Ақсу-Жабағылы қорығы туралы реферат
Тақырыбы: Ақсу-Жабағылы қорығы
Қазақстанда азамат соғысының дүбірі әлі басылмай Верный қаласында контрреволюциялық көтеріліс өршіп жатқанда біздің республикамыз бейбіт құрылыспен бірге табиғат қорғау мәселесін де қолға алған. Сол кезде Ташкенттегі ескі ескерткіштерді және табиғатты қорғау жайында Түркісткн комитеті құрылды. Осы комитет Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі табиғат байлықтарын қорғау мақсатында көптеген жұмыстар атқарды.
1920жылдың жазында Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры А.Л.Бродский Ақсу және Жабағылы өзендерінің бойында жан-жануармен өсімдіктер әлемін зерттей келе Түркістан Орталық атқару комитеті жанындағы Табиғат қорғау комитетінің алдына аталмыш жерге табиғи қорық ұйымдастыру жөнінде арнайы мәселе қойды.
«Ақсу мен Жабағылы өзендерінің жоғары ағысы төңірегінде,- делінген онда,- қорыққа тән келетін ерекше қасиетті табиғаттың сұлу да көрікті жері бар екені күмәнсіз.Ал оның табиғаты өте сұлу әрі ғылыми тұрғыдан зерттеуге де аса қолайлы аймақ».
Ғалымдармен мамандардың осы қорытынды пікірінен кейін көптеген ғылыми зерттеу мекемелері 1923-1926жылдар аралығында «Ақсу- Жабағылы» қорығы құрылды.Қорықты ұйымдастырудағы ең басты мақсат- батыс Тянь-Шанның табиғаты тамаша көріністерін сол қалпында сақтау және осы тау жүйесі табиғи кешендерінің даму заңдылықтарын зерттеу, тау сілемдерімен ұштасып жатқан аршалы ормандарды, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Міне, осылайша 1927жылы Қазақстан жеріндегі тұңғыш табиғат қорығы дүниеге келді.
Ол Шымкент облысының Түлкібас, Ленгер және Алғабас аудандарының жерінде қоныстанған.Қоры түгелімен дерлік биіктігі теңіз деңгейінен 1100-4200метрге дейін болатын жартылай шөлейтті аласа таулы аймаққа орналасқан.Қорықтың территориасында тік беткейлі терең сайлар, өзен аңғарлары, кең аумақты қорым және көшпе тастар, биіктігі 4000метрден асатын шыңдар, жылжымалы мұздар тау көлдері кездеседі.
Ақсу-Жабағылы қорығында аса сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктердің 18түрі сақталып отыр.Бұл құрып біткен өсімдіктер дүниесінің асыл көздері болып табылады.
Қазақстанда дәрілік маңызы бар 3000 өсімдік түрі болса, соның 200-дейі осы қорық территориясынан табылады.Қорықтағы жануарлар дүниесі де алуан түрлі.Мұнда тұяқты аңдар ішінде көбірек кездесетіні – таутеке. Түс кезінде таукелер тастар көлеңкесінде тынығады. Сондай-ақ Ақсу – Жабағылы өзендері бойынан қазір елік, аю, борсық, сусар, жабайы шошқа сияқты аңдарды жиі кездестіруге болады.
Ақсу-Жабағылы қорығында «Қызыл кітапқа» енген,өте сирек кездесетін кеміргіштің бірі-Мензбир суыры.Біздің өңірде оны аулауға тыйым салынып,санын көбейтуде.
Қорық жеріндегі қорғауды қажет етіп отырған құстардың бірі «Қызыл кітабына» енген көк құс. Ол Жылылықты сүйгіш тау құсы . Көк құс Ақсу-Жабағылы және Іле Алатауында мекендейді.
Ақсу-Жабағылы қорығына жарты ғасыр толды. Алдағы уақытта осы сияқты өміршек бастамаларды үлгі ете отырып, республикамызда жаңа қорықтар ұйымдастыру ісіндегі игілікті жұмыстарды одан жалғастыра бермекпіз.
