Банктің несиелік саясаты туралы реферат

0

Тақырыбы: Банктің несиелік саясаты

Несиелік саясат, оның элементері

Несиелік саясат банктің несиелік қызыметінің міндеттерін,оларды іске асыру құралдары мен әдістерін,сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саяасат-баніктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажеті құжаттар жүйесін жасау шартары.

Кең мағанасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағанасында, несиелік саясат- бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саяасат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегиаларына сай ұйымдастыру негізіне және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүесін (ұйымдастыру) жасау шартын білдіреді .

Жалпы несиелік саясат мынандай сипатта болуы тиіс:

— нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиді;

— несиелеудің мақсаттарын нақты және мағаналы анықтауға мүмкіндік береді;

— нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

— оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саяасат банктің стратегиасын, оның тәуелділік басқару облысындағы саясатарын ескерте отырып жасалады.

Несиелік саясат несиелік қызыметін төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

* несиенің берілуіне және несиелік поротфельді басқаруға жауап беретін банк қызыметкерлері жетекшілікке алатын объективті стандарттар мен критерийлерін;

* несиелеу обылысындағы стратегиалық шешімдерді қабылдаитын тұлғалардың басты іс-әрекетерін;

* сыртқы аудит қызметтертерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалыған;

* ішкі бақлау қағидаларын;

Несиелік саясат банк қызметін девирсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Неиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжербиеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қаблетіне қарап «өз клиентін»таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелер(айналым қаражатын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңартуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясатың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады ( потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау;банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішіне проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялақ мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң, оның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жатады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі айақталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжербиелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет( немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекеленген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қағаз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қортынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжербиесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қортындысын қарайды;

— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

— несиелік тәуекелдіктерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

— несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

— несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

— несиелеу шартын бекітеді ( несиелік лимит, несиелік желі);

— берілген несиеге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

— банктің несиелік стратегиясын жасайды;

— несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

— несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болыптабылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төменгідей элементтер көрсетілуге тиіс:

• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• несиелік портфельді басқару;
• несиелеуге бақлау жасау;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелеудің жекеленген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау;

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төменгідегідей үш құжат түрінде көруге болады:

1.несиелеу саясаты;
2.несиелеу стандарты;
3.несиелеу нұсқаулықтары;

Сондай- ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта- «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету»- біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмысшыларының қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты- бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:

• қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

• несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тіртібі;

• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

• несиелеудің айырықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).

Барлық банктер бойыншақұжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондац құжаттарға: несиелік келісім- шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қаблетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтер атқарады:

• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақлау жасауға негіз ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақлау жасалуға тиіс.

Клиенттердің өтініштерін қараудың басты сатылары

Қарыз алушы банкқа келген кезде банк немесе банк филиалының қызметкері ауызша түрде:

1. клиентке қарыз беру шарттарын, банкпен қарыз беру шартын жасасқан жағдайдағы құқықтары мен міндеттері бойынша кеңес береді;

2. клиенттен қарыз алу сомасын, алатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жері мен оның шартты бағасын анықтайды;

3. клиенттен табысы туралы мәлімет алады, сонымен қатар алған табыстың қарызды өтеуге жіберілетін соммасын анықтайды;

4. алдын-ала клиенттің төлеу қабілеттілігін есепке алады, төлеу қабілеттілігі бойынша сұрақтар болса клиенттен қосымша құжаттарды сұрайды;

5. клиентке қарыз алу бойынша қажетті құжаттар туралы мәліметтейді;

Клиент жеткізген толық құжаттарды тексергеннен кейін, франт-офис қызметкері клиенттке қарыз алу бойынша өтініш пен анкетаны толтыруды сұрайды.
Франт-офис қызметкері немесе бағалаушы кепілдік затын сараптама жасайды. Содан кейін кепіл затын бағалау акті клиенттің келісімімен жасалады. Банк филиалы директорына бекітуге жіберіледі.

Дерек құжатпен бірге филиалдың қауіпсіздік қызметінің сараптауына жіберіледі, егер қарыз сомасы көбейіп кетсе:

— 30000 $ АҚШ немесе эквиваленттік сома тенге мен, Алматы, Астана, Ақтөбе филиалдарына.

