті жоспарлау  жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процессі болып табылады. Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттің болжамы жасалады. Республикалық бюджеттің әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бюджетті жоспарлау принциптері: сабақтастық принципі  — бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау; басымдылық принципі – бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік – экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; негізділік принципі – бюджетті нормативтік құқықтық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немсе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.

Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын, соның ішінде: мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштерін; бюджеттік бағдарламалардың өткен кезеңнің ішінде іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижелерін; бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын; республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың тәсілдерін; бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.

Орта мерзімді фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму жоспары негізінде, өткен қаржы жылы бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат, мемлекеттік, салалық, аймақтық  бағдарламалар, өткен қаржы жылы ішінде бюджеттің атқарылуын талдау мен бағалау ескеріле отырып, оның негізгі бағыттары жыл сайын түзетіліп үш жылдық кезеңге әзірленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі.

Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немсе пайдаланудың заттай көрсеткіштері. Заттай нормаларды қолдану бюджетті жоспарлау мен атқару кезінде міндетті болып табылады.

Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттің және республиканың, әлеуметтік – экономикалық  дамуының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немсе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

Бюджет түсімдерін болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Тауарлардың құны түріндегі бюджетке түсімдерді көрсетуге гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол беріледі.

Бұл реттеу шығыстарда бюджеттік бағдарлама алынған тауарлардың құнына тең көлемде көзделуге тиіс. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Бюджет түсімдерінің алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткіштерін бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді фискалдық саясат негізінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастырады. Бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды. Бюджет шығыстары лимиттерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерін бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу үшін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жеткізуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджеттік өтінім бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың қажеттігін негіздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшін алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы болып табылады.

Бюджеттік өтінім: бірыңғай бюджет сыныптамасы;бюджет шығыстарының лимиттері; өткен қаржы жылы бюджеттік комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім; республиканың немесе аймақтың орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат; басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі негізінде жасалады. Кодексте көзделген бюджетті нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі жыл сайын бір ғана бюджеттік өтінім жасайды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі: бюджеттік бағдарламалардың тізбесін және олар бойынша шығыстар сомасын; бюджеттік бағдарлама түсіндірме жазбаны; бюджеттік өтінімге енгізілген бюджеттік бағдарлама паспортының жобасын; кредиторлық берешектің жалпы сомасын оның пайда болуының негізгі себептерін көрсетіп, жылдар бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты; дебиторлық берешектің жалпы сомасын оның пайда болуының негізгі себептерін көрсетіп, жылдар бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты; гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты; бюджеттік өтінімге енгізілген бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар есептерін; басқа да ақпаратты қамтиды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды сатудан түскен өздерінің иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының тиісті қаржы жылына арналған болжамы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалып, бюджеттік өтініммен бірге табыс етіледі.[2]

Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленген нысанда өткен жылғы есептілік деректерін, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерді және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерді көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкімші жоспарлайтын бюджеттік бағдарламаларды айқындайды. Бюджеттік бағдарламағы түсіндірме жазба жоспарланып, отырған бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнін, республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қажеттігі мен рөлін ашып көрсетеді, өткен жылғы бюджеттік өтінімнен ауытқу себептерін көрсетеді.

Бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, нормативтік-құқықтық негіздемесін, күтілетін нәтижелерін, іс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзімдерін, ұлттық валютамен көрсетілген құнын, қаржыландыру көздерін айқындайтын құжат болып табылады. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың есебі бекітілген заттай нормалар ескеріле отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткіштерін ашып көрсетеді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік кредит беру арқылы іске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінім мынадай құжаттарды, соның ішінде инвестициялық жобаларды  дайындау мен іріктеу кезінде қалыптастырылыған құжаттарды:

  • бюджеттік кредит берудің мақсатына, принциптеріне, өлшемдеріне, бағыттарына бюджеттік бағдарламаның сәйкестігі негіздемесін қоса алғанда, бюджеттік бағдарламаны бюджеттік кредит беру арқылы іске асырудың мақсатқа сай екендігінің негіздемесін;
  • бюджеттік кредит беру обьектілеріне және бағыттарына қажеттілік негіздемесін;
  • бюджеттік кредиттер шарттарының негіздемесін;
  • бюджеттік кредит беру өтелімділігінің есебін;
  • жұмысқа тартылған жағдайда, сенім білдірген өкілдің көрсеткен қызметіне ақы төлеу мөлшерінің негіздемесін қосымша қамтуға тиіс.
  • Бюджеттік өтінімді жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарап, оларға бағалау жүргізеді және солар бойынша тиісті қорытынды дайындайды.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік өтінімді шығыстар лимиті шегінде енгізуге міндетті.

Бюджеттік комиссия бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешім қабылдайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның арасындағы келіспеушіліктерді бюджеттік комиссия қарайды.

Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті шешім қабылдағаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қосымша өтінімдерді ұсынуға құқылы емес.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей аяқталады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы закң жобасының мәтінінде: алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірстерінің, шығындарының операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері.

Жалақының, зейнетақының айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері. Жергілікті бюджеттерден республикалық  бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі; республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі; Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті; үкіметтік борыш  лимиті; басқа да ережелер болуы тиіс. Тиісті қаржы арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасына: кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса тіркеледі. Бұл реттеу түсімдер – санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілер және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады; республикалық бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер көлемі; республикалық меншікте тұрған және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер көлемі. Жергілікті бюджеттердің әлеуметтік маңызды бағдарламаларға арналңан шығыстарының ең төменгі көлемдері. Республикалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінген тізбесі; республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі, басқа да деректер қоса тіркеледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен көрсетіледі. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға табыс етеді.

