Бизнес бастамасы туралы реферат

0
82

Тақырыбы: Бизнес бастамасы

Жоспары:

  1. Кәсіпкерлік.
  2. Шағын бизнес.
  3. Бизнесті ұйымдастыру формалары.
  4. Бизнесті ұйымдастырудың арнайы формалары.
  5. Үлкен корпорациялар қалай ұйымдастырылған.
  6. Қазақстанның ауыл шаруашылығында кәсіпорындардың жаңа формаларын құру.
  7. Тұтынушы алдындағы кәсіпкер міндеті.
  8. Қалай табысты кәсіпкер болуға болады?
  9. Маркетинг.
  10. Бизнес жоспар.

 Кіріспе

Қазақстан нарықтық даму жолына түскеннен бастап, біздің өмірімізге көптеген біз білуге тиіс ұғымдар енді, дәл сол ұғымдар сіздің әрі қарайғы өміріңіздің қандай болатынын шешеді. Бизнес, кәсіпорын, кәсіпкерлік – осы бөлімнің негізгі қарастыратын мәселесі болмақ. Сіз өзіңіздің ісіңізді жүргізу үшін не қажет екенін, ақша табудың әдістері бар екенін білесіз. Инновация деген не, не үшін адамраға экономикалық еркіндік және бизнес ұйымының қандай формалары бар екенін білесіз.

Бизнес бастамасы

Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік дегеніміз не?

       Көбінесе, кәсіпкерлік деп, кәсіпорын – өндірісін орнын (зауыт, фабрика және т.б.) иеленушіні немесе басқарушыны адамды айтады. Бірақ, экономистер бұл терминді кең мағынада қолданады, кәсіпкер деп ресурстарды пайдаланудың неғұрлым жаңа, әрі тиімді жолдарын табатын адамды айтады.

       Кәсіпкерлік дегеніміз не? Қызметтің түрі ме? Жүргізу әдісі ме? Мінез қыры ма?

       Кәсіпкерлік – пайдалы іс жүргізу ұйымдастыру арманы, жетістікке талпыну, практикалық зеректік сияқты шаруашылық жаңалығы. Кәсіпкерлік нарықтық экономика шарттарына негізделіп, өндіріс факторы бола алды. Дамыған елдердің экономикалық құрылымдарын еркін кәсіпкерлік жүйе деп бекер айтпаған.

        Кәсіпкерлік – экономикалық белсенді форма, бәсекелестік аясында жаңа кәсіпорын құра алатын белсенді, қайратты тұлғаның эияткерлік қызметі, яғни, экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.

       Кәсіпкерлік – табыс табуға бағытталған, жеке адамныңнемесе бірнеше тұлғаның қауіп – қатерге бас тіре отырып тәуекел еткен өзіндік бастамасы, әрекеті.

       Кім кәсіпкер бола алады? Адамдардың өз жеке ісін жүргізуіне түрлі себептер әсер етуі мүмкін. Жеке бас тәуелсіздігі, пайда табуға берілген шексіз мүмкіндіктер және өзі қалаған уақытта сүйікті ісімен шұғылдана алу еркіндігі – бұл тек себептердің бір бөлігі. Кім де болса кәсіпкер бола алады. Кәсіпкерлердің жас шамасына шекктеу қоылмайды. Мысалы, американдық бала Дэрил Бернстайн 15 жасына кітап жазды. Ол өз кітабында ақша табудың 50 әдісін сипаттады.

       Қалай десек те кәсіпкерлердің мінездері әр қырынан көрінеді. Бірақ олардың ортақ сипаттары да бар:

       Пайдаға ұмтылу. Табыс табуға ұмтылу – еркін кәсіпкерлік жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш. Пайда табу үшін кәсіпкер қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек. Бұл үшін тиімді технология шығару керек. Өндірісті қаржыландыру керек және тауар мен қызметін шығынды өртейтін бағада сатуы керек.

       Тәуекелге бару. Жетістікке жету кепілі болмаса да кәсіпкерлер бизнеске ұмтылады. Егер олардың есептері дұрыс болмаса, онда олар қаржы, уақыт және басқа да ресурстарын жоғалтады. Кәсіпкерлер өте қырағы келеді және әрбір мүмкіндікті пайдаланып қауіпті төмендетуге тырысады.

