Баланың психикасының дамуын зерттеу туралы курстық жұмыс

0

Тақырыбы: Баланың психикасының дамуын зерттеу

Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3

І ТАРАУ БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.

1.1. Баланың  ойын іс — әрекеттерінің дамуы………………………………………………………5-8

1.2. Баланың оқу іс — әрекеттері және оның оқу барысында қалыптасып жетілуі…………………………………………………………………………………………………………….8-11

1.3. Бала психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі-еңбек іс — әрекеттері………………………………………………………………………………..11-13

ІІ ТАРАУ БАЛАНЫҢ  ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ.

2.1 Мектеп жасына дейінгі  жасындағы   баланың іс — әрекетінің дамуы……………………………………………………………………………………………………………..14-16

2.2.  Мектепке дейінгі   баланың оқу әрекеттерін зерттеу………………………………17-18

2.3  Психологиялық әдістер арқылы баланың іс — әрекетін және психикасын зерттеу…………………………………………………………………………………………….9-26

Қорытынды…………………………………………………………………………………..27-28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………29

Кіріспе

   Зерттеудің мақсаты: Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы,  мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз». Баланы іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті — күрделі процесс екендігі, оның   құрамына   жеке   амалдар   мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы,  әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екндігі, ол жеке мақсатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Зерттеудің міндеті: Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Бала психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Бала әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отыруы, бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы, сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.

Зерттеудің әдістері: Іс — әрекеттің  жас кезеңдеріне байланысты дамуын зерттеуде психологиялық әдістер әңгіме әдісі, тест әдісі байқау әдістерін қолдану.

Теориялық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі баланың психикасын іс-әрекет арқылы дамытуда және ұйымдастыруды әдістер арқылы жүзеге асыру.

Практикалық қолданылымы: Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің бастауыш кластарды оқыту процесінде енгізілген жағдайда , оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды.

І ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ІС Ә-РЕКЕТ ТҮРЛЕРІ

1.1. Баланың  ойын іс — әрекеттерінің дамуы

Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап өрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсеңділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-өрекет деп аталады. Бала іс-әрекеті — күрделі құбылыс. Оның қыр-тараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын — қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін — физиология пәні; ал психология — іс-әрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады. Іс-әрекет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке, дара адамның іс-әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердің объектіне бірлікті, ұжымдық іс-әрекет те алынып жүр. Бала іс-әрекетінің нәтижесі — нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін  өндіреді,   жаратады.   Өз   кезегінде,   осы   қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне   жасап   жатқанның   өзінде,   ол   өз   еңбегінде

басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың төжірибесін пайдаланады.

Іс — әрекет қогамдық-тарихи категория. Шыныңда да, қалаған іс — әрекет қоғам қызметінемн тығыз байланыста, әрбір тұлға – басқа адамдармен қарым – қатынаста.   Жеке іс — әрекет қоғамдық іс — әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қаастырылады. Қоғамдық байланыстар мен  қатынастардан тыс  жеке, дара іс — әрекет жасалмайды. Жеке іс — әрекет қоғамдық іс — әекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау да осы жеке әрекеттің   қоғам өміріндегі ролін білуден басталғаны жөн. Соңдықтан  жеке   іс-әрекет   белгілі   қоғамның   кезеңдік   тарихи сатысындағы   қалыптасқан   нақты   қоғамдық   қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.

Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-әрекетіне  тыс   болуы мүмкін  емес. Керісінше,   іс-әрекеттің  қайсысы  болмасын  қоғамдық   қатынастардың     іске     асуын, байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс-  әрекет  түрлері  сол   қогамдағы   өндірістік  күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесу анықталады. Іс-әрекетте ғана адам қогамдық тұлға, азамат  болып танылады.

