Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы реферат

0
117

Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс

Бірінші  дұниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы   әлем көрінісі

Жаңа  индустриалдық  кезең. Бірінші   дүниежүзілік   соғыс қарсаңындағы   онжылдық – Еуропа  мемлекеттері  мен  Америка  елдері  үшін  әлеуметтік – экономикалық  және  саяси – қоғамдық  өзгерістерге  толы  кезең  болды.

Өнеркәсіп – экономиканың  жетекші  саласына   айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел  дамып, көмір,темір,түсті металл ,мұнай  және  мұнай  өнімдерін  өндіру  мейлінше  артты. Өнеркәсіптің дамуы көлік саласының  рөлін  арттырып, ірі темір жол магистральдарын және тас жол салу  ісі  жалғасын  тапты. Көліктік  техника  мен  жаңадан  салынған  жолдар  капиталистік   индустрияландырудың  құрамды  бөлігіне  айналды. Өнеркәсіп орындарында  өнім  сапасын арттыру  мақсатымен  жаңа  технологиялар  енгізіле  бастады.

Жаңа  технология  мен  техника , қоғам дамуының  дем беруші күшіне  айналды. ХХ ғасырдың   басында  Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия  елдері  жаңа  технологияны  пайдалануда  алдыңғы  қатарға  көтерілді. Шветция ,Италия, Ресей, Австро-Венгрия, Канада, Жапония  мемлекеттері  индустрияландыруды  жеделдету  жоына түсті.

 Ал  Азия, Африка және Латын Америкасының  көптеген  елдерінде  индутрияландыру  тіптен  басталған  жоқ  болатын.

Еуропа  мемлекеттерінің  саяси  құрылысы. Еуропа  елдерінің  мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылысында  маңызды өзгерістер  болды. Батыс  Еуропа елдерінде басқарудың екі негізгі формасы –  монархия   және   республика  қалыптасты.

Монархия  басқару формасы  ретінде, мемлекет  басында  монархтың  тұруымен  сипатталды. Ол  қайсыбір биліктен, органнан немесе саилаушылардан  тәуелсіз  билікті  қолына  алды. Монарх – мұрагер мемлекет   басшысы болып  табылды. Ол өзінің бұл  қызметін өмір бойы атқарады, тек өмірден  өтерінде ғана  оны мұрагерінің қолына  өткізеді. Тарихта   монархияның  екі  негізгі  түрі  –  абсолюттік  және    конститутциялық  формалары  белгілі.

Абсолюттік  монархия – монарх  билігінің , оның  құзырының  шексіздігін  білдіреді. Биліктің  мұндай  түрі Ресейде,Австро-Венгрия мен Германияда  болды.

Конституциялық монархияның айырмашылығы сол,мұнда мемлекет билеушісінің:монарх,король,император,хан,сұлтан билігі шектеулі.Мемлекеттегі  жоғарғы  билік мұндай  жағдайда екі субьектіге тиесілі болады-монархқа және қандай да бір басқа сайланушы  органға  (парламентке, кеңеске). ХХ ғасырдың  басында  парламенттік монархия  Ұлыбританияда, Норвегияда, Шведцияда, Бельгияда, Нидерландыда  орнықты.

Осы  кезде республика түріндегі демократиялық,саяси құрылымдар қалыптаса  бастады.Оның басты ерекшелігі – биліктің жоғарғы органдарын халық сайлайды  және өкілетті  жалпыұлттық  мекемелер  мен парламент болады. Х1Х  ғасырдың  соңы мен ХХ ғасырдың басында сайлау құқын енгізудің алғышарттары жасалып,

басқарудың  республикалық  формасы –Еуропа елдері арасында  Францияда , Швейцарияда  және Сан-Маринода, ал Америка құрлығында  Америка  Құрама  Штаттарында  болды.

Ұлттық  мемлекет  идеясы  мен экономикалық  өмірді  ықпалдастыру  үдерісі. Х1Х  ғасырдың соңы мен  ХХ ғасырдың  басы –ұлттық  мемлекеттерді  құру  және  нығайтумен, ұлтшылдық  идеяның  тұрақталуымен  сипатталды. Алғашқы  ұлттар  Батыс Еуропада  пайда  болды. Бұл  үдеріс  капиталистік  қатынастардың   туындауымен  және  дамуымен  байланысты  болды, ол  феодалдық  бытыраңқылықтың  жойылуына  және  орталықталынған  мемлекеттердің  пайда  болуына  әкеп  соқты. Ұлттық  мемлекеттер  арқылы  ұлттардың  дамуы  үдерісі  Батыс Еуропа  үшін тән сипат еді. Бұл  өңірде  ұлттар  тілі  мен нәсілі  біртектес  халық  топтарының  негізінде  қалыптасты.

