Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері

0

ЖОСПАР

КІРІСПЕ                                                                                                                   3 

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Жаңа педагогикалық технологияның ерешеліктері                   5

1.2   Оқытудың қазіргі технологияларын енгізу жағдайы              12

2 БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану                                                                                                  15

2.2   Әлеуметтік – психологиялық қызмет көрсету саласының он екі жылдық білім беру жүйесіндегі сипаты                                        25 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақсандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.

Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ез қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.

Білім — қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі — адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуынын ең басты алғы шарты — білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Зерттеудің мақсаты: Асқактаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардьщ иелері болады» (Қазақстан-2030 бағдарламасы).

Әрине, «келешектің иесі — жастар». «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманьша көбірек ұксас келеді». Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу.

Зерттеудің объектісі: Тараз қаласы, №8 Төле би атындағы гимназия, 2 «б» сыныбы.

Зерттеудің міндеттері: қазіргі таңдағы оқу-тәрбие процесіндегі жаңа технологияландыру бірнеше міндеттерді жіктейді.

  1. Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
  2. Оқу-тәрбие процесінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
  3. Оқу тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер әрбір ғылым саласының алатын жаңалығы да, атқаратын қызметі де, жаңалықтар ашса, пайдасын тигізсе педагогика қоғамдағы адам өміріндегі түрлі әрекеттерді талдау арқылы тиісті деректерге назар аудара отырып, теориялық нанымдау жасап, педагогикалық жүйенің меңгеру технологиясын жетілдіруге ықпал етеді. Педагогикалық болжамның тәлім-тәрбие мен оқу-тәрбие процесінің тиімді амалдарын белгілеудегі қызметі мәнді де мағыналы болар еді.

Зерттеу әдістері: педагогикалық – психологиялық талдау. Осы проблема бойынша озық тәжірибелерді зерттеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық  жұмыс кіріспеден, зерттеу көкейкестілігінен, зерттеу мақсатынан, зерттеу объектісінен, зерттеу міндеттерінен, ғылыми болжамнан, зерттеу әдістерінен, ІІ тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮИЕСІНДЕГІ ЖАҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

1.1 Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жұр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

  1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы — мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
  2. Жаңаша оқытудың негізгі  түрлері:   оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат — оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
  3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өзідігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі  оқулықтар  мұндай  талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен  білім  алуына  аса  бейімделген  жаңа  типтегі оқулықтар керек-ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория — Л.С.Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуалды даму» аймағынан жақын арадағы даму» аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар — әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:

  • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
  • сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат — сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.

Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар «есеп-зачетка» алынып отырады. «Зачеттің» «екіліктен» айырмашылығы: бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмалары қашан «есепке алынғанша» міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

Өзін-өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.

Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Қазіргі  заманғы  қоғамдық  білім  саласында  білім  беру  үрдісінде  көптнген  филисофиялық  бағыттар,  ағымдар,  мектептер  бар.  Педагогикалық  технологияға  олардың  бәрәнің  негізінде  сипатттама  беру  мүмкін  емес.  Біз  тек  қана  педагогикалық  технологиялардың  тұжырымдамасыннан  айқын  көрінетін  бірнеше  философиялық  негіздердің  кейбіріне  ғана  тоқталамыз.  Олар  материализм  мен  идеализм,  диалектика  мен  метафизика,  гуманизм  және  антигуманизм  және  т. б.

Диалектикалық – материалистік  бағыт  кеңестік  дәуірде  білім  берудің  өзегі  болып  табылғандықтан,  одан  басқа  бағыт  туралы  айту  мүмкін  болмағанын  біз  сол  кезде  жарық  көрген  оқу  әдістемелік  әдебиеттердің  кез-келгенінен  табамыз.

Ізгілік – адамды  және  тұлғаға  есебінде  танып,  оның  құндылықтврын  бағалап,  оған  еркіндік  беріп,  өз  қабілетін  көрсете  білуге  жағдай  жасайтын  жүйе.

Теософия – діни  бағыттағы мектептердің  маңызды  іргетасы  болып  табылады.  Теософиялық  ізгілік  парадогмасының  тамыры  халықтық  педагогикада  жатыр.

Педоцентризим – философияның  баланың  қызығушылығы  мен  талабының,  қажеттілігінің  басымдылығын  бағалай  отырып,  оның  жан-жақты  дамуына  жағдай  туғызуды  негізгі  міндет  деп  есептейтін  бағыты.

Прагматизм – тұжырымдамасы  бойынша  жеке  бастың  интеллектуалдық  және  адамгершілік  қасиеттері  оның  сирек  кездесетін  табиғатына  және  тәжірибесіне  байланысты.  Мұның  негізі  адамға  табиғат  берген  қабілеттілікке,  өзін-өзі  икемдеуге  байланысты  шешіледі  деп  есептейді.

Қоғам  өмірінің  кенеттен  өзгерісі  мен  білім  беру  жүцесінің,  білім  беру  мақсатымен  формаларының,  оқыту  мазмұны  мен  технологиясының  арасындағы  сәйкессіздік  білім  беру  жүйесінің  дағдырысқа  ұшырауына  соқтырды:

  • педагогикалық білімге  деген  сұраныс;
  • педагогикалық білім  берудің  кәсіптік  деңгейін  көтеру;
  • жалпы білім  берудің  ерекшелігі  мен  икемділігі;
  • жалпы білім  берудің  қоғамның  талабына  сәйкес  келуі;
  • дәстүрлі технологияның  тиімділігінің  төмендігі;
  • қоғамның жеке  тұлғаның  дамуына  қойып  отврған  талабының  өсуі;
  • оқытудың жаңа  технологиясын  ендіруге  кері  әсер  етіп  отырған  психологиялық,  әлеуметтік  кедергілер.

Оқыту  технологиясы  оқыту  теориясын  бейнелейді  және  оқытудың  технологиялық  деңгейін  стратегиясы   мен  тактикасы  болып  табылады.

Мектептердегі  білім  мазмұны  мәдениетіөркендеген  демократиялық  қоғамға  үйлесімді  жаңа  адам  үлгісін  тәрбиелеуге  бағытталуы  тиіс.

Осы  заманғы  ұлттық  мектеп  білім  мазмұны  тұжырымдамасының  методологиясы  таным  процесінің  философиялық  теориясынан,  жеке  тұлға  болмысын  түсінуге  бағытталған  іс-әрекет  туралы  ілімнен,  түрлі  оқу  пәндерін  оқытуға  диалектикалық  тұрғыдан  қарау  мен  тұтас  педагогикалық  процесс  теориясымен  негізгі  қағидаларынан  келіп  шығады.

Қазіргі  уақытта  жалпы  білім  қоғамдық  қажеттілік  қана  емес,  сонымен  қатар,  жеке  адамның  өзіне  де  қажет,  оның  қоғамдық  мәдени  өмірге  кәсіптік  еңбекке қатысып,  білімін  одан  ары  жетілдірудің  мөлшері  болып  табылады.

