Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық негізі

0
12

Кіріспе.

I.Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері.

1.1.Азаматтық қоғам құрудың алғышарттары.

1.2.Азаматтық қоғам-қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық               

және саяси құқықтық негізі ретінде.

II.Азаматтық қоғам-мемлекеттің әлеуметтік негізі.

2.1.Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және азаматтық қоғам  

институттарының құрылуы.

2.2.Үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы.

    

    ІІІ. Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері.

Қорытынды.

І. Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері

1.1.Азаматтық қоғам құрудың алғышарттары.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Бүгінгі саяси салада маңызды сипат алып,қолданыс аясы кеңілген. «Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет» ұғымдарының теориялық негіздеріне толық  анықтама беріп көрелік.

Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандық-тарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен аза-маттарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалып-тастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мем-лекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терми-нінің семантикасын да береді.

Сондықтан полис ұғымы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» де-генді білдіретін антикалық терминді біріктіреді.

ХVIII ғасырға дейін Еуропалық әлеуметтік-саяси трактаттарда, оның ішінде Ж.Ж.Руссо және И.Кант еңбектерінде «азаматтық қоғам» және «саяси мемлекет» терминдері бірін-бірі толықтырушы ретінде қолданылып келген. Стратификацияның саяси және әлеуметтік форма-сынан жеке өмірдің мемлекеттік-саяси бақылау саласының эмансипа-цияға өте бастауы, ерте буржуазиялық ревалюция дәуіріне жатады, бірақ жаңа тәртіптің концептуалды-терминалогиялық бекітілуі кейінірек қа-былданады.

Жаңа дәуірдің ойшылары азаматтық қоғам мен саяси қоғамды анығырақ ажыратты. Антикалық «азамат», «азаматтық» деген сөздер олардың еңбектерінде жаңа мәнге ие болды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында теңдік пен еркіндіктің тарихи белгілері қойылды. Олардың кейбіреулері (Н.Макиавелли, Г.Гоббс, Г.Гегель және т.б.) «де-мократиялық қоғамдық ұйымдар-мемлекет» деп мемлекетке көңілге бөле, этатистік позицияны ала отырып, азаматтық қоғамның болашағын мемлекетпен байланыстырды.

Азаматтық қоғам концепциясын, оның мемлекетпен өзара тәуел-ділігін зерттеуде Г.Гегель еңбектері зор мәнге ие. Француз, англо-сак-сондық және неміс қоғамдық-саяси ойшылдарының барлық шығар-маларын жүйелеу негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген шешімге келген. Азаматтық қо-ғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.

Гегель бойынша әлеуметтік өмір-отбасының этикалық дүниесінен және мемлекеттің көпшілік өмірінен радикалды түрде ерекшеленеді. Азаматтық қоғам нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, кор-порацияларды, институттарды біріктіреді. Олардың негізгі міндеттеріне қоғамдық өмірдің қажеттілігі мен азаматтық құқықтың жүзеге асы-рылуын қамтамасыз ету жатады.

Азаматтық қоғам-азаматтық құқықтармен реттелетін және саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке тұлғалар, таптар, топтар және институттар комплексін құрайды.

Осылайша Гегель, «жалпы» және саяси мүдделер ғана емес, соны-мен бірге жеке, нақтырақ, жеке меншікті мүдделер саласы да бар деген тоқтамға келді. Бұл саланы ол «азаматтық қоғамның» бөлігі ретінде анықтады.

Ол азаматтық қоғамның төмендегі үш компонентін көрсетеді:

1)индивидтің қажеттіліктері мен оның еңбегі арқылы қамта-масыз ету және қанағаттандыру;

2)мұнда жалпы еркіндіктің болуы және заң арқылы меншіктің қорғалуы;

3)полиция және корпорация көмегімен бір мүддеге жалпы мүдде ретінде қамқор болу.

Азаматтық қоғамның әрбір мүшесі сотқа баруға және сот алдында міндетті болуға, сондай-ақ тек сот арқылы оған берілген құқықтарды алуға құқығы бар. Бұл үшін әрбір индивид заңды білуі қажет, ал басқа жағдайда бұл құқықтар оған көмек бола алмайды.

Отбасы өзінің мүшелеріне қамқор болу керек, әйтсе де азаматтық қоғамда ол-бағынышты, керісінше азаматтық, қоғам-адамды өзіне бірік-тіріп, адам өзі арқылы өзіне ғана қызмет етуді талап ететін алып күш иесі. Егер адам азаматтық қоғамның осындай мүшесі болса, онда ол от-басында не болатындай құқықтар мен міндеттерін сақтайды. Азаматтық қоғамның өз мүшесін қорғауы,оның құқықтарын жүзеге асу тиіс, ал индивид өз кезегінде азаматтық қоғамның құқықтарын сақтауға міндетті.

Гегель көрсеткендей отбасына қарағанда, азаматтық қоғамды құ-райтындар көбінесе тұрақсыз және шиеленістерге бейім болады. Олар жеке мүдденің басқа бір жеке мүдделермен қақтығысатын күрестің тынымсыз алаңын еске түсіреді. Азаматтық қоғамның бір элементінің шектен тыс дамуы оның басқа элементтерінің жойылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қоғам мемлекеттің аясында саяси басқарыл-майынша «азаматтық» болып қала алмайды. Тек жоғарғы көпшілік би-лігі – конституциялық мемлекет қана әмбебап саяси қауымдастықта оның әділетсіздігімен нәтижелі күресін, нақты мүдделерін жинақтай алады. Осы позицияда Гегель азаматтық қоғам мен мемлекетті арала-стырғаны үшін табиғи құқықтың қазіргі теориясын сынға алады.

Азаматтық қоғам Гегель бойынша жеке мүдделер әлемі және сол сияқты, әлеуметтік дифференциацияның жоғары деңгейін білдіретін қазіргі әлемнің феномені және әлеуметтік институттардың дамыған жүйесі.

Жоғарыда айтып өткендей тарихи буржуазиялық қоғамда көрініс тапқан, сондықтан гегельдік «burgerlische Gesselschaft» түсінігі де осы ойды білдіреді.

Азаматтық қоғамның XVII-XVIII ғасырдағы ұғымына өзін-өзі бас-қаратын мемлекеттік емес ұйымдарды, ассоциацияларды, адам құқығын, қоғамдық келісімді, халық егемендігін, азаматтардың мүдделерін жүзеге асырушы және бақылаушы негізгі элементтер кірді.

XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық және американдық қоғамтанушылар арасында «азаматтық қо-ғам мемлекетке қарсы» тақырыбы қызықтыра бастады. Неміс ағартушы-лығының көрнекті өкілі Вильгельм Гумбольдт өзінің «мемлекет қызме-тіне шекара орнату тәжірибесі» еңбегінде азаматтық қоғам мен мемле-кеттердің арасындағы үш айырмашылықты көрсетеді:

Біріншіден, индивидтерді өздері арқылы «төменнен» жасалатын және азаматтық қоғамның спецификасын құрайтын ұлттық қоғамдық мекемелер жүйесіне мемлекеттік институттар жүйесі қарсы тұра алады;

Екіншіден, азаматтық қоғам «табиғи және жалпы құқыққа», ал мемлекет – «позитивтік» құқыққа сүйенеді;

Үшіншіден, әрқайсысының субъектісі сәйкесінше «адам» және «азамат» болып табылады. В.Гумбольдт, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо сияқты ойшылдар пікірінше азаматтық қоғам субъектісі – адамның мүддесі мен қажеттілігіне қанағаттандыруына құрал болу керек.

Американың атақты қоғамтанушысы Т.Пейн өзінің «Адам құ-қықтары» памфлетінде, егер табиғи құқықтар адамдарға табиғатынан берілген болса, ал азаматтық құқық ру-тайпалық қоғамнан мемлекетке өту процесінде жасалды. Бұл адамның өзінің күшімен қорғауға қабілеті жоқ құқықтары. Пейн заңды деп, жалпылама қабылданған конституция негізінде қалыптасқан мемлекетті ғана есептеді. Мұндай мемлекеттік басқару жүйесін ол құқықтық, өркениетті деп атайды.

Азаматтық қоғам мәселесіне К.Маркс еңбектерінде де ерекше мән берілді. К.Маркс азаматтық қоғамның гегельдік моделінің күрделі құры-лымын жеңілдетті. Ол бойынша, азаматтық қоғам жеке меншікке негіз-делген буржуазиялық мемлекет қалыптасатын және қызмет атқаратын өзіндік форманы білдіреді.

Бұл қоғамда адам құқығы жеке эгоистік тұрғыдан емес, қоғамдық тұрғыдан қаралу керек, мұнда әрбір адам азаматтық қоғамның белсенді мүшесі, оның талап-тілектері қоғамнан тыс қарастырылмауы керек. Адамдар қызығушылығы мен құндылықтары қоғамның мүддесімен сәй-кес келуге тиіс.

Шынында да, азаматтық қоғам идеясы буржуазиялық қатынас-тардың қалыптасуына және дамуына байланысты пайда болады және дамиды. Ол буржуазиялық қоғамдық құрылысқа «жол салушы» теория-лық құралдардың қажеттілігінен туады.

Дегенмен, XX ғасырдың оқиғалары көрсеткендей, азаматтық қоғам идеясы ескірген жоқ, керісінше анағұрлым өзектілік алды XX ғасырда тұлғаны тотальды –езіп жаншу қауіп пайда болды.