       Дербестік. Қауіп – қатерге қарамастан тәуекелге бара білген адам, шешім қабылдаудағы еркіндік құнын бағалай біледі, ол бұдан кейін біреудің қас қабағына қарап қызмет ете алмайды.

       Стратегия. Кәсіпкер ол өз ойын іске асыру үшін күндіз – түні тынбай жұмыс істейтін адам, олар да ншығармашылық адамдары секілді байыптв келеді. Көпшілік кәсіпкерлерді ұшқыр ойлы, жолы болғыш бизнесмендер деп ойлайды. Мұндай кәсіпкерлер көбінесе төмендегідей жолды таңдайды.

  • ешқашан көрмеген немесе ешкім қолданбаған мүмкіндіктерді қолданады.
  • нарықтың өзгерген шарттарын қолдана біледі.
  • өнім мен процесті жақсарту жолын таба біледі.
  • бар тауарға балама тауар мен қызметтер табады.
  • қоғамдағы өзгерістерді анықтап (мысалы, демографиялық), оны пайдаланады. Стратегияны таңдау кәсіпкердің шығармашылығы мен қуатына байланысты. Сәттіліктің негізгі кілті – нарықты түгелдей игеру және өз мүмкіндіктерін білу.

       Инновация және кәсіпкерлік. Инновация –  істі алға жылжытудың құралы. Тек инновация бар жерде – жаңаны енгізу – нағыз кәсіпкерлікке орын бар. Инновайия – тек жаңа тауарлар мен қызметтер, жаңа жабдықтар мен технологиялар ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру жаңашылдығы.

       Электронды коммерция – электрондық пошта арқылы тұтынушыларға тауар ұсынатын немесе тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын және сататын инновация түрі. Бұл қызметтер Интернет байланысы арқылы атқарылады.

       Интернет бизнесі басқару жолдарын өзгертеді. Әр түрлі фирмалар арасындағы іскер адамдар Интернет байланысы арқылы хат алысып, іс жүргізеді. Кәсіпкерлер бұл салада жетістіктерге жетуде. Олардың ойлары мен қызметтерінің өзгеруіне электронды коммерцияның енуі себеп болды. Жаңалық 90 жылдардың басында енді.

       Қазіргі таңда Интернет – коммерция 1,2 миллион адамды жұмыспен қамтуда. Дәл сол адамдар желі бойынша сатып алады. Жуықтағы зерттеулердің көрсеткіші бойынша, ең танымал тауарларға кітаптар, компьютерлер бағдарламамен қамтамасыздандыру, әуәндер, туристік жолдамалар, киім және электроника кіреді. Электрондық комморция – экономиканың тек бір саласы, мұнда кәсіпкерлер тәуекелге бел буады және пайда алу үмітімен жұмыс жасайды.

       Экономикалық еркіндік. Кәсіпкерлік еркіндігі – жекеменшік фирмалардың экономикалық ресурстарды қалаған тауарларды өндіруге қолдану және ол тауарларды таңдаған базарларда сату құқығы.

       Экономикалық еркіндік тауарлар мен қызметтерді өндіру және тұтыну саласында мемлекет тарапынан қандай да бір күштеу мен шектеудің болмауынан сипатталады.

Шағын бизнес

       Шағын бизнес дегеніміз не? Шағын бизнес – коммерциялық айналымы мен жұмысшыларының саны шағын болатын тәуелсіз бизнес – кәсіпорын.

       Қазақстан Республикасында заңдарына сәйкес шағын бизнестің субъектісі – заңды тұлғалар және кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалар. Шағын кәсіпорынның орташа жылдық жұмысшылар саны 100 адамнан аспауы керек, ал актив құны 60 мың ретті есептік көрсеткіш.

       Шағын бизнес (шағын кәсіпкерлік)- жұмысшылар санының шектеулілігімен және өндіретін өнім мөлшерінің шағын көлемімен сипатталатын кәсіпорын.

       Біздің республика үшін шағын бизнес қоректік орта болуы тиіс, мұнда жаңа ойлар туындап, іске асарылады, мұнсыз тиімді экономикаға жету мүмкін емес. Қазақстанда шағын бизнестің көптеген жетістіктері бар. Оларда миллиондаған қазақстандықтар қызиет етуде. Мысалы, Ақтөбе облысында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және дамыту аймақтық бағдарламасы сәтті жүгізілуде. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік аясында облыс бойынша 52 мың адам қызмет етуде (барлық жұмысшылардың санынан 30%). Облыс орталығының өзінде 2000 жыл 0,863 шағын кәсіпкерлік субъектісі,  оның ішінде жеке фермерлік шаруашылық болды. Жұмыс Істеушілер саны 29000 құрайды, олар өнімді 8 млрд. Теңгеге өндіріп, өңдеді, оның ішінде 840 млн. Елдің бюджетіне аударылды.