Сондықтан  да  жалпы  білім  беру  мектептің  білім  мазмұнын  жаңарту  үшін  нақты  әлеуметтік  жағдайларда  дамитин  әрбір  оқушының  талғам – тілегінің,  оның  табиғи – биологиялық – гинетикалық  негіздноін,  қабілетін,  денсаулығы  мен  психологиялық  ерекшеліктерін  барынша  ескере  отырып,  жеке  тұлғаны  шығармашылықпен  іс-әрекет  ете  білу  мақсаты  басшылыққа  алынады.

Жаңартылған  білім  мазмұнының  ғылыми — әдістемелік  негізіне  дамыта  оқыту  идеясы  алынған.  Дамыта  оқытудың  ерекшелігі  оқушыда  пәндік  білім,  білік,  дағды  қалыптастырудың  қажеттілігін  жоққа  шығармайды,  бірақ  оқыту  мен  оқушыны  дамыту  міндеттерін,  басымдылығын  қолдамайды,  оқыту  оқушының  дамуын  қамтамасыз  ететін  жағдай  болуы  керек  дегенді  приоритет  етіп  қою.

Дамыта  оқыту  жүйесінде  оның  мазмұны  оқушының  жеке  бас  болмысын,  тұлғасын  дамытудың  құралы  деп  қарастырады.  Ол  мазмұнды  оқушы  меңгеруі  тиіс  теориялық  ұғымдар  мен  түсініктер  жүйесі,  оны  саналы  меңгеретін  жалпыланған  амал- -әрекеттер  және  ұстанымдарды  беріліп  бейнелеуі  қажет  және  бұл  мазмұн  оқулықта  көрініс  табуы  шарт.

Кез — келген  технология  адамның  психикалық  дамуын  анықтайтын  деректер,  алғашқы  себептер  туралы  түсініктерден  пайда  болады.  Дамудың  негізгі  жетекші  факторына  байланысты  технологияларды  төмендегінше  бөлуге  болады:

  • психиканың дамуы  биологолиялық  тұқым  қуалау  арқылы  анықталады  деп  қарастыратын  биогендік  технологиялар;
  • жеке тұлғаның  қалыптасуы  адамның  әлеуметтік  тәжірибесіне,  оқып  үйрену  нәтижесіне  байланысты  деп  қарастыратын  социогендік  технологиялар;
  • даму нәтижесі  адамның  өзіне,  тәжірибесіне,  өзін-өзі  психологиялық  жағынан  жетілдіруіне  байланысыты  анықталады  дегенді  жақтайтын  психогендік  технологиялар;
  • жеке тұлға  және  оның  қасиеттерін  материя  емес  деп  үғындыратын  идеалистік  технология.

1.2 Оқытудың қазіргі технологияларын енгізу жолдары

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен,      ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы   білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
  • ақпараттық дәстүрлі әдістері — ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс — қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
  • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология — бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология — бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.

Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялык-педагогикалық нұсқауларының жиыны.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу — іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология — оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).

Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әркилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогиклық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:

  • елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі — мектепке әлеуметтік сұраныс;
  • мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар -мемлекеттік сұраныс;
  • қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
  • педагогикалық озат тәжірибе;
  • мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
  • мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.

Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:

  • алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
  • жүйелілігі;
  • тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі.

ә) оқыту мазмұндық бөлімі:

  • оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
  • оқу материалының мазмұны.

б) үрдістік бөлім-технологиялық процесс:

  • оқу үрдісін ұйымдастыру;
  • оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
  • мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
  • мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
  • оқу үрдісінің диагностикасы.

№3 кестеде оқыту технологияларының классификациясы көрсетілді.

Мұғалімнің  оқыту  технологиясын  қолдануға  дайындығын  оның  қызметінің  сан  қырлы  жақтарына  байланысты.  Оның  оқыту  технологясына  қолдану  дәрежесі,  көзқарасын  біз  оның  білімі  мен  тәжірибесінің,  мұғалім  ретіндегі  іс-әрекетінің  нәтижесімен  бағаладық.

Қоғам  бүкіл  жүйесін  жаңартуға,  оның  ішінде  білімді  ұрпақ  даярлауды  жаңартуға  өте  ынталы,  себебі  қазіргі  мектептерге  жаңаны  тез  меңгеретін,  өзгерістерге  бейімділігін,  қоғам  өзгерісін  дұрыс  қабылдай  алатын  жас  ұрпақ  қажет.  Сондықтеан  жас  адамды  жан-жақты  жетілдіруде  қоғамның  талап  тілегін,  мүддесін  ескеру  қажетті  де  міндетті  болып  табылады.

Жалпы  орта  мектеп  оқушылары  іс-әрекетіеің  негізгі  түрі – оқу  үрдісі  болып  табылады.  Сондықтан  оның  болашақ  қоғам  жасаушы  жастарды  дамытуда,  оқытып  тәрбиелеуде  оқытудың  жаңа  технологиясын  қолдануға  дайындаудағы  потенциялдық  мүмкіндіктерін  ақындау  жауапты  міндет.

Педагогикалық – психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып,  оқытудың  жаңа  технологиясын  қолдануда  әр  құрамдас  бөлік  бойында  қызмет  түрлеріне  тоқталайық.

Ынталық – қызығушылық  компоненті  оқушылардың  қарастырып  отырған  мәселеге  көзқарасын,  құндылық  бағалау  көзқарасын,  ынта –ықыласын,  талап – тілкгі  мен  сұранысын  көрсетеді.

Бағдарлық –нысанаоық  компонент  оқушылар  жаңа  технология  туралы  ақпаратын  оған  бейімделу,  үйренуге  ыңғайлану  дәрежесін  қарастырады.

Мазмұндық  компонент  оқушылардың  оқытудың  жаңа  технологиясы  туралы  білімі,  оның  мән-мазмүны,  ерекшеліктері,  қолданудың  әдіс-тәсілдері,  амалдары  туралы  бірлігімен  сипатталады.

Процессуалдық  компонентке  оқушылардың  өзі  білетін  жаңа  технологиялардың  жүзеге  асыру  білігі  мен  дағдысы  кіреді.

