Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы туралы курстық жұмыс

0

Тақырыбы: Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы

Жоспары

Кіріспе……………………………………………………………..3-5

І Тарау Балалар ұжымының  қалыптасу жолдары 

1.1.   Ұжымның  қалыптастыру  және  оның балалар

тұлғасына  ықпалы……………………………………………………………………….6-16

1.2. Балалар  ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері……………….16-24

1.3. Даму  кезеңдерінде  балалардың  іс — әрекетін  мен  қарым – қатынасын  ұжымдастыру  ерекшеліктері……………………………………………………………….24-25

ІІ Тарау .     Балалар  ұжымымен  жұмыстар жүргізудегі  мұғалімнің кәсіби шеберлігі

2.1.     Балалар  ұжымымен  жұмыстар жүргізудегі  мұғалімнің  кәсіби  маңызды  қасиет – сапалары………………………………………………………………..26-27

2.2.Балалар  ұжымының  жағдайын  зерделеу  әдістемесі ……………….27-29

ІІІ.Қорытынды  бөлім…………………………………………………………………..30-31

IV.Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………32

  1. Қосымшалар ……………………………………………………………………………33-34

І. Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз».

Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде  жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
  2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
  3. Білімнің зайырлылығы.
  4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
  7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
  11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.

ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

  1. Меншік нысандарына үлгілерімен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;
  2. Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының;
  3. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:

  • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
  • Жеке адамның шығармашылық , рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
  • Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы қоғамға қарсы келген кез- келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

Курстық жұмыстың мақсаты — Балалар  ұжымын   қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) анықтау.

Зерттеу жұмысының обьектісі   —   мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.

Зерттеу жұмысының пәні — оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.

Міндеттері:

  1. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену.
  2. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау.
  3. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.

І Тарау Балалар ұжымының  қалыптасу жолдары 

1.1.   Ұжымның  қалыптастыру  және  оның балалар тұлғасына  ықпалы

Балалар  ұжымы — бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі — класс, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.

Бастауыш ұжымның ерекшелігі — ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.

8  Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдасты-рушылардың мектеп коллективінің тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.

Көп жылғы практика мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар жататындығына көз жеткізеді:

Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне айналады. Осы бірлік — коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.

Мектеп коллективгніц идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің басшылық ролі. Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады: мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар — аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді. Өмір сүруге үйрету    — бұл өте күрделі және өте нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, бес жылдан кейін не істейтін  болады; адам  мен адамның  араласуының негізінде не жатқанын, адамның коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани байлың әкелетінін білу.

Коммунист-педагогтың басшылық ролі. Коллектив, өз ішінде аға жолдастардың бағыттаушы, басшылық етуші — коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған кө-регендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді. Егер коллектив мектеп басшысы — директордың моральдық байлығымен, интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол тәрбиелеуші күшке айналады. Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде коллективті тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде де коллективтің болуы мүмкін емес. Коллективке басшылық ету үшін және оның жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәрбиешілер әрбір баланың психикалық, рухани, интеллектуалдык, ерекшелік-терін жақсы білуге міндетті.

Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасыпдағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу — мектеп коллективінің міндетті белгілері міне осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр азапқа айналады. Оқу — сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі болған жерде — оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Коллектив ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда, коллектив бай, толық мәнді рухани өмір сүреді. Қайталап айтамын: қарым-қатынастар. Мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен оқушыларды магнитше тартуға тиісті. Тек осындай жағдайда оқу магнитше тарта алады.

Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек класта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы — партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог — мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп коллективі тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс. Адам — коллектив — қоғам — өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды — идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады.

Өзіндік ынта, творчество, инициатива коллектив мүшелері арасындағы әр түрлі қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік: өзіндік ынта — стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық, ата-аналар басшылығы болмайынша, коллективте нағыз өзіндік ынта болуы мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда.

Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмайды. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне еңгізу қиын  әрі күрделі шаруа.

Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Окушыларды -болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулыктарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондыктан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне  әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сөзім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым — қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның  құнды  тәжірибесіне  қарама — қайшы келсе, онда  қарым-қатынас  қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы  ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін – бірі  қабылдау мәдениетінің кемшілігі, жолдасының ескеруғе тұрарлық  бағалы да қызықты  қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1/ Тұлға ұжымға бағынады /конформизм/;  2/ Тұлға мен ұжым бір – бірімен  үйлесімді қатынаста /гармония/ болады;  3/ Тұлға ұжымды өзіне бағындырады /лидерлік/.

Бірінші түрі бойынша тұлға  ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын,  нормаларын  және  дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1/ Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2/ Тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс — қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау көзінде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп  ұжымынан тыс жерде бұрыңғы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде  уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрыңғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін -өзі қорғап қалу сөзімінің  үстемдігінен болады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі — бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым — қатынаста болуы тиіс.

Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс — әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең тараған бағыт — бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсірісе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу — олардың талпынысына күш — қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты — өз беделін ғана таныту.

24 Жас адамның мектепте оқыған жылдары ішінде ой-пікірде, сөзімде, мінез-құлықта, еңбекте өзіндік ынта көрсете аларлықтай, коммунистік қоғамның кең дүниесінің қарым-қатынастарымен өмір сүретіндей жағдайлар тудыру, біздің кәміл сеніміміз бойынша, коллективте тәрбие жұмысындағы басты нәрсе болып табылады. Коммунистік мұратқа, еңбекші халыққа адалдық, өз күшің мен өміріңді Советтік атамекен үшін беруге әзірлік біздің қоғамымыздың ұйтқысы болып табылады.

Әңгіме коллективтің идеялың-азаматкерлік негізі туралы болып отыр. Бұл негіз екі нәрсенің үйлесімі арқылы құрылады: бір жағынан, жеке бастың намысын, абыройын сөзіну арқылы, социалистік қоғамның жасампаз-адамының, азаматының ұлылығын мойындау арқылы; екінші жағынан, өз еңбегін, мінез-құлқын қылығың үшін борышыңды, жауапкершілігіңді сөзіну, қоғам тағдыры үшін, жеке адамның еңбек, рухани және жеке өмірде күрделі қарым-қатынастарда болатын адамдардың игілігі үшін жауапкершілігіңді сөзіну ар-қылы. Айрықша маңызды тәрбиелік проблеманы біз мынада деп қараймыз: адамның өзін құрметтей білуін, өзінің арын, намысын қадірлей білуін үздіксіз жетілдіре білу керек, өзінің мінез-құлқын қатаң бақылауы, жеке мүдделерді қоғамдың мүдделерге бағындыруы, бұларды жалпы жұрт игілігіне айналдыруға ұмтылу негізінде қалыптастыруы керек.

