Бағалы қағаздардың операциялары туралы курстық жұмыс

0

Тақырыбы: Бағалы қағаздардың операциялары

Жоспар

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

  1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
  2. Негізгі бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
    • Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
    • Дивиденттер есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
    • Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі. . . . . . . . . 14
    • Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . 17
    • Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар. . . . . . . . .28

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31

КІРІСПЕ

Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар,  сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар  шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,  онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры бар.

Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.

Бұл курстық жұмыста бағалы қағаздардың операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.

  1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

  • мемлекеттік;
  • муниципалды;
  • корпоративтік.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік  сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

  • Ұлттық жинақ облигациялары;
  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін  шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:

а) ақшалай бағалы қағаздар;

б) капиталды бағалы қағаздар.

Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.

Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

  • қарыздық бағалы қағаздар;
  • инвестициялық бағалы қағаздар.

Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың  бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

  • қорлы бағалы қағаздар;
  • саудалық бағалы қазаздар.

Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

  • нарықтық бағалы қағаздар;
  • нарықтық емес бағалы қағаздар.

Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

  • негізгі (акция, облигация);
  • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
  • туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін  қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым  мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жәй акциялар;
  • артықшылығы бар акциялар.

Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

Артықшылығы ьар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Қаржылық салымдардыц түрлері

Қаржылык салымдар — бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.

Есепте каржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бо-лып бөлінеді.

Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.

Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.

Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.

Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.

Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша — сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.

Жинақ сертификаттары — бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін   куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.

Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.

Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат — бағалы қағаздың сертификаты беріледі.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
    • Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі.

Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.

Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 «Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады. Олардьщ кейінірек кайта сату немесе жою үшін акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары № 5210 «Алынып тасталған капитал» шотында бейнеленеді.

Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:

Дт- 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Кт — 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы акшалар» шоты.

Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номиналды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша қаражаттарының есебі үшін қолданатын тәртіпте сақгалады.

Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:

Дт — 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар» шоты.

Кт — 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды кұнынан артық баға бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды кұнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:

Дт — 3030 « Акциялар бойынша есеп айырысулар» шоты.

Кт — 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)»

шоты.

Меншікті акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:

Дт — 5010, 5020 «Жай және артықшылығы бар акциялар» шоты.

Кт — 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен тәуелсіз есеп ведомостарында түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша жүргізіледі

  • Дивиденттер есебі

Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар бойынша дивиденттер алуға құқылы. Акционерлерге дивиденттер есептеу мынадай жазумен бейнеленеді:

Дт — № 5410, 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)  мен жиынтық табысы (залалы)» шоттары.

Кт – 3030 «Акциялар бойынша есеп айырысулар» шоттары.

№ 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кепілдігі бар дивиденттерді (мысалы, артықьшығы бар акциялар бойынша) төлеу үшш таза табыстың мөлшері жетіспейтін жағдайда қолданылады.

Егер акционерлер ретінде бұл қоғамның кызметкерлері болса онда дивидендтердің есептелуі мынадай проводкалармен жасалады:

Дт — № 5410 «Жиынтық табыс (залал)» шоты.

Кт — № 3350 «Персоналмен еңбек ақы бойьшша есеп айырысулар» шоты.

Төлем көзінен дивидендтерге салық салынатын тәртіп болғандықтан, дивидендтердің есептелген сомасынан салықтың келемін шегеруден кейінгі сомасы төлеуге жатады. Бұл жөнінде төмендегі жазулар жазьшады:

а) есептелген салықтың сомасына:

Дт — № 3030, 3350 «Акциялар мен еңбек акы бойынша есеп айырысулар» шоттары.

Кт — № 3190 «Бюджетпен есеп айырысулар» шотының «Бағалы қағаздар бойынша  табыстарға салықтар субшоты.

б)       төленетін ақшалардың сомасына:

Дт – № 3030, 3350 «Акциялар мен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар» шоттары.

Кт – 1010, 1040 «Eсеп айырысулар шоты мен кассадағы ақшалар» шоттары.

Жай акциялар бойынша давидендтерді төлеу, тиісті жыл үшін купондарды кесіп алу жолымен акция табысың алушының оны нақты көрсетуінен соң жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің уақын  ұзартады. Акционерлік қоғам өзінің ақша салушыларына дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруды мүмкін. Бұл жағдайда дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке шотқа аударылып, бұл № 1060 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар» шотында есепке алынады:

Дт — № 1060 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар» шоты.