Қоғамдағы  түбірлі  өзгерістер,  әсіресе,             оқуағарту,  білім  беру  саласындағы ізгілендіру  мен  демократияндыру  процестері              мектептерде  білім  мазмұнын  жаңартуды,              білім  беруді  басқару  жүйесін  жетілдіруді,            мұғалімддерге  қойылатын  талап  деңгейін             өзгертуді  қажет  етіп  отыр.  XXI  ғасыр  шебінде  жаңа  технологиялардың  пайда  болу     ғылымның   жас  ұрпақты – болашақ            азаматтарды  өміріне  даярлау  сапасына     ықпалын  бұрынғыдан  күшейтеді,  өйткені  XXI  ғасыр  табалдырығында  білім  өзінің            маңыздылығы  жөнінен  елдің  стратегиялық    ресурстарымен   бәсекелесе  алатын  капиталға            айналады.  Ғылыми  техникалық  прогрестің  жетістіктерін  игерудің  және  жаңа  технологияларды  жасаудың  жоғары  білікті  мамандарды  қажет  ететіні  айқын  болып  отыр.      Болашақ  және  қазіргі  заман  азаматтары  қоғамдық  дамудың  деңгейінен  көрінетін  оның  әлеуметтік  парызына  жауап  беруді  көздейтін,  жаңалыққа  сергек,  өз  ісіне  гуманистік  сезіммен  қарайтын  педагогикалық  күрделі  құбылыстардың  барысын  идеялық  адамгершілік  тұрғыдан  шеше  алатын,  жаңадан  ойлау  дамуын  ұйымдастыра  алатын  және  ата-аналармен,  ұжыммен  педагогикалық  ынтымақтастық  орнатуға  бейімділігі  бар,  шығармашылық  еңбек  ететін  азамат  даярлау  міндеті  басты  назарда  болуы  керек. Инновациалық  теориясының  негізін  қалаушылар  неміс  ғалымдары  В. Земберг,  В.  Метчерлих,  австралиялық  И. Шушпетер.

Жаңалықтарды  ашу  процесінде  ғылым  мен  практикалық  білімнің  және  зерттеу  мен  практикалық  білімнің  және  зерттеу  мен  практикалық  тәжирибелер  нәтижелерін  практик  қызметкерлердің  меңгеруі  арасындағы  байланыстың  үзілуінің  себебі – педагогикалық  білім   мен  енгізу  қызметкерлерінің  бір-біріне  қатыссыз  жекелей  дамуында.

Жаңалық – педпгогикалық  зерттеулерді  бағалау  негізгі  критерийлерінің  бірі,  шығармашылық  үрдістің  түпкі  нәтижесі,  кез-келген  жаңалықтың  өзіндік  құндылығы,  дербес  қасиеті.

Педагогикалық  неология (гректің  neos — жаңа,    logos -сөз)  педагогика  теориясы  мен  нәтижесіндегі  жаңалықтар  туралы  ілім.

Кесте №3. Оқыту технологияларының классификациясы

 

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру байланысты оқытудың міндеттері

Оқыту түрлері, әдістері
Оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру
Оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткіштерін анықтау
Оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау
Педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу
Жетіспейтін дидактикалық құралдары жасау дағдысын қалыптастыру
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру
Оқу модулін құрастыру
Педагогикалық оқулар
Практикалық сабақтар
Семинар
Лекция
Панорамалық сабақ
Педагогикалық шеберханалар
Рефлексивті – рольдік ойын
Проблемалық – іскерлік ойын
Бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру
Ашық сабақтарға кіру, талдау
Сынақ мерзімін өткізу
Педагогикалық идеялар, аукцион
Педагогикалық ринг
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ

Оқыту міндеттері

  • БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
  • Оқыту үрдсінде педагогикалық  технологияларды  ұтымды  пайдалану 

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту арқылы мынадай нәрселерге қол жеткізудің бірнеше мүмкіндіктері бар. Олар:

— өзінің алған білімін практикада қайда, қалай, қандай мақсатта пайдалануға әр оқушының танып-білу үшін іс-әрекетке белсенді қатынасу мүмкіндігі;

— әртүрлі проблемаларды шешуде, қарым-қатынаста адамдармен жұмыс істей алу дағдысының қалыптасуы;

— өз класының, мектебінің басқа адамдармен кең қарым-қарынас жасау мүмкіндігі;

— қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне байланысты өзінің ойын қорытындылау, оны жан-жақты зерттеу мүмкіндігі;

 

Бұл міндеттерді шешуге тек білім берудің мазмұнын өзгеруімен ғана емес, оқыту технологияларын өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Ал білім беру ісінің үздіксіз екендігін ескерсек, өзгерістер тек мектепте ғана емес, колледждерде, жоғарғы мектепте де жүруі тиіс. Бұл — жай сөз емес, қазіргі өмірдің кажеттілігі. Сондықтан да білім беру ісінің тек күндізгі бөлімінде емес, сырттай, тіпті қашықтықтан оқыту (дистанциялық) түрінің өзіне де оқыту технологиялары енгізілуі керек. Қазір акпараттардың көзі ретінде эклектрондық құралдар: радио, телевидение, компыотер, интернет пайдаланылып жүр. Үлкен материалдық шығындардан қорқып, оларды енгізбей қалуға болмайды. Бұл біздің жастарымыздың алдыңғы қатарлы елдер жастарымен тең болуына көмектеседі. Осылайша енгізілген жаңа білім парадигмасы, оның алдына қойған мақсаттарын шешу үшін енгізілген жаңа технология өзінен-өзі оқу процесін өзгертпейді. Бұл процесте маңызды рөлді мұғалім атқарады.

Авторлардың ойы бойынша оқыту технологиясы арқылы оқу процесі ұйымдастырылған кезде оқу материалы бойынша өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігіне байланысты өз жобасын жасай алады. Сөйтіп әр оқушы өзінің тұлғалық мүмкіндігін толық пайдалана алады.

Ғалымдар 60-80 жылдардағы және қазіргі кездегі білім беру технологияларына, олардың мазмұнына анализ жасай отырып, мынандай корытынды жасайды. Алғашқы кездегі технологиялар оқушы біліміндегі кемшіліктерді түзетуге, оның білім дәрежесін анықтауға бағытталады. Ал қазіргі білім беру технологиялары оқушының болашақтағы дамуына, оны болжауға бағытталады. Технологияларды оқушының болашағын болжау мен дамуына қатар бағыттау, қажетті ақпаратты оқу процесінде біртіндеп беруге негізделеді. Бұл процесс ғылымда «мониторинг» деп аталады.

Осы педагогикалық мониторинг мұғалім мен оқушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осылайша ұзақ үздіксіз бақылау оқу процесін тиімді басқаруға көмектеседі. Алғашында пайдаланған технологиялардың ерекшеліктері мен кемшіліктері — олар бір рет жасалынып, оның ұзақ уақыт бойы ұқсастығы бірдей жағдайларда пайдаланыла берілуі.

Қазіргі технологиялар жетілдіруді, әртүрлі жағдайларда пайдалана беруді талап етеді.

Бүгінгі күндері педагогикалык оқыту технологияларың дұрыс пайдалана білу-үлкен қажеттілік. Дегенмен көптеген жағдайда оқыту әдісін оқыту әдістемесін, оқыту технологиясын, педагогикалық оқыту технологияларың бір-бірінен ажыратып, пайдалана білу қажет. Олардың арасындағы байланыс бірін-бірі толықтырып отыратын ұғымдар екендігін түсіну ләзім.

Оқыту әдісі-оқыту процесі кезіндегі мұғалім мен оқушының оқу процесінің мақсатын шешуге бағытталган бірімен-бірі байланысты іс-әрекетін ұйымдастырудың тәсілі.

