Ақша нарығы туралы реферат

0

Тақырыбы: Ақша нарығы

Жоспар

 
КІРІСПЕ

1 Ақша нарығы

1.1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері

1.2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

1.3. Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы

 ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

КІРІСПЕ

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.

Монитаристердің кейнсшілерден өзгешелігі сол, олардың пікірінше, ақша көлемін артуы нақтылы өндіріс пен іске тартуға тікелей әсер етпейді, тек ғана жалпы баға өзгерістеріне алып келеді.

Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.

Сонымен ұлғаймалы ақша саясаты қысқа мерзімдік өндірістің ұлғаюына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетаристер ақша айналымы мен мөлшерін реттеудің дискреттік (үзілмелі) саясатының орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын ұсынады. Мұның мәні ұзақ мерзімдік өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу жылдамдығын ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын тұрақты реттеу саясаты.

Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Жаңа классиктердің орталық идеяларының бірі экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалық процестерді өз беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономикалық обьектілер баға денгейінің болашағын болжай отырып, ағымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бұл жерде тұтынушылар пайдалылықты ұлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Мысалы, өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сұраныстың артуы деп түсініп, тауарлар ұсынысын көбейтуі мүмкін. Бұл қателік жаппай сипат алса, белгілі бір мерзімнен кейін жалпы ұсыныс, жалпы сұраныстан артып кетеді. Ал мұның өзі құбылысқа айналса, өндірістің қысқаруына алып келеді.

1 АҚША НАРЫҒЫ

1.1 Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:

  1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, иена, крона және т. б ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
  2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
  3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
  4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.

Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:

  1. Меттал ақшалар аиналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
  2. Несие және қағаз аұша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтының өзін айналымнан ығыстырады.

Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. 19 ғасырдың соңында куміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметтализмді монометаллизм мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.

Монометаллизмнің үш тірі белгілі: біріншісі- алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. Екіншісі- алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшінші- алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.

20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның аиырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығаруы; жеке кәсіпкерлерге, мемлектке несие беру мақсатында ақша эммисиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.

Қазіргі кезде қағаз бен несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.

Ақша массасы дегеніміз не?

Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.

Ақша массасы құрылымының белсенді – активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экокномикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.

Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чекпен несие карточкасы арқылы банктерге өз депоизитінен қажетті сомманы сатушының есепшотына аударады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұймдарын қаржылар, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненнтері «квази-ақша» деп аталады. Ақша айналымы құрылымдағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.

Профессор П.Самуельсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түрінде айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға – үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды «мұздатылған» құралдар деп атайды) жатады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымды мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша «ескерлік ақша» деп атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2-лердің айырмашылығы М2-квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.

Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категорияларды ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негіздельді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзак мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.

12-кесте АҚШ-та ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымының динамикасының өзгерісі көрсетілген.

Кесте 1 – АҚШ-тағы ақша массасы және оның жылдық

өсу қарқыны, млрд. долл.

жыл М12 М1 Өсімі % М2 Өсімі %
1960

1970

1980

1981

1982

1983

1984

1985

45,4

34,4

25,4

24,6

24,6

24,1

23,5

23,4

141,8

216,6

414,8

441,8

480,8

528,0

558,5

626,3

0,6

5,2

6,6

6,5

8,8

9,8

5,8

12,1

312,3

626,2

1631,4

1794,4

1954,9

2188,8

2371,7

2654,1

4,9

6,6

8,9

10,0

8,9

12,0

8,4

8,1

Бұл деректер АҚШ-та 1960-1985 жылдар арасында ақша массасының едәуір өскенін көрсетеді. Осы кезде М1 көлемі 44 есеге, ал М2 көлемі 8,5 есеге артқан, демек квази-ақшалардың өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан әлдеқайда жоғары болған.

Ақша массасы көлемінің тез ұлғаюы себебі неде?

Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік банктің эмиссиялық қызметінен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық банктердің несие беруін кенейту есебінең жүреді. Банктер жаңа ақшалар шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын қайтару кезінде байқалады. Банктің жаңа ақша жасау процесін кенірек мына мысалдан көруге болады. Нью-Йорктегі «Нэшнлсити банктің» 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші –реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін болады). Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, «Нэшнлсити банк» клиенттерге қарызды 90 мың долл. Көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв қорына қалады. Қарыз бергенде банк сомманы ағымдағы есепке аударады, оны клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк әрекетінің нәтижесі 90 мың долллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру арқылы 90мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек. Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады. Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта «Нэшнлсити банкісі» депозитіндегі алғашқы ақшаның соммасы ең сонында мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша қорының жасуына әкеледі. Айталық «Нэшнлсити банктің» 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және қызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды «Ферст трест банкінің» депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің өсуі оғон жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит соммасының 10% дейін жіберу керек (9 мың доллар) . Демек 81 мың доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын қоса есептегенде) 171 мың долларға тең болады.

