Байқоңыр ғарыш аймағын ГАЖ технологиясымен зерттеу туралы курстық жұмыс

0

Тақырыбы: Байқоңыр ғарыш аймағын ГАЖ технологиясымен зерттеу 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Байқоңыр ғарыш аймағын ГАЖ технологиясымен зерттеу».

Жұмыстың мақсаты: Қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс – Байқоңыр космодромын қазіргі ғылыми техниканың жетілген кезеңі, яғни XXI ғасырда ГАЖ технологиясын пайдалана отырып зерттеу.

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді. Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, оларды алаңдатып отыр. Бұл космодром тек ғарыш кемелері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес, сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді.

Барлық экономикасы жоғары дамыған елдер ғарыштық кеңістіктерді қолдануды әртүрлі мақсатта жан-жақты (бүкіләлемдік мониторинг, ғаламдық байланыс торабы және т.б) қолданады.

Аэроғарыштық зерттеулердің көптеген жетістіктеріне қарамастан, түйіні шешілмеген мәселелер әлі де көп. Сондай мәселелердің бірі – ғарыштық ұшырулардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.

Ұшырылған ғарыш кемелері мен оларды ғарыш кеңістігіне шығарушы зымырандар қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні белгілі. Ғарыш кемелерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан, ол қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады. Зымырандардың бөлшектері құлаған аймақ не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалған.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған ғарыш кемелерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын-ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территориясының 10 пайызын қамтиды.

Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде көптеген қауіпті оқиғаларды тек Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз секілді. Өйткені, космодром осы облыста орналасқандықтан, оның сол аймақтың экологиясына қаншалықты әсер етіп жатқаны айтпаса да белгілі нәрсе.

Зымырандарды жасаған кезде оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі – Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау министрлігі.

1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек белгілі жерлерге ғана түсетін болды. Қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды. Сонда да соңғы кезде осы аймақтың ауа-райы бұзылып, климаты өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

Байқоңыр ғарыш аймағы бұрын-соңды ГАЖ технологиясымен зерттелмеген. Бұл жұмыста осы аймақтың топырақ, өсімдік, ландшафт карталары (ГАЖ технологиясын пайдалана отырып) сызылды.

Жалпы курстық жұмыс 2 тараудан тұрады. 1-ші тарауда Байқоңыр ғарыш аймағына физикалық-географиялық сипаттама берілген. Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан, біз оның топырағын, өсімдігін, геологиялық құрылымы мен тектоникасын, климатын, жер бедерін, гидрографиясын жалпы облыс бойынша, сосын Қармақшы ауданы көлемі, одан кейін Байқоңыр ғарыш аймағы аумағында салыстырып, айтып кеттік.

2-тарау – осы аймақты ГАЖ технологиясымен зерттеу. Мұнда жалпы ГАЖ туралы қысқаша түсінік беріледі, сосын мәліметтер базасы қалай құрылады, картографиялық материалдар қалай даярланады, топырақ-су-өсімдік құрамындағы өзгерістер қалай анықталғаны қарастырылған. Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мониторинг және бақылау жүйелерінің мақсаттары мен міндеттері айтылған.

Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы болып келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен климаты ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастары болмайды. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөлеп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Қазір бұл жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып, уланып біткен.

Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланыств 20 000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай қалған.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, ол жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдермен тазарлылу керек деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың барлығы тірі ағзаларға өте зиянды. Зымыран ұшатыннан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын-ала хабарлап отырады. Даулы мәселелерді дер кезінде шешіп отыратын тұрақты коммисия бар. Ол коммисия «Байқоңыр» деп аталады [1].

Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кезде халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақстан Республикасының Байқоңыр космодромына байланысты заңдарын орындауға қолдан келген мүмкіншіліктерін түгелдей жасайды. Қазақ жеріне , жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетілдіреді. Әсіресе, адамдардың денсаулығына зиян келтірмеудің жолдарын іздестіреді. Байқоңырда тұратын халықтардың денсаулығына қатер төндірмейді. Сол себептен космодром орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздандырылады. Залалсыздандыру үшін хлорлы тотықтырғыштарды пайдаланады. Термикалық әдістерді де қолданады, гептил төгілген немесе шашыраған жерлерге керосин шашып, ол жерлерді түгелдей өртеп жібереді. Сонда гептилдің улылығы жойылып кетеді. Сонымен бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстінгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлылығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге өсімдіктер өспейді.

Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу – келешек жас ғалымдардың, яғни біздердің міндетіміз деп есептейміз.

I ТАРАУ   БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙМАҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Географиялық орны мен жер бедері 

Байқоңыр ғарыш аймағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының территориясында орналасқан.

Байқоңыр ғарыш аймағының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты 20000 га жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай қалған.

Байқоңыр космодромы 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады [1].

Байқоңыр космодромының іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объктілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржолдары арқылы байланысқан.

Байқоңырдың негізгі обьектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техникалық және арнаулы технологиялық құрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әртүрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне; отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б жатады.

Байқоңырда ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір, не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір, не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр[2].

Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан жер бедерін осы облыс көлемінде де қарастырып шықтым.

Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда облысының байтағы 249 мың шаршы шақырым, халқы – 609,2 мың адам. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады. 1 шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді

Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен шектеседі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуі орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11,8 %. Оңтүстігіне – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – Арал теңізінің жиегінде Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті кіреді. Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып жатыр. Оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазаншұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кіші-гірім өзендерден басын алып, басқа Қызылорда шұңқырына құйған. Ол заманда Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек. Өйткені, ол кезде Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм лайды алады деген.

Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді [3]. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік-шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Оны Сырдария ойпаты деп атайды. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай станциясының тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке дейін созылып, одан оңтүстік-батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлай жатыр. Шұңқырлардың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы – 7 м-ден аспайтын майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60-80 м болатын үрінді құмның қалыңдығы шетке қарай жұқара бастайды.

Байқоңыр ғарыш аймағы Қармақшы ауданында орналасқандықтан, осы ауданның жер бедеріне келетін болсақ, бұл ауданның жер бедері тегіс, жазықты болып келеді. Сырдария өзені осы аймақты екі бөлікке бөледі: солтүстік және оңтүстік. Солтүстік бөлігі жазықты болып келеді, ал оңтүстік бөлігін Қызылқұм алып жатыр. Ауданның аздаған бөлігінде батпақты жазық – Дариялықтақыр орналасқан. Аудан территориясында сирек бұталар кездеседі.

1.2. Геологиялық құрылымы мен тектоникасы

Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан, біз, жалпы геологиялық құрылымы мен тектоникасын осы облыс көлемінде қарастырамыз.

Жалпы Қызылорда облысы Тұран ойпатының солтүстігін қамтиды. Мұнда жер бедері негізінен аккумулятивті және денудациялық жазықтар, сонымен қатар таулы үстіртті болып келеді. Батыста – оған Арал теңізінің солтүстік және шығыс бөлігі, оңтүстікте – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстікте – Қарақұм, Арысқұм және оңтүстік батыстың қатпарлы шөлді үстірттері кіреді.

Мұнда аккумулятивті жазықтар – аллювиальды, эолды, аллювиальды-проллювиальды, көлдік және терраса жайылмалы сипатта болып келеді. Ал, денудациялық жазықтар мен үстірттер қабатты жазықтар мен құрылымды үстірттерді біріктіреді; мұнда таулар Қаратау жотасы түрінде берілген. Геологиялық еңбектерден [4]. Аралдың    Қазақстандық бөлігі геологиялық-құрылымдық жағынан Тұран плитасының орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқанын білеміз. Бұл территорияның күрделілігін анықтайды, әсіресе оңтүстік-шығыс және солтүстік бассейндерде. Мұнда, теңіз акваториясында палеозой фундаменттері 3 км тереңдікте, ал бассейн шекарасы бойынша таулы құрылымдар жер бетіне шығады.

Арал теңізі бассейнінің әртүрлі бөліктерінде платформалы қатпардың су тұтқыш шөгінділері әртүрлі тереңдікте жатады. Батыстан шығысқа қарай платформалық қатарда құмды-батпақты және карбонатты шөгінділер үш ірі жүйелерге бөлінеді. Олар: бірінші ретті артезиан бассейн жүйелері – Шалқар – Солтүстік – Үстірт (қарастырылып отырған территорияға оның тек қиыр оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді); мегантиклиналь және мегасинклинальдық солтүстік – Аралмаңы жүйесі; Шығыс – Арал – Сырдария жүйелері кіреді.

Бұл жүйелердің құрылуында артезиан бассейндерінде әртүрлі жастағы шөгінділер бар. Қиманың негізінде палеозой және протерозой шөгінділері жатыр. Жоғарғы бөлігі бор, палеоген, неоген және төрттік дәуірдің борпылдақ құмды-батпақты шөгінділерімен жабылған. Осы ауданға қимада құмды және батпақты қабаттар және бірнеше су тұтқыш шөгінділер ауысып отыруы тән.

Облыс территориясының гипсометрлік жағдайы жер бедерінің әртүрлі абсолюттік биіктіктеріне байланысты. Олар оңтүстік-шығыстан батысқа, , солтүстік-батысқа қарай жайлап төмендей береді. Арал теңізіне жанаса жатқан облыстың батыс бөлігінде абсолюттік биіктік 37 м-ден 100 м-ге дейін, оңтүстік және шығыс бөлігі 100 м-ден 200 м-ге дейін, тауалды жазығы 200 м-ден 300 м-ге дейін, ал Қаратау жотасында 500 м-ден 700 м-ге дейін жетеді.

Облыс көлемінде геоморфологиялық қатынаста үш негізгі бедерді бөлуге болады: аллювиальды-атыраулы жазық, палеоген-бор үстірті және Қаратау жотасының тізбектері.

Сырдария өзенінің аллювиальды-атыраулы жазығы облыстың орталық бөлігін алып жатыр. Бұған бедердің шығыстан батысқа қарай әлсіз еңістелген (140 м-ден 150 м-ге дейінгі Тартоғай станциясынан 37 м Арал теңізіне дейінгі бөлігі), солтүстік және оңтүстікте палеоген және бор дәуірінің үстірттерімен көмкеріліп жатқан Сарналан және Қарақұм, шығысында – тауалды Қаратау жотасының құрылымы тән.

Атыраулы облыс Қаратау жотасы мен Қарақұм шөлі арасында басталады. Бұл облыс өзеннен еңіс тауалды аллювиальды-пролювиальды жазыққа қарай аз таралған және таулардан өзенге қарай сәл қисайған.

Тауларға қарай уақытша ағын сулардың әсерінен әлсіз жырымдалып, ирелеңдей аққан жылғаларда осы атыраулы облысты қамтиды.

Ежелгі атыраудың солтүстік облысы Сырдария өзенінің оң жағасы, Қараөзек тармағынан Қаратау тау бөктерінің арасында созылып жатқан үлкен жазық – Дариялықтақыр болып саналады. Бұл жердің жер бедері – ол жерлерде құмды массивтердің болуымен ерекшеленеді. Кейбір жерлерінде тақырлардың әртүрлі түрлері кездеседі.

Тақырлар мен жазықтардың байланысы шамамен бірдей. Бұл жерде сонымен қатар ежелгі Сырдария өзенінің тасқынының әсерінен болған құрғаған арналардың орындары бар.

Атыраудың оңтүстік облысы оңтүстігінде Қызылқұмның құмдарымен шекараласатын Сырдария өзенінің сол жағалауындағы үлкен шөл жазығын қамтиды. Жазықта Жаңадария, Қуаңдария, Ескідария, Майлыөзек, Іңкәрдария және т.б кішігірім арналар жақсы сақталған. Арналардың бойын жағалай сексеуілдер өскен.

Жаңадария жазығында шығыстан батысқа қарайғы бағытта құмдар және тақырлы жазықтар мөлшері көбейе түседі. Құмдар арасында тақырлар таралған [4,5].

Сырдария өзенінің қазіргі атырауының территориясы (Қазалы) солтүстік-шығыста палеоген-бор үстірттерімен және Аралмаңы Қарақұмдарымен, ал оңтүстік-шығыста Жуанқұм құмдарымен шектеледі. Оның жер бедеріне өзен арналарының шөгінділері және суы мол болған көлдер мен батпақтар (қазіргі уақытта бұлардың көп бөлігі территорияның тұздануы мен шөлденуінің нәтижесінде құрғап қалған) тән.

Арал теңізі деңгейінің қарқынды төмендеуіне байланысты оның түбі құрғап жатыр. Қазіргі уақытта ол жерде сорлар мен құмдар (сусымалы, жылжымалы құмдар), тұз бен шаңдар көптеп кездеседі.

Облыстың көптеген аудандарын ежелгі атырауда кездесетін құмды массивтер алып жатыр. Жер бедерінің пішіні мен генезисі бойынша құмдардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: дөңесті-түйдекті, дөңесті-тізбекті және биік дөңесті-тізбекті.

Қызылқұм шөліне жер бедерінің күрделі бөлінуі тән. Құм тізбектерінің биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай 10м-ден 30 м-ге дейін көбейеді. Тізбектердің ұзындығы бірнеше шақырым, ал ендігі жүздеген метрден 2-2,5 шақырымға дейін созылған. Солтүстік бөлігінде құмдар аз, құрғаған арналардың тақыртектес аңғарларымен алмасып отырады.

Аралмаңы Қарақұм құмдарына ойпатты дөңесті және адырлы жазықты рельеф тән. Мұнда құмдар құмды жазықтармен ауысып отырады. Геоморфологиялық қатынаста мұнда үш құм түрін бөліп көрсетуге болады: 1) бос дөңесті, кей жерлерінде желдің әсерінен болған бархандар кездеседі; 2) нығыздалған дөңесті және түйдекті; 3) қоршауланған құмды массивтер;

Дөңестердің биіктігі 20-40 м аралығында. Сарналан үстіртінің төменгі шығыс бөлігін алып жатқан Арысқұм шөлдеріне дөңесті және дөңесті ретті рельеф тән.