Біз тәрбиеленушінің ақыл-ойы мен жүрегіне арнаған мұғалімнің сөзі де, коллективте, жалпы еңбекте, мектеп коллективінің ересек еңбеккерлер коллективтерімен өзара қарым-қатынастарында құрылған жағдайларда -осының бәрі де адамды өзінің көз алдында жоғары көтеруі үшін, дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік державаның азаматы деген атаққа оның мақтануы үшін, күшті, ер жүрек, жаны жайсақ адамдардың отандасы екендігіне мақтануы үшін еңбек етеміз.

Коллектив тәрбиелеуші күш ретінде қарым-қатынастардың байлығына негізделеді, бұл қарым-қатынастардың арасында идеялық-азаматкерлік қатынастар құрметті орын алады. Ал қарым-қатынастар байлығы мынаған байланысты болады: коллективтің әрбір мүшесі өмірдің асыл мәні неде деп біледі; әрбір жеке адам үшін еліктеудің мұраты, үлгісі не болып табылады; моральдың намыстың, ерліктің, сұлулықтың жоғарғы шегін әркім қалай түсінеді; мұрат дегенге әркім қалай қарайды.

Коллективтің идеялық-азаматкерлік негізі оның әрбір мүшесінің дүниеге азаматтық көзімен қарауға тырысуынан көрінеді, сөйткенде, азаматтың дүние түйсіну бала жастан бастап-ақ адамның өзін-өзі көретін, өзінің мінез-құлқын бағалайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі орнықтыруға бағытталған ақыл-ойында, күйініш-сүйінішінде, іс-қылығында өз-өзіне деген көзқарасын ашатын айнаға айналуы керек. Әрбір жеке адамның өзіне деген белсенді көзқарасы, өзінің азаматтық мәнін дұрыс көрсетіп, бағалай білуін біз коллективтің тәрбиелеуші күшінің ең басты өлшемі деп қараймыз. Бұл мақсатңа жету — тәрбиешінің нағыз шеберлігінің куәсі.

Коллективтік және жеке рухани өмірде идеялық-азаматкерлік негіз оқу сияқты істе маңызды роль атқарады, оқу балалар, жас өспірімдер және жастар үшін өзінің қамы, қиыншылықтары бар ең басты еңбек болып табылады. Қазір, біздің қоғамымыз жалпыға бірдей орта білімді жүзеге асыру сатысында тұрған кезде, жұртшылық шұғыл, көкейтесті мәселелерге мейлінше қам жасауда: адамның белсенді, қажырлы, он жылдың ой еңбегін қалай ынталандыру керек? Баланың сәтті оқып, тек бүгін ғана емес, өзінің бүкіл өмірі бойында өзінің білімін көтеруге талмай ұмтылу қасиетін жетілдіріп, орнықтыруға қалай жету керек? Оқуға деген немқұрайды қараушылықтың қалай алдын алу керек? Егер іске нағыз басты стимул — азаматтық борыш араласпаса, тексеру, бақылау, күштеу жөніндегі нағыз қулық жүйенің ешқайсысы да тиісті нәтиже бермейді.

Бұдан бірнеше жыл бұрын біздің мектептің тоғызыншы кластарының бірінің класс жетекшісінің, директорының және оқу ісі меңгерушісінің мазасын кетірген бір жай, ол тоғызыншы класта оқитын екі жастың оқуға немқұрайды қарауы — оқығысы келмеуі болды.

Ал олардың ата-аналары колхоздың мал фермасының тамаша қызметкерлері еді. Әр тоқсан сайын ферма коллективінде социалистік жарыстық қорытындылары шығарылып тұратын. Ал әр жолы біздің тоғызыншы класта оқитындардың ата-аналары үлгілі колхозшылар ретінде аталып өтетін, олардың есімдері құрмет тақтасына жазылатын, олар сыйлықтар алатын. Колхоз партия ұйымының секретарымен ақылдаса келіп, біз былай деп шештік: біздің жалқаулар өздерінің ата-аналарымен бірге тоқсан сайын өздерінің үлгерімі жайында ересек еңбеккерлер алдында — жұртшылық алдында есеп беретін болсын. Нәтижесі таң қаларлықтай болып шықты. Колхоздағы өндіріс жұмысы мен мектептегі оқу ісін адамдардың бір дәрежеге қою фактісінің өзі жастарды олардың өзі кім, кім арқылы тіршілік етіп, оқу оқып жүр, деген ойды жете ойлануына мәжбүр етті. Тоғызыншы класс оқушылары мынаны түсінді: олардың партада отырып, алаңсыз оқуға мүмкіндік алу себебі олардың әрқайсысы үшін бірнеше ересек еңбеккер адам жұмыс істеп жүргендіктен ғана екен. Біздің екі жалқау өмірді бейне бір шын мәнінде тұңғыш рет көргендей болды. Жастар өздерінің қалай болса, солай оқуға правосы жоқ екенін түсінді, олардың ынта салып оқуы, қиыншылықтарды жеқуде табандылық көрсетуі — олардың азаматтық борышы екен.

Бұл біз үшін тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекше тапқырлық болды. Бір ғана тапқырлықпен, әрине, мақсатқа жете алмайсың, ғылыми тұрғыда негізделген жүйе қажет, жақсы ой және оны ұзақ уақыт бойына жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет. Алайда тапқырлықтар жасаудың бағалылығы мынада: бұлар, бейне бір найзағайдың ұшқынындай, басқа көп нәрсені көруге, бағдарлауға жәрдемдеседі. Жоғарғы класс оқушыларын бір беткей күштеу және бақылау амалдарын күшейту арқылы оқытуға болмайтындығын, қайта әр түрлі нәзік талаптар арқылы оқытуға болатындығын біз түсіндік. Ал солардың арасында коллективтің және жеке адамның идеялық-азаматкерлік сенімдерінің қа-лыптасуы бірінші кезекте тұрады.

Идеялық-азаматкерлік сенімдерді эпизодтық құралдармен, жастар мен аға ұрпақтың арасындағы қатынастарды шиеленістіретін оқиғалар құрумен, кейінгі ұрпақтың дға ұрпақ алдындағы борышы туралы моральдық ақиқат барынша айқын туындайтын оқиғалар құрумен қалыптастыра алмайсың. Тәрбиелеуші ықпалдың ұзақ мерзімді, берік жүйесі қажет.

Мұндай ықпал жүйесі туралы бізде белгілі бір ұғым қалыптасты.

Мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында оқушыға ғылымдардың негіздері туралы ғана білім беріп қоймау керек. Ең алдымен оны өмір сүруге, тұрмыстың ең маңызды даналығы — азаматтыққа үйрету керек. Мектеп табалдырығын аттаған және азаматтық кәмелетке жеткенге дейін біздің тәрбиелеуші ықпалымызда болатын адамға беретін біздің білімдерімізде адам-азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қаланған идеялардың ұлылығы мен ізгілігі туралы білімдер бірінші орында тұруы тиіс. Азаматтық ерлік туралы кітап оқу тәрбиеленушінің өміріндегі ең бақытты сәтке айналуы тиіс, адамның нағыз сұлулығының — азаматтық сұлулықтың сәулесі-оның жолын жарқыратып, оның дүниені азаматтың көзімен дұрыс көруіне көмектесуі тиіс.