Келесі кезеңде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды «Сити-трест» банк депозитіне салады, ал енді берілетің қарыздың көлемін 72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында қалады деп есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша соммасын 243,9 мың долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банктердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға дейін бұл процесс банктің депозиттер ұлғаюының мультипликациондық әсерін сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.

Банктік депозиттердің ұлғаюы шегі:

100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + … -100мың долл.

Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейндегі 100 мың доллар алғашқы депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн долларға жеткізеді.

Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы нақты бақылау мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультипликатор (m) арқылы жүреді.

Ол мына формуламен есептеледі m= 1/r*100 мұндағы r- түріндегі міндетті резервтік норма % немесе m=M/k мұндағы М- депозиттердің өсуі, R- резервтердің өсуі.

Біздің мысалымызда m=10, резервтегі әрбір доллар депозиттінің 10 долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставкалары 5 процентке төменднсе, онда m=20, ал 20проценке көтерілсе m=5-ке төмендейді.

Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қайтарылмай қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмецді, ал олар банктердің қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әсер етеді. Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алу банктің резервтік ресурсын осы соммаға азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10проценттік резерв ставкасында).

Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады: резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай ретейтінің көрсетеміз.

1.2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалацды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға дегн сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мекткптің «монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанан көрсетеді.

Ақша деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, 18 ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсынастырын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршал, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патанкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50-60 жылдардағы еңбектерінен көрінеді. (М. Фридмен, К. Брунчер, А. Х. мельтцер).

Монетаристер экономиканы даиытуда ақшаның рөліне үлкен мән берді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны – ақшаның маңызы бар (moneg matters) ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (money is all that matters). Кейінірек қазіргі монетвристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық вариандық сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі пастулаты (жорамалы) мынала: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, ақшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А. Пиггу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:

M-S = KPY

Мұнда М-s – ақшаның номиналды саны: к – номиналды табыс пен қажетті ақша қалдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция P- бғаның абсолютті деңгейі, Y – нақты табыс.

Егер K мен Y — өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның номиналды санының өзгеруі M-S  бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруі әкеледі деген қорытынды жасауға болады.

Американ профессоры И. Фишер өзінің «Ақшаның сатып алу күші» (1991) деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп шығарады: M-SV=PY дағы V – ақша айналымының жылдамдығы. Осындай жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда қозғалыс жасайды.

Теңдіктің екі бөлігін V-ге бөлсек, мына формуланы аламыз:  Демек, V мөлшері кембридж формуласындағы k мөлшеріне кері әсері бар. Бұл қисын былай түсіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарына сақтаса (k-төмен) онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын арттыру керек (V жоғары).

Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теорися математикалық тұрғыдан үш теңдік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста (толығырақ қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990; 137-бет). Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша қалдығына сұранысты суреттейді:

M2 = KPY

Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды: MS = M-S

Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді:   MS = MД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-теңдігін сақтайтындай жоспарланған ұысынысына сәйкес болуы қажет.

Демек, ноеклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс дәрежесінің қызметі (PY), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.

График түрінде бұл үлгіні былай көрсетуге болады.

MSMS – ақшаны ұсыну қисық сызығы.

ОМД – ақшаға сұраныстың қисық сызығы.

График 1 – Сұраныстың баға дәрежесіне тәуелділігі

Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р) бейнеленген. Баға дәрежесі өскен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс қисық сызығының көп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныс қисық сызығы MSMS, тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.

Баға РА – деңгейінде тағайындалға ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың қисық сызығы қиылысқан нүктесінде ақша рыногының неоклассикалық үлгісі теңдік жағдайда болады. Егер баға жалпы деңгйлік РВ көлеміне дейін төмендесе, онда тең MS=MS, артық ақша ұсынысы шығады.

Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар өсіп РА  деңгейіне жақындайды. Сөйтіп, рынокта теңдік орнату тенденциясы көрінеді.

Кейнсияндық теория ақшаға сұранысты түсіндіргенде неоклассиктерден мүлдем алшақтайды. Дж. М. Кейнс «жұмыспен қамту, процент және аұщаның жалпы теориясы» деген еңбегінде адамдардың ақшалай (өтімді) түрде жинақ сақтауға ұмытылуын үш психалогиялық себебін ұсынады: трансакциондық, алыпматарлық, және сақтық.