Бұл қауіптің негізгі көзі-саяси мемлекеттің құрылым билігінің шектен тыс өсуі, олардың тек экономикалық қатынастарды ғана емес, со-нымен бірге рухани- мәдениет саласымен қоса, адам өмірінің барлық саласын жаулап алуға әрекеттенуі болды. Мұндай құрылымдардың аг-рессиялылығы тоталитарлық тәртіп, әкімшілдік бұйрықтық тәртіп, билікті жүзеге асырушылар мен қатардағы азаматтар арасындағы қаты-насты авторитарлық стилі болған елдердегі адам өмірінен айқын көрініс тапты. Сондықтан ⅩⅩ ғасырда азаматтық қоғамның концепциясын тал-дау тоталитарлық тәртіпті, тұлғаның құқығы мен бостандығын сақтауды сынау арқылы жүрді. Қазіргі саяси теорияда азаматтық қоғам идеясы саяси плюрализмге, бәсекелес әлеуметтік топтардың ортақ консенсусы мен әріптестігіне негізделген демократия идеясымен топтастырылды; қазіргі демократиялық қоғамның негізгі міндеті-халықтың әр түрлі топ-тарының көптеген мүдделерін есепке алу және үйлестіру жолымен жал-пы азаматтық консенсусқа жеткізу, қарама-қайшылықтарды жою және жеңілдету, интеграциялық қоғамға бағытталған азаматтық келісімді қалыптастыру.

Әрбір қоғамда азаматтық қоғам тұжырымдамасының әр түрлі болуы индивидтің жеке еркіндігі, әрбір тұлғаның өзіндік құндылығы идеясының қалыптасуымен  байланысты.

Жоғарыда азаматтық қоғамға берілген әр түрлі ойшылдардың көз-қарастарынан азаматтық қоғамға төмендегіше тұжырым жасалады:

Біріншіден, азаматтық қоғам-жеке меншік, жұмысшы күшінің және еркін кәсіпкерлік нарқының енуі негізінде адамның монарх езгісінен бо-сап, өзі басқа да азаматтар сияқты заңды құқықтары тең азаматқа айнал-ған ерте буржуазиялық құрылыс өкілі.

Басқаша айтсақ, өзгелермен тең азаматтық құқық және өзіндік азаматтық құндылықтары жоғары қаралған жаңа индивид-азаматтар бол-майынша азаматтық қоғам болуы мүмкін емес.

Екіншіден, азаматтық қоғам-отбасы, білім беру жүйесі, ғылыми жә-не рухани бірлестіктер, кәсіби, әйелдер, жастардың қоғамдық ұйымдары, әр түрлі кәсіптердің (студенттер, инженерлер, адвокаттар және т.б.) өкіл-дері және ассоциациялары сияқты мемлекеттік емес институттар арқылы жүзеге асырылатын жеке мүдделер мен адамдар қажеттілігі саласы бо-лып табылады.

Үшіншіден, азаматтық қоғам- мемлекеттік институттармен үнемі қарама-қайшылықта болатын саяси емес ұйымдар жүйесі. Азаматтық қо-ғамның құрылымы мемлекеттің бұйрығымен қалыптаспайды, ол ішкі се-бептерге байланысты төменнен құрылады. Мұндай әлеуметтік салаға кі-ретін субъектілер бір-біріне тәуелсіз, еркін және тең бәсекелестер сияқты өзара қызмет жасайды.

Төртіншіден, ХХ ғасырдың басына қарай Батыстың көптеген елде-рінде халықты билікке араластырудың қосымша механизмі ретінде аза-маттық қоғамның нақты түрі жасалды.

Азаматтық қоғам- индивидтерді қалыптасуының жоғары формасы, заңды кезең. Ол елдердің экономикалық, саяси дамуының, халықтың әл-ауқатының, мәдениетінің және рухани санасының өсуі нәтижесінде пі-сіп, жетіледі. Азаматтық тарихының өнімі ретінде азаматтық қоғам сос-ловиелі-феодалдық құрылыстың қатал дәуірінде, құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастаған кезеңінде пайда болады. Азаматтық қоғамның пайда болуының басты шарты- барлық азаматтарда жеке меншік базасында экономикалық жекелік мүмкіндігінің болуы қажет.

Азаматтық қоғамның саяси негізі ретінде тұлғаның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет қызмет етеді. Мұн-дай жағдайда адамдардың мінез- құлқы өзінің жеке мүдделерімен анық-талады және онда барлық әрекеттеріне жауапкершілікте болады. Мұндай тұлға басқа адамдардың заңды мүддесін сыйлай келе,өзінің жеке бостан-дығын барлығынан жоғары қояды.

Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ-та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып,билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында аза-маттардың теңдігі қамтамасыз етіледі. Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар-намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.

Азаматтық қоғамның шын мәнінде жұмыс істеуі Англияда және АҚШ-тағы адам құқы туралы биллдің және Франциядағы адам және аза-мат құқықтарының Декларациясының қабылдауынан басталады. Осыған орай, қалыптасқан азаматтық қоғамның негізгі белгісіне құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген адамдардың теңдігінің заңды түр-де бекітілуі жатады. Азаматтық қоғам жетілуінің критериі-мемлекет та-рапынан адам және азамат құқығының жүзеге асырылып,оған кепіл болу деңгейі болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртсек, буржуазиялық мемлекеттерде XVIII-XIX ға-сырлардың ортасында азаматтардың құқығы мен бостандығы кең ау-қымды формальды сипат алды. Халықтың бұқара бөлігі экономикалық байлықтан және қоғамның саяси өмірімен шеттетілді. Мұндай жағдайда XIX ғасырдың ортасында Еуропада солшыл қоғамдық-саяси қозға-лыстар, ең алдымен бұқара халықты байлыққа және қоғамды басқаруға қатыстыруды өздерінің мақсаты етіп қойған социал-демократиялық ба-ғыттар пайда болды. Социал- демократтар тек  конституциялық бекі-тулер ғана емес, сонымен қатар шынайы түрде негізгі жалпыазаматтық құндылықтар қамтамасыз етілген қоғам құру идеясын алға тартты. Олар-дың пікірінше, бұл қоғам бостандық, бірдейлік, әділеттілік, әлеуметтік теңдікке және ұжымдастыру принциптеріне негізделуі тиіс. Социал-де-мократтардың көзқарастары бойынша, жеке меншік, көпқырлы эконо-мика азаматтық қоғамның экономикалық негізіне қызмет ету қажет.

Басты азаматтық қоғам проблемасына қызығушылықтың туындауы 70- жылдардың II жартысы мен 80 жылдарда жүрді. Бұл мәселенің не-гізгі өзектілік және мәнділік алуы жаңа елдер мен аймақтардағы либералды демократия ареалының кеңеюі, демократиялық құндылық-тардың таралуы, институттардың принциптері сияқты тарихи процестер-мен байланысты. (Бұл жерде 70- жылдардың II жартысынын бастап, Греция, Испания, Португалия халықтары авторитарлық тәртіптен демок-ратиялық қайта құрулар жолына өту кезеңімен, ал 80-жылдардың соны 90-жылдардың басында Шығыс Еуропа елдері мен КСРО-да тотари-тарлық тәртіптің құлау кезеңі болған Еуропалық континент туралы сөз болып отыр).

Сонымен азаматтық қоғам ұғымы өзіне: адам құқығын қорғауды, демократиялық, құқықтық, жоғары дамыған қоғам қалыптастыруды бі-ріктіреді. Азаматтық қоғамның даму субъектісі адам болып табылады. Мемлекеттік мүдденің орнына қоғамдық, жеке мүдделер қойылады. Аталған жүйеге өту тек экономикалық саланы (коммерциялық емес ұйымдар, Үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз кәсіпкерліктер және жеке шаруашылық сектор) мемлекеттік аппарат негізінен бөліп алу жолымен ғана жүреді. Мұндай жағдайлар модернизация арқылы жүзеге асы-рылады.

Франкфурт мектебінің белгілі өкілі Юрген Хабермас модерниза-цияны бір жағынан, саяси мемлекет тәртібінен нарықпен басқарылатын шаруашылық жүйесін бөлу ретінде қараса, екінші жағынан, азаматтық қоғам қалыптастырудың негізгі факторының бірі болып табылатын экономикалық тәуелсіздік деп қарады. Негізгі критериі-жеке меншіктің болуы. Азаматтық қоғам бұл меншік қатынастарынан өрістейтін қоғам-дық-саяси бағдарлар мен нормалар жүйесі. Жоғарыда көрсетілгендей азаматтық қоғамның тарихи негізі-өз кезегінде әлеуметтік құрылымдарға (сословие, әлеуметтік топ, тап) бөлінетін азамат қауымы болып табыла-ды.

Азаматтық қоғам тұжырымдамасы азаматтық қоғамды өз мүдде-лерін қорғай алатын еркін және жауапкершілікті адамдармен құрылған мемлекетке, оның институттары мен ұйымдарға тәуелсіз көлденең әлеу-меттік қатынастар жиынтығы ретінде қарауды ұсынады.

Азаматтық қоғам кең мағынада мемлекетпен, оның құрылым-дарымен қамтылмайтын қоғамның бөлігі. Ал тар мағынада тұлғаның көп жақты мүдделерін білдіретін мемлекетке тәуелсіз ұйымдар және құқық-тық мемлекет.

Сонымен азаматтық қоғам дегеніміз-мемлекет тарапынан қамта-масыз етілетін, құқықтар мен бостандықтарға ие болған азаматтардың арасында пайда болған қатынастардан туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Азаматтық қоғам мемлекеттік құрылымнан тыс тұратын әлеу-меттік, экономикалық, рухани-қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Азаматтық қоғам жеке тұрғыдан қарастырғанда тұлғалардың аза-маттық және жеке құқықтарының басқарылуы нәтижесіндегі қатынастар. Жалпы айтқанда, азаматтық қоғамда тұлға жеке, дербес құқықтар мен бостандықтарға ие. Бұл дегеніміз азаматтық қоғамда ғана азамат өз еркін экономикалық-саяси және мәдени ортада өмір сүре алады.