Облыс территорясында палеоген-бор үстірті – Қызылқұм үстірті түрінде берілген. Сарналан үстіртінің жер бедері күрделі. Мұның орталық бөлігі жалпақ көтеріңкі жазықтар, шығысы төмен жазықты болып келеді (Арыс ойпаты).

Облыс территориясының солтүстік бөлігін қамтып жатқан Қаратау жотасының тау тізбектеріне төмен таулы рельеф және аз таралған тауалды жазықтары тән.

Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде тығыз шөгінділер орналасқан [6].

Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқандықтан осы ауданның геологиялық құрылымына кішкене тоқталып кетейік. Бұл ауданның солтүстігінде бор дәуірінің бөлінбейтін, ыдырамайтын шөгінділері таралған. Сырдария өзені аңғары және ауданның оңтүстігінде төрттік жүйенің аллювиальды шөгінділері таралған. Кей жерлерінде үштік жүйенің эоценді ыдырамайтын шөгінділері кездеседі.

1.3. Ландшафттары 

Қызылорда облысы табиғи шөл зонасында орналасқандықтан, бұл аймаққа негізінен шөлдің ойпатты-жазықты және көтеріңкі-жазықты ландшафттары тән. Біз енді облыс территориясына тоқталмай, тек Байқоңыр аймағында кездесетін ландшафттарға сипаттама беріп кетейік.

1 – шөлдің тақырлардағы құба және сұр-құба, сор топырақтардағы сұр жусанды, бүйіргенді, сұржусанды-баялышты өсімдіктері;

2 – шөлдің тақыр тәрізді топырағы мен сортаңдағы сарсазанды, қарабарақты өсімдіктері;

3 – шөлдің тақырлар мен құмдардағы және құба топырақтардағы жүзгінді, жусанды-жүзгінді өсімдігі;

4 – шөлдің құмдардағы сұр жусанды, баялышты, бүйіргенді өсімдігі;

5 – шөлдің құмдағы және тақыр тектес топырақтағы аралас сексеуілді, жүзгінді, эфемерлі, теріскенді, еркекті және жусанды өсімдіктері;

6 – шөлдің құмдағы қара сексеуілді, сұр жусанды-қара сексеуілді және күйреуікті-қара сексеуілді өсімдігі;

7 – шөлдің шалғынды жайылма және шалғынды-батпақты, сор топырақтардағы құрақты және қамысты;

8 – шөлдің тақыр тектес топырақтағы қара сексеуіл, еркекті-жусанды, бүйіргенді өсімдігі;

9 – шөлдің аллювиальды-проллювиальды сортаңды құба және сор топырағындағы баялышты-жусанды және бүйіргенді-қара жусанды өсімдігі;

10 — өзен жайылмасы;

1.4. Гидрографиясы

Табиғи байлықтардың ішінде судың алатын орны ерекше. Тіршілікке су қажет. Олай болса, су баға жетпес байлық. Су тірі әлемде барлық зат алмасу процесіне қатысатын болғандықтан органикалық өмірдің негізі екені сөзсіз.

Зерттеу аумағымыз Байқоңыр аймағы болғандықтан, оның гидрографиялық жағдайын облыс көлемінде қарастырамыз.

Облыстың негізгі су артериясы – Сырдария өзені. Бұл өзен оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағыты бойынша облыстың бүкіл территориясынан ағып өтеді. Сырдария өзенінің қоректену көзі – аралас өзендер мен қарлы-мұздықтар. Облыс территориясында Сырдарияға ешқандай өзен келіп құймайды. Сырдария өзенінен бірнеше өзен тармақтары тарайды, солардың ішіндегі ең ірісі – Қараөзек [7,8]. Сырдария өзенінің ұзындығы Шардара суқоймасынан Арал теңізіне дейін 1627,7 км, ал Қызылорда облысы территориясына 1281 км кіреді [9].

Сырдарияның су режиміне табиғи жағдай да өзендердің өзіне тән қарлы-мұздықты қоректену типі тән. Мұнда су тасу наурыз айында және сәуір айының басында басталып, қыркүйек айында аяқталады. Су тасқыны кезінде жылдық ағынның 75-80%-ы келеді [8]. Ең көп  жылдық ағынның шығыны маусым айында байқалады.

Қазіргі уақытта өзеннің гидрологиялық режимі суқоймадан ағып шығатын ағындарға байланысты елеулі өзгеріске ұшыраған. Территорияның су режимі арқылы антропогендік фактор өзен ағысына әсер етеді. Сырдария өзенінің жазықты территориясында ауылшаруашылықтың дамуымен байланысты, мұнда ағыстың табиғи жағдайының бұзылуы болып тұр. Антропогеннің әсерінен территорияның ылғалдануы және гидрографиялық тор (бұлар өзен режиміне әсер етеді) өзгеріске ұшырап отыр.

Көлдік атыраулық жүйе – Сырдарияның су экожүйесінің негізгі компоненті болып табылады.

Сырдария бассейнінде, табиғи су режимі жағдайында (1960 ж дейін) [8] 1164 км2 жерді алып жатқан 2582 көл болған. Оның ішінде ауданы 1 км2 азырақ 2453 көл болған, ал жалпы алып жатқан ауданы осы көлдердің 234 км2. Бассейннің жазықты болып келген бөлігінде кішігірім көлдер жалпы мөлшердің 84 пайызын құрайды.

Өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруі бірінші кезектегі кішігірім көлдердің атырауында, яғни таяз суларда көрінеді [10,11].

Түгелімен мына көлдік жүйелер кеуіп кеткен: Қостам-Қаракөл және Ақпай-Ақирек. Олардың жалпы көлемі 300 км2, тереңдігі 2-3 метр. Қараөзек көлінің жалпы көлемі 1960 жылы 50 мың гектар жерді алып жатқан [12]. Сырдария өзенінің суын ауылшаруашылығында тиімді-тиімсіз пайдаланудың әсерінен, бұл көлдерді суландыру қысқартылды. 1964 жылы олардың ауданы 15-20 мың гектарға азайды, ал 1972 жылы 1,5-2,0 мың гектар ғана болып қалды.

Қамыстыбас көлдік жүйесі келесідей бес көлден тұрады: Райым, Жалаңаш, Қаязды, Лайкөл, Қамыстыбас. Қамыстыбас көлдік жүйесінің иондық құрамы мен минерализациясының таралуы — әркелкі емес [13]. Қамыстыбас көлдік жүйесінің суының химиялық құрамын анықтайтын негізгі фактор – Сырдария өзені ағысының көлемі. Бірақ та, бұл көлдердің суының иондық құрамы натрий тобының сульфатты класында қала береді. Судың құрамында хлорорганикалық пестицидтердің болуы – бұл көлдердің токсиканттармен уланғаны [9,14].

Соңғы он жылдықта өзенге келіп құйылатын су тоқтағаннан кейін су ағысының көлемі қатты азайды, минерализациясы жоғарылады, судың санитарлық жағдайы нашарлады. Мұнда су ресурстарының маңызды бөлігі – жерасты сулары. Олар: грунт сулары және артезиан сулары.

Облыс территориясында жерасты суларының қоры әркелкі таралған. Грунттық сулар барлық жерде таралған, негізінде төрттік шөгінділерде. Құмды массивтерде грунт сулары тұщы болып келеді, Аралмаңы Қарақұмында 2-5 м-ден 10 м тереңдікте жатыр.

Жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі облыс территориясында тиімді емес. Жылдық жауын-шашын 200 мм.

Тұщы су қорын пайдаланбайтын шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде өндірісте де тұщы су қоры молынан пайдаланылады. Әрине, тұщы суды көп шығындайтын суармалы егіншілік, оның ішінде суға бастырып егетін күріш егіншілігі. Ондай аймақтың бірі – Сырдария өзені бойында орналасқан аймақтар.

Бұл аймақтың көлеміндегі су қоры жер бетіндегі, жерастындағы және қашыртқы сулардан құралады. Бұларға бірлі-жарым бұлақ сулары, уақытша ағын сулар, көлдер мен тақырларға жиналатын қар мен жаңбыр суы жатады. Аймақтың байтағында жер бетінде уақытша пайда болатын бірқатар су көздері бар. Мұндай сулар Қаратау етегіндегі Бесарық, Телес, Жиделі, Ақұйық, Шұңқырой, Шолақ және басқалары. Осы аталмыш өзеншелердің ішінде жылдық ағысы 170 млн м3 болатын Бесарық өзенінің суы сәл молдау.

Бұлақтардан Қарасүгірді, Сасық Тамды, Қайнарды айтуға болады. Жауын-шашын мол болған жылдары Бесарықтан өзге жер бетіндегі уақытша сулардың жылдық мөлшері – 121 млн м3-ке дейін жетеді, ал қуаңшылық жылдары – 61 млн м3-тен аспайды. Бұл су көздерін егін суаруға пайдаланады. Ғылыми деректерге қарағанда, Қаратаудың етегінде секундына 2,1 м3-ке дейін суды пайдалануға мүмкіндік бар [15].Осындай уақытша ағын судың едәуір үлкен көзі Сексеуіл теміржол станциясына жақын жатыр. Ол жерде Құмсай суқоймасы салынған, онан 400 гектардай егіндік және шабындық суарылады.

Сырдарияның су көздері облыстың әкімшілік шекарасынан тыс жерде құралады. Жерастының сулары борлы-үштік және төрттік шөгінділерден тұратын қабаттардың аралығына байланысты. Өзенге, каналдарға, басқа да су көздеріне жапсарлас учаскелерде ыза су 4-5 м-ден жоғары жатады, көбіне тұщы немесе сәл-пәл кермек. Сырдарияның атыраулық егін егетін бөлігінде ыза сулардың тереңдігі көбіне 2-7 м. Олардың минералдануы жағынан ала-құла, дегенмен ащы-кермек және тұзды су басым. Жерасты суының қоры едәуір мол, онда секундына 5,8 м3-ке дейін су шығарып пайдалануға болады.

Суарылатын аймақтан тыс суайрықтары мен құрғақ арналардың бойында қабаттағы су 5-15 м тереңдікте жатады. Мұнда скважиналар мен құдықтардың сулылығы онша көп емес, секундына 0,2-0,5 м. Тақырлы жазықта қабаттағы су терең жатыр (10-30 м) және күшті минералданған. Жазықтардың әр жерінде кездесетін кішігірім бұйрат құмдардың астындағы судың тереңдігі 5-10 м. Қабаттағы сулардан басқа артезиан сулары да бар. Мұнда скважиналардың көпшілігі секундына 5-тен 50 л-ге дейін су береді. Мұндай сулар Қызылқұмда 200-300 м, алқаптың теріскейінде 300-500 м тереңдікте жатады.

Қызылқұмның жерасты суын секундына 76 м3 мөлшерінде пайдалануға, демек, сол өңірдің жайылымдарын суландыру және базистік суаруды өрбіту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жер суаруға жарайтын су көздерінің бірі болып есептелетін қала мен өнеркәсіп орталықтарының қалдық лас сулары. Аймақ бойынша оның мөлшері жыл сайын 75 млн м3.

Жергілікті ұсақ өзеншелер мен уақытша ағын сулар (қар мен жаңбыр) Сырдарияға жетпейді. Сондықтан қарастырылып отырған территорияда пайдаланылатын судың балансы Сырдариядағы Көктөбе су бекетінен өтіп, өзеннің төменгі ағысындағы гидротораптарға келетін сулардан тұрады. Есеп бойынша, өзеннің сулылығы орта болған жылдары жоғарыдан Көктөбеге келетін су (кіріс) 10,19 км3, оның шығыны 1,96 км3, сонда балансы – 8,23 км3. Содан Қызылорда гидроторабына келетіні – 8,51 км3, шығыны – 4,87 км3 және 3,64 км3 деп есептеледі [16].

70 жылдары Сырдарияның жоғарғы және орта тұсында суармалы егістің (мақта) көлемі көбеюіне байланысты өзеннің жылдық ағысының 87 %-ын алып отыр. Ал, осы аймаққа жіберіліп тұрғаны небәрі 13 %. Сыр атырауының басы саналатын Төменарық станциясының тұсына келетін Сырдарияның жылдық ағысы 25,1 км3, Қазалы тұсында – 17,2 км3 болатын.

70 жылдары сол су тиісінше бірінші жағдайда 3,8 км3-ке, екіншіде – 0,6 км3-ке дейін, яғни тиісінше 6 және 30 есе азайды. Өзеннің арнасынан жоғалатын су шығынын алатын болсақ, ол Көктөбе мен Қазалының ортасында едәуір болады.

Кесте 1 — Қызылорда облысының көлемінде өзен суының көп жылдық ағысының орта мөлшерін көрсететін мәлімет [15].

Гидро

күзеттің

аты

Жыл

дар

Су ағысының орта мөлшері, м3
айлар
IV V VI VII VIII XI X
1 Көктөбе

 

1980-1990 431,5 645,1 640,4 609,5 400,9 269,3 232,7
2

 

Қазалы 1980-1990 136,6 108,3 118,1 94,2 124,9 178,8 164,8

 

Кестедегі мәліметтерге қарағанда, Сырдарияның суы мол ағатын мамыр айында Көктөбеден шыққан су Қазалыға жеткенше 586,8 м3/с жоғалтады. Маусым айында да судың шығыны соған шамалас, яғни 522,3 м3/с. Осы екі айдың ішінде Сырдарияның суы Қазалыға 5 еседен артық азаятыны көзге түседі.

Сырдария өзені бірнеше мемлекетке ортақ болғандықтан Қызылорда облысына тиісті судың көлемі келісім бойынша белгіленген лимитпен келеді (кесте 2).