Біздің мұрат — күрескер-коллектившілді, коммунистік асыл вдеялар жолындағы күрескерді тәрбиелеу. Біздің тәрбиеленушілеріміздің қылығындағы тазалық пен игілік, жауласушы идеологияға, бейсаясаттыққа, жайбарақаттыққа, өтірікке, алдауға, жалқаулыққа, адамның намысын қорлаушылыққа олардың келіспеу-шілігі мен төзбеушілігі — осының бәрі жас жігіттер мен қыздардың адамның ұлы намысымен — азаматтықпен қаншалықты рухтандырылғанына байланысты.

Идеялық-азаматкерлік сенімдердің қалыптасуы адам азамат туралы білімге ой жүгіртуден, оның азаматтық ерлігіне сүйсінуден басталады.

Адам-азамат туралы білімнің ақыл-оймен және жүрекпен қабылданып, бай, толык, мәнді өмірмен ұштастырылуы маңызды нәрсе. Сенімдердің қалыптасуы ең алдымен адамдармен өзара қарым-қатынастарда, қоғамдық, идеялық қатысында, қоғам игілігі жолындағы қызметте жалғастырылып, нығая түседі. Коллективтегі идеялық-азаматкерлік қатынастар неғұрлым бай болса, соғұрлым әрбір тәрбиеленушінің жеке рухани өмірі толық құнды болады.

Өзіндік өмірдің бастапқы қадамынан бастап-ақ бала адамның өзара қарым-қатынастарын практика жүзінде танып біле бастайды. Адамның өзара қарым-қатынастар дүниесі өте күрделі. Мұның өзі ата-аналар алдындағы: семья өмірінің белгіленген және бекітілген әдет-ғұрып дәстүрлерін сақтау жауапкершілігі болып табылады. Мұның өзі мектеп коллективіндегі қарым-қатынастар: ережелерді, мінез-құлықты ретке келтіретін, адамның тұтыну қабілетін ынталандыратын, ал сонымен бірге оны тежейтін, адам мүддесін дамытатын ережелерді орындау қажеттігі болып табылады. Осы орталарда — семьяда, класс және жалпы мектеп коллективтерінде бала азаматтық тәлім алады. Бірақ осы өзара қарым-қатынастардың бәрі азаматтың әліппесі ғана, алғашқы қарапайым сабақ қана. Егер бала өзінің мінез-құлқында, мәселен, сабаққа кешігіп келмеу, класқа кірер алдында аяқ киімін сүрту, кезекшілік міндеттерін мұқият орындау, үйге берілген тапсырмаларды күн сайын орындап отыру сияқты талаптармен ғана шектелетін болса, онда ол азаматтың әліппесінен арыға бармайды.

Бізде азаматтық жетілмегендіктің жиі ұшырасатын себебі осыдан емес пе екен. Он төрт жасар жас өспірім, оның құрдастары бұдан алпыс-жетпіс жыл бұрын астыртын революциялық үйірмелерде патша самодержавиесін қалай құлатуды ойлаған — міне осы он төрт жасар жас жігіт өзін баламын деп есептейді. Оның атқаратын қызметі шынында да баланың қызметі; оның қоғамдық мүддесі класта гүлге су құюмен немесе мектепке бес килограмм металл сынығын (пионер вожатыйының талабы осындай) әкелумен шектеледі. Бізге мынадай бір оқиға мәлім: комсомолға кіруге әзірленіп жүрген он бес жасар пионер, өзіне Вьетнамда болып жатқан оқиғалар жөнінде октябряттарға әңгіме айтып беру тапсырылған кезде, жылап жіберіпті.

Азаматтық жетілмегендік интеллектуалдың ынталардың шектелуіне әкеліп соқтырады. Мұның себебі адамның бала жасынан бастап-ақ қоғам өміріне тікелей қатысатындай өзара қарым-қатынастарының болмауына байланысты екендігіне біз кәміл сенімдіміз. Біз өзіміздің практикалық жұмысымызда коллективтік өзара карым-қатынастарды былайша құруға тырысамыз: әрбір тәрбиеленуші өзін қоғам өміріне белсенді қатысушымын деп сөзінсін, жоғарғы және ең жетілген, ең күрделі және нағыз талап қоя білетін коллективпен — қоғаммен, халықпен, Отанмен бетпе-бет келсін.

Ал осыған қалай жету керек, осындай өзара қарым-қатынастар жағдайында тәрбие беру процесінің мөні неде болмақ?

1.2.Балалар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері

Оқушылар ұжымы немесе қарапайым балар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.

Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.

Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктерімен мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге , мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды , мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы-олардыңұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ. Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға “Атамкен”, “Жұлдыз”, “Болашақ” және басқа ұйымдар жатады. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы-сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы – ол оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті-ұым өмірін ұйымдастыру барысындаоған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай          , оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау. Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б секторларының жұмыс жоспарын талқылар, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т.б) Сынып жиналысы- бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау т.с.с) өткізуі мүмкін.

Ұжым- әрбір мұғалім үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ең алдымен тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз — өз жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең “қиын” оқушыны да адам ете аламын,- дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам – ұжым- қоғам өзара қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке саналады.

Ұжымдық өмірдің эмоциялық байлығы дегенде жеке адамның еңбек жетістігін тек өзі ған емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін, құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.

Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ұжымның оқу-тәжірибе үрдісіндегі нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны ұстаздардың сөзінуі де ұжым жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.

53 Аамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол — қоғамдық зат. Адам-ның қоғамдың мәні оның басқа адамдармен қатынас-тарында, байланыстарын-да, өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, демек, жеке адамның қалыптасу процесін ғалымдар социализация деп атайды. Өкінішке қарай, социализацияның педагогикалық аспектісі тиісінше жете егжей-тегжейлі зерттелмей келуі былай тұрсын, тіпті қаралмай да келеді.

Ал былай алғанда нақ социализация процесі коллективтің тәрбиелеуші күшін қалыптастыруда аса маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, кол-лективтің осынау тәрбие күші туралы педагогикалық әдебиетте көбінесе ол бейне бір дайын күйінде берілетіндей түсінікті оқуға тура келеді. Коллективтің әлде-қандай фантастикалық күшіне осылай аңғалдықпен сенушілік мұғалім-дерді көбінесе торығуға әкеліп соқтырады. Бір жағынан, коллективтің жеке адамға ықпал ету қабілетінің қалыптасуы, өкінші жағынан, жеке адамның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуы әрбір индивидуумның, кейін юоллек-тив мүшесі болған индивидуумның қоғамға қалай кіруіне байланысты болады. Тәжірибе адамның қоғамға теріс, жарымжан кейіпте (өкінішке қарай, кейде осылай да болады) кіруі мынаған әкеліп соқтыратынын дәлелдейді: ол басқа адамдардың тәрбие ықпалына оңай бейімделе қоймайтын болады, ал кейде басқа балалар үшін қалыпты, тиімді ықпал ету тәсілдеріне бейімделу қабілетін мүлдем жоғалтады.

