Астана драма театры – Максим Горький атындағы

0

Тақырыбы: Астана драма театры – Максим Горький атындағы

Астана Драма Театры – Максим Горький атындағы облыстық орыс драма театры. 1955 ж. Астана өлкелік драма театры деген атпен құрылып, сол жылы 22 желтоқсанда тұңғыш рет театр шымылдығы В.М.Гусевтің «Иван Рыбаков» атты драмасымен ашылды. Алғашында жаңа ашылған театр труппасына МХАТ, Кіші театр, Москваның сатира және Ленин комсомолы атындағы театрлары қамқорлық жасады. Театррепертуарының классикалық (А.Островскийдің «Тұңғышы», Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», Лондонның «Ұрлығы») совет Погодиннің «Тыңға аттаған үшеуі», «Үшінші шабыты», мен «Кремль  куранттары»,  Треневтің «Любовь  Яроваясы»,  Корнейсуктың «Қанаты»)  және шетел  (Де  Филиппоның  «Филумена  Мартураносы»,  Крониннің  «Броуди  қамалы»  т. б.) драматургиясының туындылары орын алды. Мұнда режиссер Е.Е. Орел, А.Смеляков, актерлер А.А. Боженко, И.М. Бысрицкая, М.Ковалева, Г. Морев, Н.Г. Назарковская, Г.А. Пономарев, Д.Ф Терентюк, К.Чистякова т.б. қызмет етіп, театр труппасының қалыптасып дамуына елеулі үлес қосты. 60-70 жылдары театр сахнада У.Шекспирдің «Антоний мен Клеопатрасы » және «Отеллосы»,

А.Н. Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендері», «Кешіккен махаббат пен «Соңғы құрбандығы», «М.Горькийдің «Егор Бульечов және басқалары», «Соңғылары» мен «Үшеуі». Л.Н. Толстойдың «Қараңғылық патшалығы», М.А. Шолоховтың «Көтерілген тыңы», М.О. Әуезовтың «Еңлік-Кебек»,

А.Н. Арбузовтың «Иркутск хикаясы», А.Д. Солынскийдің «Барабаншы қызы», Б.Л. Горбатовтың «Әкелердің жастық шағы», К.М. Симоновтың «Бір махаббаттың хикаясы», В.М. Шукшиннің «Пысық жандары», С. Мұқановтың  «Сәкен Сейфулині», В.С. Розовтың «Төрт тамашысы», Н.Хикметтің «Дамоки семсері», Б Брехтің «Әйдік апай және оның балалары», Б. Нушичтің «Философия докторы» сияқты драма шығармалар қойылды. Осы жылдары Новосибирск  театр училищесін бітірушілер театр труппасына келіп қосылды. 1966 жылы драма театрына айналды. 1968 жылы театрға М.Горкийдің есімі берілді.Гастрольдік сапармен театр труппасы Балқашта, Днепропетровскиде, Екібастұзда, Жезқазғанда, Кривой Рогта, Кокшетауда, Қарағандыда, Теміртауда, Алматыда (1969ж) т.б қалаларда болып, өнер көрсетті.

Астанадағы  Құрылыс  инженерлері  институты  Құрылыс  инжинерлерін  және  автомобиль  мен  жол  техникасы  механиктерін  даярлайтын  жоғары  оқу  орны 1964 жылы  құрылған. Институттың  құрылыс, санитарлық  техника, механика  факультеттері, кешкі  және  сырттан  оқытатын  бөлімдері  бар. Аталған  факультеттерде  студенттер өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, ауылшаруашылық құрылысы, жылумен, газбен жабдықтау және желдету, сумен қамтамасыз ету  және канализация, автомат және автомобиль шаруашылығы, құрылыс және жол машиналары мен құрал-жабдықтары саналары бойынша арнаулы мамандық алып шығады.

Салалары бойынша арнаулы мамандық алып шығады. Институттың 30 кафедрасында 310 оқытушы қызмет істейді.

Астана мемлекеттік институты жоғары дәрежелі маман дәрігерлер даярлайтын оқу орны. 1964 жылы Астана (Ақмола) қаласында ашылды. Институттың емдеу факультетіне жылына 400 студент қабылданады. 1977 жыл институт жанында 100 адамдық дайындық бөлімі ашылды. Институттың  40 кафедрасында, 233 профессор оқытушылар жұмыс істейді. Қаланың ең жақсы ауруханалары – институттың клиникалық базасы. Жыл сайын институтта ғылыми-зерттеу жұмыстар, ғылыми конференциялар өткізіліп отырылады. Институт кітапханасындағы ғылыми және әдеби кітаптар саны 163 мыңнан алады. (1977)

Институт – ғалымдары 1976 ж. медицина салаларынан 40 ұсыныс жасады, оның 36-сы қаланың поликлиника, ауруханаларында қолданылуда.

