Бірыңғай мүшелердің байланысуы

0

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі.

Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.

Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі.

Синтаксис ғылымының зерттейтін обьектілері – тілдің синтаксистік құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өз ара тіркесіп барып. Сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдарының жиынтығы болып табылады.

Синтаксис – сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр – сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді, олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде, оларды өз ара және морфологиямен байланыста қарастырады.

Синтаксистің басты арнаулы обьектісі екеу: бірі – сөз тіркесі, екіншісі – сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единиуалар: сөйлем қарым – қатынас жасауды пікір алысуды қамтамасыз етудің – ал сөз тіркесі сөйлем құралдың шоғырланған материалы болу. Сол үшін сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым – қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.

Тілдің ең басты ,бір тұтас ұйысқан бөлшегі –сөйлем. Сөйлем- тілдің қоғамдық қызметі. Пікір алысудың ойды білдірудің, негізгі тұлғасы. Ол қашанан бері синтаксистик зертеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз,  сөз тіркестері ойдың бөлшекті элеметтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.

Сөйлемнің басты сипаттамалары мыналар: сөйлем біршама тиянақты ойды, предикаттық қатынасты біолдіреді.Сөйлемнің айтылу интонациясы болады, сөйлем жеке сһзден, сөз тіркестерінен құралады.

Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құралады, оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің,  бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты .

Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі

зерттейді.
Жай сөйлем — өзіне тән семантикалық құрылымы бар, коммунативтік міндет атқаратын, бір предикңативтің  бірліктен тұратын сөйлем. Жай сөйлемнің ерекшеліктерін танытатын белгілер оның синтаксистік, семантикалық құрылымы сөздердің орын тәртібі мен интоноция болып табылады.

Синтаксистік құрылым тұрғысынан алып қарағанда, жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден тұрады. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Қай түрі болғанда да, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің атқаратын қызметі өте зор. Сөйлемнің негізгі болып табылатын баяндауыш қимыл — әрекетті, қозғалысты, қалыпты білдіреді де, бастауыш сол қимыл — әрекеттің, қозғалыстың иесін танытады. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады.

Жай сөйлем құрамында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер бірыңғай да келеді. Негізінен сөйлемдегі бірыңғай мүшелер туралы ұғым мектеп граматикасынан белгілі Бірыңғай деп граматикалық қызметі жағынан граматикалық формасы жағынан, граматикалық байланыс жағынан ыңғайлас келген мүшелерді айтамыз. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер — күрделі ойды, бірнеше сөйлемдісалыстырып білдірудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады.

Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айырмасы құрлысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай баяндауыштар бір бастауышқа қатысты, сондықтан бұл құрамдағы конструкция жай сөйлем қатарына жатады.

Бірыңғай мүшелі сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктері мен тілдегі қызметін айқындау жұмысымыздың өзектілігін танытады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Бірыңғай мүшелер, олардың сөйлем ішінде қолданылу ерекшеліктері мен Бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер мәселесі қазақ тіл білімі ғылымында қарастырылып, тілші ғалымдар пікір айтқан. Атап айтар болсақ, «Қазақ тілінің граматикасы» (Синтаксис) мен «Қазақ тілі энцеклопедиясында», М. Балақаев, Т. Қордабаев, А. Әбілқаев, Р. Әмір т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кеңінен қарастырылып, сөз болған.

Жұмыстың құрылымы.

Кіріспе, негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

1 Бірыңғай мүшелі сйлемдер және олардың қызметі

Бұл тарауда ой білдіру жағынан болсын, құрылысы жағынан болсын кей уақытта құрмалас сөйлем моделімен  астарласып жататын біріңғай түрдегі синтаксистік конструкцияларды сөз етеміз.

Сөйлемде хабарлаған бірыңғай қимылдардың осылайша бір грамматикалық бастауыштардың төңірегіне жинақтлуы, қазірде қазақ тіл білімінде танылып жүргендей, сабақтас құрмалас болып ұсынылмай, күрделенген сөйлемнің бірыңғай мүшелі түрін аңғартады. Осы тектес сөйлемдердің табиғатын ани білуде әр бір компонентегі бастауыш-баяндауыштың негіз шешуші критерийге алынбай, көбінесе баяндауыш сөздерінің қолданысы есепке алынады. Осыдан келіп жоғарыдағы сөйлем қарсылықты бағыныңқыға жатқызылып жүр. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен сабақтас құрмаластоың ара жақындығының  өзі де осыдан келіп шығады. Сондықтан да мұндай тұлғалас ұқсастықтарды бір-бірінн өзара саралай қарауымыз керек. Талдап отырған сөйлеміміздегі хабарланған оқиға желісі бір ғана субъектінің (шешім) төңірегіне жинақталып, оның алуан түрлік қимылдың сипатын өзара саралай көрсетілгендіктен де, мұндай конструкцияны бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемдердің қатарынан танитын боламыз.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің күрделенген сөйлемнің қатарында қаралуының өзіндік тарихы бар.Бұл тарих жалпы тіл білмінде осы конструкцияға байланысты орын алған жайлармен тығыз астарласып жатыр. Солардың қайсы бірлеріне ұңіліп қаралықшы.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері орыс тіл блімінің тарихында ең алғаш көп жылдарға дейін біріккен сөйлемдер (слитное предложения) деп қаралып келінді. Профессор А.Г.Рудневтің айтуы бойынша, бірыңғай мүшелерді осы ретте ең алғаш Н.И.Греч жазып еді. Бұл ғалым сөйлемнің бірыңғай мүшелерін екі не оданда көп сөздердің өзара бірге қосылуынан пайда болады деп түсінген – ді. Әрине, мұндай түсініктен бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғатын дұрыс ашып бере алады деп айта алмаймыз. Қайта бірыңғай мүшелер «екі не оданда көп сөйлемдердің бірігуінің нәтижесі» деген ұғымнан оның құрмалас сһөйлемге жатқызылатыны аңғарылып тұрады.

Бірыңғай  мүшелерді құрмалас сөйлемге жатқызушылық А.Х.Востоковтың еңбегнде ашық айтылған.

Профессор А.М.Пешковский өзінің «Русскии синтоксис в научном освешении» атты белгілі еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемді құрмаласқа жатқызбағанмен де, олардың арасндағы өзара жақындықты теріске шығармайды. Тіпті кейде автор бірыңғай мүшелерді жай сөйлем мен құрмаластың екі аралығындағы сөйлем деп те қарайды.

Профессор А.М.Пешковский аталған еңб,егінде брыңғай мүшелі сөйлемдерді біріккен сөйлем деп қарайды да оған арнаулы тарау бөлген. Автордың осы жайлы баяндауларына мұқият назар аударып байқасақ, біріккен сөйлемнің өз екі жақты тексеріледі: бірі- біріккен сөйлемдер де ,  екіншісі – бірыңғай мүшлер. Алғашқысына сөйлем мүшлерінің  жалғаулықсыз тек дауыс ырғағымен бірыңғай байланыса жұмсалған түрін жатқызады да,  соңғысына бірыңғай мүшелердің жалғулықтар арқылы ыңғайласқан жолын жатқызады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер профессор А.М.Пешковский тарапынан екі жақты қарала тұрса да, сайып келгенде, автор екеуінің бсын түйістріп, біріккен сөйлем деп атайды. Зерттеушінің ұғымында біріккен сөйлем үлкен де, бірыңғай мүшелер соның қарамағына кіреді. Сондай-ақ бір сөйлемнің ішінде әрі дауыс ырғағы арқылы тең байланысқан бірыңғай мүшлер, әрі жалғаулықпен келген бірыңғай мүшелер болса, барлығын жалпы түрде «біріккен сөйлем» деуді ұсынады.

Бірыңғай мүшелік конструкцияларды біріккен сөйлем деп қараушылық не болмаса құрмалас сөйлем дп танушылық соңғы кездердегі еңбектерден де кездесіп қалады. Мәселен профессор Т.П.Лонтев синтаксиске арналған бір еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемдерді бірікке сөйлем қтарында талдайды. Ал армян тілі синтаксисін арнайы зерттеген В.Д.Аракелян осы тілде бірыңғай бастауышты және бірыңғай баяндауышты сөйлемдердің құрмалас сөйлемнің бір түрінен саналатындығын айтады да, осы ретте бұрыңғы зерттеуші М.Абегяннің бірыңғай баяндауышты мүшелерді ғана құрмаласқа жатқызатындығын ескерте кетеді.

Сөйтіп, жалпы тіл білмінде бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғаты жайында әр түрлі түсініктемелердің болғандығы осы бір шағын ғана шолудан байалып тұрғандай. Тіпті қазіргі кездің өзінде орыс тілінде «поедшь не ты, а он» тәріздс сөйлемдерді біреулері бірыңғай мүшелі сөйлем деп таныса, енді біреулері (көпшілік) құрмаласқа жатқызатындығын Е.В.Крупнова дұрыс көрсеткен.

Бір мүшелі сөйлемдерді тани білудегі осындай қиыншылық қазақ тіл білімінде де әсерін тигізбей қойған жоқ.

Міне, бұл айтылған жағдайлар бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің ара қатынасында кездесіп қалатын осындай қиыншылық, ұқсастықтардың барлығын аңғартса керек.

Сөйлемнің қай мүшлері болса да бірыңғай түрде жұмсала береді. Алайда осылардың ішінен құрмалас сөйлем категориясымен  кейде жақындасып, астарласып кетуіне әсіресе бірыңғай баяндауышты түрі икем келіп тұрады. Өйткені осындай конструкцияда келген сөйлемдер бір бастауышқа ортақтасып, негізгі қимыл иесінің әр түрлі аалдық сипатын білдіре жұмсалады. Ал ортақ бастауышты осындай сөйлмдердің кейбіреулері қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін біреулерімен жай сөйлем, енді біреулерімен құрмаластың төңірегінде танылып жүргені белгілі. Сөйлемнің осы түрінде оның бірыңғай баяндауыштары тиянақты және тиянақсыз тұлғада келіп отырады. Алғашқысында салалас құрмаластың кейбір заңдылықтары байқалса, соңғысында сабақтас сөйлемнің модельдік ұқсастықтарының нышаы білінеді. Мына бір сөйлемің құрылысына назар аударарлық:

Инженер Рахмет үйіне келіп төсекте отырды. Ойланды, мойнын төмен түсірді, біруақытта басын көтеріп алды.

Екінші сөйлемді салалас құрмалас деп танушыларда жоқ емес. Шындығында бұл сөйлем  — бірыңғай баяндауышты жай сөйлем. Әрбір синтаксистік бөлшектердің баяндауыштары бір громматикалық бастауыштың (Рахмет) мазмұнын әр түрлі қырынан көрсетіп тұр. Осындай сөйлемдердің өзаралық қатынасыбаяндауыштардың бірыңғай тұлғада ыңғайласа айтылу немесе жалғаулықтар арқылы байланыа жұмсалады.

Үйге келсе Мұратын ермек етеді, оның тілін қызық көреді, ертегі айтып береді, ойнатады.

Астымдағы жас тағы қайтса де мені лақтырып тастамақ боп істемеген айла шарғысы, көрсетпеген мінезі қалмады: біресе тік шаншылып алға шапшиды, біресе артқы екі аяғын аспанға көтеріп басынан аунап түспек болады, біресе оқыс былай жалтарады, біресе күрт олай бұрылады; біресе ерін бауырына алып тулаған асау байталдай бар пәрменімен оқырақтап аспанға атылады.

Міне, осындай тиянақты тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер сыртқы құрылысы жағынан салалас сөйлемдерге ұқсап жатады. Бұл жйға ерте уақыттың өзінде –ақ  тіл білімінде назар аударылған болатын. Мәселен , профессор Н.Ф.Яковлев чечен тілінің салалас сөйлемдерін талдауға келгенде, олардың бірыңғай мүшелі сөйлемдермен жақындасып жататындығын айтады.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен салалас құрмаластарды өзара ажыратып  отырудың қажеттігін Н.З.Гаджиева да көрсетеді.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар тиянақсыз формада жұмсалғанда, олар сабақтас құрмаластың құрылысымен жақындасып келеді. Тиянақсыз тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер синтаксистік оралымлар арқылы жасалады.

Сонымен., жоғарыда талданған сөйлемдеріміз сыртқы құрылысы жағынан кейде құрмаластардың табиғатымен астарласып жатқандығымен, олар бас мүшелердің негізінде өзара ажыратылып отырады.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер бір грамматикалық бастауыштың негізінде құралады. Алайда осы бір заңдылық кейде ескеріле бермегентіктен, осындай сөйлемдер кейбір еңбектерде құрмалас сөйлемдрдің қатарына танылып қалады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерге байланысты осындай түсінік әсіресе төнкеріске дейінгі еңбектерден орын алған болатын.

Профессор М.Балақаев бірыңғай мүшелң сөйлемдерді күрделенген сөйлм деп атайды да оның әсіресе бірыңғай баяндауышты түрін жай сөйлем мен құрмаластың екі аралығында тұрады деп түсіндіреді.

Ғалым профессор Р.Әмір сөйлемдегі бірыңғай мүшелер туралы ұғым мектеп граммаикасынан белгілі дейді. Бірыңғай деп грамматикалық қызыметі жағынан грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелерді атаймыз. Бірыңғай мүшелер өзара салаласып байланысады. Әне, қалын мұнарға шомып туған ауылы, өскен елі жатыр (О.Б.).

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сиыстырып білдірудің   амалы. Олардың құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп құрау неесе оны құрмалас етіп тарату сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағнышты болады. Мысалы, Рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан не қалған, атадан не қалған (М.Ә.). Бұл құрмалас сөйлмді «Рас айтасыз бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған» деп те бірыңғай мүшелі жай сөйлем етіп құруға болар еді. Ойды құрмалас сөйлем арқылы айту сөзе риторикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр. Мына сөйлемнің құрмалас болып, бірыңғай мүшелі болмай құрылуы да осы мақсатқа байланысты:  Сырым, естір сөзді сен де естідің, мен де естідім. (М.Ә.). Бұны біыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде құрағанда ілгерідігі ритім жоғалады: Сырым, естір сөзді сенде естідің мен де естідім.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдрдің осы екі аралық сипатына сай тіл білімінің оны тануында түрлі пікір орын алып жүр. Бірқатар тілшілер біріңғай бастаышы, тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдрді жай сөйлем қатарына жатқызады да, бірыңғай баяндауышы бар сөйлемдерді салаласқұрмалас сөйлем деп таниды. Дәлелдері – бұл баяндауыштың әр қайсысы дара-дара предикативтік қатынасты білдіреді дейді.

Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің  айрмасы құрылысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады.  Бірыңғай баяндауыштар бір баяндауышқа қатысты, сондықан бұл құамдағы конструкция жай өйлем қатарына жатбы.