Оқыту әдістемесі — ғылыми негізделген белгілі бір пәнді оқытуда пайдаланылатын ережелер мен тәсілдер жиынтығы.

Оқыту технологиясы — белгілі бір оқыту мақсатын жүйелі және біртіндеп практикаға енгізуге бағытталған оқыту тәсілдері мен құралдары жиынтығының жүйесі.

Педагогикалық оқыту технологиясы -алдына қойған мақсатқа жету үшін педагогикалық процеске қатысушылар: мұғалім мен оқушы, субъект-субъект қарым-қатынасында іс-әрекет ететін, нәтижесін, қабілеттерін жүзеге асыру және оларды уақыт талабына сәйкестендіруге бағытталатын іс-әрекет.

Оқыту әдістемесі
Оқыту технологиясы
Анықтамасы

Әдістеме мен оқыту технологиясының салыстырмалы кестесі

Біздің ойымызша әдіс, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық оқыту технологиялары — бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтыратын ұғымдар. Қазіргі кездегі педагогикалық оқыту технологиясы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерін, олардың бірлескен жұмысының алгоритмін көрсетеді. Сонымен оқыту технологиясы — әдістемеге қарағанда кең ұғым. Әдістеме негізінен мұғалімнің шеберлігіне байланысты, мұғалім іс-әрекетіне негізделеді. Оқыту әдістемесі мұғалім тәжірибесі мен оның шеберлігін көрсетеді. Оқыту технологиясы оқыту процесіне қатынасушылардың субъект-субъект қарым-қатынасы негізінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, оны уақыт талабына сәйкенстендіруге бағытталады. Технология каңқасы, ал әдістеме оның сыртқы қабығы ретінде қарастырылады.

Ғылыми әдебиеттерде жоғарыда аталған ұғымдардан басқа «балама технология» деген ұғымда кездеседі. Балама (альтернативті) латын сөзінен аударғанда бірнеше мүмкіндіктің болуы, таңдау мүмкіндігінің болуы деген мағынаны білдіреді. Алайда дәстүрлі технологиямен қатар басқа технологиялардың пайда болуымен салыстырмалы түрдегі ерекшелігін аңғаруға болады.

Дәстүрлі оқытудың негізгі сипаттамалары:

— мұғалімге оқушының сөзсіз бағынуы.

— мұғалім идеясына қарсы көзқарастың болмау кажеттігі — оқушының мұғалімге бағынышты болуы;

— қорқыныш сезімінің туындауы, т.б.

Бұл жүйеге балама — еркін оқыту мен тәрбиелеу ерте заманда да болды.. Еркін және табиғатына сәйкес тәрбиелеу еңбектерінде жалғастырылды. Бұл еңбектерде тәрбиенің негізгі идеясы — іс-әрекет пен шешім қабылдау мүмкіндігінің болуы.

Дәстүрлі жүйеде оқушыға орындаушылық қызмет қана беріледі, онда оқушы белсенділігі мен өз бетінше шешім қабылдауға жол берілмейді. Сондықтан оқушы өз күшіне сенімсіздікпен қарайды, қателесуге қорқады. Мұғалім өзіне берілген уакытта оқу материалын жеткізуте тырысса да оқушы қызығушылығының белсенділігі төмендейді. Мұндай оқыту әдісі айтқан ойды қайталаушыларды дайындайды, ал қазіргі кезде қоғамға орындаушылар ғана емес, шығармашыл тұлғалар, өз мүмкіндігін жетілдіре алатын, қажетінше дамытатын адамдар қажет. Бұл тағы да оқытудың жаңа тиімді түріне кешу қажеттігін дәлелдейді. Мұны қоғамға қажетті адамдар сапалары дәлелдейді. Олар:

— алған білімін пайдаланып, проблемаларды шеше алу;

— шығармашылықпен ойлап, өзіне-өзі сын көзбен қарай алу;

— ақпаратпен жұмыс істеп, қажеттісін пайдалана алу.

Информациялық қоғам ғасырындағы адам өмір жағдайына тез бейімделе алуы, алған білімін пайдаланып, қоғамнан өз орнын таба алуы, проблемаларды шеше алуы тиіс. Оларды өзіне-өзі сын көзбен қарап, кездескен қиындықты көре білуге үйрету қажет. Оларды дұрыс шешімдер қабылдауға үйрету жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы іске асады.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі- мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.

Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасалады Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектері және басқа еңбектерді зерттей отырып педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және олардың іс-әрекетіні қарай жүйелеп бір схемаға келтірдік (схема 1)

Схема 1

Педагогикалық технологиялардын түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:

  • мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де — субъект;
  • оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
  • оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылдық, әлеуметгендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік тапап-талғамдарына сүйенеді. Баланың ойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:

— оқушының белсенділігін арттыру;

— оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

— оқушы материалды сезім мүшелері жылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында еңгереді;

— оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқытыу технологиясы  мынаны көздейді:

— білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

— барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);

— оқьпуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).

Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілік, еркімен оқыту; әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның. кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік денгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Бағдарламалап оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинактай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдеріне түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

Өздігінен даму технологиясы. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: «мынаны менің өзімінің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Меқтепте сабақ болмайды. әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен жұмысымен айналысады. Баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.

Дамыта оқыту технологиясы. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.  Яғни бала бойында, еркіндік мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, енбексүйгіштік белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ертуші субъект дәрәжесіне көтерілу, көзделеді. Оқыту дамудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде максатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар болу керек.

Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас  технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу,  мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатынай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобалаңған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылының пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объкт – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.

Оқушылар әр сатыға жоғарылаган сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан –оқушылардың жас ерекшеліктерін,  әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған технологияларды тиімді пайдалануды схема түрінде көрсеттік (схема 2).

Бастауыш саты — оқушының интеллектілігін дамуының іргетасы, оқу әрекетінің калыптасуының куатты кезеңі. Бала мектеп жасына жеткенімен, олардың есте сақтау кабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не нәрсені болса да білуге құм қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Сондықтан сабақта көрнекілік, ойын элементтерін қолданып, оқыту процессін қызықты ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Білім беруді ізгілендіру технологиясы».

Жоғарыдағы схемаға түсініктемелер

Жоғарғы сынып қолдануға тиімді педагогикалық технология

Орта сыныпта қолдануға тиімді педагогикалық технология

Бастауыш сыныпта қолдануға тиімді педагогикалык технология

Екі сатыда да қолдануға тиімді педагогикалық технологиялар

2.2 Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету саласының он екі жылдық білім беру жүйесіндегі сипаты

Бүгінгі танда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену сатысында. Заман талабына сай, нарықтық экономика мен демократия принциптерін басты ұстаным ретінде қарайтын шақта білім беру жүйесінің ескі моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Қазақстанда әлемдік қауымдастық мойындаған оқыту мерзімін орта жалпы білім беретін мектептің 12-жылдық жүйесіне көшуді қолдап, дамыған елдермен арадағы технологиялық алшақтықты азайтуға мүмкіндік алып, полимәдени ортада көп тілді бірдей меңгерген бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бет бұрды.

