Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері

0

Жоспары:

Кіріспе: 

Негізгі бөлім:

1.    Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және  объектілері     

2.   Азаматтық құқықтың түрлері  

3.   Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер  тізімі

Кіріспе

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады.

Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған.Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан,Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының  1,2-ші  тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы үкіметінің  қаулыларынан  тұрады.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын  анықтай келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады.Оларға  жеке тұлғалар(Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жжоқ адамдар), заңды тұлғалар,мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс.1964 жылшғы азаматтық Кодекспен салысстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшклігі сол,мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге  қатысушылармен тең негізде түсеті,ндігі атап көрсетілген. 

Азаматтық құқық-жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық  бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас  байланыстағы қазақстан Рреспубликасы  құқығының бір саласы.Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынас тардың  азаматтық құқықтың пәні болып  табылады.Жеке мүліктік емес қактынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес  қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі. 

Азаматтық құқықтарды қорғауды  сот,төрелік сот немесе аралық  сот:құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру;құқық бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге  тыйым  салу;міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жармсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту, мемлекеттік басқару органының  нмемес жергілікті өкілді не атқарушы органның  заңдарға сәйукес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға  жатпайды деп тану; азаматтың немсе заңды тұлғаның  құқыққа ие болуына  немесе оны жүзеге асыруына  кедергі жасағаны үшін  мемлекеттік органнан  немесе лауазымды  тұлғадан  айыппұл  өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заңдылықты  актілерде қарастырылған басқа да әдістермен жүзеге асырады. Заңдылықтарда  арнайы қарастырылғанг  жағдайларда  азаматтық құқықтарды  қорғау құқығы бұзылған  адамның  тікелей іс жүзіндегі  немесе заңдық  әрекеттерімен  жүзеге асырылуы  мүмкін (өзін-өзі қорғау).

1.  Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа  қатынасцшыларға тән. Азаматтық құқықтық  қатынастардың  субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық  құқықтық қатынастарға қатысуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне  ие бола алуы.

       Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар  болып табылады. Мемлект пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де  азаматтық құқықтың субъектілірі  болып табылады,бірақ өздерінің  азаматтық олар арнайы және соған  уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге сырады.

Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары,басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар  ұғынылады. Азаматтық құқыққа ие болып,міндет атқару  қабілеті (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған  кезден басталып,қайтыс  болған соң тоқтатылады.

Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға  ие болуға  және  оны жүзеге асыруға,өзі үшін  азаматтық міндеттер жасап,оларды орындауға  қабілеттілігі (азаматтық құқық қабілеттілігі) кәмелетке толғанда,яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін  толық көлемде  пайда болады. 

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқық нормалары бар. Атап айытқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституцияның 26-бабында  неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтың  ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, оның бостандығы мен өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзгеде хабарлар сияқты  рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық  реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында  көрсетілген.  

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 62 тарау    және 1124 баптан тұрады. Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық. Ерекшк бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық  меншік құқығы,мұрагерлік құқығы,халықаралық жеке құқық. Азаматтық заңдылықтар өздері реттейтін қатынастарда қатысушылардың теңдігін, мешікке  қол сұғылмаушылықты,шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен  араласуына жол беруге болмайтындығын,азаматтық құқықтарды  кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірі луін,оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін  тануға негізделеді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.

Мүліктік және жеке мүліктік  емес игіліктер  мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке):заттар,ақша,соның ішінде шетел валютасы,құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен  басқа да  мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен  құқықтарға:жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті,абыройы,игі атақ,іскерік бедел,жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы,есім алу құқығы,автор болу құқығы,шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. 

2.  Азаматтық құқық қатынас түрлері.

Қатынастардың  негізі материалды игіліктердің болуы және болмауына  бацланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық  қатынастардың түрлері мүліктік  және  мүліктік емес  деп бөлінеді. Мүлікті қатынастар мүліктік,материалды игіліктер сипатында болатындыұтан, олардың эканомикалық мазмұны бар. Мүліктік емес  қатынастарға  адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы, еркіндігі,  бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі,қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге  берілмейді, көшпейді.

Азаматтық құқық қатынастары негізінен:

                  а) Мүлітік және мүліктік емес

                  ә) Абсолютті жңне салыстырмалы

                  б) Заттық және  міндеттемелік теп ажыратылады.

Азаматтық құқық,қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының беогілі бір эканомикалық мазмұнв бар,сонымен бірге  мүліктік құқық қатынастарының  мұндай мазмұны болмайды және жеке адмның кейбір материалдық емес мүдделерін қамтамасыз етеді. 