— 12000 $ АҚШ немесе эквиваленттік сома тенгемен қалған банк филиалдарында.

Заңды қызметпен қауіпсіздік қызметінің қортындысын алған соң, франт-офистің қызметкері, банк филиалының несие комитетіне құжат пакетін қарау үшін дайындайды.

Франт-офис қызметкері қарыз алушының алдын ала кеңесм үшін банк қарыз беруі міндетті емес екендігі жайлы мәліметтейді. Қарыз беру шешімі банк филиалының несие комитетімен қабылданады.

Несие пакетіне керекті құжаттар

Қарыз алушының құжат пакетіне керектілер:

1. Арыз (қосымша№ 1)
2. Қарыз алушының анкетасы
3. Жеке күәлік көшірмесі
4. Салық төлеуші күәлігінің тұпнұсқасы, салық комитетінен берілген,оның көшірмесін банк филиалының қызметкері алады.
5. Отбасы жағдайын дәлелдейтін құжат көшірмесі (неке туралы күәлік, баланың туылуы туралы күәлік, ажырасу туралы күәлік).
6. Кепілді органмен берілген, мөр басылған үй кітабының көшірмесі немесе тұрғындардың учет кітабы.
7. Қарызгердің соңғы 12 ай ішіндегі жалақы көлемі туралы жұмыс орнынан берілген анықтама. Егер қарыз алуға жеке кәсіпкер сұраныс білдірсе онда салық комитетінің мөрімен расталынған соңғы жыл ішіндегі табыс деклорациясын көрсету керек.
8. Қарызгердің қосымша жұмысынанжәне қарызгердің жұбайының жұмысынан сонымен қатар бірге тұрып жатқан туыстары яғни әке-шешесі, балалары және тағы басқа туыстары (заңға сәйкес отбасы мүшелері болып табылытындар) соңғы жыл ішіндегі алынған бүкіл табыс көздерін анықтама арқылы көрсету қажет.
9. Мүлікті қамтамасыздандыру есебінде көрсетілетін құқықты негіздейтін құжаттар және тағы басқа құқықтар талаптандырады. Бұл Қазақстан Республикасының нормативті құқық актісінің негізіне сәйкес келеді және банктің ішкі құжаттары үшін мүліктің кепілі жасалынады.
10. Клиенттің зейнетақы қорын ақпаратты тексеруге берген рұқсаттама.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар тізімін әр банк заңға сәйкес өзгерте аладыжәне банктің ішкі құжаттары әр ұсынатын қарыздың спецификациясын есептеп отырып жасайды.

HALYK BANK

Ұлттық банк несиенің жаңа програмасын ұсынады- несие кез келген мақсатқа, табысты растайтын құжатсыз.

Несие мерзімі:
— тенге 5 жылға дейін, АҚШ доллары 5 жылға дейін.

Сыйақы мөлшері:

( несие мерзіміне байланысты)
12,8 % жылдық.
(нақты ставка 7,07%) АҚШ доллары және 16,4%-дан жылдық.
(нақты ставка 9,1%) тенгемен.

Несие алу үшін.
Алған несенің сомасынан 10 пайыз бастапқы сома ретінде төлеу керек.

Несие валютасы: тенге, АҚШ доллары.

Несиенің максемальді сомасы: кепілге қойған мүлікті бағалаудан шыққан сомманың (50 пайыздан көп болмауы қажет)

Несие беру:
Қолма – қол және қолма-қолсыз түрде беріледі.

Несие кез келген мақсатқа беріледі.Төлеу қаблеттілігін растайтын құжат керек емес.

Қажетті құжаттар:
1. Қарызгердің жеке күәлігі;
2. Қарызгердің СТН (РНН);
3. Жылжымайтын мүлікті растайтын құжаттың көшірмесі;
4. Үй кітапшасы;

Өтінішті қарау уақыты 7 жұмыс күні.

« Жай несиелер кез келген мақсатқа».

