АҚШ тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі туралы реферат

0
45

Тақырыбы: АҚШ тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі

Жоспар

Кіріспе _____________________________ __________________  _____________1

  1. АҚШ тарпынан социалистік Кубаға

көрсетіліген қысым және КСРО көмегі__            ___________________________3

  1. Дағдарыстың жандануы және «Анадырь»

опрациясы______   _____________________       ________________________  __8

  1. 3. Кубадағы блокада немесе «Карантан»___________________ _____________13
  2. Дағдарыстың шарықтау шегі және оны

Тоқтатудағы маңызды келіссөздері________         _______________   _________14

Қорытынды____________________________          _________________________17

Пайдаланған әдебиет__________________________   _______________________19

Кіріспе

Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс «Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды.

Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет  «Ядролық  тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері  жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан  әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз.

Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін  біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес.

Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі  АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық..

Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін,  сабақ ретінде  түсіндіру.

АҚШ тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі

Әлемдік социолистік  жүйенің дамуына  1960ж басы КСРО мен соцлагер елдерінің және АҚШ арасындағы қатнастардың шиеленісумен сипаталады. Тарихтан белгілі, әрбір революция қандай елде, қандай кезенде болмасын белгілі бір жаңалықтарға, өзгерістерге әкеліп соқтырады.сол сияқты, Латын америкадағы ұлт  азаттық қозғалыс Кубалық  ревалюцияның жеңісімен белгіленеді. Кубада американдық монополиялардың итаршысы, диктатор Батистаның реакциялық режимі құлатылып нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалыс халық революциясының жеңісімен аяқталды.

Фидель Кастро бастаған, Латын Америка континентінде социалистік бағыт ұстанған алғаш мемлекет пайда болады. Куба революциясының  жеңісін АҚШ құшақ жайып қарсала қойған жоқ,, ендігі олар бар күшін экономикалық қысымға, контрреволюциялық әрекеттерге жіберді. Кастронның беделі жоғары болды. Сондықтанда  ЦРУ Кастроны өлтіру мақсатында бірнеше терролистік актілер мен  қаскүнемдіктер ұйымдастырып отырды. Саяси қысым, бай-байламен қатар, АҚШ Кубаны экономикалық блокадаға ұшыратты. Олардың негізгі мақсаты – елдің шаруашылығын төмендету, елді экономикалық қиыншылықтарға әкеліп соқтыру болды.Осының  бәрі елді капитуляцияға алып келеді деп үміттенді. АҚШ Кубалық қантты (ұлттық кірістің негізгі көзі,оның экспортынсыз Куба, азық-түлік, басқа тауарлардың шипортына тәуелді болып отырған ел) симпорттаудағы өз міндеттемелерін бұзғанда осы  мақсаттарын көздеді. Осыны біліп отырып, АҚШ     1960 ж Кубалық  қантты сатып алудағы  95% квотасын жойып жіберіп, Кубаға өндірістік жабдықтарын, басқа тауарларды сатуға тыйым салды. Нәтижесінде,  Куба өте ауыр хальге ұшырады. АҚШ–ң осындай антикубалық саясатының нәтижесінде Кастроның КСРО және басқа социалистік  елдермен байланысын нығайта түседі. Өйткені сол кезде экономикалық дағдарыстан, саяси оқшаланудан шығудың басқа жолдары болмады. Осындай дипломатиялық, сауда-саттық қатынастарының орнатылуы, және олардың экономикалық көмегі Кубаның жағдайын жақсартып, яғни алға қарай жетеледі. Сол жылдың өзінде – ақ, тауарайналымы және төлемдер туралы келісімге қол қойыпты. Бұл келісім бойынша, Кубалық қантты КСРО сатып алып, оған айырбас түрде Кубаны қажет тауарлармен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен қатар 100 млн доллар кредит берді. 1960 ж бастап жылына КСРО Кубаға шамамен 6 млн тонна мұнай жеткізіп, 2-3 млн тонна Кубалық қантты сатып алып отырды. КСРО – ң көмегі тек экономикалық көмекпен шектелмеді, АҚШ-ң агрессиялық әрекеттерінің қаупі төнетін жағдайда да көмек, қол үшін береміз деп уәде берген болатын. Соцлагерьдің де басқа елдері Кубаға барынша көмек беріп отырды.