Трансакциондық (ағылшынның  trancaction – іс жасау) қалдық қаржыларды белгілі бір ақша табысының деңгейін ұстап тұру үшін сақтайды. Табыс келтіру және оны жұмсау белгілі уақытта бөлінген және бұл интервалды үнемді толықтырып тұру керек. Егер интервал ұзақтығы тұрақты болып және  ол табыс деңгейімен процент нормасының өзгеруімен байланысты болмаса (оларды мүлдем ескермеуге болмайды) онда мынадан қорытындыға келеміз: жеке дара адам үшін трансакциондық қалдық деңгейі оның ақша табысындағы үлесіне тең болады:

Дж. М. Кейнс ақшаға сұранысты түсіндіруде неоклассиктер теориясы өкілдерінің бұл жөніндегі пікірмелерімен сәйкес келеді. Қалдық ақшаларды, алыпсатарлық немесе сақтық, бейқам болу ниетімен ұстап тұру себептері де бұрынғы неоклассиктердің көзқарастарынан айырмашылықтары көп.

Дж. М. Кейнс ақшаға сұраныс теориясында жоғарыда аталған скбкптерге ерекше мән берген. Оның ойынща, финанс рыногындағы екі ұштылықпен қауіп қатер жағдайында ақшаға деген сұраныс белгілі дәрежеде облигациадан түсетін табысқа байланысты. Егер адам алыпсатарлық ойымен болашақтағы процент нормасының рыноктан күткеннен көп екенін есептеп шығарса, онда ол ақшаны жинақтап ұстауға тырысады, облигацияларды сатып алмайды, өйткені процент нормасының өсуі облигация курсын төмендетеді. Демек бұл пиғыл алыпсатарлыққа жақын және ол процент ставкасының өзгеруімен байланысты.

Соынмен экономика ғылымныда Кейнс қоржындық таңдау проблемасын енгізді, бнліглі адамның активінің (ақшасының) қолайлы құрылымы қандай болуы керек (ақша қаржысымен облигация үлестерінің арасалмағы) индивидтің (адамның) күткен үмітін талдауда да ол басты рөл атқарады. Ол ақшаға сұранысты болжап білуге болмайтын құбылысқа айналдырады.

Сұраныс екі бөлікке бөлінеді:

— транакциондық сұраныс немесе басқаша көрінісі,

L1(y);  — алыпсатарлық сұраныс немесе басқаша көрінісі,

L2(r-r); r – рыноктың проценттік ставкасы, — r процент нормасының жайшылықтағы күтімі.

Ақша рыногының Кейнстің агрегаттық үлгісі трансакциондық алыпсатарлықтың ақша қалдықтарына сұраныс қызметін біріктіреді сонымен қатар сақтандыру пиғылы да ескеріледі. График түрінде бұл 2-суретте көрсетілген.

2-суреттегі график ақшаға трансакциондық сұранысты білдіреді. Алыпсатарлық пиғыл Кейнс теориясында өтімділікті мақұл көреді (предпочтение ликвидности). Өтімділікті (ликвидность) L символымен (liguidtu – англ.) белгілейді.

Бағалы қағаздардың (облигациялар және тағы басқалар) курсы біріншіден, түсетін табыстарға (акциядан — дивиденд) облигациялардан процент, екіншіден депозит (салым) бойынша процент ставкасына байланысты. Демек, облигация құрайтын құнды-бағалы қағаздар табысы проценттің орташа деңгейі.

 

График 2 – Ақшаға деген трансакциондық сұраныс

 

2-график ақшаға деген трансакциондық сұранысты білдіреді. Ол проценттің (r) дәрежесіне байланысты болмайды, сондықтан да трансакциондық сұраныс тік сызық. Ал 2, б-графикте ақшаға деген алыпсатарлық сұраныс көрсетілген. Ол ставка процентіне бағынышты және ол теңділік ексі жақты. Процент жо,ары болған сайын қолдағы ақшаны облигация түрінде ұстаған тиімді, өйткені өтімділікке жол жоқ 2, в-графигінде ақшаға деген жалпы сұраныс бейнеленген, яғни МД сызығы көбейте қосудан жасаған.

Ақшаны ұсыну егер ол экзогенді автономиялық ақшаға сұраныс пен ставка процентінің көлеміне тәуелсіз түрде болса, тік сызық арқылы көрінеді. (3-график). Енді ақшаға сұраныс графигі мен ақшаны ұсыну графигін біріктірейік. 1-графикке қарағанда ординат белдігіне баға дәрежесін емес, ставка процентінің мөлшерін енгізейік (4-график).