         Шағын бизнестің қандай басымдықтары бар? Көлеміне қарамай шағын бизнестің өзінің басымдықтары бар. Шағын кәсіпорын иесі біршама тәуелсіз, одан бастапқы төменгі копитал талап етіледі. Сонымен қатар, шағын бизнестің зор қоғамдық мәні бар. Себебі, ол жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бірден – бір бизнес.

       Шағын бизнес басымдықтары:

  • иесінің тәуелсіздігі.
  • Аз капиталды талап етеді.
  • Негізгі талаптарды қанағаттандара алу мүмкіндігі.
  • өзгерістерге бейімделу қасиеті.
  • Жұмыс орындарын құру.

Шағын бизнес алдында қандай мәселелер тұр? Шағын кәсіпкерліктің жетіспеушілігі неде? Қандай басымдықтары болса да, шағын бизнес тәуекелге тап келген кәсіпорын болуы мүмкін. Кем дегенде үш – төрт жыл ішінде екі – үш кәсіпорын сәтсіздікке ұшырайды.

               Экономиканың ауыр кезеңдері шағын бизнес үшін оңай болған жоқ. Шағын кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары. Ол екі себеппен түсіндіріледі.

  1. Дұрыс басқармау. Көптеген кәсіпкелер шағын бизнестің қыр – сырын жұмыс барысында біліп аламыз деп ойлайды. Менеджмент саласының маманы Питер Дракер – «Жаңа бизнесмендер тәуекел еткенненн емес, не істеу керегін білмегеннен сәтсіздікке ұшырайды» – дейді. Сол себепті көптеген сарапшылар бизнесті ашқанға дейін игеру керектігін айтады.
  2. Ресурстарға деген қажеттілік қаржыландыру мүмкіндіктерімен сай келмейді. Ең кіші бизнестің өзінде шығындар бар, істі әрі қарай жүргізу үшін оларды жабу керек. Ең негізгі қаржылық мәселе – салық, сәтсіз сауда, несие құнының жоғарылығы болып табылады. Көп жағдайда шағын бизнес иелері шығындарын өтей алмай жатады.

Бизнесті ұйымдастыру формалары

Фирмалар – негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын кәсіпорындар. Барлық фирмаларды олардың ұйымдастыру формасына сәйкес топтауға болады. Барлық елдерге тән бизнес ұйымдарын топтау формасы келесідей: серіктестік, копорация (акционерлік қоғам).

       Жекелік иелік. Жекеше иелік – жалғыз адам иелік ететін бизнес. Бизнесті ұйымдастырудың бұл формасы біршама кең тараған, бірақ бұл кәсіпорындардың көлемі шағын. Кең тарау себебі – бизнесті ұйымдастырудың арзан әдісі, әрі барынша қарапайым. Сонымен қатар, мұндай кәсіпорын иесі бүкіл пайдаға өзі билік жүргізеді, кез келген өзгерістер еңгізе алады, өз күшінің арқасында жетістіктерге жете алады. Жекеше иелік етудің кемшіліктері де бар: Соның бірі – кәсіпорын иесінің толық мүліктік жауапкершілігі. Бизнеске байланысты барлық міндеттер мен проблемалар оның иығына түседі. Егер фирма банкрот болған жағдайда жеке меншік иесі өзі барлық қарызды өтейді

       Серіктестік. Серіктестік – екі немесе одан да көп ортақ иеленуші басқаратын кәсіпорын. Серіктестіктің бірнеше басымдықтары бар:

  • Әріптестердің бірігуі қосымша қаржының болуына әкеледі.
  • Әрбір әріптес ұғымға жаңа идеялары мен талантын қосады.
  • Ұйымдастырылуы қарапайым түрде болады.

       Серіктестіктің кемшілігі де бар:

  • Әр серіктестікте әр әріптестің шексіз мүліктік жауапкершілігі болады.
  • Серіктестікте капитал көлемі шектеулі. Ол фирма мүлігімен анықталады.
  • Бірігіп басқару қиыншылығы. әріптестердің көзқарастары қайшылығынан (серіктестікті тоқтатуға әкелетін) ымыраға келе алмауы мүмкін.