Айта кететін бір жай, 1961ж қаңтарда Эйзенхауерден кейін билік басына келген Кеннеди үкіметі де Кубаға қатысты агрессивті саясат ұстанып, 1961ж 17 сәуірінде Куба интервенттер тарапынан қарулы бандылардың қарақшылық шабуылына ұшырады. Келесі күні Куба жақтаушысы КСРО АҚШ-тан Кубаға қарсы агрессиясын тоқтатуды талап етті. Бұл жағдайда АҚШ кері шегінуге мәжбүр болды. Бірақ соған қарамастан АҚШ жылдам түрде жаңа шабуылға дайындала бастады. Осы жылдың ақпан айында Куба астанасы Гаванада сауда-өнеркәсіптік көрме ашылады, менің ойымша, осы кезден бастап Куба басшылығы КСРО-ң көмек беретіндігіне күмәндары таусылып, сол кезден бастап екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тығыздала түсті. Осы процестің дамуына өз ықпалын, үлесін қосқан, еңбегі сіңген Хрущевтың көмекшісі – Анастас Микоян болғанын айтып  кеткен жөн. Бұл жағдайдың алдында, 1959ж өзінде-ақ Н.С.Хрущев Кубада совет ядролық ракеталарды орналастыруды ұсынды, оның ойынша, Тюия Хирондағы жеңілістен кейін, американдықтар қайтадан шабуыл жасауы, Кубаға өз үстемдігін орнатуы мүмкін болды. Бұндай жағдайда, американдықтар КСРО-ң Кубаны қолдайтынын білер деп ойлады. Осы жылдары АҚШ КСРО-дан оқ-дәрі жағынан 17 есе артық болды. 1962ж 87% американдық континентарлық зымырандар (Атлас-Р, Титан-1) шахталық қондырғыларда орнатылды, ал КСРО тек олардың құрылысына енді кіріскен болатын. Сонымен қатар АҚШ-ң континент аралық ракеталардың техникалық дайындығы совет одағын бірталай озып отырды.

1960ж басына қарай АҚШ сандық және сапалық жағынан стратегиялық Ядролық қаруландырудан басымдылығы едәуір үлкен болды, және жорамалды турде жеңіске жетуге толық мүмкіндігі болды. Бұл қиын жағдайдан жал табу үшін 1962 ж 24 мамыранда КСРО қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Кубадағы совет әскерлерінің тобын құруға шешім қабылданды, оның құрамына бес ракет полктарынан ракетты дивизия кірді КСРО әскерлерінің торбы Куба майданында қанат жайып, Ядролық күштерге сандық және сапалық өзгерістер әкелген  жағдайда, АҚШ-қа кенет ядролық соққы беруге мүмкіндік болатын еді. Кубада ракеталардың өрістеуі КСРО-ң «Анадырь» опреациясында негізделді. Осы опреацияның толық жүзеге оспағанымен де, КСРО едәір паритетке жетті. Бұл операция толық құпия жағдайында өтіп отырды. Жоғарыда айтылып кеткен отырыста Гаванаға делегация жіберуге шешім қабылданды, оның құрамына Ш.Р.Рашидов, шаршы С.С.Бирюзов және КСРО-ң елшісі  А.И.Алексеев кірді.

Дағдарыстың жандануы және «Анадырь» опрациясы

Ал кариб дағдарысының себебіне келетін болсақ, КСРО Кубада  өз ракеталарын орналастыруға мәжбүр болды. Жағдайдың мән-жайын түсіну үшін, 1960 ж мамырына қайтып оралайық, онда У-2 ұшағы атып түсірілді. КСРО-ғы У-2 баралу ұшағы барлау жұмыстарын орталық барлау басқармасы ұйымдастырылды. Одан кеін, сол жылдың мамыр-маусымында бас барлау басқармасы совет барлаушыларына  АҚШ құрған «Ядролық соққының бағдарламасын» жария етті. Онда КСРО-ға жасалатын шабуылдың көлемі, мақсаттары, принциптері, орындалуы мен бақылауы туралы айтылды. Бұл бағдарлама Хрущевке жетіп, нәтижесінде, оның шешімі бойынша Кубаға зымырандар жеткізіле бастады.