Қазіргі азаматтық қоғамның негізгі белгілері ретінде төмендегілерді айтуға болады:

-бұл ең алдымен индустриалдық қоғам;

-экономикалық қатынаста-бұл нарықтық,типтің қоғамдық жүйесі;

-саяси азаматтық қоғам-билік механизмдерінің бөлінуін, жалпы және тең сайлаулары, құқықтық, жергілікті өзін-өзі басқаруды және тағы басқаларды қамтамасыз ететін демократиялық жүйе;

-әлеуметтік құрылым бойынша-күрделі дифференциялық саяси әлеуметтендірілген жүйе;

-рухани-идеологиялық салада ойдың және пікірдің көптүрлілігімен, саяси қатынастармен, рационализм және гуманизм ерекшеленетін ашық және зайырлы қоғам болып табылады.

Азаматтық қоғамның мәні -мемлекет тарапынан ішкі қысым мен әділетсіздіктен қорғайтын бостандық идеясынан тұрады. Өзін-өзі басқа-ру жүйесі және саяси демократия бұл контекст азаматтарды тирания мүмкіндіктерінен қорғауға негізделеді.

Азаматтық қоғам көппікірлі және әржақты. Мұнда азаматтардың әрқайсысы өзінің мүдделерін мақсаттарын, ойын білдіре алу мүмкіндік-терін ашық айта алады. Жеке салада көпшілікке бағынушы азшылықты көрсетеді.

Азаматтық қоғамның төмендегідей құрылымы бар:

-ерікті түрде құрылған адамдардың алғашқы қауымы (отбасы, ас-социация, шаруашылық корпорациялары, қоғамдық ұйымдар, түрлі бір-лестіктер және т.б.);

-қоғамдағы мемлекеттік және саяси емес қатынастардың: эконо-микалық, әлеуметтік, отбасылық, рухани, діни және т.б. жиынтығы; бұл адамдардың жеке өмірі, олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы;

-еркін индивидтерді өзіндік идеяның пайда болуы және мемлекеттік биліктің оған тікелей араласпауы, заңмен қорғалған тәуелсіз ұйымдары.

Осылайша, дамушы елдердегі азаматтық қоғамның құрылымын қо-ғамдық қатынастардың ауқымды бөлігі, азаматтардың әр түрлі ерікті ұйымдары, лоббистік және тағы басқа топтардың ассоциациялары, қайы-рымдылық қорлары, мүдделестер клубы, шығармашылық, кооперативтік бірлестіктер, түрлі қоғамдық-саяси, діни және тағы басқа ұйымдар мен одақтар құрайды. Олардың барлығы қоғамның барлық саласында әр түр-лі әлеуметтік мүдделерді білдіреді.

Осы аталған бірлестіктер мен комитеттер азаматтардың сенімін жаулауға тырысып, көбінесе бір-біріне қарсы тұрады, жүргізілген сая-саттың әр түрлі негативті жақтарын қатты сынға алады. Олар барлық деңгейдегі басқарушылар ортасына әр түрлі сұрақтар қою арқылы мем-лекеттік органдар алдында өздерінің мүшелерінің мүдделері мен құқығын қорғайды, олардың тілегі мен қажеттіліктерін қанағаттан-дыруға тырысады.

Сонымен азаматтық қоғамның құрылымдық элементтері: бірінші-ден, ерікті еңбек, кәсіпкерлік; екіншіден, қоғамдық бірлестіктер; үшінші-ден, дін және діни бірлестіктер; төртіншіден, тәрбие, білім, ғылым мен әдебиет; бесіншіден, отбасы; алтыншыдан, ақпарат құралдары.

Азаматтық қоғам азаматтардың мемлекетке қарсы тұратын жеке және қоғамдық мүдделерін біріктіруші маңызды форма болып табылады. Ережеге сай, ол халықтың тікелей белсенділігінің дамуы негізінде қа-лыптасады және әр түрлі ерікті ассоциациялар, бірлестіктер, азаматтар комитеті түрінде орын алады.

Авторитарлық және тоталитарлық жүйеде азаматтық белсенділік мобилді сипат алды. Бұл жүйеде азаматтардың белсенділігі адамдардың қоғамның иерархиялық құрылымындағы жағдайы мен статусы бойынша анықталды. Сол себепті адамдар негізінен ұжымдық шеңберде әрекет ет-кендіктен, жеке белсенділікке жол берілмейді. Белсенділіктің барлық кө-ріністері тек басқарушы орта қалыптастырған формальды институттар мен ресми қоғамдық пікірлер аясында ғана жүзеге асырылады.

Қысқаша айтқанда, демократиялық емес жүйеде тек ресми ауқымда ғана қызмет жасайтындай етіп, адамдардың азаматтық белсенділігіне іс жүзінде толық бақылау орнатылады.

Демократия жағдайында басқаша сипат орын алады. Азаматтық қоғам бұл жерде бір жағынан мемлекеттік институттардың көмегінсіз азаматтар өздері шеше алатын мәселелерге мемлекеттің араласуына жол бермесе, екінші жағынан -әлеуметтік мәселелерді шешуде жеке пікір-лерге мүдделес мемлекеттік органдар рөлін көрсетеді. Осылайша, демо-кратия қоғамдық тұрақтылық пен гармонияның алғышарттарын қалып-тастырушы басқару мен жеке басқаруды, билік механизмі мен өзіндік жеке әрекеттің органикалық бірігуін қамтамасыз етеді.

А. Де Токвиль көрсеткендей мұндай жағдайда «билік күші әлсіздеу және адам үшін өте қауіпті» емес.

Демократия жағдайында азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі саяси алғышарты жеке және ұжымдық еркіндіктердің құқықтық және заңдық қамтамасыз етілуі. Мұндай жүйе анархияға жол бермей билікті нығайтады. Бұл тәртіп адамдардың жеке қабілетін, құқықтық сана-сезі-мін, оның жеке іс-әрекеттерге азаматтық жауапкершілігін, әлеуметтік шығармашылығын қолдау сезімін оятады. Нәтижесінде мемлекет заңмен басқарылатын және азаматтардың конструктивті идеяларын қолдаушы басқару институтына айналады.

Әлемдік демократияның саяси тарихы көрсеткендей қоғамдық ас-социациялардың белсенділігі мен олардың мүшелерінің өсуіне ең алды-мен төмендегі құрылымдық факторлар әсер етеді:

1.Халықтың білім деңгейін көтеру;

2.Қоғамдық коммуникацияны дамыту;

3.Саяси қарсыластар белсенділігі;

4.Азаматтық қоғам институттары позициясы ұсынған дамудың үкі-меттік бағдарламасы;

5.Соның ішінде конструктивті сипаттағы оппозициялар;

6.Халықаралық тәжірибе және оның әсері.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай қауіп төндіруші мемлекет ішіндегі корпоративті-бюрократиялық құрылымның әр түрлі әрекеттері болып табылады. Азаматтық қоғам әлсіреуінің жеке және негізгі себебі халық үшін әлеуметтік жеке құндылықтардың сақтал-мауы мен адам құқы идеологиясына қоғамдық пікірдің мән бермеуі. Сондықтан азаматтық қоғам адамдар өз құқы мен бостандығы үшін кү-респейтін жерде, биліктің, іс-әрекетіне қоғам тарапынан сыни талдау дәстүрі орын алмаған жерде, адамдардың саяси еркіндігі мойындалмаған жерде орнауы мүмкін емес.

Батыста азаматтық қоғамның жарылыс кезеңі азаматтық жекеліктің материалдық негізі және индивидтердің белсенділігі бекітілуі, жеке құ-қық жүйесі заңды түрде бекітілген және қолданыс аясының кеңуі нәти-жесінде жүзеге асырылады.

Кеңестік жүйеде азаматтық қоғам, яғни жеке қатынастар саласы мемлекетке қарама-қарсы қойылды. Нәтижесінде біріншіден, шынайы азаматтық қоғам болған жоқ, екіншіден, оның элементтерінің заңсыз жағдайға ұшырауы жиі кездесіп отырды.

Идеологиялық прессинг мемлекетке сенімсіздікпен қараушы кері реакцияға, азаматтың жауапкершілік сезімін жоғалтуына, ал кейбір дең-гейлерде-сол кезеңдегі тәртіпке мардымсыз қарсылықтарға үндеді. Мем-лекеттілік пен жеке мүдделер арасындағы шиеленіс айқын көрінді, мемлекетпен бақыланбайтын ешбір әлеуметтік құрылым болмаған-дықтан, қоғамдық мүдде орын алған жоқ.

Ақырында, жоғарыда көрсетілген мысалдар себебінен жүйенің құ-лауына әкелді. Ешбір мемлекеттік құрылым жеке салаға қарама-қарсы жағдайда ұзақ уақыт өмір сүре алмайды. КСРО-да осы кезеңнің өзінде-ақ мемлекетікке жатпайтын өзінің жеке мүддесі мен қажеттіліктері бар ин-дивидтер қалыптаса бастаған болатын. Бұл көріністерге қарсы идео-логиялар жұмыс жасаған жоқ, яғни оны ешкім қабылдамады. Азамат-тарды мобилизациялауға алғашқы қадам жасауға бет алды. Мемлекет но-менклатуралы сипат алды, ал бюрократия материалды құндылыққа жету үшін өз жағдайын пайдаланды. Идеологиялық күрес жеңіліс тауып, мем-лекет бұрынғы күйінде сақталып тұра алмады.