Іс-әрекет   әрдайым   міндетті   түрде   психика қатынасумен түзілетін субьекттің объектпен байланысы. Қандайда  бір  іс-әрекетті  орындау  барысында  адам  бір нәрсені қабылдауы,  есіңде қалдыруы,  ойлауы,  оған  зейін аударуы қажет;    әрекет    желісінде    оның    қандай    да    көңіл — күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет-ұстамдары     (установки)     мен     қатынастары қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс-әрекет болуы мүмкін емес.  Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен     қасиеттердің     бәрі     осы     іс-әрекет     барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.

Іс-әрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні — іс-әрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең  адамның  дүние  шындығын  өзінше  бейнелеу деңгейі және формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар:  сеп-түрткі  (мотив),  мақсат қою,  ерік жұмсау, эмоциялар білдіру ж.т.б. — қоғамдық қатынастарды субъективті бейнелеудің арнайы формалары. Субъектке байланыссыз іс — әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек ерекет иесі — субъектте ғана болады.

Белгілі жағдайда адамды,  нақты іс-әрекетке бағыттайтын ықпал қандай нөрсе? Адамды барша тіршілік сияқты белсенді іс-әрекетке келтіретін күш — бұл қажетсіну, яғни иңдивидтің өзінің тіршілік және дамуының қажетті   жағдайларына тәуелділігінің көрсеткіші болып табылады.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да озіне төн мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Бірақ бүл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші — баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық   пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды кобінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі — жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К. Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г. Спенсер), ал үшінші біреулері — ойынды жай рақат табудың бір көзі (Қ. Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық фактордың рөлін еске алмайды. Орыс марксисі Г. В.Плеханов оз еңбектерінде ойын жоніндегі идеалистік теорияларды сынап, бала ойынының үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.

Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады.  Бала ойын үстінде дүниетанудағы оз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сойлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже кореді. Баланың осы тілегін қолдау керек.  Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын» болып сақталғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін озіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру — ой-орісінің, омір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлегі.

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару т. б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі — мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген өңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді. 

1.2.  Баланың оқу іс — әрекеттері және оның оқу барысында

қалыптасып жетілуі.

Оқу — іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жұйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру — ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.

Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Меселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлүмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұрынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысына түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, кезінің жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, оз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны керінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз кеңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Сондай-ақ, мүғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның есқабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан  баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес дегеі қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсен бір-бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды ез күйінше жаттап алу, оньп мағынасына түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдер осы жайды қатты ескергендері дұрыс.

Психолог П. Я. Гальперин (1902—1988) езінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу» теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы матсриалдык әрекеттерді (затты үстап керу, тұрқын, колемін ажырату. шамамен елшеу т. б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сойтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.

