Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі

0
16

Кіріспе 3-4 б

Негізгі бөлімі:

Ⅰ. «Азаматтық қоғам» ұғымының пайда болуы мен даму идеялары. 5-17 б

Ⅱ.Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері. 18-26 б

Қорытынды 27-28 б

(әдебиеттер тізімі)                                      

Кіріспе

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.

Сондықтан полис ұғымы  «азаматтық қоғам» және «мемлекет» дегенді білдіретін антикалық терминді біріктіреді.

ХVIII ғасырға дейін Еуропалық әлеуметтік-саяси трактаттарда,оның ішінде Ж.Ж.Руссо және И.Кант еңбектерінде «азаматтық қоғам» және «саяси мемлекет» терминдері бірін-бірі толықтырушы ретінде қолданылып келген. Стратификацияның саяси және әлеуметтік формасынан жеке өмірдің мемлекеттік-саяси бақылау саласының эмансипацияға өте бастауы, ерте буржуазиялық ревалюция дәуіріне жатады, бірақ жаңа тәртіптің концептуалды-терминалогиялық бекітілуі кейінірек қабылданады.

Жаңа дәуірдің ойшылары азаматтық қоғам мен саяси қоғамды анығырақ ажыратты. Антикалық «азамат», «азаматтық» деген сөздер олардың еңбектерінде жаңа мәнге ие болды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында теңдік пен еркіндіктің тарихи белгілері қойылды. Олардың кейбіреулері (Н.Макиавелли,Г.Гоббс,Г.Гегель және т.б.) «демократиялық қоғамдық ұйымдар-мемлекет» деп мемлекетке көңілге бөле, этатистік позицияны ала отырып, азаматтық қоғамның болашағын мемлекетпен байланыстырды.

Азаматтық қоғам концепциясын, оның мемлекетпен өзара тәуелділігін зерттеуде Г.Гегель еңбектері зор мәнге ие. Француз, англо-саксондық және неміс қоғамдық – саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген шешімге келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.

Азаматтық қоғамның XVII-XVIII ғасырдағы ұғымына өзін-өзі басқаратын мемлекеттік емес ұйымдарды, ассоциацияларды, адам құқығын, қоғамдық келісімді, халық егемендігін, азаматтардың мүдделерін жүзеге асырушы және бақылаушы негізгі элементтер кірді.

XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық және американдық қоғамтанушылар арасында «азаматтық қоғам мемлекетке қарсы» тақырыбы қызықтыра бастады.

Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ-та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып, билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі. Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар – намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.

Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ – та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып, билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі. Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар – намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.

I. «Азаматтық қоғам» ұғымының пайда болуы мен даму идеялары.

Азаматтық  қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толған-дырып келе жатқан түбірлі, ғылыми мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған кезеңінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік іс-әрекетінің, қызметінің мемле-кеттік және мемлекеттік емес болып бөлінген кезеңінен бастау бастау ала-ды. Сол кезеңнен бастап мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мә-селе орталық назарға ие болып ол көп ретте көптеген әлеуметтік алауыз-дықтарға, саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер болды. Қазіргі күн-де де бұл мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде тұр және ол бү-гінгі күнде әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.

Енді азаматтық қоғамның жалпы әлеуметтік-саяси ой тарихындағы пайда болу, қалыптасу және даму барысына көз жіберіп көрелік.

« Азаматтық қоғам» ұғымы өзінің негізі жағынан антикалық полистің құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис- адамдардың бірге өмір сү-руінің ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмір-дің, еркін адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден-бір орта.

Полис- біріншіден соған жиналған азаматтардың қауымдастығы және осы негіздегі сол қауымның жасаған материалдық және рухани құндылық-тарының тұтастығы. «Полис» термині түсініктемелік аудармаларда «қала-мемлекет» ұғымымен түсіндіріледі, бірақ ол сонымен қатар «азаматтық қа-уымдастық» мағынасын білдіретін түбірді де қамтиды. Сондықтан да «по-лис» ұғымы «азаматтық қоғам» (Аристотельдің koinxia politiku, Цицеронның societas civilis) және «мемлекет» (polis, civitas) ұғымдарын біл-діретін антикалық терминдерді біріктіреді.

Аристотель тусінігінде «азаматтық қауымдастық» біздің бүгінгі күн-дегі «әлеуметтік мемлекет» және «құқықтық мемлекет» терминдерімен ас-тарлас келеді. «Әділдік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз бай-ла-нысты, өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың рет-теуші нормасы»

Полистік тұрғыдағы азаматтық қауымдастық өзін-өзі басқару инсти-туты ретіндегі биліктің сайланбалы органдарының болуын, оның қажет-тілігін көрсетеді, мәселен афиндік ареопаг, римдік сенат. Көріп отырға-нымыздай антикалық полисте адамзат тарихындағы ең ұлы азамат идея-сы-ның классикалық түсінігі пайда болды: өзін азаматтық қауымдастықтың мү-шесі және осыдан келіп шығатын құқық пен борыштың субъектісі ретінде түсіну; азаматтық борышқа, жауапкершілікке, әлеуметтік тұтастыққа тиесілі екенін сезіну; тұлға үшін маңызды оны басқа азаматтар тарапынан оның аза-маттық қасиетін мойындалуының абсолюттік қажеттілігі; азаматтық игілікті жоғарғы өмірлік мәнге ие құндылық пен тұлғаның мақсаты ретінде бекіту. Осы ретте айтар болсақ азаматтылық-антикалық әлеуметтік ойдың негізгі моральдық саяси категориясы ғана емес, ол сонымен бірге универсальды өмірлік құндылық..

Дегенмен де ұғым өзінің мәнін Европадағы басталған Жаңа Заманның рухани, идеялық дүмпулерінен соң ала бастады. Ол осы кезеңде XⅦ ғ. Г.Гроции, Т.Гобсс, Дж.Локк еңбектерінде көрініс тауып, өзінің дамуын Ж.Ж.Руссо, Ш.Монтескье, В.фон Гумбольд, И.Кант, Г.Гегель, К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты. Олар сол кездің өзінде азаматтық қоғамды  өмір сүріп отырған мемлекетпен немесе нақты мемлекеттік бас-қару формаларымен сәйкестендірмей одан бөлек қарады. Осы ретте олар мемлекеттің «келісімдік теориясын» негізге алды және бұл теория бойынша азаматтардың өз еріктерімен көнген және тағайындалған өкімет қана әділ заңды болып табылады.

Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясын жақтаушылар аза-маттық қоғам мен мемлекетті егер ол қоғамдық келісімге негізделген мем-лекет азаматтардың мүддесін білдірсе ғана сәйкестендіреді. Дегенмен, олар, мемлекет бәрібір азаматтық қоғамды өзіне бағындыруға барлық кезде мүд-делі болатынын жақсы түсінді. «Абсолютті монархияны кейбіреулер әлем-дегі ең бірден-бір, жалғыз басқару түрі деп түсінеді, бірақ ол шынтуайтқа келгенде азаматтық қоғаммен бір бола алмайды, сондықтан да ол азаматтық басқару формасы бола алмайды.»

Мемлекеттің келісімділік теориясы және ол кепілдік беретін қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттің саяси-құқықтық нормасы биліктің құдайдан берілген-дігіне тойтарыс бере отыра халықтың жеке құқығының саяси дербестікке ие екендігін дәлелдеді. Осы ретте қоғамдық келісім теориясы кез-келген емес, тек қана азаматтық қоғамды саяси қалыптастыру тәсілі ретіндегі құқықты мемлекеттің пайда болуының шарты ретінде көрінеді.

Қоғамдық келісім теориясы нормативті қажеттілік мінезге ие және ол күнделікті саяси іс-әрекет міндетіне бағытталған. Американ саясаттану-шысы Т.Пеин осы ретте былай дейді «адамдар өздерінің жеке, тәуелсіз құ-қықтарына сай үкімет орнату үшін өзара бір-бірімен келісімге түседі және бұл үкіметті жасақтаудағы бірден-бір құқық тәсілі және олар өмір сүре ала-тын бірден-бір негіз.» Осы ретте ескертер бір жайт қоғамдық келісім бас-қарушылар мен бағыныштылардың арасында емес, азаматтардың өз арасында жасалады.Яғни мемлекет келісімдегі тең серіктес емес және серіктес ре-тін-дегі заңдық құқыққа ие емес. Келісімдік қатынастардың негізі ретінде назарға тұлғаның табиғи құығы ғана алынады, ал мемлекеттің құзырына талап ету, көндіру құралы ретіндегі арбитраждық міндет қана қалды.

Табиғи құқық концепциясын ой елегінен өткізіп, сараптаудың радикалды түрін Дж.Локк еңбектерінен көре аламыз. Оның табиғи-құықтық ой-пікі-рі-нің бастамасы өмірге еркіндік және мүлікке қатынастағы табиғи құқыққа ие индивид болып табылады. Әр адам табиғаттан еркін және өзінің келісімінсіз оны жердегі билікке ешкім бағынышты жағдайға қоя алмайды. Адамдардың табиғи жағдайы «табиғат заңы аясындағы өзінің тұлғалығы мен мүлкіне қа-тынастағы оның толық еркіндік жағдайы»

Еркіндік принципін түсінуде және ендіруде Локк жекеменшіктің суб-станциясы ретіндегі еңбек концепциясын орталық назарға қояды. Табиғат жасаған мүліктерді адам өз еңбегімен ұштастыра отырып оны өзінің меншігі етеді. Яғни, жекеменшіктік қатынастың негізін адамның өзін еркін тұлға ре-тінде жасайтын іс-әрекеті мен қызметінен іздеуге болады. Табиғат заңдары бәріне ортақ, бірдей берілсе де адам өз еңбегінің иесі ретінде өзіне жекемен-шіктің ұлы негізін қалады. Осы тұрғыда Локктың ойынан бірқатар маңызды шешім шығады:

1.Табиғи құқық жекеменшіктің субстанциясы мен шегі ретінде жеке еңбекті орталық негізге қояды. Тек осындай жекеменшік құқық тұл-ғаның табиғи, бөлінбес құқығы болып табылады және ол мүліктік қа-тынастың құқықтық легитимділігінің негізін қалауы керек.