Бірақ осы аймаққа келетін судың көлемі әр жылы есептелгендей бола бермейді. Кей жылы молдау, кей жылы тапшы. Қалай болғанда да, барлық кезде Сырдарияның суы пайдаланылады.                                                                                                  

Кесте 2 — Сырдария бассейні бойынша Қызылорда облысына бөлінетін судың лимиті (км3) [16].

Суды тұтынушылар мен пайданушылар Өзеннің сулылығы, орташа жылдары Өзен суы тапшы жылдары
1

2

3

 

4

 

 

5

Жер суару

Балық шаруашылығы

Табиғи комплекстерді сақтауға жұмсалатын су

Өнеркәсіп пен коммуналдық және тұрмыс қажетіне жұмсалатын су

Арал теңізіне жіберетін санитарлық ағыс

 

5,84

1,28

2,20

 

1,0

 

 

10,58

4,42

1,28

2,09

 

1,0

 

 

9,5

 

 

1.5. Агроклиматтық жағдайы

Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер баршылық болғанмен олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт аймағына жатқызады [17].

Қызылорда облысының климаты Еуразиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орташа температурасы +25 +280С. Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44 +470С. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орташа температурасы -13,40С, ал оңтүстігінде Аққұмда -6,80С десек, екеуінің арасындағы айырмашылық -6,60С [17].

Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік температура -40 -450С-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелу, яғни жоғары ең төменгі температураның айырмасы -85 -900С.

Ауаның тәуліктік орташа температурасы 00-тан жоғары болатын күннің саны – 235 -275. Ол 23 ақпан-18 наурыздан басталып қарашаның 12-28-де бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60%-ы көктем айларында жауады. Жазда жауған қар жабындысы мардымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының 2-3-ші он күндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың 1-ші он күндігіне дейін жатты.

Территорияға солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3,1-ден 6,0 м/с. Дауылдатып топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-дүлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Аймақтың байтағының басым дені құмды келетін шөл жазығы болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткіштеріне орай территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді [18]:

  1. Ыстық аудан-жылудың (+100С-тан жоғары) жинағы – 3400-40000С
  2. Өте ыстық — 4000-43000С
  3. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық жағдай
  4. Тау бөктері

Өте ыстық және құрғақ ауданға кіретіндер: Қазалы, Қармақшы (солтүстігі), Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары. Аталмыш ауданда температураның жинағы 3400-40000С.

Ауаның температурасы +100С-тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші он күндігінің аяғында және үшінші он күндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орташа температура +25 +270С. Қаңтар айында -9 -130С. Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері – 115-130 мм. Қардың қалыңдығы 10-25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа-райы қолайлы.

Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан – негізгі егіншілік аймақ. Ол негізінен Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Бұл Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бөлігін қамтиды.

Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандардың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Ауаның температурасы +100С-тан жоғары болатын жылу жинағы – 4000-43000С. Осы кезеңнің ұзақтылығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгілі сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтылығы 180-190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады. Жазы өте ыстық. Шілдеде орташа температура +27 +28 0С. Жаз айларында иран жақтан оқта-текте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +45 0С-қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ, дақыл ауып кетеді, ыстықты көкөніс, бау – бақша да көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте аз, анда-санда ғана жауады, жылдық нормасы – 35-60 мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады.

Тау бөктеріндегі құрғақ агроклиматтық аудан. Мұнда +100С-тан жоғары, температураның жинағы – 3700-35000С. Бұл агроклиматтық ауданға Жаңақорған мен Шиелі әкімшілік аудандарының Қаратау етегін қамтитын оңтүстік шығыс бөліктері кіреді.

1.6. Топырақ жамылғысы

Антропогендік әсердің салдарынан соңғы жылдары облыс территориясының топырақ жамылғысы қатты өзгерді. Қазақстандағы белсенді суландыру нәтижесінде Орталық Азиядан ағып шығатын Сырдария және Амудария өзендерінің сулары 1960 ж бері азая бастады. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі төмендеді. Бұл өзен атырауларының шөлденуіне және Арал маңының экожүйесі мен әлеуметтік-экологиялық жағдайының нашарлануына әкеп соқты.

Жоғарғы қабатта ылғалдылықтың азаюынан өсімдік жамылғысы бұзылып, эолды процестер орын алды. Арал теңізінің кеуіп қалған бөлігінде (қазіргі уақытта оның ауданы 23 мың км) аридті зонаның сор топырақтарымен эолды процестер қарқынды жүруде. Шөлдену процесінің қарқынды дамуы нәтижесінде 2000 га жайылымдық жерлер мен 7,1 мың га шабындық жерлер қолданыстан шығып қалған [9].

Қызылорда облысы территориясы Қазақстанның табиғи-ауылшаруашылық жер қорларын аудандастыру схемасы бойынша 5-ші зонада орналасқан [19].

Територияның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінің топырақтары сұр-қоңыр және тақыр тектес субтропикалық шөл зонасы. Ал батыс бөлігінің топырақтары шабындық және сазды қоңыр топырақ және құмдар. Солтүстік-шығыс бөлігінің топырағы ашық сұр және сұр-қоңыр топырақ.

Тоғайлы жайылымдық топырақтар Сырдария өзенінің арна алды жайылымдарында аллювийлі шөгінділерде кездеседі. Жерасты суларының тереңдігі 2,4 м, жыл бойы оның деңгейі өзгеріп тұрады. Жоғарғы қабаттағы гумус мөлшері 0,9-9,5 %. Тоғайлы-жайылымды топырақтар арасында сор және тұзды сортаң топырақтар кездеседі.

Жайылымды қоңыр және шымды-қатпарлы топырақтар. Аймақтың территориясында кең тараған және атыраулы-аллювийлі жазықтарының жоғарғы қабаттарында құралған. Жерасты суларының тереңдігі 3,5-6 м, сулары негізінен сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі болып келеді, минерализациясы 1,1-4,5 г/л. Топырақ қимасында қатпарлы, жұқа қабаттар жиі кездеседі, механикалық құрамы жеңіл. Жоғарғы қабаттағы гумус мөлшері 1,5 пайыз, жайылымдық қоңыр және шымды қатпарлы топырақтарды суармалы егістіктерде қолдануға болады.

Жайылымдық-шабындық қоңыр топырақтар. Тегістелген суайрық бетінде кездеседі. Олар соңғы төрттік және қазіргі тұзды аллювийлі шөгінділерден құралған. Жерасты суы 2,5-4,5 м тереңдікте. Су минерализациясы 1-5 г/л дейін өзгереді. Мұнда сульфатты-натрийлі немесе магнийлі-кальцийлі сулар, егістіктерде жайылымды шабындық қоңыр топырақтар бөлінеді. Олар суарудың арқасында гумус мөлшері ұлғайған ірі гумус қабаты пайда болған. Топырақтың гумусталуының мөлшері 0,4-3,4 пайыз, топырақтардың арасында кәдімгі сор, сортаң топырақтар кездеседі.

Жайылымдық-шабындық қоңыр және бос топырақтар. Атыраулық-аллювийлік жазықтықтың жоғарғы қабаттарында құралған. Мұндағы жерасты суларының деңгейі 3-4 м-ге дейін тереңдейді. Соның нәтижесінде жерасты суының жоғарғы қабаттағы топырақтармен байланысы бұзылып, топырақ құрғайды. Жайылымдық-шабындық қоңыр және бос топырақтарды суармалы егістікте қолдануға болады. Ал тұзданған топырақтар мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.

Жайылымдық-шабындық сазды қоңыр топырақтар аймақта кеңінен таралған. Топырақ түзуші жыныстар аллювийлі шөгінділер болып табылады. Жерасты суларының тереңдігі 1-3 м-ге дейін, минерализациясы 1-9 г/л-ге дейіе өзгереді. Жайылымдық-шабындық сазды топырақтардың арасында көбінесе сор және сортаң топырақтар таралған, суармалы егістікте қолданылады.

Жайылымдық-шабындық сазды қоңыр және жайылымдық-сазды қоңыр топырақтар таралған, сондықтан сирек кездеседі. Жерасты суы 0,5-0,6 м-ден 2,5-3,5 м-ге дейінгі тереңдікте орналасқан. Жоғары қабаттағы гумус мөлшері 0,6-3,6 пайызды құрайды. Аталған топырақтардың арасында тұзданбаған түрлері бар және сор топырақтар аз таралған.

Тақырлы топырақтар тегіс суайрықтарда, өзен аңғарының бос бөліктерінде, атыраулы-аллювийлі жазықтарда, тауалды жазықтарда таралған. Жерасты суы 6 м-ден терең. Топырақ түзуші жыныстары аллювийлі шөгінділер болып табылады. Бұл топырақтың ерекшелігі сол, жоғарғы қабаты кеуекпен жабылған. Оның төменінде ашық-сұр қабыршақты қабат орналасқан (5-15 см).

Тақырлы топырақтың көп бөлігі тұзданған және сор, сортаң түрлерімен көрінеді. Тақырлы топырақтар гумусқа кедей, ондағы гумус мөлшері 0,7-1,2 пайыз. Аталған топырақтардың көбі суармалы егістерде қолданылады.

Күрішті топырақтар. Жайылымдық-шабындық немесе шабындық-сазды қоңыр топырақтардан құралған.

Топырақ қимасында гумус қабаты қара түсті болып жиі кездеседі. Топырақтың тұздануы шайылудың арқасында екі-үш есе азайған. Гумус құрамы 0,6-2,2 пайызға дейін өзгереді. Күрішті топырақтардың арасында тұзданбаған сияқты сор және сортаң түрлері де кездеседі [20,21].

Оңтүстіктің ашық сұр топырақтары. Территорияның солтүстік-шығыс, аласа таулардың 300-400 м-ден төмен бөліктерінде кездеседі. Топырақ түзуші жыныстары делювий-пролювийлі шөгінділер болып табылады. Жерасты суы 8 м тереңдікте жатыр. Минерализациясы жағынан әртүрлі. Оңтүстік ашық сұр топырағының қимасы қабаттарда сәл дифференциацияланған. Түсі қабат ұзындығында өзгермейді деуге болады.  Құрылымы осал жұмырланған. Гумус мөлшері 0,4-1,7 пайыз. Оңтүстік ашық сұр топырақтың арасында кәдімгі сортаң аз дамыған және дамымаған түрлері бар.

Оңтүстік шабындық-ашық сұр топырақтар. Төмендеген жер бедерлерінде, уақытша су арна аңғарларында ежелгі аллювийлі сазды шөгінділерде тараған. Жерасты суының тереңдігі 3,5-6 м шамасында. Ылғалдылық аз, бірақ топырақ қимасы бұрын да жоғары гидроморфтық белгілерінің сақталып қалғанын көрсетеді. Топырағының морфологиялық белгілеріне қарап, топырақтың ашық-сұр топырақтарға жақын екендігін көруге болады. Жоғары қабаттағы гумус мөлшері 0,4-2,4 пайыз. Оңтүстіктің шабындық-ашық сұр топырақтарының арасында кәдімгі сор, сортаң топырақтардың сәл дамыған түрлері кездеседі.

Шабындық-қоңыр топырақтар. Бұлар сұр-қоңыр топырақтардың арасында құрылған, яғни, арнаалды төмендеуде, жыраларда, ағыстарда, сайлар түбінде, өзен аңғарларында атмосфералық жауын-шашын әсерінен пайда болған. Жерасты суларының тереңдігі 3-6 м. Топырақ қимасының құрылымы бойынша шабындық-қоңыр топырақтар, ашық-қоңыр топырақтарға жақын.

Сортаң-қоңыр топырақтар. Сұр-қоңыр топырақтар көп кездеседі. Тауалды жазығының төменгі бөлігіндегі микрорельефтерде кездеседі. Топырақ түзуші жыныстары тұзданған пролювий-делювий шөгінділері болып табылады.

Қызылорда облысының негізгі мәселелерінің бірі – суармалы жерлер мен мелиоративті жүйелердің қанағаттанарлықсыз жағдайы. 65 мың га жер қолданудан шығып қалған, яғни жарамсыз жерлер, оның ішінде 28 мың га тұздануға ұшыраған, 37 мың га жер коллекторлы жүйенің дұрысталмауынан.

Облыстың шабындық аумақтары жылдан-жылға қысқарып, азаюда: 1960 жылы 424 мың га болса, 1980 жылы 115 мың га ғана қалған, яғни 3,7 есеге азайған. Ал, 1960 жылдан 1990 жылға дейін 4,5 есеге азайған. Әсіресе шабындық аймақтар Арал ауданында (10-12 есеге) белсенді түрде кішірейген, Сырдарияда – 5-6 есеге, Қазалы ауданында 3-4 есеге дейін кішірейген.

Ауылшаруашылығында бірінші кезектегі мәселе топырақты мәденилендіруге бағытталған. Бұл мақсатта минералды және органикалық тыңайтқыштар, өсімдіктердің өсуіне қажетті биостимуляторлар және осы өсімдіктерді неше түрлі аурулардан сақтайтын тыңайтқыштар қолданылып жатыр. Мұның барлығы агроландшафттағы қоректену балансының байланысын өзгертеді.

Аса мол химиялық заттардың топыраққа төгілуі – бұл жердің топырағының қышқылдануына, тотығуына әкеп соғады, осыған байланысты топырақтың гумус қабаты жойылады.

Қазіргі ауылшаруашылығының химикатты заттарды мөлшерден тыс пайдалануының салдарынан топырақ грунттарында – нитраттар, нитриттер, фтор және ауыр металдар көбейіп кеткен. Ауылшаруашылығында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды белсенді түрде қолдану 1999 жылға дейін созылған. Осы мерзім ішінде олардың көлемі 0,6 есеге төмендеген.

1999 жылы облыста ауылшаруашылығында шегірткеге қарсы Фацент және Базарган препараттары қолданылған.