Партияның құлауы шешуші сәт болды, артынша ол мемлекеттің ыдырауына алып келді. Бұл құрылымның идеологиялық сипаттағы се-бебі-олар бір мақсатты көздеп,бір-бірімен байланысты болды. Нәтиже-сінде мемлекет тез ыдырап,тек оның сарқыншақтары мен әлсіз құрылым-дағы қоғамдық бұқара сақталды. Идеологиялық жетіспеушілік қоғамдық қозғалыстармен толықтырылды.

Ол арқылы көтерілген мәселелермен олардың мақсаттары ортақ болды және ең алдымен, саяси бостандық, адам құқығы сияқты мәселе-лермен анықталды.

Белсенді саяси жұмыстар КСРО-ның түпкілікті құлағанына дейін жүрді, одан кейін жаңа кезең туындады. Енді жаңа мемлекеттік құрылы-мды қалыптастыруға күш қажет болды. Бірақ олар әлі бұған дайын емес еді. Қоғам бұл жағдайда саяси күш ала алған жоқ.

1985 жылдан бастап, қазіргі азаматтық қоғамды тудыру және орна-ту мәселелері қолға алына бастаған еді. Басым көпшіліктің әкімшілік то-талитарлы жүйені құптамауы, мемлекеттің өз функциясын орындай ал-мауы және қоғамдық қатынастарды реттеуші бола алмауы  қоғамда қа-рама-қайшылықтарды туғызып, нәтижесінде ойлау парадигмасының өзі өзгеріп, ақырында КСРО-ның құлауына алып келген саяси өзгеріс бол-ды.

Азаматтық қоғам тарихын саралай келе шығар қорытынды, әр мемлекетте демократияның қалыптасуында өзінің экономикалық, әлеу-меттік және саяси даму деңгейіне, халықтың дәстүрлері мен мен-талитетіне қарай өз жолын таңдайды. Бүгінгі таңда әділдік пен игіліктің ең ықтимал кепілдіктерінің негізгісі –демократия десек, ал оны іс жү-зінде іске асыру механизмі-азаматтық қоғам болып табылады.

Азаматтық қоғам-ол жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркін-діктері заң жүзінде қамтамасыз етілген және саяси қорғалатын, мемле-кеттен тыс қатынастар саласы тиімді дамыған қоғам. Қоғам мүдделеріне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қоғамның маңызды белгісі бо-лып табылады.

Азаматтық қоғамның дамуына бағытталған түрлі әлеуметтік топ-тардың немесе жеке азаматтардың бастамалары мемлекет арқылы қабыл-данады.

Азаматтық қоғамның даму қажеттілігі тек демократия қажет-тіліктерімен ғана мәжбүрленбейді, ол сонымен қатар, экономикалық си-пат та алады: кәсіпкерлік қызмет бастамалары, әсіресе, шағын және орта бизнес салалары, тек жеткілікті түрде дамыған азаматтық қоғамда бері-летін мүмкіндіктермен тікелей байланысты.

Әріптестікті Дамыту институтының жүргізген сауалнамасы бойын-ша Азаматтық қоғамның дамуына бірнеше себептерді көрсеткен сарапта-машылар пікіріне талдау жасап өтетін болсақ, Азаматтық қоғам және Ха-лықаралық Даму бойынша кеңесші және сараптамашы Аллан Фаулер: Азаматтық қоғам-бірдей рөлді емес және ол бір жағдайда қалып-таспайды. Адамдар, яғни оның азаматтары өздерінің айқын мүдделерін көздейтін, қажеттіліктерін қанағаттандыратын және өз құқықтарын қор-ғайтын бұл жол -әр елде түрліше қалыптасады. Неге? Әрбір елде өзінің ішкі әлеуметтік және саяси жүйесі, тарихи және  даму эволюциясы бар. Міне, сондықтан азаматтық қоғам дамуының кезеңдерімен қатар,оның қалыптасу себептері мен даму мүмкіндіктері де түрліше орын алады.

Азаматтық қоғам туралы түйіндеудің негізгісі мынаған саяды: ол мемлекеттік бюрократиядан, саяси партиялардан, іскер ортадан, от-басыдан, т.б. құрылымдардан ерекшелендіретін түсінік. Басқаша айтсақ, азаматтық қоғамның өз шекарасы бар, бірақ барлық, шекара өте айқын және тұрақты емес. Сондықтан әрбір елде осы шекараларды анықтау, ақырында азаматтық қоғамның ішкі және сыртқы бөліктерін түсіну қа-жет деген.

Азаматтық қоғам бойынша INTRAC ғылыми-зерттеу жобасының координаторы Саймон Хип: Азаматтық қоғам-тек бейүкіметтік ұйымдар ғана емес, сонымен бірге саяси партиялар, салымшы топтар, қауым-дастықтар, кооперативтер, қорлар, студенттік, кәсіби және тұтынушылар ассоциациясы, мәдени ұйымдар, қорлар, мүдделес топтар, діни топтар, әлеуметтік және спорттық клубтар, кәсіподақтар, жастар, әйелдер және зейнеткерлер топтасқан ұйымдар, сонымен қатар адам құқы, білім, қор-шаған орта және қызметтерді қамтамасыз ету саласында қызмет етуші адамдар қауымы.

Азаматтық қоғамды дамыту процесі ең алдымен, әр түрлі қабаттар, кландар, топтардың қарама-қарсы мүдделерін басқару. Азаматтық қоғам-ның даму ерекшелігі қандайда болмасын барлық әлеуметтік проб-лемаларды «жарылу» қаупінен сақтау, солардың алдын алу. Бұл өз ком-поненттерінің дамуын, өсуін қамтамасыз ететін қорғау функциясымен өзін-өзі реттеуші организм.

Азаматтық қоғамның дамуы өзара қатынас дамуының деңгейімен сипатталады:

-олардың легитимділігінің дәрежесі (халықаралық және ұлттық заңдармен сәйкес келуі);

-олардың этикасының дәрежесі (барлық ұлттың, олардың, дәстүр-лерінің құқығы мен ерекшелігін құрметтеу);

-олардың әлеуметтік қабаттар мен сәйкестік дәрежесі жыныстық теңдік мүмкіндіктері дәрежесімен, гендерлік штамптардың болмауымен ерекшеленеді.

1990 жылдары посткеңестік аймақтарда кейбір қарама-қайшы даму өте анық жүріп жатты. Сол кезеңдерде нарықтық қатынастарға жылдам өту науқаны жүріп, әлеуметтік дотацияны қысқарту, әр түрлі саяси ағым-дар тарапынан адам құқына, коммерциялық емес ұйымдарға қауіп төну секілді негативті құбылыстар орын алды.

Әр елдердің тәжірибесі өте түрліше және күрделі. Біз ойлағандай азаматтық қоғам әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар қолдан-қолға өтіп әп сәтте орнай қойған жоқ, яғни уақыт ағымына байланысты бір-неше жылдар бойына жинақталған тәжірибе арқылы, сол елдің ішкі және сыртқы ерекшеліктері есепке алына отырып, пісіп жетілген сәтінде қа-лыптасты.

Бүгінде капитализм азаматтық қоғаммен тығыз байланысты деген қате пікірлер де орын алып жүр. Мысалы:Азияның экономикалық «барыстары»- Сингапур; Тайвань, Оңтүстік Кореяда азаматтық қоғам по-зициясы әлсіз.

Сонымен қатар, экономикалық өсу әрқашан азаматтық қоғамнан өрістейді деген пікірлерге келсек, бұл да қате пікірлердің бірі болмақ, се-бебі кедейшілік орын алған Индиямен Бангладеш елдерінде азаматтық қоғам мықтап орын алған.

Әйтсе де жоғарғы экономикалы Қытайда Азаматтық қоғам әлсіз. Америкалық зерттеуші Аллан Фаулердің көрсетуі бойынша азаматтық қоғамға үш түрлі көзқараспен қараймыз:

1.Үштік бірлесуші-мемлекет, коммерциялық және коммерциялық емес сектор;

2.Альтернативті (немесе саяси) көзқарас-динамикасы, яғни пікір-лер- мәжбүрлік- қарсыластық- революция;

3.Азаматтық қоғамға «арена» ретінде қарау немесе барлық үш сек-торлардың қол сұғылмайтын аумағы, төртінші сектор- отбасы.

Бұлардың ішіндегі ең танымалы- біріншісі. Көрсетілген ұйымдар әр түрлі пропорцияда немесе саяси және әлеуметтік салада бір-бірімен өз-ара тығыз әрекет ететін әр түрлі қоғамның түрлі позицияларында өмір сүреді.

Азаматтық қоғамның құрылымдық элементтерінде азамат, адам, тұлға ең басты рөл атқарады. Ал, мемлекетте азаматтық қоғам-анықтаушы, айқындаушы бағыт болып табылады.

Азаматтық қоғам-қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес бөлігі, адам-дар еркін тәуелсіз субъект ретінде бір-бірімен өзара әрекет етуші әлеу-меттік кеңістік. Оның негізгі субъектісі-өз ісіне мақсатты еркін қоя ала-тын және оған қол жеткізу әдістерін айқындай алатын егеменді тұлға.