1871-1917  жылдары  ұлттық  мемлекеттер  тек  Батыс  Еуропада   ғана  қалыптасып, нығайды. Ағылшын  буржуазиялық   революциасы  нәтишесінде  ағылшын  ұлтының  қалыптасу  үдерісі  аяқталды. Ұлы  Француз  революциясы  француз  ұлтының  бірігуін  жеделдетті  және  ол  осы  үдерістің  басқа  Еуропа  елдеріне  қарқынды  дамуына  ықпал етті.Капиталистік  шаруашылықтың  жедел  дамуы  Италияның  (1870 ж.) және  Германияның (1871 ж.)  бірігуіне  ықпал  жасады.

Азия , Африка  және  Латын  Америкасы  елдерінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  әлсіз  қарқыны, ұлттардың  және ұлттық мемлекеттердің  құрылу  үдерісінің баяулатты.Х1Х  ғасырдың соңы  мен  ХХ ғасырдың  басыда  Азия мен

Африка  елдеріндегі  кеңінен  жайылған  ұлт-азаттық  қозғалыстар  отаршылдық  қанауды жоя алмады  және өз алдына  жеке  ұлттық  мемлекеттердің  құрылуына  қол  жеткізе  алмады.

ХХ ғасырда  отар  елдерде  капитализмнің  салыстырмалы  түрде  тез  дамуы- ұлттық  буржуазияның, зиялы қауымның , офицерлердің, жұмысшы  табының  және  қалың  студенттер  тобының  қалыптасуымен  айқындалды.

 Ұлы державалар және олардың  экспанциясы.Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлы державалар өздерінің  аумақтық кеңістерін кеңейту  үшін  болатын күрестің   жаңа  бағыттарын  белгіледі.  Аумақты  кеңейту, көптеген капиталистік   елдердің   жоғарғы  билеуші  топтарының  маңызды  мақсаты мен  міндеттеріне  айналды.

Егер Ресей мен Австро-Венгрия өздерінің аумағын кеңейту  міндеттерін көршілерінің  есебінен  жүзеге  асыра  алса,  басқа  державалар  мұндай жерді  мұхиттың  арғы жағынан іздеді. Жаңа жерді басып алу және отарларды  иелену- монополистік  капитализм  елдеріне  тұрақты  қажеттілікке  ұласты.

Дүние  жүзін  бөліске  салу  мәселесі. ХХ ғасырдың басында  дүниені бөліске  салу державалар арасында аяқталған еді.Африка  мен Азияны, Мұхит аралдарын  отарлаушы елдер бөлісіп алды.Бұдан әрі отарларды басып алу капиталистік  елдер арасындағы ашық әскери қақтығыстардың нәтижесінде ғана мүмкін болды. Мүндай  қақтығыстар  басталып та кетті. АҚШ-тың  Куба мен Филиппин  аралдарын  басып  алуға ұмтылысы, 1898 жылы испан-американ  соғысының  басталуына  әкеп  соқты.

1908 жылы Австро – Венгрияның  славян жерлері  – Босния мен Герцеговинаны  аннексиялауы Австро-Венгриямен Ресей арасында  өткір  келіспеушілік туғызды.1911 жылы Италия  империялистерінің  Түркияның  Киренаика  және  Триполитания  аумақтарын  басып  алуы, Италия-Түркия  соғысына  әкеп  соқты. Бұрыннан  Балқанда  қызған  жағдай  Еуропаның  осы өңірінде  1912 және 1913 жылдары пайда  болған  екі соғысты  тұтандырды. Балқандағы  жағдайдың шиеленісуі  – бұл елдердің  артында  Еуропаның  ірі державаларының  тұруымен  байланысты  болды. Германия мен Австро-Венгрия  Түркияның әлсіреуін  қаламады,ал  Антанта  елдері Түркияға  қарсы  балқан  елдерін  қолдады.