Кішкентай нәрестенің өмірінде оның өзі үшін төтенше жақалық ашатын   мынадай  кезең  де болады: сірә, өзіңнің айқайлаған даусыңмен, жылауыңмен, аяқ-қолыңды тырбаңдатуыңмен тілегің мен тұтыну қажетіңді өтейтін адамдарға — анаңа, күтушіңе, әкеңе, әжеңе ыңпал етуге болады екен. Анаң мен әкеңді ең шұғыл жұмысын қоя тұрғызып, өзіңе жүгіріп келтіруге болады екен. Өзінің әрбір тілегі бірден-ақ қанағаттандырылатынына, өзінің тілегін қанағаттан-дыратын адамның қимылын тездету үшін күшті белгі және реттеуші — айқай екендігіне таңырқап көзі жеткен бала тұңғыш өзімшілдік тілегінің қанағаттанға-нын сезе бастайды: не тілесем, соның бәрі істелетін болады деп біледі. Нақ осыдан кейін-ақ қалыпсыз, орынсыз социализация басталады: адам өзін тиісті жағынан емес, теріс жағынан танып біле бастайды. Коллективтің болашақ мүшесінің моральдық саулығы, оның тәрбиелі адам болу қабілеті едәуір дәрежеде нәрестенің жылап-сықтауына ананың қалай қарайтындығына, баланың алғашқы тілектерінің қалай қанағаттандырылуына және осы тілектердің негізінде тұтыну қажеттерінің қалай туатындығына байланысты болады. Міне сондықтан да, тәрбие ісі баланың тұңғыш тыныс алуынан басталатындығын А. С. Макаренко сан рет атап айтты, ал егер ана ұлын тәрбиелеу ісін алтыншы айға жеткенде ғана ойлай бастаса, онда ана жарты жыл кеш қалғаны.

Бала тәрбиелеудің қалыпты процесі үшін оның тілегіне қалай қараудың зор маңызы бар. Баланың — болашақ коллектившіл-азаматтың басқа адамдарға қарым-қатынасы осыған байланысты болады. Бұлар — әуелі анасына, әкесіне, ал одан кейін «бөгде адамдарға», «алыс адамдарға»— отандастарына, еңбектес және қарулас жолдастарына, кездеген мақсатқа, мұратқа жету жолындағы күрестегі бір пікірлес, одақтас адамдарға деген қарым-қатынастар. Теріс, жөнсіз тәрбие қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады, мен мұны тілектің бұрмалануы деп атаған болар едім. Мұның қауіптілігі мынада: бала өзінің саналы өмірінің ал-ғашқы қадамынан бастап тілек пен тұтынудың айырмашылығын білмейді. Өзінің кез келген тілегін қанағаттандыру дағдысы басқа адамдардың интеллектуалдық эмоциялық дүниесіне деген сөзімталдықты әлсіретеді. Егер осы дағды тамыр жайса, егер бала осы дағдысымен мектепке келсе, онда ол басқа адамдарға өзінің қалған тілектерін қанағаттаңдыратын негіз ретінде ғана қарайды. Ойлаған тілегіне қайшы келген нәрсенің бәрін ол жақтырмайды, ұнатпайды. Мұндай баланың өзін айналадағы дүниенің бір кішкентай бөлігі ретінде танып білуі барлық нәрсені бір ғана өлшеммен: өзінің тілегімен өлшеуден басталады. Ал қоғам өміріне дұрыс араласу, дұрыс социализация мына жағдайда ғана: адам өзінің «мен» дегенін басқа адамдардың мүдделерімен үйлестіруге саналы түрде ұмтылған кезде, өзінің талап-тілектерімен қоғам игілігі мүддбсі үшін қимыл жасауды біліп қана қоймай, соған тырысқан кезде ғана мүмкін болады. Бейнелеп айтқанда, социализация баланың мынаны сезгенінен (ал кейін түсінгенінен) басталады: «Менің айқайым, менің жылауым анамды тілегімді төзірек қанағаттандыруға мәжбүр етеді, бірақ осымен бірге ол анамның жүрегін ауыртады, абыржытады». Балаға жақсы нәрсе анаға зиян болып тиеді. Жақсылықтың жақсылығы сонда ғана, одан адам жыламағанда ғана жақсылық болатынын кішкентай балаға сездіру (ал одан кейін түсіндіру де) керек,— коллективизм тәрбиесінің логикасы мен диалектикасы осында. Тәрбиешінің нағыз шеберлігі мынада: бала басқа адамның көз жасын көріп, оны шын жүрегімен қабылдап, тұңғыш рет қайғы, абыржу, әбігерлену сөзімін басынан кешіргенде ғана көрінеді. Егер, сіздің балаңыз, басқа адамның қайғы-сын ақылоймен, жүрегімен ұғынып, тұңғыш рет нағыз қайғыны бастан кешіріп жыласа, сіз осыны көрсеңіз — онда сіз ол баланы социализация соқпағына дұрыс алып келдім деп біліңіз.

Біз кішкентай баланың социализациясы туралы соншама неге тәптіштеп айтып отырмыз? Өйткені бұл коллективтің ойдағыдай тәрбие беруінің төтенше ма-ңызды алғышарты. Бірінші класс оқушылары тобында бес-алты өзімшіл бала болса, онда мүғалім өз жұмысының алғашқы қадамынан бастап-ақ игере алмайтындай қиындықтарға кездесуі мүмкін. Тіпті оның коллектив құра алмауы да мүмкін, өйткені әрбір өзім-шіл — бұл коллектившілдік өзара қарым-қатынастардың ірге тасына түскен жарықшақ; егер жарықшақ көп болса — тәрбиеші коллективизм үйін қаншама тұрғызғанымен, ол құлай береді. Топтағы балалар неғұрлым жас болса, коллективтің жеке адамдарға тәрбиелік ықпалы соғұрлым нәзік, мейірімдірек болуы керек. Бірінші   класта   коллективті   және   мұғалімнің жеке басын баланың қалай түсінуінің ерекше зор маңызы бар. Асырып айтқандық емес, кейде бірінші оқушысына, оның сөзімтал жүрегі адамға сеніммен ашылып тұрған сәтте, мұғалімнің айтқан бір ауыз сөзі, баланың бүкіл өмір бойғы тағдырын шешеді.

Ал дұрыс социализацияның сол бір өте нәзік, әрі өте сөзімтал тетігі қандай?   Коллективте жарықшақ болмауы үшін коллективтің ірге тасын қалай қалау керек? Ал егер қазірдің өзінде жарықшақ болса — оны қалай бітеу керек?   Асылы, коллективтің тірегі не? Тәрбиеші ұзақ уақыт бойы олардың санасына сенімді, табанды көзқарасты, идеяны қондыру әлі де қиын; олардың рухаии өмірі әлі де болса ең алдымен түсініктерге, бейнелерге, сөзімдерге, сүйініш-күйініштерге негізделетін балалармен жұмыс істейді ғой.

