Бюджетаралық қатынастар
Жоспары:
Кіріспе________________________________________________3-бет
I. Бюджетаралық қатынастар – бюджеттік реттеудің негізгі
құраушысы ретінде____________________________________________5-бет
II. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу_____10-бет
III. Салық – бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде __15-бет
IV. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары_________________22-бет
Қорытынды__________________________________________24-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_______________________25-бет
Кіріспе
Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1].
Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.
Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады [1].
Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері келесілерден тұрады:
— біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
— екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық формасы болып, оның бюджеттік жүйесі табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.
1 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (2008жылғы 24сәуір №548-ІІ, өзгертулермен 7.07.06ж. №176-ІІІ)
Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
— жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;
— бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
— барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.I. Бюджетаралық қатынастар – бюджеттік реттеудің негізгі құраушысы ретінде
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар бұл – «бюджет үрдісіндегі жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттермен қарым-қатынасы».
Бюджетаралық қатынастар мыналарға негізделеді:
— мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктерді нақты бөлу;
— бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығындарды бірыңғай бөлу;
— бюджетаралық қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность) әдісі негізінде анықтау.
Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың формалары мен әдістерін қарастырудан бұрын, бюджетаралық қатынастар үлгілерінің түрлері толық зерттелмегенін айта кеткен жөн. Ағылшынның мамандары Г. Хьюз бен С. Смиттің экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің (аз халқы бар елдерді қоспағанда – Жаңа Зеландия, Ирландия, Люксембург)бюджеттік жүйелеріне берген бағалары қызықты да қажетті. Олар мына белгілер бойынша бағалайды:
— бюджетаралық қатынастарды реттеудегі ұқсастықтар;
— бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері;
— орталық және субұлттық биліктер рөлдерінің қатынасы.
Нәтижесінде жоғарыда аталған 19 елі төрт топқа бөлінді.
Бірінші топқа 3 федеративті (Австралия, Канада, АҚШ) және екі унитарлы (Ұлыбритания, Жапония) мемлекеттері кірді.
Екінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кірді: Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия.
Үшінші топқа Батыс Еуропаның федеративті елдері кіреді: Австрия, Германия, Швейцария.
Төртінші топқа: Бельгия, Франция, Греция, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания.
Бірінші топтағы елдер кең салықтық өкілеттікке негізделетін аймақтық және жергілікті биліктің тәуелсіздігімен (самостоятельность) ерекшеленеді, екіншісі – аймақтық және жергілікті биліктердің әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы жоғары үлесі, үшіншісі — әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің автономдығы, төртіншісі – аймақтардың орталық бюджетке қаржылық тәуелділігі.
Статистикалық анализ көрсетіп отырғандай (1,2кесте), экономикалық дамыған елдерде жергілікті бюджеттің өте жоғары қаржылық автономдығы бар және жергілікті бюджетке тәуелсіз немесе аз тәуелділігі бар бірқатар мемлекеттер бар.
Швеция, Люксембург, Исландия және Испания сияқты елдерде жергілікті бюджеттердің табыстары барлық соманың 99,2% — 72,8% құрайды. Жапония, Франция, Финляндия, Бельгия және Дания елдерінде жергілікті бюджеттің қаржылық автономдығы 68 – 56% құрайды. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттің жеке табыстарының үлесіне 59,5% келеді, ал орталық әкімшілік бюджетінен трансферттерге 40,5% келеді.
Алайда, көптеген мемлекеттердегі жергілікті органдар өзінен жоғары тұрған органдарға тәуелді болып келеді. Олар – Нидерланды, Италия, Ирландия, Португалия. Олардың трансферттері ағымдағы табыстың 62 -80% құрайды. Мұндай орталық әкімшілік жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру, аймақтардың дамуындағы диспропорцияны жою мақсатында бюджеттік каналдар арқылы ұлттық табысты қайта бөлу (перераспределение) үшін жасап отыр. Бұл елдерде негізгі салықтардың барлығы орталық органның бюджетіне түседі, ал жергілікті органдарда салық салу ағымдағы табыстың 10% — на жетер-жетпес.
Кесте 1 – 1994 жылғы бюджеттік жүйе звеноларының табыстары *
(пайыз бойынша)
Елдер Орталық бюджет Федерация субъектілері мүшелерінің бюджеттері Жергілікті бюджеттер Әлеуметтік сақтандыру қорларының бюджеттері
Федералды мемлекеттер
Австралия
Австрия
Канада
АҚШ
Германия
Швейцария **
Орташа 75,8
46,5
33,2
31,9
29,2
29,2
41,8 44,8***
21,8
53,6
47,6***
27,0
30,4
37,5 —
15,3
27,9
—
16,2
21,5
20,2 —
31,9
6,2
30,7
42,0
37,5
29,7
Унитарлы мемлекеттер
Бельгия
Ұлыбритания
Дания
Ирландия
Исландия
Испания
Италия
Люксембург
Нидерланды
Норвегия
Португалия
Франция
Швеция
Жапония
Орташа 54,7
72,8
68,3
79,6
76,7
44,4
66,4
62,4
50,6
58,5
70,5
41,9
53,0
35,0
59,8 —
—
—
—
—
—
—
—
—
—
—
—
—
—
— 12,5
27,6
49,7
36,7
24,9
25,9
39,8
14,0
34,3
31,6
8,0
16,6
35,7
44,8
29,7 50,9
18,9
12,8
18,8
16,9
45,6
51,9
36,8
42,8
32,6
27,3
44,5
25,1
43,2
32,3
* Fiscal Federalism in theory and practice. IMF, 1997 – P.669.
** Тек ағымдағы табыстар
*** Штаттар мен муниципалитеттер бюджеттерінің сомасы.
Жергілікті бюджеттік-салықтық жүйелердің құрылымы әр елдерде әр түрлі. Бұл тарихи дәстүрлермен, жергілікті қаржыларды бақылайтын мемлекеттік бақылаулардың көлемі мен формаларын анықтайтын заңнамалармен, жергілікті бюджеттер мен банк секторы арасында қалыптасқан қарым-қатынас және басқа да ерекшеліктермен түсіндіріледі.