Азаматтық қоғам көлденең, биліктік емес байланыстар және қатынастар негізінде құрылады. Бұл байланыстар мен қатынастар бірнеше деңгейлер мен қабаттарды құрайды. Азаматтық қоғам фундаментін қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етуші қатынастар қалыптас-тырады. Қазіргі жағдайда азаматтық қоғам негізін адам мүддесін және қоғам мүддесін толыққанды сақтайтын меншіктің түрлілігіне негізделген экономикалық қатынастар құрайды. Экономикалық плюрализм адам-дардың өндіріс құралды жатсынуын туындатпау үшін қажетті алғы-шарттарды жасайды. Меншікті иелену жеке немесе ұжымдық негізде болуы мүмкін. Меншіктің болуы қандай қоғамда болмасын, адам бостандығының негізін қалаушы шарт болып табылады. Заңмен сенімді түрде қорғалған меншіктің болуы адамның белгілі бір дәрежеде мемлекеттік билікке тәуелсіз жекелігін білдіреді. Субъектінің жеке мүддесі, меншігі оның іс-әрекетінің күшті стимулы болып табылады.

Келесі деңгей- отбасылы- туыстық, этникалық, діни және басқа да тұрақты қатынастар кіретін әлеуметтік-мәдени қатынастар. Азаматтық қоғам көптеген әлеуметтік топтар мен қабаттардың, олардың өкілдерінің әр түрлі мүдделерін бейнелейтін түрліше әлеуметтік құрылымға негізде-леді.

Азаматтық қоғамның жоғарғы қабаты- бұл жеке сайлаулармен, сая-си және мәдени таңдаулармен рухани құндылықтармен байланысты қатынастар. Бұл әр түрлі мүдделі топтар, саяси партиялар (басқарушы емес), қозғалыстар, клубтар, қысым көрсетуші топтар және т.б. Соны-мен, барлық адамдардың еркін ойын білдіруді қамтамасыз ететін, идео-логиялық стереотиптерді жоққа шығарушы мәдени- саяси плюрализмді ұсынады.

Азаматтық қоғамның осы қабаты мемлекеттік саяси жүйемен тығыз байланысты, ең әлеуметтік белсенді институттарды өзіне біріктіреді .

Осылайша, азаматтық қоғам – қоғамдық өмірдің экономикалық-әлеуметтік, әлеуметтік- мәдени және рухани өмірінің тіршілік әрекетін, олардың ұдайы өндірісін және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуін қамтамасыз ететін жүйе.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде келесі анықтаманы беруге болады: азаматтық қоғам- мемлекеттің ешбір араласуынсыз қоғамда ерікті негізінде дамитын индивидтер мен ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыратын жағдайды қамтамасыз ететін, тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық, экономикалық, мәдени, діни қатынастар және құрылымдардың жиынтығы, қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы.

Азаматтық қоғам функциясына келсек, оның ең негізгісі-өз мүшелерінің материалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін толық қанағаттандыру. Осы негізгі функциясын орындау шеңберінде азаматтық қо-ғам төмендегі әлеуметтік қызметтерді жүзеге асырады:

1.Заңдылық негізінде ол мемлекеттің және басқа да саяси құры-лымдардың негізсіз қатаң тәртіппен, бақылаудан адамдар мен азаматтар өмірінің жеке саласын қорғауды қамтамасыз етеді;

2.Азаматтық қоғамның ассоциациялары негізінде қоғамдық өзін-өзі басқару механизмі құрылады және дамиды;

3.Азаматтық қоғамның қарама-қарсы күштер жүйесіндегі маңызды және мықты рычагтың бірі болып табылады. Ол азаматтарды және олар-дың бірлестіктерін, олардың істеріне мемлекеттік биліктің заңсыз арала-суынан қорғайды. Мұндай функцияларды арнайы құралдар арқылы жүзеге асырады. Олар: сайлау компанияларына және референдумдарға бел-сенді қатысу, бұқаралық ақпарат қызметі және коммуникация көмегімен қоғамдық пікірді қалыптастыруға кең мүмкіндіктің болуы;

4.Азаматтық қоғамның институттары мен ұйымдары адам құ-қығына шынайы кепілдікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғам-дық істерге қатысуға тең құқылық негізінде қызмет атқарады;

5.Азаматтық қоғам өз мүшелеріне қатысты әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Оны мемлекетке тәуелсіз индивидтерді қоғамдық нормаларды сақтауға мәжбүр етуге көмектесуші құралдары мен санк-циялары арқылы жүзеге асырады;

6.Азаматтық қоғам сонымен қатар коммуникациялық функцияны орындайды. Демократиялық қоғамда мүдделердің көпжақтылығы орын алады. Осы мүдделердің спектры-азаматтардың демократия жағдайында иеленетін бостандықтарының нәтижесі болып табылады. Демократиялық мемлекет өз азаматтарының мүддесі мен қажеттілігін қанағаттандыруға негізделеді. Азаматтық қоғам институттары мен ұйымдарының міндеті-тек мемлекет күшімен ғана қанағаттандырылатын азаматтардың нақты мүдделері туралы мемлекетті ақпараттандыру (мұндай ақпараттың клас-сикалық мысалы ретінде «жасылдар қозғалысын» айтамыз. Қоршаған ор-та мәселесін мемлекеттің қатысуынсыз шешу мүмкін емес).

Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкін-шілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде та-бысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.т ие болу мүмкін-шіліктері жатады.

Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топта-рдың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік- демо-графиялық, әлеуметтік- таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жа-тады.

Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымның негізгі түрі деп қо-ғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең ма-ңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.

Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік топтың, әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік стра-тификациялану деген ұғым кіргізілді. «Страт» латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады.

Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі-бір топ-тардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюн-таризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жік-терді қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Со-ның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді басшы-лыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б. Егер топтар бір бел-гінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше бел-гінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болады.

Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұты-нушы ретінде де қарастырады. Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын объектісінің аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді.

Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қа-зіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.

Азаматтық қоғам- әлеуметтік құрылымданған, күрделі дифферен-делген және стартталған жүйе. Бұл жүйе көптеген әлеуметтік топтар мен таптар кіреді. Азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы- қоғамның тұрақ-тылық кепілі болып табылатын орта тап.

Азаматтық қоғам бұл ашық жүйе, мұнда ойлар мен идеялар плю-рализмі, шыдамдылық, шындыққа қатысты сын, дұрыс ойлау мен гума-низм тән. Азаматтық қоғамның рухани-идеологиялық негізі осылар бо-лып табылады.

Алайда, азаматтық қоғам құруда сол елдің ұлттық-мәдени және сая-си ерекшеліктерін есепке алу керек.

Соған байланысты Қазақстан жағдайында азаматтық қоғамды құру-дағы кездесетін проблемаларға тоқталайық.

Азаматтық қоғамды институцияландыру проблемасы, яғни ескі құрылымдардың орнына жаңа құрылымдар мен институттар келуі керек. Олар қазіргі жағдайдағы қоғамның дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз етуі керек. Азаматтық қоғамды құру-бұл оның институционалдану проб-лемасы мен қарама-қайшылықтарын шешу болып табылады. Азаматтық қоғамда жеке мен мемлекеттік сала арасындағы қайшылық өзекті. Аза-маттық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік саланың үлесі төмендеп, жеке өмір саласы өсуі керек.

Дамыған азаматтық қоғамда қоғамдық өмірдің коллективті, жеке және мемлекеттік салалары арасында теңдік қойылады, яғни бірде-біреуі монополді билеуші бола алмайды. Бұл заң жүзінде бекітіледі.

Азаматтық қоғамның субъектісі ретінде жеке тұлғаны қалып-тастыру проблемасы. Бұл проблеманы шешу тек қана индивидтің аза-маттық қоғамға тән әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қабылдау механизмі арқылы жүзеге асады.

Азаматтық проблемасы Американ зерттеушісі Т.Маршалл азамат-тықтың мағынасын былай көрсетеді: азаматтық бұл «кез-келген қоғам-дағы толық мүшелік». Индивидтердің ерекше әлеуметтік мәртебесі, яғни тең құқық пен міндеттер, билік пен жауапкершілік, еркіндік пен бағы-нушылық, теңдік принципке негізделген әлеуметтену өмір сүріп отырған қоғамды ешқандай революциялық әдістерсіз реформалауға мүмкіндік бе-реді.

Азаматтық феномен мықты интегративтік сипатқа ие. Формасы бойынша саяси құқықтық құбылыс болып табылатын азаматтық мемле-кетте тұратын адамдарда, олардың этникалық, діни, нәсілдік және т.б. айырмашылықтарына қарамастан біріктіреді. Оныхалық деп атайды. Ха-лық бұл біріншіден азаматтық қауым. Азаматтық кез-келген индивидті, халықты және жалпы мемлекеттік билік қатынастарының қатысушы-ларына айналдырады. Индивид пен мемлекеттік биліктік қатынастар жүйесіндегі қызметі индивидті Азаматқа, ал тұрғындарды-азаматтық қауымдастыққа айналдырады.

Азаматтықтың интегративті қызметі индивидті қоғамдық өмірге араласудың толық және әділетті механизмі болып табылады. Индивид өзінің табиғи қажеттіліктерін тек жалпы азаматтық процесс барысында өтей алады. Азаматтық қоғамда бостандық қоғамның кез-келген мүше-сінің индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды инди-видуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды пайдалануға мүм-кіндік беру деп түсіндіріледі. Мұны, I-ден, заң алдында барлығының тең болуы; II-ден, жеке және әлеуметтік бостандықтың негізі болып табы-латын меншікке қол жеткізу мүмкіндігі арқылы ғана жүзеге асыруға бо-лады. Жеке тұлғаның автономдылығы мен бостандығы, заң алдындағы теңдігі-азаматтық қоғамның негізгі принциптері болып табылады.

ІІІ. Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері.