График 3 – Экзогенді ақшаға сұраныс

 

График 4 – Ставка процентінің мөлшері

 

 

МД және МS  сызықтарының қиылысы ақша рыногындағы тепе-теңдік процентінің r0 деңгейінде орнағанын көрсетеді. Гер мысалға, орталық банк ақшаны ұсынуды азайтса, онда МS сызығы соған ығысып  жағдайына енеді. Сөйтіп ақша рыногында жаңа тепе-теңдік орнайды, бірақ ол проценттің жоғары деңгейінде болады. 4-суретте несие-қаржы орындары басшыларының ақшаны ұсынуды ұлғайту немесе азайту арқылы процент ставкасы деңгейіне қалай әсер ететіні анық көрініп тұр.

30-жылдардағы Кейнс идеяларының кеңірек таралуы неоклассикалық теорияның деградацияланып құруына әкелді. 50-жылдарда Кейнстерге қыр көрсетіп күреске шақырған қазіргі монетаристер сандық теорияны бұрынғықалпында дүниугу келтіруге ьолмайтынды,ын түсінді. Сондықтан осы теорияның негізін қалаушы – американ профессоры, экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фоидмен ақшаға сұраныс теориясын микроэкономикалық сатыда (желеген шаруашылық агенттерінің тәртібі) зерттелуге көңіл аударып, содан кейін барып алынған қорытындыларға макроэкономикалық шеңберде мән беріп, ақшаға деген сұраныстың өзгерісін және оның барлық шаруашылық ықпалын талдайды. Ақшаға сұраныстың таза теориясы деген атпен белгілі болған сандық теорияның жаңа вариантында М. Фридмен ақша сұраныстың қызметін былайша көрсетеді:

мұндағы  МД – номиналды ақша қалдығына жоспарланған сұраныс. Р – бағаның абсалютті деңгейі  rв облигациялардың  %   нормасы —  rc    акция табыстарының нарықтық  нормасы. Р – баға деңгейінің өзгеру проценті (тауарларды акция түрінде сақтаудан түскен табыстағы ставкасы) Ү – тұрақты бағадағы ұлттық табыс. h – ұлттық табыстың, байлықтың физикалық компонентінің үлесі, u ақшаға сұранысқа әсер ететін басқа факторлар.

Монетаризм ақшаға деген сұранысты шаруашылық агенттерінің ақша қорынан түсетін және баламалы актиытердің келтіретін табыстарын салыстыру нәтижесі ретінде анықтайды. Ақша қорының артықшылығы ақшаның айырбасты жеделдету және банкроттан сақтау қабілетінен көрінеді. Сөйтіп, кейнсшілердің қоржынға нені салуды қалайтынын ақшаны ма, жоқ аблигацияны ма деген таңдауларын жеңілдетеді. Ал монетаристер болса, таңдаудың көптеген баламаларын (альтернативтерін) ұсынады.

М. Фридменның теориясында ақшаға сұраныс қызметінен тұраұты болатыны баса айтылған. Бұл кейінсшілердің ақшаға сұранысты болжап білуге болмайды дегендеріне қарсы бағыттылған анықтама. Монетаристер халық жинағындағы ақша қорларын жалпы ұлттық өнімнің тұрақты бөлігі деп есептейді. Бұл анықтаманы теориялық жағынан негіздеу үшін М. Фридмен ақшаға актив қаржыларының ең бір инерциялық элементі деп қарады. Ақшаға деген сұраныс өзгермелі табыспен емес, оның орнықты бөлігімен, тұрақты табыспен анықталады. Ол өткен жылдарға және қазіргі табыс дәрежесі негізінде орташа мөлшер түрінде есептеледі. Егер нақты ақша қоры халықтың тілейтін дәрежесінен асып түссе не болар еді? Онда адамдар қосымша ақшадан өздерінің шығындарын көбейту немесе өздерінің активтерінің (мысала бағалы қағаздар сатып алу) құрылымын өзгерту арқылы құтылады. Ал бұл жиынтық сұранысты өсіргендіктен баға көтеріледі, олай болса өндіріс те ұлғаюы тиіс. Бүкіл ұлттық өнім адамдардың қосымша сұраныс тудырғанына дейін өсіп отырады. Халық қолындағы күткендігінен көп ақша таусылғанша жоғарыдағы процесс жүре берелі. Сонымен қатар ақша қорының құрылымы өзгереді(біреулер ақша азайса, екіншілерінде көбейеді). Алайда, тұтас алғанда ақша көлемі, массасы өзгеріссіз қалады. Бірақ бұл нақтылы өмірге сәйкес келмейді, сұраныс пен болған жағдайда ақшаны ұсыну деңгейі өзгереді, мысала жоғарыда көрсетілген депозиттердімультипликациондықкеңейту механизмі арқылы өзгереді. Адамдар банктен қарыз алады және ол өздеріндн қосымша ақша келмеген жағдайға дейін созылады. Мұнда ЖҰӨ-нің өсуі тоқталады, ал халықтың қолындағы ақша қорлары ақшалай табыстың тұрақты үлесі болып қала беруі тиіс.