Баланың білім меңгеруі, мүғалімнің сабақ оқытуы екеуі де «инемен құдық қазғандай» аса қиын нәрсе. Мөселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының зердесінде де «бәрін білуге» құштарлықтан туындайтын тамаша қасиет бар. Олар: «қоянның аяқтары неге ұзын?», «Ақ тиін неге ағаш басында тіршілік етеді?», «Шалқалап тұрған шыбындар неге құлап кетпейді?» т. б. осындай кептеген сұрақтар қояды. Кейбір ата-аналар, тіпті мұғалімдер де балалардың осындай үйреншікті, мәнісі бар сүрақтарына жауап бермейді, «сен мұны бәрібір түсіне алмайсың», «жоғары сыныпқа барғанда оқисындар» деп ұзын арқау, кең тұсауға салып кете береді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жауап кайтара берудің қажеті жоқ, бұл сұраулардың кейбіреулері осы жастағы балалардың интеллекгік мүмкіндіктерін кетермейді де. Бірақ мына жағдай әр уақытта есте болуы тиіс. Егер бала мүмкіндіктері жете бағаланбаса, тілектері қанағаттандырылмаса, бұл оның дүниені танып білуге құштарлығының болмауына әкелуі ықтимал. Балалардын  ақыл-ойын дұрыс дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, I сыныптың мұғалімі балаларға 9 санының екі және жетіден, алты және үштен құралатындығын айтып: «9 саны тағы да қандай сандардан құралады? — деп сұраса, олар «төрт пен бестен»— деп жауап береді. «Тоғыздан төртті азайтсақ, қанша қалады?», «Тоғыздан бесті азайтсақ ше?», «Сендер нені аңғардыңдар?» деп мүғалім ой сала сөйлейді. Балалар: «қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек, онда екінші қосылғыш шығады» дейді. Мұғалім тағы да ойын жалғастырып: «Екінші қосылғышты шегерсек қайтеді?»,- десе, «Онда бірінші қосылғыш шығады»,- дейді бір оқушы. «Олай болса, қосындыдан қосылғыштардың біреуін шегерсек»,- деп мұғалім сөзін сабақтай бергенде, «екіншісі шығады» деп бала сөйлемді аяқтайды. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылай дамуы, білім мен дағдыға қанығудың негізі осылай қаланады, ол шамалардың ара қатынасы мен амалдарды терең түсінетін болады. Бұл жай бізге арифметиканың аясынан шығып, бірінші сыныптың бағдарламасына геометрия мен алгебраның элементтерін кіргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осының арқасында шәкірттер заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, әр құбылыстың неден туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, олар сұраққа тек жай жауап беріп қана қоймай, өздері де сұрақ қоя біліп, оны өз бетінше шеше білуге машықтанады.

  • Бала психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі — еңбек іс — әрекеттері.

Бала  психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі — еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: «…Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады».Ұлы педагог еңбексіз тәрбиені дүрыс тәрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек өрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі — оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек төртібі қажет етеді.

Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады.

Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б.) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.  Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой-санасының өсуі, білім жүйесі мен дағдының ойдағыдай қалыптасуы еңбектегі қара күштің салмағын біртіндед кеміте береді, техниканың тетігін біліп, оны басқару оңайланады.

Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчествалы сипатта болуы қажет. Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, ұқыпты адамның қолынан ғана келеді. Оған күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат керек. Жалқау, керенау адамда творчестволық еңбек болмайды. Әрбір ынтымақты ұжымда еңбек өнімділігін арттыру — ең негізгі мәселе. Мұндайда адам еңбекке ынталы кірісетін болады, еңбекке байланысты тұрақты қызығу қалыптаса бастайды. Адамда еңбек дағдылары мен іскерлік, шеберліктің жақсы ұштасып келуі, адамдардың еңбектегі өнертапқыштығын, твор-чествосын арттырады, оның ақыл-ой әрекеті жан-жақты дами бастайды. Мұғалімдер балаларды еңбектің кез келген түріне, одан шығатын нәтижелерге сый-құрмет көрсету рухында (еңбекке әте ұқыптылықпен қарау, оның ысырабына жол бермеу, еңбек үстінде болатын барлық береке-сіздікке қарсы аяусыз күресу) тәрбиелеп отыруы тиіс. Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй-ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су күяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі — еңбек процесінің нақты көріністері. Баланың жасы өскен сайын, еңбек дағдылары да қатая түседі, оның шеңбері кеңіп, мазмұны тереңдейді.

ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ  ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ.

2.1 Мектеп жасына дейінгі  жасындағы   баланың іс — әрекетінің дамуы

Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі » баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде, көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы  өзара  қарым-қатынастар  коллективтік сапаларды  ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасый да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.

Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.

Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі — оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де түрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі, Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы — бала ұжымын құрастыруга таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ максатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына есбін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-қүлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т. б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы  жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыш-тығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен есімдіктердің,  жан-жануарлардың  өміріне    қызығушылықты қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, городки, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады. Сондықтан да мүндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдық пен оңтайлылықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық принциптілік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттірдің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.             

2.2  Мектепке дейінгі   баланың оқу әрекеттерін зерттеу.