Азаматтық қоғам мен азаматтық туралы қазіргі көзқарастар XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасырдың I-ші жартысында Батыс Еуропа мен Америка елдерінде пайда болды. Бұл кезеңде өндірістік және саяси революциялар, жаңа әлеуметтік теңсіздікті туғызған нарықтық қатынастардың дамуы, адамдардың қоғамдық өмірден алыстауы, олардың мемлекеттік билік тарапынан қызме-тінің шектелуі және т.б. процестер орын алды. Мұның бәрі әлеуметтік субъектілердің ұйымдасқан саласының пайда болуына алып келді. Кейіннен бұлар қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын институттар мен ұйымдар жүйесіне айналды, олардың басты міндеті мемлекет тарапынан болатын күш көрсету, зорлық, бағындыру функцияларын шектеу, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қатынасты дамыта отырып, жеке мен қоғамдық мүдделерді біріктіру болып табылады.

Азаматтық қоғамның шын мәнінде жұмыс істеуі Англияда және АҚШ-тағы адам құқы туралы биллдің және Франциядағы адам және азамат құқықтарының Декларациясының қабылдауынан басталады. Осыған орай, қалыптасқан азаматтық қоғамның негізгі белгісіне құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген адамдардың теңдігінің заңды түрде бекітілуі жатады. Азаматтық қоғам жетілуінің критериі-мемлекет тарапынан адам және азамат құқығының жүзеге асырылып,оған кепіл болу деңгейі болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртсек, буржуазиялық мемлекеттерде XVIII-XIX ғасырлардың ортасында азаматтардың құқығы мен бостандығы кең ауқымды формальды сипат алды. Халықтың бұқара бөлігі экономикалық байлықтан және қоғамның саяси өмірімен шеттетілді. Мұндай жағдайда XIX ғасырдың ортасында Еуропада солшыл қоғамдық-саяси қозғалыстар, ең алдымен бұқара халықты байлыққа және қоғамды басқаруға қатыстыруды өздерінің мақсаты етіп қойған социал-демократиялық бағыттар пайда болды. Социал-демократтар тек  конституциялық бекітулер ғана емес, сонымен қатар шынайы түрде негізгі жалпыазаматтық құндылықтар қамтамасыз етілген қоғам құру идеясын алға тартты. Олардың пікірінше, бұл қоғам бостандық, бірдейлік, әділеттілік, әлеуметтік теңдікке және ұжымдастыру принциптеріне негізделуі тиіс. Социал-демократтардың көзқарастары бойынша, жеке меншік, көпқырлы экономика азаматтық қоғамның экономикалық негізіне қызмет ету қажет.

Алғаш қолөнерлік гильдиялар Европада 1100жылдар шамасында қалыптасты. Негізінен өзара көмек, қол ұшын беру, шеберлер топтарының ар-ұят сезімі, әділдікті жалпы тану түсінігі принциптері себеп болған еді. Сол ғасырлар шамасында Европада –Балтықтан Провансқа дейін –қалалар қалыптасты. Қалалардың жоғарыдағы қолөнер гильдияларынан ерекшелігі мұнда басқарудың күрделілігінде, яғни магистраттар, милиция, сот, салық салу, өз монетасын соғу, т.б.еді. Ал кейбір қалалар атап айтсақ Флоренция, Падуя және Т.б. қала-гильдия негізінде қалыптасты. Қала мен гильдияның ортақ түсініктері өзін-өзі басқару, өзара көмек принципі, қоғам мүшелерін біріктіруші ант, құқықтарын анықтаушы кепілдік болды. 

Осы жерде сұрақ туындайды, бірігіп өмір сүру формалары айталық, қалалар, қолөнерлік гильдиялар, қауымдастықтар Европалық емес дәстүрлі қоғамдарда(Қытай, Үндістан, Ислам әлемі) да көрініс тапқан. Неге азаматтық қоғам түсінігі Европада қалыптасқан.

Батыстық қоғам ареалында түрлі тарихи тенденциялар мен мәдени дәстүрлердің өзара әсері, бір-біріне сіңісу процесі мықты орын алды. 

Біріншіден, орта ғасырда Қайта өрлеу дәуірінде көрініс тапқан антикалық мұра. Антикалық полис пен рим құқығы тәжірибесіндегі жеке меншік түсінігі азаматтық қоғам структурасының қалыптасуына ықпал етті. Орта ғасырлық Европалық қалаларда қолданылған consuls, senatus, universitas терминдері Рим дәуірінен қалған еді. 

Екіншіден, хрестиан дінінің әсері. Бұл дінде басқа діндерге қарағанда адам және тұлға еркіндігі идеясы кең мағынада қарастырылды. Адам тек «құдайдың бөлшегі» болғандықтан еркін емес, ол өзін танытуда еркін құқыққа ие.(Хрестиан дінінде құдай сыйы)

Соңғысы герман тайпаларының кейбір дәстүрлерінің әсер етуі (халық жиналысы институты, басшының соттардың сайланбалылығы) Осы элементтердің бір-біріне сіңісуі азаматтық қоғам қалыптасуының бастапқы элементтері болды.

Жоғарыдағы элементтерден басқа Қайта өрлеу дәуіріде, Реформация да ықпал етті. Әрине Европада азаматтық қоғам орнау үшін еш кедергі болмады деу қате пікір, себебі гильдиялар өркендеу монополиялық тенденцияларға бой алдырды, қалалар олигархтардың басқаруында болды. Дей тұрғанмен европалық қоғамдағы «азаматтық» дәстүрлер уақытша әлсірегенімен немесе мүлде жойылғанымен азаматтық жеке құндылықтар қайта жанданып, жаңадан пәрменді дамыды. Мысалға, Реформация төменгі топтық құндылықтарға, атап айтсақ қала, қауымдастық, коммуналарға оралуды мақсат тұтты. Реформация идеялары неміс қалаларында таралып дамуы кездейсоқ емес еді. Ерте буржуазиялық революцияның негізгі қозғаушы күші қала протестанттары болды. Бұл революцияларда (әсіресе ағылшын) азаматтардың құқықтары заңдық негізде қорғалды, заң алдында барша азаматтардың меңдігі негізделді. Дәл осылай протестанттық қауымдастықтардың бастауымен іске асқан сайланбалылық пен өзін-өзі басқару буржуазиялық бемократияның орнауына қыжмет етті. 

Осы саяси-құқықтық және мәдени дәстүрлердің батыс Европалық аймақта араласуы азаматтық қоғамның орнауына келіп саяды. 

Алайда қазіргі батыс әдебиеттерінде азаматтық қоғам мәселесіне пессимистік көзқарас қалыптасқан. Оның мәнін қысқаша шолып өтсек. Азаматтық қоғам толық мағынасында батыста тек ерте индустриалды этапта болған. Кейін жеке көзқарастар қоғамдық көзқарастармен қарама-қарсы дамып, қолданылу аясы кеңеюде. Азаматтық қоғам индивидтер арасындағы байланыс тек формальді түрге енген бұқара қоғамға жол берген. Сол себептен азаматтық қоғам батыста ұмыт болған, қазіргі өмірлік шындыққа жанаспайды екен. Осындай көзқарас венгр әлеуметтанушысы Адам Селигменнің еңбегінде айқын көрініс тапқан. Оның ойынша, азаматтық қоғамға жоғарыдағыдай қарау XVII-XVIII ғасырларда батыс қоғамдық ойында қарастырылған. Бұл идея Еропалық қоғамда индивидтендіру процесінің дамуымен және жеке және қоғамдық ұғымдарды жақындастыру, синтездеу үшін қолданылған болатын.

Селигмен индивид пен қоғамды байланыстырушы үшінші жақты 5 түрлі нұсқамен ерекшелейді:

1)адамға ақыл мен мейірімділікті сыйлайтын –құдай(протестантизм, Дж Локк);

2)адамдарды «табиғи» біріктіретін моральдық сезімдер(шотландтық ағартушылар Ф. Хатчесон, А.Фергюсон);

3)жеке бастың қамы қоғамнық қызығушылық орын алғанда деп сендіретін, сезімді билейтін сана;

4)нарықтағы субъектілердің эгоистік іс-әрекеттері бүкіл қоғамға оң ықпал етеді деп сендіретін «көрінбейтін қол» идеясы(А.Смит)

5)түрлі индивидтердің, топтардың қоғамдағы іс-әрекеттерін бақылайтын құқық.(И.Кант).

Азаматтық қоғамның жоғарыдағыдай концепцияларын екі түрлі көзқараспен қарау қажет еді. Біріншіден, индивидтердің қоғамдағы үстемдігін жоғарылататын либералдық тенденция(Д.Юм) Либерализм теоретиктерінің пайымдауынша сана сезімді билемейді керісінше құлқын билейді екен. Адам алдымен өз құлқынын тойдырып, сонан соң бірлескен іс-әрекетке көшеді екен. Келесі жағынан алғанда қоғамның буржуазиялық типін сынайтын социализм әсіресе марксизм.

Селигмен бойынша, мәселе азаматтық қоғамның кеңмасштабты емес, керісінше тар ауқымды қоғам –«small society» екендігінде. Бұл қоғамдағы азаматтар түгел дерлік бір-бірімен қатынаста, сенім білдіре алады екен. «Десек те мұндай қоғам үлгісі батыста келмеске кеткен. Бүгінде азаматтық қоғам түрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың дамуына стимул болып , этикалық идеал болғанымен Жаңа заманғы тұйықтардың шешілуіне қауқарсыз екен,-дей келе Селигмен,- Шығыс Европа мен Үшінші әлем елдеріндегі жас демократияның орнауына ондағы түрлі этникалық діни кедергілердің болғанына қарамастан, азаматтық қоғамның үлкен маңызды пәрменді ықпалы бар»,-деп келтіреді.