Соғыстан кейінгі, алғашқы онжылдықтарда АҚШ-тың ЖҰӨ мен ақша массасының өзгеруі туралы деректер монетаристердің көзқарастарын рыстағандай еді, бірақ 70-80 жылдарда ақшаға деген сұраныстың тұрақтылығы жөніндегі тезис айтарлықтай шайқалады, өйткені монетаристердің бірде-бір теориялық үлгісі, теңдеу жүйелері сол кезеңдегі ақша  массасы қаншалықты өзгеретінін дәл айта алмады. Сөйте тұра монетаристер ЖҰӨ-ге қатысты, ақшаға деген сұраныстың қалайда өзгеретінін жоққа шығармады. Бірақ бұл өзгерістер өте баяу жүреді (мысалы, несиелік карточкаларды енгізу, ЭВМ банкілерін құру үшін уақыт керек) немесе бұл өзгерістердің айтарлықтай еместігі сонша, тіпті оларды есепке алмауға да болады. Сңғысына монетаристер процент ставкасын жоғарлату немесе төмендету арқылы номиналды ақша қалдықтарындағы өзгерістерді жатқызады. Монетаристер олардың ақша қоры үлесін өзгертетін факторлар екеніне сенбейді. Олар инфляциялық өсуін күткен адамдар ақша қорын азайтып, оны көп жұмсауға тырысады.

М. Фридменнің таза теориясын сұраныс теориясы демей, ақша ұсынысы теория деу абзал. өйткені соңғысы жиі және жедел өзгеріп, рыноктағы жағдайды анықтайды. Монетаризмнің маңызды бір жорамалы ақша ұсынысының экзогендік сипаты, яғни оны анықтайтын күштердің экономикалық жүйеден тыс болуы (бұл жерде олар үкіметті көрсетеді).       М. Фридмен бұл жағдайда ақша ұсынысы оған сұраныстың өзгеруімен байланысты емес, автономды, бөлек жүреді деп толықтырады. Ақша ұсынысының экзогендік сипаты міндетті түрде орталық банктің ақша массасына қатаң және тиімді бақылау жасауын қажет етеді. Неокейнсиандық монетаристердің ақша ұсынысын экзогендік сипаты бар дегендеріне қарсы шықты. Несиелік ақшаға негізделген шаруашылық жағдайында ақша ұсынысы оған деген сұраныстың өзгеруіне тікелей тәуелді (қолма-қол ақшаға немесе депозиттеріне) және ол эндогендік (ішкі параметрлерге тәуелді) сиаптта болады. Монетаристер баға мен жалақы иекмді болып сұранысқа қарай жылдам өзгеретінін айтады. Сөйтіп олар Дж.М.Кейнс пен оны қолдаушылардың бұл көлемде тұрақты өзгермейді дегендерін жоққа шығарады. Бір қарағанда әңігме таза теориялық, схоластикалық өмірден алшақ проблема сияқты, рыноктік шаруашылықты мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге қатысы жоқ болып көрінеді. Бірақ олай емес, біз болашақта өмірлік маңызы бар екі экономикалық мектептің макроэкономикалық үлгілерімен таныстық.

1.3 Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы

Неокейнсиандықтар мен монитаристердің теориялық айтыстары қалай дегенмен баға белгілеу немесе ақшаға сұраныс мәселесі төңірегінде емес, ақшаның рыноктык шаруашылық дамуына әсері қандай деген проблемада жатыр. Бұл мектептің рыноктық экономика механизмінің қызметі туралы түсініктері әр түрлі.

Монитаристер неоклассиктер сияқты барлық ресурстарды толық пайдалану жағдайында нарықтық экономика тепе-теңдікті автоматты түрде сақтауға ұмтылады дегенді жақтайды. Өйткені экономикалық дамудың «қозғаушы» және «тұрақтандырушы» тетіктері мүлтіксіз жұмыс істейді. Сондықтан мемлекеттік саясат ұдайы өндіріс проценттеріне жанама түрде ғана араласуы керек, өйткені ол кәсіпкерлік еркіндікке зиян келтіріп, оны жоққа шығарады. Алайда өздерінің болжамдарына берік неокейнсияндықтар рынок шаруашылығының ішкі механизмі экономиканы ұзақ кезеңді тоқыраудан, дағдарыстан шығара алмайтын деп жариялайды. Сондықтан олар рыноктық шаруашылықты мемлекеттік реттеу саясатын белсенді насихаттайды.