Орталық мемлекеттік  органдар жаңа қаржы жылы басталғанға дейін алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің болжамды көрсеткіштерін ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізеді және олардың күшін жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсныстар әзірлейді.[3]

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы қабылданған шешімдері бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облычстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады. Шешім жобасының мәтінінде: алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің қаржы активтерімен жүргізілетін, операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері. Облыстық бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін бюджет субвенцияларының көлемдері және аудандар бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджетке алып қоюлар көлемдері. Жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимиті. Басқа да ережелер болуға тиіс. Облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы шешімінің жобасына: Кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы қоса тіркеледі. Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеиттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінген тізбесі. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, соның ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер көлемі. Қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары. Басқа да деректер қоса тіркеледі. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттердің республикалық маңызы бар қалалар астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының мөлшеріақшалай түрде көрсетіледі. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына қарауға табыс етеді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны ауданның бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей аяқталады. Шешім жобасының мәтінінде: алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялары бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері. Жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері. Ауданның бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлары көлемі. Басқа да ережелер болуға тиіс. Ауданның бюджеті туралы шешімінің жобасына: кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің қоса тіркеледі. Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады. Аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінген тізбесі, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, соның ішінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің бекітілген туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген бюджеттік бағдарламалар тізбесі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер көлемі. Әрбір қаладағы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары. Басқа да деректер қоса тіркеледі. Тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің бекітілген тапшылығының мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі. Алдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аығмдағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей ауданның жергілікті атқарушы органына қарауға табыс етеді

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды: 1) әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын. 2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты. 3) республикалық  бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын, 4) республикалық бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық есептерді. 5) соңғы есептілік күнгі жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жайы туралы деректерді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палатарларының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына кешіктірлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған респуболикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітілді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық  қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын ауданның жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттіңжобасымен бір мынадай құжаттарды және материалдарды:

  • әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
  • үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;
  • жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
  • жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық есептерді, алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасында негізге алынңан шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі.

Ауданның алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы  Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілкті бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқрушы органдары аудандық мәслихаттар аудандардың бюджеттерін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджет атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.[4]

Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешімдері қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Өкілді органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптерді: негізділік принципін; бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципін ұстанады.

Негізіділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, негізделіп жасалған есептерді оларға қоса тіркей отырып, осы түзетулерді енгізудің қажеттігіні, олардың әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігін жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиіс екендігін білдіреді.

Бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс пен толықтырулар енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленген деңгейден асырмай сақтау үшін қосымша түсімдердің нақты көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның Қазақстан Республикасының орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.

Талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша кредит саясаты жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза кредит беруінің қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлемдері бекітіледі.

Келесі оқылымдарда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджет жобасы тиіситі мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелерін және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.

Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясында шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімнің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның тиісті, әкімшілік – аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы.

Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

 

І.2. Бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу.

 

Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар кенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган заңда сәйкес жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрстеуді жүзеге асырады.

Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі – бюджеттік бағдарламалардың паспортымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс – шараларға бюджет қаражатын пайдалану.

Уақытылық принципі – бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет қаражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу принципі – қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу. Кассаның бірыңғайлық принципі – түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық  валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық  деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.

Бірыңғай қазынашылық шот – аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебн жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма – қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.

Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді. Ішкі істер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол бермейді.

Бір мемлекеттік мекемені басқа мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол бермейді.

Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады. Кодекстің мемлекеттік мекемлерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Баніне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

Бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушыларға қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот. Шетел валютасымен операциялар жүргізуге арналған шетел валютасындағы шот. Нысаналы қаржыландыру шоты – ерекше шығыстар жсауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.

Мемлекеттік мекемелердің шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен шоттар екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.

Бюджет қаражатының қалдықтары – есептілік кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша падаланылмай қалған бюджет қаражаттары. Уақытша бос бюджет ақшасы – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмаған, біыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджет қаражаттары. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастыра алады. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға орналамтыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бюджет қаражатының бос қалдықтары — өткен қаржы жылына кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттік қаражаттар. Кодексте жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттердің бюджет қаржатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алуға болмайды.

Бюджет қаражатының бос қалдықтары ағымдағы жылдың шығыстары бойынша жоспарлы жұмсалысдарды ұлғайтуға мынадай ретпен: өткен жылғы бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны оның бекітілген жылдық көлемінің он процентінен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкін. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немсе мәслихатта нақтыламай-ақ, қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы қаулысы негізінде қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтылай отырып, мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін өтеуге. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе нақтылай отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтылай отырып, басқа да шығыстарға жұмсалуы мүмкін.

Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы – бюджет қаражатының бос қалдықтары мен есептілік кезеңінің аяғындағы жағдай бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының арасындағы айырма.

Мыналар:

  • кодекс
  • тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдері;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немсе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық немесе жергілікті бюджеттерді атқару барысында ағымдағы жылы қабылдайтын шешімдері;
  • Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
  • Жылдық қаржыландыру жоспары;
  • Түсімдер мен қарджыландырудың жиынтық жоспары;
  • Кодекске сәйкес бюджетті атқару тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл  алдындағы  жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады.

Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы  мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бектікеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі және жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі уәкілетті органға республикалық немесе жергілікті бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейді.

Қаулыға мыналар қоса тіркеледі:

Кодексте белгіленген құрылым бекітілген республикалық немесе жергілікті бюджет. Бұл ретте түсімдер ерекшеліктер деңгейіне ұсынылады, ал бюджеттік бағдарламалар ішкі бағдарламаларға бөлініп ұсынылады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі толық беріледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер оларды анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды жне тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру жөніндегі қаулысын әзірлеуді, Қазақстан Респубилкасының  заңдарында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдармен отырып, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті  уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттік бағдарламаларды паспорттарын тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде бекітеді. Республикалық және жергілікті бағдарламалардың паспорттары бюджеттік өтінімнің құрамында ұсынылған және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы негізінде, бюджетті бекіткен кезед қабыладанған шешімдерді ескере отырып жасалады.

Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар: бюджет нақтыланған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығын қауіп төндіретін жағдайды жою қажет болған жағдайларда енгізіледі. Бюджеттік бағддарламалар әкімшілерінің паспорттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, электрондық және қөзге де бұқралаық ақапарат құраладарында міндетті түрде жарияланыға жатады.

Жылдық қаржыландыру жоспары – бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың жылдық түсімдер көлемімен теңджестірілген жылдық қаржыландыру көлемдерін айқындайтын құжат.

Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

Жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті  бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы: түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді және есепке алуды, Кодекске сәйкес түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді, қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алуды қамтиды.

Бюджетке түсетін түсімдер  ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады. Бюджетке шетел валютасымен түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып, бюджетті атқару жө.ніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есепке алынады.

Түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді Кодекске сәйкес әрбір жұмыс күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Тиісті бюджеттен түсімдер сомасын қайтару не оларды салық берешігін есебіне есепке алу Қазақстан Республикасының заң  актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне не түзілетін бюджетте бекітілген сомалар шегінде толық және уақытылы орындауға бағытталған іс-шарларды жүзеге асыруы болып табылады.

Мыналар:

  • міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламларды қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту.
  • Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту.
  • Мемлекеттік мекемлердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру,
  • Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелерін тіркеу
  • Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру
  • Бюджеттік қаражаттарды игеру бюджет шығыстарын атқарудың негізгі кезеңдерді болып табылады.

Бюджеттік қаражат есебінен туаарлар сатып мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшін төлемдер төлекді жүзеге асыруының а сайынғы кестесіе айқындайтын құжаттар.

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әзірлейді.

Бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыру жоспарлары қазақстан республикасы Үкіметінң немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына жылдық қаржыландыру жоспарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтініміне бюджеттік бағдарлама паспортына, бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді.

Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарлары түсімдер мен қаржыландырудың тиісті жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламар бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынға кестесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша түсімдердің болжамдық көлемдердің ескере отырып, өзгерістер енгізуге құқылы.

Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджетке бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік мекемелерді қаржландырудң жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарлары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылынаарналған республикалық бюджет туралы заңды немесе қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулыларымен бекітілген жылдық сома шегінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Бұл ретте мынадай талаптар сақтауға тіс:

  • бюджеттік бағдарлама паспортына сйкес келу,
  • мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешігінің пайда жол бермеу
  • бюджетке түсетін түсімдердің күиілетін көлемін ескере отырып, бюджеттің айлар бойынша теңдестірілуін сақтау.

Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары – бюджет түсімдерінің бюджет сыныпатамасы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің жне бюджеттік бағдарламаларды төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестірілген жоспарын айқындайтын құжат.

Түсімдер және бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сомалар түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекітілуі кезінде жылдық қаржыландыру жоспарын сәйкес келуге тиіс.

Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджетке төлемдер төлеудің белгіленген мерзімі, бюджетке өткенжылдары түскен түсімдер қарқыны, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынының талдау және бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейі, жасасылған кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының гранттар туралы келісімдердің талаптары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлеген бюджеттік бағдарламалардағы қаржыландыру жоспарларын негізге алына отырып жасалады.

Міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының негізінде міндеттемелер бойынша қаржыландырдың жиынтық жоспарлары жасалады.

Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық  жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жасап, бекітеді.

Жылдық сомалар қоса алғанда, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бюджетті атқару жөініндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті ораган түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемлер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Рұқсат – бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құдат, мемлекеттік мекемелер солардың шегінде міндеиттемелер қабылдайды.

Рұқсаттарды:

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі береді.

Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желштоқсанына дейін күшінде болады.

Рұқсаттар беру нысаны мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

Мемлекеттік мекемелер тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегінде ғана міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді. Бюджеттік қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе, жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінетін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кеін мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелер жасасуына жол берілмейді.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Алдын  ала төлеу нсанындағы төлемдерді қоспағанда, төлемдер растайтын құжаттардың негізінде мемлекеттрік мекемелердің міндеттемелері бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетін төлем сомасы мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің сомасын аспауға тиіс.

Растайтын құжаттар – тіркелген азаматтық – құқықтық мәміленің шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заң актісіне сйкес кеелітн тауарлардың жеткізілу, жұмыстарды орындалу немесе қызметтердің көрсетілу фактісін дәлелдейтін құжаттар. Төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру төлеуге берілетін шоттар мен төлем құжаттарын қалыптастыруды қамтиды. Төлеуге берілетін шот – мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді орындағаннын растайтын құжат, соның негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәклетті орган төлемдерді жүзеге асырады. Бюджеттен төленетін төлемдер тиісті бюджетті қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджеттік қаржаттарын қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

Төлем құжаттарын ресімдеу ұсыну жне пайдалану тіртібі Қазақстан Респубилкасының төлемдер жне ақша аударымдары тралы заңдарымен белгіленеді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлемдер жүргізілетін кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілген шоттар мен төлем құжаттарының: бюджеттік бағдарламалар паспорттарына; бюджеттік бағдарламалар жоспаларына, жеке қаржыландыру жоспарларына; бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, сондай-ақ азаматтық – құқықтық мәмілелер жөніндегі шарттардың талаптарына; Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген өзге де ержелерге сәйкестігін тексеруден тұрады.

Төлемдерді және аударымдары жүзеге асырған кезде қаражаттың тиісті сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның нұсқауы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына шығарылып, қабылданған міндеттемелермен аықындалатын бюджеттік қаражатты алушының шотына есептеледі.