Қай сөйлем болмасын, олардың ішінде бірыңғай мүшелердің  күрделеніп келе беруі мүмкін. Бұл, әрине сөйлемнің аумағын да кеңейтеді, мазмұндық желісін де күрделендіре түседі, алайда мұндай құбылыс оны екінші бір синтаксистік ктегорияға (құрмалас сөйлемге) айналдырып кете алмайды.  Әр қайсысының өзіндік грамматикалық заңдылықтары бар: бірыңғай мүшелер негізні бір сөздің төңірегіне жинақталса, құрмаластың әрбір компоненті сөйлемдік ыңғайда жұмсалады. Осындай заңдылықтар сөйлем тани білу принципінде ескеріліп отырылғаны жөн. Мұның өзі кейбір синтаксистік категориялардың  ара қатынасын дұрыс ажыратып отыруға мүмкіндік туғызады.

2 Бірыңғай мүшелердің байланысуы

Сөйлем – комуникативтік единица, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын единица. Сөй, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды.

Жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді болып келген конструкцияларды сөйлемге тән громматикалық форма алып, комуникативтік единица  — сөйлемдік сапаға и бола алады екен. Сөйтіп, сөлем өзіне тән громматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлем құрылысына қарап отырсақ, сөйлемді құрауға, ойдыі кім, не туралы екенін білдіретін мүше және ол туралы не айтылғанын білдіретін мүше, яғни, бастауыш, баяндауыш мүшелері қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұм салады. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі ойды берудегі басты формалар болып есептеледі. Сөйлем мүшлері – құрылымдық-семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері. Сөйлем мүшелері жасалым құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшесінің қатынасуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелер құрайды. Ал сөйлемнің құрамында тұрлаулы мүшлерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сода жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады:  тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мұшелер. Аталған сөйлем мүшелері біріңғай мүшелі сөйлемдер құрамында сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқарып, бір ғана сұраққа жауап беріп, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалатын, бір ғана сөзге қатысты болып келетін  біріңғай мүшелер бола алады.  Бірыңғай мүшелер мәселесі – синтаксис саласындағы күрделі, өзекті тақырыптың бірі. Граматикалық ережелердің біразы  осы мәселеге тікелей және тығыз байланыста құралады.

Сөйлемде бірыңғай бір – ақ мүшенің қызметін атқарып, бір –ақ сұрауға жауап беретін және бір – ақ сөзбен байланысатын біркелкі тұлғалар болады. Олардың логикалық мағына жағынан да біркелкілігі байқалады. Бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. [ 1,97]

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. [ 2,367]

Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер болады. [ 3,160]

Бірыңғай деп грамматикалық қызметі жағынан, грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелрді айтамыз [4; 166]

Бұл ережелер ғалымдардың бірыңғай мүшелерге берген анықтамалары. Анықтамалар формасы жағынан өзгеріске түскенмен айтар ойлары, шығарар тұжырымдары бір.

Бірыңғай мүшелер қайталақтап айтылған сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелер бірыңғай тұлғада және көбінесе бір сөз табынан жасалады. Басқаша айтқанда, олар сөйлемдегі басқа мүшелер сияқты бір сыдырғы бір – біріне ұласа айтылмайды. Олар бірін – бірі іліп, шалып, бағындырып, бағынп жатпайды. Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметіде біркелкі, бірдей болады. Сол себепті де олар бірыңғай мүшелер деген терминмен аталады. Бірыңғай мүше, басқаша айтқанда, біркелкі мүше деген сөз болып шығады.

Бірыңғай мүшелер жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Оның бір сөзден құралғанын жалаң, бірнеше сөздер тобынан құралғанын жайылма дейміз. Олар үлкен – үлкен теңдерді шешіп, қымбат кілем, әсем түскиіз, алаша көрпелерді алды. (М.Әуезов.)

Бірыңғай мүшелерді сөйлем аясында шұбалаңқы етпей, ықшамдап, ыңғайлы, оңтайлы етіп айту үшін жалғаулықтар мен көмекші элементтер олардың бәріне ортақ етіліп бір – ақ рет жұмсалады, мысалы: Медеубек, Балтабек сияқты жұмысшылар керемет күш көрсетіп, үлкен серік болды. Бір тілек, берік ынтымақ, қажырлы еңбектің алмайтын қамалы жоқ екенін көз көрді. (Ғ.Мүсірепов.) Айшаның мұңайған кері көзі оның қалың ойда, ауыр қайғыда екенін білдіретін. (С.Сейфуллин.)

Бірыңғай мүшелер біренеше жай сөйлемнің қысқарып сыйысуынан пайда болған деген пікір бар. Мысалы: мына мектепте Асқар оқиды. Мына мектепте Асан оқиды. Мына мектепте Үсен оқиды. Осы үш жай сөйлемді «Мына мектепте Асқар, Асан, Үсен оқиды» деп қысқартуға да болады. Сөйлем мазмұнында ешбір өзгеріс болған жоқ.

Бірыңғай мүшелер, көбінесе тұлғалас болғандықтан, оларды ықшамды етіп айту мақсатымен грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздерді ең соңғысында жалғаймыз: Әркім күрек, сүймен зембілдерін ала барады.

(Ғ.Сланов.) Бай балалары «қызыл кілем» барқыт көрпелердің үстінде жатады. (С.Сейфуллин.)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері басқа бір сөзбен өз ара бірдей семантика – синтаксистік қатынаста болады. Олардың тағы бір ерекшелігі – бір – бірімен тең байланысады. Бірыңғай мүшелер арасында салаластың мағыналы жалғаулықты қоюға болады. Ондай жалғаулықты қоя алмайтын жағдайда бұлар бірыңғай мүше болып танылмайды.

Бірыңғай мүшелер арасы интонация тарихи жағынан алғанда жалғаулықты шылаулардан анағұрлым көне және оның қолданылу, жұмсалу өрісі жалғаулықтардан анағұрлым кең. Мұндай интонация екі топқа бөлінеді: а)  санамалы үнмен айтылатын интонация; ә) қарама – қарсы қою интонациясы.

Интонацияның күші сөйлем ішінде антонимдер мен болымсыз етістіктер болған жағдайда едеуір арта түседі. Бірінен кейін бірі не қатар жарыса болған іс — әрекетті білдіретін бірыңғай баяндауыштық алдыңғылары -п, -ып, -іп көсемшесіне өтеді. Оқушылар орындарынан тұрып, киініп, қора ішінде өз ара сөйлесіп, күлісіп, қаннен – қаперсіз жүруші еді.

Бірыңғай баяндауыштан кейін көмекші етістіктердің қайталанып айтылып отыруы мүмкін, бірақ міндетті түрде емес. Адам тәртіпті де, кішіпейілді де, қабілетті де болуға тиіс.

Кейде бірыңғай мүше болмайтын, бірақ оған қатты ұқсайтын, соның дәл өзіндей көрінетін тіркестер де болады. Анықталатын заттың әр қилы, жан – жақты саласын білдіретін кейбір анықтауыштар бірыңғай мүше бола алмайды. Анықтауыштардың сын есім, есімдік, есімше т.б. сөз таптарынан болып нәрсенің әр алуан сапасын, белгісін, қасиетін, ерекшелігін көрсететін түрлері бірыңғай мүше болмайды, мысалы: Ұзын қоңыр сақалына араласқан күміс реңді ақ талдар ғана айқын көрінеді. (М.Әуезов.) Айналасына әжім жиналған мұңды көзін кейде қысыңқырап қарайды. (С.Мұқанов.)

Бірыңғай мүшелерді ажыратуда интонацияны да есепке алу керек. Бірыңғай мүшелер арасында кідіріс елеулірек, молырақ болады, нәтижесінде бірыңғай мүшелер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, ерекшеленіп тұрады. Ал, бірыңғай мүше болмайтын жағдайда кідіріс байқалмайды. Бірыңғай мүшелер бір – бірімен 2 түрлі жолмен, яғни не жалаң интонациямен, не жалғаулықтар арқылы саласа, бір – бірімен тең байланысады. Мысалы: Ол бірде ақын, бірде драматург, Артқы топ – Ақылбай, Мағыш, Кәкітәй, дәрмен. (М.Әуезов.) көк жүзінің шарты бұлты әлде қайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатыр. (Б.Майлин.) Қала, дала, ой мен қыр… Төгілген көктен алтын нұр, (Ж.Жабаев.).

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сыйыстырып білдірудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те  атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп тарату сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағынышты болады. Мысалы: рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан не қалған, бабадан неқалған (М.Әуезов). Бұл құрмалас сөйлемді «рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған» деп те бірыңғай мүшені жай сөйлем етіп құруға болар еді. Ойды құрмалас сөйлем арқылы айту сөзге риторикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр. Мына сөйлемнің құрмалас болып, бірыңғай болмай құрылуы да осы мақсатқа байланысты: Сырым естір сөзі сен де естідің, мен де естідім. (М.Әуезов.). Бұны бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде құрағанда ілгергідегі ритм жоғалады.

Сырым, естір сөзді сен де мен де естідім.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің осы екі аралық сипатына сай тіл білімінің оны тануында түрлі пікір орын алып тұр. Бір қатар тілшілер бірыңғай бастауышы, тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдерді жай сөйлем қатарына жатқызады да, бірыңғай баяндауышы бар сөйлемдерді салалас құрмалас деп таниды. Дәлелдері – бұл баяндауыштың қатынасты білдіреді дейді.

Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айырмасы құрылысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай баяндауыштар бір бастауышқа қатысты, сондықтан бұл құрамдағы конструкция жай сөйлем қатарына жатады. [4,167]

Тіл – қарым – қатынас жасаудың құралы да, сөйлем сол – қарым – қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болатындықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі – түрлі болады. Кейде бір сөз, бір сөйлем қызметінде жұмсалса (Түн – Аттан! Маңара!), кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады.

Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты.

Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, тіркес құрамына енбеген сөз еш уақытта сөйлем мүшесі болып есептелмейді, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мүшесі болуына сонымен тіркескен басқа сөз себепкер болады. Мысалы, бастауышты баяндауышпен байланысына қарап (және керісінше), анықтауышты анықталатын сөзіне қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз.

Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған граматикалық мағыналарға қараймыз. Ол мағыналар: бастауыш – баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық.

Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.

Жай сөйдемдер құрамдық ерекшеліктеріне сәйкес жалаң және жайылма болып бөлінеді.

Жалаң сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен) құралады.

Ал сөйлеи құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысала, жел өршелене түсті – жалаң, Ызғарлы жел өршелене түсті – жайылма. Толқын күшейді — жалаң, Теңіздің толқыны кешке таман күшейді —  жайылма.

Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер не бастауыштың, не баяндауыштың (кейде екеуінің де) топталады.

Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалықұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топталып, пысықтап тұрады. Мысалы, Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді.

Бұл сөйлемнің бастауышы – кеме, баяндауышы – тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, әр шумақтағы сөздер біріне – бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған.

Тұрлаусыз мүшелер – толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.

Сөйлем мүшелерінің құрамы дара, күрделі, үйірлі болады. Мысалы, Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер (Дара мүшелі). Ырыс алды – ынтымақ (Күрделі бастауышты). Жері байдың —  елі бай (Үйірлі анықтауыш).

Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады. Сөйлем мүшелеріне сұрақтар қою арқылы талдау жасағанда, олардың сол байланыс желісі үзілмегені мақұл.

Сөйлемнің құрамында сөйлем мүшелерінен басқа да сөздер болады, олар – қартпа, қыстырма, одағай сөздер. Бұлар жинақталып, сөйлемдегі оқшау сөздер деп аталады.

Оқшау сөздер сөйлемнен не сөйлем мүшелерімен тек мағыналық байланыста айтылады да, олармен синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан оларды сөйлем мүешлері деп танымаймыз. Сөйтіп, сөйлемнің құрамында әр алуан сөздер болады. Олар өз ара мағыналық, синтаксистік байланыста айтылу арқылы мүшелік қызыметке ие болады. Сөйлем құрамының негізі бастауыш пен баяндауыш. Сөйлем құрамында бұлардан басқа анықтауыш, толықтауыш және оқшау сөздер болуы мүмкін.

Дүкенде Қарабайға жәрдемдесетін адам жоқ. Көрікті де оның өзі басады, темірді де өзі соғады (С.Мұқанов). Бұл сөйлемдерде әр сөз керегіне қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. Сондықтан оларда айтылған ойға қатысы жоқ сөз де жоқ. Олардың басын құрастырып, әр сөйлем де айтылған ойға әрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер – бастауыш пен баяндауыштар: адам жоқ өзі басады, өзі қыздырады, өзі соғады. Бұлар сөйлем құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы. Басқа мүшелер солармен бірге тұтас құрамда айтылғандықтан ұтымды да, оларсыз шала жансар сөйлемдік қасиеті жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар топтары бөлек алғанда да әрі сөйлем, әрі тіректі тіркес.

Осындай, сөйлем құрауға негіз болатын, өз ара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін – тұрлаулы (бас) мүшелер дейміз.

Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемдер айтылатын ойға негіз болады.

Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттың, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің ең негізігісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болады. Оны мыналардан байқаймыз:

  1. Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
  2. Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы мүмкін. Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі.

Осындай баяндауыштық синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы болатын бас мүшелер.

Жай сөйлем құрамында тұрлаулы мүшелер бірыңғай да келіп отырады.

Тұрлаулы мүшелер бірыңғай болғанда, сөйлемнің құрамы жайыла түседі, бірақ сөйлем күрделі болмайды. Күрделі сөйлемде әр бастауыштың өз баяндауышы болу негізіндежеке сөйлемдер тіркесетін болса, бірыңғай тұрлаулы мүшелері бар сөйлемде біренеше бірыңғай бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы болады. Сол ыңғайда олардың бірыңғай болуының өз ерекшеліктері болады:

Бастауыш бірыңғай болғанда, олар бір баяндауышты өздеріне ортақтасқан түрде бағындырады:

Бейсен, Шымырбек, Қали құлаған жерді аршып жатыр. (С.Ерубаев). Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз. (Абай). Адамның үндері, дауыстары, дүрсілдері естіледі. (С.Сейфуллин).

Бірыңғай бастауыштардың тұлғалары да, жоғарғы мысалдардағыдай, негізінде, біркелкі болады. Сонымен қатар жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай бастауыштар түрлі лексикалық топқа жататын, тұлға жағынан әркелкі сөздер болуы да мүмкін:

Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. (М.Әуезов). Оқта – текте айқай – ұйқай, аттың дүбірі естіледі. (С.Сейфуллин).

Сөйлемде бірыңғай бастауыштарға ой екпінін түсіріп, бәрінің синтаксистік қызметі бірдей екенін аңғарту үшін, оларда жинақтауыш тұлға мен жинақтауыш сөздер қолданылады:

  1. Бірыңғай бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына көптік жалғау жалғанады. Ондайда көптік жалғауы жинақтауыш қызмет атқарады. Мысалы:

Абай, Біржан,Ербол, Әйгерімде тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр. (М.Әуезов.) Байдалы, Сүйіндік, Ызғұттылар төбенің басына келушілерді тосып тұрғалы бірталай уақыт болды. (М.Әуезов.).