2.Табиғи құқық тұлғалардың бірімен-бірі қатынасқа тең және экономикалық еркін субъектілер ретінде түсетін қоғамды орнатуды алға қояды. Локктың табиғи құқық түсіндірмесі бойынша тұлға мен еңбек өзінің ұғымы тұрғысынан басқаның меншігі бола алмайды. Егер қоғамдық ұйым осындай келеңсіз жағдайларға орын берсе, мұндай қоғам ақылды, табиғи тәртіппен сәйкес емес, онда әлеуметтік қатынастардың құқықтық негізі өмір сүре алмайды яғни ол моральдық тұрғыда әділсіз ғана емес, ол заңға қарама-қайшы. Сондықтан да жекеменшікті еңбектен, ал еңбекті адамның өзінің субъектілігінен алшақтату –экономикалық мәжбүр етудің универсальды тетігі – табиғи құқық нормасының өрескел бұзылғандығы болып табылады.

3.Қоғамның саяси – заңдық нормалары мен азаматтық-құқықтық заңдарының жағдайы жеке өзіңдік таңдау еркіндігінің кепілдігі ретінде кө-рініп осы ретте мемлекеттік –саяси юрисдикцияның шекарасы болуы керек, яғни ол еркіндікті мемлекеттің барлық түрдегі қысымынан қорғаулары ке-рек. «Басқарушы азаматтық тыныштықты қамтамасыз ету және бодан-дарының жекеменшігін қорғау үшін әрекет ету керек және осыған қауіп төн-діретін кез-келген оқиғаға, жағдайға килігуі керек».

Локктың табиғи құқық концепциясының барлық негізгі үрдісі заңның, құқықты мемлекеттің, билік өкілеттілігінің келісімдік негізіне, заң шығарудың мақсаты ретіндегі тұлғаның құқығы мен еркіндігінің саяси-заң-дық кепілдігіне балама жоқтығына келіп тіреледі. Локктың саяси-құқықтық ілімінің көптеген ойлары, ережелері өркениетті, демократиялық құқықтық сананың ажырымас бөлігіне айналды.

Әрбір адам басқалармен бірлесе отыра,өз еркіндігін сақтап қала алатындай логикалық мүмкіндіктегі азаматтардың осындай формадағы бір-лестігінің мүмкін екендігін философиялық тұрғыды негіздеуді Ж..Ж. Руссо алдына қойды.

Бұл ретте мемлекеттің пайда болуы мен мәнінің келісімдік тео-риясына түзетулер енгізу қажет болды: бұл келісімінің негізгі азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау кепілдігі олардың мемлекеттің қандай да болмасын құқығынан алшақтауға айырбасталмауы керек. Осы алдына қойған мақсатты жүзеге асыруды Руссо әділ қоғамдық құрылыстың басты өміршең ерекшелігімен байланыстырады: «бірлестіктің әрбір мүшесін оның барлық құқығымен тұтас қауымының пайдасына қарай ысыру қажет ал егер кімде-кім ортақ ерікке бағынудан бас тартса оны күш арқылы еркін болуға мәжбүр етеді». Тұлғаның абсолютті еркіндігін айта отыра Руссо оны бағындырудың тұтас жүйесіне келеді. Руссо бойынша әлеуметтік-саяси тұрғыдан еркіндік құқықты өзіне-өзі беретін немесе заң шығарушылықтың ортақ ерігін беретін халықтың дербестігін білдіреді. Белгілі бір басқарушыға көнуге келісім бергенде халық суверен ретінде жоғалады, яғни ол халық болудан қалады. Сондықтан да өз заманындағы мемлекет пен азаматтық қоғамдағы адамның жағдайы адамның бастапқы табиғи жағдайдағы еркіндігі меен табиғатпен, өз-өзімен жасаған келісімнің өңін ауыстырған формасы ретінде бағаланады. Жекеменшік қатынасқа негізделген,яғни өзінің билігіне бағындыру мен бәрін өзінің меншігіне айналдыруға ұмтылған азаматтық қоғамда еркін адам жоқ:еркін болып туылған адам барлық жерде құрсауда, өйткені ол өзімен-өзі араз. Осы қалыптасып отырған жағдайдан шығу жолын ол теңдік пен еркіндіктің жаңа саяси түрін ендіру деп біледі. Оның негізгі халық пен билеушінің келісімі емес, шын мағынадағы халықтың өз-өзімен келісімі іспетті қоғамдық келісім және осының нәтижесінде суверен «саяси организм», «ұжымдық жан» пайда болады.Руссо осы сөзбен билік өкілет-тілігі бар басқарушыны емес, сол өкілеттілігі беретін халықты атайды Қоғамдық келісім теориясының Руссолық ережесі диалектикалық-логикалық және семантикалық негіздегі халық-суверен және «ортақ тұтас ерік» ұғым-дарына негізделген. 

Руссо бойынша Азаматтық қауымдастық пен Саяси организмде жоғарғы билікке қатынасын азамат пен мемлекет заңына бағынатын бодан- өзінің негізі жағынан егіз ұғымдар. Азаматтық қоғам мен саяси құқық прин-ципінің өзара қатынасының Руссоның ойының парадоксы мемлекеттің пай-да болуының тарихи негізі ретіндегі қоғамдық келісім идеясына және таби-ғи құқықтың әлеуметті жұмылдырудағы құндылықты-нормативті бастама-сына күмән келтіруге алып келеді. И.Бентам табиғи құқықты идеал ретінде санауға келісе отыра оның нақты қоғамның заңдық негізі мен позитивті құ-қық ретінде қолдануға болатындығына күмән келтірді. Табиғи құқық мін-детін заңды негізден келіп шығатын позитвті заңдардың легитимділігінің адамгершілік өлшеміне телу азаматтық қоғамның терең өзгерісі мен өзін-өзі ұйымдастырудың тәсәлі және либералды-демократиялық құқықтық мемле-кетпен өзара қатынасының нәтижесі болып табылады.

Неміс ағартушылығының көрнекті өкілі Вильгельм Гумбольдт өзінің «мемлекет қызметіне шекара орнату тәжірибесі» еңбегінде азаматтық қоғам мен мемлекеттердің арасындағы үш айырмашылықты көрсетеді:

Біріншіден, индивидтерді өздері арқылы «төменнен» жасалатын және азаматтық қоғамның спецификасын құрайтын ұлттық қоғамдық мекемелер жүйесіне мемлекеттік институттар жүйесі қарсы тұра алады;

Екіншіден, азаматтық қоғам «табиғи және жалпы құқыққа», ал мемлекет – «позитивтік» құқыққа сүйенеді;

Үшіншіден, әрқайсысының субъектісі сәйкесінше «адам» және «азамат» болып табылады. В.Гумбольдт, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо сияқты ойшылдар пікірінше азаматтық қоғам субъектісі – адамның мүддесі мен қажеттілігіне қанағаттандыруына құрал болу керек.

Ол осы ретте былай ой түйеді, мемлекет мақсат емес, ол адамныңдамуы үшін құрал ғана ізінің қанатын кең жайып өсіп кеткен мемлекет адамның еркіне, оның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына бөгет болатынына байланысты В.фон Гумбольд былай деп жазды: «Мемлекет неғұрлым көп әсер еткен сайын сол әсерді берушілер де, қабылдаушылар да біріне-бірі ұқсай түседі». Осы кезден бастап бірте-бірте азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлектігі туралы ойлар өріс алып әлеуметтік теңдікті, азаматтық еркіндікті қамтамасыз ететін шектелген конституциялық мемлекет туралы идеялар бой көтере бастады.

Азаматтық қоғамның тым радикалды концепциясын американ буржуазиялық революциясының өкілі Т.Пейн жасады. Американың атақты қоғамтанушысы Т.Пейн өзінің «Адам құқықтары» памфлетінде, егер табиғи құқықтар адамдарға табиғатынан берілген болса, ал азаматтық құқық ру-тайпалық қоғамнан мемлекетке өту процесінде жасалды. Бұл адамның өзінің күшімен қорғауға қабілеті жоқ құқықтары. Пейн заңды деп, жалпылама қабылданған конституция негізінде қалыптасқан мемлекетті ғана есептеді. Мұндай мемлекеттік басқару жүйесін ол «құқықтық, өркениетті» деп атайды Оның еңбектерінде мемлекетке қарама-қарсы тұратын азаматтық қоғам мәселесі орталық мәнге ие болды. Ол бойынша мемлекет қажетті зұлымдық : ол неғұрлым аз, әлсіз болған сайын қоғам үшін ол соншалықты пайдалы. Сондықтан да мемлекет билігі азаматтық қоғамның үлесіне қарай шектелуі керек, өйткені кез-келген адамға, қоғамға қатынастағы іш тартушылық тән. Азаматтық қоғам қаншалықты дамыған жетілген болса, ол соншалықты өзінің істеріне көп мән беріп, мемлекетті керек етпейді. Өздеріне тән құқыққа ие еркін және тең адамдар мемлекетке қатынаста өткен кезеңде де, осы кезде де, болашақта да жоғары тұрады. Мемлекетті заңды және өркениетті деп барлық азаматтардың қолдауымен құралған және осы белсенді қолдау конституциялық негізделіп, парламенттік, өкілеттілік тетікпен белгіленгенде ғана айтуға болады. Яғни басқарудың өркениетті жүйесі-азаматтардың қолдауына сүйенетін өкіметтің конституциялық басқару жүйесі. Мұндай өкіметте құқық болмайды, олардың тек өзінің азаматтарының алдында міндеті ғана бар.