Мемлекеттік мекеменің келісімінсіз оның шотына ақшаны алу Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Кодекстің талаптары және қабылдануы Кодексте көзделген, бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған жағдайда бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган өзі жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің төлемдерін тоқтата тұруға құқылы.

Төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру әдістері Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарымен айқындалады. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның төлемдерді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бюджеттік ақшаны басқаруды бюджетті атқару жөніндегі орталық жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады. Бюджеттік ақшаны басқару – төлемдердің бюджетке түсетін түсімдер мерзімдеріне сәйкес уақытылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралары кешені. Төлемдердің уақытылығы мен толықтылығын қамтамасыз  ету үшін бюджетті атқару жөніндегі  уәкілетті орган кезеңде бюджетке түсетін ақша түсімдерінің болжамды көлемін айқындайды. Бюджетке түсетін ақша түсімдерінің болжамды көлемі тиісті кезеңде жеткіліксіз болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық немсе жергілікті уәкілетті орган төлемдер жүргізу үшін қарыз алу ақша тарту процесін ұйымдастырады. Бюджеттіңк ақшаны басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге аырылады.

Бюджет қаражаттарын иегру – бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық – құқықтық мәмілелерде және бюджеттік бағдарламларды іске асыру соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көзделген мақсаттарға пайдалануы.

Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға тиіс.

Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті Кодексте көзделген есептердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға бюджетті нақтылау туралы ұсыныстар беруге құқылы.

Бюджет қаражаттарын игеру  мониторингін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасының ай сайын бөлінуін, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар  әкімшілеріенгізген өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингі барысында бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әкімдіктерге – толық игерілмеу себептерін көрсете отырып және республикалық бюджеттің атқарылуы туарлы есептің негізінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұстанымдары туралы ұсыныстармен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражаттарының толық игерілмеуі туралы;
  • Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын иегру қаржыландыру жоспарларынан кешеуілдеп жүріп жатқан бюджеттік бағдарламалар бойынша;
  • Тиісті бюджет комиссияларына ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылындағы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпарат жібереді.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыруы үшін мемлекеттік  мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тауарларды өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының түрлері бойынша жыл сайын жоспар жасайды.

Мемлекеттік мекеменің тауарларды өткізуден түсетін иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негізінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын есебінен тауарлар сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатынг ақша есебінен азаматтық – құқықтық мәмілелерді тіркеу Кодекстің 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды  өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан тыс кірістер тауарларды өткізуден түсетіңн ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.

Мемлекеттік мекемелердің ьауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақша есебінен жүргізілетін төлемдер мемлекеттік мекеменің тауарларды өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотындағы нақты көлемі шегінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдері,н есепке алуға және бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты огперациялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.

Бюджетке 31 желтоқсаннан кейін есепке алынған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі.

Кодексте еөзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтарының күші жойылады.

Бюджетті нақтылау – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толқытырулар енгізу арқылы бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту.

Бюджетті нақтылау:

  • бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заң актілері қабылданған немесе өзгертілген;
  • бюджетті атқару барысында бюджет түсімдері олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі.

Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекітрілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджетті нақтылау кезінде ғана жол беріледі.

Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің кірістері жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша алпыс процентке және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен проценттен орындалған жағдайда жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын игеру монитоингінің нәтижелері негізінде бюджеттік комиссияның жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсмыныстарын ескере отырып, жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бастамашы болуыға құқылы.

Республикалық немесе жергілікті бюджетті Кодексте көздщелген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Бюджеттерді нақтылау кезінде мынадай принциптер сақталады: уақытылық принципі – бюджетті нақтылауды бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін мерзімдерде жүргізу; негізділік принципі – енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтарулардың қажеттігін нормативтік құқықтық актілермен, тиісті есептермен және басқа да құжаттармен растау; теңдестірілімдікті сақтау принципі – депуттаттардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толқытырулар енгізу туралы заңның жобасын немсе мәслихаттың шешімін ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен аспайтын бюджет тапшылығының көлемін сақтау үшін түсімдердің қосымша көздерін не қысқартылатын шығыстарды негіздей және айқындай отырып, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізуі.

Секвестр – бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тыйым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілегн бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.

Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілегн жылдық көлемінің он процентінен кем сомаға секвестрлеу – Қазақстан Республикасы Үкіметінің немсе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгеріс және толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешімі Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.

Бюджетті секвестрлеу кезінде бюджеттік қаражат есебінен жасалған азаматтық – құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азамаиттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясы қарайды. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезінде қойылатын, Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін оның атқарылу барысында нақтылау Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және мәслихат депуттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

Облыстық бюджетті республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақты жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін әзірлеу мен бекіту кезінде қойылатын, Кодексвте белгіленген талаптар сақталады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңға қол қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

Ауңдан бюджетін оны атқару барысында нақтылау Кодекске сәйкес тиісті  жергілікті атқарушы органның және мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудан бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

Аудан бюджетін нақтылау кезінде ауданның бюджетін әзірлеу мен бекіту кезінде қойылатын, Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Аудан бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес облыстық бюджет пен аудандардың бюджеті арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстық бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.

Аудан бюджетін нақытлау тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі тиісті қаржы жылына арналған облыстық  бюджет туралы – мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін кеі апта кешіктірілмей қабылданады.

Бюджеттерді түзету – тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына Қазақстан Республикасының Парлаиментінде немесе мәслихатта нақтыламай өзгерістер мен тролықтырулар енгізу.

