Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік реферат

0

Тақырыбы: Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік

Жоспар
Кіріспе
I. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.1 Бағалы қағаздардың түрлері
1.2 Қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздардың түрлері

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде  де қаржы зор рөл атқарады. Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) байланыста болады. Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде:  Бағалы  қағаздар туралы жалпы түсінік, бағалы қағаздардың түрлері, бағалы қағаздардың негізгі белгілері, мемлекеттік бағалы қағаздар, ал екінші бөлімде: Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиясы, ал соңғы бөлімде: Бағалы қағаздар нарығын реттейтін және бақылайтын органның қызметтері, қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздар, сонымен осы аталған бөлімдердің жалпы қортындысы және соңында қолданылған әдебиеттер тізімі. Қоғамда құбылыстар мен процесстер үнемі өзгерісте болады дамып немесе кеміп отырады, яғни елдің бағалы қағаздар нарығын талдау ең маңызды  жұмыстардың бірі деп санаймын.

  1. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысы мен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. «Қор нарығы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің-қор биржасының атымен байланысты.

Нарықтың барлық тораптарының өзара байланысты қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:

  1. Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кезкелген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;
  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
  3. Кредит нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Ұлттық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кезкелген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздері мен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

  1. Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының–меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының соның ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
  2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
  3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

1.1 Бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны-қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар — капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары).

Инвестициялық емес бағалы қа1ғаздар — бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді:

  • Мемлекеттік;
  • Муниципалдық;
  • Мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар — бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны: Эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға — биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға — корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға: акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға: коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар: борышқорлық қолхаттар, өсиет хат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол — кредиттік ақшалардың түрі). Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу — сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады.

1.2 Қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздардың                түрлері

Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға: Фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады. Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Негізгі бағалы қағаздарға: акциялар мен облигациялар жатады.

Акция — акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түрі сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла  бастады.


Тегтер:19301930 жылы не болдыакцияларакциялар нарығыакциялардың жіктелуіакциялардың түрлеріБағалы қағаздарбағалы қағаздар жіктемесібағалы қағаздар нарығын реттеубағалы қағаздар нарығының объектілері мен субъектілерібағалы қағаздар нарығының қатысушыларыбағалы қағаздардың түрлерівалюталық опциондарженева конвенциясымуниципалдық меншікоблигациялароблигациялар бағалауоблигациялар рефератоблигациялар шығаруОпциондаропциондар деген нефьючерстер деген нешаруашылық жүргізуші субъектілершаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысыэмитент деген неэмитент дегеніміз неқазақстанның қор нарығыҚазақша рефераттарқазақша рефераттар курстық дипломдық жұмыстарқазақша рефераттар сайтықазақша рефераттар сайты тегінқазақша рефераттар тегін жүктеуқаржы нарығықаржы нарығы рефератқаржы нарығын реттеуқаржы нарығының тиімділігіқаржы нарығының функцияларықаржы нарығының құрылымықор нарығықор нарығы рефератқор нарығының индикаторларыҰлттық банкұлттық банк кредитұлттық банк қызметтеріәлемдік қор нарығы