  1. Біркелкі бірыңғай бастауыштарды (кей басқа да мүшелерді) жинаушы сөз жинақтау сан есімдері болады:

Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді. (Ғ.Сыланов.)

  1. Бірыңғай мүшелерді жинақтау қызметінде бәрі, барлығы да, осының бәрі, дегендер сияқты сөздер жиі қолданылады:

Анау Төскейдің сай – саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын. (М.Әуезов.) Раушанның өкіл болып болысқа баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес ағасы болып сайлануы – осының бәрі де Бәкеннің ризашылығымен болған жұмыс емес. (Б.Майлин.) Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, бәйшешек дегендер…  құлпырып жайнайды. (М.Әуезов.)

Баяндауыштар бірыңғай болғанда, олардың бәрі бірдей бір бастауышқа бағынады. Бірыңғай баяндауыштың да барлығының мағыналық салмағы бірдей болғанымен, көп жерде ең соңғы баяндауыштың есімді бірыңғай баяндауыштардан елеулі ерекшеліктері бар.

  1. Етістікті бірыңғай баяндауыштар қимылдың бірінен соң бірі болып жатқан үдетпелігін және мезгілдестігін білдіреді:

Дала боран. Жел дүрілдейді, ысқырады. (Б.Майлин). Арғымақтың баласы аз аттар да көп  жусар. (Мақал.) Бұл жолы ол ұзақ ұйықтады, әрі тыныш ұйықтады. (В.Катаев.)

Бірыңғай баяндауыштардың тұлғалары әр уақытта, жоғарғы мысалдардағыдай, біркелкі болып келе бермейді. Кейде олардың алдыңғылары көсемше тұлғалы етістік болып, ең соңғысы тиісті жақ жалғауында тұрады, сол жалғау бәріне де ортақ болады:

  Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. (Мәтел.) Оның көзі бір ашылып, бір жұмылады. (М.Әуезов.) Әділде ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүрді. (С.Сейфуллин.)

Соңғы мысалда баяндауыштың тұлға ғана емес, көмекші етістік жүрді дегеннің де бірыңғай екі баяндауышқа бірдей қатысы бар, келіп жүрді, кетіп жүрді. Бірақ бұл  «келіп, кетіп жүрді» болып қысқартылып айтылған. Бұлай айту жазудың шұбалаңқы еместігін көрсетеді. Осындай ойды аз сөзбен ықшамды етіп айту керек болғанда, күрделі бірыңғай баяндауыштар тұжырымдалып, көмекші етістік ең соңғы баяндауыштан кейін бәріне ортақ болып бір – ақ айтылады да, одан бұрынғы баяндауыштар көсемше тұлғалы болады.

Мысалы:

Әлдеқайдан әйелдердің қосылып салған сүйкімді әні құлақты елеңдетіп, басты еріксіз көтеріп, өзіне қарай тартып, жетектеп барады. Әйелдердің біреулері Бәкеңнің үйін жинап, сыпырып жатыр, біреулері отын жағып, суын тасып, шайын қойып жатыр. (Б.Майлин.)

Бұл мысалдардағы бірыңғай баяндауыштардың алдыңғылары көсемшеде тұрып, ең соңғы баяндауыш құрамындағы барады, жатыр көмекшілерін де қамтып тұрады. Кейде бірыңғай баяндауыштың алдыңғысы мүлде айтылмай не жартылай айтылып, оның орнында тек жалғаулық қалып, сол арқылы ең соңғы бір баяндауыш екі рет айтылғандай болып ұғынылды:

Қара жігіт саған бір, Айшаға бір қарады. (С.Сейфуллин.) Бәкен қуанған да, ренжіген де жоқ. (Б.Майлин.) Бұлар – бірыңғай баяндауыштарды ықшамдау мақсатымен айтылған сөйлемдер. Олардың түрі – «Саған бір қарады, Айшаға бір қарады … қуанағн да жоқ, ренжіген де жоқ. Кейде бір баяндауыш бір сөйлемде бірнеше рет қайталанып айтылады. Ондайда баяндауыштың мағынасы күшейтіліп, Сөйлемге ерекше экспрессивті өң беріледі: Дауыста, Жамбыл, дауыста! Сөйлеп бір жібер, сөйле енді. (Жамбыл).

  1. Есімді бірыңғай баяндауыштар субьектінің бір беткей әр түрлі, сындық не заттық сапасын білдіреді, бірыңғай баяндауыш болатында – көбінесе сын, зат есімдерден жасалған баяндауыштар.

Аттың желісі бір түрлі қатты, мазасыз. (М.Әуезов.) Алқаптың жан – жағы қырқа, бұйрат. (С.Сейфуллин.). Әуе тып – тынық, тап – таза, жібектей жұмсақ. (С.Сейфуллин.).

Бірыңғай тұрлаулы мүшелермен қатар, бірыңғай тұрлаусыз мүшелер де болады. Алдымен осы тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік.

Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын тұрлаусыз мүшелер де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

Бұларды «тұрлаусыз мүшелер» дейтін себебіміз не?

Сөзінде тиянақ жоқ кісіні «сөзінің тұрлауы жоқ» деп те атаймыз. Осындағы «тұрлау» сөзі «тиянақ», «береке», «пәтуа» деген ұғымдарды білдіреді. «Тұрлаусыз» деген сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне танудың себебі ол мүшелердің сөйлемді тинақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты ететін, оның бас арқауы болса, тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет болмайды. Олар бас мүшелердің маңына топталып, алдымен соларды және бірін — бірі анықтап, және пысықтап тұрады. Мысалы: Көк жүзінің шарты бұлты әлдеқайда тарап жоқ болып жатыр. (Б.Майлин.) Бұл сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер бастауышқа және баяндауышқа қатысты болып тұр: көз жүзінің шарты деген сөздер (анықтауыштар) бұлты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды; ал әлдеқайда (пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауыштарды пысықтайды. Қолдыңсаласындай тарамданған арықтардың біреуі бара – бар ұлғайып… қарауытқан сай болды. (Б.Майлин.) Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер: біреуі (бастауыш) сай болды (баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер – анықтауыш пен пысықтауыштар. Олар тұрлаулы мүшелерді және бірі – бірі анықтап, пысықтап тұр: арықтардың – анықтауыш, бастауышты анықтайды, тарамданған – олда анықтауыш, арықтардың деген анықтауышты анықтайды, қолдың саласындай – пысықтауыш, ол тарамданған деген анықтауышты пысықтайды.

Сөйлем мүшелерін басты екі топқа бөліп қарау тек логикалық негізге ғана сүйенбей, грамматикалық заңдылықтарды  да еске алады.

Толықтауыш – қимыл процесінің обьектісі болатын мүше.

Сөйлемде заттардың әртүрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады.

Пысықтауыш – етістік баяндауышты мекен, мезгіл жағынан және істің істелу тәсілі мен себебі, мақсаты жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

Осы тұрлаусыз мүшелер жай сөйлем құрамында бірыңғай болып та келеді.

Екі не бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап болып тізбектеледі.

Ботақорадағы Михайловкадағы фабрика – завод мектептерінде, техникумда жүздеген жас кадрлар, жаңа техниканың болашақ мамандары, оқып жүр. (Ғ.Мұстафин.) Бақшада жастықтан, бақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып шыққан ешбір қайғы – уайымсыз, күмістей таза күлкі естіледі. (С.Ерубаев.)

Жоғарғы мысалдардағыдай бірыңғай тұрлаусыз мүшелер көбінесе тұлғалас келеді. Кейде тұлғасы бөлек, бірақ түр – тұрпаты жағынан әуендес, қызметі бірдей сөздерде (көбінес анықтауыш, пысықтауыштар) бірыңғай болып айтылу үшін, олар бөлек – бөлек әуемен саналып айтылуы керек.

«Қайғысыз, күмістей таза күлкі естіледі: Орта бойлы, ақ құба, жігіт алдымыздан шықты.

Соңғы сөйлемдегі анықтауыштарды интонация арқылы екі жікке, бөлмей, әрқайсысына ой екпінін түсірмей, бірімен-бірі ұластыра айтсақ, олар бірыңғай болмайды.

Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес.

Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде (көбінесе) әрбір бірыңғай толықтауыш тиісті септік жалғауда айтылса, кейде ондай жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол жалғауға сырттай телініп, жалғаусыз айтылады:

Абай бұл күндерде екі анасы мен Ғабитханға Қарқаралыда көргендерін, сезгендерін көп – көп әңгіме қып айтып жүрді. (М.Әуезов.) Әкем Балжандарға хат беріп, туыс, жолдастарын сырттан таныстырып жүр. (Ғ.Мұстафин.)

Бірыңғай толықтауыштар мен (пен, бен) жалғаулығы арқылы байланысқанда, олардың әр уақытта тек соңғысы жалғаулы болады, ал жалғаулықсыз байланысса, кейде олай, кейде бұлай болып тұлғалана береді:

Тау мен тасты су бұзады. (Мақал.) Ащы менен тұщыны татқан білер, алыс пенен жақынды жортқан білер. (Мақал.)

Анықтауыштар анықтайтын сөздерінің алдында екі түрлі ыңғайда топтанады: кейде бірнеше анықтауыш бірін – бірі анықтап барып, ең соңғы зат есімге бағынып тұрады. Мысалы: Мемлекеттің құрылыстың жаңа міндеттері дегенде мемлекеттік деген анықтауыш құрылыстың дегенді анықтайды, құрылыстың, жаңа дегендер – міндеттері дегенді анықтайды. Мұндай бір сөзді түрлі жағынан сипаттайтын анықтауыштар әркелкі анықтауыштар болады.

Кейде анықтайтын сөзіне қатысы бірдей бірнеше анықтауыш бір сөзді әр жағынан мағыналық, грамматикалық белгілері жағынан ыңғайлас болады. Мысалы:

Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр. Бұл үй – кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі, меймендас мол үй; (М.Әуезов)

Мұндай, мағыналас, көбінесе тұрғалас сөздерден жасалғанның барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұратын анықтауыштар бірыңғай анықтауыштар болады.

Кейде тұлғасы, мағынасы жағынан түрлі сөз табына жататын сөздер де бірыңғай анықтауыштар болуы мүмкін. Ондайда олар да айырым интонакциямен айтылады. Мысалы, Орысша кейіннен,ақ құба, қара сақалды, орта бойлы адам үйге кірді.

Пысықтауыштар да, анықтауыш сияқты, бірыңғай болу қабілетті күшті. Олар көбінесе интонация арқылы кейде жалғаулықтар арқылы да байланысады.

Ол қатты ақпай, баппен, жақсылап тағы бір оқып шықты.(С.Көбеев).

Тағы … аласұрып, мазасызданып, иесіне бір ұмтылып, қоянға қарай бір шауып, өз еңбегінің соншалық қадірсіз болғанына қатты қиналғандай болды. Абай Дәркембайдың сөзінен аса қатты ойға қалып, біресе қабақ шытып, біресе күрсініп тамағын қолына алды. (М.Әуезов)

Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы дара сөзді (жалаң) және сөз тіркесінен құралған күрделі (жайылма) болуы мүмкін:[5;168]

Шалқар көл, сайраған құс, мұнарлы бел.

Жап-жасыл, жайнаған шөп, самалды жел.

( Н. Байғанин.)

Тамаша өмір, шаттық жыр.

Қала, дала ой мен қыр.

( Ж.Жабаев.)

Тауды тіліп, тасты бұзып,

Тамшылатып ащы тер…

Қырдан асып, белді басып.

Жолды салған қандай ер?

( А.Тоқмағанбетов.)

Көп этажды, алуан түсті үйлер, жиектеп ағаш еккен асфальт көшелер, көше бойы ағылған, трамвай, троллейбус, автомашиналар көрінді!

(Ғ.Мұстафин.)

Баяндауыштың бірыңғай бастауышпен жақтасуы, бірыңғай мүшелі сөйлемдерді жайлы сөз болғанда айтылмай кетуі мүмкін емес.

Бірыңғай бастауыш әр түрлі жақта тұрса, яғни бірінші, екінші, үшінші жақта тұрса, баяндауыш бірінші жақта тұрған сөзбен көпше түрде қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жалпылауыш сөз қосылады.

Мен, сен Оспан үшеуміз кітап дүкеніне барамыз.

Сөйлемде бірыңғай екі бастауыш болып, бір бірінші жақта, бірі екінші жақта келсе, баяндауыш оның бірінші жағымен көпше түрде жақтасады. Мысалы, Мен,сен, екеуміз бүгін сырғанауға барамыз, Мен, сен екуміз ертең мектепке баруға тиіспіз.

Бірыңғай бастауыштың бірі бірінші жақта, екіншісі үшінші жақта болса, баяндауыш бірінші жақта көпше түрде қиысады. Мысалы, Мен,Омар екеуімізкелесі жылы институтқа түсеміз. Бірыңғай екі бастауыштың біреуі екінші жақта, екіншісі үшінші жақта тұрса, баяндауыш онымен екінші жақта көпше түрде қиысады. Өйткені, жалпылауыш сөз екінші жақта тұрады. Мысалы, Сен, Асан екеуін бүгін маған келіңдер!

Бірыңғай бірнеше бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысы ғана көптік жалғауы жалғанады. Мысалы, Абай, Көкбай. Шұбарлар өзгелерден озыңқырап оңаша әңгімелесіп барады.Абай, Біржан,Ербол, әйгерімдер тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр. (М. Әуезов.)

Бірыңғай бастауыштар біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Олардың кейде морфологиялық тұлғасы да бірдей болады.

Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы синтаксистік қызметі басым, салмақта болады. Етістіктен болған бірыңғай баяндауыштар қимылдың үдетпелігін, мезгілдестігін білдіреді. Ондай баяндауыштар тұлғалық жағынан да, алуан түрлі болып келеді. Алдыңдағылар есімше, көсемшелі тұлғаларда да жий тұрады.

Бірыңғай баяндауыштарда көмекші етістік оларға жалпы болуы мүмкін. Олар негізгі баяндауыштармен қайта-қайта қайталап отырмайды. Бірыңғай баянлдауыштар біркелкі жіктік жалғауын қабылдап тұрады. Бірыңғай мүшелер морфологиялық тұлғалануы жағынан да алуан түрлі. Тұлғалаушы морфологиялық элеметті олардың кейде әрқайсысы жеке-жеке, кейде ең соңғысы қабылдануы мүмкін, жеке-жеке қабылдауы, оларға логикалық екпіннің түсуіне байланысты.

Бірыңғай толықтауыштар тұлғалану жағынан екі т үрлі болады. Олардың әрқайсысы  өзіне тән септік жалғауларын қабылдап тұрады. Кейде септік жалғауын олардың ең соңғысы ғана жалғайды. Алдыңғылары жалғаусыз тұрады.

Мен (бен, пен) жалғаулығы бірыңғай толықтауыштардың ең соңғысына ғана жалғанады.