Құқық қатынастары тағы да  абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың  байланысы негізіне негізделген. Субъективті құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың  беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары  абсолютті құқық қатынастары  деп аталады. Мүлікті және жеке мүліктік емес  құқық қатынастары абсолютті болуы мүмкін.бұл арада  меншікті заттың бір субъектісі  туындыныі немесе өнертабыстың  авторы басқарцға құқықты болып табылады.Қалған тұлғалардың бәрі  міндетті болады.Олардың негізгі міндеті  келеңсіз болып табылады  және меншік иесінің  өз құқығын  жүзеге асыруына,автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.

Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың  белгілі бір ацқын тобы  өарсы тұратын  құқық қатынастары  салыстармалы деп саналады.Олар бірнещеу болуы мүмкін,бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе зағды тұлғалар  жасасқан шарттан туындайтын құқық  қатынастары салыстырмалы.

Заттық және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор М.И.Брагинскийдің  атап көрсеткендей, Рим құқығынан  бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарынды маңызын сақтап қалған.Егер де институциондық жүйе бойынша  жасалған кодекстерде бұлайша болц онша айқын көрінбесе,пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде  оның негізгі маңызы бар.

Мейлінше жалпылама  түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы  айырмашылық мынадан  аңғарылады:заттық құқықтық мәселені зат,абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан,соның ізінен шықпайды және,ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне  қарсы тұлғалардың енжарлығын керек етеді.Міндеттемелік құқық қатынастарына  олардың мәселесі белгілі бір адамның іс-әрекеті болуы тән,олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды  және құқықты адам-несие берушіге қарсы тұратын  сол борышкердің белсенділігін керек етеді.Мүлікті беру,ақша төлеу,жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.

    Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тыңыз  байланысты.Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орыны ерекшк.Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын,өзгеруін немесе жрйылуын анықтаумен қатар заңда немесе шарттарда  көрсетілген  әрекеттердің жүзеге асырылуын  да қамтамасыз етеді.Уақыттың кезеңдері объективті түрде,яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан,оқиғалар қатарына жатады.

Мерзімді есептеу.  Азаматтық заңдарда мерзімді есептеу ережелері жоғары деігейде анықталған.Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен  есептелетін уақыт кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар,мерзім сөзсіз болуға тиісті оқиғаның көлемінде көрсетілуі де ықтимал. Мысалы, азаматтың қайтыс болуы.Азаматтың қайтыс болуы көптеген құқықтық салдарға әкеліп соқтырады,мәселен,мұра ашылады және т.б.

Мерзім,негізінен алғанда,заңда,мәміледе немесе соттың шешімінде тағайындалады.

Мерзімнің аяқталуына тоқталатын болсақ,онда төмендегі ережелерге сүйенуіміз қажет. Егер мерзім жылдар есебінен есептелетін болса,онда мерзім мерзімнің  соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.Айлармен есептелетін  мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.Жарты жыл есебімен  есептелетін мерзімге  айлармен есептелетін  мерзімнің ережелері қолданылуы тиіс. Егер  жылдармен немесе айлармен  есептелетін мерзімнің аяқталуы  тиісті күн саны жоқ айға  тура келсе,онда сол айдың соңғы күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге  тура келсе,онда содан кейінгі ең таяу  жұмыс күні  мерзімнің аяқталған күні болып саналады.

Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса,онда бұл әрекет  мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа  юейін орындалуы мүмкін. Бірақ,егер бұл әрекет мекемеде  немесе ұйымда жасалуға тиіс болса, онда мерзім олардағы жұмыс ресми түрде аяқталған  кезде немесе тиісті операциялар жасалып болған кезде бітеді.Сонымен қатар,егер мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт  сағсақа дейін почтаға немесе телеграфқа  тиісті жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса,онда олар мерзімінде берілген болып есептелінеді. 

Талап қою мерзімі. Талап қою мерзімі дегеніміз-субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қавнағаттандырылу мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезеңі. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған  тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді.Сондықтан да талап қою қағидасын  екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматтық құқықтық категория ретінде,ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида,яғни құқығы бұзылған тұлғаның  сотқа талап қою құқығы.Заңның мағынасынан көрініп отырғандай,талап қою мерзімінің  өтіп кетуіне қарамастан,сот құқығы бұзылған субъектінің құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық кодекстің 179-бабы).

Талап қою мерзімі ниституты азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде  орындауға ықпал жасйды.

