Ақша тауар өндірісі туралы реферат
Тақырыбы: Ақша тауар өндірісі
Жоспар
Кіріспе
І. Ақшаның қажеттігі, экономикалық мәні және оның қызметі
1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы
1.2. Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы
1.3. Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге
ІІ. Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері
2.1. Ақша сұранымы теориясы
2.2. Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.
І. Ақшаның қажеттігі мен экономикалық мәні
1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.
Ақша — өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындау толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
1.2. Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
1.3. Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге
Ұлттық валюта теңге дайын болды. Оны айналымға жіберу жұмысымен қатар, алда өз тиынымызды шығару мақсаты тұрды. Біздің суретшілер теңгені шығарумен айналысқан кезде, біздер біраз мемлекеттерде болып, немістің «Гребнер» компаниясына тоқтаған болатынбыз. Бұл – тиын соғатын бүгінгі заманғы озық жабдықтармен жабдықталған фирма. Бұл шешімді Ерік Асанбаевпен келісе отырып, монета сарайы үшін орын іздедік. Өмір бойы түсті металлургия саласында жұмыс істеген академик Сауық Тәкежанов Өскемендегі күшті конструкторлық бюросы бар заводты еске салды. Бұл Кеңестер Одағының энергетиктері үшін ядролық отын шығаратын жалғыз әрі жабық өндіріс орны болып шықты. Бұл өңірде сонымен қатар, металлургия заводтары мен мырыш, мыс, күміс кен орындары көп. Ал тиын шығару үшін мұның бәрі қажет.мемлекет басшысы бұл таңдауды мақұлдап, Өскеменде монета сарайын құруға рұқсат берді.
Біздер Германиядан технология, жабдықтар әкелдік. Металлургтер қорытпа іздей бастады. Оның бірнеше үлгісі ұсынылды. Тиын миллиондаған қолдан өтеді, оның өзіндік құны жоғары болмауы, оны шығаруы рентабельді болуы тиіс, сондықтан, қорытпаның сапасына бірнеше талаптар қойылды. Конструкторлар мен металлургтердің алғашқы жасаған тиындары ол талаптарға бірден жауап бере қоймаса да, соңында металл қоспасы табылды.
Үлбіде тиын шығаратын желі дайын болғанымен, көпшілік ұлттық валютаны шығаруға дайындығымызды біліп қояды деп қауіптенгендіктен, оны шығара алмадық. Себебі, біз мұны ерте жария ете алмайтын едік. Сондықтан, қыркүйек айында Президент шешім қабылдаған кезде, теңгенің металлдан жасалған бөлігі дайын болмады.
20 теңгелік металл ақша алғаш рет Германияда соғылып шығарылды. Тіпті алғашқысын, Ғ.Байназаров өзі соқты. Қазақстандық жұмыс тобының әрбір мүшесі станокта жұмыс істеп көрді. Сол кезде Грегорий Марченко тиынның соншалықты үлкен екендігін сұраған болатын. Ол кезде бұл өзіндік құны және басқа да көрсеткіштер жағынан өзін ақтап шыққан болатын. Ең бастысы біз прессті сынаудан өткіздік. Қазір 20 теңгелік тиын көлемі жағынан бұрынғыдан анағұрлым кіші, соған орай металл шығыны да азайды.
Ұлттық валютаға көшу механизмін жасау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Құжаттардың бір бөлігін комиссия, енді бір бөлігін ұлттық банк әзірледі. Қажетті нормативті құжаттардың барлығы он сегіз күннің ішінде дайын болды. Тек тек ақша айырбасын жария етіп, іске көшу қалды. Дегенмен, қайталап айтамын, металл түріндегі валюта дайын болмады. Суретшілер дизайнды дайындап, үш ауысымда жұмыс істеліп, бір ай ішінде қағаз тиындар әзір болды.
Ақша мен монета он күн ішінде, ақша айырбасына 2-3 күн қалғанда облыстарға жеткізілді. Сонымен, қарашаның ортасына қарай ұлттық теңгемізге көшідің барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Ақшаны жеткізу аяқталып біткен соң 1993 жылдың 13 қарашасында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың кешкі жаңалықтарында ұлттық валютаның енгізілетінін жария етті.
Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.
