Ақсу-Жабағалы қорығы туралы мәлімет

0

Тақырыбы: Ақсу-Жабағалы қорығы

    Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  ең  байырғы  қорық – Ақсу  Жабағылы  1927  жылы  ашылған .  Еренқабырға  тауының  батыс  баурайын  ала  ұзыннан – ұзақ  созылып  жатыр .  Жер  бедерінің  биіктік  белдеулері  әр  тұсында  әрқилы .  Өзіндік  ажар – айшығымен  көз  тартады .  Шөл – шөлейт ,  далалық ,  шалғынды  белдердің  соңы  биік  аршалы  беткейлерге  ұласады .  Арынды  өзендері  ақ  көбік  атып ,  күркіреген  сарқымаларға  құлайды .

    Ақсу – Жабағылы – жер  бетінен  жоғалып  барва  жатқан  немесе  өте  сирек  кездесетін  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  топтастырылған  қорық .  Мұнда  арқар  мен  тауешкі ,  бұғы  мен  елік ,  сілеусін  мен  қар  қабыланы ,  қасқыр  мен  түлкі ,  аю  мен  жайра ,  сусар  мен  ақ  тышқан  т . б .  тағы  аңдар  бар .  Құс  баласы  да  жыртылып  айырылады .

    Алып  таулы  өлке  Еренқабырға  екі  жарым  мың  шақырымға  созылып ,  өн  бойын  Солтүстік ,  Орталық ,  Ішкі  және  Батыс  бөліктерге  бөледі .  1920  жылы  шілдеде  Ташкент  университетінің  профессоры ,  гидробиолог  А . Л .  Бродский  осы  өңірге  іссапармен  шығады .  Жабағылы  мен  Ақсу  өзендері  арналары  басын  алатын  Батыс  Еренқабырға  бөктерін  еркін  аралайды .  Адам  аяғы  баспаған  өсімдіктер  мен  жануарларәлемі  ғалымды  таң  қалдырады .  А . Л. Бродский  Түркістандағы  мұражай  мен  көне  ескерткіштерді   және  табиғат  пен  өнерді  қорғау  комитетіне  арнайы  хат  жазады .  Хатта  Батыс  Еренқабырға  аймағын  қорыққа  айналдывру  жөнінде   ұсынысын  білдіреді .  Артынша  әр  сала  бойынша  құрылған  комитет  ғалымдары  бірнеше  жыл  бойы  тиянақты  зерттеу ,  бағдарлау  ісін  бастайды .  Нәтижесінде  қорық  ашу  ұсынысын  бірауыздан  қолдайды .  Сөйтіп ,  1926  жылдың  шілдесінде  Қазақ   АССР  Халық   Комиссарлар  кеңесі  осы  мақсатта  қаулы  қабылдап ,  Мәскеуге  жолдайды .  Келер  жылы  шілдеде  қаулы  бекиді .

    Қорық  директоры  болып  Орыс  географиялық  қоғамының  мүшесі ,  білікті  маман  ,  табиғат  жанашыры  Борис  Петрович  Тризна  сайланады .

    Қорық  көлемі  әр  жылдарда  ұлғайтылып   отырған .  Бүгінгі  таңда  75043  гектар  аймақты  алып  жатыр .  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түлкібас ,  Төле  би  аудандары  жерінде  орналасқан .  Негізгі  өзендері —  Жабағылы ,  Үлкен  Ақсу ,  Кіші  Ақсу ,  Ақсу ,  Балдарбек ,  Бала  Балдарбек .  Бұғылтөр  мұзарт  шыңы  алыстан  « мен  мұндалайды » .  Бұғылтөр ,  Құлөлді ,  Айнакөл ,  Қызөлген ,  Көкүйірім , Жасыл  атты  шағын  көлдері  бар .