Дұрыс социализация эмоциялық өмірдің байлығына, идеялың толық  құндылылығына  негізделетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Баланы ең алдымен түйсінуге, бірге күйінуге үйрету керек. Сөзім, сүйініш-күйініш — бұл бейне баланың тәніндегі титтей бір магнит тәрізді, ол магнит оны басңа адамдарға жақындатады, баланы сөзді, ақыл-кеңесті, идеяны, қабылдағыш, сөзімтал етеді. Жетілген сөзім, эмоциялық жоғары мәдениет — бұлар, бейнелеп айтқанда, моральдық жағынан тәрбиеліктің абсолюттік музыкалық дыбысы. Эмоциялық тәрбие алмаған, нәзік ықпалдарға саңырау бала — ол потенциалды өзімшіл.

Біздің  тәрбие  жұмысымыздың  жүйесінде өте маңызды форма этикалық әңгіме  формасы  бар. Философиялық-этикалық мазмұны айқын сипатталған мыңнан астам шағын әңгімелер мен ертегілер «Этика жөніндегі хрестоматия»—осындай әңгімелердің материалы болып табылады. Бұл «Хрестоматияның» кіріспе тарауы әңгімелерден тұрады, ол әңгімелердің мақсаты — социализация    дәрежесін, коллектив өміріне қатысуға даярлық дәрежесін, балалардың эмоциялық тәрбиелілік дәрежесін оқып үйрену. Кіріспе тараудағы әңгімелер негізінен мектепке дейінгі балалар мен бірінші кластағы балаларға өткізіледі. «Этика жөніндегі хрестоматияның» кіріспе тарауына енгізілген әңгімелер мен ертегілердің өзіне тән ерекшеліктері тұспалдай айтылған, жасырын ой-пікірлер болып табылады, оны белгілі бір эмоциялың тәрбиелілік дәрежесіне жеткен бала ғана түсіне алады. Эмоциялың дамып-жетілуі әлі төмен дәрежедегі балаға бұл ой-пікір ұғынықсыз болады. Бірақ, мұндай балалар үшін де өте-мөте қажет этикалық әңгімелер бар: ол кеңестер эмоциялық сергектікті оятып, тәрбиелейді, дүниені ақыл-оймен ғана танып қоймай, жүрекпен де тануға үйретеді. «Хресто-матияның» кіріспе тарауындағы этикалық әңгімелер — бұлар коллектившілдік сөзімдерді оятудағы тұңғыш сабақтар.

1.3.Даму кедерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы ұйымдастыру ерекшеліктері

Балалар ұжымының  еңбек өмірінің негізіне еңбек қуанышы жатады. Коллективте еңбек қуанышын бастан кешу ғана еңбекке деген қажеттілікті тудырады. Еңбек адамға қажеттілік онымен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен бөлінбейді; кішкентай адам творчествоның, іс-әрекеттің қызығын аша келе, сонымен бірге өзінің күші мен басқа адамдардың күшін қо-судағы қуанышты, тартымдылықты ашқан кезде ғана еңбек қуанышы туады.

Балалар коллективін тәрбиелеу — бұл, шын мәнінде, еңбек қуанышын іздеу. Еңбек қуанышын еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Оны экскурсияның, спорттың, ойындардың, көркем әдебиеттің, музыканың адамға беретін қуанышымен бір қатарға қоя алмайсың. Егер балалар өз тәжірибесінде еңбек қуанышына қолдары   жетпесе,   егер   оларды   коллективтік   жасампаз еңбек қызықтырмаса, басқа қызмет түрінің бәрі коллективті қалыптастыру құралы ретінде дәрменсіз болып қалады. Еңбек қуанышы,— бұл ең алдымен қи-ыншылықтарды жеқу қуанышы, мақтанышпен сөзініп, бастан кештік, мінекей біз, дене күштеріміз бен рухани күштерімізді жүмсап, жеңіп шықтық, ұзақ уақыт бойы талпынған шыңның басына шықтық. Еңбек қуанышына жету жолы оңай емес, оны альпинистің жігерімен және ерлігімен салыстыруға болады: құздар мен жарқабақтар арқылы кезудің жақсылығы да, тартымдылығы да шамалы, бірақ мұның бәрі шыңға жету үшін, өзіңнің абыройың мен   намысыңды дәлелдеу үшін қажет. Еңбек қуанышы шыңға  қарай  қайсарлықпен жылжуда, табиғат күштерін жеңіп шығуда.

Тәрбие шеберліғі мен өнері мынада:  әрбір адамға мына теңдесі жоқ қуанышты, халык, айтқандай, ол әлі орындықта көлденең жатқан көзден бастап сыйлау ке-рек. Балаға ауыр болады екен деп алтын балалық шақтың нұр шұғыласына көлеңке түсіруден қорықпаңыз, ол өзінің бар күш-жігерін салып, шағын мүмкіншілігімен біз ойлағаннан гөрі, көбірек іс істейді.  Осы «ойлағаннан гөрі, көбірек» деген сөзде, мүмкін, шыңға жететін қиын соқпақпен жүру мәселесі жатқан шығар. Оған жетпейінше еңбек қуанышы, адамның адамға жақындауы мүмкін емес, өзіңнің рухани күшіңнің сарқылмайтындығына таңырқау мүмкін   емес. Ойлағаннан гөрі көбірек іс істегеннен кейін, мүмкін, бала өзіне өзі тұңғыш рет мақтаныш сөзімімен сүйсінер, бейне бір өзін-өзі жаңа тапқандай, өзін басқа адамның көзқарасымен көргендей  болар. Әлбетте, коллективтің   еңбек өмірі нақ осыдан басталады. Адамның адамға жақындауы, күш біріктіруге талпыну, осы бірігу қуанышы, өзара көмек пен жәрдемді сезу — мұнсыз саналы тәртіп туралы, коллективтің жекелеген тәрбиеленушілерге қоятын талабы туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Көп жылдық тәжірибе менің көзімді мынаған жеткізді: балалар мен жастар коммунистік ұйымдары-ның — пионер және комсомол ұйымдарының идеялық негізі бұл балалардың, жас өспірімдер мен жастардың еңбек өмірі. Пионерге етуге әзірлену кезінде біздің балалар бақ немесе егістікті қорғайтын орман алқабын, жапырақты орман немесе титомник жасайды. Бұл жұмыс қоғамға қарайтын жерді түрлендіреді,   байлық құрайды. Мінекей октябрят-балалар шағын учаскеге емен отырғызып, жапырақты орман жасап жүр. Әрбір бала өзі отырғызған ағаштарының өніп шығуын шыдамсыздана күтеді, әрқайсысы нәзік өніктер пайда болған кезде қуанышты сөзімге бөленеді. Бұл жұмысқа балалардың шамасы келеді дегенмен   оңай да емес: жыл бойына әлденеше рет топырақты қопсытып, арам шөпті жойып, ағаштарды суару керек. Мұның өзі едәуір дене күшін жұмсауды керек етеді.