Жаңа жүйе ерекшелігі мынада: білім беру үрдісі 6 сатыдан тұрады. Олардың әрқайсысы тағы да өзара бөлінеді.

Енді жаңа реформа міндеттерін орындауда психологиялық қызмет көрсету саласы қандай болмақ соған көңіл аударайық.

Психологиялық қызмет көрсету саласының мақсаты — әрбір баланың психологиялық саулығын, жанының жайсандығын қамтамасыз ететін, рухани кемелденуіне ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу. Осы айтылған мақсатқа жету үшін әрбір практик-психолог баланың қабілетін, икемділігін, қызығушылығын, сезімі мен қарым-қатынасы және т.б. тұлғалық ерешеліктерін анықтап қоймай, баланың онтогенездік дамуының барлық сатысында оған тұлғалық маңызы бар кез-келген іс-әрекетте нәтиже мен жеңіске жету жағдайын жасауы қажет. Орта білім берудің дәстүрлі жүйесінде әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету саласының жұмысы психологиялық ағарту, психологиялық алдын алу, психологиялық диагностикалау, психологиялық түзету және дамыту сияқты жұмыс түрлерін қамтитын болса, білім берудің жаңа 12-жылдық жүйесінде айтарлықтай өзгеріс жұмыстың түрінде емес, оның мазмұнында болмақ. Яғни жұмыстың методологиялық, методикалық тұрғысы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Академиялық білім беру парадигмасынан тұлғаға бағытталған. өмірлік дағдыны қалыптастыруды көздейтін парадигмаға ауысу кезеңі бастамасын алуда. Тек қана диагностика тұрғысын алып қарайтын болсақ, мектепте оқуды бала 7 жастан емес, 6 жастан бастайды. Ал бала психикасында болатын жаңа қайта құрылымдардың қалыптасуы үшін 1 жыл мерзім үлкен рөл атқарады. Бала психикасы жас ерешелігіне қарай күрделі өзгерістерге ұшырайтындығын ескерер болсақ, оларға қойылатын талап та өзгереді. Сондықтан баланың сензетивті даму кезеңі болған бұл уақыт диагностикалау әдістемелері мен баланың мектепте оқуға дайындығына қойылатын талаптардың түбегейлі өзгеретіндігін меңзейді (интеллектуалдық, мотивациялық, әлеуметтік ерік-жігері, коммуникативтік, тілдік қорына қойылатын талаптар, т.б.) Диагностиканың қорытындысына лайық оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгерері сөзсіз.

Жұмыстың психологиялық ағарту түрін жүзеге асыратын практик-психологтар үшін жұмыстың өзегі 12-жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық тұрғысының күнделікті тәжірибеде көрінуін талдауда. Мұнда бастауыш мектеп, негізгі мектеп, бейіндік білім беретін мектеп оқушыларының жас ерекшелігі, бейімделу ерекшелігі, акпаратты қабылдау және өндеу ерекшеліктеріне психологиялық талдау жасау арқылы мұғалімнің іс-әрекетіне қойылатын талаптардың психологиялық негіздемесі туралы айтқан маңызды.

Жұмыстың коррекция және дамыту тұрғысына қойылатын талап — бала мен жұмыс істегенде ұлттық психологияны ұстаным етіп, тарихи қалыптасқан этностереотиптердің оңтайлы тұстарын сақтай отырып, білім берудің әлем кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарына ұйлестіре дамыту. Психологиялық тренингтерді жүргізгенде қазақ менталитетіне, дүниетанымына, қазақи болмысына сай келмейтін психотехникаларды қазақтың психологиясына бейімдеп қолдану немесе мүлдем қолданбаған дұрыс. Себебі қазақтың психологиялық болмысын (таным ерекшелігі, сезім ерекшелігі, дара тұлғалық ерекшеліктері т.б.) жаһанданудың әсері ұнамсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Бұл жаңалықты қабылдамау дегенім емес, кез-келген жаңалық оңтайлы әсер бере бермейтіндігін ескерткім келеді. Психологиялық коррекция жұмысының қазақи әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Өйткені бала дамуының биоадекваттылығын қамтамасыз ету ноосфералық білім беру принциптеріне сай келеді, мұндай жағдай өз кезегінде баланың үйлесімді дамуы қамтамасыз етіледі.

12-жылдық білім беру жүйесінің бастауыш мектебінде психолог-маман баланы тәрбиелеу мен оқыту процесіне қатысушы барлық адамдармен жұмыс істейді. Окушының интеллектуалдық, әлеуметтік, коммуникативтік, тұлғалык жетілуін диагностикалап, өзгеру динамикасын қадағалап, дұрыс жетілуіне тиісті ұсыныстар мен түзету бағдарламасын тандауға көмектеседі де мұғалімнің тиімді сабақ беруін қамтамасыз ететін психологиялық көмек береді. Ал ата-аналармен жұмысы отбасы тәрбиесіндегі олқылықтардың болмауын қамтамасыз етуге бағытталады сөйтіп жұмыстың барлық түрін қамтиды. Ол бастауыш сынып оқушысының психологиясында болатын қайта құрылымдардың қалыптасу заңдылықтарын және әлеуметтік ортаға қойылатын талаптарды білуі тиіс.

12-жылдык орта білім беру жүйесінің негізі болып табылатын 5-9 сынып оқушыларымен жұмыс істейтін психолог алдымен баланың осы аталған кезеңде болатын таным қажеттілігін, оқуға деген мотивінің жойылмауын камтамасыз етіп, баланың бастауыштан шығып, орта буынға үйлесімді бейімделуіне қолдау көрсетуі қажет. Бұл кезең баланың таным белсенділігінің артуымен сипатталатын болғандықтан, оның интеллектінің өсуіне, әлеуметтік белсенділігіне, тұлғалық өсуінің негізі болған рухани жетілуіне барынша ықпал ету қажет.

12-жылдық білім берудің 11-12 сыныптары бейіндік білім беру сатысы болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтін психологтың негізгі мақсаты -балаға өмірлік жол таңдауда мүмкіндіктерін ашып, психологиялық негіздемесін беру, тұлғалық ерекшелігіне байланысты кәсіп таңдауға көмектесу, үлкен өмірге әзірлеу, бірыңғай ұлттық тестілеуге балаларды психологиялык дайындау мен оларды қолдау.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, мектеп психологы өзінің кәсіби шеберлігіне қарай 12-жылдық білім берудің қай буынында тиімді жұмыс істей алатындығын анықтап алғаны жөн.

