Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Қор биржасы

0

Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Қор биржасы

Жоспар

Кіріспе

  1. Бағалы қағаздардың жіктелуі.
  2. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері.
    • Акция.
    • Облигациялар, олардың акциядан айырмашылықтары және облигациялардың түрлері.
    • Вексельдердің түрлері.
  3. Бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.

Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының  нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі кезеңдегі өзгерістері.

Нарық-күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарықққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделген. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

  1. Бағалы қағаздардың жіктелуі

Бағалы қағаздар  деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.

  1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
  2. бағалы қағаздар шығарушысы жөнінен (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитентері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
  • Қазыналық немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығарған бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемалекеттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
  • жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
  • Қаржы институттары мен копорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары шығарады.
  • Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемесі.
  • Кәсіпкерлердің бағалы қағалдары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
  1. Бағалы қағаздар қай жерже сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.

Ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатылып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі.

Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.

Айта кететін жәйт, бағалы қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы, опцион.

  1. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері

2.1  Акция

Акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқық береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционерлердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ.

Акцияны шығару мына жағдайда болады:

  • меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  • бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
  • жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жинақ құны.

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясы қайта сатып алу құқынан айырылады деген де ереже бар.

Акция бірнеше түрге жіктеледі.Бір жағынан, басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінеді, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатысуы құқығы бойынша-жай және артықшылықты акция деп екіге бөлінеді.

Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлік кітабында қанша және қай уақытта алғандағы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Жай акция иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдацда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) – мешік туралы ерекше сертификат.олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді.

2.2  Облигациялар, олардың акциядан айырмашылықтары және түрлері

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өгешеліктердің маңыздылары мыналар:

  1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады.
  2. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері белгіленген және нақты анықталған. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивиденттерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.
  3. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруғада қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
  4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төленетін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.

Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.

Купондық мөлшер – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы – төлем.

Өтеу күні – компанияның сатып алушыға облигацияны номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбедегі күн.

Эмиссия шарты – ашықтан-ашық облигация шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады.

Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.

Қамтамасыз етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негігі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді.

Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.

Облигацияның рейтингі – олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирманың бағалауы. әдетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады.

Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:

  • Қысқа мерзімді – 1 жылдан 3 жылға;
  • Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;
  • Ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке бөлінеді.

Облигациялар айырбасталымды және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталымды облигациялар айырбасталымды артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуы мүмкіндігі бар. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.                              

2.3     Вексельдің түрлері

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде ақшалардың бір түрі – вексель пайда болады.

Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексельберуші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін таур сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

Вексельшығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие – қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қацтару кепілі ғана емес, сонымен қатар, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы-ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. әлбетте, вексельді банк сатып алады.

Векскль – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан еңбір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.

Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық айналысқа қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.

Вексель нарығының қызметі-қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі – серіктердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексель шығару және оның маңызы зор.

Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыт, қандай соммаға тотырылды, қай уақытта және қай жерде өту керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге , вексель берушінің аты-жөні жазылады, қолы қойылады. Жай вексельдің айналымын төмендегідей көрсетуге болады.

  1. Вексельді сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші – вексель иемденуші);
  2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көсетеді (вексель берушіге);
  3. сатушы белгіленген уақытта векселб бойынша төлем өтеуді ұсынады;
  4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді – векскльді өтейді.

Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ  (контрагенттер) өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді.

Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа)вексельде көсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцеп берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.

Акцепт дегеніміз – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.

Аудармалы вексельдің айналысын төмндегідей көрсетуге болады.

  1. Вексель беруші төлеушіге яғни қарыздарға тауарды және траттаны береді;
  2. Төлеуші вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге қайтарады;
  3. Вексель беруші акцепттелген вексельді ремитентке – аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
  4. Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
  5. Трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
  6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
  7. Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассатың банкіне жібереді;
  8. Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.

Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссат жазады, ал индоссаментті алған адам индоссант деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процессі индоссация деп аталады. Вексельді өтеуде индосант та басқа вексель иемденуші адамдармен қатар міндетті.

Ремитент векселбді екі түрлі пайдалануы мүмкін:

  • Төлеу үшін трассатқа ұсынуы керек;
  • Ия болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі қойып, басқа адамға төлеу құқығын беруі мүмкін.

Бұл жағдайда вексель иемденуші:

Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем уақыты келген оны өтеуге ұсынуы керек;

Екіншіден, төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға (ол адам басқаға) беруіне болады;

Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктен несие алуына болады.

Вексельді тотырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтерлік қол қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда ол өзі қол қояды. Вексельде қажетті реквизиттер болуы шарт:

  • Вексельдік таңба, яғни «вексель» деген құжаттың аты құжат толтырылған тілде көрсетілуі керек;
  • Төлемнің уақыты көрсетілуі керек;
  • Міндеттеме бойынша келісілген соманы төлеу керек;
  • Төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
  • Кімге және кімнің үкімі бойынша төлемтөленді;
  • Вексельді толтырған жері және уақыты;
  • Вексель берушінің қолы.

Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілсеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылады. Аудармалы вексель вексель берушінің «үкімімен» берілуі мүмкін. Ол сонымен қатар адамның есебіне жазылуы мүмкін.

Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.

Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі.

Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеледі. Оған банктік, қазыналық, траст және басқа банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады.

Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда.Траст компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында міндеттемелерін беруде. Әрине қазыналық және басқа да қаржылық вексельдерді пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.

Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.

Вексельдің авалы – вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк вексель беруші немесе акцептант тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзне алады.Айналымдағы вексельдерді есептеуді коммерциялық банктер жүргізсе, оларды қайта есептеумен мемлекеттің орталық банкі шұғылданады. Сол сияқты банк вексельді кепілдікке алып, несие береді және оны кепілдікке алу операцияларының негізінде коммерцияялық несие банктік несиеге айналады, яғни несиенің бір түрінен оның екінші түрі пайда болады.

Қорыта айтқанда, банктер вексель боцынша неше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса, екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді.

  1. Бағалы қағаздардың басқа түрлері

Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың екі-үш түрін қарап өтейік.

Бағалы қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варрант. Варрант  — ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі – бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген жай акциялар санына айырбастауға құқы бар.

Варрант – ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

Бағалы қағаздардың келесі тобына қаржы нарығы айналымындағы мемлекеттік интитуттар және банктердің қарыз міндеттемелері жатады.Олар:

Қазыналық вексельдер –қаржы министрлігі шығаратын қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады.

Депозиттік сертификат – ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаздар. Оның иесі ұсынушы адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан-қолға тез өтетін бағалы қағаз.

Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы интитутындағы ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы.

Чектер бірнеше түрге бөлінеді:

  • Атаулы чек. Оны чек беруші белгілі бір адамның аты-жөнін көрсетіп толтырады. Ондай чекткрді екінші кісіге «индоссаментпен» беруге болады.
  • Ордерлі чектер. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті басқа кісіге «индоссаментпен» беруге болады.
  • Иесі ұсынушы чектер. Ол бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен көрсетпей-ақ бір кісіден екіншіге беруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Искаков У.М, Бахаев Д.Т, Рузиева Э.А. Финансовые рынки и посредники: Учебник-

Алматы: Экономика, 2005г.

2 Колесников В.И., Торкановский  В.С – 2-е издание – М.: «Финансы и статистика», 2001.

3  Лаврушин О.И. «Банковское дело», М: «Финансы и статистика»,  2000.

4  Лизелотт Сурен «Валютные операции», М.: «Дело», 1998.

5  Маянлаева Г.И  Организация страхового дела в Республике Казахстан – Алматы: ТООLЕМ, 2000.