Азаматтық қоғам концепциясын жасауда, толықтыруда және оның мемлекетпен байланысын көрсетуде Гегель көп еңбек сіңірді. Гегель бойынша азаматтық қоғам жеке адамдардан келіп шығатын дербес мүдделердің, мақсаттардың өзара әрекетіне негізделген бірлестіктер жүйесі болса, мемлекет-қоғамдық мақсатты жүзеге асырушы жүйе Француз, англо-саксондық және неміс қоғамдық-саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген шешімге келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.

Мемлекет пен азаматтық қоғам  екі қарама-қайшы бірақ тең дәрежеде қажетті бөліктер және әрқайсысы адам қатынасының жеке әлемін құрайды. Мемлекеттің негізінде билік ету, азаматтық қоғамның негізінде еркіндік жатыр. Егер мемлекет бірлікке ұмтылса, азаматтық қоғам көптүрлілікке ұмтылады, өйткені еркіндік кез-келген сыртқы қысымның жоғын білдіреді және өз қалауымен әрекет етуді көрсетеді. Дегенмен мұндай кез-келген еркіндік құқық дәлелі бола алмайды. Еркіндік құқыққа азаматтық тәртіпте заң үстемдік құрған аезде ғана қалыптасады, яғни ие бола алады, өйткені құқықтың өзі еркіндікті ортақ заң негізінде өзара шектеу болып табылады. Азаматтық қоғамның қалыптасуы, Гегель бойынша, буржуазиялық мемлекеттің және өзін дербес тұлға ретінде түсінетін құқық пен еркіндікке ие, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық тағы басқа да жауапкершілікті түсінетін азаматтың пайда болуымен байланысты. «Азамат ұғымының негізінде еркіндік принципі бар, өйткені тек еркін адам ғана азамат ретінде құқық пен міндеттеме ала алады»

Біртұтастықты құрай отыра және мемлекет құрамына бірлестіктердің мүшесі ретінде кіре отыра, азаматтар өзара көптүрлі экономикалық, адамгершілік тағы басқа қатынастардан тұратын жеке, дербес индивидтер ретінде қала береді. Осы қатынастардың бірлігі мемлекеттен бөлек ерекше байланысты құрайды. Егер мемлекет-тұтастықтан келіп шықса, азаматтық қоғам жеке адамдардың арасындағы өзара әрекеттен келіп шығады. Бұл қатынастар саяси қатынастардан мүлдем бөлек. Жоғарғы тұтастық ретіндегі мемлекетке бағына отыра адам бір мезгілде өзінің жеке өмірін өзі анықтайтын еркін адам теріндегі құқығынан айырылмайды. Осы ретте ол басқа адамдармен қатынасқа түседі және осының негізінде ортақ байланыс пайда болады. Ортақ саяси билікке бағынатын және жеке құқық нормаларымен басқарылатын осы жеке қатынастардың бірлігі азаматтық қоғамды құрайды.

Жалпы Гегельдің халық туралы пікірі жоғары болмағанын айта кету керек, оның ойынша ол өзіне ненің қажет екенін білмейді. Өзіне ненің қажет екенін білу –терең пайымдау мен ақылдылықтың жемісі, ал ол халыққа тән іс емес. 

Бірақ бұл пікірдің дұрыс еместігін бүгінгі нақтылық көрсетіп отыр, өйткені үкіметке бақылау жасау үшін халықтың белгілі бір жоғары деңгейдегі сауаттылығы керек. Сауаттылық, білімділік азаматтардың саясатқа қатынасуын кеңейтеді және үкіметтің іс-әрекетін объективті бағалауға, оны  нақты бақылауға алуына мүмкіндік береді. Қабілеттілік азаматтардың саяси іс-әрекетінің аясын кеңейтіп, сайлауға қатынасу мен жергілікті өкілеттіліктен бастап мемлекеттің жоғарғы органдарының ісіне қатынасуға мүмкіндік береді.

Гегель бойынша әлеуметтік өмір-отбасының этикалық дүниесінен және мемлекеттің көпшілік өмірінен радикалды түрде ерекшеленеді. Азаматтық қоғам нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, корпорацияларды, институттарды біріктіреді. Олардың негізгі міндеттеріне қоғамдық өмірдің қажеттілігі мен азаматтық құқықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жатады.

Азаматтық қоғам-азаматтық құқықтармен реттелетін және саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке тұлғалар, таптар, топтар және институттар комплексін құрайды.

Осылайша Гегель, «жалпы» және саяси мүдделер ғана емес,сонымен бірге жеке, нақтырақ, жеке меншікті мүдделер саласы да бар деген тоқтамға келді. Бұл саланы ол «азаматтық қоғамның» бөлігі ретінде анықтады.

Ол азаматтық қоғамның төмендегі үш компонентін көрсетеді:

1)индивидтің қажеттіліктері мен оның еңбегі арқылы қамтамасыз ету және қанағаттандыру;

2)мұнда жалпы еркіндіктің болуы және заң арқылы меншіктің қорғалуы;

3)полиция және корпорация көмегімен бір мүддеге жалпы мүдде ретінде қамқор болу.

Азаматтық қоғамның әрбір мүшесі сотқа баруға және сот алдында міндетті болуға, сондай-ақ тек сот арқылы оған берілген құқықтарды алуға құқығы бар.Бұл үшін әрбір индивид заңды білуі қажет, ал басқа жағдайда бұл құқықтар оған көмек бола алмайды.

Отбасы өзінің мүшелеріне қамқор болу керек, әйтсе де азаматтық қоғамда ол-бағынышты, керісінше азаматтық, қоғам-адамды өзіне біріктіріп, адам өзі арқылы өзіне ғана қызмет етуді талап ететін алып күш иесі. Егер адам азаматтық қоғамның осындай мүшесі болса, онда ол отбасында не болатындай құқықтар мен міндеттерін сақтайды. Азаматтық қоғамның өз мүшесін қорғауы,оның құқықтарын жүзеге асу тиіс, ал индивид өз кезегінде азаматтық қоғамның құқықтарын сақтауға міндетті.

Гегель көрсеткендей отбасына қарағанда, азаматтық қоғамды құрайтындар көбінесе тұрақсыз және шиеленістерге бейім болады. Олар жеке мүдденің басқа бір жеке мүдделермен қақтығысатын күрестің тынымсыз алаңын еске түсіреді. Азаматтық қоғамның бір элементінің шектен тыс дамуы оның басқа элементтерінің жойылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қоғам мемлекеттің аясында саяси басқарылмайынша «азаматтық» болып қала алмайды. Тек жоғарғы көпшілік билігі – конституциялық мемлекет қана әмбебап саяси қауымдастықта оның әділетсіздігімен нәтижелі күресін, нақты мүдделерін жинақтай алады. Осы позицияда Гегель азаматтық қоғам мен мемлекетті араластырғаны үшін табиғи құқықтың қазіргі теориясын сынға алады.

Азаматтық қоғам Гегель бойынша жеке мүдделер әлемі және сол сияқты, әлеуметтік дифференциацияның жоғары деңгейін білдіретін қазіргі әлемнің феномені және әлеуметтік институттардың дамыған жүйесі.

Жоғарыда айтып өткендей тарихи буржуазиялық қоғамда көрініс тапқан, сондықтан гегельдік «burgerlische Gesselschaft» түсінігі де осы ойды білдіреді.

Азаматтық қоғам мәселесіне К.Маркс еңбектерінде де ерекше мән берілді. К.Маркс азаматтық қоғамның гегельдік моделінің күрделі құрылымын жеңілдетті. Ол бойынша, азаматтық қоғам жеке меншікке негізделген буржуазиялық мемлекет қалыптасатын және қызмет атқаратын өзіндік форманы білдіреді.

Бұл қоғамда адам құқығы жеке эгоистік тұрғыдан емес, қоғамдық тұрғыдан қаралу керек, мұнда әрбір адам азаматтық қоғамның белсенді мүшесі, оның талап-тілектері қоғамнан тыс қарастырылмауы керек. Адамдар қызығушылығы мен құндылықтары қоғамның мүддесімен сәйкес келуге тиіс.

Маркс мемлекетті зерттеуде азаматтық қоғамды сараптауға сүйену керектігін жақсы түсінді. Ол бойынша мемлекет қоғамды тудырмайды, керісінше «жанұя мен азаматтық қоғам мемлекеттің алғышарттарын құрайды.» Маркстің ойы бойынша жекеменшік маңызды орынды алатын азаматтық қоғам мемлекетті тудырады, ал мемлекет жанұя мен азаматтық қоғамның тарихи дамуының нәтижесі, олардың қызмет етуінің негізі болып табылады. Азаматтық қоғамның іс-әрекеттік, қызметтік сферасы тек қана экономика ғана емес, сонымен қатар мәдениет, идеология және осылардан туындайтын қоғамдық қозғалыстарды қамтиды.

К.Маркс Гегельдің көрсеткен азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарама-қайшылықтық табиғатын ары қарай тереңдете түсті. Егер Гегельде бұл қарама-қарсылық мемлекеттің қарама-қайшылығынан туындаса Маркс оны азаматтық қоғамның ішкі қарама-қайшылығы арқылы түсіндіреді. Бұл қатардағы ең басты қайшылық таптық негізден туындайды. Қанаушы мемлекет пен езілуші таптардың арасындағы қарама-қайшылық одан да күрделі мемлекет пен азаматтық қоғамның қарама-қарсылығынан келіп шығады. 