ІІ. Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері
2.1. Ақша сұранымы теориясы
Ақша дегеніміз – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. АҚШ – та ақша қорының негізгі өлшемі – валюта және тексеріліп тұратын депозиттер немесе М1 болып табылады. Бұл ақшаны халық бір нәрсе сатып алу үшін жұмсайды. 1989 жылдың орта шенінде М1 – АҚШ – та 800 миллиард доллар болды.
Ақша сұранымын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраным тұрғысынан қараймыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранымы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:
- Нақты ақша сұранымы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады, соған сәйкес процент мөлшерлемесі, нақты табыс, нақты байлық та өзгермейді.
- Номиналды ақша сұранымы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Ақша экономикасында активтердің алуан түрі кездеседі, яғни валютадан түрлі қағаздар жиынтығы ақшаны құрайды. Осы активтердің қайсысын ақша деуге болады? Негізінен 4 түрлі жиынтығы бар: валюта, М1, М2 және М3.
Кесте – 1
Ақша жиынтықтары
Бөлімдер | М1 | М2 | М3 |
Айналымдағы валюта | х | х | х |
Саяхатшының чектері | х | х | х |
Коммерциялық банк сұранымындағы депозиттер | х | х | х |
NOW (сатып алуға болатын тапсырыс) есебі | х | х | х |
ATS (автоматты аудару қызметі) есебі | х | х | х |
Үнемдеу мекемелерінде | |||
Сұранымындағы депозиттер (өзара жинақтау банкінде) | х | х | х |
NOW есебі | х | х | х |
ATS есебі | х | х | х |
Кредитті акция баланстары | х | х | х |
Коммерциялық банктерде | |||
Тез арада (қайта сатып алу келісімі RP) | х | х | х |
Қысқа мерзімді депозиттер (100,000 долл. Аз) | х | х | |
Сақтық кассасындағы депозиттер | х | х | |
Үнемдеу мекемелерінде | |||
Сақтық кассаларындағы депозиттер (өзара жинақтау банкінде және S&LS) | х | х | |
Қысқа мерзімді депозиттер (100,000 долл. Аз) | х | х | |
Басқаларында | |||
Тез арадағы еуродоллар депозиттер | х | х | |
Ақша нарығындағы өзара қордағы акциялар | х | х | |
Коммерциялық банктерде | |||
Ұзақ мерзімді депозиттер | х | ||
Қайта сатып алу мерзімі | х | ||
Үнемдеу мекемелерінде | |||
Ұзақ мерзімді депозиттер | х | ||
Қайта сатып алу мерзімі | х | ||
1988 ж. Желтоқсанда жалпы айналымға миллиард. долл. — мен | 790 | 3,069 | 3,919 |
2.2. Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы
Ақша табысының жылдамдығы дегеніміз – ақша қорының жыл сайын айналымда болып, жылдық табысты қаржыландыратын уақыт мөлшері. Ол ЖҰӨ — нің ақша қорының коэффициентіне тең.
Табыс жылдамдығы былай аяқталады:
V=YN / M
Яғни, ол – номиналды табыс коэффициентінің номиналды ақша қорына қатынасы. Бұл теңдеуді балам түрде жазатын болсақ, YN (номинал ЖҰӨ) баға деңгейіне тең болып, нақты табысқа Y көбейтіледі. Сонымен:
M X V = P X Y
Сандық теория
Соңғы теңдеу сан теңдеуі болып саналады, ол баға деңгейі мен өнім деңгейін ақша қорына қосады. Сан теңдеуі біртіндеп ақшаның сандық теориясы деп аталады. Бұл жерде V – табыс жылдамдығы және Y — өнім деңгейі тұрақты болады. Нақты өнімнің тұрақты болуы экономикалық жұмыспен толық қамтамасыз етілуіне байланысты. Егер V мен Y тұрақты болса, онда баға деңгейі ақша қорына пропорционалды болады. Сонымен, классикалық сандық теория — инфляция теориясы болып саналады. Және ол баға деңгейі ақша қорына пропорционалды екенін дәлелдейді:
P = V X M / Y
Жылдамдық және саясат
Саясатта жылдамдыққа дұрыс мән берілген. Оны мына теңдеуді қайта жазу арқылы байқауға болады.
YN= M х V
Берілген номиналды ақша қоры мен жылдамдық арқылы ЖҰӨ — нің номиналды деңгейін білеміз. Бұдан ары, егер жылдамдық тұрақты болса, ақша ұсынымындағы өзгеріс номиналды табыстағы өзгерістерге пропорционалды болады. Ақша қорына әсер ете алмаған кез келген саясат, соның ішінде фискальды саясат табыс деңгейіне әсер ете алмайды.