Бірыңғай анықтауыштар сөйлемдегі бір зат есімді әр жағынан анықтайды. Ал, бірін – бірі анықтап барып тобымен зат есімді анықтайтын анықтауыштар бірыңғай болмайды. Оларды сатылы анықтауыштар десе де болады. Бірыңғай анықтауыштар мағына жағынан да ұқсас, жақын болады.

Бірыңғай пысықтауыштар да жиі кездеседі: Олар көбінесе, үстеулер мен көсемшелерден жасалады. Оларда интонация және жалғаулықтар арқылы байланысады. [6, 101].

Бірыңғай мүшелер бірімен – бірі салаласа, басқа мүшелермен сабақтаса байланысады. Мысалы: Қанат құйрық суылдап ысқырады. (Абай) дегенде қанат, құйрық – бірыңғай бастауыштар. Олар бірімен – бірі салаласа, біріне – бірі бағынбай байланысқан. Ол бастауыштар мен ысқырды деген баяндауыш байланысқан. Соңғылардың байланысы сабақтастық байланыс – баяндауыш бастауыштарға бағынады.

Бірыңғай мүшелерді салаластыра байланыстыратын амалдар – интонация мен жалғаулықтар. Жоғарғы мысалдарда қанат, құйрық деген бірыңғай бастауыштар бір сыдырғы әуенмен (тонмен), әрқайсысы айырым логикалық екпінмен, айырым паузамен айтылады. Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді. (Ғ.Мұстафин.) деген сөйлемде Шығанақ Олжабек дегендер бірыңғай толықтауыш қызметінде жұмсалған. Олар пен жалғаулығы арқылы байланысқан. Бұл сияқты жалғаулықты байланыстағы бірыңғай мүшелердің арасында дауыс кідірісі болмайды.

Бір сөйлемде төрт, бес (кейде одан да көп) бірыңғай мүше болса, олардың алдыңғылары жалғаулық немесе интонация, соңғы не ортадағы екеуі жалғалық арқылы байланысуы мүмкін. Мысалы:

Махаббат, мейірім, ән мен күй,

Ойын күлкі наз келді.

Тамаша өмір шаттық жыр,

Қала, дала, ой мен қыр…

Төгілген көктен алтын нұр.

(Ж.Жабаев.).

Кейбір жалғаулықтардың көмегімен байланысқан бірыңғай мүшелер интонациясының да қатысымен, яғни кесек – кесек айырым әуенмен айтылады: Тау да, тас та күннің күлімдеген нұрына бөленді. Бұл сөйлемдегі бірыңғай мүешлерді да, та жалғаулығы байланыстырған. Сонымен қатар, ол екі бастауыш (тау да, тас та) айырым әуенмен айтылады. Мына өлеңдегі я жалағулығы қатысқан бірыңғай мүшелерде, сондай екі түрлі амал мен байланысқан:

Демеймін мен мақтасын,

Я жақсын, я жақпасын,

(Абай)

Бірыңғай мүшелер интонация арқылы, кейде әрі жалғаулық, әрі интонация арқылы байланысып, айырым әуенмен айтылса, жазуда олардың арасына үтір (,) қойылады (тек жалғаулықпен байланысы, өз ара ұштасып айтылатын бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды):

ТМД елдерінің оңтүстігіндегі Карпат, Қырым, Кавказ, Памир, Тянь – Шань, Алтай таулары бар. Есілдің беті екпінді ағынмен зымырап, тоғысып кетіп жатқан сеңге сыймайды. Сеңнің арасында араларса ағып бара жатқан қамыс, ағаш, сабан сияқты түрлі заттар, кейде өлі, тірі мақлұқтар да, адам да кездеседі. (С.Мұқанов.)

Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелерді әрі қарай жалғастыра беруге болады – тұйықталмайды; ал жалғаулықты бірыңғайлар көбінесе тұйықталып, әсіресе және жалғаулығымен байланысқан соңғы бірыңғайлар сол қосылмаған аяқталып тұрады.

Базаралы мен Дәркембай бірі үлкен, бірі жас болғанымен, екеуі бірдей өр және көңілі жүйрік адамдар. (М.Әуезов.)

Райком секретары да Байжанға ауданның қазіргі және болашақтағы шаруасын  жақсы білетін адам болып көрінді. (С.Мұқанов.)

Кейде бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы екеу – екеуден қосақталып айтылады. Олай айту бірыңғай мүшелерді басым мағынада айтудың стильдік амалының бірі болады.

Талдардың бұтақтарынан алма мен алмұрттың, өрік пен інжірттің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің (С.Мұқанов.)

Ақ пен қара, қызыл мен көк, күрең мен қына сары біріне – бірі еппен тоғысып, бәрі жымдасып тұр. (Ғ.Мүсірепов.).

Бірыңғай бастауыштар бірінші, екінші жақтағы есімдіктерден болғанда, баяндауыш олардың ең жақын тұрғанымен жақтаса байланысады: Не мен, не сен барарсың. Не сен не мен барармын. Не сен не ол барар. Не ол, не сен барарсың. Яки мен, яки сен айтарсың. Яки сен, яки мен айтармын. Яки сен, яки ол айтар. Яки ол, яки сен айтарсың. Бұл бастауыштар талғаулық мәнде қолданылып тұр.

Бірыңғай мүшелер өзара салалас, тең қатынаста тұрады. Бұл синтаксистік теңдікпен қатар, олардың арасында түрлі мағыналық қатынас та болады. Бірыңғай мүшелердің арасындағы қатынасты білдіретін амалдар: интонация, жалғаулықтар, орын тәртібі. [4. 167]

Бірыңғай мүшелерді байланыстыруға қатысатын жалғаулықтар мыналар:

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар: және, мен, бен, пен, менен, тағы, да, де, та, те, әрі.
  2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, сонда да, алайда, дегенмен, әйтсе де.
  3. Талғаулықты жалғаулықтар: не, немесе, болмаса, я, біресе, әлде.

Алдымен осы жалғаулықтар дегеніміз не деген мәселеге тоқталып өтейік. Жалғаулықтар – шылау сөздердің бір түрі. Жлағаулықтар толық атаулық мағына білдірмейді, дара жұмсалмайды, абстрактілі грамматикалық мағынаға ие, өздері грамматикалық мағына беріп, грамматикалық қызмет атқаратын болғандықтан, жалғаулықтар бойына жалғау, жұрнақ жалғамайды, өз тарапынан сөз тіркесіп таратып ірге жаймайды. Тек кейбір жалғаулықтар жанына күшейткіш демеуліктерді ілестіріп тұра алады. (және де, бірақ та, сондықтан да, сол себепті де т.б.)

Сонымен, жалғаулықтарды ерекше бір сөз табы ретінде мынандай белгілеріне қарап айыруға болады.:

  1. Жалғаулықтар абстрактылы грамматикалық мағына білдіреді.
  2. Жалғаулықтар грамматикалық қызмет атқарады. Олар бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді байланыстырады.
  3. Жалғаулықтар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.

Қызметі жағынан Жалғаулықтар демеуліктемен сипаттас. Бұлар да бірыңғай мүшелерді, салалас сөйлемдерді байланыстырады, олардың арасындағы түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Жалғаулықтардың жұмсалу өрісі бірдей емес. Бұл олардың мағынасына, қалыптасу тарихына байланысты. Мысалы: мен жалғаулығы (бен, пен) тек зат есімнен болған сөйлем мүшелерін байланыстырады.

Жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда олардың арасындағы мағыналық қатынасқа сай жұмсалады. Ал әр мағыналық топтағы жалғаулықтардың даму, қалыптасу тарихына, белгілі бір синткасистік міндетке бейімделуіне сай пайда болған.

Орын тәртібі де солай. Етістіктен болған сөйлем мүшелері қимылдың кезегіне сай ретпен орналасады, зат есім, сын есімнен болған мүшелер нақты логикалық немесе коммунативтік мақсатқа сай орналасады.

Бірыңғай мүшелердің арақатынасна сай интонация да бірнеше бейнеде көрінеді. Осы интонация көріністері мына мысалдардан байқалады:

Жаркөл, Алыпқаш, Бетпақкөл, Дос аталатын төрт көлдің арасында сусыз шөл дала тұр. Әр жерде топтала өскен шұбарлары және шіліктері бар. Қамыс қалың, бірақ аласа екен.

Жаркөл, Алыпқаш, Бетпақкөл, Дос – бұл бірыңғай мүшелер бір тектес заттарды атап, олар екінші бір сөзге бір дәрежеде қатысты болып тұр. Олар пауза арқылы дараланып аталып тұр. Сусыз шөл – (дала) — бұл бірыңғай мүшелер пауза арқылы дараланбай айтылады. Қалың, бірақ аласа деген бірыңғай мүшелердің пауза үлкен, әрі екі мүшені қарсылықты етіп көрсететін тағы интонация бар. Интонацияның нақты түрленуі бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасындағы мағыналық қатынасқа байланысты. Бұл мүшелердің арасындағы мағыналық қатынастың түр – түрі былай аталып жүр: 1) ыңғайластық қатынас, 2) қарсылықты қатынас, 3) талғаулықта қатынас.

Ыңғайластық деп жалпылай аталып жүрген қатынас нақтылағанда мынандай болып келеді:

  1. Сөйлем мүшелері бір іске, сапаға обьектіге бірдей қатысты затты, обьектіні, санды, сапаны атап қана шығады.

Шыбын –шіркей көп. Малға да жанға да тыныштық берер емес! (А.Нұрманов).

  1. Шырғабай ызыңдай бетіне төнген сары масаны есікке қарай жасқады. (А.Нұрманов).
  2. Бір субьектіге қатысты істерді, әрекеттерді тек атап шығады.

Жайлау мен екі араға, әсіресе Майөзек тұсына жауған жауынды осы жасым ішінде көрген емеспін  (Ғ.Мұстафин). Алтынай малын сауады, өгізді көздейді, байлайды. (Ж.Аймауытов).

 

2.1.Ыңғайлас жалғаулықтар арқылы

Ыңғайластық жалғаулықтардың бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстыру үшін жұмсалуы, ыңғайластық жалғаулықтардың әрқайсысының өзіне ғана тән жұмсалу ерешеліктері бар. Бұл ерекшеліктер, жоғарыда аталғандай, олардың шығу, даму тарихына мағыналық өзгешеліктеріне байланысты. Бірақ бұл жалғаулықтар ыңғайласып, бір қатарға сыйысып жатқан (арасында қарсылықты, талғаулы мағына жоқ) бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырады. Сондықтанда бұлар ыңғайластық жалғаулық деп аталып жүр.

Ыңғайластық жалғаулықтардың ішінде аса жиі жұмсалатыны – және, кей еңбектер «жәнені» мезгілдік мағынасы бар жалғаулық, ол арқылы байланысатын сөздердің, сөйлемдердің арасында мезгілдік қатынас болады деп айтып жүр. .

Шындығында «және» тек ыңғайлас келген екі немесе одан да көп бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді байланысқа түсіреді, олардың арасына бұдан бөлек қосатын мағынасы жоқ. «Және» алғашқыда тек екі ойдың арасын ұштастыру, жалғастыру үшін жұмсалған, кейін ол жалғаулық болып қалыптасқанда, осы қызметін бойына сіңіріп алды. Сонымен, «жәненің» сөздердің арасына өзгеше мағына қоспай, тек оларды жалғастыру үшін жұмсалуы оның даму тарихына байланысты.

«Және» арқылы өзара бірыңғай,тең болып келген сөйлем мүшелерінің бәрі де байланыса береді. Бұл жалғаулық сөздердің қай сөз табына жататын, оның сөйлемде атқаратын қызметін талғамайды. Мысалы: Сені ойда орыс, қырда қазақ түгел біледі, және сыйлайды. (С.М.). Ой еңбегі мен дене еңбегі араласса, адамның организмі, денсі шаршамайды және тозбайды. («Қ.Ә» журн). Биік және сом денелі Тасбай мығызсыған адам болғанымен, көргені, естігені Мәшіктен анағұрлым аз екені байқалады. (С.М.). Біздің елдің мәдениеті кең және терең өсіп барады. (С.М.).

Бірыңғай күрделі баяндауыштардың көмекші сыңарлары бірдей сөз болса, алдымен «және» арқылы негізгі сөздер байланысадыда, көмекші етістік солардан соң тіркесіп, екеуіне бірдей қатысты болады. Мысалы: Терезенің пердесі түсірілген, іші қара көлеңке және салқындау екен. (С.М.). Көзінің шарасы томпақтау және ұзынша біткен. (М.Ә.).

«Мен» тек зат есімнен немесе субстантивтенген басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерін байланыстырады. Бірыңғай мүшелер бұл жалғаулық арқылы байланысқанда, олардың алдыңғысы жіктік жалғауын қабылдай алмайды. Жіктік жалғауы тек екінші сөзге жалғанады. Бірақ ол жалғауға екі сөзде бірдей ортақ болады.

Жалғаулық «мен» бірінші мүшеден соң тұрады да, соның ықпалымен бірде «пен», бірде  «мен» болып түрленіп жұмсалады. Мысалы: Күймеге мінетін – Ұлжан мен Қамқа ғана (М.Ә.) Терең теңіз бен жат жағадан мен де қорықпаймын. (Ғ.М.) Пішеншілердің жейтіні – ірімшік пен құрт. (С.М.) Абай өлеңдеріндегі Салтыков пен Толстойдың аттары да зор махаббатпен аталады ғой. (С.М.)

«Мен» жалғаулығының тек өзіне ғана тән ерекше қызметі бар. Оның бұл қызметін мынадай мысалдардан байқауға болады: Шал мен Андрей кеңесіп келеді. (С.М.) Осымен іс бітті, оқу мен тәрбиені ұштастырдық дей аласыңдар ма? (М.И.) Жігіт пен жігіттің айырмасы бар емес пе! – деді Мәжік (С.М.) Ел мен ел арасында даулары, тартыс, арбасулары қандай екенін көрмек.  (М.Ә.) Қала мен көпірдің екі арасы картоп қазып алған жердей  шұп – шұңқыр. (Ғ.М.) Күз бен көктем осылай таласқан екен. (Ғ.С.)

Бұл сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер біріне – бірі қатысы, байланысы бар заттарды білдіреді. Мысалы: «жігіт пен Жігіттің айырмасы бар емес пе? – деді Мәжік» деген сөйлемдегі екі бірыңғай мүше өзара салыстырылып тұр, «Қала мен көпірдің екі арасы картоп қазып алған жердей шұп – шұңқыр» деген сөйлемде екі бірыңғай мүше өзара көлемдік қатынаста тұрған заттарды білдіреді. «Күз бен көктем осылай таласқан екен» деген сөйлемдегі бірыңғай мүшелер бір іске ортақ қатысы бар заттарды білдіреді.

Осы сияқты өзара бірімен – бірі белгілі бір қатынасқа түсіп тұрған бірыңғай мүшелер тек «мен» жалғаулығымен байланысатын сияқты, бұл  — оның ерекше қызметі.