Кт — № 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар» шоттары.

Төленген дивидендтердің көлемі туралы банктің растауын алған соң, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:

Дт — № 3030, 3350 «Акциялар мен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар» шоттары.

Кт — № 1060 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар» шоты.

Дивидендтер төлеу бойынша банктің қызметтері үшін төмендегі жазу жазылады:

Дт — № 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты.

Кт — № 1060 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шоты

  • Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі

Әр түрлі шаруашылық субъектілері шығарған акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздардарға каржылық салымдардың есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарында № 1100 -1150 «Қаржылық инвестициялар» шоттары арналған.

Халық аралық тәжірибеде қаржылық активтердің нағыз бағалығын анықтауда қолданылатын бағаның бірнеше түрлері қараған:

  • номиналды баға, ол бағалы қағаздардың өзінде көрсетіледі және такбысты есептеумен бағамды анықтаудың негізі ретіндеқолданылаы;
  • эмиссиялық баға, бұл акцияның алғашқы қор нарығында сатылатын бағасы;
  • нарықтық баға, бағалы қағаздардың қор нарығында және биржадан тыс айналымда котировкаланатын бағасы;
  • баланстық баға компания-эмитентінің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметін талдау процесінде анықталып, пайдаланылатын баға.

Акциялар сатып алуға қарастырылған накты шығындардың сомасында бағаланады. Бұл шығындардың негізін акцияларды сатып алу бағасы кұрайды. Ол номиналды баға мен эмитентке төленген сыйақы немесе эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын тауардың ерекшелігіне байланысты косымша шығындар пайда болады. Олардың ішінде — инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық брокерге сыйақы және бағалы қағаздармен жүргізілетің операцияларға салық төлеу.

Бағалы қағаздар сатып алу туралы мәліметтердің жинағын жеке операциялық шотта жүргізу тиімді болады. Кәсіпорындарда ол № 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты болуы мүмкін. Нәтижеде № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоттарына мәліметтер қалыптасқан бастапқы құн бойынша келе бастайды.

Акционерлік кәсіпорындардың акциялары мен баска бағалы қағаздарды сатып алу теңгемен, шетелдік валютамен немесе басқа мүлікті акционерлік қоғамның меншігіне не пайдалануына беру жолымен төленуі мүмкін.

Инвестордың (ақша салушының) есебіне мынадай жазулар жазылады:

а)       теңгемен немесе валютамен төлеу кезінде:

Дт — № 1100, 1150 «Қаржылық инвестициялар» шоттары.

Кт — № 1040, 1050 «Валюталық және есеп айырысу шоттардағы ақшалар» шоттары.

б)       мүлік беру жолымен төлеу кезінде:

  1. 1. сатып алынатын акциялардың сатып алу құнының сомасына;

    Дт — № 1100, 1050 «Қаржылық инвестициялар» шоттары.

Кт — № 6210 «Негізгі кұралдардың есептен шығуынан түскен табыс» шоты.

  1. Акциялардың төлемі есебінен өткізілетін мүліктік объектілердің

    баланстык құнының сомасына:

Дт — № 7410 «Негізгі құралдардың есептен шығуы бойынша шығыстар» шоты.

Кт — № 2400, 2410 «Негізгі құралдар» (акциялары сатылып жаткан АҚ-ды құру бойынша ұйымдастыру шығыстарының сомасына).

Акциялардың төлемі бір жолғы да, бөлшектеп те жүргізілуі мүмкін. Қандай жағдайда болсын акционерлік қоғам тіркеуден өткен соң бірінші 30 күн ішінде инвестор сатып алынған акциялардың 50%-дан кем емес мөлшерін төлеуі тиіс.

Акциялардың бөлшектеп төлеу кезінде екі жағдай болуы мүмкін. Егер ақшасы толық төленбеген акциялар бойынша кәсіпорын дивидендтер алуға құқылы болып және толық жауапты болса, онда баланстың активінде сол акциялардың толык құны, ал пассивінде — кредиторлык қарыз ретінде жабылмаған сома бейнеленеді Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегінше жазылады:

Дт — № 1100 «Акциялар» шоты.

№ 1010-1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы қолма-қол ақшалар» шоты — нақты аударылған сомаға.