« Любимая» несие желісі

Енді несие алу оңай және қолайлы болды.
Банк қандай несие шарттарын ұсынады:
— Несие валютасы: тенге және АҚШ доллары;
— Несие уақыты: зейнеткер уақытқа келгенше;
— Табысты растайтын құжат керек емес;
— Төменгі пайыз ставкасы;
— Несие сомасы;

№ Несие көлемі Кепіл түрі
1 Бағалау бағасынан 70% аспайды Пәтер
2 Бағалау бағасынан 60% аспайды Тұрғын үй
3 Бағалау бағасынан 50% аспайды Жер, жылжымайтын мүлік
— Несиемен қамтамасыз ету түрі: жылжымайтын мүлік (тұрғын үй, коммерциялық), жер және т.б.
— Несие ұйымдастыру комиссиясы: несие сұрау сомасынан 2 пайыз (минимум 10 000 тенге).
— Алдын ала несиені төлеу тек 6 айдан соң ғана.

Негізгі шарттар:
— Қосымша несие негізгі өтінішке бағалаусыз беріледі.
— Кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті жыл сайын бағалау.

Несие алудағы сіздің қадамыңыз:
1. Банкке келіп банк менеджерінен консултация алу.
2. Банкке қажет құжаттарды беру.
Қажетті құжаттар:
1. несие алу үшін өтініш жазу;
2. қарыз алушы анкетасын толтыру;
3. жеке күәліктің түп нұсқасы, банк қызметкері көшірмесін түсіріп алады;
4. СТН (РНН) түп нұсқасы, банк қызметкері көшірмесін түсіріп алады;
5. жұмыс орнынан справка соңғы 12 ай ішіндегі табысы жөнінде;
6. Кепілді растайтын құжат көшірмесі;
7. керек жағдайда банк қосымша құжат сұрауы мүмкін;

« Банк Туран Алем».

Қарызгердің төлем қаблетілігін реттеу

Банк филиалының франт-офис жұмыскері негізгі ереженің 4 бабында көрсетілгендей клиенттен толық құжат пакетін алу керек және өтінішті журналға тіркеп, сосын қарызгердің бір айлық жалақысы көрсетілген анықтама мен және басқа да табыс көздерінің негізінде клиенттің төлем қаблеттілігін есептеп көрсетеді. Анықтама келесідей ақпараттарды толық қамтамасыз ету керек:

1. Анықтама берген ұйымның немесе кәсіпорынның толық атауы оның почталық әдісі банктік деректемелері;
2. клиенттің соңғы 12 ай ішіндегі орта айлық табысы. Соңғы 12 ай ішіндегі ұсталымдар және олардың түр түрінің атауы.

Анықтама ұйымның басқаруымен және бас бухгалтерінің қол таңбасы мен мөрі мен ұстану керек.
Қарызгердің табысы мен азаматтығын растайтын құжаттар негізгі заңға ұқсас келуі қажет және қарастырылып жатқан қарызгердің туысқандарының құжаттары тек қана ережеде көрсметілсе ғана сұралынады.
Қарыз беру кезінде көбіне қарызды келесі категориядағы клиенттерге береді.

1. банкте оңтайлы несие тарихы бар клиенттер;
2. жоғары дәрежедегі төлем қаблеттілігі бар клиенттер;

Клиенттің төлем қаблеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада көрсетілген міндет табысын алып тастап сонымен қатар отбасының шығысы, табыс салығы. Несие фонддында төленетін ақша, алименттер, зақым комписациясы несиеге алынатын тауарды өтеуіне ұсталынатын ақша отбасының әр адамға шаққанда тұтыну несиесінің соммасы(егер отбасының басқа мүшелері тұтыну несиесін өлшегенде табыс көзіне қол жеткізе алмаса, айлық салық төлемдері, комуналдық төлемдер, сақтандыру және т.б. төлемдер).

Есеп айырысу жасағаннан кейін қарызгердің табысының бос қалдығы дәлелденбейді. Бұл табыс көзі қарызгердің қарызды өтеуіне және соған байланысты ұстанымдарды өтеуге жұмсалады. Әр қарыздың әр айдың төлем ақысы және ұсталым өтем ақысы қарыздың жиынтық табысының қалдығынан жоғары болмауы керек және ол бүкіл төлемдерден алып тасталғанына тең болуы керек.