Орталық мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялар өзгерген жағдайларда жол беріледі. Түзету көрсетілген жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген осы бюджеттік бағдарламлардың жалпы сомасы шегінде қосу, бөлу, беру болып табылады. Жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған, Кодексте көзделген жағдайларда жол беріледі, жергілікті бюджеттерді түзетуге. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немексе облыстың жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жоғары тұрған бюджеттен қаражат бөлінген. Жоспардан тыс түсімдер есебінен жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу көлемі ұлғайған, кодексте көзделген жағдайларда жол беріледі.[5]

Бюджеттік есепке алу – бюджеттік операциялар туралы ақшалай түрдегі  ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың олардың үздіксіз құжаттық есебін жүргізу арқылы реттелген жүйесі.

Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бюджеттік есепке алу деректер бюджеттің атқарылуы жөнінде есептілік жасаудың негізі болып табылады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілік:

  • жасалған операциялардың түп нұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің болмауын білдіретін анықтық.
  • Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген барлық талап етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық,
  • Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелердің сақталуын білдіретін сәйкестік сияқты салалық сипаттамаларға сәйкес келуге тиіс.
  • Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікте алынған тауарлардың бюджетке түсетін түсімдері ақшалай көрсетіледі.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілік есептердің мынадай түрлерін: 1) мемлекеттік мекемелердің есептерін: мемлекеттік мекеменің балансын; жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті; тауарларды өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есепті; бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін басқа да есептерді; 2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті; бюджеттік бағдарламларды орындалуы туралы есепті; тауарларды өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары  жоспарларының орындалуы туралы есепті; бюджетті атқару жөніндегі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар белгіленген басқа да есептерді; 3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның есептерін: мемлекеттік бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті; республикалық немсе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есепті; түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немсе жергілікті атқарушы органның талаптары мен міндеттемелерінің жай-күйі туралы есепті; түсім сомаларының бюджеттен қайтарылуы не олардың салық берешегін өтеу есебіне есептелуі туралы есепті;  бюджетті атқару жөніндегі және бюджеттік жоспалау жөніндегі орталық уәкілетті органдар белгілеген басқа да есептерді;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін: республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті;

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану турналы жылдық есепті қамтиды.

Есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, оны жасаудың және табыс етудің мерзімдері мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасаудың және табыс етудің тәртібін Қазақстан Республикасының президенті айқындайды.

Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде есептіліктің қосымша нысандарын және оларды жасау мен табыс ету тәртібін белгілеуге құқылы.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық акитілерді басшылыққа алуға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп Кодекстің 129 және 130 баптарына сәйкес жасалып, табыс етіледі.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті,  сондай-ақ Кодекстің 121 бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық  уәкілетті органдарға табыс етеді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеиттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті және республикалық   бюджеттің кассалық  атқарылуын көрсетеді.

өткенг қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке:

  • түсіндірме жазба;
  • түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы  жылдық есепті қосымшалармен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті өткен қаржы жылы ішінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін кезегімен, алдымен – Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қараған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті атқару туралы уәкілеттік берген адамның баяндамасын;

Республикалық бюджетртің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы итуралы баяндамасын;

Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылармен қоса баяндамаларын тыңдайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қараған кезде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері тыңдаолуы мүмкін.

Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Парламенті есепті қаржы жылындағы республикалық бюджетротің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджеттіңатқарылу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күнге жағдай бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Кодекстің 212 бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептерді әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық  есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың  бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджетті және жергілікті бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді.

өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепке:

  • түсіндірме жазба,
  • түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есепе қоса тіркеледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық мааңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы  жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етеді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жылдық есебі облыстық бюджеттің, респуңбликалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

Есепті қараған кезде мәслихат:

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы әкімдік уәкілеттік берген адамның баяндамасын;

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкілеттік берген адамның баяндамаларын тыңдайды.

Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттінің атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін, мәслихаттың сессисында бекітіледі.

Есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде мәслихат жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің атқарылу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы.

Ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті сондай-ақ Кодекстің 121 бабының 1) тармақшасында көзделген басқа да есептерді әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей өткен қаржы жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшалармен қоса әкімдікке, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттік органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті огрган табыс етеді.

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетін және аудан бюджетінің касаалық атқарылуын көрсетеді.

өткен қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепке:

  • түсіндірме жазба;
  • түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.
  • Ауданның әкімдігі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшалармен қоса ауданның мәслихатына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына табыс етеді.

Мәслихат аудан әкімдігінің өткен қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін мәслтхаттың тексеру комиссиясының аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

Есепті қараған кезде мәслихат:

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы әкімдік уәкілеттік берген адамның баяндамасын;

Аудан бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын; аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкілеттік берген адамның баяндамасын тыңдайды.

Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджеттік бағдарламалардыі іске асырылуы туралы есептерді тыңдалуы мүмкін.

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

Есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде мәслихат ауданның бюджетінің атқарылуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолдану қажеттігі туралы шешім шығаруға құқылы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есебі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылауы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

ІІ. Тарау. Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың түсінігі және түрлері.

ІІ.1. Бюджеттік бақылаудың түсінігі, қағидалары және іс-жүзіне асырудың негіздері.

Мемлекеттік қаржылық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептілік жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының сәйкестігін тексеру.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, обьективтік, анықтық, ашықтық, құзыреттілік, жариялық принциптері міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсіздік принцип – мемлекеттік қаржылық бақылау огргандарының, мәслихаттардың тексеру мүшелерінің тәуелсіздігіне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде олардың жүргізіп жатқан бақылау іс-шарасының тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың обьективтік принципі – бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестілікпен жүргізу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелері бойынша  анықталған және құжаттармен расталған фактілер негізінде ғана гшешімдер қабылдау.

Бақылау нәтижелернің анықтық  принципі – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және мемлеғкеттік қаржылық бақылау обьектісінің өзге де құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық принципі – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретіндігі.

Құзыреттілік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерінің, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшін қажетті білімдер мен дағдаһылардың жиынтығы.