Бұл әдіс туралы не айтуға болады? Түгелімен алғанда не деректік, не методологиялық көзқарас тұрғысынан еш қисынға келмейді. Батыстық азаматтық қоғам концепциясының дамуын тек XⅦ-XⅦⅠ ғасырларға тіреп қою қате пікір.

Себебі азаматтық қоғам идеясы ғасырлар бойы және осы кезеңде де талқыланып келеді.

Сонымен қатар Селигмен азаматтық қоғамды дамыған жергілікті басқару және т.б. белгілерімен ерекшеленетін индивидтердің өзара іс-әрекеттері қалыптасқан идеалды модель ретінде қарастырады.

Мемлекеттің азаматтық қоғамға және сәйкесінше азаматтық қоғамның мемлекетке қатынасын өзінің еңбегінде тыс қалдырады. Оның қателігі де осында еді. Себебі Селигмен қарастырған батыста азаматтық қоғамның демократиялық мемлекеттің қалыптасуына мықты ықпал етті. Тек XⅦI ғасырда емес, осы кезеңге дейін десек қате емес.

Әрине венгрлік ғалымның дамыған мемлекеттерде азаматтық қоғам түсінігі батыста ерте кезде орнаған демократиядан әлдеқайда өзгерген деген ойымен келісуге болады. Десек те, азаматтық қоғам жойылып кетті деу ағаттық болар. Қазіргі таңда батыста түрлі топтар, ассоциациялар және кәсіподақтар мемлекеттік масштабта дамып, қоғамға мықты әсер етуші деңгейге жеткен.

Ал азаматтық қоғамның батыстық емес қоғамда қолданылуы туралы түрлі және қайшылықты пікірлер қалыптасқан. 

Біріншіден, азаматтық қоғам түсінігі батыстану процесінің бөлшегі ретінде қарастырылса, екіншіден, азаматтық қоғам туралы батыстық емес мемлекеттің әңгіме қозғауы қажет емес. Себебі азаматтық қоғам түгелімен дерлік батыстық өркениеттің жемісі ретінде екен.

Тұлғаның құқығын қорғау және жеке меншік сынды институттар азаматтық қоғамның Европоцентристік үлгісін қалыптастырады екен. Ал батыстық емес қоғамдағы азаматтық қоғамды зерттеушінің де осы институттық құндылықтарды кездестіретіні де белгілі. Себебі отбасы, қауымдастық, конфессионалды бірлестіктер, формальді емес топтар, және с.с түсініктер дәстүрлі шығыста ортағасырлық Европадағыдай қалыптасты. Шығыс қоғамы да өзіндік топтық және қаүымдық мүдделерін Европалық қала, гильдия немесе коммуналар сияқты қорғады. Десек те бірнеше айырмашылықты көрсетуге болады. Біріншіден, мемлекеттік, мемлекеттік емес, «жеке» шеңбердің болуы болса, екіншіден, батыста және батыстық емес қоғамдардағы корпоративті-қауымдық іс-әрекеттердің түрлілігінде еді.

Ортағасырлық Европада көбіне мемлекеттер тұрақсыз еді. Оны біз «екінші Рим» құруға (Ұлы Карл, Гогенцоллерндер) ұмтылысының кризиске соқтырғандығынан тарихтан білеміз. Батыстық емес қоғам аса пікір алуандылығымен ерекшеленбейтін еді. Мемлекет қоғамның өзіндік қызметін шектеп, аса маңызды рөл ойнады. Кейінгі орта ғасырда және жаңа замандағы шығыста империялар тек «идея» күйінде емес, сонымен бірге шын мәнісінде болған, орнаған еді. 

Әрине шығыста да батыстық қоғамнық структураға тән ұйымдар-қалалар, корпорациялар, қауымдастықтар және отбасылар қалыптасқан еді. Бірақ та бұл қоғамда өзіндік басқару және тұлғаның автономдығы сынды тенденциялар әлсіз қалыптасты. Және ол шығыстағы қоғамдық қызметтің дамуына өз кедергісін тигізді. 

Батыстық емес аймақтағы азаматтық қоғамның даму тенденциясы Европа қоғамына тән азаматтық қоғам үлгісімен қатар дамыды десек болады. Мысалға Жапонияны алсақ. Жеке меншік бұл елде ортағасырларда-ақ қалыптасқан еді. Кейінгі ортағасырлық қоғамда мануфактура мен сауданың дамуы маңызды еді, соның нәтижесінде ұсталар мен көпестердің профессионалды ұйымдары қалыптасқан еді. Алайда ең бастысы Токугава дәуірінде дәстүрлі коллективизмнің негізі қалыптасты, немесе «иэ»- негізінен бұл отбасыдан құралатын кең ауқымдағы келісілген индивидтер жиынтығы десек те келеді.

ⅪⅩғасырдың екінші жартысындағы Жапониядағы жоғарыдағы эволюция батыстық идеяның ықпалына ұласты. ⅩⅨ-ⅩXғасырдағы Жапонияның экономикалық, саяси структура мен азаматтық қоғамның қалыптасуына батыстық идеямен жапон дәстүрлі топтарының әсерлесуі игі ықпалын тигізді. 

Батыстық емес өркениеттегі топтық қатынастардың батыстық формаға қарағанда өзіндік спецификалық ерекшелігі болды. Мысал үшін Қытайды алсақ (сонымен бірга Африка мемлекеттері) Онда индустрияға дейінгі дәуірде жабық қоғамдар кең өріс алды. Таяу шығыс және Үндістан аймағында кіші топтар «оқытушы-оқушы» үлгісінде қалыптасты. Сонымен бірге діни ұйымдар қоғамда автономды қызмет атқарды.(будда монастырлары) Осының бәрі батыстық емес қоғамда азаматтық қоғам орнауына мықты негізх болды.

Әрине азаматтық қоғамның бұл елдерде мықты қанат жаюына батыстық азаматтық қоғам институттары және оның саяси идеялары жемісті қызмет атқарды. Үндістан мемлекетін алсақ. Үшінші әлем елдерінің ішінде саяси демократия мықты орнаған және бұл елде азаматтық қоғам мықты қалыптасқандығын мойындамауға болмайды. Мұнда кәсіпкерлер ұйымы, кәсіподақтар, шаруашылық серіктестіктері, ғалымдар ассоциациясы және т.б. саяси партиялар туралы айтпағанда. Кіреді екен. Бұл бірлестіктер мемлекеттен біршама тәуелсіз және біршама ықпал ете алатын дәрежеде жеке-дара дамыды. Үндістанда бүкіл қоғамдағы таптардың саяси және әлеуметтік мәселелерін қарастыратын «төменнен» қалыптасатын демократия кең қанат жайды. Көбіне әдебиеттерде «еркін қоғам» (grass-roots democracy) ретінде түсіндіріледі.

Азаматтық қоғам қалыптасуының Ресейлік моделін қарастырсақ, әрине батыстық және шығыстық модельге тән күрделілік бұл елге де тән. Ресейде көбіне шығысқа тән мемлекеттік әсер мықты еді. Мемлекет қоғамдық институттардың негізін қалаушы инициатор ретінде шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, әрине саяси қатынастарға араласып отырды. Төменнен жеке қалыптасу шектеліп отырды. Қоғам мемлекет тарапынан түрлі салықтың қыспағында болды. Осыдан келіп, қалалардың сауданың, кәсіпкерліктің баяу дамуы көрініс табады. Нәтижесінде Ресейде дәстүрлі қоғам, дәстүрлі мәдениет «төменнен»,табиғи эволюция жолымен  нашар дамыды. Бұл бірінші кезекте шіркеуге қатысты еді. Орыс православ діні өзіне Византиядан мемлекеттік билікті қолда ұстауды мұра еткен еді. Мемлекеттің шіркеуге қарсы тұру қадамы сирек еді(Иван Грозный кезіндегі митрополит Филипп, патриарх Никон). Протестантизм, католицизм және шығыстық діндерге қарағанда орыс православ діні саяси және әлеуметтік тұрғыда рухани төмен еді. Орыс шіркеулері батыс хрестиандықтан қарағанда бұқараның білімге аса көңіл аудармады. Ресейде шіркеулік-приходтық мектеп тек1839 жылы ғана, европалық елдерге қарағанда әлдеқайда кеш пайда болды. 

ⅩⅨ ғасырға дейін қауымдастықтар помещиктердің ықпалында болды. Европалық «үшінші сословие» Ресейде мүлде орнамады десек те болғандай. Орыс көпестері үнемі мемлекет қысымында еді. Бір жағынан, салық салса, өтімді тауарларда монополия орын алды, ал үшіншіден тікелей мемлекеттік билікке- жеке өндірісті басқару, тиын соғу т.с.с. қызметтермен айналысты. Осының баршасы Ресейде көпестік қауымдастықтың және саудагерліктің дамуына өз кедергісін тигізді. ПетрⅠ және ЕкатеринаⅡ кезінде ғана көпестік корпоративті құқықты тек формальды түрде алды.

Мемлекет тарапынан автономды болған тек дворяндық еді. (1762 ж дейін)Десек те дворяндық азаматтық қоғам құруға өз құқығын пайдаланбады. Себебі олардың көбі мемлекетке түрлі себептен бағынышты едң. Дворяндар саяси консервативті позицияны ұстанды. Революциялық қозғалыстарды тудырған орта деңгейдегі дворяндар бұл бағытты қолдамады. Самодержавие кезінде саяси оппозиция «жабық» түрде қызмет етті. 