Қарызгердің төлем қаблеттілігі төмен болған жағдайда банк қарызгердің жубайының табысын есепке алады, сонымен қатар бірге тұрып жатқан әке- шешесі, балаларын және басқа туысқандарын негізгі заңға сәйкес отбасының мүшесі ретінде өзін танытатын адамдардың табысыда есептелінеді.

Қарызгердің жиынтық табысына оның отбасына берілетін әуліметтік қамтамасыз ету жүйесінен берілетін біркелкі төлемдер есептелмейді. Сонымен қатар отбасына мемлекет қатарынан берілетін және сондайақ қоғамдық ұйымдар мен азаматтардан берілетін материалдық көмек сомасы есепке алынбайды.

Мысалы: (алынған мәліметтер ойдан алынған клиенттің соңғы 12 айдағы орта айлық табысы 350 долларды көрсетеді бұл соманың 65 доллары ұсталымдарға, ұсталынған

сақтандыру төлемдері 20 доллар камуналды және басқада төлемдер 34 доллар отбасының бір мүшесінің өмір сүру көлемінің минимумі 30 доллар (отбасы мүшесінің саны 4 адам) қарыздыңбос қалдығы мынағын тең:
350$-(65+20+34+120) = 111$.

Осыған сәйкес қарызгер қарызын өтеуіне әр ай сайын 111 доллар жіберуі мүмкін. Қарызгердің төлем қаблеттілігінің есеп айырысуын жасаған уақытта барлық сомалар нарық курсы бойынша АҚШ долларына ауыстырылады.Бұл айырбас әр нақты банк филиалдарында операция жүргізілген күндегі валюталық курсқа сәйкес болады 4000 доллар.

Мысалы қарызгер банктен қарыз алуға өтініш білдіреді дейік бұл өтініш 5 жылға және әр ай сайын төлеуіне негізделсін, қарыздың сыйақы мөлшері жылдық 18 пайыз валюта. Осыдан шыға қарызгер ай сайын қарызды және сыйақыны өтеуге ай сайын 111 АҚШ долларын жұмсау мүмкіндігін есептей отыра біз оның қарыздың қандай мөлшерін алу мүмкіндігін анықтай аламыз. Қарыздың максимальды сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Қарыз сомасы= х[1-(1+i)]
i

бұның ішінде:
X-негізгі қарыздың ай сайынғы төлемі және соған беретін сыйақы сомасы;
Π- төлем пероттарының мөлшері;
i- берілген периоттағы сыйақы ставкасы.

Авто несие

Несие мерзімі Пайыз ставкасы Бастыпқы төлем қамтамасыздандыру Өтеу
5 жылға дейін жаңа авто 16 % $
18% KZT
( 3 жылға дейін) Жаңа автоға минемальды 15 пайыз Алған автокөлік Айсайынғы біркелкі төлем
5 жылға дейін қолданылған авто 16% $
18% KZT
(3 жылға дейін) Қолданылған автоға бағаланған сомасынан 20 пайыз Алған автокөлік Айсайынға біркелкі төлем

• Несиенің минемальды сомасы 3000 доллар
• Автокөлікті сақтандыру міндетті

Несиені алуға керекті құжаттар тізімі:
1. Қарызгердің жеке күәлігі (зайыбы екеуінің);
2. Қарызгердің СТН (РНН) (зайыбы екеуінің);
3. Неке күәлігінің көшірмесі;
4. Кепілге қойған мүліктің құқығын негіздейтін құжат.
Қарызгер алатын несиенің бастапқы жарнасын (30 пайызды)
төлеу керек.
5. Жалақыны растайтын құжат, пенсионный фондтан справка
және т.б. құжаттар қажет.

Бастапқы жарнасы ипатекалық несие

Несиелеу шарттары:
Несие бойынша негізгі борыш және пайыздар айсайын тең жарнамен өтеледі, соған сәкес несиенің нақты қымбаттау шамасы жылына АҚШ долларында 8,5 пайыздан, тенгеед 8,2пайыздан артпайды.
Сыйақы мөлшерлемесі несиелеу мерзіміне және бастапқы жарна мөлшеріне байланысты.