Кубадағы баллистикалық зымырандарды орналастыру операциясы «Анадырь» деп аталды. 1962 ж қазан айына қарай  Кубаға әскет, бронетехника, ПВО кұралдары, Миг-21, Ил-29,32 ұшақтары, орта қашықтықтағы зымырандары, сонымен қатар біршама Ядролық боеголовкалар жеткізілді. 1962 ж 1-ші өазанында Солтүстік флоттық соғыс тарпедаларымен толық жабдықталған төрт сүңгір қайығы Сайд бұғазындағы базадан теңізге шықты. Маршруттар жазылған пакеттерді ашық  теңізге ғана ашуға рұқсат еді-тек сонда ғана олардыңКубаға бет алатындағы белгілі болды. Екі жарым жылдың ішінде 85 кеме 185 рейс жасалды. 1962 ж тамыз айында-ақ АҚШ  немістерден, ағылшындардан, сатқын Пеньковскийден және өзінің әуе барлау қызметтреіненн Кеңестік сауда флотының аса жоғары белсенділігі  жайында, қару-жарақ және баллистикалық зымырандар жеткізу мүмкіндігі жайында мәлімет алған болатын. Бірақ, тек 15 қазанда ғана У-2 барлау ұшағының кезекті ұшуы орта қашықтықтағы  зымыран қондырғыларының фотодәлелдемесін берді. Дж.Ф. Кеннеди катты таң қалды. Кеңестік әскери көмек жайындағы хабар америкалық саясаткерлер мен әскерлердің үрейін тудырды. Америкалық барлау қызметінің Кубаны бақылауы күшее түсті. Көп кешіктірмей Кеңес Одағының кубада қорғаныс қаруы болып саналатын зениттік баскарммалы зымырандардың қондырғыларын құрастыруы оның коріне басталды. Осы кезде ірі балықщылар поселкесі белсенді түрде салынды. ЦРУ болжауынша КСРО сөйтіп жасырын түрде ірі кемелер және сүңгір қайыөтар үшін көлемді база құрылысын салды. 4-ші қыркүекте кеннеди ресми мәлімдеме жасады: АӨШ ешқандай жағдайда да кубада шабуыл қаруының орналасуын жауалабу қалдырмайды.

Айта кететіні, Кубаға зымырандар мен бомбалаушылар жеткізіп КСРО ешбір халықаралық құқық нормасын бұзған жоқ, өйткені Куба тәуелсіз ел болды және оған көрселтілген әскери көмек тек КСРО мен кубаның өз қалауында болды Қурама Штаттар КСРО-ға ұарсы барлық радиустағы зымырандарды қолдана алды, ал КСРО АҚШ-қа қарсы тек ең ірі континентарлық зымырандарды ғана қолдана алатын.

Дегенмен, Хрущев және оның кеңсешілері мен одақтастары АҚШ-ң Кеңестік зымыран базаларының батыс жартышарында пайда болуына қарсы қайраттылығы мен мүмкіндігін толық мөлшерде бағаламды. Ал АҚШ  болса, яғни АҚШ билігінің басындағылар кеңестік базалардың Кубада пайда болдырмау үшін үлкен соғыс қаупіне де баруға бел буған болатын.

Қыркүектің соңы мен Қазаның басында «Бостандық арамның» маңында болған ауа райының қатты бұлттаннуынан фотобарлауды жүргізу мүмкін болмады. Бұл жағдай жасырын және жедел жүргізілген қонгдырғылар құрастыру жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Хрущев пен Кастро АҚШ Кубада қандай қорғаныс қарулары бар екендігін білгенге дейін барлық жұмыстар мен онда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әр-түрлі әңгімелер американдықтардың құлатарына жеткен болатын. Бірақ, оларда нақты дәлелдер боған жлқ. Тек 10-шы қазанда ғана фотобарлау жалғасты. Оның нәтижесі оларды қатты үрейлендірді. Кеннеди фотобарлауды кеңейту жөнінде бұйрық берді, бірақ, кубаға тағы бір тайфун түсіп келесі сүреттерді  тек 14-ші қазанда ғана жасауға мүмкіндік туды. Нәтижесінде пайда болған мыңдаған фотосуреттер мамандарға тек зениттік зымырандар ғана емес, Ядролық зарядты жеткізе алатын «жер-жер» зымырандары туралы анық мәліметтер берді.