Талап қою иерзімдері және оларды есептеу тәрітібі заңмен көзделеді және олардың талаптардың келісуімен  өзгертуге болмайды.

Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қысартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ,өйткені талап қою мерзімінің ережелері заңда көрсетілген,яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.

Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы тоқтатылуы,үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.

Талап қою мерзімінің тоқтатылуы-талап қоюға кедергі келтіретін жағдайлардың  салдарынан есепке алынбайтын уақыт.Мерзімді тоқтата тұруға  әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап,талап қою мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады.Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін,ал егер талап қою ерзімі алты айдан аспаса-талап мерзіміне дейін ұзартылады.

Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына төмендегі жағдайлар бойынша тоқтатылады:

  1. егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға болмайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған болса,мысалы,жер сілкіну,топан су,сел ағыны немесе басқадай табиғи апаттар;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені  орындау кейінге  қалдырылса (мораторий);
  3. егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
  4. егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
  5. егер де тиісті қатынасты реттейтін  заңдардың қолданылуы тоқтатылса.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу керек. Талап қою  мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою,сондай-ақ міндеттер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады,үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.Басқа сөзбен айтқанда,жаңа мерзім пайда болады.

Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда,яғни талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен:ауыр науқас дәрменсіз халде болу,сауатсыздық және т.б.) бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.Жоғарыда көрсетілген дәлелді есептер болған жағдайда соттың ғана талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.Көрсетілген негіздер осы қатармен ғана аяқталып қоймайды,оның шеңберін кең түсінгеніміз жөн болар. 

3. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

  Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң қолдауын айтамыз.

  Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).

  Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар мазмұнының өзiмен белгiленедi.

  Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.

Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi. 

Азаматтық кодекстiң 15-тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу керек. Кең мағынада меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға бөлiнедi: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.

  Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына келтiру және бұзушылықты жою үшiн  өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды қолданады.

  Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.

  Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.

  Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына шағымданады.

  Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншiк иесi мен оны иеленушiсiнiң мемлекеттiк және басқа құзыреттi органдарға бармай-ақ өз бетiмен қорғануын бiлдiредi. Азаматтық кодекстiң тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзiн-өзi қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-тың 9-бабы) және меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бiр әдiсi ретiнде қаралады.

  Азаматтық құқықтың өзiн-өзi қорғауы өзiнiң заңдық табиғатында құқық қорғау әдiсi болып табылмайтын өзiндiк нысанын еншiлейдi деген пiкiр де бар. Мәселен, проф. А.П. Сергеев қорғанудың дербес түрiнде өзiн-өзi қорғау құқығы сот және әкiмшiлiк нысандарымен бiрдей қаралуы керек едi. Бiздiң де пiкiрiзше өзiн-өзi қорғау құқығына ешкiмнiң тиiспейтiндiгiн қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтiрiп, оның салдарын жоюға бағытталған өкiлеттi тұлғаның заң немесе шарт негiзiнде әрекет етуге жол берiлген азаматтық құқықты қорғаудың дебес нысаны болып табылады.

  Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасың меншiк құқығың қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесiнен айыра бiлу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келедi. Меншiктiң абсолюттi құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы,мүлiктi алып қою) ретiнде тiкелей құқық бұзушылық кезiнде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кiрiседi. Құқық бұзушы мен өкiлеттi тұлға арасында мiндеттемелiк қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетiлген мерзiмде затты меншiк иесiне қайтаруға тиiс боса) мiндеттемелiк құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Мiндеттемелiк-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бiрден меншiк құқығың көрiне бермейдi, азаматтық құқығың басқа институттарына негiзделедi, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншiк құқығын қорғауға тiкелей бағытталуымен сипатталуы және қандай да бiр нақты мiндеттемемен байланысты болмайды. ҚР заңдары жәбiрленушiнiң құқық бұзушыға қарсы талап қою түрiн тандау мүмкiндiгiн (айтылық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейдi, бұл орайда шетелдердегi “талап қою бәсекесi” деп аталатын жағдайлары қолдамайды.

  Азаматтық құқық институттардың әр түрiнен туындайтын не заттық-құқықтық, не мiндеттемелiкке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгiленген. Мысалы, хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған адамдардың меншiкке мүлiкке құқықтарын қорғау (АК-тiң 29,32-баптары), кепiл ұстаушының жауапкершiлiгi туралы және т.б. болып табылады. 

  • Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тiң 9-10 баптарында қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетiлген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес иелiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленедi. Екiншi бiр жағдай, ол мемлекеттiк билiк органының заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының  әрекетiмен, (яки әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу механизмi енгiзiлген (9-баптың 5-тармағы).
  • Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдiстерi дегенiмiз: 
    • Зат иесiнiң ол затты бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне зат күйiнде қайтарылуын талап етуi (ликвидация);
    • Иемдену еркiнен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергiнi жоюды талап ету (негаторлық талап);
    • Затты жойып жiберген немесе бүлдiрген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);
    • Басқа бiр адам негiзсiз ие болған немесе сақтап қалған, виндикция жолымен зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесiне ақшалай төлеу;

Меншiк құқығын қорғаудың алғашқы екi әдiсi меншiк иесiне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билiк жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншiк құқығын қалпына келтiру туралы – затты иесiне қайтару немесе пайдалануға тигiзiп отырған кедергiнi жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдiстердiң соңғы екеуi мiндеттемелiк құқығына жатады – мұндай жағдайда  меншiк иесiне заттың ақшалай ақысы төленедi, ал тиiстi талаптар мiндеттемелiк талаптар деп аталады.

  • Қорғау құқығы проблемасы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келiп тiреледi. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселенi шешуде айтарлықтай алшақтық туындайды.

Авторлардың бiр тобы талап қоюға берiлетiн құқық ұғымынан келiп талап қоюға «құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады» деген пiкiрге тоғысады.

Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшiн де сипаты жағынан сай келедi. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған байланысты былай дейдi: «талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құруы үшiн сотқа сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға жәрдемдесетiн, ерiктi, заңдық әрекет болып табылады, …талап қою дегенiмiз оны беру құқығын еншiлейтiн иеленушiнiң өзiне тиесiлi сотқа жүгiну құқығынан басқа ештеңе де емес».

Лео Розенберг (ФРГ) болса, «талап қою – сот шешiмi арқылы құқықты қорғау үшiн сотқа жүгiну» деп анықтама бередi.

Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгiлi бiр тұлғанның тиiстi мүддесiне қатысты сот шешiмiнен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасына сәйкес келедi.

Авторлардың ендi бiр тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құқықты iс жүргiзу мағынасында бөлiп қарау керектiгiн ұсынады. Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың талап қоюды материалдық-құқықтық және iс жүргiзу (процессуалдық) нысандарын бiрлiкте қарауы көңiлге қонады. Сондықтан да В.П. Грибанов құқықты қорғау проблемаласы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтiндiгiн және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерiнiң бар екiндiгiн көлденең тартады.

Меншiк құқығын қорғаудың тиiмдi құралын iздестiруде заңдық рәсiмдердi жеңiлдетуге деген ынта күшейе түстi. Қазақстанда талап қоюға байланысты жалпы iс жүргiзу тәртiбi өте-мөте ауқымды болғанын айта кеткен жөн. Сондықтан да азаматтық сот құқықтық рәсiмдерi арқылы iс жүргiзу, әсiресе бұйрық арқылы iс жүргiзу (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 13-тарауы), ықшамдай түсу сотпен қорғау iсiнiң тиiмдiлiгiне жағдай жасайды. Әдебиеттерге қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы iс жүргiзу бар екендiгiн көремiз, айталық, ол көне рим, ағылшын, герман және швед үлгiлерi түрiнде кездеседi. Мысалы, рим құқығында сот бұйрығының болмысы преторлық қорғау нысанында болады, претор өтiнiш берушiнiң тiлегi бойынша қандай да бiр әрекеттердi тоқтататын, бұл орайда ол өтiнiш берушiнiң бұзылған мүддесiн ескерген. Мұнда үкiм интердиктi деп аталады. Ал герман құқығында да шарт қойылған және сөзсiз сот бұйрығы бар. Мысалы, оның соңғысы соттың бұйрығынан немесе тыйым салуынан көрiнедi, онда жауапкершiлiктiң қойылған мәселе бойынша ақталуына жол берiлмейдi. Ондай бұйрықтарды беру жауапкердi шақырмай-ақ және оның түсiндiрмесiн тыңдамай-ақ, талап қоюшының бiр жақты өтiнiшiмен жүзеге асырылады.

Бұйрық бойынша iс жүргiзу Қазан революциясына дейiнгi ресейлiк сотiсi жүргiзуiнде болған. Кейiн, РСФСР-дiң 1923 жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде (210-219-баптары) сот бұйрығының рәсiмi енгiзiлген едi. Бiрақ 1964 жылы қабылданған Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде ондай институт түбегейлi алынып тасталды.

Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгiзiлдi, ал Чехияда ол төлем бұйрығы деп атады (АIЖК-нiң 172-174-баптары), чек және вексельдiк бұйрықтар түрiнде белгiлi болды.

Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы тұрғысынан азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын қорғаудың тиiмдi құралы екендiгiн көрсетiп отыр.

Қазақстан Республикасының АIЖК-нiң 139-бабына сәйкес бұйрығы былайша айқындалады: «өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн ыңдау үшiн шақырмай-ақ және сотта iс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып табылады».

  • Заң бойынша қорғау объектiсi тек қана субъективтiк азаматтық құқықтар ғана емес, сонымен бiрге ол заңдармен қорғалатын мүдделердi де қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтiк құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылық нәтижесiнде субъективтiк құқықтың өзi тоқтатылған жағдай да болуы мүмкiн. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншiк құқығын қорғау мүмкiн болма қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншiк иесiнiң заңмен қорғалатын мүддесiн қорғау және мүлiктiк жағдайын қалпына келтiру мәселесi қойылуы мүмкiн. Демек, заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектiсi ретiнде жиi кездесетiнiн байқаймыз.

Меншiктi иелену мен меншiк құқығын қорғау

  • Заттық құқыққа талдау жасағанда өз ерекшелiгiмен және сипатымен оқшауланатыны иеленудi қорғау жөнiндегi талап қою екендiгiн көрсетедi. Бұған теориялық дәлiлдеме ретiнде Римнiң жеке құқығы тарихында: «… затқа меншiк нақты иеленуден шыққан», — деген ұғым бар.

Ал ондай иелену қайдан шығады деген орынды сұрақ туындайды. Қоныстану да, отырықшылық та иелену терминiне балама бола алады.

Сонымен иелену мен иеленудi қорғау меншiктiң заттық құқық қасиетiн тудыруда айтарлықтай рөл атқарады.

Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтiн мақсаты меншiк иесiнiң заңсыз айырылған нәрсесiн өзiне қайтару немесе өзiнiң затын пайдаланудағы кедергiлердi жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергiлердi жою талабын негаторлы талап деп атайды.

Виндикация қағидасы АК-тiң 260-бабында төмендегi түрде айтылған: «меншiк иесi өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы», яғни меншiк иесi өз атын заңсыз иемденiп отырған жақтан қайтаруды талап ете алады.

Затты иемдену оның заңды иесiмен жасалған келiсiмге негiзделмесе, заңсыз иемдену деп аталады. Ал меншiкк иесiнiң затын заңды иесiнен виндикация жолымен қайтарып ала алмайтын жағдай да бар, өйткенi, заттың заңды иесi игiлiгiне аратып отырғандықтан дәлелдi себеппен қайтара алмайды. Айталық, бр азамат екiншi беруге бiр жылға өзiнiң теледидарын жалдады делiк, ал үш айдан кейiн виндикация жолымен оны қайтаруды талап етедi. Мұндай реттерде теледидарды жалдап алушы мүлiк жалдау мәмiлесi бойынша иемденiп отырғандығын айтып, жалға алу мерзiмi бiткенше затты қайтармаймын деуiне құқылы. Сондықтан бiздiң Азаматтық кодекс «заңды иеленушi», «заңсыз иеленушi», «адал ниеттi алушы», «арам ниеттi алушы» деген терминдердi қолданады.

Затты адал ниетпен иемдеген адам деп өзiне зат сатқан адамның ол затты сатуға құқығы жоқтығын, яғни оның өзi сатып отырған заттың иесi емес екендiгiн немесе меншiк иесiнiң өкiлi емес екендiгiн бiлмеген және бiлуге тиiстi емес адамды айтамыз. Зат иесi затын виндикация жолымен қайтарып алғанда адал алушының адалдығы өзiн қорғап қалады. Айталық, меншiк иесi шарт бойынша өз затын бiреуге қарызға бердi делiк, ал алған адам ол затты үшiншi бiр адамға сатып жiбердi, ол үшiншi адам затты сатқан адамды оның иесi деп ойлап, адал қателестi. Мұндай жағдайда меншiк иесi затты оны сатып алған адамнан айтарып берудi талап етуге құқысы жоқ, бiрақ ол затты қарызға алған адамнан шығынын өтеудi (заттың ақшалай құнын) талап ете алады.

Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адам алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе мүлiктi иеленушi берген адам жоғалтқан не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шыып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етуге құқылы.

Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп, алдыруға құқылы (АК-тiң 261-бабының 1,2-тармақтары).

Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, АК-тiң 261-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейтiн.

Меншiк иесi болмағымен, шарашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де АК-тiң 259-264 баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар (АК-тiң 265-бабы).