Қорыта келе айтарымыз: мектеп психологына әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің барлық тұрғысында кездесетін мәселелерді шеше білуімен катар, кәсіби білімінің жоғары болуына үлкен талап қойылады. Себебі білік мазмұнына байланысты бағдарламалар мен жоспарлар жасауда, методикалық, дидактикалық материалдар әзірлегенде, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасын жасақтағанда, психологқа мәселенің қолданбалы тұрғысын білу маңызды болса, психологиялық әдіс, тәсілдердің, кұралдардың тиімді пайдалануының механизмдері мен ғылыми негіздемелерін айқындағанда практикалық психологияның ғылыми тұрғысы жөнінде терең біліммен қарулануды талап етеді. Психологиялық қолдау көрсетудің практикалық тұрғысы баланың әлеуметтенуіне әсер ететін барлық институттарда (отбасы, балабақша, мектеп, ЖОО, өндіріс, т.б.) нақты проблеманы шешуге бағытталған жұмыс жүргізіп, бар болған әдіс-тәсілдерді үлкен шеберлікпен орындауды қажет етеді. Яғни психолог маман қай звенода жұмыс жасамасын, психология ғылымының ғылыми, қолданбалы және практикалық тұрғыларын, сондай-ақ ұйымдастыруды жетік меңгеруі нәтижелі жұмысқа жетуді қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандар негізінде психолог мамандарды аттестациялау критерийлерінің де бірсыпырасы үлкен өзгерістерге ұшырайтыны анык. Мамандарды аттестациялау әрбір санат ерекшелігі, біліктілік деңгейіне қарап жасалуы ықтимал. Қандай өзгеріс болмасын, психологтын кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптың күшеюі жұмыс сапасының артуының кепілі болатындығы сөзсіз. Халықтық  педагогика  түрлерінің  құрамды  бөліктерінің  бірі – сөзжұмбақтар.  Олардың  бірнеше  түрлері  бар:  сөзжұмбақ,  сөзтізбек,  сөзтуыш,  сурет  жұмбақтар.  Осындай  сөзжұмбақ  түрлерін —  оқу  тәрбие  үрдісінде  бірінші  сыныптан  бастап  тақырыпқа  сәйкес  пайдалануға  болады.  Олар  оқушының  ойлау  қабілеттерін  дамытуға,  тапқырлыққа,  жан-жақты  ізденуге  баулып,  ынта-жігерлерін  арттырады.

«Баспалдақ»  ойыны.  Бұл  ойынды  екі  оқушымен  немесе  екі  топты  жарыстырып  эстафета  түрінде  ұйымдастыруға  болады.  Баспалдақтың  басқыштарыны  көбейту  мен  бөлу  кестесіне  байланысты  кез-келген  мысалдарды  жазып  қоюға  болады.  Бұл  ойынды  өткізу  үшін  қалталы  плакатты  пайдаланған  қолайлы.  Баспалдақтың  басқыштарының  тұсына  қалта  салынған.  Оған  мысалдар  жазылған  карточкалар  қыстырылады.  Көбейту  және  бөлу кестесін  оқушының  сапалы  меңгеріп,  оны  ойында  ұзақ  уақыт  сақтауы  үшін,  бұл  ойынның  пайдасы  көп.  Топ  (команда)  бойынша  жарыстыру  оқушының  сабаққа  ынтасын,  қызығуын  арттырады.  әр  қатардың  оқушылары  өз  топтарына  ат  қояды.

«Кім  жаңылысады»  ойыны.  Сыныптағы  оқушылар  үш  қатарға  бөлінеді( өздерінің  отырғаны  бойынша).  Бірінші  қатар  оқушылары- бірінші  көбейткіш,  екінші  қатар  оқушылары- екінші  көбейткіш,  үшінші  қатар  оқушылары  көбейтінді  болады.  Ойынның  жүрісі:  бірінші  бір  оқушы  кез  келген  бір  таңбалы  санды  айтады (6),  екінші  қатардың  бірінші  партасындағы  оқушы  бір  сан  айтады  (8).  Енді  үшінші  қатардың  бірінші  партасындағы  оқушылардан  сұраса,  жауабын  айтады  (48).  Ал  егер  мұғалім  бірінші  қатардың  үшінші  партасындағы  оқушыдан  сұраса,  екінші,  үшінші  қатардан  да  үшінші  партадағы  оқушы  айтады.  Бөлу амалы да  осы  сияқты.

Мысалы,  1-ші  қатар  бөлінгіш,  2-ші  қатар  бөлгіш,  3-ші  қатар  бөлінді.Бұл  ойынның  ұтымдылығы  уақыт  үнемдейді. 2-3  минутта  барлық  оқушы  ойынға  түгел  қатыса  алады.  Қай  қатадың  оқушылары  көп  жаңылса,  сол  қатар  жеңілді.

Дегенмен,  оқушылармен  жеке  жұмысқа  ден  қойып,  сынып  үшін  немесе  топқа  берілетін  жалпы  тапсырмалардан  бас  тартудың  қажеті  жоқ.  Мұндай  тапсырмалар  маңызды  тәрбиелік,  танымдық,  бақылаушылық  міндетін  атақаратын  ұжымдық  оқу  қызметін  ұйымдастыруға  игі  ықпалын  тигізеді.  Бұлайша  берілген  тапсырманы  әр  оқушы  өз  бетінше  орындауы  керек,  содан  кейін  ғана  мұғалім  тапсырманы  бүкіл  сыныппен  талқылап,  есепті  шығарудың  тиімді жолдарын  көрсетіп  жіберілген  қателіктерді  бірлесе  жөндейді.  Осылайша  оқыту  мен  үйретуді  ұжым  мен  жеке  оқушының  жұмысын  тығыз  байланыстырып,  үлестіре  білгенде  ғана  мұғалім  «оқушының  өз  бетімен  ойлауына,  өз  бетінше  әрекет  жасауына  кең  жол  ашады». (Л. В. Занков).  Мұғалім  барлық  оқушыларды  проблемалық  ситуацияларды  шешудің  оқу  танымдық  қайшылықтарды  көре  білуден  бастап,  жасалған  болжамды  тексеру  мен  теорияны  тәжірибеде  қолдана  білуге  дейінгі  барлық  кезеңдеріне  белсенді  түрде  қатысуға  бірте-бірте  тарта  білуі  тиіс. Педагогикалық  жаңа  технологиялар – іс  әрекетке,  оқыту  барысында  жүзеге  асатын  педагогикалық  жүйенің  жобасы.

Ал,  педагогикалық  жүйе – жеке,  дара  тұлғаны  жетілдіруге,  қалыптастыруға  бағыттау  мен  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық  ықпалды  ұйымдастыруға  қажетті  өзара  байланысқан  әдістердің,  құралдардың  жиынтығы.  Олай  болса,  дәл  қазір  бізг  осы  педагогикалық  жүйені  дамыту,  оны  практикада   пайдалану  шарт.

Педагогикалық  технологияның  негізі — әдіс-тәсіл,  амалдардың  ең  тиімдісін  әр  тұлғаның  немесе  сыныбындағы  оқушы  қажетіне  қарай  аударып,  талғап – таңдап  қолдануында.