Астананың облыстық мұражайы — өлкетану ісіне көмектесетін сирек экспонаттар, документтер, материалдар қойылған мекеме. Ақмола уездік кітапханасының жанынан 1923 жылы 1 мамырда құрылған. Алғашқы экспонаттары  — жергілікті өлке тану қоғамы жинаған колекциялар. Соғысқа дейін мұражайында жергілікті табиғат және социалистік құрылыс дәуірі деп аталатын екі бөлім болды. Соғыс жылдарында мұражай жабылып, 1947 жылы 7 қарашада қайта ашылды. Оған облыстық ауылшаруашылық, темір дол, өнеркәсіп, мәдени мекемелерінің соғыс жылдарынан қалған сирек экспонаттары қойылды. 1977 жылы 1 қаңтарда мұражайда экспонат саны 20 мыңға жетті. Мұнда жыл сайын 1,5-2 мың жаңа экспонат түседі. Оның ғылыми кітапханасында 3500 том бар. Астананың педагогика институты (С.Сейфуллин атында) – педагог кадрларын даярлайтын жоғары оқу орны. 1962 ж. құрылған. 1967 жылы Сәкен Сейфулли аты берілді. Институт құрамында (1977): 5 факультет (физика-математика, филалогия, шетел тілдері, жалпы техника және музыка-педагогика факультеттері), сырттан оқу, дайындық бөлімдері, 24 кафедра, 3 проблемалық лаборатория, стадион, спорт-денсаулық лагері бар.

Институт құрылғаннан бері уақытта 5 мыңнан астам маман даярлап шығарды.

Петропавл драма театры – Солтүстік Қазақстанның Н.Ф. Погодин атындағы облыстық драма театры. Театр 1886 жылы ұйымдастырылды. Революцияға дейін театр сазнасында А.С. Грибоедовтың «Ақыл азабы» Н.В. Гогольдің «Ревизоры», А.Н. Островскидің «Найзағайы» мен «Жазықсыздан жаңа мекендері» және Ф. Шиллердің «Вильгельм Гельм» атты пьесасы жарық көрді. Алғашқыда А.А.Белостоцкий, Б.И. Вартлинский, Л.А. Нильская, П.С. Некрасов, Н.Д.Сарматов т.б. актерлер ойнады. Театрда актерлер Н.М. Бурлиестова, В.А. Джепрова, Г.С. Доляматов, Н.П. Корецпая, П.П. Рогольский, С.В. Скворцев; режиссер В.Г. Ардатов, С.А. Ковалевский, П.Н: Пумкарев, О.С. Строев, А.М. Харабуга; суретшілер А.П. Непряхин, В.И. Шапин, Н.А. Белкин т.б. жемісті еңбек етті. Театр репертуарынан Б.А. Лавреневтің «Тас талқаны» М.Горькийдің «Егор Булычов және басқалары», А.Н: Арбузовтың «Танясы»,  М.Әуезов пен Л. Соболевтың «Абайы» А.П. Чеховтың «Ваня ағайы», С. Мұқановтың «Шоқан Уалиханов  пен Сәкен Сейфуллин» Ә.Мүсіреповтың «Қозы Корпеш – Баян сұлуы» І. Есенберлиннің «Айқасы», И.Ф. Поповтың «Порт — Артуры» т.б. орын алды. Гастрольдік сапармен театр труппасы Көкшетауда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Алматыда өнер көрсетті.