Жариялылық принципі – құпиялылық режимін, қызметтік коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бақылау нәтижелерін жариялау.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқаруын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және оларды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бекітеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау қызметтері, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.

Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:

  • бақылау – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;
  • республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінң отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар оырндауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережемен және оның регламентімен айқындалады.

  • мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландытарын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат.
  • Ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
  • Нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті басшысы өз құзыреті шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген, белгіленген нысандағы құжат;
  • Бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау қызметтері бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат:
  • Бақылау жүргізу туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.

ІІ.2. Бюджеттік бақылаудың түрлері

Сыртқы бақылауды:

  • республикалық деңгейде – Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
  • жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті:

Қазақстан Республикасының Президентіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды талдауға, оның қорытындылары мен нәтижелеріне, саолық және басқа да міндетті төлемдердің толық уақытылы түсуіне, бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды орындайды.

Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс етеді, ол өзінің мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау актілерін талдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті ішкі бақылау қызметтеріне республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді.

Республикалық бюджет қаржаттарын пайдалану мәселелері жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді; мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілерінің республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қаржы бақылауды стандарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Сыртқы бақылау саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.  Мемлекет кепілдік берген қарыздардың, республикалық бюджеиттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге арнап берілген қаражаттардың, мемлекеттің гранттарының, активтерінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мен барлық меншік нысандағы ұйымдардың республикалық бюджетке түсімдердің толық және уақытылы түсіун қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады. Республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылауды жүзеге асырады. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың атқарылу тиімділігі мен нәтижелілігіне баға береді. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігіне баға береді. Бюджеттік инвестицияларды бақылауды асырады. Республикалық бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қаржылық бақылаудың басқа да обьектілерінің сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Банкінен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан республикалық бюджет қаражаттарының түсуі мен пайдаланылуының толықтығына қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттамалар мен ақпарат сұратады және алады. Республикалық бюджеттің атқарылу мәселелері жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері лауазымды адамдарының есептерін тыңдайды. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері лауазымды адамдарының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарлдың сақталмауының  анықталған фактілері бойынша ұсынымдар енгізеді. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілерінен өзі белгілеген мерзімде республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады. Республикалық бюджет қаражатының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау және болғызбау жөнінде Кодекске жіне басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шаралар қолданады. Құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық  бюджеттің атқарылуы, гранттарды тарту және пайдалану мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады. Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда, республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларды тартады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде мәслихатқа береді және мәслихат бекіткенен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. Мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ақ жергілікті  бюджетті атқару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді.

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талда жасайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді.

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері лауазымды адамдарының жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді. Жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақытылы келіп түсуіне қатысты мәселелер жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізіледі. Тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырады. Құпиялық режимнің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша жазбаша түсініктемелер алады.

Жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық  ұйымдардың мамандары мен сарапшылар тартады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Ішкі бақылауды ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және бақылау қызметтері жүзеге асырады.

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілерінің республикалық жне жергілікті бюджеттердің шығыстарын атқару сәйкесітіген қаржылық есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады. Ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын бақылау тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау болғызбау және оған жол бермеу жөнінде шаралар қолданады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына хабардар ету үшін бақылаудың тиісті жоспарлары мен актілерін жібереді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілеріне жіберілген нұсқамалардың және бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері лауазымды адамдарының республикалық жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылаіу материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді. Ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Ішкі бақылау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастыруды. Ішкі бақылшау қызметі бар мемлекеттік органдардың жоспарларды орындаужәне ішкі бақылау жүргізу нәтижелері туралы есептерін құрайды. Мемлекеттік органдар мен барлық меншік нысандағы ұйымдардың республикалық және жергілікті бюджетке салықтық емес түсімдерінің толық және уақытылы енгізілуінеқатысты мәселелер жөніндегі қызметіне бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Республикалық және жергілікті бюджеттерден берілген бюджет қаражатының сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздың мемлекеттің гранттары мен активтерінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың  атқарылуының тиімділігіне және нәтижелілігі баға береді. Мемлекеттік мекемелердің тауарлардың сатуынан түскен өздерінің иелігінде қалатын ақшаны қалыптастыруын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. [6]

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілерінен бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша өзі белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша жазбаша түсініктемелерді сұратады және алады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауға қатысады. Ішкі бақылау қыземтері бар мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алады. Бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тартады. Құпиялылық режимнің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатынөзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық және жергілікті  бюджеттердің атқарылуы, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тауарларды сатуынан түскен, өздерінің иелігінде қалатын ақшаларды пайдалану мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады. Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау актілеріне талдау жасайды және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныс береді. Нормативтік құқықтық базаны және ішкі бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру  мәселелері бойынша іс-шаралар әзірлейді. Қазақстан Республикасының сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ішкі бақылау қызметі Қазақстан Республикасының заңддарына сәйкес орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен құрылады.

Ішкі бақылау құруға рұқсат берілетін мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ішкі бақылау қызметі орталық мемлекеттік органның басшысына есеп береді, мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастыру және функционалдық жағынан тәуелсіз болады.

Ішкі қызметі:

  • бақылау жоспарын жасайды;
  • орталық мемлекеттік органның басшысына ішкі бақылау жүргізу жоспарының орындалуы жөнінде есепті табыс етеді.

Ішкі бақылау қызметі бар мемлекеттік орган ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға бақылау жоспарларын, олардың орындалуы туралы есептерді және ішкі  бақылау жүргізу нәтижелерін ол белгіленген нысандар мен мерзімдер бойынша табыс етеді.

Ішкі бақылау жүргізу жоспарлары туралы есептер мен ақпаратты табыс ету туралы талаптар ол туралы ақпарат мемлекеттік құпияларға жататын шығыстарды бақылаумен байланысты жағдайларға қолданылмайды.