Педагогикалық  технология – оқу – тәрбие  үрдісінің  шығармашылықпен  оқыту  мен  тәрбиенің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  жанды  құрамдас  бөлігі.  Елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік,  экономикалық  өзгерістерге  байланысты  жас  ұрпаққа  беру  мен  тәрбиелеу  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту  көзделген.  Тәрбиенің,  білім  беретін  мәдениеттің  барлық  кешкенің  жеке  тұлға  қалыптастыруға  бағыттау – қазіргі  жалпы  білім  беретін  мектептердің  басты  міндеті.Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа  технологияларды  пайдалану  тәжірибеге  еніп  нәтижелер  беруде.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  мұғалімдері  жаңалықтарды  жылдам  қабылдап,  оларды  практикада  қолдануда  үлкен  белсенділік  танытып  отыр.

Демек,  білім  беру  мазмұнын  жаңарту, үздіксіз  білім  беру  жүйесін  дамыту,  бүгінгі күннің  обьективті  заңдылығы.

Қазақстандағы  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  мейлінше  сауатты  меңгермейінше,  жан-жақты  білімді,  жетілген  ұрпақ  оқытып  тәрбиелеу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалім  үшін  де,  оқушы  үшін  де  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  қабілеттерінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.

Қоғамдағы  өзгерістер – бұл  адамның  қоршаған  ортасы,  табиғатты  бағындыру  тарихындағы  әлеуметтік  технологиялық  төңкерістердің  нәтижесі.  Оқыту  технологиясы  мектепте  оқыту  үрдісіне  қажетті  әдіс,  тәсіл,  амал,  дидактикалық  талап  секілді  психологиялық – педагогикалық  іс-әрекеттердің  жүйелі  кешкені  ретінде  пайдаланылады.  Ол  оқушының  тәртібене,  оқуға  ынтасына,  оқу  іс-әрекетіне  игі  әсер  етумен  қатар,  педагогикалық  нақты  ғылымға  жақындату,  оқушының  интеллектуалдық  шығармашылық  қызметі  болып  табылатын  педпгогикалық  іс-тәжірибесінің иәтижелілігіне,  жинақтылығына  ұтымды  әсер  ететіндігі – оқу – тәрбие  үрдісінің  басты  күре  тамырының  рөлін  атқарады.

Бастауыш  сынып  оқушыларының танымдық   қызығушылығын  дамытудың  негізгі  факторы  олардың  білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен  бірге,  баланың  манызды  психикалық  қызметтерін,  ақыл –ой жұмысының  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін  жолға қою  керектілігі  саналады.  Оқушының  шығармашылық  қабілеті  де  оның,  ойлау  мен  практикалық  әрекеттері  арқылы  ғана  дамиды.  Ойлауға  үйрететін  сабақтардыи  дамыта  оқыту  сабақтары  деп  білеміз.

Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой  әрекетін  меңгеруге  жағдай  жасау  деп  қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту  сабақтары  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ерекше  қарым-қатынас.  Мұғалім  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің  ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту  ғана  баланың  интеллектісінің  көзін  ашып  шығармашылығын  дамытады.

Дамыта  оқыту   идеясының  ұзақ  тарихы  бар.  Ерте  кезден  бастап-ақ,  ойшылдар  білім  мен  ақыл-ой  тәрбиесінің  ара  қатынасын,  олардың  бала  дамуына  әсерін  зерттей  бастаған.  Бізге  белгілі  алғашқы  дидактирдердің  бірі  Квинтилиан  мектеп  алдына  баланың  қабілеттеріне,  ақылының  қасиеттеріне,  мінез-құлық  ерекшеліктеріне  сүйне  отырып,  оның  ойының  және  тілінің  дамуын  қамтамасыз  етуді  мақсат  қойған.

XVII  ғасырдағы  Я. А. Коменскийдің  дидактикалық  жүйесінің  негізгі  қағидаларының бірінде  де  баланың  ақыл-ой  күшін,  қабілеттерін  дамыту  олардың  білімге  деген  құштарлығын  оятып,  лаулата  түседі  делінген.

И. Т. Песталоцци  баланың  ақыл-ойын,  барлық  қабілет – қасиеттерін  дамыту  идеясымен  арқауланған  бастауышта  оқыту  әдістемесін  жасауға  әрекет етеді.

Дамыта  оқыту  ұлы  неміс  педагогы  А. Дистервегтің  әйгілі  «Неміс  мұғалімдерінің  білім  беру  ісіне  басшылық» атты  еңбегінің  де  негізі  болып  табылады.  «Дамыта  оқыту»  деп  ол  баланың  білім  алуға  әрекет  етуін  ұйымдастыратын  оқытуды  атаған.  «Жаман  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы  мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді», — деген.

Орыстың  ұлы  ағартушысы  К. Д. Ушинский  де  өз  дидактикалық  еңбектерінде  бастауыш  мектеп  жасындағы  балаларды  оқыта  отырып  дамыту  мәселелеріне  ерекше  тоқталып,  арнайы  әдістеме  жасаған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы болып жатқан үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдында тұрған міндеттер білім берудің жалпы жүйесіндегі оның рөлін, функциялары мен орнын ой елегінен өткізудің, оны одан әрі дамытуда жаңа көзқарасты тұжырымдаудың қажеттілігін тудырады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру және педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.     Соңғы  жылдары  біз  білім  беру  саласында  болып  жатқан  ірі  өзгерістерге  куә  болып  отырмыз.  Білім  беру  стандартының  өмірге  келуі,  оның  мектептер  пратикасына  ене  бастағанымен,  оған  сәйкес,  оның  сөзсіз  орындалуына  кепілдік  беретін  педагогикалық  технологияны  жоқтығы  біршама  қиындықтар  келтіруде.  Әр  оқушының  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейіне  жетуі  үшін  әр  мемлекетте  әдеттегі  дәстүрлі  әдістеменің  орнына  жаңа  педагогикалық  құрылым  қажет.  Мұндай  педагогикалық технологияның  теориясының  осы  кезге  дейін  жасалмауының  да  белгілі  себептері  болды.  Тақырыптық  жоспарлау  тек  жоғарғы  жақтан  дайын  күйінде  ұсынылып,  мұғалімдерге  оны  міндетті  түрде   орындау  үлесі  ғана  тиеді.  Сөйтіп,  мұғалім  тек  орындаушы  ретінде  ғана  қалып,  әдістемені  технологиядан  ажырата  алмайтын  күйге  жетті.  Біз  зерттеу  жұмысында  оқыту  технологиясы  деген  не,  оның  түрлері  және  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  оны  қолдануда  дайындаудың  жолдарын  құрастырып,  үлгісін  ұсындық.