Петропавл қорғаны – іргесі 1703 ж. қаланды. Петр қалауы бойынша салынған, қамал қабырғамен қоршалған. Алғашқыды шым мен ағаштан тұрғызылып, 1706 -40 жылы қайтадан құрылған Бас стадиондары мен қамал – қабырғаларының биіктігі 10-42 метр. Қорғанды Оңтүстік – шығыс жағынан Нева өзенінің, солтүстігі жағынан Неваның бір тармағы қоршап жатыр. 18 ғасырдың 30-40 жылдары батыс және шығыс қабырғаларының сыртынан Иоанов (Петр І-нің ағасы Иван Алексеевтің атымен аталған) және Алексеев аралдары тұрғызылды. 19 ғасырдың аяғында арал мен қорған арасындағы ор тас үйіндімен толтырылады. 1924 жылдан тарихи – революциялық мұражайы; Ленинград қаласындағы тарихи және архитектура ескерткіштер Петр және Нева. (1784-87, архитектура Н.А.Львов) қақпалары, кронверк (1752-1850 жылы архитектор П.И. Таманский қосымша құрылыс салған) жатады. Қорған ішінде Петропавл соборы (1712-33, архитектор)

Трезини: Петр І-ден Александр ІІІ-ге дейінгі орыс партияларының саханасы қойылған. Кеме жасау үйі (1761-62, архитектор А.Ф. Вист), Монета сарайы (1922 жылдан ордендер мен медальдар жасалды) орналасқан.

Петропавл шағын метражды двигательдер заводы – стационарлық шағын двигательдер шығаратын кәсіпорын. 1942 жылы құрылға. Алғашқыда завод тракторларға арналған запас бөлшектер, Л6/3 шағын двигательдерін шығарды. 1957 жылы 2 СД двигательдерін, 1960 жылы АБ -1 – П/30 насос агрегаттарын, 1968 жылы УД -25 және УД -15 двигательдерін шығарылу игерілді. Кәсіпорында 6 цех, комплексті механикаландырылған учаске жұмыс істейд, оларға мыңнан астам металл көсетін және өңдейтін құрал-жабдық, 19 үдемелі линия бар.

Көкшетау механика заводы – Халық шаруашылығына аса қажетті циферблатты сан алуан таразылар өңдіред. КМЗ өнімдері көптеген Азия, Африка, Латын Америка елдеріне шығарылады. КМЗ-ң тарихы 1918 жылы Көкшетауда іске қосылған шойын құятын, ауылшаруашылық машина жабдықтарын жөндейтін шағын заводтан басталады. КМЗ Мәскеу түбінен көтерілген, Подольск тігін машиналары заводымен біріктіріліп, майдан қажетіне жұмыс істеді. Соғыстан кейін (1946-48) КМЗ тігін және аяқ киім бұйымдарын өндіретін жабдықтар шығарды. 1948 жылда таразы аспаптарын шығаруға маманданып, техникалық жаңа жабдықтармен жарақтандырылды. 1951 жылға дейін ол тек күйентелі таразы шығарды, ал 1953 жылы таразыға қажетті циферблатты көрсеткіштерді өндіруде игерді.

Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – Көкшетау қаласында 1920 жылы құрылған музей. Алғашқыда музей материалдарына халық мұғалімдерінің инспекторы И.С. Хохлов жинаған сирек сирек кездесетін коллекциялар негіз болды. 1945 жылы Көкшетау өлке тану мұражайы, 1965 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болып өзгертілд. 1602 экспонат қойылған. Экспонаттар республикамызда және Көкшетау облысында Совет өкіметінің орнауына, Совет дәуіріндегі қол жеткен жетістіктерге, партия, Совет қайраткерлеріне, еңбек ардагерлеріне арналған.

Көкшетау педагогика институты (Ш.Уалиханов атында) – 1962 жылы құрылған орыс тілі мен әдебиеті (қазақ және орыс мектептеріне), ағылшын, неміс тілдерінен, физика және математика пәндерінен оқытушылар даярлайды. Институттың физика-математика, филология және шетел тілдері факультеттері мен ғылым кандидаттары, маман оқытушылар жұмыс істейді.

Қостанай аяқ-киім фабрикасы — әйелдер, балалар аяқ-киімін, ұлттық аяқ-киімдер шығаратын кәсіпорын. 1941 жылы Симферополь қаласынан көшірілген Ф.Э. Джержинский атындағы былғары аяқ-киім комбинаты негізінде құрылған. Ол Қостанай қаласында орналасқан. Фибриканың аяқ-кім тігетін, былғары пішетін, штампылау және жөндеу – механикалық цехтары бар. 1972 жылы 2 млн. Пардан астам аяқ-киім шығарылды.