«Мен» жалғаулығының екі мүшені ғана байланыстыруы тілімізде кейде стильдік мақсат үшін жұмсалады, бұл сөйлемнің ішіндегі бірыңғай мүшелердің саны өте көп болғанда, оның тізбегін шұбалаңқы етпей, шоғырландырып айту үшін олар екі – екіден жұпталады. Әр жұпқа кірген бірыңғай мүшелер «мен» жалғаулығы арқылы байланысады да, бұл жұп – жұп бірыңғай мүшелердің арасын «және» жалғастырады немесе олар жалғаулықсыз- ақ қатар тұра береді. Мысалы: Мыналары болса, қолмен де батырып жібере алады. (М.Ә.). Бұдан бұл үңгірге келмеген Дәрмен, Әлмағамбет және Кәкітай мен Мағаш ақырын сөйлесіп, жай әзілдескен болса да, аяқтарын қорқақтап басты. (М.Ә.)

Бұл жалғаулықтың екі сөзді ғана байланыстыруы және ол сөздердің көбіне өзара ортақ қарым – қатынаста тұруы да оның шығу тарихынан қалған ерекшеліктер. Жалғаулықтың алғашқы төркін сөзі «бірла» ортақ, бірлемтік қатынасты білдіретін сөз еді. Бұл мағына жалғаулыққа да ауысты.

«Әрі» Көбінесе заттың, қимылдың сапасын білдіретін мүшелерді байланыстырады. Бұл жалғаулықтың бастауыш, толықтауыш сияқты мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалуы аз. Жалғаулықтың бұл жұмсалу ерекшелігі оның мағынасына байланысты. «Әрі» сөйлем мүшелерін тек жалғастырып қана қоймайды. Ол сөйлем мүшелерін байланыстырады және ол сөздер арқылы аталатын сапа, іс бір ғана затқа тән екендігін білдіреді.

Мысалы, бірыңғай анықтауыштарды немесе пысықтауыш мүшелерді байланыстырғанда, «әрі» осы мүшелер арқылы аталатын сапа бір қимылдың, бір заттың бойына сыйып тұрғанын көрсетеді. Кейде бірыңғай мүшелер біріне – бірі қарама – қарсы мағыналы болғанымен, бір заттың, бір істің бойына сыйысып тұрғандығы білдіріледі: Ол қайда дейсің – ау Бәкен, ол әрі алыста,  әрі жақында (М.И.).

«Әрі жалғаулығының бірыңғайлы анықтауыш, пысықтауыш мүшелерді байланыстыру қызметіне мысалдар:

Ол кісі әрі жалпаңдаған кішіпейілді, әрі әңгімешіл адам екен. (С.М.). әрі шетірек, әрі кейінірек кем жатқан кім екен? (Ғ.М.). Қарсы алдындағы осынау қарапайым адамға алғыс ниетпен әрі сүйсіне, әрі қызыға қарады. (М.И.). Менің несібіме әрі шалғайдағы әрі шөлдегі ауыл көп толғандырады. (С.Қ.).

«Әрі» бірыңғай баяндауыштарды байланыстырғанда да, сол сөздер арқылы аталатын іс- қимыл бір ғана затқа тән екендігі білдіріледі. Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды. (С.М.). Ел санасының ояна бастаған жайы мені әрі қуандырады , әрі қуат бергендей болды. (С.К.) Өйткені Ыбырай әрі шебер педогог, әрі жақсы методист еді. (С.К.).

«Әрінің» бірыңғай толықтауыш мүшелерді байланыстыруы тілімізде сирек кездеседі. Мысалы: әрі өзенін әрі ұзын қырқасын  да Балқыбек атайтын бұл қоныс — бұл сьезге әдейі бір жақсы ойлап тапқан қоныс. (М.Ә.)  Әрі қайтпас жігер, әрі талмас қанат бергендей болды . (Ғ.М)

Бірыңғай толықтауыштар «әрі» жалғаулығы арқылы байланысқанда, аталған заттардың бір іске бір мезгілде обьект болатындығы білдіріледі.

Жоғарыда келтірілген мысалдарымыздың бәрінде «әрі» бірыңғай мүшелердің алдынан қайталап келіп отырған. Бірақ «әрі» қайталамай –ақ, екі бірыңғай мүшенің арасында да тұра алады. Осылай жұмсалғанда да «әрі» ілгері де аталған мағынасынан айрылмайды. Үнемі томсарған салқын әрі шыншыл жүзбен сөйлейді. (М.ә.). Жұмыстың әлденеше түрін бір өзі атқаратын комбайн жұмысқа қасылғаннан кейін, Қапанның еңбегі жеңілденді, әрі өнімді бола бастады. («Қ.Ә.» Журн).

Сөздер, сөйлемдер да, де, та, те жалғаулықтары арқылы байланысып, алуан түрлі қатынасқа түсе алады. Олардың арасында мезгілдік қатынас та, себептік қатынас та болады. Кейде сөздердің арасында еш өзге мағыналық қатынас болмайды. Мұндай жағдайда да, де, та, те қызметі жағынан «және» жалғаулығына жуық тұрады.

Да, де, та, те арқылы байланысқан сөз, сөйлемдердің арасында алуан түрлі қатынастың болуы бұл жалғаулықтың көп мағыналы болуынан деп қарауға болмайды.

Да, де – жалғаулықтардың ішінде мағына жағынан да, тұлға жағынан да ең тиянақсызы. Ол небәрі екі – ақ дыбыстан құралған. Және ол байланысқа түсетін сөздердің алдыңғысына жапсарласып, соның ықпалымен да, де, та, те болып құбылып жұмсалады. Бұл жалғаулықтың қызметі де, мағынасы да сөздердің, сөйлемдердің өзара қатынаста тұрғанын білдіру, солардың арасына дәнекер болып жалғастырып тұру, өз жанынан олардың арасына бұл жалғаулықтың басқа қосатын мағынасы жоқ. Да, де, та, те сөйлемдердің, сөздердің арасындағы қатынас (себептік, мезгілдік т.т.) олардың лексикалық мағынасының ара салмағынан туады.

Мағынасы осындай дәйексіз болып, тек дәнекерлік қызмет атқарғандықтан, бұл жалғаулықтардың жұмсалуы тіпті шексіз дерлік. Ол тек бірыңғай мүшелерді немесе сөйлемдерді ғана байланыстырып қоймайды. Ол күрделі сөздердің, қос сөздердің компоненттерінің арасына кірігіп те дәнекерлік қызмет атқарады.

Мына мысалдарда да, де, та, те күрделі етістіктердің құрамындағы компонеттерді байланыстырып тұр: Ауыл жайлауға шыққан кезде, «Достың» дөңіне шығып, жан – жаққа көз салсаң, ұшы – қиырына көз жетпейтін таусыз, ормансыз далада, ертеде өскен шалғын көктем күндері ол арада дамылсыз есетін майда қоңыр самалмен теңселіп қимылдайды да тұрады. (С.М.). Екеуі маған жатты да жалынды. Құлақты ашып едім, су егінді алды да кетті.

Бұл сөйламдердің ішіндегі күрделі етістіктердің құрамындағы компонентер көсемше арқылы байланыспай да, де, та, те жалғаулармен байланысып тұр. Мұндай жағдайда жалғаулықтар көсемшенің орнын басып қана қоймайды. Жалғаулықтармен байланысқан етістіктің мағынасына қлсымша өң кіреді. Мысалыға мына екі сөйлемді өзара салыстырып көрейік: Құлақты ашып едім, су егінді алып кетті. Құлақты ашып едім, су егінді алды да кетті. Бірінші сөйлемдегі күрделі етістіктің компоненттері көсемшенің формасы арқылы байланысып тұр. Екі сөйлемдегі күрделі етістіктер лексикалық мағынасы жағынан бір – ақ сөз. Бірақ соңғы сөйлемде күрделі етістік істің тез, шапшаң болғанын қосымша білдіріп тұр. Бұл мағынаны білдіруге жәрдемші болған – жалғаулық. Ал жалғаулық – тек жәрдемші, өйткені істің шапшаң, тез болғандығы жалғаулық арқылы емес, интонация арқылы білдіреді: соңғы сөйлемде күрделі етістік алдыңғыға қарағанда ерекше екпіемен айтылады. Жалғаулық күрделі етістікті осындай етіп екпін түсіріп айту үшін жағдай жасады. Егер күрделі етістік осы интонациялық ерекшелігін айрылса, қимылдың тез, шапшаң болуы (қарқыны) да білдірмей қалады.

Сонымен бірге да, де істің жоғарғыдай ерекше қарқынын білдіретін етістіктермен ғана бірге жұмсалады. Егер де күрделі етістік істің біртіндеп өрбитіндігін немесе істің тұрақты қалпын білдіретін болса, мұндай етістіктердің компоненттері жалғаулық арқылы байланыса алмайды. Мысалы: «Өсімдік өсіп келеді» деген сөйлемдегі етістіктің құрамындағы компоненттерін жалғаулықпен байланыстырып айтуға болмайды.

Мына сөйлемдерде да, де қос сөздердің құрамына кіріп, оның сыңарларын байланыстыру үшін жұмсалып тұр: Сіздің шыныңызға шынынан басқа жауаптың орайы жоқ. (М.Ә.). Күнделікті нормасын орындамайтын – кемде-кем  (С.М). Вася  жаңа формалы  киімдерін киіп алып, орден – медальдарын жарқыратып тұрып қаз-қатар тағып алып, сыңғырда – сыңғыр, сықырда – сықыр еткізіп, ұзын залды өрлеп адымдап отыра алмай жүр. (Ғ.М.).

Мына сөйлемде да, де, та, те күрделі сан есімінің құрамына енетін сөздің құрама бөлшектерін байланыстыру үшін  жұмсалып тұр: Қарақұм үш жүз он сегіз мың да, сегіз жүз қырық шаршы километр жердің екі жүз алпыс мың да жеті жүз он екі шарша километрін, яғни  82 процентін, алып жатыр. (С.М.).

Бірыңғай мүшелер да, де, та, те жалғаулықтары арқылы байланысқанда, олардың арасында түрлі мағыналық қатынас болады.

  1. Жалғаулық бірыңғай мүшелерден соң тұрып затты, сынды санамалап көрсету үшін жұмсалады. Мысалы: Екі жылдан асқан соғыс кейістілігі ұмтылып, әр солдат майданға жаңа келе жатқандай қызу да, сергек те (Ғ.М.). Кешелі – бүгінді тірелген жаңалары болмаса, өзгесі мұң басқандай өңсіз де, көілсіз де, жүдеу тұр. (Ғ.М.) Оның айтуынша, Нұржан – балуан да, әнші де, домбырашы да, шешен де, ақын да, адам. (С.М.)

Кейде есім сөзден болған бірыңғай баяндауыштармен бірге қайталап келгенде да, де дара тұрмай, соның құрамына еніп те кетіні бар. Мұндай кезде да, де түбір мен жіктік жалғаудың аралығында тұрады. Мысалы: Мен солдаттамын, офицердемін (Ғ.М.).

  1. Кейде сөйлемде да, де жалғаулықтары қайталанбай жұмсалады. Сонымен бірге жалғаулық қатынасып тұрған сөйлем мүшесінің де бірыңғайлас сыңарлары болмайды. Мысалы: Олар да, мен сияқты ауылда демалыста жүр екен (С.К.). Сәлематсыз ба, Ақмоншақ та ахайдары жүзбен амандасқан (М.И.).

Бұл сөйлемдерде да, де,та, те жалғаулықтары сөйлем мүшесінің мұнда аталмаған басқа бір сөзбен ыңғайлас екендігін білдіреді.

  1. Да, де, та, те кейде қайталамай, екі сөздің ортасында тұрып, соларды ғана өзара байланыстырып тұрады. Мұндай сөздер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Жалғаулық екі сөйлем мүшесін байланыстыруға тек дәнекер болады да, сөздердің арасындағы қатынас олардың лексикалық мағынасының ара салмағына сай айқындалады. Бірыңғай баяндауыштар кезегімен болатын істі білдіретін болса, олар мезгілдік қатынасқа түседі. Мысалы: Тәкежанды орнынан алған бұйрықты осы ел ішінде құпия тапсырмамен қалып бара жатқан тілмашқа берді де, жүріп кетті (М.Ә.). Күндіз айнала жүйіткіген жел кешке қарай теріскейге шықты да, қатая түсті (С.М.). Бір – ақ ауыз сөзім бар, соны айтайын да, қайтайын (Ғ.М.).

Бірыңғай баяндауыштар бірінен соң бірі тез, шұғыл болатын істі білдіргенде (соңғы мысал), олардың да, де, арқылы байланысуы ерекше қажет сияқты. Жалғаулық арқылы байланыспаса, бірыңғай мүшелер ол мағынаны бірге бере алмайды. Мысалы: Кіріп шығам – Кірем де, шығам.

Мезгілдік қатынасқа түскен сөйлем мүшелерінің орны тұрақты болады. Бірінші болып алғаш болатын істі атайтын сөз, содан кейін келесі оқиғаны атайтын сөз тұрады. Олар өзінің тұрақты орнынан қол үзбейді:

Ойбай салды, білді де.

Қаса сорлы болғанын.

Сіңіскен досым да жоқ, асығым да,

Ақыры өлең қылдым, жасадым да.

Бұл мысалдарда «білді де», «жасадым да» өз орнында тұрған жоқ. Солай болса да олардың өз орны бұл емес, ілгерімде екені көрініп тұр. Өйткені бұл сөздер өзімен бірге жалғаулықтарды да ертіп кеткен. Ал жалғаулық әрқашан бірыңғай мүшелердің біріншісіне тіркесіп тұрады.

Да, де, та, те арқылы байланысқан баяндауыштар есім сөзден болса, олар тек бірыңғай мүше ретінде ғана байланысады. Олардың арасында мезгілдік қатынас болмайды. Өйткені бұл сөздер іс, қимылды білдірмейді, тек заттың бойындағы сынды, сапаны атайды. Мысалы: Шығыс жағымнан көк түтінге оранып, бұлдырай Керчь қаласы көрінеді: Бар дүние жансыз да ажарсыз (Ғ.М.)

Осы сияқты етістіктен болған баяндауыштарда өзара кезегімен болатын істерді білдірмесе, да, де, та, те жалғаулығымен тек бірыңғай мүшелер ретінде байланысады. Олардың арасында да мезгілдік қатынас болмайды. Мысалы: жайнасын да көгерсің бейбітшілік көктемі. Аз сырластық та  білістік. Базаралы Кауменов жұмысы туралы сіздің маған сөйлесетініңізді біліп едім де, тосып едім. Арам қанды қанша төксем, адамға біткен қасиет мені жақтайды да ақтайды.

Етістіктен болған баяндауыштар, егер іс — әрекеттің мезгіл жағынан кезегін білдіру қажет болса, да, де, та, те жалғаулықтары арқылы байланысады.

Күндіз айнала жүйіткіген жел кешке қарай теріскейге шықты да, қатая түсті. (С.М.)