Азаматтық қоғамның мемлекеттен қарама-қарсылығы адамның «әлеуметтік субъект» ретінде екіге бөлінуінен де көрінеді. «азаматтық қоғам мен мемлекет-дейді К.Маркс,-бір-бірінен алшақтаған, сондықтан да мемлекеттің азаматы азаматтық қоғамның толық мүшесі ретіндегі азаматтан ерекшеленеді. Шынайы азамат ретінде ол өзін екі бірлестіктен көреді: бюрократиялық ұйымда және азаматтық қоғам ұйымында»

Осылай, адам екіұдай өмір сүруге мәжбүр болады. Азаматтық қоғамда ол дербес адам ретінде әрекет етіп, ол мұнда басқа адамдарды өзінің іс-әрекетіндегі құрал ретінде көретін эгоистік жан ретінде көрінеді, және ол мұнда эмпирикалық шынайылықта өзінің сезімдік, индивидуалдық болмысында өмір сүреді. Таза шын мағынадағы азамат болу үшін адам азаматтық қоғам шеңберінен шығып ортақ деңгейге көтерілуі керек, және мұның бірден-бір жолы әлеуметтік және саяси революция. Мемлекетте адам шынайы индивидуалдықтан тәуелсіз және ол мұнда жасанды ортақтыққа ие. Бұл-абстрактілі, жасанды адам «қиялдағы суверенитеттің мүшесі». Бірақ мемлекет өміріне қатынаспай ол қоғамдық жан бола алмайды. Тек осы жерде ғана ол қоғам мүддесін түсінуге жақындайды. 

Азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарама-қайшылығы қоғамдық өмірдің және оның әртүрлі сфераларының бөлінуінің процесі болып табылады. Азаматтық қоғам мемлекет ерекше саяси сфераға көтерілгенде пісіп жетіледі. Буржуазиялық революция сословиелік артықшылықтармен қатар азаматтық қоғамнан саяси құрсауды да алып тастады және оны иеилекеттен бөліп алады. Мемлекеттің азаматтық қоғамнан алшақтау процесі бір жағынан оның мемлекет әсерінін және езгісінен босауына және екінші жағынан азаматтық қоғам тарапынан әртүрлі құқықтық және басқа да әлеуметтік институттар арқылы мемлекетті бақылауға алуына алып келеді. Осылай азаматтық қоғам Маркс түсінігінде мемлекеттің үстем билігінен босанған және оны өзінің бақылауына алған буржуазиялық қоғам болып табылады. 

XX ғасырдың 70-жылдары азаматтық қоғам концепциясы социалистік авторитаризм атап айтсақ поляк А.Михник, итальяндық Н.Боббио, неміс Ю.Хабермас еңбектерінде қайта жандана бастады. Азаматтық қоғамды «мемлекет-қоғам» дихотомиясы түрінде қараған Гегель, Маркс, Грамши еңбектерінің үлесі зор еді. 

«Мемлекет-қоғам» түсінігі XIX ғасырда кең мағынада қаралғанымен XX ғасырдағы саяси жәнеәлеуметтік ғылымдарда, философияда мүлде қолданылмаған еді. 

Азаматтық қоғам түсінігін жаңа қырынан зерттеген мықты Маркстік теоретиктердің бірі-Антонио Грамши болды. Оның 70-жылдардағы танымал еңбектері азаматтық қоғакм мәселесіне қызығушылық тудырды. Капиталистік қоғамдағы буржуазияның үстем ету механизмін зерттеп зерделей келе, Грамши оның 3 құраушы бөлігін яғни 3 қоғамды, атап айтсақ: «экономикалық қоғам» немесе «базис» (буржуазияның экономикалық негіздегі үстемдігі, оған ұқсату мен үлестіру кіреді екен) , «саяси қоғам» (мемлекеттік аппарат көмегімен мәжбүрлеу арқылы толық мағынадағы үстемдік етуі) және соңғысы «азаматтық қоғам» (олар түрлі одақтар, көбіне «жеке» мағынада – партия, кәсіподақтар, шіркеу, т.б.) Саяси және азаматтық қоғам бір – бірімен тығыз байланыста себебі екі ұғым бірігуінің нәтижесінде үстем етуші кластардың билігі жүзеге асады. Жоғарыда келтірген 3 қоғам бірігіп «төменнен» (түрлі одақтардың құрылуынан) және «жорғарыдан» ( экономикалық деңгейден саяси деңгейге өтуінен) бір деңгейде мемлекеттік билікті құру іске асады. Осы базис бойынша қайта құруды Грамши «тарихи одақ» деп көрсетті. 

Азаматтық қоғамның маңызды ұйымы-саяси партия билікке пар-ла-ментке көп орынмен немесе басқа да жолдармен келе отырып, жәжбүрлеу немесе бейбіт түрде үкіметті қадағалап, мемлекетті басқарады екен. «Саяси және азаматтық қоғам түсінігі арасындағы тығыз шиеленісті байланыс мемлекетті кең мағынада қарауға негіз болады,-дей келе , Грамши ,-«мемлекет=саяси қоғам+азаматтық қоғам» болғанда ғана гегемонияға жол жоқ»,-деп түйеді.

Грамшидің пайымдауынша , азаматтық қоғам орнату үшін сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне негіздей отырып азаматтық қоғам структурасын жан – жақты талдау қажет. Керісінше, іс – жүзінде еш зерттеусіз енгізу –гегемонияға әкеліп тірейді екен.

Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінің соңғы 10 жылын азаматтық қоғам үшін күрес ретінде тарихта көрсетуге болады. Итальяның ірі философтарының бірі – Норберто Боббио көрсетеді: «Біз саясатты тек мемлекет көзқарастарымен шектеп қарауды үйренгенбіз. Ал қазір біз көбіне саясатты қоғам көзқарастарымен қараудамыз. Осылай, біз көзқарастарымыздың бағытын өзгерттік. Мемлекеттің ұлттық теориясында қоғамға мүлде орын болмады, тек мемлекет,саяси жүйе ғана мойындалған еді. Бүгінгі таңда демократиялық структурамыз дамып, біз мемлекеттен гөрі қоғамға баса назар аудара бастадық. Мемлекетті бүкіл қамтылған жүйе емес, тек ғаламдық әлеуметтік жүйенің белгілі – бір тармағы ретінде қараймыз». 

Боббионың көрсетуінше жоғарыдағы қаралған мәселе демократия мәселелерін зерттейтін ғалымдар арасында үлкен дау тудырған еді. Ал қазір мәселе мына сұрақта болып отыр: «мықты мемлекет немесе мықты қоғам ба?» Ғалымдар ойынша, қазіргі кезде демократияның қасжауы деп азаматтық қоғам мүлде жоқ және азамат тәуелді болған тоталитарлы мемлекет екен. Сәйкесінше демократия «азаматтық қоғам қызмет ету арнасы кеңейе береді, ал мемлекеттің қызмет ету арнасы тарыла беретін» саяси жүйе ретінде қаралады. 

Азаматтық қоғамның кең мағынада тек индивидуалды либералдық тенденциядан тұрмайды екен, сонымен қатар ол коллективті және топтық дәстүр ретінде де қаралады. Осы тақырыпты жете зерттеуші ағылшын тарихшысы және саясаттанушысы Э.Блэк көрсеткендей Еуропада азаматтық қоғам түрлі коллективті структура – еркін қалалар, қолөнер гильдиялары, коммуналар мен корпорациялар негізінде қалыптасты. Олар ақырындап саяси демократияның табиғи ортасын «төменнен», яғни түп-тамыры деңгейінен қалыптастырды. 

Блэк пікірі бойынша азаматтық қоғам құндылықтары мен элементтері Еуропада XIII ғасырда қалыптасқан және оған төмендегідей түсініктер кіреді:

  1. жеке қауіпсіздікті талап ету;
  2. кез-келген жақ доминиондығынан еркін болу;
  3. заң алдында түгелінің теңдігі принципі;
  4. жеке мүлікке ие болу құқығы;
  5. жеке өмірге (privacy) құқығының болуы;

тұлға мен топ арасында тең дәрежеде сонымен бірге индивидтер арасындағы келісілген қатынастар институты;

  1. индивидтердің түрлі қасиеттерін мойындау, өзге адамға құрметпен қарау .

«Идеялар тарихы нақты дәлелдейді,-деп тұжырымдайды Блэк,-азаматтық қоғам құндылықтары Еуропалық саяси дәстүрдің тек жарты бөлігі ғана, ал негізінен олар достатық және өзаракөмек құндылықтарымен параллелді түрде қатар дамып, көркейді»  

Франкфурт мектебінің белгілі өкілі Юрген Хабермас модернизацияны бір жағынан «саяси мемлекет тәртібінен нарықпен басқарылатын шаруашылық жүйесін бөлу» ретінде қараса, екінші жағынан «азаматтық қоғам қалыптастырудың негізгі факторының бірі болып табылатын экономикалық тәуелсіздік» деп қарады. Негізгі критериі-жеке меншіктің болуы. Азаматтық қоғам бұл меншік қатынастарынан өрістейтін қоғамдық-саяси бағдарлар мен нормалар жүйесі. Жоғарыда көрсетілгендей азаматтық қоғамның тарихи негізі-өз кезегінде әлеуметтік құрылымдарға (сословие,әлеуметтік топ ,тап) бөлінетін азамат қауымы болып табылады.

Азаматтық қоғам тұжырымдамасы азаматтық қоғамды өз мүдделерін қорғай алатын еркін және жауапкершілікті адамдармен құрылған мемлекетке, оның институттары мен ұйымдарға тәуелсіз көлденең әлеуметтік қатынастар жиынтығы ретінде қарауды ұсынады.

