Банк менеджментінің негізгі бағыты туралы реферат

0

Тақырыбы: Банк менеджментінің негізгі бағыты

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім.

2.1 Банк  менеджментінің  негізгі  бағыты

2.2  Менеджердің  банктегі  қызметі

2.3  Банк маркетингісі

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  1. Кіріспе.

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының  келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология  негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы — жақсы білуді, келіссөздер жүргізе   білуді  талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мең дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жьшы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет  әр  түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатьш алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.

  1. Негізгі бөлім.

2.1 Банк  менеджментінің  негізгі  бағыты.

Банк менеджментінің   негізгі   бағытын екі үлкен салаға  бөлуге  болады:

1.Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.

2.Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты.

Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың кұрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

  1. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде бір-тұтас  екі  міндет алға қойылады — жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің  салдарынан қалыптасатын  ахуалдың иегізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк  жұмысының пайдалы-лығын   қамтамасыз   ету.

Әр алуан активтердің банкке әркелкі  пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді  қаражат  салымының  мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңде банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен   қатар  пассивтердің  құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

  1. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын білдіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
  • міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу;
  • банк өз клиегатерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
  • банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылығын қажет етеді.

Менеджмент міндеттері:

L Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілетілігін қамтамасыз етуде айрықша маңыды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады,

Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінің, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сагудың, езіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.

  1. Банк. жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығыңдарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әеерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.
  2. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік-менеджменті жатады.

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің  және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай   қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың   алынбай   қалу   қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тэуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тэуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:

  • қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
  • болжалды зиянның ауқымын бағалау;
  • ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтырағын көзді  табу.

Қауіп-қатерді (тэуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге қүрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қагерлерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастырумен, жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.

Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген  несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім  қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мүны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.

4, Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:

  • жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
  • американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігің бақылауды, басшылардың бағы-ныштылармен қатынасьш, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

¥жымды басқарудағы басты міндет — менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.

Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.

¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:

  • ұжым жүмысын ұйымдастыра білу;
  • әр қызметкермен тіл табыса білу;
  • ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қыз-меткерге ықпал етудің тәсілін таба білу.

2.2  Менеджердің  банктегі  қызметі.

Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру,  нақты тапсырмалар  беру, оларды нақты көрсеткіштермен  (сандық және сапалық),  көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпаратық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету,  міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына қарай жіктей отырып оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің  мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі шкірлесушінш мінез-құлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға  тән мінез-құлық стилінің екі түрі болуы мүмкін:

1) түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;

2) шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін артгырудағы қүзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-құлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі:

1) еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);

2)  еңбек нәтижесіне қүзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);

3) құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);

4) құзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл — менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі  үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осы-ның барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

2.3  Банк  маркетингісі.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетиштің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды тавдау секілді қазіргі     заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасьшың өркендеуіне әкелді.

XX ғасырдың 20—30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі — тауар (product), баға (price), нарық (place), пайда (profit) — негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50~ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама кампаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі. ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі танда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдеріш пайдаланып жүр.

Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласына енуіне не себепкер болды?

Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.

Маркетинг — бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағьь нын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке ясұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әл-бетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мүндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндіруші) нарықтан өз орнын алып   бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.

70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.

Бэселестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды.

Оның негізгілері:

1.Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуьша, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге   дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2.Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3.Банк иңцустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы)-Банк көрсететін қызмет спектрі үлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.

4.Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.

5.Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бэсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік енеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.

6.Мемлекеттік реттесімен байланысты банктік қызмет көрсету  нарығында  бағалық  бэсекелестікке  шектеу  қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жо-ғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады, Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.Әрине, бұл тек банктік қызмет керсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бэсекелестіктің жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың дамуы нәтижесінде қаржылық  қызмет көрсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі түрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа  позицияны жаулап алуы  үшін өздері жүргізіп отырған несие саясатын тұрақты түрде ырықтандырып отыруға және осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр. Қатердің көбеюі де коммерциялық банк табысының азаюына өз әсеріи тигізеді. Осыған байланысты  банктер маркетинг стратегиясын жасауға,  жаңа қызмет түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге үмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалық принциптерін өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері, әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір-біріне үқсас, сэйкес болып келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

Банк маркетингісі — бұл клиентураның нақты қажетгіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы наықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі. Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту3 өз қызметтерін өткізудің салаларын үлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі танда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді еткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларьш ұлғайтуға септігіи тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

  1. Қорытынды.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг (интегрированный маркетинг) басымдыққа ие болып келеді.

Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға ғана мүдделі емес, сонымен қатар олар тартылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделілік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі — банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі — банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға — табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінде маркетинг — бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жүмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз өніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүгешегесіне дейіи зерделеп, клиентіердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете білу керек.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.ҚР Президентінің 1995 жылдың 30 наурызындағы №2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі туралы» Жарлығы (ҚР Президентінің 20.07.95 ж. №2370, 02.08.95 ж. №2396, 05.12.95 ж, №2672, 27.01.96 ж. № 2830 Жарлықтарына, ҚР 03.07.96 ж. № 18-1, 07.12.96 ж. №50-1, 11.07.97 ж. №154-1, 08.12.97 ж. №200-1,. 29.06.98 ж. №236-1 заңдарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

2.ҚР Президентінің 1995 жылдың 31 тамыздағы «Қазақстан Рес-публикасывдаш Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы (1996 жылдың 6 наурызында, 1996 жылдың 7 желтоқсаныңда және 1997 жылдьщ 11 шілдесінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса ескергенде).

3.1996 жылдың 24. желтоқсаныгідағы №54-1 ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы. (1997 жылдың 11 шілдесіндегі №154-1 ҚР заңымен, 1998 жылдың 9 шілдесіндегі №277-1 ҚР Заңымен өзгерістер енгізілді).

4.1997 жылдың 28 сәуіріндегі №97-1 ҚР «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы» заңы.

5.ҚР Ұлттық банктің 1997 жылдың 23 мамырыидағы №2? 9 «Пруденциалдық нормативтер туралы» Ереже» қаулысы (ҚР Үлтгық банк Басқармасының 27.10.97 ж. № 380, 28.08.98 ж. № 157 қаулыларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

6.27.10.94 ж. №26 «Қарыз алушының. несиені өтеу жараушылығын банктердің талдауы бойынша   әдістемелік нұсқау» Хаттамасы.

7.ҚР Үлгтық банкісінің 1997 жылдың 23 мамырындағы №222 «Ең аз шамадағы резервтік талаптар туралы» Ереже.

8.1995 жылдың 29 наурызындағы ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» заңы.

9.1996 жылдың 14 сәуіріндегі ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы.

10.1997 жылдың 5 наурызындағы ҚР «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңы (Казахстанская правда, 1997 жылдың 11 наурызы).


Тегтер:активтер мен пассивтерді басқаруақша нарығыақша нарығы және капитал нарығыақша нарығы рефератақша нарығындағы тепе-теңдікақша нарығының төлем құралдарыақша нарығының функцияларыақша нарығының құралдарыақша нарығының құрылымыбанк маркетингісінің міндеті мен мақсатыбанк менеджербанк менеджерібанк менеджері деген небанк менеджерінің қызметібанк менеджментбанк менеджментібанк несие саясатыбанк саясатыбанк туралы рефератбанк қызметібанк қызметі туралыбанк қызметін реттеубанк қызметін реттеу және қадағалаубанк қызметін ұйымдастырубанк қызметінің түрлерібанк қызметінің түсінігідепозиттің түрлеріжапондық үлгідегі экономикамакро және микро деңгейлермаркетингті пайдаланудың экономикалық мәні недемаркетингтің пайда болу шарттарымаркетингтің пайда болуыменеджердің атқаратын қызметіменеджердің кәсіби қызметіменеджердің қызметіменеджмент міндеттеріменеджмент мақсаты және міндеттеріпассивтерді басқаруреферат қазақша жазу үлгісіреферат қазақша жоспарыменреферат қазақша титулкаҚазақша рефератқазақша реферат скачатьқазақша реферат үлгісіқазақша рефераттар тегін жүктеуқаржылық менеджмент міндеттеріқарыз алушықарыз алушының несие қабілеттілігін талдауқарыз алушының несиелік тарихы