Тұрақты жылдамдық туралы мәселе қозғалғанда ақша сұранымы да ескеріледі. Жылдамдық түсінігі өте маңызды, себебі ол – ақша сұранымы туралы әңгімелеудің ыңғайлы жолы.
M /P = L (i, Y).
Мәлімет көрсетіші
Төмендегі кестеде 1982 жылы сағат 1,00 – де белгіленген PGNP – ЖҰӨ — нің дефляторы, OWN – М2 – ден түскен табыс мөлшері, СОММ (айналымдағы кредит-ақша іс-қағазының мөлшері) – бағалы қағаздар немесе іс-қағаздар мөлшері.
Кесте – 2
М1 | М2 | PGNP | V1 | V2 | OWN | COMM | |
1960 | 141.963 | 310.967 | 0.309 | 3.673 | 1.694 | 1.393 | 3.733 |
1961 | 146.033 | 333.400 | 0.313 | 3.371 | 1.644 | 1.550 | 2.811 |
1962 | 148.667 | 359.967 | 0.319 | 3.922 | 1.640 | 2.100 | 3.124 |
1963 | 154.633 | 391.100 | 0.324 | 4.019 | 1.599 | 2.342 | 3.420 |
1964 | 161.433 | 422.100 | 0.329 | 4.144 | 1.586 | 2.505 | 3.894 |
1965 | 168.533 | 456.067 | 0.338 | 4.312 | 1.593 | 2.670 | 4.281 |
1966 | 173.233 | 477.867 | 0.350 | 4.514 | 1.638 | 2.720 | 5.481 |
1967 | 184.300 | 521.367 | 0.360 | 4.593 | 1.622 | 2.793 | 5.032 |
1968 | 197.833 | 562.200 | 0.377 | 4.694 | 1.638 | 2.853 | 5.842 |
1969 | 205.467 | 586.800 | 0.398 | 4.784 | 1.665 | 3.130 | 7.831 |
1970 | 215.800 | 622.733 | 0.420 | 4.855 | 1.684 | 3.163 | 7.714 |
1971 | 230.233 | 706.667 | 0.444 | 4.940 | 1.632 | 3.248 | 5.045 |
1972 | 249.600 | 797.100 | 0.465 | 5.071 | 1.594 | 4.023 | 4.633 |
1973 | 263.967 | 854.633 | 0.496 | 5.300 | 1.626 | 4.485 | 8.023 |
1974 | 273.500 | 904.700 | 0.540 | 5.469 | 1.661 | 3.938 | 10.152 |
1975 | 286.900 | 1.014.267 | 0.593 | 5.677 | 1.648 | 4.138 | 6.235 |
1976 | 304.400 | 1.149.500 | 0.630 | 5.997 | 1.627 | 4.658 | 5.236 |
1977 | 329.467 | 1.278.400 | 0.673 | 6.217 | 1.613 | 5.930 | 5.542 |
1978 | 356.467 | 1.380.500 | 0.722 | 6.492 | 1.679 | 7.080 | 7.942 |
1979 | 384.067 | 1.493.733 | 0.786 | 6.725 | 1.729 | 8.978 | 10.920 |
1980 | 412.700 | 1.627.367 | 0.857 | 6.889 | 1.743 | 7.965 | 12.658 |
1981 | 434.367 | 1.778.133 | 0.939 | 7.181 | 1.780 | 6.575 | 15.352 |
1982 | 471.900 | 1.939.400 | 1.000 | 6.990 | 1.690 | 7.413 | 8.878 |
1983 | 520.100 | 2.174.800 | 1.038 | 6.768 | 1.615 | 6.165 | 10.097 |
1984 | 547.667 | 2.342.600 | 1.077 | 7.005 | 1.657 | 5.160 | 7.954 |
1985 | 613.567 | 2.550.967 | 1.110 | 6.843 | 1.619 | 4.865 | 6.495 |
1986 | 709.500 | 2.788.300 | 1.140 | 6.370 | 1.579 | 5.300 | 6.681 |
1987 | 754.500 | 2.905.767 | 1.177 | 6.081 | 1.619 | 6.592 | 6.243 |
1988 | 787.467 | 3.056.900 | 1.217 | 6.268 | 1.619 | 6.254 | 7.656 |
Қорытынды
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі