Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы реферат

0
204

Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………3

  1. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі.
  • Комьпен бейбіт бітімі және бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы……………………………………………………………………………5

1.2     Париж  бейбіт конференциясының шақырылуы………………9

  1. Соғыстан кейінгі бейбіт әлемді құрудағы негізгі принциптер.

2.1  Конференцияға қатысушы елдердің мүдделері және олардың арасындағы қайшылықтар…………………………………………………10

  • Халықаралық ұйым құру мәселесі……………………………..14

2.3 Конференцияда қабылданған негізгі  келісімдер……………….15

Қорытынды…………………………………………………………….18

 Пайдаланылған  әдебиеттер…………………………………………20

Кіріспе

  1. Тақырыптың өзектілігі.

Халықаралық    қатынастар    жүйесіндегі    жас    субъекті    ретіндегі    тәуелсіз    еліміздің    алдындағы    келелі    міндеттердің    бірі,    әрине    бұл    халықаралық    қатынастардың    бүгінге    дейінгі    қалыптасқан    тарихын    дұрыс    пайымдап,    объективті    тұрғыдан    жаңаша    зерделеу    екендігі    сөзсіз.    Қай    мәселеге  болмасын    батыстың, американдық    не    орыстық    ұстанымнан , түсінік– паймнан  гөрі    қазақтық    көзбен    немесе    «терезеден»    қарау    қажеттігі    күнбе  –  күн    артып    келеді.    Жалпы,        әлемдік    қауымдастықтың    тарихын   парықтай    келгенде;    оны    тарихи    –    мәдени    және    саяси   –  құқықтық    жағынан    саралай    білудің    зор    маңызы    бар    десек,    20  –  ғасырдағы    түбірлі    құбылыстардың    бірегейі    –    бірінші    Дүниежүзілік    соғыс    жылдарындағы    игі    дипломатиялық    келісімдер,  тізбекті    конференциялар    тарихтан    әлдеқашан    сүбелі    бағасын    алса    да,    толайым    бағаланды    деу    артық    болар.

Мен осы тақрыпты не үшін тандап алдым, себебі Париж бейбіт конференциясы халықаралық қатынастын дамуына өте үлкен ықпалың тигізді.  Париж  конференциясының  маңызды  нәтижесі  –  Ұлттар  лигасының  құрылуы  болды.  Ұлттар  лигасының  жарғысын  В.Вильсон  бастаған  арнайы  комиссия  жасады.  Ұлттар  лигасы  әлем  халықтары  арасында  ынтымақтастықты  дамытуға,  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  тиісті  болды.  Париж  бейбіт конференциясының  құрылуы  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларының  қалыптасуына  негіз  салды.

  1. Зерттеу денгейі.

 Париж бейбіт конференциясы туралы көп деген ғылыми жұмыстарды оқуға болады. Мысалы: Ключков Ю. В., Сабанин А. Международная политика новейшего времени и договорах, нотах и декларациях, 1997, Крылов  С.Б.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымын  құру  тарихы және Бережков  В.М.  Думбартон-Окстағы  конференцияда.  –  Жаңа  және  ең  жаңа  тарих.

  1. Деректік көзі.

Соғыстың  соңғы  жылында  В.Вильсон  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларын  негіздеген  бағдарлама  ұсынды.  1918  жылы  8-қаңтарда  Конгреске  тапсырылған  бұл  құжат  Вильсонның  «14  пункті».  Кокебаева  Г.К.  Халықаралық  қатынастар  тарихы:  Хрестоматия.  І-бөлім.  —  Алматы,  Сол сияқты көп деген деректерді табуға болады.

  1. Міндеті.

Жұмыстың міндеті ол: Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу  мәселесі, комьпен бейбіт бітімі, париж  бейбіт конференциясының шақырылуы, конференцияға қатысушы елдердің мүдделері және олардың арасындағы қайшылықтар, халықаралық ұйым құру мәселесі,  конференцияда қабылданған негізгі  келісімдер тақырыптарын толық қамтып жазу.                                  

  1. Мақсаты.