Кт — № 4140 «Кредиторлық қарыздар» шотының «Сатып алынатын акциялар үшін есеп айырысулар» субшоты.

Басқа жағдайда сатып алуға тиісті акциялардың есебінен төленген сомалар баланстың активінде дебиторлармен есеп айырысу бабы бойынша көрсетіледі.

Дт — № 4140 «Кредиторлық қарыздар» шотының «Сатып алынатын акдиялар үшін есеп айырысулар» субшоты.

Кт — № 1010 -1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы қолма-қол ақшалар»  шоты.

Кассада сақталатын барлық акциялар тиісті реестрде (кітапта) тізімделген түрде бейнеленуі тиіс. Реестр екі дана болып жасалады. Біреуі кассир, екіншісі — бухгалтер үшін. Ондағы жазулар әрбір акция бойынша жасалуы міндеттеледі.

Кәсіпорын сатып алған акциялар бойынша алынған дивидендтер ол үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады және төмендегідей бейнеленеді:

Дт — № 1220-1230 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық қарыздары» шоты.

Кт — № 6120 «Акциялар бойынша дивидендтер» шоты.

Егер кәсіпорын дивидендтерді акционерлік қоғамның өнімі (жұмыстары, қызметтері) түрінде алатын болса, онда есептелген дивидендтер бойынша қарыз сомаларының жабылуы № 1220-1230 шоттардың кредиті бойынша өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) түрін бейнелейтін шоттар корреспонденциясында көрсетіледі.

Ұсталған салықтың сомасы есебінен кемітіліп есептелген қаржылар инвестордың билігіне көшуі төмендегінше бейнеленеді:

Дт — № 1040 немесе төлемнің заттай түріне сәйкес шоттар.

Кт — № 1220-1230 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық қарыздары» шоты.

Кәсіпорынның бұрын сатып алған акцияларының сатылуы (қайта сатылуы) төмендегі проводкалармен бейнеленеді:

а) сатылатын акциялар үшін алушыдан нақты алуға тиісті сомаға:
Дт — № 1210-1630 «Алуға тиіс шоттар» шоттары.

Кт — № 6210 «Инвестицияларды пайдаланудан түскен табыс» шоты.

б) сатылатын акциялардың баланстық құнының сомасына:

Дт — № 7410 «Инвестицияларды пайдаланудан түскен табыс» шоты.

Кт — № 1100 «Акциялар» шоты.

Акцияларды кепілдікке беру кезінде кәсіпорынның есебінде № 1100-1150 шоттар бойынша ішкі жазу жазылады: бұл акциялардың құны арнайы ашылатын (аналитикалық есепте) «Кепілдікке берілетін акциялар» субшотында белгіленеді. Бұл субшотгағы ақпарат кепіл ұстаушылар бойынша қосымша топтастырылады. Акцияның кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуы кәсіпорынның есебінде кері жазуға себепкер болады.

  • Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі

Борыштық бағалы қағаздардың (облигациялардың, депозиттік сертификаттардың, вексельдердің және т.б.) бухгалтерлік есебі үшін № 1100 –1150 «Қаржылық инвестициялар» синтетикалық шоттары қолданылады.

Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған накты шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

Егер бастапқы (баланстық) құн номиналды бағадан жоғары болса, онда олардың арасындағы айырма шығыс етіледі, төмен болған жағдайда — қосып есептеледі. Жабу мерзімі бір жылға дейінгі бағалы қағаздар бойынша бұл операция оларды кәсіпорынның балансынан шығыс етумен бір мезгілде жасалады.

Бір жылдан астам мерзімге алынған облигациялар бойынша бастапқы құнның түзетілуі олардың № 1100-1150 шоттар бойынша бастапқы (баланстық) құны облигацияларды жабу (өтеп алу) мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.

Бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.

Тиесілі табысты есептеу кезінде әрбір шығыс етілетін немесе қосып есептелетін бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бөлігі айырмашылықтың жалпы сомасы мен облигациялар бойынша табысты белгіленген мерзімде төлеуге негізделіп аныкталады. Айырманың бұл бөлігі төмендегі формула бойынша есептелуі мүмкін:

Б = (Бқ — Н) : (М х С)

бұл жерде: Б — облигацияның бастапқы құны мен номиналды бағасының

арасындағы айырманың бөлігі;

Бқ — облигацияның бастапқы құны, яғни бағалы қағазды сатып алу бойынша нақты шығындардың сомасы;

Н — облигацияның номиналды бағасы, яғни бағалы қағаздың бланкісінде белгіленген құн;

М — эмиссия күнінен бастап облигацияның иесі салынған ақша қаражаттарын талап етуге құқық алатьш күнге дейінгі облигацияның айналым мерзімі;

С — жыл ішінде облигация бойынша табыс төлемінің саны.

