Ауаның радиактивті ластануы туралы реферат

0

Тақырыбы: Ауаның радиактивті ластануы

Адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кең қолданылуда.  Осы элементтерді тасымалдауға болатыннемқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ор таның радиактивті нуклеудтермен ластануы өте аз мөлшерде боолады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болғанда жағадай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезеңде әскери өнеркәсіптің радиактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршағаш орта үшін аса қауіпті болып түсуде.

Радиактивті ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциасы ашылғаннан бастап пайда болды. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсаттарда пайдалана бастады. Атом энергиясын сақтандыру кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті шлак түзіледі. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мұхитқа тастауға рұқсат етілмейді. Әрине бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиактивті заттар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлық нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар болондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергиясының мәселелері миллиондаған  адамдарды ойландыруда. Атом электростанциядағы апараттарға немқұрайлы қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшыратуы мүмкін. Солардың бірі – Чернобыль ядролық апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясында еш уақытта болмаған апат. Чернобыль апты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.

Біздің республикамыздағы Семей ядролық сынақ аймағы жайында тоқталып кетсем. Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бір неше  мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Қазақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмйды. Оларға батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарын жатқызуға болады. Адам күнделікті тұрмыста да түрлі тұрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы адам баласы телевизор қараудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда  370 мбэр сәуле алады.

Атмосфераның озон қабатының жұқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.

Радиактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі нақтылы қатер төндіреді, олардың көздері мынадай төрт түрге бөлінеді:

жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өңдеуші кәсіпорындардың қалдықтары (уран кен орындарының үйінділері,өздігінен төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің бөлшектелген жабдығы);

ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар;

мұнай өндіру өнеркәсібіөнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары;

ядролық реакторлардың жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар

мен радиоизотоптық өнім.

Қазақстанда табиғи радиактивтіліктің жоғары деңгейін беретін уран беруші алты ірі өңір, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кеніштер, уран өндіруші кәсіпорындар мен ядролық жарылыстар жаса лған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.

Қазақстан аумағының 30%-ында адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиактивті газ-радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшін пайдалану қауіпті болып табылады.

Қазақстанның кәсіпорындарында иондаушы сәулелердің пайдаланудан қалған  5о мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшін аса қауіпті болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.

Халықтың радиактивті улануын және қоршаған ортаның ластану қаупінің алдын алу үшін: радиактивті ластану көздерін түгендеу жөніндегі жұмыста аяқтау және 2005 жылға дейін табиғи радиактивтіліктің халықтың денсаулығына теріс әсерін зерттеуді қамтитын бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ құрылысқаарналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезінде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерінің радиактивті ластануына бақылау жүргізу және  мұнай ұғымдары мен өздігінен төгілетін және өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымдарды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберінде радионуклидтердің жоғары құрамы бар гидрогеологиялық  ұңғымаларды жою, жоғары радиациялық  сәуле алу қаупі туралы халықты уақытында хабардар ету жөнінде шаралар әзірлеу.

Поблеманың кешенді шешілуі радиактивті қалдықтарды ұстату мен көму жөнінде мамандандырылған құруды көздеу тиіс.

Аталған іс –шараларды жүргізудің нәтижесі халықтың сәуле алуы мен қаршаған ортаның радиактивті ластануын төмен дету болмақ.

Бактериологиялық және химялық ластану

Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупін Арал теңізіндегі Возрождение аралығындағы биологиялық полигонныың қызметі төндіреді. Кейбір биологиялық агенттердің қоаршаған орта объектілерінде және жануарлардың организмінде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемелекеттер аумағында таралу қатері бар. Возрождение аралында оба, күйік және туляремия сияқты өте қатерлі жұқпалы аурулардың табиғи ошақ аймақтары болуы мүмкін.

Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшін Возрождение аралының аумағындағы қоршаған орта объектілері мен фаунаның тұрақаты эпидемиологиялық және эпизооторогиялық моноторингін жүргізу керек.

Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды қоздырғыштардың ұзақ сақталуы мүмкін тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлі бөлігіне бағалау жүргізуді, арал аумағының Қазақстандық бөлігін зарттеуді, оң нәтиже табылған жағдайда Возрождение аралығындағы биологиялық полигон қызметінің зардаптарын жоюды аяқтау қажет.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттік ұйымдар республика аумағындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың қодырғыштары штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы моноторинг жүргізеді. Барлық облыстардан бөлінген барлық штаммдар аса қауіпті жұқпалы аурулар қоздырғыштарының депозитарийі болыптабылатын Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келіп түседі, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етілген және режим бойынша барлық  алаптар сақталады.

Қазіргі уақытта АҚШ-бірлесіп мақсаты аса қауіпті жұқпалы аурулардың қодырғыштарынан халықты қорғау және едлің биологиялық қаупсіздігін құру болып тпбылатын «Қазақстан Республикасындағы белсенді эпидемиологиялық мониторингтің ықпалдасқан жүйесін құру» бағдарламасы бойыша жұмыстар басталды.

Химиялық ластану. Химялық заттар арсында Қазақстанда ерекше қауіпті органикалық ластағыштар тудырады. 2001жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.

Тұрақты органикалық ластағыштар-уатты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағышымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлі тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетін түрлері бойынша трансшекаралық объектісі болып табылады, құрылық экожүйелері мен су экожүйелерінде жинақталып, өздерінің шығарынды көздерінен алыс шекарада шөгеді.

Белгілі бір органикалық зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар ішкі реттеу жүйесін бұзады. Аз мөлшерінің өзінде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейінгі ұрпаққа берілуі және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қатер төндіруі мүмкін.

Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуір бөлігін пестицидтер құрайды. Өсімдіктерді қорғаудың  жаңа құралдардың сан түрлілігіне қарамастан әлі күнге талдау жасалатын үлгілерде   1950-1960 жылдардың пестицидтары табылуда.

Өнеркәсіптік ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнерркәсібі кәсіпорындарда құралады және пайдаланылады.

ТОЛ-табиғи ортаны ластауының объективті бағалауы жоқ, өйткені мониторингтің қазаргі жүйесі топырақтағы және тамақ өнімдеріндегі пестицидтердің қалдық санын ғана анықтайды.

Қоршаған ортаның биологиялық ласатнуы

Табиғи ортада химялық және радиациялық ластаушылардың басқа адмда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адам организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 50-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразитінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, олардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Оларға безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Микроьтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт-адам организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмдерге түскен микробтарға өсіп-өнуге айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгкрістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі клеткаларда бейімделіп өсіп-өне береді. Сол сияқты тек ішек-қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек тырысқақ, қантышқақ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.

Тіршілік етуге бейімделген клетқаларға микроорганизмдердің  жетуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді.

Бірінші аудағы тамшалар арқылы тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгнде, сөйлегенде ауру қоздырғыш имкробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді.

Екінші ауыз арқылы тарау, яғни микробтардың ішек-қарын жолдарына түсуі. Ал қодырғыш микробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолда ішек-қарында блатын жұқпалы аурулар тарайды. Бұл аурулар сондай-ақ жуылмаған лас қол мен шыбын арқылы да тарайды.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар

Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірістері ауаны газ тәрізді және қатты қоспалардан басқа жылу шығарындыларымен, электр-магнитті өрістермен, ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және радиактивті  сәлелермен, басқа да көптеген  физикалық факторлармен ластайды.

Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ.

Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтардың 20 млрд. Тоннадан астамы,  оның ішінде 6.7 млрд. т. заттар жинақталған, әрі олардың ұлғаюы үрдісі байқалуда.

Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және отынмен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен құнарландыруға қаражат салуға құлақсыздығымен түсіндіріледі.

Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндіріс қалдықтары әлі күнге, көбінесе тиісті экологиялық нормалар талаптпрды сақтамастан, түрлі жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі массасық раушыларға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресіндерге тасылады және қойылады, оның 97%-ы Қазақстанның табиғат және заңнамасы талаптарына сай емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Атамекен 2005, 1 бет

2.Атамекен 2003, 5 бет

3.С.Қ.Әбубәкіров “Экологиятану” Алматы, 1998