Ішкі бақылау қызметі:

  • мемлекеттік органда және оның аумақтық бөлімжелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында ішкі бақылау жүргізуге;
  • ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органнан консультациялар алуға құқылы.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі басшысының құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің басшысы:

  • бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижелерін, тұжырымдары мен ұсыныстарын білуге;
  • тиісінше Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, мәслихаттың тексеру комиссиясының тапсырмасын, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығын табыс етпеген мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерін бақылауға жібермеуге;
  • бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда он күн мерзімде бақылау жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органына немесе мәслихаттың тексеру комиссиясына бақылау актісіне қарсылық жіберуге;
  • бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органның, мәслихаттың тексеру комиссиясының іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің басшысы:

  • мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау органның, ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлерін, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерін бақылау жұмысын жүзеге асыру үшін сұратылып отырған қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге және оның анықтылығы, обьективтілігі мен толықтығы үшін дербес жауапкершілікте болуға;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау органы, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерінің, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттеріне араласпауға, оларды шатастырмауғ, бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге және бақылау ауқымын шектемеуге;
  • кемшіліктерді жою жөнінде қабылданған шаралар туралы уақытылы есеп табыс етіп отыруға;
  • жүргізілген бақылау нәтижелері бар актіні таныстыруға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне қол қоюға міндетті.

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жоспарлары мен актілерін жібереді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары бақылау актісі мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарына сәйкес келген жағдайда бақылау нәтижелерін өзара таниды, келісілген мерзімде тексерілген обьектілер және тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпарат алмасады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары кешенді бақылауды жиі дегенде жылына бір рет және дегенде екі жылда бір рет жүргізеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады.

Мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерінің, олардың қызметкерлері мен мүшелерінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін шектей алатын қызмет немесе қатынастар.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, ішкі бақылау қызметтерінің, мәслихаттардың тексеру комиссияларының.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты, сенім білдірілген адамы болып табылатын, бақылау обьектісінің онда жеке мүліктік мүдделері бар қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын қызметкерлері мен  мүшелеріне бақылау жүргізу тыйым салынады.

Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесі тексеру комиссиясының төрағасына хабарлауға тиіс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органнының, ішкі бақылау қызметінің қызметкеріне, мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесіне жүктеледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлері, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелері бақылау актісінде жазылған мәліметтердің анықтылығы, обьективтілігі және толықтылығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, ішкі бақылау қызметтерінің лауазымды адамдарына, тексеру комиссиясының мүшелеріне өз құзыреттеріне сәйкес олардың қызметтік міндеттерін орындауына, бақылау жүргізу үшін жіберуге бас тарту, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түріндегі кедергі келтіру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актілерді орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау қызметтерді, мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері лауазымды адамдарының, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.

 

ІІ.3. Бюджеттік бақылауды іс-жүзіне асыратын органдардың құзыреті.

 

Қаржы бақылау комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвтосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері:

Республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасын  және әдістемесін әзірлеу.

Қойылған міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің іс-әрекетін үйлестіреді;

Орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізудің тиісті кесімдерін, сондай-ақ хабарлық үшін тиісті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрі тиімсіз пайдаланылуын анықтау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;

Обьектілер лауазымды адамдарының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудағы іс-әрекеттерінде қылмыстар белгілерін анықтаған жағдайларда бақылау материалдық, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактілерін құқық қорғау органдарына береді;

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктілігін көтеруді және қайта даярлануын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы:

  • мыналарды бақылауды жүзеге асырады;

республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы;

республикалывқ бюджетке түсімдер: шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлестерге табыс, республикалықмемлекеттік кәсіпорындар таза тыбысының үлестері, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан алынған қаражаттар толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың қызметі;

Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сатып алу-сату республикалық мемлекеттік мүлікті жалдау, сондай-ақ Қазақстан Ресвпубликасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тиісті өтінуі болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуы;

Республикалық бюджеттен берілген бюджет қаражаттарының, оның ішінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы;

Республикалық бюджет, оның ішінде мемлекет тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері алған қаражатты пайдаланудың тиімділігі;

Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі;

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беру;

Бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың  (кіші бағдарламалардың) экономикалық тиімділігіне және орындылығына баға беру;

өздері белгілеген мерзімде бақылау обьектілерінен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсіндірмелер сұрау және алу;

орталық атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінен жоспарлар, есептер және өзге де қажетті ақпарат алу;

республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша бақылау обьектілерінің лауазымды адамдарын тыңдау;

республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын тарту;

заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің саталуын ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;

нормативтік құқықтық базаны және бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар әзірлеу;

акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері иеленуге және пайдалануға берілген мемлекеттік органдарға мемлекеттік сыртқы немесе ішкі бақылау органдарының қызметкерлерін акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кіргізуді ұсыну. Шетел мемелекеттерінің мемлекеттік аудит пен бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдарымен байланыстырады қолдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кіру. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау жүргізу актілерін және ұйымдарын лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жазбаша нұсқамен жіберу; бақылау жүргізу барысында алынған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін немесе тізілімін акт бойынша бақылау обьектілеріне қалдыра отырып, құқық қорғау органдарына бақылау жүргізу актілерін берген оларға құжаттардың тұпнұсқасын қоса тіркеу; республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге шарттық негізде және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша тәуелсіз жеке аудиторлық ұйымдарды олардың көрсеткен қызметіне республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тарту; құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттік органдардан оларға Комитет  және оның аумақтық бөлімшелері берген бақылау жүргізу материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат алу; бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргізу туралы қылмыстық  қудалау органдары қаулыларының негізінде жоспардан тыс бақылау жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану.