Кесте 2 — 1994 жылғы нарықтық экономикалы елдердегі жергілікті билік органдары бюджеттерінің ағымдағы табыстарының құрылымы *
(ағымдағы табыстар бойынша,%-бен)
Елдер Жеке табыстар Реттеуші табыстар (орталық әкімшіліктен трансферттер)
Мемлекеттік меншіктен және кәсіпкерліктен табыс салықтар Басқа да табыстар Жеке табыстар
барлығы
тура жанама Барлығы
«Салықтық автономиялы» елдер орташадан жоғары (50,2% көп)
Исландия
АҚШ**
Люксембург
Испания
Австрия
Швейцария
Швеция
Жапония
Норвегия
Германия
Франция
Финляндия
Дания 8,6
3,4
1,9
1,9
2,2
4,6
2,4
2,3
1,5
5,0
2,3
3,3
1,6 50,7
79,8
30,4
32,8
30,1
65,6
64,3
26,8
55,2
24,8
24,9
55,3
47,5 39,8
8,8
53,9
43,2
42,5
3,5
0,3
34,6
1,6
31,4
31,0
0,0
4,1 90,5
88,6
84,3
76,0
72,6
69,1
64,6
61,4
57,1
56,2
55,9
55,3
51,6 0,1
0,3
6,9
5,3
11,2
7,9
5,8
0,4
—
6,4
4,1
1,6
2,9 99,2
92,3
93,1
83,2
86,0
81,6
72,8
64,1
58,6
67,6
62,3
60,2
56,1 0,8
7,7
6,9
16,8
14,0
18,4
27,2
35,9
41,4
32,4
37,7
39,8
43,9
«Салықтық автономиялы» елдер орташадан төмен (50,2% аз)
Бельгия
Австралия**
Ұлыбритания
Канада
Португалия
Греция
Италия
Ирландия
Нидерланды
-орташа 16,3
14,5
8,3
2,4
3,0
12,6
1,7
3,4
8,5
4,8 35,4
—
—
—
23,3
9,3
6,3
—
1,9
36,9 7,4
39,9
37,2
32,6
5,9
5,3
4,4
7,5
4,5
20,0 42,8
39,9
37,2
32,6
29,2
14,6
10,7
7,5
6,4
50,2 —
4,1
8,5
0,7
6,2
1,5
8,3
11,8
5,1
5,0 59,0
58,5
48,0
35,7
38,4
28,7
20,7
22,7
20,0
59,5 41,0
41,5
52,0
64,3
61,6
71,3
79,3
77,3
80,0
40,5
*Fiscal Federalism in theory and practice. IMF, 1997.-P.669.
**Штаттарды қоса алғанда.
Қазіргі уақытта бюджетаралық қатынастардың екі үлгісін бөліп көрсетуге болады:
• орталықсыздандырылған;
• кооперативті.
Орталықсыздандырылған үлгінің келесідей ерекшеліктері бар:
1. Мемлекеттік билік және басқару органдарының ең негізгі үш функцияның ішіндегі – макроэкономикалық тұрақтандыру, ұлттық табысты қайта бөлу және мемлекеттік қызмет көрсету мен тауарлар өндіру – бірінші екеуі көбіне орталық үкіметтің қызмет саласына жатады, ал үшіншісі үш билік деңгейлерінің арасында бөлінеді.
2. Орталық бюджеттің салықтық кіріс көздері жеке және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, акциздік және кеден баж салығы болып табылады. Ал субұлттық бюджеттер тауар және қызмет көрсету, мүлік және жер учаскелеріне салынатын салықтармен қанағаттанады.
3. Аймақтық биліктердің жоғары қаржылық тәуелсіздігі. Бұл орталық үкіметтің аймақтық органдардың бюджетіне бақылау жасамауына алып келуі мүмкін, горизонтальді дисбаланс проблемасына және аймақтық бюджеттік дифицитіне, олардың қарыздарына жауапкершілігінің болмауына алып келеді. Аймақтардың қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету салықтық базаларды бірігіп (федеральді-аумақтық) қолдану болып табылады.
Кейде аймақтар аймақаралық және мемлекеттің сыртқы саудасын бұзбайтын кез келген салықтарды енгізе алады. Горизонтальді диспропорция проблемасын тура трансферттерді белгілі бір халық категорияларына бөлу арқылы шешуге болады.
Алайда дүние жүзінде кеңінен таралған орталықсыздандырылған үлгі емес кооперативті үлгі болып табылады. Бұл үлгіге тән:
• аймақтық және орталық мемлекеттік құрылымдардың тығыз бюджеттік қарым-қатынасына әкелетін, салыстырмалы түрде аймақтық биліктердің ұлттық табысты қайта бөлуде және макроэкономикалық тұрақтандыруда кеңінен қатысуы.
Аймақтық және жергілікті билік органдарының макроэкономикалық тұрақтандыру саясатына қатысуы даму қорларын немесе орталықтандырылған бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырумен анықталады. Мұндай бағдарламаларды ұйымдастыруды тек АҚШ-тан ғана емес(мысалы, шахтерлік аудандардағы шаруашылық өмірді қайта жаңғырту бағдарламалары өте қызықты), Канададан (ұлттық солтүстік аймақтарға арналған бағдарламалар), сонымен қатар Еуропадан (Италияның оңтүстік аудандарын дамыту бағдарламасы) үйренуге болады:
• салықтық табыстарды бөлу жүйесінде (соның ішінде ұлттық) аймақтық биліктердің жоғары рөлі.
Қазіргі уақыттағы дамыған шет елдерінің салықтық жүйесі салықтардың көптігімен ерекшеленеді. Негізгі салықтар мемлекеттік бюджетке түседі. Ондай салықтарға халықтың табыс салығы, корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, кеден баж салықтары жатады.
Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттердің салықтық жүйесі тура (табыс және мүлік) және жанама (тауарлар мен қызмет көрсету) салықтардан тұрады. Тура салықтар Канадада, АҚШ-та, Жапонияда, Данияда кеңінен қолданылады, ал жанама – Францияда, Италияда, Норвегияда қолданылады:
• горизонтальді бюджетті тегістеу саясаты, аймақтық мемлекеттік қаржылар жағдайына орталықтың жауапкершілігі, территорияның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі орталықтың бақылауды күшейтуіне алып келеді және аймақтық биліктердің тәуелсіздігін шектеуіне себеп болады.
Бюджетаралық қатынастардың кооперативтік үлгісін Еуропаның көптеген мемлекеттері, әсіресе скандинавия елдері қолданады.
Кооперативті үлгі бюджеттік тегістеудің барлық негізгі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді: билік деңгейлері бойынша салықтық табыстарды бөлу, жалпы трансферттер, арнайы трансферттер. Мұндай тегістеудің ықтимал механизмін құру көбіне жергілікті билік органдарының компромисті шешім табуларымен байланысты. Мысал үшін, трансферттерді бөлу қойылып отырған мәселелерге байланысты: бастапқы шарттарды тегістеу (салық потенциалын, табыс деңгейін көтеру) немесе мемлекеттік қызметтерді қолдану деңгейі (қаржылық қажеттіліктерге байланысты шығындарды дотациялау). Бұларды бірдей орындаған жағдайда, басымдылық мәселесін шешіп алу қажет.
II. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу
Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс, аудандардың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады. Сонымен қатар әр деңгейдегі бюджеттердің міндеттері де әртүрлі болады. Мысалы, республикалық бюджет бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдарламаларды, соның ішінде қорғаныс, басқару, аппарат, күрделі ғылыми зерттеулер т.б. қаржыландырылады. Ал жергілікті бюджеттер ең алдымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге байланысты бағытталған мақсаттарды қаржыландыру үшін жауапты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның бюджет жүйесін реформалауда бірнеше маңызды шешуді қажет ететін мәселелер бар. Олар табыстар мен шығындарды бөлудегі, бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық трансферттерді бөлудегі тұрақсыздық, басқару деңгейлерінің функцияларын үнемі қарастыру, олардың бюджет ресурстармен қамтамасыз етілмеуі, т.б. Мысалы, Алматы қаласы бойынша жалпы кірістер 127 млрд. теңгені құрайды, Алматы қаласының бюджетінде 55 млрд. теңге қалып отырған күнде қала бюджетінен қосымша қаржы бөлуді қажет ететін ауа атмосферасының ластану мәселесі тұр.
Кесте 3 — 2008 жылға арналған республикалық және Алматы қаласы бюджетінің арасындағы салық бойынша кірістер, жинақтар және төлеулерді бөлу
( мың теңге)
Атауы Болжам Факт (орындалу) Үлес салмағы (%)
1 2 3 4
Республикалық бюджет 6 8461 979 71 490 434 56
1 2 3 4
Алматы қаласының бюджеті 51 936 643 55 397 512 44
Барлығы 121 498 656 127 071 995 100
Алматы қаласы бойынша салық комитетінің көрсеткіштері
Бюджет деңгейлері арасындағы, әсіресе облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттік кірістерді тұрақты бөлуді қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың салық базасын және аумағын, сонымен қатар оларды жинау процесін басқаруды ықтималдандыру, олардың қызығушылық деңгейін жоғарылатады.
Қазіргі кірістерді бөлу жүйесінің, табыс түрлері бойынша және бөлу нормативтері бойынша барлық аймақтарға бір республикалық бюджет құрамындағы корпоративті табыс салығының алдыңғы жүйелерге қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: барлық аймақтарға кірістер көлемін ұлғайтуға тең стимул жасады, яғни әрбір бюджет белгілі территориядағы бюджетке тіркелетін бірдей теңге алады.
Кесте 4 — Қазақстан Республикасындағы әртүрлі бюджет деңгейлері бойынша кірістерді бөлу жүйесі
Бюджет түрлері 2007 ж. 2007 ж. 2008 ж.
млн. тг. % млн. тг. % млн. тг. %
Республикалық 706 630 70,3 1 723 913 82,1 1 847 225 79
Жергілікті 478 602 47,6 749 661 35,7 1 026 747 43,9
Мемлекеттік 1 004 566 100 2 098 532 100 2 338 034 100
ҚР қаржы министрлігінің көрсеткіштері
Жоғарыдағы көрсеткіштерден 2007-2008жж. аралығындағы республикалық бюджетте қаржыларды орталықтандыру деңгейі 70,3%-дан 79%-ға көтерілгенін көруге болады. Мұны жағымсыз құбылыс және демократиялық орталықтандыру қағидаларын жүзеге асыруды тежейтін тенденция деп қарастыруға болады.
Қазіргі уақытта облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық деңгейлер арасындағы қызметтерді бөлу өкілеттігі облыстық деңгейге жүктелген. Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерді тәуелсіз деп қарастыру қажет, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері заңнамалық актілер деңгейінде, соның ішінде ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару» заңы бойынша реттелуі қажет.
Қазір республикада бір басқару деңгейінен басқа басқару деңгейіне қаржыландырудың өкілеттіктері мен қызметтерін беру проблемасы және бюджетаралық қатынастарды реформалау Концепциясын жасаумен айналысатын арнай комиссия жұмыс істейді. Соның өзінде қиын проблемалардың бірі болып, төменгі бюджеттерге қаржыларды беру (передача) болып табылады. Бұл проблеманы шешудің екі жолы бар:
1) жоғарғы бюджеттің қаржыларын субвенция түрінде беруге болады;
2) жергілікті бюджеттердегі жеке салықтардың үлесін ұлғайтуға болады.
Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері арасындағы территориялық айырмашылықтар табиғи-климаттық жағдайына, географиялық орнына және демографиялық жағдайына байланысты. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын 5 кестедегі көрсеткіштерден көруге болады.
Кесте 5 — 2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері
Атауы ҚР халқының аймақтар бойынша үлесі, % ЖАӨ-де аймақтар үлесі,% Жан басына шаққандағы ЖАӨ,
мың тг. Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемінде аймақтар үлесі,% Жалпы ауыл шар. өнімі өндірісінде аймақтар үлесі,% Негізгі капиталға салынған инвестицияны игеруде аймақтар үлесі,%
ҚР
1 топ
Астана қаласы
Алматы қаласы
2 топ
Атырау
Маңғыстау
3 топ
Шығыс Қаз.
Қарағанды
Павлодар
4 топ
Ақтөбе
Жамбыл
Қостанай
Оңтүстік Қаз.
5 топ
Батыс Қаз.
Солтүстік Қаз.
6 топ
Алматы
Қызылорда
Ақмола 100
3,6
8,2
3,1
2,4
9,4
8,7
4,8
4,5
0,07
5,9
14,6
4
4,3
10,5
4,06
4,9 100
8,5
16,7
12,5
6,2
6,1
8,4
4,9
5,7
2,2
4,3
4,7
6,6
2,3
4,2
3,4
2,6 446,2
1058,2
909,8
1797,2
1131,6
292,5
429,05
451,5
568,5
13685,6
329,5
143,06
742,2
243,9
178,5
381,4
238,7 100
1,1
4,5
20,4
14,6
4,9
9,4
5,8
9,2
1,4
3,4
2,6
9,5
0,7
3,4
6,4
1,3 100
0,6
0,3
1,2
0,3
9,8
4,6
4,7
3,5
5,9
14,2
12,4
3
12,3
13,8
2,2
10,7 100
11,3
13,8
29,4
5,9
3,3
6,3
1,4
7,6
2,3
2,6
0,9
3,7
1,5
4,1
2,5
1,5
Кестеге талдау жасайтын болсақ, жоғарыдағы аймақтар проблемалы принциптер бойынша топтастырылған, аймақтар ұқсас проблемалары бар және экономикалық көрсеткіштері бойынша топтарға бөліп көрсетілген. Олардың орналасу реті жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) бойынша аймақтардың орташа көрсеткіштеріне және халықтың өмір сүру деңгейіне байланысты. Кестеде барлық облыстар 6 топқа топтастырылған:
Бірінші топты халықтың жоғары табыс деңгейіне байланысты облыстар құрайды . Бұл топқа Алматы және Астана қалалары жатады, олардың дифференциацияланған өнеркәсібі бар (негізінен бұл машина жасау) және дамыған қаржылық сектор мен жоғары ғылыми-техникалық потенциал.
2007 жылдың 1 қазанында бұл қалалардың үлесі: республика халқы санының 11,8%, ЖАӨ 25,2%, өнеркәсіп өндірісі көлемі 5,6%. Мұндай қалалар үшін әлі де өткір проблемалар қалып отыр: Астана қаласындағы өндіріс орындарындарындағы техника мен технологияның тозуы және т.б; Алматы қаласында газбен қамтамасыз ету роблемасы бар, сонымен қатар ауа атмосферасының жоғары деңгейде ластануы.