       Корпорация. Корпорация (Латын тілінен аударғанде «corporatio» – біріктіру) – акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылатын, кәсіпорындардың немесе тұлғалардың ортақ іс жүргізу үшін бірігуі.

       Меншік құқығы акцияға бөлінген, сондықтан корпорацыя иелерін акционерлер деп атайды. Корпорацияда акционерлер саны көп болуы мүмкін. Корпорацияның негізгі артықшылығы сот корпорацияны заңды тұлға деп қабылдайды. Ол сотқа шағымдана алады.

       Бизнесті ұйымдастырудың бұл формасының басымдықтарын төмендегідей көрсетуге болады.

  • Шектеулі жауапкершілік. Серіктестік мүшелері мен жеке меншік иелеріне қарағанда акционер көп мөлшердегі қаржысын жоғалтуы мүмкін (ол – жеке акцияға төленген соманы жоғалтады).Шектеулі жауапкершіліктің қажеттілігі сондай, ағылшын тілді елдердегі корпорациялар көп жағдайда өз атауларына «LTD» (шектеулі) аббревиатураны қосады.
  • Операция жүргізу қарапайымдылығы. Акция иелері корпорация акцияларын сату немесе сатып алу арқылы сол корпорацияға кіреді, сондай – ақ шыға алады.
  • Қолдану шексіздігі. Ационер қайтыс болған жағдайда бұл жағдай корпорацияның бұдан арғы қызметі үшін айтарлықтай әсерін тигізбейді, себебі акция мұрагерлеріне табысталады.

       Сонымен, корпорацияның басымдықтары белгілі болды. Серіктестік пен жекеше иелік не себепті корпорация қарағанда үлкен. Бұл сұрақтың жауабы корпорация кемшіліктерінде жатыр.

  • Корпорацияны ұымдастыру қиын, әрі қымбатқа түседі.
  • Корпорациялар арнайы салық төлеулері қажат.
  • Корпорацияда, кімнің акциясы ашық сатылуға қойылса, онда коммерциялық құпия құқығынан бас тартады.

       Дивидендтер – акция иелері арасында таратылатын корпорация табысының бір бөлігі.

Бизнесті ұйымдастырудың арнайы формалары

Пайда келтірмейтін корпорацилар. Аты айтып тұрғандай, мұндай корпорациялар пайда әкелу үшін емес, білім беру, қоғамдық, қайырымдылық және діни мақсатта қолданылады. Олар пайда әкелмейтін болғандықтан салық төлемейді. Бірақ, басқа корпорациядағыдай олардың қаржысы өздерінің шығынын өтейтіндей жағдайда болуы керек, мысалы, қызметкерлердің айлық ақысы. Үкімет пайда келтірмейтін корпорацияға заңды тұлға дәрежесіне сәйкес өз пайдаларының анық бір пайызын қорда ұстауына рұқсат береді. Қазақстандағы пайда келтірмейтін ұйымдардың бірі – «жастар жетістігі» – «Junior Achievement», оның мақсаты – жастар арасында экономикалық білім бағдарламасын тарату. Сондай – ақ, алматылық Кәсіпкерлер ассоциациясы шағын және орта бизнесті дамыту және оған қолдау көрсету стратегиясымен айналысады.

       Қоғамдық ұйымдастырудың арнайы формалары. Үкімет немесе жергілікті басқару орындары бұл корпорацияларды басқарып, басшылық ете алады. Мысалы, Қазақтелеком мемлекеттік корпорациясы.

       Кооперативтер. Коопоративтер – белгілі бір іскерлік қызметт орындау үшін жеке адамдардың немесе компаниялардың бірігуі. Кейбір кооператив түрлері:

  • Тұрғын үй кооперативтері.
  • Тұтынушылық кооперативтер.
  • Өндірістік кооперативтер.

       Франчайзинг – ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны. Көптеген киім дүкендері, жылжымайтын мүлікті сату орталықтары, дәмханалар Франчайзинг принципі бойынша жұмыс істейді.

Үлкен кооперациялар қалай құрылған

       Тіркеу құжаты және жарғы. Кооперация үшін тіркеу құжаты – ол түрлі лицинзиялар. Кооперацияның өздері ұстанатын кейбір шарттары болуы керек. Ондай шарт, ережелерді жарғы деп атайды.