Мектепке дейінгі шактың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердін шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі. аяккиім тазалайды т. с. с.

Іс-әрекеттерді кайта жаңғырту — мектепке дейінгі кішкентайлар ойынынын негізгі мазмұны, міне осы. Бұл кезенде балалар, әдетте, жеке-дара ойнайтынын атап өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы ұйымдастыруымен біріккеннің өзінде олардың оныны бәрібір бірлесіп ойнау емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінің ойынына аз көңіл аударады, әрқайсысы өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады. Мектепке дейінгі шақта, балалардың кұрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады. Құрбылары-мен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентифика-ция») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылда-нушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді. Ойын — бала әреке-тінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғам-дық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастыра-ды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез кел-ген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ой-найды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсен-ділігі бір сыдырғы байқалатынын, А. С. Макаренко өте жаксы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, өрекет ету қандай орын алатын болса,— деп жазды ол,— балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.

Мектепке дейінгі баланың  ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: «Сен кімсің?»— деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін «мамамын» деп таныстырады. Бұл жерде бала енді іс-әрекетті сол әрекеттің өзі үшін жасамайды. Олар рольге кіріседі. Енді сіз кең жайылған қайталама іс-әрекеттерді мына карай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұскауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықлас, өзін-өзі бақылаудын алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестер-дің ырықтылығы мен баскарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

2.3  Психологиялық әдістер арқылы баланың іс — әрекетін және психикасын зерттеу.

Мектепке баратын баланың ақыл-ойының оралымдылығын, логикалық ойла-уының көрініс бергенін, математикалық ұғымдардан хабардарлығын, кеңістікті бағдарлауын, зейіні, қабылдау, есте сақтау процесін анықтау үшін қолданылатын тестер алуан түрде жасалған. Оларды орындату барысында баланың таным про-цестерін бағалаумен қатар сол зерттелінген қасиеттер дамытылады. Сондықтан, тапсырманы орындауға қиналған балаларға ең бірінші оның фрагменттерін орындату арқылы, біртіндеп, қажетті дағдыны қалыптастырып алу керек. Бала жаттығуды орындауға икемделгеннен соң оны басынан аяғына дейін толық орындатуға болады.

Д.Б.Эльконинің «Графикалык диктант» әдістемесі

Мақсаты: Әдістемені қолдану арқылы бала үлкендердің айтқанын зейін салып тындауы, балалар психикасы мен іс — әрекет арасындағы байланысын дамытуы, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алатындығы, қағаз бетіне сызықтарды айтылған бағытта түсіретіндігі, тапсырманы өз бетімен орындауға мумкіндігі анықталады.

Тапсырманы орындату үшін әр балаға төр көз дәптердің бір парағына төрт нүкте түсіріліп беріледі. «Психолог баларға тапсырманы орындау ретін түсіндіреді: «Біз қазір осы параққа әр түрлі ою-өрнек саламыз. Оларды қолдарыңнан келгенше әдемі етіп салуға тырысыңдар. Ою-өрнек жақсы шығуы үшін менін айтқан сөздерімді жақсылап тыңдаңдар. Мен сендерге неше клетка бойыменен қалай қарай сызық жүргізу керек екенін айтып отырамын. Тек мен айтқан сызықтарды ғана жүргізіндер. Әр сызықты аяқтағаннан соң қаламды қағаздан алмастан келесі жолды сол жерден бастайсындар. Енді қаламды оң қолдарыңа алыңдар. Оң қолдарыңды көтеріңдерші. Мен, сызықты оңға қарай жүргізіңдер, дегенде оны мына қабырғага қарай жүргізесіңдер (оң жақтағы қабырға көрсетіледі,   немесе  оң жақта  орналасқан  зат  айтылады  және тақтада он жаққа қарай сызық салынып көрсетіледі. Мен бір тақта бойымен оңға карай сызық түсірдім. Енді борды тақтадан ай екі клетка бойымен жоғары қарай сызық сызамын. Ою-өрнек түсіру үшін сызықты енді солға қарай бұрып түсіремін. Сол қолдарыңды көтеріңдерші. Сызықты терезеге қарай түсірсек ол солға болады (сол жақта орналасқан зат аталады). Борды тақтадан алмай осы бағытта үш клетка бойымен сызық түсіремін. Бұл өрнекті қалай салу керек екенін барлығың түсіндіңдер ме?» -деген сұрақтан кейін балаларға бірінші өрнекті салғызу керек.