Комитетің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтеріне консультациялар беру, бюджеттік заңнаманы қолдану практикасына италдауға және қорытуға қатысу, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және өз құзыреті шегінде тиісті нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өз құзыреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын қамтаамсыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау – қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің басты міндеттері мыналар болып табылады:

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету;

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіоілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету.

Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері,  сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлгінің қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге де шоттары бар. Комитет азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Мынадай бақылау – қадағалаушылық функцияларды:

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуінің толықтылығын көздейтін заңнаманың сақталуын бақылауы;

Нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес төлемдердің түсуін бақылауды;

Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды;

Мемлекеттік бюджетке бөлінетін міндетті төлемдердіесептеуді және жинауды жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін өнімдер бойынша акциздік алым маркілерінің сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркілерінің жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды;акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын ұйымдардағы акциз бекеттерінің жұмысын бақылауды;

Бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымыны саласында құқық бұзушыларға әсер ету шараларын қабылдауды;

өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды;

мұнай өнімдерінің айналымына мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы бойынша ілеспе жүк құжаттар мен декларакциялар арқылы бақылауды.

Қорытынды

Мемлекетіміздің егемендігі, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, сондай-ақ мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы және өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын бюджет механизмінің жаңаша қалыптастырылуы бюджеттік құқықтың экономика және құқық аяларының өзіне тиесілі орнын алуының басты себебіне айналып отыр. Демек, аясының тоғысатын жері, көбінесе обьективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын бюджет саласы әрқашанда мемлекеттің бюджеттік  құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табылады..

Мемлекеттің және нарықтық қатынастардың мызғымас атрибуттарына да осы бюджет жүйесі,бюджеттік органдар жатады.

Қоғамның әлуметтік жағдайына және экономиканы басқару ісіне тигізер ықпалдары да өте зор. Салықтарды алуға байланысты мемлекет осы салықтардың көмегімен тиісті бюджеттің кірісіне ақша қаражаттарын жұмылдыру, тарту арқылы мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық даму бағдарламаларының басымды бағыттарын ақшалай қамтамасыз ету сияқты мақсат – міндеттерді көздейді. Мемлекеттің бюджет саласындағы бюджеттік қызметтер, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, мәжбүрлеп алу, олардың толығымен және уақытылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу, салық органдарының жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілеу және т.б. тек салықтық – құқықтық нормалардың негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттің бюджеттік құқығы миллиондаған қатысушылардың бар, әлеуметтік – экономикалық маңызы мен қажеттілігі күн санап өсіп келе жатқан, барлық қаржылық – құқықтық реттеу әлеуетін мемлекеттік бюджетті салықтық қалыптастыру мен бюджеттік қаржыландыру мен несиелеу жолында пайдаланатын ерекшеленген құқықтық құрылым болып табылады. Мемлекеттік билік органдарының қоғам мен экономика өмірінде өзінше із қалдыратын айтарлықтай күрделі әрі елеулі бюджеттік іс – қимылдарды  әрдайым бюджеттік құрылысқа, бюджет әкімшілігін жүргізуге және бюджеттік құзыреттер белгілеуге байланысты бюджеттік құқықтық нормаларға негізделеді.

Осы жәйттер және мемлекеттің қаржылық іргетасын қалыптастыратын бюджеттік құқықтық қатынастар бюджеттік заңдар саласының жетілдіруіне, мемлекеттің бюджеттік  құқығының жаңаша даму сатысына көтерілуіне, сондай-ақ халықаралық бюджеттік құқық нормалары мен ережелерінің Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде көрініс табуына барынша ықпалын тигізіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер және нормативтік  құқықтық актілер  тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы 2005 жыл.
  2. Худяков А.И. Финансовое право РК (общая часть). Алматы: ТОО “Баспа” – 2001.
  3. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Сермиов У.С, Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. – Алматы, 1999.
  4. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник. – Алматы, 2001.
  5. Финансы. Денежное обращение. Кредит: учебник для вузов. под ред. проф. Л. А. Дробозиной — М, Финансы, ЮНИТИ, 2000- 527с.
  6. Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржылық хұқы. (оқулық) – Алматы, 1994.
  7. Финансы. Учебное пособие. Под ред. А.М.Ковалевой — М ., 1999, Финансы и статистика .- 387с.
  8. Основы теории финансового права. Худяков А.И.- А., 1995 -288 с.
  9. Павлова Л. Бюджетное финансирование и проблема государственного долга // Экономист, № 4, 1996 -96с.
  10. Подпорина  И.   Современные  проблемы  бюджетного  регулирования  //Экономист, № 7, 1996 — 96с.
  11. Коков В., Любимцев Ю. Бюджетный федерализм: проблемы и перспективы // Экономист, №11, 1996-96с.

Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 1999, -108 б.
  2. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Алматы, Юрист, 2004. –128 б.
  3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңы. (өзгетулер мен толықтырулар № 577-ІІ 20.12.04ж)
  4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12-маусымдағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі” Алматы, Юрист, 2004, 228 б.
  5. Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау Комитеті туралы Ереже 19.06.02.қаулысымен бекітілген
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің қызметінің кейбір мәселелері туралы 19.06.2002 жылғы Қаулысы
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі туралы Ереже 28.10.04. №1116 қаулысымен бекітілген.
  8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы Ереже. 29.10.04.ж. №1127 Үкіметтің қаулысымен бекітілген.
  9. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы Ереже.31.12.03. №1270 Президентінің Жарлығымен бекітілген.

[1] Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы 2005.

[2] Павлова Л. Бюджетное финансирование и проблема государственного долга // Экономист, № 4, 1996 -96с

[3] Коков В., Любимцев Ю. Бюджетный федерализм: проблемы и перспективы // Экономист, №11, 1996-96с.

[4] Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Сермиов У.С, Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. – Алматы, 1999.

[5] Основы теории финансового права. Худяков А.И.- А., 1995 -288 с.

[6] Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник. – Алматы, 2001.