       Акционерлер. Акционерлер корпорация иелері болып табылады. Корпорацияның бір немесе бірнеше акциясы оның корпорация иесі болуына септігін тигізеді. Оларда пайда болмағандықтан салық та болмайды. Бірақ та корпорацияның басқа типтеріндегідей олардың кірісі жеткілікті болуы қажат. Елдің әр шетінде мыңдаған иегерлері бар корпорациялар тиімді басқару механизімін қажат етеді. Бұл мақсатқа жету үшін акционерлер – директорлар кеңесін құрады.

       Директорлар кеңесі – корпорация акционерлерімен жыл сайын сайланып отырады. Директорлар кеңесі президентті және басқа да басқару қызметіндегі мамандарды тағайындайды. Акционерлер арасында бөлінетін дамыту қоры, өсу бағыты, дивидендті өсу туралы шешім қабылдау директорлар кеңесінің қолдануымен өтеді. Компания қызметкерлері акционерлер алдында емес, қызмет беріп отырған директорлар алдында есеп береді.

       Ашық корпорацияларда иелік ету мен басқару бөлінгенімен, акционерлер өз даусын беру арқылы басқару жұмыстарына араласа алады.

       Директорлар кеңесі коипанияда өтетін басқада саяси сұрақтарға жауап береді.

Қосымша мәлімет

Қазақстанның ауыл шаруашылығында кәсіпорындардың жаңа формаларынқұру

       90 жылдардың басындаҚазақстанның ауыл шаруашылығында, сондай – ақ, бүкіл ел экономикасында жоспарлық – әкімшілік  экономикадан нарықтық экономикаға өту реформасы басталды. Бұл мақсатқа жету үшін кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа реформалары мен меншік иелену реформалары құрылып, ауыл шаруашылығы өндірісі реформасы жүзеге асты.

       2005 жылы республикада 16196 ауыл шаруашылыққұрылымдары нарыққа бағытталды, оның ішінде 156978 шаруа қожалығы, 4919 серіктестік, 1200 өндірістік корпоратив, 65 мемлекеттік кәсіп орын, 24 акционерлік қоғам, 3000 жуығы саяжайлық кооперативтер және 2,2 миллион жеке қосалқы шаруашылық жүргізуші азаматтар.

       Ауыл шаруашылығы реформасын жүргізу бастамасы ауылшаруашылық тауарларын өндіру құрылымын түбірімен өзгерту болды. Меншіктің мемлекеттік емес формасы ауылшаруашылық өнімін өндіруде төмен жетістіктер көрсетті. Оның өндіріс көлемінде 1990 жылғы 38,9% – дан 1999 жылғы 99,3 % – ға өсті. Серіктестік және акционерлік қоғамдағы орташа жер үлесі 29900 га құрайды: сәйкес мүше кооперативтік – 22498 және 4114 га болса, мемлекеттік емес ауылшарашылық кәсіпорындарына – 7131 және 184 га. Егер 1999 жылы барлық егістік жер ауылшаруашылық кәсіпорындары қолында болса, ал 2005 жылы 22,2 миллион га егістік жердің 60,4 % – ы ауылшаруашылық кәсіпорындарында, 38,6 % – ы шаруа қожалықтарында болды. Сонымен қатар, ауылдағы меншік формасын өзгеруі ауылшаруашылық өнімінің көлемінің төмендеуіне әкеледі. 1997 – 2000 жылы аралығында ет өнімі 1,2 есеге дейін, жүн – 1,5 есеге төмендеді.

Тұтынушы алдындағы кәсіпкер міндеті

       Қоғамымыздағы басқа саланың өкілдері секілді, кәсіпкерлерде шыншыл, еңбекқор келеді және өз тұтытушылармен шынайы келісім жасауды қалайды. Олар өз еңбектерінен пайда көруді мақсат ете отырып, тұтынуы алдындағы міндеттерінде есте ұстайды. Тұтынушыны ойлау ол бизнес этикасы.

       Өнім сапасы. Тұтынушының өнім сапасын қадағалауға құқығы бар. Ол дегеніміз егер сіз бір өнім шығаратын болсаңыз, оның сапасы әр қашан бір сапада болуы керек. Тұтынушы сондай – ақ, тауардың жарнама жасалмаған кезіндегі сапасын қадағалайды. Қашанда сапа стандартты өз парқын жоғалтпауы керек, бұл міндетке жұмысшылар мен компания менеджерлері жауапты болады.