  Милитаризм және қарудың жаңа түрлері.Ұлы державалардың қарсыластығы  Еуропада  милитаристік жағдайды күшейтіп  жіберді. Соғыс құмарлық  әскери  шығындардың  және әскер  санының  тез артуына  әкелді. Соғысқұмарлық  соғыс  техникаларының  дамуы  үшін  кең  мүмкіндіктерге жол ашты. Болат қорытудың  жаңа тәсілдері аса жетілген артиллерия қаруларын құюға,қуатты теңіз кемелерін, танктерді , мылтықтарды  жасауға  мүмкіндік  берді.

Пацифизм.Х1Х ғасырдың 80-жылдарының соңы мен 90-жылдарының басында  пацифистік  қозғалыс кеңінен қанат жайды(лат. патцификус-«татуластырушылық»).  Патцифистік қоғамдар бірнеше рет соғысқа тыйым салу, жаппай қарусыздануды  жүзеге асыру ұсыныстарын жасады, ал мемлекеттер арасында пайда болатын  талас-тартыстарды халықаралық  соттардың көмегімен шешуді жөн көрді. Пацифистер  соғысты  ізгілікпен  жүргізуді  жақтады.

Ұлтшылдық. Нәсілшілдік. Ұлтшылдық  ХХ ғасырдың саяси  ағымына айналған еді. Ұлттық мемлекеттердің  түбегейлі орнығуы, лауазымды ұлттың маңызын арттырды. Ұлтшылдық , өз ұлты басқа ұлттан артық  деген сезімін ұялатты. Ұлы державалық ұлтшылдық –саны аз ұлттардың мүдделеріне қысым жасауға итермеледі. Еуропадағы ұлттық төзбеушіліктің  бір түрі  антисемитизм –еврейлерге  дұшпандықпен қарау еді. Х1Х –ХХ ғасырлар тоғысында антисемитизм  қуатты  саяси  күшке  айналды.

Еуропа  державаларының  отаршылдық  саясаты  ақ  нәсілдің  басқаларға  үстемдігін  орнатуды  көздеген  нәсілшілдік  туының  астында  жүргізілді.  

 Еуропалық мемлекеттердің үстемдігінің түп негізі. Батыс Еуропа аумағында  жаңа буржуазиялық қатынастар қалыптасты. Содан барып капиталистік қатынастардың  дамуына, жеке  меншік иелену құқығы мен жаңа техникалық  жабдықтардың  өндіріске енуіне мүмкіндік ашылды. Мұндай құқық жеке адамның  талаптануына өз бетімен тіршілік жасауына ашық бастама болды. Еңбек –беделді , құрметті, сыйлауға  тұрарлық  іс-әрекет деп қабылданды. Капиталистік қоғам құрылымында экономикалық мүдде ең жоғары, қасиетті мүдде деп түсіндірілді.

Өндірістік  құрал-жабдықтарды жетілдіру талаптары барынша мадақталды және үзбей көтермеленді. ХV111 ғасырда Еуропа елдері машина және машина жасайтын өндірістер санынан алға шықты.Сонымен қатар өнім өндіруден басқа аймақтағы елдерді тез арада басып озып, әскери қару-жарағының басымдылығы  анықталды.Бұл жетістіктер  Еуропа елдерінің келешектегі отаршылдық үстемдігіне қолайлы жағдай тудырды.

Ұлттық сана-сезім мен азаттық қозғалыстардың өсуі. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, ұлттық мәселе капитализммен бірге  буржуазиялық ұлттардың қалыптасу кезеңінде пайда болды. Буржуазиялық ұлттардың пайда болуына байланысты қауымдық, діни, әулеттік айырмашылықтар өз мәнін жоғалта бастады.

ХХ ғасырда ұлтшылдық Еуропадағы мемлекеттік құрылыстың басты элементіне айналды. Ұлтшылдық  біріңғай мемлекеттер аясындағы этностардың  барлық бөліктерінің шоғырланған белгісі(нышан) болды.