ІІ Тарау.

2.1. Балалар  ұжымымен  жұмыстар  жүргізудегі  мұғалімнің

кәсіби маңызды  қасиет – сапалары.

Балалар  ұжымымен  жұмыс  істеу  үшін  мұғалімнің  белгілі  бір  кәсіби  қасиет  сапалары  қажет.  Кәсіби  маңызы  бар  қасиеттер  мәнін  анықтауға  бірқатар  ғалымдар ( А. Сатынская, В.А. Сластенин,  Г.Сманова т.б. )  көңіл  бөлді.  Біртұтас  педагогикалық  процесс  теориясының  негізгі  заңдарын  басшылыққа  ала  отырып,  педагогикалық  процестің  іске  асыруын  қамтамасыз  ететін  тұлғаның  салыстырмалы  орнықты  сапалары мен  ерекшеліктерін  жиынтығын  педагогтың  кәсіби  маңызды  қасиеті  деп  санауға  болады.  Сонымен,  біртұтас  педагогикалық  процестің  нәтижелілігі « педагогтар —  оқушылар»  жүйесіндегі  өзара  қатынастың,  ықпалдастықтың  деңгейіне  байланысты  «Оқушы»  жүйесі  үшін  педагог  тұлғасы  қоршаған  болмысты  пәндендіру  ара

сындағы  делдал,  ал  мұғалім  оқушы  мен  материалдық  және  рухани  құндылықтар  арасындағы  делдал  б. т.  «Оқушылар» жүйесінде  қарым – қатынас « педегогтар – оқушылар »  жүйесінде бар  қарым – қатынас салдары  ретінде  жасалады. Бұл  болашақ  мұғалімді  даярлауда  мектептік  педагогикалық  процестің қызметін  жандандыруға  мүмкіндік  беретін  кәсіби  маңызы  бар  сапаларды  қалыптастырудың  неге  қажет  екенін  көрсетеді.

Жоғарыда  баяндалғандардың  балалар  ұжымымен  тиімді  істеудің  тиімділігінің  шарттарының  бірі  ретінде  қарастырылатын  ұжымщылдық  сияқты  мұғалімнің  жеке  қасиеттерін  қалыптастыруға  қатысты.

Мұғалімнің  ұжымшылдығы  оның  оқшылармен  және  қоқушылардың  бір – бірімен  дұрыс  өзара  қарым – қатынас  жасауының  негізінде балалар  ұжымының  қызметін  ұйымдастыруға  даярлығы  арқылы  көрініс  табады.  Тұтас  педагогикалық процесс  теориясында  бұл  өзара  қарым – қатынас  өзара  ықпалдасатын  тәрбиелеуші  механизм  болып  табылады және  қызмет  барыындағы  ынтымақтастықтың  сипатына  тәуелді.  Қызмет  барысындағы  сипатын  түсіну  мұғалімнің  құзырына  кіреді.  Соған  байланысты  мұғалім  өзінің  жинақтаған  білімінің  негізінде  балалар  ұжымының  қызметін  ұйымдастыруға  дайын  болуы  керек.

Тұтас  педагогикалық  процесс  және  балалар  ұжымы  теорияларының  негізгі  қағидаларына  сүйене  отырып, мұғалімге,  сынып жетекшісіне  оқушы  ұжымын  қалыптастыру  бойынша  тиімді  жұмыстар  ұйымдастыру  үшін  білім,  біліктерді  меңгерулері  қажет:

  1. 1. Мұғалім іс — әрекетінің  заңдылықтарының,  қозғаушы  күштерінің  және  тәрбиелеу  механзмдерінің  обьектісі  ретінде  педагогикалық  процестің  мәні  мен құрылымы  туралы  теориялық  білім.
  2. Оқушы ұжымын  қалыптастыру  теориясы  мен  тәжірибесі  және  оның  негіздері  мен  даму  заңдылықтары  жөнінде  біртұтас  түсініктің  болуы.
  3. Оқушы ұжымын.ың  қалыптасу  жағдайы  мен  деңгейін  диагностикалай  алу,  біртұтас  педагогикалық  процестің  негізгі  көрсеткіштеріне  диагностиканы  негіздей  алу,  ұжым  дамуын  болжау  үшін  диагностикалық  мәліметтерді  пайдалана  алу.
  4. Педагогикалық   ықпалдастырудың  негізгі  құралдарын  білу  және  оларды  балалар  ұжымын  қалыптастыру  процесінде  қолдана  алу.
  5. Әрбір оқушының  қызығушылығы  мен  қабілетіне  сәйкес  жалпы  мақсатқа  ( сабақта және  сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  ықпалдасу  жүйесі )  жетуге  бағытталған  оқудағы  және  оқудан  тыс  әрекеттерін  ұйымдастыра  алу.
  6. 6. Алғашқы сыныптық  ұжымды  қалыптастыруда  мұғалімнің  педагогикалық  жетекшілігімен  ұжымда  өзін — өзі  басқаруды  үйлестіре  алу.
  7. Мектепте  және  мектептен  тыс  уақыттарда  алғашқы  ұжымды  өзара  байланыс  жасауының  ролін  түсіну.

2.2. Балалар  ұжымының  жағдайын  зерделеу  әдістемесі.

Мұғалімнің  диагностикалық  бағдарламасының  бір  нұсқасында  «оқушылар мен ынтымақтастықта бола  алу  қабілеті »  критерийі  —  қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  зеттеу  іс — әрнекеттерінің  ең  жоғары  деңгейі  және  ол  өзара  ықпалдастыққа  ұмтылдыратын  жаңа  тәсілдерді  үнемі  іздестіру,  оларды  қарым – қатынас  жасауда  қолданудың  мүміндіктерін  байқай  алу,  басқа  адамдардың  көзқарастарын   түсіне  білуге  тәрбиелеу  аз  уақыт  аралығында  және  мұғалім  мен  оқушының  ақыл  ойын,  ерік  жігерін  пайдалана  отырып  эмоционалдық  күш  салумен  оқыту  мен  тәрбиелоеудің  әдістерін  үйлестіруді  негіздей  отырып  қолдана  алу.

Педагогтардың  балалар  ұжымымен  кәсіби  ұйымдастырылған  жұмысы  барысындағы  әлеуметтік  белсенділік  ретінде  күрделі  тұлғалық  қасиеттер  қалыптасады.  Қайта  құру  кезеңінде  бұл  қасиет  ерекше  маңызға  ие  болады,  өйткені  ол  қоғамдық  іс — әрекеттердің  маңыздылығын  оқушылардың  санасына  сіңіруін,  олардың  жауапкершілік,  белсенділік,  іздемпаздық  таныта  отырып  қатысуға  дайындалуын  ұмтылуын  қамтиды.