Ю.Хабермас модернизацияны саяси мемлекет тәртібінен шаруашылық жүйенің басқару нарығын жіктеу десе, еуінші жағынан пайдасыз мемлекеттік аппарат шаруашылығын құру деп анықтама береді. Бұл азаматтық қоғам құрудағы негізгі факторлардың бірі долып табылады, яғни экономикалық тәуелсіздік мемлекетті оны бақылап отыратын механизмінен айырады. Бұл жерде жеке меншікке ие болу- басты шарт. Азаматтық қоғам –горизонтальды байланыс, қоғамдық –саяси бағыт және нормалар жүйесі, олар тікелей жекелік қатынастардан қалыптасады. Азаматтық қоғамның тарихи дамуын қарастыра отырып, дәстүрлі қоғамның бұрынғы құрылымының жойылуы мен қазіргі заманғы қоғамның қалыптасуына нарықтық экономиканың әсерін тигізгенін байқаймыз. 

Сонымен қатар, көптеген зерттеушілер саяси жариялылық сияқты факторлардың мемлекет пен жекелікті бір жүйеге жалғастыратын элемент ретінде қарастырады.

Хабермас төмендегі барлық қоғамдық құрылымдарды ұйымдастыру әр уақытта азаматтық қоғам оны «парасатты заңдар» күшімен заңдастырып отыруы тиіс, яғни азаматтық қоғамның ұйымдастырылуы мен бақылауындағы саяси жариялылық құралдарының күшімен.

Хабермас билікті екі түрге бөлді: коммуникация үрдісінде пайда болатын-билік және әкімшілік қолданылатын билік. Соған сәйкес бір-біріне қарама-қайшы екі үрдіс бөлінеді: бір жағынан, саяси қоғамның жылжуы үрдісінде туындайтын коммуникативті қалыптасатын заңды билік, екінші жағынан, әкімшілік заңды саяси жүйе арқылы саяси коммуникациялармен басқаруға тырысуы.

Жоғарыда азаматтық қоғамға берілген әр түрлі ойшылдардың көзқарастарынан азаматтық қоғамға төмендегіше тұжырым жасалады:

 Біріншіден, азаматтық қоғам-жеке меншік, жұмысшы күшінің және еркін кәсіпкерлік нарқының енуі негізінде адамның монарх езгісінен босап, өзі басқа да азаматтар сияқты заңды құқықтары тең азаматқа айналған ерте буржуазиялық құрылыс өкілі.

Басқаша айтсақ, өзгелермен тең азаматтық құқық және өзіндік азаматтық құндылықтары жоғары қаралған жаңа индивид-азаматтар болмайынша азаматтық қоғам болуы мүмкін емес.

Екіншіден, азаматтық қоғам-отбасы, білім беру жүйесі, ғылыми және рухани бірлестіктер, кәсіби, әйелдер, жастардың қоғамдық ұйымдары, әр түрлі кәсіптердің (студенттер, инженерлер , адвокаттар және т.б.)өкілдері және ассоциациялары сияқты мемлекеттік емес институттар арқылы жүзеге асырылатын жеке мүдделер мен адамдар қажеттілігі саласы болып табылады.

Үшіншіден, азаматтық қоғам- мемлекеттік институттармен үнемі қарама-қайшылықта болатын саяси емес ұйымдар жүйесі. Азаматтық қоғамның құрылымы мемлекеттің бұйрығымен қалыптаспайды, ол ішкі себептерге байланысты төменнен құрылады. Мұндай әлеуметтік салаға кіретін субъектілер бір-біріне тәуелсіз, еркін және тең бәсекелестер сияқты өзара қызмет жасайды.

Төртіншіден, ХХ ғасырдың басына қарай Батыстың көптеген елдерінде халықты билікке араластырудың қосымша механизмі ретінде азаматтық қоғамның нақты түрі жасалды.

Азаматтық қоғам-индивидтерді қалыптасуының жоғары формасы, заңды кезең. Ол елдердің экономикалық, саяси дамуының,халықтың әл-ауқатының,  мәдениетінің және рухани санасының өсуі нәтижесінде пісіп, жетіледі. Азаматтық тарихының өнімі ретінде азаматтық қоғам сословиелі-феодалдық құрылыстың қатал дәуірінде, құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастаған кезеңінде пайда болады. Азаматтық қоғамның пайда болуының басты шарты-барлық азаматтарда жеке меншік базасында экономикалық жекелік мүмкіндігінің болуы қажет.

Ⅱ.Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері.

Азаматтық қоғам мен азаматтық туралы қазіргі көзқарастар XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасырдың I-ші жартысында Батыс Еуропа мен Америка елдерінде пайда болды. Бұл кезеңде өндірістік және саяси революциялар, жаңа әлеуметтік теңсіздікті туғызған нарықтық қатынастардың дамуы, адамдардың қоғамдық өмірден алыстауы, олардың мемлекеттік билік тарапынан қызме-тінің шектелуі және т.б. процестер орын алды. Мұның бәрі әлеуметтік субъектілердің ұйымдасқан саласының пайда болуына алып келді. Кейіннен бұлар қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын институттар мен ұйымдар жүйесіне айналды, олардың басты міндеті мемлекет тарапынан болатын күш көрсету, зорлық, бағындыру функцияларын шектеу, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қатынасты дамыта отырып, жеке мен қоғамдық мүдделерді біріктіру болып табылады.

Азаматтық қоғамның шын мәнінде жұмыс істеуі Англияда және АҚШ-тағы адам құқы туралы биллдің және Франциядағы адам және азамат құқықтарының Декларациясының қабылдауынан басталады. Осыған орай, қалыптасқан азаматтық қоғамның негізгі белгісіне құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген адамдардың теңдігінің заңды түрде бекітілуі жатады. Азаматтық қоғам жетілуінің критериі-мемлекет тарапынан адам және азамат құқығының жүзеге асырылып,оған кепіл болу деңгейі болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртсек, буржуазиялық мемлекеттерде XVIII-XIX ғасырлардың ортасында азаматтардың құқығы мен бостандығы кең ауқымды формальды сипат алды. Халықтың бұқара бөлігі экономикалық байлықтан және қоғамның саяси өмірімен шеттетілді. Мұндай жағдайда XIX ғасырдың ортасында Еуропада солшыл қоғамдық-саяси қозғалыстар, ең алдымен бұқара халықты байлыққа және қоғамды басқаруға қатыстыруды өздерінің мақсаты етіп қойған социал-демократиялық бағыттар пайда болды. Социал-демократтар тек  конституциялық бекітулер ғана емес, сонымен қатар шынайы түрде негізгі жалпыазаматтық құндылықтар қамтамасыз етілген қоғам құру идеясын алға тартты. Олардың пікірінше, бұл қоғам бостандық, бірдейлік, әділеттілік, әлеуметтік теңдікке және ұжымдастыру принциптеріне негізделуі тиіс. Социал-демократтардың көзқарастары бойынша, жеке меншік, көпқырлы экономика азаматтық қоғамның экономикалық негізіне қызмет ету қажет.

Алғаш қолөнерлік гильдиялар Европада 1100жылдар шамасында қалыптасты. Негізінен өзара көмек, қол ұшын беру, шеберлер топтарының ар-ұят сезімі, әділдікті жалпы тану түсінігі принциптері себеп болған еді. Сол ғасырлар шамасында Европада –Балтықтан Провансқа дейін –қалалар қалыптасты. Қалалардың жоғарыдағы қолөнер гильдияларынан ерекшелігі мұнда басқарудың күрделілігінде, яғни магистраттар, милиция, сот, салық салу, өз монетасын соғу, т.б.еді. Ал кейбір қалалар атап айтсақ Флоренция, Падуя және Т.б. қала-гильдия негізінде қалыптасты. Қала мен гильдияның ортақ түсініктері өзін-өзі басқару, өзара көмек принципі, қоғам мүшелерін біріктіруші ант, құқықтарын анықтаушы кепілдік болды. 

Осы жерде сұрақ туындайды, бірігіп өмір сүру формалары айталық, қалалар, қолөнерлік гильдиялар, қауымдастықтар Европалық емес дәстүрлі қоғамдарда(Қытай, Үндістан, Ислам әлемі) да көрініс тапқан. Неге азаматтық қоғам түсінігі Европада қалыптасқан.

Батыстық қоғам ареалында түрлі тарихи тенденциялар мен мәдени дәстүрлердің өзара әсері, бір-біріне сіңісу процесі мықты орын алды. 

Біріншіден, орта ғасырда Қайта өрлеу дәуірінде көрініс тапқан антикалық мұра. Антикалық полис пен рим құқығы тәжірибесіндегі жеке меншік түсінігі азаматтық қоғам структурасының қалыптасуына ықпал етті. Орта ғасырлық Европалық қалаларда қолданылған consuls, senatus, universitas терминдері Рим дәуірінен қалған еді. 

Екіншіден, хрестиан дінінің әсері. Бұл дінде басқа діндерге қарағанда адам және тұлға еркіндігі идеясы кең мағынада қарастырылды. Адам тек «құдайдың бөлшегі» болғандықтан еркін емес, ол өзін танытуда еркін құқыққа ие.(Хрестиан дінінде құдай сыйы)

Соңғысы герман тайпаларының кейбір дәстүрлерінің әсер етуі (халық жиналысы институты, басшының соттардың сайланбалылығы) Осы элементтердің бір-біріне сіңісуі азаматтық қоғам қалыптасуының бастапқы элементтері болды.