Қостанай драма театры – Қостанайдағы М.Горький атындағы облыстық орыс драма театры. Театр шымылдығы тұңғыш рет 1922 жылы 16 сәуірде «Бувльсцена» спектакльмен ашылды. Алғашқыды театр репертуары негізінен Украинның классикалық туындыларынан құралды. 30 жылдары Л.Н. Толстойдың «Анна Каренинасы», А.П. Чеховтың «Ваня ағайы» М.Горькийдің «Васса Железновасы», К.А. Треневтің «Любовь яроваясы» секілді пьесалары қойды. Қаз. ССР – інің еңбек сіңірген өнер қайраткері А.В. Кляузер, Қаз. ССР-ң еңбек сіңірген мәдениет қызметкері А.П. Кочетова, ССР-ң еңбек сіңірген әртісі Д.П. Речной т.б. қызмет етіп театрдың дамуына мол үлес қосты. Ұлы Отан соғысы Қостанай драма театрының репертуарынан ерлік тақырыбындағы шығармалар (Леоновтың «шапқыншылығы», Фурмоновтың «Чапаевы» Симоновтың «Орыс адамдары») орын алды. 1950-70 жылдары Ф.Шиллердің «Мария Стюарт», В. Соловьевтың «Денис Давыдов», М.Каримның «Ай тұтылған түні», С. Жүнісовтың «Ажар мен ажал», У.Шекспирдің «Оттело» атты пьесаларын қойып, творчествалық ізденіс жолында болды.

Қостанай облыстық  мұражайы – облымтық тарих-өлкетану мекемесі. 1919 жыл қазанда ұйымдастырылды. Мзеуй тұрған үй 1905-07 жылдардағы революция кезінде «халық үйі» деп аталды. Қостанай облыстық мұражайынде табиғат тану революцияға дейінгі кезең, совет дәуірі бөлімдері бар. Қорында 14044 экспонат жинақталған. Олар облыстық ертедегі тарихынан мағлұмат беріп, оның даму жолдарын баяндайды. Облыс еңбекшілерінің революциялық даңқты күресі, совет өкіметінің орнауы және еңбек дәстүрлері – музей экспонаттарының негізігі арқауы. Музейде ауыл шаруашылық пен өндіріс озаттарының   озық тәжірибесі, халық шаруашылығының, мәдени құрылыстық жетістіктері көрсетілген 1918 жылы Коичакшылардың қолынан қаза тапқан қызыл партизандарға арналып мемориалдық ескерткіш тақта орнатылған.

Костанай химиялық талшық заводы – химиялық талшық өндірістік кәсіпорын. Ол 1943 жылы Қазақстанға көшірілген «Клинволокно» және «Каменскволокно» фабрикалары негізінде құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары завод майданға қажетті өнім шығарды. Ұлы Отан соғысынан кейін ол мыс – аммиакты әдіспен химиялық талшық шығаратын кәсіпорынға айналдырылды. Казір көбіне кілем шығаратын кәсіпорындар ттұтынатын мыс-аммиактыштапель талшық өндіріледі.

         Павлодар —  павлодар облысының орталығы, қала ірі темір жол станциясы және өзен автомобиль, әуе жолдар торабы. Ертіс өзенінің оң жағасында, далалы өңірде орналасқан. 1861 жылдан бастап Павлодар қаласы атанды. Революцияға дейін Павлодар негізінен ауыл шарушылық өнімдерін өндейтін шағын кәсіпорындары ғана бар сауда қаласы болды. Мұнда тон май, сабын, кірпіш заводтары, диіпмендер жұмыс істеді. Мәдени ағарту мемлекеттерінен 6 бастауыш мектеп, бір қоғамдық кітапхана, шіркеу, мешіт болды. 1975 жылы 50 астам бүкіл одақтық және Республикаға маңызды машина жасау және металл өндеу, түсті металлургия, мұнай айыру, химиялық энергетика, құрылыс материалдары,тамақ жәнә жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Қала экономикасының негізгі салалары – машина жасау және металл өңдеу (трактор, аспап, автомобиль жөндеу заводтары). Маңызды кәсіпорындардың бірі – аллюминий заводы. Торғай бокситінің негізінде жұмыс істейді және алғашқы өнімін 1964 жылы берді. Ертіс өзең аңғары маңындағы көлдерде (Үлкен Қалқаман, Маралды т.б.) тұнатын тұз қорының және басқа жақтан тасылатын шикізаттар негізінде Павлодар химиялық комбинаты жұмыс істейді. Петропавлда өнеркәсіп орындарының құрамында 30-ға жуық құрылыс материалдар кәсіпорындары (темір-бетон комбинаты, үй құрылыс комбинаты, кірпіш заводтары, асфальт – бетон заводы) бар. Жергілігті ауылшаруашылық өнімдерін сүт, ет, ұн, жарма, нан комбинаттары, арақ-шарап, сыра, балық заводтары өңдейді. Жеңіл өнеркәсібі 2 тігін фабрикасы хром заводынан құралды. Сырттан тасылатын шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон рубероид заводы бар.