Сол немесе басқа борыштық міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады:

а) борыштық міндеттемелері үшін қаражаттар аудару кезінде:

Дт — № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты.

Кт — № 1040, 1050 «Валюталық және есеп айырысу шоттарындағы ақшалар» төлем түріне байланысты.

б) сатып алу нақтылығы расталған кезде:
Дт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар»

Кт — № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты.

Егер облигациялар өсу пайыздарына сәйкес сатылса, онда пайыздарды төлеу күндерімен сәйкес келмейтін күндері оларды сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушы өздерінің арасында тиісті соманы бөліп алуы тиіс. Сатушы сатып алушыға облигацияның нарыктық құнынан басқа олардың соңғы төлемі кезінен өткен мерзімге тиесілі пайыздар төлейді. Пайыздарды төлеудің кезекті мерзімі келгенде алушы оларды толық пайыздық кезең үшін алады.

Алушының бухгалтерлік есебінде бұл операциялар төмендегіше бейнеленеді:

а) олардың соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздардың
сомасы мен құнына қоса, облигацияның сатып алу құнына алынатың облигация үшін қаражаттардың аударылу кезінде:

Дт — № 3530 «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» субшоты.

Кт — № 1040, 1050 «Валюталық және есеп айырысу шоттарындағы ақшалар» төлем түріне байланысты.

б) облигация сатып алушының билігіне көшу кезінде:
Дт — № 1100 -1150«Қаржылық инвестициялар»

— № 1620 «Аддағы кезеңдердің басқа шығыстары» шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздар үшін жазылады.

Кт № 3530 «Сатып алу құнымен операциялар» субшоты,

в) пайыздармен болатын кейінгі операциялар:

Дт — № 3530 «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» субшоты толық кезекті пайыздық кезеңге тиесілі пайыздар.

Кт — № 1620 «Алдағы кезендердің басқа шығыстары» шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздар үшін жазылады.

Борыштық міндеггемер бойынша табыс (пайыз) алумен байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында қаралған жазулар мұнан бұрын қаралғандарға тіпті жақын. Егер борыш міндеттемелерінің бастапқы құны номиналды бағадан жоғары болса, онда кәсіпорынға тиесілі сыйақыны әрбір есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады:

Дт — № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты, алуға тиесілі табыстың сомасына.

Кт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бір бөлігіне, № 6210 шоты № 1100-1150 шоттар мен № 3230 субшотына апарылған сомалар арасындағы ай-ырмаға.

Егер есептелген борыштық міндеттемелердің бастапқы құны олардың номиналды құнынан төмен болса, онда әрбір кәсіпорындағы тиесілі пайыздар есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады:

Дт — № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты, алуға тиесілі табыстың сомасына.

Кт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар»» бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бір бөлігіне, № 6210 шоты № 1100 -1150 шоттар мен № 3230 субшотына апарылған сомалар арасындағы айырмаға.

Бір жылдан кем мерзімге шығарылған борыштық міндеттемелер жағдайында жоғарыда келтірілген жазулар оларды жабумен бір мезгілде жазылады. Нәтижеде бухгалтерлік есеп шоттарында жабу төмендегіше көрсетіледі:

1) алынған борыштық міндеттемелердің номинадды құнына (егер пайыздар қарастырылған болса, онда олардың сомаларын қоса):

Дт — № 3230 «Борыш міндеттемелер» субшоты.

Кт — № 6210 «Инвестициялардың пайдаланылуынан түскен табыс» шоты.

2) алынған борыштық міндеттемелердің нақты құнына:

Дт — № 7410 «Инвестициялардың пайдаланылуымен байланысты шығыстар» шоты.

3) дисконттың сомасына (егер пайыздар қарастырылған болса, онда
табыстардың сол түрінің сомасын қоса):

Дт — № 1220-1230 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлык қарыздары» шоттары.