Осы жұмысты жазған себебім ол: Мен халықаралық қатынастар факультетінде оқимын, сол себебі осы тақырыпты таңдап алдым. Париж  бейбіт конференциясының  құрылуы  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларының  қалыптасуына  негіз  салды.

  1. Жұмыстың құрылымы.

Менің курстық жұмысымның ішінде;   кіріспе бөлім,  екі тарау, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер.                                   

І . Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі.

  • Комьпен бейбіт бітімі және бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

1918 жылы қараша айының 11-і күні Ремонд орманында орналасқан Компьен қаласындағы темір жолда тұрған поезд вагонында Антанта әскерінің қолбасшысы француз генералы Фош Германия уәкілінің қатысуымен соғыстың аяқталғандығы туралы құжатқа қол қойды. Соғыстың жеңіспен аяқталуы елдің астанасы Париж қаласында, сондай-ақ бүкіл елде тойланды.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен Француз халқы Клемансоны “жеңістің атасы” деп атады, оның отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланып, халық алғысына бөленген адам болды. “1870 жылы Пруссия-Француз соғысында жеңілген француздардың кегін алдық “біз жеңдік, енді дем алуға болады” деген сөздері халық арасында кең тарады”[1].

Халық көшеге шығып, жеңіс шеруіне қатысты. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуіне байланысты Франция Еуропадағы ірі державалы елге айналды. Бірақ төрт жылға созылған соғыс Франциядағы капиталистік қоғамды күйзеліске ұшыратты. Капитализм тұрақсыздығы басталып, демократия шектелді.  Компьен бейбіт  келісімінде Германия  шын  мәнінде   аса  быт-шыт  болып  жеңіліске  ұшыраған  жоқ.  Германияның  әлі  де  соғысуға  жарар   әскері  болды.  Асығыстықпен  қойған  Германияның   қолы  Компьен бейбіт  келісімінде  өзіндік   бір   саясатты   ұстады. Әрине  Еуропа елдерін  бірінші Дүние жүзілік соғыс әлсіретті.  Сондықтан да  жеңілген елдің   біратыла  капитуляциясы  деп айтуға  болмайды. Бұл Компьен бейбіт  келісімі  мемлекеттің  жеңген мемлекетке  аздап  мойынұсынуы  болды.  Армиясы  мен  қару  жарағын  аман  алып  қалған Германия  Компьен бейбіт  келісімі   тиімді  болды. Сондада  Германия  кей  әскерлерін  Украйнаның  жерлерінде  Батыс жағында  қалдырғанмен, әскерлерінің тұтас  бөлігін  Франция, Бельгия, Люксембургтен  алып шықты.

Ал Франция мемлекетіне соғыс елдің экономикалық-әлеуметтік және саяси дамуын тежеді. “Бірінші дүниежүзілік соғыс Францияға айтарлықтай ауыртпалық әкелді. 1,3 млн адам соғыста өліп, 2,8 млн адам жараланды. Франция экономикасы ауыр шығынға ұшырады. Германия жаулап алған Францияның өндіріс ауданында 10 мың фабрика және зауыт қирады. Экономикалық дағдарыс иифляцияны күшейтті”.

Франция одақтастарына 60 млрд. франк қарыздар болды. АҚШ-қа қарызы 40 млрд франк болса, бұрынғы патшалық Ресейде 12-13 млрд франк капиталын кеңестік Ресей берген жоқ. Жалпы соғыс жылдарында Франция 134 млрд астам франк шығын көрді.