    Теңіз  бетінен  үш  мың  метрлік  биіктіктегі  адам  аяғы  жетпес  Қасқабұлақ  қазаншұңқырына  тарихи  « сурет  галереясы »  сақталған .  Күңгірт  түсті  жылтыр  тастардың  бетіне  қашап  салынған  жабайы  аңдар  мен  үй  жануарларының ,  көне  замандағы  аңшылық  құрған  адамдардың  бейнелері  ап – айқын  көрінеді .  « Сурет  галереясы »  әлі  күнге  толық  зерттелмеген  .  Тарихи  таңбалар  сыры  ашылу  сағатын ,  сәтін  күтеді . 

    Ақсу – Жабағылы  қорық  қана  емес ,  ғылыми  зерттеу  мекемесі  де .  Алғашқы  ғылыми  қызметкері  —  ботаник  А . П.  Масальский .  Ол  өзі  жұмыс  істеген  бес  жылдың  ішінде  қорықта  өсетін  өсімдік  түрін  бірнеше  сатыға  жіктелген  кестеге  түсірді .  Сол  жылдары – ақ   Сиверс  жабайы  алма  ағашы  қорықтың  алтын  қорына  енгізілді.  Сарғыш  түстен  қызғылт – сарыға ,  алқызыл  түстен  қанық  қызыл  бояуға  ауысатын  дәмі  тәтті ,  қышқылтым  алмалары  жылдың  шілде – тамыз – қазан  айларында  пісіп  жетіледі .  4  градусқа  дейінгі  суыққа  төзімді .  Әрі  ұзақ  сақталады ,  бұзылмайды .  Зиянкес  насекомдарға  бой  алдырмайды .

    Ақсу – Жабағылыны  « Қызғалдақтар  патшалығы »  деп  те  атайды .  Мұнда  өсетін  қызғалдақтың  алты  тұқымдасының  төртеуі – көптеген  жаңа  мәдени  сорттардың  түп  атасы .  Қорық  қызғалдақтары  Қазақстан ,  Ресей ,  Өзбекстан  Қызыл  кітаптарына  енгізілген .  Таулы  өңірін  сәуір  айынан  тамызға  шейін  құлпыртып ,  алқызыл  кілемге   айналдыратын  қызғалдақтың  ең  әйгілісі —  Грейга  қызғалдағы .  «Қызғалдақтар  королі » .  Бір  шаршы  метр  жерде  жиырма  шақтысы  бірден  өсетін  өте  өсімтал  гүл .  Грейга  1877  жылы  Голландияда  бірінші  сатылы  сортты  қызғалдақ  дипломына  ие  болған .  Бүгінде  бұл  тұқымдастан  200 – ге  тарта  жаңа  мәдени  сорты  алынды .  Грейга  қызғалдағы  әлемдік  гүлдестелердің  бес  пайызын  құрайды . 

    Балдарбек  және  Бала  Балдарбек  өзендері  бастаулары  маңында  өсетін  қызғалдақтардың  түсі  өзгеше .  Ашық  сары  түсті ,  қанық  сары  түсті  болып  келеді 

*****

    Ақсу – Жабағылыда  құстың  238  түрі  кездеседі .  Қазақстан  қызыл  кітабына  енгізілген  ұлар ,  кекілік  те  қорықта  бар .  Омыртқасыздар  тобына   жататын  30 – дан  астам  түр ,  жиырма  отрядқа  жіктелген  1200  түрлі  ұсақ  насекомдар  анықталып ,  тіркелді .  Түсі ,  сұлбасы  бір – біріне  ұқсамайтын  қандаланың  100  түрі ,  қоңыздың  700  түрі  кестеге  тіркелген .

 *****

    Қорықта  жыртқыш  аңдардың  ішіндегі  үлкені  Еренқабырға  қоңыр  аюы ,  мекендейді .  Шамамен  80  шақты .  Аю  қыс  мезгілінде  үңгірде  жатып  балалайды .  Көбіне  екі  қонжық  ,  аракідік  біреу  туады .  Үшеу  сирек.   Келесі  ұшырасатын  жыртқыш  аң  —  қар  барысы .  Жаз  айларында  2 – 5  күшігін  ертіп ,  биік  тау  беткейлерінде  мекендейді .  Ал  қыста  азық  үшін  етекке  түседі .  Тұяқтылар  отряды  жануарлары  негізгі  азығы .  Мамандардың  айтуынша ,  қар  барысының  әзірге  10  жұбы  бар .  Тас  сусары  мен  Түркістан  мәліні  де  ерекше  қамқорлықты ,  қатарын  көбейтуді  қажет  ететін  сирек  аңдар .