Монитаристердің макроэкономикалық үлгісі ақшаның жиынтық сұранысын реттеуге немесе мемлекеттік монитарлық саясатына басымдылық маңыз береді, ал кейнсияндықтардың ақшамен қатар фискалдық (салық) саясатына да назар аударғаны белгілі. Ақша (монитарлық) саясаты – орталық банктің жиынтық сұранысты реттеу мақсатында несие мен ақша айналымына жоспарлы түрде ықпал ету үшін қабылдаған өзара байланысты шараларының кешені.

Неокейнсияндықтар жақтайтын фискалдық саясатқа мемелекеттік шығындар мен салықтарға жоспарлы ықпал ету арқылы жиынтық сұранысты реттеу жатады. Монитаристер мен кейнсияндықтардың бұл мәселе жөніндегі айырмашылықтары олардың теориялық алғышарттарында жатыр.

Егер ақшаға сұраныс тұрақты, алдын ала болжауға мүмкін болса, ол ақшаны ұсыну экзогенді болса, онда орталық банк ақша саясаты арқылы шаруашылық агенттерінің шығындарын ұлғайтып, немесе қысқарта алады, сөйтіп, экономикалық дамуды тиімді реттей алады. Егер ақшаға сұраныс тұрақты болмай ақшаны ұсыну эндогендік сипатта болса, онда орталық банктің ақша саясаты нәтижесіз болады және шарушылықты реттеу фискалдық саясат арқылы жүреді. Қандай экономикалық әдістер мен тетіктер арқылы орталық банк өзінің ақша саясатын жүргізе алады?

Орталық банк банкнот (эмиссия) саласында ғана монопольдық жағдайда болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің монитарлық саясатын жүргізу барысында да маңызды рөл атқарады. Бұл саясат қысқа мерзімге арналған және жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Монитарлық саясатты жүргізе отырып, орталық банк экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасау үшін алдына нақты мақсат қояды: экономикалық өсудің қарқынын реттеу, тауар, капитал және жұмысшы рыноктарындағы циклдық ауытқуларды жұмсарту, инфляцияны тежеу, төлем балансында сәйкестікке жету. Орталық банктің несие – ақша саясатының басты құралдары: ашық рыноктағы операциялар, дисконттық саясат, (процент ставкасын өзгерту) банк мекемелері үшін міндетті резерв нормаларын өзгерту.

Орталық банктің несие – ақша саясатының басты бағыты ашық рыноктағы операциялар. Мұның мәні мемлекет облигацияларын сатып алу мен сату. Мемлекет облигацияларын инвестициондық брокер – диллерге сатып, ал олар оны комерциялық банктерге, корпорациялар мен қаржы мекемелеріне қайта сатуды ұйымдастырып, орталық банк банктік резервті азайтуға, сол арқылы депозиттерді едәуір қысқартуға қол жеткізеді. Ашық рыноктағы операцияларды батыс елдерінің орталық банктері, әсіресе мемлекеттік облегация сиымдылығы үлкен рыногы жүргізеді(АҚШ, Ұлыбритания, Канада).

Есеп – прцент, дисконтты саясаттың мәні процент ставкасы көлемін реттеуден көрінеді. Ол комерциялық банктер және орталық банктер мен резервтерді қамтиды. Әдеттегі тәжірибеде комерциялық банктер олардан алатын қаржылар көлемін азайтуға мәжбүр болады. Ал мұның өзі резервтерді төмендетіп ставка процентін көтеріп, кредит операцияларын азайтады. Есеп – процент механизмі ғасырдың бас кезінде жақсы істеп, бірақ оны қолдану банк монополиялары тарапынан қарсы әрекеттерге кезікті. Олар пройенттік ставканы рынокта қалыптасқан жағдай бойынша емес, өзара келісім белгіленеді. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы да есеп –пройент саясатының тиімділігіне теріс әсер етті. Қазіргі кезеңде ставка есебін төмендетсе, ол кпиталдың сол елден басқа елге кетуін мәжбүр етеді, сөйтіп бұл саясат экономикалық конюктура әсерін әлсіретеді. Орталық банк барлық банк мекемелерінің міндетті резервті көлеміне тікелей әсер ете алады. Осы құрал қаржы жағдайына оперативті түрде жедел ықпал жасайды. АҚШ-та міндетті резервтің төмен нормасы 1933 жылдан бастап жүргізілді. Ал 1980 жылы депозиттік институттарды реттеу және монетарлық бақылауды күшейту туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша ФРС (федералдық резерв системасы) резервтік талаптарды елдің барлық депозиттік институттарына (бұрын тек ФРС мүшелері комерциялық банктерге ғана міндетті) таратты. Бұл АҚШ-тың несие жүйесіндегі ФРС-тің позициясы мен рөлін күшейтті.