Соғыстан кейінгі Францияның саяси дамуында екі бағыт сақталды. Біріншісі – Ресейдегі қоғам төңкерісінен кейінгі революциялық өрлеу, екіншісі – ұлтшылдық және шовинизм болды. Франция буржуазиясы революциялық қозғалысқа қарсы ашық күреске шығып, буржуазиялық қоғамды сақтап қалу үшін бар күштерін салды. Революция өрлеу жылдарында Француз социалистік партиясының (СФИО – француз сөзінен қысқартылған) беделі жұмысшылар арасында өсті. Францияның қоғамында революциялық күштер кең етек алды. Осындай жағдайда 1919 жылы қараша айында парламент сайлауы өтті. Сайлауда реакциялық буржуазия және финанс олигархиясы жеңіске жетті. “Ұлттық блокқа” біріккен буржуазия үкіметі құрылды. Демократиялық альянс және Республикалық Федерация партиялары Ұлттық блоктың негізін құрады. “Ұлттық блок” үкіметіне қарсы шыққан тек қана Франция социалистік партиясы болды. Осының нәтижесінде  Клемансо  үкіметтен   кетуге  мәжбүр  болды  да,  оның  орнына А. Мильеран премьер-министр болып тағайындалды.

Мильеран басқарған үкімет жұмысшы және кәсіподақ ұйымына қарсы батыл күреске шықты. Сонымен қатар Кеңестік Ресейге қарсы антисоветтік саясат кең етек алды. 1920 жылы Мильеран үкіметінің саясатына қарсы шыққан жалпы ереуілдік қозғалысқа 20 мың теміржол жұмысшылары қатысты. Елде ұлтшылдық саясат кең қарқын алып, 1920 жылы соғыстың аяқталғандығының екі жылдық мейрамын атап өтуге шешім қабылданды. Қарашаның 11 күні жеңіс шеруі болып, Париж қаласындағы Триумфал аркасында (жеңіс монументі) Елисей даласында мәңгі от жағылды. Верден соғыс майданынан белгісіз солдат сүйегі әкелініп жерленді. Жеңіс француздардың ұлттық санасында мақтаныш сезімін тудырды. Ұлттық блок үкіметінің сыртқы саясаты – Версаль бітімін нығайту, орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде ықпалын күшейту, антисоветтік саясат арқылы бұрынғы Антанта елдерімен қатынасты жалғастыру болды. Германияның соғыста жеңілуі Францияның Еуропадағы ықпалын күшейтті.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Еуропада  бірқатар  жаңа  мемлекеттер  пайда  болды.  Польша  тәуелсіздік  алды  және  оны  бұрынғы  кезеңдерде  үш  рет  бөліске  салғанда  айырыпып  қалған  жерлерінің  біразын  қайтарып  алды.  Габсбурггер  империясының  ыдырауы  нәтижесінде  Чехия  мен  Словакия  тәуелсіздік  алып,  Чехословакия  республикасы  құрылды.  Оңтүстік  славян  жерлері  бірігіп,  1918  ж.  Серб,  хор-ват,  словен  корольдығын  кұрды  (ол  1929  ж.  бастап  Югославия  деп  аталды).  1917-1920  жж.  Ресей  имдериясынан  бөлініп  шығып,  Финляндия,  Эстония,  Литва  және  Латвия  тәуелсіз  мемлекеттерге  айналды.

Алайда,  Кеңестік  Ресейдің  Финляндиямен  және  Польшамен  қарым-қатынастары  өте  кұрделі  болды.  1917  ж.  желтоқсанда  болыпевиктер  үкіметі  Финляндияның  тәуелсіздігін  мойындады.  Бірақ  фин  социалистері  1918  жылдың  басында  Ресейдің  үлгісімен  жұмысшы  республикасын  құруға  әрекет  жасады  да,  елде  шиеленіскен  азамат  соғысы  басталды.  Бұл  соғыста  большевиктер  үкіметі  фин  «қызылдарына»  астыртын  қару-жаракден  және  басқа  көмек  берді,  ал  фин  үкіметі  көмекті  Швеция  мен  Германиядан  алды.  Фин  «қызылдары»  жеңіліп,  олардың  басшылары  Ресейге  қашты.  Ресейдегі  азамат  соғысы  кезінде  Финляндия  үкіметі  антиболыневиктік  күштерге  көмектесті.  Сондықган  1920  жылы  бейбіт  келісім  жасалса  да,  екі  ел  арасындағы  қатынастар  салқын  қалпында  қалды.  Финляндия  үкіметі  фин  коммунистерінің  іс-әрекетін  үнемі  Кеңес  Одағының  1918  жылы  жете  алмаған  мақсаттарын  орындауға  тырысу  деп  бағалады  да,  Кеңес  үкіметіне  үнемі  сенімсіздікпен  қарады.