Тағы (да) жалғаулығы қайталанып айтылатын бірыңғай бастауыштардың, не баяндауыштар арасына қойылады.

Да, де, та, те жалғаулығы келгенде, ол әрбір бірыңғай мүшеден кейін қайталанып отырады, Мысалы: Ол әлгі әнді де, бұлбұл үнін де, қараңғы түнде қалқыған қалың орманның баяу сылдырын да тұншықтыра алмайды.

2.2. Қарсылықты жалғаулықтар арқылы

Бірыңғай мүшелер өзара қарсылықты қатынасқа түскенде бірақ, алайда деген жалғаулықтар арқылы байланысады дейді пр. Р.Әмір. [6, 171]. Ал қазақ тілінің грамматикасы кітабында (1967) және М.Балақаев пен Қ.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» (1971ж.) еңбегінде дегенмен, әйтсе де, сонда да, бірақ та жалғаулықтарын да қосып көрсетеді.

Жалпы жалғаулықтардың даму тарихына көз жіберсек, ескі жазуларға қарағанда қарсылықты жалғаулықтар кеш шыққан тәрізді. Орхон жазуында қарсылықты мағына жалғаулықсыз – ақ сөйлемдердің лексикалық мағынасының ара салмағынан көрініп тұрады.

Қазақ тіліндегі қарсылықты жалғаулық бірақтың этимологиясы анық сияқты: сан есім «бір» + демеулік «ақ». Сан есім «бір» демеулік екеуі қосылып алғаш бежеулік мағыналы жаңа демеулік тудырды. Оның тежеулік мағынасы осы күнге дейін демеулігіне жуық болған. Осы тежеулік мағынасы арқылы бірақ қарсылық жалғаулыққа өтті. Бұл жалғаулықтың қалыптасу процесі осы ізбен жүрді деп жорамалдауға себепші – «жалғыз – ақ» деген сөз. Бұл сөз – қазіргі тілімізде тежеулік демеулік.

Қарсылықты жалғаулықтар әйтсе де, әйткенмен, сүйтсе де алғаш жеке сөйлем болған. Бұлардың морфологиялық құрамының өзі соны байқатады – са, де, — кенмен – қарсылық мағыналы бағыныңқы сөйлем баяндауышының формасы. Жлағаулықтардың алғашқы сөйлем күйі мынадай болған: Олай етсе де, олай еткенмен, солай етсе де. Бұлар екі сөйлемнің аралығына кірігіп, соларды байланыстырып тұрған. Осы синтаксистік қызмет оларды түгелдей жалғаулық қатарына өткізді. Сөйлемдік қасиетінен айрылған соң, бұлардың құрамындағы сөздер бірігіп кетті: Олай еткенмен — өйткен мен, олай етсе де — өйтсе де, солай етсе де – сүйтсе де.

Қарсылықты жалғаулықтың бірі – дегенмен. Бұл жалғаулықтың түп негізі «де» етістігі  екендігі даусыз. Бұл сөз қалай жалғаулыққа айналды деп із қусақ, біз қазіргі тілімізде де ұшырасып отыратын мына синтаксистік конструкцияны ескеруіміз керек:

Өмірінде көп бейнет көрді дегенмен, беті мен маңдайындағы қос қыртыстанған әжімдер болмаса, жасы жетпіске алқымданған

Сарыбайдың денесі әлі тіп – тік (С.М.). Ендігі пысықшасы Досмағамбет дегенмен, оның да қолынан құлық пен сұлулықтан басқа келері аз. (С.М.).

Бұл мысалдардың ішіндегі дегенмен дербес сөйлем мүшесі емес, ол бірінші сөйлемнің құрамында оны келесі сөйлеммен жалғастыру үшін ғана тұр. Кейін дегенмен бірінші сөйлемнің құрамынан шығып, екі сөйлемге бірдей ортақ жалғаулыққа айналған болу керек.

Мысалға келтірілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы бағыныңқы үлгісімен «не дегенмен»; «қанша дегенмен» сияқты модальдың тіркестер пайда болды:

Сонымен Құнанбай жүріп кетті. Бірақ не дегенмен Омбыға қарай беттегелі Құнанбайдың көңлінде күдік көп. (М.Ә.).

Бұл сөйлемдегі не дегенмен бағыныңқы сабақтас сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалып, кейін модальдық сөзге айналып кеткен.

Жалғаулық дегенменнің шығуы туралы жорамал осы модальдық тіркестерге байланысты. Дегенмен – модальдық өңі бар жалғаулық. Модальдық мағынасы қанша дегенмен, не деген мен деген тіркестерге жуық. Өйткені бұл екеуінің арғы тегі – сабақтас бағыныңқы.

Сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалған қанша дегенмен, не дегенмен бірте – бірте қысқарып, осының нәтижесінде жалғаулық дегенмен пайда болған болу керек.

Сонымен, жалғаулық «дегенменнің» шығуы жоғарыда аталған сабақтас сөйлемге, соның құрамындағы «дегенменге» байланысты.

Қарсылықты жалғаулықтардың бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалуына  келер болсақ, мұнда негізгі жұмсалатыны – бірақ. Бірақ, басқа қарсылықты жалғаулықтарға қарағанда, ерте пайда болып, әбден абстрактыланған. Ол өзінің төркін сөзінің лексикалық мағынасынан түгелдей қол үзіп, бойына осы грамматикалық мағынаны сіңерген. Онда модальдық, эксрессивтік қоспа мағына да жоқ. Осы санасына орай бұл жалғаулық көп жұмсалады.

Сөйлем ішінде қарсылық қатынасқа түсетін заттың, істің сынын, сапасын білдіретін мүшелер – баяндауыш , пысықтауыш, анықтауыш. «Бірақ» осы мүшелерді байланыстырады. Бірыңғай мүшелерді байланыстыруы мына түрде көрінеді:

  1. Етістіктен болған бірыңғайлас баяндауыштардың бірінші қимыл, істі атайды, екіншісі оның іске аспағанын немесе нәтижесі болмағанын білдіреді: барам деді, бірақ бармады; көрді, бірақ жолықпады.

Сол сырды таң атқанша іздеді, бірақ таппады. (Ғ.Мұстафин.). Ол Асқарға қайта – қайта қарады, бірақ тани алмады. (С.Мұқанов.).

Осы мүшелердің арасындағы қарсылықты қатынасты эмоциялы етіп көрсету қажет болғанда алайда, сонда да жұмсалады. [4; 50]

  1. Сын есімнен болған бірыңғайлас анықтауыш, баяндауыштар білдіретін сынды, сапаны сөйлеуші қарсы қойып атау керек болғанда, олар бірақ арқылы байланыстырады: аласа, бітік бидай – аласа, бірақ бітік бидай.

Аласа , тықыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған (М.Әуезов.). Жолдасың зейінді, бірақ та жалқау.

Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықтың қатынасқа түскенде, не, немемсе, болмаса, я деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Талғаулықты қатынас сөйлем мүшелерінің барлық түрлерінің арасында болады.

 

2.3. Талғаулықты жалғаулықтар арқылы

Талғаулықтың жалғаулықтардың даму тарихына тоқталсақ, Орхон жазуында жалғаулықтың мағынаны білдіретін жалғаулық біреу – ақ. Ол – азу. Бұл сөз әрі жалғаулықтың, әрі сұраулық демеуліктің қызметін бірдей атқарады.

Түркі тілдерінің тума жалғаулықтарының құрамы бір текті: қазақ тілінде бол – ма – са, әйт – пе – се, не – ме – се шор тілінде эт – пе – се, э – бе – зе, азербайжан  тілінде я – псә, якуб тілінде э – бе – тер т.т. Осы жалғаулықтардың бәрінің құрамында шарттық мағына білдіретін жұрнақ – са, — ме, болымсыздық мағына беретін жұрнақ – ма, — ме бар. Бұл жұрнақтардың жалғаулықтық мағыналы жалғаулықтардың құрамын табылуы олардың алғашқы төркіні шартты бағыныңқы сөйлем болғандығын көрсетеді. Бұл сөйлем ертеде көмекші қызмет атқарған. Ол дербес екі сөйлемнің арасына кірігіп, өзінен кейін тұрған сөйлемдегіістің, оқиғаның шартын білдіреді. Ол шарт – алдыңғы сөйлемдегі іс жүзеге аспаса, екінші сөйлемде  айтылған оқиға жүзеге асады.

Осы шарт мағыналы сөйлемнен екі жалғаулық туды. Бірі – талғаулықтық мағынаны білдіретін жалғаулық, екіншісі – қарсылықтық мағынаны білдіретін жалғаулық. Парсы тілінен я, не, яки сияқты анық талғаулықтық жалғаулық кірген соң әйтпесе, болмаса қазақ тілінде қарсылықтық мағынада басым жұмсалатын жалғаулық болып қалды. Оған дейін бұл екі мағынаны — әйтпесе, болмаса – бірдей көтерген.

Қарсылықтық мағанадан талғаулықтық мағынаны айқын ажыратып көрсету үшін болмаса, кезінде, не, я сияқты парсыдан келген жалғаулықпен тіркесіп жұмсалады: не болмаса, я болмаса. Бұлар кейін өзара ұласып осы күнгі немесе (не болмаса), қарақалпақ тілінде ө маса (я болмаса) пайда болды.

Талғаулықтық жалғаулықтардың бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалуы. Талғаулықтың жалғаулықтардың бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалатындарын біз ілгеріде атап көрсеткенбіз. Олар – «не», «болмаса», «я», «яки», «бір», «біресе». Бұлардың ішінде «не», «немесе», «біресе», әсіресе жиі жұмсалады.

«Не», «немесе», «біресе» т.б. жалғаулықтар арқылы білдірілетін мағынаны грамматикада талғаулық мағына деп атайды. Грамматикада бұл жалғаулықтардың қызметін жалпылай талғаулықтық деп аталғанымен, сөйлемнің , сөздердің мағынасына қарай бұл грамматикалық қатынас түрліше конкреттеніп байқалады.

Бірде «не», «немесе» жалғаулықтары сөйлемде аталған екі не үш заттың, істің бірі ақиқат болса, екіншісі ақиқат болмайтындығын білдіреді. Мұндай сөйлемдердің баяндауышы жорамал істі келешекте болатын істі білдіреді. Мысалы: Не тау ешкі не арқар болды. Ауыр екен, күрс етті ғой! (Ғ.С.) Төрде отырған адамдарды байқап қарасам, біреуі молда екен, де, біреуі болыс, не старшын сияқты адам екен. (С.Қ.).

Баяндауышы ауыспалы осы шақ немесе  — тын, — тін жұрнақтары арқылы жасалатын өткен шақ формасында тұрған сөйлемдердің ішіндегі бірыңғай мүшелер не, немесе жалғаулықтарымен байланысқанда, талғаулықтық мағына жоғарғыдан өзгеше болады. Мысалы: Әлі күнге шейін домбыра не қобыз тартып, ән салып отыратын (С.М.). Абай жұмысына немесе он күнде бір Әбіштің пәтеріне барады (М.Ә.). Бұлар көбіне не асқан қуанышта, не үлкен қайғы үстінде болатын құбылыстар екенін аңғаратын боларсың (М.И.).

Бұл сөйлемдердің ішіндегі бірыңғай мүшелер арқылы айтылған заттар, құбылыстар түгелдей болады. Бірақ олар қатар, бір мезгілде емес, ұзақ уақыт ішінде кезектесіп болады.

Талғаулықтың мағынаның бұл түріне мына төмендегі сөйлемдердегі бірыңғай мүшелердің арасындағы, қатынас жуық: Жүздеген кісілерге таңбаларын қойғызып немесе бармақтарын басқызып, біреулерді жер өртеді деп, біреулерді ауыл шапты дейді. (М.Ә.). Әрірек жерде арбаларына ат немесе есек жеккен арбакештер… көрінеді. (С.М.). Көпшілігінің жеккені екі аяқты қазақ арба немесе алыс жол мен ауыр жүкке жарамайтын ескі арбалар (С.М.).

Бұл бірыңғай мүшелердің арасындағы талғаулық олардың болу мерзіміне байланысты емес. Мұнда жалғаулықтар бірыңғай мүшелер арқылы аталып тұрған сапаның, істің сынының заттарға талғанып телінетінін білдіреді. Мысалы: Байжан Рахметке дағдылы конвертке салынған немесе үшкілдене бүктелген бірнеше хатты берді де, асығып кетті деген сөйлемде жалғаулық хаттың бір бөлігінің дағдылы конвертке салынғанын, ал енді бір бөлігінің үшкілдене бүктелгендігін білдіреді.

Баяндауышы болымсыз етістіктен немесе басқа бір болымсыз мағыналы сөзден болған сөйлемдерде келгенде талғаулық жалғаулықтардың қызметі «жәнеге» жуық келеді. Ал әр бірыңғай мүшенің алдында тұрып қайталап келсе, да, де, та, те жалғаулығының қызметіне жуық келеді. Екеуінде де талғаулықтық жалғаулықтар бірыңғай мүшелер арқылы аталатын заттарды даралап, санамалап көрсету үшін қызмет етеді. Мысалы: Бұл өлкеге шығатын ағаш не шөп затты өсімдіктерден тұла бойы тікенге толмағаны сирек (С.М.). Мен бұл арада «Үлгілі бала» хретоматиясына кірген өлеңдерім немесе әңгімелерім туралы тоқталғым келмейді. (С.К.). Осыдан басқа не бір дыбыс, не қозғалыс, не сөзбен сыр берген жоқ. (М.Ә.). Бірақ не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес. (С.М.).

«Я», «яки», «болмаса» жалғаулықтарының қызметінде оншалықты өзгешелік жоқ. Сондықтан оларға бөлек мысал келтірмейміз.

«Біресе», «бір» жалғаулықтары істің, заттардың бірінен соң бірі кезектесіп қайталап тұратынын білдіреді. «Бір» жалғаулығы тек бірыңғай пысықтауыш   пен бірыңғай етістік баяндауыштарды ғана байланыстырады. Бұл жалғаулықтың тек санаулы сөздермен ғана жұмсалуының себебі оның сан есімдік мағынасынан түгел арылып болмағнадығынан, абстрактылық дәрежесінің төмендегідей болу керек. (Ә.Ә.) Мысалы: Біресе ызасы, біресе күлкісі келеді. Қосқа бір кірдім, бір шықтым. (С.М.). Бір иіліп, бір шалқайып ұзақ күлді. (М.Ә.). Теңіз біресе ауыр күрсінгендей, біресе жалқау есінегендей. (Ғ.М.). Енді жақындау жерде көрінген оттың біріне тартқан едім, мені мазақ еткендей сиқырлы көздерін бір ашып, бір жұмып жылтылдап тұрды да, өше қалды. (Ә.С.). [10, 60].