Жоғарыдағы элементтерден басқа Қайта өрлеу дәуіріде, Реформация да ықпал етті. Әрине Европада азаматтық қоғам орнау үшін еш кедергі болмады деу қате пікір, себебі гильдиялар өркендеу монополиялық тенденцияларға бой алдырды, қалалар олигархтардың басқаруында болды. Дей тұрғанмен европалық қоғамдағы «азаматтық» дәстүрлер уақытша әлсірегенімен немесе мүлде жойылғанымен азаматтық жеке құндылықтар қайта жанданып, жаңадан пәрменді дамыды. Мысалға, Реформация төменгі топтық құндылықтарға, атап айтсақ қала, қауымдастық, коммуналарға оралуды мақсат тұтты. Реформация идеялары неміс қалаларында таралып дамуы кездейсоқ емес еді. Ерте буржуазиялық революцияның негізгі қозғаушы күші қала протестанттары болды. Бұл революцияларда (әсіресе ағылшын) азаматтардың құқықтары заңдық негізде қорғалды, заң алдында барша азаматтардың меңдігі негізделді. Дәл осылай протестанттық қауымдастықтардың бастауымен іске асқан сайланбалылық пен өзін-өзі басқару буржуазиялық бемократияның орнауына қыжмет етті. 

Осы саяси-құқықтық және мәдени дәстүрлердің батыс Европалық аймақта араласуы азаматтық қоғамның орнауына келіп саяды. 

Алайда қазіргі батыс әдебиеттерінде азаматтық қоғам мәселесіне пессимистік көзқарас қалыптасқан. Оның мәнін қысқаша шолып өтсек. Азаматтық қоғам толық мағынасында батыста тек ерте индустриалды этапта болған. Кейін жеке көзқарастар қоғамдық көзқарастармен қарама-қарсы дамып, қолданылу аясы кеңеюде. Азаматтық қоғам индивидтер арасындағы байланыс тек формальді түрге енген бұқара қоғамға жол берген. Сол себептен азаматтық қоғам батыста ұмыт болған, қазіргі өмірлік шындыққа жанаспайды екен. Осындай көзқарас венгр әлеуметтанушысы Адам Селигменнің еңбегінде айқын көрініс тапқан. Оның ойынша, азаматтық қоғамға жоғарыдағыдай қарау XVII-XVIII ғасырларда батыс қоғамдық ойында қарастырылған. Бұл идея Еропалық қоғамда индивидтендіру процесінің дамуымен және жеке және қоғамдық ұғымдарды жақындастыру, синтездеу үшін қолданылған болатын.

Селигмен индивид пен қоғамды байланыстырушы үшінші жақты 5 түрлі нұсқамен ерекшелейді:

1)адамға ақыл мен мейірімділікті сыйлайтын –құдай(протестантизм, Дж Локк);

2)адамдарды «табиғи» біріктіретін моральдық сезімдер(шотландтық ағартушылар Ф. Хатчесон, А.Фергюсон);

3)жеке бастың қамы қоғамнық қызығушылық орын алғанда деп сендіретін, сезімді билейтін сана;

4)нарықтағы субъектілердің эгоистік іс-әрекеттері бүкіл қоғамға оң ықпал етеді деп сендіретін «көрінбейтін қол» идеясы(А.Смит)

5)түрлі индивидтердің, топтардың қоғамдағы іс-әрекеттерін бақылайтын құқық.(И.Кант).

Азаматтық қоғамның жоғарыдағыдай концепцияларын екі түрлі көзқараспен қарау қажет еді. Біріншіден, индивидтердің қоғамдағы үстемдігін жоғарылататын либералдық тенденция(Д.Юм) Либерализм теоретиктерінің пайымдауынша сана сезімді билемейді керісінше құлқын билейді екен. Адам алдымен өз құлқынын тойдырып, сонан соң бірлескен іс-әрекетке көшеді екен. Келесі жағынан алғанда қоғамның буржуазиялық типін сынайтын социализм әсіресе марксизм.

Селигмен бойынша, мәселе азаматтық қоғамның кеңмасштабты емес, керісінше тар ауқымды қоғам –«small society» екендігінде. Бұл қоғамдағы азаматтар түгел дерлік бір-бірімен қатынаста, сенім білдіре алады екен. «Десек те мұндай қоғам үлгісі батыста келмеске кеткен. Бүгінде азаматтық қоғам түрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың дамуына стимул болып , этикалық идеал болғанымен Жаңа заманғы тұйықтардың шешілуіне қауқарсыз екен,-дей келе Селигмен,- Шығыс Европа мен Үшінші әлем елдеріндегі жас демократияның орнауына ондағы түрлі этникалық діни кедергілердің болғанына қарамастан, азаматтық қоғамның үлкен маңызды пәрменді ықпалы бар»,-деп келтіреді.

Бұл әдіс туралы не айтуға болады? Түгелімен алғанда не деректік, не методологиялық көзқарас тұрғысынан еш қисынға келмейді. Батыстық азаматтық қоғам концепциясының дамуын тек XⅦ-XⅦⅠ ғасырларға тіреп қою қате пікір.

Себебі азаматтық қоғам идеясы ғасырлар бойы және осы кезеңде де талқыланып келеді.

Сонымен қатар Селигмен азаматтық қоғамды дамыған жергілікті басқару және т.б. белгілерімен ерекшеленетін индивидтердің өзара іс-әрекеттері қалыптасқан идеалды модель ретінде қарастырады.

Мемлекеттің азаматтық қоғамға және сәйкесінше азаматтық қоғамның мемлекетке қатынасын өзінің еңбегінде тыс қалдырады. Оның қателігі де осында еді. Себебі Селигмен қарастырған батыста азаматтық қоғамның демократиялық мемлекеттің қалыптасуына мықты ықпал етті. Тек XⅦI ғасырда емес, осы кезеңге дейін десек қате емес.

Әрине венгрлік ғалымның дамыған мемлекеттерде азаматтық қоғам түсінігі батыста ерте кезде орнаған демократиядан әлдеқайда өзгерген деген ойымен келісуге болады. Десек те, азаматтық қоғам жойылып кетті деу ағаттық болар. Қазіргі таңда батыста түрлі топтар, ассоциациялар және кәсіподақтар мемлекеттік масштабта дамып, қоғамға мықты әсер етуші деңгейге жеткен.

Ал азаматтық қоғамның батыстық емес қоғамда қолданылуы туралы түрлі және қайшылықты пікірлер қалыптасқан. 

Біріншіден, азаматтық қоғам түсінігі батыстану процесінің бөлшегі ретінде қарастырылса, екіншіден, азаматтық қоғам туралы батыстық емес мемлекеттің әңгіме қозғауы қажет емес. Себебі азаматтық қоғам түгелімен дерлік батыстық өркениеттің жемісі ретінде екен.

Тұлғаның құқығын қорғау және жеке меншік сынды институттар азаматтық қоғамның Европоцентристік үлгісін қалыптастырады екен. Ал батыстық емес қоғамдағы азаматтық қоғамды зерттеушінің де осы институттық құндылықтарды кездестіретіні де белгілі. Себебі отбасы, қауымдастық, конфессионалды бірлестіктер, формальді емес топтар, және с.с түсініктер дәстүрлі шығыста ортағасырлық Европадағыдай қалыптасты. Шығыс қоғамы да өзіндік топтық және қаүымдық мүдделерін Европалық қала, гильдия немесе коммуналар сияқты қорғады. Десек те бірнеше айырмашылықты көрсетуге болады. Біріншіден, мемлекеттік, мемлекеттік емес, «жеке» шеңбердің болуы болса, екіншіден, батыста және батыстық емес қоғамдардағы корпоративті-қауымдық іс-әрекеттердің түрлілігінде еді.

Ортағасырлық Европада көбіне мемлекеттер тұрақсыз еді. Оны біз «екінші Рим» құруға (Ұлы Карл, Гогенцоллерндер) ұмтылысының кризиске соқтырғандығынан тарихтан білеміз. Батыстық емес қоғам аса пікір алуандылығымен ерекшеленбейтін еді. Мемлекет қоғамның өзіндік қызметін шектеп, аса маңызды рөл ойнады. Кейінгі орта ғасырда және жаңа замандағы шығыста империялар тек «идея» күйінде емес, сонымен бірге шын мәнісінде болған, орнаған еді. 

Әрине шығыста да батыстық қоғамнық структураға тән ұйымдар-қалалар, корпорациялар, қауымдастықтар және отбасылар қалыптасқан еді. Бірақ та бұл қоғамда өзіндік басқару және тұлғаның автономдығы сынды тенденциялар әлсіз қалыптасты. Және ол шығыстағы қоғамдық қызметтің дамуына өз кедергісін тигізді. 

Батыстық емес аймақтағы азаматтық қоғамның даму тенденциясы Европа қоғамына тән азаматтық қоғам үлгісімен қатар дамыды десек болады. Мысалға Жапонияны алсақ. Жеке меншік бұл елде ортағасырларда-ақ қалыптасқан еді. Кейінгі ортағасырлық қоғамда мануфактура мен сауданың дамуы маңызды еді, соның нәтижесінде ұсталар мен көпестердің профессионалды ұйымдары қалыптасқан еді. Алайда ең бастысы Токугава дәуірінде дәстүрлі коллективизмнің негізі қалыптасты, немесе «иэ»- негізінен бұл отбасыдан құралатын кең ауқымдағы келісілген индивидтер жиынтығы десек те келеді.

ⅪⅩғасырдың екінші жартысындағы Жапониядағы жоғарыдағы эволюция батыстық идеяның ықпалына ұласты. ⅩⅨ-ⅩXғасырдағы Жапонияның экономикалық, саяси структура мен азаматтық қоғамның қалыптасуына батыстық идеямен жапон дәстүрлі топтарының әсерлесуі игі ықпалын тигізді. 