Азия және Африканың көпшілік елдерінде ұлттық пролетариат ұлттық буржуазиядан  бұрын шетелдік кәсіпорындарда  қалыптаса  бастады. Отарларда  ұлттық буржуазия әлсіз, бағынышты жағдайда болды. Ұлттық буржуазияны –көпестер, шеберханалардың, шағын кәсіпорындардың иелері құрады. Оған көптеген қалалық ұсақ буржуазия жіктері қосылды. Ұлттық  зиялы қауым өкілдері, офицерлер арасынан шыққандар, студент жастар, діни сословие мен феодалдар ұлт-азаттық қозғалыстардың  иделогтары болды.   

   Өркениеттер үндестігі. Шығыс өркениеті ұзақ уақыт бойы бір-бірінен оқшау өмір сүрді. Олардың  арасындағы байланыс өте сирек болатын. Көбінесе өркениет ошақтары көшпелі және отырықшы тайпалар қоршауында қалды. Еуропа елдерінің отаршылдық экспансиясы барысында қытай, үнді және ислам  өркениеттерінің бұрынғы оқшаулануы бұзылды.

«Өркениет» ұғымы ғылымға  ХV111 ғасырда енгізілді.Өркениет  адамзат қоғамының  әлеуметтік және мәдени  даму  деңгейімен сипатталады. «Өркениет» ұғымы адамзат қоғамының мәдениеті, халықтың рухани ерекшелігі, дүниетанымы және дәстүрі сияқты  орнықты  көрсеткіштер  арқылы  бейнеленді.

ХХ  ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар және бірінші   дүниежүзілік  соғыс.

    Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі.Х1Х ғасырдың соңы –ХХ ғасырдың басындағы  халықаралық  қатынастардың шиеленісуі соғыс қаупін өршітті.Халықаралық аренада жаңа күштер қалыптаса бастады.Еуропа  аймағында Германия мен Италияның бірігуі нәтижесінде,жаңа соғыс қаупі төнді. Аталған елдердің  сыртқы саясаты Англич, Франция және Ресей мемлекеттеріне қарсы бағытталғандығы  айқындалды.

Сонымен бірге Ресей, Англия, Германия, АҚШ  және Жапония сияқты ірі державалар арасындағы империалистік қайшылықтар бұрынғыдан да зор шиеленісе түсті.

Халықаралық тартыстардың ошағына осман империясы  да қосылды. Оның иелігіндегі Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Шығыс Еуропа империалистік державалардың өзара таласын тудырды.

Германияның өркендеуі және әскери –саяси одақтардың құрылуы. Х1Х ғ. 90-жылдарында Германияда біртұтас саяси және әскери қуатты держава орнады. Германияның саяси сахнаға шығуы халықаралық қатынастардағы саяси қайшылықтарды тез шиеленістірді,ірі державалар  арасындағы дүние жүзін түбегейлі  бөлу  үшін  болатын  күресті  асқындырды.

Германия Бисмарктың тұсында-ақ, Францияның басқа ірі державалармен одақ құруына жол бермеуге күш салды.Өзінің аумағы жағынан Германия үш ірі державамен, атап айтқанда, Австро –Венгрия, Ресей және Франциямен шектесіп, олардың қоршауында қалды. Мұндай жағдайда Францияның Австро –Венгриямен немесе Ресеймен одақ құруы –Германия үшін екі майданда соғыс қаупін төндірді. Сондықтан Германия  Австро –Венгриямен жақындасуды жөн санады.

Германия  менАвстро –Венгрия  арасындағы жақындастықты 1879 жылғы келісім шарт бекітті.Бұл келісімге сәйкес екі ел соғыс жағдайында өзара  қолдау  көрсетуді міндетіне алды. Аталмыш мемлекеттердің одағына Италияда қосылды. Себебі ол Солтүстік Африканы бақылауға алу үшін Франциямен шиеленіскен еді. Соның негізінде 1882 жылы олар ірі басқыншы соғыс одағын –Үштік одақты құрды. Осыған орай, Германия мен Италия өздеріне Франция шабуыл жасаған жағдайда бір –біріне көмек беру міндетін қабылдады,ал Италия,Австро –Венгрия  Ресеймен шиеленіске түскен жағдайда, өзінің бейтараптық сақтайтынын мәлімдеді.

Ұлыбритания Германия сияқты аса қауіпті ортақ жаудан және бәсекелестен қорқып, өзінің ескі қарсыластары Франциямен және Ресеймен жақындаса түсті. 1904 жылы дүние жүзін отарға бөлуден туындаған Англия –Франция келісімі жарияланды.Бұған 1907 жылы Ресей қосылды. Германия құрған Үштік одаққа  қарсы тұрған үш державаның одағы –Антанта  деп аталды.