Азаматтық қоғамның Ресейдегі реформаға дейінгі кезеңде қалыптасуына Земство яғни жергілікті басқару институты мықты әсер етті. Десек те оның астарынан гөрі көбіне әлеуметтік әсерлер көрініс тапты. 

ⅩⅨғасырдың екінші жартысынан бастап азаматтық қоғам мәселесі орыстың либералдық бағытты ұстанушы ғылыми және қоғамдық ойлардың өкілдері еңбектерінде қарала бастады. (Е.Н Трубецкий, Б.НЧичерин, П.И Новгородцев, С.Л Франк т.б.) Түгелімен алғанда революцияға дейінгі ойшылдар азаматтық қоғам түсінігін европалық идеялар негізінде құқықтық аспектіге баса назар аударып, шебер де адекватты талқылаған еді. 

Азаматтық қоғам тарихы Ресейде тек 1905 жылы ғана басталған еді. Ол кезде тек саяси партиялар емес, сонымен бірге–көптеген қоғамдық ассоциациялар-өндіріс, кәсіпкерлік одақтар, шеберлік ұйымдар, корпоративті қозғалыстар т.с.с қалыптасты. Алайда бұл кезең ұзаққа созылмады. Себеп тек тарихи қолайсыздық (дүниежүзілік соғыс, революциялық сілкіністер) емес, сонымен бірге түрлі қоғамдық күштерді біріктіруші консенсустың жоқтығы еді. Бұқара халықтың әлеуметтік және мәдени жіктелуіне әкеліп соққан антидемократиялық мән еді.

1917 жылдан кейін Ресейдегі азаматтық қоғамның өркендеуіне бірпартиялылыққа негізделген коммунистік билік тамырына балта шапты. 

Кеңестік жүйеде азаматтық қоғам, яғни жеке қатынастар саласы мемлекетке қарама-қарсы қойылды. Нәтижесінде біріншіден, шынайы азаматтық қоғам болған жоқ, екіншіден, оның элементтерінің заңсыз жағдайға ұшырауы жиі кездесіп отырды.

Идеологиялық прессинг мемлекетке сенімсіздікпен қараушы кері реакцияға, азаматтың жауапкершілік сезімін жоғалтуына, ал кейбір деңгейлерде-сол кезеңдегі тәртіпке мардымсыз қарсылықтарға үндеді. Мемлекеттілік пен жеке мүдделер арасындағы шиеленіс айқын көрінді,мемлекетпен бақыланбайтын ешбір әлеуметтік құрылым болмағандықтан,қоғамдық мүдде орын алған жоқ.

Ақырында, жоғарыда көрсетілген мысалдар себебінен жүйенің құлауына әкелді. Ешбір мемлекеттік құрылым жеке салаға қарама-қарсы жағдайда ұзақ уақыт өмір сүре алмайды. КСРО-да осы кезеңнің өзінде-ақ мемлекетікке жатпайтын өзінің жеке мүддесі мен қажеттіліктері бар индивидтер қалыптаса бастаған болатын. Бұл көріністерге қарсы идеологиялар жұмыс жасаған жоқ, яғни оны ешкім қабылдамады. Азаматтарды мобилизациялауға алғашқы қадам жасауға бет алды. Мемлекет номенклатуралы сипат алды, ал бюрократия материалды құндылыққа жету үшін өз жағдайын пайдаланды. Идеологиялық күрес жеңіліс тауып, мемлекет бұрынғы күйінде сақталып тұра алмады.

Партияның құлауы шешуші сәт болды, артынша ол мемлекеттің ыдырауына алып келді. Бұл құрылымның идеологиялық сипаттағы себебі-олар бір мақсатты көздеп,бір-бірімен байланысты болды. Нәтижесінде мемлекет тез ыдырап,тек оның сарқыншақтары мен әлсіз құрылымдағы қоғамдық бұқара сақталды. Идеологиялық жетіспеушілік қоғамдық қозғалыстармен толықтырылды.

Ол арқылы көтерілген мәселелермен олардың мақсаттары ортақ болды және ең алдымен, саяси бостандық, адам құқығы сияқты мәселелермен анықталды.

Белсенді саяси жұмыстар КСРО-ның түпкілікті құлағанына дейін жүрді, одан кейін жаңа кезең туындады. Енді жаңа мемлекеттік құрылымды қалыптастыруға күш қажет болды. Бірақ олар әлі бұған дайын емес еді. Қоғам бұл жағдайда саяси күш ала алған жоқ.

1985 жылдан бастап, қазіргі азаматтық қоғамды тудыру және орнату мәселелері қолға алына бастаған еді. Басым көпшіліктің әкімшілік тоталитарлы жүйені құптамауы, мемлекеттің өз функциясын орындай алмауы және қоғамдық қатынастарды реттеуші бола алмауы  қоғамда қарама-қайшылықтарды туғызып, нәтижесінде ойлау парадигмасының өзі өзгеріп, ақырында КСРО-ның құлауына алып келген саяси өзгеріс болды.

Бүгінгі тәжірибе азаматтық қоғамсыз нарықтық экономикаға өту және саяси демократияның қалыптасуы мүмкін еместігін көрсетеді. Сонымен бірге мемлекеттік биліктің «жоғарыдан» емес, «төменнен» яғни азаматтық қоғам орнауымен нығая түсетіндігін көруге болады. Ал Ресейде ТМД елдерінің көбінде ол енді қалыптасып келеді.

Әр елдердің тәжірибесі өте түрліше және күрделі. Біз ойлағандай азаматтық қоғам әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар қолдан-қолға өтіп әп сәтте орнай қойған жоқ, яғни уақыт ағымына байланысты бірнеше жылдар бойына жинақталған тәжірибе арқылы, сол елдің ішкі және сыртқы ерекшеліктері есепке алына отырып, пісіп жетілген сәтінде қалыптасты.

Бүгінде капитализм азаматтық қоғаммен тығыз байланысты деген қате пікірлер де орын алып жүр. Мысалы:Азияның экономикалық «барыстары»-Сингапур; Тайвань, Оңтүстік Кореяда азаматтық қоғам позициясы әлсіз.

Сонымен қатар, экономикалық өсу әрқашан азаматтық қоғамнан өрістейді деген пікірлерге келсек, бұл да қате пікірлердің бірі болмақ, себебі кедейшілік орын алған Индиямен Бангладеш елдерінде азаматтық қоғам мықтап орын алған.

Әйтсе де жоғарғы экономикалы Қытайда Азаматтық қоғам әлсіз. Америкалық зерттеуші Аллан Фаулердің көрсетуі бойынша азаматтық қоғамға үш түрлі көзқараспен қараймыз:

1.Үштік бірлесуші-мемлекет, коммерциялық және коммерциялық емес  сектор;

2.Альтернативті(немесе саяси)көзқарас-динамикасы, яғни пікірлер-мәжбүрлік-қарсыластық-революция;

3.Азаматтық қоғамға «арена» ретінде қарау немесе барлық үш секторлардың қол сұғылмайтын аумағы, төртінші сектор-отбасы.

Бұлардың ішіндегі ең танымалы-біріншісі. Көрсетілген ұйымдар әр түрлі пропорцияда немесе саяси және әлеуметтік салада бір-бірімен өзара тығыз әрекет ететін әр түрлі қоғамның түрлі позицияларында өмір сүреді.

Әріптестікті Дамыту институтының жүргізген сауалнамасы бойынша Азаматтық қоғамның дамуына бірнеше себептерді көрсеткен сараптамашылар пікіріне талдау жасап өтетін болсақ, Азаматтық қоғам және Халықаралық Даму бойынша кеңесші және сараптамашы Аллан Фаулер: Азаматтық қоғам-бірдей рөлді емес және ол бір жағдайда қалыптаспайды. Адамдар, яғни оның азаматтары өздерінің айқын мүдделерін көздейтін, қажеттіліктерін қанағаттандыратын және өз құқықтарын қорғайтын бұл жол – әр елде түрліше қалыптасады. Неге? Әрбір елде өзінің ішкі әлеуметтік және саяси жүйесі, тарихи және  даму эволюциясы бар. Міне, сондықтан азаматтық қоғам дамуының кезеңдерімен қатар, оның қалыптасу себептері мен даму мүмкіндіктері де түрліше орын алады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Скворцов В.В. «Демократический процесс становления основных структур гражданского общества, теория и практика»

  Алматы. КазГУ .2001год.

2. Кин Джон. «Демократия и гражданское общество»/перевод с англ Абрамова М А/ Москва Прогресс-Традиция 2001год.

3. Утченко С.Л. «Политические учения Древнего Рима»(III-Iв.д.н.э.)Москва.:Наука. 1977год.

4. Нугманова К «Политическое понятие гражданского общества» Алматы 2005год.

5. Гегель. «Философия права.» Москва., 1990.

6. Хабермас Ю. «Демократия. Разум. Нравственность.»(интервью,лекции) Москва.,1992год.

7. Маркс К.,Ф Энгельс. Сочинения Т.1. 

8. ҚазҰУ хабаршысы./Фил. Мәд. Саяс. Сериясы/2002 №1.// «Саяси ілімдегі азаматтық қоғам мәселесі.»

9. Евразия.  2005№5//БалгимбаевА.С. «Гражданское общество: модель и реальность.»

10. Саясат. 2003№12//МұсатаевС.Ш «Батыстық азаматтық қоғам концепцияларындағы адам құқығы мен бостандығының кейбір мәселелері.»

11. Қоғам және дәуір. 2004.№3//Белгібаев С.« Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуының кейбір аспектілері.»

12. Мировая экономика и международные отношения. 1995№11//Хорос В «Гражданское общество: общие подходы»