80-жылдары батыс елдері өздерінің орталық банктерінің несие-ақша саясатына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Мемлекеттік экономикалық саясатының теориялық негіздері қайта құрылды, кейнсиандық догмалардан бас тартып, неоклассиктер идеяларына оралды (айталық, монетаристік концепцияға). Тәжірибеде бұл экономикалық саясаттың әсері процент ставкасы динамикасы, ақша массасының көлемі мен қарқынын өзгертуге әкелді. Бірқатар батыс елдерінде 70-жылдарда ақша массасын таргетирлеу (target-мақсат) жүргізілді. Мұның мәні алдағы кезеңге ақша массалары өсуінің жоғары және төменгі деңгецін орнату. Болашақ ақша массасының мөлшеріне мұндай шектеу АҚШ, ФРГ, Англия, Канада және Жапонияда қойылды.

Орталық банктің монетарлық саясатының механизмі қандай? Ақша массасының несие көлеміне жоғарыда көрсетілген әртүрлі тәсілдердің әсер етуі орталық банктің түпкілікті жиынтық сұранысқа жүйелі ақша массасы, процент нормасы, күрделі қаржы, жиынтық сұраныс, ұлттық табыс арқылы ықпал жасайды. Егер орталық банк қабылдаған шешімдерді жүзеге асу механизмін кезеңдерге бөліп қарасақ былай болар еді:

Бірінші кезеңде орталық банк өзінің әрекеттері арқылы (комерциалық банктерден облигациалар сатып алу немесе резервтік талап ставкаларын төмендету) ақша массасын көбейтеді.

Екінші кезеңде банк депозиттерінің мультипликациондық кеңеюі болып ақшаны ұсыну ұлғаяды.

Үшінші кезеңде ақшаны ұсынудың өсуі оны арзандатады, яғни проценттік ставкасын төмендетіп инвестицияға сұранысты ұлғайтады.

Төтінші кезеңде процент ставкасының төмендеуінің нәтижесінде жеке меншік және мемлекеттік инвестициялар артады.

Бесінші кезінде күрделі қаржының өсуі табыстардың көбеюіне, өндірістің, жұмыспен қамтудың ұлғаюына және инфляция қарқынының жеделдеуіне әкеледі.

М-ақша массасының көлемі; І-инвестиция мөлшері; Ү-жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) мөлшері; МДМД – ақшаға сұраныстық қисық сызығы, MSMS – ақшаны ұсыну қисық сызығы; ІІ-инвестицияға сұраныс қисық сызығы, SS инвестицияны ұсынудың қисық сызығы.

График 5 – Монетарлық саясаттың жалпы ұлттық өнімнің көлеміне ықпалы

 

Графикте ақша рыногы мен инвестиция рыногының өзара байланысы байқалады. Экономикалық өсу мен іскерлік белсенділікті мадақтаудың кейнсиандық «рецепті» үкімет монетарлық саясатты жүргізуде ақша массасын көбейтуді (ақша ұсынысын) мақсат етуі тиіс. Бұл ақша ұсыну қисық сызығын оңға MSMI – жағдайына жылжытады. Ақша рыногындағы тепе-теңдіктің жаңа нүктесі процент ставкасының төмендеуіне  rs  сәйкес келеді. Процент ставкасының азаюы жеке бизнестің несие ресурстарын алуға жол ашып инвестицияны ІА деңгейден ІВ –ге дейін өсіреді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ақша саясатының қысқа және ұзақ мерзімді нәтижелері болатындығын көреміз. Бұл мәселеде де неокейнсияндықтар мен монитаристердің позициялары сәйкес келмеді. Неокейинсияндықтар үшін жалақы және баға икемсіз құралдар олардың рыноктық шаруашылықтың дамуына әсері шектеулі, сондықтан қысқа мерзімге болса да үкімет ақша массасын ұлғайту арқылы көрсетілген кесте бойынша ЖҰӨ-нің өсуін қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді жоспарда мұндай ақша саясаты ЖҰӨ-нің едәуір өсуіне әкелмейді, ол тек инфляцияны туғызады.

Монитаристер басқаша есептейді. Олардың ойынша баға мен жалақы – икемді құралдар. Сондықтан қысқа және ұзақ мерзімде ақша массасына бақылау саясаты олардың пікірінше тек инфляцияның қарқынын бақылай алады. Белгілі ағылшын ғалымы Дж. Хикс кейнсияндық теория негізінде рыноктың стандарттың тепе-теңдік үлгісін жасаған.