«Осы өрнекті өздерің салыңдар. Қаламды ең жоғарғы клеткаға қойыңдар. Ен-ді менің түсіңдіруім бойынша ою-өрнекті асықпай салыңдар». Психолог балалар-дың әрекеті қандай болатынын олардың жұмыс темпіне қарай айтып отырады.

Психолог, өзінің айтуы бойынша жасалған өрнекті тексеріп болғаннан соң, зерттелінушілерге бір-екі минут ішінде оюды өзінідігімен жалғастырып салуына мүмкіндік береді. Тапсырманы орындау барысында балалардың жұмысын мақтап, сызықтары қыйсық шыққандарға: «қолың біраз жаттыққаннан соң жақсы салатын боласың, деп оларға үлкен үмітпен қарайтынын білдіріп отырады, бірақ ешқандай қосымша түсіндірудің қажеті жоқ. Бірінші жаттығуды орындап болғаннан соң оны жалғастырудың қажеті жоқ екені түсіндіріліп, келесі ою-өрнекті салу үшін қаламды қай клеткаға кою керек, одан сызықтарды қалай қарай түсіру реті бұрынғы үлгі бойынша жүргізіледі. Әр тапсырманы орындауға 1.5-2 минут уақыт беріледі. Барлығы төрт тапсырма орындалады. Нәтижесін бағалау. Бірінші     жаттығу бағаланбайды. Келесі жаттығуларды бағалағанда тапсырманың      психо-логтың айтуы  бойынша орындалған бөлігі мен балалардың өз бетімен    орында-ған өрнектері бөлек бағаланады. Бағалау шкаласы: ою-өрнек дәл орындалса — 4 балл (қолы дірілдегені, жұмыс лас орындалғаны қате деп есептелмейді); бір сызық дұрыс жүргізілмесе — 3 балл; бірнеше қате жіберілсе — 2 балл; кейбір элементтері ғана нұсқауға сай келсе — 1 балл; ешқандай ұқсастық болмаса — 0 балл; ала жұмысты өзбетімен жалғастырса оның салған өрнектері шкала бойынша бағала-нып онда жинаған ұпайлар жалпы баллға қосылады. Баланың әр тапсырманы пси-холог сөзі бойынша және өз бетімен орындағандарының баллдарын қосу арқылы корытылып бағасы шығарылады. Жалпы бал 0 (ең төменгі көрсеткіш) ден 16-ға (ең жоғарғы көрсеткіш) дейін болады. Жоғарғы көрсеткіш баланың сөзбен түсіндірген тапсырманы орындай алатындығы және майда қимыл әрекеттерінің жетілгенін көрсетеді.

А.Л.Венгердің «Үлгі мен ереже» әдістемесі.

Мақсаты: баланың сөзбен айтылған ережеге, үлкеңдер қойған талапқа түсінуін, тапсырманы дұрыс орындауын және бейнелі ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау.

Тапсырманы   орындату   үшін   алдын   ала   оны   орындауға арналған   белгілер   түсірілген   парақтар  даярланады.   Парақты артқы бетіне баланың аты-жөні, жасы жазылады.