Екінші топты көмірсутегі және минералды ресурстарға бай облыстар құрайды: Атырау, Маңғыстау. 2007 ж. 1 қазанда бұл топ облыстарының республика халқының саны бойынша үлесі 5,5% құрады, ЖАӨ 18,7%, өнеркәсіп өндірісі көлемі 35%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,5%. Жан басына шаққандағы орташа табыстары басқа облыстарға қарағанда жоғары.
Негізгі проблемалары: шикізаттық бағытталуы және өнеркәсіп өндірісі негізінен мұнай өндіруге бағытталған, диверсификацияланбаған өндіріс, ауылдық аудандарда ауыл шаруашылығының дамымауы – төмен табыс, жұмыссыздық деңгейі жоғары, инфрақұрылымның артта қалуы, аудандық орталықтардың алыстығы және т.б.
Үшінші топ – жергілікті шикізатты пайдаланатын, табиғи бай минералды-шикізаттық ресурстар негізінде салынған және дамыған үлкен өндіруші, қайта өндіруші кәсіпорындар бар өндірістік облыстар. Сонымен қатар, бұл облыстарда машина салу, жеңіл тамақ өнеркәсібі дамыған. Олар – Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. Жан басына шаққандағы орташ табыстары жоғары болып келеді. 2007ж. 1 қазанындағы үлесі 22,9%, ЖАӨ 19,4%, өнеркәсіп өндірісі 20,1%, ауыл шаруашылығы 19,1% құрады.
Негізгі проблемалары: шикізаттық бағытталуы, диверсификацияланбаған өндіріс.
Төртінші топ табиғи ресурстарға бай және айтарлықтай ауыл шаруашылық жерлері бар: Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары. Ақтөбе және Қостанай облыстарында жан басына шаққандағы орташа табыс республикалық деңгейден сәл асып тұрады, ал Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстар орташа республикалық деңгейден төмен бола тұра, олардың барлығында экономикалық база бірдей және бірдей бағытталған құрылым. Төртінші топтың республика халқының санының үлесі 2007ж. 1 қазанында 25,07%, ЖАӨ 16,9%, өнеркәсәп өндірісі көлемі 16,6%, ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 36% құрады.
Негізгі проблемалары: өнеркәсіптегі кризистік жағдайларды шешудегі уақытша қиыншылықтар, ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін өндірістердің толық дамымауы. Бұдан басқа, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында газбен, электроэнергиямен және сумен қамтамасыз ету тұрақсыз.
Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан кіретін бесінші топтың машина жасау, соның ішінде қорғаныс бағытында, айтарлықтай ауыл шаруашылық жерлері бойынша артықшылықтары бар. Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісінде 80% алатын мұнай-газ өндірісі дамыған. Бұл облыстардағы халықтың табысы орташа республикалық деңгейден төмен.
Бесінші топтың 2007ж. 1 қазанындағы республика халқы бойынша үлесі 8,3%, ЖАӨ 8,9%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 15,3%.
Негізгі проблемалары: машина жасау кәсіпорындарындағы қиын жағдай, әсіресе, қорғаныстық, ауыз суының тапшылығы, мұнай-газ саласының дамуының және әскери полигондар әсерінің зардаптары.
Алтыншы топ – аграрлық облыстар: Ақмола, Алматы, Қызылорда. Халықтың табысы Ақмола және Алматы облыстарында өте төмен, ал Қызылорда облысында орташа республикалық деңгейден жоғары (Құмкөлдегі мұнай өндірісі).
Алтыншы топтың 2007ж. 1қазанындағы республика халқы бойынша үлесі 19,46%, ЖАӨ 10,2%, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11,1%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 26,7%.
Негізгі проблемалары: төмен өмір сүру деңгейі, ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылғандардың жоғары деңгейі, әлсіз инфрақұрылым, үлкен территория, аудандардың орталықтан алыс орналасуы, Арал проблемасы, ауыз суының тапшылығы және т.б.
Ұсынылған аймақтардың типологиясы стратегиялық мәселелерді шешуге арналған. Аймақтардағы табыс деңгейі бойынша айырмашылықтар 3,2есеге дейін жетеді. 2007 жылы максималды табыстарды Жамбыл қаласының тұрғындары алды, минималды – Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары алды. Орташа жалақы бойынша айырмашылықтар да бар. Ең жоғары деңгей Маңғыстау және Атырау облыстарында, ең төмен – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Жалақы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында орташа республикалық деңгейге жетпейді. Жалақының ең жоғары (Атырау) деңгейі мен ең төмен (Ақмола) деңгейінің арасындағы айырмашылық 2007 жылдың тамызында 4 есеге дейін жетті.
Соңғы жылдардағы бюджет процесінің анализі көрсетіп отырғандай бюджетаралық қатынастардың бірқатар кемшіліктері бар, бұл аудандық, облыстық мемлекеттік басқару деңгейлерінің қызметтері мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Жергілікті және мемлекеттік басқару туралы» Заңында нақты емес жалпы түрде айтылған. Соған байланысты республиканың әртүрлі аймақтарындағы жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы әр түрлі болғандықтан, жергілікті мемлекеттік аппаратты қаржыландыру және олардың өз қызметтерін орындау бір-бірінен ерекшеленеді.
III. Салық – бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде
Салық – белгілі бір мерзімде, белгіленген мөлшерде заң жүзінде белгіленген ставкалар бойынша заңды және жеке тұлғалардан бюджетке төленетін қайтарусыз төлемдері.
Бюджетаралық қатынастарды реформалау барысында жергілікті бюджеттердің қаржылық негіздерін нығайту бойынша шаралар жүргізу қажет. Тиісінше, жергілікті деңгейлердің салықтық әлеуетін анықтау арқылы, реттеуші салықтардың нормативтерін әрбір аймақтың салықтық әлеуетін ескере отырып дифференциалды тағайындау қажет. Ел аумағында салық әлеуетін таратудың, бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша кірістерді таратудың аймақтық аспектілеріне аумақтық деңгейде бюджетаралық ағындарды талдауға әсері зор.