Процент нормасының аз болуына байланысты аблигацияларды жаппай сатып алу қаупі де қосылады. Осылардың салдарынан ақша рыногі табыстың қандай деңгейінде де тепе-теңдік жағдайда болады, ал процент нормасы өзгермейді. Бұл үкіметтің монитарлық саясатын тиімсіз етеді, орталық банктің ықпалымен ақша массасы көбейгенімен процент нормасы төмендейді, сөйтіп табыстың қандай деңгейінде де ақша рыногі тепе-теңдік жағдайда болады. Теория бойынша тауарларды артық өндіру мен бағалардың төмендеуі сонымен қатар жұмыссыздар санының өсуі процент нормасымен табыстың тепе-теңдігін өзгерте алмайды, тек рыноктік экономиканы автоматты реттеушілердің әрекеті тоқтап қалады. Дағдарыстан шығудың жалғыз-ақ жолы – фискалдық (бюджеттік) сипаттағы шараларды қолдану.

Тәжірибеде мемлекеттің ақша және фискалды саясаттары бір-бірімен тығыз байланысты. Үкіметтің бюджет тапшылығын қаржыландыруы ақша массасын ұлғайтуға әкеледі, өйткені орталық банктің несиесін пайдаланады, ал бұл банк депозиттері кеңейуінің мултипликаторлық әсері мен жүріп отырады. Демек, фискалдық саясат ақша саясатына сүйенеді.

Жоғарыда айтылғандай, кенсияндық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мекткптің «монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанан көрсетеді. Трансакциондық қалдық қаржыларды белгілі бір ақша табысының деңгейін ұстап тұру үшін сақтайды. Табыс келтіру және оны жұмсау белгілі уақытта бөлінген және бұл интервалды үнемді толықтырып тұру керек. Егер интервал ұзақтығы тұрақты болып және  ол табыс деңгейімен процент нормасының өзгеруімен байланысты болмаса (оларды мүлдем ескермеуге болмайды) онда мынадан қорытындыға келеміз: жеке дара адам үшін трансакциондық қалдық деңгейі оның ақша табысындағы үлесіне тең болады. Есеп – процент механизмі ғасырдың бас кезінде жақсы істеп, бірақ оны қолдану банк монополиялары тарапынан қарсы әрекеттерге кезікті. Олар пройенттік ставканы рынокта қалыптасқан жағдай бойынша емес, өзара келісім белгіленеді. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы да есеп –пройент саясатының тиімділігіне теріс әсер етті. Қазіргі кезеңде ставка есебін төмендетсе, ол кпиталдың сол елден басқа елге кетуін мәжбүр етеді, сөйтіп бұл саясат экономикалық конюктура әсерін әлсіретеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория – Алматы, 2002 жыл.
  2. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев. Экономикалық теория негіздері – Алматы, 1998 жыл.
  3. Н. Крымов. Ақша, несие және инфляция – Алматы, 2003 жыл.
  4. Н. Әлібеков, Г. Жантаева. Экономика – Алматы, 2004 жыл.
  5. Б. Күзенбаев, Е. Оспанбеков, Н. Қайыржанова. Ақша нарықтары – Алматы, 2003 жыл.
  6. Д. Саденов, С. Смағұлов. Нарықтық экономика – Алматы, 1999 жыл.
  7. Н. Нұрмаханов, Ә. Елусізова. Экономика және бизнес – Алматы, 2003 жыл.

Тегтер:ақша жүйесінің басты құралы теңгеақша жүйесінің институттарыақша жүйесінің мәні түрлеріақша жүйесінің түсінігіақша жүйесінің элементтерақша жүйесінің элементтеріақша жүйесінің қызметтеріақша жүйесінің құқықтық негіздеріақша жүйесінің құқықтық негіздері презентацияақша жүйесінің құқықтық негіздерінің өзекті мәселелеріақша нарығыақша нарығы және капитал нарығыақша нарығы презентацияақша нарығы рефератақша нарығындағы тепе-теңдікақша нарығының маңыздылығыақша нарығының төлем құралдарыақша нарығының төлем құралдарына сипаттама беріңізақша нарығының функцияларыақша нарығының құралдарыақша сұранысыақша ұсынысыақша ұсынысы ms құраушысыақша ұсынысы дегенімізақша ұсынысы формуласыақша ұсынысының молаюыақша өндіру туралы талап арызақшаға деген сұраныстың монетаристік тұжырымдамасыақшаға сұранысақшаға сұраныс ақша нарығыақшаға сұраныс және ақша ұсынысыақшаға сұраныс және ұсынысақшаға сұраныс пен ұсынысақшаға сұраныс пен ұсыныс презентацияақшаға сұраныс презентацияақшаға сұраныс факторларыақшаға сұранысқа әсер ететін факторлар