Орыс –герман қарым-қатынасы сол тұста біртіндеп тоқтаусыз нашарлап бара жатты. Осы екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы, Осман империясы  Африка құрлығындағы өз иеліктерінен  айырылды және Ресей  түріктерді Солтүстік Қара теңіз жағалауларынан да ығыстырып тастады. Осман империясы 1914 жылы Еуропада Босфор мен Дарданелл бұғазына жақын орналасқан шағын ғана аумағын сақтап қалды.

Түбінде Ресеймен шайқасатынын түсінген неміс қолбасшылары Түркияны  өз одақтасы етпекші болды. Түрік әскерін қайта құруға Германия мамандары жіберілді.Сөйтіп , неміс мемлекетінің Осман империясына ықпалы барынша күшейе түсті.

    Орыс –Француз одағы.Әскери одақ құруға Франция Ресейге қарағанда көбірек мүдделі еді.Ол Ресейдің  француз капиталына тәуелділігін пайдаланып, Ресейді одақтастық міндеттермен шырмауды көздеді.Патша үкіметі Үштік одақ мүшелерінің Англиямен достық орнату саясатынан қауіптенді.Мұндай жағдайлар Франция мен Ресей қатынастарын жақындатуға ықпал етті.Бір жылдан соң,1892 жылы құпия әскери конференция бекітіліп,онда Германия мен Австро –Венгрия одағы екі елдің біріне шабуыл жасай қалған күнде екі жақ бір-біріне қолдау көрсететінін білдірді.

Ағылшын-орыс қатынастары.Франция Англиямен келісім орнатқаннан кейін, болашақ одақтың шеңберін кеңейту үшін Англия мен Ресейді жақындастыру қажеттілігі мәселесін көтерді.Өйткені ағылшын-орыс қатынастары Қырым соғысынан кейін қатты шиеленісіп  кеткен-ді.Осы екі елдің арасын тез жақындатқан себептерінің бір –Германия күшінің күн санап артуы болатын.Англиямен Ресей жақындасуының көрінісі 1907 жылғы Иран, Ауғанстан, Тибетті ықпал ету өрісіне бөлу келісімі болды.

Италия өзінің бұрынғы дұшпаны Австро –Венгриямен одақ құрды.Ал Германия  бір кезде өзінің  қарсыласы болған  Австриямен ортақ саяси -әскери бірлестікке енді.

   Балқан соғыстары.ХХ ғ. бастап Германия және Австро –Венгрия Балқан түбегімен Түркия жеріндегі үстемдіктерін күшейтуге тырысты.

1908 жылғы жас түріктер революциясынан кейін Осман империасы ыдырай бастады.1908 жылы Австро –Венгрия  Босния мен Герцеговина жерін басып алды.Бұл екі ел Осман империясының құрамында болатын.Дәл осы мерзімде  Болгария тәуелсіздігін жариялады.СербияменРесейАвстро–Венгрияны  қолдамады.Германия,керсінше Австро–Венгрия  әрекетін қолдап,Түркияна өз ықпалынан  шығармауға тырысты.Осман империясының ыдырауы одан әрі жалғасты.Италия-Түркия соғысы Балқан түбегіндегі әлеуметтікжәне ұлттық қайшылықтарды шиеленістірді.Ресей,Англия және Франция елдерінің делдалдығы арқасында Болгария,Сербия және Грекия мемлекеттерінің бірлескен одағы құрылды.Бұл одақтың мақсаты-Түркияның қол астындағы Македонияны өзара бөлісу еді.Македония көп жылдар бойы Түркияның үстемдігіне қарағанеді.

1912 жылы қазан айында Бірінші Балқан соғысы басталды. Болгария армиясы түрік әскерін талқандап,Константинопольге жақындады. Түркия жеңілгендігін мойындап 21 сәуірде уақытша келісімге, ал1913 жылы 30 мамырда Лондон бітіміне қол қойды. Бұл келісім бойынша Түркияның Еуропадағы иеліктері түгелімен Болгария еліне берілетін болды.Түркияның иелігінде Стамбұл маңайындағы аздаған жер ғана сақталып қалды.