Ақшаны немесе бағалы қағаздарды, айталық, мемлекеттiк ұтыс заемының облигацияларын, ақшалай-заттай лотерея билеттерiн адал ниетпен алған адамдар әлдеқайда кең көлемде қорғалады. Оларды адал ниетпен алған адамнан меншiк иесi ұрлатқан немесе ол жоғалтып алған жағдайда да қайтарып берудi талап етуге болмайды. Оның себебi мынада, ұсынушы арқылы мен бағалы қағаздар қолдан қолға тез ауысып кете алады, ал мұның өзi оларды басқа бiр адамдның меншiгiне берген адамның оған құқылы екендiгiн және дұрыстығын тексеруге мүмкiндiгiн бермейдi.

Виндикация әдетте тараптардың өзара есептесуiмен қатар жүредi. Меншiк иесi виндикация негiзiнде өз мүлкiн талап ете отырып, арам ниеттi иеленушiден бүiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi талап етуге құқылы. Ол адал иеленушiден оның заңсыз иеленудi бiлген немесе бiлуге тиiс болған, сондай-ақ мүлiктi қайтару туралы талап қоюхабарламасын алған кезiнен бастап алынған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсалған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiңгiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.

Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартулаоды, егер олар затқа зақым келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартулпрды бұлайша бөлу мүмкiн болмаса, адал иеленушi жақсартуға жұмсалған шығындардын өтеудi талап етуге құқылы, бiрақ бұл зат құқығының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Ал арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.

Виндикацияның объектiсi барлық жағдайда бәз қалпында сақталған тек дербес күйiндегi белгiлi бiр зат қана бола алады. Мұндай талап қоюды тек бiр мәрте болатын белгiлерi бар заттарға(мысалы, бiртектi тауарларды белгiлi бiр мөлшерде талап ету туралы) немесе бәз қалпында сақталиағанда( құрылыстың нақты иеленушiсi жай ғана жөндеп қоймай, сонымен қатар түбiрiмен қайта салуға қатысты)байланысты виндикциялауға болмайды. Өйткенi, оның мазмұны оны басқа мүлiкпен ауыстыру немесе сондай тектегi әрi сападағы затпен ауыстыру жөнiнде емес, нақты мүлiктi иеленудi қалпына келтiру туралы талаптан туындайды.

Егер меншiк иесi өзiнiң затын иелену құқығын бұзышының тiкелей иелiгiнде екендiгiн көрсе, ол жоғарыда аталған талаптарды қоюға құқылы. Бiрақ мұндай жағдайда меншiк иесiнен немесе уәкiлеттi тұлғаның иелiгiнен шығын  кеткен зат тек бұзышының ғана емес, затты заңсыз иеленген бұзышының, басқа тұлғаның қарауында болғанда iс күрделене түседi. Бұл арада меншiк иесi  немесе иеленушiнiң мүдделерiне сәйкес екi жағдай есепке алынады:бiрiншiден, аталған талап қою ьойынша мүлiктi иелену сипаты, екiншiден, меншiк иесiнiң иеленуiнен мүлiктi шығару әдiсi.

Мұндай жағдайлар меншiк иесiнiң талап қоюын қанағаттандырудағы негiзгi шарты болады. Виндикациялық талап қою бойынша затты талап етуге меншiк құқығы айтарлықтай дәрежеде заңсыз иеленушiнi адал ниеттi немесе адал емес деп тануға байланысты брлады.

Жоғарыда айтылғандай, адал иеленушiден мүлiк екi жағдайда талап етiледi: бiрiншiден, ол аталған мүлiктi ақысыз иеленсе( затты керi алу оған мүлiктiк залал келтiрмедi), екiншiден, ақысыз затты иелену жайдайында меншiк иесiнен немесе басқа да заңды иеленушiден  шығару тәсiлi  қолданылса.

Егер бастапқы мүлiк меншiк иесiнен оның еркiмен шықса( мысалы, жалдауға беру, сосын заңсыз үшiншi тұлғаға жалдап алушы арқылы сатылу), ол адал иеленушiден оны талап ете алмайды. Өйткенi, соңғысы нағыз меншiк иесiне қарағанда контрагенттi таңдауда салақтық, жауапсыздық танытада. Әрине, меншiк иесi адал    ниеттi емес жақтың  әкелген залалының орның толтыруды талап ете алады. Егер мүлiк оның меншiк иесiнiң иелiгiнен еркiнен тыс шығып кетсе(мысалы, ұрлату, жоғалту және т.б.), ол адал ниеттi де әрекетi әлгi айтқан иеленушiнiң әрекетi сияқты сипат алады, бiрақ объективтi иеленушi адал иеленушi бола  тұрса да заңсыз иеленушi болып есептеледi. Әрине, мұндай жағдайда, адал иеленушi үшiн бөтенге ьерiоген мүлiктен оған келген залалдың орны толтырылады.