Кт — № 6210 «Инвестициялардың пайдаланылуынан түскен табыс» шоты.

4) қаражаттардың алынған сомасына:

Дт — № 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шоты:

Кт — № 3230 «Борыштық міндеттемелер» субшоты.

Пайыздық купондар бойынша мерзімді төлемдер жасалатын табысты төлеу, жабу мерзімі бір жылдан астам облигацияны сату кезінде пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату күнін коса кезеңде есептелген пайыздар сомасы облигацияның сату бағасына, оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл пайыздар сомасы пайдалар мен залалдардың есебіне апарылады.

Бұл кезде мынадай жазулар жазылады:

Дт — № 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шоты өткізудің нақты бағасына.

Кт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» облигацияның бастапқы құнына

№ 6210 «Инвестициялардың пайдаланылуынан түскен табыс» шоты пайыздардың сомасын қоспаған кездегі облигацияның нақты бағасы мен оның бастапқы құнының арасындағы айырма мен есептелген пайыздарға.

Бұл жағдайда пайыздардың сомасы төмендегі формула бойышпа есептеп шығарылуы мүмкін:

П = (НхОп: 100)х(М:Ұ),

бұл жерде: П — пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату

күнін қоса кезенде есептелген пайыздар сомасы;

Н — облигацияның номиналды бағасы;

Оп — облигация бойынша қарастырылған пайыздьщ мөлшері;

М — пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату күнін қоса кезеңнің мерзім ұзақтығы (күндер);

Ұ  — ағымдағы пайыздық кезеңнің жалпы ұзақтығы.

Шетелдік валюталардағы борыш бағалы қағаздармен операциялар бойынша бағамдық айырмалар пайда болуы мүмкін. Олар № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоттары бойынша есепке алу күні мен бұл шоттарды есептен шығыс ету күніне бағалы қағаздардың ақшалай бағалануларының арасындағы айырма болып табылады. Алайда, бағамдық айырма тек бағалы қағаздың сатып алыну мен сатылуы бірдей валюталық баға бойынша жасалған жағдайда ғана байқалады. Басқа жағдайларда бағамдық айырма табыс немесе бағалы қағазды қайта сату операциясынан болған жоғалтулардың сомасында «батып кетеді».

Бұл операциялардың қалыптасуы төмендегіше болады:

1) валютаға депозитті сертификат сатып алу (операцияны жүргізу күнінің бағасы бойынша):

Дт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.

Кт — № 1050 «Елдің ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шоты.

2) депозитті қайтару кезінде (қайтару күніне бағасы бойынша):
Дт — № 1050 «Елдің ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шоты.
Кт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.

3) пайда болған бағамдық айырманың сомасына:
Дт — № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.

Кт — № 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шоты.

Акционерлік қоғамдардың басқа валюталарға айналу кабілеті бар (конвертирленген) облигацияларын сатып алып кәсіпорын оларды белгілі кезенде бұл қоғамның акцияларына айырбастау құқығын алады. Мұндай құқықты іске асыру бухгалтерлік есепте № 1100-1150 (тиісті субшттор бойынша) шоттар бойынша ішкі жазулар жазылады. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың баланстық бағалауының өзгерулері болуы мүмкін. Егер облигацияларды айырбастау нәтижесінде алынған акциялардың нарықтық бағасы сол облигациялардың баланстық құнынан төмен болса, акциялар нақты нарықтық құн бойынша есепке алынады, ал сол кезде облигациялардың баланстық құны мен акциялардың нарықтық бағасы № 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шотына шығыс етіледі.

  • Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар

Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың құны баланстық құннан төмен бояса, онда жаңа нарықтық құн бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екеңдігін білдіреді. Бағасы белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айыньщ соңғы күніндегі баға сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы орташа көрсеткіші ретінде анықталады. Бұл кезде бағалы қағаздардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарықтық  басын арасындағы айырманың сомасына қорытынды проводкаларымен мынадай жазу жазылуы тиіс:

Дт — 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен басланысты шығыстар» шоты.

Кт – 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.

Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша да қайта бағалау жүргізіледі, бірақ оладың баласттық құны өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы қағаздар бойынша резервтің мөлшерін анықтау кезде олардың нақты қамтамасыз етілуіне сүйенеді, ол бағасы белгіленбеген бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз етілу мөлшері дисконттау коффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дискоттау коффециенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте резервтердің қырылуы төмендегі проводкаларымен бейнеленеді:

Дт — 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен басланысты шығыстар» шоты.