Бірінші Балқан соғысы бұл өңірдегі күштердің арасалмағын өзгертті.Сербияның  ықпалы артып, Түркия мен Австро –Венгрияның әсері әлсіреді. Австро –Венгрия  мен Германия мәмілегерлері славян елдерінің  бірлігін бүзуды мақсат тұтты.

Австро –Венгрия топтарының жеңісіне сеніп,1913 жылы 29 маусымда Болгария  Сербия мен Грекияға соғыс жариялады. Екінші Балқан соғысы басталды. Болгария бұл соғыста жеңіліс тауып,соғыстағы сәтсіздігі үшін жерін тарту етті. Түркия әскерлері Адрианополь қаласын басып алды. Мұндай жағдайда Ресей Болгарияны қолдап, Болгария Түркиямен бітімге келді.

1913 жылы 10 тамызда Бухарест қаласында келісімшартқа қол қойылды. Сербия Македонияның бір бөлігін және Болгарияға тиісті  Македония жерін алды. Оңтүстік Македония мен Фракияның бір бөлшегін Грекия иеленді. Қасындағы шағын жермен Адрианополь қаласы Түркияға қайтарылды. Румыния  Оңтүстік Добруджа  жерін басып алды. Сөйтіп, Балқан түбегі қайта бөлшектенді.

Балқан түбегіндегі алғашқы бас көтерулер біраз жылдардан кейін дүниежүзілік соғысқа ұласты. Соғыс мемлекетаралық  қарым-қатынастарды одан бетер шиеленістіріп жіберді. Дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі ай сайын жақындай түсті. Қалыптасқан  төтенше халықаралық   қайшылықтармен  көптеген елдердің  көздеген  мүдделерінің  қақтығысуы  алдағы соғыста  тек ірі  державалар ғана емес, сонымен  қатар көптеген  ұсақ және орта  деңгейлі мемлекеттердің  де қатысатынын  анықтады.Балқан түбегі Еуропаның «жарылғыш қоймасына» айналды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы. Соғыстың  басталуына  сылтау да табылды. 1914 жылы 28 маусым күні Босния  мен Герцоговинаның  астанасы Сараево  қаласында  Австро –Венгрия тағының мұрагері Франц  Фердинанд пен оның зайыбы қастандықпен өлтірілді. Бұл оқиға Австро –Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын  шиеленістіріп, кезекті Балқан  дағдарысына апарып соқты.1914 жылы 23 шілде күні Австро –Венгрия  Сербияға ультиматум жолдап, 28 шілде күні оған соғыс жариялады.

Соған жауап ретінде  1 тамызда Германия Ресейге, ал 3 тамыз күні  Францияға  соғыс жариялады. 4 тамызда Англия үкіметі Германияға қарсы соғыс жариялап, Антанта одағының жақтасы екендігін білдірді.

Соғыс дүниежүзілік сипат алды:Үштік одақ жағында төрт мемлекет,ал Антанта жағында  34 ел соғысты. Бұл адамзат тарихында бүкіл Жер шарын қамтыған алғашқы соғыс болды. Ол төрт жылдан астам уақытқа созылды. Оған 38 ел қатысты.Соғыста 10млн адам қаза тауып,20млн астам адам мүгедек болып қалды

Соғысты бастаған Германия қолбасшылары күшті бір соққымен Францияны талқандамақшы болды. Бұрынғы Басштабтың  басшысы генерал фон Шлиффен (1839-1913 жж.)жасаған жоспар бойынша Бельгия арқылы Францияға соққы беру көзделді. Бұл жоспар 3 тамызда жүзеге асырылуға тиіс еді. Неміс қолбасшылығының тезарада  жеңіске жетеміз деген үміті ақталмады.Бельгияның  қарсылық көрсетуі ұзаққа созылды, бұл неміс әскерінің Франция жеріне енуін кешеуілдетті және француздардың қарсылығы күткендегіден әлдеқайда күшті. Бір айға созылған үздіксіз шайқаспен Германия әскері Париж түбіне жетті.Жеңіс  таянды деген сеніммен осы майдандағы әскерінің бір бөлігін Шығыс майданға жұмылдырды. 17 тамызда Шығыс Пруссияға шабуыл бастаған Ресейдің екі армиясының сәтті табыстары келе –келе әлсіреп, шабуылдарын бәсеңдетті. Германия орыс әскерлерін қыркүйекте талқандап, Пруссиядан қуып шықты.