Топырақтың ластануы ауылшаруашылығында тек қана химикалық заттардан ғана емес, сонымен қатар өндірістен шығатын қалдықтармен де ластанған.

Соңғы жылдары антропогенді әсердің салдарынан облыстың топырақ жамылғысы адам айтқысыздай өзгерді. 1960 жылға дейін аллювиальды-шалғынды топырақтар 568 мың га болған болса, 1978 жылы 397 мың га, 1990 жылы 390-нан 286 мың га-ға азайған. Шалғынды-батпақты топырақ 1960 жылы 520 мың га болған болса, қазір 169 мың га ғана қалған. Батпақты топырақтар қазір кеуіп қалған және шөлденудің әсерінен топырақтың басқа түріне айналып кеткен. Олар 564 мың га жерді құрайды.

Топырақ грунттарының жоғары қабатындағы ылғалдылықтың азаюынан және өсімдіктердің сиреуінен эолды процестер күшейген. Арал теңізінің құрғап қалған бөлігінде (қазіргі кезде оның ауданы 23 мың км2) осы эолды және аридті зонаның тұзды-шөлді процестері қарқынды жүруде [22].

Байқоңыр ғарыш аймағы орналасқан Қармақшы ауданының топырағына келетін болсақ, ауданның солтүстік бөлігінде сұр-құба шалғынды-батпақты және батпақты топырақтар таралған. Бұл жердің топырағында, әсіресе аллювиальды топырақтар гумусы 6 пайыз.

Ал, ауданның оңтүстік бөлігінде құмды топырақтар таралған. Оның ішінде сортаңды, сазды, тақыр тектес топырақтар кеңінен таралған. Құнарлылырақ топырақтар Жаңадария және Іңкәрдария өзендерінің құрғап қалған арналарында кездеседі. Ол топырақтар құрамында гумус мөлшері 2 пайызға дейін, егістікке жарамды деп есептеледі. Ауданның оңтүстік бөлігі жайылымдық және шабындық болып келеді.

Ал, нақты Байқоңыр аймағының топырағына келетін болсақ, мұнда құмдар, тақыр тектес және тақырлар, сұр-құба, құба және Сырдария өзені маңында жайылмалы шалғынды топырақтар кездеседі.

1.7. Өсімдік жамылғысы

Облыс шөлдің ыстық және құрғақ зонасында жатыр және де бұған континенттік климат тән. Жауын-шашын аз, жазы ыстық, қары аз, суық қысы осының бәрі өсімдік жамылғысының құрылымына әсер етеді. Өсімдік жамылғысы алуан және құрылымдары да өзгеше.

Жалпы аймақтың өсімдіктерін үш топқа бөлуге болады: құмды жазықтардың өсімдіктері; тау етегіндегі өсімдіктер; өзенарналық қырқаның өсімдіктері [23]. Табиғатқа бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан.

Құмды алқаптардың өсімдіктері: бұталы, бұта аралас және еркек шөп, жусан, қоянсүйек, жүзгін және т.б. Орнықты құмдар мен құла төбелерді жиектеп аралас өсетін түйесүйер, еркек шөп, жусан шөптерінің өнімділігі гектарына 7-8 центнер болады. Құм арасындағы жазықтарда гектарлық өнімі 3-8 центнердей болатын еркек шөппен аралас басқалары бар. Солтүстік шөл даланың ерте заманнан қалған бұйрат және жол бұйрат құмдарына тән өсімдіктері жүзгін, баялыш, қара сексеуіл аралас шығатын жусан мен эфемерлер.

Қуаңдария мен Жаңадария жазықтарында қара сексеуіл аралас эфемерлер мен жусан, кейде оларға сораң мен жантақ аралас өседі. Құм төбелердің арасындағы тақырлау желерге бүйірген, қара сексеуіл, күйреуік бой салады. Осы заманғы аллювийден тұратын құмдарда шөптің аталмыш топтарында жыңғыл, шеңгел, баялыш, теріскен кездеседі.

Тау бөктерінің өсімдіктері осы аймаққа кіретін Қаратаудың батыс бөліктерінде кездеседі. Өсімдіктерінің түрлері астық тұқымдас шөптер әртүрлі эфемерлер мен сұр жусан. Көктемнің екінші жартысында аралас шөптер тығыз болып тұрады. Сонан жаз шыға эфемерлер қурап, даланың жасыл көркі кетеді де, бірыңғай жусан қалады. Бұл шөптердің өнімділігі әр жылы гектарына 1,9-7,2 центнерге дейін болады. Тау ішінде тереңдеп биікке көтерілген сайын (400-500 м биіктікте) әртүрлі шөптер, жусан, баялыш, теріскен, қияқ, т.б тығыз болып өседі. Жауын-шашын мол жылдары мұндай шөптердің гектарлық өнімі – 5,7 центнерге дейін барады.

Өзен арналық қырқаның өсімдіктері. Сырдария өзені мен одан тарайтын сулы өзендердің арналарына жақын жатқан ылғалды жерлерде өсетін астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптер. Бұл топқа кіретіндер айрауық, аздап қамыс және шалғынды аллювий топырақтарға тән әртүрлі шөптер – қызыл мия, есек мия, тергүлді, айбат мия т.б

Сырдарияның арналық қырқасында ағаштар сирек. Кейде шоқ-шоқ болып өскен жиде мен тал аралас жиделі тоғайлар кездеседі. Қалың өскен нағыз тоғай ені 1-3 км, ескі атырау мен атырау басында суға жақын жерлерде өседі. Жоғарғы белдікте өсетін ағаштар жиде, терек, тал, тораңғы. Екінші белдікте қалың шеңгел, жыңғыл. Ағаштар мен бұталарды шырмауық орап тастаған. Ондай тоғайларға ит тұмсығы батпайды. Топырақ бетіне жақын төменгі үшінші белдікте бидайық, айрауық, қамыс, жабайы арпаға аралас әртүрлі шөптер, мысалы тергүлді, жалбызтікен, кендір, миялар өседі.

Өзен арнасынан шеттеу дарияның тасқын суы оқтын-оқтын басатын ойпаң жерлерде ну қалың қамыс. Кейбір суы таяз көлшіктердің жағасында қамыспен аралас қоға да бар. Су басқан, бірақ суы ұзақ тұрмайтын ылғалды жерлерде бірыңғай таза қамыс өседі, ал ылғалы аздау жерлердің қамысы сиреп, оған аралас жыңғыл, қарабарқын, кейде сораң өседі. Мұндай әртүрлі шөптен бұта араласа қамыс өскен жерлер атыраудың едәуір территориясын алып жатыр. Бірыңғай таза қамыс жылына әр гектардан 50 центнерге дейін пішен береді. Мұндай өсімдіктер формацияларының арасында кездесетін борпылдақ және шалғынды сорларда галофиттердің жұтаңдау өскіні ойдым-ойдым болып кездеседі. Сол жерлердің өсімдіктерінің дені жыңғыл, итсигек болып келеді. Шалғынды тұзы аздау сорларда сиректеу өскен ажырық, ал жалаңаш сорларда сарсазан, балықкөз, қарабарқын, сорқаңбақ өседі. Сорлардағы өсімдіктердің өнімділігі әр  гектардан 1,0 центнерден аспайды, онда да малға жұғымдылығы төмен.

Сыр атырауының қуаң бөлігінде кепкен ескі арналарды жағалай және жазық жерде шоғырланып өскен сексеуіл тоғайлары кездеседі. Олардың арасында сиректеу болып өсетін күйреуік, жусан, торғай оты, ранг, балықкөз. Едәуір кеңістікті жалаңаш тақырлар алып жатыр. Онда жоғарыда айтылған өсімдіктер өспейді. Тек көктемде және күзде жаңбырдан кейін тақырға жиналған қақтың суын көкжасыл балдырлар басып кетеді. Тақырлау жерлерде өсетін ранг, күйреуік, бүйірген. Олардың да шығымы сирек.

Табиғи ландшафтқа көрік беріп, жердің сәнін келтіретін, оны эрозиядан қорғайтын, топырақтың құрылымын жақсартатын, жан-жануарлардың тіршілігіне өте қолайлы орта – орман. Орманның көмегімен заттардың билогиялық айналымы қалыпты дәрежеде біркелкі жүреді.

Қазіргі кезде жалпы орманның 1751 мың га (87,06 %) сексеуілдер, 260 мың га (12,94%) суармалы аймақтағы тоғайлар [24]. Тоғайлы ормандар Сырдарияның атырауында ылғалды жерлер мен өзен жағалауын бойлап өсетін ағаш-бұталардан тұрады. Бұларды су мен топырақты қорғайтын орман десе де болады.

Сексеуіл өзен алқаптарынан сәл шалғайлау құмдақ және саздақ жазықтарда, шөлейт аймақтарда төбелер мен бұйрат құмдардың баурайлары мен етегінде өседі. Сексеуілдердің шаруашылық маңызы күшті. Ол шөлейт даланың жайылымдарында жердің бетін қорғайды, мал азықтық шөптердің өнімін көбейтуге себі тиеді, ал алыстағы мал отарларына жайылым, сондай-ақ жылуы күшті отын ретінде пайдаланылады.

Сексеуіл жынысы қыс айларында қар жинайды, ашық жерге қарағанда сексеуілдің астындағы қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен еріген қар суы топыраққа баяу сіңеді, демек, топырақтың құнарын арттырады. Ондай жерлерде шөптің тым тәуір өсуіне қолайлы жағдай туады. Сексеуіл арасына жайылған қой отарлары жаздың ыстығында көлеңке, қыста ықтасын табады. Сексеуілдің саясында өсетін мал азықтық шөптердің әртүрлі биологиялық топтарға жататын түрі бай, малға жұғымдылығы жоғары.

Жалпы облыс байтағындағы Қарақұм мен Қызылқұм шөлді мекен болса да, оларда көптеген мал басын жыл бойы азықтандыруға болады. Шөл жайылымдарда мал азығының қоры ретінде ақ және қара сексеуілді өсіру өте тиімді. Соңғылары қабаттағы судың деңгейі жер бетіне жақындау болатын жерлерді қалайды. Қара сексеуілдің фотосинтездік қабілеті шөлейт жердің өзге өсімдіктерімен салыстырғанда жоғары деп айтуға болады. Ол бір жазда гектарына бес центнерге дейін биологиялық зат жинайды. Сексеуілдің тағы бір ерекшелігі сол, оның жасыл бөліктерінде каротин, қант, т.б. биологиялық белсенді заттар жеткілікті болғандықтан сексеуіл орманы жайған малды қыс айларында үстеп қоректендіруді едәуір азайтуға болады.

Өкінішке орай, бақылау мен қорғау қанша бар дегенмен қазір бұрын болған қалың сексеуіл алқаптарының орнынан құлазыған даланы көру таңқаларлық жай емес. Сексеуілді ұзын рельске темір арқан байлап шынжыр табанды тракторлармен тамырымен қоса бұтақтарын сындырып отайды. Оның орнына не егін егеді, не отын дайындағаннан кейін сол күйінде қалады. Бетіндегі құнарлы жамылғысынан айрылған жер көп ұзамай-ақ құмы немесе шаңы бұрқыраған далаға айналады.

Сырдарияның екі жағасында өзенді бойлай арналық қырқаға орналасып жасыл қалқан болып тұрған тоғайлық бар. Бұлар су мен топырақтың табиғи қорғанышы. Оларды шын мәнінде, өзен арнасының жағалауын эрозиядан қорғайтын парктер мен орманды парктерге теңеуге әбден болады. Өзеннің, көлдің және басқа да су жинақтарының жиегінде өскен тоғай ағаштарының тамыры терең бойлай тұтасып жатады да, топырақты жуылып кетуден сақтайды, табандарын лас басудан қорғайды. Сонымен бірге жел үрлейтін құмдардан айналымдағы егістік, шабындық, жайылымдық жерлерді сақтайды.

Тоғайлы ормандардың су қорғаудағы маңызы ерекше. Олар өзен арналарының тұрақты күйде сақталуын реттеп, жиектің топырағы суды лайлауына кедергі жасайды. Сырдария өзені мен оның өзектері балықтардың құнды түрлері уылдырық шашатын өзендердің тізіміне кіреді. Өзенді бойлай екі жағасында ені 1 шақырым алаң ерекше бақылаудағы қорық болып есептеледі.

Тоғайлы ормандар рекреациялық мақсатқа пайдалануға, сауықтыру, яғни, демалыс зоналарын, аңшылық шаруашылықтары, экология-ботаникалық қорықтар мен заказниктер ұйымдастыруға өте қолайлы. Демек, Сыр бойының тоғайлық ормандары су мен жерді қорғайтын сан түрлі санитарлық-гигиеналық, эстетикалық қызмет атқарады. Осыған орай тоғай алқаптарында, орман шаруашылығын жүргізу сол тоғайлыққа ғана тән ерекшеліктері мен оның сақталуын, сөйтіп, жер мен суды тиімді пайдалану, климатты реттеу, басқа да пайдалы жақтарын жандандыру принциптеріне негізделуі керек. Құрылыс материалдары ретінде тоғай ағаштары жарамсыз, сондықтан онша құны жоқ.

Сыр бойының ең бастысы өзендер мен қабаттағы судың гидрологиялық режиміне байланысты. Сонымен бірге орман құрайтын ағаш түрлерінің тез өсіп жетілуінің үлкен мәні бар.

Тоғайлы орманның ауқымды, қалың болып өсуі процесіне мал жаю, өртену, ағашты қырқу сияқты антропогендік факторлар үлкен ықпал жасайды. Әйтседе Сыр бойының тоғай-ормандары өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруіне өте сезімтал. Соңғы 30 жылда 133 мың га тоғайлы орманның құрып кетуі Сырдария өзенінің ағысы азайып, өлкенің  қуаңданған кезеңіне тура келеді.