Ақ үйде кубаға қару жеткізуде тоқтату және онда орнатылған баллистикалық зымырандарды қалай алшақтату немесе жою мәселелері үздіксіз талқыланып тұрды. Қызулы айтыс президент штабын екіге бөлді. Одан бұрын Кеннеди әдейі әскери-саяси штаб-Ұлттық  қауіпсіздік кеңесінің атқарушы комитетін құрған болатын, оның барлық мүшесі Америкаға төніп тұрған қауіпке күмән келтірмейтін және жаупты шаралар өолдануын талап еткен болатын, бірақ бұл шараларды жүргізу жолдары жайында ауызбірлік болған жоқ, Джон Кеннеди мен оның ағасы Роберт Кубаны жаппай теңіз блокадасына алуға ұсыныс берді. Әскери басшылар болса, барлық кондырғыларды жаппай бомбылауды талап етті. Әскер мен авиация Кубаға ең жақын аймақтарда шоғырландарылды. Бірақ, АҚШ президенті әскери шабуыл ұсыныс уақытша қабылдамады, бірақ, блокаданы бастауға бұйрық берді.

Кеңес Одағы кубада ешқандай зымырандар жоқ екендігін айтуын тоқтаткан жоқ . Ал әскери барлау мен ЦРУ жасаған фотосуреттер тек американдық әскерлер үшін ғана дәлелді бола алды, әлемдік қоғам пікірі күмәнденіп, фальсификация мүмкіндігін жоққа шағарған жоқ. Бірақ хрущев АҚШ-ң Ядролық зымырандар туралы білетінін тусінді.

АҚШ президенті Джон Кеннеди Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің тұсында арнайы штаб құрады, бұл штабқа жауаб шараларын дайындау міндеттелді.

Кубадағы блокада немесе «Карантин»

Бұл кезде Кариб аймағында американ әскерлері дайындалып отырды. 22 қазанда АҚШ президенті ДЖ. Кеннеди теледидардан Кубаның блокадасы туралы мәлімдер, оны шартты түрде «карнтин» деп атады. Жағдай шиеленісе түсті, қауіпсіздік министрі Р. Манкмара Кубаның аккупация мен бамбылауын дайындап отырды. Кубаға аккупация қаупі төнді. Өзінің үнлеуінде ДЖ..Кеннеди  КСРО-дан өз зымырандарын шығаруды талап етті. Әрине, бұл үндеу Хрущевтың құлағына жетті. ОлКубаға шықты зымырандар базасын құруды көздеді, бірақ ол соғысты қалаған жоқ. 26 қазаннан бастап Мәскеу мен Вашингтон бір-біріне ресим хаттар жібере бастады. Хрущев АҚШ-ң әрекеттерін «қарақшылық» деп атап, 24 қазанда Кеңес Одағы Кубаның БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңсін шақырып өзі дайын отырды. Бірақ Кубадағы зымырандарының барын моындамады.АҚШ президенті Хрущевке хатында блокаданың шарттарын орындауға шақырды. 24 қазанда КСРО-ң екі кемесі блокаданың сызығына жақындады, оған қарсы «Эссекс»авианосеці шықты, Хрущев қауіп төндіргісі келмеді де Кеннедиге кездесу өткізу туралы ұсыныс жасады. Бірақ Кеннеди КСРО Кубадан өз зымырандарын қайтарған соң ғана кездесетінін мәлімдеді. Совет кемелері блокада сызығына жақындай бастады, бірақ кейбіреулері кері қайтарылды. Кубаға жағдайды тұрақтандыру мақсатымен А.И. Микоян ұшып барды.