Әдістеме  дегеніміз  көпшілік  жағдайда  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  мен  өткізуге  берілетін  ұсыныстар  жиынтығы.  Ал,  педагогикалық  технология  дегеніміз  мүлтіксіз  орындалуы  белгілі  бір  жоспармен нәтижеге  жеткізетін  реттелген  әрекеттер  жүйесі.  Педагогикалық  технология  мынадай  екі  негізгі  кезең  арқылы  сипатталады:  түпкі  нәтижеге  кепілдік  және  болашақ  оқу  үрдісін  жоспарлау.  Бұдан  мынадай  қорытынды  жасауға  болады:  педагогикалық  технология  мұғалімнің  кәсіптік  қызметін  жаңартатын  және  межеленген  түпкі  нәтижеге  кепілдік  беретін  іс  әрекеттер  жиынтығы.  Оқу  үрдісін  технологияландыру  және  оны  жүзеге  асыру  мұғалімнің  кәсіби  сапасын  көтеріп,  оны  жоғары  дәрежелі  нағыз  маман  ретінде  қалыптастырады,  шығармашылық  қабілетін  арттырады,  сонымен  бірге  оқушының  жан-жақты  дамуына  игі  әсер  етеді.

«Педагогикалық  технология»  сөз  тіркесін  қолдана  отырып,  көптеген  авторлар  оған  оқу  үрдісі  мен  оқыту  құралдарын  байланыстырады.  Сонымен  қатар,  оқыту  үрдісінің  тиімділігін  қалай  көтеру  керектігі  де  күн  тәртібінен  түскен  емес.  Сөз  жоқ,  оқытудың  жаңа  технологиларының  тәжірибеге  енуі  оқыту  тиімділігінің  артуына  ықпалын  тигізеді.

Жоғарыда  көрсетілген  теориялық  және  әдістемелік  ұсыныстарды  саралау  арқылы  бастауыш  сыныпта  оқудың  жаңа  технологиясын  қолдану  жөніндегі  мынадай  ұсыныстар  туып  отыр:

  • пәндер бағдарламасында  әр  пәннің  ерекшелігіне  орай  оқыту  технологиялары  туралы  тараулар  енгізу;
  • қазіргі заманғы  оқыту  технологиялары  туралы  жеке  пәндер  бойынша  әр  түрлі  арнаулы  курстар  бағдарламаларын  жасап,  оны  үрдісіне  енгізу;
  • бастауыш сыныпта  оқытылатын  пәндерді  әр  түрлі  жаңа  технологияларды  пайдаланып  оқыту;
  • оқытудың компьютерлік  технологиясын  барынша  қолдану.

Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.

Қорыта айтқанда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған жақсы адамгершілік мінез-құлқына, этикалық қарым-қатынасына негізделген педагогикалық бой тәжірибесін үлгі — өнеге ете отырып, жастарды жан-жақты дамыған, білімді, саналы, абзал азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі өскелең өмір талабы.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Әбиев Ж.Ә. және т.б. «Педагогика» Алматы 2004
  2. Л.Омарова «Адамгершілік тәрбиесін    қалыптастыру    мәселелері» Бастауыш мектеп 2004 №2
  3. Е.Дайрабаев А.Дайрабаева «Педагогика пәнінің негіздері» Алматы 2005
  4. Ғаббасов С.С. «Халық педагогикасының негіздері» Алматы 1995
  5. Тілеубаева Г. «Дәстүрлі отбасы тәрбиесі» Мектеп 2005 №5
  6. Ұзақбаева «Тамыры терең тәрбие» Алматы 1995
  7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы 1995
  8. Қалиев С. «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» Алматы 1987
  9. Қалиұлы С. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» Алматы 2003
  10. Жұмадуллаева А. «Халық педагогикасы – тәрбие өзегі» Ұлт — тағылымы 2001 №4,5
  11. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаева Р.М. «Педагогика» Алматы 2004
  12. Әбдіқадырова Ғ. «Халықтық педагогиканың мәні зор» Қазақстан мектебі 2003 №8
  13. Қазақ Совет энциклопедиясы 11т.

Журавлев  В. И.  Педагогикалық  зерттеу  әдістері.  Москва,  1972

14.Жұмабаев  М.  Педагогика.  Алматы.  «Ана тілі»,  1992

15.Зденек  Хелус.  Понимаете  ли  вы  ученика. М.  «Просвещение»,  1987

16.Исаева  З. А.  Подготовка  студентов университета  к  научно-исследовательской  работе  по  педагогике.  Методические рекомендации, — Алматы,  Изд.  КазГУ,  1996

17.Краевский  В. В.  Место  и  функции эксперимента  в  педагогическом

исследовании, — М.,  1973

18.Қоянбаев  Ж.  Б.  Қоянбаев Р.  Педагогика.  Астана.  1998

19.Лешли  Дженни. Работать с маленькими детьми. М., «Просвещение».

20.Ломоносов  и. Л.  Будущая  профессия –  учитель.  Алматы,  «Рауан»,

21.Охитина  Л. Т.  психологические  основы урока.  М.,  «Просвещение»,

22.Педагогика  здоровья,  М.,  «»Просвещение» (Библиотека  для  родителей).

23.Писаренко  В. И.,  И. Я. Писаренко. Педагогическая  этика.  Минск.  «Народная  Авеста»,  1986

24.Пискунов  А. И.  Воробьева  Г. В. Педагогикалық  эксперименттің  теориясы  мен  практикасы.  Москва,  1979.

25.Рувинский Л.И. Учителю о педогогической технике.                                 «Педагогика»  1987

26.Семья  және  мектеп.  2002.  №3,4

27.Синица  М. Е.  Педагогический  такт  и  мастерство  учителя.                 «Просвещение».  1983

28.Скалковская  Н. П.  Формирование  активной  жизненной  позиции  будущего   учителя.  Алматы,  «Мектеп».  1988

29.Стефановская  Т. А.  Педагогика:  Наука  и  искусство.  Курс  лекций. – М.,  1998

30.Таубаева  Ш. Т.  Исследовательская  культура  учителя.  Алматы.,  Алем.  2000

31.Таубаева  Ш. Т.  Исследовательская культура  учителя.  Алматы.,  Алем.  2000

32.Тәжібаева  Т.  Жалпы  психология.  Алматы. «Қазақ  университеті»  1993 ж.

33.Тұрғынбаева  Б. А.  Дамыта  оқыту технологиялары.  Алматы.  «Рауан».  2000.

34.Төрениязова  С.,  Майғаранова  Г., Нысанбаева  Г.,  Иманбаева                С.  Мектептегі  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру.  Алматы. «Рауан».  1999.

35.Педагогикалық  ізденіс.  Алматы,  «Рауан». 1990

36.Халық  тәлімі.  2002  №7,8

37.Чередов  И. М.  Формы  учебной  работы  в средней  школе.  М.,  1988

38.Ядловская  Г.  Использование разнообразных  форм  опроса  на  уроках  педагогики.

39.Яковеев  Н. М.  Методика  и  техника  урока в школе.                              «Просвещение»  1986

40.Эксперимент  в  школе:  организация  и   управление.  М.,  1991.