Алматы Қорығы
Бұл қорық алғаш рет Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді.Қорықтың орталығы Алматы қаласынан 25шақырым жердегі, Талғар қаласына таяу орналасқан.
Мемлекеттік қорықтың негізгі міндеті – табиғат сол жерде бұрын қалай болса, келешек ұрпақтарға оны сол қалпында беру.Қорық Тянь-Шань тауының жүйесі Іле Алатауының орталығында.Алматы қорығы табиғатының әртүрлілігіне қарай жануарлар әлеміне де бай.Сол сияқты бұл өңірде таутеке де мекендейді.
Қорық территориясында ақтөс сусар, орман көркі-ақтиін кездеседі. Олар шыршалы ағаштардың жаңғағын және саңырау құлақтарды қорек етеді.Қорықтың шөл және шөлейт амақтарына таралған тұяқты аңдардың, бірі қарақұйрық.Бұл аң көбіне ашық далалы, шөлді жерлердің ойлы қырлы төбешіктерінде, тау етектері мен сайлардағы жер қыртысы неғұрлым қаттырақ жерде тіршілік етеді. Қазіргі кезде ол халықаралық «Қызыл кітапқа» еніп отыр.Сондықтан да олардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Қорық жерінде олардың тіршілік етуіне қолайлы 7000 гектардай жер бар.Бірақ олар жыл маусымдарына қарай қорықпен көршілес жерлерге кетіп қалады да, онда табиғатқа қас адамдардың атқан оғына тап болады.
Наурызым Қорығы
«Табиғат лабараториясы» атанған қорықтар ішінде республикамызда үшінші болып Наурызым Қорығы отау тіккен. Бұл қорық Қостанай облысында Наурызым және Семиозер аудандарының территориясында 1934жылы ұйымдастырылды.
Наурызым қорығының территориясы Терсек,Сыпсың және Наурызым орман алқаптары мен Жәркөл,Ақсуат,Сарымойын көлдері кіретін және бетегелі-жусанды 5000 гектар жазық далалы аймақтарынан тұрады.Қорық аймағындағы орманды алқаптар-аңдар мен құстар тіршілік етуге өте қолайлы мекендер.
Наурызым қорығының байлығы тек орман ғана емес,онда жабайы аңдар мен құстар,ал өзен-көлдерінде балықтар мол.Ғалымдардың айтуынша бұдан 20 мың жылдай бұрын Қостанайдың солтүстік бөлігін мол мұз басып жатқан.Мұз ери келе оның салқын суы Торғай ойпатымен жылжып,Арал теңізіне құйған.Мұзбен бірге тегістікке суық сүйгіш өсімдіктер мен жануарларда шегінген.Бұл жердің бүгінде қысы суық,жазы ыстық.Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-250 миллиметр шамасында.Топырағы негізінен қызыл-қоңыр болып келеді.Мұнда жасыл қарағай,қызыл тобылғы,мойыл өседі.Сол жайқалған жасыл желек ішінде табиғатта өте сирек кездесетін бағалы аңдар мен құстар мекендейді.
Наурызым қорығында аңдардың да сан алуан түрлері бар.Мысалы,елік,борсық,орқоян,түлкі,қарсақ,суыр,сары күзен,ақкіс,аққалақ,жабайы шошқа сияқты еті және терісі бағалы көптеген аңдар жиі ұшырайды.Сондай-ақ Қазқстанның «Қызыл кітабына»енген салмағы 8-12 килограмдық дуадақ пен безгелдектер де осы қорықты мекен еткен.Сондықтан да бұл қорық қазақ жерінің шынайы мақтанышы.Мұндағы мол табиғат байлығының тамаша көрінісі!
Барсакелмес Қорығы
Біздің республикамыздағы табиғаттың «Қызыл кітабына» енген жануарларды қамқорлыққа алып, олардың өсіп- өнуіне жағдай жасап отырған қорықтың бірі- Арал теңізінің ортасына орналасқан Барсакедмес аралындағы қорық. Барсакелмес қорығы Қызылорда облысы Арал ауданының территориясында, Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі Барсакелмес аралығында орналасқан. Оның негізгі мақсаты-жер бетінен құрып бара жатқан халық аралық табиғатты қорғаудың «Қызыл кітабына» жазылған құланды, саны сиреп бара жатқан Қарақұйрықты сақтап, келешекте олардың санын көбейтіп, еліміздің басқа жеріне кеңінен тарату және олардың табиғат комплексін терең зерттеп білу.