Батыстық емес өркениеттегі топтық қатынастардың батыстық формаға қарағанда өзіндік спецификалық ерекшелігі болды. Мысал үшін Қытайды алсақ (сонымен бірга Африка мемлекеттері) Онда индустрияға дейінгі дәуірде жабық қоғамдар кең өріс алды. Таяу шығыс және Үндістан аймағында кіші топтар «оқытушы-оқушы» үлгісінде қалыптасты. Сонымен бірге діни ұйымдар қоғамда автономды қызмет атқарды.(будда монастырлары) Осының бәрі батыстық емес қоғамда азаматтық қоғам орнауына мықты негізх болды.

Әрине азаматтық қоғамның бұл елдерде мықты қанат жаюына батыстық азаматтық қоғам институттары және оның саяси идеялары жемісті қызмет атқарды. Үндістан мемлекетін алсақ. Үшінші әлем елдерінің ішінде саяси демократия мықты орнаған және бұл елде азаматтық қоғам мықты қалыптасқандығын мойындамауға болмайды. Мұнда кәсіпкерлер ұйымы, кәсіподақтар, шаруашылық серіктестіктері, ғалымдар ассоциациясы және т.б. саяси партиялар туралы айтпағанда. Кіреді екен. Бұл бірлестіктер мемлекеттен біршама тәуелсіз және біршама ықпал ете алатын дәрежеде жеке-дара дамыды. Үндістанда бүкіл қоғамдағы таптардың саяси және әлеуметтік мәселелерін қарастыратын «төменнен» қалыптасатын демократия кең қанат жайды. Көбіне әдебиеттерде «еркін қоғам» (grass-roots democracy) ретінде түсіндіріледі.

Азаматтық қоғам қалыптасуының Ресейлік моделін қарастырсақ, әрине батыстық және шығыстық модельге тән күрделілік бұл елге де тән. Ресейде көбіне шығысқа тән мемлекеттік әсер мықты еді. Мемлекет қоғамдық институттардың негізін қалаушы инициатор ретінде шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, әрине саяси қатынастарға араласып отырды. Төменнен жеке қалыптасу шектеліп отырды. Қоғам мемлекет тарапынан түрлі салықтың қыспағында болды. Осыдан келіп, қалалардың сауданың, кәсіпкерліктің баяу дамуы көрініс табады. Нәтижесінде Ресейде дәстүрлі қоғам, дәстүрлі мәдениет «төменнен»,табиғи эволюция жолымен  нашар дамыды. Бұл бірінші кезекте шіркеуге қатысты еді. Орыс православ діні өзіне Византиядан мемлекеттік билікті қолда ұстауды мұра еткен еді. Мемлекеттің шіркеуге қарсы тұру қадамы сирек еді(Иван Грозный кезіндегі митрополит Филипп, патриарх Никон). Протестантизм, католицизм және шығыстық діндерге қарағанда орыс православ діні саяси және әлеуметтік тұрғыда рухани төмен еді. Орыс шіркеулері батыс хрестиандықтан қарағанда бұқараның білімге аса көңіл аудармады. Ресейде шіркеулік-приходтық мектеп тек1839 жылы ғана, европалық елдерге қарағанда әлдеқайда кеш пайда болды. 

ⅩⅨ ғасырға дейін қауымдастықтар помещиктердің ықпалында болды. Европалық «үшінші сословие» Ресейде мүлде орнамады десек те болғандай. Орыс көпестері үнемі мемлекет қысымында еді. Бір жағынан, салық салса, өтімді тауарларда монополия орын алды, ал үшіншіден тікелей мемлекеттік билікке- жеке өндірісті басқару, тиын соғу т.с.с. қызметтермен айналысты. Осының баршасы Ресейде көпестік қауымдастықтың және саудагерліктің дамуына өз кедергісін тигізді. ПетрⅠ және ЕкатеринаⅡ кезінде ғана көпестік корпоративті құқықты тек формальды түрде алды.

Мемлекет тарапынан автономды болған тек дворяндық еді. (1762 ж дейін)Десек те дворяндық азаматтық қоғам құруға өз құқығын пайдаланбады. Себебі олардың көбі мемлекетке түрлі себептен бағынышты едң. Дворяндар саяси консервативті позицияны ұстанды. Революциялық қозғалыстарды тудырған орта деңгейдегі дворяндар бұл бағытты қолдамады. Самодержавие кезінде саяси оппозиция «жабық» түрде қызмет етті. 

Азаматтық қоғамның Ресейдегі реформаға дейінгі кезеңде қалыптасуына Земство яғни жергілікті басқару институты мықты әсер етті. Десек те оның астарынан гөрі көбіне әлеуметтік әсерлер көрініс тапты. 

ⅩⅨғасырдың екінші жартысынан бастап азаматтық қоғам мәселесі орыстың либералдық бағытты ұстанушы ғылыми және қоғамдық ойлардың өкілдері еңбектерінде қарала бастады. (Е.Н Трубецкий, Б.НЧичерин, П.И Новгородцев, С.Л Франк т.б.)Түгелімен алғанда революцияға дейінгі ойшылдар азаматтық қоғам түсінігін европалық идеялар негізінде құқықтық аспектіге баса назар аударып, шебер де адекватты талқылаған еді. 

Азаматтық қоғам тарихы Ресейде тек 1905 жылы ғана басталған еді. Ол кезде тек саяси партиялар емес, сонымен бірге –көптеген қоғамдық ассоциациялар-өндіріс, кәсіпкерлік одақтар, шеберлік ұйымдар, корпоративті қозғалыстар т.с.с қалыптасты. Алайда бұл кезең ұзаққа созылмады. Себеп тек тарихи қолайсыздық (дүниежүзілік соғыс, революциялық сілкіністер) емес, сонымен бірге түрлі қоғамдық күштерді біріктіруші консенсустың жоқтығы еді. Бұқара халықтың әлеуметтік және мәдени жіктелуіне әкеліп соққан антидемократиялық мән еді.

1917 жылдан кейін Ресейдегі азаматтық қоғамның өркендеуіне бірпартиялылыққа негізделген коммунистік билік тамырына балта шапты. 

Кеңестік жүйеде азаматтық қоғам, яғни жеке қатынастар саласы мемлекетке қарама-қарсы қойылды. Нәтижесінде біріншіден, шынайы азаматтық қоғам болған жоқ, екіншіден, оның элементтерінің заңсыз жағдайға ұшырауы жиі кездесіп отырды.

Идеологиялық прессинг мемлекетке сенімсіздікпен қараушы кері реакцияға, азаматтың жауапкершілік сезімін жоғалтуына, ал кейбір деңгейлерде-сол кезеңдегі тәртіпке мардымсыз қарсылықтарға үндеді. Мемлекеттілік пен жеке мүдделер арасындағы шиеленіс айқын көрінді,мемлекетпен бақыланбайтын ешбір әлеуметтік құрылым болмағандықтан,қоғамдық мүдде орын алған жоқ.

Ақырында, жоғарыда көрсетілген мысалдар себебінен жүйенің құлауына әкелді. Ешбір мемлекеттік құрылым жеке салаға қарама-қарсы жағдайда ұзақ уақыт өмір сүре алмайды. КСРО-да осы кезеңнің өзінде-ақ мемлекетікке жатпайтын өзінің жеке мүддесі мен қажеттіліктері бар индивидтер қалыптаса бастаған болатын. Бұл көріністерге қарсы идеологиялар жұмыс жасаған жоқ, яғни оны ешкім қабылдамады. Азаматтарды мобилизациялауға алғашқы қадам жасауға бет алды. Мемлекет номенклатуралы сипат алды, ал бюрократия материалды құндылыққа жету үшін өз жағдайын пайдаланды. Идеологиялық күрес жеңіліс тауып, мемлекет бұрынғы күйінде сақталып тұра алмады.

Партияның құлауы шешуші сәт болды, артынша ол мемлекеттің ыдырауына алып келді. Бұл құрылымның идеологиялық сипаттағы себебі-олар бір мақсатты көздеп,бір-бірімен байланысты болды. Нәтижесінде мемлекет тез ыдырап,тек оның сарқыншақтары мен әлсіз құрылымдағы қоғамдық бұқара сақталды. Идеологиялық жетіспеушілік қоғамдық қозғалыстармен толықтырылды.

Ол арқылы көтерілген мәселелермен олардың мақсаттары ортақ болды және ең алдымен, саяси бостандық, адам құқығы сияқты мәселелермен анықталды.

Белсенді саяси жұмыстар КСРО-ның түпкілікті құлағанына дейін жүрді, одан кейін жаңа кезең туындады. Енді жаңа мемлекеттік құрылымды қалыптастыруға күш қажет болды. Бірақ олар әлі бұған дайын емес еді. Қоғам бұл жағдайда саяси күш ала алған жоқ.

1985 жылдан бастап, қазіргі азаматтық қоғамды тудыру және орнату мәселелері қолға алына бастаған еді. Басым көпшіліктің әкімшілік тоталитарлы жүйені құптамауы, мемлекеттің өз функциясын орындай алмауы және қоғамдық қатынастарды реттеуші бола алмауы  қоғамда қарама-қайшылықтарды туғызып, нәтижесінде ойлау парадигмасының өзі өзгеріп, ақырында КСРО-ның құлауына алып келген саяси өзгеріс болды.

Бүгінгі тәжірибе азаматтық қоғамсыз нарықтық экономикаға өту және саяси демократияның қалыптасуы мүмкін еместігін көрсетеді. Сонымен бірге мемлекеттік биліктің «жоғарыдан» емес, «төменнен» яғни азаматтық қоғам орнауымен нығая түсетіндігін көруге болады. Ал Ресейде ТМД елдерінің көбінде ол енді қалыптасып келеді.