2. Негаторлық талап( actiо negatori терiске шығару талабы). Бұл талап мүлiктк иеленуден айыруға байланысты емес, мүлiктi(затты) пайдалануды кедергiлердi жою туралы талап. АК тiң 264 бабында «меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы» делiнген.

Негаторлық талап бойынша сот меншiк иесi мүлкiн пайдаланғанда кедергi жасайтын тәртiп бұзушының әрекетiн тоқтатуғу және ондай әрекеттердi бұдан былай қайталамауға мiндеттейтiн шешiм шығарады. Айталық, үй иесiнiң көршiсi гараждың есiгi ашылмайтындай етiп оның алдына топырақ төгiп тастаса, меншiк иесi өзiнiң автомашинасын не кiргiзе, не шығара алмаса, гараждың иесi топырақты алып тастау туралы талап қоюға құқылы.

Қазақстан құқықтану әдебиетiнде неггаторлық талап қою әлi толықтай зерттеле қойған жоқ. Мұндай талап қою түрiн егжей тегжейлi зерттеу әзiрге әдебиетте кездеспейдi.

Соңғы жылдары тәжiрибеде құқық бұзушының меншiк иесiнiң өз мүлкiн ойдағыдай пайдаланып, билiк етуiне кедергi жасайтын заңсыз әрекеттерi жиi кездеседi, ал соттар мұндай талап қоюларды қараған кезде жиi қателiк жiбередi.

Негаторлық талап  етулер меншiк иесiнiң мүдделерiн қорғау жүйесiнде қолданылады: мүдде негаторлық талап қоюдың алғышарты, сондай ақ азаматтық құқықтық қорғаудың объектiсi болып табылады. Құқықпен белгiленген әлеуметтiк мүдделер заңды түрде маңызды мүдделер ретiнде көрiнедi немесе»заңмен қорғалатын мүдде» нысанында субъективтiк құқық нысанында танылады. Негаторлық талап етудегi меншiк иесiнiң мүддесi мүлiктк пайдалануға жағдай туғызу және оның құқықтары мен еркiндiгiн шектейтiн кедергiлердi жою болып табылады.

Негаторлық талап қоюдың проблемаларың қарай келiп ғалым цивилистер» құқықты қиянат жасап пайдалану»деген ұғыммен бетпе бет келедi, ал негаторлық талап ету құқықты қиянатпен пайдалануға қарсы маңызды құрал деп есептейдi.

Негаторлық талап қоюдың негiзi, бiрiншiден, нақты шындық фактiсi болып табылады, талап арыз ьерушi соған сүйенедi( iс жүзiндегi негiз), екiншiден, талап қоюда қарыз берушi құқығы бұзылған деп есептейдi(құқықтық негiз).

АК тiң 264 бабы нақты жағдайларда жарияланатын негаторлық талап қоюды айқындамайды, ол тек меншiк иесiнiң «бұзылған кез келген құқықтарың қалпына келтiрудi талап етудi» бекiтедi. Негаторлық талап қоюды жарияланған кезде үшiншi тұлғаның әрекетi ешқандай маңызға ие емес, бұл жерде талап қою жаоияланған сәтте бұзушылықтың бiр фактiсi болса жетiп жатыр. Егер негаторлық талап қою жарияланған сәтте заң бұзушылық тоқтатылса, талап қою жүзеге аспайды, өйткенi, заңсыз әрекет жойылады, ал меншiк иесi келтiрiлген залалдың өтелуiн мiндеттемелiкқұқықтық талап қою арқылы талап ете алады.

Негаторлық талап қоюды беру сәтiнде меншiк иесiнiң құқық өкiлеттiгiн бұзу жалғаса берсе әрi оған зиян келсе, онда меншiк иесi иелену құқығын алумен қатар заң бұзушылықты жоюға, келген залалды өтеудi талап етуге құқылы.

Үшiншi тұлғаның заңсыз әрекетi негаторлық талап қоюдың алғашқы әрi нақты негiзi болып табылады.

Мұндай талап қоюдың екiншi негiзi меншiк иесiнiң өз құқық өкiлеттiгiн жүзеге асыруына және оған билiк етуiне мүмкiндiк бермей немесе қиындата түсетiн кедергiлер болып табылады. Мұндай кедергiлер әртүрлi болуы мүмкiн. Бiрақ кез келген жағдайда меншiк иесi өз талабын жүйелi бере бiлуi керек.