 

2.4. -ып,  -й көсемше формалары арқылы

 Бірыңғай мүшелі сөйлемдер синтаксистік оралымдармен берілгенде, олардың баяндауыштары көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары арқылы жасалып отырады. Әдеби тілімізде осындай баяндауышты бірыңғай мүшелі сөйлемдерден көбнесе олардың –п, -ма+ и және –са форматты түрлеті жиі қолданылады[8,124].  –п тұлғалы бірыңғай мүшелі сөйлемдер:Содан кейін Қырымұлы тез Нұра бойындағы болмыстың орталығына түнделетіп келі, сол келген бетінде Болаткөлдегі орынбасар Әбділда мен хатшысы Мияшты, Танабайды және бір-екі кісіні тұтқындап конвоймен қалаға тиісті орнына жіберді. Арызшы кісі қайтерін білмей бірсыпыра тұрып, бір кезде бөркін қолтығына қысып, столға жақындай түсіп, арызын ұсынды.

Көсемше арқылы жасалған бірыңғай мүшелі сөйлемдерді өз кезінде профессор Н.Т.Сауранбаев та көрсеткен болатын.

Қырғыз тілінен: Сиздер қажыбас қаратыңыздар менен эмгек қылып, мындай чон абшірге, шігиликке ээ болдуңуздар.

Башқұрт тілінен: Һәсән чаj ачиб чантаны алыб баjыра чыхды.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі көсемшенің осындай баяндауышты түрлері кейде жалғаулық не болмаса кезектестік мәндегі сөздермен де байланыса жұмсалады.

Ой түйдектеліп, сығымдай көшіп, біресе қабағын тұйгізіп тұнжыратып, біресе бұлттан шыққан күндей жадратып минутында мың құлпыртты. Сүйірлеу біткен ұзын иегін кейде гармонның жақтаыа сүйеп, кейде басын қабырғаға тірей шалқайып, кейде қос жамбасынан кезек қозғалып қойып, гармонь үнімен бірге төңкеріле толқиды.

-ма+й тұлғалы бірыңғай мүшелі сөйлемдер:

Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Исін жұпар аңқытты.Қызымет қылып мал таппай, Ғылым оқып ой таппай, Құры үйінде жатады. Осындай ой шытырманынан шыға алмай, өмір сырының мән мағынасын алуан қат – қабыттарымен түгел ұға алмай, мең-зең болып отырып қалған еді Мадина.

Шартты рай тұлғалы бірыңғай мүшелі сөйлемдер:

Елге барса, абысын-ажындарымен сөйлессе, қаланың қызығын Раушан бір жылда айтып бітіре алмастық … Қорғасындай толқып балқысаң, бейнет көріп алқынсаң, мақсатты тура табарсың…

Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді жасауға сондай-ақ есімше мен көсемшенің басқа да формалары қатынаса алады.

Етістіктен жасалған бірыңғай мүшелер өзара көсемше формасы арқылы сыйысып байланысады. Ол мүшелер мыналар:

  1. Баяндауыштар. Оспан осымен сөйлесіп, уәле байласып соның арасына мініп кететін болды. (М.Ә.)
  2. есімшеден болған бірығай анықтуыштар, толықтауыштар. Таяқ жескен, бірін – бірі кем – кетік еткен, бас жарып, қан төгіскен – солар. (М.Ә.)

Кісінің көзінше көсемсіп сөйлеп, сені мұжықсынғанын әрдайым байқаймын. (Д.Досжанов.) Иректеп там салып, әйнектеп ыдыс жимай – ақ ата – бабмыз ғұмыр сүріпті. (Д.Д.)

Шашбауы гүлдіреп, сылдыраған Тұрымтай төсек салу қыманы кірісті. (С.Е.)

Мысалға келтірілген сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер орын тәртібі арқылы байланысып тұр. Алдыңғы бірыңғай мүшелер өздеріне қатысты шақ, жақ септік формаларын түсіріп, көсемше формасын алып тұр. Осы арқылы үнемді ықшам түрге түсті. Шақтық, жақтық т.б. мағынаға бұл сөздер өзінен соң келген бірыңғайлас мүшеге ортақтасып ие болып тұр.

Сонымен бұл тұста көсемше өзіне тән тағы бір қызметін байқатты. Ол – етістік сөздері ықшамдап, өзінен соң тұрған бірыңғайлас мүшеге оңай жымдасатын ету.

Ыңғайластық қатынасқа түскен бірыңғай мүшелерді байланыстыруға жалғаулықтар қатыса алмайтын тұстар бар. Бірыңғай анықтауыштар сын есімнен болып немесе бір есімше, бір сын есімнен болып келсе, олар әр тарапты сында атап тұрса, оларды байланыстыруға жалғаулықтар қатыспайды.

Арнадағы арал – арал құм шағалаларды жағалай өскен қалың тал жапырақ салды. (А.А.)

Көсемше формасы арқылы жалғасқан бірыңғай баяндауыштарды ажыратуда қиындық бар: Тақ – тақ жолда белден – бел асып әлі созылып жатыр. (С.М.). Бүйірлері солқ – солқ соғып, құлақтарын қайшылай ырс – ырс етеді (С.Мұрат).

Тұнықтан қанып ішеді де бүкті тоғай бойының сонасы, шыбын – шіркейінен жан сауғалап, желдеп, қырға шығады. (М.Мағауин.)

Көсеше формасы арқылы жалғасқан екі етістік мүшенің арақатынасын ажыратуда бірақ критеииі бар. Ол – мағыналық дарлығы. Екі етістік дара процесі ретінде көрінген қимылды атаса, олардың бірыңғай баяндауыш болғаны.

Жетісу ата жеріміз еді. Әз Жәнібек хан заманынан бері жағат мағұлмен қырқысып келеміз. Әуелі жеңіп, содан соң жеңілдік. (М.Мағауин.)

2.5. Орын тәртібі арқылы

Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық құьралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналрды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Тіл-тілдеграмматикалық тәсілдердің бірнеше түрлері бар. Тәсілдердің ішінде орын тәртібі тәсілі бірыңғай мүшелерді байланыстыруда да рөлі зор.

Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі олардың сөйлемің қай мүшесі екенін айқындауы мүмкін. Бұл тәсіл мұнымен бірге граммаикалық мағыналарды білдіруде мәнерлеуші тәсіл ретінде де қызымет атқарады.

Ыңғайластық қатынасқа түскен бірыңғай мүшелер орын тәртібі, интонация, жалғаулықтар арқылы байланысады.

  1. Ілгеріде аталған мағыналық қатынастардың қай – қайсына болса да түскен бірыңғай мүшелер (қай мүшенің қызметінде болса да) орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланыса береді.

Ол – бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің көштері. (М.Әуезов.) Жасы қырықтарға жетпеген қара кісі Мыңбай баладай қарқылдап кең пейіл, ақ жарқын адам екен, (Ғ.Мұрт). Көзін ашып алғанда бұлтты аспанда, шетсіз – шексіз сары даланы, бұрқыраған бұйра шаңды көрді. (А.Нұрманов.)

  1. Қазақ тілі бірыңғай мүешлерді (әсіресе ыңғайластық қатынасқа түскен бірыңғай мүшелерді) осылай тек орын тәртібі арқылы жалғаулықтарды қоспай байланыстыруды қалайды. Бұл сөзді үнемді жинақы етіп құруға талпынудан туған талғам.

Ыңғайластық қатынасқа түскен бірыңғай мүшелерді, сөйлеуші қаласа, жалғаулықтармен байланыстырады.

3 Бірыңғай мүшелі  сөйлемдердегі жалпылауыш сөздердердің қызыметі

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер тек тұрлаулы тұрлаусыз, мүшелер мен жалғаулықтардан ғана емес, жалпылауыш сөздерден де тұрады. Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау үшін немесе олардың мәнін ашу үшін қолданыладыт сөздер. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері қандай сұраққа жауап беріп, қандай қызмет атқарса, жалпылауыш сөздер    сол сұрауға жауап береді, атқаратын қызыметі де бір. Жалпылауыш сөздерге жалпылау есімдіктері және олардың орнына қолданылытын зат есімдер   мен сан есімдер жатады. Яғни,бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер де үлкен роль атқарады екен. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдында, не соңында жалпылауыш сөздер тұрады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің мағынасын жинақтап көрсетеді және сол бірыңғай мүшелердің орнына жүре алады. Бірыңғай мүшелер қандай тұлғада тұрып, қандай сұраққа жауап берсе, жалпылауыш сөз де көбінесе, сондай тұлғада тұрып, сондай сұраққа жауап береді. Кейде оның сұруы да, тұлғасы да бірыңғай мүшелерден өзгеше болады. Жалпылауыш сөздер мағына жағынан бірыңғай мүшелермен салыстырғанда анағұрлым кең. Жалпылауыш сөздер де дара, күрделі күйінде кездесе береді. Жалпылауыш сөз қызметін атқаратындар: Сілтеу және жалпылау есімдіктері, сан есімдер, қыстырма мәнді сөздер, көптік жалғаулы етістіктер. Мысалы: Оның маңына топталған көркемөнер талапкерлері: әнші, биші, гармоншы, домбырашы, мандалиншы (Ғ.Мұстафин.). Алатау, Үлкен Алматы өзені, Есік көлі, Талғар биігі, Іле бойлары сияқты Жетісудың тамаша табиғат, жаратылыс байлықтары Потанинді қатты қызықтырды. (Журнал). Ертіс өзенінің бойындағы қалалар мыналар: Омск, Павлодар, Семей, Өскемен (М.Әуезов.). Жұрт ьарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді. (Ғ.Сланов.).

Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшені жинақтап, жалпыластырып көрсетеді. Жалпылауыш сөз ретінде қолданылатындар: бәрі, барлығы, ешкім, басқалары, әрқашан, ешқайда, ешбір жерде т.б. Бұл есімдіктер беретін мағынасы жағынан да жалпылауыштар. Ол қазақ тіл білімінде жалпылау есімдіктері деп аталады: Раушанның өкіл болып болысқа баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес ағасы болып сайлануы – осының бәрі де Сәкеннің ризашылығымен болған жұмыс емес. (Б. Майлин.).

Жалпылауыш сөз қызметінде сияқты сөзі де айтылып қалады. Мысалы: Пушкин, Гоголь, Толстой, Чехов сияқты жазушылардың аты дүние жүзіне әйгілі .(Газет) сондай –ақ жалпылауыш сөз ролінде тәрізді , сықылды, сынды есімдері де жиі қолданылады. [9, 101].

Жалпылауыш сөздердің жай сөйлем конструкциясыда қолданылуы пунктуациялық мәселелерді де туындатады. Бұл бірыңғай мүшелі сөйлем қызметінде жалпылауыш сөздердің жұмсалуының өзіндік пунктуациялық ережелеріне  тоқталып өтуге мәжбүр етеді.

Бірыңғай мүшлердің алды артынан қойылатын тыныс белгісі жалпылауыш сөйлемге байланысты қойылады. Бірыңғай мүшелер жалпылықты білдіреді де, жалпылау сөз жинақтау мағынасын көрсетеді. Демек, жалпылауыш сөздің синтаксистиік белгісі- бірыңғай мүшелер қай сөйлем мүшесіне қатысты болса, қандай сұракға жауап берсе, жалпылауыш сөз де сөйлемнің сол мүшесесіне жатып, сол сұрауға жауап береді. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерінің қойылуы мыандай болып келеді:

  1. Жалпылауыш сөй бірыңғай мүшелерден кейін келсе, онда жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады: Жақсы тілеу, дат-құрмет, қуанышты тағзым – бәрі де үлкен сыпайлықпен айтылды. (М.Ә.) Жібек жүнді қой мен ешкі, етті, сүтті сиыр, әрі берік, әрі жүйрік жылқы – бәрі бізде. (С.Қ). Үйдің маңайы қой, ешкі, сиыр, жылқы- бәрі аралас шулағандай азан-қазан болады да кетеді. (С.М.).
  2. Жалплауыш сөздің алдында қыстырма сөйлем айтылса, онда сызықша жалпылауыш сөздің алдындағы қыстырма сөздің жақшасының екіеші сыңарынан соң қойылады: Ол қалаларды елдің қалпынла келтіріп жатқананын, қазір подвалдарда, доттарда, блиндаждарда, темір жол вагондарында, фанерден жасалған барактарда, жер кепелерде тұратын. Кейін қалпына келтірілген қаладан пәтер алатындығын (бұл Алексейдің соғыстан кейін барып демалатын жері дайын деген сөз ғой) –бәрін жазыпты (Б.П.).
  3. Сызықша айтылуға тиісті жерінде айтылмай тұрған жалпылауыш сөз орнына қойылады:

Сонай алтынды Майөзек,алау көмірлі Қарағанды, мынау темірлі Теміртау, осынау Қаранұра – талай заман сырын ішіне  бүгіп келіпті. (Ғ.М.). Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де,шұбыртқан малы да, адамдары да- кешкі мезгілде ыю-қыю араласып жатқан сияқты (М.Ә.). Оқусыз өмір, ойсыз көңіл — өліммен тең деп қараушы еді ол. (Ы.А.). Құлпырған жұпар иісті далада, жасыл жапырақты орман да, көшесі гүлге оранған қала да – еңбек қуаышына бөленген Совет адамдарының көңіл күйін қошеметтей түскендей («Л.Ж.»).

  1. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдында тұрса, оның соңынан қос нүкте қойылады: Біздің бигадамыздағы адамдар мыналар: Жексенбей Саяқбеков, Омарқан Алпысов және Құдайберген Малдыбаев. («С.Қ.»). Оның негізгі мазмұны мынандай: Үздік және жақсы оқу, екінші жылға қалушылар мен оқудан кенже қалушылықты, тәртәпсіздікті болдырмау; мектепте және одан басқа орындарда тәртіпті болу, қоғам өміріне қатысуы. («Қ.М.»)
  2. Бірыңғай мүшелердің алдынан келген есім жалпылауыш сөзден соң қос нүкте, бірыңғай мүшелері соңынан сызықша қолйылады: Осы үйдегі туысқандар: Ырысжан, Нұрқан, Шамшия, Рысқұлбек – ынтымақшыл адамдар. («Қ.П.»)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – синтасистің қиын мәселесінің бірі. Бірыңғай мүшенің тыыс белгілерінен оқушылардың жазба жұмыстарында да, баспа сөз бетінде де қата көп кетеді.

Қазақ тілінің бірыңғай мүшелері басқа түрік тілдеріндегі сияқты бірнеше бастауыш, бір баяндауыштан, керісінше, бір бастауыш бірнеше баяндауыштан сол сияқты тұрласыз мүшелер де бірнеше болып келе беруі мүмкін. Бірыңғай мүшелер дара не күрделі болып келеді. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің қойылыуының екі түрлі жағдайы бар:

  1. Бірыңғай мүшенің алдынан және соңынан қойылатын тыныс белгісі.
  2. Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілері.