1.2. Париж бейбіт конференциясының шақырылуы.

1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттсрінің талабымен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.

1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Лойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.

Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:

— халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;

– ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;

– Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу. Ірі   державалық   елдер   бүл   мәселелерді   Париж   конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бүған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мүндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғысган кейінгі экономикалык дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция меы Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние 3 жүзінде   көмірдің   50%   ендірді;   шойын   мен   болаттың 2 мұнайдың; автомобильдің 85% шығарды.

  1. Соғыстан кейінгі бейбіт әлемді құрудағы негізгі принциптер.

2.1 Конференцияға қатысушы елдердң мудделері және олардың арасындағы қайшылықтар

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдеріиде 7 млрд. доллар. Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: “Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел пленумде билік жүргізуі қажет” — деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына “14 пункттен” тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:

–   Антанта елдерінің арасындағы жасырыи  келісімдерден бас тарту;

– дүниежүзілік мүхиттар мен теңіздерде еркін жүзу:

–    барлық   кедендік   кедергілерді   жойып,   халықаралық “ашық есік” және “ашық қол” принципін сақтау;

– отар елдердің мәселесін әділетті шешу;

– қару-жарақты қысқарту;

–    Германиямен    және    оның    одақтастарымен    әділетті кслісімдер жүргізу;

–   дүниежүзілік дау-жанжал   мәселелерді   бейбіт  жолмен шешу үшін халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құру.

Париж конференциясында АҚШ Президенті В.Вильсонның бейбітшілік сүйгіш саясатты білдірген “14 пункттен” құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.

“14 пункттен” тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп. Франция мен Англня Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын 9 қабылдамады. Бірақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.

XX ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бітімінің қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңіліс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға көндіру болды.

АҚШ   үкіметінің   тікелей   ұсынысымен    1921   жылы    12 караиода   бірінші   дүниежүзілік   соғыстың   аяқталуының   үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конфе-ренция жүмысына тогыз ел — АҚШ. Аиглия. Франция, Жапония, Италия,  Бельгия,  Голландия (Нидерланды).  Португалия  және Қытай   қатысты.   “Конференцияны  ашуда  сөз  сөйлеген   АҚШ президенті    Гардинг   салтанатты    түрде:    “Біз   дүниежүзінде бейбітшілік    пен    тұрақтылықты    орнату    үшін    бас    қосып отырмыз” – деді”[2].  Америка Құрама  Штаттарының  конферен-циядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?

Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден, Англияның әлемдік мүхиттар мен теңіздердегі үстемдігін әлсірету; үшіншіден, Тынық мүхит аралдарында мандаттық статуство құқықтарының сақталуын бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзінің дүние жүзіндегі қаржылық үстемдігін пайдаланып, өзінің негізгі қарсыластарын көндірді де, дүниежүзілік билеу саясатын жүргізуге жол ашты. Біріншіден, 1922 жылдың 6 ақпанында “тоғыз держава келісіміне” қол қойылды. Мұнда Қытай елінің егемендігі мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, “ашық есік” және “тепе-тең қатынас” принципі ұсынылды.

АҚШ-тың «ашық есікң саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету еді. Сөйтіп, “тоғыздық келісім” барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньчжуриядағы салып жатқан темір жол күрылысыиан бас тартты. Қытайдағы кеңесшілерін кейін шақырып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегін де Қытайға қайтарды. Сөйтіп, Жапония Қытайдағы беделінен айырылды.

Екіншіден, конференцияда “бес ел келісіміне” қол қойылды. Соғыс-теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерін жасауды тоқтата тұру; ескі соғыс кемелерін жою: ұлы держава елдері арасындағы соғыстың кемелерінің арақатынасын ретгеу. АҚШ-тың негізгі ойы жаңадан соғыс-теңіз кемелерін жасап, Англияның әлемдік сулардағы үстемдігін әлсірету болатын. Конференциядағы “бес ел келісіміне” сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келісімге — АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ – 5, Англия – 5, Жапония – 3, Франция – 1.75, Италия – 1,75 болып пропорциялық түрде белгіленді. 575 мың т. линкор жасау — АҚШ және Англия үлесіне, 31 5 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. Әрбір линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады.