*****

    Тұяқтылар  отрядынан  Сібір  тау  ешкісі  бар .  Шамамен  жалпы  саны  1200 – 1500 .  Онан  бөлек  марал ,  елік ,  арқар ,  жабайы  қабан ,  т . б .   ұсақ  аңдар  мекендейді .

    Ақсу – Жабағылы  қорығында  Ресей ,  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енген  омыртқалылар  тобының  20 ,  сирек  өсімдіктердің  40  түрі  сақталған . 

****

    Қорық   мұражайында  50 —  жылдардан  бері  Зерафшан  аршасы  сақталған .   Діңіндегі  сақиналар  оның  жасының  394 – те  екенін  айғақтайды .  Мұнда  600  мыңдаған  жыл  жасаған  аршалар  да  бар .  Неше  сан  дәуірдің  қилы – қилы  оқиғасына  куә  болған  арша  жайлы   К . Д .  Мұхамедшин ,  С . К .  Сартбаев  сынды  ғалымдар  егжей– тегжейді  зерттеп  жазды .  Кезінде  Ескендір  Зұлқарнайын  —  Александр  Македонскийдің ,  Шыңғыс  хан  мен  Темірланның  атты  әскері  тұяғы  дүбірінен  діріл  қағып ,  жер  сілкінісі ,  сел ,  құрғақшылық  ,  қарлы – боранды  жылдарды  бастан  кешкен  аршалар  бұл .

    Аршаны   « өмір  ағашы »  деп  атайды .  Бір  гектар  көлемдегі  арша  ағаштары  тәулігіне  30  килограмдай  фитоцид —  тіршілік  нәрін  бөледі .  Үлкен  қаланың  ауа  жайын  ұсақ  микробтардан  сүңгіден  өткізгендей  тазартады .  Арша – санитар .  Ұзақ  жасайтын  аршалар  нақ  Алматы  көшелеріне  отырғызылатын  ағаш  түрі .  Қазандықта  орналасқан  қала  ауа  жайы  бір  демде  жақсарып  шыға  келер  еді .  

*****

    Қорықта  емдік  шөптердің  200 – ден  аса  түрі  бар .  Жүрек ,  жүйке ,  асқазан  ауруларын ,  қан  айналымын  реттейтін ,  тәбет  ашыратын ,  адам  ағзасын   қуаттандырып ,  жұмысын  сауықтыратын  қасиетті  өсімдіктер  барлық  жерден  кездеседі .  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енгізілген  шипалы  өсімдіктің  30  түрі  Ақсу – Жабағылыда  өседі.


Тегтер:алакөл қорығыалматы қорығыалматы қорығы мақсатыалматы қорығы флорасыалматы қорығы эндемикалматы қорығы қызыл кітапалматы қорығында қандай өсімдіктер баралматы қорығында өсімдіктің 970алматы қорығының табиғат мұражайыақсу-жабағылы қорығыақсу-жабағылы қорығы қайда орналасқанақсу-жабағылы қорығында қорғауға алынғанбарсакелмес қорығызеренді қорығымарқакөл қорығынаурызым қорығынаурызым қорығы ерекшелігінаурызым қорығы максатынаурызым қорығы рефератнаурызым қорығы сипаттаманаурызым қорығы шығарманаурызым қорығы қызыл кітапнаурызым қорығының мақсатынаурызым қорығының өсімдіктеріреферат қазақша жазу үлгісіреферат қазақша жоспарыменреферат қазақша титулкаҚазақша рефератқазақша реферат скачатьқазақша реферат үлгісіқазақша рефераттар тегін жүктеуқаратау қорығыҚорығықорғалжын қорығыүстірт қорығы