Баларға  тапсырма  беруден  алдын  оларға  орындау тәртібі түсіндіріледі. Психолог қолына үлгі парақты алып оның бетін салынған бұрышты иректі балаларға көрсетіп тұрып тапсырманы орындау   ережесін   түсіндіреді:       «Сендердің   қолдарыңда   дәл осыңдай парақ бар. Парақ бетінде бірнеше белгілер салынған еді. Оларды бір-бірімен қосқаннан соң мына сурет шықты (қаламмен ұшбұрыштың бұрыштары көрсетіледі және оларды  бір-біріме қосып   тұрған   қабырғалардың   ұзына   бойы   керсетіледі).   Ос парақтың бетінде тағы бірнеше белгілер бар. Өздерің  оларды бір бірімен қосып, дәл осындай сурет салып шығарыңдар (үлгі жөн бір   рет  көрсетіледі).   Бұл   жерде   артық   белгілер   бар,   оларды сызықпен  қоспай,  тастап  кетіңдер.   Енді  парақтағы  белгілерге жақсылап қарап алындар. Олардың барлығы бірдей ме?»

Тапсырманы балалар жақсылап қарап   шығып,  белгіле әртүрлі      екенін      айтқаннан соң, психолог түсіндіруін жалғастырады:  «Дүрыс, олар шеңбер,   қиықша  және шаршы болып   келеді.   Енді  мына  ережені   есте   сақтаңдар:   екі   бірдсй белгілер арасына сызық жүргізуге  болмайды  (екі  шеңбер,  екі шаршы, екі қиықшаларды бір-бірімен қосуға болмайды). Қазір үлгі   бойынша парақ бетіндегі белгілер арасын сызықпен қосып мына   фигураны   шығарындар (үлгі  көрсетіледі). Егер қате сызсандар оны маған айтыңдар, мен ол сызықты өшіріп беремін. Бір фигураны салып болғаннан соң    айтылған ереже бойынша келесі суретті салындар (ереже кайталанады)».

Тапсырма түсіндірілгеннен  сон балалар оны орыңдауғі кіріседі. Жұмыс   барысында   психолог   балардың   тапсырманы орындауға ынтасын көтеріп, дұрыс жасағандарды мақтап, қажеттілік туғанда ережені қайталап отырады. Бірақ ешқандай қосымша нұсқаулар берілмейді. Барлығы алты тапсырма орындалады.

Осы сияқты тапсырма 6 рет түсірілген парақты өр зерттелінушіге берілетіндей етіп алдын ала даярлап қою керек. Балалардың жұмысын ұйымдастырғанда олардың әрқайсысына барлық тапсырмалардың шаблоны бар парақтар беріледі.

Бағалау шкаласы:

Алты тапсырманың әрқайсысы 0 ден 2 баллға дейін бағаланады.

Тапсырманы орындау ережесі бұзылған және үлгі дұрыс
көішршмеген болса  — 0 балл.

Ереже бұзылған, үлгі дәл қайталанған — 1 балл.

Ереже бұзылмаған, үлгі дүрыс көшірілмеген — 1 балл.

Ереже бұзылмаған, үлгі дүрыс кешірілген — 2 балл. Барлық алты тапсырманы орындаған балалардың жинаған баллдары 0 ден 12 ге дейін болады.

Зерттеу барысында балалардың сенсо — сенсо-моторлық қабілеті, нақты көрсетілген үлгіні қабылдауы сөзбен айтылған ереженің мағынасына түсінуі бағаланады.. Нөтижесінде баланың психологиялық дамуының көрсеткіштеріне  байланысты  оны «мектепке дейінгің немесе мектептік»  типтердің қайсысына жататыны анықталады.

Тапсырманы орындауда баланың ережені бұзбауға өте көп  көңіл бөлгендігі «мектептік» типтің көрсеткіші және оның мектепте оқуға даярлығы жақсы екендігінің белгісі болып  табылады.

Егер «мектептік» типтегі бала тапсырмаларды орындаған  үлгіде берілген формаларды қайталауға, өзі салған суретті үлгі пішініне келтіруге қиналса, оны қосымша жаттығулар көмегімен түзету-дамытудан өткізу қажет.

«Корректура жасап көру» әдістемесі

Мақсаты: бала өз әрекетін ұйымдастырғанда мақсат қоя білуін анықтау.