Сөзбе-сөз аударғанда «салықтық әлует» — «салықтық мүмкіндік» дегенді білдіреді, яғни салықтық жиындардың мүмкін болатын шартты сомасын көрсетеді. Батыс практикасында қолданылатын «tax capacity» — «салық қабілеттілік» терминінің мәнін де жоғарыдағыдай түсінуге болады. Салықтық әлует – бұл қандай да бір әкімшілік билік шегінде салық салу базасының салықтық түсімдер түрінде кірістер әкелу қабілеттілігі. Жергілікті салықтық әлует факторларына мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдарының құзіреті шегінде кез келген жергілікті салық салу базасы жатады. Терминге жалпы түсініктеме беру деңгейінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіруде, салықтарды тарату және бекіту тәртібінде салықтық әлуетін нақты бағалаудың маңызды рөл атқаратындығы айқындалады. Егер аймақтардың салықтық мүмкіндіктері нақты айқындалса, онда көмекке қажеттілікті нақты бағалаудағы субъективтілік ықтималдығы төмендейді. Аймақтардың өзінің салықтық әлуетін пайдаланудағы дербестігі жоғарылайды, орталық және аймақ арасындағы қарама-қайшылықтар белгілі деңгейде төмендейді. Салықтық әлует жекелеген салықтар әлуетінің қосындысынан тұрады. Салық әлуетін терңнен зерттейтін болсақ, салық базасы – «салық әлуетінің» факторы болып табылатыны айқындалады. Осы базаны, әлуетті бағалау үшін пайдалануға болмас па екен деген орынды сұрақ туады. Егер бір салықтың түрін алсақ немесе салық базасы бірдей салықтар тобын алсақ, онда салық базасы салықтық әлуетті анықтауға негіз болар еді, ал егер әр түрлі салықтарды алатын босақ, онда олардың салық салу базасы әр түрлі, сәйкесінше, салық салу базасын тікелей пайдалану мүмкін емес. Осыдан салық әлуетін бағалау үшін салық базасын емес, қандай да бір аймақтағы салықтық түсімдерді пайдалану қажеттілігі шығады.
Сонымен, аймақтың салықтық әлуеті салық жүйесінің нақты аумағы үшін идеалды жағдайда салықтық жиындардың қандай да бір сомасын анықтайтын, абстрактылы қаржылық категория ретінде және нақты салық жүйесінде үнемі қызмет ететін бюджетаралық қатынастардың қаржылық негіздері есебінің элементі ретінде анықталады. Салықтық мүмкіндіктерді билік деңгейлері арасында бөлу үшін келесідей принциптерді негізге алу қажет:
— мемлекеттік деңгейдің салықтық өкілеттіліктері жалпыұлттық экономиканы реттеу және елдің бүкіл аумағында бірыңғай экономикалық және салықтық кеңістікті қолдау үшін жеткілікті болуы қажет;
— жалпыұлттық экономикамен жиналатын кірістер жалпымемлекеттік салық салуға жатқызылуы қажет;
— салықтық базаның аумақтық орналасу теңсіздігі және шоғырлануы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бюджеттік жүйенің жоғары деңгейінде салық салынуы қажет;
— аймақтық бекітілген салықтар капиталдардың жұмыс күшінің, тауарлар және қызметтердің қозғалысына бөгет жасамауы қажет;
— бекітілген салықтар салық ауыртпалығын басқа аймақтарға «экспорттауға» мүмкіндік бермеуі қажет.
Осыған орай, салық әлуетін қалыптастыру процесін, оны анықтау әдістемесін қарастырған жөн. Ол салықтық базалар негізінде жергілікті деңгейлердің кірістік мүмкіндіктерін объективті өлшейтін көрсеткіштерді пайдалануға жүктеледі, ал жергілікті деңгейлердің табыстары өткен жылдардағы іс жүзіндегі түсімдер бойынша емес, салықтық базалардың мөлшеріне тәуелді анықталады. Жергілікті деңгейлердің салықтық әлуеті болып, облыс бойынша салықтардың жиналу коэффициентін пайдалана отырып, оның аумағында нақты жиналуы мүмкін, күтілетін кірістер көлемін бағалау есептеледі.
Қарастырылатын әдістеме бойынша есептеу аддитивті қасиетке негізделеді, яғни аумақтың салықтық әлуеті жекелеген салықтар әлуетінің сомасына тең.
Есеп үшін негіз болып: қызмет ететін заңдылыққа сәйкес салық ставкалары және салықтық базалар көрсеткіштері, сәйкес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының көрсеткіштері, дефлятор-индекстер (тұтынушылық баға индексі), салықтар және алымдардың жиналушылық деңгейінің көрсеткіштері, салықтар және алымдардың толық түспеу көлемінің көрсеткіштері есептеледі.
Салық әлуетін анықтау реттеуші салықтардан бөлу нормативтерін саралауға негіз болады. Бірыңғай формула бойынша реттеуші салықтардан бөлу нормативтерін бірыңғай, негізді және жалпыға түсінікті саралау әдістемесінің жоқтығы салықтарды тарату бойынша бір субъектілерді орталықпен жеке келісім жасауға итермелейді, ал екіншілеріне республикалық бюджеттен өзара қатынастардағы жергілікті деңгей субъектілерінің теңдік принципінің сақталуына күдік туғызуға себеп болады.
Егер өз аумақтарында салықтарды жұмылдыру жолымен ауыстыру мүмкіндіктері пайдаланылмаса, трансферттерді аудару масылдылықты ынталандырады. Бюджетаралық қатынастардың теңестіруші функциясын ескере отырып, ынталандырушы функциясын бағаламауға болмайды.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу республика үшін көкейтесті және күрделі проблемаға айналып отыр. Мәселе республикада әр аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтық-климаттық жағынан өз ерекшеліктері бар екендігінде болып отыр. Сондықтан қолданылып жүрген реттеу құралдары мен механизмдері, атап айтқанда жекелеген салықтардан аударым жасаудың тұрақты нормативтерін белгілеу, сондай-ақ бюджетке алып қоюлар аймақтардың жоғарыда айтылған ерекшеліктерін ескермейді және әлеуметтік міндеттерді шешуді қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, бюджеттік алып қоюлар, бюджетаралық қатынастарды реттеудің экономикалық құралы емес, әкімшіл-әміршіл әдіс. Осының бәрі бюджетаралық қатынастар нышанын және оларды реттеу механизмін жан-жақты зерттеуді талап етеді. Бюджетаралық қатынастарды реформалау стратегиясын анықтауда экономикалық тиімділікті немесе әлеуметтік әділеттілікті таңдау қажет. Бюджеттік бөлушілік шегінде экономикалық тиімділік, әр түрлі билік деңгейлері арасында бюджеттік ресурстарды тиімді пайдалану үшін стимул құруды білдіреді, әлеуметтік әділеттілік әлеуметтік кепілдіктің белгілі минимумын бүкіл елдің аумағында қамтамасыз етуді көрсетеді. Экономикалық тиімділікке негізделу бюджеттік ресурстарды аумақтық қайта таратуды талап етеді, бірақ ол кезде «жансыз» аймақтар пайда болады.
Жергілікті бюджеттер кірістерін жоғарылату үшін бюджеттердің меншікті кірістерін, оның ішінде реттеуші салықтардан бөлу деңгейін жоғарылату қажет. Сонымен қатар жергілікті деңгейде кейбір салықтар ставкасын жоғарылата алу құқығын беру қажет.
Егер АҚШ-та реттеуші салықтардан бөлу жоқ, тек параллель салықтар болса, Германияда реттеуші салықтардан бөлу қолданылады. Қазақстан Республикасы үшін аралас әдісті қолданған жөн. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында келесілерді жасау қажет:
— заңды түрде бекіте отырып бюджеттік жүйе буындары арасында шығындар және кірістерді тиімді шектеу міндетін шешу;
— объективті критерийлерге сәйкес, республикалық деңгейде реттеуші салықтар республикалық деңгейде реттеуші салықтарға өзінің реттеуші функциясын толық орындауға мүмкіндік беру:
— реттеуші салықтардан бөлу рөлін жоғарылату жолымен жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерініңдеңгейін жоғарылату;
— жергілікті бюджеттердің жасанды дотациялы болуын жою.