Аралда жан жануарлардың түрлері өте аз.Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген хайуанаттарының бірі құлан.
Барсакелмес қорығының аты дүние жүзінде сирек кездесетін құланды сақтап қалып, әлемге әйгілі болып отыр. Қорықтағы сирек хайуанаттардың бірі қарақұйрық.Онда жартылай қолға үйретілген қарақүұйрықтарда бар. Қорық қызметкерлері көп жылдан бері қарақұйрықты қолға үйретмен шұғылданып келген. Қазір онда 300-ге тарта қарақұйрық бар. Ең алғаш аралға Қарақалпақыстаннан 1929жылы 9-ы әкелінген болатын. Содан кейін 1960жылы 6-ы қарақұйрық Жамбыл облысы Қарабүркіт шатқалынан әкелініп жіберілді. Адамдардың қамқорлығы арқасында оның саны көбейіп, қорық жерінде өмір сүруге бейімделуде. Олар Қазақстанның басқа жерлерінде үстіртте, бетпақдалада, зайсан ойпатында азайып бара жатыр.
Қорық жерінде тағы бір жиі көретін аң сарышұнақтар.Олар адамдарды көрсе болды мазасызданып басқа достарына сақтаныңдар дегендей ерекше дыбыс береді. Аралда 200-ге тарта қанатты достарымыз құстар,8 түрлі бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Жыландардың ішінде кең тарағаны- боз жылан.Жылдың барлық маусымында қорық пен арал қаласы арасында қатнас болып тұрады.
Қорғалжын Қорығ
Қорықтардың біртіндеп саны азайып бара жатқан өсімдіктермен аң құстарды сақтауға тигізер себебі мол. Сол сирек кездесетін құстардың бірі қоқиқазға қорған болған Қорғалжын қорығы туралы сөз етпекпіз.
Қорғалжын мемлекеттік қорығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Қорғалжын поселкасында орналасқан.
Қорғалжын қорығы шөлді дала аймағында, Орталық Қазақстандағы ең үлкен Қорғалжын және Теңіз көлдерінің ортасында орналасқан. Қорық территориясында көлдер өте көп. Сондықтанды оның 3/2 су. Көлдердің ең бір тиімділігі оның таяздығында.
Қорық жерінде кездесетін екінші үлкен су қоймасы Теңіз көлі деп аталады. Бірақ ол теңіз емес. Орталық қазақстанның үлкен кішілі шоқылық жерінің бір шетіне орналасқан көптеген аралдар бар, тың жердіің арасында көсіліп жатқан үлкен ащы тұзды көл.
Қорғалжын қорығының басты байлығы су құстары.Қорғалжын қорығындағы құстардың көптігі сондай, әдетте қорғалжын қорығын «Құс базары» деп атайды. Қорық территориясында 119 түрлі құс ұя салса оның 106 түрі күзде басқа жақа қоныс аудару кезінде осында мекендейді. Онда неше түрлі терісі бағалы аңдар кездеседі.
Қоқиқаздың мекені атанған Қорғалжын қорығында қазақстанның «Қызыл кітабына» енген 20 дан артық құстың түрі мекен етеді. Олардың ішінде қоқиқаз немесе қызыл қаз, қарашақаз, ақбас үйрек, ақ тырна, дуадақ, безгелдек, бұйра бірқазан, жалбағай, қара ләйлек, ақ құтан, су бүркіті немесе балшықшы ақ құйрықты бүркіт бар.
Егерде кімде-кім табиғаттың қайталанбас сұлу бейнесінің ажарын кетірсе, иә,сирек кездесетін аң мен құстардың санының азаюына нұқсан келтірсе халық алдында жауапкершілігін сезінуі қажет.