Банктің активті және пассивті операциялары туралы реферат
Тақырыбы: Банктің активті және пассивті операциялары
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республика- сының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер бо- лып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Респуб- ликасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы», жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңга сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Занды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Занды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, таға басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жумылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабута береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардңц негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметгері туралы» Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:
• Занды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
• банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты ұйымға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
• Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта санау, айырбастау, ауыстыру,сұрыптау буу-түю, және сақтау;
• Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;
• Есептеу операциялары: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
• Заңды және жеке тұлғалардың, оның, ішінде банктер-корреспонденттердің талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;
• Сенімгерлік (трасталық) операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
• Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау, төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу жэне клирингіге қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
• Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын, басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй жайларды жалға беру;
• Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;
• Банкноттар мен монеттерді, басқа да құндылықтарды кассіге жинау және салып жіберу;
• Басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру;
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің рұксат қағазы (лицензиясы) негіздемесінде жүргізеді. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкісінің арнаулы рұксат қағазы бойынша төмендегі операцияларды жүргізе алады:
• депозиттік сертификаттар шығару;
• кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
• мүліктерді жалдауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға берген мүлкіне құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше сақталады;
• Өзінің меншікті құнды қағазын шығару (акциядан басқа);
• Факторингтік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан, төленбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатыл алу;
• Форфейтінгілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан қарыздық міндеттемелерін (вексель) сатып алу.
Осы аталған операциялар «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» заңнын 30 бабының редакциясында келтірілген. Мұнда «банктік опера¬циялар» деген түсінік «банкілік кызметтер» деген ұғыммен араласып кеткен және кейбіреулері «банкілік операциясы» деген дәстүрлі түсінікке сәйкес келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операциясы да жүргізіледі — сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банктің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседа. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерда кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтершен өзгеше деп түсіу керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болгандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы Заңнын 41-бабына сәйксс банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:
— Екінші дәрежелі банктерге пруденциалдық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оны ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
— Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
— Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау (тексеру) және оның нетижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;
Нарыктық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
• Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
• Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
• Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер)
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
— Заңды және жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
— Басқа банктерден қарыз алу (банкаралык несие);
— Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;
— Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
— Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылган несие алу т.б.
Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын, болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы.
Мұндай бос қаржы (ресурстар) банктің меншікті капиталы мен қарызға алған (жұмылдырылған) қаржыдан құралады.
Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадай немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акдионерлік капитал деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін, ұлттық банктің басқармасынын 1997 жыл 5 желтоксандағы №412 қаулысы бойынша меншікті капиталдың төменгі шегі 300,0 миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрганнан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі — банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай телеулері керек деген талап (аталмыш Заңның 16 бабының 2 тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капи¬талының 70%-ке дейінгісі материалдык активтер болды. Бірақ мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің мешшкті капиталын, несие берудің кезі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоксанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталынын 10,0%-ке дейнгі белігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен, немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастыруымен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның
жылы бөлінбей қалған пайдасы.
Банктің ресурстарынын құрамында меншкті капиталдың үлесі онша көп емес — 10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырылған резервтің шегінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозитор болып бөлінеді. Депозиттің бұл екі түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол коп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін, ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.
Ал, талап етілмелі депозитге олай істеуге болмайды. Өйткені, оның иесі кез-келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін, талап етілмелі депозиттің сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.
Олар құру әдістерімен де бірінен-бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін, арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктен есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптан туатын іс.
Банктің активті операциялары. Банктің активтік операциялары оның операцияларының маңызды белігін құрайды.
Банктің активі операциясы бұл банктердің кipic табуы мен өтімділікті көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.
Банктің активті операциялары негізгі кipic көзін құрайтын операция болып табылады.
Бұл оперцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз операциясын, бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар, активті депозитгер мен банкаралық несиелік және депозитік операцияларды жатқызуға болады.
Кассалық операциялар нақты ақша негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде банк банктік шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша түрінде әр түрлі аударулар жасайды, төлемдер жүргізіледі (Жалақы, жол сапар шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтік шығындарға берілетін қарыздар).