Қазіргі уақытта бюджетаралық қатынастардың бірнеше негізгі мәслелерін бөлуге болады:
1) Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі үйлесімсіздік: төменгі деңгейге шығындар өкілеттілігін және жауапкершілігін беру сәйкес қаржы-бюджеттік және экономикалық базамен бекітілмейді.
2) Сәйкес өкілеттілікті қаржыландыруды іске асыруы қажет бюджет пен билік сатысының деңгейі, оны іске асыру жүргізілетін деңгеймен үнемі сәйкес келмейді.
3) Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерінің үлесінің төменгі бюджеттік жүйеге салықтардың уақытылы және толық түсуіндегі, салық әлуетін жоғарылатудағы мүдделілігін төмендетеді.
4) Реттеуші салықтардың аумақтар бойынша біркелкі нормативті әрбір аумақтың ерекшеліктерін ескермейді. Реттеуші салықтар бойынша нормативтер саралауын іске асырудың объективті жолдарын іздеу осы мақсатқа сәкес формуланы өңдеу және пайдалану қажеттілігін туғызады.
5) Реттеуші салықтардан жергілікті бюджеттерге бөлу нормативтерінің жыл сайын өзгеруі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының муниципалдық құрылымдарының ұзақ мерзімді даму бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері туралы айтпағанда, тіпті қысқа мерзімді перспективаға өзінің бюджеттік саясатын жоспарлау мүмкіндіктерінен айырады. Осының салдарынан – жергілікті бюджет шығындары құрылымында күрделі салымдар күрт төмендейді.
6) 1997 жылы қосылған құн салығын, ал 2002 жылдан бастап корпоративті табыс салығын 100% республикалық бюджетке беру жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерінің үлесін төмендетті, бюджеттік тәуелділік жоғарылады. Кейінгі жылдары мемлекеттік бюджеттің жиынтық түсімдерінен жергілікті бюджеттерге түсімдер үлесі төмендеуде. Егер 1999 жылы бұл үлес 37%-ды құраса, 2001 жылы 34% құрады.
2001 жылы кейбір аймақтарда корпоративті табыс салығы жергілікті бюджет кірістерінің негізгі түрі болды. Егер корпоративті табыс салығын республикалық деңгейге беру салдарына талдау жасасақ, Есептік комитеттің бағалауы бойынша, 2002 жылы жергілікті бюджеттер 50 млрд. немесе жергілікті бюджеттер кірістерінің 19%-ға жуығын ала алмады. «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы республикалық және жергілікті бюджеттер арасында кірістерді тарату механизмін қарастырған, сонымен қатар салықтардың реттеуші түрлері бойынша нормативтер анықталған 2002 жылға дейін заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша барлық аймақтарға біркелкі нормативтер тағайындалған. Соңғы екі жылдың тәжірибесі көрсеткендей, заңды тұлғалардың табыс салығынан бөлудің біркелкі нормативтері аумақтың тек формалды теңдігін қамтамасыз етеді.
Жақын арада бюджетаралық қатынастарды реформалау бойынша негізгі міндет – шығыс міндеттері және қаржылық ресурстарды сәйкестендіру, қоғамдық қаржыларды тиімді басқару үшін республикалық және жергілікті билік органдарына дербестік және жауапкершілік жүктеу. Қазақстан аумақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылық үнемі болған, бұл әлемнің кез келген еліне тән қасиет. Мемлекет неғұрлым үлкен болса, экономикалық шарттары неғұрлым әралуан болса, соғұрлым орталық және шекті аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңгеру міндеті көкейтесті. Олардың шаруашылық қызметін кеңейту республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне жаңаша қарауды талап етеді. Осыған байланысты республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бюджеттік құқықтарды айқын шектеу қажеттілігі туады. Реттеуші салықтардың бюджетаралық реттеудегі функциясын қысқарту жергілікті органдардың дербестігін жояды, республикалық бюджетке толығымен түсетін салықтарды жинаудағы жергілікті бюджеттердің мүдделілігі азаяды.
Аймақаралық деңгейде, бюджетаралық реттеудің тиімсіз әдістерін қолдану, аймақтардың өздерінің салықтық түсімдерін жоғарылатуға мүддесіздігімен шартталады. Салықтардың жиналу деңгейінің төмендігі аймақтық бюджеттердің трансферттердегі қажеттілігін жоғарылатады және оның тапшылығының өсуіне әкеледі. Аймақтардың өз күштерімен тапшылықты қысқартуға тырысуы меншікті кіріс жетіспеушілігімен сипатталады. Осы жерде бюджеттік жүйенің тігінен баланстану деңгейі туралы сұрақ туады. Егер әрбір деңгейде тағайындалған шығыс өкілеттіліктер жалпы бюджеттік ресурстарға жауап берсе, бюджеттік жүйе тігінен баланстандырылған болып табылады. Тігінен баланстанбаумен күресуге мүмкіндік беретін, әдістер бар. Үлестік негізде бюджеттік жүйе деңгейлері арасында кірістерді тарату функциясын және трансферттерді таратуды саяси көзқарастан және экономикалық тиімділік тұрғысынан жергілікті өкіметке берген жөн.
Кейбір аумақтардың реттеуші салықтарының салық әлеуеті ол бюджеттерге бөлулер нормативін шамалы жоғарылату жағдайында орталық бюджеттен мүлдем қаржылық көмек сұрамауға мүмкіндік жасайды. Мұндай шешім көптеген аймақтардың дотациялану деңгейін елеулі төмендетуі мүмкін. 1998 жылдың күзінде енгізілген субвенциялар және бюджеттік алып қоюлар жүйесін енгізу жолымен бюджеттік бөлулер нормативтері тұрақтандырылады. Бірақ қабылданған шара аяғына дейін жеткізілмеді. Нормативтер ұзақ уақытқа тіркелді, ал субвенциялар және алып қоюлар бойынша бұл жасалмады. Нәтижесінде жергілікті бюджеттердің тұрақтылығы өзгермеді. «Республикалық бюджет туралы заңында жыл сайын қабылданатын, 1999 жылы тұрақты нормативтер қабылданып, ол ұзақ мерзім ағымында өзгертілмейтіні шешіліп, «Бюджет жүйесі туралы» Заңмен бекітілді. Жеке тұлғалардан табыс салығы және әлеуметтік салықтар 100% жергілікті бюджеттерге бекітілді. Реттеуші салықтар ретінде 50% республикалық, 50% жергілікті бюджетке түсетінін заңды тұлғалардан табыс салығы және 50% республикалық, 50% жергілікті бюджетке түсетінін арақ өнімдері бойынша акциздер пайдаланылды. Ойын бизнесіне акциздер жергілікті бюджетке толығымен түсті, ал акциздердің қалған түрлері бойынша түсімдер республикалық бюджетке түсті.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінің ұзақ мерзімді баланстануын және дербестігін жоғарғы бюджеттерден субсидия, субвенция, трансферттер және қаражат бөлудің басқа формаларын бөлу көмегімен төменгі деңгейдегі бюджеттерге қаржылық көмек көрсету негізінде емес, ең бірінші салықтық бөлулер әдістерімен қамтамасыз ету қажет. дегенмен, Қазақстан Республикасында салықтарды және кірістердің басқа түрлерін бюджеттер арасында таратудың нақты жүйесі жоқ. 1998-2000 жылдары бұл 50:50 жүйесіне жалған келтірілген. Мұндай тарату сәйкес бюджеттердің тағайындалған шығыс өкілеттіліктерінен шығады, сондықтан да экономикалық негізделмеген. Осыған байланысты Германия тәжірибесіне көңіл аударуға болады. Мұнда жерлердің жанбасылық салықтық кірістерін теңестіру процесі, жерлердегі тұрғындар санына байланысты қосылған құнға салық бөлігін жерлер арасында бірыңғай формула бойынша таратудан басталады (жерлердегі бір тұрғынға есебімен). Бұл белгілі деңгейде сол немесе басқа жерлердің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, әрбір жерде бөлінген қосылған құн сомасы мен сәйкес аумақтарда жиналатын немесе таратуға жатқызылатын салықтың жалпы көлемі арасындағы қатынасты қарастырса, онда алынған пайыздық үлестер барлық жерлер үшін бірдей емес, дифференциалды болады. Ресейде және 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында қандай да бір есептеулерсіз барлық аймақтарда қосылған құнға салық бойынша біркелкі нормативтер бекітілген. Басқа реттеуші салықтарға қатысты жағдай осындай болған. әрине мұндай нормативтер әрбір аумақтың ерекшеліктерін ескере алмайды және артта қалушы аймақтар бойынша жанбасылық салықтық ресурстарды минималды қажетті деңгейге дейін теңестіруге әсер ете алмайды. Сондықтан бірыңғай нормативтерді барлық аймақтар үшін бірдей төменгі деңгейді анықтайтын – минималды міндетті деңгей, яғни базалық ретінде қарастыруға болады.
Реттеуші салықтардан тұрақты нормативтерді бекіту аймақтар бюджеттерін негізді жоспарлаудың проблемаларын шешпеді. 2001 жылдың аяғында « Бюджет жүйесі туралы» Заңға өзгерістер енгізіле бастады. 2002 жылы бюджет жобасына сәйкес үкімет бюджет жүйесіне өзгерістер енгізген: корпоративті табыс салығы толығымен республикалық бюджетке беріліп, ішкі акциздер және қоршаған ортаны қорғаудан табыстар толығымен жергілікті бюджет көзі болды. өзгеріс енгізудің негізгі себебі, әртүрлі өзгерістерге ұшырауға икемді корпоративті табыс салығы облыстық деңгейдегі салықтық түсімдерге кедергі жасайтындықтан, салықты толығымен республикалық деңгейге беру жолымен салықтық түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығы. Ал акциз сияқты проблемалы салықты әкімшіліктендіруді жергілікті деңгейде жүргізу тиімділігінен акциздерді толығымен жергілікті бюджетке қалдыру қажеттілігі туады.
Жалпы 2002 жылдың енгізілген өзгерістерінің нәтижесі ретінде 6-кестеде жыл қорытындылары мәліметтері негізінде талдау жасалған.
Кесте 6 — Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің құрылымы
жылдар:
2008 2008
республикалық бюджет жергілікті бюджет республикалық бюджет жергілікті бюджет
млн.тг % млн.тг % млн.тг % млн.тг %
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Салықтық түсімдер
816 458 68,8 369 679 31,2 1 667 823 75,5 541 280 24,5
Корпоративтік табыс салығы 382 814
100 —
— 776 609
100 —
—
Жеке табыс салығы — — 98 535 100 — — 165 033 100
(кесте-6 жалғасы)
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Әлеуметтік салық
— — 167 995 100 — — 236 569 100
Қосымша құн салығы 234 788 96,6 8 167 3,4 489 572 100 — —
Акциздер
8 421 28,1 21 492 71,8 15 799 33,3 31 633 66,6
Ескерту: мәлімет көзі ҚР Қаржы министрлігінің Статистикалық бюллетенінен алынған. №12, 2008жыл.
Кестеде 2008-2008 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің құрылымында болған өзгерістер айқын бейнеленген. 2008 жылғы бюджет жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес жергілікті бюджеттің мемлекеттік бюджет құрылымындағы үлесі күрт төмендеген. Әрине, бұл жағымсыз үрдіс, өйткені жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерінің төмендеуі субвенцияланатын аумақтардың санының жоғарылауына әкеледі, сәйкесінше мемлекеттік бюджет құрылымындағы жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер 24,5%-ды ғана құрады. Бұл негізінен корпоративтік табыс салығының толығымен республикалық бюджетке берілуінен болған. Ал жоғарыда айтылып өткендей акциздердің жергілікті бюджетке берілуі бұл айырмашылықтың орнын толтырмады.
IV. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары
Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне салықтардан бөлулер немесе салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет.
Деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағымдарды оңтайландыру кезінде бюджет жүйесінің қандай да бір деңгейін жетілдіруге басым күш жұмсау өте қауіпті. Бюджеттік нормалар және ережелер, тек қандай да бір белгілі билік деңгейінің мүддесін көздемей, жалпы бюджеттік жүйе алдында тұрған проблемаларды шешу қажеттілігінен шығуы қажет. Бюджетаралық қатынасты реформалаудың негізгі бағыты – мұнда бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша таратылатын бюджеттік қаражаттардың тұрақты сандық қатынасын анықтау реті емес, жедел өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдай-шарттарында, бюджеттік жүйе деңгейлері арасында бюджеттік қаражаттарды тарату механизмін және бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру ретін үнемі жетілдірудің серпінді процесінің реті қарастырылады. Бұл тұжырымда деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындардың оңтайландырылуы, ағымдағы және болашақтағы бюджеттік саясатты қалыптастыру кезіндегі бағдар болады. бұл бір жағынан, берілген модельдің салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайдан тәуелсіз бюджеттік жүйелер деңгейлер арасында бюджеттік қаражаттарды тарату механизміне сәйкестендірілген тұжырымдамалық ережелерді өңдеу қажеттілігін, екінші жағынан қызмет ететін механизмді талдау және оның негізгі жетіспеушіліктерін және оларды жою мақсаттарын айқындау қажеттіліктерін болжамдайды.
Бюджетаралық қатынастар реформаларының негізгі мақсаттары ретінде келесілер бөлінеді:
— бюджеттік жүйенің қаржылық ресурстарын пайдалану және басқару тиімділігін жоғарылату;
— аймақтардың әлуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау.