Павлодарда педагогикалық, индустриалдық институттар, монтаждау және политехникалық училище , педагогикалық, медицина және музыка колледждері, 9 кәсіптік-техникалық  колледж, жалпы білім беретін 42 мектеп (26 орта), 94 балалар мекемесі, 33 кітапхана, 7 кинотеатр, тарихи-өлкетану мұражайы, демалыс паркі, 12 аурухана емханалар, дәріханалар, стадион, спорт сарайы, Ертіс жағасында қаланың демалыс жиек-жайы бар. Көшелері асфальттанған, жасыл желекті.

Павлодар аллюминий заводы – боксит кенінен саз балшық өндіретін аса ірі түсті металлургия кәсіпорындарының бірі заводта: шикізат дайындау, гидро металлургия, спекания, кальнинация цехтары бар. Завод жоғары дәрежеде автоматтандырылған заводта электронды есептеу орталығы бар. Заводта бес корпусты булағыш нұсқалы батареялар жұмыс істейді.

Завод өз өнімін еліміздің көптеген алюминий заводтарына жібереді. Завод саз балшық өндіру жөнінде еліміздегі өзі тектес кәсіпорындар арасында 1-орын алады.

Павлодар драма театры – Театр 1943 жылы құрылыды. Мұнда В.И. Ермаков, И.Д.Казачкоский, З.С. Паджио, К.А: Струнина, И.Г: Чистяков ойнап театрдың творчествалық жағынан қалыптасуына көп еңбек сіңірген. Театр сахнасында тың, батыл ізденіс пен экспериментке толы спектакльдердің (Арбузовтың «Шапақтағы марар» мен «Иркутск хикиясы», Маяковскийдің «Қандаласы» мен «Монеласы», Достаевскийдің «Ағайынды Кариязовтары» т.б. ) қойылуы аталмыш өнер шеберлерінің есімімен тығыз байланысты. 1960 -75 жылдары А.Миллердің «Көпірден көрінісі» В.В. Маяковскийдің шығармалары негізінде жасалған «Мен сіздерге келемін», М.Горькийдің «Соңғылары» Ғ.Мүсіреповтың «Қозы көрпеш – Баян сұлу» А. Шашкеновтың  «Табамын сені» В.М.Шукшиннің «пысық жандары» И.Казаровтың «Панфиловшылары» т.б. пьесалары қойылды. 1960 жылы театрға А.П. Чеховтың есімі берілді.

Павлодар облыстық мұражайы – Павлодар қаласындағы облыстық тарихи өлкетану мұражайы. Музей экспонаттары облыстың табиғаты тарихынан тұрады. Табиғат бөлімдерінде экспонаттар, оның ішінде Гиппарион фаунасы деп аталатын хайуанның мамонттың, бизонның сүйеткрі т.б. экспонаттары бар. Тарих бөліміндегі Екібастұз маңынан табылған әйелдің қақталған күмістелегн бас киімі (12-13 ғ.) қола айна, 19 ғасырдың 90 жылдарадағы Екібастұз шахтасындағы пайдаланылған қол шам мен қоймалар т.б. Өлке тарихын, оның даму жолдарын баяндайды. Азамат соғысы жылдарындағы қару-жарақтар мен байланыс құралдары және облыс еңбекшілерінің коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау жолындағы табыстарын көрсететін материалдар т.б. қойылған.

Павлодар су құбыры – Павлодар, Көкшетау облыстары жерінде салынған су құбырлар жүйесі. Жалпы ұзындығы 903 км – 1200 км-ге жетеді. 2 облыс территориясындағы шаруашылықтарды (71 елдімекен) сумен қамтамасыз етеді. Құбыр Ертіс өзенінен басталады. Күндік орташа су шығыны 26,32 мың м3.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Қазақстан М., 1970
  2. Наюпова А.К. Золоторудные поля Северного Казахстана
  3. Гладышева Е.Н. Северо-Казахстанская область, Алматы 1959,
  4. Залиюков И.П. Северо-Казахстанская область, 1917-1957 гг. Алматы 1957.
  5. Базарбаев К. Кустанайская область, Алматы 1959.
  6. Қазақ Совет энциклопедиясы. Барлық томдары.