  Марна шайқасы. Марна өзені бойында Германия мен Франция арасында үлкен шайқас болды. Оған екі жақтан 2 млн солдат қатысты. 9 қыркүйекте неміс қолбасшылары шабуылды тоқтату туралы бұйрық берді. Бүл сәтсіздік неміс әскерінің Парижді батысынан орап өтуін тоқтатты. Марнадағы шабуылдан кейін майдан тұрақталды. Майдан шебі ұзарды. Батыс майданы қалыптасты. Екі жақта қорғанысқа көшіп, позициялық ұрыс жүргізді.

Екі одақ мүшелері соғысқа қатыспаған мемлекеттерді өз жағына тартуға тырысты. Сөйтіп, Үштік одақ қатарына Осман империясы тартылып, ол 1914 жылдың 29 қазанында Ресей , Англия және Францияға қарсы соғысқа шықты. Осымен байланысты орыс –түрік, Қосөзен, Палеститна майдандары құрылды. Англия флотының Атлант мұхитындағы басымшылығы Африка мен Мұхит аралдарындағы  Германия отарларын басып алуға жағдай жасады. 1914 жылы 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады.

Бұл жылы Батыс майданда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады. Позициялық  сипат алған соғыста жергілікті ғана мәні бар шайқастар болып тұрды.Антанта да  өз жағына өзге елдерді тарта бастады. Үштік одақтың мүшесі Италия соғысқа кіруге асықпай , өзіне қолайлы сәтті күтті. Ол Австро –Венгрия ұсынған Францияның  Жерорта теңіз жағалауын, Корсика мен Түркия иеліктерін місе тұтпады. Осы келіспеушілікті пайдаланып, Антана Италияға  Тирольды, Триесті, Адриатиканың Шығыс жағалауын ұсынды. Осыған келіскен Италия 1915 жылы 23 мамырда Антанта жағында соғысқа кірді.

Австро-Германия коалициасының табысы 1915 жылдың күзінде оған Болгарияның қосылуына ықпал етті. Нәтижесінде Төрттік одақ құрылды: Германия , Австро –Венгрия , Түркия, Болгария.

«Верден қырғыны». Германия 1916 жылы басты соққысын  Батыс майданда өткізуді көздеді, ол үшін, алдымен, Верден қамалы маңында орналасқа француз қорғанысын бұзуды жоспарлады.Ұзаққа созылған артилериялық атқылаулар мен неміс жаяу әскерінің  шабуылы француз қорғанысын толық бұза алмады. Неміс әскерлері  жазға қарай әлсіреп,оның алға қарай ұмтылу әрекеті 7 км-ден  аспады.

Верден түбіндегі шайқастың бәсеңдеуін күтпей-ақ, ағылшын-француз әскерлері Сомма жағасында шабуылды  бастады. Бұл аудандағы  шайқас қарашаның соңына  дейін жалғасты. Антанта әскерлері тұңғыш рет ағылшынның 79 танкін қолданса да қарсы жақтың майдан шебін бұза алмады. Верден мен Соммадағы шайқаста екі жақ 2 млн адамынан айырылып, үлкен шығынға ұшырады. Бұл шайқастың нәтижесінде Германия ағылшын-француз әскерін талқандауға  дәрменсіздігін танытып, қорғанысқа көшті. Батыс майдандағы Германия белсенділігі жойылды.

1916 жылғы 4 маусымда  Шығыста Ресей армиясының Оңтүстік –Батыс майдандағы жаңа шабуылы басталды. Генерал  Брусиловтың қолбасшылығымен орыс әскері Луцкінің шығысындағы Австро –Венгрия майданын бұзып өтіп, Буковинаны және Галицидің үлкен бөлігін азат етті және Карпатқа жетті.Шығыс майдандағы сәтті шайқастар одақтастардың Верден түбіндегі жағдайын жеңілдетіп, Соммада шабуыл бастауға мүмкіндік берді. Италия әскерін Австро –Венгрияның қоршауынан құтқарды және 17 тамызда жасалған шарт бойынша Румынияның Антанта жағына тартуға мүмкіндік алды.