Әр елдердің тәжірибесі өте түрліше және күрделі. Біз ойлағандай азаматтық қоғам әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар қолдан-қолға өтіп әп сәтте орнай қойған жоқ, яғни уақыт ағымына байланысты бірнеше жылдар бойына жинақталған тәжірибе арқылы, сол елдің ішкі және сыртқы ерекшеліктері есепке алына отырып, пісіп жетілген сәтінде қалыптасты.

Бүгінде капитализм азаматтық қоғаммен тығыз байланысты деген қате пікірлер де орын алып жүр. Мысалы:Азияның экономикалық «барыстары»-Сингапур; Тайвань, Оңтүстік Кореяда азаматтық қоғам позициясы әлсіз.

Сонымен қатар, экономикалық өсу әрқашан азаматтық қоғамнан өрістейді деген пікірлерге келсек, бұл да қате пікірлердің бірі болмақ, себебі кедейшілік орын алған Индиямен Бангладеш елдерінде азаматтық қоғам мықтап орын алған.

Әйтсе де жоғарғы экономикалы Қытайда Азаматтық қоғам әлсіз.Америкалық зерттеуші Аллан Фаулердің көрсетуі бойынша азаматтық қоғамға үш түрлі көзқараспен қараймыз:

1.Үштік бірлесуші-мемлекет,коммерциялық және коммерциялық емес  сектор;

2.Альтернативті(немесе саяси)көзқарас-динамикасы, яғни пікірлер-мәжбүрлік-қарсыластық-революция;

3.Азаматтық қоғамға «арена»ретінде қарау немесе барлық үш секторлардың қол сұғылмайтын аумағы, төртінші сектор-отбасы.

Бұлардың ішіндегі ең танымалы-біріншісі. Көрсетілген ұйымдар әр түрлі пропорцияда немесе саяси және әлеуметтік салада бір-бірімен өзара тығыз әрекет ететін әр түрлі қоғамның түрлі позицияларында өмір сүреді.

Әріптестікті Дамыту институтының жүргізген сауалнамасы бойынша Азаматтық қоғамның дамуына бірнеше себептерді көрсеткен сараптамашылар пікіріне талдау жасап өтетін болсақ,Азаматтық қоғам және Халықаралық Даму бойынша кеңесші және сараптамашы Аллан Фаулер:Азаматтық қоғам-бірдей рөлді емес және ол бір жағдайда қалыптаспайды. Адамдар, яғни оның азаматтары өздерінің айқын мүдделерін көздейтін, қажеттіліктерін қанағаттандыратын және өз құқықтарын қорғайтын бұл жол -әр елде түрліше қалыптасады. Неге? Әрбір елде өзінің ішкі әлеуметтік және саяси жүйесі, тарихи және  даму эволюциясы бар. Міне, сондықтан азаматтық қоғам дамуының кезеңдерімен қатар,оның қалыптасу себептері мен даму мүмкіндіктері де түрліше орын алады.

Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе, азаматтық қоғам көлденең, биліктік емес байланыстар және қатынастар негізінде құрылады. Бұл байланыстар мен қатынастар бірнеше деңгейлер мен қабаттарды құрайды. Азаматтық қоғам фундаментін қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етуші қатынастар қалыптастырады. Қазіргі жағдайда азаматтық қоғам негізін адам мүддесін және қоғам мүддесін толыққанды сақтайтын меншіктің түрлілігіне негізделген экономикалық қатынастар құрайды. Экономикалық плюрализм адамдардың өндіріс құралды жатсынуын туындатпау үшін қажетті алғышарттарды жасайды. Меншікті иелену жеке немесе ұжымдық негізде болуы мүмкін. Меншіктің болуы қандай қоғамда болмасын, адам бостандығының негізін қалаушы шарт болып табылады. Заңмен сенімді түрде қорғалған меншіктің болуы адамның белгілі бір дәрежеде мемлекеттік билікке тәуелсіз жекелігін білдіреді. Субъектінің жеке мүддесі, меншігі-оның іс-әрекетінің күшті стимулы болып табылады.

Келесі деңгей-отбасылы-туыстық, этникалық, діни және басқа да тұрақты қатынастар кіретін әлеуметтік-мәдени қатынастар. Азаматтық қоғам көптеген әлеуметтік топтар мен қабаттардың, олардың өкілдерінің әр түрлі мүдделерін бейнелейтін түрліше әлеуметтік құрылымға негізделеді.

Азаматтық қоғамның жоғарғы қабаты-бұл жеке сайлаулармен, саяси және мәдени таңдаулармен рухани құндылықтармен байланысты қатынастар. Бұл әр түрлі мүдделі топтар, саяси партиялар(басқарушы емес), қозғалыстар, клубтар, қысым көрсетуші топтар және т.б. Сонымен, барлық адамдардың еркін ойын білдіруді қамтамасыз ететін, идеологиялық стереотиптерді жоққа шығарушы мәдени-саяси плюрализмді ұсынады.

Азаматтық қоғамның осы қабаты мемлекеттік саяси жүйемен тығыз байланысты, ең әлеуметтік белсенді институттарды өзіне біріктіреді .

Осылайша, азаматтық қоғам –қоғамдық өмірдің экономикалық-әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және рухани өмірінің тіршілік әрекетін, олардың ұдайы өндірісін және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуін қамтамасыз ететін жүйе.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде келесі анықтаманы беруге болады: азаматтық қоғам-мемлекеттің ешбір араласуынсыз қоғамда ерікті негізінде дамитын индивидтер мен ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыратын жағдайды қамтамасыз ететін, тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық, экономикалық, мәдени, діни қатынастар және құрылымдардың жиынтығы, қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы.

Азаматтық феномен мықты интегративтік сипатқа ие. Формасы бойынша саяси құқықтық құбылыс болып табылатын азаматтық мемлекетте тұратын адамдарда, олардың этникалық, діни, нәсілдік және т.б. айырмашылықтарына қарамастан біріктіреді. Оныхалық деп атайды. Ха-лық бұл біріншіден азаматтық қауым. Азаматтық кез-келген индивидті, халықты және жалпы мемлекеттік билік қатынастарының қатысушыларына айналдырады. Индивид пен мемлекеттік биліктік қатынастар жүйесіндегі қызметі индивидті Азаматқа, ал тұрғындарды-азаматтық қауымдастыққа айналдырады.

Азаматтықтың интегративті қызметі индивидті қоғамдық өмірге араласудың толық және әділетті механизмі болып табылады. Индивид өзінің табиғи қажеттіліктерін тек жалпы азаматтық процесс барысында өтей алады. Азаматтық қоғамда бостандық қоғамның кез-келген мүшесінің индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды инди-видуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беру деп түсіндіріледі. Мұны, I-ден, заң алдында барлығының тең болуы; II-ден, жеке және әлеуметтік бостандықтың негізі болып табылатын меншікке қол жеткізу мүмкіндігі арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жеке тұлғаның автономдылығы мен бостандығы, заң алдындағы теңдігі-азаматтық қоғамның негізгі принциптері болып табылады

Сонымен азаматтық қоғам ұғымы өзіне:адам құқығын қорғауды, демократиялық, құқықтық, жоғары дамыған қоғам қалыптастыруды біріктіреді. Азаматтық қоғамның даму субъектісі адам болып табылады. Мемлекеттік мүдденің орнына қоғамдық, жеке мүдделер қойылады. Аталған жүйеге өту тек экономикалық саланы (коммерциялық емес ұйымдар, Үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз кәсіпкерліктер және жеке шаруашылық сектор) мемлекеттік аппарат негізінен бөліп алу жолымен ғана жүреді. Мұндай жағдайлар модернизация арқылы жүзеге асырылады.

Әдебиеттер тізімі:

1.Скворцов В.В. «Демократический процесс становления основных структур гражданского общества, теория и практика»

  Алматы. КазГУ .2001год.

2.Кин Джон. «Демократия и гражданское общество»/перевод с англ Абрамова М А/ Москва Прогресс-Традиция 2001год.

3.Утченко С.Л. «Политические учения Древнего Рима»(III-Iв.д.н.э.)Москва.:Наука. 1977год.

4.Нугманова К «Политическое понятие гражданского общества» Алматы 2005год.

5.Гегель. «Философия права.» Москва., 1990.

6.Хабермас Ю. «Демократия. Разум. Нравственность.»(интервью,лекции) Москва.,1992год.

7.Маркс К.,Ф Энгельс. Сочинения Т.1. 

Мерзімді басылымдар тізімі:

1.ҚазҰУ хабаршысы./Фил. Мәд. Саяс. Сериясы/2002 №1.// «Саяси ілімдегі азаматтық қоғам мәселесі.»

2.Евразия.  2005№5//БалгимбаевА.С. «Гражданское общество: модель и реальность.»

3.Саясат. 2003№12//МұсатаевС.Ш «Батыстық азаматтық қоғам концепцияларындағы адам құқығы мен бостандығының кейбір мәселелері.»

4.Қоғам және дәуір. 2004.№3//Белгібаев С.« Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуының кейбір аспектілері.»

5.Мировая экономика и международные отношения. 1995№11//Хорос В «Гражданское общество: общие подходы»

6.Саясат. 2004№4//ИскаковаГ «Гражданское общество как условие реализации прав человека»

7.Полис: полит. исслед. 1995№3//РезникЮ.М. «Гражданское общество как понятие»

8.Жас алаш. 2002.1.6.//Нысанбаев Ә. «Азаматтық қоғамның мҚазақстандық үлгісін қалай қалыптастырамыз.»

9.Социально-политические науки. 1991.№6. // Лобер В.И. «Проблема демократии в политической философии Норберто Боббио»