Қазіргі  оқушылардың  қоғамдық  пайдалы  жұмыстарға  қатысуға  оң  көз  қарас  тагнытпайтындар  да аз  емес.  Оның  негізгі  себебі  ұйымдастырылатын  жұмыстардың  бірыңғайлығы,  ондағы  формальдылық,  жұмыстың  пайдассыздығының  айқындығы,  педегогтың  өзінің  қызығушылық  танытпауы  болып   табылады.  Соған  байланысты  оқушы  белсенділігін  мектепте  ұйымдастырылатын  жүмыстардың  тиімділігіне  сұранысқа  ие  болуына,  мұғалім  позициясына,  жеке  қатынасына,  жұмысты  сауатты ұйымдастыра  алу  біліктеріне  тікелей  байланысты.

Қоғамдық  қатынаста  мұғалім  тарапынан  емес  белсенді  топ  мұшелері,  сынып  ұжымы  тарапынан  берілуі  тиіс.

Тапсырмалар  сабақта  сабақтан  тыс  орыналатын  жұмыстарға  байланысты  берілуі  қажкт:  мүмкіндігінше  ол  жұмыстарды  оқушыларды ң  өздері  таңдағандары  орынды.  Орын.далған  тапсырмалар  мен  оның  орындалу  сапасы  жөнінде  ұжым  алдында  есеп  берілуі  қажет.

Сынып  жетекшісі  үнемі  оқушы  ұжымымен  атқарылған  жұмыстарды  тіркеп  отыруы  тиіс:  ұжым,  белсенді  топ  мүшелерінің  тізімі,  әрбір  ұжым  мүшесінің  сабақта  және  сабақтан  тыс (қоғамдық)  орындағын  жұмыстарының  тізімі (мұнда  орындалған  жұмыс  жөнінде  қашан  есеп  берілуі  керектігі  көрсетіледі),  жылдық,  жарты  жылдық,  тоқсандық  жоспар  жасалады.  әрбір  оқушыға  мінездеме  жазады.  Оқушылардың  жетістіктерін  үнемі  айта  отырып,  оқушы  тұлғасын  қалыптастырудағы  проблемаларға  басты  назар  аудара  отырып  олармен  жеке  жұмыс  жүргізудің  маңызы  өте  зор.

Жинақталған  және  талданған  материалдарын  сын,ып  жетекшісі « балалар  ұжымының  қалыптасу  жағдайының  графигі»  түрінде  беруіне  болады.  Бұл  графикті  талдау  қажетті  деңгейге  жету  үшін  қандай  көрсеткіштерді  түзету  керектігі  жөнінде  біден  мәлімет  алуға  мүмкіндік  жасайды.  Осы  жұмыстардың  барлығы  оқушылар  мен  ата – аналар  арасында  талқылануы  тиіс.

Окушы  ұжымының  жағдайын  диагностикалау  жане  оқушылармен ,  ата-аналармен  талқылау  процесінде  этикалық  талаптардың  орындалуы  бойынша  атқарылатын  жүйелі  жұмыс  жүргізілуіне  сынып  жетекшісі  осы  ұжымның  қалыптасу  деңгейін  көтеруге  бағытталған  жұмыс  жүргізу  бағдарламасын  дайындау  үшін  материалдар  жинақтайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес. Педагогика   ғылымының   тұжырымы   бойынша,   тәрбие   қоғамдық құбылыс-   ол  күрделі  қарама-қайшылығы  мол  әлеуметтік     тарихи процесс.

Тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясатымен, экономикалық жүйесіне байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардың жаңа формалары туып, тәрбиенің мазмүнына жаңа идеалар енеді. демек, әрбір қоғамдық жаңа формацияның алмасуымен, әлеуметтік, философиялық және діни ой-пікірлер де өзгерісте болды, тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.

Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы болмайды.

Тәрбие процесі дегеніміз — жеке адам мен балалар үжымын әлеуметтік түрғыдан кіалыптастыруда, оларды өмірге дайындап крғамда өз орнын гпаба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен крғамға пайда келтіруден, өз басына крнағаттанған сөзіммен кцрауға тәрбиелеу.

… Адам     жеке  адам  болып туылмайды,  ол даму барысывда қалыптасады.

Адам өмірге келгеннен ер жету кезеңіне дейін негізінен тэрбие

арқылы өзгерістерге ұшырайды. Дамудың қозғаушы күші — қарама-қайшылықгардың өзара күресі. Қарама-қайшылықгар ішкі, сыртқы және жалпы болып бөлінеді

Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуын әсер ететін бірдін-бір маңызды фактор — класс оқушылары, яғни ортасы. Осыған орай, мұғалім, эсіресе класс жетекшіісі өте маңызды эрі жауапты міндеттерді орындайды .Ол кластағы тәрбие жұмыстарының үйымдастырушысы жэне оқушылардың ұстазы болып табылады,оқушыла коллективін ұйымдастырады, тэрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналармен жұртшылықтың тэрбиелік күш-жігерін біріктіреді.

Класс жетекшісінің негізгі міндеті — оқушыларды тэрбиелеу жэне оларды тату коллективке ұйымдастыру. Оның назарын оқу жұмыстарының мэселелері,білім дәрежесін арттыруға аударады. Бірақ ол бұлардың шешімін табуға ең алдымен тэрбиеші ретінде қарайды.Ол тэрбие құралдарына (оқу

міндеттеріне саналы және жауапты қатынаста тәрбиелеу,оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібіне,режимін сақтауға үйрету жэне т.б.) сүйене отырып ,сапасын арттыруда мүғалімдерге көмектеседі.

Мұғалімнің цызметі түтас оқушылар үжымы мен жеке окушыларга ьщпалының бүкіл жиынтыгын цамтиды. Жақсы сынып жетекшісі болу, оқушылар үжымын қалыптастыру оңай емес. Бірақ өз білімін табандылықпен жетілдіріп,тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері қалыптасқан, балаларға деген сүйспеншілігі мол іскер педагог қана оқушылар ұжымының моделін жоғары деңгейде жасай алады деген ойдамыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
  2. Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
  3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
  4. Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
  5. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
  6. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. — Алматы., Мектеп,1973.
  7. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
  8. Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
  9. Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
    Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. — Алматы: Дарын. 2004.
    П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.

12.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.

13.«Сынып жетекшісі», Алматы, 2003

Н.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы», 1999 ж.

  1. Бержанов Қ., С. Мусин «Педагогика тарихы», Алматы, 1984 ж.

16.«Мектеп» журналы, Шымкент, 2005 ж.

17.«Бастауыш мектеп» № 7 , Алматы, 2005 ж.

  1. Жрлабаев М.«Педагогика», Алматы, 1992 ж.№

19.«Бастауыш мектеп» № 9, Алматы, 2005 ж.

2О.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Шымкент, 2005 ж.