Банктің есеп қарыз операциясы кең көлемді кipic әкелетін операция ретінде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру кезінде кеңінен қолданылады. Банк мекемесінде несиеден кейін екінші кезекте кipic әкелетін операция болып бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар саналады. Бұл кезде банк өзіндік бағалы қағаздарын сатып өткізеді, клиенттердің тапсырысы бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кipic алу мақсатымен инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдар жасайды.
Банк активтерінің құрылымы деп банк балнсының активінің сапасы бойынша әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.
Әp6ip банк активтердің ұтымды құрылымын белгілеу және
сақтау кезінде біршамa мәселелерге тап болады. Сонымен қатар,
активтердің құрылымы көбінесе елде қалыптасқан ұлттық
epeкшeлiктepiмeн де аныкталады.
Біріншi топқа: қолма-қол ақша және оған теңестірілген қаражаттар жатады, яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденток шоттағы, Орталық банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалган қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген қысқа мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.
Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі біріншi және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне қарағанда төмен қaзipri уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы қағаздарын (акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын) жатқызуға болады.
Yшіншi топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі қарыздың берілу мерзімі мен мақсатына, қарыз алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қагаздарға басқа банктерге берілген және біріншi классты құнды қағаздар жатады.
Төртінші топқа: банктің негізгі құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы басқалары. Бұл активтер өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әpбip кезеңде елдегі экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.
Банк өз активтерінің құрылымын олардың жекелеген топтары және түpлepi тұрғысынан алынғанда, белгілі-бір уақытқа яғни, белгілі-бір күнге, сонымен қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негізінде ол қаражаттарды активтердің бip түрінен келесі түріне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар кезі өзгермей қалуы да мүмкін немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздері есебінен де ауыстырылу жүргізілуі мүмкін. Банк активтерді бip түрінен екінші бip түріне ауыстырған кезде орналастырудың сенімділігі және табыстың деңгейі тұрғысынан активтерді ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жағдайда пассивтердің құрылымы және тартылған қарыз қаражаттарынын мepзiмi де ecкepiлyi қажет.
Осы операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтімпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.
Бұған жататындар:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін, қысқа, орта, ұзак, мерзімді несие беру;
• Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімді пайдалынатын мүліктерді сатып алуға);
• Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
• Лизингтік операцияларға несие беру;
• Факторингтік операцияларға несие беру;
• Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие).
Көрсетілген активтік опсрациялардың ішіндегі ең бастысы кайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-інен асып кетеді. Сонғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен катар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй сатып алуға берілетін несие үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өндеу жүргізу үшін берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер телімін жақсартуға, берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімш өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит берілетін болды.
Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді .
• несиелеу операциялары — (есептеу-несиелеу);
• есеп айырысу операциялары;
• кассалық операциялар;
• инвестициялық, қорлық операциялар;
• кепілді операциялар.
Несиелеу операциялары — карызгерге қайтарымдылық мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялалары. Вексельдердің сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді;
Есеп айырысу операциялары — қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырйсу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.
Кассалық операциялар — қолма-қол ақша беру немесе оларды кабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақша қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдала байланысты операциялар деуге бола
Инвестициялық, қорлық операциялар — Банктің күрделі қаржысын қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банкгерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың
негізгі калиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар — Кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген
жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.
Сонымен қатар, банкінің активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай — кауіпті және кауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне (бағытына) қарай: бірінші және екінші; пайдалық дәрежесіне қарай: пайда келфтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та белінеді.
Активтік— Пассивтік операциялар:
• Банкіге Комиссиялық сыйақы әкелетін комиссиялық операциялар (дебиторлық берешекті инкассалау, ақша аудару, сауда-комиссиялық, сенімділік);
• Белгілі ақыға, клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық опера¬циялар;
• Ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу қызметтері;
• Сенімгерлік қызметтері (клиенттің тапсырмасымен құнды қағаздарды, басқа елдердің валюталарын, асыл металдарды алып сату);
• Бухгалтерлік және консультациялық қызметтер.
Осы операцияларды банкінің көрсететін қызметтері деп атайды.