Осы жылдар ішінде қуаңдануға байланысты басталған қолайсыз құбылыс топырақты аздырып, шөптерді қуратты, орман-тоғай да онан шет қалған жоқ. Қурағандары жойылды, қалғандарының күйі де онша мәз емес. Азып-тозсада сақталған тоғайларда экологиялық жағдайдың өзгеруіне көнбісті деп жүрген тораңғыл, тал, жиде сияқты ағаштардың кепкен көл табандарында галофил бұталар көбейіп барады.

Өрт тоғайлық-орманға орасан зор зиян келтіруде. Өртке басты себепші адамдар екені айтпаса да түсінікті. Орманның өртенуі 90 % жағдайда солардың кінәсінен болады. Әдетте, өрт ормандарда от жағудан, аңшылық кезінде шала жанған оқ дәрілердің қалдығынан, автокөлік моторынан шығады. Орманның өртенуі сол өңірде қалыптасқан табиғи тепе-теңдікті бұзады. Мұндай жағдайда оны қайтадан қалпына келтіру үшін ұзақ мерзім және қыруар қаржы-қаражат қажет болады.

Қармақшы ауданында өсетін өсімдіктің негізгі түрі жусан және бетеге. Жусанды-бүйіргенді өсімдік әдетте тақыр топырақтарда өседі және бұлар күздік жайылым ретінде пайдаланылады.

Ауданның орталық бөлігінде – Сырдария  өзені аңғарында – тоғайлар және бұталы – шөптесінді өсімдіктер өседі. Мұнда, құрақтар он мың га. жерді алып жатыр. Ал, оңтүстігінде бұл ауданның, қарасексеуіл, жусан, бүйірген сияқты эфемерлі өсімдіктер өседі. Сонымен қатар, кейіреуік, ранг, бүйірген сияқты өсімдіктер бар.

ІІ ТАРАУ. БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙМАҒЫН ЗЕРТТЕУДЕ ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

2.1  ГАЖ туралы  жалпы түсiнiк.

 Геоақпараттық жүйе мәлiметтердi өңдеу мен картографияда өте күштi графикалық құрал   болып табылады. ГАЖ-ге берiлген анықтамалар өте көп. Солардың iшiнде ең көп таралғаны, біріншіден, “ГАЖ — географиялық байланысқан ақпараттардың барлық түрiн енгiзiп, сақтайтын, жаңартатын, талдайтын, өңдейтiн, шығаратын бағдарламалық-ақпараттық кешен”.

Ал, екіншіден, ГАЖ техникадан  құралған жүйе екенiн көрсетсе, ондай анықтамалар төменде берiлген: “ГАЖ —  мәлiметтердi енгiзетiн, сақтайтын және өңдейтiн, шығаратын жеке тұлғалық және бағдарламалық жүйелердiң жиынтығы”. Бұл  екi анықтама да өз тұрғысынан дұрыс. Әрине, бiрiншi анықтама толық деуге болады. Себебi жұмысы толық, әрi дұрыс орындалғанда ғана бағдарламалардың т.б. мамандықтардың тиімділігі жоғары болады.

Бұл жетiстiк қазiргi жүйедегі көптеген маңызды мәселелерді шешедi:

  • жоғары сапалы картографиялық өнiмдердi құру;
  • мәлiметтер базасында ақпараттарды графикалық зерзаттармен байланыстыру;
  • мәлiметтердiң карта, графиктiк, диаграммалық сызба түрiнде берiлуi;
  • кеңiстіктегi мәлiметтерге талдау жасау, орналасқан жерiн үлгілеу;
  • басқару мен шұғыл шешiмдерде қолғабыс беру;
  • мәлiметтердiң түрлi ақпараттық көздерiн біріктіру;
  • өзге техникалық ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.;

ГАЖ-ді жүргiзу өткен ғасырдың 60 жылдарының соңында құрыла бастады. Олар Швеция, Канада мен АҚШ-тың ғылыми және оқу орындарында жүргiзілген болатын. Сол кездердiң өзiнде автоматтық картографиялық мәлiметтер банкiсiн құру алдыңғы қатарда болған, бiрақ графиктiк тұрғыдан олар “банктiк мәлiметтер” құрамына сақталғандықтан және жаңа технологиялар пайда болғандықтан, тоқтап қалған болатын.

80 жылдардың  соңында мәлiметтер базасы графикалық беткеймен байланыстырылып, жаңа технологиялардың негiзiнде жүзеге аса бастады. Осы кездерде “ГАЖ” терминi пайда болды. Алғашқы күннен бастап “ГАЖ” терминiне қатысты бірқатар пікірталас туды.

Бiрқатар ғалымдар оны  ақпараттық жүйе деп атап, ол жинау, сақтау, өңдеу, бейнелеу мен кеңiстiк координаталық мәлiметтердiң таралуын көрсетедi деп санады. Ал кейбiр ғалымдар ГАЖ-дiң бағдарламалар құрылымына назар аударып, бұл терминмен бағдарламалық кешендердi атаған болатын.  Мысалы, Mapinfo және Wingis, т.б.

Көп ғалымдар ГАЖ-дiң кеңiстiктік, уақыттық компонентiне көңiл аударып, оны үш кезеңге бөлді: “орны”, “уақыты”, “тақырыбы”. Бiр қызығы – бұл терминнің құрамына “жер” (гео) сөзiнiң енуi, бiрақ ГАЖ-сiн құрайтын графиктiк ақпараттың көбi жерге арналмағандығы.

ГАЖ-дiң негiзгi түсiнiгiнде  де бiршама шатастырулар бар: сандық және электрондық картада арнайы Ресейдiң картографиялық заңында (Гост+28441-90) сандық картаны жер бетiнiң сандық үлгісi дейдi, ал (Гост- 50828-93) электрондық картада векторлық немесе расторлық карта деп атап, ал компьютерде арнайы бағдарлама мен технологиялар негiзiнде жасалады. Ал практикада бұл екi түсiнiк аралас жүредi. Географияда ГАЖ  ақпараттық жүйе емес, ақпараттық жүйелердiң географиялық жиынтығы.

Қарапайым түрде ГАЖ мәлiметтер базасы мен электрондық картаның байланысы болып табылады. Оны мәлiметтер базасының кеңейтiлген концепциясы деп қарастыруға болады. Бұл мағынада ГАЖ, шынында, өзiнше жаңа деңгей мен интеграциялық әдiс және ақпараттардың құрылымдастырылуы. Бiздi қоршаған әлемде ақпараттың үлкен бөлiгi зерзаттарға жатады, онда олардың кеңiстiктiк орны үлкен рөл атқарады. Сондықтан ГАЖ көптеген қолдануларды МББЖ –ның мүмкiндiгiн кеңейту арқылы қарастырады.  Мұндай ГАЖ-лер Apc/info да (компьютерлерде), күштi серверлерде пайдаланушылардың интернетте қарапайым жүйемен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен бiрге ГАЖ көптеген әр түрлi перифериялық жабдықтардан тұрады. Олар: картаны сандауда қолданылатын дигитайзерлер, лазерлiк принтерлер, картаны басылымға жiберетiн принтерлер, плоттерлер.

ГАЖ қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етуге, мәліметтерді енгiзуге, сақтауға, өңдеуге, географиялық ақпараттарды бейнелеуге мүмкiндiк бередi. Қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етудiң маңызды компоненттерi болып төмендегі құрылымдар табылады:

  • географиялық мәлiметтерді енгiзу мен оларды бiрiктiрiп жинастыру құралы;
  • мәлiмет базасын басқару жүйесi;
  • сұраныс пен талап етудің және географиялық талдаудың бағдарламалық құрамы;
  • қолданудың бағдарламалық құралы, қолдануды жеңiлдететiн графикалық интерфейсi.

ГАЖ мәлiметтердiң  негiзгi екі түрiмен жұмыс iстейдi:

  • кеңiстiктiк (картографиялық, векторлық) мәлiметтердiң географиялық зерзаты және кеңiстiктiң формасы мен кеңiстiктiк байланыстарын бейнелейдi;
  • бейнелiк (атрибут, кестелік) мәлiметтер сан мен мәтіннен тұратын географиялық зерзаттың мәлiметтiк, бейнелiк ақпараттар базасын құрайды.

Жеке кестелер өзара негізгі сөздермен байланыста болады, оларды белгiлi бір индекстермен, байланыстармен, т.б. белгiлеу  мүмкiндiгі бар. Сонымен қатар олар кеңiстiктiк мәлiметтермен байланысты.

Кеңiстiктiк мәлiметтердiң  негiзгi екі түрi бар: векторлық және расторлық. Векторлық түрде мәлiметтер нүкте, сызық, контур түрiнде болады. Расторлықта жүйелiк торлар түрiнде кездеседi. Мәлiметтер төменгi географиялық зерзаттарды қамтиды:

  • нүкте;
  • сызық;
  • полигон.

Өмiрдегі зерзаттар – ағаш, қоныс, т.б. түрінде бейнеленедi. Сызық түрінде — мол торабы, су торабы, көшелер, т.б. Полигон – аумақтық бөліктер.

Мәлiметтің бiршама қасиеттi компонент екендiгi айқын. Кеңiстiктiк мәлiметтер (географиялық мәлiмет) кестелік мәлiметтерде жинақталып, даярланады. Бұл тұтынушының мәліметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді.  Кеңiстiктiк мәлiметтердi басқару үдерiсiнде ГАЖ геоақпараттарды басқа түрдегi мәлiметтермен бiрiктiредi. Мысалы, электрондық карталардағы қауiптi зерзаттар жақындығы, топырақ құрылымы, халық саны туралы мәлiмет өзара байланысты (ГАЖ-дың көмегiмен шешiлетiн тапсырмаларға байланысты). Сонымен қатар   күрделi және бөлшектенген жүйедегi ақпараттарды жинау мен өңдеу қазiргi кездегі зерзаттардың жағдайына, ТТК (табиғи-территориялық кешен) қабаттарынан алынған мәліметтердің қайнар көзiн картадағы зерзаттармен байланысты.

Мұндай тәсілдер мысалы, эпидемия немесе ормандағы өрт сияқты қауiптi жағдайлармен күресуде қолданылады.

Нақты тапсырмаларды шешуде бағдарламалық өнiмде жұмыс iстейтiн адамдар қолданушылар болып табылады. Бағдарламаны қамтамасыз етуде жұмыс iстейтiн адамдарды ГАЖ-ды құраушы бөлiгiнiң бiрi ретiнде қарастыру онша келiспейтiн сияқты, бiрақ оның өзiндiк мағынасы бар. ГАЖ-дың тиімді жұмыс iстеуі үшiн өңдеушiнiң қарастырған әдiсiн сақтау керек, сондықтан да жұмыс орнының дайындықсыздығы тiптi ең сәттi өңдеуде де өзiнiң әсерін тигізеді. ГАЖ-ды қолданушылар: жүйенi қолданатын және өңдейтiн техникалық мамандар мен  күнделiктi өмiрде кездесетiн географиялық мәселелерді шешуге қолданылатын қарапайым қолданушылар [25].

ГАЖ әдiсi. ГАЖ-ды ойдағыдай және нәтижелi қолдану көбiнесе, дұрыс құрау мен жұмыс ережелерi бойынша жүргізіледі. ГАЖ құрылымы төмендегідей төрт мiндеттемеден тұрады:

  • картадан алынған кеңiстiктегi тапсырмаларды өңдеу мен барлап бiлу және енгiзудi қамтамасыз ету немесе мәлiметтердi енгiзу;
  • сақтау және iздеу. Талдануға тиiстi мәлiметтердi шұғыл алу, олардың маңыздылығын дәлелдеп түзету;
  • талдауды жасау және өңдеу. Есептi шұғыл түрде шешу;
  • мәлiметтердi әр түрде бейнелеу (карта, кесте, сурет диаграмма блогы, жергiлiктi сандық үлгі т.б.).

 

ГАЖ-ді қолдану негізінде біз кеңістіктегі көпмөлшерлі мәліметтерді, сандық карталарды қолдану арқылы бір уақытта талдау жүргізуге мүмкіндік береді және экологиялық болжам мен табиғи ортаға әсердің кешенді бағалау процедураларын оңайлатып, аномалияларды жедел түрде анықтап, оларды жоюға арналған қажетті шараларды ұйымдастыруға көмектеседі.

Кеңістіктік мәліметтер түсінігі. Кеңістіктік мәліметтер дегеніміз географиялық ерекшеліктерді айқындау үшін карталарды қолдану. Географиялық ерекшелік дегеніміз – жер бетінде немесе жерге жақын орналасқан зерзаттар. Географиялық ерекшеліктерге  табиғи компоненттер  (өзен, жер бедері, өсімдік), антропогендік құрылымдар (жолдар, құбырлар, ғимараттар) және жер бетінің аумақтық бөлшектері (аудандар, аймақтар, округ тар және саяси бөлшектер) жатады.

Географиялық ақпаратты карталар нүктенің, сызықтың және аудандардың көмегімен нақты өмірді үлгілейді. Символдар мен мәтіндер осы зерзаттарды сипаттайды.

Нүктелер, сызық немесе аудан түрінде бейнелеуге өте ұсақ болып келген географиялық ерекшеліктердің дискретті орналасуын анықтайды. Мысалы, құдық, телефон бағаналары, ғимараттар. Нүктелер сонымен бірге тау шыңы сияқты ауданы жоқ зерзаттарды көрсетеді.

Сызықтар аймақтарды бейнелеуге келмейтін өте тар географиялық зерзаттарды (көше, өзен) немесе ұзындық көрсеткіші бар, бірақ көтерілім контуры сияқты ауданы жоқ зерзаттарды бейнелейді.

Аудандар — біртекті зерзаттардың орналасуы мен формалары бар штаттар, аймақтар, жер бөлінділері, топырақ типтері және жерді пайдалану зоналары сияқты тұйық фигуралар.

