Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар

0
138

Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………3

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық

Қатынастар…………………………………………………………………………………………

1.1 Париж конференциясы…………………………………………………………………

1.2 Ұлттар лигасы………………………………………………………………………………

  1. Версаль Вашингтон жүйесі……………………………………………………………

2.1 Версаль бітім шарты…………………………………………………………………….

2.2 Вашингтон конференциясы………………………………………………………….

Қорытынды………………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер, деректер тізімі…………………………………………..

Тақырыптың өзектілігі

XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.

I Дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзгерістер болды және бұл өзгерістер КСРО құрамында болған Қазақстанға да әсерін тигізді. Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалы ел деп танылады. Біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі мен халықаралық бірігу үрдістерінің жұрт таныған жетекшісіне айналды. Мемлекетіміздің әлемдегі халықаралық конференциялардан алатын сабағы мол.

Курстық жұмыстағы басты мақсатым – Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар мен соғыс мәселесін негізгі тақырыбына айналған халықаралық конференциялар мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру болмақ, яғни Париж конференциясына қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мақсаттары мен мүдделерін сипаттаудан және де Версаль Вашингтон жүйесінің маңызы мен мазмұнын сипаттаудун туындайды. Бұл үшін мыналай міндеттер алдыға қойдым:

  • Конференцияға қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат мүдделерін ашып беру.
  • Ұлыбритания мен Франция, Үштік одақ елдерінің отарларын бөлісіп алудың көздеген мақсаттарын көрсету.
  • Халықаралық конференциядағы қатынастардың негізгі мақсатын көрсету.
  • Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын, мән маңызын анықтау.
  • Версаль Вашингтон жүйесінің маңызы мен қорытындыларын талдау болып табылады.

Деректік негізі:

Осындай мақсат міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен қарастырылды. Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинадым.

Дерек көзі ретінде, негізінде бірнеше рет деректер қатарына «Хрестоматия по историй международных отношений», Табуи Женевьяның «Двадцать лет дипломатической борьбы» атты естеліктерді пайдаландыым. Онда автор соғысаралық жиырма жылдың Европа үшін қандай ауыр болғандығын айтады. Сонымен қатар деректер қатарына «Вопросы новой и новейшей истории Европы: сборник статей» жатқызамыз. Олардан сол жылдардағы жасалынған келісім шарттардың мәтіндерін көре аламыз. Ал зерттеулер қатарына, Ю.И. Рубинскийдің «Тревожные годы Франции. Борьба классов и партии от Версаля до Мюнхена`(1919-1939)», З.С. Белоусовтың «Америка и Европейская безопасность» атты монографиясы, Қ.А.Маласеевтің «Европейская политика в 1933-1939гг» атты еңбектерді айтуға болады. Осы зерттеулер қатарына «Новая и новейшая история» журналдан,1992жылғы басылымдарынан бірнеше мақалалар бар.

Зерттеу жұмысының хронологиялық мезгілі 1918-1922жж. Кезеңін қамтиды.

Тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективтік көзқарас қалыптастыруда, тарихи үрдістерге шынайы дәл баға беруде зерттеудің деректемелік негізінің ықпалы аса маңызды рөл атқарады.

Құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тарудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

3.Кеңестік Ресейге қарсы «Санитарлық кардон» саясатын ұстады.

4.Батыс Европа елдері XXғасырдың 20-жылдары Кеңес одағын елшілік негізде мойындауға мәжбүр болды.

5.Халықаралық қатынаста жаңа кеңес одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерістер әкелді.

6.Халықаралық ұйым Ұлттар лигасы құрылды.

7.Қару жарақ қысқартылды.

Париж және Вашингтон конференциясының шешімдері соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар үлгісінін негізін қалаған Версаль Вашингтон жүйесін қалыптастырды.