Үшіншіден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция “төрт елдік келісімге” қол қойды. Бүл келісімде “Тынық мұхит аралдарын пайдалану қүқықтарын реттеу” сөз болды. АҚШ-тың мақсаты – Тынык мүхит аралдарындағы Жапонияның беделін әлсірету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келісімінің күшін жою болды. Жапония делегациясы бұл келісімнің жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкілі: “Сіздер қорықпаңыздар, бір келісімнің орнына төрт келісім қабылданды” – деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкілі: “Сіздер бәрібір біздің келісімді жерге көмдіңіздер” – деген жауап қайтарды.

Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы Америка Құрама Штаттарының ең ірі жеңісі болды. Олар Париж конференциясындағы жеңілістің есесін қайтарды. АҚШ-тың дүниежүзін билеу және ұлы державалық саясаты асықпай іс жүзіне аса бастады. Бірақ, Версаль-Вашингтон келісімдер жүйесі империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкіметінің сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзінін билеу саясатын еркін жүргізе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесі, ұлы держава елдерінің арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екінші дүниежүзілік соғысқа әкелді.

  • Халықаралық ұйым құру мәселесі

Париж  конференциясының  маңызды  нәтижесі Халықаралық  ұйымның яғни –  Ұлттар  лигасының  құрылуы  болды.  Ұлттар  лигасының  жарғысын  В.Вильсон  бастаған  арнайы  комиссия  жасады.  Ұлттар  лигасы  әлем  халықтары  арасында  ынтымақтастықты  дамытуға,  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  тиісті  болды.  Ұлттар  лигасының  құрылуы  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларының  қалыптасуына  негіз  салды.  Жарғы  бойынша,  мемлекеттер  арасындағы  даулы  мәселелерді  соғысқа  жүгінбей,  бейбіт  келіссөздер  арқылы  шешу  белгіленді.  “Ұлттар  лигасының  дербес  қарулы  күштері  болған  жоқ,  сондықтан  басқыншы  мемлекеттерге  қарсы  дипломатиялық  және  экономикалық  санкциялар  қолданылатын  болды”[3].  Лигаға  барлық  мемлекеттер  мүше  бола  алады.

Антанта  елдерінің  Германия  мен  Осман  империясының  отарларын  бөлісіп  алу  ниетіне  орай,  Ұлттар  лигасының  жарғысына  мандаттық  жүйені  бекіткен  бап  енгізілді.  Антанта  елдері  жаңа  отарларды  билеуге  белгілі  бір  мерзімге  Ұлттар  лигасынан  мандат  алатын  болды.  Мандат  бойынша  бағын-дырылған  ел  дамудың  белгілі  бір  дәрежесіне  жеткен  кезде,  мандаттың  күші  жойылып,  оған  тәуелсіздік  беріледі.  Алайда  екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейін  мандаттың  күші  жойылып,  тәуелсіздік  алған  ел  болған  жоқ.

2.3 Конференцияда қабылданған негізгі келісімдер 

Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келіссөздер басталды.

Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияга қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск; Қаласы ерікті қала ретінде Үлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің — бөлігінен айырылды.

Екіншіден, Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге келісті. Германияға 100 мың әскер ұстауға рүқсат берілді. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды. Үшіншіден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын етеу (репарация) мәселесі қаралды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялык комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтін болып келісті. “Репарациялық төлемнің 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия – 10%, Бельгия – 8%-ын алатын болды[4].

Төртіншіден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бір бөлігі Англияға берілді. Намибия – Британияның доминионы Оңтүстік-Африка Одағына өтті. Тогоның шығыс бөлігі, Камерунның көп бөлігі және Руанди, Берунди Францияға берілді. Германияның Тынық мүхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өтті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берілді. Қытайдағы Шаньдун түбегі Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдің шығыс бөлігі, архипелаг Самоа берілді.