Жалпы, 1915 және 1916 жылдардағы шайқастар Үштік одақтың күш-қуатын барынша әлсіретті. Антанта, керісінше өзінің пайдасына тиісті бетбұрыс жасады. Соғыс өрті шалған жерлерде босқындар пайда болды. Халық соғыс кезіндегі қиыншылықтарды өз елінің мүддесімен  байланыстырып, оларда Отанды жақтайтын патриоттық сезімдер бой көтерді. Осыған байланысты жергілікті халық ереуілдерге, шерулер мен көтерілістерге шықты.

Гинденбург жоспары. 1616 жылы 29 тамызда Германия әскері басшылығына фельдмаршал фон Гинденбург келді. 1917 жылы соғыстың жаңа жоспары жасалды. Жаңа жоспар бойынша барлық майдандағы шабуылдардың бірдей жүргізілуі тоқтатылуы тиіс және майдан шептері қысқартылуы қажет болды. Бүкіл экономика әскери мекеменің ықпалына берілді. 16-60 жас аралығындағы ер адамдар әскерге шақырылатын болды.Англияға қарсы шексіз су асты соғысын ашып, оған шешуші соққы беру ұйғарылды.

Бұл әрекет АҚШ-тың мүддесіне тікелей қайшы келіп, оның сауда флотына қауіп төнді. АҚШ-тың патша үкіметінен әскери ынтымастық орнату қажеттігін  Ресейдегі Ақпан төңкерісі жоққа шығарды. Осы жағдайларға байланысты 1917 жылдың 6 сәуірінде АҚШ   Германияға  соғыс жариялады.

Шығыс майданнан Батыс майданға Германия бар күшін төкті.Дайындықтан соң  1918 жылы наурыз айында Германия шабуылға шықты. Украина халқының  қарсылығын басу үшін басу үшін 500 мың солдат жөнелтті. Бұл Германияның  Батыс майдандағы күшін әлсіретті және 1918 жылы шілдедегі Батыстағы соңғы шабуылы да нәтиже бермеді.

Антантаның күші, керісінше арта берді. АҚШ әскерінің Еуропаға келіп жетуі француз армиясының 18 шілдеде Марна маңындағы  жаңа шабуылға шығуына мүмкіндік берді. Тамыз айының басында Антанта  әскерлері Аррас аймағындағы неміс майданын бұзып өтіп, қыркүйекте  Батыс майдан, Балқан және Таяу шығыста жалпы шабуылды бастады.1918 жылы 28 қыркүйек те  Салоника майданында толық талқандалған Болгария бітім туралы келісімге қол қоюға мәжбүр болды, бір айдан кейін Түркияда тізе бүкті. Жаңа сәтсіздіктер Австро –Венгрияның бөлшектенуін тездетті. Чех, серб, хорват, словен, гал халықтарында  күшті көтерілістер белең алып, нәтижесінде тозығы жеткен империяның орнында жеке ұлттық мемлекттер –Чехослсвакия, Венгрия кейінірек  Югославия  қалыптасты. Австро –Венгрия басшылығы Антантамен 1918 жылы 3 қараша күні бітімге қол қоюға мәжбүр болды.

Германия одақтастарынан айырылып, майданда  жалғыз қалды. Билеуші топтар елдің соғыс және төңкеріс  апатының қарсаңында тұрғанын түсінді. Мұндай жағдайдан  шығу үшін үкімет Антантадан бітім сүрау қажет деп шешті. Макс Баденский бастаған үкімет АҚШ президенті Вильсонға бітімге келісетінін айтты.

Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы. 3-4 қараша да  Кильде әскери теңізшілер бастаған көтеріліс оқиғаны жеделдетіп жіберді. Көтерісшілер соғысты тоқтатуды талап етті, өз мүдделерін қорғау үшін Германияда алғашқы Кеңесті құрды. Теңізшілер көтерілісінің толқыны 9 қараша да Берлинге жетті. М.Баденский кайзердің қызметтен кеткенін мәлімдеп, өкімет басшылығы социал-демократ  Эберттің қолына өткендігін хабарлады. Кеңестерге арқа сүйеген  1918 жылы 11 қараша күні Компьен орманында көптен күткен бітімге қол қойды . Сөйтіп, Бірінші дүниежүзілі соғыс аяқталды.