21.Болдырев Н.И. Класс жетекшісі . -Алматы: Мектеп, 1980.

  1. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тэрбие ісі жөніндегі

орынбасары. Алматы, Әлем, 2000.

23.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» 1999ж. 24.Қазақстан Республикасыньщ Гуманитарлык білім беру тұжырымдамасы

1994 ж. 25..Синица И.Е. Педагогтық эдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987ж.

Қосымшалар

Сауалнама жүргізу

Мұғалім сауалнама жұмыстарының көмегімен бағдарламаның қай бөлімін зерттеп білу қажеттігін алдын-ала анықтауы қажет. Сұрақтардың сипаты мен сауалнама құрылымы осыған байланысты болып келеді. Сауалнаманы құра отырып, оның көңіл аударатыны – сұрақтардың қысқа немесе көлемді жауаптары, немесе оларға алдын-ала дайын жауаптардың әзірленуі, оқушылардың олардың біреуін  таңдауы.

202 Педагог беделі — бұл дегеніңіз оның парасаты мен жанының перзенті, өз мүраттарына, принциптеріне, сенімдеріне коллективте терең қүрмет орнықтыра білу шеберлігі. Бедел жоғарыда айтылған үйлесімді түтао тықпен — педагог ңылығының, мінез-қүлқының және сөзінің түтастығымен жасалғанда ғана, ол тәрбиенің қуатты күшіне айналады. Педагог беделінің негізінде шәкірттер үшін өнегеге айналатын оның ңызметі жа-тады.

Коллектив, мүғалім мүраттарының, сенімдерінің, қасиеттерінің талғамдарының, нені жақсы, нені жек көретіндерінің үйлесімді түтастығымен ңанаттану үшін не ңажет? Ең әуелі оның жоғары білімдарлығы — на-ғыз білімдарлығы қажет. Біздер, үстаздар мына аңи-қатты, ойымызбен, білімімізбен тәрбиелейтінімізді ерекше қатаң талалшылдыңпен түсінуге тиіспіз. Біздің ңызметіміз — бұл ой өмірі, шәкірттер бойында білімге ңүштарлық шырағын жаға білу шеберлігі. Коллектив емірі ойлармен, ақыл мүддесімен және қажетімен суа-рылғанда ғана толықңанды бола алады. Біліммен тәр-биелеу — аңиқатты дайын күйінде алып, оқушының миына қүя салу деген сөз емес. Мектептің тәрбиелік міндеті жас жандардың бойында білімге саналы көзңа-рас, білім жөнінде берік идеялың позиция, оларға өз көзқарасын орнықтыруда. Біз шәкірт санасында ңа-лыптастырып, орнықтыратын білім олардың арына айналуға тиіс. Нағыз үстаз — шәкірттеріне өз ойымен келетін, өз білімін жүртқа беруге рухани жағынан қүштар, адамды, шындықты, ақиқатты қастерлейтін өз сенімі ең үлы шындықты — коммунистік идеяларды қорғайтынынан, өз сенімі өзге адамдардың сеніміне айналатынынан үлкен қуаныш табатын адам.

Үстаз міндетін оның кітап әлеміндегі бай өмірінсіз елестету мүмкін емес. Мүғалімнің апта сайын толығып

отыратын кітапханасы — ой қайнары, адамгершілік жігер қайнары.

Кітаптан алынған білім сіздің ойыңызбен сәулеле-ніп, санаңыз арқылы өзіңіздің ақыл-ой және эмоция-лық табыстарыңыз шәкірттеріңіздің рухани дүниесіне бір тамшы боп таралуға тиіс деген ой болып өтеді. Бұл ниет сіздің санаңызды билеп, сіз шәкірттеріңізге келе-сіз. Сіздің олармен кездесуіңіз — оңыған кітаптары-ңызды айтып беру емес. Сіз жеткіншектерге өзіңізді баураған оймен келесіз, олармен пікірлестеріңізше, өзі-ңізбен тең адамша сөйлесесіз.

Мен мынаған кәміл сенемін: үстаздың шәкіртке нағыз сүйіспеншілігі — оларға өзіңізде бар, өзіңіз үшін қымбат нәрсені беруге деген орасан зор, жеқуге болмай-тын тілек; белгілі бір адамға емес, коллективке беруге деген, шәкірттеріңіз біздің идеялық, саяси пікірлесті-гіміздің тағы бір сатысына көтерілуіне қол жеткізуге деген тілек. ¥стаздың шәкірттеріне сүйіспеншілігі —ол педагогикалық еңбек алқабына дайын күйінде алып келген сөзім емес. Бұл ңалғып-мүлгуді білмейтін, ауыр да түла бойыңды түгел билейтін творчестволық жұмыс, бұл жұмыста коллективтің біртүтас нәрсе ретіндегі идеялық, моральдың бірлігі қалыптасады. Осындай сүйіспеншілік бар жерде ғана педагог өзінен-өзі кол-лектив пен жекелеген шәкірт үшін орасан еліктірер күш болып табылады.

Асңаң та ізгілік атаулыға коллективтің үмтылысы не арқылы оятылады? Педагог түлғасының балалар үшін, әсіресе жеткіншектер мен жастар үшін еліктірер-лік, тартымды моральдық-эстетикалың принциптерінің көрінуі арқылы, оның өмірлік мақсаттары мен про-граммасының бейнеленуі арқылы оятылады. Оқушы-лар коллективі мүғалім өзін ізгі маңсатқа бастап келе-ді деп кәміл сенуге тиіс.


Тегтер:Бала Тәрбиесібала тәрбиесі отбасынан басталадыбала тәрбиесі туралыбала тәрбиесі туралы кітаптарбала тәрбиесі туралы мақалаларбала тәрбиесі туралы мақалдарбала тәрбиесі туралы нақыл сөздербала тәрбиесі эссебала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлібала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі слайдбалалар ұжымыбалалар ұжымы слайдБалалар ұжымы туралы түсінікбалалар ұжымы қалыптасуының екінші кезеңібалалар ұжымы-тәрбиенің субъектісі және объектісібалалар ұжымын ұйымдастыру формаларыбалалар ұжымының типібалалар ұжымының түрлерібалалар ұжымының тәрбиелік мүмкіндіктерінің диагностикасыбалалар ұжымының тәрбиелік мәнібалалар ұжымының қалыптасуы мен дамуыКурстық жұмыскурстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаукурстық жұмыс мысалкурстық жұмыс сатып алукурстық жұмыс тақырыптарыкурстық жұмыс үлгікурстық жұмыс үлгісікурстық жұмыс үлгісі педагогикакурстық жұмыстаркурстық жұмысқа қойылатын талаптарұжымды қалыптастыруұжымды қалыптастыру жолдарыұжымды қалыптастырудағы мұғалімнің роліұжымды қалыптастырудың басталуыұжымды қалыптастырудың негізгі шартыұжымды қалыптастырудың негізгі әдістеріұжымды қалыптастырудың құралдары