Балаға   таныс   геометриялық   фигуралар   салынған   парақ беріледі. Ол әр түрлі фигуралардың ішіне шартты белгілер салу керек.

Мысалы:

 

Осы    үлгі    бір    рет    көрсетілгеннен    кейін    балаға    бұл фигуралардың   ішіне   белгілер   салынатыны    түсіндіріледі.  Бұл белгілір ирек, қосу немесе тендік   белгісі т.б. болуы мүмкін. Үлгі қайта көрсетілмейді. Тапсырманы орындап болғаннан соң бала өзінің орындаған тапсырмасына мұқият қарап, қатесі болса, оны қызыл қаламмен түзетеді.  Қатесі жоқ болса немесе жіберілген қатені баланың өзі жөндесе оның өз алдында тұрған мақсатты  дұрыс түсінгенінің белгісі.

Психолог осы  үлгі бойынша бірнеше тапсырмалар жасап аласа,  оларды кезегімен қолдануға болады.

Орындау уақыты 5 минут.

Е.Е.Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі

Мақсаты: балалардың ойлау    операцияларының    даму деңгейін анықтау.

Психолог балаларға ауызша тапсырмаларды оқып береді. Мысалы: қоян қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Ең үлкені қандай аң болды? Қоян ба, аю ма? Салыстырмалы тапсырмаларда қисынсыздықтар жиі кездесетін сөйлемдер болуға тиіс. Оларды психолог алдын ала тауып немесе өзі жасап, жазып алады.

Тапсырмалар оқылғанда кездескен қисынсыздықтарды бала тауып, дұрыс салыстырма қандай болуы керек екенін айтып беруі керек. Қисынсыздықтарды түгел табылса, баланың ойлау операциялары дұрыс қалыптасып келе жатыр, деп айтуға болады. Егер бала тапсырманы орындауға қиналса, онымен түзету-дамыту жұмысын жүргізу керек. Дамыту жаттығулары ретінде алдын-ала даярланған сөйлемдерді алып, оларды баламен бірге талдау керек. Салыстырмалы талдаудың ойлау процесін дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан мұндай жаттығуды бірнеше рет қайталап орындату артық болмайды.

«Мен не білемін?»  әдістемесі.

Мақсаты: баланың табиғат туралы білімін анықтау.

Баланың қоршаған орта туралы білімін анықтау үшін арнайы әңгімелесу жүргізіліп, оның барысында келесі сұрақтарға баланың берген жауаптарының мағынасы талданады.

Әңгімелесуге арналған сұрақтар:

  1. Жылдың қандай мерзімдерін білесің?
  2. Көктемнің келгенін қандай белгілерімен анықтайсың?
  3. Құстар көктемде қайда қарай ұшады?
  4. Жаз мерзім қандай ерекшеліктермен сипатталады?
  5. Қандай жеміс-жидектер жазда піседі?
  6. Күздің келгенін қалай білуге болады?
  7. Ағаштар күздің келгенін қалай білдіреді?
  8. Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
  9. Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде келеді?
  10. Үй жануарларын ата.
  11. Жыртқыш аңдарды ата.
  12. Қасқыр, түлкі, жолбарыс-бұл қандай  жануарлар? (жыртқыш аңдар).
  13. Ешкі, сиыр, қой — қандай жануарлар? (үй жануарлары).
  14. Елік, қоян, жираф- қандай жануарлар?    (өсімдік қоректенушілер).
  15. Бақшада не өседі?
  16. Далада не өседі?
  17. Бір сөзбен мына заттарды ата: тал, терек, шынар.
  18. Қандай өсімдіктерді білесің?
  19. Қандай гүлдерді білесің?
  20. Мына заттарды бір сөзбен ата: пиала, кесе, табақ. Бағалау шкаласы:

Баланың қоршаған орта заттары мен құбылыстарын біз кең көлемде және жүйеленген болса — жоғары;

Білімі кең көлемде, бірақ жүйеленбеген болса — орта;

Баланың   қоршаған    орта    туралы    білімі   таяз,    үстіртін жүйеленбеген болса – төмен.