Қызмет ететін жетіспеушіліктерді жою және бюджетаралық қатынастарды реформалау мақсатында келесілерді шешу қажет:
• аймақтық бюджеттік жүйелердің қызмет ету тиімділігін жоғарылату, аймақтық қаржыларды сауықтыру;
• қарсы қаржылық ағындарды төмендету;
• қаржыларды бөлу шарттылығы және оларды аймақтарда пайдалану үшін жауапкершілікті және бақылауды жоғарылату;
• жоғары дотациялық аумақтарға қосымша қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
• мемлекеттік билік субъектілері және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өндірістік және аумақтық салық әлеуетін жоғарылатудағы бюджеттердің баланстануын қамтамасыз ету шығындарын оң пайдалануға мүдделікті жоғарылату;
• жергілікті және мемлекеттік бюджеттер арасындағы бюджетаралық қатынастарды өзара байланыстыруды қамтамасыз ету.
Аумақтық бюджеттер проблемалары келесідей жолдармен шешілуі мүмкін:
• меншікті кірістерді ұлғайту есебінен, яғни елдің салық жүйесіне шамасы бойынша елеулі, жиналуына қарай нақты және ыңғайлы аумақтық салықтар енгізу;
• бюджеттік жүйе үзбелері арасында жалпы мемлекеттік кірістерді тұрақты нормативтік негізде тарату жолымен;
• әрбір аумақтық бюджеттің кірістерін және шығыстарын жыл сайын реттеу есебінен.
Қазіргі кезде және жақын арада аумақтық экономикалық және әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейлерді жедел күрт дифференциалдау кезінде олардың бюджеттерін «бір салық – бір бюджет»формуласы негізінде қалыптастыру жағымсыз салдарға әкеледі. Кебір аумақтарда қаржыларды қайта таратылу механизмінің болмауынан экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан артта қалған аумақтар жойылуға мәжбүр болады. сондықтан билік органдары арасында өкілеттілікті емес қаржылық ресурстарды бөлген дұрыс болады.
Кірістерді сенімді және тұрақты нормативтік негізде қалыптастыру қажет. Индустриалды немесе аграрлы бағыттағы аумақтардан табыстарды жаңа меңгеріліп жатқан аумақтарға аудару кезінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әр түрлі облыстар топтар арасында салықтық бөлулердің дифференциациясы болуы керек. Бұл республика экономикасының қаржылық экономикалық баланстан болуынан жергілікті орган және мемлекеттік бюджет қатынастарын ғылыми негізді нормативтік базаға ауыстыруға негізделген.
Қазіргі кезде реттеуші салықтар арқылы бюджетаралық қатынастарды реттеудің Қазақстан Республикасындағы қолданылмауы жоғарыда айтылып өткендей жергілікті бюджеттерді жоғары бюджеттерден басым тәуелді етеді. Салықтық түсімдерді «тарату» тәжірибесі (реттеуші салықтардан жыл сайын тағайындалатын нормативтер бойынша) өзінің мүмкіндіктерін толық пайдаланған жоқ. Оны бюджетті реттеу тәсілі ретінде қолдану қажет, ал реттеуші салықтардан бөлу нормативтері арқылы реттеуді бұрынғының көзі ретінде қарастырып, толығымен бас тартуға әлі ерте.
Қорытынды
Келешекте бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру туралы арнайы облыстық заңды өңдеу қажеттілігі туады. Аумақтың бюджеттік ресурстардағы ең төмен қажеттіліктерін анықтайтын бюджеттік қамтамасыз етудегі нормативтері бюджетаралық қатынастарды қалыптастырудың бастапқы шарттары болуы керек.
Бюджетаралық қатынастарды дамытудың келешектегі бағыттарының бірі — әрбір аумақтың қаржылық әлуетін басым мөлшерде ескертуге, меншікті салық базасын дамытуға, муниципалдық құрылымдарды ынталадыруға мүмкіндік беретін, салықтық бөлу нормативтерін тағайындау кезіндегі сараланған тәсілді пайдалану. Бюджетаралық қатынастар проблемалары мемлекеттік билікті орталықсыздандыру процестерімен, орталық және жергілікті басқару органдары арасында өкілеттіліктерді бөлумен тығыз байланысты.
Тұрақты және ашық бюджетаралық қатынастардың жүйесін құру үшін келесілердей шараларды орындау қажет:
— барлық мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы мемлекеттік функцияларын нақты бөлу және соның негізінде тұрақты бірыңғай бюджеттік классификацияны құру;
— барлық деңгейлердің жеке табыстарын заңнамалық актілермен бекіту және барлық аумақтарға тең бюджетаралық реттеу жүйесін қолдану;
— әрбір бюджетті минималды әлеуметтік стандарттар негізінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді шектеу тұжырымдамасын өңдеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылған. Кейінгі жылдары негізгі өңдеулер республикалық және облыстар бюджеттері арасындағы және аз мөлшерде облыстық және төмендегі бюджеттер арасындағы бюджетаралық қатынастарды ықшамдауға негізделген. Бұл әрине, проблеманы шешуге кешендік көзқарасты қамтамасыз етпейді. Республикадағы бюджетаралық қатынастар жүйесі аймақтағы қаржылық жеткілікке ынталандыруы, субвенцияланатын аймақтар санын төмендетуге, бюджеттер деңгейлері арасындағы қарсы қаржылық ағындарды қысқартуы, аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіруді қамтамасыз етуі, тұрғылықты орнынан тәуелсіз барлық азаматтарға бюджеттік қамтамасыз минимумын кепілдеуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (2008 жылғы 24 сәуір №548 – ΙΙ, өзгертулермен 7.07.06 ж. №76 – ΙΙΙ).
2. Д. А. Тілеужанова
Бюджетаралық қатынастарды дамытудағы реттеуші салықтардың жағымсыз және оң тенденциялары. // Экономическая наука в Казахстане: проблемы и пути реформирования: Материалы междунар. научно-практ. конф: сб. науч. тр. – Алматы: Экономика, 2007 – ч.1.
3. П. Б. Исахова
К вопросу разграничения полномочий между уровнями государственного управления и совершенствования межбюджетных отношений. // Финансы Казахстана – 2007 — №1.
4. Д. Тілеужанова
Бюджетаралық қатынастардың тұжырымдамалық негіздерін реттеуші салықтар көмегімен оңтайландыру. // Қаржы – қаражат – 2007 — №4.
5. Ж. Елубаева
Теоретические воззрения на формирование и развитие межбюджетных отношений. // Финансы Казахстана – 2007 — №2.
6. А. Исабек
Жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің қалыптасуына талдау жасау (Қызылорда облысы бойынша). // Қаржы – қаражат – 2007 — №2 .
7. А. Тулеубекова
Межбюджетные отношения как составная часть бюджетного регулирования. // Финансы Казахстана – 2008
8. Статистикалық бюллетень №12 (96), желтоқсан 2008 ж.