37 айға дейін 37 айдан, жоғары 7 жылға дейін 7жылдан жоғары 15 жылға дейін 15 жылдан жоғары 20 жылға дейін
Несие валютасы KZT $ $ $
Сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %-ы) 15-тен бастап 14,5-тен бастап 14-тен бастап 13,5-тен бастап

Бастапқы жарнасыз ипатекалық несие

 Бастапқы жарна: талап етілмейді
 Несие валютасы: тенге және АҚШ доллары
 Несиенің ең жоғарғы мөлшері: алатын тұрғын үй құнының 100 пайызы
 Несиенің ең жоғарғы мерзімі: тенгеде-37 ай, АҚШ долларында 20 жыл
 Бір жолғы комиссиялар: шот жүргізгені үшін: несие сомасынан 1пайыз, минимум 100 доллар баламасы. Несие өтінімін қарағаны үшін: 20-50-ге дейін доллар баламасы. Несиені қолма-қол ақшамен бергені үшін комиссия: Банк филиалының қолданыстағы тарифіне сәйкес
 Несиені қамтамасыз ету: алынатын немесе бұрынан бар жылжымайтын мүлкі, не банкке салынған ақша қаражаты немесе үшінші тұлғаның кепілдігі
 Жылжымайтын мүлікті сақтандыру: сақтандыру сомасынан жылына 0,35 пайыздан 0,41 пайызға дейін
 Несиені өтеу: айсайын тең жарналармен кез келген тәсілмен: банк шоттынан есептен шығару жолымен, жалақыдан ұстап қалу жолымен, банк кассасына қолма- қол ақша төлеу жолымен.

 Банктің ішкі құжаттарына сәкес

Несие алуға өтінімді қарау үшін қажетті құжаттар тізімі
 Қарызгердің жеке күәлігі
 Қарызгердің расталған СТН-і
 Кепіл затқа құқықтық иелігін анықтайтын құжаттар
 Қарызгердің ол туралы несие бюросынан ақпарат беру және есеп ұсыну туралы келісімі (белгіленген формада).

Қарызгер алынатын жылжымайтын мүлік құнының 30 пайызынан артығын төлеген жағдайда, табыстарды растау талап етілмейді.

Компания қызметкерлері- Банктің жалақы карточкаларының қатысушылары ипотекалық несиені бастапқы сома жарнасына қарамастан, төлем жасауға қаблеттілігін құжаттық растамайақ ала алады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Банк ісі» С.Б. Мақыш, А.Ә. Ілияс. 156-160 бет.

2. «Коммерциялық банктер операциясы» С.Б. Мақыш. 139-145бет

3. www.temirbank.kz. сайт.

4. www.kmc.kz. сайт.


Тегтер:ішкі бақылауішкі бақылау дегеніміз неішкі бақылау жүйесіішкі бақылау жүйесін бағалауішкі бақылауды ұйымдастыруішкі бақылаудың элементтерінің құрылымыішкі және сыртқы аудитішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтарыаудиттің ішкі бақылау жүйесіақша несие саясаты рефератақша несие саясаты құралдарыақша несие саясатының беріліс механизміақша несие саясатының куралдарыақша несие саясатының механизміақша несие саясатының трансмиссиялық механизміақша несиелік саясатбалабақшадағы ішкі бақылаубанктің несиелік саясатыклиенттің ішкі бақылау жүйесікоммерциялық банктің несиелік саясатынесие саясатынесие қызметтерінесиелік ақша қандай қызмет атқарадынесиелік мекемелердің қызметтерінесиелік портфельнесиелік портфель дегенімізнесиелік портфель сапасын сипаттайтын коэффициенттернесиелік портфельді басқарунесиелік саясатнесиелік саясат және оның элементтерінесиелік саясат оның элементтерінесиелік саясатыотандық банктердің жаңа қызмет түрлерісыртқы аудитсыртқы аудит оны жүргізу алгоритімісыртқы аудит түрлерісыртқы аудитті жүзеге асыратын субъектсыртқы аудиттің түрлерісыртқы мемлекеттік аудитсыртқы мемлекеттік аудит органдарыҰлттық банкұлттық банк қызметтері