Осы бағалау нөтижесіне сүйене отырып көрсеткіші төмен және   орта   болған   балармен   дамыту   машықтары   жүргізіледі.  Дамыту жұмыс-тарын табиғат аясында жүргізген тиімді болған.  Экскурсия, қоршаған     ортаға серуендеу, зоопаркке бар саяжайлармен танысу т.с.с.  машықтарын    кеңінен    қолдану баланың қоршаған орта туралы білімін кеңітеді. Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың осы формаларын жиі қолдануды  ұсынамыз.

Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт»   әдістемесі арқылы балалар арасындағы қарым – қатынасты дамыту.

Мақсаты: баланың үғымдық қорының қалыптасу деңгейін, қарым – қатынасын  анықтау.

Баларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай  атауға болатынын сұрайды.

Мысалы:   кейлек,   тон,   шалбар,   етік,   бөрік,   күрте.   Осы алғандарды бір сөбен қалай айтуға болады?

Бала олар киім деген сөзбен белгіленетінін айтуға тиіс.

Тапсырмалар.

  • Тәрелке, тостаған, қазан, шәйнек.
  • Қыл қалам, фламастер, қалам, рушке.
  1. Алма, алмүрт, шие, шабдалы.
  2. Етік, галош, туфли, мәсі.
  3. Қауын, дарбыз, қияр, помидор.
  4. Қайың, қарағай, тал, емен.
  5. Үстөл, керует, шкаф, кітап сөрелері.
  6. Өрік, жүзім, алхор, анар.
  7. Орамал, бөрік, тақия, малахай.
  • Әмір, Уалихан, Жәнібек, Ұлан.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, балалар психикасы мен іс — әрекет арасындағы байланыс, яғни оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, сондай-ақ тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек. Оқушылар да, өз кезегінде, оқу ситуацияларының мәнін тусінуі және барлық әрекеттерді дәйекті түрде орындап отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, зандылықтардың бірі мынада: бастауыш клас-тардағы бүкіл оқыту процесі алғашында балаларды оқу іс-әрекетінің басты бөліктерімен кең түрде таныстыру негізінде құрылады және балалар оларды белсенді түрде іске асыруға тартылады.  Балаларды оқу материалдарына бұлай кең турде «шұбалаңқы» енгізу кейде мұғалімдерге артық болып көрінуі мүмкін. Дұрысында, бұл олай емес. Оқу ситуациясының алғы шартын және оның ролін егжей-тегжейлі ашу (нақтылы-практикалық міндеттерді шешудегі қиындықтар, оларды талдау-дың жалпы тәсілін іздестіру қажеттігі) балалардың танымдық белсенділігінің, олардың оқуға деген ынтасының дамуының елеулі шарттарының бірі болып қызмет етеді. Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелілігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың, сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттық әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игеріліп ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларға көрсетілген оқу әрекеттерін бақылау мен бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жур-гізілгендігінің дәлелі. Сонымен, бастауыш мектеп шағының өн бойында балалар-дың оқуға көзқарасының белгілі бір динамикасы байқалады. Ақыр соңында балалар оқу іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қызыға отырып, нақтылы-практикалық есептер-ді оқу-теориялық есептерге өздіктерінен айналдыра бастайды. Оның қалыптасуын заңдылықтармен зерттеу-қазіргі заманғы балалар және педагогика психологиясының бірінші кезекті және сонымен бірге қиын проблемаларының бірі болып табылады.

Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Меселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлүмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұрынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысына түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады.

Оқу — іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жұйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру — ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.А,«Қазақ университеті»,1992 ж
  2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
  3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
    сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
  4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
  6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
  7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
  8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
  9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
  10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
  11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
  12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
  13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
  14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г