Кт – 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты.

Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнынығ сақталу немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.

Нарықтық құнын қор құндылықтарының баланстық құнынан артығы бухгалтерлік жазуларымен қосақталады.

Егер құнсыздануға бұрын резерв құралған бағалы қағаздың жыл қортындысымен нарықтық күні жылдық резерв кіру үшін мөлшерлі баға ретінде пайдаланылған нарықтық бағадан артып кетсе, онда бұл қағаздың құнсыздану жөнінен резервтің сомасы құрытынды жазулаырмен табысты және залалдар шотына қаржылардың толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде :

Дт — 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты.

Кт — 5510  «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)» шоты бейнеленеді.

Бұрын құнсыздануға резерв құрылған бағалы қағаздар сату кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар бойынша резерв сомасы № 551 шоттын дебетінен № 5510 шоттың кредитіне ауыстырылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бағалы қағазды сату кезінде компания әдетте табыс алады немесе зиян шегеді. Бұл жағдайда табыс пен баланстық құн арасындағы айырма табыс немесе зиян ретінде, ал «қосымша төленбеген капитал» шотында есептелдег ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалаудан шыққан соммалар табыс ретінде танылады немесе қабылданған есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік баланста бөлінбеген табыс ретінде көрсетіледі.

Қазақстан   Республикасының   қаржы   нарығының бөлінбейтін бөлімдес құрылымының бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Осы күні Республикада көптеген акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер инвестициялық және сақтандыру компаниялары, мемлекеттік  емес   зейнетақы  қорлары  құрылуда.   Бұл алған   субъектілердің   барлығы   потенциалды   бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтерін эмитент және инвестор түнде   жүзеге   асырады.   Бағалы   қағаздар   нарығын түсіну үшін алдымен мына төменгі қағаздардың биржалық операцияларының ерекшеліктерне тоқтала кетелік.

Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін. Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар бойынша дивиденттер алуға құқылы.

Акциялар сатып алуға қарастырылған накты шығындардың сомасында бағаланады. Бұл шығындардың негізін акцияларды сатып алу бағасы кұрайды. Ол номиналды баға мен эмитентке төленген сыйақы немесе эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын тауардың ерекшелігіне байланысты косымша шығындар пайда болады. Олардың ішінде — инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық брокерге сыйақы және бағалы қағаздармен жүргізілетің операцияларға салық төлеу.

Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 «Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады.

Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған накты шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру” туралы заңы
  2. Бухгалтерлік есеп шоттары
  3. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. 2007 жылғы 23 мамырындағы № 185 бұйрығы
  4. Бухгалтерлік есептерінің халықаралық стандартына нұсқаулықтар. Алматы 2003
  5. ҚР Салық кодексі
  6. Қаржылық есептілік және халықаралық стандарттар. Москва 2004
  7. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп. Алматы. 2005
  8. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. Алматы. 2007
  9. Бухгалтер бюлетені № 43 қазан 2007ж
  • Бухгалтер бюлетені № 44 қазан 2007ж
  • Бухгалтер бюлетені №3-4 қаңтар 2008ж.
  • Бухгалтер бюлетені №11 наурыз 2008ж.
  • Бухгалтер бюлетені №32 тамыз 2008ж.
  • Бухгалтер бюлетені №33 тамыз 2008ж.
  • Бухгалтер бюлетені № 35 тамыз 2008ж.
  • Жапаров К.Ж. Есеп және анализ. Алматы, 2000
  • Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңы
  • Кеуімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құрайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. Алматы 2001
  • Кеулімжаев Қ.К., Құрайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алтаты 2006
  • Ладаненко Е.И. Әлімова Н.Ж. Ілгерілмелі қаржылық есеп. Костанай 2006
  • Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Алматы 2006
  • Назарова В.А. Бухгалтерлік есеп Алтамы 2005
  1. Нидлз Б., Андерсон Х. Және басқалар Бухгалтерлік есеп прициптері. Москва 2001
  1. Оразбекұлы Бахыт Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2002
  2. Родостовец В.К. Кісіпорындағы қаржылық және басқарушылық есеп. Алтамы, 2006