Аталған талап қоюды жариялау үшiн екi талап  ету де бiрлiкте болуы шарт, өйткенi бiрiншi негiз себеп болса, екiншi салдар болады.

Негаторлық талап қою негiзiнен оның  пәнiнең айырмашылығына келсек, ол жауапкер тарапынан заң бұзуы меншiк иесiнiң субъективтiк құқығы болып табылмайды,қайта бұл бұзылған құқықты түзеу немесе қалпына келтiру жөнiнде жауапкерге қойылатын талап. Бұл талап қоюдың  пәнi ақыр соңында келiп құқық бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Егер меншiк иесi заңсыз әрекеттiң нәтижесiнде мүлкiне иелiк ету мен оны пайдалану мүмкiндiгiнен айырылса, онда оның талабы әлгi бұзушылықпен болған кемшiлiктердi түзеудi алға қояды. Бұл орада сот жауапкердi өзiнiң күшiмен, құралымен өзi жасаған кедергiнi жоюды мiндеттейдi,яғни құқық бұзылғанға дейiнгi жағдай қалпына келтiрiледi, ал қажет жағдайларға зиян өндiрiлiп алынады. Жауапкер сот жүктеген мiндеттi орындамайтын болса, талап арыз берушi өз есебiнен қалпына келтiрiп, бiрақ оған кеткен шығынды сот арқылы жауапкерден өндiртуге құқылы.

3. Меншiк иесi болып табылмайтын иеленушiнiң құқығын қорғау. Кенестiк азаматтық заңы тек титулдық иеленуды ғана таныды.

АК тiң 265 бабында бекiтiлген әрi АК тiң 259 264 баптарында қаралған құқық меншiк иесi болып табылмайтын тұлғаға да жатады, бiрақ шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, жердi тұрақты пайдалану не басқа негiзде заң актiлерiне де немесе шартпен қаралған ретте аталған тұлға мүлiктi иелену құқығына ие болады.

АК тiң 265 бабының мазмұнынан тұлғаның меншiк иесi болмағанымен оған мүлiктi талап ету немесе ету немесе негаторлық талап қою құқығы берiлгенiн көремiз, әдетте ондай тұлға бөтеннiң мүлкiн заң немесе шарт негiзiнде иеленедi, былайша айтқанда, титулды иеленушi болып аталады. Бұл көбiне көп жалға алушы, сақтаушы және т. б. болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша титулы жоқ иеленуге АК тiң нормасы жүрмейдi, яғни ол қорғауды пайдалана алмайды.

        

      

Қорытынды

Қортындылай келе отырып Азаматтық кодекстің демократиялық мемлекет ішіндегі  атқаратын рөлі мен орыны ерекше. Азаматық кодекс арқасында   мемлекеттің әрбір азаматы  өзінің теңдігін,заңын және құқығын сақтайды,сонымен қатар өз құқығын жүзеге асыра алады.  

Азаматтық құқық негізінен өзін мемлекет етіп жариялаған елдердің барлығында болады.Бұл құқықтық қатынастардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып табылады.

Азаматтық заңдылықтар өздері реттейтін қатынастарда қатысушылардың теңдігін,меншікке қол сұғылмаушылықты,шарт екендігін,жеке істерге кімнің болса да  озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын,азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың  қалпына келтіруін,оларды соттың  қорғауын қамтамасыз ету  қажеттегін тануға негізделеді. 

Менің ойымша Азаматтық кодекссіз демократия жоқ,екеуі өзара тығыз байланыста.

Қолданылған әдебиеттер  тізімі:

  1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері»   Алматы 2001 ж.
  2. Е.Баянов «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен                    құқығының негіздері»  Алматы 2003 ж.
  3. Н.Дулатпеков,С.Амандықова,А.Турлаев «мемлекет және құқық негіздері»  Астана 2001 ж.
  4. Қ.И.Оспанов  «Құқық негіздері» Алматы 2006 ж.
  5. Қ.Д.Жоламан,А.Қ.Мұхтарова,А.Н.Тәукелев «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 1998 ж.
  6. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов   «Қазақстан Республикасының құқық негіздері »  Алматы «жеті жарғы» 2003ж
  7. 7.Баққұлов    «Мемлекет және құқық негіздері»  Алматы 2000ж
  8. 8.Ғ.С.Сапарғалиев  «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» Алматы 2004ж
  9. 9.«Қазақстан Республикасының мемлекеті мен  құқықғының  негіздері» Алматы 2003ж