Дағдарыстың шарықтау шегі және оны

Тоқтатудағы маңызды келіссөздері

27 қазан күні, яғни сенбіде Аралдың маңаында АҚШ-ң У-2 барлау ұшағы атып түсірілді, бұл күнді американдықтар «қаралы сенбі» деп те атайды. Бұл оқиғаның нәтижесінде, Кеннеди осы жағдайды тек дипломатиялық жолмен шешу керектігін түсінді. Елдің айтуынша, осы ұшақ кубиндықтармен атып түсірілді, бірақ АҚШ бұл оқиғаға КСРО-ң қатысы бар деп ойлады. Ал шынында, Кубадағы ПВО-ң бұйрығымен атып түсірілді. Хрущевтің Кеннедиге жіберілген хаттамасында КСРО мен Кубаның әрекеттреі заіды екендігін айтты. Келесі күні Кеннеди өз жауабында зымырандар шығарылмаған жағдайда күш қолданатын қайтадан мәлімдеді. 23-28 қазан аралығында осындай хаттар күнделікті жіберілді. Барлық  құжаттармен Фидель кастро да танысып отырды. Сонымен қатар, кастро агрессоларға қарсы елдің әскери күштерінің мобилизациясын ұйымдастырыды. Бұл жағдайды ескеріп отырған Кеннеди соғыс қаупін түсініп, інісі Робертке Вашингтондағы елші А.Ф.Добрынинмен кездесуді міндеттеді. Егер КСРО зымырандарын шығарса, Кубаға ьасып кірмейтіндігі туралы уәде берді. 28 қазанға қараған түнде КСРО кастроны ескермей, Кеннедидің ұсынысына келісті. Енді Хрущев Кубадағы зымырандардың бар екендігін мойындады. Және, оларды АҚШ-қа қарсы қолданбайтынына уәде берді, егер АҚШ  Кубаға салған блокаданы жайып және аккупациядан бас тартса КСРО өз зымырандарын қайтаратын болады. Сонымен қатар, АҚШ-тан Туркиядағы зымырандарын шығаруды да талап етті. Кеннеди блокаданы жоюға келісті, бірақ Туркиядағы зымырандарын дағдарыстың аяқталуымен шығаратынын айтты.

Бірақ Хрущев Кубаға деген көмегін тоқтатпайтыны  туралы айтты. Ол кезде Кастро халықты агрессорларға тойтарыс беруге шақырды, сондағы «Куба халқының бес талабы»:

  1. Экономикалық қысымды, блокаданы тоқтату.
  2. Зияннестік әрекеттреді тоқтату.
  3. Қарақшылық шабуылдарды тоқтату.
  4. Әуе және теңіз шекараларын бұзбау.
  5. Басып алған территорияларды босату.

КСРО бұл талаптарды қолдады, бірақ, өкінішке орай, бұл талаптар американдықтармен жүргізілген келісөздердің негізі болмады. 1962 ж 29 қазанда Кеңес Одағының үкіметі Кубаға А.И. Микоянды жібереді. Нью-Йоркте тоқтап, БҰҰға АҚШ-і өкілі Эдлай Стивенспен кездесті. 2 қарашад Микоян гавнаға келді. Одан екі күн бұрын кубаға БҰҰ ьас хатшысы У. Тон сапар жасап, Куба басшылығы мен кеңес елшілігімен зымырандарды шығару туралы келісөздер жүргізді. Кеңес Одағы өз уақытта барлық 42 зымыран шығарылады деген уәде берді. Келісөздер Микоян үшін қиын болды. Себебі зымырандарды жедел түрде шығару қанашалықты маңызды болса да, ол туралы басты кеіпкер- Куба Республикасын қатыстырмай бір жақты шешім қабылданғандығын түсіндіру оңай болған жоқ.. Гавнада өткен А.И. Микоян  мен Фидель  Кастро арасындағы келіссөздер мен Нью-Йорктегі В.В. Кузнецовтың  АҚШ президентінің өкілдері мен У. Тонмен жүргізген келіссөздерді Мәскеу арқылы қадағаланып отырды. Кеңес Одағының БҰҰ Қауіпсідік Кеңесіне ұсынған революция жобасында жағдайды тұрақтандыру мақсатындағы келіссөздер АҚШ КСРО және Куба арсында өткізілу керектігі айтылса да, АҚШ әкімшілігі кубаны елемей, онымен ешқандай байланыс жасаған жоқ. Фидель бейресим турде Н.С. Хрущевтың  Дж.Кеннедимен ал соңында А.И. Микоян  арқылы В.В. Кузнецовтың  АҚШ президентінің өкілдерімен жүргізген келіссоздерге қатысса да, ресим түрде американдықтардың қалауынша Кубаістерге араласуынан тыс қалды. Бұл жағдай куба басшылығының наразылығын тудырып Кеңес Одағының олармен байланысын күрделендірді. Фидель Америка уәделеріне сенген жоқ.. Кастро Кубаның  ешқашан да бақылаушылар топтарын жолатпайтынын бірден кесіп айтты. Пайда болған күрделі жағдайдан шығу үшін Кеңес Үкіметі өз кемелерінде бақылау жүргізуге рұқсат беру ойын айтқанда да Фидель «Бұл КСРО-ң жеке ісі, бірақ Куба территория суларында бақылау жүргізуге болмайды»,-деді. Кубаның қайтайтынын сезіп, АҚШ аяғында ашық зымырандарды кеңестік кемелерге жүктеуді және оларды халықаралық суларда өз кемелерімен ұшақтарынан суретпен тусіру планымен келісуге мәжбүр болды. Хрущев зымырандарды шығаруға шешім қабылдағанда кастронығ реакциясы қатты болды. Бұған қарамастан, Хрущев  АҚШ пен Ил-28 ұшақтары мен торпедалық катерлердің шығарылуына келісуге тура келді. Кубада тек кубалықтарға кеңестік қару техникасын пайдалануды үйрету мақсатында шағын әскери  бөлімшесінің қалдырылуы туралы ғана шешімге қол жетті. Гавана мен Нью-Йорктегі келіссөзде АҚШ президенті Дж. Кеннеди блокаданы алу жайында шешім қабылдағаннан кейін 1962 ж 20-шы қарашада бітті.