Беткі қабат жердегі әрбір нүкте үшін маңызы бар нәрсені бейнелейді. Мысалы, көтерілім. Жердегі әрбір нүкте көтерілімге ие. Міне, сол беткі қабаттарды көрсетудің қиындығы – олардың нақты шекараларын көрсету мүмкін емес. Сондықтан беткі қабатты көбіне сызықтар сериясы арқылы көрсетеді.

Көтерілім контуры – бірдей мағыналы сызықтарды анықтайтын изосызық типі. Изосызықтар, сонымен бірге, жауын-шашын ағыны, ластану концентрациясы және су деңгейі сияқты басқа беткі қабат типтерін көрсетуде пайдаланылады.

Қазiргi геоақпараттық жүйелер өндiрiстiк мақсатта қолданылатын географиялық зерттеулердiң барлық бағыттары үшiн қуатты құрал болып табылады. Ол қазіргі заманда геоақпараттық индустрия болып қалыптасты. Көптеген елдердің экономикасының негізгі салалары әлемнің осы геоақпараттық индустриясын құрайды. Бұған мысал ретінде Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Тайванның, Малайзияның, т.б. елдердің экономикасын атап өтуге болады. Олар ЭЕМ-ға қажетті бөлшектерді, құралдарды жасайды. Әлем бойынша геоақпараттық индустрия саласы жылына 5 триллион доллар мөлшерінде өнім шығарады. Бұл әлемдік машина жасау саласына қарағанда жүздеген есе көп. Сондықтан да қазiргi уақытта ГАЖ курстарын оқыту- өркениетті елдердегі географияға маманданған жоғары оқу орындарының  барлығына қойылатын талап.

Ал енді әлемдік ГАЖ құруға қажетті қолданбалы бағдарламалар жасаудағы жетекші орын алатын компанияларға тоқталайық. Олар:  ESRI, ER MAPPER, MapInfo, IDRISI  және т.б.

ESRI серiктестiгi адамдарға ГАЖ  туралы көбiрек мәлiмет беру мақсатында жаңа жоба-интернет сайтын (ESRI.com.) шығарды. Сайт мына  бөлiмдердi қамтиды: «ГАЖ дегенiмiз не?», «Сiздiң тапсырмаларыңыз үшiн ГАЖ», «ГАЖ-бен жұмыс iстеп көрiңiз», «Сiздiң ГАЖ-іңіз» үшiн мәлiметтер, «ГАЖ — бiлiм», «ГАЖ – дүкен», «Тенденциялар жаңалықтары», «Қосымша қорлар». Бұл сайт жаңадан үйренушiлерге арналған on-line кiтабы болып табылады.

Informix  серiктестiгi ESRI өнiмдерiне қызығушылық танытып келедi. Informix ESRI-мен бiрiгiп 2 жоба жасады – 1999 жылдың маусымында ESRI  Italia СУБД Informix негiзiнде GeoCare  телефонын шығарды, ал 2000 жылдың сәуiр айында – GeoW@p, яғни ұялы телефон қолданушыларға, Интернетте геоақпараттық жолды қамтамасыз ететiн өнiмдi шығарды.

Бiздiң түсiнiгiмiзше, ГАЖ құрудың жалпы қағидаларын да, нақтылы жобаларын да құру географиялық практика мен географиялық зерттеулердiң қолайлы ортасын құруға бағдарланады.  Бұл жұмыстың мақсаты – ГАЖ идеологиясын және  қосымшаларымен бiрге  ArcGis сияқты күрделi де көпжоспарлы пакеттi түсiну, ал түсiну бiр тәсiлмен ғана, яғни өзiнiң ГАЖ-жобасын құру жолымен мүмкiн болады. Географиялық зерттеулерде мiндеттi  түрде  карта жасалынады. Карта нақты топографиялық негiзде салынады, бiрақ мұның өзi шартты координаттарда, сондықтан бұларды байлауға қатысты қиындықтар туындайды.  Ең қолайлы тәсiл – бұл полигонның нүктелерi мен өзiне тән  шыңдарын көлемдi GPS жүйесіне  байлау. Карта белгiлi бiр жоспарланған жобаға интегралданғаннан кейiн, онда бақылау нүктелерiнiң анағұрлым массиві қалыптасады, ал бұл  Arcview-да жұмыстың негiзгi аналитикалық әдiстерiне үйренуге мүмкiндiк бередi. Олардың iшiнде – көпкомпоненттi сұраныстарда нүктелердi таңдау, аналитикалық тақырыптар құру, нүктелердiң  кеңiстiктiк орналасуына байланысты атрибуттарды иемдену, легендаларда арнайы маркерлер мен маркер-диаграммаларды қолдану, тақырыптар мен кестелерді байланыстыру, болжау стратегиясын жұмыспен өтеу.

Ал ендi ER MAPPER геоақпараттық жүйесiне келсек, оның маңызы өте зор. Өйткенi оны жұмыстың қай саласында болса да қолдану тиiмдi. ER MAPPER геоақпараттық жүйесi:

  • ғарыштық суреттер мен аэрофотосуреттердi қарауда;
  • үлкен бейнеленулермен жұмыс iстеу үшiн;
  • геофизиктерге сейсмикалық зерттеулерде қажеттi мүмкiндiктерiмен;
  • төтенше жағдайларды алдын алуда;
  • оның алгоритмiнiң ерекше концепциясы болуымен;
  • мұнай-газ индустриясын құру жұмыстарында;
  • жылдам ақпарат алуда;
  • мәлiметтердi жоғарғы деңгейде алу жұмыстарында қолайлы.

Геоақпараттық жүйелердiң қоғам өмiрiнiң барлық салаларына белсендi араласуы  артқан сайын геоинформатиканы ғылыми бағыт, технология, оқу пәні ретiнде теоретикалық-методологиялық қабылдау керектiгi пайда болады.

Қазiргi геоинформатика, бiр жағынан, геоақпараттық жүйелердi олардың мәлiмет базасын және географиялық бiлiм негiзiнде компьютерлiк үлгілеуiн зерттейтiн ғылым саласы ретiнде көрiнсе, басқа жағынан тәжiрибелiк, ең бiрiншi кезекте басқармалық мәселелердi (ГАЖ технологиялары) шешу үшiн қолданылатын технология, үшiншi жағынан, коммерциялық ГАЖ, аппаратура, әдiстемелiк өнiмдер базасы және банкiсiнiң өндiрiсi ретінде қабылдануда.

Өзiмiз көрiп отырғандай, геоинформатика өте кешендi, ерекше пән, оның географиялық ғылымдар жүйесiнде (жер туралы ғылымдар жүйесi), одан ары қарай терең теориясының, концепциясының, әдiстерiнiң географиялық негiздемесін жасау, өңдеу, зерттеу жұмыстарын талап етедi [25].

2.2 Мәліметтер базасы және оның құрылымы 

ГАЖ-ды жүзеге асыру көзқарасынан кейін жиналған ақпараттарды ары қарай өңдеу қажет. Бұл қоршаған ортаға әсердің көздері, түрлері мен көлемдері және де РҒҚ жүргізілетін аймақтар картасы – геомәліметтер болып табылады. Қажетті кіріс және шығыс ақпарат және де қажетті шығыс ақпаратын алу мен басу, мәліметтерді толтыру, жаңарту және өшіруге арналған мәліметтер базасын басқару жүйесі сарапталады.

Отандық және шетелдік тәжірибе негізінде мәселені шешудің аппараттық қамтамасыз етілуіне минимальды жүйелік талаптар анықталып, осы мақсатқа жету үшін қажетті бағдарламалар орнатылған. Картографиялық мәліметтердің салдарымен белсенді жұмыс ыңғайлығына 512 мб оперативті сыйымдылығы бар Pentium-4 класының процессорлары бар жеке компьютерлер, түрлі-түсті сканер 5370 С орнатылған.

Базалық бағдарламалық құрал ретінде минимальды бағдарламалық өнімдердің бастапқы жиынтығы орнатылды: Arc View 8,1 – соңғы қолданушыға мәліметтерді енгізу, өңдеу, сараптауға арналған бағдарлама, ГАЖ қосымшаларды кең таралған бағдарлама құралдары – Visual Basic, Delphi, Power-Builder Visual C++, Microsoft Acces, Visual Fox Pro арқылы жасау құралдары.

Таңдамалы бағдарламалық пакет кеңістіктегі цифрлық мәлімет базаларымен, электрондық картографиялық бейнелермен жұмыста кең ауқымды мүмкіндіктер туғызады. Ерекше ыңғайлы әртүрлі мәлімет типтерін – мәтін, кесте, видео, графиканы бір жобаға біріктіру мүмкіндігін береді.

Пакетте қолданылатын мәліметтер форматы басқа да кең таралған ГАЖ-мен, баспа және ізденіс пакеттерімен сәйкес келеді және осы пакеттен мәліметтерді басқаларына конвертация жасауға мүмкіндік береді.

МБ құрылымы. РҒҚ МБ қоршаған ортаға әсер ететін ғарыш тұрағының келесі обьектілерінен тұруы қажет:

  1. Ракета тасығыштардың шығару құралдары
  2. Ғарыш тұрағының жер беті обьектілері

2.1 техникалық кешендер (ТК)

2.2 стартты кешендер (СК)

2.3 жанармай құю-бейтараптандыру станциялары

2.4 ракета отындарының бөлшектерін сақтау қоймалары

2.5 оттегі-азот зауыты

2.6 өлшнуіш пункттері

  1. Ғарыш тұрағының инфрақұрылымының жер беті обьектілері

3.1 жылу және энергияны қамтамасыз ету обьектілері

3.2 отын-майлау материалдарының қоймасы

3.3 көлік

3.4 құрылыс индустриясымен жергілікті өнеркәсіпке тұрмыстық     қызмет ету кәсіпорындары

3.5 тазарту құрылғылары

3.6 қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигондары мен үйінділері

3.7 тұрғын зоналары

«Бастапқы мәліметтер» функционалды блогының МБ мағынасына қарай МБ кестелерін біріктіретін жеке модульдер түрінде бағдарламалық жүзеге асырылған.

Кеңістіктегі МБ:

  • ғарыш тұрағының инфрақұрылымының негізгі обьектілерінің МБ
  • қоршаған орта обьектілерінің МБ

Ғарыш тұрағының инфрақұрылымының негізгі обьектілерінің МБ: ғарыш тұрағының негізгі жер беті объектілерінің – алаң, автомобиль және теміржол, электроөткізгіш тораптары, бастапқы кешендердің электрондық карталары.

Қоршаған орта объектілерінің МБ: ArcView форматында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы территориясында 1: 1 000 000 масштабындағы электрондық карталардың жиынтығы. Кеңістіктегі МБ бағдарламалық басқару ГАЖ-ға Map Objects -2 қосымша Delphi -5 ортасына интеграциялануы көмегімен жүзеге асырылады [26].

2.3.  Қазақстан территориясындағы ҚА-ның топырақ, су, өсімдік құрамындағы өзгерістерді анықтау

Топырақтағы СЕДМГ ыдырау жылдамдығы мен деңгейін зерттеу үшін «Протон» жеке бөліктерінің құлау аймақтарынан алынған 6 құмдақты топырақтардың үлгісі қолданылды. Үш үлгіде СЕДМГ табылды, ал бақылау үлескілерінен алынған басқа үлгілерде болған жоқ. Зерттеулер құрғақ және шаң тәрізді үлгілермен жүргізілді. Ылғалдылық бірқалыпты болды. Үлгілерді кристаллизаторға орнатты.

Зерттелетін катиондар мен аниондар мөлшері белгілі тәсілдермен анықталды. СЕДМГ концентрациясын топырақта п – нитробензальдегид индикаторы бар экстракциялық-фотоколориметриялық тәсілмен анықтады. Тәжірибе жағдайлары үлгілер сипаттамасы 6-шы кестеде келтірілген.

Тәжірибе әдістемесі:

2000 г құрғақ және іріктелген топырақ үлгілері топырақтың вентиляциясы үшін кристаллизаторға орнатылды. Топырақ үлгілеріне СЕДМГ судағы ерітінділері енгізілді. Гептил сараптамасын 1, 2, 3 тәуліктен кейін және әрбір 2-7 тәулік сайын жүргізді. 1-3 үлгілеріне СЕДМГ енгізілген жоқ. Сараптаманы әр 5-7 тәулік сайын жүргізді. Барлық тәжірибелер ұзақтығы 90 тәулік.

Кесте 3 — Тәжірибе жағдайлары мен топырақ үлгілерінің сипаттамасы [26].

Топырақ

үлгісі

СЕДМГ-ның бастапқы мөлшері,мг/кг СЕДМГ енгізілген мөлшері,мг/кг Топырақтың түсі, құрылымы, механикалық құрамы
1

 

2

 

3

4

5

6

0,40

 

141

 

765

 

 

0,5

150

800

қара-құба, шаң-түйіршікті, ауыр құмайт

қызыл құба, шаңды-түйіршікті құмайт

ашық –қоңыр түйіршікті құмайт

құба шаңды-түйіршікті құмайт

сұр-құба түйіршікті саз

құба-қоңыр түйіршікті ауыр құмайт

 

Алынған нәтижелер топырақта СЕДМГ тұрақтылығын дәлелдейді. СЕДМГ концентрациясы бірқалыпты ыдырамайды. Бастапқы кезеңде-ақ енгізілген ластаушының тек 50-60 % -ын байқауға болады. Бұл тотықсыздандырғыш – СЕДМГ-ның қарқынды ыдырауын топырақтағы тотықтырғыштармен байланыстыруға болады (ауа оттегі, металл иондары т.б).