1919-1920 жылдардағы Германия және оның одақтастарымен болған келіссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерістер әкелді.

Біріншіден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдері тәуелсіздік алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдігін мойындады. Жер өзгерістерін бекітті. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстік Тироль Итапияға берілді. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиісті болды.

Екіншіден, 1919 жылы қарашаның 27 күні Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келісімі болды. Батыс Франция Грецияға беріліп, Эгей теңізіне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдігіне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтін болды.

“1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келісімге қол  қойылды.  84  мың  км2 жері  6,7  млн  халқымен  Австрия Республикасы құрылды”[5]. Келісім бойынша Австрияның Германияға және басқа елге бірігуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия  мен Трианон  келісімі жасалды. Бұл келісім бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берілді. Хөрватия – Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы – Чехословакияға берілді.

1920  жылы  10 тамызда Севр қаласында Түрік мемлекетімен келісімге қол қойылды. Түрік Республикасының жері Кіші Азия бөлігі мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелді. Измир    қаласы    Грецияға    өтті.    Шығыс    Араб    елдеріндегі Палестина,  Трансиордания  және  Ирак  Англияға,  Сирия   мен Ливан   Францияға  берілді.   Батыс  Армения   жері  түріктердің мандаттық билігінде  қалды.  Күрдістан  – түріктерге  берілді. Фосфор   мен   Дарданелл   ұлы   державалардың   халықаралык комиссиясының бақылауында қалды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Версаль және баска бітімдер жүйесі халықаралық қатынастагы жаңа саясат – империалистік елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелді. Жаңа халықаралық жүйенің ерекшеліктері:

  1. Империалистік елдер    арасындағы    қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешуге келісті;
  2. Қару-жарақты қысқарту;
  3. Халықаралық ұйым – Үлттар Лигасы құрылды;
  4. Версаль бітімі   империалистік   елдердің   агрессиялық саясатын тежеді;
  5. Кеңестік Ресейге қарсы “Санитарлық кардон” саясатын ұстады.
  6. Батыс Еуропа елдері XX ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшілік негізде мойындауга мәжбүр болды:
  1. Халықаралық қатынаста жаңа Кецес Одагының сыртқы саясаты қалыптасып жаңа халықаралық қатынасқа өзгерістер әкелді.

 Қорытынды. 

Сонымен, жоғарыдағыларды жинақтап қорыта келгенде, халықаралық қатынастар тарихындағы өте маңызды конференцияларының игі бастамасы дәстүрлі жалғасын тапқан дипломатиялық қадам ретінде бағаланады. Осы  конференциясының түпкі мақсаты бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау еді. Іс жүзінде осы конференциялары күші адамзаттық игі мақсатты орындай алды деуге толық негіз бар ма деп ойлансақ менің  ойымша  АҚШ, Англия мен Франция    мемлекеттері өз  мүдделерінің мақсаттарына қызығушылық көп  болды.  Конференциялар барысында негізгі қаралған мәселелелер , әрине, Германия (неміс) мәселесі болды. Дегенмен де бірінші дүниежүзілік соғыс барысында аталмыш конференциялардын алар орны ерекше және ортақ мүддеден туындаған халықаралық құбылыс еді.

Сонымен қатар Версаль бейбіт бітімінен кейін Германияны бөлісудің нәтижесінде Францияға Германияның Рур көмір бассейндері мен метологиялық кен орындары тиді. Осылардан Германияны жыл сайын Францияға репарация төлеп тұруға мәжбүр етті.  Бірақ Германия сол жылдары үлкен кризиске ұшырап жағдайы қиындағаннан кейін, билік басына Куно үкіметі келіп барлық міндеттерді орындаудан бас тартқан болатын.

“Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Еуропада  бірқатар  жаңа  мемлекеттер  пайда  болды.  Польша  тәуелсіздік  алды  және  оны  бұрынғы  кезеңцерде  үш  рет  бөліске  салғанда  айырылып  қалған  жерлерінің  біразын  қайтарып  алды”[6].  Габсбургтер  империясының  ыдырауы  нәтижесінде  Чехия  мен  Словакия  тәуелсіздік  алып,  Чехословакия  республикасы  құрылды.  Оңтүстік  славян  жерлері  бірігіп,  1918  ж.  Серб,  хор-ват,  словен  корольдығын  күрды  (ол  1929  ж.  бастап  Югославия  деп  аталды).  1917-1920  жж.  Ресей  империясынан  бөлініп  шығып,  Финляндия,  Эстония,  Литва  және  Латвия  тәуелсіз  мемлекеттерге  айналды.

Жұмысымды қорыта келгенде бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі конференциялар және  басқа  бітімдер  жүйесі  халықаралық  қатынастағы  жаңа  саясат  -империалистік  елдер  арасындағы  катынастардың  жаңа  бағытта  дамуына  әкелді  деп  айта  аламыз .  Оны мына жаңа  халықаралық  жүйенің  ерекшеліктерімен  дәлелдеуге  болады:

  1. Империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды келіссөздер  арқылы  шешуге  келісті;
  2. Қару-жарақты қысқарту;
  3. Халықаралық ұйым  –  Ұлтгар  Лигасы  күрылды;
  4. Версаль бітімі империалистік      елдердің      агрессиялық  саясатын  тежеді;
  5. Кеңестік Ресейге қарсы  “Санитарлық  кардон”  саясатын  үстады.
  6. Батыс Еуропа  елдері  XX  ғасырдың  20-жылдарында  Кеңес  Одағын  елшілік  негізде  мойындауға  мәжбүр  болды:
  7. Халықаралық қатынаста жаңа  Кеңес  Одағының  сыртқы  саясаты  қалыптасып  жаңа  халықаралық  қатынасқа  өзгерістер  әкелді.

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

  1. Крылов С.Б.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымын  құру  тарихы.  –  М.,  1960  ж.
  2. Тегеран-Ялта-Потсдам Документтер  жинағы.  –  М.,  1967  ж.
  3. Александров В.В.  Новейшая  история  стран  Европы  и  Америки.  -В  2ч.-М.  1986-1988.
  4. Историогорафия истории  нового  и  новейшего  времени  стран  Европы  и  Америки  /  Под  ред.  И.П.Дементьева.  –  М.,
  5. История новейшего  времени  стран  Европы  и  Америки  /  Под  ред.  Е.Ф.Язькова.  –  В  2  ч:  –  М.,  1989-1993.
  6. Кокебаева Г.К.  Халықаралық  қатынастар  тарихы:  Хрестоматия.

І-бөлім.  —  Алматы,  1997. 14-32бет

  1. Мәшімбаев С.М.  Еуропа  және  Америка  елдерінің  қазіргі  заман  тарихы  (1918-1945):  Оку  құралы.  —  Алматы,  8-15бет
  2. Новейшая история.  1939  –  1973  /  Под  ред.  И.С.Галкина.  —  М.,
  3. Новейшая история  Отечества.  XX  век.  –  В  2  т.  —  М.,
  • Новейшая история стран  Европы  и  Америки.  XX  век  /  Под  ред.  А.М.Родригеса  и  М.В.Пономарева.  —  В  2  ч.  –  М,
  • Хрестоматия по новейшей  истории.  –  В  3  т.  —  М.,  1960,

1.Мәшімбаев С.М Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945): Оқу құралы.-Алматы 2003

2.Көкебаева Г.К Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия. І-бөлім – Алматы, 1997 14-32 бет

3.Хрестоматия по новейшей истории. – В 3т. – М., 1960, 1961.

  1. Мәшімбаев С.М Еуропа және Америка елдерінің қәзіргі заман тарихы (1918-1945): Оқу құралы.-Алматы

2003 8-15бет

5.Александров В.В Новейшая история стран Европы и Америки. – В 2ч.-М. 1986-1988.

  1. Александров В.В Новейшая история стран Европы и Америки. – В 2ч.-М. 1986-1988.