       Менеджер – кәсіпорында немесе мекемеде мамандандырылған басқару қызметін жүзеге асыратын кәсіби басқарушы.

       Өнім қаптамасы. Қаптама бірнеше қызмет атқарады. Ол өнімді шығарған күнен оны сатқанға дейінгі аралықта оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тұтынушыға өнім көлемімен сапасы жайлы ақпарат береді. Сондай – ақ, ол өнімнің тартымдалығын арттырып, сату көлемін арттыра алады.

       Өнімді танбалау. Кейбір өнім қаптамаларында ақпараттық белгілер болады немесе мемлекеттік және жеке меншік бақылаушы ұйымдардың тестілеу белгісі болады. Байланыс бойынша компаныя бөлімдері фирмамен берілген кепілдіктердің сақталуын қадағалайды.

       Тұтынушының қауіпсіздігі. Тұтынушының қауіпсіздігін «Өнімнің міндеттері» деп атауға болады. Барлық компаниялар өнімді пайдаланудағы тұтынушының қауіпсіздігін қорғауға кепілдік береді. Компаниялар өнімді пайдалану кезіндегі кейбір қауіптер жайында ескертулер қажет. Тамақ, химикат, электр құралдары, ойыншықтар арнайы қорғаудан өтуді қажат етеді.

       Қоршаған ортаны қорғау. Әрине, тұтынушылар өздері сатып алатын тауардың қоршаған орта зиянсыз, қауіпсіз болғанын қалайды. Мұндай жетістікке жетудің бір жолы – биологиялық таза, немесе қайта өңделген тауарларды шығару. Көптеген копаниялар осы мақсатқа жету жолында жұмыс жасайды.

Қалай табысты кәсіпкер болуға болады?

       Неліктен адамдар жекеше іс бақаруға талпынады? Себебі, кейде олар өзіне пайда табу немесе өз идеяларын жүзеге асыру мақсатында жеке тәуелсіздікке ұмтылады. Кейде адамдар қызықты және тартымды жұмыс істеу үшін бизнес жолына бет алады. Мұндайда болашақ кәсіпкерлерге берілетін тиімді кеңес, ол – бизнеске дайындықпен келу. Қазір Қазақстанда маркетинг, бухалтерлік есеп, қаржыны басқару салалары бойынша курстары бар.

       Олар бизнес тақырыбындағы кітаптармен қамтамасыз етілген. Бизнес дайындықтың бұдан басқа жолы – алдымен біреудің қарамағында жұмыс істеп, ал сосын өз бизнесін жолға қою. Қазақстандағы меншік иелері күн санап өсіп келеді. Тіпті кәсіпкер отбасындағы әрбір адам өз ісін ашуға ұмтылуда. Кәсіпкерлер іс жүргізу техникасына жетік болуы тиіс. Қалай десекте қатер мен тәуекел де қатар жүреді. Нағыз кәсіпкер сәтсіздік арқылы шындалады. Тез арада шешім қабылдауға қалай үйретуге болады? Тәуліктің кез келген сәтінде жұмыс істеуге, демалыссыз жұмысқа шығуға, мейрам күндері демалмауға дайынсыз ба? Өзіңізде мұндай қасиеттерді байқаған болсаңыз, онда кәсіпкер болуға дайынсыз деген сөз.

Маркетинг

       Сіз кәсіпкерлік жоспарларыңызды жүзеге асару мүмкіндігін жоғарлату үшін базар өмірін білуіңіз керек. Базар – ол сатушылар мен сатып алушылар кездесетін орын. Ал, өндіріс пен тұтыну арасында болып жатқан жайттардың бәрі маркетинг категориясына жатады. Маркетинг – сатушы мен сатып алушының кездесуіне көмектесетін қызмет түрі. Жарнамадан басқа маркетинг сауда саттық, транспорттау және жинау, жоспарлау, нарықты зерттеу, нарықта тауардың өтуі, тұтынушыға қызмет көрсету, қаржыландыру және т.б. қызметтер жатады.

       Нарықтық экономика шарты бойынша бірінші кезекте өндіріс сипатындағы тапсырма емес, ал өткізу нарығын жаулау және үстап қалу мәселесі түр. Жетістекке жеткен фирмалардың маркетинг қызметінде мақсаттарға жетуінің тиімді жолы – тұтынушыларды, бәсекелестік стратегиясын ескеру, өз нарығын қасиеттерін білу.