 

Жай сөйлемдердегі бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерімен қалай бөлінетіндігіне жеке-жеке тоқтап, мысалдармен көрсетейік:

  1. Жалғаулықсыз айтылған бірыңғай бастауыш мүшелер үтірмен бөлініп жазылады:Бірге жүгіріп келген Михайло ,Нартай, Әлішер үшеуі қараған арасында етбетінен құлап жатқан Бұланбайды көрді(Ғ.М) Жаздың маужыраған әдемі күні, тұнық таза ауасы, көркем бейнесі, сағымданған ұшы-қиырсыз кең даласы салт мінгендерді желіктірмей қойсын ба!(С.М) Сапта тұрған халық, таныс жүздер, үйлескен ән, ладан иісі, терезелерден түскен мол сәуле–бәрі де жүректі шіміркентеді.(С.Т)

Жай сөйлемдегі бірыңғай баяндауыш мүшелер үтрмен бөлініп жазылыды: Олипиядаға жиналған бұл жастағы қиздардың көбі – танысқыш, сөйлескіш, әзілкеш, ойыншы.(С.М.) Сейіт қазір сөйлеседі, әзілдеседі, күліседі. (Ғ.Мұст.) Бақташы шал, сұлу қарындас, екпінді жеңгей, бесіктегі бөбек – барлығы матаңын бұлын көруді аңсайды, асығады. (Ғ.Мұст.)

II Бірыңғай толықтауыш мүшелер үтірмен бөлініп жазылады: Мен бұл сұрауды бүкіл айналамдағы ауылға оның адамдарына, далаға, жерге, көкке, қысқасы, бүкіл дүниеге жанжағына жалтақтай берем.(С.М.)Осы домбыра мен осы күй Абайдың әр кездегі ақындың шабытына, ой толғауына ілесіп отыратын дағдылы сырласындай. (М.Ә.). 

III Жалғаулықсыз айтылған бірыңғай анықтауыш мүшелер үтірмен бөлініп жазылады: Сағила – қыр мұоынды, екі бұрымы оқтаудай, шашын маңдайына жара бөлген, үстіне қос етекті бүрмелі ақ көйлек киген қара торы қыз. (С.К.). Жақып – нағай білге бармайтын, тәжірибелі, берік адам. (Ғ.Мұст.)

IV Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелер үтірмен бөлініп жазылады: Жаңа жолдың мүсінін сағат сайын, минут сайын жасап барады.(Ғ.Мұст). Кездскен әйелдер кекете күліп, теріс айналып, артынан қарап, басын шайқайтын болды. (М.Ш.) Жастар тобы үнемі дабырлап, сөйлесіп, әзілдесіп, күліп келе жатыр. (М.Ә.).Ол қысылмай, жасқанбай, именбей күледі. (Ғ.Мұс)

V Қаталап келген жалғаулықтары бар біріңғай мүшелердің арасына үтір қойылады: 1. Аттар жегіліп те, ерттеліп те болады. (С.М.) 2. Көл де, сызылған ай сәулесі де, қайық та,өлең айтып отырғандар да жоқ болды. (Б.П.)

Жалғайлық біріңғай мүшені біреуінде қосарланып айтылмай басқалармен қосарланып айтылса, сол біріңғай мүшелерден кейін де үтір қоылады: Атты, арбалы да, жаяулар да арлы-барлы өтіп жатыр. («П.Ж.»). дегенде , «Атты» сөзінен кейін «да» жалғаулығын айтуға болады, бірақ ол бұл жерде айтылмай тұрса да одан кейін үтір қою керек.

VI Я, не, немесе жалғаулықтары бірыңғай сөйлем мүшлері арасында біра-ақ рет айтылса, бұл жалғаулықтар байланыстырып тұрған бірыңғай екі мүше арасына тыныс белгісі қойыләмайды: Гүлнардың көңілді я көнілсіз қаопын Тәрбие оның қас-қабағынан айыра қоюшы еді. (С.М.) Талдардың не шіліктердің арасындағы бар аң қояң ғана. (С.М.)

VII Жалғаусыз байланысып келген әрбір бірыңғай мүше өзінің анықтаушы сөзімен бірге үтірмен бөлінеді. Мысал келтірейік: Кеудесі бір құшақ балтыры бесік тей жасы отызға жаңа ілінген жалпақ бет, алакөз қара Марқабай шын алып қайратты. (М.Ә.)Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара ықасты сұлу қыздың көріппе ең мұндай түрін? (М.Ә.)

VIII Егер мен, және жалғаулықтары парымен келген бірыңғай мүшені байланыстырса, әрбір парымен келген бірыңғай мүшелерден кейін үтір қойылады да, соңғы парымен келген бірыңғай мүшелерден кейін үтір қоылмайды:

Психология мен логиканың, оқу материялының не дәуір ықшамдалуымен, физика мен химиядан лаборатолриялық және практикалық жұмыстар өткізу уақытын көбейту қажеттілігімен байланысты. («Қ.М.»)

Алаңға жақындаған топ ішінен орыс пн украин, белорус пен армиян, грузин мен қазақ, литван мен қырғыз, эстон мен өзбек тілінде айтылған сөздерді естір едінің. («С.Ж.»). Көрме- құрлысшылар мен инженерлердің, ғалымдар мен социялистік екіншілік жаңашылдарының, архитекторлар мен суретшілердің, методистер мен агрономдардың және көптеген басқа мамандардың көп жылғы колективтік еңбегінің жемісі («С.Қ.»)

IX Және жалғаулығымен байланысып келген бірыңрғай мүшелердің арасында қыстырма сөз, қыстырма сөйлем айтылса, екі бірыңғай мүшені арасын байланыстырып тұрған және жалғаулығынын соң үтір қоыйлады:

Халықтық Польшада оның өмір сүруінің он жыл ішінде болған әлеуметтік және экономиалық өзгерістердің негізгі бейнесі және, шынында, ең жақсы өлшеуші жұмысшы табы қатарының жедел өсіп отырғандығы болып табылады.

Қыстырма сөз я сөйлем бірыңғай мүшенің алғашқы (бірінші) сыңарына қатысты болса, «және» жалғаулығы сол қыстырма сөз бен сөйлемнен соң келеді де, еш бір тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Қол еңбегігің (І-ІҮ кластар) және мектептің оқу –тәрбие участогы мен оқу мастерскойларындағы практикалық сабақтардың (Ү-клас) программалары жаңадан жасалды. («Қ.М.»).

Екі бірыңғай мүше арасына жақшаға алынған қыстырма сөйлем түссе, бірыңғай екі мүше арасына қойылуға тиісті, қыстырма сөйлем алынған жақшаның екінші сыңарынан соңқойылады: Аыл шаруашылығы 1954 жылдың бірінші жартыснда 92 мың трактор (15аттың күшімен есептегенде), 52 мың жүк автомобильдерін және басқа аыл шаруашылық машиналарын алды. («С.Қ.»). 

X Кейбір сөздер бірыңғай мүше реінде айтылмай, сөйлемге мәнерлік, күшейтпелі мағына беру үшін қаталап айтылатын болады. Мұндай жағдайда әрбір қайталап айтылған сөз араларына үтір қойылады: «Айда, айда» деген дауыстар құлақ жарды. (А.Т.). Қара, қара тілінің ащысын. (Ә.С.)

Қайталап айтылған бұл сиықты сөздерді қос сөздермен шатастырмау керек.

Не, әрі, біресе, кейде, бірде, да, де, та, те, жалғаулықтары бірыңғай мүшелермен тіркесіп келіп, бірнешерет айтылса, сол бірыңғай мүшелердің ең оңғысынан басқаларының арасына үтір қойылады: Біздің мінез-құлқымыз да, дағдылы әдеттеріміз де бір-бірімізге ұқсанқырамайтын. (С.К.) Әдебиетіміздің өз кемшілігін өзі көре алатын да, түзей алатын да, жасай алатын да, тіпті кейбір реттерде өзгеге өнеге көрсете алатын да қабілеті бар («С.Қ.»). Теңіз біресе ауыр күрсіңгендей, біресе жалқау есінегендей болады. (Ғ.Мұст.).

XI Бірыңғай мүшелер да, де, та, те жалғаулықтармен тіркесіп келіп бірнеше рет айтылғанда, осы жалғаулықтардың біреуінен кейін және жалғаулығы тағы айтылса, қатар келген жалғаулықтардың арасына да, олардың алды-артына да тыныс белгісі қойылмайды. Мысал:  Ол өзінің көлемі жағынан да, архитектуралық-әсемдік ансабілінің көркемдігі жағынан да және идеялық мазмұны жағынан да, бұған дейінгі көрмелердің бәрінен артық. («С.Қ»).

Қорытынды

Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни пікір алмасу үшін жұмсалатын тұлғасы деп сөйлемді айтамыз. Сөйлем адамның ең күрделі ойлау жұмысымен, пікір құрау ісімен байланысты. Сөз затты, құбылысты атайды. Бұл да күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бірақ онысына қарамай сөз және сөз тіркесі де пікір алысу үшін жұмсалатын негізгі тілдік тұлға қатарына жатпайды. Пікір алысу, қарым – қатынас жасау үстінде ылғи сөйлем жұмсалады. Өйткені қарым – қатынас пікір білдіру арқылы жүзеге асады.

Сөйлем – синтаксис саласының обьектісі. Синтаксистің сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі, көлемді текст синтаксисі деген тарауларға бөлінеді. Біздің обьектіміз болып саналатын бірыңғай мүшелі сөйлемдер жай сөйлем синтаксисіне жатады.

Біздің жұмысымзыда бірыңғай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер және олардың бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері мен байланысу түрлері кеңінен қарастырылады.

Тұрлаулы мүшелер бірыңғай болғанда, сөйлемнің құрамы жайыла түседі, бірақ күрделі болмайды. Күрделі сөйлемде әр бастауыштың өз баяндауышы боллу негізінде жеке сөйлемдер тіркесетін болса, бірыңғай  тұрлаулы мүшелері бар сөйлемде бірнеше бірыңғай бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы болады.

Екі не бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап болып тізбектеледі.

Бірыңғай мүшелер сөйлем ішінде бір – бірімен салаласа, басқа мүшелермен сабақтаса байланысады. Бірыңғай мүшелер өзара салалас, тең қатынаста тұрады. Бұл синтаксистік теңдікпен қатар, олардың арасында түрлі мағыналық қатынас та болады. Бірыңғай мүшелердің арасындағы қатынасты білдіретін амалдар: интонация, жалғаулықтар, орын тәртібі.

Жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда олардың арасындағы мағыналық қатынасқа сай жұмсалады. Ал әр мағыналық топтағы жалғаулықтардың да өзара жұмсалу ерекшелігі бар. Ерекшелік жалғаулықтардың даму, қалыптасу тарихына белгілі бір синтаксистік міндетке бейімделуіне сай пайда болған.

Оырн тәртібі де солай, Етістіктен болған сөйлем мүшелері қимылдың кезегіне сай ретпен орналасады, зат есім, сын есімнен болған мүшелер нақты логикалық немесе коммуникативтік мақсатқа сай орналасады.

Бірыңғай мүшелердің арақатынасына сай интонация да біренеше бейнеде көрінеді.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер де үлкен роль атқарады. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдында , не соңында жалпылауыш сөздер тұрады. Жалпылауыш  сөз бірыңғай мүшелердің мағынасын жинақтап көрсетеді және сол бірыңғай мүшелердің орнына жүре алады.

Бірыңғай мүшелі сөйлем конструкциясы жоғарыда атап өткен компонентерден тұрады. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүешелер, жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі, жалпылауыш сөздер, баяндауыштың бірыңғйа бастауышпен жақтасуы деген мәселелер бірыңғай мүшелі сөйлемнің аясына кіретін және тіл білімі ғылымында өзіндік зерттеулерге өзек болған мәселелер.

Бірыңғай мүшелер жалпы сөйлемде синтаксистік қызметіі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері болады..

Олар бір – біріне бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады. Бірыңғай мүшелер бір сөзден құралған жалаң не сөз тіркесінен құралған жайылма болады.

Бірыңғай мүшелер көбінесе тұлғалас болатындықтан, қазақ тілінде оларды кейде шұбалаңқы етпей, ықшамды етіп айту үшін, грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздер бәріне ортақ етіліп, бір – ақ рет жұмсалады.

Жұмысызда бірыңғай мүшелердің жай сөйлем компоненті ретінде қолданылу ерекшеліктері кеңінен сөз болды. Осы мәселелер қазақ тіл білімі ғылымында ғалымдардың назарын аударып, түрлі пікірлер туғызған.

Қорыта келе бірыңғай мүшелерді сөйлем құрамына қатыстыруда төмендегідей стильдік нормалардың бар екенін айтып өтеміз:

  1. Антропоним ретіндегі сөздер бірыңғай бастауыш, толықтауыш болып келгенде соңғы мүше көптік жалғау жалғап көптікті білдіреді.
  2. Бірыңғай мүшелер күрделі болып, әрі олардың құрамындағы көмекші компонентер (көмекші есім, етістік, септеулік) бірыңғай болса, бұлар тек соңғы мүшенің құрамында ғана аталады. Бірақ олар барлық бірыңғай мүшелерге ортақ болады.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды бірнеше сөйлемді сыйыстырып білдірудің амалы болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы: — Ғылым, 1967, — 236 б. ІІ бөлім. Синтаксис.
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия.
  3. Балақаев. М. Қордабаев. Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 340 б.
  4. Әмір. Р. Әмірова. Д. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.
  5. Балақаев. М. Қордабаев. Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 340 б.
  6. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы: — Ғылым, 1967, — 236 б. ІІ бөлім.
  7. Әміров. Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. – Алматы: Қазақ Мемлекеттік Оқутушылар педагогикалық баспасы, 1959. – 70 б.
  8. Есенов. Қ. Қазақ тіліндегі күрделеген сөйлемдер. – Алматы: Ғылым, 1974. – 174 б.
  9. Балақаев. М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. — Алматы: Ғылым, 1992.
  10. Мұсабекова.Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. – Алматы: Қазақ Мемлекеттік Оқутушылар педагогикалық бапасы, 1959. – 82 б.
  11. Сайрамбаев. Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: — Алматы: Қазақ Университеті, 1991. – 168 б.
  12. Аханов. К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1972. – 216 б.
  13. Әбілқаев. А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. – Алматы: Мектеп, 1973. – 58 б.
  14. Бегалиев.Ғ., т.б. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1944. – 252 б.
  15. Егізбаев. Н. Ж, Есжанова Г.Қ, Әшірова. М. Қазақ тілі. – Алматы, 2003. – 145 б.
  16. Исаев. С. М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – Алматы: 1992. – 144 б.
  17. Исаев. С. М. Қазақ тілі жайындағы ойлар. – Алматы: 1997. – 150 б.
  18. Қордабаев. Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. – Алматы: Санат, 1995. – 176 б.
  19. Кеңесбаев. І. Мұсабаев. Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: 1975. – 340 б.
  20. Мұсабекова.Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 128 б.
  21. Серғалиев. М. Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ Мемлекеттік Университеті, 1973. – 57 б.
  22. Серғалиев. М. Т. Сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 200 б.
  23. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы : Ғылым, 1982 – 352б