СЕДМГ-ның судағы көрініс беру динамикасын зерттеу. СЕДМГ-ның суда көрініс беруін зерттеуге 7 су үлгісі алынды. Зерттелетін үлгілердің табиғаты, минералды, биохимиялық құрамы, рН әртүрлі. 1-үлгі – дистильденген су минералды, органикалық қоспалары жоқ. рН – 5, 4.   2, 3, 7 – үлгілерде органикалық емес қоспалар бар. Табиғи сулар (4, 5, 6 – үлгілер) минералды тұздармен қатар органикалық емес қоспалардан тұрады. Тәжірибе әдістемесі келесідей: барлық үлгілерге 9,41 мг/л СЕДМГ мөлшері енгізілді. 1000 мл ластанған үлгілер ашық шыны ыдыста сақталды. СЕДМГ енгізілген соң  2-3 тәуліктен соң 2 су үлгісі: 1 – СЕДМГ концентрациясын, 2 – NO2, NO3  мөлшерін анықтауға алынды. Тәжірибе ұзақтығы 30 тәулік.

СЕДМГ концентрациясын п-нитробензальдегид индикаторы бар экстракциялық-фотометриялық тәсілмен анықтады. NO2, NO3 иондарының концентрациясын фото-колорометриялық тәсілмен анықтады.

Келтірілген мәліметтер бойынша СЕДМГ-ның таралуы барлық су үлгілерінде жүреді. СЕДМГ дистильденген суда аз таралады, онда 30 тәуліктен кейін де 70 % гептил сақталады. СЕДМГ 6 үлгіде тез ыдырайды. 21 тәулікте ластаушы мүлде анықталмайды. Ұқсас ыдырау 5 үлгіде жүреді, онда СЕДМГ 30-шы тәулікте ыдырайды. 3-үлгіде СЕДМГ ыдырауы 10 тәулік бойы жүрмейді. 30 тәулікте ластаушының 1/5 бөлігі ғана қалады. NO3 пен NO2 иондарының концентрациясы барлық үлгілерде өзгеріссіз қалады.

Кесте 4 — Зерттеу үшін алынған судың химиялық құрамы [26].

№ Судың

үлгілері

рН Аниондар, мг/л Катиондар, мг/л
2 7 12 17 23 30
1 0 0 0,10 0,30 0 0,40 0 0,44 0,30 0,07 0,30 0,04
2 0,60 1,00 1,00 0,60 0,50 1,00 0,59 0,22 0,22 0,74 1,30 0,44
3 0,50 0,12 0,40 0,40 0,50 0,40 0,25 0,50 0,70 0,30 0,07 0,44
4 0,80 0,60 1,00 0,80 1,00 0,75 0,74 1,90 0,74 0,60 0,48 0,15
5 0,60 0,80 1,10 0,80 0,80 0,80 0,70 1,30 0,30 0,60 0,22 0,60
6 0,15 0,15 0 0 0 0 0,30 1,60 1,10 1,10 1,04 1,20
7 5,00 4,50 56,20 5,00 4,20 5,50 0,44 0 0,15 044 1,20 0,66

 Кесте 5 — Су үлгілеріндегі нитрат және нитрит концентраттарының өзгерісі [26].

Үлгі

лер

Концентрация NO3, мг/л Концентрация NO2, мг/л
Интервал
2          7          12     17         23    30 2           7         12     17       23      30
1 0 0 0,10 0,30 0 0,40 0 0,44 0,30 0,07 0,30 0,04
2 0,60 1,00 1,00 0,60 0,50 1,00 0,59 0,22 0,22 0,74 1,30 0,44
3 0,50 0,12 0,40 0,40 0,50 0,40 0,25 0,50 0,70 0,30 0,07 0,44
4 0,80 0,60 1,00 0,80 1,00 0,75 0,74 1,90 0,74 0,60 0,48 0,15
5 0,60 0,80 1,10 0,80 0,80 0,80 0,70 1,30 0,30 0,60 0,22 0,60
6 0,15 0,15 0 0 0 0 0,30 1,60 1,10 1,10 1,04 0,12
7 5,00 5,00 6,20 5,00 4,20 5,50 0,44 0 0,15 0,44 1,20 0,66

 

Кесте 6 — Су үлгілеріндегі СЕДМГ-ның тұрақтылығы [26]. 

Үлгілер Тәулік
1 30
2 24
3 21
4 27
5 13
6 7
7 20

 

Өсімдіктердегі СЕДМГ. СЕДМГ сілтілерде жақсы еритіндіктен, анатомиялық зерттеулерге сілтілік ортада қозғалмалы химиялық қосылыстарды өз органдарына жинайтын анионогендік биохимиялық сипаты бар дәнді дақылдар мен күрделі гүлділер тобына жататын өсімдіктер тіркелді. Есеп беру кезеңінде ауданы 1 м2 тәжірибе алаңдары отырғызылды. Оларда күрделі гүлділер (Artemisia terra alba) дәнді дақылдар (Stipa capillata, Poa Sp) туысты  өкілдерінен дала зонасына тән өсімдіктер өсірілді.

Тәжірибелік алаңда өсімдіктер топырақтан 50 см қашықтықта 0,8 г/л концентрация мөлшерінде СЕДМГ-мен өңделді. Топырақ пен өсімдік үлгілерін өңдеуден кейін 10 минут, 2 күн және 10 күннен кейін алынды. Өсімдіктердің осы түрлері өсірілген алаңшадан 50-70 см және 2 м қашықтықта жиналды.

Гептилмен өңделген топырақтан 10 минуттан кейін алынған үлгіде анықталған токсиканттар: бірінші үлескіде 5,5 мг/кг, екінші үлескіде 9,1 мг/кг, ал 2 сағаттан кейін бірінші үлескіде СЕДМГ мөлшері өзгерген жоқ (5,1 мг/кг), ал екіншісінде 3,8 мг/кг–ға дейін азайды. Өсімдіктердің СЕДМГ мөлшеріне химиялық сараптамасы жүргізілген жоқ. 1 м2  фитомассасы сараптамаға жеткіліксіз болды.

Өсімдіктер құрылымдық зерттеу үшін кәдімгі тәсілмен тіркелді, ал биоморфологиялық зерттеулер үшін әкелген материалды сақтау мақсатында 70 % этил спиртінде ұстады. Лабораториялық жағдайларда спирт-глицерин-су қоспасымен 1:1:1 пропорциясында өсімдіктер консервациясы жүргізілді.

Өсімдіктердің құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуде М.Н. Прозинаның тұрақты және уақытша препараттарды дайындау тәсілі қолданылды.

Анатомиялық зерттеулер үшін уақытша және тұрақты препараттар дайындалды. Жерасты және жер беті өсімдіктердің органдары қолмен және ТОС-2 мұздатқыш құрылғының микротомы арқылы жүргізіледі. Уақытша препараттар глицерин және глицерин-желатинге салынады. Микрофотографияға және морфометриялық сараптама жүргізу үшін 60 препарат дайындалды. Зерттеу объектілерін микрофотографияға түсіру фото құралы бар МБИ-6 микроскопы көмегімен жүргізілді. Морфометриялық өлшеулер жүргізілген: алғашқы қабықша қалыңдығы, склерепхима қалыңдығы, орталық паренхима жасушалары мөлшері, өткізілген түйіндер мөлшері анықталған.

Кесте 7 — Ластаушылардың әртүрлі деңгейлеріндегі сабақ пен тамырдың анатомиялық көрсеткіштері [26].

Үлескі Өсімдік

түрі

Сабақ Тамыр
Өткізгіш түйін мөлшері, мкм Орта бөлігінің қалыңдығы, мкм Түйін мөлшері Алғашқы қабат, мкм Орталық цилиндр, мкм
Ұзын

дығы

Ені
Бақылау Artemi

sia terra

alba

275,91

0,14

240,2

0,07

302,6

0,1997

9 69,4

0,056

192,72

0,043

Ластау

шы

Artemi

sia terra

alba

222,02

0,05

203,5

0,03

260,28

0,038

8,4

0,03

113,08

0,068

200,02

0,086

Алғаш

қы қабат

Әуе қуы

сы

Бақылау Diartron

versicu

losum

341,4

0,0001

216,4

0,19

116,44

0,069

210,8

0,06

Ластау

шы

Diartron

versicu

losum

495,31

0,3

259,3

0,09

437,5

0,114

366,58

0,092

 

Ақ жусан (Artemisia terra alba krasch) – сабағы екінші реттік өсудің бастапқы кезеңі – алғашқы қабығы біртіндеп бұзылады. Эпидермия жасушаларының сыртқы беті кутикула қабаты есебінен қалың эпидермис астында механикалық ұлпа жақсы көрінеді және 3-4 қабатты перенхима жасушаларының телімдері орналасқан. Эндодерма жасушалары да бұзылады. Олардың астында екінші жамылғы ұлпа үш қабаттан – феллема, феллогеп, фелодермадан тұратын нағыз перидерма орналасқан.

Өткізгіш түйіндер шеңбер бойынша орналасады. Олар – коллатеральды ашық, себебі флоэма мен ксилема аралығында үздіксіз жасушалар қабаты орналасқан. Флоэманың жоғарға қабатында талшықтардан құралған склеренхимды қабықша бар. Бақылау үлескісінде өткізгіш түйін ұзындығы 275,9 мкм, ені 240,28 мкм, ластанған жерде ұзындығы 222,02 мкм, ені 203,56 мкм.

Кесте 8 — Ластаушылардың әртүрлі деңгейіндегі өсімдік жапырақтарының анатомиялық көрсеткіштері [26].

Үлескі Өсімдік түрі Жапырақ
Жапырақ қалыңдығы, мкм Мезофилл қалыңдығы,

мкм

өткізгіш түйін мөлшері, мкм
ені ұзындығы
Бақылау Artemi

sia terra

alba

152,64

0,188

139,16

0,105

66,82

0,02

61,56

0,11

Ластаушы Artemi

sia terra

alba

294,4

0,163

179,4

0,118

172,58

0,16

123,7

0,08

Бақылау Diartron

versicu

losum

252,8

0,074

180,2

0,082

111,94

0,06

91,42

0,1

Ластаушы Diartron

versicu

losum

263,82

0,119

197,36

0,117

54,84

0,06

70,16

0,05

 

2.4.  Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мониторинг және бақылау жүйелерінің мақсаттары мен міндеттері

«Қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық мониторинг» туралы ҚР Заңының 24, 25 – баптарына сәйкес ракеталық-ғарыштық қызметті (РҒҚ) атқаруда экологиялық мониторинг пен бақылау жүйесі (ЭМБЖ) қоршаған орта мен табиғи байлықтарды өндірістік және мемлекеттік мониторинг ұйымдастырудың тәсілі болып табылады.

ЭМБЖ қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді ҚР мен РФ арнайы өкілетті территориялық органдары мен ведомствалары кәсіпорындары, ұйымдарымен бірге «Байқоңыр» космодромының әкімшілігі жүзеге асырады.

Қоршаған орта мониторингі деп ғылыми негізделген бақылаулар, бағалаулар, болжамдар мен олардың негізінде жасалатын қоршаған орта жағдайы мен экологиялық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз етуге жеткілікті және қажет болатын басқару шешімдерінің нұсқаларының кешенін айтамыз.

ЭМБЖ – қоршаған ортаны бақылаумен ұйымдасқан мониторинг. Бұл жағдайда: «Байқоңыр» космодромында ракеталық-ғарыштық қызметті жүзеге асыруда экожүйелердің қызмет атқару жағдайларын, биообъектілердің, табиғи-техникалық жүйелердің, адамның тіршілік ортасының экологиялық жағдайына тұрақты баға беру;

Ракеталық-ғарыштық қызметті іске асыруда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен табиғи жағдайларды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласында түзету әрекеттерінің бастапқы алғышарттары мен негіздемесі қамтамасыз етіледі.

ЭМБЖ – «Байқоңыр» космодромының әкімшілігі басшылығымен және қоршаған орта саласындағы арнайы өкілеттік органдармен жүзеге асырылатын және қоршаған орта мониторингісінің әртүрлі түріне негізделген және экологиялық мониторинг пен бақылау жүйесінің мақсатына жетуін қамтамасыз ететін инвестициялық, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен шаралар жүйесі. «Байқоңыр» ғарыш тұрағы мен РҒҚ жүргізілетін территориялар ЭМБЖ-де бақылау жүргізу мен мәлімет өңдеу әдістемесі келесі негізгі әрекеттерге негізделеді:

  • бақылау объектісін бөліп көрсету;
  • бақылау жүргізетін субъектті тіркеу мен сертификация жүргізу;
  • бақылау объектісінің ақпараттық үлгісін құрастыру;
  • өлшеулерді жоспарлау;
  • өлшеулерді ұйымдастыру мен жүргізу;
  • өлшеулер мәліметтерін бақылау;
  • бақылау объектілерінің жағдайын сараптау мен бағалау және оның ақпараттық үлгісін анықтау;
  • бақылау объектілерінің жағдайының өзгерісін болжау;
  • ақпаратты көрсету және тұтынушыға жеткізу;

«Байқоңыр» ғарыш тұрағы мен РҒҚ жүргізілетін территориялар ЭМБЖ-де қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында:

  • қоршаған ортаға әсер және әсер ету көзін бақылаумен байланысты нәтижелер мониторингі;
  • әсер ету көзінің жиынтық ықпалы немесе ықпалдың болмауымен байланысты қоршаған орта жағдайы мониторингі қамтамасыз етіледі;

Экологиялық мониторингте қоршаған ортаға ластаушы заттардың бөліну көзі немесе әсердің басқа субстанциялары мониторингі импакттық мониторинг және табиғи орта мен экожүйелер мониторингін бөліп көрсету қажет.