       Маркетинг стратегиясы – 4 бөлек спекторға бөлінеді.

  1. Өнім. Кәсіпкер алдымен сатып алушыға қандай өнім қажеттігін анықтап алуы қажет. Сол себепті компания нарықтық зерттеулер жүргізеді. Олар телефон арқылы, пошта арқылы немесе көшедегі адамдардан жай ғана сұрақ қою арқылы анықтайды. Нарықты саралау (сегментация рынка) – өніммен жұмыс жасаудың негізгі бөлігі.

              Сіздің тауарларыңызды кім, қай жерде, қалай сатып алатынын анықтап алып, өз нарығыңызды саралайсыз. Шағын бизнес үшін нарықты зерттеу тұтынушыларды тыңдау әдетіне айналуы мүмкін.

  1. Сату құны. Маркетингтің маңызды құраушы бөлігі – сату құны. Компаниялар сату құнын шағындарды жау және пайда әкелу есебін анықтайды. Шағындарға күнделікті арендалық төлемдер мен сақтандыру т.б. жатады. Бұл барлық шағындар – сату көлемінің өз сатылуы  құнынан есептеледі. Сату құнының басқада факторлар әсер етеді. Бәсекелестік шартында компания өнімінің бағасы ұқсас өнім бағасынан аз айымашылықта болуы қажет.
  2. Алға ұмтылу. Өнім мен оның сату құнынан бөлек, компания өнімінің нарықта өтуін ойлауы қажет. Тауардың өтуі – ол өткізуді ұйымдастыру. Алға ұмтылу ол тұтынушы мен фирма арасындағы байланыс.
  3. Жайғастыру (позиционирование). Маркетингтің қорытындылаушы элементі – «П» – ол жайғастыру немес тарату. Өнім пайдалы болу үшін, ол қажетті уақытта, қажетті жерде болуы тиіс. Өз өнімін кәсіпкер оны тұтынушы қай кезде алатынын біліп қана сатады.

Бизнес – жоспар

               Бизнес жоспар – ол болашақ кәсіпорынды сипаттайтын негізгі құжат. Ол кездесетін мәселелерді зерттеп, осы мәселелерді шешу жолдарын анықтайды. Дұрыс құрылған бизнес – жорпар: «Кәсіпорынның ойлаған ісі табыс әкеле ме?» сұрағына жауап беру керек. Ойлаған жұмыс көлеміне байланысты бизнес – жоспарының құрылымы да өзгереді.

       Бизнес – жоспар – келешекке құралған құжат, оны алдағы 3 – 5 жыл ұсынылады, бірінші жылы негізгі көрсеткіштерді айлық бөлу арқылы жасаған жөн.

       Бизнес жоспар жаңа компания ашу үшін жасалады, қызметтегі компанияларға жаңа тауарлар мен қызметтерді ұсынуға немесе күрделі өзгерістер енгізуге арналған. Жиі бизнес жоспар өз кәсіпорынды қаржыландыру үшін қажет.

Қорытынды

       Адамдар кәсіпорын иесін немесе бизнесті басқарушыны кәсіпкер деп атайды, яғни, ресурстарды тиімді қолдану жолдарын іздейтіндерді, тұтынушылардың мүмкіндіктер мен қажеттіктерін қанағаттандыратын қызметкерді кәсіпкер деп атайды.

       Кәсіпкерлер көбіне сәттілікке жетеді, себебі олар басқалар тиімсіз деп шешкен жерден тиімділік танытады. Өз ісін ашу туралы ойлайтын адамдар бизнеске дайындай мектебінен өтуі керек және мүмкіндіктерді іске асыратын ақпараттарды жинап жүруі керек. Саудада, қызмет аясында, ауылшаруашылығында шағын фирмалар, кәсіпорындар кең тараған, ондағы жұмыскер саны жүзден асады. Өз ісінде ашудағы алғашқы қадам – ол бизнес жоспар. Көптеген кәсіпорындар серіктестік немесе корпорация түрінде ұйымдастырылған. Жекеше иелік пен серіктестік корпорацияға  қарағанда ірі. Корпорацияның қызмет уақыты шексіз және жауапкершілігі шектеулі.

       Кәсіпорын тұтынушылар алдында тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепіл береді.