                                                    Қорытынды

Сөйтіп, 1982ж 20 қарашасына қарай кеңестік зысмырандар кубадан әкетілді. Кеңес басшылығы қарулы күштерде жоғары әскери дайындықты  тоқтату туралы бұйрық шығарды. Сондай- ақ Кеңес Үкіметі барлық сол қаруды қайтадан жинап КСРО-ға қайтаруға бұйрығ берді. өзінің бейбітшілік қалауында еш күмән қалдырмау үшін Хрущев американдық эксперттерге кеңестік кемелерді тексеріп ондағы зымырандарды түгендеп алуға жол ашты. АҚШ-та өз міндеттерін орындады. Осының бәрі дағдарысты жоюдағы ең шешуші қадам юолды. Сөйтіп, Карибдағдарысы тәмәм болды. Айта кететін бір жай, Кариб дағдарысынан кейін Кеннеди беделі халықаралық деңгейде дер кезінде тоқтап кейін шегіне алатын адам ретінде біраз көтерілді. Сонымен қатар КСРО-ң өз бомбылаушылары мен зымырандарын қайтарып алу шешімі АҚШ Үкіметінің белгіліген әскери-әуе, теңіз және құрлық күштерінің шабуыл уақытынан бір күннен кем мерзім қалғанда қабылдынғанын ескерген жөн. Бұл шабуыл кеңестік зымырандар, офицерлер, мамандармен қатар жас Куба мемлекетін де жойып жіберуші еді, ол бұл КСРО тарапынан жауапсыз қалмаушы еді. Бұнда екі қарама-қайшы жүенің АҚШ пен КСРО-ң мүдделері кездесті. Қарсы жақтар бір- біреуімен бақталастыққа түсті, Мәскеу де, Вашингтон да кенет бастырмалақтан Ядролық шабуыл жағдайында, жауап ретіндегі соққы шыңдаған адамдарды қазаға ұшырататынын, олардың әскери-саяси қарсылықтары, күнәсіз адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіріп тұрғанын, өте жақсы білді,  Бірақ ол басты мәселе болған жоқ,, ең бастысы-Ядролықсоғыстағы жеңіс болды. Кариб дағдарысына дейін де, одан кейін  де  әлем ешқашан жаңа дүниежүзілік соғыс апатына сонлашықты жақындамаған еді, жақындамай-ақ та қойсын!

Пайдаланған әдебиет

  1. Адамишин А.Л. «Советский союз и революционная Куба» 7 История внешней политики СССР. 1945-1976 м-1977. т-2, стр. 358-366.
  2. Алексеев А.И. «Карибский кризис, как это было» Открывая новые страницы…, М-1989. стр. 157-173.
  3. Любимов В. Военная разведка и Карибский кризис.

Военный парад. М-1998.

  1. Всемирная история 3 том стр. 257-263
  2. Ибрашев А.К. История Международных Отношений.