ЭМБЖ мақсаттары. «Байқоңыр» ғарыш аймағындағы РҒҚ-ті жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғау саласында басқару және шаруашылық шешімдерді қабылдауда ақпараттық қамтамасыз ету, ғарыш аймағы ме оның ықпалындағы территориялардың экологиялық жағдайын бағалау және тұрғындарды қоршаған орта жағдайы мен қоршаған орта факторларының денсаулыққа әсері туралы ақпарат беру.

ЭМБЖ келесі мәселелерді шешу қажет:

  • ракеталық-ғарыштық техниканы қолдану жағдайында қоршаған орта өзгерістері, қоршаған табиғи орта объектілеріне зиянды заттардың шығарылуы мен таралуын бағалау;
  • электромагниттік, акустикалық әсердің биологиялық қаупі мен деңгейін бағалау;
  • табиғи байлықтарды пайдалануды бағалау;
  • құжаттандыру және бағалау нәтижелерін шығару;
  • қоршаған орта мен табиғи байлықтар және антропогендік әсер көздері жағдайына тұрақты бақылау жүргізу;
  • экожүйе қызмет ету жағдайларын, биообъектілердің, табиғи-техникалық жүйелердің, адамның тіршілік орта жағдайларын болжау;
  • ҚР мен РФ басқармасының атқарушы және өкілеттік органдарының, ғарыш айлағының басқару органдарын, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету;

ЭМБЖ ұйымдастыру құрылымы. «Байқоңыр» ғарыш аймағының қоршаған ортаның ақпараттық жүйесі болып табылады. ЭМБЖ құрылымы келесі сызба бойынша қалыптасады:

  1. РН ұшыру трассалары бойынша жекелеген бөліктердің құлау аймақтарында ғарыш айлағы алаңдарындағы бақылау мен мониторингтің жеке посттарының желісі.
  2. Ғарыш аймағы мен РҒҚ басқа да аймақтарының орташа жағдайы және космостық қызмет бойынша экологиялық ақпаратты өңдеу мен ұсынудың аймақтық орталықтары:
  • РФ росавиакосмос, космос әскерлері және өзара байланыс тораптары мен басқа деңгейдегі ЭМБЖ
  • ҚР –да экологиялық мониторинг жүйе көптеген ведомстваларға бөлінген:

а) ҚР көлік және коммуникациялардың министрлігінің аэроғарыштық комитеті;

б) ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, «Қазгидромет» РГП табиғи ортаның ластану мониторингі орталығы;

в) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (санитарлық-гигиеналық мониторинг);

г) жер қорларын басқару бойынша ҚР министрлігі (Жер мониторингі);

е) ҚР энергетика және минералдық шикізат министрлігі қойнауларды қорғау мен геология комитеті;

ж) ҚР ауылшаруашылық министрлігі;

и) ҚР ғылым және білім беру министрлігі;

к) ҚР қорғаныс министрлігі; л) ҚР төтенше жағдайлар бойынша министрлігі;

Аймақтық деңгейде территориялық бөлімдері жұмыс істейді.

Экомониторингтің локальды деңгейінің нәтижелері ғарыш аймағы объектілерінің табиғи ортаға жеке әсерлерін өндірістік бақылау мен мониторингке арналған. Олар ғарыш аймағындағы бақылаудың экологиялық станциялардың химия-физика-биологиялық бақылау тәсілдерімен, сонымен қатар техногендік әсер көздеріндегі үлгі алу нүктелерінде, ракетадан бөлінген бөлшектердің құлау аймақтарындағы өндірістік-экологиялық мониторинг арқылы алынады. Аймақтық деңгей аймақтық мониторинг үшін қолданылуы мүмкін, сонымен қатар орналасу аймағындағы ғарыш аймағы әсерінің мемлекеттік мониторингі үшін қолданылуы мүмкін. Бұл деңгейді экологиялық ақпаратты сараптау бөлімінің қарамағындағы қозғалмалы әмбебап өлшеуіш құралдармен, сонымен қатар сәйкесінше экологиялық «Бағдарламаларда» қарастырылған жұмыстарды атқаруға арналған құралдармен қарастырылуы қажет.

Осы деңгейде «Байқоңыр» ғарыш аймағының ЭМБЖ бойынша ережені құрастыру мақсатында құқықтық заң шығару базасы жасалуда [26].

 ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы курстық жұмысты қорытындылап, мынадай тұжырым жасауға болады. Экологиялық және экономикалық көзқарастар бойынша Қазақстанды ғарыштық бағдарламасыз елестету қиын. Дәл қазір ғарыштық техника үздіксіз даму үстінде. Сондықтан күн дерекке қазірден бастап ғарыштық өнімдердің экологиялық экспертизасы жөнінде және ғарыштық ұшырулардың экологиясы жайлы мәселелерді енгізу қажет.

Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен-күнге арта түсуде. Ал, егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады, екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады, яғни Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал-жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бар дүние-мүлкінің бағасы 51 миллиард доллар болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны 20 жылға жалға берді. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион доллар алып тұрады. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кіреді. Бұл кіріс қазақ елінің әртүрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз.

Ғарыш айлағынан зымырандар ғарыш кеңістігіне қарай басты-басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз. Бірі – зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді. Екіншісі – тасымал кемелері. Онымен ғарыш кеңістігіндегі станцияларына қажетті құрал-жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық-түлік, су, киім-кешек, ең аржағы оттегіге дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады. Үшіншісі — әскери мақсаттағы зымырандар. Төртіншісі – байланыс-жер серіктері. Біздің түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі теледидар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Бесінші – планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан ұшырылды. Оның ең шарықтау шегі – айға қонған зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа.

Ғарыштық экологияның басты зардаптарының бірі – стратосферадағы озон қабатының бұзылуы. Қатты шапшаңдықпен көтеріліп бара жатқан зымырандар озон қабатын ыдыратып тастап, ғарыш кеңістігінен, әсіресе күн жүйесінен құлайтын радиациялық бөлшектерге – сәулелер мен нуклеидтерге жол ашады. Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі – хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі. Әсіресе, «Спейс-Шатл»зымыранына пайдаланатын отынның ішінде ол көп болады. Бұл зымыран АҚШ-та жасалынады. Сол елде космос кеңістігіне ұшырылып отырады. Өте қуатты зымырандардың қатарына жатады. Бұл зымыранды ғарыш кеңістігіне ұшырғанда, ол 180 тонна хлор және хлорлы сутекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс – метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфераға онша зиянды әрекет жасамайды. Хлор және хлорлы сутектің зиянды әрекеттеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Айта кететін бір жәйт, 1999 жылы жүргізілген арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мынаны көрсетті: Байқоңыр космодромынан ұшырылған космостық аппараттар қазақ жерінің ауа-райына, климатына оншама өзгеріс енгізе қоймағаны белгіленді. Өйткені, бұрынғы 50 жылғы ауа құрамы ешбір өзгеріссіз сол күйінде сақталып тұрғанын көрсетті. Қазір Сыр бойы халқының басына қасірет төндіріп отырған қатердің бірі осы. Соңғы жылдары әйелдердің қан аздығы, ақ қан (лейкоз) ауруымен ауыру, кемтар сәбилердің дүниеге көп келуі, жастар арасында өзіне-өзі қол салу сияқты жантүршіктірер оқиғалар көбейіп кетті. Содан-соң соңғы жылдары уланып жатқан дарияның суын айтпай кетуге болмайды. Соңғы жылдары Сыр бойы халқы арасында сары ауру, тырысқақ, іш сүзегі, асқазан-ішек, бауыр-бүйрек аурулары асқынып тұрса, оның да себеп-салдарының бір ұшы осы ғарыш айлағынан көкке көтеріліп жатқан зымырандарға барып тіреледі [1].

Ғарыш аймағы сонша пайдалы екен, Ресей оны неге Плисецкіге алып кетпейді? Соншама шығынға батып, Қазақстан жерін несіне жалдап отыр? Ғарыш айлағы соншама пайдалы екен, Қытай елі Такламакан шөлінде жатқан Лобнордағы ғарыш аймағын неге Шанхай қаласының іргесіне апарып орналастырмайды? Көшірмейді де, орналастырмайды да. Өйткені ғарыш айлағы деп аталатын зұлматтан өз елдерін, өз елдерінің табиғатын, фаунасы мен флорасын, ең алдымен азаматтарны қорғағылары келеді, олар үшін өз елінің аспанындағы озон қабатының бүтіндігі қажет. Өзен-көлдерінің тазалығы керек.

Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде айтатын болсақ, космодром бүкіл адамзатқа ортақ. Бүкіл адамзатқа ортақ, бүкіл адамзат игілігіне қызмет ететін Байқоңырды сақтау, ұстау қазақтардың ғана емес, бүкіл адамзат баласының парызы, борышы. «Қазақстан-космос» ғылыми бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Тоқтар Әубәкіров орбитада болғанда салмақсыздық жайында өсімдік клеткасындағы гендердің өздігінен бір-біріне ауысып, араласуын бақылап, қажетті қорытындылар жасады. Талғат Мұсабаев салмақсыздық жайында қолдан кристал балқыма өсіруге қатысты әртүрлі тәжірибелер жасады.

Космодром бүкіл адамзатқа ортақ. Адам ақыл-ойының жемісі мен жеңісі. Ендеше адамзат баласының асқар биік мақсат, армандарын орындауға қызмет етеді.Ертең-ақ қазір Байқоңырда қаңтарылып тұрған, қайталап ұшатын «Боран» кемесі мен аса қуатты «Энергия» ракетасы қызу жұмысқа кірісіп, нақтылы істермен айналысатын кездері де жетті.

Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космостық аппараттар мен ғарыш кемелерін ұшыру және ғарыш кеңістігін зерттеуде айрықша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол ғарышты зерттейтін ғылыми-техникалық орталық болып қала беретіні айдан-анық, оның келешегі зор, берері мол.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Жатқанбаев Ж. Байқоңыр космодромының Қазақстан экологиясына әсері.- Алматы, 2000.-3-5 б.
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И., Скоринцева И.Б. и др. Концепция изучения современного состояния природно-хозяйственных систем Приаралья // Вестник КазГУ, сер. географ. №6, 1998г. 4-9 б.
  4. Боровский В.М., Погребенский М.А. и др. Древняя дельта Сыр-Дарьи и Северные Кызыл-Кумы.-Алма-Ата: АН КазССР, 1958.-Т.1.-514 б.
  5. Боровский В.М. Ландшафты дельты реки Сырдарьи // Вопросы географии. -1953. -№3.-222-248 б.
  6. Урикбаева З.С. Природно-экологические свойства территории Кызылординской области // Доклады междунаролной научно-практической конференции Республики Казахстан: 10 лет независимого развития, 10-12 июня 2001 г.- Кызылорда, 2001. – 103-108 б.
  7. Шульц В.Л. Проблемы Аральского моря // Тр. САНИГМН. -1958. –Вып.32 (47). – 25-29 б.
  8. Ресурсы поверхностных вод СССР. – Т.14. Средняя Азия. – Вып.1. Бассейн р. Сырдарьи. – Л.: Гидрометеоиздат, 1969. – 439 б.
  9. Экологический доклад о состоянии охраны окружающей среды Кызылординской области в 1998 г. Кызылорда: Областное управление охраны окружающей среды, 1999. – 10-11 б.
  10. Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. Алматы: Қазақстан, 1975. – 98 б.
  11. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И., Омаров Т.Р. и др. Развитие ландшафтов Приаралья в условиях опустынивания. Проблемы Аральского моря. – Алматы: Наука, 1983. – 117 б.
  12. Дукравец Г.М., Сумбаева Л. М., Мамилова Р.Х. Судьба Караузякских озер в низовьях реки Сырдарьи // Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование, 1973. – Вып.8. 114-117 б.
  13. Елибаев Н. К гидрохимической характеристике Камышлы-Башсистемы озер. // Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование. – Алматы, 1972. – Вып.7. – 140-143 б.
  14. Экологический доклад о состоянии охраны окружающей среды Кызылординской области в 1997 году. – Кызылорда: Кызылординское областное управление экологии и биоресурсов, 1998. – 28 б.
  15. Киевская Р.Х., Можайцева Н.Ф., Богачев В.П. Изменение природных условий современной дельты Сырдарьи в связи с загулированием ее стока. // Проблемы освоения пустынь – 1979. №4. 11-17 б.
  16. Аэроклиматические ресурсы Кзылординской области Казахской ССР. Л.: Гидрометеоиздат, 1978. 118 б.
  17. Кызылординская область. Состояние минерально-сырьевой базы. – Алматы: Министерство геологии и охраны недр РК, февраль 1996. – 28 б.
  18. Некрасова Т.Ф. Почвенный покров // Арал сегодня и завтра. Алма-Ата, 1990. 213-219 б.
  19. Стародубцев В.М., Некрасова Т.Ф., Попов Ю.М. Аридизация почв дельтовых равнин южного Казахстана в связи с зарегулированием речного стока. // Проблемы освоение пустынь. 1978. 14-247 б.
  20. Стародубцев В.М. Формирование почвенного покрова в Приаралье. // Проблемы освоения пустынь. 1990. 49-54 б.
  21. Экологический доклад о состоянии охраны окружающей среды Кызылординской области в 2000г. – Кызылорда. Областное управление охраны окружающей среды, 2001. 8-15 б
  22. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И. Ландшафты Казахской части Приаралья. // Арал сегодня и завтра. Алма-Ата. Кайнар, 1990. 114-116 б.
  23. Стародубцев В.М. Изменение почвенно-мелиоративных условий в бассейне рекм Сырдарьи при водохозяйственным строительстве. // Проблемы освоения пустынь. 1993. 29-38 б.
  24. Ұлан газеті. Сәуір 11-і, 2000ж. Байқоңыр немесе естен кетпес оқиғалар.
  25. Лининк В.Г. Построение геоинформационных систем в физической географий, М., Издательство Московского Университета, 1990, 80 б.
  26. Оценка влияния запусков ракет-носителей с космодрома Байконур на окружающую среду.